UF

Тақырыбы: Жүктіліктің психологиялық ерекшеліктері

 

1. Перинатологияның  ұғымы, орнығуы, оның қалыптасуы мен дамуы.

2. Перинатологияның мақсаты мен міндеті.

3. Базалық перинаталды матрицалар.

4. Перинатологияның негізгі тараулары

 

Жатырішілік дамудың психофизиологиясы (перинаталды психология) салыстырмалы түрде жуық арада пайда болған перинаталогияның бір саласы. Перинаталогияның даму барысында психологияның қатысынсыз шешілмейтін жаңа міндеттер көрінді. Сондықтанда перинатальды психологияны айтпас бұрын перинаталогияның ғылым ретіндегі ерекшеліктеріне тоқталып кетсек.

1982 жылы жарық көрген үлкен медициналық энциклопедияда перинатология (грекше «peri» – маңы, айналасы (около, вокруг) (латынша «natus» - туу, logos –ғылым, ілім) перинатальды кезеңде ұрықтың және нәрестенің денсаулығын қорғауды және дамуын зерттейтін акушерлік пен педиатрияның бөлімі деп анықталады. Перинатальды мәселелерді психологиялық зерттеу жайы айтылмайды.

Жатырішілік дамудың психофизиологиясы (перинатальды психологияның) орнығуындағы теориялық қатынастардың түрлері.

Кез-келген ғылым секілді перинатальды психологиядағы теориялық көзқарастар түрлі мәселелерде  көптеген  ғалымдармен әр түрлі түсіндірілді.Тіпті ұсынылған теориялардың кейбірі перинатальды психологияның мәселелеріне емес медицинаға қатысты болып кетеді.

Бірыңғай көзқарастың болмауы перинатальды психологтарды оқыту бағдарламасының көптеп пайда болуына әкелді.

Перинатальды психологияның теориялық базасының әлсіз болуы бала тууды жоспарлап жүрген, күтіп жүрген отбасылармен жұмыс жасайтын мамандарға практикалық ұсыныстар жасауда айтарлықтай қиындық келтіреді.

Қазіргі таңда перинатальды психологиядағы негізгі теориялық көзқарастарды төрт үлкен топқа бөлуге болады:

  1. Эклектикалық-дилетанттық қатынас
  2. медико-редукционисттік қатынас
  3. психологиялық- редукционисттік қатынас
  4. интегративті биопсихосоциальды қатынас

       Перинатальды психологиядағы эклектикалық-дилетанттық қатынас

Өкінішке орай, перинатальды психологиямен психологияға ешқандай қатысы жоқ адамдар айналысатыны кездеседі. Перинатальды психологиядағы эклектикалық-дилетанттық қатынас негізінен олардың жұмысында кездеседі. Эклектикалық-дилетанттық қатынастағы психологқа келесі ерекшеліктер тән:

  • Жүйелі теориялық негіздің болмауы, бір-бірімен ешқандай байланысы жоқ, кездейсоқ мәліметтер мен идеялардың болуы;
  • Перинатальды психологияның міндеттерін түсінуінің шектеулі болуы, оны туғанға дейінгі дайындықпен шатастыруы;
  • Медициналық және психологиялық білімдерінің жеткіліксіздігі;
  • Тылсым күш туралы, діни-мистикалық мазмұндағы білімге бейімділігі;
  • Пациенттер үшін «гуру» болуға ұмтылуы;
  • өзіне-өзі сенімділіктің жоғары болуы, пікірлері мен ұсыныстарының үзілді-кесілді болуы, сыни ескертпелерді мүлдем қабылдамауы;
  • медициналық персоналдармен бірлесіп жұмыс істеуді қаламауы;
  • жүкті әйелдің жеке тұлғасына жеткілікті көңіл бөлмеу;
  • арсеналында арт-терапиялық және релаксациялық психокоррекциялық техникалардың басым болуы.

       Перинатальды психологияның орнығуындағы медико-редукционисттік қатынас.

Қазіргі таңда жүктілік пен туу барысындағы психологиялық факторлардың ықпалын толығымен теріске шығаратын бұрынырақта кең таралған врач-акушерлер типі сирек кездеседі.

  Алайда көптеген дәрігерлердің психологияны түсінуі әлі де атүсті. Медициналық қызметкерлердің перинатальді психологиядағы редукционистік көзқарасы денсаулықта туындаған мәселелерді олар тек қана биологиялық себептермен түсіндіруімен ғана шектелмей, олар психологияны тесттер мен техникалар жинағы деп түсінуінде.  Осы уақытқа дейін ұрықтану мотивіне, жүкті әйелдің жеке тұлғалық ерекшеліктеріне, оның отбасылық ситуацияларына қызығушылық танытатын, осыларды ескеріп онымен әріптестік қатынас орнатуға талпынатын дәрігерлерді сирек кездестіреміз.Бірақ бұған қарамастан перинатальды психологияға шын мәнінде еңбек етіп жүрген, үлес қосып жүрген дәрігерлер бар.

Медико-редукционисттік қатынасқа тән негізгі ерекшеліктер:

  • репродуктивті мәселедегі кез-келген мәселені шешудегі биологиялық қатынас;
  • Пациенттің психологиялық жағдайына жеткілікті көңіл бөлмеу немесе толық теріске шығару;
  • Негізінен биологиялық және медициналық білімдерді жетекшілікке алатын теориялық негіз;
  • Психологтармен бірлесіп жұмыс жасауды қаламауы;
  • Жүкті әйелдің жеке тұлғасына көңіл бөлмеу.

Перинатальды психологияның орнығуындағы психологиялық- редукционисттік қатынас

Эклектикалық-дилетанттық қатынастан психологиялық- редукционисттік қатынастың айырмашылығы жүйелі теориялық базасының болуы. Ал екінші қатынастан ерекшелігі бұл қатынаста репродуктивті процесс барысында партнерлердің психологиялық жағдайына артықшылық беріледі, яғни мәселе туындаған жағдайда ең алдымен психокоррекцияға жол беріледі.Биологиялық байланыстағы мәселелер азайтылады немесе теріске шығарылады.

 

Психологиялық-редукционисттік қатынасқа тән негізгі ерекшеліктер:

  • Репродуктивті процестің барлық кезеңдеріне және ерте балалық шаққа көңіл бөлу;
  • Психологиялық, әлеуметтік, кейде философиялық, эзотериялық идеяларды қолданатын теориялық базасының болуы;
  • Резонерствоға бейімділік;
  • Клиенттің биологиялық проблемаларын мойындамау немесе көңіл бөлмеу, олар көрініп тұрса да психологиялық себеп табу;
  • Биология, физиология, медицина саласындағы білімдерінің жеткіліксіз болуы;
  • Пациентпен сенімді қарым-қатынас орната білуі, беделге ие бола алуы;
  • Өзіне деген сенімділік;
  • өзінің көзқарасын, сенімін навязать;
  • пікірлері мен ұсыныстарының үзілді-кесілді болуы;
  • көбінесе пациентті өзіне бағындыруға, ол үшін бірегей және алмастырмайтындай адам болуға ұмтылуы;
  • дәрігерлердің сыни ескертпелерін қабылдамау, олармен бірлесіп жұмыс жасағысы келмеуін ашық немесе жасырын түрде көрсетуі.

       Перинатальды психологияның орнығуындағы интегративті биопсихосоциальды қатынас.

       Перинатальді психологиядағы интегративті биопсихосоциальды қатынастың мәні биологиялық, психологиялық және әлеуметтік теориялық құрылымдарды бірыңғай теориялық модельге біріктіру, психологиялық, биологиялық және әлеуметтік процестердің заңдылықтарыын толық түсіну, олардың өзара байланысын ашу.Н.П.Коваленко перинатальды психологияны түрлі пәндер аралығындағы ғылымның өзекті жаңа саласы, адам ағзасының физиологиялық және психоэмоциялық құрылымдарын бөліп-жармай қарайтын білімдер жүйесі деп қарастырады. Және де ол

  • Юнгендік психоанализді;
  • С.Грофтің перинатальді матрицалар теориясын;
  • В.И.Гарбузовтың инстинк концепциясын біріктірмекші болады.

Бұл қатынаста ұрықтану, жүктілік және туу процесін отбасылық контексте қарастырады. «Пренейи-жүкті әйел», «ана-бала» диадасы және «ана-бала-әке» триадасы отбасы жүйесінің жүйе асты болып табылады. Осы айтылғандарды есепке ала отырып:

  • Ана болуға (әке болуға) дайындық диагностикасын жүргізу, аналық сфераның мазмұны мен онтогенезін отбасылық қатынастар контексінде қарастыру;
  • Перинатальды кезең барысындағы әйелдің психикалық жай-күйін аналық сфера мен баланың жай-күйімен өзара байланыста қарастыру, психикалық және физикалық бұзылыстар көбінесе отбасылық жағдайларға байланысты болады;
  • Отбасына жоспарлау, күту, туу және ерте даму кезеңдерінде психологиялық қолдау және көмек көрсету әдістемелеріін жасау қажет.

 

Перинатальды психологияның биопсихосоциальды моделін жасау зерттеу нәтижелеріне негізделген жұмысты талап етеді. Және де физиология, психология, әлеуметтану саласындағы теориялық және практикалық жетістіктерге негізделеді

Перинаталды психология мен перинаталды педагогика – перинаталды медицинадан кеш бөлініп шыққан бағыттар болып табылады.

Қазіргі уақытта перинаталды психологияға көп көңіл бөлініп қарқынды дамып келеді. 1971 жылы Венада психоаналитик Густав Ханс Грабероның жетекшілігімен Халықаралық перинаталды психологтардың ұйымы құрылды. 1986 жылы болған конгресте профессор Петер  Федор – Фрайберг бұл ұйымды халықаралық пренеталды және  перинаталды психология және медицина ұйымы етіп өзгертті. Қазіргі таңда ISPP- Австралия, Австрия, Англия, Венгрия, Германия, Греция, Израиль, Испания, Нидерландия, Польша, Сербия, Словакия, Хорватия, Щвейцария және т.б. елдердегі перинаталды медицина мамандарының бас қосуымен өтетін конференция, конгрестер өткізіп отырады.

1983 жылы Солтүстік Американың Торонто қаласында перинаталды тәрбие туралы алғашқы конгресс өткізілді. Бұл конгресте доктор Томас Вернидің ұсынысымен пре және  перинаталды психологтардың Ассоциациясы құрылды. Томос Верни Ассоциация президенті болып таңдалды. Кейін бұл ассоциация денсаулық ассоциациясы деп өзгертілді (Association of Pre-and Perynat Psychologu and Medicine -APPAM).

1982 жылы Францияда Мари Андре–Бертиннің жетекшілігімен  Ұлттық перинаталды тәрбие ассоциациясы құрылды. Кейінірек  мұндай ассоциация өзге елдерде де пайда бола бастады. 1991 жылы мұндай ұйымдар бірігіп Халықаралық перинаталды білім беруді ұйымдастыру ассоциациясы болып бірікті. Қазір бұл ассоциацияны Грецияның мемлекеттік қайраткері, Грециядағы перинаталды білім беру Ассоциациясының президенті Джоанн Мари басқарады. Бұл ұйым перинаталды білім беру туралы халықаралық ұлттық конференциялар мен конгрестерді жиі өткізіп отырады. Соңғы конгресс 2007 жылы Швейцарияның Лозанне қаласында «Перинаталды білім - әлемдік фактор» атты тақырыпта өтті.

Ресейде де арнайы перинаталды медицина мен психологияға арналған ұйымдар ашылып, жұмыс жасап келеді.

Перинаталды медицина перинаталды білімнің бір бағыты болып табылады.

Психиатрлар өткен ғасырдың соңғы  он жылында ғана перинаталды кезеңнің өзекті мәселелеріне көңіл аудара бастады. Сол кезде әдебиеттерде «педопсихатрия», «сәбилер психиатриясы», «бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты реттейтін психиатрия», «микропсихатрия», сонымен қатар «перинаталды психиатрия» деген терминдер кездесе бастады. Бұл уақытқа дейін баланы психиатрға 3 жасқа толғанда ғана көрсету керек деген түсінік болды. Егер 3 жасқа дейін бала бойынан қандай да бір психологиялық өзгеріс байқалса, оны педиатр немесе невропатологқа ғана көрсететін. Перинаталды психиатр тек перинаталды психологияны ғана емес психотерапияны және оны жас балаларға, сонымен қатар олардың анасына да қолдана білуі қажет, – дейді ресейлік микропсихиатрияның негізін салған профессорлардың бірі Г.В.Козеовский.

Перинаталды психиатрияны балалар психиатриясының бір тармағы ретінде қарауға болады.

Р.А.Шпицердің зерттеуі бойынша акушер-гинекологтарға тексеруге келген 3000 әйелдің  20% жүйке жүйесі зақымданғаны анықтаған. Шындап келгенде психотерапиялық көмекке зәру әйелдер ондай көмекті ала алмайды. Гинекологиялық орталықтарда перинаталды психологтың болуы жүйке жүйесі зақымданған әйелдерге үлкен көмек болады. Перинаталды психолог жүкті әйелдерді бақылап, оларға психотерапевке жолдама береді. Перинаталды психолог пен психотерапевтің жұмыстары бір-біріне ұқсағанымен, перинаталды психотерапевтің жұмысына репродуктивті процеспен жүйке жүйесінің бұзылуы және оны емдеу кіреді. Жалпы перинаталды психотерапияның дамуы қоғам үшін маңызды, себебі, жүкті әйелдің бойында соматикалық және жүйке жүйесінің бұзылуы болады. Жүкті әйелдердің 35%-ы психотропты заттарды қолданады, алайда FDA (таза, санитарлы тағам мен медикаментті қолдану орталығы, АҚШ) ешқандай қауіпсіз психтропті заттар болмайтының дәлелдеді. Г.Крайгтың айтуы бойынша қандай да бір дәрі әйел адам үшін қауіпсіз екендігін білмейміз. Себебі баланың іштегі өмірі анасымен тығыз байланысты болады.

Психотерапия – психиканы емдеу, психика арқылы ауру адамның организмін емдеу. Перинаталды психотерапия - әйел организміне әсер ететін психикалық жағдайлармен қатар, іштегі баланың антенаталды, интранаталды және постнаталды кезеңдегі кездесетін өзгерістердің әйел бойында байқалуын бақылап, психикалық тұрғыдан ем жүргізеді, сонымен қатар, болашақ ата-ана психотерапевттен кеңес алып тұру қажет.

И.Д.Подобедтің айтуы бойынша ұрық жасуша кезінде-ақ ақпаратты қабылдайды. Адам өмір сүру барысында пренаталды кезеңмен салыстырғанда қарқынды дамымайды, жасушадан тірі организге айналған кезден-ақ балада білімге деген құштарлық қатты байқалады.

Баланы іштен тәрбиелеп, оқыту туралы көзқарастар ертеден-ақ қалыптасқан. ХХ ғасырда көптеген зерттеу жұмыстары баланың іштен оқи алатынын дәлелдей бастады. Осы кезден бастан-ақ түрлі әдіс, тәсілдер пайда болған. Соның бірі гаптономия – ол шын жүректен өзіңнің сезіміңді өзге адамға жеткізу, психотерапияның бір түрі. Гаптономияны адам өмірінің кез-келген кезеңінде қолдануға болады, соның ішінде жүктілік кезінде жиі қолданады. Ол ана мен бала арасында байланыс жасауға көмектесетін және кең тараған терапияның бірі болып табылады. Бұл терапияның негізін Ф.Дольто, Ж.Лакана және Ф.Вельдман салған. Қазір бұл терапияны Ф.Дольтоның қызы – К.Дольто-Толич жалғастырып, тәжірибелер жасау үстінде. Алайда перинаталды педагогика бұндай әдіспен шектеліп қана қоймайды. К.Н.Белоктың көзқарасынша перинаталды педагогика жүкті әйелге кешенді әсер етеді, яғни музыка, эстетикалық әсер, жағымды эмоция арқылы.

 

2. Ұрықтану психологиясы

 

1. Ұрықтану реппродуктивті процес бастамасы ретінде.

2. Ұрықтану мотивтері.

3. Жоспарланбаған ұрықтану.

4.  Отбасылық өмір циклінің түрлі кезеңдеріндегі ұрықтану.

 

Биологиялық көзқарас тұрғысынан сәтті ұрықтану жүктілік босану, ата – ананың психологиялық, физикалық денсаулыққа байланысты. Сонымен қатар олардың ауруларының болмауына байланысты. Отбасының материалдық, әлеуметтік тұрмыстық, оқу және жұмыстың ерекшеліктерінің жағдайлары әсер етеді. Психоәлеуметтік және биологиялық факторларға ата – аналардың жас мөлшері жатады.Сонғы жылдардың көрсеткендей жасы 36 немесе одан жоғары жүктілік тобына жататын әйелдердің денсаулық жағдайының төмендеуінің белгілеріне алып келеді, ал 21-25 жас аралығы әйелдерде бұл жағдай 4-есе аз көрсетілген.Ұрықтанудың ерекшеліктері және ары қарай дамуы жоспарланған немесе кездейсоқ жағдайда, болған жүктілік әйел мен еркектің эмоционалды реакциясының сәйкестігіне байланысты. Егер ұрықтану кездейсоқ болмаса, онда принаталды психолгтың жұмысында олардың мотивтерін анықтауда үлкен мағына береді.

Ұрықтану мотивтерін зерттеу өте күрделі процесс, себебі психолог бір ғана мотивтермен емес жүйелі түрде жұмыс жасайды.Зерттеу бойынша әйелдерге сұрақ қойған кезде бір ғана мотив емес бірнеше мотивтерді айтады. 80 пайыз негізгі мотив деп әйелдің міндетті деп санаған (әрбір әйел балалы болу керек)

Әйел мен еркектің мотивтері әртүрлі  болуы мүмкін. Оларды анықтау оңай емес.Соның негізінде конструктивті мотбивтерді белгілеу керек отбасының тұрақтандыруға әсер ету, ерлі- зайыптылардың жекелік өсуіне, баланың сәтті туылуына және дамуына , кері нәтижеге алып келетін деструктивті мотив.

Конструктивті мотивтер ең бастьы махаббат сезімімен байланысты.Ұрықтану мотивтерінің мысалын келтірсек: олар:- бала арқылы өзін жалғастыру, өзінің өлмегендігі:

- жақсы көретін адамға берген қуанышына рахметін айту.

  • шығармашылық арманы (алдын болмаған адамның туылғаны мен тәрбиелеу)

Деструктивті отбасы қарым- қатынасына әр ерлі- зайыптылардың жекелік тұлғасына баланың тәрбиесіне және ұрықтанудың дамуына әсер етеді:келесі мақсаттдардың болуына байланысты.

  • серіктесін үйленуге итермелеу;
  • отбасында үйлесімді қатынас орнату, (өзіне байлап алу, күйеуіңді қайтару, оның кетуіне жол бермеу)
  • серіктесіне қарсы тұру;
  • бірде болса жақын адам болғаны үшін туу;
  • айырылған жақын адамды ауыстыру үшін туу (өлген , тастап кеткен)
  • әлеуметтік мәртебені өзгерту;
  • ата- аналарға есейгенін көрсету
  • ата- ананы некелес болғанын қабылдау;
  • ат ананың немеренің туылу өтінішін орындау;
  • материалды пайданы алу.(пособие, алимент)және т.б.

Н.В.Боровиков пен С.А.Федоренко жүктілікті сақтауды келесі мотивтерді белгілеу.

- Бала үшін жүктілік 6 пайыз

- жақсы көретін адамнан жүкті болу 3 пайыз

- күйеүінің әлеуметтік күтулеріне сәйкес армандар 24 пайыз.

- ата- анасына және күйеуіне қарсы туғысы келетін әйелдер 12 пайыз.

- қатынасты сақтап қалу үшін жүктілік 16 пайыз
- ескіден қашу үшін жүктілік 8 пайыз

- болып жатқаннан қашу үшін 5 пайыз

- өзінің денсаулығын сақтау үшін 26 пайыз

Осы зерттеушілердің айтуы бойынша алғашқы екі мотиф саналы және санасыз ал қалғаны санасыз түрде көрінеді. Егер әйел сенімсідіктен кейін баланы қалдырғысы келсе, одан кейінол психологиялық қолдауды қажет етеді.Баланы қалдырып отырған мотивін психолог анықтау керек. Қалмаған балдарды қалған балаларға қарағанда 8есе уақыттан бұрын туылады.                                                                                                                                        

Ұрықтану процессін зерттеу көптеген қиыншылықтар туғызады. Бұл  процес тек жұптарға ғана емес, сонымен бірге айналадағы адамдарға да өте маңызды, өте интимдік болып келеді.

Биопсихоәлеуметтік қатынас ұрықтанумен байланысты тұрғыдан қарау мәселенің жан-жақты қаралуына байланысты. Осы процестің көптеген ойсыз мханизмдерін ашу оның себеп салдарын анықтауға көмектеседі. Биологиялық тұрғыдан қарағанда ұрықтанудың сәттілігі, жүктіліктің кезеңімен туу кезеңі ата-ананың ұрықтану кезеңдегі психофизикалық денсаулығына байланысты.Сөсіз олардың тұқым қуалаушылық ауруларының болмауы маңызды фактор, осы мәселеде көбінесе жанұяның материалдық жағдайы да әсер етеді. Психоәлеуметтік және биологиялық фактор ретінде ата-аналардың жас ерекшеліктері зор роль атқатады. Соңғы зерттеу нәтижесі бойынша – 20.6%, денсаулығының нашарлауына себеп болуда, ал 20-25 жастағы әйелдерде бұл көрсеткіш 4 есе сирек кездеседі. Жүктіліктің ерекшеліктері мен оның салдары көбінесе жоспарлы немесе кездейсоқ болуынан, әйел мен еркектің эмоциялық реакциясының ұқсастығына байланысты. Психикалық функцияның қалыптасуын болашақ баланың дамуы жөнінде  трансакциялық сараптама теориясынның негізін қалацшы Э.Берн жазды. Ол «ұрықтану жағдайы адамның болашақ тағдырына ықпал етеді» деп көрсетті. Ұрықтну жағдайын ол ұрықтану қалпы деп атауды жөн санады. Ол бұл жағдай махаббаттың, алдаудың,өтірік айтудың, ынтызарлықтың немесе өтірік айтудың қайбір нәтижесі болмасын ол қалай өрбиді, осы мәселені қарастыру керек деп санады. Жүктілік жоспарланды ма? Егер жоспарланса қалай; салқындықпен немесе немқұрайлықпен, темпераментпен, немесе үнсіз ынтызарлық келісіммен орын алады ма? Өмірлік сцеарийде болашақ баланың тағдыры үшін осының бәрі маңызды. Өйткені ата-ананың жптасу өмірі олардың өз балаларына деген көзқарасына байланысты.

        В.Р.Эмерсон «травмалық ұрықтану» терминін, егер әйел ана болуға дайын емес болған жағдайда, бірақ бала көтеруге күйеуінің ықпалы және анасының айтуымен келісім бергенде қолдануға болады деп есептейді.

Е.Д.Фергюсон бала көтерудің салдары жұптардың неге бұлай әрекет ететіндігіне жауап іздейді. Бала көтерудің түрлі салдарын зерттей келе, принитальді психолог мыа жағдайға аса көңіл бөлу керек, әйел мен еркекке қойылған сұрақтар шыншылдықпен сәйкес келуі мүмкін,ал кей жағдайда алдануға әкеп соғуы немесе дұрыс талқыланбауы мүмкін.

Брехман (2005 ж) жүктілік жұбайлар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуды да, әлсіретуіде мүмскін деп адал атап өтті.

Ер адам әйеліне ырзышылығын білдіріп, өте нәзік және мұқият болуы мүмкін. Бірақ жүктілік туралы хабар елдерде психалогиялықұ жасыздық, тітіркеніш тудыруы салдарын оларды ашуланшақ қылады. Көп жағдайларда жұбайлардың қарым- қатынасы жұбайлық қарым- қатынасың қаыптасуына байланысты. әрине, жоспарланбаған бала көтеру, әйел мен еркек арасындағы нәзік байланысты бұзады.Көбіне жоспарланбаған ба, баланың өмірге келуі екі жақ тарапынан құпталғанба әлде жоқ па деген сұраққа қанағаттанарлық  жауап алынған соң дәрігер мен психолог әрі қарай бұл тақырыпты қозғамайды. Жұбайлардың екі жақ тарапынан келісілген жүктілік – психалогиялық жағымдылықтың кепілі, жанұялық бақыт, жүктілік кезеңінен сәтті өтуі болып саналады. Керісінше, жоспарланбаған кездейсоқ бала көтеру екі тарапында жағымсыз қарама-қайшылық туғызуы себепті әйел мен ер адамның қарым-қатынасы бұзылады. Көбінесе жоспарлы кесілген жүктілік жұбайларды бір-біріне жақындастырудың орнына, бір-біріне салқын қабақ танытып жататыны да кеждеседі. Мұның бәрі әйел мен еркек арасындағы консруктивті және  консруктивсіз жүктілік салдарынан, әйел мен еркектің түсініспеушілігінен туындайды.

Өкінішке орай, қазіргі уақытта бала көтеру көбінесе жоспарсыз немесе кездейсоқ болып келеді. Статистика бойынша Ресей федерайиясында 30 % жоспарсыз бала көтеруде, әрбір сегізінші бала некесіз туылуда. Ал АҚШ –та  жүктіліктің жартысынан аса пайызы жоспарланбаған. Үлкен өкінішке орай, аборт жасату елімізде кең қанат жаюда. Сәтсіз жүктіліктің соңы аборт жасауға әкеліп соғуда.Егер әйел сенімсіздіктен жүктілікті жалғастырса, ол оның психолгиясына әтеді. Сол себепті психолог жүктілікті жалғастырудың себептерін анықтауы керек. Кейбір әйелдерге аборт жасамауға төмекндегі жағдайлар әсер етеді: Өз денсаулығы үшін қауіп, болашақта ана болу бақытынан айырылу, күнә екенін ұғыну. Егер әйел жоспарсыз бала көтерсе, ол әйелдің эмоциональдық амбивалентті жағдайына әсер етеді. Бұндай әйелдер жүктілік кезінде вегатативті ауытқушылық, психологиялық және созылмалы психиологиялық аурулар, токсикоз, түрлі нервтік реакциялар, депрессиялық жағдайлар орын алады. Мұның бәрі болашақ балаға үлкен әсер етеді. Бұл жағдайда әйелдер тууға дайын емес болса, құрсақтағы баланың жеке қасиеттерінің жойылуына әкеліп соқтырады. В.И.Брутман  мен А.А.Северный, жоспарланбаған балалардың арасында психологиялық аурулардың көп екендігін атап өтті

-үрім –бұтақтың аурулары салдарынан

-әйелдердің ана атануға психологиялық дайын болмауы

-әйелдердің жүктілік кезеңіндегі психологиялық өзін -өзі бақылау ауытқушылықтары

-жүктіліктің үзілуі

         Осы факторлар орын алған жағдайда психологтың және психотерапевттің көмегі қажет

Э. Берн жүктілік кезеңіндегі уақыт аралығы жанұядағы қарым-қатынасқа әсер ететіндігін атап көрсетті. Екінші бала бірінші бала сияқты жоспарлы болуы керек. Бірінші бала екінші бала көтеру салдары әр түрлі. Клиникалық бақылаудың нәтижелері көрсеткендей, жанұядағы баланың қай уақытта дүниеге келгендігіне, тікелей байланысты. Жұбайлық холон, адам сияқты, туылу кезеңінен өтеуі, бала өсіп жетілуі және ауырады. Баланың сәтті жанұяға келуі мен сәтсіз жанұяда келуі оның өсіп- жетілуі мен денсаулығына тікелей әсер етеді. Кейде баланың туылуы кейбір жанұялардың бекуіне әсер етсе, кейбіреуі ажырасуға әкеп соқтырады. Баланың туылуын пайдаланып кейбір әйелдердің ө мәселесін шешуі сәтсіз болуы мүмкін. Мұның бәрі баланың дұрыс дамып жетілуіне кері әсер тигізеді.

         Некеге дейінгі алғашқы кезең орта есеппен 9-12 ай жалғасады. Ол махаббат сезімімен, ынтызарлықпен ерекшеленеді. Ол кезде екі жақтың бір-бірінің кемшілігін көрмейді. Осы кезеңнің аяғына таман бір-біріне деген қарым –қатынас шиелінісе түседі. Алдын ескерілмеген кемшіліктер көре түсе бастайды. Кей жағдайда қарым –қатынас үзіледі.Бірақ осы уақыт аралығында әйел мен еркек бір-біріне жақын болып, бір-бірінсіз өмірді елестете алмаса, некелесуге шешім шығарады. Оның негізгі мақсаты қарым –қатынасты жақсарту. Жоспарланбаған, кездейсоқ жүктілік қарым- қатынастың түрлі категориялары болып саналады. Әлбетте некеге тұру,  жаңа отбасын құру жүктіліке әкеп соқтырады, дүниеге жаңа сәбидің келумен ерекшеленеді. Бұл жерде сәби аса құндылық болып саналмайды, ол тек әйелдің жеке мәселесін шешудің бір жолы болып қалады. Осы кезеңде анамен бала арасындағы қарым- қатынастың қиындауы сезіледі.

         Конфронтиуияны екінші кезеңі жас жұбайлардың бірге өмір сүруімен басталады. Бұл кезең жалғасуы жұптардың некелесуге, жұптардың бірге тұруы, ата –аналарымен бірге тұруларымен тұрмыстық жағдайларға байланысты. Әйел де еркекте некеге тұруы арқылы өз міндеттерін айқындап алады. Отбасын құру арқылы, әрқайыссысы өз жанұясында алған тәрбиесімен тәжірибесіне сүенеді. Екі жақты пікірдің бір-біріне сәйкес келмеуі, қарама- қайшылықа әкеп соғады. Жаңа жанұяны енді құрған жұптар, олардың ойларын шын өмірден бөлек екендігін алға тартады. Бұл жағдайда баланың жүктілігі мен сәбидің дүниеге келуі бұл ситуатцияны шешудің орнына шиеленістіріп жібереді.

         Компромистскік үшінші стадиясы қарама – қайшылытың аяқталуымен ерекшелінеді. Бұл кезең жай, кейде тез дамиды. Екінші жағдайда кезекті конфликтен кейін, екі жақ тарап кенеттен бір-бірінсіз өмір сүре алмайтындықтарын сезінеді. Жұбын жоғалтып алудың қорқынышы осы жағдайды қалай болса, солай қабылдауға шешім қабылдайды. Жағдайды жақсарту үшін жұптар бір-бірін емес, өздерін өзгертуге тырысады. Екі жақты тараптың бірлесуі арқылы жанұялық құқық міндеттері мен қарым –қатынас қалыптасады. Бұл кезеңде жұптар бір-бірін құрметтеу, түсіну арқылы ерекшеленеді.қарым –қатынас бірте-біре күшейе түседі. Нағыз жанұя құру кезеңі басталады. Бұл жанұяларда салт –дәстүр, талғам сәкестігі орын алады. Бірлесе келіссіммен жұптардың тіл табысу басты мақсатқа, яғни жан ұяның нығаюына ықпал етеді. Дүниеге келетін сәби де бақытты. Ата-ана үшін бұл сәби басты құндылық, негізгі мақсат, басты қуаныш болып саналады.

         Төртінші саналы кезең көп жалғасады. Ол барлық ерекшеліктерімен және тұрақтылығымен ерекшелінеді. Алдыңғы кезеңдегідей сүіспеншілік арқылы екінші сәби де жоспарлы болады. Бұл кезеңде сәбидің дамып жетілуіне барлық жағдайлар жасалады.

         Бесінші кезең тәуелсіз эксперименталды. Бұл кезеңде балалар өсіп ата-аналардың қарым-қатынасына қалыпты. Бұл кезеңде жанұядағы міндеттер мен оны орындаудан қорқыныш сезімі болмайды.

         Алтыншы ренессанс кезеңі- жұбалық қарым-қатынастың қорытынды кезеңі. Егер жанұя қиын кезеңді артқа тастаса, жанұялық қарым-қатынас сенімділік пен жақындастықтан тұрады. Осы жағайда, яғни осы кезеңде келесі баланы жоспарлау кезеңі басталады. Осы кезеңде арақашықтығы 5-10 жас айырмашылықпен сәбилер дүниеге келеді. Дүниеге келген сәби сүкімді де сүйікті. Ол ата –ананың ғана қуанышы емес, аға – інісінің де көз қуанышы болып саналады. Тәжірибеде көрсетіп отырғандай баланың дүниеге келу сәттілігі жанұялық қарым-қатынастың нығаюына әсер етіп қана қоймай, оны шешудің түрлі жолдарын қарастыру – жанұялық психотерапеветке қаралумен шешуге болады.

 

 

3. Жатырішілік және сыртқы орта ықпалдары

 

  1. Ананың жас мөлшері.
  2. Ананың денсаулық жағдайы мен тамақтануы.
  3. Перенаталдық дамудың   күйзеліс кезең.
  4. Сырқаттар
  5. Дәрілік препараттар
  6. Алкоголь

Наркотикалық заттар

 

        Ұйқы. Жүктілік кезінде әйел адам жеткілікті дем алуы керек. 8-9 сағаттық ұйқы кезінде жүкті әйел барлық күшін қалпына келтіреді және жақсы тынығып алады. Тек түнде ғана ұйықтап қоймай күндіз де дем алғаны дұрыс болады.

Жүкті әйелге арналған әйелдерге  кеңес беретін мекемеде бақылауда болған өте маңызды. Тек қана дәрігердің кеңесімен ғана организмнің күй-жағдайларының  ерекшеліктері есепке дұрыс алынады, қандай жұмыс істеуге болады, оның уақыты мен мөлшері қаншалықты екендігін, жүктіліктің жақсы және жаман жаққа ауытқушылығын, егерде ауырып қалған болса дер уақытта қандай ем қолдануға болатындығын дұрыс айтып береді. Жүктіліктің бірінші апталарынан бастап  әйелдерге  кеңес беретін мекемеге бару керек те, қалған уақыттарда белгіленген уақытта ұмытпай дәрігерге тексеріліп тұру керек. Жүктіліктің бірінші жартысында өте жиі емес – бір айда бір мәрте, содан соң жетіншіні - сегізінші айларда – бір айда екі рет,  соңғы айда немесе туу алдында апта сайын дәрігерге барып көрініп тұру  керек. Әйелге кеңес беретін мекеменің  дәрігеріне барғанда, ол жүктілік уақытында қандай тексерулер керек екендігін айтады, перзентханаға (тууға) дайындайды, және үйінен  перзентханаға недей заттарды алып бару керектігін ескертеді.  

         Дұрыс тамақтану: Жүктілік кезінде, құрсақ ішіндегі бала  дұрыс дамуы және әйел организмінің дұрыс жұмыс жасаулары үшін дұрыс та сапалы тамақтану қажет. Жүкті әйелдің тамақтану  рационы әр түрлі болуы тиісті.

Алғашқы үш айда құрсақтағы баланың барлық дене мүшелерінің негізгі дамуының бастамасы басталады, дәл осы уақытта әйелдің ақуызбен тамақтануы қажет болады. Жүктіліктің екінші жартысында ақуыздардың жеткілікті мөлшерде болуы керек, әсіресе соның ішінде 60% малдың ақуызы (қайнатылған сиыр еті, тауық еті, балықтың майлы емес сорттары, жұмыртқа) болғаны дұрыс. Әсіресе сүт ақуызы пайдалы және оның өнімдері - сүзбені, ашты емес ірімшікті, айранды, тәтті айранды,  құртты қолданған жақсы.

         Витаминдер мен минералды заттар - организмнің барлық зат алмасу  процестеріндегі өте маңызды қажетті заттар болып есептеледі.

    А витамині. Организмнің  дамуы үшін ең қажетті орында. Көз және терілер ауруларынан қорғайды. Тістерді, тырнақтардың, шаштардың  саулығын қадағалайды деуге болады. Витамин А - бауыр, жұмыртқалар, сүт, ірімшік, қаймақтан жасалған май, сәбіз, шпинат, қара қарақат, пияздың құрамында бар.

 витамині1    В. Бұлшық етеің, жүйке жүйесі және жүректің дұрыс жұмыс жасауы үшін керек. Көмірсутектік зат алмасуға қатысады. Кесек ұнтақталған ұннан жасалған нанда, кебектің, жармалардың, үрме бұршақтың, бұршақтың құрамында болады.

     В2 витамині. Жүйке жүйесінің дұрыс жұмыс жасауы үшін керек. Зат алмасуды жақсартады. Бауыр, бүйрек, жұмыртқа, ет, сүт, ашытқы құрамында болады.

     В6 витамині. Ақуыз және қантүзілетін процесстерге қатысуда үлкен маңызы бар. Ми жұмысын қадағалайды. Ашытқы, ет, жұмыртқа, бобы, бұршақ, картошка, жасыл бршақтың құрамында болады.

      В12 витамині.Қантүзілетін процес-стерге қатысуда және эритроциттердің өсіп жетілуіне маңызы зор. Жүйке жүйесінің және бауырдың дұрыс жұмыс жасауы үшін керек. Ет, сиыр бауыры, жұмыртқа ақуызы, балықтың құрамында болады.

    РР витамині. Ми жұмысының жақсы болуына және холестериннің мөлшерінің төмендеуіне қатысады. Жыныс гармондарының түзілуіне керек. Сүт, бауыр, жұмыртқа, картошканың құрамында болады.

     С витамині. Дененің инфекцияға қарсы тұру қасиетін жоғарылатады, сүйек, тіс және талшықтардың түзілуіне қатысады. Темірдің сіңірілуі үшін керек. Қара қарақат, жасыл жуа, петрушка, капуста, тәтті пияз, цитрустық дақылдардың   құрамында болады.

  Е витамині. Жүктілік гармонының түзілуін тездетеді, жасушаның ескіруін тежейді, инсульт пен инфаркке душар болатын қатерлерді  азайтады. Өсімдік майының, сүттің, жұмыртқаның, салаттың құрамында болады.

     Пантотен қышқылы. Ақуыздардың алмасуын, майларды және көмірсуларды қадағалайды. Иммундық реакцияларға қатысады және ауруларды азайтады. Ашытқылардың, сиыр бауыр және бүйректе, дәнділерде, жұмыртқалардың, балықтардың уылдырығының  құрамында болады.

       Фолий қышқылы. Амин қышқылдарының синтезінде және қантүзілу процестеріне қатысады. Бойдың және ұрықтың қалыпты дамуын ынталандырады. Антитератогендік әсер берумен қатар құрсақтағы дамуда ақаулардың болмауы үшін  керек. Бауыр, ашытқылар, салат, сәбіз, көк жуа,  капуста, қызылша, картошка құрамында болады.

      Витамин D3. Сүйек және жүйке талшықтарының дұрыс дамуы үшін қажетті. Кальций және фосфордың ішекте дұрыс сіңуі үшін керек. Треска және тунца балық-тарының бауырының құрамында бар.

     Темір. Талшықтар мен жасушаларды оттегімен қамтамасыз ету үшін керек. Иммунитет және зат алмасуларды қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін керек.  Ет, бауыр, ірі бұршақтар, соя, аскөк, салат, ақжелкек, алхоры, қызылша, сәбіз, алмалар, картоп, кептірілген өрік, бадам, сыра ашытқы-ларының құрамында бар.

      Кальций. Сүйек және тіс талшық-тарының түзілуі мен мықтылануы үшін керек. Қанның ұю процессіне қатысады. Сүт және оның өнімдерінде, балықта, капустаның әр-түрінде, көк-өніс жапырақтарында, минералдық сулардың кейбір түрлерінде болады.

      Ас тұзының мөлшері жүктіліктің бірінші жартысында 10 г, ал екінші жартысында 6-8 г. ғана болуы керек, ол жүйкенің тітіркенуін және ісіктің болынан сақтайды.   

Суды ішу жүктіліктің әр уақытында әр түрлі мөлшерде болады. Сонымен қатар жүктіліктің жағдайына байланысты суды ішуді қатал қадағалау керек. Кейбір жағдайда ішетін судың мөлшерін азайту керек. Сұйықтықты ішу үшін денеден бөлінетін сұйықтықты есептеп барып ішуге тура келетін кездер де болады.

Жүктілік кезінде тамақтану режімін сақтау керек. Тамақты күндігіне 5-6 реттен артық жеуге болмайды. Әуелден, тамақтанудың алдында тағамдарды күндігіне жететін етіп  реттеп бөліп қойған дұрыс. 

Ақуыз зат алмасуды жоғарылатады, жүйкені тітіркендіреді және асқазанда ұзақ жатып алады, сондықтан етті, балықты, жұмыртқаны таңғы аста немесе түскі аста жеген дұрыс, кешкі аста сүт тағамдары мен өсімдік тағамдарынан болғаны жақсы. Жүктілік кезінде тәтті тоқаштарды, сірке суын, тұздықтарды, қақталған тағамдарды, сонымен қатар

холестерині көп тағамдарды (мысалы: жұмыртқа сарысын, субпродукталарды) қолданбау керек. 

Үйде жасалынған консервілерден - сығындыларды және спирттік сұйықтықтарды ішуге болмайды, себебі олардың жүктілікке кері  әсері тиуі мүмкін.

Жүкті әйелдердің гигиенасы: Жүктілікке байланысты, дене мүшеде кейбір кездерде, өзгерулер мен қолайсыздық тудыратын жағдайлар болады. Қолайсыздық тудыратын жағдайлардың бірі, жүктілік кезінде көп әйелдерде кездесетін лоқсу мен  құсу. Олар әдетте жүктіліктің бірінші айларында болады. Лоқсу әсіресе таңертеңмен аш қарында және ертеңгі тамақтан кейін болады, кейде ол түске дейін немесе кешке дейін де болуы мүмкін. Жүктілік кезіндегі қолайсыз жағдайлардан  жеңілдететін бірсыпыра кеңестерді төменнен көресіздер:  

  • тамақты аздан  және  жиірек жеу керек;
  • мүмкіншілік болса ертеңгі тамақты төсекте ішу керек, ал содан кейін 15 минут тұрмай жата тұрған дұрыс болады;
  • Таңертеңгі тамаққа (ет, жұмыртқаның); сүт өнімдерінен (айран, ашыған айранды, ірімшік, құрт ) және басқа да тағамдарды қолданған дұрыс;
  • Ауыр қорытылатын тағамдардан алшақ болған дұрыс, мысалы: майлар,      қырыққабатты капуста сияқты;
  • Сұйық тағамдарға қарағанда қатты тағамдарды жеген дұрыс;
  • Газды суларды қажет болса ғана ішу керек және де аз мөлшерде, ол тәбетті ашады және оның құрамында тұздар бар, тамақтың қорытылуын тездетеді және жеңілдетеді, соның негізінде артық салмақ қосып алуға болады.

Егер лоқсық және құсық тоқталмаса, дәрігерге тексерілу керек: Кекірік және қыжылдау. Жүктілік кезінде  баяулатылған және ауырлаған асқорыту болуы мүмкін, ол жағдай асқорыту жолдарындағы бұлшық еттің жиырылу жұмысының бәсеңдігінен және асқорыту бездерінің жұмысының өзгеруінен болады. Әйелде тамақтан кейін ауырлық сезімі байқалады,  ас қорытатын жолда  ауаның толғанын сезеді,  оған кекірік, қыжылдау және  асқазанындағы ауру сезімі  қосылуы мүмкін.

Бұл жағдайдан жеңілдейтін бірнеше тәсілдер бар. Ең біріншісі тамақты көп жемеу керек. Ашытатын ащы және жоғары каллориялық тағамдарды (қырыққабат капуста, кептірілген көкөніс, үрме бұршақ, майда қуырылған тамақ) жеуден қашқақтау керек. Тамақты аздан бірақ жиі жеуге әдеттену керек. Сонымен қатр біраз қолайсыз дене қимылдарын жасамау керек: алға қисаю, шалқасынан жату сияқты. Қалай болғанда да, егер жағымсыз жағдай бола қалса, дәрігерден қажетті кеңес алуға барған жөн.

Жүктілік кезінде іш жүрмей немесе қатып қалуы мүмкін, бұрын мұндай құбылыс болмаса да жүктілік кезінде болуы әбден мүмкін. Бұдан құтылатын бірнеше жолдары бар: дене шынықтыру (жаяу жүру, гимнастика); тамақтануға құрамында көп клетчаткасы бар тағамдарды қолдану (көк-өніс, кесек ұннан жасалған нан, дәнді дақылдарды) ж.б.; таң  ертең аш қарынға және күні бойы бірнеше рет стаканмен су немесе басқа да сұйықтықтарды ішкен дұрыс. Көктамырдың кеңейіп кетуі. Бұл құбылыс көктамырлардың қалыптан тыс кеңейіп кетуінен болады. Ол құбылыс жүктіліктің екінші жартысында көп байқалады және ол келесі жүктілік кездерінде де болып тұрады, әрине бұл өкінішті жағдай. Көктамырлардың қалыптан тыс кеңейіп кетуі ауруды сездіреді, ысып тұрғандай болады, «құмырысқа» жүгіріп жүрген секілді сезінеді, аяқтары шаршағыш болып ауырып тұрады, ішік және діріл де байқалады. Бұның барлығы ұзақ уақыт аяғымен тік тұра бергенде, немесе тік тұратын жұмыс істегенде,  шаршағанда, ыстық күндерде, әсіресе кешке қарай бірден байқалады.

Осы ыңғайсыздықтан сақтану үшін біраз қағидаларды сақтаған жөн, ол туралы төменде көрсетілді.

  • Ұзақ уақыт аяғынан тік тұрмауға тырысу;
  • Өкшесі биік емес және аяқты қыспайтын ыңғайлы аяқ киім киуі керек;
  • Көктамырлардың қалыптан тыс кеңейіп кетуінен сақтанатын ең басты керекті қағиды – күніне, ең аз дегенде 30 минут жаяу жүру; 
  • Киген киім аяқтарды сонымен қатар денені қыспауы керек (байпақ, тар етіктер ж.б.).
  • Демалыс уақытына аяқтардың астына кішкене төмпешік (валик)  салып, аяқты тынықтырған жөн.
  • Жылу көздері бар жерлерде ұзақ уақыт жүруден сақтанған дұрыс (батареялар, пештің ).
  • Өте ыстық және өте суық былауларды (ванналардан) қабылдамаған дұрыс (ең ыңғайлысы 30 ºС).
  • Арнайы байпақтар мен чулкилер киген дұрыс болады.

Зиянды әдеттер және жүктілік: Алкоголь құрсақтағы нәрестеге өте зор зиянын тигізеді. Алкоголь плацент арқылы өтіп, нәрестенің қанайналысына түсіп, келешек баланың денесін улай бастайды, тамақтануы нашарлап, ол аштыққа душар болады, эмбрионның бауыры әлі өсіп жетілмегендіктен алкоголдың улы әсерлеріне төтеп бере алмайды, сонымен қатар басқа де дене мүшелерінде зиянды өзгерістер болады. 

Маскүнемдікпен айналысқан әйелден туған бала басқа балаларға қарағанда ауытқушылық өзгерістерімен туылады: оның бойы, дененің салмағы, бас көлемі қалыптан кішірек: оның маңдайы қысқа,  иегі дұрыс формада болмайды, мұрыны жапырылған. Мұндай балаларда құрсақ ішіндегі дамуда маскүнемділік тәуелділіктің белгілері пайда болады және әртүрлі ақаулар байқалады. Кейінірек физикалық және ойдың дамуында тежеуілдегендік көріне бастайды.

Есірткілер организімнің инфекцияны қабылдап алуын арттырады, әр-түрлі асқынулар әкеледі, сонымен қатар жүктіліктің қалыпты дамуына кері әсер етеді. Жаңа туылған сәбидің салмағы аз, туа біткен ақаулар көп және уақыты жетпей өлі туылған балалар саны көбейеді.

Шылым шегу. Сигареттің құрамындағы никотин құрсақтағы ңәрестеге қатерлі әсерлер береді, оны гипоксияға душар етеді. Ең алдымен баланың миы сезеді, онда ой-өрісінің ақауы пайда болады, психомоторлық дамуы бұзылады және әртүрлі балалар ауруларына қарсы тұратын қасиетін жоғалтады.

Жүктілік кезінде жасауға болмайтын әрекеттер. Жүктілік кезінде аяғы ауыр әйелге дұрыс күтім қажет. Әйелдің денсаулығы мен жалпы жағдайы іштегі ұрыққа тікелей әсер етеді. Сәбидің дені сау болып туылуы үшін қандай әрекеттерді істемеу керектігін айта кетейік.

Темекі шегу.

Темекі шегудің зияны әйелдің денсаулығына ғана емес іштегі сәбидің денсаулығына кері әсерін тигізеді. Сәби туабітті ауру болады, денсаулығы нашар болады, тіпті, өлі туылатын да кездері болады.

Алкогольді ішімдіктер.

Құрамында спирттік қоспалары бар ішімдіктердің зияны ден сау адам үшін де аз емес. Ал іштегі шаранаға тигізер зиянын айтпаса да түсінікті. Ішімдіктерді тек жүктілік кезінде емес оның алдында да ішетін ер мен әйелдің балаларының денсаулығында қандай да бір кемістік болады. Өйткені қанға сіңген улы заттар еркектің аталық безіндегі ұрықта да болады. Сол ұрық ананың бойына өтіп, одан бала дамиды. Аздаған мөлшердегі алкогольдің өзі жатырдағы баланың дамуына зиянын тигізе алады.

Кофе мен Кола

Кофенің құрамында көфеин заты мол. Көфені көп мөлшерде пайдалану түсік тастауға алып келуі ықтимал, немесе баланың салмағы жетіспей туылады. Сондықтан, болашақ сәбидің денсаулығы үшін біраз уақыт кофеден бас тарта тұрған абзал. Дәл кофе секілді жағдай Кола ішкенкезде де болады. Сондықтан Коланың орнына табиғи минералды суларды немесе жай суларды пайдаланған жақсы болады.

Кейбір азық-түліктер

Аяғы ауыр әйелге шикі ет, теңіз өнімдерін, жұмсақ ірімшік жеуге болмайды және пастерильденбеген сүт ішуге болмайды. Мұндай жағдайлардың салдары түсік тастаумен не болмаса баланың кемтарлығымен аяқталу қаупі бар.

Шашты бояу

Шашты бояуға арналған бояғыштардың құрамында зиянды химиялық қосылыстар көп. Ол аллергия тудыруы мүмкін. Жүктілік кезінде гормональді өзгерістер болады. Нәтижесінде шаш ұсқынсыз күйге түсіп кететін кездер болады. Бірақ сұлулық үшін болашақ сәбидің өміріне қатер төндіріп керегі не?!

Ауыр зат көтеру, еңкею және жылдам қимылдау

Ауыр зат көтеру денеге күш түсіріп, буындар мен омыртқаны шамадан тыс шаршатады. Жүкті әйелдер үшін 3,5 келіден артық ауырлықтағы заттарды көтеуге болмайды.

Қатты еңкеюге және жылдам қозғалысты қажет ететін әрекеттерді істеуге болмайды. Бұндай әрекеттер ана мен баланың денсаулығына кері әсер етеді. Іштегі баланың дене мүшелері жылдам қозғалыстың нәтижесінде соққы алады.

Аяқта тік тұру

Аяғына түк тұрып жұмыс істейтін аналар әрбір сағат сайын 5-7 минуттай орындыққа отырып аяқтарын жазып, демалдырып тұруы керек. Егер демалып отырған кезде аяғыңызды аздап жоғары көтеріп тұратын зат тапсаңыз, аяқтарыңыз солай қойыңыз.  Ол сіздің аяғыңыздың қан айналымын жақсартады.

Үй шаруасындағы жұмыстар

Үй шаруасының жұмыстары көп жағдайларда әйелдің мойнына артылатыны белгілі, әсіресе, ауылды жерлерде. Бірақ аяғы ауырлаған әйелге мұндай істерден алшақ болғанның пайдасы зор. Малға қарау, сиыр, бие сауу секілді жұмыстардан босасаңыз, болашақ сәби үшін жақсы болады. Әрбір үйдің ішіндегі тазалық жұмыстары кезінде жүкті әйелдерге химиялық қосылыстардан тұратын тазалағыш заттармен ұзақ уақыт жұмыс істеуге болмайды. Қалай дегенмен де, ондай заттардың кері әсері іштегі балаға тиеді.

 

4. Пренаталдық кезеңдегі бала дамуына деген аналық позицияның ерекшеліктері

 

1.Ананың балаға деген эмоциялық қатынасының тууы.

2.Жүктілікті сақтау мотивтері

3.Жүктілікті бастап өткеру стилдері

4.Жүктілік синдромы

5.Баланы қабылдау мәселесі.

6.Қалаусыз жүктілік. Ата-аналық позицияның қалыптасуы.

 

Бастапқы кезде барлығы ерте көктемдегідей болады. Бұл әйелдің физиологиясы мен психологиясындағы бір қанша өзгерістермен қоса ағзадағы өте зор өзгерістердің уақыты. Осы мәселе бойынша теориялық мәліметтерді жинақтап, алынған ақпараттарды жүктілік мерзімінің үш фазасына (триместр) сәйкес құрылымын жасадық.

І триместр

Әйелдің психологиялық қалпында да аса зор өзгерістер орын алады. Бұл өзгерістердің дағдарысы кезеңі деп аталады. Оның ішкі, құпиялы «Мен» атты кеңістігінде басқа адамның кеңістігі де пайда болады. Бұл кеңістіктің бар болуымен есептесумен қатар, бүкіл өмірінің жоспарларын да өзгертуге тура келеді. Бұл бала көптеп бері күтілген және арман етіп күтілген сәби болса да әйелдің барлық ой-толғауларын қайта құруына тура келеді.

Бұдан мынадай сұрақтар туындай бастайды: «Менің болашақ өмірім қалай болады екен?», «Жүктілік қандай өтіп жатыр екен?», «Мен жақсы ана бола аламын ба?», «Менің карьерам қандай болады екен?» және т.б.. Мұндай сұрақтар болашақ ананың мазасын алып, тыныштық бермейді. Кезектегі баласына жүкті болған әйелдерде «Отбасыда кішкентай сәбидің туылуына үлкен баланы қалай дайындасақ екен?», «Олар бір-бірімен достасып кете ала ма?» іспеттес сұрақтар туындайды. Аса жоғары ашушаңдық пайда болады. Әйел эмоциональдық тұрғыда нәзік, тыныштықсыздыққа бет бұрғыш, негативті күйзелістерге сезімтал болып қалады. Оның жүрегінде, көңілінде сан мыңдаған өзгерістер орын алып, ол өзін жаңа күйзелістердің қоршауында қалады. Оны қоршайтын адамдар сол қалпында қалады, тек ол ғана өзінің «жүктілік сезімдерінің» билігінде болады.

Кейбір фильмдер немесе теледидардан көрген жаңалықтарының әсерінен, бастығының қатты ескертуінен де көзіне жас келуі мүмкін. Әйелдің психологиялық қалпының өзгеруі оның әлеуметтік қоршауына да қатты әсер етеді. Үйіндегі жақындары да болашақ ананың мінез-құлқын түсінбей қалулары мүмкін. Бұған байланысты отбасыдағы өзара түсініспеушілікті тудырары сөзсіз. Бірақ әйелге ең маңыздысы – сүйген адамының өзіне көңіл аударуын қалайды. Алайда, ері әйелінің жүктілік процесіне бейімделуі, көндігуі қиынға соғады.

Сонымен қатар, жұмыстағы әріптестерімен өзара түсініспеушілік орын алуы, бастығымен өзара келіспеушіліктер туындау қаупі де болады. Дегенмен, бұлардың барлығы әйелдің қалауынан тыс, яғни бұл «гормондардың» әсерінен жүзеге асады.

Ал кезектегі баласын босанатын әйелдерде бұл кезең үйреншікті болғанымен, ағзасында болатын әрқилы өзгерістерге әрдайым да дайын бола бермейді. Бұдан бөлек, оларда басқа да проблемалар толып жатыр. Бұл проблемалар үлкен балаларымен байланысты болып, олардың өзі де ата-аналары тарапынан қажетті назарды талап етеді. Мұндай проблемалар жүктіліктің дерлік барлық кезеңін қамтиды.

І триместрдің соңы – көптеген жүкті әйелдер үшін оның көңіл-күйіндегі «өзекті бетбұрыстың» бастамасы болып саналады. Ерте токсикоз өзінің күшін жоғалта бастайды. Барлығы да жайымен, ақырындап тұрақтала бастайды. Жүктіліктің бірінші және екінші триместрінің шекарасында ана болуды сезіну орын алып, бұл сезім күннен күнге көптеген әйелдер үшін құнды сезімдердің біріне айналады.

ІІ триместр

Дәл осы триместрде болашақ ана құрсағындағы кішкентай сәбиінің қимылдарын байқай бастайды. Ал бұл жағдай психологиялық тұрғыда жүктіліктің өте маңызды сәті болып саналады. Әйел өзінің жаңа «Меніне» үйрене бастайды.

Ол өзінің өмірінде атқарып отырған барлық іс-қимылдарына жауапты түрде қарауды үйренеді. Жүкті әйел жүктіліктің басынан бастап баланың өміріне қауіп төндірген іс-қимылдарын есіне түсіріп, ой елегінен өткізіп отырады. Дәлірек айтқанда, жүктілікті білмей ішіп қойылған бір бокал шарап немесе аспирин жайлы, өмір сүретін қаласының лас ауасы немесе жұмысшы үстеліндегі компьютер мониторының сәулесінің қаупін естеріне түсіріп, сәби өміріне тигізетін әсерін ойланып уайымдайды. Бұл да қалыпты жағдай болғанымен, болашақ анада үлкен үрей туғызады. Ол өзінің болашақтағы өмірі жайлы көптеп ойланады. Тұңғыш тумалар босанудың шын мәнінде не екені туралы ешнәрсе білмейтіні белгілі. Олар босану жайлы кітаптардан оқып, өз шешелері мен құрбыларының әңгімелерінен естіп, хабардар болады. Айтарлықтай олардың барлығында босану алдынан қорқыныш пайда болады.

Сонымен қатар, бұл кезеңде көптеген болашақ аналар жүктілік қаупі проблемасына тап болады. Көп жағдайларда мұндай әйелдер ауруханаға жатқызылып, оларға қажетті ем-дом жасалынады. Бұл жүкті әйел үшін қосымша мағынадағы өте қиын кезең болып саналады.

Бірақ ІІ триместрдің аяғында әйел «Жүктіліктің екінші триместрі» атты керемет қойылымның бас қаһарманы рөлін жақсы игеріп те үлгереді. Тіпті Болашақ Ана атына да әбден лайық. Оның айналасындағы қоршаған адамдар да оның мұндай рөліне үйрене бастайды. Зайыбы мен жақын туыстары бұны толығымен, саналы түрде ұғынады. Әдетте, бұл кезеңге келіп отбасы құрамына жаңа адамның қосылуына да дайын болады. Барлығы да жүкті әйелге көмектесіп, сүйемелдеу амалдарын іздестіреді. Алайда, жұмыстағы немесе оқудағы келеңсіздіктер әлі де сақталуда.

ІІІ триместр

Психологиялық тұрғыдан әйел баланың жиі қимылдауына, әрекеттенуіне үйреніп те кетеді. Олар бөлінбейтіндей біртұтас болып, бұны кез келген жүкті әйел саналы түрде түсініп, қабылдайды. Осы кезеңге келіп дерлік барлық жүкті әйелдерде өз баласының болашағын ойлап уайымдау сәттері көбейеді.

Осыған орай тағы да мынадай сұрақтар туындайды: «Мен қашан босанамын?», «Босану қалай өтеді екен?», «Бала аман-есен дүниеге келер ме екен?». Көптеген әйелдер дүниеге кім келетінін әлі де білмейді. Оларды мынадай сұрақтар пайда болады: «Кім және қандай салмақпен туылады екен?». Алғаш рет босанатын әйелдердің айтарлықтай барлығында алдағы босанулардан қорқу сезімдері күшейе бастайды. Олар тіпті өлімнің алдындағы қорқынышты сезінгендей қалыпта болады. Мұндағы психологиялық ерекшелік әйелдің өз өмірі үшін емес, құрсағындағы баласының өмірін ойлаумен байланысты.

Алайда, дамып келе жатқан тірі адам тек сенсорлық ақпаратты ғана емес, сонымен бірге эмоциональдық сипаттағы мәліметтер клеткаларын да есінде сақтайды. Осылайша, қоршаған орта жайлы алынған ақпараттар, ондағы өзгерістерге болған эмоциональдық реакция – болашақ адамның күрделі психологиялық іс-әрекетіне негіз болады.

Туылғанға дейін тәрбиелеу. Ана – бұл баланың алғашқы өмір сүру дүниесі болғандықтан, ананың басынан өтетін барлық жағдаяттар мен оқиғаларға құрсағындағы бала да анамен бірдей толғанады. Анасының сезімдері мен эмоциялары балаға оның психикасы мен мінезінің қалыптасуына оң немесе кері әсерін тигізе отырып өтеді.

Болашақ баланың ағзасы ана ағзасынан келетін материалдардың көмегімен құрылады. Сонымен қатар, оның өмір сүру қалпы, тамақтану мәдениеті, зиянды әдеттерінің бар болуы немесе жоқтығы – осылардың барлығы болашақ бала денсаулығының іргетасын қалайды.

Ананың өзін-өзі дұрыс ұстамауы, оның өміріміздегі ауыр да кикілжіңдерге толы стресстік факторларға көптеп әсерленуі босанғаннан кейінгі ауруларды туғызады. Дәлірек айтқанда, невроздар, мазасызданған қалыптар, көптеген аллергиялық аурулар, ақыл-ой дамуының артта қалушылығы және басқа да көптеген патологиялық жағдайлар.

Өте керемет ана мен бала бейнесі – бұл біртұтас сана, біртұтас энергетикалық жүйе болып, ол жүктілік кезінде қалыптасады, ал босану кезеңі – бұл ана мен баланың өзара даму процесінің аяқталу кезеңі болып табылады. Егер де бұл жүйе дұрыс қалыптаспаса, онда ана мен бала арасында босанудан кейін де өзара үйлесімділік пен түсіністік болмайды.

Баланың әкесіне де айрықша рөл жүктеледі. Жүкті әйеліне деген қарым-қатынасы, оның жүктілігі туралы ойлануы, сонымен бірге болашақ баласына деген көзқарасы – болашақ сәбиде бақыт пен күшті сезінуді қалыптастыратын маңызды факторлардың бірі болып саналады. Бұл сезімдер құрсақтағы сәбиге тыныш және өзіне сенімді болған ана тарапынан беріледі.

Жұмыстарының аса тығыздығына қарамай, ата-ана өздерінің болашақ баласымен сөйлесуге, сырласуға уақыт табулары қажет. Дәл осы уақытта ата-ана балаға оны қаншалықты сағынып, күтіп жүргендері, аман-есен дүниеге келуі және де дені сау, мықты болуы жайлы әңгімелеп берулеріне болады. Табиғат ата-анаға осындай саналы түрде тырысуларын, әрекеттенулерін, сөзсіз, дені сау және мықты да әдемі баламен марапаттайды.

Пренатальдық тәрбие берудің негізінде құрсақтағы балаға ең жақсы материалдарды жеткізу мен жағдайларды жасауды қамтамасыз етуге бағытталған ойлар жатады. Бұл аналық клеткада бұрыннан орналасқан барлық мүмкіншіліктерді, барлық қабілеттерді дамытудың табиғи процесінің бөлігі ретінде болуы тиіс.

Пренатальдық тәрбие беруде дыбыстар мен музыка айрықша орын алады. Егер де әке күніге құрсақтағы баласымен сөйлесетін болса, онда бала туылған соң әкесінің дауысын бірден танитын болады. Көптеген ата-аналар өз балаларының пренатальдық кезеңде естіген музыкаларын немесе әндерін танитындарын байқағандарын айтады. Бұған қоса бұл музыкалар немесе әндер балаға зор тыныштандыратын құрал ретінде әсер етіп, күшті эмоциональдық зорығуды түсіреді.

Сонымен бірге, құрсақтағы бала ананың концертте зер салып тыңдайтын музыкасын да жақсы қабылдайды. Ол таңдаулы түрде бағдарламаға әсер етеді. Осылайша, Бетховен мен Брамстардың музыкалары балаға қоздырғыш ретінде әсер етсе, Моцарт пен Вивальдилердің музыкалары оның жанын тыныштандырады. Ал рок музыкаларға тоқталатын болсақ, мұндай музыкалар баланы нақұрыстайды. Көптеген жүкті әйелдер баласының зорығып қимылдауынан концерттен кетуге мәжбүр болғандарын айтады. Осылайша, олар басқа, яғни анағұрлым құрылымға ие болған музыканы тыңдауға мәжбүр болады.

Музыканы үнемі тыңдау нағыз оқыту процесіне айналуы мүмкін. Американдық дирижер Борис Брот теледидарға берген жеке интервьюсінде, музыкаға деген жылы сезім қашан пайда болды, деген сұраққа мынадай жауап берген болатын: «Бұл жылы сезім менде туылғанға дейін болған еді». Белгілі бір музыкалық еңбектермен енді ғана таныса отырып, ол партитураның келесі парағына ауысудың өзінде скрипка партиясын әлдеқашан білетін. Брот мұндай құбылыстың шынайы себебін түсіндіре алмайтын. Күндердің күнінде ол бұрын виолончелистка болған шешесінің алдында осындай жағдай туралы айтып қалады. Шешесі өзінің жүкті кезінде ойнаған бұрынғы ескі бағдарламаларын парақтап, баласының өзі жаттаған еңбектерді жатқа білетінін байқайды.

Жүктілік кезінде құрсақтағы балаға саналы түрде оңды қарым-қатынас жасау өте маңызды. Материяны құрайтын әртүрлі энергияларды жұмылдыратын орталық – бұл жүкті әйел болып саналады. Себебі ол өзінде тірі адамды алып жүреді. Әйелдің іс-қимылдары, ой-пікірлері мен сезімдері энергияның белгілі бір типтерінің пайда болуы немесе тартылуының басты себептері болады. Ол өзінің қалауымен баласының қолайлы ортада өмір сүруі үшін бұл энергияларды дұрыс бағытқа бағыттап отыра алады. Сонымен бірге, бұған оны қоршаған адамдар да – жанұя мүшелері де тікелей қатысты рөл атқарады. Болашақ ана өзінің шығармашылық мүмкіншіліктерін көрсете отырып, жан-жағына өзінен тек қана мейірімділік пен махаббат шашады.

Тамақтануға деген саналы қатынас пікірін де қарастырамыз. Бәрімізге белгілі болғандай, сау, пайдалы тамақ пен мәзір де баланың дамуында елеулі орын алады. Алайда, тамақтанудың механикалық тәсілі асқазан арқылы ас қорыту жүйесіне келіп түсетін химиялық элементтерді ғана қабылдайды. Жазды күндері жемістер, көкөністер мен дәнді дақылдар күн сәулесінің белгілі бір шамада энергиясын өзіне жинақтап, бұл энергия асықпай шайнау арқылы пайдаға асуы мүмкін. Бұған диеталық тамақтанудың барлық мамандары да айрықша көңіл аударады. Егер де болашақ ана тамақтану барысында қуанышқа бөленіп, табиғаттың осындай сыйлары үшін риза болып, алғыс айтатын болса, мұнымен ол құрсағындағы баласына тамақтану мәдениетін, өз халқының дәстүрлерін де өткізеді. Бұдан бөлек, баласындағы тамаққа деген оңды қатынасты тәрбиелейді.

Психологтар мен психиатрлар маңызды фактордың бар екенін анықтады. Бұл фактор – ана мен баланың арасындағы белгілі бір эмоциональдық байланыс сапасы болып саналады.

Эмоциялар мен адамды қоршап тұратын кеңістік өте жақын өзара байланыстылықпен сипатталады. Бақытсыздық, жүрек жарасы жүректің қысылу, ауа жетіспеу сезімдерін оятады. Қорқыныш, қызғаныш, зұлымдық сияқты теріс эмоциялар ауырлық сезімі, өзін нашар сезіну, қысылу сезімдерінің пайда болуына әкеп соқтырады. Ал қуаныш сезімі біздің жүрегімізді «ән айтуға» итермелейді.

Жүкті әйел өзінде бақыттылық пен ішкі еркіндік сезімдерін тудырып, құрсағындағы баласына өткізетін болса, онда ол да қуаныш сезімдерін өзінің клеткаларында сақтап қалады. Музыка, поэзия, ән айту, өнер, табиғат осындай ішкі сезімдерді сезінуге көмектесіп, баладағы әдемілік сезімін тәрбиелейді. Ананың балаға деген махаббаты, мейірімі, оның өмірге келуімен байланысты ойлары, ана мен құрсақтағы бала арасындағы қарым-қатынас байлығы баланың дамып келе жатқан психикасына және оның клеткалық есіне әсер етіп, ондағы бүкіл өмір бойы сақталынатын тұлғаның негізгі қасиеттерін қалыптастырады. Құрсақтағы бала өз шешесінің оңды және теріс стресстік факторларға әсерін ажырата алады.

Нейрологтардың пікірінше, егер де қандай да бір даулы жағдаятта тамыр соғуының келең жиілеуі (минутына 130-140 соғуға дейін) аса созылмайтын болса, әйел өзінің эмоцияларын жылдам игеріп ала алатын болса, онда туылатын бала да эмоциональдық тұрғыда қалыпты болады.

Көптеген әйелдердің байқауынша, жүктілік кезінде құрсағындағы баласын қорғау рефлексі пайда болады екен. Сондықтан болар, олар саналы түрде өздеріндегі аса жағымсыз эмоцияларды жеңе алады. Мұндай болашақ аналар балаларымен сөйлесіп, оған болып жатқан оқиғалар жайлы түсіндіріп, қажетті жағдайларда оны тыныштандырады. Бұл кезде құрсақтағы бала өзінің клеткалық деңгейінде, болашақ өмірдегі өрге көтерілу мен орға құлау сияқты жағдайлардың орын алуы мен оларды жеңіп өту туралы ақпараттарды «жазып отырады». Осылайша, еркі мықты, шыдамды, төзімді адамның негізі қаланады.

Біз табиғаттың болашақ анаға, ата-анаға жүктейтін жауапкершілігін толығымен құптаймыз. Біздің әрқайсысымыз өмірге келетін баланың жан-дүниесіне белгілі бір деңгейде жауаптымыз.

Ананың эмоциясы мен болашақ сәбидің тағдыры арасындағы байланыс сипаты өте күрделі процесс болып, баланың тууын күтудің эмоциональдық мазмұнының қарапайым типологизациясын үйрену процесі, бұл феноменнің ішкі құрылымы мен динамикасын үйрену процесі түпкілікті және ұзақ зерттеуді талап етеді.

Жүкті әйелдің кейбір эмоциялары, дәлірек айтқанда, сенімділік, тәуелсіздік, абырой, жауаптылық эмоциялары ана мен құрсақтағы бала үшін жалпы болған бейімделу жүйесін бекітеді, ал басқа – жазықтылық, уайым, қорқыныш, жабырқау, шарасыздық сезімдері – сәбидің дамуын тікелей (соңғы кезеңдердегі), сонымен бірге жанама тұрғыда да әлсіретеді.

Әйелдердің қиялы жақсы дамыған болады. Олар бұл қасиетін өзінің болашақ баласының қалыптасуында тиімді пайдалана алады. Егер де қиял жағымды қасиеттерге, яғни махаббатқа, мейірімділікке, жанашырлыққа бағытталатын болса, онда ол ғажайып әрекеттерді жасауына негіз болады. Мұнда болашақ баланың жыныстық ерекшелігіне де басты назар аударған жөн.

Пайымсыздықтың күштеріне саналы түрде ықпал жасауды қатаң түрде бақылаған дұрыс. Қандай да бір құпиялы тілектерді қабыстыруда үлкен мұқияттылық қажет болады. Балалар ата-аналардың сәтсіздіктерінің немесе олардың армандаған жетістіктерінің өзіндік компенсациясының құралы болмауға тиіс. Олар – еркін адамдар болып, өзіндік өмір сүруге құқылы. Басты мақсат – оларда жалпы сипаттағы аса жоғары қасиеттердің негіздерін қалыптастыру болып, бұл қасиеттерді олар әрі қарай дамытатын болады.

Басты мәселенің теориялық аспектілерін қарастырып, перзентханалар мен ауруханалардағы практикалық жұмыс тәжірибесін талдай отырып, бүгінгі таңдағы теориялық зерттеулерде де, практикалық зерттеу жұмыстарында да жүктіліктің психологиялық мәселелеріне баса назар аударылмайтындығы анықталды. Жүктілік кезеңіндегі әйелдің психологиялық ахуалы түпкілікті тұрғыда өзгереді, оған шын мәнінде көмек керек болып, оны қоршаған адамдар тарапынан ғана емес, сонымен бірге медициналық мамандар мен психологтар тарапынан да берік сүйемелді қажет етеді.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Батуев А.С. Соколова Л.В. Учение о доминанте как теоретическая основа формирования системы «мать-дитя» // Вестн. С.Петерб. ун-та. Сер. 3. Вып. 2. СПб. С. 85- 102.

  1. Мухамедрахимов Р.Ж. Мать и младенец: психологическое взаимодействие. СПб.,1999
  2. Добряков И.В. Позитивный подход в психотерапии семьи, ожидающей ребенка //1-я Всемирная конференция по позитивной психотерапии: Тезисы докл., СПб., 1997. С.52.
  3. Добряков И.В. Диагностика и лечение невротических расстройств у беременных женщин // Перинатальная психология в родовспоможении: Сб. материалов конф. СПб., 1997. С. 57–61.
  4. Захаров А.И. Ребенок до рождения и психотерапия последствий психических травм. СПб., 1998.
  5. Хрестоматия по перинатальной психологии: Психология беременности, родов и послеродового периода / Сост. А.Н. Васина. — М.: Изд-во УРАО, 2005
Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-14 12:06:56     Қаралды-8796

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК

...

Snickers - жастар арасында ең танымал батончик

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮДЕРІ БҰЙЫМДАРДЫ ТАЗАЛАУ

...

Күдерден тігілген бұйымдарды қалай тазалауға болатын тәсіл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫС КИІМДЕРІН ТАЗАЛАУ

...

Ауыр жұмыс мамандықтағы адамдардың жұмыс киімдері әрдайым қатты кірлеп, май теңбілденіп кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »