UF

Тақырыбы: «Үлгермеуші оқушылар психологиясы»

 

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасындағы білім саясаты білім мекемелерінің қоғамдық деңгейін жоғарылатуға, отандық дәстүрлер мен қазіргі заманғы тәжірибенің негізінде тәрбие құрылымы мен мазмұнын жаңартуға, оқу-тәрбие процестерінің, қоғамдық және жанұялық тәрбиенің көп қырлылығы мен интеграциясын қамтамасыз етуге негізделген.

Білім жүйесіндегі басым міндеттердің бірі тұлғаның шығармашылық және рухани қабілеттерін дамыту, салауатты өмір салты құндылықтарының берік негіздерін қалыптастыру, сондай-ақ, жеке даралықты жетілдіруге жағдайлар жасау жолымен сана-сезімді байыту болып табылады (07.07. 1999 ж. ҚР «Білім туралы» Заңы. 1-тарау, 8-бап).

Қазіргі жағдайда рухани жағынан жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру жолында жалпы орта білім беретін мектептердегі білім алушылардың үлгерімі нашарлығы мәселесін шешу қажет. Білім жүйесіндегі оңды жетістіктер мен реформаларға, оқу-тәрбие ісіне заманауи білім беру технологияларының (активті және интерактивті әдістер) енгізілгеніне, мұғалім мен оқушының арасында «субъект-субъектілі» принципі бойынша қарым-қатынастардың қалыптасқанына қарамастан жоғарыда көтерілген мәселенің білім ұяларында әлі шешіле қоймаған күрделі мәселе екенін естен шығармағанымыз жөн. Осыған байланысты жалпыға міндетті мемлекеттік стандартқа сәйкес педагогикалық мамандықтардың оқу жоспарына «Үлгерімі төмен оқушының психологиясы» атты арнайы курс ендірілген болатын.

«Үлгерімі төмен оқушының психологиясы» пәнін меңгеруде алға мынадай міндеттерді қойған абзал: қазіргі заманғы білім жүйесіндегі оқушылар үлгермеушілігінің алдын алу және жоюдың психологиялық-педагогикалық негіздерін зерттеп қарау; болашақ педагог-психологтарға үлгермеуші оқушы-лардың түрлері мен себептерін ажырата білуді, олармен тіл табысудың жолдарын табуды үйрету, сонымен қатар, үлгермеуші оқушыларға психологиялық түзету және психологиялық жәрдем беру әдістерін пайдалану.

Бұл оқу құралында автор әр заманда білім алушылардың үлгермеушілігі, оқудағы үлгермеушіліктің себептері мәселелерін зерттеген Бабанский Ю.К., Цетлин В.С., Теплов Б.М., Якобсон П.М., Крутецкий В.А., Колесов Д.В. т.б. белгілі ғалымдардың тәжірибесіне сүйенеді. Әрбір тақырыптың соңында семинар сабақтарында талқылауға арналған сұрақтар, СӨЖ және рефераттар үшін тақырыптар берілген, мұның өзі көкейкесті педагогикалық проблеманы тереңдетіп оқытуға қолайлы. Сонымен қоса, ұсынылатын әдебиеттер тізімі мен 7 қосымша бар.

Автор қолыңыздағы осы оқу құралы педагогикалық жоғары оқу орын-дарының студенттері мен жалпыға ортақ білім беру мектептерінің мұға-лімдеріне үлгермеуші оқушылармен жұмыс істеуде көмек беріп, қазіргі заманғы білім шаңырақтарындағы үлгермеушіліктің алдын алу жолында профилактикалық шараларды жасауға жәрдемдеседі деген үмітт

 

1. Үлгерімі төмен оқушылардың және психика-физиологиялық ауруларға шалдыққан балалардың жіктелуі

 

1. Үлгерімі төмен оқушылардың сипаттамасы.

2. Қолайсыз педагогикалық жағдайлардың балалардың интеллектуалдық дамуына әсері.

3. Оқушылардың ойлау қызметінің индивидуалдық ерекшеліктері.

 

Үлгерімі төмен оқушылардың сипаттамасы

 

Тұрақты жоғары үлгерімді оқушыларды психологиялық зерттеулер нәтижесі балалардың осындай тобы жеке дара ерекшеліктеріне қарай әлдеқайда бірыңғайлау екенін көрсетті (танымдық қызметтің интеллектуалды және интеллектуалды емес бөлшектерінің қалыптасу дәрежесіне қарай). Олар білімнің бай қорына ие, өте зерек және білім нәрінен терең сусындауға бейім, жасына сәйкес (ал кейде өзінің жасына лайық емес білімді игеретін де оқушылар бар) олардың ақыл-ой өрісі жақсы дамыған. Мұндай қасиеттер оларға жаңа білімдерді жедел меңгеруде және алынған білімдерді қажетіне жаратуда еркіндік принциптерін ұстануға мүмкіндік береді. Олардың сана-сезімінің жоғары белсенділігі танымдық қызығушылықтың қалыптасуына, әрі оқу ісіне оң көзқарас танытуына негіз болып қызмет етеді. Жоғары үлгерімді оқушылардың көпшілігі өздерін қалыпты бағалайды, дегенмен бірсыпырасы ұдайы табысқа қол жеткізіп, айналасындағылардың шексіз мақтауына бөлен-генінің салдарынан өздерінің қабілеттерін асыра бағалауы ықтимал, мұндай жағдай кейінірек дау-дамайларға ушығуы әбден мүмкін. Физиологтар мен психологтардың арнайы зерттеулері көрсеткендей, ондай оқушылар өзгелермен салыстырғанда белсенді, қажырлы ой еңбегінен әлдеқайда кем шаршайды. Оларға жоғары үлгерімді қамтамасыз ететін жәйт – адамның тұла бойында болуға тиіс бүкіл қасиеттердің сабақтастығы. Бірақ, оқуға зейін қоймағанымен, жұмыста жоғары белсенділік танытып жататындар да бар.

Алайда, оқудағы диагностика мен үлгермеушілікті жою немесе алдын алу мақсатында төмен үлгерімге әкеп соқтыратын, танымдық қызметтің төмен деңгейін анықтайтын бүкіл себептер кешенінің қалай пайда болғанын бөліп қарау өте маңызды. Себебі, танымдық қызметтің өнімділігі ең әуелі ой дамуы-ның деңгейіне тікелей байланысты, оның негізгі компоненттерінің қалыптас-пауы әдетте үлгермеушіліктің басты себебі болып табылады. Үлгермеушіліктің алғышарты ретінде қай компоненттің бөлінгеніне қарай үлгермеушілердің екі түрін ажыратуға болады: педагогикалық босаңсыған оқушылар және cауаты төмен білім алушылар.

Алғашқы түріне «минималды норма» талаптарына сай келмейтін, педаго-гикалық қолайсыз жағдайлар тудыратын бай емес білім қоры үлгермеушілікке негіз қалайтын оқушылар жатады.

Екінші түріне үлгермеушілігі әлеуметтік (оның ішінде педагогикалық), сондай-ақ, биологиялық факторлардың кері ықпалына байланысты оқушылар жатады.

Енді олардың сипаттамасына жекелеп тоқталайық.

Сауаты төмен оқушылар

Бұл топқа жататын балалардың педагогикалық тұрғыдан босаңсуы төмен сауаттылықпен, яғни танымдық қызметке қажетті ойлау қасиеттерінің кері қалыптасуымен тікелей үндесіп жатады. Алдымен ақылдың осындай кері қасиеттерін сипаттап, содан соң оларды туғызатын себептерге тоқталайық.

Ойлау деңгейінің ат үстілігі – ақыл тереңдігіне қарама-қарсы қасиет. Ол екеуінің арасындағы кездейсоқ байланыстарды анықтауда сыртқы, бірыңғай белгілердің бөлінуінен айқын көрініс табады, мұның өзі олардың үйлесім-ділігінің төмен деңгейін көрсетеді. Мәселен, рычагтардың тепе-теңдігіне байланысты практикалық тапсырмаларды шешуде үстіртін ойлайтын оқушылар тепе-теңдік жағдайларын анықтау үшін кездейсоқ түскен детальдарды негізгі деп ажыратып отырған. Олардың пікірінше, тепе-теңдік тек оң жағында жүк тұрғанда ғана қалыптаспақ. Мұндай жағдайда ғылыми терминдерді қолдану қиынға соғатыны белгілі. Алтыншы сыныптың оқушылары «иық» сөзін «жең» деген сөзбен ауыстырып, өздерінің сөздік қорларына жаңа терминді енгізуден қашқақтаған. Ат үсті ойлайтын оқушылар құл бейнесін сипаттау кезінде басты белгілері деп оның арықтығын, нашар киім киетінін алға тартып, құлиелену-шінің бейнесі мүлде қайшы дегеннен әрі аса алмайды.

 

2. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың сипаттамасы

 

1. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың сипаттамасы.

 2. Педагогикалық босаңсыған оқушылардың сипаты.

 

Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар орталық жүйке жүйесіндегі кейбір ауытқушылықтардың салдарынан көрнекі-образды ойлаумен қатар сөзді-логикалық ойлауы баяу дамыған балалар болып табылады. Жақында ғана ажыратылған осы топтағы білім алушылар өздеріне психологтардың назарын ғана емес, дефектологтардың да назарын аудартты. 5 мыңнан астам балаларды қамтыған тұрақты үлгерімі төмен оқушыларды арнайы зерттеу жұмысы олардың жартысына дерлігінің осы топқа жатқызылатынын көрсетті. Көпшілік мектептерде білім алу жағдайларында мұндай оқушылар бағдарламадағы материалдарды табысты меңгере алмайды. Сонымен бірге, арнайы түзету жұмыстарын жүргізу барысында олардың бағдарламаны игере алатыны анық-талған. Осы жағы оларды ақыл-есінің дамуы кешеуілдеген балалар – олигоф-рендерден ажыратады, себебі олигофрендер қосалқы мектептерде білім алады.

Педагогикалық босаңсыған оқушылар

Педагогикалық босаңсуды қолайсыз әлеуметтік-педагогикалық жағдайлар тудырады. Ол жағдайлар қажетті білім қорының жинақталмауына әкеп соқты-рады. Егер осы жағдайлар жастық дамудың тым ересек кезеңінде қалыптасса, педагогикалық босаңсу негізі қалануы мүмкін.

Дегенмен, мұндай типтегі оқушылардың арасында кейде жоғары үлгерімді балалар да кездесіп жатады.

Осы орайда Г.П.Антонова 3, 8-сынып оқушылары арасында жүргізген ұзақ мерзімді зерттеулердің нәтижесі қызғылықты. Оның мәліметтері бойынша, екіге дейінгі аралықта төмен бағалар алған 6 және 7-сынып оқушыларының арасында төменгі сыныптарда үздік оқыған және психологиялық тәжірибелер кезінде интеллектуалды дамудың жоғары деңгейіне ие болған оқушылар кездескен. Осы оқушыларды тереңдетіп саралау көрсеткендей, олардың үлгері-мінің күрт төмендеуіне нақтылы мүмкіндіктері мен оларға қойылған талап-тардың арасындағы алшақтық себепші болған. Талаптар тым жеңіл болып, оқушылардың психикалық қызметін белсендірмеген. Өзгелерден жақсы дамы-ған мұндай балалар кіші сыныптарда оқу жаттығуларын қиналмай орын-дайтын; оларды мақтап, басқаларға үлгі ететін, соның салдарынан олар өздерін-өздері асыра бағалай бастады. Оқудың тым жеңілдігінен олар қиындықтарды жеңуге үйренбегені былай тұрсын, олардың жұмысқа деген интеллектуалды құлшынысы қалыптасқан жоқ. Біртіндеп орта сыныптарға ауысқан сайын оқу материалы күрделене түскендіктен, оқушылар бұрынғысынша аз еңбек ете жүріп, еті үйренген жоғары бағаларды ала алмады. Сол себептен, олардың мұғалімдерге кері қатынасы қалыптасты, өйткені, олардың ойынша, мұғалімдер оларға себепсізден-себепсіз «қырғидай тиетін». Білім қорындағы үлгермеуші-лікті жою үшін ерінбей еңбек етудің орнына олар бұрынғысынан да бетер талпынуды қойды. Ал өздері туралы қалыптасқан жоғары пікір сол күйі қалды, бірақ енді олардың өздерін-өздері бағалауы сыныптағы дәрежесі мен білім-деріне сәйкес келмейтіндей тым жоғары болды. Нақтылы білім мен оларға қойылған талаптар арасындағы алшақтық күрт өсіп, оқушылардың мектепке, оқуға деген ықыласы күрт кеміді, оқушылардың педагогикалық босаңсуы тереңдей түсті.

Оқушылардың нақтылы мүмкіндіктері мен өздері жеткен даму деңгейінің арасындағы алшақтық мектептерде тым жиі кездеспейді.

 

3. Оқудағы қиындықтардың психика-физиологиялық себептері

 

1. Оқудағы қиындықтардың психофизиологиялық себептері.

2. Оқу мен жазуды үйренудегі қиындықтарды жеңу әдістемелері.

 

Мектептегі үлгермеушілік ішкі және сыртқы әсерлерге, соның ішінде психиканың жеке жүйелерінің жеткілікті түрде жетілмеуіне негізделген. Бұл деген сөз бала өте төмен интеллектіге ие немесе оның құрдастарына қарағанда қабілеті нашар дегенді білдірмейді. Аталмыш құбылыстың себебі бас миының дамуындағы жеке дара ерекшеліктерге байланысты.

Бас миының жетілу жолдары, яғни психиканың қалыптасуы дамудың гетерохрондылығы яки жекелеген құрылымдар жетілуінің әр алуан қарқынына байланысты. Бас миы дамуының бұл ерекшелігі мектеп қабырғасын аттайын деп жүрген балалардың психикалық процестердің түрліше жетілу деңгейлеріне ие болуына алып келеді. Сондықтан, балаға қойылатын педагогикалық талап-тардың оның мүмкіндіктеріне сәйкестігін ескеру керек.

Қазіргі таңда практикалық тәжірибе негізінде минималды ми дисфунк-цияларының салдарынан туындайтын түрлі науқастарға шалдыққан төмен-дегідей балалар топтарын ажыратуға болады:

1. Дыбыстарды нашар қабылдайтын балалар. Бұл дегеніміз бала нашар естиді деген сөз емес, ол кәнігі өмірлік қызметке жеткілікті қалыпты есту қабілетіне ие. Мұндай ауытқушылық тек қана бала сауатын ашып, жазуды меңгеруге ықылас қойғанда айқын білінеді. Дүйім жұртқа мәлім, дыбыс түрлі биіктіктегі тондар мен жарты тондардың үйлесімділігі болып табылады. Сөйлеу ағынында дыбыстар бір-біріне әсер етіп, үндесіп кетіп жатады. Сондықтан, дыбысты дұрыс қабылдау үшін оның барлық бояуларын анық аулай білу керек. Дыбыстарды нашар қабылдайтын балалардың бұған әлі жетпейді. Нәтижесінде қабылданған дыбыстар санаға сол күйінде сіңіп, үйреніп жатқан түсініктермен сәйкес келмейді және дұрыс жазылмайды. Мұндай балалар ауызша диктантты жаза алмайды, әйткенмен кітаптан жап-жақсы-ақ көшіреді.

2. Балалардың екінші тобы – сөйлеу қызметі бұзылған балалар. Мұндай балаларға айналадағылар оншалықты байқай бермейтін артикуляцияның кішігірім өзгерістері тән. Сөйлеу ағынында бала барлық дыбыстарды жеткізе біледі және оны тыңдап тұрған адам оларды дұрыс қабылдайды, бірақ анық емес артикуляцияның салдарынан жеке дыбыстар баланың санасында арала-сып, шашырап кетеді. Артикуляцияның мұндай ауытқушылықтарын артику-ляциялық аппарат талшықтарының гипо және гипертонусы тудырады.

3. Түсінік аппараты бұзылған балалар. Бұл қандай да бір себептерге байланысты (нашар жады, шағын өмірлік тәжірибе, психологиялық науқасқа шалдығу, отбасылық қарым-қатынастың жеткіліксіздігі және т.б.) баланың түсінік аппаратының жұпыны болуын білдіреді. Мұндай балалар өздері оқып және жазып жатқан сөздердің мән-мағынасын түсіне алмайды, яғни сөздер олар үшін жәй ғана мәнсіз әріптердің терімі болып қалады. Әлбетте, ондай бала өзі оқыған мәтінін қайта айтып бере алмайды, әрі сөздер мағынасын түсінбеуіне байланысты жазуда қателіктер жібереді.

4. Тағы бір топты тіршіліктің кеңістік құрылымы туралы түсінігі қалыптаспаған балалар құрайды. Адам әлемінің кеңістік ұйымдасуы үш негізгі туындыдан тұрады: 1) шынайы кеңістік; 2) құрылымы бойынша шынайы кеңістікке ұқсас адамның ішкі әлемінің кеңістігі; 3) квазикеңістік, яғни адамзат өндірген белгілер мен символдардың тәртіптілігі. Шынайы өмірде кеңістіктің соңғы түріне ешқандай нәрсе ұқсас емес, сол себептен ол ең күрделісі. Баланың кеңістік факторы бұзылған деп айтып жатқанда, оның нақ осы квазикеңістікті қабылдауы бұзылған деп ұғынуға болады. Бұған шалдыққан бала әріп, сандар т.б. белгілер мен символдардың кезектілігін қабылдай алмайды. Хатта бұл бос орындар қалдыру немесе әріптерді жүйесіз қайталау, тасымалдарды дұрыс қоймау, сөйлемдер арасын шекарамен бөлмеу және т.б. сол сияқты қателіктер жіберу түрінде көрініс табады.

Оқыту процесі кезінде балалардың осындай даму ерекшеліктерін ескеріп, сәйкесінше нақтылы оқыту әдістемелерін қолдану керек.

Оқу мен жазуға үйренуде қиындықтарды жеңу әдістемесі

Балаларды сауаттылыққа үйрету практикасында ХІХ ғасырдың ортасына дейін әріптеп сөйлеу әдісі қолданылып келді. К.Д.Ушинский оқытуда, әрине, әріптік тәсілге қарағанда әлдеқайда жетілген дыбыстарды саралап-талдау әдісін пайдалануды ұсынды. Оқытуда дыбыстық әдісті пайдалану кезінде мұғалім әріпке көрсете отырып, оған сәйкес келетін дыбысты үндеп шығарады. Бұл әдіс қазіргі заманғы дәстүрлі сауаттылыққа үйрету әдістемесінің негізінде жатыр.

Оқытуды жетілдіру әдістемелерінде (Давыдов-Элькониннің және В.В.Занковтың) дыбыстық саралап-талдау әдісінің жаңаша түрі – дыбыстық-фонемалық әдіс қолданылады. Аталмыш әдістемелер оқу процесі барысында балада қалыптасқан сөздер түсінігіне негізделеді, яғни бала сөз төркінін түсініп, мағынасына сәйкес әріпті таңдауы қажет. Бүгінгі күнде бұл әдістеме-лер ең жетілдірілген болып есептеледі, алайда олардың кез келгенімен оқыту кезінде жоғарыда айтылып өткен ауытқушылықтары бар оқушылар міндетті түрде қиыншылықтарға ұшырасады.

 

4. Оқу-тәрбие процесіндегі үлгермеушіліктің алдын алу мен оны жеңу жолдары.

 

1. Үлгермеушілікті жеңуге бағытталған дифференциалды әрекет.

2. Оқудағы үлгерімнің табыстылығына септігін тигізетін оқу процесін ұйымдастыру әдістемесі (В.Ф.Шаталов бойынша)

 

Үлгермеушілікті жеңуге бағытталған дифференциалды әрекет

 

Зерттеулер қорытындысы көрсеткендей, педагогикалық босаңсыған бала-лармен түзету жұмыстарын жүргізу сауаты төмен оқушыларға қарағанда неғұрлым тиімді. Білім алушылардың екінші түрі, яғни сауаты төмен балалар оқу-тәрбие процесіне үлкен өзгерістер енгізілгенін талап етеді. Алайда, бала-лардың екі түрімен де жүргізілетін түзету жұмыстары бірдей, сондықтан педагогикалық босаңсудың алдын алу мен оны жеңуге байланысты әңгіменің барлығының да үлгерімі төмен оқушыларға тікелей қатысы бар.

Педагогикалық босаңсу ең алдымен білім қорының қалыптаспауы, яғни оның бағдарламалық талаптарға сәйкес келмейтіндігі арқылы көрініс таба-тындықтан, оқуда сауаты төмендеген оқушылармен жүргізілетін түзету жұмыс-тары білім қорындағы кемшіліктер мен енді пайда болған жаңаларының алдын алуға бағытталуы керек. Жаңа материалды терең түсінуді қамтамасыз ететін білімді меңгерту сапасын арттыру, сондай-ақ ғылыми түсініктерді дұрыс қалыптастыру және білімнің семантикалық пен операцияланған жақтарын толық үйрену секілді кейбір психологиялық жағдайларға біз ақыл-ес дамуының бөлігі іспеттес білім қорын сипаттау кезінде тоқтаған болатынбыз. Енді біз осы мағлұматтарды толықтыра келе, педагогикалық босаңсудың алдын алудың кейбір мүмкін жолдарын баяндап өтеміз.

Мұндай жұмыс мектепке дейін басталуға тиіс. Психикалық дамудағы үлгермеушіліктің ертерек алдын алу мен түзету оның үлкен тиімділігін қамтамасыз ете алады деп тұжырымдауға барлық негіз бар.

Оқудағы үлгерімнің табысты болуына септігін тигізетін оқу процесін ұйымдастыру әдістемесі (В.Ф.Шаталов бойынша).

Психологиялық-дидактикалық зерттеулердің көпшілігі мектептегі үлгерім-ді жеңу мен оқыту тиімділігін арттыру мәселесіне арналған. Оларда сан алуан нұсқаулар көрсетілген, олардың біразы оқуда үлгерімі төмендеген оқушы-лармен жұмыс істеу кезінде маңызды бола алады. Алайда, мектептің заманауи даму кезеңінде бағдарламаның күрделенуіне және жалпыға ортақ орта білім берудің енгізілуіне байланысты бұл мәселе өз шешімін оқу жүйесіне радикалды өзгерістер енгізілгенде табады. Барлық оқушыларға қажетті білім қорын меңге-руді қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалу керек.

Психологиялық жағынан алғанда, бұл қатынастағы құндылықтың көбі мұғалім В.Ф.Шаталов жасаған оқу процесін ұйымдастыру әдістемесінде кездеседі.

Әдебиетте бұл әдістемелік жүйе толық сипатталмаған, оның жекелеген қырлары баспада тіптен көрініс таппаған. Оны жүзеге асырудың тиімділігін бірінші сыныптан бастап мектептің барлық буындарында тәжірибелі түрде тексеру қажет. Осы орайда аталмыш әдістемелік жүйенің балалардың өзіндік, өнімділік ойлау қабілетінің дамуына тигізер әсерін зерттеу үлкен қызығу-шылық туғызады.

Дегенмен, бірқатар қалалар мен ауылдық елдімекендердегі түрлі деңгей-дегі сыныптарда көптеген пәндердің мұғалімдері В.Ф.Шаталовтың әдістемелік нұсқауларын табысты қолданып келеді.

 

5. Оқу процесінде көрнекі-образды және практикалық ойлауды белсендіру жолдары

 

1. Оқу процесінде көрнекі-образды және практикалық ойлауды белсендіру жолдары.

2. Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін түзету-практикалық жұмыстары.

 

Сауаты төмен оқушылар үлгермеушілігінің алдын алу мен жеңу, айтылып өткендей, бірқыдыру уақыт пен күш-қуатты қажет етеді. Олардың қиындық-тарының алғышарты – жеке интеллектуалды қабілеттер, ақыл-ой қасиеттерінің қалыптаспауы. Бұл сыртқы әсерлерге оңай берілмейтін жүйке-ми қызметінің кейбір ағзалық ауытқуларына байланысты.

Мұндай ықпалдарға алғашқы түрдің балалары аса сезімтал, себебі олардың үлгермеушілігінің алғашқы себебі қолайсыз әлеуметтік-педагогикалық жағдай-лардың салдарынан ерте пайда болған педагогикалық босаңсу болып табылады.

Осындай үлгермеушіліктің алдын алу үшін негізгі жұмыстар балалардың ойлау қызметін белсендіруге, олардың практикалық тәжірибесін кеңейтуге, сөйлеу қабілетін дамытуға бағытталуы керек. Бұндай жұмыстардың кейбір әдістері жоғарыда сипатталған. Мұнда үлгерімі төмен оқушылар жайында әңгіме қозғалып жатқандықтан, біз тәрбиелік жұмыстарды күшейту және балалар бақшаларында диагностикалық-түзету топтарын құру мектеп жасына жетпеген балалардың психикалық дамуындағы үлгермеушіліктің алдын алуға мүмкіндік береді деген болжам айтқымыз келеді. Осының арқасында балалар мектепке келгенде, білім бағдарламасын меңгеруге дайын болады.

Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін түзету-практикалық жұмыстар

Орталық жүйке жүйесі қызметіндегі ағзалық ауытқушылықтар психи-каның даму қарқынына кері әсер ететіндіктен, психикалық дамуы кешеуілдеген оқушылармен түзету-практикалық жұмыстарын жүргізу қиынға соғады. Жоға-рыда көрсетілген тәжірибелік деректер бұқаралық мектептерде білім алатын осындай оқушылар бағдарламаның тек жекелеген бөліктерін меңгеріп, интел-лектуалды дамуда өте аз ілгерілейтіні және жастары ұлғайған сайын құрдас-тарымен салыстырғанда олардың оқуда артта қалуы артатыны туралы қоры-тындыға келгенін еске түсірейік. Мұндай оқушылар мұқтаж болатын ерекше жағдайларды көпшілік мектептердегі оқытуды индивидуалдандыру жағдайла-рында жасау мүмкін емес. Ондай балаларға оқыту әдістерінің елеулі өзгерістері керек, ал кейбіреулер үшін оқыту мерзімін көбейту қажет.

  

6. Бастауыш мектеп жасындағы балалар үлгермеушілігінің себептері мен танымдық қызмет ойлауының дамуы

 

1. Бастауыш мектепте оқытудағы мәселелер мен қиындықтар. Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілік кезеңін анықтау.

2. Ес пен қабылдау процестерінің даму ерекшеліктері.

 

Бастауыш мектепте оқытудағы проблемалар мен қиындықтар. Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілік кезеңін анықтау

 

Белгілі орыс педагогы К.Д.Ушинский былай деп жазған: «Ойлау еңбегі адам үшін ең қиын еңбек. Армандау жеңіл және керемет, бірақ ойлау қиын». Бұл жерде оқу оқушы үшін қолынан келмейтін еңбекке айналған жағдайлар туралы сөз болып тұр. Жоғарыда айтылып өткендей, оқушылардың үлгермеу-шілігінің себептері сан алуан: ойлануға ынтаның жоқтығы, өз еңбегін ұйымдастыра білмеу, нашар денсаулық, оқудағы үлгерімге әсер ететін оқушы ойлауының кейбір ерекшеліктері. Оқушыға қиын деп елестіп көрейік. Оның қолынан бірдеңені жүзеге асыру келмей жатыр, мұғалім оған жәрдем беріп, түсіндіреді, дегенмен оқушы түсінбейді. Көбіне оқушының мұнда кінәсі жоқ. Бәрі оқушы ойлауының ерекшеліктеріне (ойлау нақтылығы), жағдай мәнін (жалпы, абстрактілі, өзгермелі) түсіне білмеуге байланысты. Бұл бала ойлауы-ның негізгі ерекшеліктерінің бірі болып келеді және математика мен граммати-ка секілді оқу дисциплиналарын үйрену кезінде анық көрінеді.

Жады мен көңіл процестерінің даму ерекшеліктері

Адам психикасы тұтас болатыны мәлім, сол себептен жекелеген психикалық процестерді (қабылдау, жады, ойлау) жіктеу белгілі бір дәрежеде шартты. Десе де, бұл процестердің өздеріне тән ерекшеліктері бар. Осы жағы оларды оқушылардың танымдық қызметінің ішінен бөлуге мүмкіндік береді. Сезім мен қабылдаулардың артынан таным сезім шеңберінен шығатын және баланың таным шекараларын кеңейтетін ойлауға ұласады. Ойлаудағы инди-видуалды айырмашылықтар болса анық түрде көрінеді, сөйтіп мұғалім ұсынған оқу тапсырмаларының табысты орындалуын анықтайтын ойлау қабілеттері туралы айтуға мүмкіндік береді.

Жадының табиғатын аша отырып, оны сезім мен қабылдаудан бөлмеу керек. Есте сақтау – тура механикалық процесс емес, өйткені бала есте сақтай-тын материалға бей-жай қарамайды. Жады материалды елестету үшін жеткі-зеді. Ал елестету жады жеткізетін материалды қайта өңдеп, одан жаңа комби-нациялар жасайды, сосын олар жадыда қайта сақталып, елестетудің әрі қарайғы жұмысына негіз болып қызмет етеді. Жақсы дамыған көңіл, жады және елес-тету шынайы ойлауға әкеледі. Көңіл жақсылап бөлінбесе, ақыл күшті дамы-майды.

 

7. Бастауыш сынып оқушыларының индивидуалды айырмашылықтары және үлгермеушілік проблемасы

 

1. Бастауыш сынып оқушыларының жеке дара айырмашылықтары және үлгермеушілік проблемасы.

2. Жеке тұлғаның мотивациялық-ерікті шеңбері.

3. Үлгермеушілік проблемасын шешу жолдары: психологиялық қызметті құру, түзету сыныптарын ұйымдастыру.

 

Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілігінде темперамент маңызды рөл атқарады. Бастауыш сынып оқушыларының индивидуалды айырмашылық-тары темперамент ерекшеліктерінен айқын көрінеді. 6-9 жасар балалардың мінезі жүйке жүйесінің қасиеттері мен темпераментке әлі тәуелді болады. Бала-ның жүйке жүйесі, оның темпераменті өзіндік регуляция тәсілдеріне жеткі-ліксіз бағынады. Балалар өздерінің эмоционалдық көңіл-күйін сыртқа білдір-меуге әлі дағдыланбайды. Оның үстіне, мектептегі оқу басталған тұста балалар-дың жүйке жүйесі әлі толық жетіліп бітпеген болады. Сол себептен, тілазарлық, алаңғасарлық, эмоционалдық сезімдердің бұлқан-талқанға түсуі және басқа да кері көріністер міндетті түрде балалардың тәрбиесіздігінің салдары болып табылмайды.

Тұлғаның мотивациялық-ерікті шеңбері

Жұмыс істеу қабілетінің жоғарылығын сақтауда мотивация, баланың өзі істеп жатқан нәрсеге қызығушылық танытуы аз-кем рөл ойнамайды. Мұғалім немесе ата-аналарға бала белгілі бір уақытта елеңдемей қателіксіз жүмыс істей ала ма деп сұрақ қойғанда, көбінесе: «Егер қызықса, иә» деген жауап естуге болады. Кез келген мұғалім бұл ережені, бастауыш сынып оқушысын оқу қызметінің өзіне қызықтыру өте қиын екенін, дегенмен қызығушылық туған жағдайда нәтижесі міндетті түрде болатынын біледі. Осы арада бастауыш сынып оқушыларының қызығушылықтары тұрақсыз екенін, олардың оқу қызметін өздігінше қолдамайтынын, үлгерімі төмендеген жағдайда оқу мате-риалы мен тапсырмаларынан бірден жалығатынын, соған орай жұмыс істеу қабілетінің күрт төмендейтінін ескеру қажет. Бұл туралы әдетте «жалықтыр-ғыш жұмыс» деп айтады. Алайда, педагогтар да, психологтар да кейде бастауыш мектептің соңына дейін балаларда оқу жұмысы процесіндегі қиындықтармен күресуге ынтасы пайда болмайтынын алға тартады. Бұл оқушыларды көбіне жұмыстың өзіне емес, тек соңғы нәтижеге (баға, бағалау), белсенді шығармашылық жұмысқа емес, «сұрайды-сұрамайды» сәттілік жағда-йына бейімдейтіндіктен орын алады.

Үлгермеушілік проблемасын шешу жолдары: психологиялық қызметті құру, түзету сыныптарын ұйымдастыру

Бастауыш сынып мұғалімдерінің көпшілігі еңбексүйгіштік пен ынталылық-ты үлгерімнің табыстылығын қамтамасыз ететін негізгі факторлар деп санайды. Бұл көзқарас түбегейлі дұрыс емес, себебі ынталылық пен еңбексүйгіштік оқу тиімділігін денсаулық жағдайының, оқудың, мотивация және басқа факторлар-дың нақтылы деңгейімен үйлескенде ғана қамтамасыз ете алады. Сондықтан, оқушыларға жеке дара жақындасу әрекетін жасағанда, оқытудың диффе-ренциалды әдістерін құрастырғанда жалғыз бір факторды емес, бүкіл кешенді толығымен ескеру керек.

Мұғалімдер жұмыс істеу қабілеті төмен, аз қабілетті, тез шаршайтын және оқуда қиыншылықтар кешеніне ие балаға айрықша көңіл бөлген жөн. Өкінішке қарай, көптеген мектептерде мұндай оқушыларға көңіл бөлмеудің кері салдары тым күшті. Әрине, әрбір сыныпта ойлау қабілеті жоғары балалардың кейбірі қараусыз қалады. Оқушылардың түрлі үлгерім бойынша жіктелуі бірінші сыныптан бастау алады. Қажетті түзету жұмыстарының, дифференциалды талаптар мен альтернативті әдістемелердің болмауы оқушылардың бірсыпыра-сының инерция бойынша сыныптан сыныпқа ауыстырылуына әкеледі.

 

8. Жасөспірім жасындағы оқушылардың психикалық

дамуының ерекшеліктері және үлгермеушілік себептері

 

1. Жасөспірімдік шақта жеке тұлға ретінде дамудың сипаттамасы.

2. Жасөспірімдік тұлғасының дамуында еліктеудің алар орны мен мазмұны. Ерікті қасиеттердің қалыптасуы.

 

Жасөспірімдік шақта дербес дамудың сипаттамасы

 

Жасөспірімдік жасқа өту баланың дербес дамуына әсер ететін жағдайлар-дың терең өзгерістерімен сипатталады. Олар ағзаның физиологиясына, жас-өспірімнің үлкен адамдар мен құрдастарымен қалыптасқан қарым-қатынаста-рына, танымдық процестердің даму деңгейіне, интеллект пен қабілеттерге қатысты. Мұның бәрінде балалықтан ересектікке ауысу байқалады. Баланың ағзасы үлкен адамның ағзасына айнала бастайды. Баланың физикалық және рухани өмірінің орталығы үйден сыртқы әлемге көшіп, құдастары мен үлкендер ортасына ауысады. Құрдастар тобындағы қатынастар қызмет түрлерінің кең диапазонын қамтитын істерге, бірігіп еңбек етуден өмірлік маңызды тақырып-тарға жеке қарым-қатынасқа дейін құрылады. Осы жаңа қатынастардың бәріне жасөспірім интеллектуалды дамуы жеткілікті адам болып кіріседі. Мектептің жоғары сыныптарында 3-4 жыл оқу кезінде тұлғаның мотивациялық шеңбері қалыптасып, жеке және іскерлік қызығушылықтары анықталады, кәсіби қабілеттері мен мүмкіндіктері білінеді.

Жасөспірім тұлғасының дамуында еліктеудің алар орны мен мазмұны

Жасөспірімдік шақта тұлғаның дамуында еліктеудің алар орны мен мазмұны өзгереді. Егер онтогенездің ерте сатыларында олар стихиялық сипатқа ие болып, бала санасы мен еркімен аз бақыланса, жасөспірімдік жасқа қадам басқан тұста еліктеу басқармалы сипатын иеленіп, баланың өзін-өзі интеллек-туалды және дербес жетілдіруінің көптеген мұқтаждықтары қызмет ете бастайды. Оқудың осы формасының дамуындағы жаңа кезең жасөспірімдерде ересектіктің сыртқы атрибуттарына еліктеуден басталады. Мақсатқа жету мен ересек болудың ең жеңіл тәсілі – бақыланатын мінездің сыртқы факторларына еліктеу. 12-13 жастан бастап жасөспірімдер (қыздар ертелеу, ұлдар кештеу) үлкендердің мінезіне еліктейді. Оған киінудегі сән, шашқа күтім жасау, сәндік бояулар, зергерлік бұйымдар, ерекше сөздік қор, мінез-құлықтағы ерекшелік-тер, демалу тәсілдері, көңіл көтеру т.с.с. жатады.

Ерік қасиеттерінің қалыптасуы

Мектептің 7-8 сыныптарында кейбір жасөспірімдер жүйелі және мақсатты түрде өзін-өзі тәрбиелеумен айналыса бастайды. Бұл әсіресе айналасындағы адамдарды бағалау критерийін анықтайтын, ортасында идеал орнатылған балалар үшін тән. Жасөспірімдер көңілді, романтикалық фильмдер мен сәйкесінше әдебиеттерді ұнатады, өйткені оларда батырлық, қайсарлық, еркектерге тән қасиеттері бар кейіпкерлер кездеседі. Жасөспірімдер осы кейіпкерлерге өмірде еліктеуге тырысады, ол үшін кітаптан оқығандарын әлде фильмдерден көргендерін шынайы өмірде қайталайды. Әсіресе бұл үрдіс 11-13 жас аралығындағы кіші жастағы жасөспірімдер үшін тән. Үлкен жасөспірімдік шақта ұл балалардың көпшілігі тұлғаға қажетті ерік күшін дамытумен шұғыл-данады. Олар жасы үлкен жолдастары, жігіттер мен ер азаматтарға еліктейді. Олармен араласа жүріп, жасөспірім ерік күшін қажет ететін істерге қатысады. Жасөспірімдер арасында тұлғаның ерік күштерін дамытуға арналған кең таралған тәсіл спорт түрлерімен айналысу болып табылады. Спортпен шұғыл-данған кезде күш, қимыл-әрекет жылдамдығы мен шапшаңдығы дамиды. Сосын үлкен және ұзақ жүктемелерге шыдау мүмкіндігімен байланысты қасиеттер: шыдамдылық, төзімділік, сабыр және мақсатына жетуге талпыну қасиеттері қалыптасады. Мұның артынан әлдеқайда күрделі және жұқа ерік қасиеттерінің, мәселен, көңілдің бөлінуі, бір нәрсеге назар аудару, жұмыс істеу қабілетінің қалыптасуы жүреді.

 

9. Жасөспірімнің оқу қызметі.

 

1. Жасөспірімнің оқу қызметі.

2. Жасөспірім жасындағы оқушылар үлгермеушілігінің обьективті және субьективті себептері.

 

Мектеп пен оқу жасөспірімдер өмірінде үлкен орын алады. Дегенмен, балалардың оқуға деген көзқарасы бәрінде бірдей емес. Көпшілігін мектеп құрдастарымен араласу мүмкіндігі арқылы қызықтырғанымен, оқудың өзі бұдан опық жейтіні бар. Жасөспірім үшін сабақ – оқу жұмысына арналған 45 минут қана емес, сонымен қоса сыныптастарымен, мұғаліммен қарым-қатынас-қа түсу жағдайы. Сабақты ұйымдастыру барысында мұғалімнің материалды қызғылықты түсіндіру шеберлігі ғана кіші жасөспірімді жолдастары туралы ұмытуға мәжбүр етеді. Достарымен көп уақыт өткізетін оқушылар әдетте сабаққа дайындалуға көңіл бөлмейді, оның үстіне олардың жеке қызығушы-лықтары, сүйікті істері мен ойын-сауықтары пайда болады. Әр түрлі көздерден игеретін сан алуан қызық ақпаратты жасөспірім мектепте алатын біліммен ұштастырады. Орта мектепке ауысарда жасөспірімдердің оқу жұмысы біршама күрделенеді: себебі, бір мұғалімнің орнына 5-6 жаңа ұстаз сабақ беруге кіріседі. Олардың әрқайсысының түсіндіру мен сұрастыру нақышы, оқушыларға қатынасы мен оларға қояр талабы түрліше. Оның үстіне, әуелгі кезде мұғалімдер оқушылар жайлы жақсы білмейді. Мұғалімдердің жаңа және сан алуан талаптарына дағдылану процесі бүкіл сынып, әсіресе оқу қызметінің жасырын және айқын ақауларына ие оқушылар үшін күрделі өтеді. Жасөспірім-дер білімді және қатал, бірақ әділ, мейірімді және материалды қызық және түсінікті етіп жеткізе алатын, сабақ барысын қарқынды ұйымдастыра алатын, сабаққа оқушыларды тарта біліп, оқушылардың пәнге ынтасын арттыра алатын мұғалімдерді қадірлейді. 7-8 сыныптарда оқушылар әсіресе мұғалімнің білімділігін, пәнді еркін меңгергенін, оқулықтан тыс қосымша білімдер беруге ұмтылысын, сабағының бостан-бос өтпеуін құрметтейді; ал оқушылардың өзіндік тұжырымдарына кері қарайтын мұғалімдерді жақтырмайды. «Оқу» түсінігінің мазмұны жасөспірімдік кезеңде кеңейеді, өйткені білімді меңгеру оқу бағдарламасының аясынан шығып, өздігінше және мақсатты түрде жүзеге асырылады. Тұлғаның құнды қасиеттері мектептік білімді меңгерумен қатар мазмұны мектеп бағдарламасының шеңберінен шығатын өзіндік қызмет арқылы да қалыптасады.

Жасөспірім оқушылар үлгермеушілігінің объективті және субъективті себептері

Оқу-тәрбие процесінде оқу тарабы бастысы оқушының ойлау қабілетінің дамуын анықтаса, тәрбиелейтін жақ оның ойлау қызметіне, білімдерге қатынасын анықтайды. Қиын жасөспірімдер білімдерге кері қатынасымен ерекшеленеді. Бұл осындай оқушылардың ойлау қызметіне қатынасына негізделген, олардың ойлау қабілеті дамуындағы олқылықтар педагогикалық босаңсу салдарынан орын алады. Қай тараптың басым екенін анықтау үшін оқушылармен индивидуалды жұмыс барысында осы тараптардың әрқайсысы-ның белсенділік дәрежесін анықтау қажет.

Оқушының оқу қызметіне белсенді қатынасы екі компоненттен құралады: 1) өзіндік индивидуалды; 2) дербес (мотивациялық). Интеллектуалды компо-нент білімдерді меңгеру және қолдану процесіндегі ойлау операцияларының сапалы ерекшеліктері мен деңгейінде болады. Мұндай белсенділіктің қайнар көзі – оқушының білім жүйесінде. Үлгерімі төмен оқушылардың білімі жүйесіз, берік емес, пәнаралық байланыстардың жоқтығымен сипатталады. Дербес компонент – бұл, біріншіден, өз міндеттерін, жауапкершілік сезімін, парызын сезіну. Сонымен бірге, мұнда оқушы тұлғасына тән қасиет ретінде инициативтілік қажет.

 

10. Өзін-өзі тәрбиелеу үлгермеушілікті жеңудің факторы ретінде. Тәрбие мен өзіндік тәрбие әдістері

 

1. Жастық негативизм оқушылар үлгермеушілігінің факторы ретінде.

2. «Өзіндік тәрбие» мен «өзіндік белсендіру» ұғымдарының мәнін анықтау. Бастауыш мектеп жасында өзіндік тәрбиелеу жолдары.

 

Жастық негативизм оқушылар үлгермеушілігінің факторы ретінде

 

Нақ жасөспірімдік кезеңде белсенді өзіндік тәрбие процесі басталып, адамның кейінгі бүкіл өмірінде түрлі формада жалғасатынын айтып өту керек. 12-13 жасқа жеткен кезде балалар алғаш рет интеллектуалды және дербес өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктері жайында ойланып, осы мақсатқа қол жеткізу үшін саналы, мақсатты түрде әрекеттер жасай бастайды.

Ғылыми тұрғыдан оқушылар үлгермеушілігінің алдын алу мен оны жеңу – күрделі процесс. Ол педагогикалық диагностика негізіндегі жүйелі әрекеттер шеңберінде жүзеге аса алады. Бұл үшін оқушыны әлеуметтік және ұжымішілік қарым-қатынастарға, қоғаммен және ұжыммен жауапты байланыстар жүйесіне енгізіп, мектеп, қоғам, отбасының барлық оңды мұмкіндіктерін пайдалану керек, үлгермеуші оқушыларға қатысты бірыңғай педагогикалық ұстанымдар-ды құру қажет, объективті өзін-өзі бағалауды қалыптастырып, қажетті мінезге жаттығу әдістемесіне үйрету керек.

«Өзіндік тәрбие» мен «өзіндік белсендіру» ұғымдарының мәнін анықтау

Түзетудегі мақсаттардың бірі меңгерілген білім сапасын арттыруға, өз мінезін реттеп, өзін-өзі жетілдіруге бағытталған өзіндік өнімді қызметке байланысты. Өзіндік тәрбие мен өзіндік оқу процесі өзімен жұмыс істеуде мақсат, эталон және жоспар таңдауды, өзіне анализ беруге қажетті дамыған өзіндік сананы, өзіндік «мен» бағасын, оқу процесінде өзінің жеке мүмкіндік-терін қамтамасыз ететін қоғамдық бағыт-бағдарды алға тартады. Өзіндік тәрбие - өзіндік мінезді дамыту мен жетілдіруге бағытталған өзіне-өзі әрекет ету, оқушылар үлгермеушілігінің бір себебі – оқуға құлшыныс пен еріктің болмауын жоятын ерікті процесс.

Өзіндік тәрбие «өзіндік белсендіру» ұғымымен тығыз байланысты. Р.С.Немов өзіндік белсендіруге адамның персоналды, дербес өзін-өзі жетілдіруі (өзіндік тәрбие), өз мүмкіндіктерін барынша дамытуға және сол мүмкіндіктерді адамдардың жарқын болашағы үшін толыққанды пайдалануға талпыныс деп сипаттама береді.

Бастауыш мектеп жасында өзіндік тәрбиелеу жолдары

Өзіндік тәрбиені ұйымдастыруда жас мүмкіндіктерін ескеру қажет. Үлгер-меушілікті жеңу құралы ретіндегі өзіндік тәрбиенің 1-3 сыныптарда тек үлкен-дердің тікелей қатысуы арқылы және бастысы өзіндік жаттығулар, өзіндік дайындықтар түрінде тиімді болатыны анықталған.

Өзіндік тәрбие мен мінезін сыни тұрғыда бағалауға құлшындыра отырып, бастауыш сынып оқушысының ата-аналары өздерінің қызметін мұғаліммен сәйкестендіруі керек. Бұл орайда балалардың біліктерін осы жаста қолдап, сәтсіздіктерді: «Ренжіме, сенің қолыңнан міндетті түрде келеді!» деген жұбатумен басу керек.

4-6 сыныптарда өзіндік тәрбие моториканың дамуымен байланыста әлде-қайда тиімді болады. Өзімен жүргізетін жұмыстың барлық түрлері ерікті өзіндік тәрбиелеу ретінде мотивтендіріле алады.

 

11. Өзіндік тәрбиенің дамуындағы жастық сатылар

 

1. Өзіндік тәрбиенің дамуындағы жастық сатылары.

2. Тұлғаның барлық тіршілік орталарына әсер ететін тәрбие мен өзіндік тәрбие әдістері.

 

Өзіндік тәрбие нақтылы даму жолынан өтеді. Егер оның негізгі жастық сатыларын қамту мүмкіндігі болса, онда оның жаспен қалыптасуының барлық жолы келесідей болады. Бірінші саты – физикалық және ерікті өзіндік тәр-биелеу, жасөспірімдік шақ. Бұл жастағы негізгі мақсат – жасөспірімді ерікті және физикалық жетілдіру, ал міндет – арнайы құралдар мен жаттығуларды қолдану арқылы ерлік, шыдамдылық, төзімділік, батылдық және т.б. тұлғаның ерікті қасиеттерін жақсарту болып табылады. Бұл физикалық дамуға да қатысты, себебі осы шақта көптеген балалар дене тәрбиесі мен спортпен шұғылдана бастайды.

Екінші саты – өзін-өзін рухани жетілдіру, ерте бозбалалық шақ. Бұл кезеңдегі өзіндік тәрбиенің мақсаты – рухани, моральды даму, адамгершілік, мейірімділік, қамқорлық, достыққа адалдық, сүйікті адамына адалдық, қиын кезде қол ұшын созу және басқа тұлғалық қасиеттердің қалыптасуы.

Үшінші саты – кәсіби өзіндік тәрбие, орта және кеш бозбалалық шақ, ересектіктің басы (20 жастан 40-қа дейінгі аралықта). Өмірдің бұл кезеңін іскерлік өзін-өзі жетілдіру уақыты ретінде қарастыруға болады. Бұл кезеңде таңдап алынған мамандық бойынша табысты жұмыс істеу үшін маңызды қабілеттер, білім-біліктерді қосқанда адамға қажетті кәсіби қасиеттердің бүтін-дей кешені дамиды.

Төртінші саты - әлеуметтік-дүниетанымдық өзіндік тәрбие, 40-45 жастан кейінгі өмір кезеңі. Бұл кезде өзін-өзі жетілдіру міндеті әлеуметтік ұстанымды, дүниетанымды, өмірге нақтылы көзқарасты қалыптастыру болады.

Кейде адамның өзіндік белсендіру мақсатын жүзеге асыруға сәйкес келетін бесінші саты да кездеседі. Гуманистік психологияда бұл саты дербес дамудың жоғарғы сатысы деп белгіленеді.

Тұлғаның барлық тіршілік орталарына әсер ететін тәрбие мен өзіндік тәрбие әдістері

Тәрбие әдісі (грек тілінің «методос» - «жол» сөзінен алынған) – тәрбие мақсаттарын жүзеге асыру тәсілі. Тәрбие әдістері тәрбие процесі компонентте-рінің әрқайсысының міндеттерін табысты шешуді қамтамасыз ететін басты құралдар болып табылады. Тәрбиенің дәстүрлі әдістері адамның өмірлік орталарына әсер етуші тәсілдер ретінде қарастырылады. Алайда, мұндай түсінік негізінде объективті-субъективті әрекет жатқан біздің тәрбие процесі туралы түсінігімізге сәйкес келмейді. Тәрбие әдістері дегенде біз мұғалімдер мен оқушылардың өзара әрекеттесу тәсілдері деп ұғынамыз. Бұл процесте тәрбиеленушілер тұлғасы қасиеттерінің даму деңгейінде өзгерістер орын алады.

Тәрбие мақсаттарына қол жеткізу әдістер үйлесімділігін жүзеге асыру процесінде жүргізіледі. Әрбір жағдайда бұл әдістердің үйлесуі қойылған мақсатқа және балалардың тәрбиелік деңгейіне адекватты. Осындай үйлесімді-лікті таңдау мен тәрбие әдістерін дұрыс қолдану – педагогикалық кәсібиліктің шыңы.

Мұғалімнің негізгі міндеті – баланың дамуына жәрдем беру, сондықтан бүкіл гуманистік педагогикалық практика баланың барлық адами орталарының дамуы мен жетілдірілуін қамтамасыз ету керек. Барлық әдістер адамның барлық өмірлік орталарына үйлесімді әсер етеді. Алайда, әрбір тәрбие әдісі мен оған сәйкесінше өзіндік тәрбие әдісі адамның қай тіршілік ортасына доминант-ты әсер етуіне қарай бір-бірінен ажыратылады.

 

12. Оқушылардың оқу мотивациясын қалыптастыру оқу мен тәрбие тиімділігін арттыру шарты ретінде

 

1.  Оқушылардың оқу мотивтерін үйрену бағдарламасының негізгі аспек-тілері.

2.  Оқу мотивациясының оңды қалыптасуына септігін тигізетін мұғалім қызметінің тәсілдері.

3.   Сабақтың жекелеген кезеңдерінде үлгерімі төмен оқушылардың мотивациясын қалыптастыру.

4.  Үлгермеуші оқушылардың оқуға оң қатынасын тәрбиелеу үшін индивидуалды әрекет.

 

Оқушылардың оқу мотивтерін үйрену бағдарламасының негізгі аспектілері

 

Оқушылардың оқу мотивтерін үйрену бағдарламасын екі маңызды аспектіде қарастырады, олар – нені үйрену және қалай үйрену. Қалыптастыру бағдарламасын да мұғалімнің нені және қандай тізбектілікпен мақсатты түрде қалыптастыруынан қарастырғанды бастау керек.

Қалыптасу бағдарламасының жалпы мәні сонда, мұғалімге оқушыларды кері және бейтарап қатынас деңгейлерінен оқуға оңды қатынастың ересек формаларына - әрекетті, саналы және жауапкершілікті түрлерді үйренуге ауыстырған жөн.

Егер оқу мотивациясын қалыптастыру бағдарламасын бүкіл педагогикалық ұжыммен мақсатты түрде жүзеге асырылатын максимум бағдарламасы ретінде қарастырсақ, мотивациялық ортаның барлық компоненттерін (мотивтер, мақсаттар, эмоциялар) және оқи білудің барлық жақтарын қалыптастыру объектісі етіп жасау керек деп айтуға болады. Тұлғаның психологиялық анализі мен нақтылы оқушылардың мотивациясына сүйенетін мотивацияның қажетті қасиеттерін жобалау тәрбиелік жұмыс жоспарының маңызды құрамдас бөлігі бола алады, әйтсе де олар кейде тәрбиелік іс-шаралардың формальды тізбегімен шектеледі.

Оқу мотивациясының оңды қалыптасуына септігін тигізетін мұғалім қызметінің тәсілдері

Мектеп және сыныптағы жалпы атмосфера, оқушының қызметтің әр алуан түрін ұйымдастыратын ұжымдық топтарға араласуы, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастар, тапсырманы орындауда мұғалімнің тікелей араласпай, оқушыны дұрыс шешімге итермелейтін кеңестер түрінде көмек беруі, мұғалімнің оқушыларды бағалау қызметіне тартуы және оларда адекват-ты өзіндік бағаның қалыптасуы оңды оқу мотивациясын тәрбиелеуге ықпалын тигізеді.

Бұдан басқа мотивацияның қалыптасуына баяндаулар (қызықты мысалдар, тәжірибелер, парадоксалды фактілер), оқушының таңданысын туғызатын мате-риал берудің айрықша формасы, мұғалім тілінің эмоционалдығы, танымдық ойындар, пікірталас пен дау-дамай жағдайлары, өмірлік жағдайлар анализі, мұғалімнің мадақтау мен жазалауды білгір қолдануы, оқудың қоғамдық және дербестік мәнін түсіндіру және осы білімдерді болашақта пайдалану да септігін тигізеді. Оқушының оқи білудің барлық жақтарын меңгеруі мұнда ерекше мәнге ие.

Сабақтың жекелеген кезеңдерінде үлгерімі төмен оқушылардың мотивациясын қалыптастыру

Мектепте сабақтарды жүргізудің негізгі формасы сабақ болып табылатын-дықтан, мұғалімнің көңілін тәжірибеде толыққанды қамтасыз етілмейтін нәрсе-лерге, дәлірек меңгеру мүмкіндіктері мен сабақтың жекелеген кезеңдерінде оқушы мотивациясын қалыптастыруға аударту қажет. Әрбір сабақта оқушылар-дың оқу қызметінің кейбір циклы жүзеге асырылуы керек. Сабақтың мақсаты мен типтеріне қарай ол әр түрлі болады. Бұл оқу қызметі циклдерінің мазмұны не жаңа білімдер мен жұмыс тәсілдерін меңгеру, не оларды жаңа жағдайларда қолдану, не бұрын меңгерілген білімдер мен жұмыс тәсілдерін нығайту.

Үлгермеуші оқушылардың оқуға оң қатынасын тәрбиелеуге арналған индивидуалды әрекет

Сабақ шеңберінде үлгермеуші оқушылардың мотивациясын қалыптастыру-ға индивидуалды әрекет жүргізіледі. Түзету жұмысын салыстырмалы қысқа уақытта (апта көлемінде) іске асырылатын мақсаттардан бастау керек, бұл мұғалім мен оқушыға алғашқы позитивті нәтижелерді жылдам көруге мүмкін-дік береді. Тұтастай алғанда, оқу мотивациясын және үлгермеуші оқушы-лардың оқи білу қабілетін қалыптастыру келесі бағыттардан тұрады: ең алдымен оқуға және жеке оқу пәндері мен сабақтарға оңды қатынастың қалыптасуы, мұны олардың табыстағы сенімділігін қолдайтын тапсырмаларды шешуден бастау керек; тіптен шағын жетістіктің өзін қолдап, сұрау, төзімділік таныта тыңдау.

 

  13. Психологиялық гимнастика жаттығулары

 

1. Топтың жағдайына және әрбір жасөспірімге жекелеп әсер ететін жаттығулар

2.   Жұмыстың мазмұндық жағына тікелей бағытталған жаттығулар

3.  Дербес кері байланысты алуға арналған жаттығулар

 

Тренингтік топтың жұмысында әрқашан екі жоспар, екі жақ болады, олар: мазмұндық және дербес.

Мазмұндық жоспар тренингтің негізгі мазмұндық мақсатына сәйкес. Ол тренингтің мақсатына қарай өзгереді.

Дербес жоспар – мазмұндық жоспар оқиғалары, сондай-ақ әрбір қатысушының жеке жағдайы көрінетін топтық атмосфера.

Психогимнастикалық жаттығулардың нәтижесінде топ жағдайында және жекелеген қатыcушылардың хал-жағдайында өзгерістер орын алуы мүмкін. Сонымен қатар, ілгері жылжуға мүмкіндік беретін материал алынады.

«Психогимнастика» ұғымы жаттығулардың өте кең ортасын білдіреді: жазбаша және ауызша, вербальды және вербальды емес. Оларды кішігірім топтағы 2-3 адам немесе бүкіл топ мүшелері орындайды.

І. Топтың жағдайына және әрбір жасөспірімге жекелеп әсер ететін жаттығулар

Тақырыптан тәуелсіз түрде топтағы жұмыс жұмыс істеу қабілетін қалыптастырудан басталады. Оның негізгі мақсаты – мазмұндық жағынан ілгері жылжуға, сәтті жұмыс істеуге мүмкіндік беретін әрбір топ қатысушысының хал-күйі (ашықтық деңгейі, сенімділік, эмоционалды еркіндік) мен жылы қарым-қатынастар атмосферасын құру. Бұл кезеңдегі жаттығулар тренингтік топтың мазмұнды жұмыс істеу кезеңдеріне ауысуына ықпалын тигізетін материалды бере алады. Бұл кезең кез келген қарым-қатынастың негізін қалау кезеңіне сәйкес келеді.

ІІ.  Жұмыстың мазмұндық жағына тікелей бағытталған жаттығулар

Жаттығулар қатынас тәсілдері, әдістерін қолдануда жаттығуға мүмкіндік береді.

Бұл бөлімге енгізілген жаттығулар мыналарды дамытуға бағытталады:

·     адамның қасиеттері, қатынастары, жағдайларын болжау және түсіну қабілеттерін дамыту;

·     өзінің даралығын тану, сананы тұлғаның барлық жақтарымен байланысты оңды, эмоционалды бояулы образдармен байыту;

·     өз жағдайын түсіну, қатынаста контакт орнату, сондай-ақ, басқа адамдардың жағдайына түсіністікпен қарау, тұлғааралық қарым-қатынастардың әр түрлі мотивтерін тану.

ІІІ.  Дербес кері байланысты алуға арналған жаттығулар

Кері байланыстың арқасында жасөспірім өзінің кейінгі мінез-құлқын түзете алады. Оңды кері байланыс – жаттығуға қатысушылардың өзіндік бағасын арттыру және тұрақтандырудың жақсы құралы, олардың дербес ресурстарының белсендірілуі, сондай-ақ топта оңды эмоционалды ортаны құру.

 

14Ата-аналармен жұмыс істеуге бағытталған психологиялық үзету кешені

 

1. Психологиялық  түзету кешенінің орнатқыш блогы.

2. Психологиялық түзету кешенінің түзету блогы.

3. Психологиялық түзету тиімділігін бағалау блогы.

 

Психологиялық түзетуді баладағы психологиялық қауіп-қатер фактор-ларын қайта құру, жөндеуден өткізу, отбасыдағы гармониялық қарым-қатынастарды қалпына келтіру деп түсінуге болады.

Психологиялық түзету кешені психологиялық қауіп-қатер факторла-рының барлық құрамды бөліктеріне: отбасыдағы психологиялық климат-ты қалыптандыруға, отбасылық өзара әрекет ету ерекшеліктеріне, ата-аналардың ұстанымдарын ретке келтіруге, ата-аналардың отбасылық тәрбие мотивтері туралы танымын кеңейтуге, отбасыдағы қарым-қатынас-тардың гармониялық күйге түсуіне бағытталған.

Психологиялық түзету кешені өзара тығыз байланысты бірнеше блоктардан тұрады. Блоктардың әрқайсысы түрлі міндеттерді жүзеге асырады және арнайы ұйымдастырылған әдіс-тәсілдерден құралады.

1.     Орнатқыш блок

Мақсаттары:

- отбасыішілік өткір дағдарысты бастан өткеруіне байланысты қауіп-қатерлі жағдайды жою;

- бала мінезі мен отбасыдағы қатынастарда оңды өзгерістерге қол жеткізу мүмкіндігіне ата-аналар сенімділігін арттыру;

- психологиялық түзету жұмыстарына белсенді орнатпаны құру.

Әдістер:

-  «Ата-аналар жиналысы» әдістемесі;

- күнделіктегі жазбаларға психологиялық талдау.

2.     Түзету блогы

Мақсаттары:

- отбасыішілік дағдарысты жеңу;

- тәрбие мотивтерін тану аясының кеңеюі;

-   өзара бәсекелес мотивациялық үрдістердің арасындағы қарама-қайшылықтарды жою;

- ата-аналар ұстанымдары мен қондырмаларының өзгеруі, ата-аналарға баламен қарым-қатынасудың жаңа формаларын үйрету, отбасылық тәрбие психологиясы туралы білімді кеңейту.

Әдістер:

- топтық ата-аналық түзету әдістемесі;

-  «Ата-аналар семинары» әдістемесі;

- ата-аналардың балалармен бірлескен сабақтары әдістемесі.

3.     Тиімділікті бағалау блогы

Мақсаттары:

- түзету жұмысының тиімділігін бағалау.

Әдістер:

- ата-аналардың өзіндік есептері.

Жұмыс бағыттарын толығырақ қарастырайық.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-13 17:54:15     Қаралды-13928

ЕСКІ КОМПЬЮТЕР НЕ ҮШІН ПАЙДАЛЫ?

...

Біз өз уақытын өтеген компьютерлер туралы айтып отырмыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕСКІ ЗАМАНДА НЕМЕН ТАМАҚТАНДЫ?

...

Патшалар мен князьдердің дастарханында алтын мен күмістен жасалған бағалы ыдыстар тапшы болған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЬБРУС НЕМЕН ТАНЫМАЛ?

...

Эльбрус тауы - сөнген жанартау.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ГАЛИЛЕЙДІҢ КЕРНЕЙІ НЕМЕН ТАНЫМАЛ?

...

Біздің планетамыз Әлемнің орталығы деп есептелді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕГІ ЕҢ БИІК ГҮЛ ҚАНДАЙ?

...

Биіктігі бойынша гүлдер арасындағы чемпион титандық аморфофалл

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ГҮЛ ҚАНДАЙ?

...

Суматра және Калимантан аралдарында таңғажайып өсімдік өседі - Арнольд раффлезиясы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЛЫҚТАР ҚАЛАЙ КӨРЕДІ?

...

Балықтар табиғаты бойынша алыстан көрмейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАНДАЙ АСПАН ДЕНЕЛЕРІНІҢ ҚҰЙРЫҚТАРЫ БАР?

...

Күн жүйесінің бұл «құйрықты» тұрғындары - кометалар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ ҮЛКЕН САН БАР МА?

...

Бір кездері адамдар соңғы нөмірге ие болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »