UF

Мазмұны

 

 

Аннотация

Нормативтік сілтемелер

Анықтамалар

Белгілер мен қысқартулар

Кіріспе

1 Негізгі бөлім..............................................................................................................9

1.1 Офтольмология......................................................................................................9

1.2  Конъюнктивиттер..............................................................................................12

1.3 Конъюктивиттердің классификациясы.............................................................13

1.4 Панофтольмит ..............................................................................................................15

2 Өзіндік зерттеулер..................................................................................................18

2.1  Proanamnesis........................................................................................................18

2.2  Anamnesis vitae....................................................................................................18

2.3   Anamnesis morbi.................................................................................................18

2.4  Status praesens communis universale..................................................................19

2.5   Status praesens localis.........................................................................................23

2.6  Diagnosis............................................................................................................23

2.7  Decursis  morbi et therapia...................................................................................23

2.8  Еріkrisis.............................................................................................................30

3 Техника қауіпсіздігі................................................................................................32

Қорытынды.................................................................................................................33

Пайданылған әдебиеттер тізімі................................................................................34

Қосымша суреттер.....................................................................................................35

1) Сурет.......................................................................................................................35

2) Сурет.......................................................................................................................36

 

Анықтама

 

Фиброзды сыртқы қабат - тығыз дәнекер ұлпадан, 4/5 алдыңғы
артқы қан тамырлары, өте аз бөліктен қасаң (роговица), ақ қабық
(склера), қорғаныс қабығынан тұруы.

Лимба деп - артқы ақ қабық пен қасаң қабық жабысқан жерін атайды.

Торша артерия системасы - орталық артерия, торша венасы
және соның өсінділері.

Миопия -жақыннан көру;

Гиперметротропия - алыстан көру;

Эмиотропия - дұрыс көру;

Анизометрия - бір көз дұрыс, екіншісі жақыннан немесе алыстан көру.   

Аккомадация - көздің анық қасиеті, малдан қашықтағы нәрселерді көре алмау.

Конъюнктивит дегеніміз - жануарлар көзінің кілегей қабығының әр түрлі деңгейдегі қабынуы.

 

Кіріспе

Мемлекетіміздің мал шаруашылығын, оның ішінде -мал, құс және басқа жануарлардан өнім алуды дамыта отырып, елімізде қажетті азық-түлік, өндіріске керекті шикізаттар алу үшін жануарларды тиімді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Сондықтан да жедел ветеринарлық жәрдемнің тез көрсетілуінің, мамандардың қажетті жабдықтармен және ауру мал мен жануардың организміне әсер ететін дәрілермен қамтамасыз етілуінің маңызы зор. Алғашқы жедел ветеринарлық көмек басқа да ветеринария жұмыстармен қоса мал дәрігерлік емдеу ісінің негізін қалайды. Алғашқы ветеринарлық жедел жәрдем мал тұрған жерде көрсетіледі; ветеринарлық мекемеге әкелінген мал мен жануарларға күрделі оперативтік ем қажет болған кезде емдеу мекемесінде стационар жағдайында жәрдем жасалады. Мал мен жануар ауырып, жалпы жағдайы төмендегенде оларға жедел де, сапалы да, әрі тиімді кемек, көбінесе үлкен қалаларда көрсетіледі. Мұндай қалаларда арнаулы авто-көліктерде жабдықталған ветеринарлық жәрдем керсетілетін ветстанциялар бар, ол мал дәрігерлерін, орта және кіші буындағы ветфельшерлерді (веттехниктерді) ауырған малға тез жеткізеді.

Мал дәрігерлік офтальмология көздің анатомиясын, физиологиясын оқытып қана қоймай, көз патологиясының зерттеу әдістерін және көз маңында жиі кездесетін ауруларды, сонымен қоса оларды алдын-ала болдырмау шараларын үйретеді.

Дегенмен, бұл ұзақ уақыт ішінде офтальмология саласында жиналып бақылау жұмыстары істелген. Офтальмология ілімінің нағыз дамуы тек 18 ғасырдан басталған. Бұған үлкен себеп болған 1850 жылы Гельмгольц деген ғылымның офтальмоскопты жасауы болып табылды.

Мал дәрігерлік офтальмологияның міндеттері: 1. Мезгілінде малға диспансеризациялық бақылау жасау (күнделікті, жұмалық, айлық, тоқсандық) диагнозын қойып, анықтау.Көзі зақымдалған малды бөліп, емдеу.Алдын-ала індетті болдырмау жолдарын қамту.

Малды витаминді, микроэлементті және макроэлементті элементтермен қамтамасыз етілуін бақылау (індетті емес көз ауруларын болдырмау).

нұрлы қабақтың өзіндік тамырлы және торлы қабаттарының қабынуынан эксудаттың бөлінуі, соққылардан кейін болады. Осыдан шыны тәрізді дененің лайлануы шығады.

Көз алмасының артқы бөлігіндегі фиброзды қабықтың астында түрі қызғылт түскен қан тамырларына бай өзіндік қабық жатады. Ол көз алмасының ақ қабығы мен қасаң қабықтары шекарасы тұсында, пішіні сақина тәрізді бұлтық келген кірпікті денеге ауысады. Кірпікті дене ет ұлпасынан тұрады. Кірпікті дене көз алмасы қуысына қарай тік бағытталған нұрлы қабыққа айналады.

 

1 Негізгі бөлім

1.1 Офтольмология

 

Мал дәрігерлік офтальмология көздің анатомиясын, физиологиясын оқытып қана қоймай, көз патологиясының зерттеу әдістерін және көз маңында жиі кездесетін ауруларды, сонымен қоса оларды алдын-ала болдырмау шараларын үйретеді.

Офтальмология - көптен келе жатқан ертедегі ғылым.

Офтальмология саласында көптеген атақты ғалымдар, атап айтқанда Цейс, Гален, Авиценна т.б. жұмыс істеген.

Дегенмен, бұл ұзақ уақыт ішінде офтальмология саласында жиналып бақылау жұмыстары істелген. Офтальмология ілімінің нағыз дамуы тек 18 ғасырдан басталған. Бұған үлкен себеп болған 1850 жылы Гельмгольц деген ғылымның офтальмоскопты жасауы болып табылды.

Мал дәрігерлік офтальмологияның міндеттері: 1. Мезгілінде малға диспансеризациялық бақылау жасау (күнделікті, жұмалық, айлық, тоқсандық) диагнозын қойып, анықтау.Көзі зақымдалған малды бөліп, емдеу.Алдын-ала індетті болдырмау жолдарын қамту [1,2,3].

Малды витаминді, микроэлементті және макроэлементті элементтермен қамтамасыз етілуін бақылау (індетті емес көз ауруларын болдырмау).

Экономикалық шығын: көз малға кез келген жағдайда қозғалу үшін, азықтану үшін, екінші мал тисе қорғаныс үшін (үй жануарлары, қасқыр, қоян, түлкі т.б.) керек. Көзі кем малды жеке күту қажет. Кейде ауыл шаруашылық малдарының эпизоотиясында кездеседі, бүкіл табын індетке ұшырайды. Көп жағдайда көз ауруларының диагнозы қойылмай, қойылса да емдемей, аса құнды малдар ет комбинатына тапсырылады. Бұндай жағдай әсіресе өнідірістік кешендерде болады. Бұнда мал байланған соң кездері зақымданады. Мал арықтап, жүдеп, қоңын жоғалтады, сүт кешендерінде аталған тамақ азаяды, қойда жүн кемиді. Сонымен қатар малдың шығыны да болады. Қалайда болмасын зақымданған малдың көзін емдеу үшін анатомиялық құрылысын, физиологиясын, зерттеу әдістерін, онымен қоса емдеу тәсілдерін білуіміз қажет.

  • Көздің анатомиясы.
  • Қорғаныс көмекші бөлшектері
  • Көз алмасынан
  • Қозғалыс аппаратынан

1.1. Қорғаныс көмекші бөлшектері:

а) көз алмасы жататын сүйекше (маңдай, шықшыт, көз жасы)

б) конус тәрізді тығыз дәнекер ұлпалық қабық (периорбита)

в) жоғарғы, төменгі және үшінші қабақтар (қабақтың сыртқы терісі,
іші-кілегей ұлпа-конъюктива деп аталады. Қабақтар бір-бірімен бұрыш
жасап көздің жағында қорғаныстық қызмет атқарады).

Қабақтар жабылғанда ішіндегісін конъюктивалдық қапшық деп атайды.

г) тері мен конъюктива тоғысқан жиектерінде көз безінің өзектері
жас түтікше, жас қапшығы жас-мұрын түтікшесіне айналады (жас сөлінде
99%+1 заттар+лизоцимнен тұрады).

д) көз майы (майлы жастық) - жылуды сақтайды «аммортизатор»,
бұл қорғаныс қызметін атқарады, көздің жақсы қозғалысына көмектеседі.

Көз алмасы үш бөліктен тұрады (немесе қабаттан): Көз алмасының пішіні оның алдыңғы бетінен артқы жағына қарай сәл қысыңқы келген домалақ алмаға ұқсас.

  • Фиброзды қабат (сыртқы)
  • Талшықты ортаңғы қан тамырлы қабат.
  • Ішкі езіндік тамырлы қабат.

1) Фиброзды сыртқы қабат - тығыз дәнекер ұлпадан, 4/5 алдыңғы
артқы қан тамырлары, өте аз бөліктен қасаң (роговица), ақ қабық
(склера), қорғаныс қабығынан тұрады.

А) Ақ қабық 4/5 бөлігін алады көз алмасының фибриозды қабатының, оған көз алмасының бұлшықеттері бекиді, оның артқы бетіндегі тесік арқылы көру жүйесі өтеді.

Б) Алдыңғы қасаң қабық (роговица) сыртқы фибриозды қабаттың 1/5 бөлігін алады, мөлдір дөңгелек сағат әйнегіне ұқсас, сыртқы жағы дөңес, қан тамырлары жоқ, қалыңдығы 1мм.

Микроскоппен қарасақ 5 қабықтан құралған:

  • эпителие
  • боумен қабығы
  • негізгі қабық
  • десцеметов қабығы
  • эндотелие

Негізгі қабық - бүкіл қасаң қабықтың 90% алады;

Боуменова қабығы - қатты аз иілгіш және механикалық жарақаттан кейін осы қабықта ақ түседі (помутнение).

Десцеметова қабығы - иілгіш және қатты. Артқы ақ қабық пен қасаң қабық жабысқан жерін — лимба деп атайды.

2) Ортаңғы   қан  тамырлары  талшықты   қабат-көз  алмасын
қоректендіріп тұратын тамырлы қабық бөліктері:

а) нұрлы қабық

б) кірпікті қабық

в) өзіндік тамырлы қабық

Көз алмасының артқы бөлігіндегі фиброзды қабықтың астында түрі қызғылт түскен қан тамырларына бай өзіндік қабық жатады. Ол көз алмасының ақ қабығы мен қасаң қабықтары шекарасы тұсында, пішіні сақина тәрізді бұлтық келген кірпікті денеге ауысады. Кірпікті дене ет ұлпасынан тұрады. Ол дөңгелек байлам көмегімен көз бұршағын іліп ұстап тұрады. Кірпікті дене көз алмасы қуысына қарай тік бағытталған нұрлы қабыққа айналады. Нұрлы қабықтың ортасындағы тесікті - қарашық деп атайды. Көздің тұсы осы нұрлы қабықтағы боялу пигмент торшаларының түсіне байланысты. Нұрлы қабықта екі ет ұлпасы сфинктер және дилитатор болады. Біріншісі қарашықты тарылтады, ал екіншісі ашады. Кірпікті денедегі ет ұлпаларды да көз бұршағын цианова байламы арқылы жіберіп немесе кейін тартып оны немесе дөңгелектеп (көз жақыннан көреді), кейде керісінше овалды пішін болып алыстан көреді. Кірпікті денеден көз сұйығы шығады, бір деңгейде көз қысылып ұсталады.

Өзіндік тамырлы қабат - қан тамырларына бай, көз алмасын түгелдей тамақпен қамтамасыз етеді. Кез алмасының ішінде мөлдір сәуле сындырғыш орта, көз сұйықтығы, көз бұршағы, шыны тәрізді дене болады.

Көз бұршағы - екі жақты томпақ линза, негізгі қабықпен сыртқы қабықтан құралған. Кез бұршағы негізгі сәуле сындырғыш орта болып табылады.

Шыны тәрізді дене - қоймалжың заттан (массадан), оның ішінде 98,5% су, қалғаны қоймалжың зат, қантамырлары жоқ. Көз қысымын бір қалыпты ұстайды, өзінде торлы және қантамырлы қабықты ұстайды, сәуле сындырғыш, орта болып табылады.

Гистологиялық зерттеуде торша қабық 10 қабаттан тұрады. Ең сыртқы қабығы таяқша торшалар радопсин, ал сауытша торшада иодипсин көру пигменті болады. Жарық сәулесі пигменттердің молекуласынан бұзып иондық орта пайда болып сәуле рецеп торларын қоздырады. Қараңғыда көру пигменттері көбейеді.

Таяқша торшалар - бейненің формасын анықтайды, бірақ анық керсетпейді. Қуыстарда таяқша торшалар сауытшадан көп болады, сондықтан олар түнде көрмейді. Таяқша торшалардың көру пигменттерінің жетілдіру үшін витамин «А», ол болмаса тауықтың соқыры басталады.

Қан айналу жүйелері

1. қабақ артерия системасы

2. цилиарлық система

3. торша артерия системасы

1) қабақ артерия системасы - төменгі қабақ, маңдай, шықшыт, жас артерияларынан құралған.

Цилиарлық система - қысқа артқы, қысқа алдыңғы, ұзын алдыңғы, ұзын артқы.

Торша артерия системасы - орталық артерия, торша венасы
және соның өсінділері.

Лимфа системасы - кез алмасында лимфа тамырлары жоқ, бірақ та лимфа қуысы болады. Кірпікті қабықта лимфа сұйығы еніп, ол вена системасына үш жолмен кетеді. Шлеменов өзегі (кездің алдыңғы камерасының бұрышында), Клокетов өзегі (шыны сықылды дененің жанында) және Петитов өзегі. Осы айтылған өзектер бітеліп, лимфа айналымы бұзылса, лимфа қысымы көбейіп глаукома басталады.

Көз алмасының (нерв) жүйелері - 5 бас ми жүйкелері қатысады. (3,4,5,6,7 қостар) 3- көз қозғалтушы; 4 - блоктық; 5 - шығушы; 6 -үштілік; 7 - беткейлік қос жүйелер.

Физиология терминдері:

Миопия -жақыннан көру;

Гиперметротропия - алыстан көру;

Эмиотропия - дұрыс көру;

Анизометрия - бір көз дұрыс, екіншісі жақыннан немесе алыстан көреді, әлде керісінше;

Астигматизм - сәулелер бір фокустық нүктеде қиылыспайды (сынғанда);

Аккомадация - көздің анық қасиеті, малдан қашықтағы нәрселерді көре алмау. Аккомадация кез бұршағының пішінін өзгертуіне байланысты болады, және қарашықтың ашылып жабылуына байланысты.

Монокулярлық және биокулярлық көру - бір көзбен затты анықтап көре алмағанда екі көзбен анық көруге болады.

Дальтонизм - адам, кейбір малдар түрлі түсті ажырата біледі екен, Осы түрлі-түсті ажырата білу таяқша және сауытша торшаларға байланысты. Таяқша торша нейрондарды күңдізгі, түрлі-түсті көріністі анықтайды, ал сауытша торша нейрондарды - түнгі көріністі. Кейбір еркектердің ішінде 6-7% 6 түрлі түсті көріністі ажыратпайды. Осы құбылысты жазған химик Дальтон болған. Қасқыр, бұқа қызыл түсті ажыратады, пілдер ақ түсті атқа мінген кісілерге шабады.

 

1.2 Конъюнктивиттер

 

Конъюнктивит дегеніміз - жануарлар көзінің кілегей қабығының әр түрлі деңгейдегі қабынуы.

Конъюнктивит Қазақстан аймағындағы шаруашылықтар мен әр түрлі қожалықтарда терт түлік мал және басқа да жануарлар арасында кеңінен таралған.

Этиологиясы: көбінесе жануарлар көзіне механикалық әсерлерден (ұрылу, соғылу, бөгде заттардың түсуінен т.б.). Химиялық заттардың (торлы әк, қышқылдар, негіздер т.б.) көзге әсер етуінен, көзге жоғарғы және төменгі температураның әсер етуі салдарынан және биологиялық факторлардан конъюнктивит туындайды [4,6,9].

Клиникасы:

  1. беткейлік конъюнктивитте қан тамырларында гиперемия болып,
    конъюктиваның қан тамырлары ісінеді, қабақ айналасы қызғылт тартады.
  2. Қасаң қабықтың айналасындағы қан тамырлары ісінеді - бұл
    тереңдік конъюнктивитке тән.
  3. Осы айтылған қан тамырларының ісінуінің екі түрі қосылған болып, бүкіл көз алмасының қанталауы болса - ең тереңдік конъюктивитке жатады.
  4. Конъюнтива жалпы домбығады, әсіресе лимфаның айналысында, конъюктиваның домбығуы валға ұқсас.
  5. Күн сәулесі көзге түскенде көзін жауып - сәуле қорқақтық болады. Ауырсынудың әсерінен қабақ жұмылады, не болмаса бұны блефароспазм дейді.
  6. Эпителиальды қабық бүлініп түсе бастайды (кебеді).
  7. қышыну болады әсіресе иттерде (аяғымен қасиды)
  8. көзден экссудат ағады (сары судан іріңге дейін)
  9. пальпация жасасаң қабақ маңы ауырсынады.

 

     1.3 Конъюктивиттердің классификациясы

 

  • Жіті катаральды конъюнктивит
  • Созылмалы катаральды конъюнктивит
  • Іріңді конъюнктивит
  • Фолликулярлы конъюктивит
  • Фиброзды конъюнктивит

Жіті катаральды конъюнктивит - індетті аурулардан кейін болады. Мысалы, обамен ауырған итте болады.

Клиникасы:

  • Көздің күн сәулесін қабылдамауы
  • Көзден сары сулы экссудат шығады.
  • Жергілікті температура кетеріледі.
  • Конъюнктива ылғалды, қан тамырлары ісінеді.

Созылмалы катаральды коньюнктивит

  1. Көп уақыт бойы көзден жас ағады.
  2. Көздің ішкі бұрышынан сыртына жас төгіліп теріде мацерация
    болады.

Қан тамырлары аздап ісінеді [10,11,12.13].

  1. Төменгі және үшінші қабықтың фолликуласы өседі.

Іріңді конъюнктивит

    Организмнің қорғаныс қабілеті азайғанда микробтар кезге түсіп көбейіп, іріңді конъюнктивит болады.

 Клиникасы:

  • Көбінесе екі көзі іріңдейді.
  • Қатты ауырсыну болады
  • Көзі іседі, конъюнктива көзден сыртқа шығады, оны хемозиз деп
    атайды.
  • Конъюнктиваның қызыл  ісінуі қызғылтқа айналады.  Капилляр
    ісініп, қанталайды.
  • Жергілікті кейде жалпы температура көтеріледі.
  • Сәуле қаштық болады.
  • Көз жұмылады.
  • Көзден іріңді экссудат ағады.

    Фибринозды конъюнктивит

Катаральды қабынудан соң конъюктиваның үстіне фибринозды пленка пайда болып, соңы өлі етке айналады. Түрлері:

Эпителий қабаты өлі етке айналып, пленка - қабық конъюктивада нашар бекітіледі.

Өлі еттену эпителийден басталып конъюктиваның негізгі қабатына дейін жетеді.

Клиникасы:

  • Сәуле қаштық
  • Ісініп домбығады
  • Ауырсыну
  • Қанталау
  • Бетінде пленка — қабық пайда болады.
  • Конъюнктива сыртқа шығады - химозиз болады.
    Фоликулярлы конъюкнтивит - індетсіз (инфекциялы емес).
    Конъюнктива мен лимфа фоликуласының қабынуы (үшінші қабақт болады).

Себебі:

Обадан кейінгі асқыну.

Бөгде заттан.

Малды төменгі санитарлық жағдайда ұстаудан. Көбінесе ит пен
қойда болады.

Диагноз қою ұшін қабақты жансыздандырып, оны айналдырып қарап фоликуланың қабынуын байқаймыз. Көп өзгерісті үшінші қабақтан көруге болады, оны да айналдырып тексереміз.

Конъюнктивиттердің емдері:

Себептерін жою.

Азықтандыруды, кгтуді жақсарту.

Витаминді азықты күшейту.

Көзді дезинфекциялау, ертінділермен шаю

Катаральды болса - 0,5% квасцы.

Әк қышқылы

(мырыш қышқылы-сернокислый) - күкірт мырыш қышқылы іріңді
конъюнктивитте.

Іріңнен тазалап, дезинфекциялағыш ерітінділермен шаю - 3% әк
қышқылымен, эпителиальды азотты күміс қышқылмен күйдіреді, физиологиялық ерітіндімен соңынан шаю керек.

Антибиотикті майлар жағады.

      Альбтуцид 1:5000

Симптоматикалық емдер қолданылады.

Фибринозды коньюнктивиттер

  1. Жансыздандыру 0,5% новокаин
  2. 2% әк қышқылымен шаю
  3. Антибиотикті май салады, 2% сынап майын, 3% альбуцид
  4. Жылу компрестерін қолданды.
  5. Пленканы жұлуға болмайды.

 

1.4 Панофтольмит

 

Көз алмасының барлық ұлпаларының іріңді қабынуы.

Себебі:

Көздің жарақаттануы; Қасаң қабықтың ойық жарасы (соғысуы, құлау
т.б.); Ірінді қабыну көрші іргелес ұлпадан келеді;
Клиникасы: Мал басын төмен салып, жалпы қызуы көтеріледі, қабақ домбығады, қан тамыры ісінеді, хемозиз болады.

Қасаң қабақ күрең түсті ақ дақ түседі, бүлінген жерден іріңді экссудат ағады, пальпация жасасақ ауырсыну байқалады. Бірнеше күннен соң көз алмасы кішірейіп көз ұясына кіріңкіреп кетеді.

Емі: 1) Конъюнтивалдық қапшықты дезинфекциялық ертінділермен (3% бор қышқылы, риванол 1:5000) жуады. 46% спирт, антибиотиктер инфекцияланады, болмаса операциялық жолмен емдейді. Түсіп қалған көз алмасын өз орнына салу  шығып кеткен көз алмасын (1-2 күн) көп уақыт өтпесе өз орнына салады.

А) Түскен козді дезинфекциялық ертінділермен жуады.

Б) Жергілікті жалпы анестезия жасайды.

В) Қабақтың шетін кесіп көз шарасын үлкейтіп, содан соң көз алмасын өз орнына салады.

Г) Кескен жерді көз алмасы түспес үшін тігеміз.

Көз алмасына экзентрация жасау - понофтальмит болғанда көз ішіне жиналған іріңді алу үшін экзентрация жасайды. Егерде ірінді алмасаң сепсис болып жануар өледі [10,11,12.13].

     Операция техникасы Жергілікті анастезия. Скальпельмен қасаң қабықты фиброзды қабатқа дейін тіледі, содан кейін қасығымен ірінді түгел
тазалап алады. Дезинфекциялық ертінділермен шаямыз. Тампон саламыз, антибиотик майымен. Кескен жерді тігеміз.

Көз алмасына энеркуляция жасау - көз алмасыда сепсис бола бастаса оны түгелдей ойып алып тастаймыз - осы энекуляция деп аталады

Әуелі стерилді бинтті гормошка қылып
дайындаймыз.  Көз алмасын пинцетпен қысып өзімізге
тартамыз, не болмаса жібек жіппен іліп, екі
жағынан өзімізге тартып, скельпельмен көз алмасының еттерін айналдыра кесіп, көз алмасын ойып аламыз.

Орнына қанды тоқтату үшін гормошка тампонды тығыздап тығып (май жағылған) тазалаймыз.Тампон түспес үшін қабақты тігіп тастаймыз.

Жылқыда, ірі қара малда, ит, мысық және қояндарда кездеседі. Көз алмасының дұрыс орналаспай, екі көздің көру өсінің бір-бірімен бекітілу нүктесінде қыйылысуын шапыраштылық немесе қисық көздік дейді.

Себептері: көз ұясында жаңадан ісік пайда болғанда; көз жүйкелерінің салдануынан бұлшық еттердің жұмысының бұзылуынан; ми қабынғында шапыраштылық туғаннан болады; бір жақты екі жақты шапыраштылық болады.

Клиникасы: жануардың қозғалысы шектеліп айнала береді, тіпті кейде құлайды; жылқы үркек болып басын шапырашты көзіне қарай ұстайды.

Емі: ісік болса оперативтік жолмен алады. Жүйкелік тітіркену болып ми және жүйке қабынса жайландыратын дәрілер беріледі. Жүйке салданса физиотерапия және тітіркендіргіш майлар, ионофорез.

Көз бұршагының лайланып бұзылуы (катаракт)

Себебі:

  • организмнің жалпы салдануы;
  • травма;
  • сәуле энергиясының әсерінен;
  • уланудан;
  • жас шамасына байланысты;
  • тұқым қуу да дәлелденген.

Катарактаның классификациясы

а) шыны катаракт - негізгі қабығы мен капсуласы мөлдір болмай қалады;

б) алдама катаракт - көз бұршағының бетіне
фибрин, қабыну экссудаты жиналады.

в) туғаннан кейінгі катаракт - іште жатқаннан
болған көз бүршағының деффектісі. Орналасу бойынша - алдыңғы және артқы.

д) туғаннан кейінгі қабылданған катаракт -жоғарғы керсетілген себептерден пайда болған.

г)  айлануы бойынша - қатты және жұмсақ.

ж) корілік катаракт - С және В витамині жетіспесе екі жақты біртіндеп болатын катаракт болады.

Луркин Сонсонов ашқан жолмен зерттейді - алдыңғы катаракт болса 2-3 көрініс болмайды, тек 1-көрініс (қасаң қабықтан) таза болады.

Емі: жұмсақ катаракт - ұлпа терапиясы, диоцин 1-6% тамызады ішке калий, витамин А, С, В12. Көз бүршағын алып тастайды. Шыны тәрізді дененің лайланып бұзылуы (помутнение)

Себебі: нұрлы қабақтың өзіндік тамырлы және торлы қабаттарының қабынуынан эксудаттың бөлінуі, соққылардан кейін болады. Осыдан шыны тәрізді дененің лайлануы шығады.

Өткізгіш сәулемен зерттегенде лай көз қозғалған жаққа қарсы қозғалады. Қатты лайлығып бұзылғанда жануардың көру қабілеті бұзылады.

Емі: әуелі суық процедуралар, аутогемотерапия, дионын йодты калий, гидрокоридон сияқты препараттар қолданылады.

ІІІыны тәрізді дененің тығыздығынын бұзылуы

Көз алмасының ұлпаларының қоректенуі бұзылса, су көбейіп кетсе тұрақты тығыздығы бұзылады.

Клиникасы: көз жұмсақ болады, пальпацияға берілгіш (көз гипотониясы), көз көлемі азаяды да орбитаға тез сияды. Қарашық кеңейді, кейде торлы қабық түсіп қалады.

Емі: шыны тәрізді денеге физиологиялық ерітінді жібереді, көп нәтиже бірақ бермейді, лазер сәулесінде қолданылады.

 

 

2 Өзіндік зерттеу — Ауру тарихы

 

Өзіндік зерттеу жұмысымды М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Агроөнеркәсіп факультетінің «Ветеринарлық медицина және зоотехния» кафедрасына қарасты Ветеринарлық клиникасында бастадым.

Өзімнің курстық жұмысымның тақырыбына сәйкес, көзі зақымданған   сиырды емдедім. Жетекшім  Б.К. Ильясов болды.

 

2.1 Proanamnesis

 

Малдың түрі - сиыр

Малдың жынысы - ұрғашы

Малдың жасы - 5

Малдың түқымы - шведский

Малдың салмағы - 450кг

Малдың лақап аты - Алма

Малдың иесі - Нұржанов Дәулет

Мекен - жайы - ОҚО, Кайтпас ауданы, 247 үй, 10 пәтер

 

2.2 Anamnesis vitae

 

Мал иесінің айтуы бойынша малды өте жақсы қоршалған, үсті жабық қорада ұстайды екен, малдың күтімі өте жақсы, уақытысында әр түрлі дәнді, құнарлы жем - шөппен азықтандырып, табиғи суды беруге пайдаланады екен. Ауруға дейін малдың күйі, жағдайы, күтімі, мал өзін - өзі кеңістікте ұстауы, азыққа тәбеті, жатып тұруы, зәр, нәжісі бөлуі жақсы болған. Мал бұрын - соңды осы аурудың өтуіндей ауырмағанын айтады. Ауруға дейін белгілері жақсы болған. Мал иесінің айтуы бойынша мал ауырғаннан кейін малдың азыққа деген тәбеті төмендеп, мал арықтаған, бойында ауырсыну сезімі барлығын байқатқан, температурасы көтерілген, алдыңғы аяғын сылтып басқан, тік тұрғанда табанын жерге тигізбейді.

Малды күндіз мационға қоюға қорадан шығаруға, кейіннен кіргізуге айдағанда мал енжарлық танытып, жүрмей түрып алады. Малдың мінез -құлқы өзгерген, көзі нашар көре бастаған, Малда бұрын бұрын - соңды мұндай белгілер байқалмағанын айтады. Бұл белгілер 1 апта алдын, яғни 10.03. 2010 күніне байқала бастаған. Малда бұрын ауру белгілер байқалмаған, малды дәрігерге көрсетпеген.

 

2.3 Anamnesis morbi

 

Ауруға шалдыққан мал мазасыздана бастады. Тәбеті болмай, жүре алмай қалды. Сиырдың жалпы жағдайы нашар. Азыққа тәбеті жоқ, тек сұйық азық ішіп арықтаған. Сиыр тынышсыздануда. Ауырсыну байқалады. көз жұмсақ болады, пальпацияға берілгіш (көз гипотониясы), көз көлемі азаяды да орбитаға тез сияды. Қарашық кеңейген.

 

2.4 Status proesens  communis universale

1.  Жүрек - қан тамыр жүйесін зерттеу

Жүрек дүрсілінің ең жақсы байқалатын жері: ұсақ малдарда сол жақ шынтақтан 2-3 см жоғары 4-ші қабырға аралығында 5-7 см көлемінде, аумағында. Cиырда сол жақ иық буынымен жауырын жалғасқан тұсының сызығынан жүргізілген түзудің бойынан 7-8 см төмен, 4-5 см аумағымен 5-ші қабырға аралығында.

Тамыр соғуы: ырғағы орташа, тамырлардың қанға толу дәрежесі жақсы, тамырлар қабырғасының серпімділігі қалыпты, тамыр соғуының күші орташа.

Жүрек тұсын сол жақ 3-4 жақ қабырға арасын тексердім. Жүрек түрткісінің күшін және оның білінетін жерлерін фонендоскоппен тексеруге көштім. Жүрек саздарының дыбыстылығы - көмескі. Жүрек саздарының тазалығы - 1 - ші және 2 - ші саздардың жарықшақтануы орташа, эндокардиальды және перикардиальды шуылдар байқалмайды.

Жүрек шекарасы жоғары және артқы шекарасы өзгеріссіз. Жақсы сақталған.

Сипау арқылы жүрек тұсында көкірек жақтауының дүрсілін сеземіз. Жүрек түрткісі дегеніміз жүрек етінің жиырылуымен сәйкестеніп келетін көкірек жақтауының сыртқа керілуі.

2. Тыныстану жүйесін зерттеу.

Тыныс алу түрінің ырғағы аралас, ендікпесі жоқ. Өкпесін тыңдағанда фонендоскоп қолдандым. Маңдай, жоғары жақ қуыстарын, ауа капшықтарын пальпация жэне перкуссия жолымен тексергенімде өзгеріссіз.

Тыныс алу кезінде сыртқа шыққан ауаны зерттеген кезде оның танаудан шыққан екпіннің күшін, қызуын, иісін (жағымсызиіс - өкпе шірігенде), ацетон иісі - кетозда, аммиак иісі - уремияда білінеді.

Тыныс алу қозғалысын зерттеу көкіректі анықтап көруден, көргенде оның сыртқы пішінін, көлемін және көкірек қозғалысын, тыныс алу түрін, санын, жиілігін, ырғағын және тыныс алу қозғалысының біргей, бір мезгілде қозғалуын анықтаудан басталады. Көкіректің көлемін, қозғалысын және сырт пішінін малдың оң жақ, сол жақ қапталынан және артқы жағынан қараумен анықтайды.

Тыныс алу санын көкірек клеткасының бұлшық еттерінің жиырылуына, жылқы танауының желбіреуіне, тынысты сыртқа шығару екпінін санаумен анықтайды. Ауру малдарда тыныс алудың жиілеуі кездеседі және тереңнен жеңіл — желпі дем алуы кездеседі.

Көмей және кеңірдікті тексергенімде пішіні өзгеріссіз, ауырсыну жоқ, жергілікті қызуы байқалмайды, көмей рефлексі орташа.

Өкпені аускультациялау кезінде - тыныс күшінің шуылдары жоқ, орны және сапасы өзгеріссіз, бөгде шуылдар - сырыл, қытырлау дыбыстары естілмейді, өзгеріссіз.

Өкпені перкуссиялағанымда - перкуссияның дыбыстық сипаты, естілу орны шекарасы өзгеріссіз жақсы сақталған

Дені сау малдардың мүрнынан су ағуы байқалмайды (немесе азғана сулы, сулы - кілегейлі сұйық байқалады). Мұрын, өкпе, бронх, қосалқы қуыстар қабынғанда және өкпе ісінгенде танаудан жайылмайтын (ұдайы) немесе әлсін - әлсін (араласып) бөлініп отыратын су ағу байқалады, ол сұйық , кілегейлі, кілегейлі - іріңді, іріңді - сасық иісті болып келеді.

Тыныс алу мүшелерін зерттеген кезде тыныс ырғағына көңіл бөледі - бұл демді ішке және сыртқа шығарудың өзара кездесіп алмасып тұруы.

Ұсақ малдарда саусақтар көмегімен нұқу тәсілі қолданылады. Көкіректі нұқу қабырғалар арасымен жоғарыдан төмен қарай соғу арқылы іске асады. Дені сау малдардың өкпе тұсын нұқығанда айқын, созылыңқы, дыңғырлаған дыбыс естіледі, ол өкпенің анық нұқу дыбысы деп аталады. Ал ірі қара малдарда аспаптық нұқу болады. Нұқу кезінде өкпенің шекараларын анықтайды, оны өкпенің ашық нұқу дыбысының сызданған сыбырлы немесе даңғырлаған дыбысқа ауысқандығынан білеміз.Дені сау малдардың көкірегін нүқығанда өкпенің анық нұқу дыбысын естиміз. Ауру малдарда нұқу дыбыстары өзгеріліп естіледі, оларға мына дыбыстар жатады.

Шыңқылдаған (шел, өкпе қабығы, өкпе қабынғанда),

Сызданған    сыбырлы    (экссудатты    плевритте,    өкпенің    фибринді
қабынуы, жылқының плевропневмониясы, ала өкпе).

Даңғырлаған (өкпедегі тесік каверна, бронх түтігінің кеңеюі, кеуде
қуысына ауа толғанда пневмоторакс).

4. Шіңкілдеген (өкпенің ішіндегі доп тэрізді қуыс пайда болғанда ішкі қабаты тегіс қатты болады).

Түбі тесік қауақ тыңқылындай (өкпеде қуыс пайда болып ол бронхы арқылы жіңішке түтікшемен сыртқы ортамен байланысқанда шығады).

Өкпенің артқы нүқу шекарасы көлденеңінен жүргізілген үш түзу арқылы анықталады; І.Сербек түзуі; 2.Жамбас сүйегінің төменгі басынан жүргізілген түзуі; 3. Иық буыны түзеді. Ауру малдың өкпесі таза, артық шулар жоқ.

3. Азық қорыту жүйесін зерттеу

Азыққа тәбеті орташа төмендеген, шөлдемейді. Азық пен суды еркін қабылдайды, шайнау сипаты жақсы, жүлыну, кекіру, құсу жоқ.

Ауыз қуысын ашып тексергенімде жоғарғы таңдайдың, жақтың, қызыл шектің, тілдің, еріннің, кілегей қабықтарының жағдайы, ауыздан шыққан иіс, сілекей бөлуі, тістердің жағдайы жақсы сақталған, өзгеріссіз. Өңешті пальпациялау арқылы тексергенімде ауырсынуы жоқ.

Ауыз қуысы мүшелерінің зерттеу кезінде тісі жоқ жерінен қолды енгізіп, тілді сыртқа шығару арқылы немесе ауыз кергішті (зевник) енгізу арқылы аузын ашамыз. Содан соң мыналарға көңіл аудару керек; 1 .Көру арқылы және сипау тәсілдері арқылы шырышты қабықтың күйін білу және зерттеу. Көзбен көру арқылы шырышты қабықтың түсуін, түсін оның өзгерістерін, жара және бөртпелері бар жағын анықтайды. Ауыздың шырышты қабығын сипап оның қызуын, сезімталдығын және құрзақтығын анықтайды.

2.Ауыздан шыққан иісті мал сілекейімен сулаған мақтаны иіскеп анықтайды. З.Тілді көру арқылы дақтарды және ісікті анықтайды.

4.тістің  күйін қараған кезде, тістің босауын, желінуін, түсуін, және оның өсіп кетуін анықтау керек.

Азық қорыту жүйесін зерттеу сиырдың азық қабылдау және су ішу қабілетін тексеруден басталады. Мал азықты қалай қабылдайды және суды қалай ішетінін анықтай отыра мынандай құбылыстарға мұқият зер салып қарау қажет;

а) Тәбет және оның бұзылуы;

б) Жұлу және шайнау, оның өзгерісі;

в) Құсу, кекіру және күйіс қайтару және олардың бұзылуы;

Ауыз қуысын, жұтқыншақты, өңешті және құстың жемсауын зерттеу. Ауыз қуысын зерттеудің негізгі тәсілдері көру, сипау және қосымша иіс сезетін мүшелер арқылы шыққан иісті анықтау.(иіскеу). Дұрыстап зерттеу үшін ауыз кергіштер қолданылады. Көзбен көру ауыз қуысының жабылуын және ашылуын, еріндерінің еріксіз қозғалуын, сілекей бөлінуінің және олардың бөтен өзгерістерін анықтаймыз.

4.  Зәр бөлу жүйесін зерттеу

Несеп бөлу актісі -  жиілігі жоқ, несептің мөлшері орташа, несеп бөлу кезінде ауырсыну байқалмайды.

Бүйрек пен қуықта сипау кезінде көлемі өзгермеген, пішіні сақталған, консистенциясы жақсы, ауырсыну жоқ, қуықты тексеру үшін катетор енгізгенімде бөгде заттың болмағанын анықтадым.

Несептің физикалық қасиетін анықтадым. Несеп тұсы. Шыны цилиндрге зерттеуге арналған несепті құйып, сосын оның түсін күндізгі жарықта анықтадым.

Малдардың түріне қарай несеп түсі - ақшыл - сарыдан, ашық - қоңыр аралығында болады. Несеп тұсінің өзгеруі ондағы басқа заттардың қосылуы салдарынан болады, несеп құрамында қан, гемоглобин, өт пигменттері және басқа да заттардың денедегі ауруды анықтау немесе емдеу мақсатымен жіберілген дәрі - дәрмектің түсіне байланысты.

б) Несеп консистенциясы (сұйықтығы). Несеп сұйықтығын екі шыны ыдыс алып оның біреуіне несеп құйып, содан соң оны жайлап келесі ыдысқа сапыра құю арқылы анықтайды. Барлық малдарда (дара тұяқтылардан басқа) несеп су тәрізді болады. Дара тұлқтыларда несеп кілегейлі болып келеді, құйғанда жіп тәрізді болады да ағады, себебі несеп құрамында муцин сілекейінің болуы.в) Несептің иісін сезім мүшелерімен анықтайды. сиырдың түріне қарай өзіне тән, лайықты несеп иісі болады. Қуық сал болғанда, қабынғанда, уратрадан несеп өтпей қалғанда несеп құрамының бұзылуы байқалады, осы сезде аммиактың иісі пайда болады. Куық ісігінде шіріген иіс, кетозда ацетон иісі кездеседі г) Несептің салыстырмалы тығыздығын анықтау.

Цилиндрге несепті құйып, оған жайлап бөліктерінде 1,0- ден 1,060 санына дейінгі көрсеткіші бар уро метрді батырады. Урометр бір қалыпқа келген соң оның төменгі шкаладағы бөлігіндегі көрсеткішін белгілеп анықтайды. Нефритте, нефроз, склерозда несеп тығыздығының төмендеуі байқалады. Несеп тығыздығының көтерілуі диспепсияда, колибактериозда, паратуберкулезде, құсқа да, шаншуда және дене қызуы көтерілгенде кездеседі. Несептің ракциясын индикаторлы қағаздың көмегімен анықтайды. Ол үшін идикаторды несепке батырып алып, содан соң индикаторды түрлі-түсті ілгілермен (бөліктермен) шкаламен салыстырып анықтайды, ондағы сандармен белгіленген сан бөліктері шкала несептің қандай реакция екенін көрсетеді.

Циститте, қуық қабынғанда, мал құсқаннан соң несеп негізгі сілтілі болып келеді. Қышқылды несеп бүйрек жүмысының жетіспеушілігінде, мал ұзақ ашыққанда және дене қызуы көтерілетін кейбір ауруларда кездеседі.

Ауырған сиырдың несеп бөлу жүйесі қалыпты жағдайда, ешқандай өзгерістер жоқ.

      5. Жүйке жүйесін зерттеу

Бас сүйекпен омыртқа бағана жотасының жағдайы — пішіні өзгермеген, перкуссиялау кезінде ауырсыну байқалмайды, мінез - құлқы орташа, сезім мүшелері жақсы сақталған, көру сезімі жақсы, лақап атын атағанда оның есту мүшесінің жақсы екенін байқадым, бел омыртқасын сипап көргенімде бойын тік ұстады, иіс сезу мүшесін зерттегенімде және теріні зерттегенімде өзгеріссіз болды.

Малдың бас сүйегінің ми сауыты мен омыртқасын зерттеу. Көру     арқылы     малдың     бас     сүйегінің     ми     сауытының     мынандай ерекшеліктеріне көңіл аударамыз; көлемі мен пішініне, оның мүмкін болатын өзгерулеріне (шеке тұсының ісінуіне, бас сүйегінің соққыдан зақымдануы).

Сипау әдісімен бас сүйегінің ми сауытына жақын түрған терінің ығысуын (ысу - менингит бас миының қабықшасының қабынуы), жұқпалы індетті энцефалит ауруында (ауырсынуы байқалуы) қой ценурозы, эхиноккоз (құрт ауруы), мидың ісінуі кезінде және сүйек ұлпасының жұмсаруын анықтау қажет. Бас сүйегінің ми сауытын нұқу дыбыстың өзгерілуі бар ми санын анықтау қажет. Көру, сипау және нұқу тәсілдерімен омыртқаны зерттеп, одан алынған мәліметтерді арнайы дәптерге жазу керек.

Вегетативтік жүйке тамыр жүйесін зерттеу. Мал дәрігерлік тәжірибеде вегетативтік жүйке тамыр жүйесінің ахуалын анықтау үшін қолданылады. Бұл мақсатта көз - жүрек рефлексі қолданылады, ол үшін ең алдымен малдардың жүрек соғуының 30 секунд уақыт аралығындағы санын анықтайды. Содан соң Шаптала аспабымен немесе қол саусақтарымен көз шарасын 20-30 мм сынап бағанасы шамасындай күшпен босады. Тексерілген ауру малдың жүйке - жүйесі қалыпты жағдайда, ешқандай өзгерістер байқалмайды.

 

 

2.5 Status proesens  localis       

 

Дене температурасы 1° - 37,5°С

Тамыр соғысы - 44

Тыныс алуы -16

сиырдың жалпы жағдайы - күйзеліңкі

Дене бітімі - орташа

Қоңдылығы - орташа

Дененің кеңістікте -ұсатуы және орналасуы амалсыз енжар қимыл. Жүннің және тері түгінің жағдайы жатық, түктік беріктігі төмен.

Беткейдегі лимфа түйіндерінің жағдайы : жақ асты, иық алды, көлемі өзгермеген, пішіні қалыпты, конституциясы жұмсақ. Көзге көрінетін кілегей қабықтардың жағдайы: конъюктивінде, танауында, ауыз қуысының кілегей қабығында өзгерістер бар.

 

2.6 Diagnosis

 

Анамнез және клиникалық белгілеріне қарап диагноз – көз жұмсақ болады, пальпацияға берілгіш (көз гипотониясы), көз көлемі азаяды да орбитаға тез сияды. Қарашық кеңейді, кейде торлы қабық түсіп қалады. Сол себепті көздің  зақымдануы деп қойдым.

 

2.7 Decursis  morbi et therapia

 

Күні

Дене қызуы

Тыныс алуы

Тамыр  соғысы

Diagnosis  morbi

Diagnosis therapia

11.03.2011

40,5 ºС

58

95

Сиырдың жалпы жағдайы нашар. Азыққа тәбеті жоқ, тек сұйық азық ішіп арықтаған. тынышсыздануда. Ауырсыну байқалады.

Күтімін жақсартып,  тұратын жерін жақсарттым. Көзді дезинфекциялап, ертінділермен шайдық.

Әк қышқылы

(мырыш қышқылы-сернокислый) - күкірт мырыш қышқылы қолдандық, эпителиальды азотты күміс қышқылмен күйдіреді, физиологиялық ерітіндімен соңынан шайдық.

  Альбтуцид 1:5000

Симптоматикалық емдер қолдандық.

Жансыздандыру 0,5% новокаин

2% әк қышқылымен шайып,

Антибиотикті май салады, 2% сынап майын, 3% альбуцид

Жылу компрестерін қолдандық.

 

 

12.03.2011

40,4 ºС

56

93

Сиырдың жалпы  жағдайы нашар, азыққа  тәбеті жоқ.  тынышсыздануда. Ауырсыну байқалады.

Күтімін жақсартып,  тұратын жерін жақсарттым. Көзді дезинфекциялап, ертінділермен шайдық.

Әк қышқылы

(мырыш қышқылы-сернокислый) - күкірт мырыш қышқылы қолдандық, эпителиальды азотты күміс қышқылмен күйдіреді, физиологиялық ерітіндімен соңынан шайдық.

  Альбтуцид 1:5000

Симптоматикалық емдер қолдандық.

Жансыздандыру 0,5% новокаин

2% әк қышқылымен шайып,

Антибиотикті май салады, 2% сынап майын, 3% альбуцид

Жылу компрестерін қолдандық.

 

 

13.03.2011

40,2 ºС

54

90,1

Сиырдың жағдайы қалпында, тәбеті жоқ. Қөздің   тұсында  ауырсыну  байқалады.

Күтімін жақсартып,  тұратын жерін жақсарттым. Көзді дезинфекциялап, ертінділермен шайдық.

Әк қышқылы

(мырыш қышқылы-сернокислый) - күкірт мырыш қышқылы қолдандық, эпителиальды азотты күміс қышқылмен күйдіреді, физиологиялық ерітіндімен соңынан шайдық.

  Альбтуцид 1:5000

Симптоматикалық емдер қолдандық.

Жансыздандыру 0,5% новокаин

2% әк қышқылымен шайып,

Антибиотикті май салады, 2% сынап майын, 3% альбуцид

Жылу компрестерін қолдандық.

 

14.03.2011

40,0 ºС

52

90

Сиырдың жалпы жағдайы төмен, бірақ азыққа  тәбеті  ашылған. Тынышсыздануы кішкене басылған.

Күтімін жақсартып,  тұратын жерін жақсарттым. Көзді дезинфекциялап, ертінділермен шайдық.

Әк қышқылы

(мырыш қышқылы-сернокислый) - күкірт мырыш қышқылы қолдандық, эпителиальды азотты күміс қышқылмен күйдіреді, физиологиялық ерітіндімен соңынан шайдық.

  Альбтуцид 1:5000

Симптоматикалық емдер қолдандық.

Жансыздандыру 0,5% новокаин

2% әк қышқылымен шайып,

Антибиотикті май салады, 2% сынап майын, 3% альбуцид

Жылу компрестерін қолдандық.

 

17.03.2011

39,2 ºС

50

85

Күннен күнге жағдайы жақсаруда. Ас қабылдауы  жақсы. Тынышсыздануы байқалмайды.

Күтімін жақсартып,  тұратын жерін жақсарттым. Көзді дезинфекциялап, ертінділермен шайдық.

Әк қышқылы

(мырыш қышқылы-сернокислый) - күкірт мырыш қышқылы қолдандық, эпителиальды азотты күміс қышқылмен күйдіреді, физиологиялық ерітіндімен соңынан шайдық.

  Альбтуцид 1:5000

Симптоматикалық емдер қолдандық.

Жансыздандыру 0,5% новокаин

2% әк қышқылымен шайып,

Антибиотикті май салады, 2% сынап майын, 3% альбуцид

Жылу компрестерін қолдандық.

 

18.03.2011

39,0 ºС

48

85

Күннен күнге жағдайы жақсаруда. Ас қабылдауы  жақсы. Тынышсыздануы байқалмайды.

Күтімін жақсартып,  тұратын жерін жақсарттым. Көзді дезинфекциялап, ертінділермен шайдық.

Әк қышқылы

(мырыш қышқылы-сернокислый) - күкірт мырыш қышқылы қолдандық, эпителиальды азотты күміс қышқылмен күйдіреді, физиологиялық ерітіндімен соңынан шайдық.

  Альбтуцид 1:5000

Симптоматикалық емдер қолдандық.

Жансыздандыру 0,5% новокаин

2% әк қышқылымен шайып,

Антибиотикті май салады, 2% сынап майын, 3% альбуцид

Жылу компрестерін қолдандық.

 

19.03.2011

38,5 ºС

48

83

Сиырдың жағдайы жақсы,азықты жақсы қабылдауда, қөзі қалпына келуде.

Күтімін жақсартып,  тұратын жерін жақсарттым. Көзді дезинфекциялап, ертінділермен шайдық.

Әк қышқылы

(мырыш қышқылы-сернокислый) - күкірт мырыш қышқылы қолдандық, эпителиальды азотты күміс қышқылмен күйдіреді, физиологиялық ерітіндімен соңынан шайдық.

  Альбтуцид 1:5000

Симптоматикалық емдер қолдандық.

Жансыздандыру 0,5% новокаин

2% әк қышқылымен шайып,

Антибиотикті май салады, 2% сынап майын, 3% альбуцид

Жылу компрестерін қолдандық.

 

 

21.03.2011

38,5 ºС

40

82

Сиырдың жағдайы жақсы,азықты жақсы қабылдауда, көзі қалпына келген.

Күтімін жақсартып,  тұратын жерін жақсарттым. Көзді дезинфекциялап, ертінділермен шайдық.

Әк қышқылы

(мырыш қышқылы-сернокислый) - күкірт мырыш қышқылы қолдандық, эпителиальды азотты күміс қышқылмен күйдіреді, физиологиялық ерітіндімен соңынан шайдық.

  Альбтуцид 1:5000

Симптоматикалық емдер қолдандық.

Жансыздандыру 0,5% новокаин

2% әк қышқылымен шайып,

Антибиотикті май салады, 2% сынап майын, 3% альбуцид

Жылу компрестерін қолдандық.

 

22.03.2011

38,5 ºС

35

80

Сиырдың жағдайы жақсы,азықты жақсы қабылдауда, көзі қалпына келген.

Күтімін жақсартып,  тұратын жерін жақсарттым. Көзді дезинфекциялап, ертінділермен шайдық.

Әк қышқылы

(мырыш қышқылы-сернокислый) - күкірт мырыш қышқылы қолдандық, эпителиальды азотты күміс қышқылмен күйдіреді, физиологиялық ерітіндімен соңынан шайдық.

  Альбтуцид 1:5000

Симптоматикалық емдер қолдандық.

Жансыздандыру 0,5% новокаин

2% әк қышқылымен шайып,

Антибиотикті май салады, 2% сынап майын, 3% альбуцид

Жылу компрестерін қолдандық.

 

 

     

     2.8 Еріkrisis

 

Эпикризис - ауру тарихы туралы кеңірек қорытындылау.

Мал дәрігерлік офтальмология көздің анатомиясын, физиологиясын оқытып қана қоймай, көз патологиясының зерттеу әдістерін және көз маңында жиі кездесетін ауруларды, сонымен қоса оларды алдын-ала болдырмау шараларын үйретеді.

Офтальмология - көптен келе жатқан ертедегі ғылым.

Офтальмология саласында көптеген атақты ғалымдар, атап айтқанда Цейс, Гален, Авиценна т.б. жұмыс істеген.

Дегенмен, бұл ұзақ уақыт ішінде офтальмология саласында жиналып бақылау жұмыстары істелген. Офтальмология ілімінің нағыз дамуы тек 18 ғасырдан басталған. Бұған үлкен себеп болған 1850 жылы Гельмгольц деген ғылымның офтальмоскопты жасауы болып табылды.

Мал дәрігерлік офтальмологияның міндеттері: 1. Мезгілінде малға диспансеризациялық бақылау жасау (күнделікті, жұмалық, айлық, тоқсандық) диагнозын қойып, анықтау.Көзі зақымдалған малды бөліп, емдеу.Алдын-ала індетті болдырмау жолдарын қамту.

Малды витаминді, микроэлементті және макроэлементті элементтермен қамтамасыз етілуін бақылау (індетті емес көз ауруларын болдырмау).

Экономикалық шығын: көз малға кез келген жағдайда қозғалу үшін, азықтану үшін, екінші мал тисе қорғаныс үшін (үй жануарлары, қасқыр, қоян, түлкі т.б.) керек. Көзі кем малды жеке күту қажет. Кейде ауыл шаруашылық малдарының эпизоотиясында кездеседі, бүкіл табын індетке ұшырайды. Көп жағдайда көз ауруларының диагнозы қойылмай, қойылса да емдемей, аса құнды малдар ет комбинатына тапсырылады. Бұндай жағдай әсіресе өнідірістік кешендерде болады. Бұнда мал байланған соң кездері зақымданады. Мал арықтап, жүдеп, қоңын жоғалтады, сүт кешендерінде аталған тамақ азаяды, қойда жүн кемиді. Сонымен қатар малдың шығыны да болады. Қалайда болмасын зақымданған малдың көзін емдеу үшін анатомиялық құрылысын, физиологиясын, зерттеу әдістерін, онымен қоса емдеу тәсілдерін білуіміз қажет.

 

3 Техникалық қауіпсіздік

 

Малдарға ем жасалынып жатқан кезде санитарлар әр түрлі жолмен түскен бөлінген, ластанған нәрселерді алып, орнын ылғалды әдіспен сүртіп, дезинфекция жасайды. Операциядан кейін, келесі операцияға дейінгі уақыт ішінде бөлмені жинайды, тазалайды және дезинфекция жасайды; арнайы жоспар бойынша операция жасалмайтын күні, бөлмені түгелдей жинап, тазалап және толық дезинфекцияланады; операция жасардын алдында тағыда соңғы рет шаң-тозаңнан сүртіп тазаланады. Емдеу бөлмесінде температура 22-25 градус С, 50 пайыздық ылғалдылық және жақсы тоңазытқыш болуы шарт. Клиника бөлмесін дезинфекциялау үшін бактериялды лампала қолданылады. Бөлмедегі ауа, оның қабырғалары, іші, оның ішіндегі құрал-жабдықтар және т. б. заттар дезинфекцияланады. Бактериоцитті ультракүлгін лампаларда, Операция бөлмесінде адамдар бар кездің өзінде де қолдануға болады. Лампаларды қойғанда олар өз айналасына микробтарды өлтіретін 2-3 метрлік алаң жасайды. Сондықтан лампаларды әр екі метр сайын қою немесе жылжыту керек. Операция бөлмесінде адам болған кезде лампаларды 6-8 сағат ұстаса жеткілікті. Ғылыми деректерге жүгінсек лампаларды бөлмеге 2-3 сағат қойғанда микробтарп едәуір азайса 6-8 сағатта 50-80 пайызға дейін кемиді. Егерде лампалармен бірге Операция бөлмесін ауамен тоңазытса онда микробтардың жойылуы 70-90 пайыз артатындығы анықталған. Клиникалық практикадан операция бөлмелеріне сапалы  дезинфекция жасалса, асептикалық операциялардан соң, іріңдеп асқыну 3-3,5 есе азайғандығы дәлелденген. Емдеу бөлмесінің тазалығын, дезинфекция жасап, жиналуын ұйымдастыру және оны бақылау бекітілген дәрігердің міндеті болып саналады. Асептикаға бөлмеден басқа, хирургтың қолын тазалау, операция жасайтын жерді өңдеу, тігін - таңғыш материалдарын дезинфекциялау жатады.

Хирургиялық клиникада жұмысқа кіріспес бұрын, студент тек
қана қатыспай, өзі кірісіп, тәжірибеге арналған малдарды қабылдап
оларға оқулық хирургиялық операцияларды дербес орындайды.
Кейіннен клиникада оқуда өтуі бағытында сол малдар оның
пациенттері болады. Оперативтік хирургияда операциялардың сәтті
орындалуы         оның атқарылу   техникасының     дұрыс қалыптастырылуына байланысты болатыны сөзсіз екеніне күмән болмайды, бірақ хирургиялық операциялардың тек қана жергілікті құбылыс деп есептеуге болмайды, керісінше ол организмнің барлық жүйелерін терең қозғайды. Осыған байланысты студенттерге анатомия, физиология, фармокология және басқада пәндерден толық білім алу қажеттілігі зор.

 

 

 

Қорытынды

 

 

Курстық жұмысымды қортындылай келе  Агроөнеркәсіп   институтының ветеринариялық медицина және зоотехния кафедрасының клиникасында көзі зақымданған сиырды емдедім.

    Сиырды қабылдаған кезде жағдайы нашар болатын, азыққа тәбеті жоқ, жүрісінде сілтіп басып, тұрысында алдыңғы аяғын көтеріңкіреп тұратын. Жатып тұруында қиналыс бар. Мал бақылауға алғанда оған тиісті аурға тән, клиникалық белгілері бойынша ашық механикалық жара диагнозы қойылды. Аурудың дамуы ағзаға жарақат немесе басқалай жолдармен енген микро ағзалардың әсерінен қабыну процесі болған. Емнің тиімділігі барысында мен керекті антисептикалық препараттарды, ерітінділерді, антибиотиктерді қолдануды дұрыс көрдім. Соңында аяғына тұрды,

Соның ішінде жиі кездескені - хирургиялық аурулар. Мен осы хирургиялық аурулар ішінен емдегенім және көп кездескені –көз аурулары. Ауруды емдеу нәтижесінде он күннің көлемінде мал ауруынан айығып аяғынан тұрды.

Аурудан сақтандыру үшін және алдын алуға малдың азықтарына түзетулер енгізгенде рацион құрамына барлық ингридиенттермен қамтамасыз еттім, емдеулер жүргіздім.

Жұмысымды жүргізген клиникада мен көп тәжірибе жинадым.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Д.Чередков, В.Никаноров, В.Захаров. "Хирургия және ортопедия " Алматы, 1953 жыл. (148)
  2. Орысша -  қазақша  малдәрігерлік  сөздігі.   Т.Сайдулдин.  Алматы,   1993  жыл.(102)
  3. Б.К.Ілиясов."Алғашқы ветеринариялық жәрдем". Алматы 2001 жыл. (114)
  4. Б.К.Ілиясов. Ветеринариялық хирургия. Алматы 2009 жыл.(200)
  5. К.И.Шакалов,   Б.А.Баликиров,   Б.С.Семенов,   А.В.Лебедов,   А.И.Федеров,
  6. В.А.Лукьяновский.    "Хирургические   болезни   сельско   -   хозяйственных  животных".(350)
  7. И.Е.Повоженко,         К.И.Шакалов,         И.А.Калашник,         Г.С.Мастыно,
  8. Б.А.Башкиров, Б.С.Семенов. "Частная ветеринарная хирургия" Ленинград, 1981 год. (165)
  9. Абдулла.А.А, Наметов А.М, Ильясов Б.К Клинико – гематологияческие показатели гнойных ран у овец при лечений шунгариновой и болезней животных Алматы 2005г (315)
  10. В.Шакалов   К.И,   Башкиров   Б.А,   Поваженко   И.С   Частная   ветеринарная  хирургия. Ленинград 1986г (145)
  11. Гатин. П.П. Б.К.Ильясов. Влияние 5% хлорофоса на здоровый глаз. Труды СЗВИ, 1970. (45б).
  12. Ілиясов Б.К. Жануарлар түріне байланысты  аминазинді қолданудың рекшеліктері. Журнал «Жаршы». - 2006.  (78 б).
  13. Ілиясов Б.К. Дитилинді ветеринариялық хирургияда қолдану және лажсыздан сойылған жылқы етінің    сезімдік көрсеткіштері.- Журнал «Жаршы».2006. (95 б).
  14. Ілиясов. Б.К. Жануарларды эутанзациялаудың әдістері. - Журнал «Жаршы». - 2006. (65 б).
  15. Ишмухамедов.Г.А. Г.А.Аухадиев, Б.К.Ильясов. Применение салициловой кислоты при гнойно-некротических процессах. Сб.Научных трудов, Ленинград-1990.  (42 б).

 

 

1сурет

153_2

Көздің құрылысы.

 

 

 

2сурет

 

glaz_12_2009_04

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2013-09-09 20:14:32     Қаралды-7621

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

...

Дүниежүзілік мұхиттар – гидросфераның негізгі бөлігі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН КІМ АШТЫ?

...

Бенджамин Франклин есімді адам бірінші болып электр тоғының не екенін толық түсіндіруге тырысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВЕЛОСИПЕДТІ АЛҒАШ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Бұл скутер педальсыз велосипедке көбірек ұқсады...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОФЕНІ ҚАШАН ЖӘНЕ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Кофені кім және қашан ойлап тапқанын нақты айту мүмкін емес - бәрі аңыздан басталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ АЛҒАШҚЫ СМАРТФОН

...

Сенсорлық экраны бар ең алғашқы смартфон IBM Simon болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СІЗ АУАНЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ БА?

...

Ауаның мөлдір, түссіз, иіссіз екенін бәрі біледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ БИІК ТАУ ҚАЙ ЖЕРДЕ?

...

Планетамыздағы ең биік тау құрлықта емес, Тынық мұхитының түбінде тұр

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕ СУ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4600 миллиард жыл бұрын пайда болды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН САТУРННЫҢ АЙНАЛАСЫНДА САҚИНАЛАР БАР?

...

Сатурн планетасының таңғажайып сақиналары бар

ТОЛЫҒЫРАҚ »