UF

Тақырыбы: Тіршілік қауіпсіздігі

 

 ТІРШІЛІК ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ҚАУІПСІДІГІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ

 

Ядролық жарылыстың қирататын факторлары

Радиацияға қатысты мәліметтер

Жарылыс болған ортадағы температура бірнеше миллион градусқа көтеріліп жарқыл шар ойнайды. Осы кезде жан жаққа өте күшті ультра күлгін сәуле тарайды. Бірте-бірте шардың ша сууы барысында көрінетін сәуле күшейеді, аяғында инфрақызыл сәулесі энергияның шығуың жалғастырады.

          Ультра күлгін, көрінетін және инфрақызыл сәулелер ядролық жарылыстың жарық сәулесін құрайды, табиғатында электромагниттік сәулелену болып табылады. Адам жанарының ультракүлгін және инфрақызыл сәулелерді көру қабілеті жоқтығынан жарқыл шардың өсу және сөну мерзімдерін көрмейді, алайда ол адамның көзін осы кезде де зақымдауы мүмкін. Қысқаша айтканда, адам ядролық жарылыстың басталған алғашқы сәтін біле алмайды.

         Жарық сәулесі жан-жаққа түзу бағытпен тарайды, мөлдір емес заттардан өтпейді. Жарқыл шардың жарық сәуле шашу уақыты (І, с) мен бомбаның қуаты (я,кт) арасында эмпирикалық байланысы байқалады t=. Әуедегі және жер үстіндегі жарлыстардың сәуле шашу уақыты сонда: q=1 млн.т. - t=10 с; q= 10 мың. т. - t=2,2 с. Соққы толқынымен жэне өткіш радиациямен салыстырғанда жарық сәулесі едэуір қашықтыққа әсер көрсетеді, оның негізгі көрсеткіші болып жарық күші (жарық импульсі) саналады.

          Жарық күші Дж/м2 бірлігімен өлшеніп, сәуле таралу бағытына қарама қарсы перпендикуляр күйінде жайғасқан бір шаршы метр (1м2) бетіне жарқырау уақытты бойынша түскен жарық энергиясының мөлшерін көрсетеді. Оның басқаша алынған бірлік өлшемі 1 кал/см2, анықтау үшін 1кал/см2=4,18 104 Дж/м2(1 каллория-судың 1 г мөлшерін 19,5°С-тан 20,5°С-қа дейін көтеру үшін қажет энергиясы). Ауа райы ашық, ауасы мөлдір күндерде 1 млн. тонналық бомба жарылысында жарылыс орталығынан 17 км қашықтықта жарық күші шамада 240 кДж/м2 тең (эуедегі жарылыс үшін). 100 мың т. бомба жарылысы үшін бұл көрсеткіштер 6 км қашықта болады.

       Жарықтың сәуле шығару ауқымы жарылыстың қуаты мен биіктігіне және атмосфералық жағдайларға байланысты болады, оның әсерінен қатты қирау және орташа қирау зоналарда тұтас жаппай, ал жеңіл қирау зонасында жекелеген өрт пайда болуы мүмкін. Толық қирау зонасында барлық нәрсе қирап, ұшатындары ұшырылып кеткендіктен өрт болмайды да, бірақ қатты түтіндейді. Тұтас жаппай өрт аумағында өрт дауылы көтеріледі; жанып жатқан өлкеге жан жақтан 50-60 км/сағ. жылдамдықпен ауа ұмтылып өртті одан әрі өрістетеді.

        Әсіресе бүл маңайда орналасқан жанар, жағар майлардың қоймалары тағы да басқа женіл от алдыратын заттар болса, олар өртті мүлде күшейте түседі. Жекеленген өрт алған территорияда қалың түтін, көміртек қышқыл төтығы және басқа да улы газдар басып кетеді.

Жарық сәулесі адамдардың денесін күйдіріп жанарын зақымдайды. Қуаты 1 млн. т. жарылыста ауа мөлдірлігі орташадай жағдайда 7 км қашықтықта адам денесі бірінші дәрежелі күйікке шалдығады (жарық күші 3 кал/см2).

       Бірінші дәрежелі күйікте терінің беті қызарып ісінеді, сыздап ауырады; екінші дәрежлі күйік шамада 6 км қашықтықта пайда болады (4-10 кал/см2), тері күлдіреп, талауратады; 4-5 км қашықтықта үшінші дәрежелі күйік өзін теріні жансызданып, ойық жара пайда болуымен білдіртеді. Бұл жерде жарық күші 10-15 кал/см2. Бұл бірнеше секунд уақыт мерзімге сығымдалған ашық ауа райында күн сәулесі жер бетінің эр см210 минут аралғында төгілген энергиясымен тең.

        Көзді зақымдауда жарық сәулесі үш түрлі әсер білдіреді: бірнеше минуттай уақытша көрмей қалу - бұл жарықтың ауытпалығына байланысты, әсіресе ымырт не түнгі кезеңде - жанары орнына өздігінен қайта оралады; алыс қашықтықтағы жарылысқа тіке қараудан болатын қабақтын көз шарасының көздің торлы қабағының күюі.

        Жарық сәулесінен өрістеген өрт салдарынан да адамдар әр-түрлі дәрежелі күйіктерге шалдығады.

        Оған қосымша өрттер аумағында оттегі жетіспегендіктен, көміртек қышқылымен уланғандықтан және ауаның ыстығынан адамдар   ауыр   жағдайға  ұшырайды.      Аздап   бұзылған   қорғаныс паналарында да бұл нәрселер орын алады деп күтілуде.

         Ядролық жарылыс кезеңінде атмосферада қуаты мол электромагниттік өрістері туындайды екен, олардың толқын ұзындығы 1 метрден 1000 метрге дейін болады. Аз уақыт мөлшерінде болғандықтан бүл өрістерді жалпы есебінде электромагниттік импульсі (ЭМИ) деп таниды.

        Адам организміне басқа зақымдаушы факторларымен салыстырғанда электромагниттік импульсі аса ықпалын тигізе қоймайды, бірақ оның әсерінен әр-түрлі электр аспаптарының (аппаратураның), байланыс жүйелерінің ток өткізгіш сымдары және кабельдері биік кернеу мен ток пайда болу себебінен күйіп кетуі мүмкін. Әсіресе бұл жағдай жер үстіндегі және төмен әуедегі жарылыстардың салдарынан болады. Мықты салынған жер астындағы қорғау паналардың өзінде бұндай құбылыстар орын алу мүмкін, өйткені электр желілері жер бетінен келеді. 1 млн. тонналық, төмен әуедегі жарылыстан пайда болған ЭМИ күшті қалпында шамада 30 км қашықтыққа тарайды. ЭМИ-тан қорғау үшін энергиямен жабдықтау желілерін, аппаратураны арнаулы әдіспен қоршау, еріп кететін ендімелерді орнату, жерден, топырақтан айырып, оңашалап қою керек,

         ЭМИ-бен бірге радиотолқындар тарайды, олар едэіур қашықтыққа жетіп радиоаппаратурада бөгеуіл болып естіледі.

         Екінші қайтарма зақымдау факторларының әсерінен келген шығындар көлеміне қарай ядролық жарылыстың соққы толқыны мен жарық сәулесінің ықпалынан да асып түсуі мүмкін. Өте қауіпті боп табылатын жеңіл от алатын заттармен айналысатын көсіпорындар болады. Бұзылған қоймалардан ағылған газ тектес немесе сұйық заттар - жанар, жағармайлар, метан, пропан, бутан, т.б. ауамен араласып өртқауіпті, жарылыс қауіпті қоспаларды құрайды. Атылған кезде олар ядролық жарылысқа ұқсап соққы толқынын туындатады. Осы жарылыстардан соң ұзақ уақыт өрт дауылы өршеленеді, өйткені жанар сұйықтардың жану барысының жылдамдығы сағатына қалыңдығы 10-15 см-ден аспайды. Өрт ауқымы едәуір жерге жайылады. Егер ядролық жарылыс су қоймаларының бөгеттерін қиратса. онда бірталай ел-мекендер, инженерлік құрылыстар, ауыл шаруашылық өрістер, мал, өсімдіктер топан судың астында қалады. Күшті әсер ететін улы заттары, немесе басқаша айтқанда, авария қауіпі химиялық заттары бар кәсіп орындар талқандалса әуеге уытты заттар шоғырланған газтектес бұлттар көтеріледі, ал ол заттардың адамға және қоршаған ортаға ететін әсері ерекше.

          Әсіресе атом электр станциясының (АЭС) қалыптасқан жұмысы бүлініп, өзі қираса, оның айнала төңірегі - ондаған, керек болса жүздеген километрмен өлшенген территория, онсызда ядролық жарылыстан көптеп шыққан радиобелсенділік зақымды күшейте түсіп, радиобелсенділік заттарымен ластанады.

          Қорытып айтқанда ядролық зақымдану ошағында тұрған объектінің өзі оп-оңай зақымдағыш күшіне айналуы әбден мүмкін.

 

 ӨТКІШ РАДИАЦИЯ. РАДИОБЕЛСЕНДІ ЗАҚЫМ

 

        Гамма-сәулелену және нейтрондар ағымы әр-түрлі ядролық реакцияларының себенінен материя қойнауынан пайда болады. Бұндай реакциялар ядролық жарылыс кезінде болады және олардың бір түрі -радиобелсенділі элементтердің ыдырауы. Ыдырау үрдісі ядролық жарылыстың соңынан көтерілген бұлтта да, жерде де өтіп жатады.

 

       Өткіш радиация алғашқы 15-20 секундтар арасында, яғни жарылыс барысында және бұлттың 2-3 км биіктікке көтерілгенінше әсер етеді; осыдан кейін гамма-сәулеленуді және нейтрондарды әуе қабаты өзіне сіңіріп алады. Радиобелсенді зақым болса (ластау) тек ыдырау реакцияларынан (кейбір элементтердің тұрақсыз изотоптарының ядролары ыдырауынан) туындайды, ол да басым есебінде гамма-сәулелену болып табылады.

         Өткіш радиация мен радиобелсенді зақымның негізгі зақымдаушы көрсеткіші – сәулелену дозасы (шарпу мөлшері). Жіті сәуле ауруының дәрежелері шарпу мөлшеріне байланысты. Ілгеріде айтқандай гамма-сәулелену мен нетрондардың атомдарды, молекулаларды иондау қасиеті бар. Шарпу мөлшері деп сәулеленген ортаның (материяның) бірлік массасы сіңіріп алған иондатқыш сәуле ағынының энергия шамасын айтады. Шарпу мөлшерінің үш түрін ажырата білу керек:

-    экспозициялық   мөлшері   әуедегі   радиацияны   сипаттайды. Халықаралық  бірліктер   жүйесінде   (СИ)   ол   Кл/кг  мен   өлшенеді (Кулон/килограмм), оның басқа бірлік өлшемі (жүйеден тыс) рентген (р) деп аталады. 1 р шарпу мөлшерінде гамма-сәулелену ықпалынан құрғақ ауаның әр 1 см3 көлемінде (1=0°С, сынап бағанасы 760 мм) 2,08л>109 жұп иондар түзіледі. 1 р=2,58 ІьІО"4 Кл/кг;

-   жұтылған   мөлшері   иондатқыш   сәулеленудің   биологиялық ұлпаларға ететін әсерін дәлірек білдіреді, ол СИ жүйесінде Грей (Гр) бірлігімен өлшеніп заттың 1  кг массасы  1 Дж энергиясын жұтып алғанын көрсетеді, яғни 1 Гр=1 Дж/кг. Жүйеден тыс бірлік өлшемі 1 рад, яғни 1 Гр=100 рад. Әуеде 1 р=0,87 рад, ал биоұлпаларында 1 р=0,95 рад. Есептеуге не айтылуға оңай болуы үшін рентген мен рад бір біріне тең деп санауға да болады;

-   эквиваленттік мөлшерін (балама мөлшері) білу үшін сапа коэффициентті (К) жұтылған мөлшерге көбейтеді. Балама мөлшері гамма   -   сәулелену   мен   нейтрондардың   биоұлпаға   ететін   әсерін салыстыруға (теңестіруге) арналған.

          Гамма -, бета - және рентген сәулелену үшін К=1;

          Энергиясы 20 кэВ-тан кем нейтрондар үшін К=3;

          Энергиясы 0,1 МэВ пен 10 МэВ арасындағы нейтрондар үшін К=10.СИ жүйесінде балама мөлшері Зиверт (Зв) бірлігімен, ал жүйеден тыс бэр бірлігімен өлшенеді, яғни 1 Зв=100 бэр=1 ГрК.

          Әртүрлі шарпу мөлшерлерін салыстыру жұмыстарын мынадай оңаша берілген байланыстар жеңіл жолға түсіреді:

          1 Зв=1 Гр К; 1 Зв=100 бэр; 1 Гр=100 рад; 1 Р 1 рад.

          Ядролық жарылыс барысында шыққан өткіш радиацияның шарпу мөлшері (алғашқы радиация шарпуы) бомбаның қуатына, жарылыс өрталығынан қашықтыққа байланысты. Қуаты 1 млн.тонналық жарылыста, одан 2,8 км қашықтықта шарпу мөлшері 100 р, ал 100 мың. т. үшін ол 5 р-ге тең.

           Радиация          фотоматериалдарды          бүлдіреді,          кейбір

радиоэлектронды аппаратураны істен шығару мүмкін, бірақ жалпы техникаға, құрылыстарға зақымы көп емес. Алайда тірі организмге радиацияның кері әсері мол, ол шарпу мөлшеріне байланысты. Дағдылы жағдай күндері адам табиғи радиация мөлшерін қабылдап тұрады, жылына оның шамасы 0,0015 Гр-мен шектеледі (0,15 рентген ). 30 жылда қабылданған 0,05 Гр (5Р)мөлшері қауіпті деп саналмайды. Сәуле ауруына адамды (жэне малды да) 100 р-нен жоғары мөлшермен бір рет сәулелену шарпу шалдықтырады. Ұлғайтылған сәулеленуге түскен организм 4-ші тәуліктен бастап өздігінен сауығуға кіріседі, сөйтіп әр тәулікте барлық қабылдаған мөлшердің 3% жойып өтырады. Алғашқы бір ай мерзімінде организм зақымның 50%-нен құтылады. Алайда зақымның 10%-ті кері қайтпас зақым болып қала береді, ал зақымдану ауырлығын айыруға ұлғайтылған сәулеленудің биологиялық нәтижесі-барлық мөлшер сомасының 50%-ті-алынады. Сондықтан адам организмі бір мезгілде сіңірген және ұлғайтылып сәулеленуге түскен мөлшерін қатаң қадағалап өтыру керек. Бұрынырақ айтылғандай алғашқы радиацияға (өткіш радиация) шалдығу қауіпі негізгі нейтрон қарудан және жер үстіндегі ядролық жарылыстан төнеді. Сәуле ауруы адамның инфекцияға қарсы тұратын қабілетін (иммунитетін) пәсеңдетеді.

 

Радиобелсенді бұлттан түскен және жерде пайда болған (сіңген радиация) радиобелсенді өнімдер (шамасында 36 элементтерінің 200-ге жүық тұрақсыз изотоптар) радиобелсенді заттар (РЗ) деп аталады. Радиобелсенді заттардың түсі,дәмі, иісі адамға білінбейді. Қуатының әр мың тоннасына шаққанда 37 грамм осындай өнімдер шығады екен, бұлардың белсенділігі 3000 т радийдің гамма-сәулеленуіне тең болады. Бірақ зақымдану деңгейі шұғыл төмендеп отырады. Радиация деңгейінің (Р^) басылуы американдық ғалымдары Вей және Вигнер ашқан заңына қарай мынау формулаға тәуелді:

                                                   Рt=P1t,

Р1 - жарылыстан кейін бір сағат өткендегі радиация деңгейі (рад/сағ);

t - жарылыстан кейін өткен уақыт (сағ.)

          Уақыт 7 есе өткен сайын ол 10 есе шөгеді ("7-10" деген заңы). Мысалы жарылыстан 1 сағат өткенде белсенділік 100% - деп саналса, 7 сағаттан кейін ол 10% ал 49 сағаттан кейін 1%-тін құрайды.

          Чернобыль АЭС қирауында бұл заң басқаша болды, яғни радиация деңгейі төмендеуі "7-2" деген заңға саяды. Радионуклидтердің басым саны, жартылай ыдырау мерзімі қысқа болғандықтан, алғашқы бірнеше ай ішінде ыдырап таусылады. Ұзақ тұратындардан қалғаны

(-және - белсенділерге жататындар): церий - 144, Т1/2=284 тәулік; цезий -134, Т1/2=2 жыл; цезий-137, Т1/2=30 жыл, стронций - 90, ТІ/2=28 жыл. Барлық радионуклидтердің әсері (қосып есептегенде) шамада 10 жыл арасынды орын алады деп күтілген. Алюминийдің жартылай ыдырау мерзімі Т1/2=2,3 мин, марганецтің - Т1/2 =2,6 сағ., 24-натрийдің - Т,/2=15 сағ. 235-уран, 239-плутоний сияқты реакцияға қатысып үлгермеген әлементтердің жартылай ыдырау мерзімі ұзақ болғантықтан (235-уранның Т1/2=6,85 108 жыл) олардың радиация деңгейіне үлесі өте шамалы. Радиация деңгейі зарарданған аумақта Ампер/килограм өлшенеді (А/кг), 1Р/сағ=7,17 10"8 А/кг, яғни ол белгіленген уақыт мерзімінде шарпу мөлшерін көрсетеді. Радиация деңгейі 0,5 р/сағ шамасынан жоғары болған жағдайда ол жер зақымданған болып есептеледі. РЗ-дың басым массасы алғышқы 10-12 сағатта бұлттан түсіп үлгереді. Зарарданған жер аумағы жел бағытына қарай созылған эллипс тәрізді формасын алады (егер жел бір келкі болса). Оны елестете 4 зонаға бөлуге болады: Г-зонасында РЗ-дың толық ыдырауынан шыққан шарпу мөлшері (Д ) 40,0 Гр-ге тең (4000р); жарылыстан бір сағат өткендегі зона шетіндегі радиация деңгейі Р^ВОО р/сағ., бүкіл бұлт ізінің ауданынан алатын үлесі А=7%; В-зонасында-Д ~12,0 Гр(1200Р), Р1=240 р/сағ., А=13%; Б- зонасында -Д ~ 4,ОГр(400р) Р,=80р/сағ, А=20%; А-зонасында-Д -0,4 Гр(40р), Р!=8р/сағ, А=60%. Жарылыстан бастап саналған белгілі уақытта (і^өлшеген деңгейі (Р^ар) жэне Д бір бірімен байланысты Д =5РЬар1зар. Толық шарпу мөлшерінің 50% бірінші тәулікке келеді, 7%-екінші, 3%-үшінші тәулікке, ал келесі тәуліктерде 2%-тен. Сондықтан радиобелсенді зақымнан мұқият түрде алғашқы үш тәулік арасында қорғану қажет, бұл уақыт аралығына шарпу мөлшерінің 60%-ті саяды.

          Қорғану әдістерін жүзеге асырғанның өзінде сәуле ауруына шалдыққандардың 20% бірінші дәрежелі, 20%-екінші, 30%-төртінші дәрежелі болып шығады (орташа шамалаған есеппен). Осылардың 50%-ті 2-3 аптадан кейін емделу үшін емханаға жатқызылуы керек. Жарылыстың кезінде немесе РЗ-мен ластанған ауданнан радиацияны қабылдау себебінен туындаған сәуле ауруының клиникалық көрінісі бірдей. Ядролық жарылыс себебінен зарарданған жердің формасы эллипс тәрізді болуы міндетті емес. Егер жел бағыты жылдам өзгеріп тұрса, радиобелсенді бұлттың қимылы да бір қалыпты болмайды. Адамдар сыртқы гамма-сәулелену шарпуына түсуімен бірге РЗ-дың денеге жабысуға, тыныс алу жолдарымен ағзаға өтуге, тамақ, су арқылы ішек-қарынға түскенге байланысты сәулеленеді. Алайда бұл факторлар сыртқы гамма-сәулеленуге қарағанда шіли маңызды емес көрінеді.

Тек сүтпен және сумен бірге өткен 131-йод изотопы қауіпті болып саналады, өйткені ол қалқанша безде жиналады. Табиғат РЗ-мен ластануы атом электр станциялары талқандалып қалғанда да немесе өздігінен атылған кезде де болады. Ондай оқиға болды да. Ол белгілі Чернобыль АЭС-ның апаты (1986ж). АЭС-ның жұмысы да ядролық реакциялардан шығу энергиясын пайдалануға негізделген, алайда энергия шығару эдісі жарылыс түрінде емес, керісінше баяу қалпында өтеді және авария себебінен таралған радионуклидтердің құрамы біраз өзгеше келеді. Чернобыль апаты жағдайында радионуклидтердің (РЗ-дың басқаша атаулысы) жан-жаққа таралуы ұзақ мерзімге созылды және осы уақыт арасында ауа райы құбылмалы болып зарарданған зоналардың формасы желпеуіш тәрізді қалыптасты. Радиация деңгейі РЗ-дың құрамына байланысты 7 есе ұзарған уақыт сайын 2 есе басылып отырды. Дегенмен бір жыл өткеннен кейін радиация деңгейі 55 есе азайды. ЧАЭС аймағындағы ел-мекендерден халық түгел көшірілді, ауыл-шаруашылық өндіріске жердің 2 млн. гектар көлемінде тыйым салынды, өйткені оның бәрі зарарданылды деп саналған. Орманның 400 га ауданы сарғайып шықты.

 

СӘУЛЕ АУРУЛАРЫ. ЖІТІ СӘУЛЕ АУРУЫ.

 

          Сәуле шарпуы жасуша құрамына кіретін атом мен молекулаларды иондап қалыптасқан заттар алмасу процессін бұзады. Сонымен клетканың тіршілігін өзгертіп адамды сәуле ауруына шалдықтырады. Аз мөлшермен ұзақ сәулеленуге ұшырағанда созылмалы сәуле ауруы өршеленеді. Оны сәулеленуге ұшыраудың жиынтық мөлшері және сол мөлшердің ағзаға таралу сипаты бойынша, бүкіл дене мүшелері мен жүйкелер қызметінің бұзылуы арқылы анықтауға болады. Созылмалы сәуле аурудан ішек-қарын қызметі бұзылып, қызыл иектен, мұрыннан қан кетеді, сүйектері ауырады.

          Сырттай сәулелендіруден өрістейтін жіті сәуле ауруы (ЖСА) ерекше қауіп туғызады. Ауру барлық мүшелер мен жүйелер қызметінің бұзылуына негізделе дамып орталық жүйке жүйесі, қан жасау жүйесі, асқазан жолының зақымдануымен қалыптасады.

         ЖСА-ы сәулеленуге бір дүркін ұшыраған кезде 100 рентген мөлшерден бастап білінеді. Сәулеленуге ұшыраған адам алғашқы кезеңде оны сезбейді. Шарпу мөлшері бір мезгілде 5000 Р-нен асқан кезде ЖСА күрт дамиды, оның жасырын мезгілі болмай, организм алғашқы күндерінде-ақ өледі.

         ЖСА-ның 4 мерзімі болады:

-   бірінші мерзімде организмнің алғашқы реакциясы бірнеше сағаттан үш тәулікке созылады; адам тез арада әлсіреп қалады, жүрегі айнып құсуы мүмкін, артерия қысымының ауытпалығы білінеді. басы ауырады, көңіл-күйі төмендейді;

- екінші мерзімі (латент мерзімі) 2-3 аптаға деін созылуы мүмкін, бірақ неғұрлым шарпу мөлшері көп болса, соғұрлым мерзім қысқа; адам өзін уақытша сауықтанып қалғанын сезеді, сонда да тамаққа тәбеті төмендеп, ұйқысы бұзылады, аздап терлеуі сақталады, қан құрамы өзгере бастайды;

-  үшінші мерзімде, температурасы көтеріледі, ішкі ағзаларға және теріден сыртқа қан ағуы басталып, қан қысымы төмендейді, шашы  түсуі   мүмкін;   қан  үйысуы  бұзылады,   жалпы  организмнің қорғаныс күштері бәсеңдеп инфекциялық және басқа ауруларға жол ашылады; қанның жалпы қағындысы дамиды, дене өте әлсізденеді;

- төртінші мерзімі (сауығу мерзімі). Шарпу мөлшеріне қарай ден-саулықтың толық қалпына келу уақыты созылыңқырап келеді. ЖСА-мен бірге сәуле күйіктері де болуы мүмкін. Күйіктердің бүл түрлері тереңде   жасырын   түрде   дамып,   бұлшық   еттердің,   сүйектердің жансыздануына соқтырады. Және ЖСА-ның 4 дәрежесі болады:

- бірінші дәрежесі денеге радиацияның мөлшері Д= 100-200 рад. шамасында енген кезде өтеді, бұл жеңіл дәрежесі. Жасырын мерзімі 3-5 апта. Қан құрамында лейкоциттер саны азаяды, еттерге оттегі жетіспейді, инфекциялық аурулары асқынуы мүмкін;

- екінші дәрежесі (орташа дэрежесі) Д=200-400 рад; алғашқы 2-3 тәуліктерде организм күшті реакциясын көрсетеді. Жасырын мерзімі 15-20 тәуліктерге барады. Сырқау белгілері анық көрінеді. Жүйке жүйесінің функциялары бұзылады. Өлім шығыны 20%;

- үшінші дәрежесі (ауыр дәрежесі) - Д=400-600 рад; жасырын мерзімі 5-10 күнге созылуы мүмкін. Организмның алғышқы реакциясы айқын көрінеді. Ем көрсетілмеген жағдайда өлім шығыны 70-%-ке баруы мүмкін, адам инфекциялық ауруларынан не қан ағу салдарынан өледі. Емделу нәтижесінде денсаулығы 5-6 айдан кейін дұрыстала бастайды. Үшінші дәрежеде қан денешектерінің (лейкоцит, эритроцит, тромбоцит) саны қатты азаяды;

-         төртінші дәрежесі - Д>600 рад, адамды әдетте қазаға соқтырады.

 

СӘУЛЕЛЕНУ ШАРПУЫНА ТҮСКЕН АДАМДАРҒА КӨРСЕТЕТІН АЛҒАШҚЫ КӨМЕК

 

         Радиация деңгейі жоғары болған жерде көмекшілердің радиацияға ұшырау қауіпінен сақтану себебінен тұрғын халыққа алғашқы медициналық көмек көрсетуі қыиндыққа соғады. Мұндай жағдайда зардап шегуші адамдардың өзіне-өзі және біріне-бірі жәрдем көрсетіп зақымданған территорияда мінез-құлық, тәртіп ережелерін сақтаудың маңызы өте зор. Мысалы жерге жатуға болмайды, су көздерінен су ішуге, тамақтануға рұқсат етілмейді.

         Радиация деңгейі төмендегенде ғана зақымдау ауқымында зардап шеккендерге көмек толық көрсетіледі.

Алғашқы көмек көрсеткенде ең алдымен адамға радиацияға қарсы арналған антидот беріп, сәулелену шарпуын тоқтатады, яғни науқастың денесінің ашық жерлерін, бетін антихимиялық пакеттегі ерітіндімен сүртеді, противогаз кигізеді, киімінен шаң-тозаңды қағады және керек болса алғашқы медициналық көмектің қажетті түрлерін көрсетеді (жараны таңады, қан тоқтатады, жақтау қояды, т.б.). Сонан соң зардап шеккенді зарарданбаған жерде орналасқан медициналық мекемеге не қорғаныс ғимаратқа апарады (мүмкін болса зембілмен тасымалдайды). Жіті сәуле ауруды емдеу шараларын тек мамандар өткізе алады. Науқасты жақын арада емханаға апаралмайтын жағдайда оны күтуге тура келеді; оған жалпы мына шараларды қолданады. Күшті сәуле шарпуына шалдыққан адам сәуле ауруының бірінші кезеңдегі белгілерін көрсете бастайды, сондықтан оның төсекте жатқаны жөн және оны көп немесе жағымсыз түрде қозғалтуға болмайды. Жатқан бөлме қараңғылау, тыныш, ауа температурасы 18-20°С шамасында болуға тиіс, науқасты салқындатып алмауға тырысу керек. Құсуды тоқтату үшін аэрон немесе аминазин таблеткаларын 1-2 рет береді, қан құсуда мұз бөлшектерін жұтқызады. РЗ су немесе тамақ арқылы организмге өтті деген күмән болса ауруға адсорбенттердің біреуін береді (активтендірілген көмірдің 25-30 г., күкірт қышқылды барийдің 50г, сары топырақтың 25-30 г сайодиннің 1-3 г қоса) да артынан су ішкізеді. Адсорбент РЗ-ды өзіне байлап қанға сіңуді азайтады. '15-20 минут өткен соң 2-3 л су ішкізіп асқазанын құсу арқылы шаяды. Аяғында ішін өткізетін дәрі береді - бұл әдіс РЗ-ды организмнен дереу шығару мақсатында қолданады.

        Науқасқа кеңінен әсер келтіретін антибиотиктер және шоктан сақтайтын аурусыздандыратын (ауыр жарақат, күйіктер болған кезде) дәрілерді береді. Тамақтану жағынан ешқандай арнайы шек қойылмайды, тек тамақтың жеңіл, бірақ қуатты, оның құрамында белок, А,С,В-тобының витаминдері болғаны дұрыс. Тамақ аз мөлшерден жиі-жиі беріледі, организмге сусындар –сәл тұздалған су, шырындар және т.б. жағымды боп саналады.

         Емханада науқастар 4 санатқа бөлінеді: бірінші санатқа жедел көмекке мұқтаж болғандар (қабылдаған шарпу мөлшері 400-600 рентген және одан да көбірек), екінші - емдеу шараларды кідіртуге болатындар (400 р-ге дейін), үшінші - екі аптаға дейін емді керек етпейтіндер (250 р-ге дейін), төртінші санатқа шарпу мөлшерін 1000 р-ге жуық немесе одан да жоғары сіңірген науқастар жатады. Сәуле мөлшерін білу үшін дәрігерлер организмнің алғашқы реакциясына қарайды.

        Жіті сәуле ауруымен бірге әрине қосымша жарақаттар (қан кету, күйю, т.б.) да есепке алынады.

 

РАДИАЦИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ АСПАПТАРЫ

 

        Радиобелсенді заттардың иісі, түсі жоқтығынан, көзге көрінбейтігінен адам өздігінен олардың барын-жоғын біле алмайды. Тек арнайы аспаптар арқылы жердің, судың, азық-түліктің, ауаның, әр түрлі заттардың зарарданғанын зерттеп, радиация деңгейін өлшеп анықтауға болады. Ондай аспаптарды қолдана отырып барлаушылар зарарданған территорияны барлауға кіріседі, сонан соң ол жерде тіршілік ету мүмкіншілігін не болмаса зияндығын, қауіптілігін анықтап шешеді. Аталған салада арнайы аспаптар қолдануда, олардың кейбіреулерінің жұмыс істеу принципі радиацияның атомдарды иондау қасиетіне негізделген. Иондарға бөлінген ауа молекулалары ауаның электр тоқты өткізу қасиетін келтіреді, яғни оны электрөткізгіштік теп атайды.

 

 

Электрөткізгіштігі көтерілген ауа орналасқан камераға екі жағынан кернеу берілсе, онда жүйе арқылы ток жүреді. Енді токты өлшейтін микроамперметр қоссақ қарапайым радиация деңгейін өлшегіш (аспап) жобасын елестетуге болады. Міне осындай принцип бойынша істейтін ДП-5В атты кеңінен қолдаыылып келеді. ДП-5В атты аспабы гамма-радиацияның деңгейін өлшеуге арналған, яғни онымен 0,05 мр/сағ мен 200 р/сағ аралығындағы радиация деңгейін білуге болады. Аспап қақпасы бар қорапта орналасқан, айналаны зерттегенде оны бекіту баулары арқылы ыңғайлап адам мойынына асып алады, сөйтіп ұзартқыш таяқтың басына бекітілген сәуле қабылдаушы блогін зерттеліп тұрған заттқа жақындатады. Радиацияның деңгейін микроамперметр көрсетіп тұрады, қараңғы кезеңінде оның көрсеткіщіне жарық түсіруге арналған тетігі қасында. Микроамперметрдің өлшеу сапасына қарай көрсеткіші 6 сатыға бөлінген және сатыларын өзгертіп отыру үшін арнайы ауыстырғыш қарастырылған. Әр зерттеу алдында көрсеткіш тілін нольмен теңестіретін тетікті басу керек. ДП-5В аспабының салмағы 3,2 кг, кернеу беретін КБ-1 батарейдің үш данасы қораптың табанында орналасқан, ал олардың күші аспап үзілмей жұмысқа қосылып тұрғанда 55 сағатқа жетеді. Жалпы, ДП-5В аспабын пайдалану тәртібі қораптың ішіндегі нұсқауда дәлірек берілген.

 

 

        Автомобильдерге, және басқа жылжитын техникаларға орналастыру және бақылау істерін атқару үшін ДП-ЗБ деген аспаптың түрі арналған; оның жұмыс істеу принципында және құрамында ДП-5В прибордан айырмашылығы көп емес. Өлшеу қабілеті 0,1 р/сағ. мен 500 р/сағ. шектеледі.

        Адам денесіне қабылдап алған радиация мөлшерін біліп түру үшін жеке радиация өлшегіштер дайындалған - олар: ИД-11, ИД-22, ДП-22В (ДП-24) және басқарлары. Пайдалануға ыңғайлы,киім қалтасына сиятын бұл аспаптар белгілі уақыт аралығында адамның толық алған шарпу мөлшерін көрсетіп отырады. Сондықтан адам шектелген шарпу мөлшерді денесіне өткізбеу үшін осы аспаптармен өзін-өзі қадағалап жүреді.

 

 

РАДИАЦИЯ ӘСЕРІНЕН ҚОРҒАНУ ТӘРТІПТЕРІ.

 

        Радиация әсерінен қорғану белгілі бір тәртібіні мақсаты-халықты, жұмысшыларды, АҚ-тың әскери емес жасақтары құрамындағы қызметкерлерді радиация қауіпі бар жағдайда сақтандыру, радиацияның шарпу мөлшерінің белгіленген шамадан аспауын қадағалау болып табылады. Осыған орай әр-түрлі қимылдарға регламентация салынады.

        Бұл тәртіптер нақты жағдайларға байланысты болғандықтан алдын ала есептеліп дайындалады. Қазіргі кезде сегіз типтік (үлгі) қорғану тәртіп әзірленіп ұсынылады:

        1-3 - жұмыс істемейтін тұрғындар үшін;

        4-7 - шаруашылық объекті жұмысшылары мен қызметкерлері үшін;

        8 - АҚ- тың әскери емес жасақтарының құрамдары үшін. Бейбіт кезінде негізгі қорғау тәртібі - халықты көшіру-іске қосылады (мысалы Чернобыль АЭС апаты болғанда пайдаланды).

 

     Жоғарыдағы аталмыш тәртіптердің әрқайсысы үш кезеңге бөлінеді:

        1 - радиациядан қорғайтын паналарда (РҚП) болу уақыты;

        2 - қорғаныс паналар мен кәдімгі ғимараттарда болудың алмасу кезеңі;

        3 –тәулігіне бір-екі сағатқа ашық ауаға шығуы мен кәдімгі ғимараттарда   болуы   мен   үйлестіру   кезеңі   (қорғаныс   паналарда үзіліссіз, ұзақ уақыт болуын адамдар ауырсынады, сондықтан оларға қысқа мерзімге ашық аулаға шығуға рұқсат беріледі).

        Қорғаныс паналардың және басқа ғимараттардың өздеріне тән радиацияны әлсірету коэффициенті (Кәлс) болады. Ол ғимараттардың ішінде ашық даламен салыстырғанда радиация деңгейі неше есе төмендейтінін көрсетеді.

       Қорғану тәртіптерін түсіндіріп көрсетуі:

       №1 - ауыл тұрғындары үшін, ағаш тамдардың Кэлс=2, РҚП-дың Кэлс = 50 (жабылған жыралар, жертөлелер);

      №2 - бір қабатты жер тамдардағы тұрғындар үшін кірпіш, тастан соғылған үйлердің Колс=10, РҚП=50;

      №3 - қала тұрғындары үшін, көп қабатты үйлердің Кэлс =20-30, РҚП-дың Кэлс =200-300 (көп қабатты үйлердің төлесі);

       №4 - ағаш құрылыстарда Кэлс =2 орналасқан Шаруашылық объектіде (ШО) істейтін жұмысшылар үшін, РҚП-дың Кэлс =20-50;

        №5 - бір қабатты, кірпіштен жасалған ғимараттарда орналасқан ІНО-де (Кэлс=10) істейтін жұмысшылар үшін, РҚП-дың Колс=50-100;

        №6 - бұл тәртіп № 5- ге ұқсайды, бірақ РҚП-дың Кзлс =100-200;

        № 7 - бұл тәртіп № 5 - ұқсайды, бірақ РҚП-дың Кэлс 1000;

        № 8 -АҚ-тың әскери емес жасақтары құрамы үшін; құтқару және авариялық қалпына келтіру жұмыстары барысында бұл қорғану тәртібі еңгізілуінде келесі ережелер көзделеді;

        -радиация деңгейі биік жерде адамдардың болу уақыты қатал қадағаланады;

        -жұмыстар алмасу тәртібімен (смена ретімен) жүргізіледі; адамдар   қабылдаған   радиация   шарпу   мөлшерін   бақылап отырады;

        -жеке қорғаныс құралдарың, медициналық қорғаныс құралдарын және техниканың, ғимараттардың қорғаныс қасиеттерін пайдаланады.

        Қорытып айтқанда аумақтың радиобелсенді заттар арқылы ластануы халықтын жүріп-тұруына, құтқару және кезекті күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге едәуір қиыншылықтарды туындатады.

        Қорғану тәртіптерін орнымен пайдалану, төтенше жағдайларда жетекшілер уақтылы шешім қабылдау үшін алдын ала арнайы жасалынған кестелер және графиктер қолданылады. Мұндай кестелерде ғимараттардың радиациядан қорғайтын қасиеттері, аумақтағы радиация деңгейі, белгіленген, рұқсат етілген дозалар, т.б. мәліметтер есепке алынады.

        Қорғану тәртіп Азаматтық қорғаныстың бастығы бұйрығымен еңгізіледі, сондай-ақ тоқталады: алдымен ТЖ туралы хабар берісімен жұмысшылар РҚП-ға жасырынады, ТЖ барысында объектідегі радиациялық жағдай барлау әдістерімен анықталады, осыдан кейін радиация деңгейіне байланысты қорғану тәртіптің нөмірі белгіленеді.

        Адам, техника, жабдықтар, киімдер және басқа заттарға радиометриялық бақылау жасау үшін арнайы приборлар көмегімен (үлгісі, ДП-5 аспабы) олардың сыртындағы радиация деңгейін өлшейді (мр/сағ.). Азық-түлік өнімдері, су, малға беретін жем-шөп қаншалықты ластанғанын білу үшін, оларды радиометриялық лабораторияларда тексеріп, радионуклидтердің меншікті белсенділігін өлшейді (Ки/кг,Ки/л).

Радионуклидтердің белсенділігі Кюри (Ки) және Беккерель (Бк) бірлік өлшемдерімен көрсетіледі - СИ: 1 Бк=1 ыдырау/секундта, 1 Ки=3,7 1010 Бк. Осыдан, заттардың бетіндегі белсенділігі - Бк/м2, көлемді белсенділігі - Бк/м3, меншікті белсенділігі - Бк/л бірліктермен өлшенеді.

         Тұрғындардың қалыптасқан жағдай күндерінде жыл сайын қабылдап отырған радиация шарпу мөлшері шамалап есептегенде төменде көрсетілгендей болады екен:

         -ғарыш кеңістіктен келетін радиация - 0,03 бэр - 13,9%; жердің табиғи радиация көздері - 0,04 бэр - 18,6%; радон ыдырауының өнімдерінен:

         -көбінесе жабық үй-жайларда болған кезде - 0,06 бэр-27,2%; үй-жайлардан тыс жерде - 0,02 бэр - 10%; азық-түлік өнімдерінің өздігінен болатын радиобелсенділігінен (ішкі радиация шарпуы) - 0,037 бэр - 17,2%;

         -медицинада       қолданылатын       радиодиагностика       және радиотерапия әдістерінен - 0,025 бэр - 11,6%;

         -қосымша радиация көздері (теледидардан, ұшақтарда жүру т.б.) - 0,00Ібэр-0,5%.

         Осының бәрін қосқанда адам жылына 0,213 бэр радиация шарпу мөлшерін алады; басқа мәліметтерге қарағанда орташа шарпу мөлшері 0,5 рентген құрайды.

         Барлау кезінде радиация деңгейі 0,5 р/саг. көп болғаны байқалса (жер бетінен 0,7-1 м биіктікте өлшенеді), бұл маңайда жер радиация жағынан зақымдалған болып есептеледі.

         Үй ішінде радиация деңгейі 90 мр/сағ аспауға тиіс.

         Соғыс кезеңінде рұқсат етілген радиация шарпу мөлшерін сәл көтеріп белгілейді: алғашқы 4 тәулікте - 50р, 30 тәулікте - 100 р, 3 ай арасында - 200р, бір жыл уақыт мерзімінде - 300 р.

 

ЯДРОЛЫҚ ЖАРЫЛЫС ПАРАМЕТРЛЕРІН БОЛЖАУ.

 

         Ядролық жарылыстан туындаған радиациялық жағдайды болжау үшін келесі мәліметтерді білу қажет: ядролық жарылыстың қуаты (q, кт), болған уақыты, координаттары, желдін бағыты мен жылдамығы.

         Желдің параметрлерін метеостанциялар біліп хабарлап отыруға тиіс. Желдің бығыты мен жылдамдығын жер бетінен 0-2, 0-4, 0-6, 0-8, 0-10 км биіктікке дейін, яғни радиобелсенді бұлттың көрерілуіне байланысты, анықтау керек.

         Жарылыстың параметрлерін қарапайым тәсілдермен зерттеуге де болады. Мысалы :

        - жарылыстың дыбыс толқыны  1   км қашықтықты  3  секунд аралығында өтеді;

         - егер саңырауқүлақтың шаң бағанасы (аяқшасы) шатырымен қосылып тұрса, бұл жер үсті жарылысы болғаны;

         - аяқшасы шатырды қуып жететін жағдайда жарылыс биіктігі Н 20, м;

         - егер аяқшасы шатырды қуғанымен оны жетпесе, онда - Н   20,м.

         Осы екі соңғы жарылыстар - әуе жарылыстары деп саналады, бұлар жердің радиобелсенді ластануына көп ықпал етпейді.

         Радиобелсенді бұлт өз биіктігіне 8-9 минут аралығында көтеріледі және бұл уақыт жарылыстың қуатына байланысты емес. Жарылыстың қуатын анықтау үшін һ/<1 қатынасты шамалап өлшеу керек. Бұл жерде һ - жерден алғанда бұлттың жоғарғы шетінің биіктігі; <1 - өз биіктігінде тұрған бұлттын көлденең диаметрі. һ жэне d параметрлерді линейка арқылы анықтауға болады (қолды созып ұстағанда).

         Қатынасы мен жарылыс қуатының арасында шамалаған байланыс байқалады екен:

 

h/d

5

2,5

1,5

1,0

0,9

q,кт

1

10

100

1000

10000

       

         Радиобелсенді ластану зоналардың өлшемдері анықтамалар арқылы табылады, оларды "Азаматтық қорғаныс " штабтарда нақтылайды.

          Радиация шарпуының басым дозасы бірінші тәулікке келеді (50%), алғашқы бес тәулік арасында ол 60% жетеді, ал бір айда - 70%.

 

ХАЛЫҚТЫҢ ЯДРОЛЫҚ ЖӘНЕ РАДИОБЕЛСЕНДІ  ЗАҚЫМ ОШАҒЫНДА ЖҮРІП-ТҮРУ, ӘРЕКЕТ ЕТУ ТӘРТІБІ

 

         Халықтың ядролық зақым ошағында тірлік жасайтын тәртібі жарылыс кезінде паналау орындарында немесе олардан тыс жерлерде болуына байланысты белгіленеді. Қорғаныс ғимараттарға паналанғандар, онда белгіленген тәртіпті, қызмет көрсетуге жауапты қызметкерлердің талаптарын орындауға міндетті.

         Қорғаныс паналарға келген адамдар өздерімен бірге жеке қорғаныс құралдарын әкеліп, оларды пайдалануға дайын ұстап тұру керек. Бұл жерде болуының ұзақтығы және басқа ережелерді азаматтық қорғаныс штабы сол жердің радиобелсенді зақымдану дәрежесіне байланысты белгілейді. Штаб мәліметтерді хабарлап қорғаныс шаралары жөнінде жарлықтар беріп отырады. Паналау ғимараты орналасқан жерде ядролық жарылыстан кейін 1-сағат өткен уақытта радиация деңгейі 240 р/сағ. - ге жуық немесе одан көп болса бұл жерде үш және одан да көп туәлік, 80 р/сағ-нен 240 р/сағ-ге дейін -үш тәулікке дейін, 8 р/сағ-Мен 80 р/сағ-ге дейін -бірнеше сағаттан бір тәулікке дейін жасырыну керек. Сондықтан паналай жерге келу алдында 4 тәуліктен кем емес уақытқа жететін тамақтың қоры, адам басына бір тәулікке судың 3 л жететіндей мөлшерін және дәрі-дәрмек, керекті заттарды қамдау (дайындау) керек.

        Мерзімі өткеннен кейін паналаушылар штабтың рұқсатымен үйлеріне көшеді. Ауаға шыққанда, әсіресе шаң жолмен жүргенде жеке қорғаныс құралдарын пайдалануы қажет. Үйлерден аса қажетті жағдайлар болмаса бірнеше тәулік бойы шығуға болмайды, соның өзінде үйден тыс жерлерде болуы тәулігінде 4 сағат аспауға тиіс.

 

Егер паналау ғимараты зақымданып, бүлініп қалса, онда да адамдар одан шығуға мәжбүр болады. Сол үшін штабтың шешімі бойынша, алдын ала ауданда барлау жүргізіліп, көшу жолдары (маршрут) белгіленеді. Ғимараттың негізгі шығу есігі (жолы) көміліп қалған жағдайда қосалқы есіктерден немесе төбесін бұзып шығады. Кей кезде адамдарды қорғану жерлерден мерзімінен ерте шығарып көшіруге тура келеді, өйткені жабық ғимаратта ұзақ отыру қиындыққа соғады. Осындай жағдайларда паналаушылар жеке қорғаныс құралдарды киіп ғимараттан ұйымдасқан түрде қызмет көрсету жасақтары бастығының бұйрығымен сыртқа шығады.

 

           Ашық жерде қалған адамдар ядролық жарылысы басталған заматта жарылысқа сыртын бере, бетін төмен қаратып, қолын бауырына алып жерге жату керек. Жасырылу үшін сай, ор, арық сияқты орындарды пайдалану керек. Соққы толқыны өткен соң 15-20 секундтан кейін орнынан тұрып дереу тыныс алу жолдарын қорғау мақсатында противогаз, респиратор, олар болмаса мақта —дәке таңғыш кию, немесе мұрын мен ауызды орамалмен, бөкебаймен таңып алған жөн, және киімдерінің шаң тозаңын қағып, тездетіп зақым ошағынан шығып кеткен дұрыс.

           Келесі жүріп-тұру ережелерін әркімнің білгені жөн. Радиацияның деңгейі уақыт өткен сайын төмендейді. Медициналық профилактикалық дәрі-дәрмектерді (антидоттар) сәуле шалдыққанға дейін, оған үлгермесе шарпуына шалдыққаннан кейін бірден қолдануы оның салдарын едәуір жеңілдетеді. Антидоттарды сәуле шарпуына түспеген адам да қолдануына болады. Зақымдалған территорияда темекі шегуді, ашық қалған азық-түлік пен суды ішіп, тамақ жеуге болмайды. Тамақ әзірлеу үшін ол жерде радиация деңгейі сағатына 1 рентгеннен, ал тамақ ішу орында сағатына 5 рентгеннен аспау керек. Зақым ошағынан шығар кезінде шаңдатпай жүріп, жайдақ суды айналып өткен жөн. Жарылыстың салдарынан осал болып қалған үйлерге жақындамай кең жолмен азаматтық қорғаныс барлау топтарының қойылған белгілері бойынша жүрген дұрыс. Жолшыбай кездескен зардап шеккен адамдарға қолдан келгенше көмек беруге әр кім міндетті.

           Ядролық зақым ошағынан шыққаннан кейін мүмкін болса барынша дезактивациялау және санитарлық өңдеуді жасаған дұрыс болады. Киім тазартылады (қағылады, жуылады) немесе толық ауыстырылады, адам денесін моншаға, душқа түсіп жуады, әйтпесе дененің ашық жерлері, көздері, мұрын мен ауыздары сумен шайылады. Су тапшы болған жағдайда дәке тампонды суға малып, дененің ашық жерлерін бірнеше рет ысқылап сүртеді. Ысқылау жоғарыдан төмен қарай жүргізіледі, оқтын-оқтын тампонды ауыстырып отырады. Қыстың күні киім-кешекті, аяқ киімді, қорғаныс құралдарын дезактивациялау мен санитарлық өндеуді зақымданбаған қарды пайдалануға, ал жазда санитарлық өндеуді өзенде немесе басқа да ағын суда жасауға болады.

Радиоактивтік зақымдау қауіпі тікелей төнген кезде немесе бұлттың көшу бағыттағы елді мекендер мен аудандарда мынадай шаралар жүзеге асырылады: жеке қорғаныс құралдары әзірленеді, паналау орындары дайындық жағдайына келтіріледі, өндірістік қызметін тоқтатпайтын кәсіпорындар ерекше жұмыс тәртібіне өтеді, ғимараттардың саңлаулары бекітіледі; арнаулы паналау орындары жоқ болған жағдайда тас үйлер мен жертелелер пайдаланылады; халық босқа жаққа көшірілуі де мүмкін ; радиацияға қарсы антидот ішу қажет болады; ауыл тұрғындары өздерінің малдарын ұзақ уақыт тұруға дайындалған қораларға айдап кіргізіп, есіктерді, қақпақтарды мықтап жабады; Сонан соң өздері тығыз бекітілген жасырын орындарға кіреді.

          Радиобелсенді зақымданған ауқымда қалған адамдар төмендегі мәлімметтерді білгені дұрыс:

          -үйлердің ішінде радиация деңгейі сыртқа қарағанда төменірек болады, өйткені үй қабырғарлары, төбесі сәулені өзіне ішінара сіңіреді. Сондықтан да жақын-жақын орналасқан үйлерде жеке тұрған ғимаратпен салыстырғанда радиация деңгейі төменірек болуға тиісті. Сәуле шарпуын азайтуға терезелерді, есіктерді, үй айналасын құм, топырақ салынған қаптармен қыштармен қалыңырақ қалап қойған жағдай дұрыс септігін тигізеді. Радиацияны молырақ сіңіретін материалдарға қорғасын, темір, бетон, құм, жер топырағы жатады. Гамма-сәулеленуге жақсы бөгет болалмайтындарға ағаш және органикалық денелер, су, қар сияқты жеңіл материалдар жатады;

         -радиация деңгейі радионуклидтер түсе бастаған сәттен 3-4 тәулікке дейін биік, келесі күндері ол төмендегенімен паналардан ашық далаға шығу мерзімі қадағалау керек;

         -сәуле шарпуы 300 метрлік айналадан келетіндіктен территорияны дезактивациялау онша пайдасын келтірмейтіні көрінеді;

         -уақытша жаңа сауылған сүтті ішуді тоқтатуға тура келеді, оның орнына кептірілген үнтақ немесе қоюланған сүтті (консервленген) пайдаланған жөн;

         -алғаш күндері калий йодидты таблетка түрінде жеу керек (300-600), ол қалқа безге тұрақты йод жинап, радиобелсенді йодқа жол бермейді (радиобелсенді зақымды 50-100 есе азайтады) ;

         -суды құдықтардын, артезиан құдықтардан бұлақтардан бірінші күннен-ақ бастап ішуге бола береді - ол су радионуклидтермен зарарданбайды; Ашық қоймалардың суын 7-10 күннен кейін (егер жарылыс қарбонатты қөмір қышқылды тұздар) жерде болса, бірнеше сағаттан кейін (егер жарылыс силикатты (минералдар, табиғи тұздар) жерде болса қолдануға болады;

         -азық-түліктің барлық түрі шаң-тозаңңан қорғау мақсатында ғимараттардың ішінде, жабылған ыдыстарда болуға тиісті; жиналмаған астық (мысалыға бидай дәні) қауіпті емес, өйткені ұн тартқан кезде тазаланады; жемістер, бақша өнімдер жуылғанда РЗ-дан тазаланады;                                                                                                                                 малдардың ас қорыту тыныс алу органдарынан басқа еттері тамаққа жарайды;

          -жел көтеріліп шаңдатқан кезде басты, мойынды, қолдарды жалпы дененің бәрін кәдімгі киімдер тығыз түймелеген, байланған қалпында РЗ-дан қорғайды - капюшонды плаштар, етіктер, қолғапткар; тыныс органдарды әдейі қорғау қажеттілігі жоқ, бұл жерден қабылданған радиация сыртқы радиациямен сыластырғанда 10 есе төмен болады;                    жиі-жиі ауыз, мұрын, көздерді шайып тұрған жөн, душ астында да шомылған РЗ-ды жуып кетеді; сабындап жуу қолдар, дене терінің РЗ-дан тазалану деңгейін 10 есе көтереді; РЗ-мен зақымдалған ауқымда организмнің қорғану күштері төмендеуінен әдетте инфекциялы аурулар асқынуы мүмкін, сондықтан жеке гигиена ережелерін мұқият орындау керек;

         -үйдің ішіндегі радиация деңгейі 90 мр/сағ-нен көп болмауға тиісті; егер шаңмен бірге кірген РЗ радиация деңгейін көтерген болса мақта-дәке таңғыш киіп тұрғын үйді (жүмыс орнын) зарарсыздандыруға кірісу керек.

         Ғимарат төбесі, қабырғалары, есік, терезе, едені-бәрі сыпырғашпен сыпырылады (немесе шаңсорғышпен тазаланады, щеткамен), сабындалған жылы суға малынған дымқыл шүберектермен ысқылап сүртіледі. Еденді жуған кезде суға жуғыш ұнтақ құралдарды қосуға болады - олар РЗ-ды зарасыздандыра алмаса да саңлауларға кіріп кеткен топырақпен бірге қатып қалған жерден ерітіп шығаруды әбден жеңілдетеді. Ғимарат сыртына да шатырынан бастап осындай әдістерді қолдануға болады. Асфальт пен бетон беттері сумен жуылады.

 

ДЕЗАКТИВАЦИЯҒА АРНАЛҒАН ДАРУЛАР

 

           РЗ-дың әсерін жою үшін оларды әр жерден алып тастауға тырысады. Бұл мақсатта көбінесе су пайдаланады. Суға зарарсыздандыру заттар қосылады. Дезактиваңияға арналған дарулар РЗ-ды жуып алуда, жерді тазалауда едәуір нәтижесін көрсетеді.

Айдын-белсенді дарулар: СФ-2, СФ-2у ұнтақтары - біркелкі майда, қоңырлау түсті ұнтақ, суда жақсы еріді. Ерітінді дайыдау үшін, ұнтақты аз-аздан қосып суды араластырып тұрады. Көлік пен техниканы зарарсыздандыру үшін СФ-2, СФ-2у ұнтақтардың жазда 0,3%-тік ерітіндісін (1 м2 айдынға ерітіндіның 3 л мөлшері жұмсалады), ал қыста аммиакта 20-24 % -тік ерітіндісін пайдаланады. Ұнтақтар қағаз қалталарда 0,75 кг мөлшерінде, құрғақ жерде сақталынады.

 

         ОП-7, ОП-10 - даруларды зарарсыздандыру ерітінділерге қоспа ретінде ғимараттардың, құрылыстардың, жабдықтардың сырттарын тазалағанда қолданады. Кешен құрастыру заттар, қышқылдар, сілтілер: натрий фосфаттары, трилон Б, қымыздық және лимон қышқылдары, осы қышқылдардың тұздары.

Осы аталған даруларға РЗ-ды жою үшін жуғыш құралдарды, сабын, ұнтақтар да қосуға болады; жуғыш құралдар, суға қосылған ерітінді түрінде кір, ластанған жерлерді тазалау жұмысын жеңілдетеді.

 

ЯДРОЛЫҚ ЗАҚЫМ ОШАҒЫНДА ҚҰТҚАРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ ШҰҒЫЛ-ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

 

          Құтқару және авариялық-шұғыл қалпына келтіру жұмыстары әр түрлі зақым ошақтарында жүргізіледі және бұл жұмыстар азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттерінің бірі боп табылады.

 

Осы жұмыстардың мақсаты: адамдарды құтқару және зардапшегушілерге медициналық көмек көрсету, апаттардың кеңінен жайылмауын ұйымдастыру және құтқару жұмыстарына кедергі жасайтын жағдайларды түзету, әрі қарай жалғасатын қалпына келтіру жұмыстарға жағдай жасау.

          Зақым ошағында жүргізілетін құтқару жұмыстары мыналарды қамтиды:

         -жасақтардың жүру бағыттарын және жұмыс объектілерін белгілеу, барлау: барлау жұмыстар барысында да тоқтамай жүргізіле береді;

          -өрт сөндіру немесе оны шектеу;

          -зардапшегушілерді іздеу, оларды сыртқа шығару;

басылып қалған немесе бүлінген қорғау ғимараттарды аршу,                 паналаушыларды сыртқа шығару;

          -желдету жүйесі бүлінген қорғаныс ғимараттарға ауа өткізу;

          -барлық зақымданған адамдарға құтқарған сәтте алғашқы көмек көрсету, оларды емханаларға жеткізу;

          -халықты қауіпсіз аумаққа көшіру;

          -адамдарды санитарлық өңдеуден өткізу, территорияны және заттарды зарарсыздандыру. Үйінділер астында қалған әр мың адамдардың ішінен әр сағатта 50 адам өліп жатады екен, сондықтан жұмыстардың бәрін жедел де батыл жүргізу керек.

 

          Авариялық - шұғыл қалпына келтіру жұмыстары:

         -үйінділер мен зақымданған учаскелерде өтетін жолдар салу;

         -газ, энергия, су, сарқын сулар және технологиялық жүйелердегі аварияның жайылуына жол бермеу;

         -құтқару жұмыстарын жүргізуге кедергі болатын, құлағалы тұрған осал құрылыстарды бекіту немесе құлату;

         -ішінара бүлінген байланыс және коммуналдық - энергиялық жүйелердің істен шыққан жерлерін жөндеп, уақытша қалпына келтіру;

         -бүлінген қорғау ғимараттарды жөндеу;

         -жарылмаған қару-жарақтарды, жарылатын, уландыратын, немесе тез оталып кететін заттарды зиянсыздандыру.

       Жұмыстар үздіксіз, жан-жақты, толық аяқталғанша жүргізіледі. Олар АҚ бастығы шешімімен басталып, соның басқарумен жүреді. Бұл жұмыстарға еңбекке жарам барлық адам, бірақ негізі АҚ жасақтары, күштері және барлық ерлік жасақтар жұмылдырылады, олар екі немесе одан көп смена бойынша істейді. Әсіресе, ең алдымен барлау, құтқару, авариялық-техникалық, өртке қарсы, медициналық, инженерлік жасақтары іске қосылуы міндетті. Бұлар басқа қалалардан тартылуы әбден мүмкін. Жұмыстар барысында механикалық және техникалық құралдарды дұрыс пайдаланудың маңызы өте зор, өйткені қысқа мерзімде бұл көп көлемді жұмыстарды атқаруға мүмкіндік береді. Үйлерді аршығанда және өтетін жолдар салғанда қуатты бульдозерлер, коммуналдық және технологиялық желілерде авариялық жұмыстарды іске асырғанда экскаваторлар мен крандар қолданылады. Болаттан, ағаштан темір-бетоннан жасалған инженерлік құрылыстарды, бөренелер мен басқа бөлшектерді керосин, бензо-кескіштермен кеседі.

      Өте ауыр конструкцияларды көтергіш құрама блоктармен, бұрандалы домкраттардың көмегімен көтереді. Құлау қауіпі бар ғимараттардың бөліктерін шығырлармен, сондай-ақ жарылғыш заттармен құлатады. Тағы басқа жұмыстарда жылжымалы компрессор станциялары мен электр станцияларынан энергия алатын пневматикалық мото-электр аспаптары пайдаланылады. Коммуналдық-энергетикалық желілердегі аварияларды тоқтату кезінде, өрттерді сөндіргенде насостар мен басқа да сутартқыш құрадцар, бұрғылау қондырғылары, сүзгіш станциялар, автоцситерналар, су шашыратқыштар және ортке қарсы машиналар қажет болады. Өңдеу және қызмет көрсетуші құралдар-жөндеуханалар, жарық беру станциялар, машиналарға бензин және су толтыратын станциялар әркезде қызмет етуге дайын болуға тиісті.

         Құтқарушы мамандар үйретілген иттерді, өте сезгіш аппаратураны (инфрақызыл камералар, виброфондар, т.б.), байланыс құралдарды, қуатты, жарылыс шығармайтын шамдарды, өте бекем капрон жіптерді, шағын кескіштерді т.б. іске қосады. Ядролық жарылыс болған ошағында жүргізілетін жұмыстардың біршама ерекшеліктері бар екенін атап өткен жөн. Ең басты қиындылығы -радиациялық зақымдануының орын алғаны. Сондықтан, осыны есепке алып жасақтар белгілі қорғану тәртіптеріне сай жұмыс істейді. Зақымданған зоналардың кей жерлерінде жұмыстар бірден басталмауы да мүмкін.

Жоғарыда айтылған жұмыстардың кей біреулеріне кеңірек тоқтаймыз.        Барлаушылар, барлау топтары немесе шолғыншылар аймақта жаяу немесе көлікпен жылжып отыратын радиациялық және химиялық барлау жасайды, керек орындарда, жолдарда көзге көрінетін белгілер қойып жүреді, зарарсыздандыруға жататын учаскелерді айықтайды. Сонымен бірге олар бүлінудің түрін, адамдарды құтқару жұмыстарының кезектілігін және көлемін анықтап байланыс арқылы АҚ штабына барлау барысында хабарлап тұрады.

          Жылжу маршруттарын барлағанда үйінділердің түрлері, өтетін жолдар салудың анағурлым тиімді тәсілдері, жұмыс көлемінің аз болуы, су басқан учаскелерден өтетін айналма жолдар салу сияқты мәліметтер жинақталады. Радиациялық және химиялық барлау мен бірге өнеркәсіп орындарында қауіпті заттары бар сыйымдылықтар, улы газды жаюы ықтимал химиялық заттар құюлы ыдыстар туралы есеп жүргізіледі, жарылғыш әрі өрт шығарғыш қауіпті өнімдері бар объектілердегі техникалық қондырғылар мен құбыр өткізгіштерге айрықша назар аударылады. Уақытша сумен қамтамасыз ету үшін артезиан құдықтарының бөлістіргіш тараптарының техникалық жағдайы тексеріледі, басқа су көздері, су қашалары мен насос станциялардың құрылыстары және жабдықтары бүлінген жерлері, ашық жатқан су көздері қарастырылады.

         Барлау барысында егжей-тегжей жұмыстардың түрлері әрі көлемі, осыған орай қажетті күштер мен құралдар белгіленеді.

         Адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізгенде үйінділердің астынан адам табыла қалса, олармен байланыс жасауға және де мүмкіндігінше хал-жағдайларын білуге тырысады. Үйінділерді аршығанда сақтық шаралары қатаң сақталады, өйткені олар шөгіп кетуі мүмкін. Үйлердің жоғары қабаттарындағы адамдар (егер баспалдақ сатылары қираған болса немесе өрт кезінде) терезелердің тесігінен жиылмалы сатылармен, арқанмен шығарып жіберіледі. Түнде жұмыс істеу үшін электр жарығы беріліп тұрады.

        Жұмыстардың қай түрі болмасын олар ойдағыдай өтуі үшін көліктер ары-бері жүруге жолдар болу керек. Әсіресе бұл проблема үйінділер көп орын алған жерде пайда болады. Сондықтан үйінділерден өтетін жол салғанда объектілерге апаратын кең магистральді және қосалқы жолдар керек. Магистральді өтетін жол, әдетте ерсілі-қарсылы қозғалу үшін, ені 6-6,5 метрдей қылып жасалады. Ерсілі-қарсылы өтетін жол жасауға мүмкіндік болмаса қатар жатқан көшелерден бір бағытта өтетін екі жол жасалады. Жол салуда жұмыстың орындалу уақытын қысқартуға және жасақтарды өткізуді тездетуге мүмкіндік беретін техниканың ролі зор.

        Жарық беру, объектілерге электр энергиясын жеткізу үшін электр тораптары мен құрылыстарды уақытша келтіру шаралар қодцанылады - шамалы ғана бүлінген электр көздерді, трансформатор нүктелер мен төмен вольтты желілерді, жоғары вольтты желілерді жөндеуден басталады, жер үстімен жалғағыш кабельдер жүргізіледі. Қысқа уақыт ішінде электр жабдықтармен қамтамасыз ету мүмкін болмаса (әсіресе құтқару жұмыстары кезекті күттірмейді), онда мұндай жағдайларда жылжымалы электр станциялары мен энергопоездар пайдаланылады.

 

         Көшелерді, үйінділер астын т.б. су басып қалмау үшін негізгі су келетін қүбырларды жауып, айналмалы өртке қарсы шлангілер немесе металл құбырлар жер бетімен тартылады. Өте күшті су ағып жұмыстарға кесепат тигізсе оны ашық үлкен арықтар арқылы ағызады. Сондай-ақ газ жіберуді біржола алғаш уақытта тоқтату керек.

Үйлер мен ғимараттар осал болып, жарылып, жантайып қалып халыққа да, құтқару жұмыстарын іске асыратын жасақтардың адам құрамына да қауіп туғызатын болса олар әр түрлі әдістермен (шыншырмен трактор тартады, жарылғыш заттар пайдаланады) опырылып тасталынады немесе тіреуіштер және тарқыштар арқылы бекітіледі.

        Сумен қамтамасыз ету барысында суды қоршайтын, тазалайтын, сақтайтын және бөлістіретін алаңдар, судың сапасын бақылайтын нүктелер, техникалық қүралдар мен әрқилы материалдар сақталатын ерлер жабдықталады, олардың шекараларына сақтау белгілері іліп қойылады немесе қоршау салынады. Ыдыстар мен су алуға келген көліктерді зарарсыздандыру жер белгіленеді. Тұтынатын объектілерге су уақытша құбыр өткізгіштер арқылы немесе автгоцситерналармен және т.б. құралдармен жеткізіледі.

        Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында аймақта коменданттық қызмет ұйымдастырылады, ол қызмет адамдары, жасақтарды жұмыс істейтін орындарына кідіртпей жіберуді қамтамасыз етеді, олардың жылжуын реттейді, қоғамдық тәртіпті бұзушылармен және халық мүлкін талан-таражға салушылармен күрес жүргізеді.

Әрине жұмыстар өткізіліп жатқан аймақта бір қатар қауіпсіздік ережелерді сақтау керек. Бүлінген ғимараттарға кіруге, ашық от пен керосинді шамдарды пайдалунуға болмайды. Көп жерлерде тек жеке қорғаныс құралдармен ғана әрекет жасауға болады (мысалы, үйдің астындағы ұзақ уақыт жанған және сондықтан да көміртегі тотығы көп жиналуы ықтимал бөлмелерде). Газдың бар екенін тек қана арнаулы аспаптармен анықтайды, газ тораптарын жөндеу кезде түсті металлдан жасалынған немесе мыс жалатылған аспап қолданылады. Биікте істегендер және өрт сөндірушілер (өрттен адамдарды құтқарушылар) осындай жұмыстарға тән ережелерді әсте сақтау қажет. Нашар көрінетін жағдайда жұмыс істеу барысында ондай жер жарықпен қамтамасыз етілуге тиіс, кей кезде газды жарылысқа ұшыратпайтын шамдар пайдаланады. Барлық қауіпті учаскелерде мейілінше сақтық шартты белгілер орнатылуы керек.

          Азаматтық қорғаныстың медициналық қызмет жасақтары ядролық жарылыстың салдарынан әр түрлі жарақат алған адамдарға (ядролық зақым ошағында) көмек көрсетумен бірге радиобұлттың ізінде жатқан елді мекендерде бір қатар жұмыстарды атқаруға тиісті. Біріншіден, барлау жасалынғаннан соң радиобұлттың ізінде радиациялық болжау есептеледі. Айтарлық, бұл болжауға жататын мәліметтер:

         -жарылыс сәтінен өткен уақыттың әр кезіндегі радиация деңгейі;  жергілік тұрғындардың алатын толық радиацияның мөлшері;

        - шектелген радиация мөлшері аспауына байланысты халықтың зарарданған аумақта тұруға болатын уақыты;

          -су және азық-түліктің зарардану деңгейі.

          Болжау мен бірге тұрғындарға жүріп-тұру ережелерін насихаттауы да медициналық жасақтардың міндеті.

          Екіншіден, медициналық жасақтар ядролық жарылыс зоналарында және радиобұлтың ізінде сәуле ауруына шалдыққан науқастарды айықтау және оларға медициналық көмек көрсететін ауыр халдегілерді емханаға жеткізу. Жеңіл дәрежедегі ауруларға көмек үйінде көрсетіледі.

          Радиобұлттың ізінде инфекциялы аурулар өрістейді, сондықтан үшіншіден, инфекциялы ауруларға, эпидемияға қарсы шаралар ұйымдастыру (негізі СЭС-ның міндеті):

         -үздіксіз эпидемиологиялық барлау жасап тұру, инфекциялы ауруға шалдыққан адамдарды ертерек айықтап алу, оларды оқшаулау:

         -су және азық-түлікке бактериологиялық бақылау жүргізу;

         -сәуле шарпуына түскен адамдарға иммунизация (ем салу) жүргізу;

         -халықтың бәрін айналаны зарарсыздандыру жұмыстарына жұмылдыру.

 

ХИМИЯЛЫҚ БАРЛАУ АСПАПТАРЫ

 

          Химиялық қару қолданылған аймақта барлау жүргізіледі. Улағыш заттардың бары-жоғын, бар болса олар қандай мөлшерде ауада, жер қабатында, техниканың бетінде тағы басқа жерде шоғырлануын анықтау үшін арнайы аспаптар қолданылады. Солардың бірімен, әскери химиялық барлау аспабы (ӘХБА) аталған (орысша ВПХР - войсковой прибор химической разведки) Азаматтық қорғаныс құрамдары қамданады. Бұл аспап зарин, зоман, иприт, фосген, көгерткіш қышқылы, хлорциан атты улағыш заттарды және ВИ-экс-тің буларын айықтауға көзделген. ӘХБА бір қорапта мынадай бұйымдардан жинақталған: үрлегіш, үрлегіштің саптамасы қорғағыш қалпақшаларымен қоса, кассеталарға орналастырылған индикаторлық 67 түтікшелер жылытқыш патрондарымен қоса, түтінге қарсы сүзгіштер, электр шамы, күрекше, патронды тескіш бігіз. Шыныдан жасалған индикаторлық түтікшелердің (ИТ) ішінде реактивпен толтырылған ампулалар және толтырғыш зат бар, ал сыртында белгісі көрсетілген. Қызыл белгісі бар ИТ зарин, зоман, ВИ-экс-тің, жасыл-фосген, көгерткіш қышқыл, хлорцианның, ал сарысы - иприттің барысын анықтауға арналған. ИТ он данадан үш кассетаға салынған. Жылытқыш салқын ауа-райы кезеңінде ИТ-ді жылытуға бейімделген.

        Жұмыс алдында аспаптың түгелдігін, бұйымдарының іске жарамдылығын тексеріп алу керек.

        Фофсорорганикалық заттардың (ФОЗ) барысын зерттеу үшін қызыл белгісі бар екі ИТ-ні алып, әрқайсысының екі ұшын сындырады. Бұл іске арналған үрлегіштің бас жағында арнайы кескіш пен кішкене шұңқырша ескерілген. Сонан соң түтікшенің жоғарғы ампуласын үрлегіштің сабында орналасқан бігізбен жарады да ИТ-лердің екеуін де 2-3 рет сілтиді; біреуін (тәжірибе түтікшесі) белгіленген ұшымен үрлегішке кіргізіп өзегінен 5-6 рет ауа өткізеді, екіншісінен (сынақ түтікшесі) ауа өткізілмейді; ИТ-лердің екеуінің де төменгі апмулаларын жарады, түтекшелерді сілтиді.

Сынақ түтікшенің толтырғыш аз уақытта қызыл түсін сарыға айналдырады. Егер осы уақыт бойынша тәжірибе түтікшенің толтырғышы қызыл түсті болып қала берсе - ол ФОЗ барын, ал түсін сарыға айналдырса жоғын білдіреді.

        Жасыл және сары белгіленген ИТ-лерді іске қосқанда да осы сықылды тәртіп ұсталады, тек толтырғыштарының өзгерген түсін кассетаның қабында көрсетілген эталонмен салыстырады, және түтікшелердің өзегінен ауа өткізу жиылығында да айырмашылығы болады.

        ӘХБА-мен жұмыс істеу тәртібі қорапшасының ішіндегі құжатында қысқаша берілген. Мысалы, үрлегіштің саптамасы техниканың, қару жарақтың улағыш заттармен ластанғанын, қорғаушы қалпақшалар - топырақты, түтінге қарсы сүзгіштер -улағыш заттардың түтінмен қосылғаның зерттегенде пайдаланылады. Химиялық барлау құрамдар ӘХБА-тан басқа да аспаптарымен қамтылады. Олардың арасында жартылай автоматтандырылған химиялық барлау аспабы (ЖАХБА) және автоматтандырылған газталдауыш (газосигнализатор) ГСП-11. Соңғысы УЗ-дың буларының ауада барысын үзіліссіз бақылау үшін химиялық барлау машиналарында орналастырылады.

          Халық шаруашылығында КӘУЗ-дың ауада барысын зерттеуге эмбебап газталдауыш УГ-2 пайдаланылады.

         УГ-2 және ӘХБА-ның жұмыс істеу принциптері бір.

         Өнеркәсіптік химиялық аспаптарға мыналары жатады:

"Колион-701" атты хлор газталдауыш; "Колион-1" атты аммиак, күкірт көмірртегі тағы басқа органикалық және бейорганикалық қоспаларды айыруға арналған газталдауыш; ЭССА-1, ЭССА-2, ОК-101, МТ-121 газталдауыштар реті бойынша алғанда аммиакты, хлорды, оттегіні, метанды айықтайды. Осылардан басқа Германияның "Дрегер" компаниясы шығаратын сапалы газталдауыштар бар.

 

КӘУЗ ЖӘНЕ УЗ-мен ЗАҚЫМДАНҒАН АДАМДАРҒА АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ

 

       КӘУЗ және УЗ-дан қорғану үшін әр-түрлі противогаздарды, респираторларды, дене қорғайтын арнайы киімдерді пайдалану керек, қорғаныс ғимараттарға жасырыну немесе биіктеу төбелерді таңдап алу, зарар ауданнан кету қажет. Егер осы шараларды жасап үлгермеген адамдар зиян заттардың ықпалына түскен болса, онда оларды құтқарып, оларға көмек көрсету керек.

       Бұл заттардың түрі де, қасиеттері де көп болғандықтан хабары жоқ адамдар оларды ажырата білмейді, оның үстіне, арнайы органдар "Химиялық қауіпі" дабылмен апат туралы хабарлап үлгермеуі де мүмкін. Сондықтан алдымен улы химиялық заттарға тән ерекшеліктерін, олардың қоршауымызда болу белгілерін көрсету қажет:

       -біріншіден, олар газ, сұйық, аэрозоль, тамшы түрінде пайдаланылады (УЗ), немесе апат кезінде төгіліп, атылып шығады (КӘУЗ);

       -екіншіден, иістері бейтаныс, күнде кездесе қоймайтын, көбінесе өткір, қышқыл, кей-кезде керісінше тәтті болып келеді;

       -үшіншіден, олардың түрлі түстісі, түтінді түрлері де кездеседі, адам ауызына бір-түрлі дәм келтіреді;

        -төртіншіден, тыныс алу органдарды, денені ашытып тітіркентеді;  кейбір сұйық түрлері тиіп кетсе көз бен теріні күйдіру де мүмкін.

 

Қауіпті жерлерден аулақ жүрген жөн. Ол үшін өмір сүріп тұратын маңайдағы КӘУЗ-ды өндіретін, пайдаланатын немесе көп мөлшерде сақтайтын кәсіпорындарды есте ұстау керек. Зиян заттарды ашық түрінде байқап қалған жағдайда, ол туралы адамдарға, азаматтық қорғаныс штабына, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерге, милицияға хабарлауға міндеттісіз.

          Уланып қалған кезде мынадай белгілер пайда болуы мүмкін:

          -көздің ашуы, жасы ағуы, күюі, қабағы аурлауы; адам жарықтан қорқу сезімі немесе жарықты ажыратамауы, көздің ісуі;

          -терінің күюі, ашуы, қышуы, ісуы, жаралануы, күлдіреуі, түсі өзгеруі (көгеру немесе қызару);

          -тыныс алуы қиындау, жөтелу, ауыздан көпіршік кету, тамақ жұталмауы;

          -бас айналу, ауру, жүректің айнуы, қатты соғуы, лоқсу, құсу;

жүйке жүйесі зақымданғанда қорқу сезімі пайда болуы, тынышсыздық, мас болуы, сал ауруға ұшырау, шайқалып жүру, үйқыға тарту, айнала заттар көзге қос түрінде көріну, елес пайда болуы;

          -жалпы   дененің  температурасы   қан   қысымдылығы   өзгеру, әлсіздену, естен тану.

         Зақымданған адамға көмек көрсету сатылары:

         Улы заттардың организмге сіңіуін тоқтату. Ол үшін антихимиялық пакетті қолданып адамның бетінен улы заттарды сүртіп тастау керек, противогаз кигізіп, дененің ашық жерлерің сүртіп, киімнің жағасын, жеңдерін тазалап қауіпті аймақтан алып шығу.

      

 Тасымалдаған кезде жергілікті пәс орындарды, тоннельдерді, сай, тоғай, ми батпақты айналып өткен жөн, өйткені ауыр улы газдар осындай жерде шоғырланып тұрып қалады. Күшті әсер ететін улы заттардың буы қаланың көшелеріне, сая-бақтарына, үйшатырының астына және подъездеріне шөгуі мүмкін.

       Жертөле сияқты жерлерге жасырынған адамдар противогазды шешпеу керек, себебі бұндай паналар улы заттардың сұйық тамшыларынан қорғайтынымен олардың буларынан сақтамайды.

       Зақым ошағынан шыққанда арнайы қойылған көрсеткіштер арқылы немесе желге бір қырын беріп жүру керек. Сонда да ақырын аяқ басып, жүгірмей, шаң көтермей, үйлерге сүйенбей, айналадағы заттарға, бұтақтарға тимей өтуге тырысу керек. Өсімдіктердің жапырақтары мен бұталарында улағыш заттардың тамшылары болады, олармен жанасуы адамның зақымдануына әкеп соқтыруы мүмкін.

        Денеге, киімге жұққан тамшыларды қағазбен, немесе қол орамалмен, шүберектермен сүртіп отыру керек. Противогаздардың әр-түрлі маркалары болатынын естен шығармау керек, кей бір улы заттарға қарсы қосымша сүзгіш қораптар беріледі.

        Қауіпсіз орынға жеткізе зардап шеккеннің ауыз-мұрын, көзін шайып, өзін санитарлық өңдеуден өткізеді (мүмкіншілігі болса душ қабылдатады), киімін ауыстырады. Көзді шаю үшін суды немесе соданың 2% -тік ерітіндісін қолдануға болады, вазелин майы 1-2 тамшысын көзге тамызуға да болады. Асқазанды, ішек-қарынды тазалау үшін қолдан құсқызады, іш-өткізетін дәрілік береді. Ішек-қарынға адсорбент еңгізеді - активтендірілген көмірдің, карболеннің 3-4 үлкен ас қасығын 200 мл суға қосып ішкізеді. Іш өткізу үшін натрий сульфаттың немесе магний сульфаттың 20-30 граммын 100 мл суға ерітіп ішкізеді.

        Зардап шеккен адамға жылы жағдай, таза ауа қажет, мүмкін қолдан тыныс беріп жүрегін басу немесе оттегімен ингаляциялау керек шығар. Бірақ тұншықтырғыш затты жұтқан адамға қолдан тыныс беруге болмайды.

       Көмек көрсету барысында жеке дәрі қобдишадан керекті антидотты пайдаланған жөн, ал антихимиялық пакеттегі сұйықтықтың көзге тимеуін қадағалауды ұмытуға болмайды.

       Алғашқы көмек алған адамды арнайы емханада ары қарай мамандар емдейді. Мынау жәйттерді есте сақтаған жөн:

       -антидатторды уланудың алғашқы кезеңде немесе уланды деген белгілері көрінгеннен кейін бірнеше минут арасында қолдануы нәтиже береді;

       -фосфорорганикалық заттар және иприт денеге тисе, оның ашық жерлерін алғашқы 5 минут арасында ішінара санитарлық өңдеуден өткізуі зақымдану ауырлығын едәуір төмендетеді;

       -алғашқы жәрдем неғүрлым тезірек көрсетілуі керек, сондықтан бұл жерде зақымданғандар өзіне және өзара көмек беруге тиісті;

       -әдетте қолдан тыныс беруді УЗ тараған ауада қолданбайды.  Құтқарушылар химиялық зақымдау ауқымына кірер алдында УЗ-дан сақтану үшін жеке адамға арналған дәрі қобдишадан (АИ-2) антидоттың сақтандыру дозасын ішіп, қорғану киімінің, резина етігін, қолғап және противогазды киіп алуы керек. Тіпті химиялық зақымдау ауқымнан зардап шеккен адамды алып шыққаннан кейін де фосфорорганикалық заттар, иприт және басқа да кейбір УЗ-мен зақымдаушылардың алғашқы медициналық көмек көрсетушілерге едәуір қауіпті екенін естен шығармаған жөн. Зақымданушылардың киіміне, шашына және терісіне жұққан УЗ біраз уақыт сақталып, дененің жалаңаш жерлерін зақымдауы мүмкін. Сондай-ақ, әсіресе жабық үй-жайларда, автомашиналарда киімге жұққан УЗ-дың буының десорбциялануы (булануы) есебінен де зақымдануға әбден болады.

 

 

       Өндірісте жиі кездесетін әсері күшті улы заттардан зардап шеккен адамдарға көрсетілетін алғашқы көмек мынадай болуғы тиіс.

       Аммиак. Аммиакпен зақымданған адамды таза ауаға шығару қажет. Алғашқы көмек ретінде оған жылы сусын (ең жақсысы сүтке боржоми қосып) беріп жылы судың буымен тыныс алғызған жөн. Аммиак теріге тигенде оны сумен жуып, 5% сірке суы немесе лимон қышқылы ерітіндісіне материалды шылап басу керек.

        Изоляциялық және өнеркэсіптік "АД" және "М" маркалы противогаздар аммиактан сақтануды сенімді түрде қамтамасыз етеді. Бұлардан басқа противогаздар аммиак буының әсерінен қорғай алмайды!

         Ол су және қышқылдар ерітіндісімен зарарсыздандырылады.

 1 литр су 1000-1200 литр аммиакты ерітіп газға айналдырады.

         Хлор. Хлормен зақымданған адамды таза ауаға шығарып, оны жылытып, тыныштық жағдай жасау қажет. Оттегімен ингаляциялау жақсы көмек береді. Зақымданған адамға бұдан былай да дәрігерлік көмек қажет болады. Көз, мұрын, ауызды соданың 2% ерітіндісімен жуу керек, оған жылы кофе, әлде сүтке боржоми қосып берілсе ол өте жақсы көмек есебінде саналады.

        "В" және "М" маркалы противогаздар хлордан сенімді қорғану ісін атқарады.

        Көп мөлшердегі хлор сумен зарарсыздандырылады.

        Күкіртті газбен зақымданған адамды ауаға шығару, өттегімен ингаляциялау, ауызы-мұрынын және көзін 2%-тік сода ерітіндісімен шаю, сырқат адамды жылыту керек. Күкіртті газдан қорғайтын "В" маркалы противогаздар. Зарарсыздандыру жүмысы сумен немесе су қосылған сілті ерітіндісімен жүргізіледі.

 

ХИМИЯЛЫҚ ҚАУІПІ ТУЫНДАҒАН ОШАҚТАРДЫ ЖОЮ МАҚСАТЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҮМЫСТАР

 

          Бұндай жұмыстар АҚ бастығының шешімі негізінде ұйымдастырылып жүргізіледі.

          Барлаушылар тобы зақымданған аумақтың сипатын, зақымдау себебін, улы заттың түрін, оның буларының таралу бағытын, ғимараттар мен жабдықтардың қирау дәрежесін анықтайды. Барлау аспаптарды қолдана отырып ауқымның шекарасын, жүретін жолдарын т.б. арнайы көрсеткіштермен белгілейді. Барлаушылардың мәліметтеріне қарай басқа да командалар мен топтар іске кіріседі: адам құтқару және көмектесу, территорияны зарарсыздандыру, авариялық-техникалық, өрт сөндіру және т.б. командалар мен топтар.

          Өндірістік кәсіпорындарда әсіресе көп таралған әрі қауіпті әсері күшті улы заттар-аммиак және хлор. Мысалы үшін осы заттарға байланысты болған аварияны жою барысындағы әрекет ету тәртібі шамада былай орындалады.

             Әріне алдымен авария болған орынды оқшаулау керек, яғни оның кең таралмауы үшін жұмыстар жүргізіледі. Осы мақсатпен авариялық-техникалық топтың адам құрамы барынша коммуникациялық жүйелерді ажыратады - шүмектер және басқа тиекті құрылғылар жабылады, құбырлардың немесе сиымдылықтардың жарылған әлде тесілген жерлеріне ағаш болсын, темір болсын тығындар бекітіледі, сына қағылады, ыңғайлы жеріне қамыт белдеу кигізіледі. Өз бетінше шүмектер мен вентильдерді жабу немесе ашу аппаратураларды ауыстыру керісінше әсер етуі ықтимал. Сондықтан топтардың командирлері объектінің әкімшілігімен жұмыс барысында тығыз байланыста болуға тиіс. Мүмкін болса улы заттар тұрған ыдыстар бүлінген жағдайда автоматты қондырғыны іске қосып оларды бүлінген ыдыстан бүтін ыдысқа қотарады. Төгілген аммиакты, ал хлор тұрған ыдыстың зақымданған жерін ағын сумен жақсылап шаяды. Өндірістік орындарда газданған аймақтан оларға улы булар сорылуын болдырмау үшін желдеткішті ажыратып тастайды. Улы заттың жайылып ағуына бөгет болатындай етіп (егер ол бүлінбеген ыдыстан төгілсе) топырақтан қоршалай үйінділер жасалынады немесе жиналатын шұңқырлар қазылады. Тыныс алу органдарын қорғау үшін жасақтардың адам құрамы ауаны жақсы өткізетін шлангалы противогаздарды пайдаланады.

         Ошақты оқшаулау жұмыстарынан кейін зарарсыздандыру командасы келу жолдарын, объектінің ішкі жолдарын, тұрғын үйлердің аулаларын, сонан кейін ауаны зақымдау көзі болып табылатын жерлерді зарарсыздандырады, яғни газсыздандырады (дегазация жұмыстары). Осы жұмыстар барысында газсыздандырушы ерітінділер, сұйық заттарды бүркуге арналған механизмдер пайдаланылады; осымен қатар кейбір жұмсақ жердің топырақ қабатын бульдозермен сырып улы заттарды жауып тастау жолы да орын алады. Суды тіке бүрку-улы заттардың буларын ыдыратып, аздап болса да бейтараптайды, яғни олардың таралу аумағын шектейді.

         Газсыздандырушы заттар ретінде өндіріс қалдықтары есепке алынады, егер мұндай өнімдер жоқ болса дегазацияға арналған заттар қорын алдын ала жасаған жөн. Дегазация барысында химиялық реакция себебінен өрт пен жарылыс туындайтын жағдайдың ықтималдығы болса, онда құм мен топырақ пайдаланылады.

         Құтқару командасы мен санитарлық жасақтардың адам құрамы зақымданған территорияда орналасқан өндірістік және тұрғын үй жайларын, қорғаныс ғимараттарын мұқият тексеріп, зардап шеккен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оларға баратын жолдарды анықтайды және мүмкіндігінше емдеу мекемелеріне алып барады. Осымен қатар улы зат төгілген аймақтан халықты көшіру жұмыстары ұйымдастырылады.

        Өрт сөндіру құралдарын алып келу үшін, қираған үйлер мен үйінділер астынан адамдарды құқаруын жеңілдету мақсатымен механизмдерді жеткізу үшін механикаландырылған топ өткелдер аршиды.

       Коменданттық қызмет уланған ошақтың айналасындағы тиісті тәртіпті бақылайды. Ошақты жою кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет, кейбір ережелерді естен шығаруға болмайды. Мысалы, аммиактың 14 мг/л концентрациясы кезінде терінің тітіркенуі, ал 20 мг/л және одан жоғары концентрациясы кезінде терінің күлдіреуі байқалады.      Хлордың жоғары концентрациясы адам бір рет дем алғанда-ақ қауіпін туғызады.Айтарлықтай, жертөлелерде, тоннельдерде және басқа да төмендей орналасқан құрылыстарда, ор түбінде, шұңқырларда ауадан ауыр газдардың шоғырлануы өте қауіпті болып табылады.

 

ТАБИҒИ,  ТЕХНОГЕНДІК  ЖӘНЕ   ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР.

 

ЭКОЛОГИЯ АСПЕКТІЛЕРІ

 

         Экология саласында зерттеу жүргізген мамандардың пікірі бойынша әлемде қоршаған ортаның жағдайы нашарлап бара жатқаны, ал кейбір аумақтардың экологиялық апатқа ұшырағаны өте айқын көрініп тұр. Өндіріс қалдықтары, ластанған, сарқын сулар көлемдері көбейіп барады; экологиясы нашарланған жағдайдағы алаңдар ауданы, өкінішке орай, табиғи қорықтар ауданынан қазіргі кезеңде бірнеше есе көп.

         Атмосфералық ауа, топырақ және адамды қоршаған табиғи ортаның ластану процессінде апат салдарынан болатын радиобелсенді зарардануы ерекше орын алып отыр (Чернобыль АЭС-да, " Маяк" өндірістік бірлестігінде, Томск-7, т.б. болған авариялар).

         1999 жылы Жапонияда Токио маңындағы ядролық қондырғыда болған авария салдарынан радиация адамның сәуле алу деңгейінің белгілі шегінен 15000 есе асып кетті. Радиобельсенді қалдықтар қоршаған ортаға тасталуда; оларды қоқыс ретінде арнайы жерге жинауының өзі зиян. Радиобелсенді сұйық және қатты қалдықтары теңізге де түсіріледі. ССРО кезінде 1961 жылдан 1990 жылға дейінгі мерзімде радиобельсенді қалдықтары бар 11 мың (!) контейнер, су асты қайықтарының 17 авариялық жағдайдағы атомдық реакторлары, соның ішінде "Ленин" атты кемеден 3 ядролық реактор теңізге тасталды.

         Техногендік төтенше жағдайлардың экологияға қатысты қыры үлкен мәнге ие болуда; экологиялық жағдайды жақсарту үшін жүргізілген көптеген жылдар жұмысын өндірістегі немесе зиянды заттарды тасымалдау кезіндегі оқтын-оқтын болып тұратын авариялар жоққа шығаруда.

         Кері қайтпас экологиялық өзгерістерге табиғи-техногендік төтенше жағдайлар алып келеді. Мысалы, өндіріс кәсіпорындарының аса шоғырланған жерлерде болатын су басып қалушылық, уландырғыш заттар мен тұрмыс қалдықтарының зор мөлшерінде ашық түрінде алып шығуы апаттың ауртпалығын тереңдете, катастрофа нәтижесіне әкеледі.

Экология сипаттағы төтенше жағдайлар түрлі келіп, шын мәнінде адамзаттың өміршеңдігіндегі барлық жағына тиіп өтеді.

         Құрлық бетінің топырақ қасиеттері біртіндеп нашарлауы бірнеше себептерден болуда, табиғи болсын немесе адам шаруашылық әрекетінен болсын. Тынайтқыш пен пестицидтерді дұрыс қолданбаудан, мысалы, ауыр металл тұзы бар пестицид мөлшерін көтеру, топырақтың құнарлығы төмендейді, ал дұрыс өңделмеген жердегі құрттар мен микроорганизмдер жойылады. Суару жұмыстарды ойсыз жүргізгенде қарашірік қабаты жұқарады, құнарлы топырақты құнарсызы басып қалады. Қарашірік қабаты ормандағы жұмыстар кезінде қопарылған ағаштардың түптерімен бірге де шығарылып кетеді; сонымен қатар шөп жамылғысы, бүрген мен қылқандар жойылады. Ал орман өрттерінде соған қоса барлық өсімдіктер, хайуанаттар және микроорганизмдер дүниесі құриды.

         Топырақ қабатының құлдилауына мүжілу (эрозия) процесстері, яғни қабаттың флора мен фаунаның кері өзгерістері, құнарлығы төмендеуі, шөлге айналуы жатады. Эрозияның өзі себебіне қарай сулық, желдік, мұздық, шөккіндік, өзендік, биологиялық эрозиялар деп бөлінеді.  Жылдан жылға ауыл-шаруашылық алқаптары азайып жатыр. Жердің топырақты жамылғысы ауыр металлдармен ластануы көп жағдайларда өндіріс қалдықтарының ауаға, суға шығуы, уақытты заттарды қалай болса солай көму себептерден жүріп жатыр. Жер бетінің шөлге айналуы оның биологиялық потенциалының, су ресурстарының, өсімдіктер жамылғысы мен фаунасының жойылуы немесе азаюымен сипатталады; мұнда табиғи себептеріне қоса адамдардың үлесі де аз емес, мысалы малды шамадан тыс көп жаю, жер шаруашылығы мен мал шаруашылығын тиімді үйлестірмей жүргізу, отын дайындау, жол құрылысы, геологиялық-зерттеу жұмыстары кезінде өсімдіктер жамылғысын жою.

         Жер ресурстарын және топырақты қорғау мен тиімді пайдалану мақсатында өткізілетін шаралар көлемі тым аз; олар жердің ластану, қоқыстану, бұзылу және деградацияға ұшырау процесстерін тоқтатуға жеткіліксіз.

         Атмосфераның ылғалды-жылу және газ айналымына адам өзі сезбей жаңа су қоймаларын құрумен, өзендердің бағытын өзгертумен, ми батпақтарды кептірумен, орманды шабуы және өрттеумен, жер жыртумен ықпалын тигізеді. Әр минут сайын өндіріс мекемелері, жылу-электр-бекеттері, көліктер атмосферадағы екі қышқылды көміртектің өсуіне жағдай жасайтын отынның, жанар-жағар майдың көп мөлшерін жағады. Одан басқа озон қабатын жұқартатын химиялық қосылыстар, фторлы, бромды және хлорлы қоспалар, фреон, азот тотығы атмосфера ауасына араласып, планетамыздың жылулық режиміне әсер етеді.  Ядролық қару сынаудың және ғарышқа кеме ұшырту нәтижесінде ауада аэрозоль, азот қышқылы, радио-көміртек және т.б. зиян заттар жиналуда. Шаруашылық әрекетінен пайда болатын азот тотығы, күкірт, көміртек, оларға қоса келетін ғарыш шаңы, жанартау газдары, топырақтың желдік эрозиясы- бәрі атмосфераны ластайды. Зиянды заттардың қауіпсіздігін білу үшін оларға мг/м3 бірлігі мен өлшенетін шектеулі концентрациясы белгіленген. Бірақ шындығында адамға және қоршаған ортаға бір мезгілде бірнеше заттар әсер етеді; олар бір-бірімен реакция түзіп жаңа қоспалар жасайды.

         Фотосинтез барысында пайда болатын оттегінің мөлшері планета бойынша адам, жануарлар, көліктер, өндірістер жұтатын өттегі көлемінен аз болатыны соңғы кезде байқалатын болды. Адамға ықпалын тигізетін ауадағы күнделікті шу деңгейі туралы да айта кету керек.

         Азот тотығының 40%-тін атмосфераға жылу-электр станциялары шығарады, артынан ол азот пен нитраттарға бөлінеді, ал соңғысы сумен қосылып азот қышқылын түзеді. Көмірді, мұнайды, жағармайды жаққанда күкірт ангидриды пайда болып, кейін ол сульфаттарға айналады; соңғысы суға еріп күкірт қышқылын түзеді. Атмосферада түзілген бұл заттар қышқылды тұман және жауын-шашындардың түсуіне себеп болады. Ал түрлі шаң-тозаңдар түрі дүниеден басқа құрылыстардың, ғимараттардың, металл конструкциялардың күйзелуін тездетеді.

         Су жағдайына келсек оның сапасы төмендеп, судың өзі жеткіліксіз затқа айнадды. Бұған үш негізгі себеп бар: біріншісі-мелиорация жүйесін білімсіз құрастыру, ормандарды жою, көлемді алқаптарды үздіксіз жырту және малды ретсіз бағу салдарынан су ресурстарының азаюы (су қоймаларының қайраңдауы, кіші өзендердің тартылуы, көлдердің құрғауы); екіншісі - өндіріс мекемелерінің өсуіне байланысты, тұрмыс қажеттеріне жаратылатын және ауыл шаруашылығындағы су шығыны (осылардың ішінде таза ауыз суды өндіріс жұмыстарына пайдалануы да жатыр) көбейуі суға деген сұранысты кенеттен көтерді; үшіншісі - өзендерге, көлдерге, су қоймаларына өндіріс қалдықтары, тұрмыс қоқыстары, сарқын сулар, тыңайтқыштар, мұнай өнімдері, көң, ауыр металлдар және т.б. төгу салдарынан судың ластануы. Суды жылыту немесе радиациялық әсерінен өткізу де судың физикалық бүлінуіне жатады. Судың қәрамасы өзгеріп, ластануы балықтың және басқа да тірі организмдердің өлуіне тікелей ықпалын тигізеді. Түбінде, барлық ластау заттардың түрлері әлем мұхитына барып құйылады. Әсіресе мұнай өндіру жэне оны тасымалдау кезінде теңізге төгілген мұнай өнімдері суын ластауда басым үлесін қосады.

         Жердің суын, литосферасын және атмосфераның төменгі қабатын тірі жандар мен өсімдіктер жайлаған. Бұл дүниені биосфера деп атайды, яғни ол экология жағдайының бір қомақты жағын құрайды. Қазіргі заманда биологиялық түрлердің жойылуы эволюциялық жаңа түрлердің пайда болу ырғағынан озып барады. Мамандардың айтуы бойынша өсімдіктің бір түрінің жойылуы жануарлар, жәндіктер мен басқа өсімдіктердің 10-нан 30-ға дейін түрінің құрып кетуіне себеп болатын көрінеді.Әсіресе күкіртті газ, фтор қоспалары, хлор, тотықтырғыштар және сульфаттар өсімдіктер үшін аса қауіпті. Орта есеппен алғанда бір жыл уақыт арасында дүние жүзінде биосфераның бір түрі құрып кетіп жатыр. Елсіз аймақтарға адамдарды орналастырудың жылдамдату, уытты химиялық заттардың кеңінен таралу, табиғатты аяусыз пайдалану нәтижесінде биосфера өздігінің тепе-теңдіген шығуда. Оны тұрақтандыру мәселесі халықаралық және аймақтық деңгейдегі проблемаға айналды.

 

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫСТЫҢ ҰЙЫМДАСУЫ

 

         Өміршеңдік қауіпсіздігі іс-қимыл жиынтығы ретінде қалыпты өмір жағдайын бұзатын зиянды факторлардың алдын алу (жою), мұнымен қоса еңбекті қорғау, өндірісте және тұрмыста болған қайғылы жағдайларда жарақаттанғандарға шұғыл жәрдем беру, әлеуметтік елеулі науқастармен күрес, экология, салауатты өмір сүру, азаматтық қорғаныс және т.б. ірі блоктарды құрайды. Сондықтан АҚ-ты ТӘҚ-нің құрастырушы бөлігі және біртұтас мемлекеттік Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің жалпы маңызды бөлігі ретінде қарастыру қажет. Басқа сөздермен айтқанда АҚ-ты ұйымдастыру және жүргізу - мемлекеттің ең маңызды функцияларының бірі, оның қорғаныстық іс-шараларының құрастырушы бөлігі деп түсінеміз.

        АҚ жайындағы заңда келесі анықтама беріледі: АҚ-бұл басқару органдарының мемлекеттік системасы және жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы; бейбіт және соғыс жағдайларда жүргізілетін мақсаты: халықты, шаруашылық жүргізу объектілерін және елдің территориясын қирату (жою) факторларының әсерінен жаңартылған тәсілдермен қорғау, табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-лардан қорғау. Артынша, АҚ жиынтықтарына басшылық жасауды жүзеге асыратын басқару органдары, күштер, қызметтер және АҚ алдында тұратын міндеттерді орындауға көмектесетін ұйымның басқа да атрибуттары болу керек екені айтылған.

 

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫСТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК  АУҚЫМДАҒЫ МІНДЕТТЕРІ

 

Ғылыми анықтама негізінде ұтымды тәсілдерді және халық пен территориясының, шаруашылық объектілерінің алдын-ала дайындықтарын пайдалана отырып, осы замандағы қарулардан, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғану жұмыстары жүргізіледі. Осы АҚ-тың бірінші дәрежелі міндетті болып табылады. Ол үшін келесі міндеттер орындалуы тиіс:

1) басқару,     құлақтандыру     және     байланыс     жүйелерін ұйымдастыру, дамыту және оларды ұдайы әзірлікте ұстау;

2) Азаматтық қорғаныс күштерін құру, оларды дайындау және төтенше жағдайлар кезінде іс-қимыл жасауға ұдайы әзірлікте ұстау;

3) Орталық     және     жергілікті     атқарушы     органдардың, ұйымдардың қызметшілерін даярлау және халықты оқыту;

4) Радиациялық,            химиялық,            бактериологиялық (биологиялық)   жағдайды   қадағалау   және   оған   лабораториялық бақылау жасау;

5) Азаматтық        қорғаныстың        әскери         құрамаларын жұмылдыруга әзірлікті қамтамасыз ету;

6) Шаруашылық жүргізу салалары мен объектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру жөніндегі шаралар кешенін жүргізу;

7) қорғану құрылыстарының қажетті қорын, жеке қорғану құралдарының   және  Азаматтық  қорғаныстың   басқа  да   мүлкінің қорларын жинау және эзірлікте ұстау;

8) халыққа, орталық және жергілікті атқарушы органдарға адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қатер жэне орын алып отырған жағдайда іс-қимыл жасау тэртібі туралы хабарлау;

9) іздеу-қүтқару     жүмыстары     мен     басқа     да     шүғыл жұмыстарды жүргізу, зардап шеккен халықтын тіршілігін және оларды қауіпті аймақтардан эвакуациялауды ұйымдастыру;

10)  азық-түлікті, су көздерін, тамақ шикізаттаррын,   жемшөпті, мал және өсімдіктерді радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) уланудан, мал және өсімдік індеттерінен қорғау.

       АҚ-тың аталған міндеттерін қоса алғанда кейбір іс-шараларды (мысалы, қорғаныс ғимараттарын салу), төтенше жағдайлар туралы халықты уақтылы құлақтандыру, төтенше жағдайлар кезіндегі тәртіп ережелерін халыққа үйрету және тағы басқаларын алдын-ала орындамау салдарынан қорғау және қөмек көрсету толықсыз болатыны анық. Шын мәнісінде АҚ бүкілхалықтық болғандықтан қорғану іс-шараларын өткізуге барлық ел-халқы қатысуы тиіс. Қауіпті аймақтарда дұрыс жұмыс істеуді, қазіргі қарулардан қорғануды, өзін—өзі қорғауды жұне зардап шеккендерге көмек көрсетуді барлық халық білу міндетті. Мұның барлығы АҚ іс-шараларын жүргізуде барлық халықтың міндетті түрде қатысуын, жауапты органдардың үкімдерін ескертусіз орындауын, тәртіпті, ұйымшылдықты көздейді.

 

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ  ТӘРТІБІ  ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ

 

         АҚ мемлекеттің барлық территориясында жергілікті және өндірістік қағидасымен ұйымдастырылады. Яғни кешенді және жеке қарастыру іс-шараларын өткізуде АҚ-тың объекті басқару органдарының функциялары және күштері территориялық және ведомстволық болып бөлінеді. Осы орайда, негізгі дәрежеден шыға отырып, Мемлекет үкіметі анықтайтын тәртіппен, АҚ бойынша қалаларды топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу жүзеге асырылады.

        АҚ іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру жауапкершілігін меншікті үлгідегі барлық ұйымдардың және орталық, жергілікті мемлекеттік атқарушы органдардың басшылары көтереді. Бұл органдар мен ұйымдар жыл сайын АҚ іс-шараларын жүзеге асыру және оларды орындағаны туралы есеп беру керек. АҚ дайындығы мен іс-шараларды өткізудің мерзімі және көлемі мен тәртібі, сонымен қатар есеп беру ұсынысы Мемлекет үкіметімен белгіленеді.

       АҚ дайындығы жаңартылған қарулардың дамыун есепке алып берілген территорияда ТЖ-лардың неғұрлым ықтималдығын ескере отырып салалары мен ұйымдарында алдын-ала жүргізіледі.

       АҚ идеясының және іс-шараларының негізінде гуманизм қағидасы жатыр, өйткені олар қорғауға, құтқаруға және ең ауыр жағдайларда халыққа көмек көрсетуге бағытталған.

 

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫСТЫҢ  ІС-ШАРАЛАРЫ

 

         Мемлекет тарапынан халықты, территорияны және шаруашылық объектілерін қорғау саласында АҚ іс-шаралары мынау кездерде көзделеді:

- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан; жер сілкінісінен;

- үлкен    су    қоймаларының    және    теңіз    деңгейінің    өзгеру салдарынан;

- пайдалы   кен   орындарын   өңдеумен   байланысты   төтенше жағдайлардан;

-         жаңартылған қауіпті қару-жарақтардан зақымданудан қорғау.

           Осымен қатар инжерлі-техникалық іс-шаралардың және тұрғындар мен мамандардың АҚ-қа дайындығы көзделеді. Аталған іс-шаралардың әр пунктіне ағымды және перспективті жоспарлар өңделу керек. Мысал ретінде келесі жағдайларды алсақ болады:

- сель,  су  тасқыны,  жер  көшкінін  және  тағы   басқа  қауіпті экзогенді жағдайларды ескеріп, осы ауқымда құрылысты жоспарлау;

- мүмкін болатын ТЖ-лардың жалпылаша жай-күйін бақылау жүйесін ұйымдастыру (мониторинг), ғылыми зерттеулер және жағдайды жорамалдау;

- азық-түлік, дэрі-дәрмек, тіршілікті қамтамасыз ететін жабдықтар қорларын құру;

- ғимараттардың және құрылыстардың апатқа қарсы тұру төзімділігін қамтамасыз ету;

- іздестіру және құтқару, апаттан кейін қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру және зардап шеккендерге жедел медициналы жедел медициналы;

- жер қойнауын пайдалануда барлық сатыдағы экология талаптарын сақтау;

- барлық құрылыс жұмыстарының есеп-жоба құжаттарын АҚ-тың басқару органдарымен мақұлдасу;

-         АҚ-қа арнайы қызметкерлер мен бастыларды дайындау, мектеп жасына дейінгі мекемелерден бастап, тұрғын аймақтарын арнайы оқу бағдарламасы бойынша оқыту.

 

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫСТЫҢ КҮШТЕРІ

 

         АҚ-тың күштері әскери және бейбітшілік кезеңінде әртурлі АҚ іс-шараларын өткізу үшін арналады және өміршеңдіктің қауіпсіздігі Мемлекеттік системалардың құрастырушы бөлігі болып табылады; олар үйретілген, қару-жарақтармен, техникамен, жабдықтармен қамтамасыз етіліп құрастырылған және іс-қимылдарға дайын болу керек. АҚ күштерін пайдалануы келісілген деңгейдегі АҚ-тың басшылары шешімімен жүзеге асырылады.

          АҚ күштері мыналардан тұрады: АҚ әскери бөлімдерінен әскери емес жасақтардан, сондай-ақ, жасақтары

          а)  территориялық, объектілік жасақтары мен АҚ және төтенше жағдайлар қызметтерінің жасақтары;

          б)  республикалық, облыстық, қалалық және аудандық жедел-құтқару отрядтары сияқты әскери емес жасақтар болып келеді.

          Әскери емес жасақтар АҚ күштерінің негізін құрайды.

          Үкімет шешімімен құтқару жұмыстарын жүргізу кезеңінде уақытша ІІМ - ішкі істер министрлігі; ҚМ -қорғаныс министрлігі бөлімшелері, ведомстволық, мамандандырылған авариялық-құтқару; авариялық-қалпына келтіру, әскериленген және тағы басқа жасақтар тартылуы мүмкін.

          АҚ әскери бөлімшелері бейбіт кезде зардап шеккен халыққа тіршілікті қамтамасыз етуге жан-жақты көмек көрсетеді, туған республиканың шекарасында да және арнайы келісімі бар шет мемлекеттерде де іздестіру-құтқару жұсмыстарын жүргізеді;адамдар құрамының білімін бағалаумен және дайындығымен айналысады;

соғыс кезеңде зақымдану ошақтарында радиациялық және химиялық бақылаулар, құтқару және тағы басқа шұғыл-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді, халықты эвакуациялау шараларына қатысады, тылдық елеулі объектілерін қалпына келтірумен байланысты арнайы тапсырмаларды орындайды (мысалы, аэродромдарды, көпірлерді жөндеу). АҚ әскери бөлімшелері ішінара азаматтық персоналмен де құралады. Қорғаныс министрлігі Президент жарлығы бойынша кәмелетке жеткен азаматтарды нағыз әскери қызметке, сонымен кейбіреулерін АҚ жүйесінде қызмет атқаруға тартады, төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органдағы, оның территориялық органдарының, АҚ әскери бөлімшелерінің, сондай-ақ ведомствоға бағынатын ұйымдардың шақырылған контингентпен және мобилизациялық ресурстармен адам құрамын толықтырады. АҚ әскери емес жасақтары ұйымдарда, аудандарда, қалаларда, облыстарда құрылады, сонымен объектілік және территториялық болып бөлінеді. Құтқару ұйымдары барлауға, іздестіруге және зардап шеккендерді құтқаруға, оларды үйінділер астынан шығаруға арналады, алғашқы медициналық көмек көрсетеді; олар жинақталған құтқарушы отрядтардан, командалардан, ізденіс топтарынан, барлау бөлімшелерінен және тағы басқалардан тұрады. Инженерлік жасақтар инженерлік барлау топтардан, жол-көпірлік командалардан, жарылыс жұмыстарын жүргізетін топтарынан және тағы басқадан тұрады, яғни осылар жолды салумен, қираған ғимараттарды аршумен т.б. айналысады.

        АҚ қызметтерінің жасақтары халыққа тіршілікті қамтамасыз етуге, құтқару жасақтарды күшейтуге арналады және медициналық, байланыс, қоғамдық тәртіпті сақтау, өрт сөндіру, транспорттық және тағы басқа қызметтер болып бөлінеді.

        Жедел құтқару отряды жоғары дайындықта тұратын жасақтар болып келеді, және жоғары дәрежелі объектілерде, күрделі аймақтарда, енуге қиын аудандарда іздестіру-құтқару жұмыстарын өткізу үшін, зардап шеккендерге жәрдем көрсету үшін арналған.

        АҚ-тың нысанына баласы 8 жасқа толмаған әйелдерден, жүкті әйелдер мен мүгедектерден және әскери міндетті мобилизациялық нұсқауы бар азаматтардан тыс, жұмысқа қабілетті еркектер мен әйелдер алынады.

 

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ҚЫЗМЕТТЕРІ

 

             АҚ-тың арнайы іс-шараларын орындау үшін және осы мақсатпен күштердің және құралдардың дайындығы үшін республикалық, аудандық, қалалық, облыстық АҚ және ТЖ-лар қызмет орындары, сонымен қатар АҚ басшысына тікелей бағынатын қызметтер құрылады.

             АҚ-тың эвакуациялық іс-шараларын орындауды ұйымдастыру мақсатымен эвакуациялық және эвакуация қабылдау комиссиялары құрылады.

 

ШАРУАШЫЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРШДЕГІ АЗАМАТТЫҚ  ҚОРҒАНЫСТЫҢ ҰЙЫМДАСУЫ

 

              Шаруашылық объектілері - өндірістік және тағы басқа кәсіпорындар, түрлі ұйымдар, мекемелер, оқу орындары, ауыл-шаруашылық өндірістері - АҚ жүйесінің негізгі шаралары өткізілетін орындары болып табылады. Мұнда соғыс жағдайда жұмысшылар мен қызметкерлерді қорғау, объектілердің жұмыс төзімділігін қамтамасыз ету, жедел құтқару және апаттан кейін қайта өндеу жұмыстарына күштерін дайындау сияқты негізгі іс-шаралар орындалады.

            Шаруашылық объектісінің басшысы объектілеріндегі АҚ басшысы болып саналады және объектілеріндегі АҚ жағдайына жауап береді. Оның бұйрықтары мен үкімі объектінің барлық жеке құрамына қатысты. АҚ басшысына көмек беретін объектілердің үлкенді -кішілігіне байланасты бір немесе бірнеше көмекші орынбасарлар тағайындалады. Мәселен, бытыратып тарату және эвакуациялау жөніндегі орынбасар, материалдық-техникалық заттармен қамтамасыз ету жөніндегі орынбасар, инженерлік-техника бөлімі жөніндегі орынбасар т.б.

            АҚ бастығының бытыратып тарату жөніндегі орынбасары жұмысшылар мен қызметкерлерді, олардың жануяларын эвакуациялау жоспарын әзірлеуді басшылық етіп, қатерлі және соғыс жағдайда объектілерді орналастыру жерлерін дайындауды ұйымдастырып, жұмысшылар мен қызметкерлерді ауданға орналастыруды, оларды тасымалдауды, жалпы тәртіп күзетуді басқарады.

           АҚ бастығының инженерлік-техникалық бөлім жөніндегі орынбасары - объектінің басты инженері болып табылады. Ол объектілердің жұмыстарын ерекше күнтәртіпке көшіру жоспарын эзірлеуді басшылық етеді, объекті жұмысының тұрақтылығын арттыру үшін іс-шаралар жүргізеді, авариялық-техникалық пен өртке қарсы қызметті, бүлінген орталықтарда жедел құтқару және апаттан кейін қайта өндеу жұмыстарын, қорғаныс паналарының техникалық жағынан іске асыруды басшылық етеді.

           АҚ бастығының материалды-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары-объектілерді қамтамасыз ету женіндегі орынбасары-объектілерді қамтамасыз етудегі бастық орынбасары болып табылады және арнайы мүлікті сақтау мен жинақтауды қамтамасыз етеді. Оған техника, қүралдар, көліктер, қорғаныс қүралдары жатады. Оған мына материалды-техникалық жағынан қамтамасыз ету жүктеледі: қорғаныс паналарын салу жұмыстары, бытыратып тарату және эвакуациялау іс-шаралары, жедел құтқару

және апаттан кейін қайта өңдеу жұмыстарын өткізу. Қарсыластың шабуыл жасау қатері төнгенде ол шикізат қорын, азық-түлік пен аса құнды жабдықтарды топтау немесе бытыратып орналастыру жұмысын ұйымдастырып қамтамасыз етеді.

           Объектінің АҚ басшысы аудандық АҚ басшысына бағынады.

АҚ басшысының тұсынан АҚ штабы құрылады. Ол - АҚ басшысының басқару ұйымы, объектілеріндегі АҚ-тың барлық іс-шаралар жөніндегі ұйымдастырушы.

           Объектінің үлкендігіне байланысты АҚ штабы штатты жұмысшылары және негізгі міндеттерінен босатылмаған лауазым иелерінің есебінен құрылады. Штаб объектінің басшысы шешімдерінің негізінде ұйымдастыру жұмыстарын өткізеді. АҚ штабының басшысы объектінің АҚ басшысының бірінші орынбасары болып табылады, оның объектіде АҚ сұрақтары жөнінде басшының атынан бұйрық пен өкім беруге толық құқығы бар.

           Объектіде, оның өндіріс бөлімшелеріне байланысты, АҚ қызметтері құрылады. Оларды бөлім басшыларының бірі басшылыққа алады, яғни осы қызметтер құрылған базадағы цехтардың, бөлімшелердің басшыларының бірі болуы керек.

           Құлақтандыру және байланыс қызметі объектінің байланыс желісі базасында құрылады, дер кезінде қауіп туралы хабарлайды, үнемі байланыста болып, информацияны беруге дайын болады, байланыс желідегі аварияларды шектейді.

            Медициналық қызмет объектінің медициналық-санитарлық бөлім базасында ұйымдастырылады. Қызмет басшысы-бас дәрігер. Қызмет медициналық қалыптастықты қолдауды ұйымдастырады: медициналық қорды жинактау және жеке медициналық қорды, заттарды сақтау; санитарлық-эпидемиялық бақылау және медициналық барлау жұмыстарын қамтамасыз етеді. Емделу мекемелерінде зақымданған және эвакуацияланғандарға медициналық көмек көрсетеді, бір жерге топталған және эвакуацияланған орындарда медициналық көмекпен қамтамасыз етеді. Медициналық қызмет негізінде медициналық жасақтардың адам құрамын толықтырып, оларды оқытып, үйретіп, керекті заттармен қамтамасыз етіп, олардың эр-қашан дайындығы жөнінде жауапкершілік көтереді.

         Радиациялық зақымнан және химиялық зақымнан қорғау қызметі азық-түлікті, халықты, қоймаларды улы және радиоактивті заттардың эсерінен зақымданудан сақтайтын шараларды жүргізеді. Радиациялық зақымына қарсы (РЗҚ) және химиялық зақымына қарсы (ХЗҚ) қызмет РЗҚ және ХЗҚ арналған жасақтары, мекемелерді ұйымдастырады; жеке қорғаныс құралдары мен арнайы техника, приборлардың жағдайын қадағалайды; радиациялық және химиялық барлау өткізеді; адам құрамының сәулеленуге шалдығуын, химиялық зарардануын бақылайды; радиациялық және химиялық зақымдану ошақтарын жою мақсатында іс-шараларды жүргізеді.

Қоғамдық тәртіп күзетінің қызметі идаралық күзет және халық жасағының негізінде құрылады. Ол аймақты күзетіп, төтенше жағдайда тәртіп сақтап, апаттан кейін қайта өңдеу жұмыстарын өткізуіне, АҚ дабылдары бойынша жұмысшылардың дер кезінде жасыруына көмектеседі, жарық жасыру жұмысын бақылайды.

           Өрт сөндіру қызметі өрт күзетінің негізінде ұйымдастырылады. Бұл қызмет өртке қарсы іс-шараларды, алдын-ала бақылауды іске асырады, өртті сөндіреді және оқшаулайды, РЗҚ мен ХЗҚ қызметіне зарарданған аймақтарды газсыздандыруға және дезактивациялауға көмектеседі.

           Энергиямен қамтамасыз ету және жарық жасыру қызметі бас энергетик бөлімінің негізінде құрылады. Объектінің бас энергетигі қызметтің басшысы болып табылады. Ол объектіні газбен, жылумен, электр жарығымен қамтамасыз етіп, энергия тараптарының әлсіз бөлімшелерін қорғаныс жүйелерімен қамтамасыз етеді; жарық жасыру және бірінші кезектегі іс-шараларды дайындап, қалпына келтіру, энергия жүйелерінде қайта өндеу жұмыстарын жүргізеді.

           Авариялық-техникалық қызметі техникалық немесе бас механик бөлімінің негізінде ұйымдастырылады. Ол бірегей құралдарды қорғау жөніндегі және негізгі құрылымның, арнайы инженерлі тораптардың, байланыс жолдарының төзімділігін арттыру, үйінділерді тазартудағы жедел жұмыстарды жүргізіп, объектінің құрылымындағы апатты жою және оқшаулау жөніндегі іс-шараларын жүргізеді.

          Қорғаныс паналарының және жасырыну орындарының қызметі негізгі құрылыс бөлімінің, тұрмыстық-коммуналдық бөлімінің немесе құрылыс цехтарының негізінде құрылады. Ол қорғаныс паналарының дайындығын және олардың эксплуатациялауын бақылап, қорғаныс ғимараттарды салуды қамтамасыз етеді. Қызметтің жеке құрылымына АҚ-тың құлақтандыру белгілерімен дер кезінде қорғаныс паналарын адамдармен толтыруды қамтамасыз ету жүктеледі. Бұдан басқа бүл қызмет қираған қорғаныс паналарын аршығанда құтқару жұмыстарымен айналысады.

           Материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметі объектіні материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету бөлімі негізінде құрылады. Азық-түлік пен жабдықтардың барлық түрімен дер кезінде қамтамасыз етуді қалыптастыру, мүлік пен техниканы жөндеп, оларды жұмыс учаскелеріне жеткізу, сақтау және оларға есеп жүргізу, адамдарға бірінші қажеттіліктегі заттарды жеткізуді ұйымдастырады.

           Кішігірім объектілерде АҚ қызметтері құрылмайды.

           Олардың функцияларын, қажетті іс-шараларын сол объектіні құратын басқару органдары орындайды.

           Шаруашылық объектілерде жалпы мақсаттағы объектілік-жинақтық топ, механизациялық жұмыс топтары, барлаушы жасақтар ұйымдастырылады. Бұлар апаттан кейін құтқару, қайта өндеу жұмыстарын өзінше орындау үшін керек. Жалпы бағыттағы бөлімдерді күшейту және арнайы тапсырмаларды орындау үшін біраттас қызметтер жасақтары құрылады. Мысалы, құлақтандыру және байланыс, қоғамдық тәртіп жасақтары.

           Бөлімдерді жасақтау өндірістік қағидамен іске асыралады: кезектермен, цехтармен, өндірістік бөлімдермен, бригадалармен.

           Жалпы бағыттағы жасақтардың мысалы ретінде жинақталған топ, конмандирімен, оның орынбасарларымен қоса болып табылады. Жинақталған топ, құтқару командаларынан, ал олар бөлімдерден, бөлімдер құрамдас бөлімшелерден тұрады. Мұндай топта өзінің медициналық пункті және санитарлық жасақтары болады, соңғылары санитарлық бөлімшелерге бөлінеді. Мұндай топта өзінің штабы болып, оған тікелей басқару және байланыс бөлімдері бағынады. Осындай жүйе топты ұтқыр және өз алдына бөлім етеді.

           Жасақтардың құрылуымен қатар кейбір объектілерде жұмыс істеп тұрған химиялық және медициналық лабораторияларын, жуу және жуыну бөлімшелерін, киім және транспортты, адамдарды санитарлық зарарсыздандыру станцияларына бейімдендіреді. Радиациялық, улағыш және бактериялық заттарды нақты белгілеу үшін радиациялық және химиялық бақылау бекеттері құрылады.

           Ауыл-шаруашылық объектілерінде малды және өсімдіктерді қорғау, жау соққысына душар болған қалаларға көмек көрсету топтары құрылады. Ауыл-шаруашылық объектілерге қаладан кэсіп орындар көшіріліп, зарарданған аймақтардан көшірілген адамдарға көмек және емдеу көрсетуге тура келеді.

 

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

           Оку орындарындағы АҚ шаруашылық объектілеріндегідей ұйымдастырылады, бірақ олардың техникалық мүмкіншіліктері мен ерекшеліктері ескеріледі.

           ЖОО АҚ басшысы - ректор. Ол бұйрығымен жоғары оқу орнының АҚ штаб басшысын тағайындайды. ЖОО - да штатты жұмысшының біреуі (мысалы, алғашқы әскери дайындық мұғалімі) немесе АҚ жүйесінің штатты жұмысшысы АҚ штабының басшысы бола алады. Сонғы жағдайда оны ЖОО орналасқан аймақтын АҚ басшысы үсынады; бүл, эдетте, өте үлкен ЖОО-на қатысты.

           Оқу орындарында АҚ жоспары әзірленеді. Ол профессорлық-мұғалімдік құрылымға және студенттерге хабарланады.

           ЖОО-да, әдетте, қорғаныс паналарына арналған топтар бөлімшелер, құтқару топтары, санитарлық, авариялық-техникалық, қоғамдық тәртіпті сақтау жасақтар қалыптастырылады. Оқу орнының құрамындағы тұрақты тұлға командир болып тағайындалады. Студенттер АҚ-ты қалыптастыру құрамына кіреді және штаб өткізетін объектілі жаттығуға тартылады. ЖОО-да АҚ негізінде, өзінің объектісіндегі адамдарды құтқару үшін құрылады, алайда басқа да мақсаттарға қолдануы мүмкін, мысалы, қорғаныс паналарында қызмет жасау үшін. Оқу орнының практикалық тәжірибесіне байланысты аталмыш қызметтер мен жасақтар үйымдастырылады; медициналық, байланыс, РЗҚ мен ХЗҚ қорғаулары, т.б.; радиациялық және химиялық бақылау бекеттері, УЗ-ды, РЗ-ды, БҚ-ды нақты белгілей үшін лабораториялар.

            Оқу орындары керекті құралдармен және ЖҚҚ, техника және басқа мүліктермен ауданның АҚ штабы арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.

            Табельдік қорғаныс заттары жетіспегенде әскери бөлімдерден немесе әскери оқу орындарынан артық шыққан мүлкін және қарапайым қорғаныс құралдарды қолдануға болады.

            ЖОО-ның АҚ-тың бастығы және оның штаб бастығы басқа да жақын орналасқан кәсіпорын және мекемелерінің АҚ штабтарымен, жалпы мақсаттағы жасақтармен және қалалық, аудандық, облыстық АҚ қызметілерімен өзара қатынаста болуы керек.

             Әр студент мыналарды үйреніп, өмірде керек кезінде қолдануға тиіс:

            -ТЖ қауіпіндегі іс - әрекеттерді;

            -Жеке дара және үжымдық қорғаныс құралдары мен тәсілдерін қолдану;

            -Тынысалу мүшелерін қорғайтын қарапайым құралдарды дайындау;

            -Ауа мен территория РЗ, УЗ, БҚ-мен зарарданғанда аяқ киімдерді және үй киімдерін қорғаныс құралдары ретінде пайдалана білу;

            -Азық-түлік пен ішілетін суды заладан сақтандыру;

Киім мен аяқ киімдерді, дененің ашық жерлерін ішінара санитарлық өндеуден өткізе білу;

             -Радиациялық, химиялық барлау және дозиметрлік бақылау құралдарымен жұмыс істеу;

             -Радиациялық, химиялық бақылау бекет құрамында және басқа да жасақтарда қызмет ете білу;

             -АҚ нормативтерін тез және толық орындау;

             -Жеке дәрі қобдишаны және басқа да медициналық құралдарды қолдана білу;

             -Зақымданғандарға алғашқы медициналық көмек көрсете білу;

             -АҚ туралы басқа да деректермен білімін толықтыру және осы білімді үйретіп, насихаттау;

             -АҚ-тың әскери емес жасақтарына басшылық ете білу.

 

ЖАППАЙ ҚЫРЫП ЖОЯТЫН ҚАРУЛАРДАН ҚОРҒАНУ ЖОЛДАРЫ

 

Жаппай қырып жоятын қарулардан (ЖҚЖҚ) және жаудыц басқа да шабуыл жасау құралдарынан азаматтар халқын ішінара қорғауға болады, корғану керекте. Халықты қорғау мәселелері әр мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып табылыды. Бұл маңызды істі жүзеге асыру барысында бірнеше принциптер ұсталуға тиісті. Мысалы қорғану шаралары алдын ала жасалу керек, себебі ондай жұмыстар күрделі және олар мол уақыт пен қаржыны талап етеді. Жаудан қауіп төнгенін уақтылы, дер кезінде халыққа хабарлау да қорғану жолындағы принциптерге жатады; бұл әрекет адамдарға дайындалуға, жасырынуға мүмкіншілік береді. Әсіресе, халыққа қорғану әдістерін үйрету, АҚ жөнінде білімді насихаттау – бұларда өте маңызды мәселе. Сондықтан халықты жаппай зақымдаушы қарулардан қорғау жұмыстары біртұтас, кешенді түрде, үкімет бақылауында өткізілуге тиісті. Олар солай өткізілуде де. Елді ЖҚЖҚ-дан қорғау негізгі тәсілдеріне халықты қауіп туралы уақтылы құлақтандыру, адамдарды қорғаныс ғимараттарына жасыру, оларды таратып орналастыру мен көшіру, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану және т.б. шаралары кіреді.

 

Қорғаныс ғимараттары

 

Қорғаныс (немесе паналау) ғимараттары халықты ЖҚЖҚ-дың зақымдайтын факторларынан қорғайтын ең тиімді тәсіл болып табылады. Олар алдын ала арнайы салынған ғимараттар және қорғау қасиеттеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді.

 

    

 

Отбасына арналған баспана

 

Ауылдық жерде және ірі қалалардың шет жақтарында тұратын адамдар жеке салынған үйлерінің маңына немесе астына әдетте жертөле салып қояды. Жертөлелер тұрмыстық шаруашылыққа өте қажетті және ыңғайлы құрылыс, оны үй иелері қысқы мерзімде (жазда да) түрлі азық-түлік өнімдерін сақтауға пайдаланады. Ақыр жертөле салынатын болғандықтан оны бірден жаппай зақымдаушы қарулардың зиянды әсерлерінен қорғауға бейімдеуі дұрыс сияқты. Сонда бейбіт уақытта жертөлелер тұрмыстық шаруашылыққа жарап, соғыс кезінде қорғау баспанасына тез арада айналдыруға икемді келеді.

Жертөле үйден бөлек салынатын болса ол біршама алысырақ, су баспайтын, сарқын сулар құйылмайтын құрғақ жерден тұрғызылуы керек. Ең дұрысы, оны адам тұруға ыңғайлап екі бөлмелі қылып (бірі – үлкенірегі негізгі бөлме болып саналады, екіншісі – дәліз ретінде, ауыз үй болуға тиісті), ішін таза етіп, бір отбасының мүшелері сиятындай істеудің артықшылығы жоқ. Төле салынатын жерде ор қазылады, оның тереңдігін есептегенде төленің төбесі жердің бетінен шамада бір метрдей төмен түсуі керек. Құрылыстың қабырғалары бетоннан, қалыңырақ болып құйылса тіпті жақсы, ал кеміргіштер, әсіресе атжалман (егеуқұйрықтар), азық-түлік өнімдеріне жетпеуі үшін кей кезде еден де цементтелінеді. Мұндай жағдайда еден мен қабырғалары біртұтас құйылғаны жөн. Сонда жан-жағынан су (жер асты сулары) өтпейді. Бөлмелердің төбесі темірбетон плиталармен жабылып, оның үстін су өткізбейтін қара қағазбен қаптайды не қара шайырмен (битум) жалатады. Әрине бұл жұмыстар әр отбасының қолынан келе бермейді, ондай жағдайда басқа да, жеңіл құрылыс материалдарын пайдалану керек.

Жоғарыда айтылғандай төбесі мен жер беті арасын топрақпен толтырып және одан да асырып төмпешік қылып үйеді. Төмпешіктен ағып түскен жаңбыр суы шеттерінен жасалған арықтар арқылы басқа жаққа ағып кетеді. Жертөлеге түсетін баспалдақ жолы қақпақпен жабылыды, бұдан басқа төменде тағы екі есік орналастырылады. Қақпақ та, есіктер де қорғағышты-тығыз, саңылаусыз жабылуға тиісті. Егер есіктер ағаштан жасалынған болса, олардың төмен жағы қаңылтырмен қапталады. Бұл кеміргіштер мүжіп өте алмайтынның амалы. Төленің ішіндегі ауаның ауысуына зор көңіл бөлінеді, өйткені адамдар отырған кезде демалудан ауа тез арада тарылып қалады. Сондықтан, төлені табиғи жолмен желдету үшін бөлмеден далаға шығатын екі мұржа қарастырылады. Біріншісі сырттан ауа келетіні – жер бетінен 1,5 метрдей биіктікке көтеріледі, ал төле жағы еденге дейін  түседі; бұл мұржаның табанына ауамен бірге өткен шаң-тозаң шөгеді, сондықтан бөлмеге ауа келетін ауызы еденнен біршама (0,5 м) биіктеу болғаны дұрыс. Мұржаның ішінде шаң ұстайтын бірнеше қабатталған дәке сүзгі бекітіледі. Мұржаның екіншісі – сыртқа ауа айдайтыны – жер бетінен 2-3 метрдей биіктікке шығып тұрады, төменгі ауызы төленің төбесінен 20-25 см төмен орналасады. Өстіп қойылған екі мұржа арқылы төле ауасы өзінен өзі ауысып тұрады: биік мұржамен ауа төленің ішінен жоғарыға шығуға тырысады да, ал пәс мұржаның еденге жақын аузынан сырттан келген ауа оның орнын басады. Мұржалардың жоғарғы ауыздарының үстінен қалпақшалар орнатылады (тікелей жаңбыр суы құйылмауы үшін), одан пәсірек алмалы-салмалы темір тор қойылыды және төленің ішінен жауып-ашылатын ысырмалар керек. Аса қауіпті жағдайда, мысалы ауа ауысуы улағыш газдарды келтіретін уақытта, ысырмалар 2-3 сағатқа итеріліп қойылады да ауа ағынын тоқтатады. Төленің ауыз тамында сырттан келген адам киімін, жеке қорғаныс құралдарын, аяқ-киімін шешіп, беті-қолын жуып-шайып ішке кіреді.

Жер-төленің негізгі бөлмесінде бірнеше деңгейде орналасқан ыдыс-аяқ, тағам өнімдерінің қоры, су сақтайтын сиымдылықтар және тағы да басқа заттар тұратын сөрелер құрастырылады, адамдар жататын нарлар, отыратын орындықтар, үстел қойылса да болады, медициналық қобдишасын ұмытпау керек. Қысқаша айтқанда төле отбасы 3-4 тәулік бойы қиналмай тұрып шығуға бейімделген болуы керек. Азаматтық Қорғаныс штабының және басқа органдардың хабарын алуға, сыртта болып жатқан жағдайлар туралы білу үшін жертөленің ішінде радиоқабылдағыш болғаны жөн. Сондықтан алдын-ала сыртта антенна тұрғызып, одан төленің ішіне кабель тартып қою керек. Радиоқабылдағыш, жарық беретін шамдар батарей арқылы істесе, сыртқы электр жүйесіне тәуелсіз болады.

Осы бейнеленген жертөле құрылысы басқа күрделі қорғаныс ғимараттарының кішкентай үлгісі болып табылады, олардың бәрі осы принциппен салынады.

 

Көп адамға арналған қорғаныс ғимараттары

 

Үлкен қорғаныс ғимараттары ірі қалаларда тұрғызылады, сиымдылығы жағынан олар шағын (150-300 адам), орташа (300-600 адам) және дәу (600-ден көп адам) паналау ғимараттары болып бөлінеді. Қала тұрғындарының әрқайсысы өзінің тұрған жеріне, жұмыс немесе оқу орнына жақын орналасқан паналау ғимаратын білуге тиісті. Барлық талаптарға сай салынған қорғаныс баспаналары адамдарды ядролық қарудың зақымдаушы факторларынан, улы заттар мен бактериологиялық құралдардан, өрт аймақтарындағы жоғары температурадан, түтіннен, қираған үйлердің басып қалуынан қорғап, бірнеше тәулік бойы қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ете алады.

Барынша дұрыс тұрғызылған қорғаныс ғимараттарында негізгі және қосалқы бөлмелер қарастырылады. Негізгі бөлмелерге жасырынушыларға арналған залы, басқару бөлмесі, медицина палатасы жатады, ал қосалқы бөлмелерді сүзгі-желдеткіш және тәуелсіз электр энергиясын шығаратын дизель қондырғылары тұратын орындар, санитарлық-тұрмыстық буындар, азық-түлік қоймасы, оттегі баллондары, су құйылған кеспектер, авариялық аспаптар орналасқан тамдар құрайды.

Паналаушылар орналасуға тиісті зал екі немесе үш деңгейлі нарлармен, орындықтармен және жатуға арналған сөрелермен жабдықталады, ал отыратын орындар мөлшерлері 0,45х0,45 метр, жататын сөрелер – 0,55х1,8 метр көлемінде жасалады; басқару нүктесінде әр жұмысшыға аудан нормасы 2 м2 кем болмай есептеледі. Жататын орын саны нарлар екі деңгейлік болғанда ғимараттың барлық сиымдылығының 20%-ін, ал үш деңгейлік болса – 30%-тін құрайды. Ғимараттың сиымдылығы әр адамға шаққанда көлемі кемінде 1,5 текше метрден, ал еденінен есептегенде 0,5 шаршы метрден келетіндей болуы керек.

Панаханада жеткілікті құрал-сайман жабдықтар, жиһаз, әр-түрлі аспаптар, өңдеу құрылыс материалдары, өртке қарсы және медицина мүліктері, т.б. орналастырылады.

Ауа ауыстыру жүйесі бірнеше тәртіп бойынша істейді: шаң сүзгілер арқылы ауа өткізу тәртібі (1 тәртіп), сүзгі желдеткіштер арқылы ауаны улағыш заттардан, радиобелсенді заттардан, бактериологиялық құралдардан тазарту тәртібі (2 тәртіп). Ауаның құрамында көмірқышқыл газы мен көміртегі тотығы кәп болған жағдайда, ауа келісі тоқтатылады да іштегі оттегі баллондары пайдаланылады; бұл жағдайда ауа қысымы атмосфера қысымынан біршама биіктеу болуға тиісті.

Ауа ауыстыру жүйесіне ядролық жарылыстың артық қысымын әлсірететін құрылғылар және дефлекторлар кіру керек. Кіретін ауаның көлемі сағатына 1 тәртіп бойынша адам басына шаққанда 8 м3-тен 13 м3 – дейін, 2 тәртіп бойнша – 2 м3. Паналау ғимараттарында көмір-қышқыл газының мөлшері 3%-тен, ылғалдылығы 90%-тен және температурасы 31 градустан аспауға тиіс. Ауа желдеткіштері қол күшімен немесе электр күшімен айналады. Баспанаға жарық келтіру үшін батарей және аккумулятор шамдары қарастырылады, басқа жұмыстарға дизель қондырғысы орнатылады – ауа ауыстыру жүйесін істеуге, сарқын суларды сыртқа шығаруға, байланыс аспаптарын токпен қоректендіруге, артезиан құдықтарынан су көтеруге.

Ғимараттың кемінде екі қарама-қарсы жақтарға орналасқан бір-біріне 900 бағытталған есіктері болады. Шығатын жолдар негізгі бөлмелерден бөлек, өзара ауа өткізбейтін, тығыз жабылатын есіктермен жабдықталған шлюзді камералар (тамбур, дәліз) түрінде жасалады. Кірер ауыздың сыртына қорғағышты ауа өткізбейтін берік есік орнатылады. Мұнан басқа, негізгі шығатын есіктерді үйінді басып қалған жағдайда паналаушыларды шығаруға арналған авариялық есік те болады. Ол – айналасы ашық, үйінді баспайтын жер асты жолы. Барлық есіктерді, желдеткіш құбырларды тығыз жауып, ғимараттың ішінен қысым арқылы ауа жібергенде, қысым мөлшері атмосфера қысымынан біршама (су бағанасымен шамамен 5 миллиметрдей) артық болса, ғимараттың герметика қасиеті керек деңгейде деп санауға болады.

Қорғаныс ғимаратының өз құжаттары болуға тиіс: төл-құжат, жобасы, сыртқы және ішкі жүйелердің жобалары, ғимаратты күтіп ұстау тәртібінің нұсқаулары, жарақтандыру табелі, жай-күйін тексеру қорытындыларын жазып отыратын журналы және т.б. Бейбіт уақытта пайдаланған кезде ғимараттың бөлмелері мен жабдықтарының сақталуы, тығыз бекітілуі, тиісті санитарлық жағдайда ұсталуы, белгілі мерзімге даяр болуы қамтамасыз етілуге тиіс. Жау қауіпі тікелей төнген кезде ғимаратты даярлауға кіріседі: бөлмелерді бөгде заттардан босатады, барлық есіктердің, желдету арналарындағы жапқыштарының, бөлгіштердің ақаусыздығын, құрылғылардың жұмыс істеуін бақылап өтеді, санитарлық тазалыққа келтіреді, қорғаныс құралдарымен, барлау аспаптарымен және т.б. керекті заттармен жабдықталуын тексереді. Бұл жұмыстарды жүзеге асыру үшін, жасырынушыларға қызмет көрсету үшін АҚ бастығының жарлығы бойынша арнаулы жасақтар құрылады. Паналаушылар ғимарат тәртібінің талаптарын орындауға тиіс; олар жеке қорғаныс құралдарын, азық-түлігін ала келуі керек. Тез тұтанғыш және улы заттарды, үй жануарларын әкелуге, шулауға, темекі тартуға, балауыз және басқа да ашық жалын шығаратын шырағдандар жағуға тиым салынады. Егер қорғаныс ғимаратында авария орын алса (су басып, жүйесі бүлініп, өрт шығып, зиянды газдар шоғырланған жағдайда) жасырынушыларды, жеке қорғаныс құралдарын кигіздіріп, далаға шығарады. Бұл шешім объекті АҚ бастығының немесе қызмет көрсету тобы бастығының бұйрығымен жүзеге асырылады.

Алдын-ала салынған қорғаныс ғимараттары жеткіліксіз жағдайда, ал жау қауіпі тікелей төніп тұрғанда тез тұрғызылатын паналау ғимараттары соғылады. Олардың тұрғызылуы да алдын-ала көзделген болуы керек. Құрылыс үшін түрлі жер асты өткелдерін, шахталар мен тау-кен орындарын, метрополитенді және т.б. қаладағы жер асты құрылыстарын керек нәрсемен жабдықтап пайдаланады. Жұмыстарды тез бітіру үшін өндірістік әдіспен шығарылған материалдар, жабдықтар іске қосылады, ауа желдеткіш және тазартқыш қондырғыларын жеңіл, қарапайым немесе табиғи түрде ұйымдастырады. Мысалы, ағынды ауаны радиоактивті тозаңнан, улағыш немесе бактериалық заттардан тазартатын құм немесе шлак сүзгілер, ал тозаңды тазалау үшін мата сүзгілер қолданылады.

 

Үйді радиациядан қорғауға бейімдеу.

 

Қорғаныс ғимараттары әрине ЖҚЖҚ-дың барлық зиянды әсерлерінен қорғайды, алайда олар жеткіліксіз болса, онда тек радиациядан қорғайтын орын дайындау керек. Оның себебі – радиация ұзақ әсер етеді, жіті сәуле ауруына соқтырады және тек жарылыс болған жерде тұрмай, радиобелсенді бұлт желдің бағытымен жылжу арқылы ауыл-аймақтарға да жетеді. Радиациядан қорғайтын баспана ядролық жарылыстың артық қысымынан қорғамауы мүмкін.

 

 

 

Радиациядан қорғану үшін өнеркәсіптік, көліктік, мәдени-тұрмыстық, шаруашылық-тұрмыстық объектілер, жерасты бөлмелері, жай тұрғын үйлер, ауылды жерде шөп сүрлейтін орлар, көкөніс сақтайтын қоймалар, сондай-ақ тас үйлер де пайдаланылады. Осы құрылыстарды радиациядан қорғану ғимараттарына бейімдеу мақсатында төбелеріне қосымша тіреулер, белағаш салып, 20 сантиметрдей қалыңдықта топырақ жабылады, терезелері қыш немесе басқа материалмен толық бекітіледі, барлық саңлаулар мұқият бітіледі, үй есіктерін тығыз жымдасып жабылатын етеді. Ішке кірер алдында тұрғындар киімдерінен шаңды әбден қағуы керек, аяқ-киімін жуып немесе сүртіп қояды. Үй асты бөлмелерінде радиация деңгейін азайту үшін үйдің жан-жағына 1-1,5 метрдей топырақты үйіп, немесе қапталған түрде жиып қояды. Әрине радиациядан қорғайтын ғимараттарды қолдан келсе барлық керек заттармен қамтамасыз ету қажет, әсіресе ауа ауысу жағдайын; азық-түлікті және суды сақтау, тамақ-ауқат ішу тәртібін қатты қадағалауға тура келеді. Ауылды жерде мұндай паналау орындары тек қана ауыл тұрғындарына ғана лайықталып салынбай, көшіп келген халықты да орналастыруға сай етіп салынуы керек. Сондықтан бұл жұмыстарға барлық еңбекке жарамды адамдар, сонымен бірге ірі қалалардан келген халық да тартылады.

Паналау орындарының қорғану қасиеттері радиация мөлшерін әлсірету коэффициентімен анықталады. Ашық жерде әлсірету коэффициенті К=1 болса, бір қабатты тас үйдің астындағы подвалында К=40; ағаш үй радиацияны екі есе кемітсе, оның подвалында К=7; бес қабатты тас үйдің астындағы подвалда К=400, яғни бұл жерде радиация 400 есе кемітіледі.

Ядролық жарылыс өткеннен алғашқы 3-5 сағат үй есіктері мен желдеткіш арналары жабық болуы керек; бұл уақыт аралығында радиация деңгейі едәуір төмендейді, ал радиобелсенді тозаңның басымы жерге шөгіп үлгереді. 4-6 сағат өткенде қорғаныс орындарының ауасын, арналарды 15-20 минутқа ашу тәртібімен, ауыстыру керек. Сол мерзімде адамдар жеке қорғау құралдарын киіп далаға шығып тұрса болады. Егер сыртта радиация деңгейі әлі де биік болса, тұрғындардың іште қалғаны жөн. Бөлменің едені және басқа заттардың беттері ылғал шүберекпен қайта-қайта сүртіліп тұруға тиісті.

Шабуыл қауіпі туған кезде паналау ғимараттары мен радиациядан қорғайтын орындар жеткіліксіз болған жағдайда жыралар жасау жұмыстары орын алуы керек. Халықты радиациядан, жарық сәуледен, қираған үйлердің басып қалуынан сақтайтын жыралар аз уақыт мерзімде арзанға түсіп дайындалуы мүмкін, сондықтан олардың маңызы зор. Мұндай паналау орындары кәсіпорындардың, тұрғын үйлердің, вокзалдардың, аэропорттардың, фермалар мен дала қостарының және басқа да адамдар көп шоғырланған орындардың жанынан салынады.

Ор-жыралар жерден қазылады, оның тереңдігі 2 метрдей, жоғарғы ені 1,2 м, табан ені 0,8 м болады, ал ұзындығы адам санына қарай есептеледі. Мысалы 10 адамды қорғауға арналған ор-жыраның ұзындығы 10 метрдей болса жеткілікті. Осындай әдіспен жасалған, төбесі (үсті) ашық жыра радиацияны 2-3 есе азайтады, ал зарарсыздандыру жұмыстары өткізілсе (ішіндегі және шетіндегі топырақ беті алынса) 20 есе кемітеді. Ор-жыраның қорғағыштығын арттыру үшін, оның үстін жабады. Үсті жабылған жыраның радиацияны әлсірету коэффициенті К=40-50. Жыраның үстін жабу үшін әр-түрлі бекем материалдар қолданылады – ағаш бөренелері, темір-бетон плиталары және т.б. олардың бетіне су өткізбейтін қара-қағаз (рубероид), полиэтилен қабықшасы төселеді немесе балшық салынады, сонан соң қалыңдығы 0,6 м етіп топырақ жабады да оның үстін шыммен бастырады. Қамысты да пайдалануға болады. Жыраға түсетін баспалдақ жасалынады және есік, ауа мұржалары қойылады. 40-50 адамға арналған жыра бір-біріне 900 бұрыштықпен жалғасқан ұзындығы 10 метрлік 4-5 жыралардан тұрады.

 

Жеке тұлғаны қорғау құралдары (ЖТҚҚ)

 

Қарсылас жау жаппай қырып жоятын қаруларды (ЖҚЖҚ) қолданған кезде немесе авариялық сипатта уландырғыш заттардың (УЗ), радиобелсенді заттардың (РЗ), бактериологиялық құралдардың (БҚ), КӘУЗ әсері күшті улы заттардың, химиялық авария күшті заттардың (ХАҚЗ) далаға шыққан төтенше жағдайларында (ТЖ) азаматтық ЖТҚҚ қорғаныстың (АҚ) қызметтер құрамын және жалпы халықты сондай-ақ медициналық қорғау құралдарымен қамтамасыз ету аса маңызды мағыналы болып келеді.

ТЖ туындаған жағдайда жеке тұлғаны қорғау құралдарын қолдану қажет болады; қажет жағдайда олар тіпті адамдардың қорғаныс паналарда және радиацияға қарсы паналарда орналасқан кезде де қолдануы артық емес.

Қарсыластың шабуыл қауіпі төнген кезде, ол туралы хабарланғанда бүкіл халық жеке тұлғаны қорғау құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс: жасақтар құрамы, жұмысшылар мен қызметкерлер ЖТҚҚ-ын өздерінің объектілерінен алады (егер арнайы ЖТҚҚ жетпеген жағдайда өнеркәсіптік противогаздар мен респираторларды пайдаланады), тұрғындар үй шаруашылығын ұйымдастыру комитеттері сияқты мекемелерден талап етеді, тағы басқалары қарапайым қорғау құралдарын дайындауға кіріседі.

 

Жеке тұлғаны қорғау құралдараының түрлері

 

ЖТҚҚ ішкі ағзаға, адамның тері қабаттарына, сілекей қабыршақтарына және киімдеріне радиобелсенді, уландырғыш, бактериологиялық заттардың түсуінен, жалпы алғанда ауада, қоршаған ортада пайда болған зиянды қоспалардан қорғау (адамға жұғуға бөгет жасау) мақсатында пайдаланылады.

Қолдануына қарай ЖТҚҚ тыныс алу ағзаларын және адам денесін (терісін) қорғау құралдары болып бөлінеді.

Адамның қоршаған ортамен байланыс тәсіліне қарай немесе қорғау принциптері бойынша жеке тұлғаны қорғау құралдары оқшаулағыш және сүзгіш болып бөлінеді.

Дайындау тәсілдеріне қарай оларды өнеркәсіпте дайындалған (өнеркәсіптік) және жай, тұрғындардың қолданбалы заттардан дайындаған түрі деп бөлуге болады.

Жеке тұлғаны қорғау құралдарын қамтамасыздандыру принциптері бойынша әскери, азаматтық және өнеркәсіптік (өнеркәсіпте арнайы жұмыстарда қолданылады) деп топтастыруға болады.

Оларды қамтамасыздандыру табельдерімен қарастырылатын, яғни табельдік және табельдік құралдарды толықтыру немесе оларды алмастыру мақсатында қолданылатын табельдік емес деп бөледі.

Адамның тыныс алу ағзаларын, көзін, бет терісін қорғау үшін оқшаулағыш және сүзгіш газқағардар, сондай-ақ шаң-тозаңға қарсы матадан тігілген маскілер мен таңғыштар қолданылады. Ал денені сақтандыру үшін – арнайы қорғайтын оқшаулағыш костюмдер және бейімделген күнделікті киімдер пайдаланылады. Медициналық қорғау құралдарына жеке таңғыш пакет (ЖТП), жеке химиялық қарсы пакет (ЖХҚП), жеке дәрі қобдишасы (АИ-2), үйде қолданылатын дәрі қобдишасы, әр-түрлі антидоттар, басқа да дәрілер жатады.

 

Тыныс алу ағзаларын қорғау құралдары

 

Сүзгіш газқағардар  – ауада, қоршаған ортада кездесетін зиянды қоспалардан бет терілері  мен көзді, тыныс алу ағзаларын қорғауға арналған.

АҚ жүйесінде тұрғындарды қорғау мақсатында сүзгіш газқағарлардың келесі түрлері ұсынылады: ересек адамдар үшін – ГП-5, ГП-5М, ГП-7, ГП-7В, балалар үшін – ПДФ-Ш, ПДФ-Д, ПДФ-2Ш, ПДФ-2Д, сәбилерді қорғайтын камера.

 

 

Аталған газқағардардың құрамы мен қорғау әрекетінің принципін ГП-5 газқағардың мысалында қарастырамыз.

ГП-5 құрамына екі басты элемент кіреді: ГП-5 сүзгіш-сіңіргіш қорап (газқағардық қорап) және ШМ-62у шлем-маскісі.

Газқағар жиынының құрамында, сондай-ақ, газқағарды сақтайттын және оны тасымалдайтын қалта, сыртынан жылу сақтайтын манжеттер, терлетпейтін жұқа қабықшалары бар қорабы болады (немесе көзілдірік әйнектерін терлеуден сақтандыратын арнайы «қалам»). Газқағар қорабы уландырғыш заттардың газы мен буын сіңіргіш (активтердірілген көмір) және тыныс алған ауадағы қатты, сұйық аэрозольдерді талшықтар арқылы ұстап қалатын, арнайы картоннан тұратын түтінге қарсы сүзгімен жабдықталған.

ШМ-62у газқағарының алдыңғы бөлігі табиғи және синтетикалық каучуктен, резинаның негізінде дайындалған. Шлем маскіге көзілдірікті торап, клапанды қорап бекітілген, соңғысы бір тыныс алатын және екі тыныс шығаратын клапандардан құралып, ауа ағыстарының таралуына қызмет етеді.

Терлемейтін шынылар (немесе жұқа қабықтар) целлюлозадан жасалады және олардың бір жақты желатин бүркеншігі болады. Олар противогаз шынысының ішкі жағынан желатин бүркеншікпен көздің тұсына қарай белгіленеді де, қыстырғыш сақинамен қыстырылып қойылады. Желатин бірқалыпты конденсацияланған ылғалды сіңіріп, жұқа қабықтың анықтығын сақтап тұрады.

Егер «қаламды»қолданатын болсақ, оны алдымен шыныларды таза шүберекпен сүртіп алып, «қаламды» қатты баспай тор тәрізді етіп 5-6 сызық жүргіземіз. Осыдан кейін шыныға бір рет жылы үрлеп, сызықтарды бірқалыпты жағамыз, сонда шыны мөлдір,анық болып шығуы керек.

Екінші рет тыныс шығарылған кезде оның (шынының) терленбейтін қасиеті тексеріледі. Егер шыны терлесе, оны екінші қайтара майлау керек. Газқағар қолданылып болған соң шынылар міндетті түрде таза шүберекпен жақсылап сүртіледі. Көзілдірік шыныларын терлеуден сақтау үшін, сондай-ақ, клапандық қорапқа бекітілген резинадан жасалған түтікше (секілді) қолданылады. Олар арқылы терлеуден пайда болған ылғал ағып түседі.

Жылу сақтағыш манжеттер (екінші шынылар) тек қана қыста,

 – 100С төмен температура кезінде пайдаланылады. Манжет шыны әйнектің сыртқы қапсарына кигізіледі. Манжеттің шынысы мен көзілдіріктің арасындағы кеңістік шлем-маскінің көзілдірігінің қатып қалуынан сақтайды. Шлем-маскінің көзілдірігі мен манжеттің шынысы арасында ылғалдың пайда болуын болдырмау үшін манжетті жылы бөлмеден тыс жерде кигізу ұсынылады. Ескерілетін бір жай – сүзгіш газқағардар көміртек тотығынан қорғамайды. Ауада көміртек тотығы болған жағдайда қосымша патрон пайдаланылады. Ол мынадай бөлшектерден тұрады: гопкаликт, құрғатқыш, противогаздың қосқыш түтігінің жалғасуы үшін сыртқы бөлшегі, газқағар қорабына қосу үшін қолданылатын ішкі бөлігі.

Ауа мен көміртек тотығының қоспасы патроннан өткен соң усыз көміртек газына айналады.

Шлем-маскілердің бет бөлігінің үлгісіне тәуелді болып 3 және 5 мөлшерлі түрі болады. Газқағардың мөлшері шлем-маскінің иек бөлігінде санмен көрсетілген.

Газқағар салынатын қалта екі бөлімді болуы мүмкін: бірі – противогаз қорабы үшін, екіншісі – газқағардың бет бөлігі мен терлемейтін қабықшаға немесе арнайы «қаламға» арналады. Жалғағыш жиырмалы түтік болған жағдайда, газқағар қорабының тесігіне ауаның еркін кіруі үшін қалтаның ішінде ағаш ішпектер болады. Сондай-ақ қалтада жеке химиялық қарсы және таңғыш пакеттер үшін сыртқы қалтасы тігілуі мүмкін.

 

Басқа газқағарлардың ГП-5  түрінен айырмашылығы.

 

ГП-5 сүзгіш-сіңіргіш қорабы тікелей ШМ-2у шлем-маскісінің клапандық қорабына бекітіледі. Кейбір газқағарларда ол жиырмалы түтікпен, ал шлем-маскілер баста жақсы тұруы үшін жолақ жіптермен қамтамасыздандырылады.

ГП-5М мембраналық сөйлесетін құрылғымен және құлаққа арналған ойықпен жабдықталған. ГП-7 газқағарының көптүрлілігі тыныс алуға ешқандай кедергісі болмайтындай жақсартылған сүзгіш-сіңіргіш қораптармен қамтамасыз етілген. Осыған орай оны жасы келген адамдар мен өкпе, жүрек-тамырлары ауруымен ауыратын науқастар пайдалануына болады.

Маскілердің жаңа түрлеріне маскі арқылы өтетін су қабылдау үшін резіңке түтік секілді құрылғымен, сондай-ақ оптикалық аспаптармен жұмыс істеуге өте жайлы трапециялық түріндегі шыны көзілдірікті тораппен және т.б. қамтамасыз етілгендер жатады.

Балалар үшін ПДФ-2Ш сүзгіш газқағары мектеп жасындағы 7 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға, ал ПДФ-2Д противогазы 1,5 жастан 7 жасқа дейінгі балаларға арналған. 1,5 жасқа дейінгі балаларды қорғау үшін 300С-тан –300С температура аралығындағы сәбилерді қорғайтын камера қолданылады (КЗД). Жиынға КЗД, атмосфералық жауын-шашыннан сақтайтын жамылғыш, картон қорап және камераны сақтайтын полиэтилен қабы кіреді. Камераның басты түйіні резиналанған матадан тігілген қап болып табылады. Қап сұрыпталған металл каркаска бекітіледі, ол табандықпен бірге жиналғыш кереует жасайды. Камераның қабығына сырттан келген ауа тазаланып ішке енетін екі     элементтер қосылған. Камера ішіндегі кішкентай балаға бақылау жасау үшін екі терезе, ал қолмен реттеу үшін – резіңке сияқты матадан жасалған ұзын қолғаптар пайдаланылады. Бала камераға, арнайы қысқыш арқылы герметикаланатын, ойықтан енгізіледі. Баланы КЗД-6 камерасында 6 сағатқа дейін ұстауға болады (сыртқы ауаның температурасы –100С-тан 260С дейін).

Камераны герметизациялау алдында онда сүт немесе шай құйылған бөтелке, ойыншық, қосымша жаялық салып қою керек. Баланың жағдайына қарап тұру керек, әсіресе сыртқы ауаның температурасы 250С жоғары болғанда, өйткені камерадағы ауа 3-40 жоғары болады. Қысқы уақытта баланы серуенге алып шыққандағыдай киіндіру керек. Жаңбыр жауған жағдайда камераға кез-келген су өткізбейтін жамылғыш жауып қою керек. Себебі ол элементтерді судың керіс әсерінен сақтайды. Қазіргі күнде КЗД және ПДФ-2Д, ПДФ-2Ш газқағарлары ең толық жетілгендері болып табылады. Олар жас балаларды уландырғыш, бактериологиялық, радиобелсенді және басқа да қауіпті заттардан сенімді түрде сақтайды.

 

Шлем-маскіні жинақтау, дұрыстығын тексеру, пайдалануға дайындық жүргізу

 

Егер бет бөлігі мөлшерімен тура алынса, өзі түгел болса, онда газқағар сенімді қорғаныс құралы бола алады. Дұрыс таңдалған шлем маскі бетке тығыз жабысып, бірақ ауырлық сезімді туындатпай тұрса, ол сыртқы ауаны тек тазалауыш қорап арқылы тыныс алу ағзаларына енуіне мәжбүр етеді. Шлем-маскіні белгілі мөлшерімен таңдау оның маркасына байланысты.

 

Керек мөлшерлі ШМ-62У шлем-маскасын таңдап алу үшін бастың төбесінен, екі ұрттан және иек арқылы өтетін тұйықталған бағыттағы жерді өлшейді. Өлшеуді 0,5 см дейін дөңгелектеп алады. Егер өлшеу 63 см дейін болса нольдік бойы деп алады; 63,5 см-ден 65,5 см дейін – бірінші; 66 см-ден 68 см-ге дейін – екінші; 68,5 см-ден 70,5 см-ге дейін – үшінші; 71 см-ден жоғары шлем-масканың төртінші бойы болып саналады.

ШМ-62 шлем-масканың мөлшерін өлшеуде сондай-ақ жаңағыға тағы да қастың үстіндегі доға арқылы өтетін және екі құлақтың тесіктерін қосатын бағытты өлшеп алады. Осы екі өлшеудің қосындысын қосып, соның негізінен шлем-масканың мөлшерін анықтайды. Өлшеудің жалпы қосындысы 92 см-ге дейін болса нольдік мөлшері; 92 см-ден 95,5 см-ге дейін – бірінші; 95,5 см-ден 99 см-ге дейін – екінші; 99 см-ден 102,5 см-ге дейін – үшінші; 102,5 см-ден жоғары – төртінші мөлшерге жатады.

М-49 маскасын таңдау кезінде беттің биіктігінің өлшемі алынады. Яғни, бұл өлшеу екі көздің ортасынан бастап иектің ең төменгі нүктесіне дейін (беттің тік бағытынан алынып) жүргізіледі. Осы ара 99 мм-ден 109 мм-ге дейін болса – бірінші бойы; 109 мм-ден 119 мм-ге дейін - екінші; 119 мм-ден жоғары – масканың үшінші бойы деп саналады.

Балаларға арналған газқағар маскасының мөлшері де беттің биіктік өлшемімен анықталады. МД-3 маскасы үшін беттің өлшемі 72 мм-ге дейін – бірінші, 72-ден 87 мм-ге дейін – екінші, 88-ден 95 дейін – үшінші, 96-103 мм-ге дейін төртінші мөлшерлі болып саналады. ПДФ-Ш газқағары үшін шлем-масканы қарастыру үлкендерге арналған шлем масканы таңдау сияқты жүреді.

Жаңа шлем-масканы киместен бұрын оның іші мен сыртын ылғал шүберекпен сүртеді, ал тыныс алатын клапанды (қақпақты) және қосып тұратын түтікті үрлеп жіберу керек.

Дезинфекция мақсатында қолданған шлем-масканы міндетті түрде спиртпен, формалиннің 2%-тік ерітіндісімен сүртіп немесе сабынмен жуып жіберу керек.

Шлем-масканы таңдау мен газқағардың дұрыстығы оның сыртқы тексеріу мен толық герметикалық қасиетін сынау арқылы жүргізіледі.

Сыртын тексерген кезде шлем-масканың бүтіндігі (масканың резіңкесін созу әдісімен), жолақ жіптерінің шыдамдылығы, мембраналық қораптың бөлшектерінің бүтіндігі мен оның жинастырылуы, көзілдірік шынысының бүтіндігі, қысқыш сақинаның дұрыстығы, клапандық және газқағар қорабында тесік пен тотығы болмауы, металл бөлшектері майыспағаны, гайкалар бүтіндігі, бұрандалары жұлынбағаны, газқағар жиынының толықтығы тексеріледі.

Газқағардың толық герметикалық қасиетін тексеру үшін шлем-масканы кию қажет. Газқағар қорабының тесігін алақанмен басып, терең тыныс алған кезде ауа бет бөлшегінің төмен жағынан өтетін болса, онда газқағардың жарамсыздығы байқалады (мөлшері дұрыс емес).

Соңғы тексеру жұмыстары шатырда (улы зат – хлорпикринның буында, концентрациясы 0,85 г/м3 – бет бөлігінің дұрыс таңдалғанын тексеру үшін; 8,5 г/м3 – толық герметикалығын білу үшін) өткізіледі. Герметикалық белгісі – көз қабынбау керек. Хлорпикрин буының керек концентрациясы бірінші жағдайда – 0,5 см3 сұйық хлорпикриннің 1 м3 кеңістікте, екінші – 5 см3 – 1 м3 жағдайына булануымен анықталады. Бұл жағдайда хлорпикринді қатты ысытуға болмайды, себебі ол фосгенге ыдырауына әкеліп соқтырады.

Газқағарды үш түрде алып жүреді: киіп пайдаланған кезде, киюге дайын болғанда және аса қажеті жоқ тасымалдағанда.

 

Газқағарды пайдалану ережелері

 

Газқағардар «Химиялық қауіп», «радиациялық қауіп», «Газдар» деген дабылдар бойынша киіледі, немесе адамдардың өздері радиациялық зарарлану, улағыш заттардың, бактериялық құралдардың пайда болған белгілерін байқағанда газқағарларды пайдаланады. Оны кигенде демді іште ұстап, көзді жұмып тұрып газқағарды қалтасынан шығарады да шлем-масканың төменгі жағынан екі қолмен ұстап иекке тақайды. Иекке тақап тұрып оны басына тартып кигізеді – резинаның жиырылған жерлері болмауы керек, ал көзілдірік дәл көз алдына жайғасады. Осыдан кейін демді барынша шығарып, көзді ашып, бас киімді киіп алады, тынысты қалпына келтіреді. Газқағарды киіп болып демді барынша шығарғанда шлем-масканың ішіне кіріп қалған зиянды заттар шығып кетеді.

 

 

Зақымданған газқағарды ауа уланған жағдайда қолдану

 

Шлем-маска азғана жыртылған жағдайда ол жерін саусақпен қатты қысып немесе алақанмен жыртылған жерін бетке басып тұрған жөн.

Шлем-маска жарамсызданған кезде, шынылары сынып немесе тыныс алу клапаны істен шыққан жағдайда демді ұстап, көзді жұмған күйде шлем-масканы шешіп алу керек; шлем-маскадан қосқыш түтікті бұрап алып және мұрынды қысып, ауызға винттік гайканы алып, көзді ашпай тыныс алу керек (ауа противогаз қорабы арқылы өтеді). Қосқыш түтік жарамсыз болған жағдайда іште ұстап тұрып, көзді жұмып түтікті бұрап алу қажет. Оның орнына шлем-масканың клапандық қорабына газқағар қорабын жалғап, оны қолмен ұстап тұрып демді сыртқа шығарады және көзді ашып тынысты қалыпқа келтіреді.

Газқағар қорабы тесілген жағдайда, оны лаймен, нанның ұнтағымен, сабын, лейкопластырь немесе жабыстырмалы жолақпен жауып қою керек.

Жарамсыз газқағарды жарамдысымен алмастыру үшін былай істеу керек:

-         жарамды газқағарды тез киіп алуға дайындау;

-         демді іште ұстап, көзді жұмып жарамсыз газқағардың шлем-маскасын шешіп алу;

-         жарамды газқағар шлем-маскасын киіп, демді шығарып, көзді ашып, тынысты қалыпқа келтіру.

 

газқағарды күтіп қарау және оны сақтау

 

Газқағарды күтіп қарау: қатты соққылардан сақтау, күтіп қарау, қолданып болған соң барлық бөлшектерін құрғақ етіп сүрту, ылғал жерде сақтамау және жоғары температуралы заттардан алшақ ұстау.

Газқағар уландырғыш заттармен зарарланса химиялық қарсы пакеттегі сұйықтықпен, радиобелсенді заттармен зарарланған жағдайда сулы шүберекпен сүртіледі, дезинфекциялық арнайы ерітінділерімен өңделеді.

 

Өндірістік газқағарлар

 

Шаруашылықта ауада кездесетін зиянды заттардан жеке тұлғаны қорғау кезіндегі, өнеркәсіптің түрлі саласындағы, ауыл шаруашылығындағы жұмысшылардың көру және тыныс алу ағзаларын қорғайтын өндірістік сүзгіш газқағардың бірнеше түрі кездеседі.

Өндірістік газқағарлар азаматтық газқағарлардың бет бөлшектерімен қамтылады. Улы заттардың құрамына қарай арнайы мамандандырылған газқағар қораптары өзінде бір немесе бірнеше сіңіргіштер, кейде бір сіңіргіш және аэрозольді сүзгіш ұстайды. Қораптарды сыртқы көрінісіндегі түрлі бояулары мен әріптік таңбаларына қарай ажыратады. Қораптар маркасы арқылы танылады. Олар пайдаланылғанда аэрозольдерге қарсы сүзгішпен (АҚС) бірге (немесе онсыз) шлем-маскаға қосылады.

 

 

Төменде өндірістік газқағарларға қосылатын сіңіргіш және сүзгіш-сіңіргіш қораптар, олардың маркалары, тануға арналған бояулары, қорап қорғайтын зиянды заттар келтіріледі.

А-АҚС-сіз – қоңыр түсті – органикалық қосындылардың булары (бензин, керосин, ацетон, бензол, толуол, ксилол, күкірт-көміртегі, спирттер, эфирлер, анилин, бензолдың газ және органикалық қосындылары мен гомологтары, тетраэтил қорғасын), фосфор және хлорорганикалық улы химикаттар.

А-АҚС-пен бірге – қоңыр түсті, тігінен ақ жолағы бар – осының алдындағыдай, сондай-ақ шаң, түтін, тұман.

Б-АҚС-сіз – сары түсті – қышқыл газдар мен булар (күкіртті газ, хлор, күкіртсутегі, синиль қышқылы, азот тотығы, хлорлы сутегі, фосген), фосфор және хлорорганикалық улы заттар.

В-АҚС-пен бірге – сары түсті, тігінен ақ жолағы бар – осының алдындағыдай, сондай-ақ шаң, түтін, тұман.

Г-АҚС-сіз – тігінен орналасқан қара және сары – сынаптың буы, этилмеркурхлорид негізіндегі сынап органикалық улы химикатттар.

Г-АҚС-пен бірге – қара және сары, тігінен ақ жолағы бар – осының алдындағыдай, сондай-ақ шаң, түтін, тұман, сынап пен хлор буларының қоспасы.

Е-АҚС-сіз – қара түсті – мышьякті және фосфорлы сутегі.

Е-АҚС-пен бірге – қара түсті, тігінен ақ жолағы бар – сондай-ақ шаң, түтін, тұман.

КД-АҚС-сіз – сұр түсті – аммиак, күкірт сутегі және олардың қоспалары.

КД-АҚС-пен бірге – сұр түсті ақ жолағы бар – сондай-ақ шаң, түтін, тұман.

М-АҚС-сіз – қызыл түсті – органикалық булармен (бірақ мүлде сорбцияланбайтын заттардың емес, мысалы, метан, этан, бутан, этилен және т.б.), сондай-ақ қышқыл газдармен, аммиакпен, мышьякты және фосфорлы сутегімен араласқан көміртек оксиді.

М-АҚС-пен бірге, қызыл түсті, тігінен ақ жолағы бар – сондай-ақ шаң, түтін, тұман.

СО-АҚС-сіз – ақ түсті – көміртек оксиді.

БКФ, МКФ-АҚС-пен бірге – жасыл түсті, тігінен ақ жолағы бар – қышқыл газдар мен булар, органикалық заттардың булары, мышьякты және фосфорлы сутегінің булары, сондай-ақ түрлі аэрозольдар (шаң, түтін, тұман).

Енді төменде көрсетілген қораптардың тек маркалары мен олар қорғайтын зиянды заттар берілген.

ВР – қышқыл газдар мен булар, радионуклидтер, солардың ішінде радиобелсенді йод пен оның қоспалары.

И – радионуклидтер, олардың ішінде радиобелсенді йодтың органикалық қоспалары.

К – аммиак.

Н – азот оксидтері.

Б – борсутектер - (диборан, пентаборан, этилпентаборан, декаборан), олардың аэрозольдары.

ФОС – көмірсутегінің бу және газ тәрізді фтор туындататындар, фреондар және олардың қоспалары, фтор және хлормономерлер.

ГФ – уранның газ тәріздес гексафториді, фтор, фторлы сутегі, радиобелсенді аэрозольдар.

УМ – гептил, амин, самин, нитромеланж, амидол деген заттардың булары мен аэрозольдары.

П-2У – темір мен никельдің карбонилының булары, көміртек оксидімен серіктес аэрозольдар.

С – азот пен күкірт ангидридінің оксидтері.

ПЗУ және ДПГ-3 атты әмбебап қорғағыш патрондар мына заттарға бөгет жасай алады (олардың бу, газ және аэрозоль түрлеріне):

ПЗУ – көміртек оксиді, аммиак, хлор, күкірт сутегі, хлорлы және фторлы сутегі, синиль қышқылы, фосген, азот оксиді, аминдер, ароматикалық көмірсутектер, органикалық қышқылдар, спирттер және т.б.

ДПГ-3 – диметиламин, аммиак, хлор, күкіртсутегі, тұзды қышқыл, тетраэтилқорғасын, этилмеркаптан, нитробензол, фенол, фурфурол.

Өндірістік газқағарлар ШМ-62У, МГП, ППМ-88 сияқты бет бөліктерімен жинақталады. Ары қарай өндірістік газқағарлардың кейбір түрлері сипатталады.

ППФМ-92 атты модульді газқағар - өзге түрлеріне қарағанда едәуір ұтымды келеді, бір немесе екі сүзгіш элементтерді пайдалануы мүмкін. Бірінші жағдайда қорап тікелей маскаға бекітіледі, екіншісінде – қосқыш түтік арқылы бірінен соң бірі. Аэрозольдардан тазарту мақсатында оларға қосымша сүзгіш элементтер жалғанады. Қораптардың түрлері: А, В, Г, К, КД, С.

Үлкен габаритті газқағар. Қораптардың маркалары: А, В, КД, БКФ, Г, Е, СО, М, Б, ФОС, ГФ, УМ, П-2У.

ППФ-95. Қорап маркасы: А, В, ВР, КД, П, БКФ.

ППФ-87. – А, В, КД, БКФ, Г.

ППФ-95М. – А, В, КД, Г, БКФ.

ППФ-3П. – А, В, Г, Е, И, К, КД, МКФ, Н.

ПФМ-1 – ең соңғы үлгілердің бірі. Жинаққа панорамалық маска кіреді. Қораптар: А, В, Г, Е, К, КД, МКФ, Н.

Газқағарлар мен қораптарға берілген түсініктемеде (нұсқауларда) оларды қалайша дұрыс қолдану керек екенін оқуға болады. Мысалы, Г маркалы қорапты пайдаланғанда уақыт есебін жүргізіп отыру керек, өйткені шамада 100 сағат өткенде бұл қорап жарамай қалады; ал М және СО маркалы қораптардың жарамдылығын олардың салмағынан біледі – егер олардың салмағы 35 грамм және 50 граммға көбейсе онда қораптар жаңаларымен ауыстырылады.

 

Оқшаулағыш газқағарлар

 

Оқшаулағыш газқағарлар – концентрациясы мен қасиеттеріне қарамастан ауада кездесетін кез келген қоспалардан тыныс алу жолдары мен көзді және бет терісін қорғайтын арнайы құралдар. Олар, сондай-ақ сүзгіш газқағарларды қолдануға болмайтын кезде пайдаланылады, мысалы, уландырғыш заттардың немесе басқа да зиянды қоспалардың концентрациясы өте жоғары болған кезде, оттегінің ауадағы концентрациясы 16%-тен төмен болғанда, сондай-ақ су астындағы жұмысты атқарғанда (терең емес жерде).

Оқшаулағыш газқағарлар қимыл көзқарасы бойынша екі топқа бөлінеді: химиялық байланысты оттегі негізіндегі газқағарлар (ИП-4, ИП-5) және қысылған ауа негізіндегі газқағарлар (КИП-7, КИП-8).

Қорғау әрекеттерінің бастапқы принциптеріне сүйенсек, қоршаған ортадан тыныс алу ағзаларының оқшаулануы, противогазда болған уақыт уландырғыш, радиобелсенді заттар мен бактериалық құрамдардың физикалық-химиялық қасиеттеріне немесе олардың концентрациясына байланысты емес, оттегінің қоры мен жасалған жұмысқа тәуелді (бұл нәрсе сүзгіш газқағарлармен айырмашылығы).

Оқшаулағыш газқағарлармен азаматтық қорғаныстың апаттан құтқару жасақтары қамтамасыздандырылады.

ИП-4М, ИП-5 оқшаулағыш газқағарлардың сүзгіш газқағарлардан айырмашылығы, қоршаған ортадан тыныс алу ағзаларын, көз, бет терісін толық оқшаулап тұруында. Тыныс алу газқағардың оттегі қорымен атқарылады. Олар сондай-ақ сүзгіш газқағарлар пайдалануға болмайтын кезде, нақтылай айтқанда ауада жоғары концентрациялы активті химиялық уландырғыш заттардан, сондай-ақ хлор (10% дейін), аммиак, көмірсутегі, зиянды заттардан қорғану, су астында жұмыс істеу мақсатында қолданылады, (мысалы, ИП-5 – 7 м тереңдікке дейін). Жинаққа тыныс алу қабы кіреді. Ауыр физикалық жұмыс кезіндегі жұмыс уақыты – 45 минут, орташа – 70 минут, жеңіл – 3 сағат. Температуралық жұмыс аралығы Т: -40 +400С. Салмағы: 3,6 кг.

КИП-8 оттекті оқшаулағыш газқағары әсіресе өрт сөндіру мен тыныс алуға жарамсыз ортадағы әрекет кезінде адамның тыныс алу ағзалары мен көзін қорғау үшін арналған. Оның құрамына МИП-1 маскасы, клапандық қорап, баллондағы оттегінің қысымын өлшейтін манометр, оттегіге арналған корпус (баллон) енеді. КИП-8 газқағарын қолдануға медициналық тексеруден өткен адамдар ғана жіберіледі. Газқағармен 90-100 минут жұмыс істеуге болады. Жұмыс істеп болған соң оның міндетті түрде оттегі баллоны мен регенеративті баллоны ауыстырылады. КИП-8 газқағары апаттан құтқару және өртке қарсы бөлімшелерінде кездеседі.

Шлангалы газқағарлар (ПШ-1Б, ПШ-20, ПШ-20РВ, ПШ-40) түрлі химиялық заттарды сақтауға арналған сиымдылықтарда (цистерна, бак, қазан), құдықтар, жер асты құбыр жолдары, түтіндік құбырлар, үйлердің астыңғы және т.б. бөлмелерде көмір қышқыл газынан, зиянды газ тудыратын заттардан қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Ауаны беру жұмысы өздігінен сору немесе қолмен (немесе жартылай электр арқылы) зарарланбаған аумақтан ауа үрлеу арқылы жүреді.

Шлангінің ұзындығы 10 метрден 40 метрге дейін. Жинаққа сондай-ақ: дабылдық – құтқару жіп, сақтандырғыш белбеу кіреді.

 

Өздігінен құтқарушылар

 

Сүзгіштік: газ, түтінен қорғайтын жинақ (ГДЗК). Көміртек оксидінен және цианды сутегіден 15 минут шамасында, тыныс алу ағзалары мен көзді өрттің кесірінен пайда болатын түтін мен улы газдардан сақтайды.

Кен жұмысшылары – шахталық өздігінен құтқарушылар СПП-4 (СПП-5). Қорғау әрекетінің уақыты: СПП-4 – 120 мин, СПП-5 – 60 мин.

Оқшаулағыш: ПДА. Ықшамдалған тыныс алу аппараты (оттегі қабымен бірге). Тыныс алу ағзалары мен көз, бет терісін адамды апаттық аумақтан эвакуциялау мен оған оттегі жетіспеген жағдайда шұғыл қорғау міндетін атқарады. Қорғау әрекетінің уақыты: ауыр физикалық жұмыс – 7 мин, орташа – 15 мин, тыныш тұрғанда – 60 мин.

Өндірістік оқшаулағыш өзін-өзі құтқару СПИ-20 (оттегі қапшығымен бірге). Оттегі жетіспеген жағдайда, бір рет қана қолданбалы. Шашты от жалыны мен ұшқындардан қорғап тұратын қалпақ тәріздес өлшеусіз бет бөлігімен қамтамасыз етілген. Қорғау әрекетінің уақыты: эвакуациялау кезінде – 20 мин, күту кезінде – 40 мин.

 

Респираторлар

 

Респиратордың бірнеше түрі бар. Олар тыныс алу ағзаларын радиобелсенді және топырақ шаңынан сақтандыру үшін қолданылады. Азаматтық қорғаныс жүйесінде ересек адамдар үшін Р-2, ШБ-1 респираторлары кеңінен тараған.

 

 

Р-2 респираторы өздігінен сүзгіш жартылай маска тәрізді. Маска сақтандырғыш экраны бар, екі тыныс алу және бір тыныс шығару клапанымен жабдықталған. Жартылай масканың сырт бөлігі жасыл түсті полиуретандық пенопластан, ал ішкі бөлігі ауа өткізетін полиэтилендік жұқа қабықшадан тұрады, онда екі тыныс алу клапаны орналасқан. Полиэтилен мен полиуретан арасында полимерлік талшықтардан сүзгіш орналасқан. Респиратордың тыныс мүшелеріне масканы қысып тұратын мұрын қысқышы бар.

Респиратордың әрекет принципі бойынша шаңдар масканың сүзгіш – полимерлік қабатынан тазаланып өтеді. Тазартылған ауа тыныс алу клапаны арқылы жартылай масканың ішкі кеңістігіне тарайды.

 

 

Тыныс шығарылғандағы ауа тыныс шығару клапаны арқылы сыртқа шығады. Р-2 респираторы беттің биіктігі өлшену арқылы үш мөлшерлі болады: 1 – 99-109 мм; 2 – 109-119 мм; 3 – 109 мм-ден жоғары. Азаматтық қорғаныстың сұрауы бойнша қосымша кішкентай жастағы балалар үшін нольдік мөлшердегі респираторлар дайындалады.

Қолға берілгенге дейін респираторлар заводтық орауда ауызы бекітілген полиэтилендік пакетте сақталады. Қолданған респираторды полиэтилен пакетке салып, аузын пластмасса сақинамен бекітеді. Осы күйде респиратор газқағар қапшықта, газқағардың бет бөлігі астында сақталады.

Р-2 респираторын қолданбастан бұрын оны тексеру керек. Жартылай масканы бетке кигенде мұрын мен иек оның ішіне сыйып, бір белбеуі бастың жоғары бөлігінде, екіншісі бастың төменгі жағында орналасады. Егер маска үлкен болса, оның белбеуін қысқартып, мұрынды қысқышпен қысып қояды. Респираторды кию «Респираторды ки!» - деген бұйрықпен немесе өздігімен жасалады. Респираторды кию барысында жартылай масканы бетке қатты қысып қоюға, қысқышты қатты басуға болмайды. Респираторды қолданып болған соң оны дезактивациялау – жартылай масканың сыртқы бөлігінен шаңды щеткамен немесе қолмен сілкіп кетіру керек. Ішкі бөлігін тампонмен сүртіп, кептірген соң полиэтилен пакетке салып, аузын сақинамен бекітіп, газқағар сөмкесіне салып қою керек. Р-2 және У-2К – силикаттық, металлургиялық тау кеніндегі, көмір, радиобелсенді және т.б. шаңдардан, бактериологиялық құрамдардардан, дусттан, ұнтақ тәрізді тыңайтқыштан сақтайды.

ШБ-1 респираторы («Лепесток») Чернобыльде АЭС-да болған апатты жою кезінде жақсы қолданылған. Бұл бір рет қолданбалы мөлшерсіз респиратор. Сүзгіш элементтің орнына Петрянов матасы қолданылған, ауа барлық бетімен тазартылады.

 

Респираторлардың басқа түрлері

 

Шаңға қарсы: зиянды аэрозольдар мен түрлі шаңдардан қорғайды.

«Кама» - бір рет қолданбалы, түрлі аэрозольдерден (өсімдікті, жануарлы, металлургиялық, минеральды), синтетикалық жуу құрамдарының шаңынан қорғайды.

РПА-1 – қатты тозаңданған жерлердегі жұмыс үшін, оның сүзгіші жоғары шаң сыйымдылығымен қамтамасызданған (500 мг/м3 және одан жоғары).

Ф-62Ш – көп қолданбалы, ауыстырмалы сүзгішті. Силикаттың металлургиялық, тау кендеріндегі, көмір, темекі шаңынан, ұнтақ тәрізді тыңайтқыш пен интоксицидтен (токсиндік газ бөлмейтін) қорғайды. Шахтерлердің арасында көптеп қолданылады (500 мг/м3 жоғары).

 

Назарыңызға!

Респираторларды улы газдан, будан, органикалық еріткіштердің аэрозольдерінен, уландырғыш заттар мен тез жанғыш заттардан қорғау кезінде пайдаланбайды.

Шаң мен газдан қорғайтын респираторлар

 

Противогазға қарағанда олар қолдануға жеңіл, жайлы және оңай. Бірақ улы заттардың концентрациясы 10-15 шектеп белгіленген концентрациядан (10-15 ШБК) төмен кезде ғана тыныс алу ағзаларын қорғайды.

 

Назарыңызға!

Хлордан, синиль қышқылы мен тағы басқа кейбір жоғары токсиндік химиялық заттардан қорғауда пайдаланылмайды.

 

РПГ-67, екі сіңіргіш патрондарымен бірге, ауадағы зиянды заттардан қорғайды: бензол (10 мг/л), күкірт гидриді (2 мл/л), сынап булары (0,01 мг/л), аммиак.

РУ-60М. РПГ-67 сияқты.

У-2ПГ. Газ, будан сақтайтын респиратордың жаңа түрі, тазарту жүйесі қосымша ұсақ саңлаулы құрылымды көміртекті матадан тұрады. Бензол (1 мг/л), сынап буы (0,001), аммиак (0,1), гидрид (0,1) сияқты зиянды қоспалардан қорғайды.

ЛУР-ГП – ауадағы бірқалыпты 2-ден 20-ға дейінгі ШБК органикалық қоспалардан (бензол, толуол, керосин, бензин) қорғайды.

 

Жеке тұлғаны қорғаудың медициналық құралдары

 

Жеке тұлғаны қорғаудың медициналық құралдарына мыналар жатады: жеке тұлғаның дәрі қобдишасы, жеке тұлғаның химиялық заттарға қарсы пакеті, жеке таңғыш пакет.

Жеке тұлғаның дәрі қобдишасы (АИ-2) күйік, жарақат алғанда немесе уландырғыш, радиобелсенді заттардан, бактериологиялық құралдардан алдын-ала сақтандыру немесе әлсіздік кезінде өздігінен көмек үшін қажет. Қобдишаның дәрі-дәрмектер жиынтығы киімнің қалтасында алып жүруге өте ыңғайлы пластмассадан жасалған қорапта орналасқан (мөлшері мүлдем үлкен емес 100х90х20 мм, салмағы 130 г дейін). Күн суық кезінде қорапты ішкі киімнің қалтасына салады, себебі суықтың әсерінен қораптағы сұйық дәрі қатып қалуы мүмкін. Қобдишаның даруларын басқа да алдын-ала сақтандыру шараларымен бірге қолдану керек.

 

 

Жансыздандыратын (аурусыздандыру) құрамдар шприц-тюбикте болады. Оны зақым алған адамның шок кезінде немесе шоктың алдын алу, одан сақтандыру мақсатында қолданады (1 ұяшық). Фосфор органикалық заттардан улану кезінде қолданылатын құрамдар 2-ші ұяшықта орналасқан. Оның біреуін химиялық қауіп кезінде (противогаз киюмен бірге), екіншісін улану белгілері күшее түскенде қолданады. Бактерияға қарсы №2 құрал 3-ші ұяшықта орналасады. Оны сәулелену салдарынан асқазан-ішектердің қабынған кезінде бірінші тәулікте 7 таблеткадан, кейінгі 2 тәуліктерде 4 таблеткадан ішеді. №1 радиоқорғаныс құралы (4-ші ұяшық) сәулелену қауіпі жағдайында бір рет қабылданған кезде 6 таблеткасын, жаңадан сәулелену қауіпі туса 4-5 сағат өткен соң 6 таблеткадан қабылдайды. №1 бактерияға қарсы құралы (5-ұяшық) бактериологиялық құралдарды қолданғанда және жарақаттанған кезде, күйік алғанда жұқпалы ауруларға қарсы, алдымен 5 таблеткадан, кейін 6 сағат өткен соң 5 таблеткадан қабылдайды. 6-ұяшықта №2 радиоқорғағыш құрамдар орналасады. Оны радиобелсенді тұнба түскеннен кейін күніне 1 таблеткадан 10 күн ішеді. Құсыққа қарсы (7-ші ұяшық) құрамдар бір таблеткадан сәулелену керісінен реакция алған кезде және бастан соққы алғанда жүрек айныған кезде қабылдайды.

 

 

Шприц-тюбик тері астына немесе бұлшық етке емдік құрамдар ендіру мақсатында қолданылады. Оның құрылысы: зарарсыздандырылған инъекциялық ине, инені қорғап тұратын қалпақша, корпустың басындағы канюля, дәрілікпен толтырылған герметикалық жұқа қабатты пластмасса корпус. Шприц-тюбикті қолдну үшін сол қолға канюляны алып, оң қолмен шприц-тюбикті сағат тілінің бағытымен соңына дейін бұрайды (осы кезде ине мембрана арқылы препаратқа енеді). Иненің қалпақшасын жаймен бұрап алады. Тюбикті жоғары көтеріп ұстап корпустың ішінде ауа қалмағанына көзді жеткізіп алған соң теріге салады. Тюбикті саусақпен қатты қысып, оның ішіндегі сұйықты салып, саусақты босатпай инені суырып алады.

Пенелдардың түстері мен пішіндері керегін тез тауып қолдануға (сондай-ақ, түнде де, қараңғы жерде де) және бір қол саусақтарымен ашып-жабуға өте оңай да ыңғайлы.

Жеке тұлғаның химиялық қарсы пакеті киім мен терінің ашық жеріне түскен уландырғыш заттардың сұйық тамшыларын тазалау үшін қолданылады. Оның құрамында дегазацияға арналған, ерітіндісі бар125-135 мл көлеміндегі жалпақ шыны ыдыс және 4 мақта-дәкеден жасалған тампон кіреді. Шыны ыдыс пен тампондар герметикаланған полиэтилен пакетке салынады. Оны қолданған кезде тампонды газсыздандыру ерітінділерімен сулап, тері мен киімді сүртіп шығады (зарарланған жерін).

Бұл ерітінділердің сулы екендігін есте сақтаған жөн. Ол көзге тиген жағдайдаауыр зардапқа әкеп соқтырады. Сондықтан көздің айналасындағы теріні ерітіндімен сүртіп болған соң, оны жуып жіберіп құрғақ тампонмен сүртеді.

 

Жеке таңғыш пакет жарақаттанған кезде және күйген жағдайда көмек көрсету үшін ұсынылады. Ол бинттен, мақта-дәкеден жасалған екі кішкене бөлшектерден, чехол және түйрегіштен тұрады. Мақтаның бір бөлігі бинтке бекітілген болса, екінші бөлігі бинттің бойымен қозғала береді. Қажет болған жағдайда пакетті алып, одан бинт пен зарарсыздандырылған жастықшаларын алып, қолмен оның беткі бөлігін ұстамай қолданады. Бір жақты түрдегі жарақат алғанда мақтаны бір-біріне немесе бірін екіншісінің жанына, ал өтпе жарақат кезінде жастықшалар жараның екі қарама-қарсы жағынан ішкі бетімен қойылады. Бинтпен орап болған соң, бинттің ұшын түйрегішпен қыстырып қояды. Пакеттің сыртындағы полиэтилен қабықша кеуде сарайының жарақаттануы кезінде герметизациялау үшін қолданылуы мүмкін. Кеуде сарайының қабынуының белгілеріне жарадан қанаралас көбікті сұйық шығуымен бірге еріннің көгеруі жатады.

 

Әр отбасына арналған дәрі қобдишасы

 

Әр үйде дәрі қобдишасының бар болғаны жөн. Түрлі жазатайым жарақат алғанда (жеңіл болсын, ауыр болсын) табан астында керек құрал табыла қойғаны әрине жақсы. Ал төтенше жағдай бола қалғанда дәрі-дәрмектердің және басқа да медициналық құралдардың керегі сөзсіз. Үйдегі дәрі қобдишаны дайын түрінде эвакуация кезінде өзімен бірге алып кеті керек. Қобдишаның құрамына тоқталсақ мұнда әркім өзінің ауруына керек дәріні ұстайды, мысалы жүрегі нашар адамдар жүрекке көмек беретін валидол, корвалол, валокардин сияқты дәрілерді. Сонымен бірге кейбір құралдар әр қобдишада болуға тиіс және олардың қолдану мерзімі ескеріледі.

Мысалы үшін мынау құрамды ұсынамыз:

1.     Аурусыздандыру, қабынуға қарсы, дене қызуын басатын ретінде – амидопирин, анальгин, пентальгин, баралгин;

2.     Суықтап қалғанда, тұмау тигенде – аспирин, парацетамол;

3.     Адсорбент ретінде – активтендірілген көмір – асқазан арқылы уланып қалғанда пайдаланылады;

Бесалол – іш-қарын ауруларын аурусыздандыратын құрал ретінде.

4.     Калий перманганаты (марганцовка) – ерітінді түрінде жараларды шаюға, ауыз бен тамақты шаюға, уланғанда асқазанды тазалау үшін қолдан құсқызу кезінде;

5.     Иод (5%-тік спирттік ерітіндісі) - антисептик;

6.     Мүсәтір спирті (нашатырь) – естен танғанда, көміртек тотығынан тұншыққанда иіскетеді;

7.     Натрий гидрокарбонаты (ас содасы) – асқазан қыжылдағанда (изжога) тамақты шаяды;

8.     Синтомицин майы (эмульсиясы) – күйіктер мен үсіктерге ұшырағанда; бұл жағдайларға арналған басқа да жаңа, қолдануға өте қолайлы құралдарды дәріханаларда табуға болады;

9.      Іш өткізетін құралдар;

10.            Одеколон – тез арада қолдарды зарарсыздандыру, дезинфекциялау үшін;

11.            Температураны өлшейтін құрал - термометр;

12.            Көзге тамшы құятын пипетка;

13.            Таңғыш материалдар: дәке бинттері, орамалдар, гигроскопиялық мақта (ылғал жұтқыш) – бұл материалдардың бәрі екі түрлі болады – кәдімгі және зарарсыздандырылған;

14.            Лейкопластырь бактерицидтік – майда кесіктерге, соққылардан пайда болған жараларға;

15.            Лейкопластырь зарарсыздандырылмаған – жараның үстіне ұсақ таңғышты ұстап тұру үшін;

16.            Қанның қатты ағысын тоқтатуға арналған резіңке жгут.

 

 

Кесте 1 -  Азаматтық қорғаныстағы жеке дәрі қобдишасы (АИ-2)

 

Ұя-шық

Атауы

Қолдану мақсаты

Түсі

Ұстап тану пішіні

Қолдану көрсеткіштері

Қолдану тәртібі

1

2

3

4

5

6

7

  1.  

1 мл шприц-тюбиктегі 2%-тік промедол

Ауырсыз-дандыру

түссіз

Шприц-тюбик

Сүйектердің сынуы, үлкен көлемді тюбиктер және басқа да ауыр жарақаттар

Санның бұлшық еттеріне инекция жасау

  1.  

Тарен, 0,3 гр. таблеткалар 6 дана

ФОЗ-мен улануда

қызыл

Денесінде 4 сопақша шығыңқылары бар домалақ пенал

«Химиялық қауіпі» дабылы, улану белгілері, тыныс алудың қиындауы, көрудің нашарлауы

1 таблетка, белгілердің күшее түсуінде тағы 1 таблетка

  1.  

Сульфадиметоксин 0,2 гр. табл. 15 дана

№2 бакте-риялық қарсы құрал

түссіз

Домалақ созылыңқы пенал

Сәулеленуге шалдыққан салдарынан асқазан-ішектің жұмысы бұзылғанда

Алғашқыда 7 таблетка, келесі екі тәуліктерде 4 таблеткадан

  1.  

Цистамин, 0,2 гр. таблетка, 12 дана

№1 радио-қорғағыш құрал

Ашық қызыл

Сегіз қырлы екі пенал

Сәулелену қатері төнгенде

6 табл. сумен ішу, жаңадан қатер төнсе 4-5 сағат өткен соң тағы да 6 таблетка

  1.  

Хлортетрациклин гидрохлориді, 100000 бірлікті, 10 таблетка

№1 бакте-риялық қарсы құрал

 

4 қырлы екі пенал

Бактериялық зарарлану қатері кезінде, жаралар мен күйіктер

1 пеналдағы (5 табл) сумен ішу, 6 сағаттан кейін екінші пеналдағы (5 табл.)

  1.  

Калий иодиді, 0,25 гр. табл. 10 дана

№2 радиоқорғағыш құрал

ақ

Сопақша ойықтары бар 4 қырлы пенал

РЗ-дың тұнбасы түскенде, шикі сүт ішкенде

10 күн ішінде, күніне 1 табл. кисельмен ішу керек

  1.  

Этаперазин, 0,004 гр. 5 табл.

құсудан

көк

6 шығыңқы жолақтары бар домалақ пенал

Сәулеленуге шалдыққанда, бастан соққы алу салдарынан жүректің айнуы

Бірден 1 таблетканы жұту

 

Ескерту:

8 жасқа дейінгі балалар үшін 1 рет қабылдауда таблеткалардың ¼ бөлігі (№2 радиоқорғағыш құралдан басқалары;)

8-ден 15 жасқа дейінгілер үшін – ½ таблеткадан, №2 радиқорғағыш және ауырсыздандыру құралдарын толығымен қабылдау.

 

 

Азық-түлік, ауыл шаруашылық  аспектілері

 

Азық-түлікті, су көздерін радиоактивті, уландырғыш және бактериалық заттардан қорғау тәсілдері.

 

Қалалық және ауылдық жағдайларда тамақ (азық-түлікті) өнімдері мен суды радиоактивті, уландырғыш және бактериалық заттармен зарарланудан толық қорғауды қамтамасыз ету қажет. Үй тіршілігі жағдайларында азық-түлікті қолда бар материалдармен мұқият жауып немесе сақтау ыдысына салып қою керек.

 

 

Азық-түлікті тығыз шегеленген жәшіктерге салып, жұқа қабықпен немесе кленкамен орап тастауға болады. Барлық сусымалы (қант, ұн, жарма, вермишель және т.б. т.с.с.), сонымен бірге нан өнімдерін, әсіресе кептірілген нанды қатырма қағазға салып қойған дұрыс. Болмаса, полиэтилен қапшықтарға немесе тығыз қағазға орап, кастрюльге, шелекке, картон қорапқа, фанерден жасалған жәшікке орналастырып, бетін қақпақпен немесе ауа өткізбейтін материалдармен (жұқа қабықпен, кленкмен) жабады. Қораптаудың мұндай тәсілі азық-түліктің зарарлану дәрежесін айтарлықтай төмендетеді. Бірнеше қабаттап қораптау азық-түлікті толық зарарланудан қорғайды. Ет, балық өнімдері мұздатқыштарда, тығыз қиюластырылған қақпақты кеспектерде жақсы қорғалады. Адамдар уланып қалмас үшін, бұл тағамдарды мыс, мырыш немесе қалайыланған ыдыстарда сақтауға болмайды.

Сары май, қатты майларды шыны ыдыстарға салып, оның ауызын қақпақпен жауып, целлофанмен, пергамент немесе кәтімгі қағазбен орап тастаған жөн.

 

 

Оралып, қорапталған азық-түлікті мұздатқыштарда, шкафтарда, зат қоятын бөлмелерде, жәшіктерде сақтайды. Сұйық өнімдерді толық қиюластырылған тығындар, қақпақтармен жабылатын шышы ыдыстарда, бидондарда, термостарда сақтаған жөн. Ал ауылды жерлерде азық-түлікті міндетті түрде герметикаланған жертөлелер мен жер асты қоймаларында (азық-түлікті кеміргіштерден қорғау үшін, олардың тартпа көмейлерін сыртынан метал торлармен тартып, ал ішкі жағынан ысырмамен немесе кенеппен жабылады) сақталуы тиіс.

Жер асты қоймалары мен жертөлелерде сақталатын картоп, сәбіз, қызылша, капуста, алмалардың бетін брезентпен, синтетикалық жұқа қабықпен қымтаған дұрыс. Осы әдіспен тұздалған ет, балық қорларын сақтауға болады.

Ішетін су қорын залалдан қорғау мақсатында, оны шыны немесе металл ыдыстарда (нығыз тығынды термос, бидон, графин немесе банка) ұстайды. Мүмкіндігінше суды күнде тазасымен ауыстырып тұрған дұрыс. Сонымен бірге суды синтетикалық қабықтан жасалған сиымдылықтарда, жұқа қабықпен жабылған шелектер мен ванналарда сақтауға болады.

Герметикаланған ыдыстағы барлық азық-түлік түрлері радиоактивті, уландырғыш, және бактериялық заттардан сенімді түрде қорғалады.

Герметикаланған ыдыстарға: консервіленуге арналған банкілер, қақпағы бұралып жабылатын шыны банкілер, тығыны тығыз кигізілетін бутылкалар, герметикаланып жабылатын қақпақты сүт құятын бидондар, жабық түрдегі металл немесе ағаш кеспектер, термостар жатады. Әрбір жанұя (барлық жанұя мүшесіне есептеледі) 2-3 тәулікке жетерлік қор жинауы тиіс. Оның ішінде ет және балық консервілері, қойытылған сүт, қант, кептірілген нан немесе галеты (қытырлақ нан), сонымен бірге су (сусындар, жеміс шырындары) ьолуы шарт.

Орауыш пен қораптау амалдары бірінші кезекте алып жүретін азық-түлікті қорғау мақсатында қолданылады. Жақсы оралған азық-түлікті жәшік, коробкаларға салып, қорапталған күйде өзіңізбен бірге паналау орындары мен эвакуациялық нүктелерге алып баруға болады.

Тамақ өнеркәсібі, базалар, қоймалар және сауда торптарындағы азық-түлікті сақтау жөніндегі бірқатар іс-шаралар кешені бейбіт кезде қалай жүргізілсе, соғыс уақтысында да солай жүргізіледі. Мұндай іс-шараларға:

  • азық-түлікті сақтауға арналған орындарды жабдықтау, оларды герметикалау, ыдыстарды дайындау, қораптау материалдары мен азық-түлікті жабуға арналған құралдарды (брезент, резіңкеленген мата) дайындау жатады;
  • ыдыстар, жабдықтар және тамақ өнімдері залалданған жағдайда, оларды зарарсыздандыру құралдарын даярлау;
  • тамақ өнімдері радиоактивті залалданған жағдайда,оларды тасымалдау үшін транспорт түрлері мен қорғаныс материалдарын дайындау;
  • азық-түлік пен судың радиоактивті, уландырғыш, бактериалық заттармен залалдануына анализ (талдау) жүргізетін тамақ өнеркәсібі мен санэпидстанция лабораторияларын орналастыру.

Азық-түлік өнімдерін тасымалдауға, арнайы транспорт түрлері: автобустар, фургондар, мұз тасығыштар, авторефрижераторлар, герметикаланған кузовты (шанақты) автокөліктер, контейнерлер қолданылады. Үсті ашық көліктердегі азық-түлік өнімдерін тасымалдауда, бетін брезентпен, кленкамен немесе басқа да тығыз материалдармен мұқият жабу қажет.

Артезиян скважиналарын қолдану барысында тек арынды су мұнараларын герметикалау мен желдету құбырларын Петрянов матасынан жасалған немесе қолда бар маталардан жасалған сүзгіштермен жабдықтаса болғаны.

Шахталық құдықтардың баулығы қорғалады. Құдыққа салынған ағаш қиманың айналасына 1 м қашықтыққа дейін қалыңдығы 0,3 метрлік саз балшық қабатын төсейді (былайша айтқанда саз балшықты қорған). Саз балшық ағаш қиманың саңлаулары арқылы құдыққа ағын және жаңбыр суларының өтуіне кедергі жасайды. Саз балшықтың бетіне қалыңдығы 0,15 м болатындай етіп құм төгеді. Оны ластануына қарай тазасымен ауыстыруға болады. Қиманың жоғарғы жағын тығыз қақпақпен жауып, шелек ілінеді. Құдық үстіне сазбен сыланған тығыз қиюластырылған тақтайлардан немесе өрілген шарбақтан күрке тұрғызылады.

Жаңбыр суларын құдық маңынан бұрып жіберу үшін аудан шетінен кішкене ор қазылады. Құдыққа тікелей залалдану қауіпі төнгенде бетін брезентпен немесе басқалай су өткізбейтін материалмен жабады. Егер шахталық  құдық бетон сақиналардан жасалған болса, онда оның айналасына саз қорған жасаудың қажеті жоқ. Оның бетін тығыз қақпақпен жауып, үстіне күрке тұрғызылса жетеді.

Ашық су қоймаларын (көл, тоған, өзендер) іс жүзінде залалданудан сақтау мүмкін емес. Мұндай жерден су алу үшін жағадан арнайы құдықтар қазылады.

Малды суғару үшін ашық түрдегі суаттарды пайдаланғанда, малдың су түбіндегі шөккен радиоактивті шаң-тозаңды және басқа да зиянды заттарды көтермеуін қадағалу қажет. Ол үшін тақтайлардан не болмаса бөренелерден төсем салып, оның шет-шетінен су бойымен тор шарбақ орнатылады. Бұл малдың су ішіне түсуіне кедергі жасайды. Тор шарбақтың шетіне кішкентай қоршаулар тұрғызылады. Ал бұл тәсіл малдың жабдықталған бөлімнен тыс жерден су ішуіне мүмкіндік бермейді.

Бұлақ суын қорғау үшін каптаж орнатылады. Каптаж – бұлақ суын қабылдайтын және оның залалдануын болдырмайтын құрылыс. Оны жабдықтауда су шығатын жер тазаланады, котлован (шұңқыр) қазылады, оның қабырғасы мен түбі бекітіледі (нығайтылады), қажет болған жағдайда су тартатын (көтеретін) құралдар орнатылады. Шұңқыр тереңдігі мен оның өлшемдері су қорының қажеттілігі мен бұлақтың қуаттылығына байланысты анықталады. Құрылысты неғұрлым сенімді қорғау мақсатында сазбалшықпен айнала қоршап, қақпақ орнатылады және мұның бәрін топырақпен жабады.

Адамға тәулігіне ішуге – 2-3 л, жуынуға – 3 л-ге дейін, ас дайындау және азық-түлік өнімдерін өңдеуге – 4-5 л су қажет. Моншада шомылғанда немесе санитарлық өңделу үшін әр адамға 45 л-ге дейін су кетеді. Нан пісіруге 1 кг-ға 1 л су, кір жууға – 1 кг кірге (киімге) 40 л-ге дейін су талап етіледі. Мал суғаруда ең төменгі тәуліктік норма бір бас іріқараға – 20-30 л, ұсақ малға – 4-5 л, шошқаға – 6-8 л.

Сондықтан, су көздерінің бар екендігіне қарамай, алдын-ала даярланған су қоры болуы тиіс. Кәсіпорындарда және кейбір тұрғын жерлерде судың үлкен қоры жер асты резервуарларында сақталады, олар ауа ауыстыру құбырымен және насоспен жабдықталады. Зиянды және улы заттардың, радиоактивті және басқа шаңдардың, басқа да жағымсыз елементтердің түсуін ескерту үшін әрбір құбырда сүзгілер немесе арнайы ысырмалар орнатылады. Қыста судың мұз болып қатып қалмауы үшін, олардың люктерінің жоғары және төмен қақпақтары аралықтарына жылытатын материал толтырады. Жылытатын материалдарға: үгінділер, жаңқа, сабан, минералды мақта, поролон және т.с.с. жатады.

Өртке қарсы резервуарларды тиісті дезинфекциялау мен герметикалаудан кейін су сақтауға пайдалануға болады. Су қорларын, сонымен қатар цистерналарда, бөшкелерде, арнайы контейнерлер мен тығыз жабылатын металл және ағаш ыдыстарда сақтауға болады.

Су қоры құйылған сиымдылықтар санитарлық талаптарға сай күйде сақталып, мұқият қорғалады.

 

Жем-шөпті радиоактивті залалдан қорғау

 

Малдың азық арқылы зақымдалуын болдырмау үшін, жем-шқпті радиоактивті залалданудан сенімді түрде қорғауды қамтамасыз ететін іс-шаралар жүргізу қажет. Мал азығын дұрыс қорғау үшін қоймаларды мұқият герметикалау қажет. Осы мақсатта жем-шөп қоймаларының қабырға, еден, төбелеріндегі саңлаулар мен жарықшақтарды цементтейді немесе құмсылақтайды. Есік және терезе ойықтарын кірпішпен қалап, тақтай қағып сылайды. Табиғи жарық түсуі үшін қалдырылған әйнектерді қара қағазбен немесе басқа да ауа өткізбейтін материалдармен қапталған алмалы-салмалы қалқандармен жабады. Кеміргіштердің қоймаларға енуін болдырмау үшінжелдету қораптарын майда металл торлармен қорғайды, ал есіктің төменгі бөлігі қаңылтырмен қапталады.

 

 

Сүрлем дайындалатын мұнаралар азықты радиоактивті, улы және бактериялық заттардан сенімді қорғайды. Тек жем-шөп әкеліп түсірілетін жерлерді герметикалау қажет. Сүрлем шұңқырларының бетін полиэтилен кленкаларымен жабады. Шөп үйінділерін, сабан шөмелесін брезентпен, жұқа қабықпен немесе азықтық емес сабанмен жасырады.

Брезенттің (жұқа қабықтың) шет-шетін жерге бөренелермен тығыз басады, не болмаса топырақ төгеді. Үйме айналасынан ені 3 м-ге жуық жер жыртылады. Престелген шөп (сабан) қорын ең дұрысы үстіне төсем салып, топырақ төгілген орларда сақтаған жөн. Ордың жанының кіреберістерін ағаш матпен немесе басқалай тығыз материалдармен жабады.

Картоп, азықтық қызылша және басқа да өнімдердің түйнектерін сабанмен жауып, содан соң қалыңдығы 20-30 см болатын топырақ қабатын төгеді. Түйнек сақтағыштарда желдеткіш қораптар орнатылады.

Егер жем шөп егістік жағдайларда сақталса, онда оларды брезент немесе жұқа қабықпен жасыру қажет. Жемді қорғаудың ең тиімді тәсілі, оны құрғақ жертөлелерде, жер асты қоймаларында сақтау.

Бірінші кезекте мал шаруашылығы қожалықтары территориясындағы сақталатын азықты қорғайды. Қожалықтарда 5-7 тәулікке жасырылған азық қоры, ал сауын сиырларға арналған азық 1,5-2 айға жететін болуы тиіс. Бұл азықтар тікелей жайларға (тамбурларға, отсектерге, шатырдың астына) жайғастырылады.

Жем-шөпті тасымалдау үшін мүмкіндігінше герметикалық жабық кузовты транспорттарды (рефрижераторлар, автофургондар, цистерналар) пайдалану қажет. Жем-шөпті үсті ашық көліктерде тасымалдағанда, оны брезентпен немесе синтетикалық жұқа қабықпен жабу қажет. Жемді тасымалдауда түрлі жәшіктерді, герметикаланған қақпақты кеспектерді, контейнерлерді және т.с.с. пайдалануға болады.

Белгіленген нормадан жоғары радиоактивті заттарменластанған барлық азық түрлерін радиоактивті залалдануы мүмкін деңгейге төмендегенше арнайы орындарда сақтайды. Жем-шөпті залалсыздандыру жұмыстары тек залалданбаған азық қоры таусылған жағдайда ғана жүргізіледі.

Шөп, сабан үймелерін залалсыздандыру үшін, олардың бетінен қалыңдығы 20 см қалыңдығын алып тастайды. Осылайша тазаланған шөптің радиоактивтілігі бақыланады. Ал, бақылау нәтижесі қанағаттанарлық дәрежеде болса, малды азықтандырады. Тамыр жемістерін бірнеше рет сумен жуады немесе жоғары қабатын кесіп тастайды. Жемдегі радиоактивті заттарды сумен жуып тазалайды.

Азықты залалсыздандыруда қауіпсіз шаралар қатал сақталады. Радиоактивті залалдан жем-шөпті тазалауда команданың жеке құрамының шектен тыс сәулеленуін жібермеу қажет. Сондықтан олар жеке басты қорғау құралдарын қолданады. Жұмыс біткеннен кейін команданың жеке құрамы санитарлық өңдеуден өтеді. Адамдардың киімі, аяқ киімі және жеке қорғау құралдары залалсыздандырылады.

Малдың ішетін суын қамтамасыз ету үшін, шахталық құдықтарды радиоактивті заттармен ластанудан сақтау қажет. Ол үшін құдық айналасында қалыңдығы 25-30 см, ені 1 м-ге дейін саз балшық қабатын төсейді. Саз балшықты тегістеп, үстінен қалыңдығы 15-20 см болатын құм қабатын төгеді. Құдықтың қимасын тығыз қақпақпен жабады, не болмаса құдық үстінен герметикаланған күрке тұрғызылады.

Ашық айдын сулардың залалдану дәрежесі лабораторияда зерттелгеннен кейін және ветеринарлық ұйымдардың рұқсатымен ғана мал суғаруға болады.

 

Залалданған малды дәрігерлік жолЫмен өңдеу

 

Мал шаруашылығы қожалықтарындағы құтқару жұмыстарына уландырғыш, бактериялық заттармен залалданған, сонымен қатар шектелген нормадан жоғары радиоактивті заттармен ластанған (7,2×10-9 А/кг – 100 мР/сағ жоғары) аймақтағы малды малдәрігерлік өңдеу жұмыстары да кіреді. Мал денесінің сыртқы жабындарын малдәрігерлік өңдеу процесінде радиоактивті заттар жойылады, теріге түскен уландырғыш және бактериялық заттар залалсыздандырылады. Зақымдалған малдарға кезек күттірмейтін және алғашқы емдеу көмектері көрсетіледі.

Малдарды малдәрігерлік өңдеу үшін мал шаруашылығы қожалықтары маңынан, мал жайылымдарынан арнайы алаңдар жабдықталады. Алаңға ыңғайлы баратын жолдар және жақын маңда су көздері болуы тиіс.

Малдардың тері қабаттарын өңдеудің тәртібі мен дәйектілігі зақымдаушы заттың түрі мен зақымдау ауырлығына байланысты. Өңдеуді бастамас бұрын құралдар мен залалдың түрі мен дәрежесін анықтау керек. Осыдан кейін малдың тері қабатын өңдеу үшін керекті препараттар тағайындалады. Осы кезекте емдік және профилактикалық препараттарды қолдану қажеттілігі туралы сұрақ шешіледі (қаралады).

Өңдеуді жүргізу мақсатында малды қашада ұстап, 5-6 малдан (өткізу станоктарының санына қарай) станоктарға апарады. Душ-щетканы пайдалана отырып, малдың екі жағынан бір мезгілде арнайы ерітінділермен өңдейді. Адамдар зақым алмауы үшін щеткаларға ұзындыңы 80-100 см болатын таяқтарды бекітіп, оның бойымен шлангілер орналастырылады.

Шланг арқылы щеткаға ерітінді жіберіледі. Малдың мұрын, ауыз қуыстарын, көзін 2%-тік сода ерітіндісімен немесе 0,2%-тік хлорамин ерітіндісімен жуады. Иприт және Ви-Экс-газ типтегі уландырғыш заттармен малдың залалдануын хлор әгі қойыртпағымен (2 кг әкке 2 л су); ал азотты ипритпен зақымдалуда 1%-тік сірке ерітіндісімен немесе тұз қышқылымен қышқылданған 3%-тік сулы калий перманганаты ерітіндісімен өңдейді. Зарин немесе люизитпен зақымданғанда күйдіргіш натр немесе 10-12%-тік сулы аммиак ерітіндісімен ысқылайды.

Аталған ерітінділермен малдарды өңдегеннен кейін 20-30 минут ұстап (осы уақытта уландырғыш заттар толық жоғалады), одан кейін оларды таза сумен жуындырып, алаңның «таза» бөлігіне айдайды.

Мұнымен қатар малдардың уландырғыш заттармен залалдануында құрғақ өңдеу жұмыстарын жүргізуге болады. Олардың денесіне хлор әгін немесе кальций гипохлоритін сеуіп, қолда бар материалдардан жасалған жгутпен жүн жабынын ысқылайды. Өңдеуден 10-15 мин өткеннен кейін хлор әгін щеткамен, ескі-құсқы маталармен, сыпырғымен, есілегн сабанмен тазалайды.

Малдар бактериялық заттармен залалданғанда малдәрігерлік өңдеуді неғұрлым ертерек бастайды. Спора тудырғыш микрофлораларға қарсы дезинфекциялағыш заттардың ерітінділері қолданылады. Оларға жататындар: 8%-тік иод хлорид ерітіндісі, 0,5%-тік сірке қышқылы ерітіндісі, 3%-тік сутегі асқын тотығы ерітіндісі, 10%-тік ДТС-ГК ерітіндісі, құрамында 4%-тен кем емес активті хлоры бар тазаланған хлор әгі ерітіндісі. Малдардың вирустармен немесеспора тудырмайтын микрофлоралармен залалдануында, осы препараттардың 1,5-2 есе төмендетілген концентрациясы қолданылады. Барлық ерітінділер тікелей пайдалану алдында дайындалады.

Малдың жүн қабатының дезинфекциялық ерітінділермен дұрыс сулануы үшін, оларды қолданбас бұрын 0,01%-тік эмульгатор (ОП-7, ОП-10, СД-2, сульфанол) қосқан жөн.

Дезинфекциялық ерітіндімен өңделген малды жанындағы қашаға айдап, ол жерде 1 сағ бойы ұстайды (осы уақыт бойы микроорганизмдер мен вирустар өледі). Бұдан соң малды қайта станоктарға айдап, жылы сумен жуындырып, «таза» бөлікке жібереді.

Мал денесіне су мен ерітіндіні жіберу үшін: Комаров (ДУК) дезинфекциялық құрылғысы, лабораториялық санитарлық дезинфекциялау құрылғысы (ЛСД), суды қысыммен жіберетін бүріккіш, жаңбырлатқыш құрылғылар және басқа да машиналар қолданылады. Дезинфекциялық құрылғылармен 8 сағат ішінде 250-300 бас ірі қараны немесе 500-дей ұсақ малдарды өңдеуге болады. ЛСД құрылғысының өнімділігімен 400-500 бас ірі қараны өңдеуге 1 сағат уақыт кетеді.

Малдардың тері қабаттарын қарапайым өңдеу құралдарын: кір сабынның сулы ерітіндісін, жасанды жуғыш заттарды, сонымен қатар 0,3%-тік ОП-7 немесе ОП-10 эмульгатор ерітіндісіне 0,7%-тік натрий гексаметафосфаты ерітіндісін қоса отырып пайдалануға болады. Егер жуғыш заттар болмаса, онда мал жүнін 0,2-0,3МПа (2-3 атм) қысымдағы таза сумен жуады.

Малдардың тері қабаты радиоактивті шаңмен ластанғанда, малдәрігерлік өңдеуді стандартты ПО-1 көбік тудырғышпен жүргізуге болады. Бұл жақсы нәтиже береді. Өрт сөндірі машинасының көбік тудырғышынан шыққан көбік қысыммен жіберіліп, малдың бүкіл денесін жабады. Көбікпен бірге мал денесінен 65-75% радиоактивті шаң түседі. Көбікпен өңделген малды сумен жуындырмауға да болады.

Бұған қоса малдың радиоактивті шаңмен ластануында малдәрігерлік өңдеуді құрғақ тәсілмен, яғни арнайы машиналарды қолдану (малдәрігерлік дезинфекциялық машиналар) және шаңсорғыштар пайдалану арқылы жүргізеді. Жиналған шаң жерге көміледі. Қойды құрғақ өңдеудің ең дұрыс тәсілі жүнін қырқу.

Қойлар, бұзаулар, шошқалар уландырғыш немесе бактериялық заттармен зақымдалған жағдайда, оларды ірі қара малды өңдегендей залалсыздандырады. Уландырғыш заттармен уланған құстарды 0,5% күйдіргіш натр немесе ДТС-ГК ерітінділерімен жуындыруға болады. Ұсақ малдар мен құстардағы радиоактивті шаңды 3-3,5 атм қысымда берілетін сумен кетіреді.

Малдарды малдәрігерлік өңдеу жұмыстарын мал қорғау командасы және арнайы малдәрігерлік-емдік мекемелері жүргізеді.

Радиоактивті заттармен зақымдалған малдарды өңдегенде, адамдар тыныс алу мүшелерін және теріні қорғайтын құралдарды (противогаздар, респираторлар, шаңға қарсы мата-маскалар), жеңіл қорғау костюмін (комбинезон, плащ), қорғағыш шұлық, резіңке қолғап пайдалануы қажет. Егер теріні қорғайтын табельдік құралдар жоқ болса, онда өндіріс киімдерін: мақталы комбинезон, резіңкеленген (хлорвинильі) алжапқыш, резіңке етік пайдалануға рұқсат етіледі.

Улы заттармен зақымдалған малдарды өңдегенде де противогаздарды, қорғау костюмін, шұлық қолдану қажет. Бұл құралдар адам ағзасын улы заттардың тек тамшыларынан ғана емес, буларынан да сенімді түрде қорғайды. Жұмыс барысы кезінде қорғану құралдарын шешуге, су ішуге, темекі тартуға тиым салынады. Қауіпсіздік ережелерін, әсіресе, бактериялық зақымдануды жоюда жеке гигиенаны мұқият сақтау қажет.

Ауылдық жерлердің тұрғындары ауылшаруашылығы малдарын жаппай қырып жою қаруларынан қорғау тәсілдерін нақты білуі және оларды малдәрігерлік өңдеуден кешенді түрде өткізе білуі қажет.

 

қосымша  тақырыптар

Қарулардың дағдылы түрлері

 

Дағдылы қару түрлеріне: әртүрлі құрылымдағы авиа бомбалар, снарядтар, миналар, торпедолар, жарылғыш заттар және арнайы қоспалармен жабдықталған, өздігінен баратын зымырандар жатады.

Құрылымдарының ерекшелігі мен нысананы аса дәлдікпен зақымдау себебінен қазіргі заманғы дағдылы қару түрлерінің жоғары зақымдаушылық және қиратушылық әрекеті, оларды кіші қуатты ядролық оқ-дәрілерге жақындатуда. Дағдылы қарулардың сапалық өзгерісі жетілдірілген және жаңартылған авиациялық оқ-дәрілерден көрнекі көрінеді. Олар ядролық қарусыз соғыста халыққа және халық шаруашылығы объектілеріне асқан қауіп төндіреді.

Жарықшақты оқ-дәрілер – үлкен ауданда таратылып орналасқан адамдарды (әскерлерді) қыруға негізделген. Зақымдау әсері жарылғыш заттың негізгі заряды жарылғанда құрышты серіппелі шыбықтың бөлшектенуі нәтижесінде пайда болатын жарықшақтардың көп мөлшері есебінен болады. Жер бетінен 5-20 м биіктікте жарылған бомба едәуір ауданды зақымға ұшыратады. Осылайша, салмағы 125 кг жарықшақты бомба 100х75 м ауданды талқандайды.

Кассеталық оқ-дәрілер – үлкен аудандағы халықты, техника мен басқа да нысаналарды зақымдауға негізделген. Олар әртүрлі типтегі кіші габаритті оқ-дәрілермен жабдықталған ірі калибрлі кәдімгі авиабомбалар: лездік жарғышы бар жарықшақты оқ-дәрілер – паналарға жасырынбаған азаматтық қорғаныс құрылымдарының негізгі құрамын, халықты, техниканы зақымдауға бағытталған. Ал миналық типтегі жарғышы бар жарықшақты оқ-дәрілер – порт ғимараттарын, әуе-жайларды, темір жол станциялары мен басқа да халық шаруашылығы объектілерін миналау мақсатында қолданады.

Басқарылатын авиа бомбалар - өнеркәсіп, әкімшілік ғимараттарын, транспорт тораптары мен магистральдарды, энергетика, байланыс, газ, су жабдықтау жүйелерін және т.б. зақымдауға негізделген. Ұшақтан тасталған бомбалар өздері нысаналарды табады, ал ұшақтар алыстан қайтып кетеді. Сондықтан да оны әуе қорғанысы құралдарымен жою мүмкіндігі төмендейді. Авиа бомбаның зақымдаушы бөлігі жоғары қуатты заряд пен кіші габаритті оқ-дәрілер салынған кассетамен жабдықталуы мүмкін.

Көлемді (ауасыз) жарылыс туындататын бомбалық кассаталар – жерге қатты соғылып, соның салдарынан сындырғыш зарядың қозғалысқа келуімен жарылады. Бомба жарылған кезде шашырап ұшады да ауадағы оттегімен араласады. Бұл қоспа диаметрі 15 м-дей, қалыңдығы 25 м-дей бұлтты құрайды. Оны ынталы құрылғымен үзгенде 3 МПа-ға дейінгі артық қысымды қатты соққы толқыны пайда болады. Мұндай оқ-дәрілердің ықпалының тиімділігі осы калибрлі жарықшақты және фугасты оқ-дәрілерге қарағанда 10 еседей жоғары. Газы-ауалы қоспа бұлты әртүрлі тереңдіктер мен саңлауларға кіруге қабілетті. Сондықтан да қоспалар ғимарат ішіне еніп кетсе, олар іштен жарылуы мүмкін. Жарылыс орынында қуатты соққы толқынынан басқа оттегісі азайған, жанған өнімдермен уланған атмосфера қалыптасады. Бұл қосымша зақымдау факторы болым есептеледі.

Бұл америкада жасалынған рақымсыз қаруды Ысырайыл халқы 1982 жылы бейбіт Ливан халқына қарсы пвайдаланған. Американдық соғысқұмарлар көлемді жарылыс туындататын бомбаларды 1969 жылы Вьетнамдағы соғыс қимылдары кезінде қолданған.

Бетонбұзғыш бомбалар – аса бекем, терең орнатылған құрылыстарды, әуе-жайлардың бетондалған ұшу-қону жолақтарын, су бөгеттерін, тоннельдерді қиратуға бағытталған. Бомбаның құрылымы екі зарядтан (кумулятивтік және фугасты) тұрады. Бөгет кездескенде алдымен кумулятивтік заряд жарылып, бөгетті бұзып фугасты зарядқа жол ашады. Сол арқылы фугасты заряд өтіп негізгі жарылысты туындатады. Оқ-дәрінің ықпалы осы калибрлі кәдімгі фугасты бомбаның нәтижелілігінен 10 есе жоғары.

Өртегіш бомбалар – ұшақтардан тасталып, жарылады. Жарылыс барысында жарылғыш заттың заряды бомбаның денесін жарады да, құрамындағы жанып жатқан бөлшектерді жан-жаққа шашыратып, зақымдану ошағын туындатады. 750 фундтық бомбадан зақымданатын аудан 4000 шаршы метрге жетуі мүмкін. Жылу әсерінен кейбір қоспалардың жануы барысында мынадай жоғары уытты газдар бөлінуі мүмкін: хлорсутек, синиль қышқылы булары, бензол буы. Бұл өрт ошақтарын зарарсыздандыруды қиындатады және арнайы қорғану тәсілдерін талап етеді.

Кассета арқылы қолданғанда әр кассетаға 600-700 кіші габаритті, әрқайсының массасы 0,4 кг-нан келетін бомбалар орнатылады. Әр кассета ауданы 0,12-0,15 шаршы км жерде өрт аймағының пайда болуына себеп болады. "Күйдірілген жер тактикасын" қолдана отырып, американдықтар Вьетнамдағы әскери қимылдар барысында қалалар мен тұрғын аудандарға 100 мыңдай напалм (от шашатын, өртегіш және күйдіргіш сұйықтарды қоюландырғыш) бомбаларды тастады. Бұл рақымсыз сынақ Ысырайл соғысқұмарлар саясатымен Ливанда да кең ауқымда қолданылған.

Дағдылы зақымдау қарулары ашық жерде орналасқан адамдарға аса қауіпті. Сондықтан соққы толқынының әсерінен, дағдылы оқ-дәрілерінің жарықшақтары мен өртегіш қарулардан сақтану үшін тастан тұрғызылған немесе әр түрлі типтегі паналау ғимараттанында жасырыну қажет. Ашық жерде амалсыз қалып кеткен жағдайда жер қыртыстарын (жыраларды, орларды, шұңқырларды және т.с.с.) тиімді пайдалану қажет.

Өртегіш қоспа киімге немесе аяқ киімге тисе, оны жылдам шешіп тастау керек. Ал киімнің өртеніп жатқан жерлерін жеңімен, етек жағымен басып немесе құм, топырақ сеуіп өшіру қажет. Өртеніп жатқан адамға қарай жүгіруге болмайды, өйткені ауаның күшейіп келуі өрттің ұлғаюына әкеледі. Егер адамға көп мөлшерде өртегіш зат шашыраса, ары қарай жануын тоқтату үшін оның үстіне киім, брезент, қапшық жабу керек.

Өртегіш заттардың зақымдау әрекетін төмендету үшін зақымданушыға дер кезінде медициналық көмек көрсету керек.

Өртегіш қоспалар адам денесіне тиіп күйдірген жерлеріне суға малынған немесе 5%-тік мыс сульфатының (тотияйын) ерітіндісіне батырылған таңғыш қою керек. Одан кейін ол орындарды ауруға қарсы (анестезирующий) дәрілермен, антибиотиктермен өңдейді.

Өртенгіш оқ-дәрілермен күресте қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Жарылмай қалған өртенгіш бомбаны байқап қалған жағдайда ұзартылған ілгекті бақанды қолдана отырып, оны қауіпсіз жерге апару қажет.

Тыныс алу жолдарын күюден сақтау үшін мата-дәке таңғышын немесе кез-келген матаны ауызға басып демалған жөн.

Халық шаруашылығы объектілерін, тұрғын аудандарды қорғауға алдын-ала дайындық, барлық халықты жаңартылған дағдылы қару түрлерінен қорғану тәсілдерін үйрету адам өмірін, материалдарды және мәдени құндылықтарды сақтауға мүмкіндік береді.

 

қоршаған  орта  және тұрмыстық  қауіпсіздігі

 

Өнеркәсіптің, транспорттың, энергетиканың, ауыл шаруашылығын индустрияландырудың дамуы қоршаған ортаға антропогендік ықпалды күшейтіп, апат жағдайларына әкеліп отыр. Жыл сайын атмосфера мен қоршаған ортаға миллиондаған тонна қатты және газтәріздес қалдықтар тасталады, су қоймалары миллиардтаған кубометр шайынды сулармен ластануда. Топырақ пен ауылшаруашылығы жерлерін улы химикаттар улауда, сонымен қатар тұрғын үйлерді, өнеркәсіптер мен транспорт магистральдарын салу үрдісінде құртылады. Бірте-бірте ормандардың ауданы қысқарып, өзендер таяздануда. Адамның өмір сүру ортасы бара-бара үлкен ауқымда шумен, электромагниттік өріс және радиоактивті сәулелермен ластануда; қышқыл жаңбырлар жаууда, озон қабаты бүлінуде, оттегінің қоры азаюда.

Табиғи ортаның ластануы нәтижесінде адамдардың денсаулығы нашарлауда, өсімдік пен жануарлар әлемі құруда, материалдар, ғимараттар мен құрлыстардың қирауы шапшаңдауда. Экологиялық дағдарыстың нақты қауіпі туып отыр. Экологиялық дағдарыс – қоғам мен табиғат әрекеттесуінің динамикалық тепе-теңдігінің бұзылуы. Бұл табиғи ортаның өзіне тән қасиеттері зат және энергия алмасу функцияларын орындау, өмір сүру қауіпсіздігі және өмірдің даму жағдайларын ұстап тұру қабілетсіздігін көрсетеді. Табиғи ортаның ластану процесін тежеу үшін товар шығаруда және қызмет көрсетуде техникалық жүйелерді пайдалауда жаңа, қалдықсыз техноолгияны құру және енгізу керек. Мұнымен қатар экологиялық дағдарыстың бізге қауіпті жағдайларында қоршаған ортаның түр өзгерушілік және залалдану әсерінен адамды қорғау мәселесі тұр.

 

Экологиялық қауіпті заттар.

Көп адамдар қауіпті заттарға ең алдымен адам денсаулығына тікелей зиян келтіретін заттарды жатқызады. Ал шындығына келгенде мұндай заттардың үлесі тым көп емес. Көптеген зияндв заттардың, бұйымдар мен препараттардың мәселесі – оның тап осы кезде келтіретін зиянын сезінбеу. Оның зияны ұзақ уақыт бойы болар-болмас деңгейде әсер етеді. Бұл заттардың ықпалын болдырмауға бола ма? – деген сұрақ туады. Бұл мәселені түбірімен шешу үшін жаңа, экологиялық технологияларды енгізу қажет. Бірақ бұл болашақтың ісі.

 

Ауыр металдар.

Ауыр металдар өзінің атауын атом массасының мәндерінің жоғарылығымен алады. Олар өсімдік пен жануарлар ұлпаларында уытты әсер бере отырып, жинақталуға қабілетті. Аз мөлшерде кейбір ауыр металдар адам тіршілігі үшін қажетті. Оларға: мыс, мырыш, марганец, темір, кобальт, молибден және т.б. жатады. Бұл элементтердің қайсыбірінің жетіспеуі адам организмінің дағдылы қызметтерінің бұзылуына әкеп соқтырады. Бірақ-та олардың мөлшерінің көбеюі нормадан жоғары болса, уытты әсер беріп, адам денсаулығына қауіп төндіреді. Бұдан да басқа адам организмінің жұмыс істеуіне қажеті жоқ 20 шақты металл түрлері бар. Олардың ішіндегі анағұрлым қауіптілері – сынап, қорғасын, кадмий, мышьяк. Адамның сынаппен лас су қоймаларынан ауланған балықты жеп улануы – минимат ауруы атымен белгілі. Сынаптың жоғары концентрациясы бар балықты жеген адамдардың жүйке жүйесінде кері қайтпас өзгерістер туындайды.

Балалардың қорғасынмен улануы – дүние жүзі мемлекеттерінің денсаулық сақтау ұйымдарының өткір мәселесі. Кадмийдің организмге әсері бүйрек жұмысының бұзылуына әкеледі және қаңқада қайта қалпына келмейтін өзгерістер туындатады. Құрамында небәрі 0,1 мкг/литрден аса мышьягі бар суды ішу гиперпигментация, кератоз және тіпті тері рагын туғызады.

Тұрмыста қолданылатын кейбір товарлар мен препараттардың құрамында ауыр металдар бар. Мысалы, бояулардың бейорганикалық пигменттері – алюминий, ванадий, хром, барий, қорғасын, мыс, сурьма, кадмий, қалайы қосылыстарынан тұрады. Ауыр металдардың қосылыстары стабилизатор және катализатор ретінде полимер материалдарын алуда қолданылады. Ол материалдардан синтетикалық маталар, пластмасса, резиналар жасалады. Сонымен қатар косметикалық препараттарда да ауыр металдар болады. Мысалы, пудрада – мырыш тотығы, қабақты бояуға арналған теньдерде – жоғары дисперсті алюминий ұнтағы болады.

Ауыр металдардың сіздің үйге түсуінің негізгі көздері – су, пайдаланылған газдар, бояулар арқылы. Қалалардың көпшілігінде құрамында ауыр металдары бар өнеркәсіп қалдықтары тікелей суға, ауаға немесе топыраққа тасталады. Бұл есесіне су қоймаларының ластануына әкеледі. Қоқыс тастайтын жерлер немесе қалдықтар көмілген жерлер жер асты суларын ауыр металдармен ластайды. Пайдалы қазбаларды өңдеу де жер асты суларын ластағыш көздің бірі екендігі белгілі. Сондықтан, мейлі ауылда немесе қалада тұратыныңызға қарамай денсаулыққа қауіпті ауыр металдар әсеріне ұшырауыңыз мүмкін.

Көп адамдар су құбырлары шүмегіндегі сүзгіштер ішетін суды тазалау қабілеті бар деп ойлайды. Мұндай тазалауды тек арнайы сүзгілер ғана қамтамасыз ете алады. Ішуге арналған суды ыстық су келетін шүмектен алмаңыз, өйткені одан ішетін су емес техникалық су ағады.

Бұдан басқа да, мысалы, Ресейде қоқыс өртеуге арналған көптеген құрылғылармен жұмыс жасау кезінде ауыр металдардың бар-жоғы бақыланбайды. Сондықтан, қалдықтарды өртейтін өнеркәсіптің жанында тұратын болсаңыз, ауыр металдардың әсеріне ұшрауыңыз әбден мүмкін. Бұл жағдайда ең дұрысы басқа жаққа көшу немесе қоғамның назарын болып жатқан жағдайға аудару және мұндай тұрғылықты аудандарға орналасқан өнеркәсіптің жабылуын сұрану керек.

Бояулардағы ауыр металдарға байланысты негізгі мәселе – бұл қорғасын. Көбінесе қорғасынмен улануға шалдығатындар – балалар. Бұл мәселенің шешімі – құрамында қорғасыны бар бояуларды пайдаланбау. Алайда, сіздің үйіңіздегі заттардың бірі мұндай бояумен боялған болса, біріншіден, ескі, қабығы сыдырылған бояуды қырып тастап, бетін сулы негіздегі бояумен бояңыз.

Бояуды қыру кезінде, барлық қауіпсіздік шараларын қолданғаныңыз жөн. Бөлме жақсы желдетілуі тиіс. Арнайы қорғану киімін кию керек. Жұмыс істеп болғаннан кейін оны мұқият тазалайды немесе басқа заттардан бөлек жуу керек.

Құрамында қорғасыны бар бояуды жарылу және қабыршықтану сипатына қарай оңай табуға болады. Өйткені оның қалып кеткен бөліктері өте сынғыш келеді.

Қандай жағдайда болмасын балаларды қорғасынның әсерінен сақтау мақсатында барлық мүмкіндікті жасаңыз. Балалар бұл әсерге ересектерге қарағанда 10 есеге дейін бейім келеді.

Егер сіздің жақындарыңыз ауыр металдардың әсеріне ұшырамасын десеңіз, келесі нұсқауларды орындаңыз:

  • есіңізде болсын, ауыр металдардың негізгі шығу көзі – аккумулятор батареялары. Кез-келген типтегі батареяларды қоқыс салатын жәшікке тастамаңыз. Пайдаланылған батареяларды қабылдайтын мекемелерді тауып өткізуге тырысыңыз;
  • полимер материалдарынан жасалынған бұйымдардың құрамында да ауыр металдар болады. Оларды неғұрлым ұзақ әрі жиі пайдаланатын болсаңыз, соғұрлым қоршаған ортаның ауыр металдармен ластану мүмкіндігін арттырады. Ең дұрысы, қай жерде болмасын, олардың пайдаланылуын шектеу;
  • Сынап термометрлері, люминисцентті және сынап лампаларын тастамау қажет. Оларды сындырып алмауға тырысыңыз. Сынап термометрін немесе лампаларды, сонымен бірге төгілген сынапты сынап қалдықтарын іске асыратын мекемелерге өткізіңіз, төгілген сынап тамшыларын жинап алған жерді күкір ұнтағы немесе құрамында хлорид ионы (FeCl3 болса тіптен жақсы) бар ылғал тұз қабаты астында қалдырыңыз. Бұл жағдайда сынап аз еритін қосылыстар түзеді. Ластанған жерді қайта-қайта жуып кетіреді;
  • есте болсын, металды сынап буларымен тыныс алу қауіпті. Олар тері арқылы организмге оңай еніп кетеді;
  • кадмийді организмнен шығару үшін белоктарға, күкіртті аминқышқылдарына, аскарбин қышқылына, мырышқа, темірге, мысқа, селенге бай тамақ рациондарын пайдалану керек. Ультракүлгін сәулелерді, белок, ашытқы, соя ұнын, кальцийді пайдалану да жақсы нәтижелер береді;
  • организмнен сынапты шығару үшін, құрамына мырыш және селен, аскорбин қышқылы мен мыс, протейн мен цистейн кіретін тамақ рационын пайдалану керек.

 

Ұшқыш органикалық қосылыстар.

 

Қазіргі заманда дүние жүзінде жүздеген мың химиялық заттар пайдаланылып жатқанда, химиктер үшін олардан келетін барлық мүмкін болатын қауіп-қатерді қадағалау тіптен қиынға соғуда. Сіздердің назарларыңызға қауіпті органикалық заттардың негізгі топтарына жөнінде қысқаша нұсқаулар ұсынылады. Бұл заттар көптеген қазіргі бұйымдар мен преператтарда кездеседі.

Ұшқыш органикалық қосылыстар – ауада газ күйінде кездесетін уытты химиялық заттар. өнеркәсіп процестерінің қосалқы өнімдері бола отырып, олар өнімнің көптеген түрлерінде қолданылады. Адам организмінде жүретін химиялық қосылыстармен әрекеттесуге түсетін ұшқыш органикалық қосылыстар денсаулыққа елеулі қауіп төндіреді.

Бұл қосылыстардың ең көп таралған көздері – еріткіштер, тазалағыш және дезинфекциялық құралдар, бояулар, желімдер, пестицидтер.

Хлорлы еріткіштер - әлемде хлорлы органикалық еріткіштер өте көп мөлшерде қолданылады. Оның ішінде неғұрлым жиі қолданылатыны метиленхлорид. АҚШ өкіметі бұл қосылысты мүмкін болатын канцерогенді заттардың тізіміне кіргізеді. Ресейдің көптеген тұрмыстық химия құралдарының құрамында метиленхлорид бар.

Өкінішке орай, кейбір мемлекеттердің тұрмыстық товарлар этикеткасында олардың құрамы жөнінде – метиленхлорид немесе басқа да хлорлы қосылыстар бар екендігін көрсететін талаптар жоқ. Нәтижесінде өнімнің құрамында қауіпті заттар бар-жоғын анықтау қиынға соғады. Сондықтан ең дұрысы мүмкін болғанша бейтарап тазалау құралдарын пайдаланыңыз. Әсіресе, аэрозоль қораптағы препараттарды қолданбағаныңыз жөн.

Басқа галогенді көмірсутектер. Тұрмыста галоген көмірсутегімен байланысу тек еріткішті пайдалану жағдайында ғана емес, және де әртүрлі бұйымдарды пайдалану кезінде болуы мүмкін. 1,2-дихлорэтан, 1,2,4-трихлорбензол, гексахлорбензол, 3-хлор-1,2-пропандиол пластмасса, шайыр, резина және т.б. тым көп таралған тұрмыс материалдары мен бұйымдарының өндірісінде қолданылады. Олардың көпшілігі (ыдыс, қорап, электр желілерінің оқшаулағышы) поливинильхлоридтен жасалған. Олар уытты мономер –винилхлорид бөледі. Бұл адамның нерв және жүрек-қантамырлар жүйесін зақымдайды. Бұдан басқа, бұл заттар канцерогенді қасиеттерге ие.

Кейбір алифатикалық галоген орын басқан көмірсутегілер жоғары уытты болып келеді. Және олар әртүрлі дәрежеде наркотиктік қасиеттерге ие. Бұл топтың қаныққан қоспалары, мысалы, көміртегі тетрахлориді және тетрахлорэтан бүйрек пен бауырға зиян.

Ароматты хлор көмірсутегілердің ішіндегі анағұрлым жиі қолданылатыны хлорбензол. Бұл оңай тұтанатын сұйықтық жүйке жүйесіне күшті әсер етеді. Оның буларымен тыныс алу естен тандырады. Бірқатар хлор орын басқан нафталиндер бауырды зақымдап, уытты сары ауруға әкеледі.

Ұшқыш органикалық қосылыстардың зиян әсерін төмендету үшін берілген бірқатар негізгі ережелер мыналар:

  • бояуларды таңдағанда органикалық еріткіштері жоғын алыңыз;
  • дәстүрлі тазалағыш заттарды – сабын, ас және кальцийленген соданы пайдаланыңыз;
  • өсімдік және жануарлардан шыққан органикалық тыңайтқыштарды қолданыңыз. Пестицидтерді қолданбаңыз.

Егер сізге ұшқыш органикалық қосылыстармен жұмыс істеуге тұра келсе, әрқашан мына жағдайларды жасау керек:

  • бөлмені жақсылап желдету;
  • көз бен теріні қорғау;
  • зиянды заттар теріге түскенде, ол жерді сумен мұқият жуу.

Хлор өндіретін ароматты көмірсутегілер синтезделу процесінде қосалқы өнімдер – диоксин (2,3,4,8-тетрахлорродибензол-н-диоксин) пайда болу мүмкіндігінен қауіп төндіреді. Сонымен бірге диоксин 2,4,5-трихлорфенолда қоспа ретінде бактерицидті және гербицидті препараттар өндірісінде қолданылады. Бұл заттың ізі 2,4,5-Т (трихлорфеноксиуксус қышқылы) гербицидінде және трихлорфенолдан алынатын гексахлорофен бактерицидтік препаратында табылған. Іс жүзінде диоксинді топрырақтан және су жүйесінен шығару мүмкін емес. Ол адам мен мал үшін, тіпті өте төмен мөлшерінің өзінде аса уытты. Канцерогенді және эмбриоуытты әсерлер бауырдың ауруына, қорғаныс жүйесінің әлсіреуіне әкеледі.

Адамның улануының негізгі себептері:

  1. гербицидтерді (өсімдіктерді құртуға арналған препараттар) кең түрде пайдалау азық-түлік өнімдерінде диоксиннің жинақталуына әкеледі.
  2. қоқыс жағатын пештерден, өнеркәсіптік жылу жабдықтарынан, сонымен қатар хлоры бар жерде көміртегі материалдарын жағу кезінде шығатын газ бен күл бөлшектерімен тыныс алу (мұндай жағдайда диоксин пайда болуы мүмкін).

Қауіпсіздік шаралары – пластмасса бұйымдарын отқа жақпау, малды қоқыс жағатын зауыт маңында жаймау, гербицидтерді пайдаланғанда бақылаулар жүргізу.

Диоксиннің болуының үлкен зиян әкелетіндігіне қарамай, пентахлорбензол көптеген антисептиктердің, фунгицидтердің құрамына кіреді. Тоқыманың беткі жағын өңдеу мақсатында желім пластификатор ретінде қолданылады. Сонымен қатар бояғыштар, типографиялық бояулар, көшірме қағаз өндірісінде қолданылады.

 

Формальдегид.

Бұл химиялық зат көбінесе құрылыс материалдарында қоспа ретінде кездеседі. Формальдегидпен әсерлескенде адамның тыныс алу мүшелерінің жағдайы нашарлайды, басы айналады, шаршайды және жүрегі айниды. Лабораториялық зерттеулер нәтижелеріне жүгінсек, ол онкологиялық аурулардың шығуына итермелейді.

Формальдегид еден төсемі, панель, стол, шкаф және басқа жиһаз конструкцияларында пайдаланылатын престелген плиталардан бөлініп шығады. Формальдегид булары сонымен қатар желімнен, дезинфекциялық және т.б. заттардан бөлінеді.

Бұл зиянды заттың әсерін азайту мақсатында бірнеше кеңестер:

  • өсімдіктерді көбірек отырғызыңыз. Өйткені олар формальдегидті және басқа да бөлмедегі ауаны ластайтын заттарды өзіне жұтады;
  • үйіңізді жақсылап желдетіп тұруды ұмытпаңыз.

 

Пестицидтер.

Пестицидтер – бұл өсімдік аурулары қоздырғыштарымен, ағаш, тері, жүн, мақта бұйымдары зиянкестерімен, адам мен үй жануарларының аса қауіпті ауруларын таратушылармен күресуге пайдаланылатын химиялық заттар.

Қоршаған ортаның пестицидтермен ластану аумағы мен дәрежесі туралы көп айтылады. Мәселе мынада, пестицидтер тамақ пен суды адамға адамға зиянды химиялық зат – диоксин ластайды. Олардан сақтану үшін келесі ережелерді орындаңыз:

  • көкөніс пен жеміс-жидекті өсіргенде синтетикалық пестицид қолданбаңыз; жерді органикалық өңдеу әдістерімен таныс ьолыңыз. АҚШ-та органикалық жер өңдеудің ұзақ мерзімдік өнімділігі мен синтетикалық пестицид қолданылатын жер өңдеуді қолданылатын зерттеулер жүргізілген. Нәтижесінде екеуінің өнімділік дәрежесі бірдей болған;
  • құрамында пестициді бар суды пайдаланбаңыз. Оны айыру әдісімен тазалаңыз;
  • пестицидтерді көбінесе үй жәндіктерін жоюда пайдаланады. Шыбын-шіркей, құрт-құмырсқаны жуынды, тамақ қалдықтары тартатыны белгілі. Сондықтан үйіңізде, әсіресе ас бөлмесінде тазалық сақтау аса маңызды. Азық-түлік сақталатын орындарды ас содасын, сабын және суды пайдалана отырып мұқият тазалау керек. Тамақтың бетін ашық күйінде қалдырмаңыз.

 

Жану өнімдері.

Қазақстан қалаларында ең көп таралған ластағыштар қатарына келесі жану өнімдері кіреді:

  • темекі түтінінің құрамындағы заттар;
  • көміртегі монототығы – газ плиталарының нашар желдетілуі, сонымен қатар ауаның автокөліктерден шығатын газдармен ластануы;
  • автокөлік қозғағыштарындағы жану өнімдерінің қатты бөлшектерінде , қалдықтарды өртеу пештерінде, орталық жылу жүйелеріндегі заттар.

Үйдегі темекі түтіні денсаулыққа зиян. Түтінмен шылым шекпейтіндер тыныс алуы организмге айтарлықтай зиян келтіретіні белгілі. Оның құрамында ауыр металдар, қатты бөлшектер, көміртегі монототығы, көміртегі қостотығы және т.б. қосалқы жану өнімдері болады. Сондықтан темекі шегетіндермен бірге өмір сүретін адамдар темекі шегушімен бірдей дәрежеде өз денсаулығына қауіп төндіреді. Темекі шегетін ата-аналар темекі түтінінің балаларға, әсіресе әлі туылмаған іштегі бала үшін өте қауіпті екенін түсінуі қажет. Темекінің әсерінен болашақ ұрпағыңызды сақтау мақсатында барлық шараларды қолдану қажет.

Темекі наркотик секілді миллиондаған адамдардың күнделікті өмірінен орын алған. Қалыптасқан жағдайды өзгерту үшін ондаған жылдық тыңғылықты түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Америкада адамдардың санасының өсуі өз жемісін беріде, ал бұл өз кезекінде 25 жыл бойы темекінің зияны туралы білімнің жинақталуы нәтижесінде болып отыр. Жақын арада Францияда барлық қоғамдық жерлерде темекі шегуге тыйым салынды. Алайда темекі шегудің қысқаруы темекі шығарумен айналысатын компаниялардың жаңа өтім рыногын Латын Америкасы, Қытай, Ресей, Қазақстан және т.б. елдерінде ашуына ықпал етті.

Темекі түтінінің әсерінен қорғанудың ең дұрыс тәсілі – темекі шегуді тастау немесе темекі шегушілер ортасынан алыс жүру. Бірақ өзіңіз немесе жанұя мүшелерінің біреуі темекі шегетін болса жағдайды қиындатады. Мынадай қарапайым тәсілдердің көмегімен темекінің зиянын төмендетуге болады:

  • егер сіз темекі шегетін болсаңыз, пәтерде, жұмыс орнында темекі шекпеуге тырысыңыз. Темекіні балконға шығып шегіңіз, бұның өзі қоршаған адамдарды айтарлықтай қауіпсіздендіреді;
  • егер сіз темекі шекпесеңіз, жұмыс орныңыздың маңында оны шегуге тыйым салыңыз. Үйіңізде де осы тәсілді ұстаныңыз;
  • қандай жағдайда болмасын, балалардың жанында темекі шегуді болдырмаңыз.

Тағы басқа айтарлықтай қауіптің бірі – сіздің үйіңіздегі ауаның плита, пеш немесе камин орнатылған бөлмелердің нашар желдетілуінен ластануы. Әдетте асхана плиталары үшін табиғи газ қолданылады. Оның жану барысында оттегі көп жұмсалады және ластағыз заттар бөлінеді.

Газ плитасы орнатылған жердің желдетілуін қамтамасыз ету өте маңызды. Егер сіздің үйіңізде ауа тарту құрылғысы болмаса, онда газ плитасы қосылып тұрғанда терезені шамалы ашық түрде ұстау керек. Бұл нәрсе көмір немесе ағаш отынмен жанатын пештерге де қатысты.

Егер үйіңізде желдету құбыры болса,оның ашық және таза болуын қадағалаңыз. Бұл құбырларға орнатылған сүзгіштер біртіндеп майлармен және қоқыстармен бітеледі. Сүзгіштерді уақтылы тексеріп, оларды сабынды сумен жуып тұрыңыз.

Қазақстан қалаларының барлығында дерлік орын алған мәселе – ортанық жылу жүйесі және қоқыс өртегіш зауыттардың, автокөліктердің кесірінен ауаның газдар және қатты бөлшектермен ластануы.

Автокөліктер индустриясын толығымен жетілдіру және қайта ұйымдастыру. Отын шығару және моторларды анағұрлым тиімді электр қозғағыштармен ауыстыру. Орталық ыстық сумен жабдықтау да аса тиімсіз. Сондықтан жергілікті жылыту жылыту жүйелерін ендірген жөн. Практика жүзінде пайдаланып жүрген қалдық өртеу ісі ескірген және ол қоршаған ортаны айтарлықтай ластауда. Бұл жағдайдан биологиялық ыдырауға және қайта өңделуге жарамды тұтыну өнімінің жаңартылған жүйесі құтқаруы мүмкін.

Мұндай түбірлі өзгерістер ұзақ уақытқа өкімет пен өнеркәсіптің бірігіп жұмыс істеуін талап етеді.

Өзіңіздің бүгінгі күнгі қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін бірнеше қарапайым кеңестер ұсынамыз:

  • өкінішке орай, көптеген тұрғын үйлер қарқынды қозғалысы бар көшелердің бойында орналасқан. Ал тұрғын үй дағдарысына байланысты көптеген жанұялардың басқа жерге көшуі ақылға қонымсыз. Сондықтан мүмкіндік болса, транспортқа толы көше жаққа қараған пәтеріңізді ауыстырыңыз. Уытты газдардың күшті әсер ету дәрежесі төмендейді;
  • тағы да осы себепке байланысты ең дұрысы қоқыс өртегіш зауыттың және түтін құбырларының түтінінің тікелей әсеріне шалдыққан ауданнан көшу. Жаңа ауданға көшіп бармас бұрын, ол жерде орын алған желдің бағытын біліп алыңыз.
  • егер сіз қарқынды транспорт қозғалысы бар көшедегі үйде тұратын болсаңыз көп жағдайда аулаға қараған терезені ашыңыз.

 

Шаң-тозаң.

Шаң-тозаң әрдайым тыныс алу мүшелері мен шырышты қабаттарды тітіркендіре отырып, созылмалы аллергияға немесе тұмау-вирус тектес ауруға ұқсас жағдайларды туындатады. Сонымен қатар шаң-тозаң канцерогенді қасиеттерге ие.

Қалалардағы шаң-тозаң дәрежесін төмендететін ұзақ мерзімді ұйымдастыру шараларын жүргізу керек.

Кеңестер:

  • пәтердегі шаң-тозаңмен күрес жүргізіңіз. Әрдайым барлық заттардың бетін жұмсатылған сабын ерітіндісіне суланған шүберекпен сүртіңіз;
  • шаңсорғышпен тазалау жұмысын жүргізген соң шаңды сүртіп алыңыз;
  • егер сіз қарқынды транспорт қозғалысы бар ауданда немесе өнеркәсіп орындарының маңында тұратын болсаңыз, терезелерге дәке тұтып және оны әрдайым жуып тұру керек.

 

Пәтердегі өрт.

Үйдегі өрттің көпшілігі теледидардың өртенуінен шығады. Мұндай жағдай бола қалса, теледидарды электр желісінен ажыратып, содан кейін артық қабырғасындағы жоғарғы желдеткіш саңлауы арқылы су құйяды. Егер оның жанында перде немесе басқа жылдам тұтанатын заттар болса, оттың басқа заттарға таралмауы үшін теледидарды тығыз көрпемен жабу керек. Тек содан кеін ғана суға немесе өрт сөндіргішке жүгірген жөн. Жарылыс кезінде шығатын улы түтін аса қауіпті. Сондықтан отты сөндірген уақытта дем алмай, басқаларға ескертіңіз, ең дұрысы балаларды шығарып жіберіңіз.

Пәтерде өрт шықты делік, ал сіздің өрт сөндіргішіңіз жоқ, онда қолда бар заттарды: тығыз мата (ылғал болса тіптен жақсы), су қолануға болады. Жанып жатқан перделерді жұлып алып, аяқпен таптап не болмаса ваннаға салып су құяды. Сонымен қатар жанып жатқан көрпелер мен жастықтарды сөндіргенде терезені ашпаңыз. Өйткені ауаның жылдам ағысы жалынды күшейте түседі. Түтін толған үйге кірерде есікті мейлінше абайлап ашады, олай етпеген жағдайда лап ете қалған жалын бетті шарпуы мүмкін. Электр желісіндегі өртті сөндіру немесе су шашу керек болса, алдымен электрді өшіріңіз. Пәтердегі өртті сөнтіріп болған соң міндетті түрде ешнәрсе бықсып жатпағанын тексеріңіз.

Статистика көрсетіп отырғанындай, өрт кезінде адамдар негізінен жалыннан емес, түтінмен дем алғаннан өледі екен. Кейде синтетикалық жанған өнімнің азғана түтінін жұту, адамның улануына және есінен тануына әкеледі. Түтіннің құрамында көміртегі оксиді, тітіркендіршіш және жанудың уытты өнімдері, цианды және хлорлы сутегі, кейде фосгкн де болады. Ал сақтану мүмкін болмаса, жанып жатқан бөлменің, пәтердің есіктерін жауып, тез арада кетуге тырысыңыз (оттегісіз ортада жалын әлсірейді, кейде сөніп те қалады).

Пәтерден онда ешкімнің жоқтығына көз жеткізгенде ғана шығу керек. Әсіресе балаларды қадағалаңыз. Үрейі ұшқан балалар әдетте шкафтың ішіне, кереуеттің, шкафтың астына тығылып, шақырған дауысқа жауап бермейтінін есте ұстаған жөн. Мынаны естен шығармаңыз, өз үйіңіз болса да, түтінге толған пәтерде адасып қалуыңыз ықтимал. Суланған шүберек арқылы дем алыңыз. Үйіңізде респиратор немесе противогаз болса, міндетті түрде қолданыңыз. Пәтердегі оттегі мөлшерінің тез азаюынан кейде противогазда болсаңыз да басыңыз айналып құлап қалуыңыз мүмкін.

Түтінге толған коридорларда төрттағандап, еңбектеңіз, төменде түтін аздау болады. Артыңыздан есіктерді жауып жүруді ұмытпаңыз. Іштегі адамдарды іздеуге барарда беліңізге арқан байлаңыз, бір адам сізді сыртта сақтандыруы тиіс. Егер зардап шегуші өз бетімен қозғала алмаса, оған шығуға көмектесіңіз. Оның үстіне көрпе, жайма, плащ және тағы басқа заттарды жабу керек. Егер сіздің көз алдыңызда біреудің киімі жана бастаса, оны қашыртпай, үстіне сулы шүберек жауып, аса қажет жағдайда аяғынан шалып құлатып, жерге аунатыңыз. Киімді өртсөндіргішпен сөндіруге болмайды. Өйткені адам химиялық зақым алуы мүмкін.

Тезарада "01" қызметіне телефон шалып, өрт сөндірушілерді шақыру керек.

Өрт тілсіз жау. Өртке байланысты жиі кездесетін өлім себептерінің бірі – адамның мас күйінде темекі шегіп, ұйықтап қалуы. Әдетте жастықтың жартысы немесе көрпенің бұрышы жанады, бұл уақытта адам өліп қалған болуы мүмкін. Кейде мынадай жағдайлар да кездеседі, жанұя басы түнге қарай ас бөлмеде темекі шегіп, оны өшірместен қоқыс салатын пластмасса шелекке лақтыра салады. Ол бықсып жанып, бір сағат өткен соң бүкіл жанұя мүшелері ұйқыда жатып, өліп кетеді.

Егер өрт көршілерден шықса, болған жағдайды білу үшін пәтерден шығысымен, артыңыздан есікті жабыңыз. Әйтпегенде пәтеріңіз подъезд түтініне түтіндік болып, кейін ол үйге ремонт жасамай тұра алмайтын дәрежеге жеткізесіз. Егер тыныс алуыңыз қиындай бастаса, төменге түсудің қажеті жоқ. Тез арада "01"-ге телефон шалып, өз мекен жайыңызды айтыңыз. Өрт сөндіруші келгенше пәтердің есігін іштен нығыздап жауып, саңлауларды сулы шүберектермен бітеңіз. Барлық желдеткіш тесіктерін бітеп, барлық есіктерді жауып, балконға шығыңыз.

Балконда жанғыш заттар сақтамаңыз – бір пәтерден шығатын тік өрттер бірнеше қабаттарға жететіні белгілі.

Тек өз пәтеріңіздің қауіпсіздігін қадағалап қоймай, бүкіл үйді, ауланы бақылаңыз. Шатыр асты төлелеріне кездейсоқ адамдар кіріп кетпеуі үшін есіктерін құлыптап қою қажет. Тұрғын үйдегі әртүрлі шаруашылық жұмыстары (жертөледегі шеберхана, дәнекерлеу құралын пайдалану) қауіпті. Сондықтан олар ақауланғанда өрт бақылау инспекторларын шақырыңыз.

Барлық адамдар өрт, медицина қызметінің телефон номерін білгені жөн. Өрт кезіндегі әртүрлі жағдайда қандай іс-қимыл жасау керектігін, өрт сөндіргішті қалай пайдалануды, дене күйгенде алғашқы медициналық көмек көрсетуді білген дұрыс.

 

Электр тогы.

Тұрмыстық электр техникаларын пайдалану өте ыңғайлы. Бірақ оларды орнатқанда және пайдаланғанда қауіпсіздік ережелері сақталмаса бақытсыздыққа ұшыратады.

Электр энергиясының зұлымдық ерекшелігі – ол көзге көрінбейді, әрі иісі мен түсі жоқ. Электр тогы күтпеген кезде, адам электр тогы өтетін тізбекке жанасқан мезетте зақымдайды. Электр тогымен зақымдалмау үшін келесі қауіпсіздік ережелерін есте ұстаңыз:

  • техникалық қорғау құралдарында айқас тұйықталуларды болдырмас үшін пәтердегі электр жүйелері әрқашан жөнделген болуы тиіс; электр "жучоктарын" пайдаланбаңыз; зақымдалған розеткаларды, сөндіргіштерді, лампалық патрондарды, құралдар мен шырақтарды токка қосулы тұрғанда ауыстыруға, жөндеуге болмайды; бұл жұмыстар құралдардың ажыратқыш тұтқалары тоқтан ажыратылған жағдайда ғана атқарылады.
  • Электр құралдарын желіге қосу тәртібін міндетті түрде сақтаңыз. Бірінші электр сымы құралға қосылады, содан кеін ғана желіге жалғанады; құралды өшіру осыған кері тәртіпте жүреді;
  • Ақаулы электр құрылғыларын, электр штепсель айырының орнына жалаңаш сымдардың ұштарын, сонымен бірге қолдан істелген электр құрылғыларын пайдаланбаңыз.

Біріншілей көмек көрсету әдістері – тез арада адамды ток әсерінен ажырату. 1000 В дейін кернеуден ажырату үшін кебу таяқты, тақтайды және т.б. кебу заттарды пайдалану керек. Ток әсерінен ажыратылғаннан кейін мынадай дәрігерге дейінгі көмек көрсетілуі қажет:

  • егер зақымдалушы есін жоғалтпаса, онда оны төсенішке ыңғайлы жатқызып, үстін киіммен жауып, дәрігер келгенше үзбей тынысы мен тамырының соғысын қадағалап, тыныштықта ұстау қажет;
  • егер тұрақы тамыр соғысы мен тыныс алуы сақталып, бірақ адам есінен танса, оны төсенішке түзу және ыңғайлы жатқызып, белдігі мен киімін ағытып таза ауа келуі мен толық тыныштығын қамтамасыз ету, сондай-ақ мүсәтір спиртін иіскету керек.
  • Егер зақым алушының демалысы нашарласа, онда оған жүрекке жанама уқалау мен жасанды дем беру жұмыстары атқарылады.

 

Газ плиталары және тұрмыстық газ.

Газ плиталарын қоректендіру үшін тұрмыстық газдың екі түрі қолданылады: метан (қалалық магистраль газы) және сұйытылған мұнай газы (баллондарда). Газ құрылғысын пайдаланудың ережелері сақталмаған жағдайда газбен немесе толық жанбаған өнімдермен улену, өрт пен жарылыс қаупі туады. Улануды болдырмас үшін маңызды мына ережелерді сақтаған жөн:

  • газ шүмегін барынша ашпаңыз: газдың тым күшті ағынында жанарғыдан жалын үзілуі мүмкін. Ал бұл есесіне жану аймағының температурасының төмендеуіне және үлкен мөлшерде ауаға көміртегі оксидінің бөлінуіне әкеледі;
  • газ плитасының дұрыс жұмыс істеп тұрғанын қадағалаңыз: егер жану кезінде жалынның түсі сары болса, плитаның ақауын тексеретін маман шақыртыңыз. Бұл істі кейінге қалдыруға болмайды, өйткені жанарғы жұмысының нашарлығында ауаға газдың жанған өнімдерінің шығуы көбейеді;
  • егер плитаның екі конфоркасы жұмыс істеп тұрса, духовканы қоспаңыз;
  • газ плиталарын қараусыз қалдырмаңыз; қайнап жатқан сұйықтықтарды қадағалаңыз, өйткені олар әбден қайнаған соң шашырап, төгіліп отты сөндіреді. Соның салдарынан газ шығады;
  • газ плитасы екі сағат бойы жұмыс істеген соң сөндірілуі тиіс. Үзілісте ас бөлмесін желдетіп алған жөн;
  • газ шыққан жағдайда бөлме желдетіледі; жарылыс қаупін тудырмас үшін, бұл жерде темекі шегуге, сіріңке жағуға, электр жабдықтарын қосуға мүлдем болмайды.

Улану жағдайында газды өшіріп, терезені, есікті ашып, зақымдалушыны далаға алып шығу керек. Оның киімінің кеуде тұсын шешіп, басына мұздай суға малынған шүберек, ал аяғына грелка қойып, бетіне су шашып, мүсәтір спиртін иіскетеді. Ыстық шәй, кофе ішкізген дұрыс. Уланудың ауыр түрінде жасанды дем беру және жүрекке массаж жасау қажет.

Тұрмыстық газды пайдалануда өзге де қауіптің бірі – оның шығуынан туатын жарылыс. Ол адамның ұмытшақтығының кесірінен немесе газ жабдығы ақаулығы салдарынан болады. Баллондағы газ конструкцияларының дұрыс істемеуінен немесе өрт шыққан кезде жарылыс болуы мүмкін. Егер газ баллонның тиекті вентилінде жалын тілдері көрінсе, оны өшірмей тұрып, отты сөндіріп алыңыз. Ол үшін ең дұрысы суланған шүберекті қолдану керек. Газды жандыратын жалын барда, баллон жарылмайды. Өртті сөндірген соң вентильді мұқият жабу қажет. Мұны ертерек істеңіз, от баллон ішіне сорылып, жарылыс шығады.

 

Тұрмыстағы қауіпті заттар. Үйдегі ауаны ластаушылар.

Тұрғыын үйлердегі ауаны ластаушылардың болуы экстремальды жағдайларға жатпайды. Алайда, бұл да тіршілікке қауіпті фактор. Үйдегі ауаны негізгі ластағыштарға формальдегид, асбест, жанған өнімдер, аэрозольдер, бояу еріткіштер, темекі түтіні, шаң-тозаң кіреді.

 

Тұрмыстық химия препараттары.

Әрине, бір жағынан алғанда тұрмыстық химия препараттары үй еңбегін жеңілдетеді. Бірақ оларды пайдалауда сақтық ережелерін ұмытпаған жөн. Оларға:

  • косметикалық заттар (лосьен, одеколон, шашты қалыпқа келтірушілер). Олардың құрамына орталық жүйке жүйесіне әсер ететін түрлі спирттер кіреді;
  • инсектицидтер (зиянды жәндіктермен күресетін құралдар) – хлорофос, карбофос, дихлофос, "Прима", "Антимоль". Улану жағдайында зақымдалушы есінен танады, сіңірі тартылады, жүректің соғуы әлсірейді, күре тамырдың қысымы төмендейді, демі тоқтауы мүмкін. Интоксикациялық улану белгілеріне бас айналу, жүрек айну, құсу, көздің көруінің нашарлауы, психикалық қозу тән.
  • Репелленттер (шыбын-шіркейлерге қарсы препараттар). Бұл заттардың адам организміне түсуі ауыр асқыну салдарына әкеледі. өйткені репеллент құрамына кіретін диметилфталат организмде метил спиртіне айналып, біршама уақыт өткен соң бірқатар уытты өнімдерге (құмырсқа қышқылы, формальдегид) ыдырайды. Адам есінен танады, тыныс алу мүшелерінің қызметі бұзылады, көз жүйкесі зақымдалып, соқыр болып қалу қаупі тууы мүмкін.
  • Қышқылдар мен сілтілер (80%-тік сірке қышқылы, тұз, карбол қышқылдары ерітінділері). Күйдіргіш сілтілердің ең қауіптілері каустикалық сода, мүсәтір спирті, күйдіргіш калий.

Түрлі тұрмыстық химия препараттарын пайдаланғанда сақталатын негізгі ережелер мыналар:

  • барлық тұрмыстық химия заттары тамақ өнімдерінен, дәрі-дәрмектерден алысырақ, жекеленген түрде сақталуы тиіс. Оның міндетті түрде этикеткасы болуы шарт;
  • Берілген нұсқауларға сүйену керек;
  • Тамақ өнімдерін тұрмыстық химия препараттарынан босаған ыдыстарда (қаншалықты мұқият жуылғанына қарамай) сақтауға болмайды.
  • Тұрғын және ас бөлмелерін инсектицидтермен өңдегенде ыдыс-аяқ, тамақ өнімдерінің бетін жауып қою керек. Балаларды, қарт кісілерді уақытша пәтерден кетуін сұрану. Инсектицидтермен жұмыс істеушілер ауыз бен мұрынды төрт қабатталған дәке таңғышпен байлап, көзге көзілдірік кию арқылы қорғанады. Инсектицидтер қолданылғаннан кейін бөлме іші бірнеше сағат желдетіледі. Инсектицидтерді түнге қарай адамдар ұйқтайтын бөлмелерде қолдануға үзілді-кесілді тыйым салынады.

Тұрмыстық химия препараттарымен уланғанда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. Уланудың қай түрінде болмасын "Жедел жәрдем" шақыру қажет.

  • қышқылдар және сілтілермен уланғанда шұғыл түрде көмек көрсетіледі. Зақымдалушының асқазанын өз бетіңізбен шаюға үзілді-кесілді тыйым салынады. Бұлайша жасалған процедура тек құсуды, көмейдің ісінуін туындатып, тыныс жолдарына қышқылдар мен сілтілердің түсуін күшейтеді. Мұндай аурулардың асқазанын арнайы зондтың көмегімен шаяды. Қышқылдар мен сілтілердің ауыздың сілекей қабатын және өңешті қайталама күйдіретін әсерін болдырмас үшін, зақымдалушыға 2-3 стакан су ішкізу қажет (бұдан артық беруге болмайды);
  • қандай жағдайда да улы сұйықтықтарды "бейтараптауға" тырыспау керек. Мәселен, қышқылмен уланғанда әлсіз сілті беруге және керісінше істеуге болмайды. Бақылаулар көрсетіп отырғандай, бұл заттар бір-бірімен әрекеттескенде көп мөлшердегі көмірқышқыл газы пайда болады. Мұның салдарынан асқазан созылып, ауру мен қан ағу күшейеді;
  • теріге, көздің шырышты қабатына, ерінге түскен қышқыл немесе сілтіні көп мөлшердегі сумен жуып тастау керек (1-2 л, дұрысы сорғалаған сумен жуу);
  • косметикалық заттармен, инсектицидтермен, дақ кетіргіштермен, анилин бояғыштармен уланғанда "жедел жәрдем" келгенше, зақымдалушыны (есінен танбаған жағдайда) құстыру қажет. Ол үшін зақымдалушыға 2-3 стакан тұзды су ішкізіп, екі саусақты таза матамен орап, тілдің тамырын басады;
  • егер зақымдалушы есінен танған жағдайда, оның басын бір жағына қарата жатқызады. Бұл асқазан ішіндегілерінің тыныс жолдарына түсуін болдырмайды. Тіл, сіңір тартылғанда, жақ қарысып, дұрыс демалуына кедергі келтірсе, зақымдалушының басын жәйлап шалқайту керек. Мұрнымен дем алуы үшін оның төменгі жақ қуысын ілгері және жоғары тартады.

 

Тамақтанудың қауіпсіздігі.

Адам организмін көптеген заттар құрайды. Олар организмге тамақ өнімдері арқылы келеді. Екі апта бойы тамақ ішпеген адамның өлетіні белгілі, ал құнарсыз тамақтанатын болса, азып әлсірейді.

Қоректік заттардың адам организміне қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті мөлшердегі әртүрлі тамақ рационы балансталған қоректену деп аталады. Микроорганизмдермен залалданған тамақ өнімдері қоректену интоксикациясын (улануын) тудыруы мүмкін. Микроорганизмдердің аса көп мөлшерде көбеюі нәтижесінде асқа пайдаланғанға дейін тамақ өнімдерінде токсиндер пайда болады.

Тамақ өнімдерінде неғұрлым жиі кездесетін кейбір микроорганизмдер мен токсиндерді қарастырайық:

  1. ботулизм – анаэробты (оттегісіз) ортада 10-400С температурада өмір сүреді. Ауру қоздырғыштары көбінесе шикі тауық пен балықты залалдайды. Олардың споралары жылу әсеріне аса төзімділігімен ерекшеленеді. Уланудың екі клиникалық түрі болады:

а) ауыр түрі – жасырын мерзімі 12-36 сағат, белгілері: дауыстың қарлығуы, бас ауруы, жүрек айнып, құсу, ауыз қуысының құрғауы, көздің бұлдырауы;

б) жеңіл түрі – жасырын мерзімі бірнеше тәулік, жеңіл белгілері байқалады.

Емдеу – улылыққа қарсы егулер қолдануға негізделген. Диагноз неғұлым тез қойылса, соғұрлым залалданудың ауыр жағдайларын емдеу оңайға түседі.

  1. стафилаккок энтеротоксиндері (мысалы, стафилаккок маститімен ауыратын сиырдың сүтінде). ботулизм
  2. қоректік микотоксиндер – саңрауқұлақтардың өнімі (мысалы, В1 адолотоксині, белгілі гепатоканцерогенді заттардың ішіндегі аса күшті әсер ететіндердің біреуі).
  3. патогенді бактериялар.

Анағұрлым таралған, жаппай қоректену инфекциялары мен интоксикацияларына стафилаккок энтеротоксині; жаппай ботулизм жағдайлары анда-санда кездеседі.

Тамақтану қауіпсіздігі жөніндегі бірқатар ұсыныстар:

  • тамаққа көгерген азықты пайдаланбаңыз. Азық-түліктің көгеруі токсиндер бөлетінін естен шығармаңыз (афлотоксиндер, охратоксиндер және т.б.), олар көзге көрінбей азықтың ішіне енеді;
  • афлотоксиндер температураға аса төзімді және күн сәулесі, ультракүлгін сәулелер әсерінен жойылады;
  • афлотоксиндер жер жаңғақта, қатты қабығы бар жаңғақтарда, абрикос сүйектерінде болады. Олар көзге көрінбей көгеріп, иісі білінбей өмір сүруі мүмкін;
  • азық-түлікті дұрыс сақтамау уытты заттардың пайда болуына әкеледі. Осылайша жеміс сүйектеріне негізделген спирт тұнбаларын ұзақ уақыт сақтағанда ерітіндіге күшті у – көгерткіш қышқылы өтеді;
  • картопты жарық жерде сақтаса, оның өсінділері шығып солонин п/б. Ол картопқа жасыл өң береді. Солонинмен улануда адам өлмейді, бірақ оны болдырмаған жөн. Жасыл түсті картопты тазалай отырып, "көзшелерін" алып тастау керек;
  • тамақ өнімдерін орауға қағаз, газет, журнал, қораптарды пайдаланбаңыз. Олардың құрамында көп мөлшерде қорғасын және кадмий болуы мүмкін;
  • шойын сковородкасын пайдаланғанда тамақ өнімдері темірді аз жұтатынын естен шығармаңыз;
  • мыс пен қорғасынның тамақ өнімдерімен экстракциялану дәрежесі ыдыс-аяқтың тозу дәрежесіне байланысты;
  • консерві банкасын ашқаннан кейін және оны бөлме температурасында сақтағанда қалайының мөлшері жоғарылап, қалайыланған қаңылтырдан тамаққа өтеді;
  • консерві банкасынан тамаққа өтетін қалайы нитратының болуынан қалайының уыттылығы жоғарылайды;
  • азықтанғанда тамақ талшықтарын көбірек пайдаланыңыз (олардың шығу көздеріне нан, жеміс-жидектер, көкөніс жатады). Олар организмнен зиянды зат алмасу өнімдерінің, ауыр металл тұздарының шығуына көмектеседі.

 

Тамақпен уланғанда өз бетімен емделу қауіпті!

Тамақпен уланудың кейбір белгілері – іш ауруы, құсу, ішек жұмысының бұзылуы – басқа аурулардың белгілеріне ұқсас болады (мысалы, гастрит немесе холцистит). Немесе кейбір азық өнімдеріне аллергиясы бар және басқа да азық-түліктің тікелей уытты әсеріне байланыссыз себептеріне ұқсас. Сондықтан кейде өз бетімен емделу денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Мәселен, тамақпен уланғанда неғұрлым жиі қолданылатын әдіс асқазанды шаю миокард инфарктісіне жақпайды. Бұл да өз кезегінде адамның құсу белгілерімен жүреді. Соқыр ішекте іш ауырады, асқазанды шаю мен грелка қою жақпайды. Міне, сондықтан да, ішек жұмысы бұзылуының алғашқы белгілерінде дәрігерге көріну керек. Әрине, бұзылу себебі анық белгілі болса, дәрігер келгенше кейбір шаралардыжүргізу керек. Бірінші кезекте асқазанды әлсіз марганец ерітіндісі көмегімен тазалайды.

 

Транспорттағы қауіпсіздік. Қоғамдық транспорт.

Тұйықталған кеңістікте топ адамның үлкен жылдамдықта қозғалуы әрқашан жоғары қауіп-қатер жағдайын білдіреді. Қоғамдық транспортта мынадай ережелерді сақтаңыз:

  • тәуліктің қараңғы уақытында бос аялдамада қалмаңыз. Автобус немесе трамвайды жақсы жарықталған жерде, басқа адамдардың жанында күтіңіз;
  • автокөлік жақындағанда шыдамсыз топтың алдыңғы қатарына шығуға тырыспаңыз, дөңгелек астына түсіп қалуыңыз мүмкін;
  • егер рейсті автобус үлкен уақыт аралығында жүретін болса, аялдамада ұзақ тұрып қалмас үшін, автобустың жүру кестесін жаттап алыңыз;
  • қозғалыс кезінде ұйықтамаңыз, ұйықтап қалып, түсетін аялдамаңыздан өтіп кетуіңіз немесе автобус кенет тежелгенде, маневр жасағанда жарақат алып қалу қаупі туады;
  • өз дүниелеріңізге қарап отырыңыз. Еденде сөмке немесе чемоданыңыз тұрса, терезеден далаға қарағыштай бермеңіз. Ең дұрысы заттарыңызды алдыңызға алып отырыңыз. Ал егер тұрып тұрған болсаңыз, сөмкеңізді қабырғаға сүйеп тұрыңыз. Қоғамдық транспортта қалта ұрлықшылары емін-еркін жүретінін естен шығармаңыз;
  • егер мүмкіндігіңіз болса, жол билеттерін қолданыңыз;
  • бос автобус, троллейбустар, метроларға мінбеңіз. Ал егер бәрібір автобуспен кеш жүру керек болса, жүргізушіге жақын орынға отырыңыз.

 

Салонда өрт шықса не істеу керек.

Біріншіден, өрт туралы жүргізушіге хабар беріңіз. Екіншіден авариялық нүкте арқылы ашылатын есікті ашыңыз. Есікті аша алмадыңыз делік. Салонның іші түтінге тола бастаса, жанындағы терезені сындырыңыз (тұтқадан мықтап ұстап, екі аяқпен терезенің бұрышын ұру). Немесе оларды авариялық шығу нұсқаулары (инструкциясы) бойынша ашыңыз (мысалы, арнайы орнатылған жіп арқылы). Үшіншіден, мүмкін болғанша, салондағы өрт сөндіргішпен өртті сөндіріңіз. Немесе үстіңіздегі сырт киімді жану ошағына жабыңыз.

Кез-келген өрт жағдайындағыдай, қоғамдық транспортта да дүрбелең басталады. Адамдардың үрейін басуға тырысыңыз. Балалар мен мүгедектерге көмектесіңіз. Есік алдында топырламаңыздар. Терезені сындырыңыз. Түтіннен ауыз бен мұрынды орамал, шарф, қолдың жеңімен, күртешенің етегімен қорғаңыз. Мұндай өрт кезінде бірінші қауіп – пластикадан шығатын улы газдар. Кей кезде бұл газдан бір-екі дем алудан-ақ адам есінен танады.

 

Темір жол транспортындағы қауіпсіздік.

Статистика көрсетіп отырғандай, поезбен жүру ұшақпен ұшқанға қарағанда 3 есе, автокөлікпен жүруге қарағанда 10 есе қауіпсіз.

Қауіпсіздік тұрғысынан қарағанда поездағы ең жақсы орындар: орталық вагондарда, авариялық шығу терезесі бар купеде немесе тамбурға жақын орналасқандар, төменгі қабаттардағы, поездың қозғалыс жүрісіне артқарап отыратын орындар жатады.

Поездар соқтығысу барысында бірінші кезекте бас (алдыңғы) вагондар зиян шегеді. Олардың қирауына инерцияның негізгі күші кетеді. Поезд рельстерден ауытқып кеткен жағдайда, орталық вагондар дөңгелектерден ауытқымай тұрып қалады. Ал бұл уақытта артқы вагондар аударылады және жұлынады. Сондықтан да әдетте жұмсақ орынды вагондарды (тек ресторанның орналасуына байланысты ғана емес), поезд орталығына қояды.

Авария кезінде жолаушылардың зақымданбау мүмкіншілігі көбінесе олардың нақты іс-қимылдарына байланысты. Апат немесе шұғыл тежелу жағдайында ең маңыздысы – бекініп қалу, өзіңіздің алға ауысуға немесе жан-жаққа ырғуға қарсы тұра білу. Ол үшін тұтқадан ұстап, аяғыңызбен қабырғаға немесе орындыққа тіреліп қалу керек.

 Авария жылдам болады. Бірінші соққыдан кейін бәрі бітті деп әсте ойламаңыз. Барлығы біткені анық болмайынша босамаңыз. Авариядан кейін бірден уақытты жібермей, өте батыл қимылдау қажет. Мундайда өрт шығу ықтималдығы жоғарылайды. Жағдайды бағдарлай отырып, вагоннан тез арада шығыңыз. Мәселен, вагон рельсте тұрып қалып, бірақ түтіннің иісі шыға бастаса, коридорда басқа басқа жолаушылар топырлап жатса, авариялық шығу терезелерін пайдаланыңыз.

Вагондағы ішетін суы бар кішкентай бактың қасында шамамен мынадай үлгідегі жазу болуы тиіс: "Вагон қосымша авариялық шығу терезелерімен жабдықталған. Олар 3-ші және 6-шы купелерде". Вагонға отырысымен-ақ осы жазуларды оқып, өрт сөндіретін құралдардың қайда орналасқанын біліп, есте сақтау керек. Әрбір авариялық есіктің қасында қысқа инструкция ілінген: "Авария жағдайында тұтқаның пломбасын алдын-ала жыртып, өзіңізге барынша тартыңыз". Терезенің ілгешек тұтқасын өзіңізге қарай бассаңыз, терезе рамасы төмен түсіп, ені 66х102 см болатын ойық ашылады.

Вагоннан өзіңіз отырған купенің терезесін сындыру арқылы да шығуға болады. Алайда оның әйнектері беріктеу, сондықтан қолда бар заттарды пайдаланып терезені сындырыңыз. Әйнекті сындыра отырып, оның сынықтарын абайлаңыз. Үрейленіп шығу кезінде байқамай, ауыр жарақат алып қалуыңыз мүмкін.

Вагоннан шығар кезде өзіңізбен бірге тек құжат, ақша, киім немесе жамығыш қана алып шығу керек.

Вагоннан өрт шыққанда жолаушыларды көршілес вагондарға, теміржолдың жазықтау жағына эвакуациялайды.

Біздегі вагондарды қаптайтын материал – малминит – қиын жанғыш саналады. Алайда ол 2000С температурада уытты газ бөледі. Одан бір-екі демалғасын-ақ өз өміріңіз үшін күресе алмай қаласыз. Поездағы өрт кезінде, әсіресе, әрбір секунд қымбат уақытта және бір жағынан кеңістік шектеулі болғандықтан, ондағы температура да жылдам көтеріледі. Түтін болмай-ақ, бір жұтым қызған ауаны жұтудың өзі өкпені күйдіріп, естен тандырады.

Сыртқа шыққаннан кейін, тез арада құтқару жұмыстарына кірісіңіз. Поезда кәсіптенген, жағдайды басқара алатын адам болса, оған бағынып, өзіңіздің іс-қимылдарыңыз туралы келісіңіз.

Өз қауіпсіздігіңіз жайлы ұмыта көрмеңіз. Көрші жолда қарсы поезд жүріп келе жатуы мүмкін.

Товар поездымен соқтығысқандағы авария кезінде цистерналардан төгілген сұйықтық – бензин немесе қышқыл болуы мүмкін. Сұйық отын төгілсе, қауіпсіз қашықтыққа бару қажет. Өйткені мұндай жағдайда өрт шығады және көлемді жарылыс болуы мүмкін.

Ірі апаттар әдетте сырты жағдайлардың кінәсінен болады. Бірақ кейде экстремальді жағдайлар жолаушылардың өздерінен де бастау алады.

Бірнеше профилактикалық ережелер:

  • поездың қозғалысы кезінде сыртқы есіктерді ашпаңыз;
  • терезеден басыңызды шығармаңыз;
  • жүктеріңізді жоғары жүк қабаттарына мұқият орналастырыңыз;
  • стоп кранға аса қажеттілік тумайынша тиіспеңіз;
  • темекіні тек белгіленген жерде ғана шегіңіз;
  • өзіңізбен бірген жанғыш және жарылғыш заттарды алып жүрмеңіз;
  • вагонның электр желісіне тұрмыстық құралдарды қоспаңыз;
  • жанған резинаның иісі шықса немесе түтін пайда болса, тез арада жолсерікке хабарлаңыз.

 

Объектілердің жұмыс тұрақтылығы негіздері

 

Дүлей зілзалалар, техногендік сипаттағы авариялар мен басқа да төтенше жағдайлар, сонымен қатар қарсыластың соғыс қимылдары ел экономикасына едәуір шығын келтіреді. Жаппай қыратын қару-жарақтың жаңартылған түрлерінің пайда болуы және қазіргі уақыттағы авариялар мен апаттардың жиілеуі шаруашылық жүргізу объектілерінің жұмыс тұрақтылығын жоғарылатуды талап етеді. Шаруашылық объектілерінің неғұрлым аз зақымдалуы (қирауы) және мүмкіндігінше қысқа мерзімде қайта қалпына келтірілуі қажет.

Шаруашылық объектілерінің қызметтерінің тұрақтылығы деп төтенше жағдайлар кезінде өнімді жоспарланған көлемде және номенклатурада (материалды құндылықтарды тікелей өндірмейтін – транспорт, байланыс және басқа да өз қызметтерін міндетіне қарай орындайтындар) шығару, ал авария (зақымдалу) жағдайында өте қысқа мерзімде өндірісті қалпына келтіру қабілеттілігін айтуымызға болады.

Төтенше жағдайлар кезіндегі шаруашылық объектілерінің жұмыс тұрақтылығы келесі факторлармен қамтамасыз етіледі:

  • жұмысшылар мен қызметкерлерді дүлей зілзала, авария мен апат салдарынан, сонымен бірге барлық қару-жарақ түрлерінің әсерінен сенімді қорғау;
  • объектінің инженерлік-техникалық кешенінің апат әсеріне қарсы тұра білу қабілеттілігі;
  • жабдықтау жүйесінің (шикізат, отын, электр энергиясы, газ, су және т.б.) тұрақтылығы;
  • азаматтық қорғаныс пен өндірісті басқарудың қалтқысыздығы;
  • объектіде құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды және зақымдалған (қираған) өндірісті қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге дайын болуы.

[объект зақымдалғанда өндірісті қалпына келтіру азаматтық қорғаныстың тікелей міндетіне кірмейді].

Аталған факторлар шаруашылық объектілерінің жұмыс жүргізу тұрақтылығының негізгі талаптарын да анықтайды. Бұл талаптар азаматтық қорғаныс инженерлік-техникалық іс-шараларын жобалау нормасында белгіленген.

Объектінің жұмыс тұрақтылығын зерттеу ұзақ та, динамиклық процесс. Бұл жұмысты атқару мақсатында объектінің азаматтық қорғаныс штабының жұмысшылары мен инженерлік-техникалық қызмет көрсетуші құрамалары жұмылдырылады. Қажет болған жағдайда ғылыми-зерттеу бөлімі мен жобалау ұйымдары тартылады. Сонымен қатар зерттеу жүргізу жоспары әзірленеді. Мұндай зерттеулердің мақсаты – шаруашылық объектілерінің жұмыс тұрақтылығын бағалау мен оны жоғарылату жолдарын қарастыру.

Объектінің жұмыс тұрақтылығына әсер ететін факторларды есепке алу.

Әрбір объектінің өзіндік ерекшелігі болғанымен, олардың жалпы сипаты басым болады. Жаңартылған түрдегі кәсіпорындар (өнеркәсіптер) кешенін ғимараттар мен құрлыстар, қондырғылар, электр энергиясы мен жабдықтау жүйелері, инженерлік және отын қатынас жолдары, ішкі транспорт тораптары, басқару және байланыс жүйелері, қойма шаруашылықтары, әкімшілік, тұмыстық және шаруашылық ғимараттары мен құрлыстары құрайды. Сондықтан объектілер үшін төтенше жағдайлар кезіндегі жүргізілетін жұмыстарға дайындық ортақ факторлармен сипатталады.

а) Объектінің топографиялық орналасуына талдау жүргізіледі:

  • территориядаға объектіні қоршаған құрлыстардың сипатыҢ
  • территорияда екінші қайтара зақымдау факторларының шығу көздері болып табылатын кәсіпорындардың орналасуы (тоғандар, химиялық өнеркәсіп объектілері және т.б.);
  • жапсарлас аймақтың табиғи жағдайлары;
  • қатынас жолдарының орналасуы және т.б.

Ауданның метеорологиялық жай жапсары:

  • желдің бағыттары, жауын-шашын мөлшері, топытар сипаты және

жер асты суларының орналасу тереңдігі сипатталады.

б) Негізгі және қосалқы ғимараттарға сипаттама беріледі:

  • ғимараттардың әртүрлі ықпалдарға төзімділігін есептеу

үшінолардың құрылымдық ерекшеліктері мен техникалық көрсеткіштері анықталады. Атап айтқанда ғимараттың қабаттылығы, ұзындығы, биіктігі, негізгі қаңқаның түрі, қабырғаның толтырылымдары, шатыры, төбенің итарқасы, ғимараттың өртке төзімділігі және т.б. анықталады;

  • жұмыс орнында бір уақытта болатын жұмысшылар мен  қызметкерлер саны;
  • паналау ғимараттарының болуы.

в) Объекті территориясының ішкі жоспарлануын бағалауда құрлыстардың түрі мен орналасу тығыздығына байланысты түрлі өрттердің шығуы мен таралуы, паналау ғимараттарының кіре берісін және ғимараттар аралығындағы жолдарды үйінділердің басып қалу ықтималдылығы қарастырылады. Тез оталғыш сұйықтықтар немесе күшті әсер ететін улы заттар сақталатын сиымдылықтардың, жарылғыш заттар сақталатын қоймалардың және тағы сол сияқтылардың бар-жоғы анықталады.

г) Технологиялық процестерді зерттеуде өндірістің ерекшеліктері, бейімделу мүмкіншіліктері (соғыс уақытында) немесе өндіріс жұмысының уақытша тоқтап қалу жағдайлары қарастырылады.

Жабдықтардың бірегейлігі мен маңыздылығы, түрлі аппаратуралармен, құралдармен қаныққандығы, жекелеген бөлімшелердің жұмыстарының дербестігі, қауіпті заттарды сақтаудың сенімділігі мен қауіпсіздігі.

д)  Энергиямен жабдықтау жүйесін зерттегенде олардың қандай

сыртқы энергия көздеріне тәуелділігі анықталады. Энергияның ішкі қайнар көздері сипатталады. Энергетикалық тораптары мен тасымал жолдары зерттеледі.

Сумен жабдықтау жүйесін зерттегенде су қоймаларының радияциялық, химиялық және бактериялық залалдан қорғалуына ерекше көңіл бөлінеді. Өрт сөндіру жүйесінің сенімділігі тексеріледі.

Газбен жабдықтау жүйесін зерттегенде газды автоматты түрде өшіру механизмі тексеріледі. Оны сақтау және тасымалдау талаптары сақталады.

е) Бақылау бекеттері мен байланыс тораптарының жағдайы зерттелгенде, әсіресе, хабарлау, құлақтандыру жүйесін қадағалауға ерекше көңіл аударылады.

Объектінің жұмыс тұрақтылығын бағалаудың есебін жүргізгенде зақымдаушы факторлардың ең жоғары, ықтимал шамаларының мәндері, объектінің және оның элементтерінің сипаттамасы негізгі мәлімет болып табылады.

Әдетте, зақымдаушы факторлардың өлшемдері азаматтық қорғаныс бас штабымен беріледі. Егер де мұндай мәлімет берілмесе, онда ең жоғары мәндер есептеу жолымен анықталады. Қираудың (зақымдалудың) ықтимал сипаты мен дәрежесі жер сілкінісінің қарқындылығының (баллмен өлшегенде) дискретті мәндерімен анықталуы мүмкін. Немесе ядролық жарылыстың ауадағы соққы толқынының артық қысымымен (DРф, кПа өлшенеді) анықталады.

 

Объектілердің жұмыс тұрақтылығын жоғарылату.

Тұрақтылықты жоғарылату мақсатындағы іс-шараларды жүргізгенде, олардың техникалық, шаруашылық және экономикалық сәйкестіктері жан-жақты бағаланып орындалады. Іс-шаралардың экономикалық негізгі дәлелділігі бейбіт кездегі шешілетін міндеттерімен ұштасқанда орындалады. Мәселен, қорғану паналарын бейбіт уақытта шаруашылық мақсаттарда пайдалауға болады. Жанатын, улы, агрессивті сұйықтықтар мен газдарды сақтайтын жер асты  сиымдылықтарының құрылысын пайдалануға болады. Жалпы инженерлік шешімдердің қорғану шараларымен қисынды үйлесімділіктеріне әсіресе жаңа құрылыыстарды салуда жақсы жетуге болады. Қолданымдағы объектілердегі жұмыс тұрақтылығын жоғарылату іс-шаралары қайта қалпына келтіру процесінде немесе жөндеу құрылыс жұмыстарын орындауда орнықты жүргізіледі. Объектінің техникалық іс-қағаздарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, олардың көшірмелері дайындалып, қала сыртындағы қауіпсіз аймақта сақталады.

 

Жұмысшылар мен қызметкерлерді қорғау жолдары

Мұндай міндетті шешу үшін:

а) Барлық жұмысшыларға арналған қорғану ғимараттары – бомбадан қорғанатын, тез арада салынатын, радиацияға қарсы, қарапайым қорғану паналарымен қамтамасыз етуге көңіл бөлінеді. Сондықтан барлық ережелерге сай құрлыстардың салынуы және қорғану ғимараттарының қажетті санының жинақталуы керек.

б) Эвакуациялауды және бөліп орналастыруды ұйымдастырудың тиянақты қаралған жоспары әзірленеді.

в) Жеке басты және медициналық қорғау құралдары жинақталады.

г) Радиациялық және химиялық барлау құралдарын, залалдану мен радиоактивті сәулеленуді бақылайтын құралдар жинақталады және сақталады.

 

 

Объектінің ғимараттарының, құрлыстарының, жабдықтарының төзімділігін арттыру.

Мұнда төзімділігі жоғары және жеңіл материалды (алюминий қорытпасы және т.с.с.), қабырғалық толтырымды жеңілдетілген құрылымдар, шыныны қолдану арқылы жарық ойығын үлкейту, пластиктен жасалған және басқа да жеңіл қирайтын материалдар қолданылады. Олар қирағанда ғимарат қаңқасына жарылыстың соққы толқынының қысымы төмендейді, ал олардың сынықтары жабдыққа аз шығын әкеледі. Жеңілдетілген қабат аралық жабындылар және отқа төзімді жеңіл шатыр жабындылары (темірбетонды жабындылардың қирауы құрылғының сынуына әкеледі) қолданған дұрыс. Биік құрылымдар (құбырлар, діңгектер, бағаналар, үлдіріктер) тардылып бекітіледі. Сейсмикаға төзімді бетоннан немесе металдан жасалған белбеклер орнатылады. Аса маңызды ғимараттар тереңдетілген немесе биіктігі төмен етіп салынуы тиіс.

Жабдықтарды, әсіресе оның әлсіз бөліктерін жөндейтін және қалпына келтіретін бөлшектер мен түйіндер қоры жинақталады. Кейбір құрылғы түрлерінің ауып кетпеуі үшін фундаментке анкерлік болттармен бекітіледі. Ауыр жабдықтар төменгі қабаттарда, ал кейбіреулері ғимарат сыртындағы ашық алаңқайдағы бастырма астына орналастырылады. Бастырма қираған жағдайда жабдықтарға зиян келмейді. Аса бағалы және бірегей жабдықтар тереңдетілген жайларда орналастырылып, оларға арнайы дайындалған металл камералар, қаптамалар, шкафтар, жабдықтың астына орнатылатын торлар жасалады.

Төтенше жағдайлар кезіндегі процесстердің тұрақтылығын жетілдіру мақсатында:

  • автоматтандырылған жүйелердің істен шығу жағдайында қолмен басқаруға көшу;
  • өндірісті басқа цехтарға, филиалдарға көшіру;
  • күрделі технологиялық процестерді жеңілдеу процеске ауыстыру;
  • арзан бағалы шикізаттарды, материалдар мен бөлшектерді қолдану;
  • бітпей қалған өнімдерді өзге кәсіпорындарда аяқтап өңдеу;
  • жанғыш, жарылғыш материалдарды және улы заттарды шектеулі түрде қолдану;
  • технологиялық процестерді құлақтандыру дабыл арқылы тоқтату немесе оларды төмендетілген жұмыс тәртібіне көшіру;
  • күтпеген, әлдеқалай апат жағдайында объектінің жұмысын авариясыз тоқтату (қазандықтардың жарылуы, турбиналардың қирауы және т.с.с.);
  • басқа да жолдармен жетеді.

 

Энергиямен жабдықтау жүйесінің тұрақтылығы.

  • бір-бірінен айтарлықтай алыстау қашықтыққа орналасқан (2 радиусты аймақтағы әлсіз қирау мүмкіндігі) қайталама электр энергиясы, газ, су, бу көздерінің төсем салу жолымен бірнеше қатынас жолдары және соңынан олардың сақиналануы жүргізіледі;
  • электрмен және сумен жабдықтаудың резервті дербес көздері құрылады (жылжымалы электр станциялары және насос агрегаттары) ;
  • электр тасымалдау жүйесін ядролық жарылыстың электромагниттік импульсінен қалқан қою арқылы, қорғанып кіретін құрылғылар қолдану және басқа да тәсілдермен қорғау.

 

Объектіні сумен жабдықтау жүйесінің тұрақтылығы.

  • бірнеше сумен жабдықтау жүйелерін немесе бір-бірінен қауіпсіз қашықтыққа алшақтатылған тәуелсіз су көздерін пайдалану;
  • қорғалған су көздері – жер асты сулары, артезиан скважиналары, грунт сулары;
  • зақымдалған ауданды айналып өту бөгеттері мен құрсауланған желілерді құру, су жіберу, суды қысыммен айдайтын мұнараларды айналып өту жолдарын жүргізу;
  • суды техникалық мақсатта қайта пайдалану (бұл судың жалпы пайдаланылуын азайтады) ;
  • су көздеріндегі су қоймаларын радиоактивті және бактериологиялық зиянды заттардан сақтау;
  • өрт сөндіру гидранттарын ғимарат қираған жағдайда басып қалмайтын жерде орнату керек.

 

Газбен жабдықтау жүйесінің тұрақтылығы.

  • сақиналанған жүйелерді және айналып өту желілерін құру, екі немесе одан да көп газ бөлінетін станциялармен жабдықтау;
  • жер астында газбен жабдықтау тораптары мен құбырларын орналастыру;
  • қашықтан басқарылатын автоматтандырылған тоқтатқыш және ауыстырып қосатын құрылғыны орнату.

 

Екінші қайтара зақымдау факторларының пайда болу мүмкіндігін азайту.

  • объекті территориясында жанғыш, жарылғыш және қатты әсер ететін улы заттардың тек қажетті ең аз қорын орналастыру керек. Оларды қорғалған қоймаларда сақтау, артық қорларды қала сыртындағы аймаққа апару, резервуарларды қоршау (сұйықтықтың толық көлемін сақтауға есептелген сиымдылықтың айналасын топырақпен қоршау), жарылыстың зақымдаушылық әсерін бір шектен шығармау, өздігінен ашылатын терезелер мен фрамугалар (терезенің жоғары бөлімі), клапандар, қатты әсер ететін улы заттарды бейтараптайтын автоматты құрылғылар;
  • автоматтандырылған және жүйені өшіретін басқа да құрылғылардың қирауы, екінші қайтара зақымдау факторларының шығуына әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда ядролық жарылыстың жарық сәулесіндегі – гамма-сәулелер немесе электромагниттік импульсі әсер етеді (бұл факторлар объектіге соққы толқынынан бұрын жетеді).

 

Өртке қарсы шаралар.

Жарық сәулесі факторынан қорғану үшін ғимараттың тез өртенгіш элементтерін өрттен қорғайтын күміс түстес (ХЗМ маркалы) бояуымен, перхлорвинильді (ПХВО типтегі), силикатты және басқа да бояулармен сырлау қажет. Олардың сыртын әк қоспасымен (62%-і сөндірілген әк, 32%-і су, 6%-і ас тұзы), суперфосфат қоспасы (65%-і суперфосфат және 35%-і су) немесе 1-1,5 мм етіп құммен сылайды. Терезелерді әк немесе бор тұнбасымен әктейді (350-500 г/мл), терезе жапқыш күнперделерді қолдану.

Территорияны құндылығы аз, шашылып жатқан, тез оталатын заттардан тазалау. Үлкен ғимараттардың ішін өртенбейтін қабырғалармен (брандмауэрлармен) секцияларға бөлу қажет. Өртке төзімді конструкцияларды қолдану. Су резервуарлары бар ғимараттарды алдын-ала қарастыру.

Тез оталғыш заттарды сақтайтын қоймалар объект территориясының шекарасында немесе сыртында тереңдетілген түрдегі бөлек блоктарда орналастырылуы қажет.

Объектіні су басып кетпес үшін құрылыс бөгеттері салынады.

Азаматтық қорғаныс инженерлік-техникалық іс-шараларының нормасына қойылатын кейбір талаптар.

Ел территориясындағы шаруашылық объектілерін неғұрлым ұтымды және оларды мейлінше бір-бірінен алшақ орналастыру қажет. Яғни, өндіріс орындары аз аудандарда өндірісті дамыту, ал керісінше, өндіріс орындары көп орналасқан аудандарда жаңа өнеркәсіптердің салынуын мүмкіндігінше шектеу қажет.

Қарсыластың зақымдау құралдарынан келетін шығынды азайту үшін үлкен қалалардың өсуін шектеу, ал қандай да бір саланың жұмыс тұрақтылығын жоғарылату үшін қосалқы өнеркәсіптердің салынуы жөн. Материалдық құралдардың, шикізаттың және энергия қуатының қорлары құрылып, бөліп орналастырылуы қажет. Ел экономикасының өміршеңдігін арттыруда мұнай және газ құбырларының құрлысының маңызы зор.

Шаруашылық объектілерін орналастыруда азаматтық қорғаныс инженерлік-техникалық іс-шараларының нормалары келесі талаптарды қарастырады:

  • қала тұрғындарының тіршілігін қамтамасыз ететін өнеркәсіптерді қала шекарасына орналастыруға болады;
  • әртүрлі базалар, қоймалар, автопарктер, телефон станциялары, техникалық және іріктегіш станциялары, демалыс үйлері, санаторийлер және т.с.с. қала шетінде немесе ықтимал қирау аймағының сыртында орналастырылуы қажет;
  • магистральды (транзитті) автомобиль және темір жолдар құрлысын қала сыртынан жүргізу қажет. Ішкі жолдар торабы сыртқы жолдар торабымен байланысуы керек;
  • ықтимал су басу аймақтарында тұрғын аудандар, шаруашылық объектілері, қоймалар, базалар және т.б. салуға рұқсат етілмейді.

Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының нормалары бойынша шаруашылық объектілерінің жаңа құрлысын салуда мыналар қарастырылады:

  • жаймашуақ уақыт пен төтенше жағдайлар кезіндегі құрлыстар қызметтерінің үйлесімділігі. Мәселен, бомбадан қорғанатын паналарды бейбіт кезде қойма есебінде пайдалану және т.с.с.;
  • ғимарат түрін таңдағанда жабық резервуарлы түрдегі құрлыстарға көңіл бөлінеді;
  • ғимараттарды салғанда ішіне улағыш, радиоактивті және бактерологиялық заттардың еніп кетпеуі үшін, олардың герметикалануы қарастырылады.

 

Шаруашылық объектілерінің жұмыс тұрақтылығына есептер шығару.

Есеп. Объект аймағында жер сілкінісінің күтілетін қарқындылығы Рихтер шкаласы бойынша – 9 балл.

Объектіде металл қаңқалы өндірістік және әкімшілдік ғимараттар және 25-50 т жүк көтергіш крандар, қыштан салынған қойма ғимараттары, металл және темірбетонды эстакадалардағы құбыр жолдары бар.

Жер сілкінісі кезіндегі объекті элементтерінің қирауының сипатын анықтаңыз.

 

Төзімділікке арналған көмекші кесте

 

Ғимараттар мен құрылымдардың сипаттамасы

Қирау  баллы

әлсіз

орта

күшті

толық

  1.  

Металл қаңқалы және 25-50 т жүк көтергіш краны бар үлкен  өндірістік ғимараттар

7-8

8-9

9-10

 

10-12

  1.  

Қыштан салынған қойма ғимараттары

5-6

6-8

8-9

9-10

  1.  

Металл және темірбетон эстакадалардағы құбыр жолдары

7-8

8-9

9-10

-

 

Шешімі: Объектінің жұмыс тұрақтылығын арнайы зерттеу нәтижесінде ғимараттар мен құбыр жолдарының төзімділік шегі 9 баллдан төмен. Сондықтан олар 9 баллдан асқан сейсмикалық толқын әсеріне төзімсіз. Осыған байланысты өндірістік және әкімшілік ғимараттары мен құбыр жолдары орташа қирайды, ал қыштан соғылған қойма ғимараттары толық қирайды.

Соғыс уақытындағы халық шаруашылығы объектілерінің жұмыс тұрақтылығын жоғарылатуға бағытталған практикалық іс-шаралар, экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарын, объектінің ішкі шаруашылық әрекетшілдігінің жоспарын және қарсыластың шабуылдау қаупі туғанда объектінің азаматтық қорғанысының жоспарын тарату үшін бағдар тізімІ

I. Экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспары бойынша:

  • қарапайм паналау орындары мен радиацияға қарсы паналарды салу;
  • жаңа және қолданымдағы өндіріс ғимараттары мен құрлыстарын жеңіл толтыруға және жеңіл қайта жабуға арналған қаңқалы құрылымдарды, сонымен қатар өртке төзімді құрылымдарды қолдану;
  • өндірістің анағұрлым жауапты бөлімшелерін, энергетикалық құрылымдарды жарым-жартылай немесе толығымен тереңдетілген жайға орналастыру;
  • газ бен сұйық отын сақтайтын қоймаларды, электр құрылымдарының жекелеген цехтарын жер астындағы өндірістерде орналастыру;
  • автоматтандырылған өрт сөндіру жүйелерін құру, өрт қауіпті және күшті әсер ететін улы заттар сақтайтын орындарды бейтараптау;
  • объектілерде нормаланған отын, жинақталған бұйымдар, жабдықтардың қоры мен шикізат резервтерін құру. Жабдықтаудың тәртібі бұзылған жағдайда жұмысты жалғастыра бері мүмкіндігі, бөліп орналастыру мен сенімді сақтауды ұйымдастыру;
  • резервте дербес энергия көздері болуы және оларды ұдайы әзірлікте ұстау;
  • бөліп таратқыш электр тораптарын сақиналау және оларды энергиямен жабдықтаудың бірнеше көздеріне қосу;
  • екінші қайталама инженерлік және энергетикалық қатынас жолдарын енгізу;
  • шаруашылыққа пайдаланылатын су жабдықтау жүйелерін жер асты су көздеріне негіздеу үшін артскважиналарды қолдану;
  • объектілердің техникалық сумен жабдықтау жүйелерін құруда айналымды су жабдықтауды пайдалану;
  • жоғары және орташа қысымдағы негізгі бөліп таратқыш газ құбырларын жер астымен жүргізіп, сақиналау;
  • жер асты бөлімінде газды бөліп таратқыш станцияларды және қоршалған газ құбырларының бекеттерін құру. Газ жабдықтау жүйесі істен шыққын жағдайда, олар газбен қамтамасыз етеді;
  • соққы толқынының қысымына әсер ететін негізгі торап нүктелерінде газбен жабдықтау жүйесін өшіретін құрылғыны орналастыру;
  • мұнай мен газдың еркін шапшуын болдырмайтын тереңдетілген бөлек құрылғыларды скважиналарда орнату;
  • мұнай өнімдерін сақтауға арналған жер асты сақтау қоймасын құру;
  • халық шаруашылығы объектілерінде радиацияға қарсы паналарды құру, оларды жаңартылған байланыс құралдарымен жабдықтау және дербес энергия көздерімен қамтамасыз ету;
  • басқару жүйесіне автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу;
  • жылжымайтын байланыс құралдарының резервін құру.

 

ІІ. Объектілердің ішкі шаруашылық әрекетшілігі жоспары бойынша.

  • қолда бар қорғану ғимараттарын ұдайы пайдалануға дайын әзірлікте ұстау;
  • жеке қорғану құралдарын тікелей таратуға дайын етіп, объектілердің қоймаларында сақтау;
  • тезарада тұрғызылатын паналар мен қарапайым паналардың құрлысын жобалау, оларды жер жағдайына қалыптастыру және құрлыс жүргізетін мердігерлік ұйымдарды анықтау;
  • халық шаруашылығы объектілерінде эвакуациялық іс-шараларды жүргізу үшін эвакуациялық органдарды құру, дайындау және ұдайы әзірлікте ұстау;
  • жұмысшылар мен қызметкерлерді азаматтық қорғаныс дабылымен құлақтандыру үшін дабыл соққыш пен жарықты табло енгізу;
  • күшті әсер ететін улы заттар мен жанғыш сұйықтықтарды авариялық жағдайда құлтын тереңдетілген сиымдылықтармен жабдықтау;
  • күшті әсер ететін улы, жанғыш, жарылғыш заттардың қорларын жер астына тереңдетілген немесе топырақпен қоршалған қоймаларда сақтау және олардың төгілмеуін қадағалау;
  • станокты жабдықтарды қорғайтын құрылғы жасауда материалдар қорын құру;
  • қауіпті өндірістерде авариясыз тоқтатылатын жүйелерді, техникалық құрылғылар мен үзіліссіз технологиялық процесті аппараттарды ендіру;
  • объектінің тәуелсіз жұмыс істеп тұрған бөлігінде электр тораптарының схемасын бөлу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі;
  • электр станцияларында отынның қажетті қорын құру отынның резервті түрлерінің жұмыстары үшін жылу электр станцияларын дайындау;
  • су көздерін және таза су резервуарларын радиоактивті, химиялық және бактериологиялық залалданудан қорғау;
  • өрт сөндіруге арналған техникалық су құбырларын пайдалану. Өрт сөндіру гидранттарын және су баспайтын территориялардағы су құбырларының ысырмаларын орнату;
  • өртке қарсы профилактикалық іс-шаралардыжүргізу;
  • өрт сөндіруге арналған құралдар мен күштерді жүйелі түрде дайындау.

 

ІІІ. Қарсыластың шабуылдау қаупі туғанда объектінің азаматтық қорғаныс жоспары бойынша.

  • басқару органдары мен құралдарын дайындыққа келтіру;
  • тезарада тұрғызылатын паналар мен қарапайым паналау жайларын салу;
  • қолда бар паналар мен радиацияға қарсы паналарды дайындыққа келтіру;
  • бейбіт кезде халық шаруашылығы мақсатында қолданылған паналар 12 сағат ішінде босатылуы тиіс;
  • тыныс алу органдарын қорғайтын қарапайым құралдар дайындалады;
  • өндіріс бөлімшелеріндегі «Әуе дабылы» сигналы бойынша жұмысын тоқтатпайтын кезекші қосымша топтар үшін жеке-дара қорғану паналарын даярлау;
  • қала сыртындағы аймақта жұмысшылар мен қызметкерлерді қорғайтын радиацияға қарсы паналар тұрғызылады;
  • аса құнды және бірегей құрылғылар мен құралдарды орналастыру үшін арнайы қорғаныс құрлыстарын тұрғызады;
  • технологиялық, техникалық және құрлыс құжаттарын сақтайтын сенімді орын дайындау немесе қала сыртындағы аймаққа апару;
  • «Әуе дабылы» сигналы бойынша өндірісті апатсыз тоқтатуды қамтамасыз ететін бірқатар дайындық іс-қимылдарды орындау (агрегаттарды өшіру және өндіріс процесін тоқтатуға дайындық);
  • «Әуе дабылы» сигналы бойынша объектіні жартылай қараңғылау және толық қараңғылауға дайындық шараларын іске асыру;
  • нормативтен жоғары материалдық құралдар, күшті әсер ететін улы, жарылғыш, жеңіл оталғыш заттарды сыртқа шығару. Өрт сөндіру және оқшаулау жұмыстарын сәтті өткізуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық іс-шараларды өткізу;
  • қоршалған конструкциялар қирағанда станокты құрылғыларды зақымданудан қорғау үшін бейімдетілуі қажет;
  • радиацияға қарсы паналау орындарында бақылау бекеттерін орнату;
  • қайта қалпына келтіру жұмыстарына арналған материалдық құралдардың қорын дайындау;

Ведомостволық халық шаруашылығы объектілеріне әдістемелік ұсыныстар дайындалады. Осы орайда салалар түрі максималь ескеріледі. Объектілер негізгі өндірістік бағыттарына қарай топтастырылады.

Нұсқауларда өнеркәсіптің ішкі шаруашылық өміршеңдігі есебінен мақсатқа сай қандай сұрақтар енгізілуі тиіс, оның ішіндегі қайсысы қарсыластың шабуылдау қаупі кезеңінде іске асырылуы керектігі тиянақты түсіндірілуі тиіс. Экономикалық және әлеуметтік даму жоспары бойынша министрліктер мен ведомостволар келісімімен шешілетін міндеттер тізбегі бөлек бөліммен анықталуы қажет. Мүмкіндігінше бұл міндеттердің бірінші және екінші топтары үшін орындалуы 24 сағаттан аспайтын қатаң талап қойылғаны жөн.

Министрліктер мен ведомостволардың тұрақтылығы сұрақтарын қамтумен қоса, халық шаруашылығы объектілерінде кешенді жаттығу өткізу жөнінен әдістемелік сұрақтары қаралған нұсқаулар көшірмесі республикалық азаматтық қорғаныс штабына жіберіледі. Бұл нұсқаулардың орындалуын бақылау үшін одан кейін облыстық азаматтық қорғаныс штабына жолданады.

Соғыс уақытындағы халық шаруашылығы объектілерінің штабтарының жұмысын жоғарылатуға бағдар беретін практикалық іс-шаралар тізбегі өндірістік объектілерге қолдануға әзірленген.

 

Ядролық энергетика нысаналарындағы авария кезінде радиациялық жағдай бағалауын өткізу

 

Радиобелсенділік жаңа құбылыс деп кейбір адамдар осылай түсінеді: олар осы үғымды АЭС-лар құрылуымен және ядролық қарудың пайда болуымен байланыстырады. Алайда, радиобелсенділік, сондай-ақ осы құбылысқа серіктес болатын иондаушы сәулелену бұрыннан, жер бетінде әлі өмірдің өзі туындамаған кезде де болғанды. Ал радиацияны құбылыс ретінде адамзат осыдан көп болса жүз жыл бұрын ашты.

І89б ж. француз ғалымы Анри Беккерель үстел бетінде жатқан бірнеше фотоқағаз үстіне бір минерал қойған, ал оның құрамында уран элементі бар еді; қағаздарды айқындағанда ол минералдың таңбасын көрді. Сәл кейінірек бұл құбылыс жас химик-ғалым Мария Кюри-Склодовскаяны қызықтырды, ол «радиобелсенділік» сөзді бірінші боп атап өтті. Ал неміс физигі Вильгельм Рентген І895 жылы белгілі сәулелерді ашты; олар ғалымның атымен "рентген" сәулелері деп аталып кетті.

Ғалымдардың көпшілігі материяның құпясын ашу үшін ғажайып жұмбақты табуға күш салысты. Өкінішке орай, жүмыстардың нәтижесі АҚШ-де және КСРО-да атом бомбаларының пайда болуына әкелді (І945-І947 ж.ж.). Тек 1954 жылы КРСО-да атом электростанциясы тұрғызылған. Үш жыл өткен соң атомдық энергетикалық қондырғысы бар мұзжарғыш "Ленин" кемесі дүние жүзінде бірінші болып су бетіне түсірілді. Бүгінде ядролық қондырғылары бар көптеген нысаналар бүкіл жерде іске қосылып тұр. Олар электр және жылу энергиясын өндіруде, кемелерді және сүңгір қайықтарды жылжытуда, ғылыми мақсатында жұмыс істеуде.

 

 

Ядролық энергетиканың даму тарихы жарты ғасырға жетпей жатып-ақ АЭС-ларында үш ірі авария орын алып өтті, салдары ауыр болды. Біріншісі - І957 ж., екіншісі - І979 ж., үшіншісі-І986 ж. Ал, барлық, түрлі дәрежедегі күрделілігі мен қауіптілігін ескерсе, авариялар мен оқиғалардың саны 150-ден асты; олар 14 мемлекет территориясында болды.

1957 жылы қазан айының 8 күнінде Уинскейлде (Ұлы Британия) АЭС-ның реакторларының бірінде сақтандыру жүмыстары кезінде өрт шығып жылу бөлетін элементтері зақым алды. Содан бері реактор түбінде күні бүгінге дейін І700 т ядролық отын жатыр. Атмосфераға радионуклидтер ытқып шықты, құралған бұлттың бір бөлігі Норвегияға, әл екіншісі Венаға қарай жылжып отырды. Атом энергетикасында болған бұл авария тұрғындарға әсер еткендердің біріншісі болды. Оқиғаның болған салдары құпия түрінде жасырылып ұсталды. Тек 30 жыл өткенде ғана кейбір деректер жарияланды.

1979 жылы наурыз айының 28 күнінде «Три Майл Айленд» АЭС-ның (Гаррисберг, АҚШ) екінші блогі аварияга үшырады, қоршаған ортаға радиобелсенді заттар шашылды. Ыдырауыш материалдың 100 тоннасы шектелген аймақтың сыртына жайылды; атмосфера ластанды.

Чернобыль апаты (1986 ж, 26 сәуір) ғасыр оқиғасы болып саналады; оның әсерін Ресейде, Украинада, Белорусияда, сондай-ақ басқа да мемлекеттерде көрді. 1990 жылғы КСРО жоғары кеңесінің Қаулысының өзінде былай деп айтылған: "Чернобыль АЭС-ндағы авария, оның салдарының бәрін қосып санағанда заманымыздың ең ірі апаты болды, бүкіл халық ауыртпалығы; ол кең аумаққа ораласқан миллиондаған адамдардың тағдырына тиіп өтті". Зарарланған территорияда (11 облыс) 17 млн. адам, соның ішінде 5 жасқа дейінгі балалар тұратын. Тағы халық шаруашылығынан егін алқаптары, жем-шөш өрістері тыс қалғанын, бірталай кәсіпорындар тоқтағанын үмытпау керек. Чернобыль айналасындағы 30 километрлік зонадан ел көшірілді. Шын мәнінде бұл кеңістік қаңырап қалды. Адамдар бір жағынан радиациялық пәленің әсерін сезді, екіншіден үй-жайын тастауға мәжбүр болғанынан зардап тартты. Аварияны жою мақсатында қатысқан адамдардың саны бірнеше жүз мыңдай болса, едәуір үлесіндегілер үшін бұл қатпау оңайға тимеді.

Жергілікті радиобелсенді ластануы екі жағдайда орын алады: ядролық оқ-дәрі жарылғанда немесе ядролық қондырғылар авариясы кезінде. Ядролық жарылыста жартылай ыдырау кезеңі қысқа радионуклидтер басымырақ келеді. Сондықтан радиобелсенді бұлттың ізінде радиация деңгейі тез арада төмендей береді. АЭС авариясына тән келетіні, біріншіден, жер мен атмосфера жеңіл ұшқыш радионуклидтермен (иод, цезий, стронций) ластанады, ал екіншіден, цезий мен стронцийдің жартылай ыдырау кезеңі ұзақ - 30 жыл. Сондықтан, радиация деңгейінің күрт төмендеуі байқалмайды.

 

АЭС авариясынан (қирауынан) пайда болған радиациялық жағдайды бағалау.

Радиациялық жағдай жергілікті радиациялық ластану салдарының жиынтығы, оның шаруашылық объектілері жұмысына, АҚ күштеріне және халыққа тигізетін әсері деп түсінеді. Радиациялық жағдай көлемділігімен (зонаның мөлшері) және ластану мінездемесімен (радиация деңгейі) сипатталады. Осы екі параметр радиациялық зарарланудың адамдарға қауіптілік дәрежесінің негізгі көрсеткіштері болып табылады.

 

 

 

Радиациялық жағдайды бағалау әрекеті келесі жұмыстарды қамтиды:

- радиациялық зарарланудың көлемділігі мен радиация мінездемесін анықтау;

- олардің объектілерге, АҚ күштеріне және халыққа тигізетін әсеріне талдау жасау;

- адамдарға радиациянық зақым келтірмеуге бағытталған әрекеттердің ең тиімді жолын таңдап алу.

Радиациялық бағалау, болжау және барлау мәліметтеріне сүйену тәсілдерімен өткізіледі.

Ластанған жерде радиация деңгейінің өзгеруі, жалпы алғанда,

 

Рt = Р0(t/t0)-n                                                                           (1)

тәуелділігіне бағынады;

Осында, Р0 - авария немесе жарылыстан «t0» уақыт сәтінде тіркелген радиация деңгейі;

Рt - авариядан (жарылыстан) кейін, қарастырылып отырған уақыт сәтінде өлшеген радиация деңгейі;

n - дәреженің көрсеткіші, радионуклидтердің құрамына байланысты болып, радиацияның уақыт өте төмендеуін сипаттайды. (Ядролық жарылыс n=І, 2 мөлшерімен сипатталады).

АЭС авариясына қатысты радиация төмендеуі, оның изотоптық құрамы басқа болғандықтан, радиациялық барлау мәліметтеріне қарай анықталады. ЧАЭС авариясына қатысты «n» мағынасын, шамалап, авариядан кейін жарияланған мәліметтерге сүйеніп анықтауға болады.

Сондай-ақ, (1) формуладан:

 

                                                           (2)

қатынасты шығарамыз;

Осында: Р12 - радиация деңгейдің бірінші өлшемдегі мағынасының екінші өлшемдегісіне қатынасы;

t1/t2 - авариядан кейін жасалған өлшемдердің уақыттар қатынасы.

Мәліметтерден шығарылған n мөлшері n » 0,4.

Басқаша айтқанда уақыт 7-есе ұлғайғанда радиация деңгейі 2-есе төмендейді (ядролық жарылыста ол 1О-есе төмендейді).

Сонымен, АЭС авариясынан туындаған радиациялық жағдайды бағалауда:

Pt=P0(t/t0)-0,4                                                        (3)

 

деп қабылдауға болада; ондай болса t1 ден t2 дейін уақыт арасында сәуле шарпу мөлшері (дозасы):

;

құрайды; ал радиацияны әлсірету коэффициентін есепке алсақ:

.                                                       (4)

Бұл жолы барлау мәліметтерге қарап радиация жағдайын бағалау әдісі ядролық жарылыс жағдайындағы сияқты, бірақ АЭС авариясында радиацияның төмендеу заңын көрсететін кестелер пайдаланады (1 және 2 кестелерді қараңыз).

 

1 кесте - АЭС авариясынан кейінгі “t” уақытына радиация деңгейін келтіру  коэффициенттері Kt=t-0,4

 

t, сағ

Kt

t, сағ

Kt

t, сағ

Kt

t, сағ

Kt

0,5

1,32

4,5

0,545

8,5

0,427

І6

0,33

1

1

5

0, 525

9

0,417

20

0, 303

1,5

0 ,85

5,5

0,508

9,5

0,408

1тәулік

0,282

2

0,76

6

0,49

10

0,4

2 тәулік

0,213

2,5

0,7

6,5

0,474

10,5

0,39

З тәулік

0,182

3

0,645

7

0,465

11

0,385

4 тәулік

0,162

3,5

0,61

7,5

0,447

11,5

0,377

5 тәулік

0,146

4

0,575

8

0,434

12

0,37

6 тәулік

0,137

 

2 кесте - АЭС авариясынан соң радиациямен ластанған аймақта адамдардың  шектелген болу ұзақтығы

 

Авария сәтінен бастап сәулеленудің басталуына дейін өткен уақыт; tH, сағ

 
 

1

2

3

4

6

8

12

24

 

0,2

7,3

8,35

10,0

11,30

12,30

14,0

16,0

21,0

 

0,3

4,50

5,35

6,30

7,10

8,00

9,00

10,30

13,30

 

0,4

3,30

4,00

4,35

5,10

5,50

6,30

7,30

10,00

 

0,5

2,45

3,05

3,35

4,05

4,30

5,00

6,00

7,50

 

0,6

2,15

2,35

3,00

3,20

3,45

4,10

4,50

6,25

 

0,7

1,50

2,10

2,30

2,40

3,10

3,30

4,00

5,25

 

0,8

1,35

1,50

2 ,10

2,25

2,45

3,00

3,30

4,50

 

0,9

1,25

1,35

1,55

2,05

2,25

2,40

3,05

4,00

 

1,0

1,15

1,30

1,40

1,55

2,10

2,20

2,45

3,40

 

 

АЭС аваридсынан түзілген радиациялық жағдайды бағалауға арналған есеп шығару әдістемесін қарастырып көрелік.

1 есеп.

АҚ жасағына Т=6 сағат жұмыс істеуге тура келіп отыр (радиациялық ластанған жерде, КӘЛС=1). Жасақ құрамасы зонаға авариядан кейін tH= 4 сағат өткенде кіреді, бұл сәтте радиация деңгейі РН=5 рад/сағ. Адамдар қабылдайтын сәулелену дозасын анықтау керек.

Шешімі:

Қабылдаған дозаны (4) формула арқылы табады. Ол үшін алдын ала “tK” және “РK” табамыз:

 

tK=tВ+Т=4+6=10 сағат.

 

Р1ННКК – қатынасы арқылы

 

 рад/сағат

анықталады. К10 мен К4 мағыналарын 1 кестеден аламыз.

Сонда: Д = 1,7×(3,5×10 - 5×4 )=25,5 рад.

 

2 есеп.

 

Радиациялық ластанған жерде, оған кірер алдында (tН=2 сағ. авариядан кейін) радиация деңгейі Р2=3 рад/ сағ. Берілген доза ДБЕР=10 рад., КӘЛС=1. Адамдардың болуы шектелген ұзақтылығын анықтау керек.

Шешімі:

1) 

қатынасын таптық. К2 мағынасы 1 кестеден табылды (авариядан tН=2 сағ, өткенде К2=0,76).

2) кестеден “а” = 0,4 және tH= 2 сағ. қиылысынан Т=4 сағ, жұмыс ұзақтығын табамыз.

 

ПайдаланылҒан әдебиеттер тізімі

 

1.  Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының конституциясы; Азаматтық қорғаныс туралы;

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы;

Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы;

Өрт қауіпсіздігі туралы;

Қазақстан Республикасының үлттық қауіпсіздігі туралы;

Авариялық - қүтқару қызметі жэне қүтқарушылардың мәртебісі туралы;

Атом энергиясын пайдалану туралы;

Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы;

Еңбекті қорғау және оның қауіпсіздігі.

2.  Арустамов Э.А. и др.  Безопасность жизнедеятельности, часть 1 и 2. - Москва, 1998,1999г.г.

3.  Әлібеков Е.К. Азаматтық қорғаныс - бүкіл халықтық іс. -Алматы, 1986.

4.  Алтунин  А.Т.  Азаматтық  қорғаныс жасақтары  стихиялық апаттарға қарсы күресте, - Алматы, 1981.

5.  Зайцев А.П. Чрезвычайные ситуации. Краткая характеристика и классификация. - Москва, 1997.

6.  Боровский Ю.В. и др. Под ред. Шубина Е.П. Гражданская оборона. - Москва, 1991.

7.  Суровцев А.А. и др. Сборник материалов для подготовки руководящего состава по вопросам ЧС и ГО. - Алматы, 1999.

8.  Сүрапыл апаттар жөнінде Ескертпе. - Оңтүстік Қазақстан облысының ТЖ жөніндегі, басқармасы. Шымкент, 1996.

9.  Төтенше   жағдайлар   жэне   Азаматтық   қорғаныс   жөніндегі материалдардың ақпараттық - әдістемелік жинағы.  - ҚР-Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі, 1 (15), 2001 ж.

10.Саудабеков К.Е. и др. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни. - Алматы, КазГЮУ, 1999.

11. Атаманюк В.Г. и др. Гражданская оборона. - Москва, 1987.

12. Егоров П.Т. и др. Гражданская оборона. - Москва, 1977.

 ІЗ Зайцев А.П. и др. Гражданская оборона. - Москва, 1982.

Н.Ависов П.Б. и др. Под ред. Бурназяна А.И. Руководство по медицинской службе Гражданской обороны. - Москва, 1983.

15. Сахаров Ю.И. Учебное пособие по патологии и терапии при поражении радиоактивными и отравляющими веществами. - Москва, 1972.

16. Бунин К.В. Инфекционные болезни. - Москва, 1972.

И.Руденко А.П., Косов Ю.Н. Учебно-методическое пособие для проведения занятий по Гражданской обороне с населением, не занятым в сферах производства и обслуживания. - Москва, 1988.

17. Сатаев М.И., Алтынбеков Р.Ф., Мамитова А.Д., Шакиров Б.С., Алтынбеков Ф.Е., Сатаев К.И. Респиратор. Предварительный патент РК N 10411, бюл. N 7 от 16.07.2001

18. Сатаев М.И., Мамитова А.Д., Шакиров Б.С., Алтынбеков Р.Ф., Сатаев К.И., Алтынбеков Ф.Е. Поглотительный фильтр дыхательного аппарата. Предварительный патент РК N 10508, бюл. N 8 от 15.08.200

 

 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-06 16:20:55     Қаралды-12851

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »