UF

Мазмұны

 

 

Аннотация

Нормативтік сілтемелер

Анықтамалар

Белгілер мен қысқартулар

Кіріспе

1  Негізгі бөлім.............................................................................................................9

1.1 Интравагинальды  ұма жарықтары ..............................................................................9

1.2 Жарықтар ..............................................................................................................9

1.3  Кіндік жарықтары..............................................................................................10

1.4 Ұмалық    жарыққа   операция    жасау.............................................................11

2  Өзіндік зерттеулер.................................................................................................15

2.1  Proanamnesis........................................................................................................15

2.2  Anamnesis vitae..................... ..............................................................................15

2.3   Anamnesis morbi.................................................................................................15

2.4  Status prоesens communis universale..................................................................16

2.5   Status prоesens localis.........................................................................................19

2.6  Diagnosis............................................................................................................19

2.7  Decursis  morbi et therapia...................................................................................19

2.8  Еріkrisis.............................................................................................................24

3  Техника қауіпсіздігі...............................................................................................25

Қорытынды.................................................................................................................26

Пайданылған әдебиеттер тізімі................................................................................27

Қосымша суреттер.....................................................................................................28

1) Сурет.......................................................................................................................28

2) Сурет.......................................................................................................................29

 

Анықтама

 

Интравагинальдық      (жалған     ұма    жарығы) - жарық     ең     жиі      түрі – ішкі      ағзалардың       қынаптың     каналға     және      жалпы     қынап     қуысына     енуі.

Эластикалық   қысылу — сақина    мен    осыған   көршілес жатқан   сірлі   қабықшаның,   ұлпаларының    тартылуынан болады. 

Проляпспус    деген    ұғым — сірлі қабық созылып     ғана     қоймай,     басқа      қабықтарда    бүлініп, iшкi    мүшелер   тepiгe   дейін шығуы.

Эвестрация - тері  жарылып, мүшелер сыртқа шықса деп атайды.                                     

 Ұмалық    жарық     деп   - ішкі     ағзалардың     құрсақ    аумағынан    шаптық     канал     қуыстарына    шектеуін    атайды.    

 

 

Кіріспе

Мемлекетіміздің мал шаруашылығын, оның ішінде - мал, құс және басқа жануарлардан өнім алуды дамыта отырып, елімізде қажетті азық-түлік, өндіріске керекті шикізаттар алу үшін жануарларды тиімді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Сондықтан да жедел ветеринарлық жәрдемнің тез көрсетілуінің, мамандардың қажетті жабдықтармен және ауру мал мен жануардың организміне әсер ететін дәрілермен қамтамасыз етілуінің маңызы зор. Алғашқы жедел ветеринарлық көмек басқа да ветеринария жұмыстармен қоса мал дәрігерлік емдеу ісінің негізін қалайды. Алғашқы ветеринарлық жедел жәрдем мал тұрған жерде көрсетіледі; ветеринарлық мекемеге әкелінген мал мен жануарларға күрделі оперативтік ем қажет болған кезде емдеу мекемесінде стационар жағдайында жәрдем жасалады. Мал мен жануар ауырып, жалпы жағдайы төмендегенде оларға жедел де, сапалы да, әрі тиімді кемек, көбінесе үлкен қалаларда көрсетіледі. Мұндай қалаларда арнаулы авто-көліктерде жабдықталған ветеринарлық жәрдем керсетілетін ветстанциялар бар, ол мал дәрігерлерін, орта және кіші буындағы ветфельшерлерді (веттехниктерді) ауырған малға тез жеткізеді.

Кіндік  жарығы – көбінесе     көп   төлді     малдарда    болады, олар    торайда,     кейде    бұзауда,     құлында     да       кездеседі.

Төлдерде жарық сақинасы болуы кіндік саңылауы туғаннан кейін кеңінен пайда болады. Құрсақтық жұқарған сірлі кабығы тусіндінің қабықшасы болса, ал түсіндісі iш май немесе шарбы. Егерде сақинаның диаметрі үлкен болса шекте түснді болады. Экономикалық шығын шошқа шаруашылықтарында айтарлықтай дамыған. Ауырған торайлар 2-3 ай ішінде өзінің қатарластарына қарағанда салмағы 10 кг аз болады, операция жасауға көп шығын жұмсалады, қысылған жарықтарда, өлімде болады.

Операцияны бастағанда шаптан тepiнi кесемізқабықты ажыратамыз, ал оның қуысында ең ен бауы, шарбы, шек бар. Бұл жерде сақинаны бітегенде биологиялық тампонада әдісін қолданған тиімді.

Cipлі қабықтың iшiндeгілepiн құрсақ қуысына салып, ен мен ен бауын кесіп тастаймыз да, сақинаның   ішіне ен бауының   тұқылын қосып тiгiп тастаймыз. Торайға операция жасағанда басын төмен, арт жағын жоғары көтеріп байлап бекемдейміз. Ұманың    жүйкеленуі    және    қан   мен    қамтамасыз    етуі.    Ұма    және   ұма    көтергіш     сыртқы    еннің    және    жыныс   тамырлардың    бұтақтары     арқылы    қан   мен   жабдықталады.    Ұма    және    жалпы    қынаптық   қабық     сыртқы    тұқымдық,    құрсақшаптық    және     мықын     құрсақтық     жүйке    бұтақтарымен,     ал    ұманың     арты     өлімі   шапаралық    жүйкесімен    жабдықталады. Ұманың    тамырларынан    қан   кетуі     айғырларда    жиірек   кездеседі,    ұманың     ішкі    беттерінен    қан    жиі    тамшылап    тұрады.   

 

1 Негізгі бөлім

1.1 Интравагинальды  ұма жарықтары

 

Ұма аумағындағы жарықтардың жіктелуі төмендегідей: құрсақ қуысы; Сірлі қабық;

а) қынап түтікшесі;

б) қынап қабығы жарығы;

в) шап түтігінің жарығы;

г) ен қабығының, жарығы

Ен жарықтарының басты белгілері ұманың бip жағы ғана үлкейеді, ұстап қарасақ ішектің перистальтикасы білінеді Шап түтікшесінің сақинасынан итеруге (ішіне салуға) болады. Торайда шап қабығының немесе ен қабығының жарығың тек операцияда толыктай бiлeмiз.

Қабанның   интравагиналдық    жарығына   операция жасау кеcтeci.

Құлынға операция жасалмайды, жас кезінде наркозбен түсіндіні iшiнe қайта салсақ сақина құлын өскен сайын өзi кiшipeйiп бітеледі. Бұзау мен торай жарықтарының операция техникасы бірдей. Операцияның ең басты мақсаты еннің түсіндісін   құрсақ. Қуысына салып, жыртылған сірлі қабықты бітеп тігу [1].

Операцияны бастағанда шаптан тepiнi кесемізқабықты ажыратамыз, ал оның қуысында ең ен бауы, шарбы, шек бар. Бұл жерде сақинаны бітегенде биологиялық тампонада әдісін қолданған тиімді.

Cipлі қабықтың iшiндeгілepiн құрсақ қуысына салып, ен мен ен бауын кесіп тастаймыз да, сақинаның   ішіне ен бауының   тұқылын қосып тiгiп тастаймыз. Торайға операция жасағанда басын төмен, арт жағын жоғары көтеріп байлап бекемдейміз.

 

1.2 Жарықтар

 

Құрсақ   қуысынын    мүшелерінің    сірлі   қабықты   соза,   көк еттің   жыртылуы.

Жарық   төмендегіден   тұрады:   сақинасы,   қабы,    түсіндісі

Ceбeбi:  туғаннан    жарық, саңылауының   кең  болуы  және туғаннан     кейінгі  жарақаттану.

Атап   айтқанда   құрсақ    қуысын   тұяғымен    тепсе, мүйізімен   сүзгенде.   Кейбір  операцияларда   тігілген  ұлпалар дұрыс жазылып бітелсе де жарық, пайда болады. Ал осы патологияның   дамуына   себепші    болатын     жағдайларға: азықта    витаминдер,   микро-макроэлементтері   жетіспесе, малдың  тұрған   жеріне   күннің     көзі    түспесе,   моцион   аз болса.   Аталған патологияның  түсіндісіне  байланысты   да жіктеледі:

  • Ішке    салынатын;
  • Ішке    салыбайтын.

Ішке салынбайтын жарықтардың өзi eкiгe бөлінеді. Эластикалық   қысылу — сақина    мен    осыған   көршілес жатқан   сірлі   қабықшаның,   ұлпаларының    тартылуынан болады.   Сақина   өзінен      шығып     тұрған      iшекті    не болмаса   басқа   мүшені    айналдыра       қысып      тастайды,    содан    соң      рефлекторлы     қысым    болып одан әpi қысылады [7].

Химуспен   қысылу   түскен   шектің   екі   иіндісі   болады, ішке   түсетін және шығатын, түсетін иінді химусқа толып шығатьн   иіндіні   толтырғанда,     химус тез шыға   алмай   екі иіндіде   қысылу     болады,   бұған   рефлекторлы   спазм қосылады. Бұнымен  қоймай    химуспен   қысылғанда түскен мүшелердің ұлпаларының кан және лимфа ағуы қиындайды,   қысылған  бөлім   көк   түске     айналады   10-12 сағаттан соң өлі еттену     басталып   ішекте   ipiңдi     өзектер      пайда  болады.    Проляпспус    деген    ұғым — сірлі қабық созылып     ғана     қоймай,     басқа      қабықтарда    бүлініп, iшкi    мүшелер   тepiгe   дейін шығады. Ал егерде тері  жарылып, мүшелер сыртқа шықса оны — эвестрация деп атайды.

 

1.3 Кіндік жарықтары

 

Кіндік  жарығы – көбінесе     көп   төлді     малдарда    болады, олар    торайда,     кейде    бұзауда,     құлында     да       кездеседі.

Төлдерде жарық сақинасы болуы кіндік саңылауы туғаннан кейін кеңінен пайда болады. Құрсақтық жұқарған сірлі кабығы тусіндінің қабықшасы болса, ал түсіндісі iш май немесе шарбы. Егерде сақинаның диаметрі үлкен болса шекте түснді болады. Экономикалық шығын шошқа шаруашылықтарында айтарлықтай дамыған. Ауырған торайлар 2-3 ай ішінде өзінің қатарластарына қарағанда салмағы 10 кг аз болады, операция жасауға көп шығын жұмсалады, қысылған жарықтарда, өлімде болады.

Ceбeбi:   төлдер     іште     жатқанда    кіндік    саңылауының   қан тамырлары    дұрыс    дамымай,    аталған     саңылау      әлсіз және кең болып   жаратылып,   туған   соң     мүшелердің салмағын     кетере     алмай     әрлі    қабық     созылып    кетеді және    бұл     тұқым      қуады

Енді   туғаннан    кейін    құрсақта    қысым    көбейсе      (Іші жүрсе)    азықтың  бұзылып,    авитаминоз   болып    және   мал төлдегенде  қиындық болуынан. Жануарлардың төлдері (әсіресе,   шошқа,    итте)  жатқан    жерлері    төмен   болып, олар емуге ұмтылғанда, кейбіреулері емшекке таласып шалқасынан   құлайды.    Бұзауды    құрсақ    қуысында    қысым көбейіп,   сірлі    қабық   созылып    кіндік    саңылауын    кеңітеді.

Клиникасы: өзіне тән анатомиялық   орналасуына    байланысты, сақинасы   бар қозғалмалы ісікті табамыз, жергілікті қызу, ауырсыну байқалмайды. Кейде кіндік   жарығының    аумағы   айналып   кететін   де   жағдай    болады,   онда пункция жасаймыз.  

Дифференциалды   балау:    абцесстен, қанды ісіктен лимфа    экстрвазаттан,  залалды   ісіктен    ажырата    білуіміз  керек.

Оперативтік ем консервативтікке қарағанда оң нәтиже береді.

Консервативтік емде жарық сақинасының айналасьндағы  ұлпаларға 70% спирт инъекцияланады.

Оперативтік ем:

Кіндік    жарықтарын      операциялау     әдістері.

Малды опсрацияға дайыңдау үшін 12 сағат аш диета және ихтиол, тимпонол береді (іш еппес үшін) операцияға керекті құрал-сайман, дәке, дәрі-дәрмектерді дайындаймыз және операия жоспарын жасаймыз [11].

Малға жалпы наркоз (аминазин 0,3 мл -1 кг салмаққа) беріп, жығып фиксация жасаймыз, хирургиялық алаңды дайындаймыз, өндейміз. Жергілікті жансыздандыру (новокаин 0,25-0,5%) жасалады. теріні кесеміз. түсіндінің қабын жалаңаштаймыз. бұдан кейінгі операциялық кезеңнін жеті түрлі әдістері белгілі, соның ішінен тиімдісін аламыз.

 

 1.4 Ұмалық    жарыққа   операция    жасау

                                     

 Ішкі     ағзалардың     құрсақ    аумағынан    шаптық     канал     қуыстарына    шектеуін     шап – ұмалық    жарық     деп   атайды.     Мына      жарық     ең     жиі      түрі – ішкі      ағзалардың       қынаптың     каналға     және      жалпы     қынап     қуысына     енуі.   Мына     оқиғада   жарықты    интравагинальдық      (жалған     ұма    жарығы) – hernia    intravaginalis     деп    атайды.      Шарбының     немесе     ішек     ілмектердің     қабырғалық     іш    пердемен    бірге     ұма    және    жалпы    қынаптық     қабықтың      аралығына    енуін    қынаптан      тыс   жарық – hernia  extra – vaginalis,   s.    Scrotalis     vera    (нағыз    ұма     жарығы)     деп   атайды.   Ең    көбірек   жарықтың     бірінші    түрі     көп    таралған;    оны   түрі     әдетте   қабандарда     жолығады,     айғырлар     және     басқа    еркек    түрлерді      малда     сирек    кездеседі.

  Анатамо – топографиялық      деректері.     Шаптық    канал    (canalis     inguinalis) – сыртқы    (тері    астындағы)     және    ішкі    (құрсақтық)     екі     шаптық     сақинасы     бар,     құрсақтың     қиғаш     бұлшық    еттерімен      құрастырылған,      құрсақтың      вентральдық     қабырғасындағы    орналасқан     май     құйғыш     тәрізді     саңылау    (айғырда    ұзындығы    10 – 12 см).

  Ең    ұзын    шап     каналы     бұқаларға,      ең   ұзын     шап     сақиналар     айғырларда     болады.      Үй     қояндарына     шаптық     каналы     өте     кең      болады.     Шаптық      канал      ішінде     құрсақ    пердесінің     париенталдық     өсіндісі     төселіп      (көлденең      фасциямен      жабылған)      қынаптық      канал      (canal     vaginalis)    құрастырады.     Ұма     шектерінде    қынаптық    канал     кеңейіп     және      жалпы    қынаптық     қабық     қуысына    (cavum    vfginalis)   кешіп     өтеді.     Қынаптық     каналда,     шаптық     сақиналарға    лайықты    келетін    сыртқы    және     ішкі    қынаптық     сақиналары    болады.     Қынаптық     каналдан     басқа,    шаптық     каналда    сыртқы    Семенниковый     көтергіші,     сыртқы    күре    артериялары      және     күретамырлары,      сыртқы      еркек    безінің      жүйке    бұтақтары    және    лимфа     тамырлары,    айғырларда   кейде    қосымша     шаптықтар     лимфа    түйіндері    орналасады.

      Еркек     безінің    қабы – (saccus    testiculorum)    күйіс    қайтаратындарда        және     жалғыз    тұяқтыларда    сандардың    арасында,      ал      қалған      малда       анусқа     жақын      маңда      орналасады.     Ол    қос     қуыстың – ұмадан,    еркек     бездің     қос     сыртқы    көтергіші    және     қос    жалпы     қынаптық      қабықтан     түзеледі.

     1. Ұманың    терісі     ең    жуан     бұқаларда,     онда     терілік    және     май     бездері     орналасады.     Орта     сызықпен    ұма    тігісі     жүреді.

     2. Бұлшық   ет – серпімді      қабық   (tunica      dartos)    терімен    тығыз     қосылған    оның     мазмұнында     бұлшық   ет      шоқтары    көп     және      арасында    серпімді    талшықтарды    болады.    Ортаңғы     сызықта    қалыңдап     ол      ұманы      екі     қуысқа    бөледі.    Кәрі   қойларда     сол     қабықтың    астында     майлы     клечатка      дамиды.

3. Ұманың   фасциясы    (fascia      subdartoica)   ең    көп    бұқаларда    және     қабандарда     дамыған,     жалпы     қынаптық      қабықпен     болбыр    ал     алдыңғы    қабатпен      берік     байланған.

     4. Жалпы    қынаптық    қабық      (tunica     vaginalis       communis)   іш   пердесінің   париентарлдық     және     көлденең     фасцияның    өсіндісі,   ұманың    әрбір   жартысыныда    төселіп,    жалпы   қынаптық     қабық    қуысын    құрастырады     (cavum      vaginalis),    құрсақ     қынаптық     канал    арқылы    құрсақ   қуысымен    хабарласады.     Қабықтың    латералдық     қабырғада, сыртқы    еркек   безді    көтергіші     (m.   cremaster     ext.)     орналасқан,    ол     бұқада,     айғырда    және    қабанда    жақсы     белгіленеді.    Ол    ішкі    қиғаш    бұлшық   еттің    бір   бұтағы    болып    келеді.

 Еркек     бездің     арнайы    қынаптық    қабығы    (tunica     vaginalis      propria)   еркек    безді,    қосалқаны     және      ен   бауын   жабады.     Ашық    пішу    тәсілде     оны     тіліп     жарады [14].

 Еркек   без    (testis,   didymis,   s.   orchis)    сырттан    қынаптық    арнайы    қабықпен    жабылған.    Арнйы    қынаптық    қабық     белоктық    қабықпен     тығыз     байланысқан.    Еркек    безінің    бас    жағынан    ішке    қарай    тартымдар   кетеді    одан    трабекулалар     тарайды.   Трабекулдар     бездік    элементтер    толтырылған     камераларды     құрады    онда     жыныс    клеткалары   спермилер    және    андрогендік    гормон    тестостерон   өндіріледі.    Еркек    бездің    басы     бұқада   жоғары    айналған,     айғырда    алға,    қабанда    төмен    қарай    орналасқан.   Қосалқы    (epididymis)    күйіс    қайырушыларда    ол    еркек    бездің    каудальдық    жағына,     ал    айғырларда,     қабандарда,     төбеттерде   және    еркек   мысықтарда    дорсолатералдық     беткейде   орналасқан.   Оның   басы,    денесі   және    құйрығы    болады.   Қосалқының   құйрығынан     ұрық   өткізгіш     басталады;    буда     арқылы    қосалқының    құйрығы    еркек    безбен,    ал  қынаптық    будамен – жалпы    қынаптық     қабықпен      қосылады.  Ең    бауы    (funiculus      spermaticus)     сырттан    құрсақтың    висцеральдық     бүрмесімен     жабылған, ол    еркек    бездің    іш    майына     айналып     сол     арқылы     жалпы    қынаптық     қабықпен     қосылады.   

Оның   құрамында:

А)   Ішкі    тұқымдық     артерия   (а.  Spermatica    interna)    ол    құрсақ     аортасынан     бөлініп    шығады.

Б)   Ұрық   өткізгіштің    артериясы    (a.   Deferentis)    кіндік    тамырынан    бөлініп,     ең      бауының    құрамында    ұрық    өткізгішпен    қасында   жүреді.    Сыртқы    ең     артериясы    терең     жамбастық    артериясынан    немесе     құрсақ     артериясының     тармағынан    алыстайды.     Ол     ең   бауының    құрамына    енбейді    тек     сыртқыда     ең       көтергіште      және      ең     қабықтарында     тармақталады.

 В)    Ішкі    ен     көтергіш – (m.   Cremaster    internus)     тегіс    бұлшық  ет     талшықтардан    түзіледі,      олар     ең   бауын   бойлай    жүріп    белоктық    қабықта     жоғалады    (ірі     мүйізді   малда     осы    бұлшық   ет    жоқ   болады);

 Г)   Ішкі     ен    өмірі    (plexus  spermaticus  internus,  s.  hervus  spermaticus  internus)   каудалдық  іш   май  түйінінің   постганглионарлық    талшықтарынан  құрылады;

        Д)   Лимфа    тамырлары   еннен      және    қосалқыдан    басталып     18 – 38     (айғырларда)     дейін   ірі    және    ұсақ   діңдерімен     ен    бауымен      бірге   жүріп   бел    лимфа     түйіндіріне    ағып   құйылады; 

 Е)    Ұрық   өткізгіш    (ductus    deferens,   s.    Ductus    spermaticus)      қосалқының    каналының     жалғасы,    оның    құйрығынан     шығады.      Ол   ен   бауында    медианалық     жақта     орналасады.    Қынаптық     канал   арқылы    құрсақ   қуысқа    кіріп,    қуық    мойынның   артынан     көпіріктік    бездің    ағыспен    қосылып,     әрбір    жақтан    ұрыққұйғыш    ағыс   құрастырады.    Ұрық   өткізгіштің     соңғы    бөлігі     жүзім    түрді      бездері    бар    ампуло   тәрізді   кеңейтуді    құрастырады.    Ен   баудың    тұқымдық    артерия    және    күре     тамыры    орналасқан     көлемі    тамырлы    бөлім    деп     аталадаы,    ал   медиально       жатқан     ұрық   өткізгіш     орналасқан   көлемі     ұрық   өткізгіш    бөлімі    болады.

 Ұманың    жүйкеленуі    және    қан   мен    қамтамасыз    етуі.    Ұма    және   ұма    көтергіш     сыртқы    еннің    және    жыныс   тамырлардың    бұтақтары     арқылы    қан   мен   жабдықталады.    Ұма    және    жалпы    қынаптық   қабық     сыртқы    тұқымдық,    құрсақшаптық    және     мықын     құрсақтық     жүйке    бұтақтарымен,     ал    ұманың     арты     өлімі   шапаралық    жүйкесімен    жабдықталады. Ұманың    тамырларынан    қан   кетуі     айғырларда    жиірек   кездеседі,    ұманың     ішкі    беттерінен    қан    жиі    тамшылап    тұрады.    Егер    қан   кетуі    жақын   арада    операциядан     кейін     жарым    сағат   ішінде    дербес    тыйылмаса,    оны    тоқтатуға   кіріседі.    Малды    бар   болса    станокта    бекітеді.     Көмекшілер     кеуде    аяғын     аздап    жоғары    көтереді,   ал   жамбас    аяғын    станок    бағанасына    белдік   пен     тартып    байлайды.    Ұма    жарасын    арасын    іскекпен    немесе    күршекпен     ашып,    гемостатикалық     іскекпен    қанаған    тамырларды    бұрап    қан   кетуін    тоқтатуға     тырысады.     Егер    қан    аққан     тамырлар     анықталса,      ұма   қуысына    3 – 4   сағатқа   стерилденген     дәке    анжыларын    тығыз     салып,     жара    жақтарын    сол    мезгілде    1 – 2     тігіспен    жақындатып      қан   кетуін     тоқтатады.

      Е м і: шыққан бөлігіне антисептикалық ерітінділермен жуып шайып туалет жасаймыз, қан ағуын тоқтатамыз, жансыз өлі еттенген жерінен кесіп тастаймыз. Алдын-ала себебін жойып малды пішкенде сақ болып, барлық ережені  сақтаған жөн.

 

  1. Өзіндік зерттеу — Ауру тарихы

 

Өзіндік зерттеу жұмысымды М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Агроөнеркәсіп факультетінің «Ветеринарлық медицина және зоотехния» кафедрасына қарасты Ветеринарлық клиникасында бастадым.

Өзімнің курстық жұмысымның тақырыбына сәйкес, интравагинальды  ұма жарығымен  ауырып тұрған шошқаны  емдедім. Жетекшім  Б.К. Ильясов болды.

 

2.1 Proanamnesis

Малдың түрі –шошқа

Малдың жынысы - ұрғашы

Малдың жасы - 4

Малдың тұқымы – шведский

Малдың салмағы - 300

Малдың лақап аты – марқа

Малдың иесі –Орынбаев Ерғали

Мекен - жайы - ОҚО, Кайтпас ауданы , 247 үй, 10 пәтер.

 

2.2  Anamnesis vitae

 

Мал иесінің айтуы бойынша малды өте жақсы қоршалған, малдың күтімі өте жақсы, уақытысында әр түрлі құнарлы, витаминедерге бай азықтармен азықтандырып, табиғи суды беруге пайдаланады екен. Ауруға дейін малдың күйі, жағдайы, күтімі, мал өзін - өзі кеңістікте ұстауы, азыққа тәбеті, жатып тұруы, зәр, нәжісі бөлуі жақсы болған. Мал  бұрын - соңды осы аурудың өтуіндей ауырмағанын айтады. Ауруға дейін белгілері жақсы болған. Малдың  иесінің айтуы бойынша мал ауырғаннан кейін малдың азыққа деген тәбеті төмендеп, мал арықтаған, бойында ауырсыну сезімі барлығын байқатқан, температурасы көтерілген, алдыңғы аяғын сылтып басқан, тік тұрғанда табанын жерге тигізбейді.

Малдың  күндіз серуендегенде, кейіннен кіргізуге айдағанда мал енжарлық танытып, жүрмей тұрып алады. Малдың  мінез -құлқы өзгерген, қабаған, аяғын басарда сылтып басады. Қара малда бұрын бұрын - соңды мұндай белгілер байқалмағанын айтады. Бұл белгілер 1 апта алдын, яғни 10.03. 2011 күніне байқала бастаған. Малда бұрын ауру белгілер байқалмаған, малды дәрігерге көрсетпеген.

 

  2.3 Anamnesis morbi

 

Ауруға шалдыққан мал мазасыздана бастады. Болмашы қозғалысының өзінде ауырсынуы және сықырлау байқалады. Тәбеті болмай, жүре алмай қалды. Өзіне тән анатомиялық   орналасуына    байланысты, сақинасы   бар қозғалмалы ісік байқалып тұр, жергілікті қызу, ауырсыну байқалмайды. Кіндік   жарығының    аумағы   айналып   кеткен.  

2.4 Status proesens  communis universale

Дене температурасы 1° - 38,0°С

Тамыр соғысы – 60-80

Тыныс алуы -10-20

Малдың жалпы жағдайы - күйзеліңкі

Дене бітімі - орташа

Қоңдылығы – орташа

 

1.  Жүрек - қан тамыр жүйесін зерттеу

Жүрек дүрсілінің ең жақсы байқалатын жері: ұсақ малдарда сол жақ шынтақтан 2-3 см жоғары 4-ші қабырға аралығында 5-7 см көлемінде, аумағында. Малда сол жақ иық буынымен жауырын жалғасқан тұсының сызығынан жүргізілген түзудің бойынан 7-8 см төмен, 4-5 см аумағымен 5-ші қабырға аралығында.

Тамыр соғуы: ырғағы орташа, тамырлардың қанға толу дәрежесі жақсы, тамырлар қабырғасының серпімділігі қалыпты, тамыр соғуының күші орташа.

Жүрек тұсын сол жақ 3-4 жақ қабырға арасын тексердім. Жүрек түрткісінің күшін және оның білінетін жерлерін фонендоскоппен тексеруге көштім. Жүрек саздарының дыбыстылығы - көмескі. Жүрек саздарының тазалығы - 1 - ші және 2 - ші саздардың жарықшақтануы орташа, эндокардиальды және перикардиальды шуылдар байқалмайды.

Жүрек шекарасы жоғары және артқы шекарасы өзгеріссіз. Жақсы сақталған.

Сипау арқылы жүрек тұсында көкірек жақтауының дүрсілін сеземіз. Жүрек түрткісі дегеніміз жүрек етінің жиырылуымен сәйкестеніп келетін көкірек жақтауының сыртқа керілуі.

2. Тыныстану жүйесін зерттеу.

Тыныс алу түрінің ырғағы аралас, ендікпесі жоқ. Өкпесін тыңдағанда фонендоскоп қолдандым. Маңдай, жоғары жақ қуыстарын, ауа капшықтарын пальпация және перкуссия жолымен тексергенімде өзгеріссіз.

Тыныс алу қозғалысын зерттеу көкіректі анықтап көруден, көргенде оның сыртқы пішінін, көлемін және көкірек қозғалысын, тыныс алу түрін, санын, жиілігін, ырғағын және тыныс алу қозғалысының біргей, бір мезгілде қозғалуын анықтаудан басталады. Көкіректің көлемін, қозғалысын және сырт пішінін малдың оң жақ, сол жақ қапталынан және артқы жағынан қараумен анықтайды.

Тыныс алу санын көкірек клеткасының бұлшық еттерінің жиырылуына, жылқы танауының желбіреуіне, тынысты сыртқа шығару екпінін санаумен анықтайды. Ауру малдарда тыныс алудың жиілеуі кездеседі және тереңнен жеңіл — жалпы дем алуы кездеседі.

Көмей және кеңірдікті тексергенімде пішіні өзгеріссіз, ауырсыну жоқ, жергілікті қызуы байқалмайды, көмей рефлексі орташа.

Өкпені аускультациялау кезінде - тыныс күшінің шуылдары жоқ, орны және сапасы өзгеріссіз, бөгде шуылдар - сырыл, қытырлау дыбыстары естілмейді, өзгеріссіз.

Өкпені перкуссиялағанымда - перкуссияның дыбыстық сипаты, естілу орны шекарасы өзгеріссіз жақсы сақталған.

Дені сау малдардың мұрнынан су ағуы байқалмайды (немесе азғана сулы, сулы - кілегейлі сұйық байқалады). Мұрын, өкпе, бронх, қосалқы қуыстар қабынғанда және өкпе ісінгенде танаудан жайылмайтын (ұдайы) немесе әлсін - әлсін (араласып) бөлініп отыратын су ағу байқалады, ол сұйық , кілегейлі, кілегейлі - іріңді, іріңді - сасық иісті болып келеді.

Тыныс алу мүшелерін зерттеген кезде тыныс ырғағына көңіл бөледі - бұл демді ішке және сыртқа шығарудың өзара кездесіп алмасып тұруы.

Ұсақ малдарда саусақтар көмегімен нұқу тәсілі қолданылады. Көкіректі нұқу қабырғалар арасымен жоғарыдан төмен қарай соғу арқылы іске асады. Дені сау малдардың өкпе тұсын нұқығанда айқын, созылыңқы, дыңғырлаған дыбыс естіледі, ол өкпенің анық нұқу дыбысы деп аталады. Ал ірі қара малдарда аспаптық нұқу болады. Нұқу кезінде өкпенің шекараларын анықтайды, оны өкпенің ашық нұқу дыбысының сызданған сыбырлы немесе даңғырлаған дыбысқа ауысқандығынан білеміз.Дені сау малдардың көкірегін нұқығанда өкпенің анық нұқу дыбысын естиміз. Ауру малдарда нұқу дыбыстары өзгеріліп естіледі, оларға мына дыбыстар жатады.

Шыңқылдаған (шел, өкпе қабығы, өкпе қабынғанда), сызданған    сыбырлы    (экссудатты    плевритте,    өкпенің    фибринді қабынуы, жылқының плевропневмониясы, ала өкпе).

Даңғырлаған (өкпедегі тесік каверна, бронх түтігінің кеңеюі, кеуде
қуысына ауа толғанда пневмоторакс).

Шіңкілдеген (өкпенің ішіндегі доп тәрізді қуыс пайда болғанда ішкі қабаты тегіс қатты болады).

Түбі тесік қауақ тыңқылындай (өкпеде қуыс пайда болып ол бронхы арқылы жіңішке түтікшемен сыртқы ортамен байланысқанда шығады).

Өкпенің артқы нұқу шекарасы көлденеңінен жүргізілген үш түзу арқылы анықталады; 1.Сербек түзуі; 2.Жамбас сүйегінің төменгі басынан жүргізілген түзуі; 3. Иық буыны түзеді. Ауру малдың өкпесі таза, артық шулар жоқ.

3. Азық қорыту жүйесін зерттеу

Азыққа тәбеті орташа төмендеген, шөлдемейді. Азық пен суды еркін қабылдайды, шайнау сипаты жақсы, жұлыну, кекіру, құсу жоқ.

Ауыз қуысын ашып тексергенімде жоғарғы таңдайдың, жақтың, қызыл шектің, тілдің, еріннің, кілегей қабықтарының жағдайы, ауыздан шыққан иіс, сілекей бөлуі, тістердің жағдайы жақсы сақталған, өзгеріссіз. Өңешті пальпациялау арқылы тексергенімде ауырсынуы жоқ.

Ауыз қуысы мүшелерінің зерттеу кезінде тісі жоқ жерінен қолды енгізіп, тілді сыртқа шығару арқылы немесе ауыз кергішті (зевник) енгізу арқылы аузын ашамыз. Содан соң мыналарға көңіл аудару керек;

1 .Көру арқылы және сипау тәсілдері арқылы шырышты қабықтың күйін білу және зерттеу. Көзбен көру арқылы шырышты қабықтың түсуін, түсін оның өзгерістерін, жара және бөртпелері бар жағын анықтайды. Ауыздың шырышты қабығын сипап оның қызуын, сезімталдығын және құрзақтығын анықтайды.

2.Ауыздан шыққан иісті мал сілекейімен сулаған мақтаны иіскеп анықтайды.       3.Тілді көру арқылы дақтарды және ісікті анықтайды.

4.Тістің күйін қараған кезде, тістің босауын, желінуін, түсуін, және оның өсіп кетуін анықтау керек.

Азық қорыту жүйесін зерттеу иттің азық қабылдау және су ішу қабілетін тексеруден басталады. Мал азықты қалай қабылдайды және суды қалай ішетінін анықтай отыра мынандай құбылыстарға мұқият зер салып қарау қажет;

а) Тәбет және оның бұзылуы;

б) Жұлу және шайнау, оның өзгерісі;

в) Құсу, кекіру және күйіс қайтару және олардың бұзылуы;

Ауыз қуысын, жұтқыншақты, өңешті және құстың жемсауын зерттеу. Ауыз қуысын зерттеудің негізгі тәсілдері көру, сипау және қосымша иіс сезетін мүшелер арқылы шыққан иісті анықтау.(иіскеу). Дұрыстап зерттеу үшін ауыз кергіштер қолданылады. Көзбен көру ауыз қуысының жабылуын және ашылуын, еріндерінің еріксіз қозғалуын, сілекей бөлінуінің және олардың бөтен өзгерістерін анықтаймыз.

4.Жүйке жүйесін зерттеу

Бас сүйекпен омыртқа бағана жотасының жағдайы — пішіні өзгермеген, перкуссиялау кезінде ауырсыну байқалмайды, мінез - құлқы орташа, сезім мүшелері жақсы сақталған, көру сезімі жақсы, лақап атын атағанда оның есту мүшесінің жақсы екенін байқадым, бел омыртқасын сипап көргенімде бойын тік ұстады, иіс сезу мүшесін зерттегенімде және теріні зерттегенімде өзгеріссіз болды.

Малдың бас сүйегінің ми сауыты мен омыртқасын зерттеу. Көру     арқылы     малдың     бас     сүйегінің     ми     сауытының     мынандай ерекшеліктеріне көңіл аударамыз; көлемі мен пішініне, оның мүмкін болатын өзгерулеріне (шеке тұсының ісінуіне, бас сүйегінің соққыдан зақымдануы).

Сипау әдісімен бас сүйегінің ми сауытына жақын түрған терінің ығысуын (ысу - менингит бас миының қабықшасының қабынуы), жұқпалы індетті энцефалит ауруында, эхиноккоз (құрт ауруы), мидың ісінуі кезінде және сүйек ұлпасының жұмсаруын анықтау қажет. Бас сүйегінің ми сауытын нұқу дыбыстың өзгерілуі бар ми санын анықтау қажет. Көру, сипау және нұқу тәсілдерімен омыртқаны зерттеп, одан алынған мәліметтерді арнайы дәптерге жазу керек.

Вегетативтік жүйке тамыр жүйесін зерттеу. Мал дәрігерлік тәжірибеде вегетативтік жүйке тамыр жүйесінің ахуалын анықтау үшін қолданылады. Бұл мақсатта көз - жүрек рефлексі қолданылады, ол үшін ең алдымен малдардың жүрек соғуының 30 секунд уақыт аралығындағы санын анықтайды. Содан соң Шаптала аспабымен немесе қол саусақтарымен көз шарасын 20-30 мм сынап бағанасы шамасындай күшпен босады. Тексерілген ауру малдың жүйке - жүйесі қалыпты жағдайда, ешқандай өзгерістер байқалмайды.

5.  Зәр бөлу жүйесін зерттеу

Несеп бөлу актісі -  жиілігі жоқ, несептің мөлшері орташа, несеп бөлу кезінде ауырсыну байқалмайды.

Бүйрек пен қуықта сипау кезінде көлемі өзгермеген, пішіні сақталған, консистенциясы жақсы, ауырсыну жоқ, қуықты тексеру үшін катетор енгізгенімде бөгде заттың болмағанын анықтадым.

Несептің физикалық қасиетін анықтадым. Несеп тұсы. Шыны цилиндрге зерттеуге арналған несепті құйып, сосын оның түсін күндізгі жарықта анықтадым.

Малдардың түріне қарай несеп түсі - ақшыл - сарыдан, ашық - қоңыр аралығында болады. Несеп тұсінің өзгеруі ондағы басқа заттардың қосылуы салдарынан болады, несеп құрамында қан, гемоглобин, өт пигменттері және басқа да заттардың денедегі ауруды анықтау немесе емдеу мақсатымен жіберілген дәрі - дәрмектің түсіне байланысты.

б) Несеп консистенциясы (сұйықтығы). Несеп сұйықтығын екі шыны ыдыс алып оның біреуіне несеп құйып, содан соң оны жайлап келесі ыдысқа сапыра құю арқылы анықтайды. Барлық малдарда (дара тұяқтылардан басқа) несеп су тәрізді болады. Дара тұлқтыларда несеп кілегейлі болып келеді, құйғанда жіп тәрізді болады да ағады, себебі несеп құрамында муцин сілекейінің болуы.в) Несептің иісін сезім мүшелерімен анықтайды. сиырдың түріне қарай өзіне тән, лайықты несеп иісі болады. Қуық сал болғанда, қабынғанда, уратрадан несеп өтпей қалғанда несеп құрамының бұзылуы байқалады, осы сезде аммиактың иісі пайда болады. Куық ісігінде шіріген иіс, кетозда ацетон иісі кездеседі г) Несептің салыстырмалы тығыздығын анықтау.

Цилиндрге несепті құйып, оған жайлап бөліктерінде 1,0- ден 1,060 санына дейінгі көрсеткіші бар уро метрді батырады. Урометр бір қалыпқа келген соң оның төменгі шкаладағы бөлігіндегі көрсеткішін белгілеп анықтайды. Нефритте, нефроз, склерозда несеп тығыздығының төмендеуі байқалады. Несеп тығыздығының көтерілуі диспепсияда, колибактериозда, паратуберкулезде, құсқа да, шаншуда және дене қызуы көтерілгенде кездеседі. Несептің ракциясын индикаторлы қағаздың көмегімен анықтайды. Ол үшін идикаторды несепке батырып алып, содан соң индикаторды түрлі-түсті ілгілермен (бөліктермен) шкаламен салыстырып анықтайды, ондағы сандармен белгіленген сан бөліктері шкала несептің қандай реакция екенін көрсетеді.

Циститте, қуық қабынғанда, мал құсқаннан соң несеп негізгі сілтілі болып келеді. Қышқылды несеп бүйрек жүмысының жетіспеушілігінде, мал ұзақ ашыққанда және дене қызуы көтерілетін кейбір ауруларда кездеседі.

Ауырған сиырдың несеп бөлу жүйесі қалыпты жағдайда, ешқандай өзгерістер жоқ.

2.5 Status proesens  localis

Өзіне тән анатомиялық   орналасуына    байланысты, сақинасы   бар қозғалмалы ісікті табамыз, жергілікті қызу, ауырсыну байқалмайды. Кейде кіндік   жарығының    аумағы   айналып   кететін   де   жағдай    болады,   онда пункция жасаймыз.  

Дененің кеңістікте -ұсатуы және орналасуы амалсыз енжар қимыл. Тері жабындысының жағдайы - алдыңғы оң аяғының тізесінің тері бүтіндігі бұзылған, аз ғана ісік немесе домбығудың белгісі бар.

Жүннің және тері түгінің жағдайы жатық, түктік беріктігі төмен.

Беткейдегі лимфа түйіндерінің жағдайы : жақ асты, иық алды, көлемі өзгермеген, пішіні қалыпты, конституциясы жұмсақ, ауырсынуы бар, қызуы орташа.

Ең бірінші домбығу білінеді, ауырсыну, функциясының бұзылуы болады. Қызарады, түйін пайда болады. Дене қызуы  көтеріледі.

 

2.6 Diagnosis

 

Анамнез және клиникалық белгілеріне қарап диагноз – өзіне тән анатомиялық   орналасуына    байланысты, сақинасы   бар қозғалмалы ісікті табамыз, жергілікті қызу, ауырсыну байқалмайды. Кіндік   жарығының    аумағы   айналып  кеткен.  Дене қызуы  көтерілген сондықтан жарық ауруы деп қойдым.

 

2.7 Decursis morbi et therapia

 

Күні

Дене қызуы

Тыныс алуы

Тамыр  соғысы

Diagnosis  morbi

Diagnosis therapia

11.03.2011

40,5 ºС

58

95

Малдың жалпы жағдайы нашар. Азыққа тәбеті жоқ, тек сұйық азық ішіп арықтаған. Малдың  тынышсыздануда. Ауырсыну байқалады. Ең бірінші домбығу білініп, ауырсыну, функциясының бұзылуы бар. өзіне тән анатомиялық   орналасуына

 

 

 

    байланысты, сақинасы   бар қозғалмалы ісікті табамыз, жергілікті қызу, ауырсыну байқалмайды. Кіндік   жарығының    аумағы   айналып  кеткен.  Дене қызуы 44ºС көтерілген.

Оперативтік ем қолдандық. 12 сағат аш диета және ихтиол, тимпонол бердік.

Шошқаға жалпы наркоз (аминазин 0,3 мл -1 кг салмаққа) беріп, жығып фиксация жасадық, Жергілікті жансыздандыру (новокаин 0,25-0,5%) жасадық,

 

 

 

 теріні кесіп. түсіндінің қабын жалаңаштадық. Күтімін жақсартып, Витаминдер енгіздік.Жылы қора жайда ұстадық. жарық сақинасының айналасьндағы  ұлпаларға 70% спирт инъекциялап тұрдық.

Шыққан бөлігіне антисептикалық ерітінділермен жуып шайып туалет жасадық, қан ағуын тоқтаттық, жансыз өлі еттенген жерінен кесіп тастадық.

 

 

12.03.2011

40,4 ºС

56

93

Малдың жалпы жағдайы нашар. Азыққа тәбеті жоқ, тек сұйық азық ішіп арықтаған. Малдың  тынышсыздануда. Ауырсыну байқалады. Ең бірінші домбығу білініп, ауырсыну, функциясының бұзылуы бар. өзіне тән анатомиялық   орналасуына    байланысты, сақинасы   бар қозғалмалы ісікті табамыз, жергілікті қызу, ауырсыну байқалмайды. Кіндік   жарығының    аумағы   айналып  кеткен.  Дене қызуы 44ºС көтерілген.

Күтімін жақсартып, Витаминдер енгіздік.Жылы қора жайда ұстадық. жарық сақинасының айналасьндағы  ұлпаларға 70% спирт инъекциялап тұрдық.

Шыққан бөлігіне антисептикалық ерітінділермен жуып шайып туалет жасадық, қан ағуын тоқтаттық, жансыз өлі еттенген жерінен кесіп тастадық.

 

13.03.2011

40,2 ºС

54

90,1

Малдың жалпы жағдайы нашар. Азыққа тәбеті жоқ, тек сұйық азық ішіп арықтаған. Малдың  тынышсыздануда. Ауырсыну байқалады. Ең бірінші домбығу білініп, ауырсыну, функциясының бұзылуы бар. өзіне тән анатомиялық   орналасуына    байланысты, сақинасы   бар қозғалмалы ісікті табамыз, жергілікті қызу, ауырсыну байқалмайды. Кіндік   жарығының    аумағы   айналып  кеткен.  Дене қызуы 44ºС көтерілген.

Күтімін жақсартып, Витаминдер енгіздік.Жылы қора жайда ұстадық. жарық сақинасының айналасьндағы  ұлпаларға 70% спирт инъекциялап тұрдық.

Шыққан бөлігіне антисептикалық ерітінділермен жуып шайып туалет жасадық, қан ағуын тоқтаттық, жансыз өлі еттенген жерінен кесіп тастадық.

 

14.03.2011

40,0 ºС

52

90

Малдың жалпы жағдайы төмен, бірақ азыққа  тәбеті  ашылған. Тынышсыздануы кішкене басылған.

Күтімін жақсартып, Витаминдер енгіздік.Жылы қора жайда ұстадық. жарық сақинасының айналасьндағы  ұлпаларға 70% спирт инъекциялап тұрдық.

Шыққан бөлігіне антисептикалық ерітінділермен жуып шайып туалет жасадық, қан ағуын тоқтаттық, жансыз өлі еттенген жерінен кесіп тастадық.

 

17.03.2011

39,2 ºС

50

85

Күннен күнге малдың жағдайы жақсаруда. Ас қабылдауы  жақсы. Тынышсыздануы байқалмайды.

Күтімін жақсартып, Витаминдер енгіздік.Жылы қора жайда ұстадық. жарық сақинасының айналасьндағы  ұлпаларға 70% спирт инъекциялап тұрдық.

Шыққан бөлігіне антисептикалық ерітінділермен жуып шайып туалет жасадық, қан ағуын тоқтаттық, жансыз өлі еттенген жерінен кесіп тастадық.

 

18.03.2011

39,0 ºС

48

85

Күннен күнге малдың жағдайы жақсаруда. Ас қабылдауы  жақсы. Тынышсыздануы байқалмайды.

Күтімін жақсартып, Витаминдер енгіздік.Жылы қора жайда ұстадық. жарық сақинасының айналасьндағы  ұлпаларға 70% спирт инъекциялап тұрдық.

Шыққан бөлігіне антисептикалық ерітінділермен жуып шайып туалет жасадық, қан ағуын тоқтаттық, жансыз өлі еттенген жерінен кесіп тастадық.

 

19.03.2011

38,5 ºС

48

83

Малдың жағдайы жақсы,азықты жақсы қабылдауда, ісінген жері қалпына келуде.

Күтімін жақсартып, Витаминдер енгіздік.Жылы қора жайда ұстадық. жарық сақинасының айналасьндағы  ұлпаларға 70% спирт инъекциялап тұрдық.

Шыққан бөлігіне антисептикалық ерітінділермен жуып шайып туалет жасадық, қан ағуын тоқтаттық, жансыз өлі еттенген жерінен кесіп тастадық.

 

21.03.2011

38,5 ºС

40

82

Малдың жағдайы жақсы,азықты жақсы қабылдауда, ісінген жері қалпына келуде.

Күтімін жақсартып, Витаминдер енгіздік.Жылы қора жайда ұстадық. жарық сақинасының айналасьндағы  ұлпаларға 70% спирт инъекциялап тұрдық.

Шыққан бөлігіне антисептикалық ерітінділермен жуып шайып туалет жасадық, қан ағуын тоқтаттық, жансыз өлі еттенген жерінен кесіп тастадық.

 

22.03.2011

38,5 ºС

35

80

Малдың жағдайы жақсы,азықты жақсы қабылдауда, ісінген жері қалпына келген.

Күтімін жақсартып, Витаминдер енгіздік.Жылы қора жайда ұстадық. жарық сақинасының айналасьндағы  ұлпаларға 70% спирт инъекциялап тұрдық.

Шыққан бөлігіне антисептикалық ерітінділермен жуып шайып туалет жасадық, қан ағуын тоқтаттық, жансыз өлі еттенген жерінен кесіп тастадық.

 

     

      2.8 Еріkrisis

 

Эпикризис - ауру тарихы туралы кеңірек қорытындылау.

Ішкі     ағзалардың     құрсақ    аумағынан    шаптық     канал     қуыстарына    шектеуін     шап – ұмалық    жарық     деп   атайды.     Мына      жарық     ең     жиі      түрі – ішкі      ағзалардың       қынаптың     каналға     және      жалпы     қынап     қуысына     енуі.   Мына     оқиғада   жарықты    интравагинальдық      (жалған     ұма    жарығы) – hernia    intravaginalis     деп    атайды.      Шарбының     немесе     ішек     ілмектердің     қабырғалық     іш    пердемен    бірге     ұма    және    жалпы    қынаптық     қабықтың      аралығына    енуін    қынаптан      тыс   жарық – hernia  extra – vaginalis,   s.    Scrotalis     vera    (нағыз    ұма     жарығы)     деп   атайды.   Ең    көбірек   жарықтың     бірінші    түрі     көп    таралған;    оны   түрі     әдетте   қабандарда     жолығады,     айғырлар     және     басқа    еркек    түрлерді      малда     сирек    кездеседі.

Оны емдеу үшін оперативтік ем консервативтікке қарағанда оң нәтиже береді.

Консервативтік емде жарық сақинасының айналасьндағы  ұлпаларға 70% спирт инъекцияланады.

Оперативтік ем:

Кіндік    жарықтарын      операциялау     әдістері.

Малды опсрацияға дайыңдау үшін 12 сағат аш диета және ихтиол, тимпонол береді (іш еппес үшін) операцияға керекті құрал-сайман, дәке, дәрі-дәрмектерді дайындаймыз және операия жоспарын жасаймыз.

Малға жалпы наркоз (аминазин 0,3 мл -1 кг салмаққа) беріп, жығып фиксация жасаймыз, хирургиялық алаңды дайындаймыз, өндейміз. Жергілікті жансыздандыру (новокаин 0,25-0,5%) жасалады. теріні кесеміз. түсіндінің қабын жалаңаштаймыз. бұдан кейінгі операциялық кезеңнін жеті түрлі әдістері белгілі, соның ішінен тиімдісін аламыз.

 

 

     3 Техникалық қауіпсіздік

 

Малдарға ем жасалынып жатқан кезде санитарлар әр түрлі жолмен түскен бөлінген, ластанған нәрселерді алып, орнын ылғалды әдіспен сүртіп, дезинфекция жасайды. Операциядан кейін, келесі операцияға дейінгі уақыт ішінде бөлмені жинайды, тазалайды және дезинфекция жасайды; арнайы жоспар бойынша операция жасалмайтын күні, бөлмені түгелдей жинап, тазалап және толық дезинфекцияланады; операция жасардын алдында тағыда соңғы рет шаң-тозаңнан сүртіп тазаланады. Емдеу бөлмесінде температура 22-25 градус С, 50 пайыздық ылғалдылық және жақсы тоңазытқыш болуы шарт. Клиника бөлмесін дезинфекциялау үшін бактериялды лампала қолданылады. Бөлмедегі ауа, оның қабырғалары, іші, оның ішіндегі құрал-жабдықтар және т. б. заттар дезинфекцияланады. Бактериоцитті ультракүлгін лампаларда, Операция бөлмесінде адамдар бар кездің өзінде де қолдануға болады. Лампаларды қойғанда олар өз айналасына микробтарды өлтіретін 2-3 метрлік алаң жасайды. Сондықтан лампаларды әр екі метр сайын қою немесе жылжыту керек. Операция бөлмесінде адам болған кезде лампаларды 6-8 сағат ұстаса жеткілікті. Ғылыми деректерге жүгінсек лампаларды бөлмеге 2-3 сағат қойғанда микробтарп едәуір азайса 6-8 сағатта 50-80 пайызға дейін кемиді. Егерде лампалармен бірге Операция бөлмесін ауамен тоңазытса онда микробтардың жойылуы 70-90 пайыз артатындығы анықталған. Клиникалық практикадан операция бөлмелеріне сапалы  дезинфекция жасалса, асептикалық операциялардан соң, іріңдеп асқыну 3-3,5 есе азайғандығы дәлелденген. Емдеу бөлмесінің тазалығын, дезинфекция жасап, жиналуын ұйымдастыру және оны бақылау бекітілген дәрігердің міндеті болып саналады. Асептикаға бөлмеден басқа, хирургтың қолын тазалау, операция жасайтын жерді өңдеу, тігін - таңғыш материалдарын дезинфекциялау жатады.

Хирургиялық клиникада жұмысқа кіріспес бұрын, студент тек
қана қатыспай, өзі кірісіп, тәжірибеге арналған малдарды қабылдап
оларға оқулық хирургиялық операцияларды дербес орындайды.
Кейіннен клиникада оқуда өтуі бағытында сол малдар оның
пациенттері болады. Оперативтік хирургияда операциялардың сәтті
орындалуы         оның атқарылу   техникасының     дұрыс қалыптастырылуына байланысты болатыны сөзсіз екеніне күмән болмайды, бірақ хирургиялық операциялардың тек қана жергілікті құбылыс деп есептеуге болмайды, керісінше ол организмнің барлық жүйелерін терең қозғайды. Осыған байланысты студенттерге анатомия, физиология, фармокология және басқада пәндерден толық білім алу қажеттілігі зор.

 

 

      Қорытынды

 

 

Қорытындылай келгенде,   мен     Агроөнеркәсіп             институтының ветеринарлық медицина және зоотехния кафедрасының клиникасында өзімнің курстық жұмысымның тақырыбына сәйкес шошқаның жарығын емдедім.

Шошқаны қабылдаған кезде жағдайы нашар болатын, азыққа тәбеті жоқ, жүрісінде сілтіп басып, тұрысында алдыңғы аяғын көтеріңкіреп тұратын. Жатып тұруында қиналыс бар. Малды   бақылауға алғанда оған тиісті аурға тән, клиникалық белгілері бойынша жарық деп диагнозы қойылды. Аурудың дамуы ағзаға жарақат немесе басқалай жолдармен енген микро ағзалардың әсерінен қабыну процесі болған. Емнің тиімділігі барысында мен керекті антисептикалық препараттарды, ерітінділерді, антибиотиктерді қолдануды дұрыс көрдім. Нәтижесінде он күннің көлемінде мал ауруынан айығып аяғынан тұрды. Жарық төңірегіндегі  тканьды, көрші мүшені қысып-жаншиды. Жануарлардың жалпы жағдайы өзгермейді. Ең бірінші домбығу білінеді, ауырсыну, функциясының бұзылуы болады. Қызарады, түйін пайда болады. Дене қызуы 44ºС көтерілген.

Клиникада мен көптеген ауруларды кездестірдім. (ішкі жұқпалы емес аурулар, инвазиялық аурулар, хирургиялық аурулар). Соның ішінде жиі кездескені - хирургиялық аурулар. Мен осы хирургиялық аурулар ішінен емдегенім және көп кездескені –жарықтар.

Нәтижесінде он күннің көлемінде мал ауруынан айығып аяғынан тұрды.

Аурудан сақтандыру үшін және алдын алуға малдың азықтарына түзетулер енгізгенде рацион құрамына барлық ингридиенттермен қамтамасыз еттім.

Өндірістік практиканың жоғарғы білімді, әрі білікті, тәжиребелі маман қалыптастыруында маңызы зор деуге болады.

Клиникада мен көп тәжірибе жинадым. Мен ауруларды емдеуден басқа вакцинация жасау, бруцеллезге тексеру үшін малдан қан алу сияқты нәрселерді үйрендім.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Д.Чередков, В.Никаноров, В.Захаров. "Хирургия және ортопедия " Алматы, 1953 жыл. (25).
  2. Орысша -  қазақша  малдәрігерлік  сөздігі.   Т.Сайдулдин.  Алматы,   1993  жыл.(130).
  3. Б.К.Ілиясов."Алғашқы ветеринариялық жәрдем". Алматы 2001 жыл. (114).
  4. Б.К.Ілиясов. Ветеринариялық хирургия. Алматы 2009 жыл.(206).
  5. К.И.Шакалов,   Б.А.Баликиров,   Б.С.Семенов,   А.В.Лебедов,   А.И.Федеров,  В.А.Лукьяновский.    "Хирургические   болезни   сельско   -   хозяйственных  животных".(136).
  6. И.Е.Повоженко,         К.И.Шакалов,         И.А.Калашник,         Г.С.Мастыно, Б.А.Башкиров, Б.С.Семенов. "Частная ветеринарная хирургия" Ленинград, 1981 год. (60).
  7. Абдулла.А.А, Наметов А.М, Ильясов Б.К Клинико – гематологияческие показатели гнойных ран у овец при лечений шунгариновой и болезней животных Алматы 2005г (10).
  8. В.Шакалов   К.И,   Башкиров   Б.А,   Поваженко   И.С   Частная   ветеринарная  хирургия. Ленинград 1986г (15).
  9. Гатин. П.П. Б.К.Ильясов. Влияние 5% хлорофоса на здоровый глаз. Труды СЗВИ, 1970. (245б).
  10. Ілиясов Б.К. Жануарлар түріне байланысты  аминазинді қолданудың рекшеліктері. Журнал «Жаршы». - 2006.  (178 б).
  11. Ілиясов Б.К. Дитилинді ветеринариялық хирургияда қолдану және лажсыздан сойылған жылқы етінің    сезімдік көрсеткіштері.- Журнал «Жаршы».2006. (55 б).
  12. Ілиясов. Б.К. Жануарларды эутанзациялаудың әдістері. - Журнал «Жаршы». - 2006. (165 б).
  13. Ишмухамедов.Г.А. Г.А.Аухадиев, Б.К.Ильясов. Применение салициловой кислоты при гнойно-некротических процессах. Сб.Научных трудов, Ленинград-1990.  (222 б).

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. сурет

Операция жасау техникасы

 

 

 

 

  1. сурет

Шошқаның кіндік жарығы

 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2013-08-26 22:50:10     Қаралды-3191

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

...

Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШТЫҚ ШАҢ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

...

Ғарыштық материяның барлық фрагменттері ғарыштық шаң деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »