UF

Жоспар

Мазмұны

 

 

I.Кіріспе

    1.2  Киім туралы жалпы мәлімет ____________________________3-5 бет

     1.3 Киімнің негізгі қасиеттері ______________________________5-6 бет

II. Негізгі бөлім

     2.1 Адам бейнесінің  өлшемдік  сипаттамасы _________________6-9 бет

    2.2 Киімнің сыртқы пішіні мен конструкциясының

           сипаттамасы_______________________________________9-25 бет

     2.3 Киімнің технологиялық өңдеулері____________________25-29 бет

III. Қорытынды

    3.1 Костюмге жалпы сипаттама__________________________29-31 бет

   Пайдаланған әдебиеттер

 

Кіріспе

          Бұл курстық жобадағы қаралып отырған ведмоствалық  киімдердің

класс тармағына кіретін<< Қынамасыз какеткалы қысқа дастар палтосының кнструциясы >>. Бұл киім арнайы киімдер

қатарына кіреді яғни формалық, шинел, гимнастерка, китель тағыда

басқа кіреді. Яғни бұл курстық жоба арқылы болашақ маман ретінде

көптеген мәселелерді қарастыра отырып ең алдымен киімнің жоғарғы

сапасының бәрінен  бұрын қолданылатын материялдардың сапасына,

олардың дұрыс таңдалуына, модельдік көркемдік бейнесін және

конструкциясын дайындау технологиясын жетілдіруне байланысты

болады. Жаңа заманға сай киім ассортиментін жетілдіру елеулі

кеңейту.  Тігін өнеркәсібіне байланысты халық шаруашылығын арнайы

бұйымдармен(жұмыс киім, әскерге арналған киім тағы басқа )

қамтамасыз етеді.  Жапай өндірісте киім шығаратын техника мен

технологиялардың өндіріс ұйымдастырудың деңгейі жоғары болып

келеді.  Киімді конструкциялау барысында ғылым мен техника өндіріс

дамуының  соңғы нәтижелері пайдалануы тиіс. Құрастыру көркем

модельдеу, сосын киімді тігу – ұйымдастырудың кұрделі процесс. Киім

құрастыру оның сызбасы мен пішілуіне тығыз байланысты. Таңдалған

пішімге байланысты матаның ені мен түрі – түсі, мата бетінің бедеріне

мата тығыздығына және адамның дене бітіміне байланысты болып

келеді.   Сызбаның торкөздеріне мойын айналымы,иық және жан

тігістері, етек белгілері сызбалары толық түсуі керек.Киімнің пішілуі ең

 негізгі бөліктерден тұрады.Жең түбінің биіктігі тігілетін киімнің

формасына байланысты.Сонымен бірге жеңнің

 тігілуіне,орналасуына,түріне қарай бірнеше топтары

 бар.Мысалы:тұтас пішілетін жеңдер реглан және жартылай реглан

болып бөлінеді.Мұндай жеңнің жең түптері кең келеді.Сонымен қатар

қондырмалы жеңдердің де бірнеше түрлері бар.Жең аузы жеңнің

таңдалуына байланысты:көмкермелі,бүрмелі.әдіпті.қаттамалы болып

тігіледі.Негізінде адам дене бітімі 3 бөлімнен тұрады,бой биіктігі ,кеуде

айналымы, мықын айналымы.Бұл өлшем адамның жалпы өлшемі

болып есептелінеді.  Еңбекке қабілетті әр адамнан терең тәжірибелік

және теориялық білімді іске шығармашылықпен қарауды талап

етеді.Тігін өндірісінің алдында тұрған салмақты мәселелер де тек

 білікті мандар арқылы шешімін таппақ.Киім ассортименті оның пішіні

мен селуеті жең және жағасына пішімін айқындайтын үлгі құрылымына

байланысты.

 

 

Киім туралы жалпы мәлімет

 

          Жалпы киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық

жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғыммен бейнелейтін

сәнмен тығыз байланыста болады.Қай заманда болмасын адамзат

алдындағы ұлы мұрат-міндеттердің ең басты-өз ісін, өмірін

жалғастыратын, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Ал ойлы- пайымды,

білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді адамзаттың

ақыл-ойымен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін  

 игере отырып,  оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен

біртіндеп сіңіру  арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Адамзат қоғамы

дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғни сәнде үнемі жаңарып

отырады.Киімді әркім өз бетінше таңдайды,  таңдау барысында адам

жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білуде өнер.

Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған

анықтамалардың бірі-әдемілік, сәнділік. Сәнділік ұғымы ең алдымен

 киім түсі мен сәніне қарай дұрыс құрай білуге тікелей байланысты ,

киімге деген талғампаздық адамның өзіне сын көзбен қарай

алатынының белгісі болып табылады. Киімді жарасымды етіп пішу-

қонымды киімдердің кепілі екенін ұмытпауымыз керек.Сонымен қатар  

киім адамды қоршаған ортаның табиғаттың түрлі әсерлерінен

қорғайды оны тұтыну мәні мен бірге қызмет ететін маңызы бар. Киімнің

шығуы адам еңбегінің ерекшелігіне қоғамдық өндіріс пен мәдениеттің

дамуына тығыз байланысты. Алғашқы кезде киімді қазақтар мал

терісінен илеп жүнен тоқып тігіп киетін болған киін бертін келе матаға

жүн салып сыратын болды. Қазіргі кездегі киімдер мынадай түрлерге

бөлінеді: ерекше маталарды қажет ететін өндірістік, арнайы киімдер,

жұмысқа, қыдыруға, саяжай мен куроттарға, әскери адамдардың

теміржолшылардың, спорттық   деп және тағы басқа. Киім-

утилитарлық  және эстетикалық қызыметтерді атқаруға, адам денесін

сыртқы әсерден қорғауға арналған бұйымдардың жиынтығы. Киім

сөзімен мағыналас қолданылатын<<Костюм>> ұғымы кең мағынаны

қамтиды. Қазіргі кездегі костюмнің атқаратын қызметі сан алуан ол ең

бірінші қажеттілік болып табылады. Өйткені киім адам ағзасын

табиғаттың және өндірістің ортаның әртүрлі зиянды әсерлерінен

қорғайды.  Қазіргі заманғы барлық киімдер екі классқа бөлінеді

тұрмыстық және өндірістік .

        Тұрмыстықтың өзі келесі класстарға бөлінеді: сырт киім, жеңіл

киім, корсетті бұйымдар, бас киім.

       Сырт киімге- пальто, жәкет, тон, шекпен, бешпент, плащ, куртка

жатқызылады.  

       Жеңіл киім- көйлек, жейде, болузка, қалат, белдемше тағы басқа.

       Бас киімдерге- құлақшын, фурашка, күнқағар, телпек, қалпақ,

 тақия, бөрік  жатады. Тұрмыстық киімдерді былайша ажыраттуға

болады: жасына және жынысына қарай бөлінеді. Және ерлер мен

әйелдер киімдері үш түрлі жас молшерін кіші, орта, аға топтар болып

ажыратылады. Киімдер маусымдық мерзіміне қарай  жаздық ,қыстық

,маусымдық және мерзімде кис беретін киімдер болып та

бөлінеді.Қазіргі заманғы жастардың талап-талғамын елеп-ескере

отырып, сән жаңа стильге көшіп отыр.Сән ешқашан да ескіні мүлде

жоққа шығармайды.Ол бүгінгі таңда көпшілік көңілінен шыққан

үлгілерді пайдалана отырып оларды уақыт талабына сай талғаммен

жетілдіре түседі. Оларды пішу және тігу аса күрделі болғандықтан оны

осы заманғы өнеркәсіп орындары ғана шығара алады. Қазіргі кезде

жастар арасында сәнге деген көзқарас өте айқын байқалады.

Олардың көпшілігі сәннен алған біршама үлгілерді пайдаланады.

Мысалы : 60-шы жылдары кең өріс алып жастар үлгісіне айналған,

қысқа тар етекті белдемшелер қазірде сәнің биік сатысынан көрінеді.

 Оны орнықты кию тазалықты, әдемілікті, көріктілікті талап етеді.

Осындай сәндегі киімдерді тігу, елімізде жылдан- жылға дамып келеді.

 

Адам бейнесінің өлшемдік сипатамасы

       Киім конструкциясын кез-келген есеп  әдісімен  құру үшін ең алдымен

ол туралы бастапқы деректерді толық білу керек.  Осы бастапқы

деректердің  бірінші және негізгі  бөлігі болып өлшемдік белгілер

табылады.  Олар адам дене бітімін көлемі мен пішіміне қарай сипаттады,

яғни оның өлшемдік сипаттамасын ұғындырады. 

       Адам денесі мен оның (антропометриялық) бөліктерін өлшеудің үш

тәсілі бар: 

-бірінші тәсіл арқылы тік немесе көлденең жазықтықтағы кез-келген

нүктелер арасының арақашықтық проекциясын өлшейді:

-екінші тәсіл арқылы екі нүкте аралығының ең қысқа қашықтығын

өлшейді:

-үшінші тәсіл арқылы дене бітімінің үстін өлшейді,

        Анықталған нүктелер антропомериялық нүктелер деп аталады. 

Адамды өлшеу барысында 16 антропометриялық нүкте қолданылады. 

Оларға қысқаша сипатама: 

Бой –Б. Еденнен құлақүсті нүктесіне дейінгі аралық.

Жартылай мойын айналымы-ЖАм. Мойынның толық айналымын

өлшейді. Өлшеу барысында мойын пішініне және орналасуы мен

ерекшеліктеріне назар аударуы қажет: ұзын – қысқалығына алдымен

артына иілуіне, жетінші мойын омыртқасы айналсын май басуына.

Кеуденің бірінші жартылай айналымы-ЖАк1.  Бұл айналым толық

айналымда өлшенеді.

Кеуденің екінші жартылай айналымы-ЖАк2. Арқаға сантиметірлік

таспаны көлденеңнен қолтық асты ойындысының астымен өлшейді.

Кеуденің үшінші жартылай айналымы-ЖАк3. Бұл өлшемен

кеуденің толық үшінші айналымын өлшейді.

Жартылай бел айналымы-ЖА бел. Белдің толық айналымын

 

өлшейді.Өлшем өлшегенде өлшемнің жартысын  алады.

 

Жартылай мықын айналымы-ЖА мық. Мықын айналымын

 

толық өлшейді. Таспа тұлғаны айналдыра шығынқы

 

нүктелерге:артынан-жамбасқа,алдынан қарынға жайғастырады.

 

Өлшемнің жартысы жазылып алынады.

Кеуде ені-Ек. Әйеледрден кеуде бездерін тігінен қоса есептегендегі

қолтық асты шұңқырларының алдыңғы бұрышын өлшейді.Жарты

өлшем жазылып алынады.

Артқы бел сызығынан мойын негізделу нүктесіне дейінгі аралық-

Ұар.б.б. Артқы бел сызығынан мойын негізіндегі иықтық тігістің жоғарғы

нүктесіне дейінгі аралықты омыртқаға параллель өлшейді.

Мойын нүктесінен алдыңғы бел сызығына дейінгі аралық-

 

Ұал.б.б.Мойыннан кеуденің шығыңқы нүктесі арқылы өтетін белге

 

дейінгі аралық.

Кеуде биіктігі –Бк. Мойынның негізгі нүктесінен кеуденің шығыңқы

нүктесіне дейінгі аралық.

Арқа ені-Еар. Жауырын бойымен қолтық асты шұңқырларының

артқы бұрыштары арасындағы арақашықтықты өлшейді.

Өлшеудің жартысы алынып жазылады.

Бұйым ұзындығы-Ұбұй. Шартты қабылданған типтік талаптағы

қалыптағы қалаған ұзындығына дейінгі арақашықтықты өлшейді.

Иық белдеу ені-Еи. Жобаланған иық тігісі негізгі нүкетесін негізгі

 

мойын ақырғы нүктесіне дейін өлшейді.

Жең ұзындығы-Ұжең. Иық нүктесінен түсірілген жең ұзындығының

арақашықтығы.

Иық айналымы –Аи. Айналымды иық осіне перпендикуляр өлшейді.

 

 Киімнің сыртқы пішіні мен  конструкциясының сипаттамасы.

Киімнің сыртқы пішінінен мынадый факторлар әсер етеді:

-матаның фактурасы, түр-түсі,әшекейлер,әрлеулер, көрінетін тігістер:

-адам ден бітімінің әр түрлі нүктелеріндегі киімнің қонымдылық дәрежесін

көрсететін оның еркінділік дәрежесі:

-пішіннің геометриялық ішкі сипаттамасы ретіндегі құрылымы.

Киімнің сыртқы пішінінің сипаттамсы.Түрлі ассортименттегі киім

конструкциясының негізгі түрлі пішіндерге ие.Киім пішіні құрастыру және

сәндік деп бөлінеді.Көп жағдайда осы сызықтармен анықталады. Сондай-

ақ сэлуэттік депте сипатталады.

       Сэлуэттік сызықтар  киімнің көлемдік пішіні мен оның сыртқы

пішінімен кескінінің пропорциясын сипаттайды.

       Киімді модельдеуде әртүрлі жастағы, өлшемдік және толықтық

жетекші сэлуэттер болып табылады.

       Құрастыру сызықтары  киім бетіндегі бөлек бөліктерге бөлінеді. Ең

көп кездесетіндері мынадай бөліктер.

  • артқы бой, алдыңғы бой, жең, жаға тағыда басқа. Киімнің негізгі

 

  • бөліктерінің тігістерін өзара қосады. Киімдегі әшекей құрастырушы

 

  • деп те айтуға болады.

Сәндік сызықтарға әртүрлі әрлеу сызықтарын сондай-ақ бөлік

шеттерінің контур сызықтарын жатқызады.

Киім пішімі деп киімнің конструктиптік құрлымының жалпы

сипаттамасы түсіндіріледі.

     Қосымшалар  негізінде сыртқы иықты киімдерге және жеңіл

киімдерге қосылатын қосымшалар болып бөлінеді. Сыртқы киімге

қосылатын қосымша көп болады. Олар :

Пг -көкіректің жарты орамына берілетін қосымша4см.

Пт –белдің жарты орамына берілетін қосымша 1,5см.

Пб –бөксенің жарты орамына берілетін қосымша 1 см.

Пшгор –мойының жарты орамына беріледі 1см.

Пдтс –белге дейінгі берілетін қосымша 0,5см.

Пспр- қолтық  ойындысына берілетін қосымша 2,5см.

Пшп-көкірек еніне берілетін қосымша 0,5см.

Пдтп-алдыңғы бойдың белге дейінгі үзындығы 0,5см.

    Екі тігісті жең. Екі тігісті жең алдыңғы және артқы жеңнен

тұрады.Ортаңғы тігіс немесе бүкпелі жеңде мұндай жағдайда жең

болмайды.Бұл 2 тігісті жең сызба үлгісі реглан жеңге ұқсас пішімдегі

формалар бұл  жең түптері бедерлі  тігіспен немесе көмкерілген

толықтырылады.Бүл ұлгі пішіні реглан немесе қондырма жеңдер негізінде

пішіледі.Тігілетін сырт киім костюм жең үсті тігісінде жарымалы

болады.Осы жеңді тігістер кезінде жең үсті,жең асты деп екігк

бөлінеді.Жең  дайындаудан бұрын жең бауыр астына қарайтын машинаға

тігіп арнайы жең үтіктеуге арналған жең формасыны келтірілген ағаш

тақтайға саламыз.Жеңнің астарын жең аузына тігеміз.Бұл астарда үстіңгі

және асиыңғы жеңге салынып пішіледі.Осылай пішілген жеңді , алдымен

жең асты қосып содан кейін жең үсті тігісін қосып тігіп береміз.Жеңнің

астарын аузына тігеміз.Осылай дайындалған жең үсті,жең асты  тігісітерді

беттестіріп,бормен белгілеп дәлме –дәл нтіп,жең ауыздарын тігеміз,егер

бұл ек ім арасында бүкпесі бар киім болса  жарманың түзу тігіспен

тігеміз,жең асты күспеге салып  тігеміз.

    Жаға. Жағалар формасы жағынан әртүрлі болады. Оларды формасы

жағынан 5 түрге бөлуге болады:

1.Бұймның жоғарғы тұсына дейінгі түймеленетін жаға.

2. Лацканға дейінгі түймеленетін жаға(шәль және пиджак ).

3. Алдыңғы  және артқы бойлықпен тұтас пішілген жаға.

4.  Фантазиялық  (бүрмеленген ).

5. Кесіндісі бар тік жағалар. Яғни бұл менің курстық  жобамдағы

костюмнің жағасы болғандықтан қысқаша сипаттама берсек. Негізінде тік

жаға түймелігі жоғары мойын ойындысына дейінгі жоғарлығы жатады. Тік

жағаны құру үшін мына есепті пайдаланамыз.

       Тік жағаны сызу үшін, жаға ені және жаға ұзындығы алынады. Оларды

мына әріптермен белгілейміз енін ОВ, ал ұзындығын ОА деп белгілейміз.

Тік жаға негізінде булузка, пиджактарда, костюмдерде тігіледі. Менің 

курстық жобамдағы костюмімнің жаға есебі.

        Жаға ені ВО= 6см

       Жаға ұзындығы ОА=20см

 

Киімнің технологиялық өңдеулері

                                                                                 Жағаны бұйыммен   

                                                                                  оптачканың арасына   қосу                                                                                               

                                                     

  

                                                                               Дайын болған жаға   үлгісі

 

 

 

                 Жеңді қолтықтың ойындысына қосу

                                                         Жеңнің иық жағын майда тігіспен бүру

 

 

 

                                                    Киімнің қолтық ойындысымен жеңді қосу

                                                         Дайын болған жең

 

                                                               

 

                                      Борт

 

            Бортты өңдеу үшін киімнің алдыңғы бөлігі керек.

                                1-2 борт сызбасы

                                2-3 мойын сызбасы

                                3-4 иық сызбасы

                                4-5 қолтық сызбасы

                                5-6 бүйір сызбасы

                                6-1астыңғы сызбасы

 Борт 2 бөліктен тұрады .Борты алдыңғы бөлікке қойып   

 тігіледі,иық  жағы 30-40 мм ,астыңғы жағы  60-80 мм.Бортқа қатырма

жабыстырымыз.Бортқа түйме және түймешелік торланады.

                                  Оптачка

        Оптачканы өңдеу үшін киімнің  артқы бөлігі қажет.   

                                Ол көпнесе сыр киімдерде тігіледі

                               Ол алдыңғы өңірге байланысты

                               болып пішіледі.К иімнің мойын  

                               Ойындысына қосылып тігіледі

 

 

 

Костюмге жалпы сипаттама

Костюмді тігуге кеткен мата және де ұсақ- түйек материалдар  жиыны

 болды.

1,5 м мата түсі қанық көк 1800тг

0,5 м қызыл түсті мата 800тг

1,5м астарлы мата 400тг

1м  қатырма  325тг

12 дана ілмек 150 тг

2 дана плетчик 120тг

4 дана тас 500

3 түрлі шынжыр 0,5 м-ден 400тг

1 дана машина жіп 35 тг қанық көк

Бұл қатаң стильдегі костюмдерідң бірі.Ол әскери формаға ұқсас жартылай

қынамалы,ұзындығы бөкседен түсетін тік жағалы.Артқы бөлік:

-қақ ортасынан  тігіс түскен және  2 иық тұсынан кант түсіріп тігілген.

- бүйір тұсынан ойық етіп басқа матадан тігілген.Ойық астынан  тағы бір

ойық түскен.Осыған кант түсірілген.

-артқы бөліктің ортасынан белдікті өткізуге арналған төртбұрыш мата

жапсырылған.оған кант берілген

 Алдыңғы бөлік:

-дәл артындағыдай етіп  2 ойық түсірілген.Осы 2 ойықты тігіп болған соң

жан тігістерін қосамыз.2 жан тігісін тігіп болған соң иықты қосамыз. Бұл

киімнің кеуду бөлігінің біткені .Кеуде бөлігін тігіп болған соң деңді

қосамыз

-қолтық астынан 2 қымтыма түсірілген.Алдыңғы бөлікті  артқы бөлікке

қоспас бұрын тігіп аламыз

-жең бұл 2 тігісті болып келеді .Жеңдң қоспас бұрын жең нүктесін тауып

 аламыз.Сосын барып қосамыз.Содан соң жағаны қосамыз.Жағасына кант 

берілген.2 иығынан пагон қойылған.Содан соң плетчик қоямыз.

Астар кең етіп пішілнді.Ол адамның қимыл –қозғалысына ыңғайлы болу

үшін пішіледі. Астарды тікпес бұрын жеңін етегін қайырып  астарды

сосын барып тігеміз.Астарды ең алдымен қосу үшін жеңінен бастап 

тігеміз. Қосар алдында жеңінен не болмаса жанынан тігіп жатқан кезде

ашық тастап кетмеіз.Ол астарды киімге теріс қаратып тігу үшін керек.

Астарды тіккенде жеңнен кейін жанына яғни бортқа қосамыз.Сосын астын

қосамыз. Барлық бөлшектерді тігіп біткен соң сәндеу жұмыстарына

кіргіземіз. Ол бұйымды әдемі етіп көрсету үшін тігіледі. Костюмді

белдікке. Өңірдің астыңғы бөлігіне білінбейтін етіп ілмек тігілді белдікке

де, ілмек тігілді. Жағасына екі жанынан шынжыр ілдім, сәнді көріну үшін.

Ең соңында бұйымды үтіктейміз.

 

                  Іс тігуге пайдаланылатын құрал-жабдықтар

1.ине

2.жіп

3.сымтаспа

4. оймақ түрлері

5.қайшы

6.түйрегіш

7.бор

 8.сызғыш

Ине ;ежелгі дәуір адамдарының мата туралы түсінігі болмаған.Бұдан 600

жыло бұрын инелер болаттан жасала бастады.Инелер қол инесі және іс

машинасының инесі болып екіге бөлінеді.Қол инесінің диаметрі,ұзындығы

 әр түрлі.Қайс тігетін 3 нөмірімен қалың матаны нөмір,ал таралмайтын 3

нөмір,кестетігетін 0,2 нөмір болады.Іс машинасының инелері жуандығына

қарай бөлінеді. Қол инесі мен іс машинасының инелері мата түріне қарай

сай тігу керек.

         Жіптер; қазіргі  заманғы жіптер саласы әр түрлі синтетикалық жіптер

төзімді мықты келеді.Жібек жіптер қасиеті жағынан тігін машинасына

жарамды.Сонымен қатар жібек жіп сырт киімнің бедері тігістерінде түйме

 торлағанда өте қолайлы .Бұл тігісі машинасына жарамсыз.Себебі үзілгіш

өңгіш №10,20,30,40,50-түрлері бар. Ине ежелгі дәуір адамдарының мата

туралы түсінігі болған жоқ. Олар киімді жануарлардың терісінен жасады.

Аң терісін тігу үшін балықтың сүйегін қыздырып біз ретінде пайдаланды.

Кейін біздің ұшын бұрғылап көз жасады. Содан біздер алғашқы инелер

есебінде қолданылды. Сүйек инелерден кейін қола, сосын темір, күміс

инелер пайда болды инелер негізінен екіге бөлінеді қол инесі және машина

инесі. Қол инесінің диаметрі мен ұзындықтары әр алуан, он екі номері бар.

Ал машина инелерін тек жуандығына қарап ажыратады іс тігетін ине түзу

сырты жылтыр үшкір болып келеді.

        Жіптер ерте кезде жіпті сол тігілетін бұйымның матасының ұзын

бойынан жыртып алған. Пішілген бұйымды көктемей бірден тіккен.

Сонымен қатар көркем тігіс түрлерін де пайдаланған. Ретіне қарай

жөрмелеу тігісі, қайып тігісі,шаша қайып тігісі пайдаланған. Жібек жіптер

қасиеті жағынан жарамды. Тігілетін киімнің өңіне байланысты жай

жіптерді пайдалануға болады.

        Сантиметрлік таспа дитциметрлік, миллиметрлік бөліктерден

тұрады. Таспаны өлшеу алдында жаңа таспамен тексерген жөн немесе

мүмкіндік болса жаңа таспа пайдаланған жөн.

      

                     Жұмыс орнын ұйымдастыру ережелері

        Машина жұмыстарын орындауға  арналған жұмыс орнын,және электр

қоспасы бар столмен жабдықталады.Сонымен қатар винтті айналмалы

орындықпен жабдықталады. Бұл орындық адам бойына қарай орныдық

биіктігін құрастыруға мүмкіндік береді.Машина столының астыңғы  оң

жағында токка қосатын арнайы қысқыш бар.

Машина столының беті тегіс және таза болуы  шарт.Машинлардың

ортасында қол жұмыстарын орындауға арналған стол орналастырылған.

Стол бетіне  тек қана өңделетін детальдар және өңдеуге керекті құрал-

жабдықтар жатуы тиіс.Табиғи жарықтан басқа бөлменің ішінде жергілікті

жарық күші болуы тиіс.

Жұмыс аяқталған соң, өңделетін жұмыскер өзінің жұмыс орнын тазалап

барлық құралдардаы өз орнына қойып,машиналармен жарық машина көзін

өшіру керек.Дұрыс ұйымдастырылған жұмыс уақыты мен жұмыс орны,

еңбек өнімділігі мен сапасын арттырады.

            Пішу жұмыстарының техникалық шарттары.

       Пішуге арналған детальдар негізгі және көмекші бұл  лекалдар арқылы

 бүкпелердің,бүрленің, қалталардың орныласу жайларын анықтаыға

арналған.Барлық лекалдар негізгі жіптің бағыты  көрсетіледі.

Лекалды орналастыру кезінде негізгі жіптің бағытынан басқа матаның

суреті мата түрлерінің бағыты ескеріледі.Егер мата суреті және түрінің

белгілі бір бағыты бар болған жағдайда бір уақытта пішуі шаот.Түгі және

біркелкі боялған болмаса суретінің бағыты жоқ.Әр түрлі бағытта

орналастырылған.

                         Қауіпсіздік техникасының ережелері.

Қол жұмысының ержелері:

-Ине мен түйреуіштерді арнайы тостақшаға қадап қою керек.

-Инені киімге қадауға ауызға салуға тиым салынады.

-Көктеу жұмыстарын орындағанда саусаққа оймақ кию керек.

-Қайшы ұсынғанда сабымен ұсыну керек.

 Тігін машиналарында сітейтіндерге арналған ереже:

-Тігін машиналарында жұмыс істеуге алғашқы нұсқадан кейін ғана кірісуге

болады.

-Жұмыс бастар алдында машинаның жөнді екенін тексеру қажет,ахауы

 болса механикті шақыру керек.

-Жұмыс кезінде қолды машина инесіне жақын ұстауға болады.

-Метал тежеуіште резеңке киесіз жұмыс істеуге болмайды.

-Электр двигательін өшірмей тұрып мойканы тазалауға және майлауға

 сондай-ақ машина инесіне ременді салуға тиым салынады.

-Машинаның айналып тұрған бөлігі  жанына қайшы және басқа

аспаптарды қоюға тиым салынады.

Электр үтігімен жұмыс істеуге арналған ереже:

-Үтікті электр жүйесіне қосқанға дейін тұғырын тексеру керек.

-Электр үтігінің ыстылығын саусақпен тексеруге болмайды.

-Электр үтігін желіге қосқанда және ажыратқанда бауынан ұстауға

болмайды.

-Ысып тұрған үтікті суға салып немесе су бүркіп суытуға болмайды.

-Үтікті электр бауының үстіне қоюға болмайды

-Ахаулы  үтікпен жұмыс істеуге  және электр сымын өз білгенінше

жөндеуге болмайды.

-Үтікпен жұмыс істегенде резеңке төсеніш төселу керек.

-Жұмыс   біткен соң үтікті  аяқ астында электр көзінен ажырату қажет.

- Жарақаттанғанда ,дене күйгенде медициналық пунктке бару қажет. 

 

Негізгі сызба тор

1.А1 а1 =СгII +Пг=45,5+7=52,5

2.А0 а=Шс+Пшс=19.5+1=205

1 а2=Шг+(СгII-СгI)+Пшп=17,5+(45,5-45)+0,5=18,5

0 У=0.4 Дтс=0.4 * 43=17.2

5.А0Г= Взу+ Пспр+25+0.5=25.5

6. А0 Т=Дтс+Пдтс=43+0.5=43.5

7.Т Т1 =1.5

8. ТБ=0.5 * Дтс-2=0.5 * 43-2=19.5

9. ТН= Дизд = 70

10.  Г1 Г2   =  = 6,8

Артқы бой сызбасының есебі

1. А0  А2 =     +Пшс=   +0.5=7

2. А2 А1=   =      =2,3

3.А2П1 = Шп+1,5=13+1,5=14,5

4.Г1 П1 =Впк + 0дтс=45+0,5= 45,5

5.А2  в=   =   = 4,5

6. в в1 = 2,0

7.в в2 =7

8.Г1 П3=      +2=    +2=9,8

9.Г1 1= 0,2 Г1 Г4  +0,3=0,2 * 14,5+0,3=3

10.Г1 Г2=     =       =7,3

 

 

Алдыңғы бой сызбасының есебі

1.Г1  Г3 =     -1,0=      -1=9,2

2.Т9  А3 =Дтп + 0,5 + Пдтс+0,5=44+0,5=44,5

3.А31  А4 = А  А1 - 0,5=7-0,5=6,5

4,А31 А5 = А31 А4 +1,0=6,5+1=7,5

5.А4 Г7г  =24

6.А4 А9 2*(СгІІ- СгІ)+(0,2-2,0) = 2*(45,5-45)  -1,5=2,5

7.Г4  П6  =       =      = 7,5

8.А9 П5 = Шп=13

9.Г4  2=0,2 Г1  Г4 =0,2*13,5=2,7

10.3-4=1-1,5

 

Қымтыма

  1. S1В=Аа1  =(Cт+Пг )-ТТ1 = 52,5-(39,5+2)-1,5= 12,5
  2. Г3  2 S  =  = 1,3
  3. Г3 3 S   =    = 0,3

Жең

Др 62                          О2  Л = Дрзоп : 2+3= 62 : 2+4,5 =35,5

Оз30                          О2        

Окис 1,8                      қымтыма М1 М2=( Окис+Поп)

Покс 6-8                   = (62-37)-(18-6) =13,3:3= 6,6

 

      

                                  Негізгі өлшем

СШ мойынның  жартылай орамы       19.5см          

СгІ кеуденің  І-ші жартылай орамы       45см

СгІІ кеуденің ІІ- ші жартылай орамы      45.5см

Сг ІІІ кеуденің ІІІ-ші жартылай орамы      44см

  Ст белдік жартылай орам                        39.5см

Сб бөксенің жартылай орамы                   52см

Дтс артқы бойдың бетке дейінгі ұзындығы  43см

Впк артқы бойдың белге дейінгі көлбеу ұзындығы  45см

Вг кеуде биіктігі   24 см

Шг кеуде кеңдігі  17.5см

Цг кеуде ортасы  15см

Шс арқа жалпақтыға  19.5см

Бпрз арқадан қолтық ойындысына дейін .  25см

Оп иық орамы   30см

Оз білек орамы  18см

Др жең ұзындығы  62см

Шп иық орамы   13см

Ди жалпы ұзындық  70 см

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

Никитина Е.Д. Талғатбекова А.Ж.  Киімді конструкциялау.

- Астан,2008ж

Асанова А. Тастанбекова Г. Киімді конструкциялау және тігу

 тенхнологиясы.-Астана, 2008ж

Сатыбалдинова Б.С. Сәлімбаева М.А. Тігін өндірісінің технологиясы.-

Астана, 2008ж

Асанова А. Айдынбекова Ж. Нұрпейісова С. Киімді конструкциялау. –

Астана,2008ж

Оралбекова А. Әбдіжаббарова С. Тігін өндірісінің жабдықтары.- Астана,

 2008ж

Тәкішева Г.Ә Асанова Б.Е   Киімді модельдеу және көркемдік безендіру.-

Астана, 2008ж

Нұржасарова М. Кучарбаева К. Рүстемова А. Киімді дайындау

технологиясы.-Астана,2008ж

Жолдасбекова С.А. Костюм тарихы.—Алматы: Издат Маркет, 2006ж

Ермилова Е.В, Товченик И.А  Технология.- Алматы, 2008ж

 

Киімнің негізгі қасиеттері

         Киімнің негізгі қасиеттері деп ауа өткізгіштігі, төзімділігі, зиянды

заттардан қорғауы, гигеналық тағы басқада қасиеттері бар. Киімнің ауа

өткізгіштік қасиетті деп адам денесіне ыңғайлы, суықты, жылыны

бірқалыпты ұстауын айтамыз. Төзімділік қасиеті деп киімнің тозуын

айтамыз яғни киімнің шыдамдылығын, көпке шыдауын. Мысалға: жуған

кезде киімнің оңып, созылып кетуі, кожа киімдерінің суыққа төзімді болуы

тағы басқа. Зиянды заттардан қорғауы күннің сәулесінен, ыстықтан,

суықтан, шаң тозаңнан, кейбір химиялық заттардан қорғау жатады.

Гигеналық  қасиеті деп киімнің адам денесінен бөлініп шығатын тер

бөлініп шығатын заттарды соруы денені құрғақ әрі таза ұстауға пайдасы

өте мол . қоғамдық дамудың қазіргі сатысында киім деп өсімдік, мал

тектес және жасанды  матерялдардан тігіп адамды қоршаған ортаның

қолайсыз әсерлерінен қорғайтын,  ағзаның қалыпты және сақтайтын

температурасын   сонымен бірге оған әртүрлі көрік беретін заттар

жиынтығын айтады .   Киім қасиеттері ол тікелей  матаға және киілетін

орынға байланысты өйткені күн ыстық кездері ауа өткізбейтін

болғандықтант адамға ыңғайсыздық тудырады. Киімнің тағы бір қасиетті

жуған кезде тар немесе қысқа болып қалатындығын ескеген жөн. Көбіне

төзімді киімдерге дженсилік маталардан тігілген киімдер жатады .

 

Ұсақ бөлшектерді өңдеу

 

                                                              Белдікті тігу технологиясы

                                                                   Пагонды өңдеу технологиясы

                                          Ілмекті өңдеу

 

 

Киім бөлшегін өңдеу

                                                       Жан қиығын өңдеу

                                                            Иық қиықтарын өңдеу

                                                       Астарды бұйымға қосу

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2013-08-23 22:18:27     Қаралды-44456

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?

...

Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІРПІШ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Пісірілген балшықтан жасалған бұл әмбебап құрылыс материалы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОТТЕГІ ҚАЙДАН КЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Оттегі - жер бетіндегі ең көп таралған химиялық элементтердің бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘПТЕР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Мектеп дәптерлеріне ата-әжелеріңіз, аналарыңыз бен әкелеріңіз жазған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ПЛАНЕТА ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?

...

Күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ПЛАНЕТА КҮНГЕ ЖАҚЫН?

...

Меркурий – «ең ыстық» планета.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕГЕ ЖАРҚЫРАЙДЫ?

...

Күн Жер сияқты қатты дене емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »