UF

 

                                                                                                                                                                               

                                                  Мазмұны

     Кіріспе                                                                                                                9

                                                                                                         

 1       Құқықтық  мемлекеттің пайда болуы және дамуы туралы           

          идеялар                                                                                                   10

1.1     Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттамалары                                             10

1.2     Құқықтық  мемлекеттің ерекшеліктері                                                        13

1.3     Құқықтық  мемлекет  және  азаматтық  қоғам                                            16

1.4     Құқықтық  мемлекеттің  негізгі  қағидалары                                               18

1.5     Құқықтық  мемлекет  туралы  жалпы  ілім                                                  23

 

2        Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік Конституциялық 

               құқық  негіздері                                                                                        25    

2.1     Конституция- Қазақстан  Республикасының   Ата заңы                             25

2.2    Қазақстан–демократиялық,  зайырлы, құқықтық және 

         әлеуметтік  мемлекет                                                                               27  

2.3    Қазақыстан  Республикасы  азаматтарының   құқықтары  мен      

         бостандықтары                                                                                        28

 

3     Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттік  басқару  және 

       әкімшілік  құқық  негіздері                                                                         32

 

     Қорытынды                                                                                                       35

     Пайдаланған әдебиеттер                                                                                   37

     

Нормативтік  сілтемелер

 

  1. Қазақстан  Республикасының  Конституциясы, 1995 жыл;
  2. “Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  тәуелсіздігі  туралы” Конституциялық Заңы, 1991 ж.16 желтоқсан;
  3. Қазақ ССР-нің  мемлекеттік  егемендігі  туралы  Декларациясы, 1990 ж.25қазан;
  4. Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  кодекісі: Жалпы бөлім 27 желтоқсан 1994 ж; Ерекше бөлім. 1999 ж.1 шілде;
  5. ҚҚР Президенті  2009 қаңтар айының 13 жұлдызында  қол қойған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Жарлықтың ережелері
  6. "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 453-1 Заңының  1-тарауы - Жалпы ережелер.
  7. Қазқстан  Республикасының

 

  1. 1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы мен 1996 жылы Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» және «Саяси партиялар туралы» заңдары;
  2. 1991 жылғы 27 маусымда «Қазақ ССР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақ ССР-інің Заңы;
  3. 2000 жылғы желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік туралы» Заңы;

 

 

 

Анықтамалар

 

    Құқық дегеніміз – мемлекет  орнатқан  және  оның  күшімен  қорғалатын,   

жалпыға  бірдей  қоғамдық  қатынастарды  реттейтін  тәртіп  ережелерінің   

(нормалардың) жиынтығы.

   Құқықтық  мемлекет  дегеніміз-  жеке  тұлға   мен  қоғам  мүддесін  қорғайтын,  заң   үстемдігі  мен  құқық  принциптеріне  негізделген  мемлекет.

Норма  дегеніміз-  бір  қатынасты  реттеп,  басқаратын  ереже.  Норма

Мемлекеттің механизмі – белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сиппатлатын мемлекет органдарының жүйесі.

Мемлекеттік орган – билік өкілеттіктерге ие, мемлекет қызметтерін жүзеге асырушы ұйым.

Саяси режими – мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру әдістерінің жиынтығы.

Функция - заң ғылымында мемлекет пен құқыктың алдында тұрған мүдде-мақсаттарды, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және оның әдіс-тәсілдерін анықтап, іске асыруды біріктіреді.

Басқару нысаны - жоғарғы мемлекеттiк органдардың құрылуы мен ұйымдасуының тәртiбi.

Мемлекеттiк құрылым нысанында - мемлекеттің аумақтық кұрылысын, мемлекетпен оның аумақтық бөлiктерiнің арасындағы қарым-қатынастары көрсетiледi. 

Саяси (мемлекеттiк) режим - мемлекетi билiктi iске асырудың жолдары мен әдiстерiнің жүйесiн көрсетедi.

Мемлекеттiк басқарудың нысандары - мемлекет нысанының құрамы, ол жоғарғы мемлекет үкiметтінің ұйымдасуының, оның органдарының құрылуындағы кісі,;  

тәртiптi және олардың тұрғындармен қарым-қатынасын сипаттайды. 

 

 

Қысқартулар мен белгілер

 

БАҚ – бұқаралық ақпараттық құралдар

ҚСДП - Қазақстанның социал-демократиялық партиясы

ҚАП - Қазақстанның азаматтық партиясы

ҚРХП - Қазақстанның Республикалық халықтық партиясы

ҮЕҰ - үкіметтік емес ұйымдар

ӘҚСК - әкімдерге қоғамдық сенім комитеттері

КЕҰ - коммерциялық емес ұйымдардың

ҚР – Қазақстан Республикасы

 

  Кіріспе

 

    Мемлекет  пен  құқықтың  пайда  болуы  мен  дамуы  алғашқы   қауымдық  қоғамның  экономикалық , әлеуметтік, құры-лымдық , басқарушылық  салаларындағы  обьективтік    даму  процестері  бір-бірімен    тығыз  байланысты  өзгеріп,  жаңарып отырады. Малшылық  пен  егіншілік  қалыптасты, ажарланған  тастан  жасалған  қарулар  өмірге  келіп,  адамның  тәжірбиесі  өсіп молайды.  Қоғамдық  еңбек  төрт  күрделі  тарауға  бөлінеді: Малшылық,  жер игеру, өнірістік  және  саудагерлер  тобы. Оың  бәрі  еңбектің  өнімділігін  артырады,  қоғамның  шығысынан  кірісін  асырды.  Сөйтіп  қоғамдық байлық  қалыптаса  бастады,  оны  иемденетін  топтар,  таптар  паида  болды. Экономикалық  өзгерістер  әлеуметтік  қайшылықтарды  өмірге әкелді. Олар  төмендегі  негізгі  обьективтік  заңдардың- қосымша  өнімнің  пайда  болуы: жеке  меншіктің  қалыптасуы : топтар  мен  таптардың  арасындағы  күрестің  басталуы  әсерінен  туындайды   қайшылықтарды  реттеп,  қоғамдық  басқару  үшін  өмірге  мемлекетпен  құқық  келеді.

    Мемлекеттің  дамуы  -  мемлекет  қоғамдық  еңбек  бөлінісінің,  жеке  мменшіктің  пайда  болуы   нәтижесінде   алғашқы  қауымдық  құрылыс  тапқа  бөлінуінің  туындысы. Мемлекет  жария  үкіметтің  пайда   болуы  мен  іс- әрекетінің  нәтижесі   ретінде  қалыптасатын, қоғам  өмірін  ұйымдастырудың  нысаны  мен  оның  негізгі    салаларын  басшылық  ететін, қажетті  жағдайларда  мемлекеттің  күшқуатына  үйренетін  басқару  жүиесі.

      Мемлекеттің  пайда  болуыының, дамуының  бірнеше түрлері  бар .

    1. Шығыс  елдерінде ( Иран, Индия, Қытай, Араб т.б. шығыс  типтегі  елдерде)  мемлекеттің  қалыптасуы  негізінен   қоғамдық  меншікті  қорғаумен  байланысты. Себебі  алғашқы  қоғам  ыдырау  кезінде  бұл  елдерде  күрделі  құрылыстар  болды: ірі  су  каналдарын  жасау, суармалы  ирригациялық  жүйелер  құру,  құрғаұшылықпен  күресу.  Міне  ос  күрделі  жұмыстарды  жақсы  жүргізу  үшін  қоғамдық-мемлекеттік  меншік  қалыптасты. Сол  меншіктің  иелері:  шенеуліктер,  ру,  тайпа  басшылары, хандар,  корольдер мен  императорлар  болды.

    Сонымен,  Шығыс  елдеріндегі  мемлекеттердің  қалыптасу  себептеріне:

     -  ірі  ирригациялық  жүйелерді  жасау ;

     -  оны  іске  асыру  үшін құлдарды,  жұмысшыларды  жүйелі  түрде  топтастыру,  біріктіру;

     -  барлық  жұмыстарды  бір  орталықтан  басқару  жатады.

    Мемлекеттің  басқару  аппараты  бұрынғы  ру,  тайпаны  басқарған   аппараттан  өсіп  қалыптасты.  Жаңа  аппарат  қалың  бұқарадан  алыстай  түсіп   әділетсіздікті,  тонаушылықты  күшейтті.  Азия  типті  мемлекеттер  өте  бәсең  дамып  ХІХ-ХХ  ғасырларға  дейін  көп  өзгермей,  сақталып  келеді ( Қытай,  Иран  т.б.).

    2. Еуропалық елдерде  мемлекет   жеке  меншіктің  шапшаңғ  күрделі  дамуы,  қоғамның  тапқа  бөлінуі  арқылы  қалыптасты.

 

    Афина  мен  Римде  алғашқы  қоғамның  ыдырауы   кезінде  экономикалық  күшті  топтар  мен  таптар  мемлекеттік  билікті  өз  қолдарына  алып,  өз  мүдде-мақсаттарын  орындайтын  мемлекеттік,  көбінесе,  демократиялық  жүйедегі   саяси  бірлестік   болып  қалыптасты.

     Германияда  мемлекеттің  қалыпиасуы  басқаша  болды. Қалың  бұқара   байларға  тәуелді  болады,  федолдық  қатынастар  дами  бастады.  Осы  типті  мемлекеттер  Европаның  бірнеше  елдерінде  Ресейде,  Ирландияда  және  т.б.  қалыптасты.

     Құқықтың дамуы -  адам қоғамның дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол - әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамда қарым қатнастарда реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып,салт-дәстүр,мораль,діни нормалары) нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді кесіндер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.

    Құқық екі жолмен дамыды. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық-діни нормаларға сүйенеді. Мысалы, Индия да Ману заңына сүйенеді, ал мұсылман елдерінде – Құраң заңы. Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатнастардың мемлекеттік органнының өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарады.

Адам қоғамның мыңдағын жыл өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс- әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүде – мақсатты орындауға жұмсап келеді. Адамдар ежелгі заманнан мемлекетпен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді? – деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келеді.

    Енді мемлекеттің және құқықтың пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.   

  • Теологиялық теория -  мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді.
  • Табиғи теория – бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекетті, құқықты ешкім ойлып тапқан жоқ, олар адманың өзі сияқты табиғаттан бастау алып, әділеттілікке негізделген абсалюттік ұғымдар деп атайды.
  • Тарихи теория – осы теорияны ұсынғандар мемлекет пен құқық тарихтан бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді.
  • Патриарқалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжірбиесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде – мақстарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді.
  • Писхологиялық теория – адамдардың писхологиялық біріккен көз қарасы, іс-әрекетті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген тұжырымды қолдайды және т.б  [1].

 

 

     1 Құқықтық  мемлекттің  пайда болуы және  дамуы

     туралы  идеялар

  1.1   Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.

     Құқықтық мемлекеттің ұғымы

                        

   Мемлекеттің өз жұмысын заң негізінде іске асыратын ұйым ретіндегі ойлар , адам баласының өркениетті дамуындағы алғашқы кезеңдерінде пайда бола бастаған. Жетілген және қоғам  өмірінің адал  нысандарын іздеу , құқықтық мемлекет идеяларымен жалғанған. Ертедегі ғалымдар (Сократ,Демокрит,Платон,Аристотелъ,Полибии,Цицерон) құқық пен мемлекеттік биліктң арасындағы қарым-қатынасты көрсетуге талпынғандағы мақсаттары сол дәуірегі қоғамды  қамтамасыз ететін қатынастарды болжау болатын.

   Мемлекеттік билік құқықты мойындайды және бір мезгілде құқықпен тежелуі, ертедегі ғалымдардың ойынша , ең адал мемлекеттіке жатады.” Заңның күші жоқ жерде- Аристотелъдің айтуы бойынша –мемлекеттік құрылым нысаны жоқ”.Цицеронның айтуы бойынша халықтың жұмысы құқықтық араласу және жалпы құқықтық тәртіп . Ертедегі Грецияаның және Римнің мемлекеттік құқықтық идеялары, институттары, құқықтық мемлекеттер туралы кейінгі прогрессивтік ілімдердің аяғынан тұруына, дамуына белгілі әсерін тигізеді.

   Феодализмнен капитализмге өту кезеңіндегі өндіргіш күштердің өсуі, қоғамдағы әлеуметтік және саяси қатынастарды  туғызуға мәжбүр етеді және оның қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудағы негізгі ролін көрсетеді.

    Федолизмыдырауының алғашқы кезеңдеріндегі құқықтық мемлекеттілік идеяларды тарихи  тұрғысынан  сол кездегі прогрессивті оқымыстылар            Н. Макивелли және Ж. Боден айтқан. Макивели өзінің теориясында, ертедегі және қазіргі көп ғасырлық мемлекеттің өміріндегі  тәжірбенің негізінде , саяасттың принципін түсіндірді, саяси өмірдің дамуындағы қозғаушы күштерді білу арқылы, сол уақытқа қажетті идеалды мемлекеттң нұсқасын салуды көздеді.

    Мемлекеттің мақсаты, заттарды ерікті пайдалануға мүмкіндік жасап әр адамның қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуінде  деп  білді. Мемлекеттің  нысаны  туралы  мәселені  көтергенде, республика  нысанына  мейірі  түсті, себебі  тек  республика  нысаны  ғана, көп  жағдайда  теңдік  пен  бостандықтың  талаптарына  сай  келетін. Бұдан  мемлекетті – көптеген  отбасыларды  және өзіне  қарағандарды  құқықтық  басқару  деп  анықтады. Мемлекеттің  мақсаты, тек  құқық  пен  бостандықты  қамтамасыз  ету  деп  білді.

    Бурдуазиялық  революциялардың  кезеңінде  құқықтық  мемлекет  тұжырымдамасының  дайындалуына  прогрессивті  оқымыстылар  маңызды  үлес  қосқан: Г.Гроций, Б.Спиноза, Т.Гоббс, Д.Локк, Ш.Монтескье, Д.Дидро, П.Гольбах, Т.Джефферсон  және  басқалар. Солардың  ішіндегі, құқықтық  м емлекет  туралы, көбірек  маңыздылау, ғылыми – теориялық  ойлардың  мазмұнын  талдап  көрсетеміз.

     Гроций – табиғи – құқықтық  мектептің, бірінші  теорилық  маманы  болды. Оның  теориясы  бойынша: табиғи  құқық  және  ерікті  белгіленген  құқық  болып  екіге  бөлінеді. Табиғи  құқықтың  шығатын  көзіне  адам  табиғаты, адамдық  ақыл – ой  жатады.

     Табиғи  құқықтың  үйғарымына: басқа  адамның  нәрсесін  алмауға, өзін - өзі  ұстау, уәдеге  түру  міндеттілігі, кінәләрдәң  шығынды  төлеуі, сонымен  қатар  “Воздаяние” адамдарды  қылмысына  қарай  жазалау  жатады. Ерікті  белгіленген  құқық, мемлекеттен  шығып, түгелімен  табиғи  құқық  принциптеріне  сәйкес  келулері  қажет.

     Феодализмнің  құқықтық  институттарын  Гроций  адам  табиғатына  қарсы  деп  жариялады, сондықтан  “ақыл -ой  заңдылығына  жауап  беретін”

жаңа  талаптарға  сай  құқық  қажет  деп  есептеді. Ол  мемлекеттің  мақсатын  құқық  пен  бекіту  арқылы, жеке  меншікті  қорғау, көпшіліктің  келісімі  бойынша, әр  адамға, өзінің  мүлігімен  еркін  пайдалануды  қамтамасыз  ету  деп  білді. Әр  түрлі  нысандағы  мемлекеттің  құрылуы, Гроцийдің  ойынша, қоғамдық  келісім, сондықтан  халық  мемлекетті  құрған  да  кез  келген  басқару  нысанын  алуға  мүмкіндігі  бар, бірақ  оны  белгіленгеннен  кейін, халық   оның  басқарушыларына  бағынуға  міндетті. Мемлекеттік  басқару  нысанын  өзгертуге  қоғамдық  келісім  жасағандардың  екі  жағының  да  келісімдері  қажет.

     Құқықтық мемлекеттің идеясы мен мұраттарының жаппай тарату қазіргі уақыттың құбылысы болады, адамдар бұл құбылыспен мемлекеттік және қоғамдық өмірдің демократияландыру  перспективасын , әділдік пен адамгершіліктің жетістіктерін байланыстыруда.

Осыған байланысты  құқықтық  мемлекет ұғымын ашу  ,оның ерекшеліктері  мен ерекше сипаттарын  баяандау , қоғам өміріндегі ақиқат ролін  көрсету үлкен теориялық және практикалық мәнге ие болады.

      Құқықтық мемлекет мемлекеттік басқарудағы  құқықтық басымдығы  идеясынан шығып отыр , сондықтан  да тек қана  ресми оргындар  мен  лауазымды  тұлғалардың  ниетін емес , сон-дай-ақ азаматардың  және қоғамдық   өмірдің  басқа  субъектілерінің құқықтарын , бостандықтары   мен  мүделерін қамтамасыз  етіп , кепілдік беру  қажеттігін де  ескеретін  құқықтық  нысандар  мен әдістерге  басымдық  береді .  Құқықтық мемлекетке барлық экономикалық  ,  әлеуметтік  және рухани  процестерге , сондай-ақ  жеке тұлғалар арасындағ  өзара  қарым – қатынас  саласында кірісу жат құбылыс .  Ол  қоғамдық  қатынасқа  түсушілердің  арасындағы  әрекетке  айтарлықтай  автономия  мен  бостандық  бере отырып  , олардың  құқықтық  мәртебесінің нығаюына  айырықша қаморлық  көрсетеді және  он сақталуын  қадағалап отырады.

      Өзінің бүкіл  қызыметінде  барлық азаматтар  мен  қоғамдық  қатынастың  басқа  субъектілерінің  міндетті  түрде  және  сөзсіз  бағынуына  есептелген қатал  басқарушылық  және  бұйрықты  нұсқаулардың  нысандары  мен  әдістері  басым болып   келетін  этатистік  мемлект  оған  қарама  қарсы  болып  табылады.  Бұдан  , басқа , аталған  субъектілердің  бостандығы  мен дербестігі  . олардың   мемлекетке қатысты автономиялығы жоққа тән. Мемлекеттің  ролінің  шектен  тыс,  кейде  қалыптан  тыс  ұлғаюынан  экономиканың ,  әлеуметтік  қатынастардың  барлық салаларының ,  азаматтардың  жеке  өмірін  тікелей  өз  қарауына  және бағынысына алуғ   деген  талпынысынан , екінші  кезектегі  және  ұсақ – түйек  мәселелердің  шешуге  араласуынан  тұратын  этатистік  қоғамың  басқа ерекшелігі   де  осымен байланысты. Жеке  тұлғаның  және  тұрақты  заң  нұсқауларынан ғана  емес, олардың  күнделікті  араласып  отырған  мемлекеттік  оргындар  мен лауазымды  тұлғалардың  субъективті  қарауына  да  байланысты.

     Мемлекеттің  жоғарыда  аталған  екі тобының  арасындағы  аралық типтегі  түрлі мемлекеттер  болады ,  олардың  бірінші  және  екінші  типтің  белгілері  үйлесіп  жатады.  Олардың  кейбіреуі  этатистік  мемлекеттерге  анағұрлым  жақын,  алайда  сөйте тұра  жеке  құқықтық  принциптер мен  бастауға  тырысады.  Басқалары  этатизмнің  белгілерін  жоғалтпай –ақ  құқықтық  мемлекетке  жақындауда.

     Құқықтық мемлекеттердің  пайда болуы  мемлекеттік – құқықтық процестердің  ұзақ  эволюциясының  заңды  салдары,  реакциялық  институттардың  орнына  озат,  прогрессивті  және  тйімді  институттардың  өзіндік  ерекше  «селекциясы» мен  мұқият  іріктелгендігінің  нәтижесі болып табылады. Бұған мемлекеттік басқарудың  құқықтық нысанының  әміршілдігі -әкімшілік және полецейлік-бұйрықтық  нысандарынан  басымдығын  және пайдалығын  теориялық  ұғыну негізі болады . Құқықтық мемлекеттің  теориялық  бастаулары  түбірімен өткен шаққа  айналады деуге болады. Көне заманның озық  ойшылдары (Платон, Аристотель және басқалар) 090ы0ты4 позитивті ролін ескермейінше,  мемлекеттің құрылымы  мықты,  тұрақты  және сенімді  болуы мүмкін емес деген  пілірлер айтып кеткен. Құқықтың ролі  мемлекеттің  басқарушылардың  озбырлығына  тепе-теңдік ретінде  қаралады: заң әлдекімнің билігінде  болмауы  керек  өйткені барлық  оргындардың, лауазымды  тұлғалардың жіне азаматтардың  әректерін  бағыттап  отыруға арналған.[ 2 ].

     Алғашқыларда  бытыранқы және кедей  жекеленген  болжамдар  түрінде  пайда болған,  кейіннен  осы  идеялардың  негізінде  құқықтық  мемлекеттің   тұтас  тұжырымдамасы  қалыптасты.  Оның негізін салушылар  ретінде Дж. Локкты, И. Кантты, В. Гумбольдты, Г. Еллинекті, К. Шмитті және  басқаларды  атауға болады. Жекеленген мәселелер бойынша  бұл ойшылдардың бір біріне  ерекшелігі  болғанымен , басты  мәселеде – құқықтық  нұсқаулардың мемлекет  өзі  сөзсіз  орындап  отыруы  қажет екендігінде  жіне  қоғамдық  өмірге  қатысушылардың  барлығынан  осыны талап  етуінде – олардың  ойы бір  жерден  щығып отырды.

     Құқықтық мемлекеттің теориялық  тұжырымдамасының  ережелерін  бір қаттар  елдердің  өмір  тіршілігінде  практикадан  өткізу  консервативтік  күштердің  қарсылығына  тап болды  және  оны күресте  жеңе отырып  мемлекеттік  жіне  қоғамдық  қызыметтің  барлық  жағының  терең  жаңғыруымен  бірге жүрді – мемлекетік жүйенің  принциптері  жетілдірілді , жеке адамның  міртебесі  айқын   мазмұнмен толықты , құқықтық  құндылықтар  бірінші  дірежелі  маңызға ие болады,  шенеуліктердің  бассыздығы  азайып , олардың  қызыметі  біртіндеп  реттелген жіне  тіртіптелген  арнаға  түсе  бастады.

    Адамзат  қоғамындағы  саяси дамудың  жаңа кезеңінің  белгісі құқықтық  мемлекеттер « отбасының » пайда болып , көбеюі. Бұл – мемлекеттік –құқықтық теория мен практиканың ғажап  жетістігі, бүгінгі заманға  өркениеттің  орнығуы. Құқықтық  мемлекеттер өзінің  өмір сүру  фактісімен , өмірдің  барлық  саласындағы   күнделікті  табысымен  басқа  елдерге  бағдар  болуда , оларға  әділетті   адамгершілік  қоғам  құрудың  жолын  көрсетуде.

     Ең дұрысы  бұдан былай  құқықтық  мемлекеттердің  саны  әлемде  этатистік  мемлекеттердің  санының  азаюы  есебінен  өсетін  болады. Бірақ  бұл – қарапайым  түрде  түсіндіруге  болмайтын  дамудың  жалпы  тенденциясы. Әр  түрлі  елдерде  әлеуметтік – саяси  күштердің  айқын  ара  қатнасына  байланысты  болжауға  қиын  өзгерістер  болуы  мүмкін, бұл  өзгерістер, мысалы  құқықтық  мемлекеттің  деңгейіне  жетіп, сосын  кенеттен  олардан  кейінгі  орнаған  тоталитарлық  немесе  авторитарлық  режимдер  жағынан  қарай  бұрылып  кететін  жекелеген  елдер  жоғарыда  көрсетілген  дамудың  жалпы  тенденсиясына  жатпайды. Тұтас  алғанда  прогресс  заңды  және  оның  бейнесінің  бірі  құқықтық  мемлекет  принциптерін  нығаюы  болып  табылады.[3].

 

  1.  Құқықтық  мемлекеттің  ерекшеліктері.

 

     Құқықтық  мемлекеттің  этатистік  мемлекеттен  принципті  айырмашылығына  көптеген  көрсеткіштер  бойынша  келтіруге  болады.

    1. Құқықтық  мемлекетте  биліктің  бүкіл  механизмі  және  әрбір  орган, әрбір  лауазымды  тұлға  өз  қызыметіне  жеке  алғанда  құқықтық  принциптер  және  нұсқаулар  мен  байланысты  өздерінің  барлық  шараларын  солармен  сәйкестендіреді. Құқықтық  нормалар  жұртшылыққа  ғана  емес, сондай  -ақ  мемлекеттік  органдармен  лауазымды  тұлғалар  үшін  де  міндетті. Олардың  құқық  шегінен  шығып  кетуі  мүлде  болмайды  немесе  мүмкін  емес  нәрсе. Егер  етатистік  мемлекетте  ресми  органдар  мен  лауазымды  тұлғалар  құқықты  екінші  кезектегі  және  өзі  үшін  міндетті  емес  деп  санайтын  болса, мұндай  көз  қарасқа  құқықтық  мемлекет  жағдайында  жол  берілмейді  және  ол  біртіндеп  жойылып  та  кетеді.

    2. Құқықтық  мемлекет  құқық  пен  занның  арасындағы  этатистік  мемлекетке  тән  мұндай  үлкен  қарама – қарсылықты  білмейді. Онда  мемлекеттік  органдардың  барлық  нормативтік  актілері  өзінің  мазмұны  және  бағыттылығы, қабылдау  және  рәсімдеу  процедурасы, іске  қосу  ерекшеліктері, қолдану  сипаты, тәртіп  бұзушылықтың  жүзеге  асырылуы  мен  қорғау  жөнінен  құқықтың  жоғары  критерийлеріне  сай  келеді. Заң  құқықтық  принциптердің  жүйелігіне  негізделеді, одан  қалмайды. Мемлекеттік  органдардың  құқыққа  қарсы  нормативті  актілер  қабылдап, оның  жұмыс  істеуі  іс  жүзінде  мүмкін  емес  нәрсе.

     3. Құқықтық  мемлекет  нормативтік  нұсқауларды  қабылдап  оны  жариялау  мен  ғана  шектелмейді. Ол  осы  қабылданған  нормативтік  нұсқаулардың  міндетті  түрде  жүзеге  асуына, барлық  жеке  және  заңды  тұлғалардың, мемлекеттік  және  қоғамдық  органдардың, кәсіпорындардың, мекемелер  мен  ұйымдардың  әрекетіне  айқын  бағыт  беруді  қамтамасыз  етуге  көп   көңіл  бөледі. Мемлекеттің  құқықты  жүзеге  асыру  бағытындағы  қызыметті  приориттіктің  қатарына  жатады, «қағаз» жүзіндегі, қолданылмайтын  заңдардың  жоққа  саюы  осыған  байланысты, ал  этатистік  мемлекетте  оның  «қоқыстарын» ешкімнің  тіпті  тазалағысы  да  келмейді. Қоғамдық  қатнастың  әрбір  субьектісі  мемлекеттік  оргындардың  қолданылып  жүрген  нормативті  актілерін  орындау  міндетті  түрде  екендігіне  көзі  жеткендіктен  ( басқаша  болуы  мүмкін  емес), құқық  тәртібінің  тұрақты  болуының  айрықша  жағдайын  жасауға  мүмкіндік  туғызады  және  қоғамда  заңдық  нигилизмнің  және  адамдардың  құқыққа  деген  менсенбеушілік  қатнасынасының  тарауына  кедергі  жасайды.

    4. Құқықтық  мемлекеттің  айрықша  атқаратын  шаруасы  мемлекеттің  нормативті  актілерінің  әрекет  етуінің  субординациясына   сақтау  болып  табылады. Онда  құқық  бастауларының  иерархиялық  қатал  жүйесі  қалыптасады, әрекет  етеді  және  дамиды. Бұл  жүйедегі  әрбір  актінің  орны  оның  заңды  күшіне  байланысты. Бұл  жүйенің  шыңын, немесе, бейнелеп  айтқанда, құқық  бастауларының  «пирамидасын» жоғары  заң  күші  бар   конситутция  құрайды. Басқа  ешқандай  құқық  бастаулар  тура  немесе  жанама  мағанасында  конситутцияның  принциптерімен  нормаларына  қарама – қайшы  келе  алмайды. Керісінше, мемлекеттік  органдардың  барлық  нормативті  актілері  және  құқықтың  басқа  да  бастаулары  конситутцияны  негізге  алып, оның  мазмұнын  тәптіштеп, нақтылап  және  дамытуы  тиіс. Конситутциялық  және  кәдімгі  заңдар  соған  сәйкес  түзіледі, ал  заң  пирамидасының  келесі «қабаттарын» мемлекет  басшысының  актілері, үкіметтің  қаулылары  мен  жарлықтары,министірліктер  мен  ведомстволардың  бұйрықтары  мен  нұсқаулықтары, жергілікті  өкілді  және  атқарушы  органдардың  актілері, құқықтық  әдет – ғұрып, сот  және  әкімшілік  прецеденттері  құрайды.

     5. Құқықтық  мемлекетте  жеке  адамның  және  қоғамдық  қатнастардың  басқа  субъектілерінің  мәртебесі  былайша  ерекшеленеді, біріншіден, олардың  қалыпты  тіршілік  әрекетін  және  олардың  алдында  тұрған  міндеттерді  табысты  шешуді қамтамасыз етуге  жеткілікті  құқықтар мен  бостандықтардың  кең  кешенін  қарастырады:    екіншіден,  құқықпен  ажырамас  бірлікте   болу  онымен  шамалас  болуды  жіне  міндеттер жүйесінің  теңбе – тең болуын  міндеттейді:үшіншіден, оны  міндетті түрде  жүзеге  асыру  айқын заң  кепілдіктерімен  бекітілді.  Қоғамдық қатынас  субъектілерге  теңдігін  олардың  бір түрі  шегінде,  таптық,  ұлттық,  рулық-топтық және  басқа жеңілдіктерді  және  біреуінің  басқалардың  мұндай  жеңілдіктермен  артықшылықтан  айырылып  қалған  жағдайдағы  артықшылықтарын   бекітуге  тырысуы  көрініп  тұр. 

    6. Барлық мемлекеттік  және  қоғамдық  институтар  мен  құрылымдарды  заңды  деп  тану  -  құқықтық мемлекеттің  ерекшелік  белгілерінің  бірі.  Мұнда  жеткілікті  заң  базасына  арқа  сүйемейтін  институттар  мен  құрылымда  аз кездеседі.  Егер  алда – жалда  мұндайлар  болатын  болса  , онда ұзақ уақыт  тіршілік  етуге  және  жұмысын  табысты  жүргізуге перспективасы  бомайды  және  жеңуге  болмайтын  қйындықтарға   кездескен соң  өзі  де   сахнада  тез-ах  кетеді.  Институттармен  құрылымдардың   басым  көпшілігі  белгіленген ережелермен  проседуралармен  сақтаға  заңның  негізіндн, құралады  және  олардың  мақсаты,  міндеті,  қызымет етуінің  нысаны  мен  әдіс  ресми  түрде  тәптіштеп  регламенттеледі.  Атап  айтқанда,  бұл  заңды  деп  тануды  тіркеу, рұқсат  ету  немесе  лицензиялық  тәсілінің  үйлесуіме,  сондай  ах  тиісті  мемлекеттік  оргындардың  бақылау- ривизиялық  өкілетілігін  пайдаланумен  қамтамасыз  етіледі

     7 Құқықтық  мемлекетте  билікті  болу  принсіпі  жариаланады  және  жүзеге  асырылады.  Осға сәйкес  біп  тұтас  мемлекетік  билік  шеңберінде  бір біріне  тежемелік  әрі  тепе теңдік  жүйесін  пайдаланып  өзара  іс- қймыл  жасайтын  дербес  арі  тәуелсіз  үш  тармақа  - заң  шығарушы,  атқаруш  және  сот тармақтарына  бөліну  қамтамасыз  етіледі.  Бір билік  тармағының  басқа бір билік  тармағының « таптауына,  оларды  бағынышты  жағдайға  қоюға  жол  беруге  болмайды   қаралып  отырған  принсіптің  мәнісіі  бір  оргында немесе  бір  лауазымды  тұлғада  биліктің  шектен  тыс  жоғырлануына қарсы  әрекет етеді  жән,  оның  мемлекеттік  апарттың  ішінде  біріңғай бөлінуін  қамтамасыз ете   отырып,  диктаторлық  режимнің  орнауына  кедергі  жасайды. 

     8.  Құқықтық  мемлекетте елдің  ішкі  заңымен  халы аралы  құқықтың  көпшілік  таныған  принсиптері   мен   нормаларының  арасындағы  тиімді  ара қатынасты  орнату  жөніндегі  шаралары  жүзеге  асырылуда. Халық аралық құқық  өзінің  қазіргі  заманғы  құқықтық  өркенйетің  жетістіктерін  нақты  көрсетуде.  Ол  жетістіктерге  құқықтық  мемлекет  қалай  болғандада қосылады  өйткені  олар  ідетте  халықаралық  келісімдер  приоритетерін  олардың  заңдарын  алдына  орнықтырады  және  бұл  келісімдер  тікелей  өздерінде  қолданылады  деп  айрықша  бөліп  айтады.  Осылайша  бұл  елдердің заң  жүйесінде  сырттқы  әлемнен  болуы  мүмкін  оқшаулануы  мен  тасалануынан  құтылуға  болады:  Олар  әлемдік  қауымдастықтың  құқықтық  жүйесіне  жақывндасқандай  болады,  оларды қабылдай  отырып  және  өзінің  нормативті  актілерінің  жағдайын  солардың  деңгейіне  жеткізе  отырып,  оның  көптеген  маңызды  принциптері мен  нормаларын  қолдана  бастайды.

      9. Құқық  тәртібі  бұзылғандығы  белгілі  болған  жағдайда  (әсіресе  азаматтардың  құқығы  мен  бостандығы  бұзылса) бірден  құқықтық  реттеу  және  құқықтық  қорғау  механизімі  іске  қосылады, мұнда  бірінші  кезектегі  роль  сотқа  беріледі. Бұл  механизм  кешенді  түрде  жаңа  басталған  құқық  бұзушылықтың  алдын  алуды, бұзылған  құқықты  қалпына  келтіруді, келтірілген  зиянды  өтеуді, кінәліліерді  жазалауды, жаңа  құқық  бұзушылықтың  алдын  алуды, азаматтарға  және  қоғамдық  қатнастардың  басқа  субъектілеріне  мемлекеттің  барлық  нормативті  нұсқаулар  ешқандай  ерекше  жағдайларды  ескерместен, міндетті  түрде  орындалуын  шешеді. Құқықтық  мемлекеттің  юрисдикциялық, құқық  қорғау  және  превентивті  ескерту  қызыметі  құқықтық  талаптарды  қатан  сақтауға  негізделетіндігі, соның  негізінде  қоғам  өмірінің  құқықтық  «көңіл – күйі» айтарлықтай  жоғары  болатындығы  маңызды.

    10. Құқықтық  қоғам  үшін  азаматтардың  мемлекет  алдындағы  және  мемлекеттің  азаматтар  алдындағы  өзара  жауап  кершілігі   тән. Мемлекет  әрбір  адамға  тумысынан  берілетін, ешкім  айыра  алмайтын  құқықтар  мен  бостандықтарын  мойындап  қана  қоймайды, сондай – ақ  олардың  ресми  рәсімделуі, жүзеге  асуы, қол  сұғушылықтан  қорғау  үшін  барынша  қолайлы  жағдай  туғызуға  талпынады. Өз  кезегінде, азаматтар  өздерінің  құқықтары  мен  бостандықтарын  мемлекетке, басқа  азаматтарға, басқа  қоғамдық  қатнастар  субъектілеріне  зиян  келтірмейтіндей  етіп  қана  пайдалана  алады; олар  өздеріне  жүктелген  міндеттерді  қатаң  сақтауы  керек.

     Басқаша  айтқанда  мемлекет  пен  азаматтардың  байланысы  күрделі  әрі  көп  қырлы, ол  олардың  бірінің  біріне  деген  қарым – қатнасы  тұрғысынан  белгілі  бір  құқықтар  мен  міндеттегені  сияқты, бір – бірінің  алдындағы  белгілі  бір  міндеттерін  орындауы  түрінде  де  көрінеді.

     Жоғарыда  көрсетілген  белгілердің  жиынтық  әрекеті  қоғамда  және  мемлекетте  құқықтың  билік  құратындығы, оның  үстемдігі,приоритеті, басымдық  жағдайы  қабылданған  дегенге  алып  келеді. Бұл  жақсы  да, өйткені  құқық – адамзат  өркениетінің  көрнекті  жетістігі, реттеудің  жинақталған  әлуметтік  тәжірибесінің  квинтэссенциясы, басқару  және  ықпал  ету, әділеттіліктің  жалпы  адамзатқа  тән  құндылықтар  мен  мұраттарды, демократия  мен  тәртіпті  жүзеге  асырудың  нысаны, мәдениеттің  қажетті  компоненті. Құқықтың  қоғам  өміріндегі  ролін  және  оның  не  үшін  арналғанын  терең  түсініп, соған  лайық  іс – қимыл  жасайтын  мемлекетті  құқықтық  мемлекеттің  қатарына  жатқызуға  болады.

     Құқықтық  мемлекеттің  жоғары  да  аталған  белгілерін  бір – бірінен  бөліп  қарамай, біртұтас  түрінде  алып  қараған  дұрыс. Егер  этатистік  мемлекеттің  құқықтық  мемлекетке  айналу  динамикасын  қарайтын  болсақ, онда  мемлекеттілік  құрылымдағы, іс – қимыл  нысандары  мен  әдістеріндегі, ағымдағы  және  перспективадағы  міндеттердің  бірте – бірте  өзгеруінің  сандық  тұрғыда  жинақтала  келіп, сосын  оның  сипаты  мен  табиғатындағы  сапалық  өзгерістерге  алып  келетіндігі  анықтау  маңызды  болмақ.

     Осылайша, құқықтық  мемлекет  деп  құқықтық  құндылықтарға  приоритет  беретін, жұртшылық  арасында, сондай – ақ  мемлекеттік  аппарат  қызыметкерлері  арасында  олардың  биік  беделі  үшін  қамқорлық  жасайтын, өзінің  бүкіл  іс – қимыл  құқық  пне  байланысты, заң  талабы  шегінде  әрекет  ететін, азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарын  бұзуға  жол  бермейтін  мемлектті  санауға  болады. [4].

 

     1.3 Құқықтық  мемлекет  және  азаматтық  қоғам.

 

     Құқықтық  мемлекеттілік  азаматтық  қоғаммен  табиғи  байланысқан, ол  онсыз  қалыптасып, қызымет  етіп  өркендей  алмайды. Азаматтық  қоғам -  құқықтық  мемлекеттің  маңызды  компонентері  пайда  болып, бекіп, өзінің  тіршілікке  қабілеттілігі  мен  өміршендігін  көрсететін, жетілдірілетін  және  олар  үшін  өзіндік  бір «тіршілік  ету  ортасы» болып  табылатын, оларға  қажетті  жағдайлар  мен  алғышарттар  жасайтын  айқын  әлеуметтік – экономикалық  қондырма. Құқықтық  мемлекет  құрудағы  табыстар, бұл  процестің  өрісі  мен  қарқыны  оның  оң  және  теріс  нәтижелерінің  ара  қатнасы  азаматтққа  дейінгі  қоғамның  азаматтық  қоғамға  айналу  дәрежесіне  тура  пропорционал  тәуелді  болып  табылады. Құқықтық  мемлекеттің  құрылуы  мен  дамуы  өз  кезегінде  азаматтық  қоғамның  нығаюы  мен  жетілуін  жеңілдетеді, және  құқықтық  емес  мемлекеттің  құқықтық  мемлекетке  ауысу  процесі  біріншісінен  екіншісіне  айналуы  неғұрлым  кең  өріс  алса, азаматтық  қоғамға  тірек  болатын  және  оған  қызымет  көрсететін  тіректер  мен  құрылғылар  солғұрлым  сенімдірек, мықтырақ  болады.

     Басқаша  айтқанда, қоғамдық  өмірдің  аталған  екі  құбылысының  (құқықтық  мемлекет  және  азаматтық  қоғам) арасында  өзара  келісушілік  пен  өзара  іс- қимыл  нысанасында  екі  жақты  тәуелділік  бар: іс  жүзінде  олардың  біреуі  екіншісінсіз  тіршілік  ете  алмайды; бұдан  былай  олар  бір  біріне  серік  болады, олардың  қызымет  етуінің  нәтижесі  бір  бірімен  тығыз  байланысты  және  олардың  әрқайсысына  тікелей  әсер  етеді.

      Азаматтық  қоғам  әдетте, жеке  меншіктің  және  нарықтық  қатнастардың, орта  таптығы  меншік  иелерінің  ролінің  арта  түсуімен, бәсекелестік, шұғылдық, парасатты  есептей  білу  негізіндегі  шаруашылық  және  коммерциялық  табыстарға  қол  жеткізілуімен  сипатталады. Әлеуметтік  толысудың  белгілі  бір  деңгейіне  жеткен  соң  азаматтық  қоғам  мемлекеттің  диктатын  өзіне  дарытпайтын  жағдайда  болады, онымен  тең  және  белгілі  бір  тепе – теңдік  орнатып, үйлесімді  қатнастар  мен  өзара  әрекеттестікті  қалпына  келтіреді. Азаматтық  қоғамның  одан  әрі  жетілдірілуіне  қарай  онда  мемлекетпен, социумдарымен, жеке  тұлғалармен  байланыстары  жаңа  деңгейге  көтеріледі, олардың  біреуінің  екіншісінен  шектен  тыс  басымдығы  болмайды. Қоғамда  пайда  болған  жанжалдар, қарама – қайшылықтар  және  шиеленістер  жария  құралдармен, зорлықсыз, басып – жаншусыз, революциясыз  шешіледі.

    Құқықтық  мемлекет пен  азаматтық қоғам бір – біріне  жақын болғанымен әр түрлі  мәселелерді  тікелей  шешеді. Егер  мемлекет  өзінің  конституциялық  және  заң  актілерінде  жеке  адамның  құқықтық  мәртебесін  баянды  ететін  болса, онда  азаматтық  қоғам  оны  жоғары  әлеуметтік  мәртебемен  қамтамасыз  етеді. Мәртебенің  бұл  екі  түрі  жеке  адамның  өмірі тіршілігінің  әр түрлі  жақтарына  акцент  береді, бірін бірі  толықтыра  отырып, оған  өзінің  мақсаттары  мен  міндеттеріне  қол  жеткізуіне  мүмкіндік  береді. Әлеуметтік  мәртебе  материялдық, ұйымдастырушылық – техникалық  мүмкіндіктерді, сондай – ақ  әрбір.                 

         Азаматтық  қоғамның  мемлекеттік  билік  жүргізуге  үлкен  ықпал

Сурет 1  Азаматтық  қоғам

 

    Саяси  партияларға  мақсат  мүделеріне  байланысты  әр  түрлі  мағынада  сипаттамалар беріліп келе жатыр. Мысалы, XVIII ғасырда өмір сүрген ағылшын философы Э.Брек партияны «нақтылы идеялары мен мүделерді ұсыну мақсатында құрылған адамдардың ұйымдасу» деп бағалады.

    Неміс ойшылы В.Хасбах XX ғасырдың басында «партия деген саяси билікке жету, өз мүделерін іс жүзіне асыру үшін,саяси көзқарастары мен мақсаттары бір адамдардың одағы» деген ой білдірді. Ал, М.Вебер партияның мақсаттарын материялдық пайда табу және жеке адамның айрықша құқыққа ие болуы деп түсіндіреді.[5]

 

1.4 Құқықтық  мемлекеттің  негізгі  қағидалары  (принциптері)

 

     Құқықтық мемлекеттің негізгі қағидалары адамзат тарихын мың жылдық дамуы барысында саяси-құқықтық ой-пікірде біртіндеп, эволюциялық жолмен қалыптасты. Олардың пайда болуларының ең негізгі себебі – жалпы адамның табиғатына жат бассызжық пен заңсыздыққа тосқауыл қою және деспотизммен бір адамның мемлекеттегі шексіз билігін тежеу қажеттігі болды. Бұл жалпы адам табиғатының сұранысы, бостандық, теңдік, бақытты өмір сүруге ұмтылудың негізгі талаптарының бірі. Құқықтық мемлекет ғасырлар бойы қалыптасқан гуманистік ой-сананы, прогрессивтік құқықтық идеялардың қортындылаудың нәтижесінде арнайы қағидаларды қалыптастырады. Сол қағидалар үстемдік еткен мемлекетте ғана құқықтық мемлекет орнайды. Қазіргі заң әдебиетінде құқықтық мемлекеттің қағидаларының бөлінуін, олардың қанша екенін әр зерттеуші өздерінің тараптарынан баға беруде. Осы күнге дейін қалыптасқан қағидаларға баға беріп, таладу жасап қарасақ, мынандай түрлерге бөліп қарауға болады:

    1. Заң тыйым салмағанның бәріне рұқсат. Ежелгі Рим заңгерлері  қалыптастырған және кейін барлық елдердің құқықтық жүйелеріне енген «Libertas est potestas faciendi quod iure licet» «Бостандық еткен құқық рұқсат еткен әрекеттердің істеу» талабы жаңа заманда қайта жарияланып, мемлекеттің негізгі қағидаларына ұласты. Құқықтық мемлекетте мемлекеттің парламенті, президенттің және басқа да конституция бекітіп, құзыр берген барлық органдар шығарған нормативтік-құқықтық кесімдер адамдар мен азаматтардың қайсы бір әрекеттерді жасауға тыйым салмаса, оларды жасауға рұқсат етіледі, яғни ешқандай қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік жауапқа тартылмайды. Құқықтық мемлекетте субъектілердің әрекеттері тиімді реттеледі де, көп салада рұқсат ету идеясы кең қолданылады. Тыйым салатын нормалар негізінде қоғамға қауіпті әрекеттер мен халықтың құлықтылық құндылықтарына зиян, нұсқан келтіретін мінез-құлықтарды тежеуге, болдырмауға батталған. Мысалы, дін бостандығын жамылып, дінді басқа мақсатта пайдалану. Адамдардың, топтардың мүделері құқықтық мемлекетте іс жүзіне асырылуы барысында тыйым салынбаған әрекеттер санатына болулары шарт. Тыйым салынатын әрекеттерді болдырмау мемлекеттің бақылауында және жауаптылығында. Ал мемлекеттік органдар мен заңды тұлғаларға құқықтық мемлекетте «Тек заңда тікелей көрсетілген ғана рұқсат»деген қағида іс жүзіне асады.

      2. Мемлекеттің барлық саласында заңның үстем болуы. Бұл қағиданың талаптары бойынша құқықтық мемлекетте заң өмірдің, қоғамдық қатнастардың барлық саласында үстемдік етіп, заңдылықтың орнауы қатаң түрде қамтамасыз етілуі тиіс. Заңның үстем болуы негізінде екі бағытта іс жүзіне асырылады: Біріншіден, Президенттен бастап барлық мемлекеттік органдар, мекемелер, лауазымды тұлғалар мен барлық адамдар заңға бағынулары тиіс. Ешкім заңсыз әрекеттері үшін жауапкершіліктен босатыла алмайды. Жасаған әрекеттерінің қоғамға қауіптілігіне қарай жауапқа тартылатыны ешқандай дау туғызбайтын аксиома болуы қажет.Екіншіден, атқарушы оргындардың шығарған нормативтік құқықтық кесімдер Конситутцияға және басқа Парламент шығарған заңдарға қарама-қайшы келмеулері тиіс. Үшіншіден, қабылданған барлық заңдар құқықтық идеяға ұласулары қажет. Яғни, құқықтық қағидалар мен талаптар барлық заңдардың ең негізгі өзегіне айналулары тиіс. Олай болмаған жағдайда шығарылған заңдар репрессиялық, жауыздық және антигуманистік сипат алып, адам құқын аяққа таптауға кеңінен жол ашылуы әбден мүмкін. Мысалы, өткен ғасырдың отызыншы жылдары Кеңес мемлекетінде осындай оқиғалар кең етек жайды. Қылмыстық  жауапқа,  тіпті  атауға  дейін  он екі жастан бастап тартылды, отанды сату деген айып тағылумен сотталғандардың кәмелетке

3-Сурет.  Құқықтық  мемлекет

толған отбасы мүшелері сайлау құқықтарынан айырылып, бес жылға жер аударылды. Ал, 1931 жылы қабылданған заң бойынша жұмысқа себепсіз шықпай қалғаны үшін жұмыстан қуылып, тұратын тұрғын үйінен айырылатын болған. Қабылданған заңдар әділетсіз, гуманизм, құқықтық қағидалардан мүлдем ада.

     3. Адам құқықтарының ең жоғарғы құндылық деп танылыуы, мазғымас болуы және жариялық өкімет тарапынан тиімді қорғалуы. Бұл қағида негізінен XVII-XVIII ғасырларды Орта ғасырлық саяси-құқықтық жүйеге, әсіресе Еуропада кең етек жайған  инквизицияға  қарлысық   білдіруден    туындады.  Буржуазяилық  қатынастар   қалыптасып  келе  жатқан   Еуропа  елдерінде  жаңа  күш,  буржуазия  табы  биліке  ұмтылу  барысында  адам  құқықтарының  аяққа  тапталмай  олардың  мызғымас  болып, ең  жоғарғы  құндылықтар  екенін  саяси-құқықтық  ой-пікірден  асқан  мақтанышпен  паш  етті.  Атап  атқанда  өмір  сүру  құқы,  меншікке  ие  болу ,  жеке  адамның   құқықтарына  қол  сұқпау,  дін, сөз  бостандықтары,  тең  құқылы  сияқты  адамдардың  құқықтарын  табиғи  деп  жариялады,  оларды  қорғау,  қамтамасыз  ету  адамның  шыққа  әлеуметтік  тегіне  баиланысты емес,  адам  болғандығынан  қамтамасыз  етілуі  тиіс.  Адам  құқықтарының  мызғымас  болуы  туралы  тұңғыш  рет  Англияның  «Еркіндіктің  ұлы  хартиясы»  1215жылы  жариялауға  ынта  білдірді.  БҰЛ  Құжаттың  бірнеше  баптарында  заңсыз  қамалмау,  заңсыз  меншіктен  айыруға  болмайтындығы,  еркін,  ешқандай  кедергісіз  Англиядан  кетіп  және  қайтып  келу ( 39,  41-баптар) және  тағы  басқа   нормалар   енгізілді.

    Кейінгі  ғасырларда  адам  құқықтарының  негізгі  қағидалары  « АҚШ –тың тәуелсіздік  декларациясынан» ( 1776.4 шілде )  өзінің  нақтылы  шешімін  тауып,  кейінгі  қабылданған  құқықтық  құжаттарға  өзінің  нақтылы  шешімін  тапты. Атап  айтқанда  1789 жылы  Франция  ұлы  төңкерістің  « Адам  және  азамат  декларациясы»: «Адамдар  өз  құқықтарында  еркін  және  тең  болып  туылады. Қоғамдық  айырмашылықтар  тек  қана  көптің  пайдасына   негізделуі  мүмкін», - деген  норманы   дүние  жүзінде  үлгі  реттінде  паш  етті.

    Қазақстанның  саяси-құқықтық  ой-пікірінде  адам  құқықтарының   мызғымастығы,  тиімді  қорғалуы  туралы   илдеиялар  негізінде  ХХ  ғасырдың   басында   тұңғыш  рет « Қарқаралы   петиясында»  ( 1905 ) өзінің  шешімін  тапты.  Адам  құқықтарының   табиғи екені  және  олардың   ең  жоғарғы  құндылық   болуы  қажетілік  туралы  1911 жылы  ірі  реформатор,  Қазақстанның  тұңғыш  Канституциясының  авторы,  қоғам  қайраткері,  демократ  Барлыбек  Сыртанов  (1866-1914)  өзінің  « Қзақ елінің  уставында» нақтылы,   консептуалдық  мағынада  жариялады.  «Қазақ  еленде  адам  баласының  бәрі  тең  құқылы.   Дініне  қанына  , тегіне,  нәсіліне   қарап  адамдарға  қорлауға  жол  жоқ. Адам  тек  закон  һәм  құдай   алдында  жауап  береді.  Қазақ  елінде  адам  балалары  бостандықта,  тендікте  һәм бақытты  өмір  сүруге  құқығы  бар.

     Мұндай  талаптар   жалпы  мемлекеттің  адамның   өмір  сүруіне  оның  құқықтарын  қамтамасыз  етумен  қатар,  жағымсыз  қасиеттері  де  өзінің  функцияларына  айқын  көрініс  береді.  Атап  айтқанда  кеңес  үкіметіндегі,  сыбайластықты  жемқорлыққа, адам  құқықтарын  аяққа  таптау , заңсыз  әрекетерге  жол  беру  және  тағы  басқа  көптеген  бассыздықтар. Мемлекет  және  адамға  тек  қана  билік  жүргізу   тұғырынан  қарамауы  тиіс,  оның  барлық  қызыметі  құқық  шеңберімен  шектеліп  отыруы  тиіс. ХХ ғасырдың  басында  өмір  сүрген  А. Эсмен  деген  ойшыл  аталмыш  мәселеге  мынадай пікірін  білдірді  : « Жеке  құқықтардың  жалпы  сипаттарын  тән  бір  қасиет бар:  олар  мемлекеттің  құқықтарын  шектейді,  мемлекет  белгілі  бір  салаларға  араласудан  сақтануы  тиіс,  жеке  қызыметтілікке  белгілі  дәрежеде  жол  ашу  тиіс».

   4. Мемлекетте билікті бөлу теориясының  нақтылы  дәрежеде  қалыптасуы. Билікті  бөлу  теориясы  негізінде  Еуропада  буржуазиялық  төңкерістер  кезінде  пайда  болып,  феодализмнің  деспотиялық,  шексіз  билігіне  қарсы  бағытталған   прогрессивтік  идея  болды. Монархтың  тұқым  қуалау  арқылы  қалыптасқан  шексіз  билігін  тежеу,  тосқауыл  қою үшін  ұсынылды  және  келешекте  тиімді  түрде  іс  жүзінде  асырылады.  Бірақ  бұл  идея  ежелгі  Эллада  елінде,  тұңғыш  рет  адамзаттың  саяси-құқықтық  тарихында  Солонның  жасаған  реформаларында  көрініс  берген. Атап  айтқанда,  Солон Афинада  мемлекет  құру  барысында  400-дік  Кеңеспен  ареопага  оргындарын  қалыптастырып,  екеуінің  бір-біріне  тежеп,  биліктің   тепе-тең   болуын  жақтаған. Джон Локк, Шарль Луи Монтескье  сияқты  буржуазия идеологтері  билікті  бөлуді  демкратияның  дамуына  тікелей  ықпал  ететін  тетіктер    ретінде  бағалады. «Егер  заң  шығаратын  және  атқарушы  билік бір  адамның,  немесе  мекеменің    билігінде  болса,  онда  бостандық  болмайды , себебі  , бұл  монарх,  немесе  сенат  тирандық  заң  жасай  бастайды  ...Егер  сот  билігі  заң  шығарушы  және  атқарушы  биліктерден   бөлінбеген  жағдайда  да  бостандық  болмайды». Ал, Барлыбек  Сыртанов Қазақстанның  саяси – құқықтық  ой  пікірінің  тарихында  тұңғыш  рет «Қазақ  елінде  билік  жүргізу  закон  шығаратын , орындайтын   һәм  сот  болып  тұрады. Үш  билік  бір-біріне т бағынбайды,  бассыздыққа  жол  бермеудің  белгісі  болып  тұрады», -деп Ш. Монтескье  идеясын  қазақ  қоғамына  пайдалануды  ұсынды .

   Билікті  бөлу  теориясы  қазіргі  кезде  барлық  демократиялық  режимдегі  мемлекеттерде  қабылданған. Билікті  бөлу  жоқ  мемлекеттерде  құқықтық  мемлекет  құру  мүмкін  емес,  бір  адамның  еркі  үстемдік  етеді,  заңсыздықтың,  бассыздықтың  орнауына  тікелей  жол  ашады. Үш биліктің бір-біріне  ара  қатынастары  тепе-теңдік  тежемелік  қағида   негізінде  іс  жүзінде  асырылуы  тиіс.

   5. Мемлекеттің жек адам алдында жауаптылығы, адамның мемлекет алдындағы жауаптылығы. Мемлекет пайда болғаннан кейін өсе-өсе, үлкейе келе қуатты аппараты бар күшке айналады. Басқару, билік жүргізу барысында мемлекет халықтың бақылауынан шығып, ағылшындардың ірі ойшылы Томас Гобос айтқандай, ешқандай әрекеттермен шектелмейтін алпауыт күшке айналып, адамдарға үстемдік ететін құралға айналды. Бірақ, адамдар мемлекетті өздерінің өмірлерін қорғайтын, қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін күш ретінде құрғанымен, олөзінің дегенін істейді, тырп етпей бағынуды талап етеді. Сондықтан мемлекет басқару үшін құрылған саяси жүйе ретінде өзінің заңсыз әрекеттері үшін жеке адам алдында жауап беруі қажет.

   6. Плюрализм (көппікірлік)- құқықтық мемлекеттің қағидасы ретінде қоғамда еркін пікірталасқа толығынан мүмкіндіктер туады. Әркім өзінің пікірін еркін айтуға құқық бар және пікірталастың нәтижесінде әлеуметтік топтар, таптар, мүдделі азаматтар мемлекетке өз ойларын білдіреді. Батыс Еуропада плюрализм негізінде ірі социолог Фишердің страт теориясымен тікелей байланысты. Фишердің тұжырымдамасы бойынша қоғам әр түрлі мүделердің (кәсіби, мүліктік, білімдік, жас, діни, жыныстық  т.б) үйымдасқан топтарынан қалыптасады. Оларды ұйымдастырған мүдделер қоғамда басқа мүдделі адамдар арасында еркін пікірталас тудырады. [6].

  

    1.5  Құқықтық  мемлекет  туралы  жалпы  ілім

 

   Адамзат тарихында мемлекет және құқық пайда болғаннан кеін ұлы ойшылдар мен ғұлама тарихи тұлғалар билік жүргізуші топтардың басқаруды іс жүзіне асруда заңсыздық пен бассыздық, шексіз билікпен тиранияға кеңінен жол ашып, адам құқықтарын басып-жаншыған, қырғынға ұшыратқан жантүршігерлік әрекеттерін қатаң сынға алды. Мемлекеттің шексіз билігін шектеудің тетіктерін қарастырды. Атап айтқанда ұлы Сократ,Платон, Аристотель, Хан Фей, Хамурапи, жаңа заманда Н.Макиавелли, Б.Б.Спиноза, И.Кант, Т.Гобсс, Д.Локк, Г.В.Гегель, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, Ж.Ақбаев, Б.Сыртанов сияқты ойшылдар адам құқықтарының тиімді қорғалып, қоғамда әділеттіліктің орнауын ұсынған идеяларында басты мақсат етті.

   Платон еңбектеріне назар аударатын болсақ, қоғамда заң үстемділігі орнау қажеттігі аса маңызды мәселе ретінде көтеріледі. «Мен,-деп атап көрсетті Платон – заңның күші жоқ және оның қайсыбіреудің билігінде болса, ол  мемлекеттің күйреуінің жақын екенін болжаймын. Заң билеушілерге үстемдік еткен жерде олар оның құлдары және мемлекеттің құтқарылатынына сеніммен қараймын». Осындай пікірлер Аристотель, Цицерон сияқты ежелгі заман ойшылдарының еңбектерінде де жиі кездеседі.

   Азаматтық қоғаның құрамы негізінде тарихи даму барысында дәстүр мен бүкіләлемдік өркениеттік дамудың құндылықтары негізінде қалыптасады. Демократиялық қоғамда азаматтық қоғамның рөлі арта түседі және мемлекеттік басқару жүйесіне өзінің тікелей ықпалын тигізеді. Бұл жерде үкіметтік емес ұйымдардың мәні өте зор. Олардың мақсаттары мүделерге байланысты құрылған топтар мен ұйымдардың мүделерінің іс жүзінде асырылуына жағдайлар жасау және  мемлекеттің саяси шешім қабылдауына ықпал ету, оргындардың функцияларына жақсартуға, тиімділігін арттыруға кеңес беру, ұсыныстар енгізу болып табылады. Азаматтық қоғамның құрамына енген институттар мынандай талаптарға сай болулары қажет:

  1. Олардың құқықтық негізінде құрылуы.
  2. Алдына қойған мақсаттары консититуциялық құрылымды күшпен өзг

ертуге шақырмаулары тиіс.

  1. Мақсат, мүдделерін іс жүзінде асруда экстремистік әрекеттерге жол

Бермеулері тиіс.

   Кеңес мемлекет кезеңінде азаматтық қоғам институттары дамыған жоқ. Оған негізінде социалистік мемлекеттік және оның тоталитарлық идеялогиясы тікелей кедергілер жасады, коммунистік идеялогияны ыдырату деген көзқарасты қалыптастырды. Және К.Маркістің ілімі бойынша азаматтық қоғам қоғамдық өндірістік қатнастарға тәуелді болып, мемлекет, құқық, құлықтылық, дін, өнер сияқты қондырманы құрамына енді, оның ажырамас бөлігі ретінде танылды. К.Маркс өзінің «Саяси экономика саны жөнінде» деген еңбегінің «Алғы сөзінде» былай деп атап көрсетті: «Менің зерттеулерім мені мынандай нәтижеге жеткізді»: праволық қатнастары, дәл сол сияқты мемлекеттің формаларын да түсініп болмайды, керісінше, олар материялдық өмірлік қатнастарға негізделеді, бұл қатнастардың жиынтығын Гегель...«азаматтық қоғам» деп атайды, сондықтан азаматтық қоғамның анатомиясын саяси экономикадан іздеу керек ...Өз өміріндегі қоғамдық өндірісте ықтиярларына қарамайтын, белгілі бір, бұл қатнастар олардың материялдық өндіргіш күштері дамуының белгілі бір сатысына сай келеді. Осы өндірістік қатнастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп заңдылық және саяси қондырма орнайды және бұған қоғамдық сананың белгілі бір формалары сай келеді. Материялдық өмірдің өндіріс әдісі жалпы өмірдегі әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызады. Адамдардың санасы олардың болмысын билемейді, қайта, керісінше олардың қоғамдық болмысы олардың санасын билейді». Осындай тұжырым негізінде азаматтық қоғам қондырманың бір бөлшегі ретінде қаралып, мемлекетпен жұтылды. Ал, нарықтық қатнсатар дамыған қоғамда жеке, топ мүдделері бәсекелестік негізде дамып, пргрессивтік қағидалар мен талаптарды өмірдің, мемлекеттің қажеттілігіне жаратады, демократияны жетілдіру процесіне пайдаланылады. Азаматтық қоғам институтарының мүмкіндіктерін, озық-ойлы идеяларын, қоғамды жетілдіруде пайдалану-прогрессивтік дамудың ең негізгі талаптарының бірі.Мемлекет азаматтық қоғамның сынын, көрегендік пікірлерін толық ескерген жағдайда қоғамда үйлесімділік, келісімділік орнайды, қақтығыстардың шеңбері тарылады, индивидтердің бастарының бірігуіне жағдайлар жасалынады. Ал, азаматтық қоғамдағы идеялық келіспеушіліктер пікірталас арқылы келісімге келу, жетуге жағдайлар туғызады. Бұл жерде мемлекеттің төрелік қызыметі үлкен рөл атқаруы мүмкін. Бүгінгі таңда Қазақстанда 2,5 мыңнан астам мемлекеттік емес ұйымдар, 1 600-ден астам мешіттер бар. Сонымен қатар басқа діннің 547 ұйымдар да құрылған. Олардың бәрі азаматтық қоғамның құрамына енеді. [7].

 

 

 

 

 

 

 

2 Қазақстан  Республикасының   Мемлекеттік    Канституция

2.1   Қазақстан  Республикасы-егеменді  және  тәуелсіз  мемлекет

Халықтың  билік  етуі  жарияланады.лық  құқық  негіздері.

 

   Конституция   деген  сөздің  латыннан  аудармасы  құрыоғы,   жарғы,  заң   деген  мағыналарды  білдіреді.  Ежелгі  Римде  император  билігінің   кейбір  актілері  осылай  аталған.  Ең  бірінші   конституция  дүние  жүзінде  1787  жылы   қабылданып,  осы  күнге  дейін   қолданылып,  келе  жатқан  АҚШ-тың   Конституциясы  болып  табылады. Еуропада   бірінші  конституиялар  1791  жылы  Франция  мен  Польшада  қабылданған. Конституцияның  басқа  құқықтық  нормативтік  кесімдермен   мынадай   ерекшеліктері  бар  екенін  айта  кету  керек

  • қоғамдық  қатынастардың  негізін  қалайды 
  • құқықтың  негізгі  бастауы  болып  табылады 
  • ең  жоғарғы  заңдылық  күші  бар
  • оның  ерекше  тартіппен  қабылдануы
  • тұрақтылығы

   1991  жылдың  желтоқсан  айында  КСРО  ыдырап,  құрамына  кірген   одақтас  республикалар  егемен ,  тәуелсіз  әрі  дербес  мемлекеттер  құрды.  Қазақ  Кеңістік  Социалистік  Республикасы  жойылады.  Оның  аумағында  Қазақстан  Республикасы  деп  аталатын  жаңа  мемлекет  пайда  болды.

   Қазақстан  Республикасы  құрылған   кезден   бастап   бірталай   құқықтық  актілер  қабылданып,  жаңа  мемлекеттің   заңды   негізін   қалай  бастады. Оларға  жаатындар

   1.  Қазақ  ССР –нің  мемлекеттік  егемендігі  туралы   декларациясы.

   2.  Қазақстан  Республикасының   мемлекеттік  тәуелсіздігі  туралы  Заңы.

   3.  1993  жылғы  және  1995  жылғы  Қазақстан  Респуюбликасының  Конституциялары.

   Аталған  конституциялық  кесімдер  Қазақстанның  тәуелсіздігін,  дербестігін  жариялап ,  демократиялық,  құқықтық  мемлекет  құрудың  негіздерін  қалады.

   Қазіргі  уақытта  негізгі  құжат- Қазақстан  Республикасының  1995  жылғы  30  тамызда  өткен  республикалық  референдумында  қабылдаған  Конституциялық  заңдардың  қағидаларын   тұжырымдап,  бір  арнаға  келтірді .

   Бұрынғы   конституциялар  социалистік  мемлекеттің   негізгі   заңдары  деп   саналса,   жаңа  Конституция  демократиялық  мемлекеттің  Ата  Заңы  деп  жарияланды.  Бұл  мақсат  Конституцияның   алғы  сөзінен –ақ  байқалады.

   Біз  ортақ  тағдыр  біріктірген  Қазақстан  халқы,  байрағы  қазақ  жерінде  мемлекеттік   құра  отырып , өзімізді  еркіндік,  теңдік  және  татулық  мұраттарына  берілген  бейбітшіл азаматтық  қоғам  деп  ұғына  отырып,  дүниежүзілік  қоғамдастыққа   лайықты   орын  алуды  тілей  отырып,  қазіргі  және  болашақ  ұрпақтар  алдындағы  жоғарғы  жауапкершілігімізді  сезіне  отырып,  өзіміздің  егемендік   құқығымызды  негізге  ала  отырып,  осы  Конституцияны  қабылдаймыз, -делінген.  Оның  жоғары  заңдық  күші  бар  және   еліміздегі  барлық  іс-қимыл  мен  қалыптасушы   жүйелердің   нормативті  базасы  болып  табылады. Республиканың  бүкіл  аумағына  тікелей  қолданылады.  Бейнелей айтсақ,  бұл  Конституция  - мемлекет  қоғамының  құқықтық  сенімі және  халықтың  берген  төлқұжаты  деуге  болады.

   Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  республикалық  құрлыстың  негізін ,мемлекеттік  билік  жүйесін  және  Қазақстан  мемлекеті  мен   азаматтының  қатынасын  белгілейді.  Адам  және  оның  өмірін,  құқықтары  мен  бостандықтарын  Конституция  мемлекеттің  сол  үшін  қызымет  етуі  тиістігін  атап  көрсеттеді.[8].

Қ.Р Конституциясы  бойынша  мемлекеттік  биліктің  бірден-бір  қайнар  көзі –халық . Халыққа,  негізінен  мемлекеттің  ішкі  және  сыртқы  саясатын  анықтау  құқығы  берілген  .  Қазақстан  халық- тек  қазақ  ұлты  емес  сонымен  қатар  Қазақстанмен   тарихи  тағдыры  тығыз  байланысты  басқа  ұлттар  топтары. Халық  дауыс  беру  ,  (референдум), талқылау,  сонда-ақ Парламент депулттатарын  сайлау   арқлы  мемлекеттік  өмірдің  маңызды  мәселелерін  шешуге  қатысады. Президентті  де  тікелей  халық  сайлайды.

   Егемендік  және  тәуелсіздік  жарияланады.  Егемендік  -мемлекеттік  биліктің  бірлігін  үстемдігі  мен  тәуелсіздігін  анықтайтын   мемлекеттің   мәні  болып  табылады.  Аталған  қасиеттер  тығыз  байланысты  және  солардың   арқасында   мемлекеттің  азаматтарын  жалпыға  бірдей  тең  құқықпен   мемлекеттік  -құқықтық  бірлікке  топтастырып    отырған  Қазақстан  Республикасы   осындай  егемендік  жайына  толық  сипат  бере  алады.

   Мемлекеттің билігінің   біртұтастығы  Қазақстанды  тәуелсіз,  толық  билікті  бөліктерге   бөлінбейтін  бір  ғана   мемлекеттік   биліктің    болуы  мүмкін  және  бар  екендігін  білдіреді.

   Республика  мемлекеттік   билігінің   тәуелсіздігін  - оның  мемлкетаралық  қатынастағы  егемендігі. Қазақстан  мемлекетінің    басқа  бір  мемлекеттің   билігіне  бағынбауы ,  оның  дербестігін , сөзсіз  сыртқы    саясаттық  құқықтық  субьектілігін  білдіреді. Ещқандай  басқа  мемлекеттің  Қазақстаның  ішкі істеріне  араласуға  құқығы  жоқ,  өйткені  ол-егеменді ел.

   Қазақстан  мемлекетінің  тарихи   қалыптасқан  аумағы  бар.  Мемлекетіміздің  аумағы  біртұтас  және  оған  қол  сұғуға  болмайды. Қазақстан  Республикасының   аумағын   күшпен   басып, қосып  алу  не  ыдыратып  жіберу  халықаралық  қауымдастық  тарапынан  елдің  аумақтық  тұтастығын  қол  сұғушылық  және жалпыға  бірдей   халықаралық  құқық  принциптерін   өрескел  бұзушылық  болып  табылады. Қай  жақтан  шықса  да  мұндай  озбырлық   әрекеттердің  кез келгеніне  Қазақстан  Республикасы  өзінің  қарулы  Күштерінің  барлық  қуатымен   тойтарыс  беруге  хақылы. Бұл –оның  мемлекет  ретіндегі  егемендік  құқы. Сондықтан  Конституцияның  2-ші бабында  Республика  егемендігі  оның  бүкіл  аумағын  қамтиды. Мемлекет  өз  аумағының   тұтастығын,  қол   сұғыомауын    және  бөлінбеуін    қамтамасыз  етеді  -деп  атап  көрсетілген.

   Конституцияда  жарияланғандай  Қазақстан   басқа  көрші  елдермен   татулық  принципін  сақтау  және  олардың  ішкі   ісіне   араласпау,  дауларды  келісім  арқылы  шешу ,  бірінші  қарулы күштерді  қолданбау  саясатын  жүргізеді.

   Біртұтас  мемлекеттік  биліктің  тармақтарға   бөліну  принциптері- Қазақстан  Республикасының  негізге  алынатын  конституциялық  құрылысы  елдегі  ,билікті   күшпен  иемденіп  кетпеуіне  қоғам  алдында  кепілдік  беретін  принцип. 

   Респубдикадағы  мемлекеттік  билік  біртұтас,  өйткені  оның  бірден-бір  басталуы –Казакстан  халқы  және  мемлекеттің   егемендігі  бөлінбейді.  Әйтсе  де,  бұл  бидік   өзінің  бөлінуі  принципне  сәикес  заң  шығарушы, атқарушы  және  сот  тармақтарна  бөлініп,  олардың  тежемелік    әрі  тепе –теңдік  жүйесіне   пайдалану  арқылы  жүзеге  асырылады  (Концтитуцияның  3-бабы). Осыған  орай,  Конституцияның  Парламенттің,  Үкімет  пен  Жоғарғы  Соттың  міндеттерімен   дәл  белгілеп  шек  қояатын  және   біртұтас  мемлекеттік  биліктің  барлық  тармақтарының  үилесімді  жұмыс  істеуін қамтамасз   етудегі  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  өкілеттілігі  қисынды  шешім  тапқан.

   Республика  Парламенті  белгіленген  жағдайда  ел  Үкіметіне  сенімсіздік   білдіріп  ,  Президентті  қызыметінен  босатуға  қауіп  төндіре алады. Президент  өз  тарапынан   Парламентті  тартып  , Үкіметтің  өкілеттігін  тоқтатуға  , Парламент  тараып  Үкіметтің   өкілеттігін  тоқтатуға  Парламент  қабылдаған   заңдарға  тыйым  салынады және  үкіметтің  актілерін  өзгертуге  не  тоқтауға  құзыры  бар.

   Үкімет  өздері  ұсынған  заң  жобасы  қабылданбаған  жағдайда, Парламент  Палаталарының  бірлескен  мәжілісіне  Премьер-министрдің  бастауындағы  Үкіметке  деген  сенім  мәселесінің  қоюға  құқылы.

   Егемендіктің  тағы  бір  белгілері: өз азаматтығының және басқа мемлекеттермен қарым-қатнас қабілеттілігінің болуы. Азаматтыққа байланысты мәселелер Конституцияда, азамааттық туралы заңда, басқа да құқықтық-нормативтік кесімдерде көрініс тапты. Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының басқа да халықаралық ұйымдардың мүшесі, көптеген шет мемлекеттер мен елщілік қатнастарын жолға қойды.

   Егемен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Елтаңбасы, Туы, Гиміні бар. Әр адам мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті. Заңдарда оларды пайдаланудың тәртібі белгіленген. [9].

         

  1. Қазақстан – демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік       

       мемлекет 

     

   Конституция Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады.

   Демократиялық мемлекет – Қазақстан, ең алдымен, Конституция қабылдап, тікелей мемлекет басшысын және Парламент сайлауға, өкілетті мерзімі біткен соң, оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билігі бар ел. Сонымен қатар, демократиялық мемлекет ретінде Қазақстан әлеуметтік және ұлттық нысандарына, тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, азшылық пен жекелеген азаматтардың мүдесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндіктер береді.

   Зайырлы мемлекет – Қазақстан Республикасында діни мекемелер мен дін ұстаудың мемлекеттен бөлектігін білдіреді және бұл жағдай Қазақстандағы ислам мен православиелік, тағы да басқа нанымдық ағымдарға бірдей қвтысты. Мемлекет оргындары қағидалық заң негізінде емес, Конституция негізінде құрылып, жұмы істейді. Сонымен бірге, әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар. Наным немесе атеизм мәселесі адамның жеке басының шаруасы болуы тиіс.

   Құқықтық мемлекет  - жеке адам мен қоғам мүдесін қорғайтыны, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделіп құрылған мемлекет. Ол принциптер: заңның үстемдік етуі; мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот биліктеріне бөлінуі; адам мен азамат құқығы мен бостандығына халықаралық өлшем денгейінде кепілдік берілуі; тұлға мен мемлекеттің өзара жауаптылығының болуы, т.б.

   Әлеуметтік мемлекет – жекелеген топтарға немесе ұлыстарға емес қоғам мен адамға тұтас қызымет ететін мемлекет. Ол мемлекеттің қаржы көздері есебінен барлық азаматтарға мүмкіндігінше бірдей мөлшерде игіліктер көрсетіп, қоғамдық ауыртпалықтардың да теңдей бөлу жолымен әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетуге әрекет етеді.

   Қазақстан өз мемлекетінің әлеуметтік сипатын Конституциясында кепілдік берілген білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, әлеуметтік жұмысбастылық, еңбекті қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру және табыстары төмен тұратындар тобын қолдау сияқты әлеуметтік игілік істер арқылы анықтаған.

   Конституциямызда жазылғандай, Қазақстан біртұтас, Президенттік басқару жүйесіне негізделген мемлекет. Бұл жүйе бойынша мемлекет басшысы жалпы халық сайлаған Президент болады да, Премьер-миністердің басқаруындағы, өзінің алдында жауапты Үкіметті тағайындайды.

   Қазақстандағы президенттік басқару нысанының ерекшелігі сол билік бөлісу жүйесінде Президент “билік буындарының үстінен қарау” құқығына ие әрі олардың келісіп жұмыс істеуін және өкімет оргындарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Ол Конституциялық тәртіпке сәйкес Үкіметтің өкілеттігін ғана тоқтатып қоймай, Парламентті де тарата алады, [10 ].

 

  1. Қазақстан  Республикас  азаматтарының  құқықтары

           мен  бостандықтары

 

   Конституцияның  12 бабына  сәйкес  адам  құқықтарымен  бостандықтары  танылады  және  оларға  кепілдік  беріледі. Республика азаматтарының  құқықтарымен  бостандықтары  Қазақстан  мемлекеті  мойындайтын  әрі  кепілдік  беретін  өз  азаматтарының  белгілі  мінез  құлқының  заңдық  мүмкіндіктерін  білдіреді. Осының  нәтижесінде  өркениетті  мемлекеттердегі  адам  мен  азаматттардың  негізгі  құқықтарымен  бостандықтары  толық  көлемде  Респулика  Коституциясында  бекітілген  конституция  бойынша   оларды  жеке,  саяси,  экономикалық  және  әлеуметтік  топтарға  бөлуге  болады.

   Жеке  құқықтармен  бостандықтар.

   Өмір  сүру  құқығы. Өмір  сүру құқығы-ол  ешкімнің  қандай  жағдайда  болсын  аиыруына  болмайтын  адамның  басқа  барлық  құқығының  ең  негізгісі. 1948 жылғы  “Адам  мен  азамат құқығының  жалпыға  бірдей  декларациясында  жеке  адамның адами  құндылығын  мен  әр  адамның  өмір  сүру  құқығы  жарияланған. 

   Өмір  сүру  құқығы  тек Конституциямен  ғана  емес,  сондай – ақ  салалық  заңдармен  қорғалады. Мысалы: Өмір  сүру  құқығы  адам  қайтыс  болғанға  дейіе  өз  мәнін  сақтайды.  “ Қазақстан  Республикасында  халықтың  денсаулығын  сақтау  туралы ” Заңның  52 бабы  өмірді  қолдаушы   апаратура  тек  өлім  расталған  жағдайда  ғана  қызыметін  тоқтату  мүмкін  екендігі  айтылған. 

   Ешкімнің, өз бетінше,  адам  өмірін  қиюға  хақысы  жоқ.  Өлім  жазасы  ерекше  ауыр  қылмыс  жасағаны  үшін  ең  ауыр  жаза  ретінде  заңмен  белгіленеді,  ондай  жазаға  кесілген  адамға  кешірім  жасау  туралы  арыздану  құқығы  беріледі.

   Әркімнің  өзінің  жеке  басының  құқығы  бар  және  адамның  қадыр-қасиетіне  қол  сұғылмайды.   Адамның  жеке  басының  бостандығы  - өзінің  болмысынан  туындайтын  оның  бөлінбейтін және  апсалютты  құқығы. Мысалы, заңда  көзделген  реттерде  ғана  және  тек  соттың  немесе  прокурордың  санкциясымен  тұтқындауға  және  қамауда  ұстауға  болады,  тұтқындалңһған  адамға  сотқа  шағымдану  құқығ  беріледі. ПРокурордың  санкциясынсыз  адамды  72  сағаттан  аспайтын  мерзімге  ғана  ұстауға  болады.

   Осылармен  қатар  ұсталған,  тұтқындалған , қылмыс  жасады  деп  айып  тағылған  әрбір  адам  сол  ұсталған  тұтқындалған  немесе  айып  тағылған  кезден  бастап  адвокаттың  көмегін  пайдалануға  құқылы.

   Адамның  қадір-қасиеті  мемлекетпен  қорғалатын  құндылықтарды  құрайды,  өйткені  ол  өзі  және  өзінің  жеке  тұлғалық  жағдайын  нақ  құқықтық  мемлекеттегідей  сезінетін  кез  келген  жеке  адамға  тән.  Қадір-қасиет  -саналы  түрде  сеззінген  айналып  келгенде,  оның  жеке  ішкі  және  сыртқы  қасиеттеріне  айналған “қанына  сіңген” жеке  тұлға  ретінде  сипаттаитын  адамның  дамушы  ізгі  мінез-әрекетерінің  сыртай  бейнеленген  көрінісі  ретінде  түсініледі. Адамның  қадір-қасиеті  оның  қоғамдағы  орнына,  атағына,  тұрмыс қалпына,  кәсіп  қойлығына, және  басқа  жағдайларға  байланысты.

   Әрбір  адам  сыи-құрметпен  мойындауға  және  дербес  оймен  әрекет  құқықтығына  лайықты. Заң  әрекеттерінің  қолдану  кезінде  ( мысалы: куәландыру,  сұрыптау,  тінту,  сұраққа  жауап  алу,  беттестіру,  корреспонденсия алу,   ұстау,  тұтқындау  секілді  басқа  түрлі  тергеу  жұмыстарын  жүргізу  барысында)  адамның  қадір қасиеттіне  қол  сұғылмауы  жөніндегі  міндет  Конституцияда  қатаң  көрсетілген.

   Қйнауға, күш  қолдануға,  басқада  қатал  не  адамның  қадір  қасиеттін  корлайтын  қатынаспен  жазаға  тыиым  салынады. Заң  адамның  қадір-қасиетін,  ар-ожданын  қорғау  мүмкіндіктерін  белгілейді. Мысалы, Қазақстан   Республикасының  Қылмыстық  кодекісінің  347-1 бабына  сәикес  тергеушінің,  анықтауды  жүргізуші  адамның  немесе  өзге  лауазымды  адамның   мәліметтер  алу  немесе  мойындату,  не  оны  жасаған  немесе  жасады  деп   күдік  келтірілген  іс  әрекет  үшін  жазалау,  сондай  ақ  оны  немесе  үшінші  адамды  кез  келген  сипаттағы  кемсітуге  негізделген  кез  келген  себеп  бойынша  қорқыту  немесе  мәжбүр  ету  мақсатымен  әдейі  тән  немесе  психикалық  зардап  шектіруіне  жол  берілмейді.  Егер  сол  әрекет  жәбірленушінің  денсаулығына  ауыр  сиян   келтірсе  немесе  абайсызда  адам  өліміне  апарып  соқса,  онда  оны  3 жылға  дейінгі  мерзімге  белгілі  бір лауазымдарды  атқару  немесе  белгілі  бір  қызыметтерді  атқару  құқығынан  айыра  отырып,  5 жылдан 10 жылғы  мерзімге  бас  бостандығынан  айыруға  жазаланады .

   Ұлттық  және  дінй  салалардағы   құқықтармен  бостандықтар  және  олардың  кепілдіктері : “Біз,  ортақ  тарихи  тағдыр  біріктірген  Қазақстан  халқы”  деген  конституциялық  тұжырымен  айшықталған- көп  ұлтты,  саясии алуан  түрлі  және  көп  конфессияланған  қазақстандық  қоғамдағы    адам  жағдайына  бейнелейді   ұлттық,  партиялық  немесе  діни  болмысты анықтау – ол адамның  өз-өзіне  іштей  ұқсастыруының  нәтижесі.  Мысалы,  төл  құжат  жеке  басты  куәләндыратын  және  Қазақстан  Республикасының   азаматтығын  анықтаитын  басты  құжат  болып  табылады. Төл  құжатта  азаматтың  ұлтты  оның  иесінің  еркі  бойынша  көрсетіледі. Әркім  өзінің   қай  ұлттқа,  қай  партияға  жіне  қай  дінге  жататынын  өзі  анықтауға  және  оны  көрсету  көрсетпеуге  хақылы.  әркімнің  ана  тілімен  төл  мәдиниетін  пайдалануға,  қарым-қатынас, тәрбие  және  шығармашылық  тілін  еркін  таңдап  алуға  құқығы  бар.  [11]

   Дегенмен,  ұлттық   белгін  жеке  адамның  заң  мәртебесімен  алу  ұлттаралық  қатынас  сияқты  аса  маңызды  саладағы  оның  рөлін  төмендету  емес. Тіл  мен  дінің  қызымет  етуі,  өз  мәдениетін  толық  қанды  пайдалану,  ұлттық  және  рулық  болмысындағы  белгілер  боиынша  кемсітушілікпен  күрес  мәселелері  мемлекетте  қолданылатын  заңдармен  егжей – тегжейлі  реттелген, ұлттық-мәдени  орталықтары  және  Республика  Президенті  жанындағы  Қазақстан  халықтары  Ассамблеясы,  сондай  ақ  әртүрлі  қоғамдық  бірлестікткһерді  қоса  алғанда  мемлекеттік  органдардың  тұрақты  назарында.

   Қазақстан  Республикасында  мемлекеттік  тіл-  қазақ  тілі  онымен  қоса  мемлекеттік  ұйымдарда  жергілікті  басқару  оргындарында  орыс  тілі  ресми  түрде  қазақ  тілімен  тең  қолданылады. Тілдердің  өмір  сүруінің  құқықтық  негіздері,  оларды  зерделеумен  дамыту,  мемлекеттің  өз  ауқымында  қолданылатын  тілдердің  бәріне  бірдей  құрмет  сезімін  қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасау міндеттері  “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” 1997 жылғы 11 шілдеде қабылданған заңмен белгіленген және ынталандырады.

   Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде тұратын әрбір адамның, заңда арнайы көрсетілгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп тұруға және тұрғылықты елді мекенді өз қалауы бойынша таңдап алуға, республикадан тыс жерлерге кетуіне, республика азаматтарының кедергісіз  қайтып оралуына құқығы бар.

   Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты, республика аумағында еркін жүріп-тұруға және өздеріне тұрғылықты мекенді қалауынша таңдауға құқылы. Алайда, оларға белгілі бір тиісті шектеулер нормативтік кесімдермен белгіленген.

   Қазақстанда тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдау еркіндігін шектеудің ұзақ жылдар бойғы бір нысаны – тіркеу институты болып келеді, яғни қайсы бір аумақта тұру үшін арнайы рұқсат алу қажеттігі.

   Қазақстан Республикасы Министірлер Кабинетінің 1993 жылғы 5 сәуірдегі қаулысымен бекітілген төлқұжат жүйесі жөніндегі ереже жаңа институтты – азаматтарды тіркеу институын енгізді. Азаматтар тұрғылықты тұратын жеріне және уақытша келген жеріне міндетті түрде тіркелуі тиіс. Тіркеудің ішкі істер оргындары жүргізед.

   Біздің елдің азамакттардың ккеліп мекендеген және тұрғылықты жерін тіркеу, олардың тұрғын үйді немесе бөлмені иеленуі меншігін растайтын не тұрған бөлмені пайдалануға, оның ішінде жалдану және жалгерлік шарт бойынша пайдалануға алғандығын куәландыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер бойынша тұрғын бөлмеге ккіру құқығын растайтын құжаттар негізінде жүзеге асырылады. [12].

 

    3. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және

    әкімшілік құқық негіздер

 

   Әкімшілік құқық – ұлттық құқықтың бір саласы және құқық жүйесінде жетекші позицияда аталады. Осыған орай Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жарияланған жағдайда әкімшілік құқық нормаларының қажеттілігі арта түседі. Себебі бұл нормалардың көмегімен үкіметтің және басқа атқарушы мемлекеттік оргындардың құқықтық жағдайы реттеледі.

   Әкімшілік құқықтың пәніне мына қатнастарды:

-  мемлекеттік атқарушы оргындардың құрылуымен байланысты қатнастарды;

- әкімшілік билікті жүзеге асыру барысындағы атқарушы мемлекеттік оргындардың азаматтар, мемлекеттік емес ұйымдармен бірлескен іс-қимылы;

- әкімшілік құқық бұзушылықты жатқызуға болады.

   Әкімшілік құқықтың негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтарында қабылданған “әкімшілік құқық бұзушылық” кодекісі және басқа да құқықтық-нормативтік кесімдер жасайды.

   Әкімшілік-құқықтық нормалар дегеніміз заң шығарушы, атқарушы органдар орнататын, рұқсат етілген іс-қимылды және атқару билігіндегі қоғамдық қатнастарды реттейтін ережелер.

   Әкімшілік-құқықтық нормалар мазмұны бойынша: материялдық, процессуалдық, ал субьектілердің іс-қимылына әсер ету тәсіліне қарай: міндеттеу, тыйым салу және өкілеттік беру түрлеріне бөлінеді. Сонымен әкімшілік – құқықтық қатнастар деп мемлекеттік басқару саласындағы әкімшілік- құқықтық нормаларымен реттелген қатнастарды айтады. Бұл қатнастарға қатысушы тараптардың бірі әдетте мемлекеттік орган немесе лауазымды адам болады.

   Әкімшілік құқық – мемлекеттік басқарушы оргындардың басқарушы – жарлықшы қызыметін реттейтін құқықтық рәсімдер жиынтығы.[13].

   Атқарушы  билік  мемлекетті  басқару  органдары  жүйесінен  тұрады , ал  бұл  жүйеге   Үкімет,  министірліктер,  мемлекеттік  комиттетер  мен  мекемелер,  жергілікті  атқарушы  органдар,  мемлекеттік   кәсіпорындар  және  мемлекеттік  әкімшіліктері  жатады. 

   Үкімет  мемлекеттің   жоғарғы  атқарушы  өкімет  органы  болып  табылады.  Қазақстан  Республикасында  атқарушы  биліктің   үлгісі  президеттік  басқару  нысынына   үйлестіріле  құрылған. Бұл  мемлекет  басшысының   төменнен  жоғарыға  дейінгі  атқарушы   оргындарды   қалыптастыруда,  олрдың  қызымет  атқаруында  алатын  шешуші  рөлін  білдіреді.

   Үкімет  Президенттің  Парламент  Мәжілісіне  заң  жобаларын  енгізу  жөніндегі  тапсырмасын   орындауға,  заң  жобалау  жұмысының  жоспарларын   Президетпен  келісіп  отыруға  міндетті. Үкімет  Конституцияның  53 бабының   6-шы   тармақшасында   көзделген   ретте  Республика   Парламентіне  есеп  береді.

   Үкіметтің  құзыреті,  ұйымдастырылуы  мен  қызымет  тәртібі  конституциялық  заңмен   белгіленеді  ( 1995  жылғы  18 желтоқсандағы             “ Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  туралы”  мемлекет  басшысының   конституциялық  заң  күші  бар  Жарлығы). Үкіметті  Премьер-министр,  оның  орынбасарлары,  министрлер  және  мемлекеттік   комитеттердің   құрамында  Республика  Президенті  құрады. Республика  Премьер-министрі  тағайындалғаннан  кейін  он  күн  мерзімінде  Үкіметтің  құрылымы  мен   құрамы   туралы  Президетке  ұсыныс  енгізіледі.  Үкімет  мүшелері  Қазақстан  халқы  мен  Президентіне  ант  береді.

    Үкімет  ұйымдық  жағынан  алқалы  орган  болып  табылады, яғни  оның  шешімдері  Үкіметтің    ортасында  алқалы  түрде  қабылданады.

     Министірлік  Республиканың   мемлекеттік  басқарудың   тиісті   салаларындағы,  сондай-ақ  заңдар   деңгейінде   салық  үйлестіруге   басшылықты  жүзеге   асыратын  орталық   атқарушы  орган  болып  табылады.

    Мемлекеттік  комитет- Республикада  мемлекеттік  басқарудың  тиісті   салаларда  бірыңғай  мемлекеттік  саясатты  жүргізетін  және  заңдарға  сәикес   осы  мақсаттарда  салааралық  үйлестіруді  жүзеге  асыратын  орталық  атқарушы  орган.

    Үкіметтің  құрылымынан Үкіметтің  құрамына  кірмейтін,  бірақ  оның  иелігінде  болатын  орталық  атқарушы  органдарды  ( Республика  комитеті,  бас  басқармасы,  комиссиясы,  агенттігі  және  өзге  де  республикалық   мемлекеттік  басқару  органдарын)  және  Республиканың  ведомстволарын        ( министрліктегі,  мемлекеттік  комитеттегі  комитеттер,  департамеенттер,  агенттіктер)  бөліп  айтқан  жөн.

    Үкіметтің  билік  жүйесіндегі   жоғарғы  орган  ретіндегі  рөлі  оны  елдің  бүкіл  аумағында  іске  асырылатын  барлық  орталық  және  жергілікті   атқарушы  органдар  қолданылатын   өкілеттілігінен  көрінеді. Сонымен  қатар  оның  билігіне   жатқызылған  мәселелерді  дербес  шешеді  (Конституцияның  66-бабы),

    Жергілікті  атқарушы  органдар  еліміздің  атқарушы  билігінің  бірегей  жүйесінің  құрамдас  бөлігі  болып  табылады  және  олар  жергілікті  жерде  жалпы  мемлекеттік  саясатты  тиісті  аумақтарды  дамыту  мүддесімен   үйлестіре  жүргізуді  көздейді.

    Жергілікті  атқарушы  органдардың  өкілеттілігі,  жауапкершілігі,  қызымет  тәртібі  Конституцияның   87- бабымен  бірге  “Қазақстан  Республикасының  жергілікті  өкілді  және  атқарушы   органдары  туралы  ” 1993 жылғы  10  желтоқсандағы  Заңымен,  сондай-ақ  басқа  заңдармен   және  заңға  сәйкес  нормативтік – құқықтық   кесімдермен  реттеледі. Осы  заңмен  әкімнің   міндетіндегі  жеке  өкілеттілік   де,  әр  түрлі  салалар  мен  қызыметтердің   тұтас  атқарушы  орган  ,  яғни  әкім  және  оған  бағынатын  органдар  жүзеге  асыратын  өкілеттікті  де  белгілейді.[14].

 

 

 

Сурет 2  Қазіргі  заманғы  құқықтың  негізгі  салалары

 

 

                                             Қорытынды 

 

      Мемлекеттік билік құқықты мойындайды және бір мезгілде құқықпен тежелуі, ертедегі ғалымдардың ойынша , ең адал мемлекеттіке жатады.” Заңның күші жоқ жерде- Аристотелъдің айтуы бойынша –мемлекеттік құрылым нысаны жоқ”.Цицеронның айтуы бойынша халықтың жұмысы құқықтық араласу және жалпы құқықтық тәртіп . Ертедегі Грецияаның және Римнің мемлекеттік құқықтық идеялары, институттары, құқықтық мемлекеттер туралы кейінгі прогрессивтік ілімдердің аяғынан тұруына, дамуына белгілі әсерін тигізеді.

    Феодализмнен капитализмге өту кезеңіндегі өндіргіш күштердің өсуі, қоғамдағы әлеуметтік және саяси қатынастарды  туғызуға мәжбүр етеді және оның қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудағы негізгі ролін көрсетеді.

    Федолизмыдырауының алғашқы кезеңдеріндегі құқықтық мемлекеттілік идеяларды тарихи  тұрғысынан  сол кездегі прогрессивті оқымыстылар  Н. Макивелли және Ж. Боден айтқан. Макивели өзінің теориясында, ертедегі және қазіргі көп ғасырлық мемлекеттің өміріндегі  тәжірбенің негізінде , саяасттың принципін түсіндірді, саяси өмірдің дамуындағы қозғаушы күштерді білу арқылы, сол уақытқа қажетті идеалды мемлекеттң нұсқасын салуды көздеді.

    Мемлекеттің мақсаты, заттарды ерікті пайдалануға мүмкіндік жасап әр адамның қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуінде  деп  білді. Мемлекеттің  нысаны  туралы  мәселені  көтергенде, республика  нысанына  мейірі  түсті, себебі  тек  республика  нысаны  ғана, көп  жағдайда  теңдік  пен  бостандықтың  талаптарына  сай  келетін. Бұдан  мемлекетті – көптеген  отбасыларды  және өзіне  қарағандарды  құқықтық  басқару  деп  анықтады. Мемлекеттің  мақсаты, тек  құқық  пен  бостандықты  қамтамасыз  ету  деп  білді.

   Мемлекеттің  дамуы  -  мемлекет  қоғамдық  еңбек  бөлінісінің,  жеке  мменшіктің  пайда  болуы   нәтижесінде   алғашқы  қауымдық  құрылыс  тапқа  бөлінуінің  туындысы. Мемлекет  жария  үкіметтің  пайда   болуы  мен  іс- әрекетінің  нәтижесі   ретінде  қалыптасатын, қоғам  өмірін  ұйымдастырудың  нысаны  мен  оның  негізгі    салаларын  басшылық  ететін, қажетті  жағдайларда  мемлекеттің  күшқуатына  үйренетін  басқару  жүиесі.

   Құқықтық мемлекет  - жеке адам мен қоғам мүдесін қорғайтыны, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделіп құрылған мемлекет. Ол принциптер: заңның үстемдік етуі; мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот биліктеріне бөлінуі; адам мен азамат құқығы мен бостандығына халықаралық өлшем денгейінде кепілдік берілуі; тұлға мен мемлекеттің өзара жауаптылығының болуы, т.б.

Құқықтық  мемлекет  құқық  пен  занның  арасындағы  этатистік  мемлекетке  тән  мұндай  үлкен  қарама – қарсылықты  білмейді. Онда  мемлекеттік  органдардың  барлық  нормативтік  актілері  өзінің  мазмұны  және  бағыттылығы, қабылдау  және  рәсімдеу  процедурасы, іске  қосу  ерекшеліктері, қолдану  сипаты, тәртіп  бұзушылықтың  жүзеге  асырылуы  мен  қорғау  жөнінен  құқықтың  жоғары  критерийлеріне  сай  келеді. Заң  құқықтық  принциптердің  жүйелігіне  негізделеді, одан  қалмайды. Мемлекеттік  органдардың  құқыққа  қарсы  нормативті  актілер  қабылдап, оның  жұмыс  істеуі  іс  жүзінде  мүмкін  емес  нәрсе. [ 15 ].

 

 

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі

 

  1. Админстративное  право. Оқулық, жауапты  редакторы  А.А. Таранов. Алматы, 1998ж
  2. Ағыбаев А. Қылмыстық  құқық.  Оқулық. Жалпы  бөлімі  Алматы, 2001 ж
  3. Алауханов  Е. Қылмыстық  құқық. Оқу құралы. Ерекше  бөлім.  Алматы, 2001 ж
  4. Айымханова  Н. Қазақстан  Республикасының  еңбек  құқығы. Оқу  құралы.  Алматы, 2002 ж
  5. Баққұлов  С. Құқық  негіздері. Оқу  құралы.  ҚазМСҚА. Алматы, 2001 ж.
  6. Сапарғалиев Ғ,  Ибраева  А.  Мемлекет  және  құқық  теориясы. Оқу  құралы.  Алматы, 1997 ж
  7. Сапарғалиев  Ғ.  Қазақстан  Республикасының  Конституциялық  құқығы.  Оқулық.  Алматы, 1997ж
  8. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттіктің баспасөз қызметі» ақпараты

9.     "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 453-1 Заңы

  1. Авторы: Мерей БАЙЛИН, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қостанай облысы бойынша басқармасының бастығы – тәртіптік кеңес төрағасының баяндамасы.
  2. Ағыбаев А. «Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлықпен күрес» / Заң газеті – 2006 – 15 шілде. 3 бет. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттіктің баспасөз қызметі» ақпараты

12.                       "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 453-1 Заңы

  1. Авторы: Мерей БАЙЛИН, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қостанай облысы бойынша басқармасының бастығы – тәртіптік кеңес төрағасының баяндамасы.
  2. Ағыбаев А. «Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлықпен күрес» / Заң газеті – 2006 – 15 шілде. 3 бет.
  3. Әкімшілік құқық бойынша дәрістер. С. Б. Болатбекұлы. Алматы – Дәнекер – 2004

 

 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2013-08-22 21:04:43     Қаралды-34398

ТӨРТ ТҮЛІГІМІЗ ТҮГЕЛ БОЛСА

...

Қазақ халқы қолда өсірілетін түйе, сиыр, жылқы және қой-ешкіні төрт түлік мал деп атайды. Әр түліктің өзіндік орны бар, әрқайсысын шақыруға арналған одағай сөздер де түрлі-түрлі болып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРАБ ЖЫЛҚЫСЫ

...

Араб жылқысы - байырғы жылқы тұқымдарының бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРХЕОЛОГИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

тарих ғылымының бір саласы, алғашқы қауымнан, көне заманнан, орта ғасырдан қалған заттай есқерткіштерді зерттеу арқылы адам қоғамының өткендегі тарихын анықтайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БЕЛБЕУ ТАСТАУ

...

Қазақтың ұлттық ойыны

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СОЛТҮСТІК МҰЗДЫ МҰХИТ

...

Жер шарындағы ең кіші мұхит

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САРЫАРҚА ҚАТПАРЛЫ АЙМАҒЫ

...

Сарыарқа қатпарлы аймағы - Азиядағы дербес ірі геологиялық құрылымдардың бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ЖЫЛДАМ ҚҰСТАР

...

Құстар - жердің ең жылдам тіршілік иелері, өйткені жануарлар әлемінің құрлық немесе суда жүзетін құстарының бірде-бір өкілі олармен жылдамдығымен салыстыра алмайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АУА

...

Жер атмосферасын құрайтын, негізінен азотпен оттектен тұратын газдар қоспасы. Ауа су мен жер қыртысының құрамында да болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІРЖАН - САРА АЙТЫСЫ

...

Біржан мен Сараның 1871 жылы қазіргі Талдықорган облысының Қапал - Ақсу өңірінде кездескендегі айтысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »