UF

Тақырыбы: Логистиканың дамуы және оның жүйелері

 

1. Логистиканың ұғымдары және дамуының факторлары

 

  1. Логистиканың дамуының тарихы және анықтамасы.
  2. Логистиканың мақсаты, міндеттері, қызметтері, факторлары.
  3. Логистиканың дамуының деңгейлері.

 

Логистика – материалдық және ақпараттық ағымдардың бастапқы көзінен ақырғы тұтынушыға дейінгі кеңістіктегі және уақыттағы қозғалысын жоспарлау,  ұйымдастыру, басқару, бақылау және реттеу жөніндегі ғылым.

Соңғы жылдарда бір қатар елдердің тауарлық айналымының саласында маңызөды өзгерістер пайда болды. Шаруашылық практикада тауарларды жеткізудің жаңа әдістері мен технологиялары қолданыла бастады.

Логистика гректің «logistike» сөзінен шыққан. Ол есептеу, дұрыс ойлау деген мағынаны білдіреді. Практикалық логистиканың пайда болуы мен дамуының тарихының тамырлары терең. Гамбург университетінің профессоры Г. Павеллек Рим империясының дәуірінде тамақ өнімдерін таратумен айналысатын «логист» немесе «логистик» атағына ие болған қызметкерлердің болғанын атап айтады. Біздің жыл санауымыздың бірінші мыңжылдығында бір қатар елдердің әскери сөздігінде логистикамен қарулы күштердің материалдық ресурстармен қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекетін байланыстыратын.

Бір қатар батыс ғалымдарының пікірі бойынша, логистика әскери істің арқасында ғылымға айналған. Логистика жөніндегі бірінші ғылыми еңбектердің авторы деп ХІХ ғ. бсындағы француз әскери маманы Джоминиді санау қалыптасқан. Ол логистиканы «әскерлерді қолайлы орын алу мақсатын көздеп орын ауыстыруджың (маневрлеудің) практикалық шеберлігі» деп анықтаған.

Логистиканың кейбір ережелерін Наполеон әскері де қолданған деп саналады. Бірақ әскери ғылым ретінде логистика тек ХІХ ғ. отасында  қалыптасты.

Белсенді түрде логистика екінші әлем соғысының кезінде, ең алдымен АҚШ әскерін материалдық-техникалық жабдықтауда қлданыла бастады. әскери өнеркәсіптің, тылдағы және майдандағы жабдықтау базалары мен көліктің дәл өзөара әрекеттесуі американдық әскерді қару-жарақпен, жанар-жағар маймен және азық-түлікпен қажетті көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Осы себептен көптеген батыс елдерінде логистиканы экономикадағы материалдық ағымдарды басқару тиімділігінің қызметіне қойған. Қолданбалы математиканың басқа да әдістері сияқты логистика біртіндеп әскери саладан шаруашылық практика саласына ауыса бастады. Бастапқыда ол айналым саласындағы, содан соң өндіріс саласындағы тауарлық-материалдық ресурстардың қозғалысын басқаруды іске асыру теориясының жаңа түрі ретінде қалыптасты.

Сонымен,нарықтық экономикасы бар елдерде 30- жылдардың кезінде пайда болған материалдармен және шикізатпен қамтамасыз ету, өнім өндіру, оны сақтау және тарату қызметтерін байланастыратын жабдықтау - өндіру – тарату жүелерін үйлестіру ойлары ғылыми зерттеулердің жеке бағыттары мен шаруашылық практика формасына, яғни логистикаға ауыстырылды.

Кәсіпкерлік іс-әрекетте, экономикалық және ғылыми әдебиеттерде шетелдік мамандар логистиканы анықтауда екі ережелі бағытты бөледі:

  1. тауар қозғалысының функционалдық тәсілі, яғни тауарларды жабдықтаушыдан тұтынушыға жеткізу кезінде орындалуы тиісті барлық физикалық операцияларды басқару;
  2. тауар қозғаласының операцияларын басқарудан тыс жабдықтаушы мен тұтынушылар нарықтарын талдауды, нарықтағы сұраныс пен ұсынысты реттеуді қамтып, тауар қозғалысына қатысушылардың мүдделерін үйлестіруді іске асырады.

Осы бағыттарға байланысты логистиканың көптегени анықтамалары бар. Оларды қорытындылай отырып, логистиканы тауар қозғалысымен және оған жататын ақпарат ағымымен байланысты минималды шығындармен материалдық ағымдарды бастапқы көзінен ақырғы тұтынушыға дейін басқару ғылымы деп анықтауға болады.

Қазіргі кезде батыс мамандары логистиканың бірнеше түрлерін бөледі:

  • өндірісті материалдармен қамтамасыз ету логистикасы, яғни сатып алушылық логистика;
  • өндірістік логистика;
  • өткізу немесе маркетингтік, таратушылық логистика;
  • көлік логистикасы;
  • ақпараттық логистика және т.б.

Логистиканың бұл түрлерін логистиканың функционалдық салалары деп атаған дұрыс.

Логистиканың аталған салаларының арасында өзара байланыс бар. Логистикалық жүйеде, яғни жабдықтаушыдан тұтынушыға дейін тауарлық және ақпараттық ағымдар өтетін жүйеде келесі негізгі бөлімдерді бөледі:

  • материалдарды, шикізатты және жартылай фабрикаттарды жеткізу;
  • өнім мен шикізатты сақтау;
  • тауарлар өндірісі;
  • тауарларды тарату;
  • дайын өнімді тұтыну.

Логистикалық жүйенің әрбір бөлімі логистиканың материалдық негізін құрайтын элементтерді қамтиды. Логистиканың материалдық элементтеріне көлік құралдары, қойма шаруашылығы, байланыс және басқару құралдары жатады, сонымен қатар кадрлар жатады.

Әртүрлі операцияларды жоспарлау және логистикалық жүйе элементтерінің деңгейлерін талдау мүмкіндігі оның макро- және микрологистикаға бөлінуін ұйғарады. Макрологистика  жабдықтаушылар мен тұтынушылар нарығын талдаумен, таратудың ортақ концепциясын өңдеумен, қоймаларды орналастырумен, көлік түрін таңдаумен, көліктік процесті ұйымдастырумен, материалдық ағымдардың тиімді бағыттарын таңдаумен байланысты мәселелерді шешеді. Микрологистика логистиканың жеке бөлімдері мен элементтерінің шеңберіндегі локалды мәселелерді шешеді. (мысалы өндіріс ішіндегі логистика). Микрологистика өнеркәсіптік кәсіпорындардың ішінде тауарлар қозғалысының процестерін жоспарлау, дайындау, іске асыру және бақылау жөніндегі операцияларды қамтамасыз етеді.

2). логистиканың міндеттері.

Логистиканың қызметтері.

Логистиканың дамуының факторлары:

  1. Нарықтық іс-әрекетті оптимизациялаудың жаңа формаларын іздестіру және осы саладағы шығындарды қысқарту,
  2. Нарықтық қатынастар жүйесінің күрделенуі және тарату процесінің сапалы сипаттамаларына деген талаптардың өсуі
  3. Икемді өндірістік жүйелерді құру
  4. Сатушы нарығынан сатып алушы нарығына ауысу.

Сонымен қатар логистиканың дамуына мүмкіндік жасауға себеп тудырған факторлар:

  1. экономикалық міндеттерді шешу үшін жүйелер мен компромистер теориясын қолдану. Жүйелер теориясына сәйкес тауар қозғалысының мәселесі кешенді болып қарастырыла бастады. Ал логистика шеңберіндегі өзара қатынастарды реттеу компромистер теориясының арқасында мүмкін болды (мысалы, жүктерді ұсақ партиялармен тасымалдауға өтумен байланысты көліктің өсуші шығындары клиенттер көліктен тыс тиімділік алуға үміттеніп келісетін тарифтерді көтеру арқылы өтеледі ).
  2. байланыс және информатика құралдарындағы ғылыми-техникалық прогрестің жеделдетілуі («қағазсыз» технология, компъютерлік логистика).
  3. Сыртқы экономикалық іс-әрекетте тауарларды жеткізу ережелері мен мөлшерлерін бір ыңғайға келтіру, әртүрлі импорттық және экспорттық шектеулерді жою. (ұлттық стандарттардың айырмашылықтары, үлкен ара-қашықтық, кедендік кедергілер).

 

3-сұрақ. Нақты экономикада логистика жүйелері әртүрлі өндірістік бірлестіктер шеңберінде объективтік себептер бойынша әртүрлі кезеңдерде немесе даму деңгейлерінде тұрады. Дамыған елдердің бас өнеркәсіптік компанияларын талдау логистикалық жүйелердің дамуының төрт бір ізді кезеңін айқындауға мүмкіндік берді.

1-деңгей

 

Логистиканың дамуының бірінші кезеңі келесімен сипатталады. Компаниялар жоспар тапсырмаларын орындау негізінде жұмыс істейді, логистиканы басқару формасы ең төмен жетілген түрде. Логистикалық жүйеніңм әрекетінің саласы әдетте кәсіпорыннан жіберілетін дайын өнімді сақтау мен тасымалдауды қамтиды. Логистика жүйесінің жұмысы сатудан түскен жалпы табыс сомасындағы тасымалдау мен өнімді тарату жөніндегі басқа да операцияларға кеткен шығындар үлесінің шамасымен бағаланады.

2-деңгей

 

         Дамудың екінші деңгейіндегі логистика жүйелері бар компаниялар үшін кәсіпорынмен өндірілетін тауарлар ағымын өндірістік арнаның ақырғы пунктінен ақырғы тұтынушыға дейін басқару тән болады. Логистика жүйесін бақылау келесі қызметтерге тарайды: тапсырыс берушіге қызмет көрсету, тапсырыстарды өңдеу, кәсіпорындағы дайын өнімді сақату, дайын өнім қорларын басқару, логистика жүйелерінің жұмысын перспективтік жоспарлау. Осы міндеттерді орындау барысында компьютерлер қолданылады, бірақ сәйкес ақпараттық жүйелер аса күрделілікпен ерекшеленбейді. Логистикалық жүйенің жұмысы шығындар сметасы мен анқты шығындарды салыстыру арқылы бағаланады.

3-деңгей

         Үшінші деңгейдегі логистика жүйелері шикізат сатып алудан өнімнің ақырғы тұтынушысына қызмет көрсетуге дейінгі логистикалық операцияларды бақылайды.    Мұндай жүйелердің қосымша қызметтеріне жататындар: шикізатты кәсіпорынға жеткізу, өткізуді болжау, өндірістік жоспарлау, шикізат табу немесе сатып алу, шикізат қорларын басқару, логистика жүйелерін жобалау. Логистика жөніндегі менеджер бақыламайтын бір ғана сала ол кәсіпорынды күнделікті басқару. Жүйенің жұмысы шығындарды салыстыру арқылы ғана емес, қызмет көрсету сапасының стандартымен салыстыру арқылы бағаланады.

4- деңгей

         Дамудың төртінші деңгейіндегі логистикалық жүйелерді қолданатын компаниялар саны қазіргі кезде әлі көп емес. Мұндағы логистикалық қызметтердің үшінші даму деңгейінен бір ғана айырмашылығы бар. Мұндай компаниялар логистика операцияларын  жоспарлау және бақылау процестерін маркетинг, өткізу, өндіріс және қаржы операцияларымен интерграциялайды (біріктіреді). Интеграция компанияның әртүрлі бөлімшелерінің жиі жағдайда қарсылас мақсаттарын байланыстыруға мүмкіндік береді. Жүені басқару ұзақ мерзімді жоспарлау негізінде іске асырылады. Жүйенің жұмысы халықаралық стандарттардың талаптарын ескеру арқылы бағаланады. Компаниялар өз іс-әрекетін тек нарықтық немесе аймақтық деңгейде емес, глобалдық деңгейде іске асырады. Олар әлемдік өндіріс және тарату жүйелерінің бір бөлігін басқарады.

 

2. Логистиканың теориялық концепциялары мен функциялары

 

  1. Логистика пәні және объектісі, дамуының кезеңдері.
  2. Логистиканың концепциясы.
  3. Логистиканың функциялары.

 

1-сұрақ. Логистика пәні логистиканы материалдық және олармен байланысты ақпараттық ағымдарды басқарудың теориясы мен практикасы ретінде қарастырылады.

Материалдық ағындарды басқару жөнінде негізделген шешімдерді қабылдау үшін белгілі білімдер қажет. Осы білімдерді өңдеу жөніндегі іс-әрекетті логистикаға жатқызады. Осыған сәйкес логистиканың екі түрлі анықтамасы бар:

  1. Ғылым ретінде логистика  - материалдық ағындардың тиімділігін арттырудың жаңа мүмкіндіктерін іздеумен байланысты пәнаралық ғылыми бағыт.
  2. Шаруашылық іс-әрекет ретінде логистика - өндіріс және айналым салаларындағы материалдық ағындарды басқаруды қамтитын шаруашылық іс-әрекет бағыты.

Логистиканың негізгі объектісі – бастапқы шикізат көзінен бастап ақырғы тұтынушыға дейінгі алмаспайтын (тура) материалдық поток.

Логистикалық процесс барысында материалдық поток кәсіпорынға жеткізіледі, содан соң қоймалық және өндірістік учаскілер жүйесі арқылы оның тиімді қозғалысы ұйымдастырылады, содан кейін дайын өнім тұтынушыға оның тапсырысы бойынша жеткізіледі.

Түрлі сапалы материалдық ағындарды басқару жөніндегі іс-әрекеттің аталған түрлері логистиканың мазмұнын құрайды.

Логистиканың дамуының келесі себептері бар:

  1. сатушы нарығының сатып алушы нарығына өтумен байланысты бәсекенің дамуы;
  2. 70-жылдардағы энергетикалық кризис;
  3. ҒТП және басқаруды компъютерлендіру.

Логистиканың дамуының бірнеше кезеңдері бар:

1-кезең, ол айналым саласындағы материалдық ағындарды басқару үшін логистикалық тәсілді қолданумен сипатталады. Осы кезеңде екі басты ережені түсіну пайда бола бастады:

А) өндірісте, сақтауда, тасымалдаудағы материалдардың жеке ағындары басқарудың бірыңғай» жүйесі арқылы өзара байланыстырылуы мүмкін;

Б) материалдарды физикалық таратудың жеке функцияларының интеграциясы маңызды экономикалық үнемдеу бере алады.

2-кезең (80-жж). Осы мерзімде логистиканың интеграциялық негізі кеңейіп, өндірістік процесті қамти бастады, яғни мұнда қоймалау мен тасымалдаудың өзара әрекеттесуіне өндірісті жоспарлау қосылабастайды. Бұл қорларды қысқартуға, сатып алушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, құрал-жабдықтың пайдаланылуын жақсартуға мүмкіндік береді.

3-кезең қазіргі уақытқа жатады және бүкіл әлемдік экономикадағы нарықтық  процестерді ұйымдастыру жәнеи басқарудағы өзгерістермен сипатталады. Яғни қазіргі коммуникациялық технологиялар өнім қозғалысының барлық фазаларының мониторингін іске асыруға көмектеседі, логистика саласында қызмет көрсетумен айналысатын салалар дамуда, материал өткізуші субъектілерінің жинағы тұтас сипатты бола бастайды.

1-кезең – дайын өнім қоймасы транспорт

2-кезең - өндірістік цех дайын өнім қоймасы транспорт

3-кезең – шикізат қоймасы  цех  дайын өнім қоймасы  транспорт.

2-сұрақ. Логистиканы зерттеу және қолдану логистикалық тәсілдің негізгі идеясын түсінуге негізделеді.

Шаруашылық іс-әрекетті материалдық ағындардың басқарылуын тиімді ету арқылы жетілдіруге көзқарастар жүйесі логистиканың концепциясы болып табылады. Оның келесі негізгі ережелері бар:

1.жүйелік тәсіл принципін іске асыру. Экономикадағы материалдық ағындар көптеген қатысушылардың әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасады. Егер қатысушылар өз іс-әрекетін басқарудың бірлескен объектісін, яғни материалдық ағынды тиімді ету мақсатында келістіре алса, олар барлығы бірге маңызды экономикалық ұтысв алады. Максималды үнемдеуді жалпы материалдық ағынды немесе оның жеке маңызды учаскекелерін тиімді ету арқылы алуға болады. Мұнда материал өткізуші жүйенің барлық бөліктері бірыңғай жөнге салынған механизм сияқты жұмыс істеуі қажет.

2. бүкіл логистикалық жүйе бойында логистикалық шығындарды есепке алу. Логистиканың негізгі міндетерінің бірі – материалдық ағынды шикізаттың бастапқы көзінен ақырғы тұтынушыға дейін жеткізу жөніндегі шығындарды басқару. Бірақ шығындарды тек өлшей алған кезде басқаруға болады. Сондықтан логистикалық процестерге қатысушылардың өндіріс және айналым шығындарын ескеру жүйелері  логистика функцияларын іске асыру процесінде пайда болатын шығындарды бөлу, ең маңызды шығындар туралы ақпарат құруы қажет. Осы шартты орындау нәтижесінде логистикалық жүйнің оптималді вариантының критерийін – бүкіл логистикалық жүйе бойындағы жалпы шығындар минимумын пайдалану мүмкіндігі пайда болады.

3. технологиялық процестер гуманизациясы, еңбектің қазіргі заманға сай жағдайларын жасау. Логистикалық жүйенің маңызды элементі – кадрлар, яғни өз қызметңн жауапкершілікпен орындауға қабілетті арнайы оқытылған персонал. Бірақ, материалдық ағындарды басқару саласындағы жұмыс беделді емес, сондықтан онда әрдайым кадрлар мәселесі бар. Логистикалық тәсіл материалдық ағындарды басқару саласындағы іс-әрекеттің қоғамдық маңыздылығын күшейте отырып, салаға неғұрлым жоғары еңбектік потенциалы бар кадрларды қатыстыру  үшін алғы шарттар жасайды. Осыған сәйкес еңбек жағдайлары да жетілдірілуі қажет.

4. логистикалық сервисті дамыту. Нарықта өз орныңды келесілер арқылы табуға болады:

  • Тауар сапасын арттыру;
  • Жаңа тауар шығару;
  • Логистикалық сервис деңгейін арттыру.

Бірінші екі стратегияны қолдану үлкен күрделі салымдардың қажеттілігімен шектеледі. Үшінші жол айтарлықтай арзан.сондықтан кәсіпкерлердің көпшілігі логистикалық сервисті бәсекелік қабілетті арттыру құралы ретінде қолданады.

5. қоршаған ортаның белгізісдігінің жағдайында логистикалық жүйелердің бейімделу қабілеті. әртүрлі тауарлар мен қызмет көрсетулердің пайда болуы логистикалық жүйелер арқылы өтетін материалдық ағындардың сапалық және сандық сипаттамаларының өзгерулерін ұйғарады. Осы жағдайда логистикалық жүйелердің бейімделі қабілеті нарықта тұрақты орын алудың маңызды факторы болып табылады.

 

3-сұрақ. Материалдық ағындар әртүрлі кәсіпорындар мен ұйымдар іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болады, олар:

- ортақ пайдаланудағы транспорттық кәсіпорындар;

- көтерме сауда кәсіпорындары;

- коммерциялық-делдалдық ұйымдар;

- өндіруші-кәсіпорындар, олардың дайын өнім қоймалары әртүрлі логистикалық операцияларды орындайды.

Осы кәсіпорындар мен ұйымдар күшімен материалдық ағындар құрастырылады, тауар қозғалысының процесі іске асырылады және бақыланады. Аталған логистикалық процеске қатысушылардың әр қайсысы логистикалық функциялардың белгілі біртобын орындауға маманданады. Логистикалық функция – бұл логистикалық жүйенің мақсаттарын орындауға бағытталған логистикалық операциялардың іріленген тобы. Кестеде негізгі логистикалық функциялардың тізімі және олардың логистикалық процесс мүшелері арасындағы бөлінуі көрсетілген.

Логистикалық       процеске                қатысушы

 

 

 

 

 

 

Логистикалық функцияның аталуы

Ортақ пайдалану транспорты     

Көтерме сауда кәсіп-орындары

Коммерциялық-

Делдалдық

Ұйым-дар

өнді-руші кәсіпорын-

дар-дың дайын өнім қойма-лары

  • Тауар жеткізіп беру немесе қызмет көрсету жөніндегі шаруашылық байланыстарды құру, дамыту, түзету, тиімді ету.
  • Материалдық ағындардың көлемдері мен бағыттарын анықтау
  • Тасымалдау қажеттілігін болжаулық бағалау
  • Қоймалау орындары арқылы тауарлардың өту тәртібін анықтау
  • Қойма шаруашылығын дамыту, орналастыру және ұйымдастыру
  • Айналым саласында қорларды басқару
  • Тасымалдауды іске асыру
  • Тауар тасымалдауға дейінгі және кейінгі операцияларды орындау
  • Қоймалық операцияларды басқару

 

Х

 

 

 

 

Х

 

 

 

 

 

 

 

Х

 

 

 

Х

Х

 

 

 

Х

 

 

 

 

Х

 

Х

 

 

Х

 

Х

 

 

Х

Х

 

 

 

Х

 

 

Х

 

Х

 

Х

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Х

 

Х

4. Логистиканың функционалдық салалары

 

  1. Логистиканың функционалдық салаларының сипаттамасы
  2. Сатып алушылық логистиканың мәні мен міндеттері
  3. Жеткізіп берушіні таңдау міндеті.

 

1-сұрақ. Жоғарыда айтылғандай, логистиканың объектісі болып материалдық ағым табылады, бірақ жеке учаскілерде оны басқарудың ерекшеліктері бар. Осыған байланысты логистиканың бес функционалдық саласын бөледі: сатып алушылық, өндірістік, таратушылық, транспорттық және ақпараттық.

1. Кәсіпорынды шикізат және материалдармен қамтамасыз ету процесінде сатып алушылық логистиканың міндеттері шешімді. Бұл кезеңде жеткізіп берушілер зерттеліп, таңдап алынады, келісім-шарттар жасалынып, олардың орындалуы бақыланады, жеткізіп беру шарттары орындалмаған кезде шаралар қолданылады. Кез келген өндірістік кәсіпорында аталған функцияларды орындайтын қызмет болады.

Практикада сатып алушылық логистиканың негізгі мазмұнын құрайтын іс-әрекет щеңберлері жеткізіп берушілермен келісім-шарттың шарттарымен және кәсіпорын ішіндегі жабдықтау қызметінің функцияларының құрамымен анықталады (сур. 1а).

2. Кәсіпорынның ішінде материалдық ағымды басқару процесінде негізінен өндірістік логистиканың міндеттері шешіледі. Бұл кезеңнің ерекшеліктері – ағымды өткізу жөніндегі жұмыстардың негізгі көлемі бір кәсіпорын территориясының шеңберінде орындалады. Бірақ логистикалық процестің мүшелері тауарлық-ақшалай қатынастарға қатыспайды, себебі бұл саладағы негізгі міндет - өндірісті іске асыру процесіндегі материалдық ағымдарды басқару (сур. 1б).

 

өндірістік кәсіпорын


 

   А)                                    б)                           в)

 

3. Дайын өнімді сату процесінде материалдық ағымдарды басқару кезінде таратушылық логистика міндеттері шешіледі. Оларды өндірістік кәсіпорындар да, саудалық-делдалдық кәсіпорындар да орындайды. Тарату функциясын іске асыру басқаша айтқанда өткізу деп аталады.

1сур. В-да көрсетілгендей тарату логистика саласына материалдық ағым өндірістік цехтарда бола тұрып түседі. Демек, орама және ыдыс, партияның көлемінің, дайындалу уақытының мәселелері материалдық ағымды басқарудың ертерек кезеңдерінде шешіле бастайды.

  1. транспорттық учаскілерде материалдық ағымдарды басқару кезінде транспорттық логистиканың ерекше міндеттері шешіледі. Материалдық ағымды шикізаттың бастапқы көзінен ақырғы тұтынушыға жеткізу процесінде орындалатын транспорттық жұмыстың жалпы көлемін екі үлкен топқа бөлуге болады:
  • арнайы транспорттық ұйымдар көлігімен орындалатын жұмыс (ортақ пайдалану транспорты);
  • бүкіл басқа кәсіпорындардың меншікті көлігімен орындалатын жұмыс (транспорттық емес кәсіпорындардың).

Логистиканың басқа салалары сияқты транспорттық логистиканың анық шекаралары жоқ. Оның әдістері кез келген тасымалдауларды ұйымдастыру кезінде қолданылады. Бірақ бұл бөлімдегі зертеу мен басқарудың негізгі, басты объектісі – ол ортақ пайдалану көлігімен тасымалдау процесінде орын алатын материалдық ағым.

5. Ақпараттық логистика. Материалдық ағымдар қозғалысының нәтижелері ақпараттық ағымдар қозғалысын тиімді ұйымдастыруға тікелей байланысты болады. Мұндағы зерттеу объектісі – материалдық ағымдардың басқарылуын қамтитын ақпараттық жүйелер, қолданылатын микропроцессорлық техника, ақпараттық технологиялар және басқа да ақпараттық ағымдарды ұйымдастырумен байланысты мәселелер. Ақпараттық логистика логистиканың басқа функционалдық салаларымен тығыз байланысты. Бұл бөлім кәсіпорын ішіндегі ақпараттық ағымдардың ұйымдастырылуын және бір бірінен маңызды ара қашықтықта орналасқан логистикалық процестің әртүрлі қатысушылары арасындағы ақпаратпен алмасуды қарастырады.

2-сұрақ. Сатып алушылық логистика – бұл материалдық ағымдарды кәсіпорынды материалдық ресурстармен қамтамасыз ету процесінде басқару. Онымен арнайы қызмет – жабдықтау қызметі айналысады. Бұл қызметтің іс-әрекеті үш деңгейде қарастырылуы мүмкін, себебі жабдықтау қызметі бір мезгілде:

- кәсіпорын кіретін микрологистикалық жүйенің мақсаттарының орындалуын қамтамасыз ететін элемент;

- Микрологистикалық жүйе элементі, яғни кәсіпорын мақсаттарының орындалуын қамтамасыз ететін осы кәсіпорынның бөлімшелерінің бірі;

- элементтері, құрылымы, дербес мақсаттары бар дербесжүйе болып табылады.

Аталған деңгейлердің әр қайсысында жабдықтау қызметінің мақсаттарын қарастырайық:

1. Макрологистикалық жүйенің элементі ретінде жабдықтау қызметі тауарды жеткізіп берумен байланысты техника-технологиялық, экономикалық және әдістемелік мәселелерді келістіріп, жеткізіп берушілермен шаруашылық байланыстарды бекітеді. Логистиканың негізгі идеясы – барлық қатысушылардың келісімді әрекеттерінен қосымша пайда алу. Осы ой жабдықтау қызметі өз кәсіпорынның мақсаттарына оны жекелеген объект ретінде емес, бүкіл логистикалық макрожүйенің звеносы ретінде қарастыра отырып жетуін талап етеді. Бұл жабдықтау қызметі өз кәсіпорынына жұмыс істей отырып, бүкіл макрологистикалық жүйенің әрекет етуінің тиімділігін арттыру мақсатына жетуді ойлауды білдіреді.

2. жабдықтау қызметі оны ұйымдастырған кәсіпорынның элементі болғандықтан микрологистикалық жүйеге үйлесімді болуы тиіс. Жабдықтау қызметі және өндіріс пен өткізу қызметтерінің арасында материалдық ағымдарды басқару жөніндегі әрекеттердің  үйлесушілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету жалпы кәсіпорынның логикалық жүйесінің міндеті болып табылады. «Жабдықтау - өндіріс - өткізу» тізбегі маркетингтің қазіргі концепциясының негізінде құрылуы керек.

3. жабдықтау қызметінің әрекет етуінің тиімділігі, аталған мақсаттарды кәсіпорын деңгейінде де, макрологистика деңгейінде де жабдықтау қызметінің өзінің жүйелік ұйымдастырылуына байланысты болады.

Кәсіпорынды еңбек заттарымен қамтамасыз ету үшін келесі міндеттерді шешу керек:

  • не, қанша, кімнен, қандай шартпен сатып алу қажет?

Сонымен қатар, келесі жұмыстарды орындау қажет:

  • келісім-шарт жасау;
  • келісім-шарттың орындалуын бақылау;
  • жеткізіп беруді ұйымдастыру;
  • қоймаларды ұйымдастыру.

«Нені сатып алу» міндетіекі альтернативтік шешімнің біреуін қабылдауды қамтиды – комплекттеуші бұйымды өзіне өндіргені дұрыс па, әлде басқа өндірушілерден сатып алған дұрыс па? («жасау немесе сатып алу» міндеті). Мұнда экономикада логистиканың дамуының деңгейі маңызды сыртқы фактор болып табылады. Комплекттеуші бұйымдардың дербес өндірісі кәсіпорынның нарықтық конъюктура өзгерістеріне тәуелділігін төмендетеді, яғни кәсіпорын нарықта қалыптасқан жағдайға байланыссыз тұрақты жұмыс істей алады.  Бірақ комплекттеуші бұйымдардың жоғары сапасы мен төмен өзіндік құнын оларды өндіруге маманданған өндіруші қамтамасыз ете алады. Қоғамда логистиканың дамуының деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым кәсіпорын комплекттеуші бұйымдардың өз өндірісінен жеңіл бас тартып, бұл міндетті мамандандырылған өндірушіге тапсырады.

Сыртқы ортадағы жағдайға байланыссыз кәсіпорынның өзінде өз өндірісінен бас тартуды ұйғаратын факторлар әрекет етуі мүмкін.

Комплекттеуші бұйымдарды сатып алуды дұрыс көріп, яғни өз өндірісінен бас тарту жөніндегі шешімді келесі жағдайда қабылдау керек:

  • егер комплекттеуші бұйым қажеттілігі шамалы ғана болса;
  • комплекттеуші бұйымдарды өндіру үшін қажетті қуаттар жоқ болса;
  • қажетті мамандық кадрлары жоқ болса.

Керісінше шешімді мына жағдайда қабылдайды:

  • егер комплекттеуші бұйымдар қажеттілігі тұрақты және үлкен болса;
  • егер оларды бар құрал-жабдықта өндіруге болса.

3-сұрақ. «Жасау немесе сатып алу» міндетін шешкеннен кейін және кәсіпорын қандай шикізат пен материалдарды сатып алу қажет екендігін шешкен соң, жеткізіп берушіні таңдау міндетін шешеді. Бұл міндетті шешудің келесі кезеңдері бар:

1. Потенциалды жеткізіп берушілерді іздеу.

Мұнда келесі әдістер қолданылады:

  • конкурс жариялау;
  • жарнамалық материалдарды зерттеу (фирмалық каталогтар, БАҚ-дағы хабарландырулар);
  • көрмелер мен жәрмеңкелерге бару;
  • мүмкін жеткізіп берушілермен хат алысу және жеке қатынастар.

Аталған шаралардың нәтижесінде потенциалды жеткізіп берушілердің тізімі құрылады. Ол әрдайым жаңаланып және толықтырылып тұрады.

2. Потенциалды жеткізіп берушілерді талдау. Потенциалды жеткізіп берушілердің құрастырған тізімі арнайы белгілер бойынша талданады (сапа, баға, жеткізіп беру сенімділігі, жеткізіп берушінің қашықтығы, тапсырыстарды орындау мерзімдері, психологиялық климат, жеткізіп берушінің қаржылық жағдайы және т.б.). потенциалды жеткізіп берушілерді талдау нәтижесінде келісімдік қатынастар жасау жөніндегі жұмыс жүргізілетін нақты жеткізіп берушілер тізімі құрастырылады.

3. Жеткізіп берушілермен жұмыс нәтижелерін бағалау. Жеткізіп берушіні таңдауға жасалып қойған келісім-шарттар бойынша жұмыс нәтижелері әсер етеді. Ол үшін жеткізіп берушінің рейтінгісін (шкала бойынша белгілі бір құбылысты субъективтік бағалау) есептеуге мүмкіндік беретін бағалардың арнайы шкаласы өңделеді. Рейтингті есептеу алдында сатып алынатын еңбек заттарының дифференциациясын жасау қажет, себебі олар өндірістік немесе саудалық процесс көзқарасынан тең емес. Кейбіреуі маңызды болады, яғни олардың жоқтығы  өндірістік процестің тоқтатылуына алып келеді, демек мұндай затты жеткізіп берушіні таңдаудың негізгі белгісі – жеткізіп берудің өнімділігі болады. Ал егер еңбек заттары онша маңызды болмаса, оларды жеткізіп берушіні таңдағандағы басты критерий – оларды табуға және жеткізіп беруге кететін шығындар болады.

 

Тақырып 5: Өндірістік логистика

 

  1. Өндірістік логистика түсінігі, концепциялары.
  2. Өндірістік логистикада материалдық ағымдарды басқарудың жүйелері.
  3. Логистикалық тәсілді пайдаланудың тиімділігі.

 

1-сұрақ. Қоғамдық өндіріс материалдық және материалдық емес болып бөлінеді. өндірістік логистика материалдық өндіріс саласындағы процестерді қарастырады.

Өндірістік логистиканың міндеттері материалдық игіліктерді өндіретін немесе сақтау, орау, бөліп өлшеу, жинау сияқты материалдық қызметтерді орындайтын кәсіпорындардың ішіндегі материалдық ағымдарды басқаруға қатысты болады. өндірістік логистика шеңберіндегі логистикалық процесс мүшелерін ішкі өндірістік қатынастар байланыстырады.

Өндірістік логистикамен қарастырылатын логистикалық жүйелер ішкі өндірістік логистикалық жүйе деп аталады. Оларға өнеркәсіптік кәсіпорындарды, қоймасы бар көтерме кәсіпорындарды, негізгі жүк станциясын, негізгі теңіз портын жатқызуға болады.

Ішкі өндірістік логистикалық жүйелерді макро және микродеңгейде қарстыруға болады.

Макродеңгейде ішкі өндірістік логистикалық жүйелер макрологистикалық жүйенің элементтері ретінде қарастырылады. Микродеңгейде олар белгілі бір бірлікті, тұтастықты құрайтын, бір-бірімен қатынаста және байланыста болатын кіші жүйелер тобын қамтиды. Бұл кіші жүйелер – сатып алу, қоймалар, қорлар, өндіріске қызмет көрсету, транспорт, ақпарат, өткізу және кадрлар материалдық ағымның жүйеге кіруін, оның ішінде өтуін және жүйеден шығуын қамтиды.

Өндірісті ұйымдастырудың логистикалық концепциясы келесіні қамтиды:

  • артық қорлардан бас тарту;
  • негізгі және транспорттық-қоймалық операцияларды орындауға артық уақыт бекітуден бас тарту;
  • сатып алушылардың тапсырысы жоқ бөлшектерді жасаудан бас тарту;
  • құрал- жабдықтардың бос тұруларын жою;
  • жарамсыз өнімнің шығуын болдырмау;
  • зауыт ішінде тиімсіз тасымалдауларды болдырмау;
  • жеткізіп берушілерді қарсы жақтан тілектес партнерларға айналдыру.

Логистикалық концепциямен салыстырғанда өндірісті ұйымдастырудың дәстүрлі концепциясы мыналарды қарастырады:

  • негізі құрал-жабдықты ешқашан уақытта тоқтатпау және оны пайдаланудың жоғары коэффициентін қолдану;
  • өнімді неғұрлым ірі партиялармен өндіру;
  • керек болған жағдайға материалдық ресурстардың максималды үлкен қорын қамту.

Концепциялардың мазмұны өндірісті ұйымдастырудың дәстүрлі концепциясы «сатушы нарығының» жағдайлары үшін тән екендігін дәлелдейді.

Нарық жағдайында өндіріс шығарылатын өнімнің ассортименті мен санын жылдам өзгерте алуға қабілетті болғанда ғана өмір сүре алады.

70-жылдарға дейін бұл міндет қоймалардағы дайын өнім қорларының есебінен шешілетін. Бүгінгі таңда логистика сұраныстың өзгеруіне өндірістік қуаттың қорының есебінен бейімделуді ұсынады.

Өндірстік қуат қоры жүйелердің сапалық және андық икемділігі бар болғанда пайда болады. Сапалық икемділік универсалдық қызмет көрсетуші персонал мен икемді өндіріс есебінен қамтамасыз етіледі. Сандық икемділік әртүрлі әдістермен қамтылуы мүмкін. Мысалы, Жапонияның кейбір кәсіпорында негізгі персонал жұмысшылардың жалпы санының 20% қамтиды, ал қалған 80 % - уақытша жұмысшылар.яғни 200 адам персоналы бар кәсіпорын тапсырысты орындауға кез келген кезде 1000 адамға дейін жұмсауы мүмкін. Жұмыс күшінің резервы еңбек құралдарның сәйкес резервымен толықтырылуы қажет.

                           Сапалық икемділік                                     Сандық икемділік

Сур.1. Өндірстік қуаттың икемділігі

 

2-сұрақ. Ішкі өндірстік логистикалық жүйелердің шеңберінде материалдық ағымдарды басқару әртүрлі әдістермен іске асырылуы мүмкін. Олардың негізгілері – итермелеуші және тартушы.

         1) «Итермелеуші жүйе» - бұл өндірсті ұйымдастыру жүйесінде өндірстік учаскеге келіп түсетін еңбек заттары дәл осы учаскемен алдыңғы технологиялық звенодан талап етілмейді. Материалдық ағым алушыға өндірісті басқарудың орталық жүйесінен беруші звеноға орталық жүйесінен беруші звеноға түскен бұйрық бойынша итеріліп шығарылады (сур.2).

           - материалдық ағым                       ақпараттық ағым

         Итермелеуші моделдер өндірісті ұйымдастырудың дәстүрлі әдістері үшін тән болады. Оларды өндірсті логистикалық ұйымдастыру үшін пайдалану мүмкіндігі есептеуші техниканың кең таралуына байланысты пайда болды. Бұл жүйелер кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің жоспарлары мен әрекеттерін нақты уақыт көлемінде әрдайым болып тұтатын өзгерістерді ескере отырып келістіруге және жылдам түзетуге мүмкіндік береді.

         2) Өндірсте логистикалық процестерді ұйымдастырудың екінші варианты – «таратушы жүйе» материалдық басқарудыңи мүлдем басқа әдісіне негізделген. Мұнда бөлшектер мен жартылай фабрикаттар алдыңғы технологиялық операциядан келесі операцияға қажеттілік  болған кезде жіберіледі. Бұл жерде басқарудың орталық жүйесі кәсіпорынның әртүрлі учачкелерінің арасындағы материалдық ағымдармен  алмасуына араласпайды, олар үшін ағынды өндірістік тапсырмаларды бекітпейді. Жеке технологиялық звеноның тапсырысының көлемімен анықталады. Орталық басқару жүйесі өндірстік технологиялық тізбектің ақырғы звеносының алдына ған міндет қояды (сур.3).

 

3-сұрақ. Материалдық ағым өнеркәсіптік кәсіпорында болатын 95-98 пайыз тиеу –түсіру және транспорттық-қоймалық жұмыстарды орындауға кетеді. Сондықтан олардың өнімнің өзіндік құнындағы үлесі маңызды болады.

         Кәсіпорында материалдық ағымдарды басқарудың логистикалық тәсілі логистикалық операциялардың жинағын орындауды максималды тиімді етуге мүмкіндік береді. «Сименс», Мицубиси, Дженерал мотерс фирмаларының мәліметтері бойынша логистикалық функцияларды орындауға кететін шығынды 1% -ке қысқартудың тиімділігі өткізу көлемін 10%-ке арттырумен тең болады.

Өндірісте логистикалық тәсілді қолданудың келесі тиімді жақтары бар:

1. өндіріс нарыққа бейімделеді.аз сериялық және жеке өндіріске ауысу мүмкін болады.

2. жеткізіп берушілермен партнерлік байланыстар жақсарады.

3. құрал-жабдықтардың бос тұрулары қысқарады, себебі жұмыс үшін қажетті болатын материалдар әрдайым бар болады.

4. қорлар оптимизацияланады.

5. көмекші жұмысшылар саны қысқарады.

6. шығарылатын өнімнің сапасы жақсарады.

7. материал шығандары төмендейді.

8. өндірстік және қоймалық көлемдердің пайдаланылуы   жақсарады.

9. травматизм төмендейді.

 

6. Ақпараттық логистика

 

  1. Логистикадағы ақпараттық ағымдар және ақпараттық жүйелер.
  2. Ақпараттық жүйелердің түрлері және оларды құрудың принциптері.
  3. Логистикада штрих-кодтарды автоматтандырылған идентификациялау технологиясын қолдану.
  4. Жүк пакетін машинамен оқылатын кодпен маркілеу.

 

1-сұрақ. Материалдық ағымдарды бапсқару процесінің негізінде логистикалық жүйелерде айналатын ақпаратты өңдеу жатыр.

         Ақпараттық ағым – бұл логистикалық операцияларды басқару және бақылау үшін қажетті болатын логистикалық жүйеде, логистикалық жүйемен сыртқы орта арасындағы айналатын хабарлар жиынтығы. Ақпараттық ағым қағаз және электрондық құжаттар түрінде болады.

     Логистикада ақпарттық ағымдардың келесі түрлері болады:

  • ағыммен байланыстырылып жатқан жүйелердің түріне байланысты: горизанталдік және вертикалдік;
  • өту орнына байланысты: сыртқы және ішкі;
  • логистикалық жүйеге қатысты бағытына байланысты: кіріс және шығыс.

Ақпараттық ағым материалдық ағымның алдында оған қарсы, сонымен қатар, соңынан жүруі мүмкін.

  • қарсы бағытта  жүретін ақпараттық ағым тапсырыс туралы мәліметтерді қамтиды;
  • материалдық ағымның алдында жүретін ақпараттық ағым – бұл жүктің келетіндігі туралы алдын-ала мәліметтер;
  • материалдық ағыммен қатар, бірге жүретін ақпараттық ағым – бұл материалдық ағымның сандық және сапалық параметрлері туралы ақпаратты қамтиды;
  • материалдық ағымнан кейін қарсы жаққа жүкті қабылдау нәтижелері туралы ақпарат, әртүрлі талаптар жүреді.

Ақпараттық ағым келесі көрсеткіштермен сипатталады:

  • пайда болу көздері;
  • ағымның бағыты;
  • беру және қабылдау жылдамдығы;
  • ағымның интенсивтілігі және т.б.

Ақпараттық ағымды келесі әдістермен басқаруға болады:

  • ағымның бағытын өзгерту;
  • беру жылдамдығын қабылдау жылдамдығына дейін шектету;
  • ағымның көлемін жеке учаскенің өткізу қабілетінің шамасына дейін шектету.

Ақпараттық ағым уақыт бірлігінде өңделетін немесе берілетін ақпараттың санымен өлшенеді (бит, байт,килобайт, мегабайт). Шаруашылық практикада өңделетін немесе берілетін құжаттардың санымен өлшенеді.

Ақпараттық жүйелер екі кіші жүйеден тұрады: функционалдық және қамтушылық.

Функционалдық кіші жүйе мақсаттың бірлігінің белгісі бойынша топтастырылған шешілетін міндеттер жиынтығынан тұрады.

Қамтушылық кіші жүйе келесі элементтерден тұрады:

  • техникалық қамтамасыз ету, яғни ақпараттық ағымдардың өңделуі мен берілуін қамьамасыз ететін техникалық құралдар жиынтығы;
  • ақпараттық қамтамасыз ету, ол әр түрлі анықтамаларды, топтастырғыштарды, мәліметтерді, формалды түрде жазудың құралдарын қамтиды;
  • математикалық қамтамасыз ету, яғни функционалдық міндеттерді шешу әдістердің жиынтығы.

Сонымен, ақпараттық жүйе – бұл функционалдық міндеттердің шешілуін қамтамасыз ететін өзара байланысты есептеу техника құралдарының, әртүрлі анықтамалардың және программалау құралдарының белгілі бір түрде ұйымдастырылған жиынтығы.

2-сұрақ. Логистикадағы ақпараттық жүйелер жеке кәсіпорын деңгейінде ақпараттық жүйелер өз кезегінде үш топқа бөлінеді:

1. жоспарлы ақпараттық жүйелер басқарудың әкімшіліктік деңгейінде құрылады және стратегиялық сипаты бар ұзақ мерзімді шешімдерді қабылдау үшін қолданылады. Олар шешетін міндеттерге жататындар:

- логистикалық тізбектің звеноларны құру және оптималды ету;

- шартты-тұрақты және аз өзгеретін мәліметтерді басқару;

- өндірісті жоспарлау;

- резервтерді басқару және т.б. міндеттер.

2. Диспозитивтік ақпараттық жүйелер қойма немесе цехты басқару деңгейінде құрылады және логистикалық жүйелердің жақсы жұмысын қамтамасыз ету үшін қолданылады. Мұнда келесі міндеттер шешілуі мүмкін:

-қорларды бөлшекті басқару (қоймалау орындарын басқару);

- ішкі қоймалық (ішкі зауыттық) транспортты басқару;

- тапсырыстар бойынша жүктерді таңдап алу, оларды комплекттеу, есепке алу және т.б.

3. атқарушылық ақпараттық жүйелер әкімшіліктік немесе оперативтік басқару деңгейінде құрылады. Бұл жүйелердегі ақпаратты өңдеу оның ЭЕМ түсу жылдамдығымен анықталатын қарқынмен жүргізіледі. Бұл жүйелермен материалдық ағымдарды бақылаумен, өндіріске қызметкөрсетуді оперативтік басқарумен, қозғалысты басқарумен байланысты әртүрлі міндеттер шешіледі.

Жүйелік тәсіл көзқарасынан логистика процестерінде үш деңгейді бөледі:

1-деңгей – материалдық ағыммен логистикалық операция іске асырылатын жұмыс орны, яғни мұнда жүк бірлігі, бөлшек немесе материалдық ағымның басқа элементі қозғалады, түсіріледі, оралады.

2-деңгей – жүктерді тасымалдау процестері жүретін және жұмыс орындары орналасатын учаске, цех, қойма.

3-деңгей – басы ретінде жеткізіп берушімен шикізатты жөнелту мезгілін қабылдауға болатын оқиғалар тізбегін қамтитын тасымалдау және қозғалысын ұйымдастыру жүйесі. Бұл тізбек дайын өнімдер ақырғы тұтынуға түскен кезде аяқталады.

3-сұрақ. Ақпараттық жүйеде ақпараттың автоматтандырылған өңдеу іске асырылатын болса,  онда техникалық жабдықтауға ЭЕМ-сы және оны байланыстыру құралдары кіреді.

өзгермелі логистикалық жүйені тиімді басқару үшін оған кіретін және одан шығатын материалдық ағымдар, ішіндегі материалдық ағымдар туралы ақпарат алып отыру қажет. Бұл мәселе логистикалық операуцияларды жеке жүк бірлігін идентификациялайтын микропроцессорлық техника көмегімен шешіледі, яғни мұндай құрал-жабдық әр түрлі штрих-кодтарды оқи алады (сканирует).

Кодтардың әрқайсысының технологиялық артықшылықтары бар. Мысалы төрт бұорышты ITF коды басқа кодтардан жеңіл басылады, демек оны тегіс емес орамада қолдануға болады. Ол тауарлық партияларды кодтау үшін қолданылады.

Шектеулі жерде ақпараттың үлкен көлемін кодтау үшін «5-тен 2 кезектесуімен» коды қолданылуы мүмкін.

Логистикада басқа кодтар қосымша 128 коды қолданылады. Бұл кодпен партияның нөмірі, өндіру мерзімі, сату мерзімі және т.б. көрсетіледі.

 

     05412345678908                                                    169012Сх34

ITF коды                                                                          128 коды

Айналым сферасында EAN коды кең таралған, оны жаппай тұтыну тауарларында жиі көруге болады.

EAN кодының алфавиті бар, онда әр санға штрихтар мен ашық жерлер белгілі жинағы сәйкес келеді. Тауарды өндіріске жібері кезеңінде оған он үш белгілі цифрлық код беріледі, кейінен ол тауарға сызықшалар мен ашық жер түрінде жазылады. Кодтың бірінші екі немесе үш саны бекітілген тәртіпте EAN ассоциациясымен берілген ел кодын көрсетеді. Бұл бөлікті ту деп атайды.

Кейінгі төрт сан – тауар өндірушінің индексі. Ел коды иен өндіруші кодының жиынтығы тауарды өндіретін кәсіпорынды идентификациялайтын цифрлар үйлесуі болып табылады. Қалған цифрлар өндірушіге өз өнімін өз бетінше кодтау үшін беріледі. Кодтауды мұнда 0-ден 99999-ға дейін жалғастыруға болады. Сонымен, EAN кодының бірінші он екі цифрлары тауарлық массаның жалпы жиынтығында кез келген тауарды бір мағыналы танып береді.

Соңғы, он үшінші цифра бақылау сан,ы болып табылады. Ол арнайы алгоритм бойынша алдыңғы 12 цифрдың негізінде есептеледі. Бақылау цифрасы штрих кодтың сенімділігін қамтамасыз етеді, бүкіл жүйенің тұрақтылығы мен сенімділігінің кепілдемесі болып табылады.

Ақпараттық жүйелер өзара бірыңғай ақпараттық жүйеге интеграцияланады. Интеграцияның вертикалдік және горизанталдік түрі болады.

Вертикалдік интеграция деп вертикалдік ақпараттық ағинтеграция деп вертикалдік ақпараттық ағымдар арқылы жоспарлы, диспозитивтік және атқарушылық жүйелер арасындағы байланысты айтады. (сур.1).

 

Горизонталдік интеграция деп горизонталдік ақпараттық ағымдар арқылы диспозитивтік және атқарушылық жүйелердегі міндеттердің жеке жиынтықтары арасындағы байланыс саналады.

Интеграцияланған ақпараттық жүйелердің артықшылықтары:

  • ақпаратпен алмасу жылдамдығы өседі;
  • есепке алудағы қателіктер сваны азаяды;
  • өндірістік емес, «қағаз» жұмысының көлемі азаяды;
  • бұрын жеке болған ақпараттық блоктар біріктіріледі.

ЭЕМ негізінде логистикалық ақпараттық жүйелерді құру кезінде келесі принциптерді орындау қажет:

1. ақпараттық және бағдарламалық модульдерді пайдалану принципі. Ақпараттық модуль деп жеке бұйым түрінде орындалған радиоэлектрондық аппаратураның унификацияланған функционалдық торабын түсінеді. Бағдарламалық қамту модулі деп жалпы бағдарламалық қамтуда белгілі функцияны орындайтын унификацияланған, белгілі дәрежеде дербес, бағдарламалық элементті санауға болады. Бұл ережені орындау мыналарды мүмкін етеді:

- басқарудың әртүрлі деңгейлеріндегі есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтудың тіркесушілігін қамтамасыз ету;

- логистикалық ақпараттық жүйелердің әрекет етуінің тиімділігін арттыру;

- құнын төмендету;

- құрылуын жеделдету.

2. Жүйенің кезеңімен құру мүмкіндігінің принципі.

3. Тоғысқан жерін анық бекіту принципі (ақпараттық және материалдық ағымдардың).

4. жүйенің икемділігінің принципі.

5. «Адам-машина» диалогының қолданушы үшін жүйенің қолайлылығының принципі

Логистикада штрих-кодтарды  автоматтандырылған идентификациялау технологиясын қолдану логистикалық процестің барлық кезеңдерінде материалдық ағымдарды басқаруды маңызды жақсартуға мүмкіндік береді. Оның келесі артықшылықтары бар:

Өндірісте:

  • әр учаскеде бұйымдар мен комплекттеуші бұйымдар қозғалысын есепке алу және бақылаудың бірыңғай жүйесін құру;
  • -көмекші персоналдың санын және есептік құжаттарды қысқарту, қателікті болдырмау.

Саудада:

  • матеериалдық ағымды есепке алудың бірыңғай жүйесін құру;
  • тауарлар тапсырысын және инвентаризациясын автоматтандыру;
  • сатып алушыларға қызмет көрсету уақытын қысқарту.

 

4-сұрақ. Логистикалық процестердегі басқарудың объектісі ретінде жеке тауарлық бірлік те, жүк пакеті де болуы мүмкі. Логистикалық процеске қатысушылардың осы жүк пакеттерін кодтау, маркілеу және идентификациялау мәселелерінде біркелкіліктің және келісушіліктің жоқтығы материалдық ағымның қозғалысын баяулатады және оның басқарылуын қиындатады.

Осы мәселені шешу үшін EAN Халықтық ассоциациясы жүк пакеттерін маркілеуге бірыңғай стандарт өңдеді. Ол жүк пакетін арнайы этикеткамен маркілеуді қарастырады.

Код ИСС/ EAN – 128 символикасына сәйкес құрылады. Кодтың бұл түрі бір штрих-кодта тауар туралы ақпаратты, сақтау мерзімдері туралы ақпаратты және берілген жүк бірлігінің идентификациялауға мүмкіндік беретін ақпаратты қамтиды.

         Этикетканың В зонасында комъютерге қолмен енгізуге болатын цифрлар мен әріптер түріндегі жүк туралы мәліметтер орналасады.

С зонасында орналасқан ақпарат жүк жіберушінің қалауы бойынша анықталады. Мұнда фирманың толық немесе қысқартылған аты немесе басқа цифр, сурет, текст түріндегі мәліметтер орналасуы мүмкін.

Стандартты этикетканың көлемі 148мм*210мм.

EAN этикеткасын қолдану артықшылықтары:

  • жүк пакетінің бір мағыналы және оңай идентийикациясы қаматамасыз етіледі;
  • бастапқыда жеткізіп берушімен қойылған этикетканы «өндіруші – тұтынушы» тізбегінің барлық мүшелері қолдана алады;
  • партнерлпр арасында байланысу процесі жеңілдейді;
  • штрих-кодтарды сканирлеу ақпараттың жылдам және дұрыс енгізілуін қамтамасыз етеді;
  • бүкіл кезеңдерде жүктерді өңдеу уақыты қысқарады.

 

7. Транспорттық логистика

 

  1. Транспорттық логистиканың мәні және міндеттері.
  2. Транспорт құралының түрін таңдау.
  3. Транспорттық тарифтер және оларды қолдану жағдайлары.

 

1-сұрақ. Траспорт – адамдар мен жүктердің тасымалдануын іске асыратын материалдық өндіріс саласы. Қоғамдық өндіріс саласында транспорт материалдық қызмет көрсетулер саласына жатады.

Транспорттық операцияларды орындауға кететін шығындардың   жаплпы логистикалық шығындар ішіндегі үлесі 50% құрайды. Арналуы бойынша транспорттың екі негізгі торабын бөледі:

1. Ортақ пайдалану транспорты – жүктер мен адамдарды тасымалдаудағы халық шаруашылығының барлық салаларының және халықтық қажеттілігін қанағаттандыратын халық шаруашылық саласы. Ортақ пайдалану транспорты айналым саласы мен халыққа қызмет көрсетеді. Оны жиі жағдайда магистралдық деп атайды. Ортақ пайдалану транспаоты темір жол, су, автокөлік, әуе және құбыр транспортын қамтиды.

2. Ортақ емес пайдалану транспорты – бұл ішкі өндірістік транспорт және транспорттық емеса кәсіпорындардың меншігіндегі бүкіл түрлі транспорттық құралдар. Ол белгіолі бір өндірістік жүйелердің құрама бөлігі болып табылады, демек оның жұмысын ұйымдастыру кәсіпорында логистиканы ұйымдастырудың міндеттерінің бірі болып табылады.

Транспорттық логистиканың міндеттері:

- транспорттық жүйелерді, оның ішінде транспорттық коридорлар мен транспорттық тізбектерді құру; (транспорттық коридор – жеке географиялық аймақтар арасында жүктің тасымалдануын қамтамасыз ететін ұлттық және халықаралық транспорттық жүйенің бөлігі; транспорттық тізбек – белгілі бір қашықтықа жүк тасымалдау кезеңдері);

- әртүрлі транспорттағы транспорттық процестерді бірлесіп жоспарлау;

- транспорттық-қоймалық процйестің технологиялық бірлігін қамтамасыз ету;

- транспорттық процесті қоймалық және өн,дірістік процеспен біріктіріп жоспарлау;

- транспорттық құрал түрін таңдау;

- транспорттық құрал типін таңдау;

- жеткізіп берудің ұтымды маршруттарын анықтау.

2-сұрақ. Транспорт түрін таңдаудың негізгі транспорт түрлеріне тән сипаттамалар туралы ақпарат.

1. автокөлік. Негізгі артықшылығы – жоғары жылдамдығы. Автокөліктің көмегімен жүк қауырттылықтың қажеттті деңгейімен «есіктен есікке дейін» жеткізіле алады. Транспорттың бұл түрі жеткізіп берудің жүйелілігін қамтамасыз етеді. Мұнда басқа транспорт түрлерімен салыстырғанда, тауардың орамасына қой     ылатын талаптар онша қатаң емес. Автокөліктің негізгі кемшілігі – тасымалдаудың салыстырмалы түрдегі жоғары өзіндік құны, себебі тасымалдау құны автокөліктің максималды жүк көтерімділігі бойынша алынады. Басқа кемшіліктеріне жүкті түсірудің қауіртілігі, жүкті және автокөлікті ұрлау мүмкіндігі, төмен жүк көтерімділігі жатады.

2. Темір жол таранспорты. Кез келген табығи жағдайларда жүктердің әртүрлі партияларын тасымалдауға жарайды. Ол жүкті үлкен қашықтыққа жеткізіп бері мүмкіндігі мен  тасымалдаулардың жүйелілігін қамтамасыз етеді. Мұнда жүкті тиеу – түсіру  жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға болады. Сонымен бірге темір жол таранспортының маңыызды артықшылығы – жүктерді тасымалдаудың салыстырмалы түрдегі өзіндік құны жоғары емес.

3. теңіз транспорты. Халықаралық тасымалдаулардағы ірі тасымалдаушы болып табылады. Оның негізгі артықшылықтары – төмен жүк тарифтері және жоғары тасымалдаушфылық қабілеті. Кемшіліктері – төмен жылдамдығы, орамаға қойылатын қатаң талаптар, жөнелтулердің аз жиілігі.

4. ішкі су транспорты. Мұндағы жүк тарифтері төмен, яғни бұл ең арзан транспорт түрі. Кемшіліктері – төмен жылдамдығы, төмен қол жетерлігі.

5. әуе транспортының артықшылықтары – жылдамдығы жәнем алыс аймақтарға жеткізу мүмкіндігі. Кемшіліктері – жоғарыф жүк тарифтері, метеожағдайға тәуелділігі.

Транспорт түрін таңдауға әсер ететін негізгі алты факторды бөледі.

Транспорт түрін таңдауға әсер ететін негізгі факторлар бойынша транспорт түрлерін бвағалау

Транспорт түрін таңдауға әсер

ететін фактор-лар

 

транспорт түрі

Жеткізіп беру уақыты

Жүкті жөнелду жиілігі

Жеткізіп беру графигін орындаудың сенімділігі

әртүрлі жүктерді тасымал-дай алу қабілеті

Жүкті территория-ның кез келген жеріне жеткізу қабілеті

Тасы-мал-дау-дың

құны

Темір жол

3

4

3

2

2

3

Су

4

5

4

1

4

1

Авто-көлік

2

2

2

3

1

4

Құбыр

5

1

1

5

5

2

әуе

1

3

5

4

3

5

 

Ең маңызды факторларға 1,3,6 фактролар жатады.

 

3-сұрақ. Транспорттық ұйымдар көрсететін қызметтер үшін есеп иайырысулар транспорттық тарифтер көмегімен іске асырылады. Тарифтер келесіні қамтиды:

- жүкті тасымалдау үшін алынатын ақылар;

- жүктерді тасымалдаумен байланысты қосымша операциялар үшін жинаулар;

- төлемақылар мен жинауларды есептеу ережелері.

         Экономикалық категория ретінде транспорттық тарифтер транспорт өніміне баға формасы болып табылады.

Әртүрлі транспорт түрлеріндегі тарифтер жүйесінің өз ерекшеліктері бар.

1. темір жол транспортында жүктерді тасымалдаудың құнын анықтау үшін жалпы, ерекше, жеңілдетілген және жергілікті тарифтер қолданылады.

Жалпы тарифтер – бұл тарифтердің негізгі түрі. Олардың көмегімен жүктердің негізгі бөлігін тасымалдау құны анықталады.

Ерекше деп жалпы тарифтерден арнайы баға қосу немесе кеміту түріндегі ауытқуы бар тарифтер. Олар жоғарлатылған немесе төмендетілген болуы мүмкін және тек нақты жүктерге тарайды. Ерекше тарифтер көмегімен жылдың әртүрлі мерзімдерінде тасымалдау құнын көтеру немесе төмендету арқылы темір жолдардағы тасымалдаулардың біркелкі еместігінің деңгейін төмендетуге болады.

Жеңілдетілген тарифтер белгілі бір мақсаттар үшін және темір жолдың өзі үшін жүктерді тасымалдау кезінде қолданылады.

Жергілікті тарифтерді жеке темір жолдың бастықтары бекітеді. Бұл тарифтер берілген темір жол шеңберінде ғана әрекет етеді.

Тасымалдау ақысынан тыс темір жол жүк алушылар мен жүк жіберушілерден жүктерді тасымалдаумен байланысты қосымша қыфзмет көрсетулер үшін ақы алады. Бұл ақылар жинаулар деп аталады және келесі операцияларды орындау үшін алынады: жүкті сақтау, салмағын өлшеу, тексеру, вагондарды беру немесе алу, дезенсекциялау, жүктерді экспедициялау, тиеу-түсіру жұмыстары және т.б.

Темір жолмен жүктерді тасымалдау кезінде ақының көлемінем әсер ететін факторлар:

  • жөнелтудің түрі: вагонмен, контейнермен, аз салмақты (салмағы 25т дейін және көлемі жарты вагонға дейін); ұсақ жөнелту (салмағы 10т дейін, көлемі вагон сыйымдылығының 1/3 дейін);
  • жөнелту қашықтығы;
  • вагон түрі: универсалды, арнайы, изотермиялық вагондар, цистерна немесе платформа.
  • Вагон немесе контейнердің егесі: темір жол, жүк алушы немесе жүк жіберуші;
  • Тасымалданатын жүк саны.

2. Автокөлікке жүктерді тасымалдаудың құнын анықтау үшін тарифтердің келесі түрлері қолданылады:

- келісімді тарифтер;

- автотонна-сағат шарттары бойынша тарифтер;

- жүк автокөліктерін мерзімді пайдалану үшін тарифтер;

- километрлік есеп тарифтері;

- келісімді тарифтер.

Тарифтердің көлеміне келесі факторлар әсер етеді:

  • тасымалдау қашықтығы;
  • жүк салмағы;
  • жүктің көлемдік аймағы;
  • автокөліктің жүк көтерімділігі;
  • жалпы қашықтық;
  • автокөлікті пайдалану уақыты;
  • автокөлік типі;
  • тасымалдау аймағы және т.б.

3. Өзендік транспорттағы тарифтер пароходстволармен нарық конъюктурасын ескере отырып, дербес түрде бекітіледі. Оның негізінде қызмет көрсетулердің өзіндік қүны және заңмен бекітілен рентабельділік деңгейі алынады.

4. Теңіз транспортында тасымалдау ақысы тарифтер бойынша немесе фрахт ставкасы бойынша алынады (фрахт нарығы – кеме қатынасы өнімінің нарығы).

 

3. Логистикалық операциялар мен логистикалық жүйелер

 

  1. Материалдық ағым түсінігі.
  2. Материалдық ағымдардың түсінігі.
  3. Логистикалық операциялар.
  4. Жүйе және логистикалық жүйе түсінігі, қасиеттері.
  5. Логистикалық жүйелердің түрлері.

 

1-сұрақ. Материалдық ағым ұғымы логистикада басты ұғым болып табылады. Материалдық ағымдар шикізат,  жартылай фабрикаттар және дайын өнімдерді тасымалдау, қоймалау және басқа да операцияларды орындау нәтижесінде пайда болады.

Материалдық ағымдар әртүрлі кәсіпорындар арасында немесе бір кәсіпорын ішінде өтуі мүмкін. Материалдық ағым анықтамасын беру үшін көтерме база қоймасының ішінде өтетін материалдық ағым мысалын қарастырайық.

Суретте қоймадағы материалдық ағымның схемасы келтірілген. Жұмыс уақыфтанда түскен тауар түсірілгеннен кейін сақтауға тікелей немесе сақтау учаскесіне қабылдауды өткен соң жіберілуі мүмкін, демалыс күндер келген жүк қабылдау экспедициясында орналастырылады, сол жерден бірінші жұмыс күні қоймаға жіберіледі. Қоймаға түскен тауардың барлығы ақыр аяғында сақтау учаскесінде шоғырланады.

Жүктің сақтау зонсынан тиеу учаскесіне қозғалысының жолдары да әртүрлі болуы мүмкін.

 

Жүктің қозғалысының бойында онымен әртүрлі операциялар іске асырылады: түсіру, орнын ауыстыру, ыдыстан босату, сақтау үшін жинау және т.б. Жеке операция бойынша  белгілі уақыт мерзіміне есептелген жұмыстар көлемі материалдық ағымды  білдіреді. Мысалы. Вагоннан жүкті түсіру және көлемі 5 мың м2 табындықтарға жинау жөніндегі матриалдық ағым жоба бойынша 4383т тең.

Көтерме базарларда материалдық ағымдарды әдетте жеке учаскелер үшін есептейді. Ол үшін берлген учаскеде іске асырылатын барлық логистикалық операциялар бойынша жұмыстардың көлемдерін қосады.

Кестеде сол базаның темір жол вагондарынан жүкті түсіру учаскесінде жылдық материалдық ағымда есептеу мысалы келтірілген. Оның көлемі, жоба бойынша 9740 т/жылына.

 

5 мың м2 көлемі бар көтерме базаның темір жол вагондарынан жүк түсіру учаскесіндегі материалдық ағын.

Логистикалық операцияның аталуы

Материалдық ағым көлемі, т/жыл.

1.

 

2.

 

3.

Вагоннан жүкті түсіру және табандықтарға жинау

Вагоннан жүкті түсіру және электр арбаға жинау

Құрастырылған пакетті жылжыту:

А) қабылдау учаскесіне

Б) экспедицияға

В) сақтау зонасына дейін

4383

 

 

487

 

2922

730

1218

 

барлығы

9740

 

Бүкіл көтерме база үшін жалпы материалдық ағын оныңс жеке учаскелерінде өтетін материалдық ағындарды қосу арқылы анықталады.

Материалдық ағым - әртүрлі логистикалық операциялардан өту процесінде қарастырылатын және уақыт интервалына жатқызылған жүктер, бөлшектер, тауарлы-материалдық құндылықтар.

Кейбір логистикалық операцияларды іске асыру кезінде материалдық ағым берілген уақыт мезгілі үшін қарастырылуы мүмкін. Бұл кезде ол материалдық қорға айналады. Мысалы, жүкті темір жол трансппортымен тпасымалдау операциясы. Жүк жолда болған мезгілде, ол материалдық қор, яғни «жолдағы қор» болып табылады.

2-сұрақ. Материалдық ағымдар келесі негізгі белгілер бойынша топтастырылады: логистикалық жүйеге қатынасы, ағымның натуралдық-заттық құрамы, ағымды құрайтын жүктер саны, ағымды құрайтын жүктің үлес салмағы, жүктердің үйлесімділігің деңгейі, жүктердің консистенциясы бойынша.

1. логистикалық жүйеге қатынасы бойынша материалдық ағынның келесі түрлері болады:

- сыртқы материалдық ағым кәсіпорынның сыртқы ортасында өтеді. Бұл категорияны кәсіпорынннан тыс қозғалатын кез келген жүктер емес, тек кәсіпорын олардың ұйымдастырылуына қатынасы бар жүктер ғана құрайды;

- ішкі материалдық ағым логистикалық жүйенің ішінде жүкпен логистикалық операцияларды іске асыру нәтижесінде пайда болады;

- кірістік материалдық ағым логистикалық жүйеге сыртқы ортадан келеді (жүкті түсіру операцияларындағы материалдық ағымдар шамаларының қосындысымен анықталады);

- шығыстық материалдық ағым логистикалық жүйеден сыртқы ортаға жіберіледі (жүкті тиеу операциясының қосындысы).

Кәсіпорындағы қорларды бір деңгейде сақтағанда кірістік материалдық ағым шығыстық материалдық ағымға тең болады.

2. натуралдық-заттық құрамы бойынша:

- бір ассортименттік

- көп ассортименттік.

3. сандық белгісі бойынша:

- жаппай деп жүкті бір ған транспорт құралымен емес, олардың тобымен тасымалдау процесінде пайда болатын ағым саналады;

- ірі ағымдар – бірнеше вагон, автокөлік;

- ұсақ ағымдар транспорт құралының жүк көтерімділігін толық пайдалануға мүмкіндік бермейтін және тасымалдау кезінде басқа,  жолай жүктермен қоса тасымалдауды талап ететін жүктердің саны құрайды;

- орта ағымдар ірі және ұсақ ағымдар арасында аралық орын алады, оларға жалғыз вагон немесе автокөлікпен түсетін жүктер құрайтын ағымдарды жатқызады.

4. Үлестік салмағы бойынша:

- ауыр салмақты ағымдар транспорт құралдарының жүк көтерімділігін толық пайдалануды қамтиды, сақтау үшін аз қоймалық көлемді талап етеді. Салмағы 1т > (су транспортында) және 0,5 т (темір жол транспортында); (мысалы металдар)

- жеңіл салмақты ағымдар транспорттың жүк көтерімділігін толық пайдалануға мүмкіндік бермейтін, оның 1 т 2м3 артық көлем алады (мысалы, темекі бұйымдары)

5. Ағымды құрайтын жүктердің үйлесімділігінің деңгейі бойынша:

- үйлесімді;

- үйлеспейтін.

6. Жүктердің консистенцясы бойынша:

- себілетін, үйілетін (м, бидай),

- үйіп төгетін (тұз, көмір, құм);

- таралық-даналық, олардың әртүрлі физика-химиялық қасиеттері, үлес салмағы, көлемі бар;

- құйылатын жүктер.

Схема түрінде материалдық ағымдардың топтастырмасы келесі суретте көрсетілген:

 

        Топтастыру белгісі                                  

Ағым түрі

Сыртқы, ішкі, кіріс,шығыс

Бір ассортименттік

Көп ассортименттік

Жаппай, ірі,орта, ұсақ

Ауар салмақты, жеңіл салмақты

Үйлесімдік, үйлеспейтін

Себілетін, үйіп-төгілетін, даналық, құйылатын

 

3-сұрақ. Жоарыда айтылғандай,  материалдық ағым материалдық объектілермен белгілі бір әрекеттер жинағының нәтижесніде пайда болады. Осы әрекеттер логистикалық операциялар деп аталады. Бірақ логистикалық операция түсінігі материалдық ағымдармен әрекет жасаумен ған шектелмейді.

Материалдық ағымдарды басқару үшін осы ағымға сәйкес ақпаратты қабылдап, өңдеп, жіберу керек. Осы кезде орындалатын әрекеттер де логистикалық операцияларға жатады.

Жалпы айтқанда, логистикалық операцияларды материалдық және \немесе ақпараттық ағымда қайта құруға бағытталған әрекеттер жинағы деп анықтайды.

Материалдық ағыммен жасалатын логистикалық операцияларға жүкті тиеу, тасымалдау, түсіру, жинақтау, қоймалау, орама немесе ыдысқа салуды және басқа операцияларды жатқызуға болады.

Логистикалық операциялардың топтастырылуы келесі схемада көрсетілген:

 

топтастыру

белгісі

логистика-

лық опера-

ция түрі

 

 

Кейбір логистикалық операциялар мәні бойыншаөндірістік процестің жалғасы болып табылады, мысалы, ыдысқа салу. Бұл операциялар тауардың тұтынушылық  қасиеттерін өзгертеді және өндіріс сферасында да, айналым сферасында да іске асырылуы мүмкін.

Кәсіпорында жабдықтау немесе дайын өнімді өткізу процесінде орындалатын операциялар сыртқы логистикалық операцияларға жатады, ал логистикалық жүйенің ішінде орындалатын операциялар ішкі деп аиалады.

4-сұрақ.    Жүйе – бір бірімен қатынаста және байланыста болатын, белгіллі бір бірлікті, тұтастықты білдіретін элементтердің көпшілігі.

Объект жүйе болып есептелу үшін 4 қасиетке ие болуы керек:

  1. тұтастық және бөлшкетік
  2. байланстар
  3. ұйымдастыру
  4. интегративтік қасиеттер (мысалы, ручка, автокөлік, студенттер тобы, кітап).

Материалдық ағындардың қозғалысы маман персоналмен әртүрлі техниканың көмегімен іске асырылады. Логистикалық процеске әртүрлі ғимараттар мен құрылғылар қатыстырылған, процестің жүрісі маңызды дәрежеде оған қозғалып жатқан және мерзім сайын қорларда жинақталатын жүктердің дайындығына байланысты болады. Жүктердің қозғалысын қамтитын өндіргіш күштердің жиынтығы әрдайым ұйымдастырылған болады. Дәл айтқанда, егер материалдық ағымдар бар болса, онда әрдайым белгілі бір материал өткізуші жүйе бар болады. Бұл жүйелер жобаланбайды, олар жеке элементтердің іс-әрекетінің нәтижесі ретінде пайда болады.

Логистика үйлесімді, келістірілген материал өткізуші жүйелерді құру міндетін қояды.

Логистикалқ жүйелердің келесі қасиеттері бар:

1. жүйе бір бірімен өзара әрекеттесетін элементтердің тұтас жинағы болып табылады. Логистикалық жүйелердің элементтерге декомпозициясын әртүрлі іске асыруға болады. Макродеңгейде логистикалық жүйе келесі схема түрінде көрсетілуі мүмкін:

                   Макрологистикалық жүйе

 

 

- логистикалық жүйе элементі

 

- элементтер арасындағы байланстар

 

Микродеңгейде логистикалық жүйе келесі негізгі кіші жүйелер түрінде көрсетілуі мүмкін:

Сатып алу – материалдық ағымның логистикалық жүйеге түсуін қамтамасыз ететін кіші жүйе.

өндірісті жоспарлау және басқару – бұл кіші жүйе «сатыпалу» кіші жүйесінен материалдық ағымды қабылдайды және еңбек затын еңбек өніміне айналдыратын технологиялық операциялардың орындалуын басқарады.

өткізу – материалдық ағымның логистикалық жүйеден шығуын қамтамасыз ететін кіші жүйе.

                            Микрологистикалық жүйе

 

 

Көрініп тұрғандай, элементтер әртүрлі сапалы, бірақ үйлесімді.

2. логистикалық жүйе элементтері арасында маңызды байланстар бар. Макрологистикалық жүйеде оның негізі – келісім-шарт, микрологистикалық жүйеде ішкі өндірістік қатынастар.

3. логистикалық жүйенің элементтерінің арасындағы байланыстар реттелген, яғни оның ұйымдастырылуы бар.

4. логистикалық жүйенің интегративтік қасиеттері бар, бірақ олар элементтердің ешқайсысына жеке түрде тән емес. Бұл қажетті тауарды қажеттті уақытта, қажетттіжерге, қажеттті сапасымен, минималды шығандамен жеткізу қабілеті.

Логистикалық жүйенің интегративтік қасиеттері оған материалды сатып алуға, оларды өз өндірістік қуаттары арқылы өткізуге және сыртқы ортаға шығаруға мүмкіндік береді.

Логистикалық жүйе – бұл осы немесе басқа логистикалық функцияларды орындайтын кері байланысы бар адаптивтік жүйе. Ол, әдетте, бірнеше кіші жүйелерден тұрады және сыртқы ортамен оның дамыған байланыстары бар. Логистикалық жүйе ретінде өнеркәсіптік кәсіпорынды, территориялық-өндірістік кешенді, сауда кәсіпорындарын қарастыруға болады. Логистикалық жүйенің мақсаты – берілген шығындар деңгейінде өндірістік немесе жеке тұтынуға максималды мүмкін деңгейде дайындалған тауарлар мен бұйымдарды берілген орынға қажеттті сан мен ассортиментіне жеткізу.

Логистикалық жүйе шеңберлері өндіріс құралдарының айналымының циклымен анықталады.(сур.)

 

                                                      логистикалық жүйенің шеңберлері

-материалдық ағым

 - қаржы ағымы

 

5-сұрақ.жоғарыда айтылғандай, логистикалық жүйелер екіге бөлінеді: макро- және микрологистикалық  .

Макрологистикалық жүйе – бұл әртүрлі аймақ немесе елдерде орналасқан өнеркәсіп кәсіпорындары мен ұйымдарын, делдалдық, сауда және транспорт ұйымдарын қамтитын материалдық ағымдарды басқарудың ірі жүйесі. Макрологистикалық жүйе аймақ, ел елдер тобының экономикасының инфрақұрылымын білдіреді.ел аралық бағдарламаларда макрологистикалық жүйелерді қалыптастыру бірыңғай экономикалық кеңістік, ішкі шекаралары жоқ (тауарды, каптиталды, ақпаратты, еңбек ресурстарынтасымалдауға кедендік кедергілері жоқ) бірыңғай нарық құруды талап етеді.

Микрологистикалық жүйелер макрологистикалық жүйелердің кіші жүйесі, құрылымдық құрама бөліктері болып табылады. Оларға әртүрлі өндіріс және сауда кәсіпорындары, территориялық-өндірістік кешендер жатады. Микрологистикалық жүйелер құрамына бірыңғай инфрақұрылыммен біріктірілген  технологиялық байланысқан  өндірстер кіретін ішкі өндірістік логистикалық жүйелер тобын білдіреді.

Макрологистика шеңберінде жеке микрологистикалық жүйелер арасындағы байланыстар тауарлық-ақшалай қатынастар негізінде бекітіледі: микрологистикалық жүйе ішінде де кіші жүйелер әрекет етеді. Бірақ олардың өзара әрекеттесуінің негізі тауарлық емес. Бұл бір экономикалық нәтижеге жұмыс істейтін фирма, бірлестік немесе басқа шаруашылық жүйе ішіндегі жеке бөлімшелер.

Макрологистика деңгейінде логистикалық жүйелердің үш түрін бөледі:

А) тікелей байланстары бар логистикалық жүйелер. Бұл логистикалық жүйелерде материалдық ағым өнім өндірушіден оның тұтынушысына делдалдарсыз тікелей өтеді.

Б) эшелондалған логистикалық жүйелер. Мұндай жүйелерде материалдық ағым жолында ең болмағанда бір делдал болады.

В) икемді логистикалық жүйелер. Мұнда өнім өндірушіден оның тұтынушысына материалдық ағым қозғалысы тікелей де, делдал арқылы да іске асырылуы мүмкін.

 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-25 17:36:58     Қаралды-38037

ТӨРТ ТҮЛІГІМІЗ ТҮГЕЛ БОЛСА

...

Қазақ халқы қолда өсірілетін түйе, сиыр, жылқы және қой-ешкіні төрт түлік мал деп атайды. Әр түліктің өзіндік орны бар, әрқайсысын шақыруға арналған одағай сөздер де түрлі-түрлі болып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРАБ ЖЫЛҚЫСЫ

...

Араб жылқысы - байырғы жылқы тұқымдарының бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРХЕОЛОГИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

тарих ғылымының бір саласы, алғашқы қауымнан, көне заманнан, орта ғасырдан қалған заттай есқерткіштерді зерттеу арқылы адам қоғамының өткендегі тарихын анықтайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БЕЛБЕУ ТАСТАУ

...

Қазақтың ұлттық ойыны

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СОЛТҮСТІК МҰЗДЫ МҰХИТ

...

Жер шарындағы ең кіші мұхит

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САРЫАРҚА ҚАТПАРЛЫ АЙМАҒЫ

...

Сарыарқа қатпарлы аймағы - Азиядағы дербес ірі геологиялық құрылымдардың бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ЖЫЛДАМ ҚҰСТАР

...

Құстар - жердің ең жылдам тіршілік иелері, өйткені жануарлар әлемінің құрлық немесе суда жүзетін құстарының бірде-бір өкілі олармен жылдамдығымен салыстыра алмайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АУА

...

Жер атмосферасын құрайтын, негізінен азотпен оттектен тұратын газдар қоспасы. Ауа су мен жер қыртысының құрамында да болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІРЖАН - САРА АЙТЫСЫ

...

Біржан мен Сараның 1871 жылы қазіргі Талдықорган облысының Қапал - Ақсу өңірінде кездескендегі айтысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »