UF

Тақырыбы: «Психологияны оқыту әдістемесі»

 

МАЗМҰНЫ

 

1. Кіріспе.

2. Психологияны оқыту үрдісінің сипаттамасы, оқытудың формалары

3.  Мектептегі оқытудың ерекшеліктері.

4. Оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың психологиялық негіздері..

5. Сабақтың құрылымы.

6. Психология бойынша сабақ және оның негізі.

7. Психология курсындағы көрнекілік

8. Психология бойынша лекция-әңгімені өткізудің әдістемесі.

9. Мектептегі психологияны оқытуды бақылау және бағалау.

10. Оқу жүйесінде оқыту және теориялық оқыту.

11. Оқушылардың өзіндік жұмысы

12. Психология курсында оқытудың белсенді  әдістерінің  топтық формалары

13. Оқыту компьютеризациясы..

14. Оқыту ойындары.

15. Белсенді оқыту әдістерінің психологиялық негізі.

16. Бағдарламалық оқыту әдістері.

17. Мәселелі оқыту әдістемелері.

18. Интерактивтік оқыту әдістемелері.

19.  Сыныптан және мектептен тыс жұмыс.

 

1. Кіріспе

 

1.Қазіргі білім беру процесінде психологияның рөлі мен орны.

2.Психологияны оқытудың мақсаты және қазіргі білім беру мекемелерінің стратегиялары.

3.Психологияны оқытудың негізгі әдістемесі.

4.Психологияны оқыту әдістемесінің пәні, тапсырмалары.

5.Психологияны оқыту әдістемесіне жалпы мінездеме.

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін әр педагогтың күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәрбиеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Сондықтан да, әр педагог өз әрекетінде қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс тәсілдерді кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек.

Қазіргі заманғы психологиялық білім мен оның тәжірибесіне деген қызығушылықтың өсуі жоғары мектептегі психологияны оқытудың әдістемесіне жаңа, әрі тиімді әдістерді енгізуді қажет етіп отыр. Психологияны оқытудың тиімділігі негізінен педагогтың оқу процесін психология ғылымының теориясы мен тәжірибесінің мазмұнына сай ұйымдастыру іскерлігіне байланысты болады.

Осыған байланысты психология пәнінің оқытушысы психологияның теориялық сұрақтарымен бірге, студенттерде жоғары мектепте оқу барысында пайда болатын психологиялық мәселелерге қатысты сұрақтарына да жауап бере білуі керек болатыны түсінікті. Себебі, психологияны оқыту әдістемесі студенттердің ерекшеліктерін ескеруі міндетті.

Оқыту процесі студенттердің өздері қабылдап алған барлық білім, түсініктердің сана-сезімдеріне қандай әсер ететіндігін түсінуіне негізделген кезде ғана тиімді болады. Оқытушы шеберлігінің бірден бір көрінісі - өз пәнінің мақсаттарын адамның қоршаған ортамен және басқа адамдармен қатынастары тұрғысынан қарастыру, ғылыми пәнді социумның, өнердің, мәдениет пен тұрмыстың мазмұнына үйлестіре алу және студенттердің құндылық бағдарларын нақты оқу мақсаттарына айналдыра алуында екені анық.

Психологияны оқытудың мақсаты дәл осы мазмұнды қамтиды: өмірдің әр түрлі жағдайларында адамдардың өзара әрекеті мен қарым-қатынасын орнатудың теориясын және тәжірибелік білімдері мен әдістерін студенттерге меңгертуді көздейді. Психологияны оқыту басқа адамдардың ойлау бейнелері мен әрекет бейнелерін анықтайтын жағдайларды өзгерту мен түсіну тәсілдерін меңгертуге ғана емес, сонымен бірге, адамның өз тіршілік әрекеті мен санасын да өзгертуге бағытталған.

Студенттердің тұлғалық сапаларын қалыптастырудағы оқытушы мен студент арасындағы бірлескен іс-әрекеттің алатын орны мен оған психологиялық жағдай туғызуға қажетті шарттар жайлы С.М.Жақыпов, Е.И.Исаев, С.Д.Смирнов, В.И.Слободчиков өз еңбектерінде баян етеді.

Қазіргі уақытта оқытудың тиімділігі мәселесі мемлекеттік деңгейдегі аса өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл мәселені шешу жолдарының бірі -студенттердің теориялық білімді практикада еркін қолдана алатындай деңгейде қабылдауына мән беру. Психология ғылымының жетістіктерін өмірдің барлық салаларында пайдаланып жатқанда, білім беру міндеттерін шешуге қолданудың қажеттілігі анық.

Оқыту процесін ұйымдастыруда педагогикалық талаптар деңгейінен көрінумен бірге, психологиялық мәселелерін ескеру қажеттігі ертеден бері айтылып келе жатқанымен, дәл қазіргі уақытта оқытудың басты міндеттерінің біріне айналып отыр. Психологиялық сипаттағы мәселелерді ескеру және оларды шешудің нәтижесінде оқытудың тиімділігінің артатыны, оқу іс-әрекетінің жетіле түсетіні, берілетін білімнің сапасы артатыны, білімді қабылдаушылардың тұлғалық дамуы қамтамасыз етілетіні және т.б. осы сипаттағы зерттеулер психолог ғалымдар Б.Г.Ананьев, П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Л.Б.Ительсон, А.Н.Леонтьев, А.В.Петровский, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, еліміздің ғалымдары Қ.Б.Жарықбаев, С.М.Жақыпов және басқа да зерттеушілердің еңбектерінде баяндалған.

Оқытудың психологиялық мазмұнын қарастыратын теорияларда мән берілген басты мәселелерге оқу материалының мазмұнының оқушы психологиясына ықпалы, оқытудың әдіс-тәсілдерінің оқу материалының ерекшеліктері мен оқушы психологиясына сай болуы, оқытудың тиімділігі, оқытуды ұйымдастыру мен басқару мәселелері, оқытудың құрылымдық ұйымдасуының компоненттері арасындағы өзара байланыстарды қамтамасыз ету (оқу мотивациясы, оқу тапсырмалары, оқу міндеттері, бақылау және өзін-өзі бақылау, бағалау және өзін-өзі бағалау), оқыту арқылы оқушының тұлғалық және дара ерекшеліктерін дамыту, оқыту барысында бірлескен іс-әрекеттің қалыптасуы және тағы басқалар кіреді.

Аталған мәселелерді талдау оқытудың құрылымының психологиялық мазмұнын анықтап берді: білім беру жағдайына қатысушылардың (мұғалім, оқушы) мәні мен мақсаттары, оқу пәнінің құрылымдық мазмұны, оқу пәнінің мазмұнын меңгеру процесін ұйымдастырушы әрекеттер, оқу іс-әрекетінің жалпы тәсілдерін меңгерудің бір деңгейінен келесісіне өту, тұлғаның дамуын оқыту процесінде әлеуметтік тұрғыдан реттеп отыру формасындағы мұгалім мен оқушылар арасындағы және оқушылардың өзара оқу әрекетінің жүйесі, және осы аталғандардың оқуды меңгеру барысындағы өзгерістері: білімнің пәндік мазмұнын меңгеру процесінің деңгейі мен фазаларының, жеке оқу әрекеттерінің өзара байланысын қалыптастыру.

Студенттің мамандығына қатысты білімді, дағдылар мен ептіліктерді игертудің психологиялык механизмдерін анықтап, оқу іс-әрекетінің тиімді психологиялық жағдайларын қарастыру білім беру әдістемесінің ғылыми негізін құрайды. Оқытудың психологиясын талдау психологияны жоғары мектепте оқытудың әдістемесін жетілдіруде пән оқытушысының кәсіби мүмкіндіктерінің атқаратын рөлін анықтауға мүмкіндік берді.

Психология пәнінің әдіснамасын зерттеумен айналысушы ғалымдардың пікіріне қарағанда (Б.Ц.Бадмаев, В.К.Боярчук, В.Е.Гинецинский, С.М.Жақыпов,  т.б.) психологияның пәндік және іс-әрекеттік мақсатына келесі мақсаттар кіреді:

·   жаңа психологиялық білімдерді қарастыру;

·   психологиялық білімдерді тәжірибелік мәселелерді шешуге қолдану;

·   психологиялық білімді беру және тарату.

Аталған зерттеушілер психологияны оқыту әдістемесін педагогикалық училищеде (И.В.Дубровина, З.М.Панибратцева), жоғары оқу орындарында (В.К.Боярчук, В.Е.Гинецинский), педагогикалық мамандықтарда (Б.Ц.Бадмаев, Е.А.Климов, В.Я.Ляудис), техникалық мамандықтарда психологияны оқыту (Т.В.Наумова, А.А.Немцов), орта мектепте (К.Н.Корнилов, О.О.Савина) оқыту бағыттарында қарастырады.

Психология пәнінің оқытушысы психология ғылымының теориясын ғана емес, тәжірибесін де меңгеруі қажеттігі психологияны оқыту әдістемесі пәнінінің негізін құрайды. Психология пәнінің оқытушысы үшін студенттерге психологиялық білімді берудің әдістері мен тәсілдері, құралдары мен мүмкіндіктері өте мол. Осыларға оқытушының педагогикалық бай тәжірибесі мен тұлғалық сапалары, ізденімпаздық талабы мен шығармашылық қабілеті үйлесіп жататын болса, ондай оқытушы тек пән оқытушысы ғана болып қалмай, психолог маман ретінде де қалыптасып, өзінің жеке әдістемелік іскерлігін дамытуда биік деңгейлерге жете алады.

Психологияны оқыту әдістемесі жайлы зерттеулер психологияны оқытуды жетілдіруді мынадай бағыттарда қарастырады:

-     психологияны оқытуда белсенді әдістерді пайдалану;

-     психология пәнінің мазмұнына өзгерістер енгізу, яғни ғылыми-теориялық мәселелерге өмірлік тәжірибелер призмасы арқылы қарау;

-     психологиялық теорияларды жеке адамдық міндеттерді шешуде пай­далану деңгейінде түсінуге қол жеткізу.

Болашақ маманның кәсіби қалыптасуы туралы зерттеулерге сүйенсек, әр мамандықтың ерекшелігіне сай студенттердегі қабілет мазмұны да әртүрлі болып қалыптасады. Мысалы, гуманитарлық бағытта даярланатын маман өз кәсібіне қатысты мынадай құрылымдық мазмұнды меңгергені жөн: біріншіден, мамандығына байланысты терең білім; екіншіден, өз бетімен іздену арқылы кәсіби білімін көтеру мәдениеті; үшіншіден, адамдармен жұмыс жасауға психологиялық жағынан дайындық.

Сонымен, болашақ мамандардың дайындығын жетілдіру мен оқыту сапасын арттыру жоғары оқу орны үшін тек педагогикалық қана емес, сонымен бірге психологиялық мәселе:

1) оқу материалдары адам психологиясына зор талап қояды. Себебі, шындықтағы құбылыстардың сыр сипатын, мән-жайын ұғыну өте күрделі әрекет;

2) жоғары мектеп оқытушысы тарапынан жылылықты сезіну студенттің өзінің «керектігін», өмірдегі орнын, орнықтылықты сезінуіне мүмкіндік береді;

3) студенттерді оқу процесіне тартудың психологиялық жолы -оқытушының студенттермен байланыс орната білуінде;

4) психологияны оқытудың басты мақсаты - студенттердің психологиялық ойлау икемділіктерін қалыптастырып, алған психологиялық білімдерін түрлі психикалық фактілер мен құбылыстарды ғылыми негізде түсіндіре білуде, сонымен катар адамның тұлғалық дамуына аса қажетті психикалық өзгерістерге ықпал етуде қолдана алуға үйрету. Сондықтан, психология пәнінің өзіндік ерекшеліктерін пайдалана отырып, инновациялық мүмкіндіктерді жасаудың жолдары сан алуан;

- психология курсын оқытудың мазмұны мен әдістемесін студенттің тұлғалық сипатына (тұлғалық жетістіктеріне) негіздеп қайта кұру арқылы әр студенттің қайталанбас тұлға екендігіне көз жеткізу;

- студенттің өзіне-өзінің сенімділігін арттыру;

болашақ мамандығына қажетті сапаларды меңгерту;

- басқалармен өзара дұрыс қарым-қатынасты ұйымдастыра білуге, оларды түсінуге, дау-дамайсыз ортақтаса білуге, қарым-қатынас мәдениетіне үйрету.

Психология пәні жоғарғы оқу орнындағы барлық мамандық бойынша оқытылып, болашақ мамандардың психологиялық сауаттылығы бүгінгі күннің басты талаптарының біріне айналды. Көп салалы психология курсының қай-қайсысы болмасын студенттің тұлғалық дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Психология пәнін студенттерге меңгертуде жоғарғы мектептің психология пәнінің оқытушысы тек педагог қана емес, психолог маман сапасында да көріне білуі біз мән беріп отырған қазіргі заманғы маманды даярлауда басты рөл атқарары анық.

Сонымен қатар «психологияны оқыту әдістемесі» психология ғылымының негізгі базалық саласына жатады және «психологияны оқыту әдістемесінің» пәні білім беру (оқыту мен тәрбие) үрдісін ұйымдастырудың психологиялық заңдылықтары, құралдары мен тәсілдері болып табылады.

Білім беру (оқыту мен тәрбие) үрдісін ұйымдастырудың психологиялық заңдылықтарын кейбір жалпы алғанда көптеген оқушылар үшін осы үрдісті ұйымдастырудың тәсілдері мен психиканың қалыптасу және даму ерекшеліктерінің  аралығындағы қатынасы деп түсіндіреді. Психиканың қалыптасу ерекшеліктері туралы сұрақ-қоршаған ортадағы және генетикалық факторларының күрделі қатынасы туралы-психологияны оқыту әдістемесінің  төңірінде ғана емес, сондай-ақ педагогика, медицина, философия, дидактика және т.б. ғылым саласында да осы құралдармен  және эксперименттік ізденістермен  таныстыру маңызды. Осы білімдер келешекте студентке  психологияның  аталған іргелес ғылымдарды тиімді игеруге, сонымен қатар оқытушы ретінде  нәтижелі  қызмет атқаруға мүмкіндік береді.

Соның салдарынан темпераментімен, қабілеттерімен, мінезімен, ой түрі мен, тұтастай т.б. психикалық даму деңгейімен айрықшаланатын оқушылар мен жұмысқа дайындық жүргізу барысында студент-психолог өзінің педагогикалық іс-әрекетін компонентті орындауда, тек психологияны оқыту әдістемесі  саласында бүгінгі педагогикалық-психологиялық  біліммен қаруланған жағдайда ғана нағыз маман бола алады.

Психологияны оқыту әдістемесі оқу үрдісінде алған фактілік материал мен теориялық білім берудің  практикалық жағдайында (оқушылардың психологиялық таңдауы, педагогикалық-психологиялық диагностика және психикалық дамудың прогностикасы, оқытудың сәттілігінің болжамдануы және жақсы оқытуды қамтамасыз етуге  қажетті психологиялық жағдайды анықтау, ата-аналармен жұмыс және т.б.) көптеген практикалық міндеттерді шешуге маңызды мәні бар.

Алған білімдердің орта білім беру жүйесіндегі реформаның психологиялық ерекшеліктері, мектептегі білім берудің  ұлттық үлгісі, білім берудің дифференциациясы мен индивидуализациясы, оқушылардың кәсіптік бағдарын ұйымдастырудың  психологиялық ерекшеліктері, білім берудегі информатизацияның психологиялық ерекшеліктері, тәрбие және оқыту жүйесі дамуының бүгінгі кезеңдегі психологияның рөлі мен орны, психологияны оқыту әдістемесі  ғылыми практикалық пән ретінде және оның педагогикалық пәндер жүйесіндегі алатын орны, пәнге жалпы сипаттама және психологияны оқыту әдістемесі курсының  мақсаттары деген сұрақтарға сенімді бағдарлануға мүмкіндік береді.

 

2. Психологияны оқыту үрдісінің сипаттамасы, оқытудың формалары

 

1.Жалпы оқу пәні бойынша сабақты жоспарлау және ұйымдастыру.

2.Оқытудың міндеттерін құра білу, әрі сынып және сыныптан тыс жұмыстардағы оқытудың мазмұнын ұйымдастыру.

3.Түсіндіру, меңгеру және бақылау  міндеттерін шешуге оқу уақытын бөліп, реттеу.

4.Сабақты ұйымдастырудың және оқытудың белсенді әдістерінің топтық формаларының ерекшеліктері.

 

Жалпы оқу пәні бойынша сабақты жоспарлау және ұйымдастыру. Білім мазмұны оқу жоспарларында, бағдарламаларында, оқулықтар мен оқу құралдарында айқындалады. Оқу жоспары–оқу орнында игерілетін оқу пəндерінің құрамын, оларды меңгеру бірізділігі мен кезек тəртібін, əр пəн бойынша жылдық, апталық бөлінген сағат санын, оқу жылының бас-аяқ мерзімі жəне апта, айларын анықтап беретін құжат. Оқу жоспарлы түбір (типтік) жəне нақты оқу мекемесі тарапынан жасалған оқу жоспары болып бөлінеді. Түбірлі оқу жоспарында мектеп (ЖОО) қабырғасында оқу жылдарына орай жүргізілетін барша оқу пəндерінің тізімі беріледі. Игерілуі қажет пəндер оқу жоспарында үш топқа бөлінеді: 1) міндетті (базалық-мемлекеттік бөлік), 2) оқушылар қалауы бойынша (аймақтық бөлік) жəне 3) мектеп (ЖОО) кеңесі бекімімен өтілетін пəндер (мектептік (ЖОО) бірлік). Түбір оқу жоспарында əрқилы білім саласына, факультативтерге, оқушылар таңдауымен енген курстарға арналған сағаттар бөлігі өрнектеледі.

Түбір жоспар негізінде жеке ерекшеліктерін ескерумен мектеп (ЖОО) өз оқу жоспарларын жасайды. Оқу формаларына қарай күндізгі, ауысымды, сырттай, қашықтықтан оқыту жоспарлары да əр қилы келеді. Оқу жоспарлары негізінде оқу бағдарламалары түзіледі. Оқу бағдарламалары өз ішіне:1) нақты пəнді оқу жөніндегі түсініктемені; 2) оқушылардың (студенттердің) біліміне қойылатын талаптарды; 3) əр сыныпта (курста) пəн бойынша өтілетін материалдардың тақырыптық жоспарын; 4) пəн курсы бойынша білімдер мен тақырыптар тізімін,  яғни бағдарламаның өзін; 5) пəнге орай оқу жабдықтары мен көрнекі құралдар тізімін; 6) қажетті əдебиеттер ауқымын; 7) бақылау сұрақтарын, 8) курстық, дипломдық жұмыстар тақырыбын (ЖОО да)-қамтиды.

Оқу бағдарламаларының түбірлі (типтік), оқу-жұмыс (рабочие) жəне авторлық түрлері ажыралады. Түбір бағдарламалары Мемлекеттік білім стандарты негізінде нақты пəн бойынша құрастырылады. Оларды ұсыныс сипатында қабылдауға болады. Оқу - жұмыс бағдарламалары түбір жоспары негізінде түзіліп, мектептің педагогикалық кеңесінің (ЖОО да жетекші кафедра) шешімімен бекиді. Бұл бағдарламалар білім стандартының талаптарына сəйкес, сонымен бірге ол нақты оқу орнының мүмкіндіктерін ескерумен жасалады. Авторлық оқу жоспарларында білім стандартының талаптары міндетті сақталады, бірақ оқу материалын ұсынудың өзгеше қисыны, оқу барысында оқып-зерттелетін құбылыстар мен процестерге автор тарапынан өзіндік көзқарастар болуы мүмкін. Мұндай бағдарламалар көбіне таңдамалы курстар мен факультативтерде қолданыс табады. Оқу бағдарламаларын құрастырудың педагогика тарихында екі əдісі белгілі: концентрлі жəне тізбекті.

Концентрлі əдіске орай бір оқу сатысында өтілген оқу материалы алдағы жоғарылау сатыларда күрделірек күйде жəне оқылады. Бұл əдісті қолданудың қажеттігі оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру принципін сақтаудан туындайды.

Тізбекті əдіспен түзілген оқу бағдарламаларында əр кезекті оқу сатысының материалы өткен жылдардағы игерілгендердің қисынды жалғасы ретінде қабылданады. Мұндай оқу өзінің үнемділігімен еленеді. Білімдік оқу материалының нақты мазмұны оқулықтар мен оқу құралдарында ашылады. Оқулық мектептік (ЖОО) білім ақпаратының көзі əрі оқу жабдығы, білімдену мақсаттары мен мазмұнын айқындайды. Оқулықтың басты көрінісі –мəтінде. Мəтін келесі бірліктерден құралады:

 - негізгі (тұғыр терминдер, олардың анықтамалары, негізгі деректер, құбылыстар, оқиғалар; заңдар, теориялар жəне жетекші идеялар жəне т.б. баяны);

 - қосымша (құжаттар, хрестоматиялық жəне анықтамалық материалдар, өмірнама деректері, статистика мəліметтері ж.т.б.);

 - түсініктеме (кіріспе, ескертулер, сөздіктер, көрсетпелер ж.т.б.)

Оқулықтарға қосымша оқу құралдары дайындалады. Мұнда оқулық материалдарының кейбірі мазмұн тұрғысынан тереңдей түседі, кеңейеді. Оқу құралдары – бұлар хрестоматиялар, есеп жинақтары, атластар, жаттығу жинақтары жəне с.с.

Оқытудың міндеттерін құра білу, әрі сынып және сыныптан тыс жұмыстардағы оқытудың мазмұнын ұйымдастыру. Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта  болатыны  бізге  мәлім. Оның жүзеге асыуы тек сабақ  жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әр түрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте    сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді. Сыныптан  тыс тәрбие жұмысы тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз  етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған  және  сабақтың мақсатымен өзара байланысты    болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие  әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал  ете алады.

Сыныптан  тыс  тәрбие  жұмысының мақсаты тәрбиенің   жалпы мақсатын орындауға бағытталған-балаға қоғамда өмір сүруге  қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгерту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыру, сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету,    олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге  қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, дүниетанымын қалыптастыру, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.

Міндеттері:

1. Балада   өзіне  қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру  және ондағы өзін-өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету.

2. Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын  қалыптастыру.  Егер де балада өзіне қатысты жағымды көзқарасы бар  жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда онда толығымен ұжымдық өзара жағымды  әрекеттесу дағдысы қалыптасады. 

3. Балада әр түрлі көркем өнер әрекеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптастыру. Оған қызығушылықты баланың дара ерекшеліктерін және қажетті біліктілік пен дағды дәрежесін ескеру негізінде қалыптастыру. Басқа сөзбен айтқанда, сабақтан тыс жұмыста бала өзіне пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өздік тұрғыдан ұйымдастыра алуы қажет.

4. Баланың дүниетанымының компоненттері: адамгершілік, эмоционалдық, ерік-жігерін қалыптастыру. Сабақтан тыс жұмыстарында бала адамгершілік түсінік арқылы қоғамдық мораль және мінез-құлық нормаларын меңгереді. Эмоциялық сала шығармашылық әрекетте эстетикалық көзқарас арқылы қалыптасады.

5. Баланың таным қызығушылығын дамыту. Баланың таным қызығушылығын дамыту  бір жағдайда, ол оқу процесінде жұмыс істесе, екінші жағдайда балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді.  Жоғарыда аталған міндеттер сабақтан тыс жұмыстардың негізгі  бағыттарын анықтайды.  Соның ішінде псхологиялық үйірмелер мен тренингтерге қатысу сыныптан тыс оқытудың бір түрі болып табылады.

Мектеп оқушыларының сабақтан тыс уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың әрқайсысының тұлғасын қалыптастыруда, ең   алдымен психологиялық-педагогикалық, басшылықты дұрыс ұйымдастырған жағдайда және мұғалімдермен оқушылардың мызғымас ынтымақтастығына қол жеткізгенде мүмкін болмақ.

Түсіндіру, меңгеру және бақылау  міндеттерін шешуге оқу уақытын бөліп, реттеу. Диагностика (грек. «диа» - мөлдір, таза және «гносис» - ілім) – оқылатын нысан немесе үдеріс туралы алдын-ала ақпаратты алудың жалпы тәсілі.

Соңғы жылдары жоғары мектеп тәжірибесінде диагностикаға педагогтардың оқыту, тәрбиелеу және білім беру нәтижелерін өлшейтін арнайы қызметінің жүйесі ретінде қарауға көп көңіл бөлуде.

Оқыту нәтижелерінің диагностикасы – білім алушылардың жүйелі түрде меңгерген білім, іскерліктері мен дағдыларын анықтау, талдау және бағалау. Оқытудың нәтижелілік – бұл диагностикалау кезінде көздеген мақсаттың жүзеге асу деңгейін көрсету дегенді білдіреді.

Бақылау – білім алушылардың оқу іс-әрекетінің нәтижесін көрсететін білімін, іскерлігін бағалау, өлшеу, анықтау.

Білім алушылардың білім, іскерліктерін бақылау, бағалау әрқашан оқыту үдерісінің құрамдас бөлігі болып табылады. Диагностика жеке бағытталған сипатқа ие болады, яғни, нақтылы білім алушының оқу жетістіктері басқа білім алушының емес, белгілі бір уақыт аралығындағы өзінің жетістіктерімен ғана салыстырылып, талдалуы болып отырады. Әр адам өзіне тән тұлғалық-психологиялық ерекшеліктерімен, ойлаудың белгілі бір деңгейінде болатыны, өзіне тән ес, есте сақтау қабілеттерімен ерекшеленетіні аян. Диагностика мен бақылау оқытушылық, дамытушылық сипатта болу керектігін ұмытпау керек, сонымен қоса өзін-өзі бақылаумен қосылып, ең бірінші білім алушының өзіне қажетті, пайдалы болуы тиіс.

Диагностика мен бақылау обьективтілік, жүйелілік, көрнекілік принциптеріне сүйенеді.

Обьективтілік принципі оқу бағдарламасының негізгі бөлімдерін қамтитын тапсырмалардың, сұрақтардың, тестердің ғылыми негізделген мазмұнына байланысты болады, білім алушылардың теориялық білімдері мен практикалық іскерліктерін тексеруді қамтамсыз етеді.

Жүйелілік принципі оқыту үдерісінің барлық кезеңдеріне – білімді о баста қабылдаудан бастап оны практикада қолдана алуына дейін диагностикалық бақылауды жүргізу қажеттілігімен анықталады. Жүйелілік диагностикалауды жүргізуге кешенді түрде қарауды талап етеді, ондағы бақылау мен тексерудің, бағалаудың әдістері мен құралдары, формалары өзара тығыз байланыста, бірлікте болып, бір мақсатқа бағынады.

Көрнекілік (жариялылық) принципі білім алушылардың білім, іскерлік пен дағдыларын бір талаптар аясында тексеруден тұрады. Көрнекілік принципі тексерудің, оларды талдау мен талқылаудың нәтижелерін жариялап, талдауды қажет етеді.

Оқыту нәтижелерін диагностикалаудың негізгі қызметі:

-талдамалық – оқушының оқу жағдайын және сипатын талдау;

-бақылау-бағалаушылық – білім алушылардың білімділік жағдайын бағалау мен бақылауды жүзеге асыру;

-түсіндірушілік – білім алушылардың білімділік деңгейіне түсініктеме беру, нормадан ауытқушылық болса оның себептерін түсіндіру;

-дамытушылық – білім алушылардың оқыту нәтижелерін диагностикалау олардың өз бетімен білімдерін арттыруына, өз-өздерін жетілдіруге себеп болады;

-ақпараттық –білім алушыларға олардың оқыту нәтижелерінің деңгейі туралы ақпарат беру;

-прогностикалық – білім алушылардың білімділік деңгейін ары қарай арттырудың мүмкіндіктері мен болашағын болжау және шамалау;

-ұйғарымшылдық – білім алушының білімділік деңгейін ары қарай арттырудың жолдарын анықтау;

-кері байланысушылық – диагностика тиімділігін бағалау мен қателерді жоюдың білімділік диагностикасының нәтижелері туралы ақпаратты алу мен талдау.

Осылайша, диагностика ұғымы бақылауға қарағанда неғұрлым кең. Диагностикалауға бақылау, тексеру, есепке алу, бағалау, мәліметтерді жинақтау, оларды талдау, рефлексия, оқыту барысын түзету, оқу үдерісін ары қарай жетілдіруді болжау жатады.

Диагностиканың негізгі дидактикалық қызметі педагог пен білім алушылар арасында кері байланысты қамтамасыз етіп, оқу материалын меңгеруі жайлы ақпараттар алу, дер кезінде білім алушылар біліміндегі кемшіліктерді анықтап, күшті және әлсіз жақтарын тауып, түзету жұмыстарының жоспарын белгілеп беру болып табылады. Педагогиканы оқыту барысында маңызды және жауапты кезеңдердің бірі білім алушылардың оқыту нәтижелерін бақылау мен бағалау, оны түзету кезеңдері болып табылады. Оқытудың тиімділігі бақылаудың саны мен сапасына, толықтығына, дер кезінде ұйымдастырылуына, айқындылығы мен обьективтілігіне байланысты.

Бақылауды жүзеге асыру үшін қолданылатын ұғымдар мәнін, тиімділігіне әсер етуші факторларды анықтау қажет. Қазіргі таңдағы педагогикалық теориядағы «бағалау», «бақылау», «тексеру», «белгілеу» ұғымдары қатаң түрде қалыптасқан жоқ. Олар өзара араласып, өзара алмасады, бір мағынасынан келесіде басқа мағынада қолданады. Осы түсініктердің әрқайсысына жеке тоқталайық.

Олардың арасында ортақ қолданылатын «бақылау», ол білім алушылардың білім, іскерлік, дағдыларын өлшеуді, анықтауды білдіреді. Анықтау мен өлшеу «тексеру» деп аталады. Сондықтан тексеру бақылаудың құрамдас компоненті болып табылады. Тексерудің негізгі дидактикалық қызметі оқытушылар мен білім алушылар арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, оқу материалын игеру жайлы объективті ақпарат алу, дер кезінде білім алушылар біліміндегі түзетуді қажет ететін кемшіліктерді анықтап отыру. Тексеруден басқа бақылаудың құрамына «бағалау» (үдеріс ретінде) мен «баға» (нәтиже ретінде) енеді. Бағалар белгілер түрінде (шартты белгілер, бағаның сандық түрлері) тіркеледі.

Студенттердің үлгерімін бағалау олардың білім, іскерлік, дағдыларын тиімді игерудің критерилеріне сай жүргізіледі. Ең маңызды критерилері деп көлем, жүйелілік, ұғу, беріктік пен пәрменділік (ұтымдылық) саналады. Бұлардың әрқайсысына жеке тоқталайық:

-білім көлемі – студенттің жеке бөлім, модуль, тақырып немесе жеке сабағы бойынша меңгерілетін фактілер, түсініктер, ережелер, заңдар жиынтығы;

-білімнің жүйелілігі – оқылатын пәннің қисынын, оның идеясы мен заңдылығын түсіну, оқылған материалды белгілі бір тәртіппен орналастыра білу іскерлігі, бір фактіні, ұғымды, ережені екінші бір фактімен, ұғыммен, ережемен дұрыс байланыстыра білу;

-білімнің ұғынықтылығы – пікірдің айқындылығы мен дұрыстығы, әр қырлы сұрақтарға жауап бере білу іскерлігі, түсіндіру және практикалық міндеттерді шешу үшін теориялық білімді қолдану;

-білімнің беріктігі – оқылған материалды есте мықтап ұстау және игерген білімін түрлі жағдайларда дұрыс қолдана алу;

-білімнің пәрменділігі – алған білімді әр түрлі танымдық және практикалық іс-әрекетте қолдана алу, теория мен практиканы өзара байланастыра білу.

Білім алушылардың үлгерімін бағалаудың негізі болып бақылау нәтижелері болып табылады. Бұл жағдайда олардың жұмыстарының сандық та, сапалық та көрсеткіштері есепке алынады. Сандық көрсеткіштер балл мен пайыздық мөлшерлеме түрінде, ал сапалық «жақсы», «қанағаттанарлық» т.б. бағалау пікірімен тіркеледі. Әрбір бағалау пікіріне алдын ала келісілген, тағайындалған балл, көрсеткіш сәйкес келеді (мысалы, «үздік» немесе «өте жақсы» деген бағалық пікірге 5 баллы сәйкес келеді).

Факторлардың көптүрлілігі субьективтілікке әкеліп соғады, сонымен қатар оқытушыға білім алушының іс-әрекетіне сәйкес бағаны қою кезінде ерекше жауапкершілік жүктейді. Ортақ талаптар мен обьективті амалды қамтамасыз ету мақсатында педагогика ерекшелігін есепке ала отырып студенттердің жауабын бағалау критерийлері белгіленді. Осыған дейін қолданылып келген амалдарды жинақтай отырып, жауаптарға қойылатын бағалардың критерийлерін құрастыруға болады.

«Өте жақсы» (балдар – 3,67-4,0; % тік мазмұны – 90-100%; әріптік жүйе бойынша – A-, A) деген баға үшін пәннің оқу бағдарламасына сай меңгерген білім көлемінің тереңдігі; негізгі әдебиеттерді білуі; берік білім мен дағдыларды айқын байқататын дұрыс әрі нық әрекеттер; оқу материалын толық, анық, сауатты әрі қисындық бірізділікпен құра білу; тәжірибелік сұрақтарды талдау барысында теориялық білімді еркін қолдана алу жатады.

«Жақсы» (балдар – 2,67-3,33; % тік мазмұны – 75-89%; әріптік жүйе бойынша – B-, B, B+) – деген баға үшін осы талаптар, бірақ студенттің жауабында оқытушыға ескерту, түзету жасатуға негіз болатындай көрсетілген кейбір талаптар бойынша біраз қателіктер кездеседі.

«Қанағаттанарлық» (балдар – 1,0-2,33; % тік мазмұны – 50-74%; әріптік жүйе бойынша – D, D+, C-, C, C+) деген бағада осы талаптар, бірақ студент жауабында оқытушы көмек ретінде түзетіп, ары қарай жауабын айтуға жетекшілік жасау үшін ескертпелер, түзетулер қолданатын қателіктер кетеді.

«Қанағаттанарлықсыз» (балдар – 0; % тік мазмұны – 0-49%; әріптік жүйе бойынша – F) деген бағада – бағдарламаның негізгі сұрақтарын баяндауда пәнді дұрыс түсінбегенін білдіретін қателердің кездесуі; практикалық міндеттерді шешу барысында оларды шешудің жолдарын білмеуі; материал жүйесіз әрі сенімсіз баяндалады.

Бақылау психологияны оқытудың қажетті компоненті болып табылады. Біріншіден, ол сыртқы кері байланысты қамтамасыз етеді (педагог бақылауы) және, екіншіден, ішкі байланыс (білім алушының өзін-өзі бақылауы). Бақылау ақпаратты алуға бағытталған, педагог оны талдай келе психологияны оқыту үдерісіне қажетті түзетулерін енгізеді. Өзгертулер мазмұнға, оқыту әдістері мен формаларына, білім алушылардың оқу іс-әрекетіне және т.б. енгізіледі. Өзін-өзі бақылау білім алушыға өзінің «артық», «кем» жақтарын көруге, білімінде кездескен әлсіз тұстарды байқауға көмектеседі және де олардың орнын толтыру жұмыстарын арттыра түседі.

Сабақты ұйымдастырудың және оқытудың белсенді әдістерінің топтық формаларының ерекшеліктері.

Сабақ - бұл жастары шамалас, құрамы тұрақты оқушы топтарымен оқытуды ұйымдастыру формасы, тұрақты кесте және бәріне ортақ оқыту бағдарламасымен сабақ өткізу. Бұл формада оқу-тәрбие процесінің барлық компоненттері мақсат, мазмұн, құралдары, әдістері, ұйымдастыру және басқару қызметі және оның барлық дидактикалық элементтері қарастырылады. Біртұтас дидактикалық жүйе ретіндегі оқыту процесіндегі сабақтың мәні мен мақсаты мұғалім мен оқушының ұжымдық-жекелей өзара қарым-қатынасына алып келеді, соның нәтижесінде оқушылар білім, білік және дағдыны иемденеді, олардың қабілеттері, қызмет тәжірибесі, араласуы мен көзқарастары дамиды, сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық шеберлігі жетіледі. Сонымен, сабақ, бір жағынан тұтастай алғанда оқытуды қозғаушы форма түрінде, екінші жағынан, оқытудың заңдылықтары мен принциптерінен туындайтын, мұғалімнің сабақты өткізуді ұйымдастыруына қойылатын негізгі талаптарымен анықталатын оқытуды ұйымдастыру формасы түрінде анықталады. Мұғалім оларды басшылыққа ала отырып, сабақты оқыту процесінде оқушылардың тұрақты құрамымен мектептің күнделікті нақты жағдайында шешілуге тиісті дидактикалық міндеттердің (білім беру, тәрбие, даму) жүйесі ретінде дайындалады.

Педагогикалық процестің біртұтастығы тұрғысынан сабақты оны ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде қарастыру қажет. Сыныпты-сабақтық жүйенің барлық артықшылықтары тек сабақта ғана көрініс табады.

Педагогикалық процесті ұйымдастыру формасы ретіндегі сабақтың артықшылықтары оның фронтальды, топтық және жекелей жұмыстарды сабақтастырудағы мүмкіндігінің молдығында: мұғалімге материалды жүйелі және ретімен түсіндіруге, оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуын басқаруға және ғылыми көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік береді, оқушылардың, басқа да қызмет түрлерін, соның ішінде сыныптан тыс және үй тапсырмаларын, сондай-ақ оқушының мақсатқа жетудегі негізгі құралы және қызмет тәсілін таңдау және құрудың шарты ретінде көрінеді.

Сабақ сапасын арттыру барлық мұғалімдерді толғандыратын маңызды мәселе. Бұл ретте білім деңгейінің төмендеу себептерінің бірі – күнделікті сабақты өткізудің стандарты, көптеген мұғалімдердің сабақ үрдісін түгелдей дерлік жаулап алған дәстүрлі сабақтарды айтуға болады. Күн сайын өтетін, тіпті тамаша көрнекіліктер арқылы болса да, жаңа сабақты түсіндіру, үй тапсырмасын сұрау және қорытындылау сияқты жаттанды кезеңдерден тұратын классикалық немесе дәстүрлі сабақ студенттерді жалықтырады, білімге ынтасын төмендетері сөзсіз. Сондықтан, әр мұғалім өз жұмысында сабақты жандандырудың әдіс – тәсілдерін іздестіруді, бұған студенттерді тарта білуді, олардың белсенді шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыра білуі міндет. Бірақ, бұдан жаңа әдіс – тәсілдер дәстүрлі сабақтарды толық алмастыруы керек деген ой тумауы керек. Олар дәстүрлі сабақтарды толықтырып, жандандыра түсуі, студенттің білімге қызығуын арттыруы тиіс, сонда ғана оқу үрдісі жетілдіріле түседі.

Тәжірибелі, іскер мұғалімдердің авторлық сабақтарының дәстүрлі сабақтар сияқты қандай да бір шаблон, стереотиптік жүру жолы жоқ десек артық емес. Оның түпкі мақсаты – білім сапасын көтеру, оқыту үрдісін жандандыру, оны бірізділік пен формализмнен аулақтау. Әрбір педагогтің тілегі осыған саятын болғандықтан, әрқайсысының оқытудың белсенді әдістерін қолдануда өз деңгейін, студенттер деңгейін, оқу аудиторияларының, материалдық базасын және өтілетін сабақ материалының тарау ішіндегі алатын орны мен маңызын ескере отырып, сәтті пайдалануға толық мүмкіндігі бар.

Оқытудың белсенді әдістерінің пайда болуы мен дамуы оқытудың алдына жаңа міндеттер қоюға ықпал етеді. Студенттерге білім берумен ғана шектелмейді. Бірге олардың бойында танымдық қызығушылық пен қабілеттің шығармашылық ойлаудың дербес ақыл – ой еңбегімен айналысу шеберлігі мен дағдыларының қалыптасуы мен дамуына ықпал жасайды. Қазақстан Республикасының „Білім туралы“ заңында білім беру жүйесінің міндеттері баяндалған. Солардың бірі ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктер және де тұлғаның қалыптасуына дербес дамуына және кәсіпкерлікті меңгеруіне бағытталған. Шығармашылықты рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, білім алуға қажетті жағдайлар туғызу болып табылды. Бұл тапсырмаларды жүзеге асырудың қаншалықты тиімді болуы оқытудың сапасына студенттердің жоғары кәсіби дайындығын қажет ететін түрлер мен әдістердің таңдалуына байланысты болады.

Оқытудың белсенді әдістерін топтастыру. Оқытудың белсенді әдістері оқу процесінің әр түрлі кезеңдерінде пайдалануы мүмкін. Білімді тұңғыш игеру кезінде, білімді бекіту және жетілдіру кезінде, шеберлік пен дағдыны қалыптастыру кезінде. Оқытудың меңгерілген әдістерін белсенді және белсенді емес деп бөлуге болмайды. Танымдық іс-әрекет белсенділігінің алуан түрлі тәсілдерін пайдалана отырып, оқытушы студенттердің танымдық белсенділігін көтеруге қол жеткізеді.

Оқытудың белсенді әдісі мен түрлеріне мынаналарды жатқызуға болады: іскерлік ойындар, проблемалық, студенттердің баяндамалары мен ақпараттық хабарлары, кері байланысты дәрістер, дәріс – диалог, тренинг, дөңгелек столдар, пікірталас, ұжымдық - танымдық, оқу және т.б.

 

3.  Мектептегі оқытудың ерекшеліктері  

 

1.Оқыту  және білім беру ұғымы.

2.Оқу іс-әрекетінің мақсаты.

3.Оқу үрдісінің құрылымы.

4.Оқытудың дәстүрлі формалары.

5.Оқытудың инновациялық үлгілері.

 

Тұтас педагогикалық үдеріс екі өзара байланысты оқыту және тәрбие үдерістерінен тұратыны бәрімізге белгілі. Оқыту – алдын ала жоспарланған мақсатты түрде бағытталған іс-әрекет, оны орындау барысында білім алушылардың білім алуы, тәрбиеленуі және дамуы жүзеге асады, сонымен қатар адамзаттың, іс-әрекеттің және қарым-қатынастың жекелеген қырларының тәжірибесі меңгеріледі.

Оқытудың негізгі сипаттары:

-екіжақтылық, ол субъектілердің өзара байланысына негізделеді;

-қызметтің мазмұндық және іс-әрекеттік жақтарының бірлігі;

-танымның ерекше үдерісі;

-тұлғаның жан-жақты дамуына бағыттылығы;

-басқарушылық.

Бұл сипаттамалар жалпылама қасиетке ие.

Оқыту үдерісінің құрылымы екі басты субъектілердің, яғни оқытушы мен студенттердің өзара бірлескен іс-әрекетімен танылған. Біріншісінің іс-әрекеті – білім беру, оқыту, ал екіншісінің іс-әрекеті – оқу.

Оқыту – білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқаратын, ұйымдастыратын оқытушының мақсатты түрде бағытталған, арнайы ұйымдастырылған ісі. Оқытудың мақсаты – әрбір студенттердің білім алуын тиімді етіп ұйымдастыру.

Оқу – бұл мақсатты түрде бағытталған, арнайы ұйымдастырылған студенттердің танымдық іс-әрекеті, оның орындалу барысында білім, іскерлік, дағды жүйесі меңгеріледі және жеке тұлғалық қасиеттері дамиды. Оқудың мақсаты болып таным, қоршаған орта жайлы ақпараттарды жинақтап өңдеу табылады. Оқудың қорытындылары жалпы оқушының дамуынан, қарым-қатынас жүйесінен, білімінен, іскерлік, дағдысынан көрініс табады.

Оқыту үдерісі өзара байланысты мынандай компоненттермен танылады: мақсат, міндеттер, мазмұн, субъектілердің қызметі, әдістер, тәсілдер, құралдар және оқытудың нәтижесі. Жүйені қалыптастырушы компонент болып табылатын мақсат оқыту үдерісінің қалған барлық компоненттерін өз қарамағына жинастырады. Олардың барлығы біркелкілік пен бүтіндікті қалыптастырып, алдыға қойылған мақсатқа жетуге септігін тигізеді.

Оқыту үдерісінің әдіснамалық негізі болып гносеология саналады. Гносеологияның негізгі қағидаларына сәйкес, таным үдерісі нақтылы пайымдау, абстрактілік ойлау мен практика бірлігінен тұрады.

Оқыту үдерісінің қозғалтқыш күші қарама-қайшылық болып табылады. Ол қорытылып талданған түрінде былайша түсіндіріледі: оқытудың арнайы мақсатына жету қажеттілігі мен мақсатқа жетуге деген тәсілдері мен құралдардың жетіспеушілігі арасындағы келіспеушілік; нормативтік талаптар, педагогтың педагогикалық әсер етуі мен білім алушылардың оқу мазмұнын нақты белгіленген уақытта, белгілі деңгейде меңгеру мүмкіндіктері арасындағы келіспеушілік және т.б.

Оқыту үдерісінің субъектілері (педагог пен білім алушы) мынаны түсінгені маңызды: олар оқу барысында жалғаса беретін қарама-қайшылықтарды бірігіп шешіп, келесі пайда болатын жаңа қарама-қайшылықтарды шешуге дайын болуы керек.

Оқыту кезінде үш қызмет жүзеге асады: білім берушілік, дамытушылық және тәрбиелік. Жалпы алғанда барлық қызмет өзара байланысты және өзара жанамаланған, сонда да бұл жүйеде басымдылық білім беру қызметінен табылады. Практика жүзінде қызметтердің іске асуы кешенді міндеттердің шешімін табуымен, педагог пен білім алушы іс-әрекетінің мазмұнымен, оқыту әдістері мен формаларының үйлесімділігімен байланысты.

Осылайша, психологияны оқыту үдерісі, педагогиканы оқыту үдерісі секілді дидактикада құрастырылған жалпы ережелерге негізделеді оны психологияны оқыту үдерісін ұйымдастыру кезінде оқытушы ескеруі тиіс.

Оқытудың негізгі қызметтері білім беру, тәрбиелеу, дамытудан тұрады, сонымен қатар олар ұйымдастырушылық, психологиялық, интеграциялды-дифференциалды, құрылымдық, түзетуші, фасилитациондық, рефлексивті және т.б. қызметтермен толықтырылуы тиіс.

Барлық қызметтердің ішіндегі ең бастысы – білім беру. Білім беру қызметінің мағынасы педагогикалық білім, іскерлік пен дағды жүйелерін қалыптастырып, оларды білім алушылардың практикада қолдануына жағдай жасаудан тұрады.

Дамытушылық қызмет оқытудың белсенді әдістерін қолданғанда іске асады. Ол әдістердің көмегімен білім алушылар тұлғасының ойлау, сенсорлық, эмоционалды-еріктік, уәждік, коммуникативті салаларын дамытудың шарттары құрылады.

Тәрбиелік қызмет – білім алушыларды әр түрлі іс-әрекеттерге баулып, оларды ұйымдастыру. Қорытындысында білім алушылардың интеллектуалды, тұлғалық эмоционалды-ерік қасиеттері, кәсіби-бағдарлық көзқарастары мен пікірлері, оқу-танымдық қызметінің уәждері қалыптасады.

Оқытудың ұйымдастырушылық қызметінің көмегімен білім алушылардың оқу іс-әрекеті мен педагогиканы оқыту мазмұнының сапасы, көлемі арасындағы қатынастар реттеледі.

Психологиялық қызмет білім алушылардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдайлар туғызуында, әдеттегідей уақыт, таныс оқу бөлмелері, таныс оқу талаптары және т.б. – осының барлығы жұмысқа деген қолайлы икемділік пен жайлы әсер туғызады.

Интеграциалды-дифференциалды қызмет әрбір білім алушының мүмкіндігі мен қабілеттілігін ескере отырып, оның жеке іс-әрекет жасауына жағдай туғызып, олардың басқа білім алушылармен бірігіп жүзеге асыратын іс-әрекеттерін ұйымдастырады.

Оқытудың құрылымдық қызметі педагогика бойынша әрбір жеке оқу сабағының оқу материалдарын жүйелеп, құрылымдайды.

Түзетуші қызмет білім алушылардың орындаған жұмысын бақылау мен бағалау негізінде оқу ісін реттейді және түзетеді.

Рефлексивті қызметі өзіндік әрекетті қорытуға, басқаларды (студенттер мен әріптестерді) түсінуге, оларға көмектесуге, педагогиканы оқыту үдерісінде өзінің әрекеттерін басқа субъектілердің әрекетімен үйлестіруге бағдарланған.

Педагогикада «білім беру» басты түсінік болып табылатыны белгілі. Келесі анықтама жалпы танылған болып саналады: білім беру дегеніміз оқыту және тәрбие беру үдерістерінен тұратын және сол үдерістер барысында тұлғаның шығармашылық іс-әрекетін жүзеге асырудағы білімдерін, іскерлігін, тәсілдерін және әлемге деген эмоционалды-құндылық қатынасын меңгеретін арнайы ұйымдастырылған жүйе.

Педагогикалық білім беру аға ұрпақтың педагогикалық іс-әрекетінің тәжірибесінен алынған, өзіне білім, іскерлік, дағды жиынтығын, сонымен қатар ережелер мен құндылық бағдарларды қосатын, педагогқа өскелең ұрпаққа тәрбие беру және оқыту мен тәрбиелеу міндеттерін тиімді шешуге көмектесетін білім берудің тұтас жүйесінің ішкі жүйесі ретінде түсіндіріледі.

Бүгінде Қазақстанда көптеген әлем мемлекеттеріндегі сияқты қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының және әлеуметтік тұтастығының негізі болып табылатын нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа моделі қалыптасуда. Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнын жаңғырту барысында көптеген шаралар өткізілу үстінде:

-мамандарды даярлаудың үш сатылық жүйесіне көшу басталды (бакалавриат-магистратура-доктарантура РһD);

-бакалавриат және магистратура студенттері кредиттік оқыту технологиясына ауыстырылды;

-фундаментализм, прагматизм, интеграциялау, дифференциялау, бірегейлендіру (унификация), диверсификация аспектілері күшейтілген;

-стандарттау және көп вариативтілік, көп кезеңдік пен үздіксіздік, технологияландыру мен гуманизациялау, универсализация мен мамандандыру, орталықтандыру мен орталықсыздандыру, интернационализациялау мен этнизация, саяси идеологиялау мен плюрализация аспектілері өзара әрекеттеседі;

-білім берудің сапасын қамтамасыз ететін, оның жаһандануымен, ашықтығымен байланысты Болон үдерісінің идеялары іске асуда.

Оқыту процесі - бұл мұғалім мен оқушылардың белгілі бір мақсатқа бағытталған өзара әрекеттестігінің барысында оқушыларға білім беру міндеттерін шешу.

Оқыту процесінің құрылымдық компоненттері мыналар:

·           Мақсат.

·           Педагог

·           Оқушы, білім алушы.

·           Оқыту әдістері.

·           Оқытуды ұйымдастыру түрі.

·           Алған білімді өмірде қолдана білу, нәтижесін көру.

·           Педагогикалық диагностика.

 

Дәстүрлі оқыту әдістері мен оқытудың қазіргі педагогикалық технологиялардың ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау

 

 

Дәстүрлі оқыту

Қазіргі технологиялар

1

Оқыту

 

Білім мен дағдыны жас ұрпақ бойына сіңіру

Маңызды мәселелерді шеше білу, сондай тәжірибені меңгеру

2

Негізгі ұйымдастыру формасы

 

Сыныптық жүйе,мұғалім түсіндіреді,оқушыдан түсінгенін сұрайды. Бағалайды.

Әр түрлі деңгейдегі белгілі формада сыныптан тыс жердеде өткізіледі, белгілі мәселені шешу тапсырылып,оқушы ізденіп тапсырманы өзі орындайды.Сабақ құрылымы өзгешелеу болады.

3

Мұғалімнің ролі

 

Жауапты тұлға, білім тасымалдаушы, ақылшы, төреші

Ұйымдастырушы, кеңесші, бағыттаушы

4

Оқушының ролі

 

Жауапкершілігі жоқ, бағынышты

Өз жетістігіне жауапты, өз бетінше даму бағытындағы лидер

5

Бақылау мен бағдар

 

Мұғалім бақылауында, тапсырма «орындалды» не «орындалмады» Жетістік деңгейі орташа көрсеткішпен өлшенеді

Ішкі бақылауда, өзін өзі бақылап, бағалайды. Мектептен тыс жетістіктерін көрсету мүмкіндігі. Оқушы жетістігі көп деңгейлі өлшеммен өлшенеді.

6

Нәтиже

 

Білімнің белгілі бір жиынтығы, тұрақты қоғамда жұмыс істей алатын тұлға

Өз бетінше жауапты әрі саналы әрекет ете алатын жеке тұлға

 

 

4. Оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың психологиялық негіздері

 

1.      Оқу пәні мазмұнын таңдаудың  негізгі принциптері.

2.      Меңгеруді ұйымдастырудың психологиялық ерекшеліктері.

3.      Жалпы және абстрактілік сипатты білдіретін білімді меңгеру.

4.      Оқу пәнін конструктілейтін білім немесе оның тараулары.

 

Психология ғылыми және оқыту пәні ретінде оқытуда ғылым біріншіден, білім өндіруші іс-әрекет және екіншіден, білімді жүйелендіруші форма ретінде анықталады. Психологияны оқытудың мақсаты бір жағынан ғылыми-психологиялық білімдердің мазмұны арқылы анықталса, екінші жағынан бұл білім оқытылатын білім беру аймағы бағдарламасы типіне байланысты келеді.

Оқу пәні біріншіден білім жүйесі, ал екіншіден, осы білімдерді меңгерту бойынша оқу-танымдық іс-әрекет түрінің жүйесі ретінде анықталады.

Осылайша бұл екі түсінік бір жерде қиылысады, бұл – білімді жүйелендіру.

Оқу пәні В.И.Гинецинскийдің анықтамасына сәйкес ғылыми пән негізгі дидактикалық жүйеленген түрде түсіндіру болып табылады.

Оқу пәнінің дәстүрлі түсінігі орта ғасырлық университеттерден бастау алады. Оқу пәні пәндік білімнің барлық қасиеттерін сипаттап, жүйелік және құрылымдық функцияны атқарады. Осы кезде сапалық деңгейлік ерекшеліктер ескерілмеді.

Жаңа уақыттағы ғылыми және оқу пәнін ажырату басталды. Оқу пәні, әдетте, оқу-танымдық іс-әрекетті әр түрлі жүйелер ретінде қарастырылады.

Оқу пәндерінің құрылымы мен мазмұнын анықтауда келесі сұрақтар туындайды:

§     Оқу пәні осыған сәйкес ғылым саласымен бірдей болуы тиіс пе?

§     Оқу пәні ретіндегі психологияның ғылым ретіндегі психологиядан айырмашылығы неде?

§     Психология бойынша оқу бағдарламасында жиналған психологиялық білім қоры қандай деңгейде бейнеленуі тиіс?

§     Оқу бағдарламасына енетін білімдер мен іскерліктерді іріктеу принциптері мен критерийлері қандай?

Осылайша ғылыми пән – бұл зерттеушілерге бағытталған білімдер жүйесі, ал оқу пәні – оқушыларға бағытталған білімдер жүйесі болмақ.

Оқу пәнінің құрамына екі компонент кіреді:

1.        Білімдер жүйесі;

2.        Меңгерілуге бағытталған оқу-танымдық іс-әрекет жүйесі.

Оқу пәнінің екі құрамдас бөлігін талдауда келесі факторлар ескерілді. Оларды толығырақ қарастыра кетейік:

1) Психологиялық білімнің жүйелену деңгейі. Білімдер неғұрлым жүйеленген болса, соғұрлым ғылыми пәннің оқу пәні болуға мүмкіндігі жоғары болады.

2) Әдіснамалық позиция, қызығушылықтар, оқытушылардың көзқарасы. Оқу пәні шеңберінде оқытушы барлық теорияларды, концепцияларды, көзқарастар мен түсініктерді түсіндіріп, олардың мағынасын ашуы тиіс. Оқытушы белгілі бір әдіснамалық позицияны ұстануға, белгілі бір көзқарастарға сенуіне құқығы бар.

3) Психология оқылатын білім беру бағдарламаларының деңгейі, типі және мақсаттары. Оқу пәніне кірген білімдер жүйесі және меңгерілуге бағытталатын оқу-танымдық іс-әрекет жүйесі келесілерге сәйкес әр түрлі болуы тиіс:

3.1. Бұл пән бастауыш, негізгі, орта не жоғары мектепте беріліп отыр ма;

3.2. Бұл пән жалпы білім беретін немесе кәсіби білім беру мекемелерінде оқытыла ма;

3.3. Ол болашақ психологтарға, педагогтарға, дәрігерлерге беріліп отыр ма;

4) Оқушылар мен студенттердің жас ерекшелігімен, даму деңгейі, даралық психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес белгілі бір тақырыптарға, мәселелер, фактілерге және түсініктерге деген қызығушылық.

5) Оқушылар мен студенттердің білімі мен қабілеттері. Оқытушы оқу пәнін оқушылар мен студенттердің білімін негізге ала отырып құруы тиіс. Оқу пәні оқушылардың белгілі бір тақырыпты, фактілерді, ұғымдарды игеру қабілетіне қарай түрліше құрылады.

6) Белгілі бір психологиялық білімдер мен іскерліктерді игеру процесінде атқаратын оқушының түрлі белсенділік формалары, функциялары. Оқу пәнін игеру дәріс, семинар, практикалық, өзіндік жұмыс түрінде берілуіне қарай сәтті немесе сәтсіз болуы мүмкін.

7) Дидактикалық материялдық қоры. Оқу пәнінің дидактикалық өңделу дәрежесі түрлі болуы мүмкін. Жекелеп айтқанда сабақтың нақты бағдарламасы, нақты тапсырмалары, көрнекі материалдары, бақылау сұрақтары болуы мүмкін. Психологияны оқыту әдістемесі кез-келген педагогикалық пән ретінде педагогикалық пәндер қатарына жатады және оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарына сүйенеді. Нақты психологияны оқыту болғандықтан ғана оқыту психологиясы психологияны оқыту әдістемесінің негізі болып саналмайды, себебі оқыту әдістемесі пәннің мазмұнына қатысы жоқ.

Педагогикалық психология тұрғысынан алғанда оқушы мен оқытушының әрекеттерін ажырата білу қажет. Студенттің оқу әрекеті оны жоғары дәрежелі маман етеді, ал оқытушының әрекеті студентті маманға айналдырудың тиімді жолдарын қамтамасыз ету болып табылады. Осы себептен ғылыми негізделген оқыту әдістемесі үшін студенттің оқу әрекетінің психологиялық шарттарын, нақтырақ айтсақ, білімді игерудің (психологиялық механизмдерін) дайындалып жүрген болашақ мамандығының кәсіби әрекетінің дағдылары мен іскерліктерін игеруінің психологиялық механизмдерін ашуды қарастрыу қажет. 

Орта және жоғары оқу орнында психологияны оқытудың міндеттері:

-  Болашақ мұғалімдер ретінде орта және жоғары оқу орны оқушыларында дүниетаным мен тұлғаның жоғары моральдық қасиеттерін қалыптастыру;

-  Орта және жоғары оқу орны оқушыларында кәсіби бағыттылықты тәрбиелеу, яғни мұғалімдік қызметке қызығушылық, балаларға деген сүйіспеншілік, баланы зерттеуге талпыну, оның психикасымен ерекшеліктерін тануға талпыну;

-  Оқушылардың психологиядан алған теориялық білімін практикада қолдана білу іскерлігін, оқу – тәрбие жұмысына баланың жеке басының қалыптасу процесіне бақылау жүргізе білу, бақылау нәтижесін талдай және жалпылай білу іскерлігін дамыту, солардың негізінде баланың психикалық ерекшеліктерінің пайда болуы, даму себебі туралы қорытынды жасауға үйрету;

Психологияны оқыту әдістемесі пәнінің міндеттері:

-  Психологияны оқыту әдістемесінің теориялық негізгі мазмұнын ашу. Психологияны оқыту мәселелеріне қызығушылық туғызу.

-  Студенттердің психологияның практикалық оқытушысы ретінде үздіксіз өзіндік жетілдіруіне бағыттау;

-  Студенттерді қоданбалы психологиялық пәнді меңгеруге қызығушылығын арттыру;

-  Студенттердің жеке кәсіби іс – әрекетіндегі педагогикалық психологияның білімін қолдануға стимул (ұйытқы) жасау.

Оқыту принциптері – бұл оқу сабақтарын ұйымдастырудағы жетекші идеялар, ғылыми негізделген ұсыныстар, оқыту процесін реттейтін ережелер, нормалар. Принциптер дидактика мен оқытудың мақсатына тәуелді. Қазіргі дидактикада классикалық принциптер, сондай-ақ соңғы он жылдықта жасалған принциптер бар.

Карандашев В.Н. дәстүрлі оқыту принциптерінің ішінен (оқытудың тәрбиелеуші сипаты, ғылымилық, көрнекілік, саналылық және белсенділік, жүйелілік, жеке тұрғыдан келу, жас ерекшелікті ескеру, аудиторияның мотивациялық дайындық принципі) психолгияны оқытудағы принциптерге ерекше мән береді.

Ғылымилық принцип оқылатын материал қазіргі ғылыми және практикалық психология жетістіктеріне сәйкес келуін талап етеді. Бұл принцип психологияны оқытуда аса маңызды роль атқарады, себебі қазіргі уақытта ғылыми емес, тұрмыстық психологияда эзотериялық білім негізінде жазылған көптеген психологиялық кітаптар бар. Мұндай кітаптарда дәлелденбеген, ғылыми тұрғыда зерттелмеген мәліметтер беріледі.

Жүйелілік принципі оқу материялдарын белгілі бір логикалық бірізділікпен берілуін көздейді. Бұл оқу пәні туралы жүйелі түсініктерді қалыптастырады.

Тиімділік пен эмоционалдылықтың бірлігі принципі. Бұл принципке сәйкес оқу студенттер мен оқушылар оқудың мақсатын түсініп, осы пәнді оқу қажеттілігін білсе, оның өзі үшін және кәсіби қалыптасуы үшін мәнін ұғынса, білімге саналы қызығушылық танытса ғана тиімді болады.

Теориялық білім мен эмпирикалық білімнің бірлігі принципі. Бұл принцип нақты мен абстракцияның бірлігі сияқты дидактикалық принципті нақтылау болып табылады. Бұл принципке сәйкес психологияны оқытуда бір жағынан, теориялық идеялар және олардың логикалық негізделуі, екінші жағынан, олар сүйенетін эмпирикалық деректер, оларды көрсететін нақты мысалдар өзара үйлесіп жатуы тиіс. Өкінішке орай, психология оқулықтарында және дәрістерінде нақты деректер мен мысалдарға негізделмеген теориялық тұжырымдар едәуір басым болады немесе практикалық психология саласынан алынған көптеген қызықты психологиялық зерттеулер, тәжірибелер, мысалдар көп кездеседі.

Көрнекілік принципінің мәні оқуда сезім мүшелері мен бейнелерді қолдану мүмікндігінде. Ең маңыздысы көру бейнелері. Біріншіден, студенттер мен оқушыларда көру анализаторы жетекші роль атқарады, екіншіден, ақпараттың көру арқылы танылуы материалды терең түсініп жақсы игеруге мүмкіндік береді.

Психологияны оқудың өмірмен, тәжірибемен байланысы принципі. Оның мәні психологиялық түсініктер мен заңдылықтар ғылыми зерттеулермен ғана түсіндірілмей, студенттер мен оқушылар күнделікті өмірде кездесетін өмір шындығы арқылы түсіндіру болып табылады.

Оқытуда жас ерекшелікті ескеру принципі.

Жасөспірімдік кезең өзге де психологиялық жас кезеңдері секілді ерекше үстем тұрған қажеттіліктермен, тұлғаның сапалық жаңа құрылымдарымен, сензитивтілігімен, психикалық өмірдің өту ерекшелігімен сипатталады.

Жоғарыда аталған принципті нақтылай келе біз жасөспірімдік кезеңнің келесі сипаттамаларын есепке алдық.

1.  Жасөспірімнің жалпы мотивациясы қарым-қатынасқа ауысады. Мұнда қақтығыстар болады, құндылықтарды қайта қарастыру және өзін-өзі орнықтыру қажеттілігі қанағаттаныдырылады.

2.  Жасөспірім ересектік және «Мен» бейнесінің қалыптасуына байланысты өте күшті әсерлерді бастан кешіреді. Сонымен қатар мұнда жыныс бейнесімен идентификациялану (теңестірілу) жүреді.

3.  Абстрактылы ойлау түрінің қарқынды дамуы ойлау тәсілдерінің өзгеруіне, оның әлеуметтенуіне әкеледі, осының нәтижесінде қоршаған ортаға және өзіне деген көзқарасы өзгеріске ұшырайды.

4.  Өзіндік сана мен рефлексияның белсенді қалыптасуы өмір және өзі туралы көптеген сұрақтарды туындатады. «Мен қандаймын?» деген сұрақ жасөспірімде өзінің мүмкіндіктерінің қорын іздейді.

5.  Дамудың қорғаушы күшіне тұлғаның ішкі құраушы компоненті болып табылатын қызығушылықтар жатады. Эмансипация реакциясы айқын көрініс табады, осыған сәйкес өзін-өзі өзектендіру де көрініс береді.

Оқытудағы жас ерекшеліктерді ескеру принципін жүзеге асыру тәжірибеде екі тәсілмен шешіледі.

1.  Мазмұн арқылы. Оқу курсы мазмұнының елеулі бөлігін «жас ерекшелік қажеттілігі» болып табылатын ақпарат құрайды және сол себепті ол жасөспірім үшін маңызды болып табылады. Осылайша әрбір жас сипаттамасына белгілі-бір категория сәйкес келеді: қарым-қатынас мәселесі – «қатынас» категориясы, өзіндік сананың даму мәселесі – «даму» категориясы.

2. Әдістер арқылы. Курста бағдарлама мазмұнына қарамастан жасөспірімнің көрсетілген қажеттіліктері мен «жұмыс істейтін» әдістер тобы қолданылады.

Жеке тұлғадан келу принципі

Аталған принципте нақты аудиторияның ерекшеліктреі мен қажеттіліктері туралы айтып отырмыз. Мұғалімнің осы принципті меңгеруі дегеніміз педагогикалық жағдайда психологиялық контекстпен жұмыс істеу дегенді білдіреді. Яғни оқытудағы тек жүріс-тұрыспен қатар түрлі деңгейде жағдайды талдай білу, яғни жасөспірімнің мадақтауға және нашар әсер қалдыруға деген қорқыныш сезімталдығы жатады.

Мұнда мұғалімнің топтың психологиялық ахуалына назар аудара білуі маңызды болып табылады. Ол индивидпен, микротоптармен және жалпы топпен не болып жатқанын аңғара білуі тиіс.

Қанша индивид болатын болса, сонша «топ» ахуалы болады. Әрбір оқушы түрліше мұғаліммен өзара әрекеттестікке түседі, құрдастар тарапынан әр түрлі көзқарастарға ие болады.

Аудиторияның мотивациялық дайындық принципі.

Аталған принциптің маңыздылығы әрбір сабақты өткізу оқу процесін құру барысында оқытушы аудиторияға осы сәтте маңызды жағдайларды ескеріп, соларға бағдарлануы тиіс. Бұл принциптің негізінде оқушылардың (студенттердің) ішкі түркі, қажеттілік және мақсат жүйелерін ашып, олардың осы пәнге деген қызығушылығы мен талаптану деңгейін қалыптастырады.

 

ПСИХОЛОГИЯ БОЙЫНША САБАҚТАРДЫ ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ

 

 5. Сабақтың құрылымы

 

1.      Сабақты өткізудің жалпы схемасы: дайындық фазасы, оқушылармен мұғалімнің өзара әрекет жолдарының белсенді оқыту фазасы, сабақтың нәтижесін бағалау фазасы.

2.      Сабақтың психологиялық талдауы.

 

Сабақтың жалпы ұйымдастыруын құруға қатысты тенденциялар олардың құрылымдар түрінің өзгеруінен, оқытудың басқа да ұйымдастыру формаларымен сабақтастығынан; ауызша сұрау және үй тапсырмасын тексеруге кететін уақытты мейлінше қысқартудаң сабақтың бұл кезеңдерін дидактиканың негізгі міндеттерін оқушылардың өз бетінше жұмысымен біріктіру арқылы шешу үшін пайдалануда көрінеді. Сабақтың шығармашық бастамасын күшейту тенденцясы өзін-өз бетінше жұмысты ұйымдастыруға ерекше назар аударуда байқатады.

Сабаққа қойылатын қазіргі талаптар

1. Әрбір сабақта білім беру, даму және тәрбиелеу мақсаттарының бірлігі сақталуы керек. Әрбір сабақ оқыту процесінің басты заңдылықтарын жүзеге асыруға ықпал етуі керек.
Сабақта белгілі бір білімді баяндай отырып, оқушылардың  пайымдауын дамыту,  олардың ойлау қабілетінің дамуына ықпал ету және оларды қоршаған дүниеге лайықты қатынасын  қалыптастыру, оларға осы қатынастар  негізінде мінез-құлық дағдысын сіңіру қажет. Тұлғалық қасиет қалыптасуы үшін алған білімнің оқушылардың мінез-құлқын айқындауына, оларда қажетті түлғалық қасиеттің қалыптастыруына ұмтылу керек (жұмыс орнындағы мәдениеттілік тапсырманы орындау сапасын жауапкершілікпен қарау, оларды орындаудағы қиындықтарды жеңу).

2. Әрбір сабақ дидактиканың барлық принциптеріне және бәрінен бұрын оқыту мен өмірдің ғылымилығы мен байланысына жауап беруі керек.

Кез-келген оқу пәні бойынша кез келген сабақ — ол процестін бір бөлігі, сондықтан да окып-үйретуді ғылыми танымда нақтылықтың критерийі рөлін атқаратын өмірмен, практикамен байланыстыра білуге, ал оқу процесінде — оқуға ынталықты, оған оң көзқарасты, айналадағы ортаның құбылыстарын түсіндіру үшін теориялық білімдерін практикада қолдан білу дағысына қалылтастыруға тиіс.

3. Әрбір сабақ, ең алдымен, сабақтың тақырыбы мен жиі ауыстырылатын айқын дидактикалық мақсатпен сипаттауы керек.
Әрбір тақырып бойынша бірнеше сабақ өткізілуі мүмкін және олардың әр қайсысының өзінің нақты дидактикалық мақсаты болуы тиіс: оқушыларды ойлау операцияларымен қаруландыру (классификаиялау, көшіру, жалпылау, т.б.), білімін практикада қолдануға дағдыландыру, оқуыларды   тақырып бойынша жекелеген фактілермен таныстыру, теориялық қорытындыларды өз бетінше тұжырымдау дағдысын қалыптастыру және т.б.

Мұғалім белгіленген мақсатқа байланысты сабаққа дайындалу процесінде оқушыларға беретін оқу материалының мазмұның — сабақтың құрылымын, оқыту әдістерін, құралдарын, т.б. — анықтау керек. Әрбір сабақтың айқын мақсатының болмауы оларды біржақты болуға алып келеді, ал бұл оқуға дегеп қызығушылықтың  жойылуына алып келеді.

4. Сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың танымдық қызметін жандандыру мақсатында оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану.

Оқушыларға кез-келген бірыңғай ұзақ ықпал ету (мысалы, ұзақ ауызша түсіндіру) олардың ынтасының ыдырауына, енжарлыққа алып пайда болуы мүмкін. Бұл  құбылыс өзін-өзі қорғау қасиетімен түсінікті. Енжарлықтың пайда болуы — осындай өзін-өзі қорғаудың нәтижесі. Дегенмен, балаларда бұл қасиет қызметтік әр түрлі бөгдс түрлерін іздестіруде байқалады, олар сабақта алаңдайды, мұғалімнің ақпаратын қабылдамайды. Сондықтан да әрбір сабақта оның әрбір кезеңдерінде оқушылар қызметінің турлерін орынды өзгертуге ұмтылу керек. Ол үшін әлсін-әлсін әр түрлі сезім органдарына әсер ететін, тиімдірек танымдық қызметке жағдай туғызатын, оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану қажет. Сабаққа дайындалғанда, қашан, сабақтың қай бөлімінде қандай әдіс, тәсіл немесе құрал пайдаланылатынын жеткілікті ойластыру қажет.
Дегенмен, сабақта қызмет түрлерін ауыстыру әр түрлі болуы керек, оқушылардың жас ерекшеліктері, сыныптың ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Балалардың барлығы барлық уақытта қызметтін бір түрінен екіншісіне ауыса алмайды.

5. Сабаққа қойылатын талаптардың бірі — оның эмоционалдығы. Ол оқушыларды сабақтағы маңызды қызметті — жаңа білімді игеруді — атқаруға итермелейді. Ол сырттай ғана байқалуы мүмкін (мұғалімнің  катты дауысы, қол сілтеуі, т.б.), эмоционалдылық мұғалімдік сабақтағы оқыту процесіне, оқылатын тақырыпқа қатысты байқалуы мүмкін.

Оқушылар сергек болуы үшін сабақ эмоционалды  болуы керек, бұл олардың белсенділігін арттыру тәсілдернің бірі. Сабақта әр түрлі проблемалық ситуацияларды пайдалану да эмоционалдылыққа жағдай жасайды, оқушылардың танымдық кызметін жеделдетеді.

6. Әрбір сабақта оқушылардың білімін үздіксіз есепке алу жургізілуі керек. Оқыту процесі кез-келген сабақта тұрақты кері байланыс болған жағдайда тиімді болады. Сабақтың әрбір кезеңінде мұғалім, оқушының оқу материалын игеру деңгейін біліп отыруы керек, өйткені ол осы деңгейдің үнемі өсіп отыруына жағдай туғызуы керек. Мұғалімнің сабақта барлық оқушыдан сұрауға мүмкіндігі болмайды, ол ғасырдың басында ескі мектептердегідей оқушылардан оның соңғы жауабынан бастап барлық өтілген материалдарды сұрай алмайды.

Сондықтан да оқушылардың білімін бақылаудың әр алуан түрлерін пайдалану керек. Осы мақсатта әр түрлі компьютерлік бағдарламалар (егер мүмкіндік болса), жазбаша тапсырмалар, анкеталар, перфокарталар пайдаланылуы мүмкін, олар білімді тексерудің нәтижесін бірден алуға мүмкіндік береді. Бұл жерде ең бастысы -әрбір мұғалімде оқушының сабақтағы танымдық кызметінің нәтижесін бағалау үшін байқағыштық қасиеті жақсы дамуы керек.

7. Әрбір сабақ өзінің ұйымдастырушылық заңдылықтарымен, ең нәтижелерді сезінгіштігімен ерекшеленуі керек.
Әрбір өткен сабақ мұғалім мен оқушыға алға басушылық сезімін туғызуы керек. Сабақ білім көлемінің елеулі есуін қамтамасыз етуі немесе сапасын жетілдіруін, немесе осы екеуін де қамтамасыз етуі керек. Білімнің осындай елеулі өсуі (білік пен дағдының) қанағаттану сезімін туғызады, әрине оқушының оқуға деген белсенді көзқарасын туғызады. Әрбір сабақ оқыту процесінің тамандалған бөлігі болуы тиіс.

8.  Әрбір сабақта жүйелі қайталаудың элементтері қатысуы тиіс. Өтілген оқу материалын қайталаудың барлығы бірдей оқыту процесінің тиімділігіне жағдай жасамайды. Өткені кайталау ешқашан да жаттанды кайта айтуға алып келуі тиіс емес. Әрбір сабақтағы жаңадан оқылатын материал бұрын етілгеннің тұрғысынан қарастырылуы керек. Мұғалім жаңа материалды баяндағанда мүмкіндігінше оны алдыңғы өткенмен байланыстыруы, оған сүйенуі керек.

9.  Әрбір сабақ техникалық оңтайлы және дидактикалық жарақ-тандырылган болуы керек. Таным сезімдік қабылдаулардан басталады. Әйтсе де, көрнекілік үшін көрнекілікті пайдаланбау керек, техникалық құралдарды орынсыз пайдаланбау қажет, бәрінің де шегі болуы керек. Мұғалімнің сабаққа дайыңдалуда көрнекі, дидактикалық құралдарды ойлап табуға және дайындауға кеткен уақыты оқытудың нәтежесімен ақталады.

10. Кез-келген пән бойынша әрбір сабақтың өткен және алдағымен байланысы. Кез-келген сабақ басқалардан оқшауланып қарастырылмауы керек, ол сабақтың жалпы жүйесіндегі белгілі бір буын болуы керек. Мұғалім белгілі бір пән бойынша сабаққа дайындалғанда өтксн сабақты жақсы елестете білуі керек. Әрбір мұғалім өз мүмкіндігіне қарай сабақтың материалын өткен материалмен байланыстыруға тырысады. Сондай-ақ алдағы сабақтың құрылымы меп мазмұнын да жақсы білуі керек. Бұл бастауыш педагогтар үшін өте маңызды. Мұғалім кез-келгсн сабақта білім қалыптастыра отырып, келесі (ертеңгі) сабаққа негіз калауға міндетті. Оқьпу процесін ұйымдастыруға осындай әдістің қажетігі теориялық турде Л. С Выготскийдің зерттеулерінде негізделген. Бұл идеяны сабақта жүзеге асырудың нақты мысалына белгілі жаңашыл-педагог Лысенкованың кызметін жатқызуға болады.

11. Сабақтың барлық уақытын үлкен табыстылықпен пайдалану. Сабаққа дайындалғанда оқушылардың 45 минут бойы жұмысын ұйымдастыруды ойластыру керек. Сынып ешқашанда бүкіл сынып үшін жеткілікті мөлшерде тапсырмалар, сұрақтар жинақтаған мұғалімнің назарынан тыс қалмауға тиіс.  Сабақта оларды дайындауға уақыт шығындамау үшін көрнеті құралдар, приборлар, техникалық құралдар алдын-ала тексерілуі керек. Дәстүрлік құрылымның өзі де (сұрау, түсіндіру, бекіту) қызметтін бір түрінен екіншісіне көшкенде уақыт жоғалтуға алып келеді. Сондықтан да құрылымды көшу оқушыларға елеусіз болып қалатындай етіп ойластыру керек.
Жекелеген оқушылардың сабаққа кешігу, сабақтағы басқа да тәртіп бұзушылық себептерін аңықтауға мүмкіндігіншс уакытты шығындамау керек, бұл туралы қоңыраудан кейін әңгімелеуге болады.
Көптеген мұғалімдер оқушының орнынан тұрмай ауызша жауап беруін жақтайды, өйткені бұл да уақыт үнемдеуге септігін тигізеді.

12.  Оқушылардың бүкіл сабақ бойы оқу-еңбек тәртібін қамтамасыз ету. Алдыңғы айтылған талаптарды орындау сабақтағы тәртіпті белгілі бір деңгейде қамтамсыз етеді Әйтсе де, мұғалім тәртіпті үстау үшін әрбір оқушының тұлғалық сыйластығына сабақтасатын белгілі бір талап қоя білуі керек. Сынып ұжымы тәртіп бұзушылыққа төзбейтіндей болуға қол жеткізуі керек, өйткені сабақтағы тәртіп ынтасы орнықты болуына негіз салады.
Көптеген мұғалімдер көбіне оқушылардың жалған ынтасымен ғана шектеледі, К. С. Станиславский "ынта объектіге көзін тігу ғана емес" деп атап көрсетті. Оқушылар тек мүғалімге жай қарап жене тыңдап қана қоймауы керек, оқылатын материалға қатысты белсенді болуы керек, сабақта тиімді танымдық қызметке септігін тигізетіндей жұмыс жағдайы үстемдік құруы тиіс.

13.  Сабаққа қойылатын талаптардың бірі оның құрылымдық икемділігі болып табылады.  Мысалы, мұғалім сабақтың айқын құрылымын, оның нақты мақсатын ойластырды, бірақ одан ешнәрсе шықпайды, сабақ белгіленген жоспар бойынша өтпейді. Бұл жағдайда мұғалім сабақ барысында қажетті нақтылаулар енгізе оның құрылымын ауыстыра қосымша тәсілдерді пайдалана білуі керек, бірақ мақсатқа жету керек. Сабақ — спектакль емес, оған көп дайындалғанмен, ол ешқашан репетицияланбайды.

14.  Сабақтың кәсіби бағыттылығы.  Әрбір сабақтың оқу пәніне тәуелсіз, кәсіби бағыттылығы болуы керек. Мүмкіңдігінше әр ретте оқу материалының болашақта қандай да бір мамандықты иемденудегі маңызын, алған білімнің алдағы бүкіл өмірдегі маңызын атап көрсету керек.

15.  Үй тапсырмасының тиімділігі және оны міндетті тексеру. Мұғалім, үйге тапсырма бере отырып, оқушылардың барлығы оны орындай алатынына сенімді болуы керек. Кейде өте қиын тапеырма ұсынылады, бірақ кез-келген жағдайда мұғалім үй тапсырмасына, оның мәні неде екенін, мақсаты қандай, оны орындаудың негізгі ережелері қайдан оқуға болатынын түсіндіре отырып, түсініктеме беруге міндетті. Оқушылар орындаған кез-келген үй тапсырмасы міндетті түрде тексерілуі. талдануы керек, әйтпесе оқушылардын өз бетінше танымдық қызметке деген қызығушылығы жойылады.

16.  Қолайлы моральдық-психологиялық және санитарлық-гигиеналық жағдайлар туғызу.

Бұл жағдайлар көпшілігінде сабаққа қойылатын барлық жоғарыда аталған талаптардың орындалуымен анықталады. Әрбір сабақта, бәрінен бұрын, сыныптағы оқушылардыұ арасында, мұғалім мен оқушылардың арасында қалыпты қатынас орнату керек. Оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктеріп де есксру керек.
Жоғарыда сабаққа қойылатын он алты талап қарастырылды, бірақ бұл тізімді (перечень) жалғастыруға болмайды дегенді  білдірмейді. Әрине, мұғалімнің әрбір сабақта олардың барлығын орындауын талап етуге болмайды. Бірақ олардың білуге міндетті, өйткені ол сабақтың жоғары тиімділігіне алып келеді.

Сабақты құруға қойылатын талаптар: 

1. Сабақтын бағдарламаға, өтетін орнына және уақытына сәйкестігі.

2. Сабақтың құрылымы мен кезеңдердің қажеттілігі, олардың уақытқа байланысты арақатынасы.

3. Идеялылығы мен  ғылымилығы.

4. Эстетикалық тәрбие, сабақтың эмоциоиалдық жақтары.

5. Жаңа материалдар беру.

6. Дамыта оқыту принциптерін сақтау.

7. Өмірмен байланыс.

8. Оқытудың көрнекілігі, оқытудың техникалық құралдарын пайдалану.

9. Кітаппен жұмыс істеу.

10. Жаңа ұғымдардың тууы, таным қуанышы.

11. Дайындық  жаттығуларын ұйымдастыру.

12. Оқушылардың жұмысындағы дербестік.

13.Оқушылардың белсенділігі мен бастамашылдығы.

14.Оқушыларды жұмыстың әр алуан түрлерімен қамту.

15. Ауызша және сөздік практикамен қамту.

16. Жекелей әдіс (қабілеттілерге назар аудару, артта қалушылармен жұмыс істеу)

17. Оқушылардың білімін тексеруді ұйымдастыру.

18.  Оқушылар білімінің тереңтіп мен беріктігі

19.  Бағалардың сәйкестігі және  оларға аннотация.

20.  Үй тапсырмасын ұйымдастыру.

21.  Сабақ өткізу қарқыны.

22.  Мұғалімнің педагогикалық тактісі.

23.  Мұғалімнің сөзі, оның субъективті жетістіктері

24. Дауыстап айтумен жұмыс істеу.

25.  Сөздік — фразеологиялық және стилистикалық жұмыс.

26.  Байланыс сөзін дамыту, практикалық бағыттылық.

27.  Грамматиканы, лексиканы оқу.

28.  Оқу техникасы.

29.  Сөйлеу және жазу мәдениеті.

30.  Көркем шығармаларды оқу.

31. Жазбаша жұмыстар жүйесі.

Оқушылардың сабаққа оқу еңбегін тиімді ұйымдастыру қажет, оқуды білуге  олардың басты білігін қалыптастыру. Бұл маңызды міндеттер қазіргі адам қызметінің сипатына байланысты туындайды және олар мұғалімнен оқытудың тиімділігін арттыру жолдарын үнемі іздестіруді талап етеді:

Оның бастылары:

1. Сабақтың тиімділігін артгыру жолдарының бірі (кез-келген оқу пәні бойынша) әр сабақта мынадай жағдайлар жасау болып табылады: оқушылардың оқу материалының негізін сабақтың өзінде меңгеруі тиіс, бірақ бұл негіздер кездейсоқ емес, саналы игерілуі керек.

Сондықтан сабаққа дайындалар кезде мүғалім оқушыларды таныстыратын ақпарат көлемін ойластырып қана қоймай, окушыларға сабақтың өзінде оқылатын материалдың негізін, әсіресе, сол әдістерді, тәсілдерді, құралдарды меңгеруге мүмкіндік береді. Жаңа материал түсінікті әрі сабақтың өзінде жиі есте сақталуы қажет. Оқушылар қосымша материалды емес, негізгі материалдың мәнін (басты ойды, заңды және т.б.) меңгеріп, түсінуі үшін мүғалім ең негізгіні көрсете білуі керек.

2. Келесі сабақтың тиімділігін көтерудің тағы бір маңызды жолы — бұл ұжымдық жұмыс кезіндегі әр оқушының барынша дамуына мүмкіндік туғызу.

Дұрысында, мұғалім сабаққа дайындалу процесінде үлгерімі орташа оқушыға бейімделеді. Жалпы тапсырманы орындау үшін бір сыныптың оқушыларына әр түрлі уақыт қажет, сондықтан жақсы оқушылар, жұмысты орындап, қалған уақытты босқа кетіреді. Әр оқушының жоғары деңгейде дамуына мүмкіндік беретін жағдай жасау үшін едәуір жақсы үлгірімді оқушыларға (оларға тапсырманың көпшілігін) жұмыстың барысы мен обьктісін ғана емес, олармен жұмыстың қандай да бір басқа амалдарын ойластыру қажет.

3. Сабақ тиімділігін көтерудің келесі жолы — бұл белгілі бір құрылымның болуы. Бұл жағдайда жұмыстың сыртқы жағы  (сұрау, түсіндіру, бекіту) емес, оның ішкі құрылымы оқушыларға білінбейді, бірақ оны мұғалім нақты ойластырған.

Сабақтын құрылымы — бұл сабақтың элементтер жүйесін ұйымдастыру, мұғалімнің және оқушылардың тиімді еңбек етулеріне әсер етеді.
4. Сабақ тиімділігін көтерудің келесі бір жолы — бұл сабақта оқушылардың өз бетінше жұмыстарының үлесін арттыру. Бұл жағдай сабақтың тиімділігін  көтеруде алдыңғы жолдың жалғасы болып саналады.
Нашар ұйымдастырылған сабақтардың басты қайшылығы: мұнда мұғалімнің көп уақыты қиын және қызық жұмысы сабақты ықыласпен тындап отырған кейіп көрсетіп, өздері енжарлық танытқан оқушыларға кетеді.
5.  Сабақтың тиімділігін көтеруде көп жағдайда пәнаралық және  пәнішілік байланысты сақтау.

Пәнішілік байланыс — бұл өткен материалды үнемі қайталау. Тәжірибелі мұғалімдер өткенді қайталауды берілген сабақтағы тақырып пен тараудағы оқып жатқанмен ғана жүзеге асырып қоймайды, барлық оқу пәнінің тақырыбын және тарауларын оқып жатқан материалмен үйлестіреді. Мұндай жұмысты ұйымдастыру ойлаудың жүйелілігіне мүмкіндік береді. Пөнішілік байланысты үнемі жүзеге асыру оқушыларға қандай да бір ұғымдарды тікелей оқып білу процесіндегі ғана емес, басқа тақырыпты оқып білу кезіндегі де заңдарды, яғни үнемі оқып білетін пәннің маңызды жағдайларын есте сақтау керектігіне мүмкіндік береді.
Пәнаралық байланысты жүзеге асыру басқа оқу пәндерінің (гуманитарлық, жаратылыс (нақты) — математикалық) ерекшеліктеріне байланысты. Әр мұғалім басқа пәндер бойынша сол уақытта оның оқушылары не оқып-біліп жатқанын білуі керек. Ол үшін мұғалімдер өздерінін оқушылары берілген уақьпта не етіп жатқаны туралы ақпаратпен үнемі алмасуы керек.

6.  Сабақтың тиімділігін көтерудің ерекше жолдарының бірі оқушылардың біліктілігі мен дағдысын, білімін бақылауға, әсіресе ауызша сұрауға уақытты қысқартуы болып табылады. Мәселе, әрине, уақытты механикалық қысқарту туралы емес, уақытты қысқарту кезінде тексерудің тиімділігін көтеретін, бақылаудың, сапалы жаңа түрлерін іздену туралы болып отыр.

Бұл мақсатпен әр түрлі техникалық құралдарды (компьютерлерді, әр түрлі карточкаларды — тапсырмаларды, сауалнамаларды, оқушылар дұрыс жауапты тандауы керек немесе иә-жоқ деген сөзбен жауап беруі керек) қолдану қажет, өзара тексеруді (бағаны коймай) қолдануға болады. Әр мұғалім өзінің бақылау жүйесін әзірлеуіне болады.

7. Сабақтың тиімділігі, көбіне оқушылардың жалпы-интеллектуалдық дағдысының (бәрінен де есептеу және оқу дағдысы) деңгейімен анықталады.   Теледидардың дамуымен білім процесінде кітаптың салыстырмалы салмағы тез түсе бастады, сондықтан, оқушылардың ойлау тиімділігі төмендеу дамиды. Сондықтан сабақтың өзінде кітаппен (оқулықпен) жұмыс істеуге үйрету керек, оқушылар оқулықта керекті материалды табуға, оқылғанның бастысын бөліп көрсетуге, окығанға жоспар құруға, оқығанға тезистер, конспект  жасай білуге және т. б. үйренуі керек.

          Сабақты талдау

Көбіне сабақты талдау алға қойылған мақсаттардың дұрыстығын, оқушыларды қорыту және тәрбиелеу тәсілдерінің тиімділігін, олардың кеңестік дидактика көзқарасына, мазмұны мен мақсаттарына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуын бағалаудан басталады.

Сосын идеялық және оқытылатын пәннің ғылыми-теориялық (немесе материалдық) деңгейі, пәнаралық байланыстардың қолданылуы, ғылыми-техникалық өрлеудің заманға сай деңгейін ашып көрсету, өмірмен байланысы қаралады. Содан соң сабақ құрылымы, оның ұйымдастырылуы, уақыттың ұтымды қолданылуы қаралады. Мұғалім әр түрлі білім көздерін (оқулық, үкімет, ғылыми құжаттар, саяси-қоғамдық, техникалық, анықтамалық әдебиет, тізбелер, үлгілер, кестелер, оқытудың техникалық құралдары т.б.) қолдана отырып, өтілген материалдың терең де мықты ұғынылуына қол жеткізуі керек, оқушылардың ой-санасын оятып, ынталандырып, оларды өз беттерімен жұмыс істеуге үйретуіне ерекше көңіл бөлу қажет. Сабақта қолданылған оқу-көрнекі, есептеу құралдарының тек көрсетуге пайдаланылғанын немесе оқушылардың өз беттерімен жаңа тұжырымға келіп, білімді алу көзі болғандығын талқылау да маңызды болып табылады.

Сабақты талқылауды келесі үлгімен жүргізуге болады:
1. Сабақ туралы жалпы мәлімет: күні, топ, мұғалімнің аты-жөні, оқытылған пән, сабақтың өткізілу орны, мұғалімнің оқушыларға сабақ мақсаттарын хабарлауы, қатысу мақсаты.

2. Сабақтың құрылымы мен түрі: бағдарламаның мазмұнына және ғылымның даму деңгейіне сай келуі, оқушылар дүниетанымының және идеялық-саяси бағдарламаларының қалыптасуы, оқу материалының заманмен, жергілікті материалдармен, оқушылардың өмірлік тәжірибесімен сай келуі, пәнаралық байланыстардың қолданылуы, оқушылардың ой-өрісін қалыптастыру және дамыту, дидактикалық материалдарды қолдану, білімді жалпылау және жүйелеу, оқу процесін педагогикалық басқару тәсілдері.

3. Оқыту тәсілдері мен әдістері: қолданылған әдістер жүйесі, олардың үйлесімділігі, материалдық мазмұнына, сабақ түріне, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келуі, оқыту және тәрбиелеу мақсаттарының орындалуына қолданылған әдістердің сәйкестігі, сабаққа қойылатын негізгі талаптардың орындалуы (тәрбиелік, дидактикалық, психологиялық, санитарлық-гигиеналық), көрнекі құралдар мен ток пайдаланудың қажеттілігі; оқушылардың өз бетінше танымдық және шығармашылық белсенділіктерін арттыру жолдары; оқушылардың қисынды ойлау, байқағыштық қасиеттерін дамыту; өздік жұмыстардың түрлері мен алатын орны; ұғыну процесін басқару үшін кері байланыс орнату тәсілдері, өз-өзін бақылау әдістерін қалыптастыру; оқушыларға тапсырмаларды өз ерекшеліктері мен дайындық деңгейіне қарай жекешелеп беру; оқушылардың білімін бағалау; үй тапсырмасының көлемі.

4. Оқушылардың іс-әрекеттері: оқытылатын материалды белсенді шығармашылық ұғыну үшін оларды қызықтыру, ынталандыру және тәртіп сақтаулары.

5. Мұғалімнің іс-әрекеттері: жұмыс кезіндегі педагогикалық ұстамы, сарын, стиль, байқаушылық, тапқырлық, тіл мәдениеті, мұғалімнің оқушылар алдындағы беделі.

6. Сабақ қорытындысы, тұжырымдар мен ұсыныстар. Мақсатқа жетуі, жоспардың орындалуы, оқытудың белсенді түрлері мен әдістерін қолдануы, оқушылардың ұжымдық ойлану қызметін ұйымдастыру, білімнің көлемі мен сапасы, сабақтың тәрбиелік, оқыту, дамыту мәндері, басқа мұғалімдердің тәжірибесіне енгізуге болатын жаңалықтар.

Оқушылар тәжірибелік дағды алатын сабақтарды талдау үшін жоғарыда айтылғандарға қоса келесі жағдайлар ескерілуі қажет:
1. Берілген жұмысты орындау үшін оқушылардың жұмыс орнының дайындығы (қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілуі).
2. Кіріспе нұсқаулықтың сапасы және толықтығы, оны оқушылардың қабылдауы. Оқушылардың теориядан алған біліміне сүйену.
3. Мұғалімнің сабақтағы іс-әрекеті (нұсқауды талдау, тәжірибені өткізу тәртібі мен жүйелілігінің нұсқауға сай келуі, тәжірибелік әдістерге жаттығулар орындау, нақты бұйымдар жасау, оқушылардың орындалатын жұмысты түсігніп орындауы, техника қауіпсіздігінің сақталуы, байқау қорытындыларын жазу, әдеттегі қателерді жөндеу, оқушылармен жеке жұмыс істеу, қорытындылау және т.б.).
4. Оқушылардың іс-әрекеттері (белсенділігі, тәртіп және жұмысты орындау жүйелілігі жөніндегі нұсқаудың сақталуы, техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы және т.б.).
5. Мұғалімнің қорытындылау нұсқаулығы, оқушы өз бетінше орындаған жұмыстар, қателіктерді көре білуі, олардың себебі, олардың алдын алу және жөндеу жолдары.

Кез келген сабақты талдау кезінде оның танымдық мағынасын ғана емес, сонымен бірге тәрбиелік жағын да көрсету қажет, өйткені болашақ маман бойында келесі қасиеттерді тәрбиелеу керек: жұмыста ұқыпты болу, нақтылық, жылдамдық, жұмыс орнындағы жинақтық, жабдықтарға жанашырлық.

Сабақты талдаудың бұл үлгісін толығымен немесе жартылай, түрін өзгертіп те қолдануға болады.

 

Сабақты талдау түрлері

1.Жалпы психологиялық-педагогикалық талдау

1.1.Сабақтар жүйесінде осы сабақтың орны, мақсаттың дұрыс қойылуы.

1.2.Сабақты ұйымдастыру. Сабақ типі, құрылымы, кезеңдері, оның бірізділігі, уақытты жоспарлау, сабақ мазмұны мен құрылымының сәйкестігі. Сыныптың сабаққа дайындығы, бүкіл сабақ барысында оқушылардің белсенді жұмысы, жеке, топтық, ұжымдық жұмыстардың үйлесімділігі. Сабақ тығыздығы, уақытты тиімді қолдануы.

1.3.Сабақ мазмұны. Ғылымилығы, әр кезеңде оқушылардың іс-әрекетіне тапсырмалардың дұрыс таңдалуы, бағдарлама талаптарына сай келуі, тәрбиелік бағыты, теориялық тәжірибесімен байланысы, оқушылардың өз білімдерін тәжірибеде қолдануға бейімдеу,  өткен тақырыптар мен байланысы, оқушылардің өз білімдерін тәжірибеде қолдануға бейімдеу, өткенді қайталау, пән аралық байланыс. Мұғалімнің сөйлеуі, сауаттылығы, эмоционалдығы, тіл байлығы, оқушылардің білім сапасы, біліктілігі (дағды мен әдет) сөйлеуі.

1.4.Сабақты өткізу әдістемесі. Сабақтағы құрал-жабдықтар, оның кезеңдерінде көрнекі құралдар, дидактикалық материалдарды қолдану, мұғалімдердің қолданған оқыту әдістері, олардың тиімділігі, сабақ мақсаты мен мазмұнына, оқушылардің жеке ерекшеліктеріне, дайындығына сәйкестігі, тиімділігі. Оқушылар алдына сабақ мақсатын қоюы, қорытындысын шығаруы, үлгермеушілермен жұмысы, белсенді оқыту әдістерін меңгеруі, осы әдістердің бұл сабақта қолданулуының дұрыстығы, оқушылардің білімін бағалау жүйесі, оның педагогикалық құндылығы.

1.5.Мұғалімнің сабақтағы қарым-қатынасы. Сыныптағы оқушылармен және жеке оқушылармен қарым-қатынас мәнері, стилі.

1.6.Сабақтағы оқушылардің жұмысы және мінез құлқы. Сыныптың және жеке оқушылардің белсенділігі, олардың сабаққа қызығушылығы, сабаққа, мұғалімге көзқарасы, тәртіптілігі, ұйымдасуы, сөйлеуі, сұрақ қоюы.

1.7.Сабақ бойынша жалпы қорытынды.

2.Сабақты әдістемелік талдау

2.1.Сабақтың оқыту мақсаты. Мақсат әдістемелік нұсқаудан алынған  ба немесе мұғалім өздігінен қойған ба? Өзі қойған жағдайда оның дұрыстығы. Сабақтағы мақсаттың орындалуы.

2.2.Оқыту мақсатына серіктес-демеуші және тәрбие, дамыту мақсаттарының шешілуі, оның дұрыстығы, негізгі мақсатқа сәйкестігі, орындалуы.

2.3.Сабақтың әдістемелік логикасы. Сабақ құрылымы, оның пәрменділігі, уақыттың тиімді бөлінуі, үй тапсырмасын тексеру тиімділігі, оқушыларге сабақ мақсатын қоюы, ынталандыруы, жаңа материалды беруі, оқушылар тарапынан оны түсінуі, қабылдауы, бейімділігін дамытуы.  Сабақтың нәтижелігі, мұғалімнің бағалау жүйесі, оқушылардің өзін-өзі бағалауы, үй жұмысын ұйымдастыруы.

2.4.Түрлі оқыту құралдарын қолдануы. Әр түрлі тапсырмалар, үлгілер, нұсқаулар, алгоритмдер, тірек желі, жоспар бағдарламалар, сөздік, т.с.с. қолдануы (өзін-өзі бақылау кілті, ақпарат көздері).

2.5.Әр түрлі әдістемелік тәсілдерін қолдануы. Қолданылған тәсілдердің сабақ мақсаты мен міндеттеріне сәйкестігі, дәлдігі, алыну себебі, тиімділігі.

2.6.Оқушылардің әр түрлі танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруды жүзеге асыру (жеке, сыныптық, шептік жұмыстар).

2.7.Сабақтың мазмұндық логикасы, оның ақпараттық құндылығы.

3.Авторлық сабақты талдау

3.1.Авторлық әдістеменің қысқаша мінездемесі, оның мақсаты, принциптері жұзеге асыру жүйесі, қолдану шеңбері және жаңалығы.

3.2.Осы әдіс немесе оның элементі қолданылған сабаққа жалпы қысқаша мінездеме.

3.3.Аталған әдіс принциптерінің жүзеге асыру ерекшелігін ашу. Мақсат пен нәтижеге жету құралының ара қатынасы.

3.4.Сынып ұжымы ерекшелігіне қарай әдістің бейімделу дәрежесі.

3.5.Таңдап алынған әдістің нәтижелігі.

3.6.Аталған әдістің келешекте қолданылуына және таралуына байланысты нұсқау.

4.Сабақты салыстырмалы талдау

4.1.Сабақтың жалпы қысқаша мінездемесі. Мақсаты, міндеті, кезеңдері, құралдары, әдіс-тәсілдері, оқыту формалары.

4.2.Сабақты басқа сабақтармен (бүкіл бөліктегі, тараудағы, жылдағы) салыстыру.

4.3.Сабақтың басқа пәндермен байланысы.

4.4. Сабақтың сабақтан тыс оқушылардың тәрбие, дамыту іс-әрекетімен байланысы.

4.5.Сабақ мазмұнының аймақ, қала, ауыл, еліміз өмірімен, оқушыларды қоршаған орта, жанұясымен байланысы.

4.6.Жаңа материалдарды беру, меңгеру кезеңдерін ұйымдастырудағы және үйде материалдарды меңгерудегі өз бетінше орындайтын жұмыстардағы ілгерілеу.

4.7.Оқытуда құралды, әдістемелік тәсілдерді қолданудағы прогрессия. Оқулық пен басқа көздерден алынған қосымша материалдардың үйлесімділігі.

4.8.Сабақтар барысында жеке оқушыларға көңіл аударуды жүзеге асыру. Бақылау динамикасы.

5.Сабақты мақсатты талдау.

5.1.Бұл талдау мұғалімдердің оқытудың жеке әдіс-тәсіл құралдарын қолданудағы жеке оқыту технологиясындағы – авторлық, соның ішінде мұғалімдердің өздерінің жасақтаған шеберлігін анықтауға бағытталған.

5.2.Сабақтың жалпы қысқаша мінездемесі, сабақ мақсаты, міндеттері, кезеңдері.

5.3.Оқыту әдіс-тәсілдері, құралдарына жалпы мінездеме, қолдануы (жеке немесе барлық оқушыларға арналған ба).

5.4.Оқулық әдіс-тәсілдері құралдарының сабақ мақсатына сәйкестілігі.

5.5.Мұғалімнің жас, жеке сабақ мазмұнының ерекшеліктерінің ескерілуі, соған байланысты әдіс-тәсілдер, құралдарының бейімделуі.

5.6.Аталған, әдіс-тәсілдер, құралдардың оқытудың басқа әдіс-тәсілдер, құралдарымен үндесу мүмкіндігі.

5.7.Оқыту әдіс-тәсіл, құралдарды мұғалімнің қолдануда өзіндік қосқан үлесі.

6.Оқытудың авторлық әдістемесі сабағын талдау:

6.1.Авторлық әдістеменің қысқаша мінездемесі, оның мақсаты, принциптері жүзеге асыру жүйесі, қолдану шеңбері және жаңалығы.

6.2..Осы әдіс немесе оның элементі қолданылған жалпы қысқаша мінездеме.

6.3.Аталған әдіс принциптерінің жүзеге асыру ерекшелігін ашу. Мақсат пен нәтижеге жету құралының ара қатынасы.

6.4.Сынып ұжымы ерекшелігіне қарай әдістің бейімделу дәрежесі.

6.5.Әдістің нәтижелігі.

6.6.Аталған әдістің келешекте қолданылуына және таралуына байланысты нұсқау.

7.Педагогикалық қарым-қатынас негізінде сабақты талдау.

7.1.Сабақтың жалпы қысқаша  мінездемесі мақсаты, міндеттері, кезеңдері, құралдары, әдістері.

7.2.Педагогикалық қарым-қатынас стилі: орта мұғалім, оқушы – жеке тұлға, мұғалімнің басқарушылық жұмысының ашықтығы немесе тұйықтығы.

7.3.Педагогикалық қарым-қатынастың оқыту мақсаты, кезеңдері, әдістеріне сәйкестігі, монологиялық, диалогтық, топтық қарым-қатынас түрлері.

7.4.Қарым-қатынас хабардар болу, түсіндіру, бағалау, бір нәрсені анықтау (бағалау), дәлелдеуге бағытталуы.

7.5.Қарым-қатынас мақсаты, нақты, көңіл аударушылық, вербальды (сөзбен), вербальды емес, сөйлеу әрекетінің әр түрлі (жазу, оқу, аудирование сөйлеу) негізінде болды.

7.6.Қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу, оқушылардың сөйлеу мәдениеті, оған қойылатын талаптар. Оқушылардың ойлау белсенділігі, оның сөйлеудегі көрінуі.

7.7.Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті, мейірімділігі, серіктестігі сөйлеу және мінез-құлқындағы бірізділігі мен эмоционалдығының ара қатынасы.

7.8.Мұғалім мен оқушылардың сөйлеу уақытысы (салыстырмалы түрде).

7.9.Сабақта мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасына жағдайдың болуы (оқушылар қалай отыр, олар өзін еркін сезіне ме, олардың сөздік немесе сөздік емес іс-әрекеттері қаншалықта мақсатты, тиімді).

8.Физиологиялық-гигиеналық негізде сабақты талдау.

8.1.Сабақтың жалпы қысқаша мінездемесі.

8.2.Психологиялық, физиологиялық, гигиеналық негізде оқушылардың іс-әрекетіне қойылатын талаптар, оқу материалын меңгеруге оқушыларды ұйымдастыру мүмкіндігі. Зейінді шоғырландыру, қайта бөлу (перераспредаление) ерекшелігі, әр түрлі іс-әрекеттің алмастыруы.

8.3.Сынып мінездемесі, денсаулығының бұзылуы, дене және психикалық ауытқуы бар балаларға, топтарға сай нұсқаудың болуы, оның есебінің болуы.

8.4.Оқушылардың жас ерекшелігінің ескерілуі.

8.5.Қарапайым түзетуді жүзеге асыру мақсатында біліктілігін дамытуы (өзін-өзі бақылау).

8.6.Сынып бөлмесіне байланысты гигиеналық талаптардың сақталуы.

8.7.Сабақ кестесіндегі сабақтардың орнын анықтаудағы, психологиялық-гигиеналық талаптардың сақталуы.

 

6.  Психология бойынша сабақ және оның негізі

 

1.Сабақтың типтері.

2.Жаңа  материалды түсіндіру бойынша сабақ.

3.Шығарма сабақ.

4.Дискуссия-сабақ.

 

Сабақтың типтері. Олардың түрлері сан алуан, сондықтан оны жіктеу қиын. Қазіргі дидактикада кездейсоқ емес, сабақты жіктеуге әртүрлі көзқарастар орын алған, дегенмен ортақ нышанды айқындамақшымыз.

Варианттардың түрі:

- дидактикалық мақсат (И.Т. Огородников);

- дидактикалық міндет (Н.М. Яковлев);

- оқыту әдісі (И.Н. Борисов);

- сабақты өткізудің мазмұны мен жолдары (М.И. Махмутов) және т.б.

М.И. Махмутовтың жіктеуі бойынша сабақтың типтері:

1. Аралас сабақ – практикада алуан түрлі элементтері және өзара әрекеті арқылы кең тараған. Тек солай, үй жұмысын (сабақтың басында немесе кейін) оқушы-консультанттардың тексеруі мұғалімнің осы деректерге сүйеніп оқушылардың жіберген кемшіліктерін бақылау мақсатында қолданады. Әртүрлі жағдаяттық жағдайда оқу материалын игеру сапасын бекіту, тексеру, мұндай қатынас сабақтың тиімділігін арттырады.

2. Сабақта жаңа білімді игеру. Ілгеріде меңгерілген білімге сүйеніп, оқушыларды белсенді қатыстырып, жеке дара, бірлесіп, топ арқылы тапсырманы жедел орындау. Үнемі оқушылардың фронтальды жеке, ұжымдық танымдық іс-әрекетін бірлікте қарау. Мұғалім әртүрлі әдістермен жұмыс істейді: лекция, түсіндіру, эвристикалық әңгіме, бірлесіп, топта белгілі тапсырма бойынша экспериментті қою, жүргізу.

3. Сабақты бекіту және білімді жүйелеу, білік пен дағдыны қалыптастыру. Сабақтың мұндай типін жоспарлағанда алдымен қайталау және білімді жүйелеу және тексеру.

4. Оқушылардың сабақта білімін тексеру және бағалау. Бұл
аралас сабақтың белгісі: өздігінен жұмыс істеу сабағы, бақылау жұмысы, практикум, сынақ сабағы, тест арқылы тексеру, оқушылар алған білімдері негізінде, білімін қорытындылайды, бекітеді, дағды, біліктерін өзгермелі жағдаятта дамытады (мысалы, диффренциалды тапсырманы орындау).

Сабақтың типтері, құрылымы. Әрбір сабақ белгілі объективті элементтерден құрылады, біржағынан сан алуан түрлігімен, екінші жағынан уақыт аралығындағы өзара қарым-қатынаспен ерекшеленеді. Осыған байланысты сабақтың типологиясы (типтері) сан алуан.

Егер сабақтың элементтерін оның бөлігі ретінде қарастырсақ, олардың жеке және тұтас, оны әрі қарай бөлінбейтінін ескерсек, онда тәжірибеде жиі кездесетін элементтерді (немесе дидактикалық міндеттер):

1. Жаңа білімді игерту.

2. Өткен материалды бекіту (оқыту, дамыту, бақылау функциялары).

3. Оқушылардың білімін бақылау, бағалау.

4. Үйде орындайтын оқу жұмысына түсініктеме.

5. Білімді қорыту және жүйелендіру.

Бұл бес дидактикалық міндет әртүрлі байланыс және сабақта қарым-қатынас, ол сабақтың дидактикалық құрылымы мен типологиясының негізі.

Сабақтың құрылымы деп «сабақтың әртүрлі варианттар элементтерінің өзара байланысы, оқыту процесінде қолдануы, оның мақсатты пәрменділігін қамтамасыз етеді. Сонымен педагогтар мен оқушылардың қарым-қатынасын ұйымдастыру негізінде варианттардың тиімді сұрыпталу жиынтығы сабақтың элементтерінің бірлесіп әрекет етуі, белгіленген мақсатқа жеткізеді.

Педагогтың шеберлігі дидактикалық міндеттер мен сабақта педагагогикалық процеске қатысушылардың ұйымдастырушылық байланыс әрекетінде шешіледі.

Қазіргі мектептегі шығармашылық сабақ. Білім жүйесінде мектеп негізгі топ болып табылады, онда шығармашылық ой-өрісі және жалпы адамгершілігі бар адамдар тәрбиеленуге тиісті.
XIX ғасырда француз психологы Рибо былай жазған: "Егер де ойлау шығармашылығына оқытуға болатын болса, онда етікшілерге қарағанда өнертапқыштар көп болар еді". Мұндай көзқарасты жақтаушылар шығармашылық қызметтің табиғи алгоритмделмегенін де жақтайды. Бұл ұстанымның қарсыластары да бар. Олардың ойынша шығармашылыкқа, оның ішінде өнертапқыштыққа үйренуге болады.
Шығармашылық жөніндегі мәселені жандандырудаға белгілі жаңылыс мектепте оның практикалық мүмкіндіктегі шешімі шығармашылықты әр түрлі белгілермен араластырып, оның біркелкі негізгі ұстамай жиі қарастыратындығынан шығады. Не оны нәтижесі бойынша (жаңа сапалыны жасауға), не шығармашыл адамдардың мінезіне қарай (жинақылық, қиындықты жеңе білу және т.б.), не оқытудың тәсілдері бойынша, тәсілдердің әр түрі неге үйрететінін таңдамай, не бұл қызметтің эмоционалдық бояуы бойынша, не оның процестік сипаттамасы бойынша көрсетеді.

Егер нәтиже бойынша шығармашылықтың кеңінең танымал анықтамасын алсақ, онда мектепке дейінгі балаларды айтпағанда, оқушылардағы шығармашылықтың түп нұсқасының бір де бір актісін мойындауға болмайды. Тіпті жоғарғы оқу орындарында да студенттерді негізгі шығармашылық қызметке тек кейінгі жылдарда ғана, онда да олардың ең таңдаулысын ғана кірістіре бастады. Мұндай әдісте бір-біріне байланыссыз, бір ғана нәтижеге келгендердің шығармашылық табыстарын мойындауға болмайды. Шығармашыл адамдардың мінез-құлықтарындағы белгілерді де есепке алу нәтижесіз. Жинақылық, ұқыпсыздық, қажырлылық соларда ғана кездеспейді. Мұның бәрі ескеруге жатады, бірақ нағыз шығармашылық процеске үйретпейді. Адамды өнертапқыштыққа үйретудің бір ғана жолы бар — шығармашылық процеске, яғни шығармашылық қызметінің мәнін құратын сол құрылымдарға оны үйрету. Қалғандары көмекші қызметін орындайды.

Шығармашылық процедуралар:

1. Бұрын меңгерілген білімін және білігін жаңа жағдайға дербес көшіру.

2.  Таныс жағдайдағы проблеманы көре білу.

3.  Объектінің жаңа қызметін көре білу.

4.  Объектінің құрылымын анықтау.

5.  Шешімнің немесе оның әдістерінің баламасын көре білу.

6.  Бұрын меңгерілген қызмет тәсілдерін пайда болған проблемаға үйлесімді қолдану.

Мектептің және жоғары оқу орындарының шетелдік және отандық педагогикасында шығармашылық қызметті енгізетін көп тәсілдер мен түрлер жинақталған. Мектепте талқылаудың әр түрлі үлгісі қолданылады — топтық, дөңгелек үстел, семинардағы пікір-сайысы. Шығармашылықтың осы түрлерімсн  қатар, жоспар құруға  ұсыныс және қызықты адамнан сұхбат алу болып табылады. Шамаға шақ жоспарлауды кірістіру орынды (мысалы, көрмелер, коллекциялар, газеттен өз бетінше іріктеп алынғанды талдау және т.б.)
Шығармашылықтың түрі болып, әсіресе, жоғары сыныптарда ойын болып табылады. Бұл ойын әр түрлі бағыттағы "саясаткерлердікі", ғылымның әр түрлі ілімін жақтаушылардікі немесе қалалық проблемалар туралы әр түрлі пікірлер жөнінде.
Қазіргі заманда шығармашылық тәрбиенің шешуші басты шарты интеллектінің дамуы болып табылады.

Тұлғаның іскерлік сипаттамаларына интеллект саласында мазмұндай білетін, ақпарат бере, құбылыстың құндылығы мен қорытындыларды анықтау, проблемаға бейімделе білу және ұмтылу, оның күйі, елеулі емес және орташаны анықтау қабілеті, жинақтау, элементтен құрылым жасау, елеуліні іздеугс бағдар жасау, айыра білу, талдау және басқалар жатады.

Шығармашылық қабілеттердің дамуы қаланатын, дамыған интеллект, интеллектілік біліктілікті меңгеру негіз болып табылатынын ұғыну қажет.

Шығармашылық сабақты әзірлеу

Егер сабақта және тәрбиелік жұмыстарда шығармашылық, тап-сырмалар басым болса, ондай жағдайда тұлғаның шығармашылық сапасын дамыту мүмкін. Педагогтың шығармашылығына балалардың шығармашылық деңгейі де байланысты болады. Білім беру жемісін құруда, оқушыларды қисыңды әрекетке бастайтын, шығармашылық сабақтың жетістігі "стартты"  тапсырмамен анықталады.

Оқушылардың өздері орындауының шығармашылық деңгейі, тек айтылған тапсырманың мазмұнына тәуелді екенін тәжірибе көрсетеді. Егер тапсырма нашар берілсе немесе оның өзінің тәжірибесінің немесе негізгі ғылымның нақты проблематикасынан түсініксіз алыс болса, онда сапалы нәтижеге жетуге мүмкіндік аз.

Әзірлеп жатқан тапсырмаларға қойылатын талаптар:

-  тапсырмалар оқу бағдарламасында көрсетілгендей нақты базалық сұрақтарға оқудың тақырыбына немесе объектісіне қатысты болуға тиіс;

-   тапсырмалардың алдымен белгілі шешімі болмауы керек;

-  тапсырманың тұжырымдамасы оқушылар үшін де, мұғалім үшін де сондай қызықты немесе тосын болуы керек.

Ашық тапсырмаларды әзірлеуде мұғалімге оқушылар алуға тиіс нәтиже туралы өзінің түсінігінен алшақ болу қиын болады. Оқушылардың өзіндік жауаптарын сезіну — ашық тапсырма сапасының маңызды субъективті белгісі. Мысалы, "Ғарыш дегеніміз не екенін қысқаша жаз" тапсырмасын жеті жасар бала қысқаша былай орындады: "Ғарыш — бұл шексіздік". Оны орындау кезіңде баланың ойланған шығармашылық деңгейі тәрізді тапсырманың қиындығы маңызды емес.

Шығармашылық сабақтар базалық негізін анықтауда әр жағдайда сабақтың үйлесімді үлгісі таңдап алынады. Шығармашылық сабақтың мақсаты оқушылардың өзіндік білімділік нәтежесін құру болып табылады.

Шығармашылық сабақтар, әсіресе, бастауыш және орта буын сыныптарында, қағида ретінде аралас, яғни оқушылардың қызметінің 3-4 бір-бірін ауыстыратын түрін қосады. Жоғары сыныптарда сабақтың әрекеттік доминантасы оны жүзеге асырудың әр түрінде біреу ғана болуы мүмкін.

Төменде шығармашылық сабақ түрлері аттарының тізімі көрсетілген. Олардың негізінде аралас сабақтар да құрылуы мүмкін. Бұдан басқа, айтылған шығармашылық сабақтың әрқайсысы оны құрудың шексіз жиынтық нұсқаларын өзіне қамтады (А. В. Хуторской).

Когнитивті үлгідегі сабақтар:
— тәжірибе сабақ;

— бақылау сабақ;

— объектіні зерттеу сабағы;

— ізденіс сабағы;

— зертханалық — практикалық сабақ:

— роблема қою және оны шешу сабағы;

— үсініктерді құрастыру сабағы (ережені, заңдылықтарды, гинртезаны);

— теорияны құрастыру сабақ;

— концерт сабақ, әлсм суреттемесін немесе оның бөлігін жасау;

— бірінші басылымдармен жұмыс сабақ;

— интегративті сабақ;

— метапәндік сабақ;

— пәнаралык сабақ;

— философиялық талдап қорыту сабағы;

— Креативті үлгідегі сабақтар;

— міндеттерді құру және шешу сабағы;

— диалог сабақ (талқылау, пікір-талас, эвристикалық әңгіме);

— қайшылықты сабақ;

— қиял сабақ;

— өнертапқыштық сабақ;

— техникалық (ғылыми, қолдаңбалы, көркем, әлеуметтік, мәдени. педагогакалық) шығармашылық сабақ;

— модельдеу сабағы;

— рәмізді — шығармашылық сабақ;

— тарихты "өзгерту" сабағы (тарихи оқигаларды өз бетінше шешу);

— эвристикалық жағдай сабақ;

— жаңалық ашу сабағы;

—  шығармалар;

— іскерлік ойын;

—  рөлдік ойын;

— саяхат сабақ (нақты, виртуальды);

— керісінше сабақ (оқушы мұғалім ретінде);

— болашақ мектептегі сабақ;

—  болжамдық сабақ;

—  шығармашылық жұмыстарды қорғау сабағы;

—  олимпиада сабақ;

— шығармашылық талдап қорыту сабағы;

Ұйымдастыру кызметтік үлгідегі сабақтар:

— мақсатты есептеу сабағы;

— нормативті-шығармашылық сабақ;

—  жеке білімділік бағдарламаны әзірлеу сабағы;

— жеке білімдік бағдарламаны қорғау сабағы;

—  топтық жұмыс сабағы;

—  кеңес сабақ ( бір-біріне кеңсс беру);

— жоба сабақ;

—  өзіне-өзі баға беру сабағы (бір-біріне баға беру);

—  рефлексия сабақ;

Коммуникативтік үлгідегі сабақтар:

—  бинарлы сабақ (екі мұғалім өткізеді);

—  рецензиялау сабағы;

—  өзара бақылау сабағы;

—  вернисаж сабақ;

—  көрме сабақ;

—  аукцион сабак;

—  конференция сабақ;

—  жарыс сабақ;

—  КВН сабақ;

—  "'құбылыспен сот жүргізу" сабағы;

—  спектакль сабақ;

—  "дөңгелек үстел" сабағы;

—  панорама сабақ;

—  шығармашылық есеп.

Айтылған сабақтың үлгілері оқытудың тұтас технологиясын құратын тапсырмалар жүйелерін жасауға мүмкіндік береді.

Бұл технологиялардың негізінде мұғалім нақтылы сабақтарды өткізеді және әзірлейді. Оқушылардың шығармашылық қызметіне бағытталған сабақтың құру ерекшеліктерін және кезеңін қарастырамыз.
1.  Шығармашылық сабақтың жоспары — бұл мұгалімнің өзінің білім бағдарламасын жүзеге асыру құралы. Сондықтан сабақты жоспарлау бір тақырыпта (тарауда) тапсырмалар семинарларын жоспарлаудан басталады. Мұғалім бір-бірімен байланысқан бірнеше сабақтарды ойластырады, оларды мақсаты, тақырыбы бойынша шамалап бөлінуін, қызметтің басым болған түрлерін ойдағы нәтижелері бойьнша жүзеге асырады. Пән бойынша оқудың жалпы бағдарламасында көрсетілгсндсй оқушылардың басты білімділік нәтижелері калыптасады және оқыльп жатқан тарауда жетістікке жетуі үшін жүзеге асады.

2.  Мұғалімнің санасындағы оқушылардың шығармашылық шамасын өзектендіру. Сабақ өткізілетін сол сыныптың оқушыларының ерекшеліктері ұмытылмайды. Өткен сабақтьң едәуір сәтті элементтері еске түседі. Оқушылардың жағдайына ене отырып мұгалім сезіммен жөне оймен тақырыпқа байланысты олардың іс-әрекеттерін сезеді және болатын сабақ процесіне, қажет кезінде жоспарланған мазмұнның және оқытудың құралдарын түзетеді.

3.  Мұғалім тақырыптың проблематикасын өзіндік қарым-қатынас қалыптастырады. Бұл мақсатына оқулықпен, әдістемелік құралмен, кітаппен және сабақтың тақырыбы бойынша басқа материалдармен танысу өтеді. Мұғалімнің өзіне қызықты (онда бұл проблемалар окушьларға да қызықты болады) проблемалар іздестіріледі. Оқып білетін проблемаларға мамандардың (ғалымдардың) қарама-қарсы көзқарасын немесе алуан түрлілілігін белгілеу және табу қажет. Проблеманы әр түрлі түсіну туралы мұғалімдердің алдын-ала білімі, сабақта баланың пайымындағы олардың авторларының жеке ықпалын көруге, оқушылар ойларының өзіндік бағыттарын ескермей кетпеуге көмектеседі.

4.  Сабақтың мәнін анықтау, оқылатын курс бойынша басты мақсатты осының мәнімен арақатыстығын белгілеу. Сабақтың мәні мен оқылып жатқан тақырып, әр оқушының санасында әр түрлі болуы мүмкін екенін есепке алу маңызды. Оқушылардың жеке білімділік бағдарламасының бағыттары, игеру саласындағы олардың ынтасы жөніндс түсінік болу пайдалы.

5. Сабақтың идеясы әзірленеді, сабақтың таңдап алынған үлгілерімен, сонымен бірге ұйғарылған шығармашылық нөтижесімен қамтамасыз етіледі. Оны орындауының дәл нұсқасы нұсқауы болмайтын бір немесе бірнешеашық тапсырмалар ұйымдастырылады және әр оқушыға өзінің даралығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

6. Өз білімінің мазмұны оқушының «дүниеге келуін» қамтамасыз ететін материал иен құралдар, іс-әрекет әдісі мен түрлері таңдап алынды. Ортаның оқушыларға ұсынатын түрі болуы мүмкін, олар соған әрекет етеді.

7. Оқушылардың мүмкін шығармашылық нәтижелерінің білімстандарттарына сәйкес келуі. Оқушылардың жоспарлайтын шығармашылық туындысына күні бұрын мәдени-тарихи ұқсастықтар таңдап алынды. Мысалы, сабаққа оқушылардың сандарды қосудың өзіндік кестесін дайындайды.

8. Оқытудың әр түрлі субьектісіне қатысты сабақтың әр түрлі дәрежедегі мақсатын нақтылардыру және жазбаша қалыптастыру, оқушыға қатысты мақсаттың үш деңгейіне мысал келтірейік: «өзіндік математикалық заңдылық негізінде сандық қатар құру» (пәндік байланыс); «Заңдылық түсінігін қалыптастыру» (мета пәндік байланыс); «өзінің мақсатын, жұмыс тәсілін, пайда болған қиындықтықалыптастыруға үйрену, графикалық рефлексияның тәсілін меңгеру» (әдістемелік мақсаттар).

9. Сабақ құрылымының бір немесе бірнеше нұсқауларын әзірлеу. Сабақтың талаптарының бірі-«сабақтың тынысы», яғни білімдік доминантты сақтау кезіндегі оқушылардың іс-әрекетінің қарама-қарсы түрінің алмасуы. Бастауыш мектеп оқушыларының сабағында мұндай алмасу 10-15 минут сайын болады (ұжымдық «дауысты жұмыс); одан тапсырма беріледі және 15 минут ішінде әр оқушы аталған проблеманы шешеді (даралық, «ақырын» жұмыс); әрі қарай оқушылар 10 минут ішінде өздерінің нәтижелерін бір-бірінің алдында немесе топ алдында айтады (жеке-топтық «дауысты»          іс-әрекет); аяқтаушы 5 минутта жазба рефлексия өтеді.  Әр оқушы дәптеріне жазады, ол не түсінеді және нені үйренеді (даралық «ақырын» іс-әрекет).

10. сабақтың(жоспардың) конспектісін жазу.

Оның үлгілі құрылымы:

-сабақтың тақырыбы, өткізу күні;

- сабақтың түрі;

- сабақтың мақсаты;

-сабаққа материал және жабдықтау;

-білімдік фундаментальдық обьекті, оның бағытына қарай оқушылардың қызметі жоспарланады;

- сабақтың басты проблемасы;

- шамамен минут бойынша уақытқа бөлінген оқушылар қызметінің кезеңдері мен түрлері;

- сабақтың әр кезеңінде оқушыларға оны орындауының әр түрлі нұсқалары енген жағдайында тапсырмалар беріледі, мысалы: «Өз әлеміңнің суретін сал»; 

- оқушылардың тапсырмаларды орындауының берілген нәтижелері (нәтиженің 2-3 мүмкін нәтижесін көрсетуіңіз керек);

- қаралатын мәселе бойынша мәдени-тарихи ұқсастықтар;

- суреттер, тапсырмалар (шешуімен), кестелер, схемалар, мектеп тақтасының түрі;

- оқушылардың іс-әрекеттерінің рефлексиясы бойынша тапсырма;

- сабақ нәтижесінің бағасы және бақылау түрі;

- үйге тапсырма (таңдауы бойынша әр түрлі нұсқаулар немесе жеке);

- оқушыларға ұсынылған материалдар (оқулық, оқу құралы, интернет жүйесіндегі мекен-жайлар және т.б.);

- мұғалімнің сабаққа дайындалунда қолданылған әдебиеттің және басқа материалдың тізімі;

-өткен сабақтың талдау түрі, оған қатысқан оқушылар және әріптестермен оны қарастыру қортындысы.   

 

7. Психология курсындағы көрнекілік

 

1.      Көрнекілік принципінің мәні.

2.      Психологияны оқытудағы көрнекілік.

3.      Оқу көрнекілігінің түрлері.

4.      Көрнекі материалдардың қызметтері

 

Оқудың дəстүрлі теориясында аса танымал болғандары келесі дидактикалық принциптер: саналылық жəне белсенділік, көрнекілілікпен оқыту, жүйелілік жəне бірізділік, беріктік, түсініктілік, ғылымилық, көңіл-күй ескеру, теория мен практиканы байланыстыру. Саналылық жəне белсенділік принципі негізінде ғылым тарапынан анықталған заңдылық тұжырымдары жатыр. Білім мəні оқушының өз ақыл-ой белсенділігі арқасында игерілген терең де əрі өз бетінше ұғынылған білімдерден құралады. Білімдерді саналы игеру бірнеше шарттар мен жағдаяттарға тəуелді: оқу мотивтері, оқушылардың танымдық белсенділігінің деңгейі мен сипаты, танымдық іс-əрекетті басқару жəне оқу тəрбие процесін ұйымдастыру, мұғалім қолданған əдістер мен оқу жабдықтары жəне т.б. Оқушының өзіндік таным белсенділігі оқудың маңызды жағдаятының бірі есептеледі, ол оқу материалын терең əрі берік игеруде пəрменді ықпал жасайды. Оқудың саналылық жəне белсенділік принципін іске асыру барысында келесі маңызды оқу ережелері сақталуы тиіс:

-  алдағы жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін анық түсіну- саналы оқудың қажетті шарты: оларды оқушыларға көрсету маңызы мен мəнін түсіндіру, болашақтағы қажетін бала санасына жеткізе білу;

- оқыту барысында оқушы не, неліктен жəне қалай істеу керектігін түсінуі, сонымен оқу жұмыстарын қарадүрсін орындамай, алдын-ала олардың терең мəн, мағынасын ұғынуы;

- оқу барысында танымдық іс-əрекеттің барша түрлері мен формаларын пайдалану, талдауды біріктіру тəсілімен, индукцияны дедукциямен салыстыруды қарама-қарсы қоя, біріктіру, сəйкестікті жиі пайдалану, балалардың жасы кіші болса, индукция тəсілін жиі қолдану;

- оқушылар əр сөздің, сөйлемнің, ұғымның мəн-мағынасын түсінуі; оларды қолдануда оқушылардың өтілген білімдері мен тəжірибесіне сүйену, бейнелі салыстыруларды пайдалану, мəн-мағынасы жете ашылуы мүмкін болмаған ұғымдарды сабақта қолданудан аулақ болу;

- балалардың бірін-бірі оқыту мүмкіндіктерін пайдалану, дұрыс шешім табудың ұжымдық формаларын дамытуға қажет жағдайларды қамтамасыз ету, мұғалімнің түсіндірмесінен гөрі, қасында бірге отырған жолдасының əңгімелеп бергені тиімді де, əрі жеңіл, сондықтан сыныптағы үздік оқушылар қолынан келетін оқу істерін өз міндетіне алуы, бала белсенділігін тəрбиелеуде уақытты да, күш-қуатты да аянбау. Есте болсын, бүгінгі белсенді оқушы қоғамның ертеңгі белсенді мүшесі;

- оқушыларға белгісіз мəліметтерді бұрынғы белгілілерімен логикалы ұштастыру: игерілген мен игеріліп жатқан білімдердің арасында логикалы байланыс болмаса, саналы оқу да болмайды.

- Есте болсын, оқудағы басты нəрсе –оқытылып жатқан пəн емес, ол мұғалім тəрбиесімен қалыптасып жатқан тұлға. Оқушыны пəнге қосалқы элемент болмайтындай етіп оқыту əрі тəрбиелеу, керісінше, оқушыны сол пəнді мұғаліммен бірге белсенді игеретін субъект дəрежесінде тану. Тұлғаны қалыптастыратын пəн емес, пəнді оқытумен байланысқан мұғалімнің өз əрекет-қимылы.

- оқушының бақылайтын деректері мен игерген білімдері арасындағы айырмашылықтарды тауып жəне оларды түсіндіруді талап ететін жағдайлар жасау;

- егер əр ереже тиімді сандағы мысалдармен қамтамасыз етілсе жəне сол ережелердің қолдану ауқымы қаншалықты кең екендігін оқушы түсінсе, оқу табысы соғұрлым жоғары болады.

- игеріліп жатқан материалдардағы басты жəне екінші дəрежелі ақпараттарды табуға жəне ажыратуға үйрету. Оқушыны ең алдымен өзекті проблемаларды түсініп, игеретін дəрежеге жеткізу. Сабақта келтіретін дерек жəне мысалдардың негізгі мəселе мəнін көлеңкелеп тастамауы.

Көрнекілікпен оқыту принципі. Оның негізінде келесідей ғылыми заңдылықтар жатыр: адамның сезім мүшелері сырттай тітіркендіргіштерді əртүрлі қабылдайды, адамдардың көбі көру органдарының аса жоғары сезімталдығына ие; рецепторлардан орталық жүйке жүйесіне бағытталған байланыс оптикалық каналының өткізгіштік қабілеті өте жоғары; көру органдарынан (оптикалық канал бойынша) миға келіп түсетін ақпарат қайта таңбаланбайды, ол оқушы есінде жеңіл, тез жəне берік бейнеленіп қалады. Оқу тəжірибесі көрнекілік принципін қолданудың көптеген ережелерін іске асырған.

Солардың кейбірін еске салайық:

 - сөздік формада, ауызша не жазбаша өрнектелген материалдарға қарағанда, табиғи күйінде берілген заттар жақсы, жеңіл əрі тез есте қалатынын ескеріп, оларды оқу процесінде пайдалану. 

- есте болсын, сəби ойы формалармен, түр-түсті бояулармен, дыбыстармен, түйсіктермен өрнектеледі. Осыдан бала санасы жалпы дерексізденген ұғымдар мен сөздерден құралмай, оның тікелей қабылдауындағы нақты бейнелерді арқау етеді. 

- оқушылар үшін ең маңызды ереже: мүмкін болғанша сезімдік қабылдауды пайдалану, дəлірек айтсақ, көз қабылдауына – көретінді, құлақ қабылдауына – естілетінді, иіс, дəм қабылдауға тиісті мүшелерді; 
 - бір көрнекілікпен шектеліп қалмау: көрнекілік – мақсат емес, оқушының ойын дамыту жəне оны оқыту құралы; 

- оқыту жəне тəрбиелеу барысында есіңізде болсын: ұғымдар мен дерексізденген тұжырымдар бала санасына нақты деректер, мысалдар жəне бейнелер негізінде жеткізілсе, тез əрі жеңіл қабылданады; олардың мəнін ашуға əрқилы көрнекілік түрлерін пайдалану; 

- көрнекілікті тек сурет ретінде қолданбастан, оны проблемалық ситуацияларда өз бетінше білім алу көзі ретінде де пайдаланған жөн. Бұл оқушылардың тиімді ізденіс жəне зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді; 

- көрнекі құралдар сабақта өтіліп жатқан заттар мен құбылыстар жөнінде өте анық жəне дұрыс ұғымдарды қалыптастыруға жəрдемін беретінін оқу жəне тəрбие барысында естен шығармау; 

- оқушы бақылауларын жүйелестіріп, себеп- салдарлармен сəйкестендіру; 

- көрнекі құралдарды қолдана отырып, алғашқыда балаларды ондағы берілген бейнелерді тұтастай қабылдауға, кейін бастысын жəне екінші дəрежелілерін өз алдына, содан соң – қайталай тұтастыққа келтіруге үйрету. 

- əртүрлі көрнекілікті пайдалану, бірақ көрнекі құралдар санын шектен асырмау, себебі бұл баланың зейін шашыраңқылығын пайда етіп, негізгі мəн-мағынаны қабылдауға кедергі жасайды. 

Жүйелілік жəне бірізділік принципі келесі ғылыми тұжырымдарды негізге алады: қоршаған орта болмысының айқын бедерлері мида нақты бейнеленсе ғана, оқушы шынайы білім топтай алады; ғылыми білімдер жүйесін қалыптастырудың басты тəсілі – белгілі жолмен ұйымдастырылған оқу; ғылыми білімдер жүйесінің бірізділігі оқу материалының ішкі логикасымен жəне оқушылардың танымдық мүмкіндіктерімен байланысты; жеке элементтерден тұратын оқу процесінің тиімді əрі жоғары нəтижеге жетуі ол процесте орынсыз үзілістердің, ескерілмей қалған қажетті сəттердің болмауына жəне бірізділіктің қандай да себептермен бұзылмауына тəуелді. Егер дағдылар тиісті жаттығулармен жүйелі бекімесе, олар көп ұзамай жойылады; егер оқушылар логикалық ойлауға үйретілмесе, олар өздерінің ойлау іс-əрекетінде үлкен қиыншылықтарға кезігеді; егер оқу ісінде жүйелілік жəне бірізділік сақталмаса, оқушылардың даму процесі бəсеңдейді.

 Мұғалім практикасында жүйелілік жəне бірізділік принципі көптеген ережелерді орындаумен іске асып барады, олардың арасында аса маңыздылары келесідей:

 - оқушылардың білімдер жүйесін қалыпты игеруін қамтамасыз ету үшін схемаларды, жоспарларды орынды пайдалану. Оқу материалын логикалық бітімге келген бөліктерге ажырату, оларды бірізді іске асырып бару, балаларды бірізді оқу əрекеттерін жасауға үйрету; 

- егер жауабы табылмайтынына не шешімі алынбайтынына көзі жетсе, ондай сұрақтарды немесе мəселелерді сабаққа қоймау; 

- материалдың мазмұндық жүйесін, сондай-ақ оқу тəсілдерінің жүйесін бұзуға жол қоймау, ал егер жүйе себепсіз өзгеріске түсе қалса, үлгермеушіліктің алдын алу үшін олқылықтарды түзету; 

- əрдайым пəн аралық байланыстарды пайдалану. Мазмұндық тұрғыдан, сондай-ақ оқу əдістемелерінде барша сыныптар арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету; 

- оқу əдістемелерінің жетістіктерін пайдалану: оқушылармен тірек-конспекттер, оқу материалының құрылымды- логикалық 
 схемасын түзу, білімдерді игеру процесін жеңілдететін шараларды қолдану. Оқу барысында жүйелілік пен бірізділікті қамтамасыз ету үшін бұрын өтілгендерді жиі қайталап отыру жəне жетілдіріп бару; 

- қысқа жəне қорытынды қайталауларды сабақтың басында немесе ақырында үй тапсырмаларына байланысты қолданып қана қоймай, оларды бүкіл сабақ барысында негізгі проблемаға орай, сонымен бірге жеке мəселелерді баяндаудан соң да пайдалану, жаңа материалдарды өтуді күрделендіретін жағдайлардан сақ болу, сабақ тақырыбына жасанды ендірілген, оған тікелей қатысы жоқ идеялар (білімдік, дамытушы, тəрбиелік) дəріс нəтижесі мен оқу құндылығын кемітеді.

Осыны ескере отырып, аса маңызды болған идеяларды оқу мазмұнына жəне балалардың мүмкіндіктеріне орай игертуді, оқу-тəрбие процесінің жылдық жоспарына ендіруді алдын ала көздеу. 

- өтілгендерді қайталау сабақтың басында білім мен ептіліктердің игерілу деңгейін анықтау үшін немесе сабақтың ақырында ұсынылған ақпаратты бекіту үшін ғана орындалмай, бұл жұмыс логикалық бітімге келген оқу бөліктерінің əрбірінен соң, сабақ барысында іске асып баруы шарт; 

- оқушылардың ой өрнектеу тəсілдері мен формаларын бақылап бару, тұрақты əрі үлкен шыдамдылықпен балаларды дербес еңбектенуге үйрету. Тапсырмаларыңыз дербес орындалуда бірте-бірте күрделеніп барсын, сонымен бірге олардың табысты орындалуы үшін мүмкіндіктер жасау. Істі, мүмкін болғанша, оқушының өзі орындасын, қажет болса, көмек беру.

- оқудан болар жарқын болашаққа оқушылардың сенімін жеткізу; 
 - сезімдік тəжірибе мен тірек білімдерді орынсыз əрі жиі жаңғыртуға əуесқой болмау, жаңа білімдерді игеруге ғана қажеттерін еске түсіріп, əркімге белгілі əшейін біліктерді хабарлау үшін өзі де тығыз сабақ уақытын алмау.

Беріктік принципі келесідей заңдылықтарға негізделеді: мазмұнын игеру жəне оқушылардың танымдық күш-қуатының дамуы – оқу процесінің бір-біріне байланысқан екі тарапы; игерілген оқу материалының беріктігі объектив жағдаяттарға, яғни бұл материалдың мазмұны мен құрылымына ғана тəуелді болып қоймай, оқушылардың сол пəнге, материалға, мұғалімге деген субъектив қатынастарына да орайлас; игерілген білімнің берік болуы оқуды ұйымдастыруға, əрқилы оқу түрлері мен əдістерін пайдалануға, сондай-ақ оқу мерзіміне байланысты келеді; оқушылар жады таңдамалы сипатқа ие: қандай да материал оларды маңыздылығымен қызықтырса, сол материал берік орнығады жəне ұзақ сақталады.

 Игерілген білімдердің бекуіне жəрдемші оқу іс-əрекеті механизмдерін түсінуден дəстүрлі оқу жүйесіне жаңа ережелерді ендіру мүмкіндіктері ашылды:

 - қазіргі заман оқуында ес мүмкіндіктерінен гөрі ойлау қабілеті көбірек іске қосылады. Сондықтан аса қажетті болмаған білімдік материалдарды жаттауға сарп етпей, балалардың күш-қуатын үнемдеу, ес жүктемесін ойлау əрекетіне кедергі болар дəрежеден арттырмау.

 - қате қабылданған немесе түсініксіз материалдардың есте бекуіне жол қоймау, бала əр уақыт саналы игерілген жəне түсінген білімін ғана есте сақтайтын болсын;

 - қосалқы сипатқа ие материалды жаттаудан балаларды құтқару үшін, оларды əрқилы анықтама кітаптарымен, сөздіктермен, əмбебап ақпарат құралдарымен пайдалануға үйрету.

 - есте сақтауға қажет материал қысқа да нұсқа болуы тиіс. Оқушының өзі ойланып, жеңіл есіне келтіретіндерінің бəрін жатталатын материалдар қатарынан шығарып тастау.

- Есте болсын, өтілгенді ұмыту процесі оқу жұмысы біткен бойда қарқынды жүреді, сондықтан қайталаулар уақыты мен жиілігі ұмытудың психологиялық заңдылықтарымен сəйкестендірілуі қажет;

- қайталаулар жиілігі оқушының ұмыту жағдайларына сəйкес болуы тиіс. Қайталаулардың көбі жаңа материалдың өтілу ізімен, яғни ақпараттың ең көп жойылатын мезетінде ұйымдастырылып, ал кейін бұл бекіту жұмыстары бірте-бірте кемиді, бірақ толық тоқтатылмайды;

- оқушыларды өз мүмкіндіктеріне сəйкес күш салып, жұмыс істеуге үйрету. еріншектікке жол бермей, тиімді іс-əрекет желісін қалыптастыру;

- алдын-ала оқу процесіне аса қажет екі сапаны – қызығу мен ұнамды қатынас қалыптастырмай, жаңа материал өтуді бастамау;

- оқу материалын ұсыну логикасына назар салуды ұмытпау, өзара логикалық байланыстағы білімдер мен нанымдар жеке-дара, тұтастығы жоқ ақпараттарға қарағанда, берік игеріледі;

- оқу қарқыны төмендегенін байқаудан, кейінге қалдырмастан оның себебін анықтау. Бұл жағдайдағы себептер түрі келесідей болуы мүмкін: оқу процесіне қызығушылықтың болмауы жəне шаршау. Оларды қайта қалпына келтірудің жолдарын іздестіру, оқу барысын жасанды жеделдетпеңіз.

Түсініктілік принципі оқытудың көп ғасырлық тəжірибесі талаптарынан туындайды: бұл, бір жағынан – оқушылардың жастық даму заңдылықтарына байланысты келсе, екінші жағынан – дидактикалық процесті оқушылардың даму деңгейімен сəйкестендіре ұйымдастыру жəне іске асыруға тəуелді. Бала өзінің ойлау деңгейіне, жинақтаған білімі, ептілігі, ойлау тəсілдеріне сəйкес келген дүниені ғана түсіне алады. Түсініктілік принципін іске асыруда қажет, өз уақытында Я.А.Коменский өрнектеген классикалық ережелер: жеңілден-қиынға, белгіліден-белгісізге, қарапайымнан-күрделіге өту. Қазіргі заман оқу теориясы мен практикасы түсінімін оқытуда міндетті болған ережелер тізімін кеңейте түсті: 

- өтілуге тиіс материалдардың бəрі əр жас қабылдауына сəйкес реттестіріліп, ұсынылуы тиіс;

- оқушы санасы қандай да пəнді қабылдауға дайын болуы қажет екендігін ұмытпау;

 - оқыту барысында балалардың табиғи мүмкіндіктерін, олардың дайындығы мен даму деңгейін арқау ету, балалардың өмір тəжірибесін, қызығуларын, бейімділігін, даму ерекшеліктерін зерттеу жəне оқытуда ескеру; 

- оқу мазмұны жəне тəсілдері балалар дамуынан бір шама алда жүретіндей болсын;

- оқушылардың əртүрлі топтарындағы оқу ерекшеліктерін назарға алу. Бір текті мүмкіндіктері бар балаларды жіктеулі топтауға біріктіру; 

- оқу процесін тиімді қарқында жүргізу, бірақ күшті оқушыларды аяқтан тартпайтындай, сонымен бірге орташа жəне үлгерімі төмен оқушылардың дамуына тиімді ықпал жасайтындай етіп ұйымдастыру; 

- оқу жұмысы белгілі дəрежеде күш салуды қажет етеді. Олай болмаса, балалар жұмыс орындауға дағдылана алмайды. Оқушылар əрдайым өз мүмкіндіктерінен төмен оқу қарқынын қалайды. Осыны ескерумен мұғалім əр оқу ситуациясына сəйкес оқу желісін тиянақты əрі нақты белгілеп барғаны жөн;

 - педагогиканың жəне психологияның жаңа жетістіктерін пайдалану: нақты білімдер мен ептіліктерді кіші көлемдегі материалдар жəрдемімен қалыптастырып бару, ал қорытынды білімдерді қалыптастыруда – іріленген білім блоктарын пайдалану; 

- сабақ барысында ұқсастықты, салыстыруды, беттестіруді, қайшылықтарды кең қолдану, жаңа жəне күрделі материалды өтуде күшті оқушыларды қатыстыру, ал бекіту жұмыстарына - орташа жəне төмен оқушыларды тарту;

 - жаңа ұғымды енгізу бір сабақтың танымдық міндеттерімен ғана байланыстырылмай, бүкіл өтілген оқу жүйесіне негізделуі тиіс. 
      Ғылымилық принциптің талабы – оқушылар игеруіне ғылым тарапынан анықталған білімдерді ұсыну. Мектептік білімденудің де міндеті осы ғылыми білімдерді игертуге бағытталған. Оқудың ғылымилығы ең алдымен мектеп білімінің мазмұнына жəне оны қалыптастыру принциптерін қатаң ұстануына; мұғалімдердің 
 мазмұнды толық іске асыра алуына тəуелді; қабылданған білімдердің ғылымдық сипаты оқу жоспарларында, бағдарламаларында өрнектелген, пəн аралық байланыстарда іске асып барады. Озат дидактикалық жүйелер практикасы бұл принципті жүзеге келтіретін бірнеше ережелерді пайда еткен:

 - оқуды педагогика, психология, əдістеме, педагогикалық тəжірибенің жаңа жетістіктері негізінде жүргізу, оқу процесіне педагогикалық еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастырудың жаңа тəсілдерін ендіру; 

- оқу дидактикасы мен психологияның соңғы жаңалықтарын ескерумен индуктивті оқыту логикасын ғана емес, сондай-ақ дедуктивті оқу əдісін де орынды пайдалану, дерексізденген (абстракция) түсініктерді қолданудан тартынбау, себебі бұл нақты құбылыстардың тереңдегі мəн-мағынасын түсінуге жəрдемін береді. Бірақ мектеп курсы шеңберінде толық түсінік берілмеген абстракцияларды қолданудан аулақ болыңыз; 

- əрқандай жаңа енгізілген ғылыми ұғым, түсінікті жүйелі қайталап отыру, пəнді оқыту барысында қолданып, пайдалану, себебі жаттықтырылмаған білімдер тез ұмытылады; 

- ғылыми таным əдісін пайдаланумен, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, балаларды ізденіс, шығармашыл жұмыстарға қосып отыру; 
 - жаңа идеялар қабылдауды бір сəттік міндет деп білмеу – əрбір құбылысты жаңадан түзіліп жатқан жан-жақты байланыстары жəне қатынастары аумағында қарастыра талдау; 

- оқушыларды атақты ғалымдардың өмірбаяндарымен таныстыру мүмкіндіктерін қолдан шығармау, олар енгізген ғылым жаңалықтарын шəкірттерге кең жария ету; 

- жаңа ғылыми терминологияны қолдану, ескірген терминдерден сақ болу, оқушыларға жаңа жетістіктердің негізгі идеяларын ашып, ұсыну, оларды жаңа ақпараттарға ден қоюға үйрету, жаңа мəселелерді ұжым болып талқылауды қолдап қуаттау; 

- балалардың зерттеу жұмыстарына қолдау көрсету. Оларды мүмкін болған жағдайларды пайдаланып, ғылыми-тəжірибе жұмыстарының негіздерімен таныстыру, шығармашылықты қажет еткен мəселелерді шешуде алгоритмдерді пайдалануға жаттықтыру, проблемалармен айналысудың сензитивтік (жас сатысы) кезеңдерін есіңізде ұстау; 

- танымдық қызметтен оқушыға жаңалық ашу, табысқа жету, қанағат табу сезімдеріне бөленуге мүмкіндік беру. 

Ұнамды көңіл-күй сақтау принципі бала табиғатының дамуы мен оның іс-əрекетіне байланысты туындайды. Ұнамды көңіл-күйден адам жаны нəр алады, ой өрісі сəуелелене түседі, оқу жеңіл, жылдам жəне  жағымды сезіммен қабылданады. Егер оқушының кітап оқуға зауқы болмаса, оны ауыр да азапты еңбек сипатында қабылдаса, одан табысты нəтиже күтудің өзі бей-берекетсіз іс. Сондықтан да, оқу баланың ұнамды көңіл-күйін көтеріп, оны қуанышты оқиға ретінде қабылданатын дəріс жұмысына дайындау қажет. Ұнамды қатынас болмаған жерде оқу процесі өз ықпалын жояды. Ықыласы болмаған адамды оқыту – бос əурешілік. Көңілін қорқыныш, өшпенділік, жек көрушілік жайлаған баланы оқыту оның санасына шынайы болмыс деректерін зорлап ендірумен бірдей. Мұндай жолмен қабылданған білім ұзаққа бармай ұмытылады, одан келер пайда болымсыз. Сондықтан педагогтар бар шеберлігін қосып, мектеп оқу еңбегі мен білім тартымдылығын көтеруге ат салысады. Бала жанын сенім шуағымен жылытып, оның алғашқы қадамдарына қолдау көрсетеді. Мектеп өмірін мұғалімдер жарқын да қызықты істер, оқиғалармен толтырып, олардың бəрі балалық шақтың балдəурені секілді оқушы есінде ұзаққа сақталуына негіз қалайды. Оқудың көңіл-күй принципінің талаптары осы. Ал бұл талаптарды іске асыруда мұғалімнің міндеттері: 

- əр сабаққа дайындалу барысында оқушылардың ұнамды көңіл-күйін қалыптастыру мен қолдау жолдарын ойластыру. Алдағы оқу жұмысы неғұрлым зеріктіргендей əрқилы болса, оқу материалы неғұрлым құрғақ əрі абстракт келсе, ұнамды эмоциялар пайда етудің барша мүмкіндіктерін іздестіріп бағу; 

- сынып босағасын көңіл жадыратар кейіппен аттап, балалармен əзілдесе, оларды жігерлендіре сөз тауып, сабақты бастау; 

- демократиялық қарым-қатынас стилін ғана ұстану; 

- балалар болмысына, олардың істеріне қызыға қатынас жасап, араласып бару; 

- сыныпта қапелімде болып қалатын дау-дамайды əрқашан сабырлы, айқайсыз, тұрпайы жəне намысқа тиер сөздерсіз шешу; 

- күдер үзгендей əрі қиын жағдайлардан шығу үшін орайы келген əзіл-қалжыңды пайдалану; 

- оқуды əсем, бейнелі, көңілді өткізілуі үшін оқу процесін танымдық ойындар, жарыстар, конкурстар мен сайыстарға толтыра жүргізу; 

- кіші оқушының ойлауын оның сезімдері мен толғаныстарынан ажыратпау: оқу-тəрбие процесінің эмоционал көрікті болу қажеттігі - бала ойының даму заңдылықтарынан туындаған талап; 

- əрдайымғы көңіл-күй көтеретіндей сəттерден ұнамды эмоционал қалыпта өтетін тұрақты кейіп жағдайларына өту; 

- оқу материалдары, оқу əдістері мен танымдық еңбек ұйымдастыру формаларының эмоционалдық молшылығын пайдалану. 

Теория мен практиканы байланыстыру принципі негізіне классикалық философияның ақиқат пен танымдық қызметтің дерек көзі – тұрмыс жəне практика екендігі туралы тұжырымы алынған. Орынды ұйымдастырылған тəрбие əрқашан өмірдің өзінен, практикадан бастау алып, онымен тығыз байланыста болады, сонымен өсіп келе жатқан əулетті белсенді тіршілік қамына дайындайды. Оқудың өмірмен, теорияның практикамен тығыз байланысты болуы оқу мазмұнына, оқу-тəрбие процесінің келелі ұйымдастырылуына, оқудың тиімді формалары мен əдістерін пайдалануға, еңбек пен политехникалық дайындыққа бөлінген уақытқа, сонымен бірге оқушылардың жас ерекшеліктеріне тəуелді келеді. 

Оқудың өмірімен ұштастық принципін іске асыру негізі – теориялық тұжырымдар мен озат мектеп ұжымдарының тəжірибесінен туындайды. Осыған байланысты мұғалімнің атқаратын міндеттері: 

- мектепте игерілетін білімдердің қажеттігін оларды қоғамдық – тарихи практикамен байланыстыра, оқушыларды сендіре, дəлелдеу, оқу процесін білімнің, оған қоса мектепте алатын құндылықтарының өмірлік қажетті дүние болатынын түсініп, сезетіндей дəрежеде алып бару; 

- тұрмыс қажеттерінен - білімге, білімнен өмір қажеттігіне өте отырып, баланы «білім – бай, қуатты тіршілік» қағидасымен тəрбиелеу; 

- балаларға қазіргі заманның жаңа технологиялары, өндірістік қатынастары, озат еңбек əдістері жөнінде əңгімелеу; 

- оқушыларды өз білімдерін практикада тексеріп, қолдануға табандылықпен үйрету, қоршаған дүниені білім көзі жəне сол білімді қолдану саласы ретінде пайдалану; 

- өз жұмысының өмірлік маңызын оқушыға түсіндіріп бере алмайтын бірде бір мұғалім не сабақ болмауы тиіс; 

- мектеп пен өндіріс орындарының байланысын пайдалану, оқушылардың өндіріс өкілдерімен қатынастарын оқу-тəрбие жұмыстарының жалғасына айналдыру, бұл үшін «оқу пəні -өндіріс» байланысын ептілікпен бағдарлап, қадағалап бару; 

- оқушылармен бірге «тұрмыстық қажет» сипатындағы мəселелер мен жаттығулар түзіп, оларды сабақ материалымен байланыстыра шешуге дағдыландыру. Оқулықты балалар өмірімен ажыралмас бірліктегі қоршаған болмыс деректерімен толықтырып баруды ұмытпау. 

- оқуды ауыл, қала, облыс, республиканың нақты болашақ даму жағдаяттарымен ұштастыру, аймақтың келешек дамуына орай кəсіби бағдарлау жұмыстарын өткізіп бару; 

- проблемді ізденіс жəне зерттеу тапсырыстары теорияны практикамен байланыстырудың таптырмас құралы. Оларды əрқилы жолдармен пайдалануға тырысу; 

- балаларды еңбекке, қоғамдық жəне жеке меншікке саналы да ұнамды қатынас жасауға баули отырып, мұндай қатынас үлгісін мұғалімнің өз бойынан көрсетуі. 

Қорытындылай келе, айтарымыз: принциптер əрқашан белгілі жүйеде, бір уақытта, тығыз байланысқан күйде іс-əрекетте комплексті, параллель жүзеге асып барады, оларды кезекпен немесе бірінің орындалуымен екіншісіне тізбекті өте, пайдалану мүмкін емес. Принциптер арасында басты не екінші дəрежелісі болмайды, əңгіме тек олардан туындайтын талаптардың ауқымдылығы мен жалқылық дəрежесі жөнінде болуы мүмкін. Барша принциптер өзара кіріге ұштасқан, сондықтан бірінің талаптары, екінші бір принцип талаптарымен мəндік жақындыққа түсіп жатады. Олардың бəрінің де қызметі - бағыттау, оқудың сапалы нəтижелеріне жетудің жолдарын көрсету. Білімдендіру ісін гуманизациялаудың мəні –оқушының тəн-дене жəне ақыл-ес мүмкіндіктерін сақтау жəне дамыта түсу. Сондықтан оқу еңбегінің нəтижесі оған жұмсалған оқушы күш-қуатының деңгейімен салыстырылып, бағаланады. Принциптер баланың табиғи жəне əлеуметтік мүмкіндіктерін, күш салулары мен еңбек нəтижелерін қалыпты мөлшерлеп отырады, егер қандай да себептермен ауытқуға түспесе, олар арасындағы теңдіктің (баланс) сақталғаны.

 

8. Психология бойынша лекция-әңгімені өткізудің әдістемесі

 

1.      Лекцияға оқу мазмұнын таңдау.

2.      Уақытты бағдарламаның басқа тақырыптарын оқытуда ескеретін лекция-әңгімені жоспарлау.

3.      Психологияны оқуда тақырыптарға  әдістемелік бағыт.

 

ЖОО-дағы лекция-оқытудың дидактикалық циклының басты бөлігі. Оның мақсаты-оқу материалын студенттің игеруінің бағдарлық негізін қалыптастыру.

Қазіргі жоғарғы мектеп өмірінде лекцияны «ыстық нүкте» деп атайды. «Лекция» сөзінің түп тамыры латынша «lection»- оқу дегенді білдіреді. Лекция Ежелгі Грецияда пайда болып, Ежелгі Римде орта ғасырларда одан әрі жалғасты. Оқытудың лекциялық формасының даму тарихындағы жарқын беттерін бірінші Ресей университетінің негізін қалаушы М.В.Ломоносов жазып өткен және ол  оқытушының жанды сөзінің құндылығын бағалаған. Ол табандылықпен және жүйелі түрде шешендік өнерге үйренудің қажеттілігін, оның мәні «кез келген материя туралы әдемі айта білу өнеріне үйрену және осы арқылы басқаларды өз пікіріне иландыру» қажет деп есептеген. Сондықтан ол лекторлар «ақыл-ойын сөзді құрастыру мен айтып жеткізу қабілетін үнемі ұштап отыру, авторлардың жазған ережелерін жатқа оқып беруден аулақ болуға тапсырады».

Атақты лекторлардың қатарына математик М.В.Остроградскийді жатқызуға болады. Михаил Васильевич Остроградский лекцияның ғылыми және әдістемелік жағына өте көп мән берген. Ол өткенде оқылғанды шолудан бастап, жаңа тақырып бойынша ой жүгірту мен дәлелдеу әдісіне көшетін.  Лекция қорытындымен аяқталып, атақты ғылымдардың өмірі мен еңбектері туралы экскурциямен өрнектелетін.

Атақты лекторлардың тарихшы: В.О.Ключевскийді, Т.Н.Грановскийді атауға болады. Грановскийдің лекциялары өте жарқындығы сонша, ол кітап пен оқулықты екінші қатарға ығыстырып отыратын. Н.Г.Чернышевский Грановскийді «біздің қоғам мен ғылымның арасындағы күшті дәнекерлердің бірі» деп атаған. Бұл гуманитар-ғалымның лекциялары тыңдаушыларына орасан күшті рухани, өнегелік әсер береді.

ХІХ ғасырдың ортасынан бастап ғылыми және техникалық білімнің өркендеуіне байланысты лекцияларды практикалық жұмыстармен ұштастыра жүргізу, оны студентердің дербестігімен белсенділігін арттыруға ынталандыру қажетілігі туындады. Лекцияның міндеті студентерді кітаппен өз бетімен жұмыс жасауға дауындау. Атақты орыс хирургы және педагог Н.И. Пирогов-тың айтуынша лекция тек сол уақытта оқылу керек, егер лектор ғылыми материалды жетік біліп тұрса, немесе сөз сөйлеу өнерін аса меңгерген жағдайда Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, Д.И.Писарев студентердің өздік жұмысын күшейту керектігін айтқан, бірақ педагогикалық қатынас процесінде лекцияның эмоциялық әсерін баса айтқан. 1896 жылы болған техникалық және кәсіптік білім беру жөніндегі Ресей ғылымдарының екінші съезі лекцияның маңызын, мәнді сөзбен ғылыми білімді таратудың күшті құралы екенін және пәннің аса маңызды жақтарын берік ұғындыру қабілеті жағынан ешбір кітап пен айырбастауға болмайтынын атап айтқан.

30-шы жылдары кейбір ЖОО- дарда эскперимент ретінде лекция оқуды тоқтатқан болатын. Бірақ эксперимент өзін ақтамады. Студенттердің білім деңгейі күрт төмендеп кетті.

Қазіргі кезде оқу материалын лекциялық баяндаудың жақтастары да, оған қарсыластары да бар. Олардың қарсы аргументтерінің ақиқатық жерлері де бар, олар туралы ойлануды қажет етеді. Олардың дәлелдері қандай?

Лекция басқаның пікірін пасивті қабылдауға үйренеді, өз бетімен ойлануды тежейді. Неғұрлым лекция жақсы болса, соғұрлым ол ықтималды-ғы көбірек.

Лекция өз бетімен оқуға қажетілікті төмендетеді.

Лекциялар егер оқулық болмаса, немесе олар аз болғанда қажет.

Кейбір студенттер ойланып үлгереді, басқалары- лектордың сөзін тек жазып алады.

Бірақ тәжірбиеде көрінгендей лекциядан бас тарту студенттердің дайындығының ғылыми деңгейін төмендетеді, жүйелілікті және семестр бойы бірқалыпты жұмыс тәртібін бұзады. Сондықтан да ЖОО-дағы оқыту процесін ұйымдастырудың жетекші формасы болып қала бермекші. Жоғарыда көрсетілген кемшіліктер дұрыс әдістеме мен материал-ды ұтымды орналастыру арқылы түзетіледі.

Оқу процесінде лекциялық оқыту формасын басқа әрекеттер араластыра алмайтын әртүрлі ситуациялар кездеседі:

Негізгі аппарат көзі болып табылатын жаңа лекциялық курс бойынша оқулық болмаған жағдайда;

Жаңа оқулық материалдарының жекелеме тақырыптары бұрыннан бар оқулықтарда көрініс берсе, немесе оның кейбір тараулары ескірген  болса;

Оқулықтың кейбір тақырыптары өзбетімен оқуға ерекше қиындық туғызса және олар лектордың әдістемелік  өңдеуін қажет етсе;

Курстың негізгі проблемаларында бір-біріне қайшы келетін концепциялар болса. Лекция оларды объективті түрде көрсетуге қажет;

Лекцияны басқа нәрсе алмастыра алмайтын жағдайларда, онда лектордың студентке әсіресе жеке басының эмоциялдық әсері арқылы олардың көзқарастарын қалыптастыру қажет болғанда;

Лекцияның эмоционалдық бояуы терең ғылыми мазмұнмен қабысып, сөз бен ойдың және тыңдаушылардың қабылдауының гармониясын туғызады. Лекцияның эмоционалдық әсері гуманитарлық  пәндерді оқытқанда маңызды роль атқарады. Бірақ жаратылыстану және дәл ғылымдардың оқытушылары оны бағалауында болмайды.

Авторлық лекция, егер студент пәнге емес, «лектордың өзіне» келетін болса,  оның ерекше әсері болады. Бұл туралы Тимирязев былай айтқан, лектор деген фотограф емес, бірақ студенті, кітаптан алғанды ауызша жеткізуші жай акустикалық аспап емес, барлығын творчестволық түрде қайта балқытып шығаруы тиіс. Тимирязев бойынша, лекцияда ғылыми проблеманың дұрыс шешілуі құмарлық пен идеяға елігуге қабысып жатуы керек. Дәл осындай құндылық Д.И.Менделеев лекцияларына тән еді. Тыңдаушыларының естеліктері бойынша қатардағы   ғалымның сөзі - қағаз жапсырылған солып қалған сабақтардан тұратын бақ. Менделеевтің лекцияларында тыңдаушыларының көзінде ғалымның айтқан ойларының дәнінен алып діңгектер өсіп шығады да, олардан бұтақ жайылып, қарқынды түрде гүлдеп тыңдаушыларды алтындай жемістермен көміп тастар еді.

Лекцияның артықшылықтары:

Бұл лектордың аудиториямен творчестволық бірлесуі, өзара бірігуі, эмоционалдық әсерлесу;

Лекция – жалпы түрде білім негізін алудың өте үнемді тәсілі;

Лекция ойлау іс-әрекетінің белсенділігін арттырады, егерде мұқият тыңдалып түсінсе, сондықтан лектордың міндеті - студенттердің назарын белсенді дамыту, олардың ойын қозғалысына келтіріп, лектордың, ойының соңынан еріп отыратын ету.

Соңғы уақытта студенттердің лекторды еркін таңдап алу тенденциясы белең алды, мұның өзі лекторлық шеберлік проблемеасын маңыздандыра түседі. ЖОО- дағы оқытудың жетекші формасының потенциялдық мүмкіндігін толық пайдалану оқытушының шеберлігіне байланысты. Бірақ оқыту процесі лекциядан басталып, практикалық сабақтарда жалғасады да, өзіндік жұмыс арқылы тереңдетіледі.

Көптеген оқытушылар лектордың міндетін пәнді жақсы біліп, оны түсінікті етіп баяндаса болды деп санайды. Бірақ, «оның баяндау» деген не? Бұл күрделі педагогикалық проблема: бұл бірізділік және баяндаудың көрнекілігі, тыңдаушылардың айтылғанды саналы түрде белсенді игеру және соның нәтижесінде, түсіну.

Лекция қандай талаптарды қанағаттандыруға тиіс?

Лекцияға қойылатын талаптар:

Лекция мен оқытудың өнегелілік жағы, ғылымилық және ақпараттанулық дәлелділік және аргументілік, жергілікті мөлшерде айқын, нанымды мысалдардың, айғақтардың негіздемелердің барлығы, баяндау формасының эмоционалдығы, тыңдаушылардың ойлануын белсенділендіру, ойлану үшін сұрақтар қою; баяндалған мәселенің бірізділікпен логикалық ашылуы және айқын құрылымы; әдістемелік өңдеу - басты ойды және ережелерді бөліп көрсету, қорытындыға ерекше көңіл аудару, оларды әртүрлі тұжырымда қайталау; түсінікті және оның түрде баяндау, жаңадан енгізілетін терминдер мен атауларды түсіндіріп отыру; Тыңдау және көруге арналған  дидактикалық материалдарды барынша пайдалану. Көрсетілген талаптар лекцияның сапасын бағалаудың критерилерінің негізіне алады.

Лекцияның құрылымы.

Өзінің құрылымына байланысты лекциялар әртүрлі болады. Бәрі де баяндалатын материалдың мазмұны мен өзгешелігіне байланысты, бірақ кез келген лекцияда қолданылатын жалпы құрылымдық қаңқа болады. Бәрінен бұрын бұл- лекцияның жоспарын хабарлап, оны қатаң ұстану керек. Жоспарға лекцияның түйінді мәселелерінің атауы қолданылады да ол емтихан билеттерін жасауға пайдаланылады.

Алдыңғы лекцияның мазмұнын еске түсіру пайдалы және де оны жаңа материалмен байланыстыра отырып, оның пәндегі, басқа ғылымдар жүйесіндегі орны мен маңызын анықтау керек. Тақырыпты ашқан кезде индукциялық әдісті қолдануға болады: ғылыми қорытындылар жасауға әкелетін мысалдар мен  фактлер; сол сияқты дедукциялық әдісті де пайдалануға болады: жалпы жағдайды түсіндіріп, оларды нақтылы мысалдарға қолдану. Әрбір талданатын жағдайлар бойынша қорытынды жасап, оларды қайталау және интонация арқылы бөлектеп көрсету. Лекцияның соңында тыңдағандары бойынша қорытынды жасау пайдалы. Дәстүрлі ЖОО -дағы лекция әдетте бірнеше түрге бөлінген ақпараттық лекция деп аталады.

Кіріспе лекция. Ол студенттерді курстың мақсаты мен қызметі, оның оқу пәндері жүйесіндегі рөлі мен  және орынымен таныстырады. Одан әрі курсқа қысқаша шолу жасалады. Мұндай лецияларда ғылыми проблемалар қойылады, болжамдар жасалады, ғылымның даму перспективасы белгіленеді және оның практикалық үлесі туралы айтылады. Кіріспе лекцияда теориялық материалды мамандардың болашақ жұмысымен байланыстыру маңызды. Одан әрі курстық жалпы әдістемесі туралы айтып, оқулықтар мен оқу құралдарына сипаттама жасалады, тыңдаушыларды міндетті әдебиет тізімімен таныстырады. Осындай кіріспе студенттерге пән туралы жалпы мағлұмат берумен қатар олардың конспектімен және әдебиетпен жүйелі жұмыс жасауға бағдарлап, курстың әдістемелік жұмыспен таныстырады.

Шолу қайталау лекциялары, тарау мен курстың аяғында оқылады және барлық теориялық мәселелерді қамтып, тарау мен курстың ғылыми – түсініктемелік негізін тәптіштемей, негізгі емес материалды ескермей – ақ баяндалады. Бұл курстың нағыз мазмұны (Квинтэссенциясы)

Шолу лекциясы. Бұл қысқаша конспект емес жоғарылау деңгейдегі білімді жүйелеу. Оқыту психологиясы көрсеткендей, жүйелеп баяндалған материал оңай есте қалады. Көптеген ассоциациялық байланыстар іске асырылады. Шолу лекциясында сонымен қоса емтихан билеттерінің ерекше қиын мәселелері де қарастырылады. Лекциялық маериалды баяндағанда оқытушы студенттердің конспект жазып отырғанын бағдарлау керек.

Конспект  мұқият тыңдауға, жазу кезінде жақсы есте сақтауға көмектеседі, емтиханға, семинарға, дайындық кезінде тірек материалы болады. Лектордың міндеті- студенттерге ұғыныңқы конспектілеуге мүмкіндік беру. Тыңдап, ұғынып, қайта қарап, қысқаша жазу. Бұл үшін оқытушы студенттердің барлығын түсініп үлгеріп отыруын қадағалайды. Ол аудиторияның реакциясынан көрінеді. Конспектілеуге көмектесетін қандай амалдар бар? Ол – лекция материалын екпінді түрде айқындап баяндау, яғни дауыс ырғағымен, жылдамдығымен, маңызды жерлерін қайталаумен, кідірісті пайдаланумен, тақтаға жазумен, көрнекі материалды көрсетумен оқу уақытын қатаң регламенттеумен іске асырылады.

 Студенттерді конспектілеу әдістерімен, дұрыс графикалық орналастыруға: абзацсты төлуге, басты ойды ерекшелеуге, шешуші сөздерді қорытындыларды қоршауға алу, «нота бине»- №8 белгісін, қайталану түрлі қаламдарды, фломастерлерді қолдануға үрету пайдалы.

Лектордың шеберлігі.  Лекцияда студенттердің жұмысын жақсы ұйымдастыруға көмектеседі.Лекцияның мазмұны, құрылымының айқындығы назар аудару тәсілдері- осының бәрі ой белсенділігі мен жұмыс қабілетін жақсартуға, педагогикалық конспект тағайындауға, студентердің эмоционалдық үн қосуын туғызуға, еңбекқорлыққа тәрбиелеуге, пәнге қызығуды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Лекция сапасын бағалау.

Оқытушының лекцияларына қатынасқан кезде оның әріптестері талдау жүргізіп лекцияның сапасына баға береді. Сапасын бағалаудың түйінді критерилерін атауға болады.

Ол лекцияның мазмұны, әдістемесі, студенттердің жұмысына басшылық жасау, лекторлық шеберлігі, нәтижелілігі. Осының әрқайсысының мәнін ашайық.

Лекцияның мазмұны: ғылымилығы, қазіргі заманғы ғылымның даму деңгейіне лайықтылығы, дүниетанымдылық жағы, методикалық мәселелердің болуы, оны дұрыс түсіндіреді. Лекция барысында проблемалық мәселелерді қою және олардың қайшылықтарын шешу арқылы ой белсенділігін туғызу. Мәселенің тарихына көз жүгіртіп, әртүрлі концепцияларды, тәжірбиемен байланысын көрсету. Лекция және оқулық: оқулықта жоқ материал баяндала ма, оқулықты қайталап бере ме, ерекше қиын мәселелер түсіндіріле ме, оқулықтың кейбір материалдарын өз бетімен оқып білуге тапсырма беріле ме. Өткен және өтілетін материалмен байланысы, пән ішілік, пәнаралық байланыстар.

Лекция оқу методикасы: лекция құрылымының айқындылығы және баяндау логикасы.Жоспардың барлығы не жоқтығы, оны ұстануы. Лекцияға керекті әдебиетті хабарлауы (қашан, әдебиеттің графикасы) Жаңа терминдер мен ұғымдардың түсініктілігі. Дәлелдемелер. Басты ойларды бөліп көрсету және қорытындылар.

Бекіту әдістерін пайдалану: қайталау, назарды, игеруді байқау үшін сұрақтар; сұрақтың аяғында, лекция соңында қорытындылау, ТСО. Лектордың тірек материалдарын қолдануы: мәтін, конспект, кейбір жазулар, тірек материалынсыз оқу.

Студенттердің жұмысына басшылық: конспектілерді талап ету және орындалуын көрсету. Студенттерді жазу әдісіне үйрену: жылдамдық, баяу темп, қайталау, кідіріс, графиктерді сызу. Конспектілерді қарау: лекция барысында, семинар мен практикалық сабақтарда немесе олардың соңында.

Назар аудару әдістерін қолдану: риторикалық сұрақтар, қалжындар, ораторлық әдістері. Сұрақ қоюға рұқсат (қашан, қандай түрде).

Лекторлық шеберлігі: пәнді білуді, эмоционалдығы, дауыс, дикция, ораторлық шеберлігі, сөйлеу мәдениеті, сыртқы пішіні, контакт орнату қабілеті.

Лекцияның нәтижелілігі: ақпараттық құндылығы, тәрбие аспектісі, дидактикалық мақсаттарға жетуі.

ЖОО-да  оқыту жүйесінде лекциялық форманың дамуы

Отандық білім беру жүйесінің дамуы, оның гуманизациясы, жеке адамға бағдарлану тенденциясы, оның творчестволық қабілетін іске асыру лекциялық форманың жаңа көріністерін, екеуара лекция, көзбен шолу лекциясы, лекция – пресс-конференция т.б. ойлап табуға итермеледі.

Төменде ұсынылатын лекция нұсқалары дәстүрлі ақпарат - лекцияны табысты толықтырады. Лекция уақытын бір немесе бірнеше сабақ бойында, тіпті сабақ бөліктерінің дәстүрлі формаларында толық пайдалануға мүмкіндік береді; сонымен қоса көрсетілген формалардың кез келгені бойынша авторлық лекция курсы даярлануы керек.

Лекция материалын берудің жаңа нұсқаларына қысқаша сипаттамалар беруге, олардың оқу процессін интенсивтендіруге, оқушылардың жеке қасиеттерін дамытуға бағытталғандығын көрсетуге әрекет жасайық.

Проблемалық лекция

Проблемалық лекция туралы біз оқытудың активті әдістеріне байланысты сөз етеміз. Ал қазір оның мазмұндық және процессуалдық сипаттамасын келтіреміз.ақпараттық лекциялардан өзгеше, онда студенттерге дайын ақпарат дайын ақпарат беріліп түсіндірілетінін,оны еске сақтауға арналғанын ескере отырып, проблемалық лекцияда жаңа білім бұрын белгісіз, оны «ашу» керектігі жайында айтпақпыз. Оқытушының міндеті- проблемалық ахуал туғызып, студенттерді сол проблеманы шешу барысында, қадам-қадамдап іздеген мақсатқа жетуге қызықтыру болып табылады. Ол үшін жаңа материал проблемалық мәселе түрінде беріліді. Оның шартында қайшылықтар бар, соны тауып шешу керек болады.

Осы шешу жолында және қорытынды нәтижеге жетуде студенттер оқытушымен бірлесе отырып қажетті білімді алады. Сонымен осы формадағы ақпаратты баяндау кезінде студентердің білім алуы ізденуі, зерттеу іс-әрекетіне жақындайды.

Басты шарт – лекция материалын таңдап алу мен даярлау кезінде және тікелей лекция үстінде диалогтық қатынас формасында беру барысында проблемалық принцпті іске асыру. Проблемалық лекцияның көмегімен теориялық ойлауды дамытуға, пәннің мазмұнына қызығушылықты, кәсіптік мотивация, корпоративтік қамтамасыз етуге болады.

Көзбен шолу лекциясы: көрнекілікті принципін іске асырудың жаңа мүмкіндіктерін іздеу нәтижесінде пайда болған. Психологиялық – педагогикалық зерттеулер көрсеткендей, көрнекілік тек оқу материалын табысты қабылдап, еске сақтауға көмектесіп қана қоймай, танымдық құбылыстардың мәніне тереңірек бойлауға мүмкіндік береді. Ол екі жарты шардың бірдей жұмыс жасаудың нәтижесінде, яғни дәл ғылымдарды игеру кезіндегі әдеттегідей бір ғана бір жақ, логикалық жартысының жұмысымен емес іске асады. Оң жақ жартышар ақпаратты бейнелік – эмоционалдық қабылдауға жауап бергендіктен дәлме-дәл көзбен шолу кезінде белсенді жұмыс жасауға кіріседі.

Көзбен шолу лекциясы ауызша ақпаратты  көзбен шолу түріне айналдыру нәтижесінде пайда болады. Көру қатары қабылдану және ұғыну негізінде пара-пар ой мен практикалық іс-әрекетін тірегі бола алады. Оқытушы сондай демонстрациялық материалды орындау тиіс, сондай көрнекілік формаларын пайдалану керек, олар тек ауызша ақпаратты толықтырып қоймай, өзіде мазмұнды ақпарат тасушы ролін орындайды. Мұндай лекцияны дайындалу лекция мазмұнын қайта құруды немесе оның белгілі бір бөлігін көзбен шолуға айналдырып, студенттерге ТСО арқылы немесе қолша (слайдтар, пленкалар, планшедттер, сызбалар, суреттер, схемалар, т.б.) көрсетуді қажет етеді. Ондай лекцияны оқу дайындалған көзбен шолу материалдарына толық түсінік беруге саяды, онда:

Өзінде бар білімді жүйелеуді қамтамасыз ету;

Жаңа ақпаратты игеру;

Проблемалық ахуалды жасау және шешу;

Көзбен шолудың әртүрлі әдістері көрсету.

 Оқу материалына байланысты көрнекіліктің әртүрлі формалары пайдаланылады:

Табиғи (минералдар, реактивтер, машина бөлшектері);

Бейнелеу ( слайдтар, суреттер, фото);

Символдық ( сызбалар, таблицалар);

Көзбен шолу лекцияларында мыналар маңызды: айқын көзбен шолу логикасы және материалды жеткізу ырғағы, оны мөлшерлеу, оқытушының аудиториямен қатынас стилі мен шеберлігі. Мұндай лекцияның қиындығы – көзбен шолу құралдарын даярлау мен лекция оқу процесінің режиссурасы. Мұнаны ескеру керек:

аудиторияның дайындық және білім деңгейі;

кәсіптік бағдарлануы;

нақты тақырыптың ерешеліктері.

Лекцияның бұл формасына кез келген материал жарамды бола бермейді, кез келген пән де жарамайды. Бірақ осындай лекцияның элементтері кез келген пән үшін жарамды болуы мүмкін.Бір жағынан бұл әдістің жекелеме көріністері культорология бойынша лекцияларда пайдаланылып, олар слайдтармен, оларға түсіндірмелер, ақпараттық лекцияларды тереңдетіп және жүйеге келтіріп (слайдтарды көрсету лекциядан кейін жүру керек) пайдаланылады. Және көрнекі демонстрациялық, үлестірме материалдарды пайдаланатын эргономика дизайн бойынша лекцияларда қолданылады.

Екеуара лекция: лекцияның бұл түрі екі оқытушының өзара диалогы түрінде материалды баяндау проблемасын дамыту және жалғастыру болып табылады. Мұнда теориялық және практикалық мәселелерді талқылаудың нақтылы ахуалын екі маманның модельдеуінде қарастырылады. Мәселен, екі ғылыми мектептің өкілімен, теоретик пен практик, жақтаушы мен қарсылар және басқаға техникалық шешімдер тағы басқа.

Мыналар қажет:

Оқытушылардың диалогы пікір-талас, проблеманы біррлесіп шешу мәдинетін көрсету керек;

Талқылауға студенттерді тартып, оларды сұрақ қоюға итермелеу, өздерінің көзқарасын айтуға, болып жатқан жағдайға үн қосуын көрсетуге баулу;

Мұндай лекциялардың артықшылығы:

диалогты түсініп оған, қатынасу үшін қажетті студенттердің білімін ахуалдандыру;

Проблемалық ахуал жасалады, дәлелмемелер жүйесі құрылады т.б.;

Екі деректеменің болуы әртүрлі көзқарастарды салыстыруға, таңдау жасауға, біріне не екіншісіне қосылған, өз пікірін қалыптастыруға мәжбүр етеді;

Пікір-талас мәдениеті туралы көрнекі ұғым қалыптасады, диалог жүргізу тәсілдерін бірге іздестіру және шешім қабылдау;

Педагогтың кәсіпқойлығы айқындалады, оның жеке басының қасиеттері айқын және терең айқындалады.

Осындай типті лекцияға дайындық үшін лекция жоспарының  теориялық мәселелерін алдын ала талқылау, оларға қойылатын талаптарды ескеруді қажет етеді:

Олардың интелектуалдық және жеке басындық сәйкестік болуы керек;

Олар коммуникативті дағдыларға ие болуы керек;

Олар жылдам реакциялар және импровизацияға қабілетті болуы керек.

Алдын ала жоспарланған қателері бар лекция:

Студенттердің зейінін белсенділендіреді;

Ойлау іс-әректін дамытады;

Эксперттер, рецензенттер, т.б. рөлінде болу дағдыларын қалыптастырады.

Алдын ала жоспарланған қателері бар лекцияға дайындықтың мәні- оған белгілі бір мазмұндық, методикалық, мінез-құлықтық сипаттағы  қателерді енгізеді, олардың тізімін оқытушы лекцияға әкеліп, студенттерге оның аяғында айтады. Әдеттегі қателер таңдап алынып, олар оның білінбеуі, көлеңкеленуі ескеріледі. Студенттердің міндеті лекция барыснда қателерді белгілеп, оларды дәптердің полясына жазып, аяғында атауы керек.

Қателерді талдауға 10-15 минут беріледі. Осы кезде жауаптарды студенттерде оқытушыда атайды. Осындай лекция бір уақытта ынталандыру, тексеру және болжау функцияларын атқарады және өткен материалдың  игеру қиындығын болжауға көмектеседі.

Лекция – пресс-конференция

Лекцияның тақырыбын хабарлап оқытушы студенттерге осы тақырып бойынша сұрақтарын жазбаша түрде беруін өтінеді. Екі үш минутта студенттер өздерін қызықтыратын сұрақтарды тұжырымдап оқытушыға береді. Ол үш-бес минут бойы сұрақтарды саралап олардың мазмұны бойынша лекцияны бастайды. Лекция сұрақ-жауап түрінде емес, байланысты мәтін түрінде баяндалып, оның құрамында әлгі сұрақтарға жауап беріледі. Лекция сонында оқытушы жауаптарды талдап, оқушылардың қызығушылығымен білімдерін анықтайды.

Мұндай лекцияны:

Тақырыптың басында қажеттілікті айқындау топтың немесе потоктың қызығушылық шеңбернін, оның модельін: мүмкіндіктерін; нұсқауларын анықтау;

Ортасында, студенттерді курстың түйінді моменттері және білімдерін жүйелеуге пайдалануға бағытталған кезде;

Аяғында – даму перспективасының игерісін мазмұнын анықтау үшін.

 

9.  Мектептегі психологияны оқытуды бақылау және бағалау

 

1.      Меңгеру үрдісін бақылауды ұйымдастыру.

2.      Сұрау оқу іс-әрекетінің сәттілігін  бағалау формасы ретінде.

3.      Тікелей сұрау арқылы оқушылардың білімін тексеру.

Бақылау студенттерді оқуға ынталандырады және олардың мінез-құлықтарына әсер етеді. Практика көрсеткеіндей бақылауды оқу процесінен жартылай немесе толық жою әрекеттері оқытудың сапасын төмендетуге әкелетіні белгілі. Қазіргі уақытта енгізіліп отырған оқытудың интенсивті методтары педагогикалық бақылаудың жаңа түрлерін іздестіру арқылы бақылаудың сапасын көтеру мен тиімділігін арттыру, оның жаңа  түрлерінің пайда болуына, мысалы, рейтин сияқты әкеліп соғады. Бақылаудың рейтинглік формасы модульдік оқыту шеңберінде жүргізілетін болғандықтан ол туралы мағлұматты тиісті бөлімнен табуға болады.

Педагогикалық бақылаудың функциялары.

Бақылау аймағында негізінен үш түрлі өзара байланысқан функцияларды бөлуге болады: диагностикалық, оқыту және тәрбиелеу.

Диагностикалық  функция: бақылау- бұл студенттердің білімін, біліктілігін, икемін, дағдысын, нақтылы тәртібінің деңгейін анықтайтын процесс.

Бақылаудың оқыту функциясы  оқу материалын игеру бойынша жұмысты белсенділендіруден көрінеді.

Тәрбиелеу функциясы: бақылау жүйесінің болуы тәртіптендіреді, студенттердің іс-әрекетін ұйымдастырын, бағыттайды, білімдегі кемшіліктерді айқындауға көмектеседі, жеке басының ерекшеліктерін, ондағы кемістіктерді анықтайды, пәнге творчестволық қатынас және өз қабылеттерін дамытуға көмектеседі.

Оқу-тәрбие процесінде барлық үш функция да бірдей өзара байланысқан және қабысқан, бірақ бақылаудың бір жетекші функция басқаларынан басым болатын формасы да болады. Осылай, семинарда негізінен оқытушы функция көбірек көрінеді: әртүрлі ой түйіндері айтылады, нағыз сұрақтар қойылады, қателіктер талқыланады, сонымен бірге семинар диагностикалық және тәрбиелеуші функцияларды орындайды.

Педагогика мен  педагогикалық практикада қадағалау кең мағынасында  бір нәрсені  тексеру, тар мағынасында  кері байланыс принцпі ретінде  түсіндірледі.

Педагоикада қадағалау мына анықтамамен  беріледі “Оқушылардың оқу әрекетін қадағалау сыртқы кері байланысты \қадағалау, мұғалімнін қадағалау және ішкі кері байланысты\оқушының өзін өзі қадағалауын \ қамтамасыз етеді”. Сыртқы кері байланыс бұл оқушының оқу материялын  меңгеруін тексереді (бақылау жұмысы, жазба жұмыс, емтихан, сынақ, және т.б.). Оларды мұғалім ұйымдастырады. Ішкі кері байланыс – бұл оқушының қандай да бір сұрақ келісімі бойынша өзін тексеріп , оны оны қандай деңгейде  меңгергеніне көз жеткізуі , басқа сөзбен айтқанда  олар өздерін  тексеріп бағалайды.

Педагогикалық психологияда “қадағалау” оқу әрекеті ретінде қолданылады және ол оқу әрекетінің  құрамдас бөлігі болып табылады. Қадағалау оқу әрекеті ретінде оқу әрекетінің соңғы нәтижесі  бойынша материалдық меңгерілу сапасын тексеру емес, оқу әрекетінің барысымен жүріп , оқушының қажетсіз ойлау амалдарын (белсенді қадағалау әрекеті) оқылып жатқан жарияға мән мен мазмұны жағынан сәйкес келуін белсенді тексеру. Оқу әрекетінде  білімді меңгеру процесін басқару механизімдерін  талдай отырып Н.Ф.Талызина қадағалауды  оны реттеудің міндетті құрамдас  элементі ретінде қарастырады.

Егер басқарушы әрекеті бағдарламаға сай  жүзеге асып жатса , онда түзетуге қажет қосымша әрекеттің  қажеті болмайды. Бірақ бағдарламадан сәл ауытқу пайда болса , педагог  бірден түзету шараларын қолданады.

  Сондықтан судентті алғашқы күннен  қадағалаудың оқу әрекетіне үйрету  қажет әғни  өзін -өзі қадағалауға үйрету. Ол арнайы  үйретілмейді , оны оқу әрекетінің жағдайын үйрету керек.Оқу әрекеті , студент өз әрекетінің әр кезеңін біртіндеп орындауға , оны қадағалауға мүмкін болатындай ұйымдастырлуы қажет.

Оқу  әректіндегі педагогикалық қадағалаудың негізгі  функцияларына (қызметтеріне) мыналар  жатады.

Өткен материалдарды  студенттің меңгеру сапасын тексеру және осы сапаны бағалау.

Барлық студенттің оқу бағдарламасын меңгеруінің жалпы орташа деңгейін  анықтау және алға қойылған  мақсат пен оқу нәтижесін салыстыру арқылы оқу процесінің тиімділігін бағалау.

Байқаған кемшіліктерді жоюға байланысты негізгі түзету шараларын және жеткен жетістіктерді  көтеру шараларын жоспарлау (тәжірбиені оқып , тарату, оқытудың тиімді әдіс тәсілдері , С.О.Ж ұйымдастыру және т.б.).

Педагогикалық қадағалаудың тиімділігін  арттыру үшін мына шарттар орындалуы қажет.

Қадағалаудың әділдігі.

Екі жаққа да белгілі обьективті критерилерге негізделген болуы керек.

Қадағалау және оның нәтижесі бәріне жария болуы қажет, бұл олардың қатесін түзеп , негізді қортынды жасауға мүмкіндік береді.

Ағымдағы педагогикалық қадағалау деп оқытушынан күнделікті әрекетін айтуға болады. Ол кері байланыс негізінде алған мәліметтерге қандайда болмасын түзетулер енгізеді. Бұл лекция  барысында түскен түрлі  белгілер негізінде оқытушының түзету енгізуі. Лобороториялық және практикалық сабақтарда ол студенттің белсенділігнің , айта алмау себесін іздейді, және осы сабақта алған кемшіліктер жойылады. Бұл түсніксізді түсіндіру, және т.б. Семинар , пікірталас.

Беделді оқытушылардың тәжірбиесі студент білімін  қатал әрі әділетті бағалауда әдістемесіне қатысты бірнеше қортындылар жасауға итермелейді.

Оқытушының студент сенімді болса, онда ол жақсы дайындалған, әрі жүйелі дайындалды, оған жоғары баға қойылуы керек деген ойы.

Кез келген  творчествалық қызметтер әрі , тәжірбиелі оқытушы емтиханға оқыту процесін реттеудің тиімді құралы деп қарауы.

Оқытушы алдын ала студентке қандай талаптар қоятынын ескертеді.

Принциптілікке негізделгенін бағалау.

Оқу әрекетінде, оқу әрекетінің негізгі бөлігі ретінде білімді қадағалау болып табылады. Психолог Д. Толлингерова өз еңбегінде оқу әрекеті барыснда жіберлетін қателер түрін, оларды ескеру технологиясын қарастырады. Ол қателерді бірнеше түрге бөледі.

Көпке тән қателер

Жекелеген қателер

Қажет және кездейсоқ қателер

Жіберуге және жібермеуге болатын қателер

«Ақылды» қателер

Қателерді бұлай бөлу оқытушының оқу әрекетін қадағалауға бағытталған емес, сонымен қатар студентердің өзін-өзі қадағалауға бағыталған.

Көпке тән қате - деп көпшілік оқушылар жіберетін қатені айтады.

Ал жекелеген қателер жеке индивидте кездеседі. Көпшілік қате оқытушының методикалық әрекетінен туындайды. Ал жеке қателер  оқушының дұрыс емес әрекетінен шығады.

Сөйтіп көпшілік қате оқытушының өзінің әрекетін түзеуге қажетті сигнал болып табылса, жеке қателар оқушы әрекетінің қатесін түзетуге сигнал болып табылады.

«Жіберуге болатын» қателар дегеіміз пәнді меңгеруге қатысы жоқ, пән меңгеру барысына қатысы бар қателер.

«Жіберуге болмайтын» меңгеру толық емес екендігін көрсетеді және мәнді қате деп есептелінбейді. Жіберуге болмайтын қателерді түзету оқу процесінде пайдадан гөрі зияны тиеді.

Себебі: мәнсіз қателерге аса назар аудару түзету жұмысына пәндік әрекет сипат береді. Мәнсіз қателер қадағалаушы, түзетуші әрекетінің объектісіне айналмаса, ол өздігінен жойылып кеткен болар еді.

Қажет қателер оқу әрекетінен заңды түрде шығып отырады. Қажет қателерді алдын ала жоспарлап кездесуін бағдарлауға болады.

Кездейсоқ қателерді түзеу оқытушының өзінің қадағалаушы, түзетуші әрекетінің жоспарлау көмегімен байланысты.

«Ақылды» қателер – деп оқушының ізденімпаздық интелектуалдық әрекетінің, ойлаушы творчестволық интелектуалдық процесінің болуын айтады.

«Жіберуге болмайтын қателер» оқу материалы жұмыс істеуге пәндік әрекеттен мақсатты дұрыс түсінбегенде болатын қателер.

Бұл қателер оқушының білімсіздімен білмеуінен болмайды. Ол оқушының творчестволық ойлауын, интелектуалдық әрекетіне байланысты болады. Оқытушы осындай қателердің пайда болуына жағдай жасайды.

Қателерді типтерге бөлуі психологияны оқытушысына қадағалау және бағдарлаудың тиімді критериларын береді.

Қадағалау функциясының оқу әрекетінің міндеттерінде екі факторға байланысты өзгеріп отырады.Міндеттердің сипатының өзгеуіне байланысты, репродуктивті міндеттердің творчетволық міндеттерге айналуы.

Жекелеген оқу әрекетінің біріккен оқу әрекетіне айналуы мұнда еліктеу бірге аталып    мәселені шешу және т.б. жатады.     

 

10. Оқу жүйесінде оқыту және теориялық оқыту

 

1.   Психологиядағы теориялық  оқыту түсінігі.

2.   Оқушы және іс-әрекеті.

3.   Оқыту іс-әрекеті негізі ретінде.

 

Қазіргі қоғам білім беру жүйесіне қоғамның өзгермелі жағдайына жеңіл бейімделетін болашақ мамандарды даярлауға мүмкіндік беретін жаңа талаптар қояды. Мұндай дайындық әртүрлі ғылыми саладағы білімдердің тек жиынтығына ғана тәуелді болмауы тиіс. Оқылатын пәндердің мазмұны мен әдістемесі бітіруші студент психологиялық ойлаудың қызметтік мүмкіндіктерін меңгеріп шығатындай болып, нәтижелі әрі ғылыми тұрғыдан дұрыс жоспарланған болуы қажет.

ЖОО оқу нақты студент үшін болашақта өзінің кәсіби іс-әрекетінде сәтті қолдануға мүмкіндік беретін негізгі теориялық және практикалық білім алу болып табылады. Оқытушының мақсаты - болашақ маманға өзінде жинақталған білім мен іскерліктерді игерту, сонымен қатар оларды тәжірибеде және шындықтағы өмір жағдайында қолдануға үйрету. Бірақ, психология - бұл гуманитарлық танымға жататын ерекше ғылым. М.М. Бахтин гуманитарлық таным - ғылыми танымның ерекше типі, оның негізінде зат емес, тұлға, субъект - субъект қатынасы тұрады деп атап өткен. Тұлға танылушы ретінде танымның нақтылығын талап етпейді, ол танымның тереңдігін қалайды. Оның бірегейлігі студенттің дамуын “Психология” пәнін оқу барысында тек нәтиже ретінде  ғана емес, сонымен қатар оны өзіндік сана, өзін-өзі тану және өзін -өзі жетілдіру процесі ретінде қарастыру қажеттігінде.  Мұндағы маңызды сәт әлемді бейнелеу ғана емес, сонымен бірге қазір және болашақта осы әлемде өзін, өзінің жағдайын, өзінің әлемге қатынасын, өзінің мінез-құлқын  бейнелеу болмақ.

Аталған гуманитарлық танымның, психологиялық танымның  ерекшеліктеріне орай психолог маманы үшін де, педагогикалық әрекетті игеру жүйесінде психологияны меңгерушілер үшін де психологияны оқыту келесідей мақсатты көздейді: өмірдің әртүрлі жағдайында адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынасты құрудың теориялық және практикалық білімдерімен, әдістерімен қаруландыру. Б.Ц.Бадмаев бойынша психологияны оқытудың мақсаты студенттерде ғылыми психологиялық білімді басқа адамдармен шынайы өзара әрекет барысында практикалық басшылыққа алу іскерлігін қалыптастыру, бұл студенттердің психологиялық ойлауын қалыптастыруды көздейді. Біздің ойымызша, соңғы анықтама психологияны оқытудың мақсатын едәуір  нақтырақ айқындайды, себебі ол өзінің құрамына процесс пен оның соңғы нәтижесін ғана енгізбейді, сонымен қатар басты назарды студенттерде психологиялық ойлай білу іскерлігін қалыптастыруға аударады. Психологияны оқи отырып студент болашақ мамандығына қарамастан адамдардың іс-әрекеттері мен қылықтарын бағалап, талдауда, тұлғаның мінезінің және қабілетінің, темпераментінің  ерекшеліктерін, қоғамдағы, ұжымдағы, адамдардың қарым-қатынасындағы әлеуметтік-психологиялық құбылыстарды анықтауда психологиялық ойлауға үйренуі қажет.

Студенттерге кез келген білімді игерместен бұрын оларға мынадай мақсат жүктеледі, яғни өмірдің құбылыстарына төселу, үйрену, ғылыми позициядағы, яғни әрбір жұмыс бойынша жан-жақты білімнің меңгерілуі. Психология тұрғысынан алғанда бұл мынаны білдіреді, яғни білім студенттер адамның психологиясына ғылыми тұрғыдан қарау мақсатында игерілуі керек, сонымен қатар іс-әрекет барысында пайда болған ерекшеліктерді түсінуі және түсіндіруі керек және осы негізде күнделікті тәжірибеде олармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйренуі қажет.

Бұл мақсат жалпы және кез келген мамандықты игеруде қолданылса да, ол студенттердің өзінің әрекетіне байланысты болады: ең бастысы ол жетістіктерге жетуге тырысуы керек. Ал мұғалімге келетін болсақ, онда оның әрекеті студенттің мақсатынан өзінің спецификалығымен, үздіктілігімен ерекшеленеді. Студенттің мақсаты ғылымды үйрену болса, ал оқытушының мақсаты – оны ғылымға ендіру. Бұл мақсаттар соңында біртіндеп қалыптаса бастайды. Бірақ оны құру кезінде әртүрлі болып көрінеді: студенттердің мақсаты оқытушылардан білім алуға бағытталса, ал оқытушының мақсаты оларға осы қажетті білімдерді бере алуға, сондай-ақ оны өз қажетіне жарата алуға, үйретуге бағытталады. Психологияны меңгере отырып, әрбір студент психологиялық тұрғыдан ойлана білуге үйренуі қажет. Сондай-ақ адам іс-әрекетін талдау кезінде және де темпераменттің басқа да жеке қасиеттерінің қоғамда әлеуметтік психологиялық көріністерді, ұжымда, басқа да адамдармен өзара қарым-қатынаста және т.б. кездерде де психологиялық тұрғыдан ойлана білуге үйренуі қажет. Енді мынадай сұрақ туындайды: психологияның қолданбалы саласына жататын психологиялық теорияларды практикалық қолдану деп есептеуге бола ма? Иә, болу керек. Мұны теориядағы практикалық қолдану, ал рұқсат етілсе, практикалық емес, теориялық сұрақ деп есептеуге болады. Психологияларда мақсаттарды қоюдың бір принципі студенттердің болашақ маман ретіндегі профессионалды көзқарас бойынша 2 үлкен топқа бөлуге болады:

1.      Көбісі психологиялық маман емес студенттер;

2.      Психологиялық мамандықты студенттер.

Жалпы мақсат бірдей, яғни психологиялық ойлай алуда мынадай сұрақ туындайды. Психолог маманы еместердің әрекетіне не кіредідеген атақты психолог Е.А.Климованың ойы бойынша психологиялық білімді барлық мандықтағы еместерге де керек. Ол басқалармен қарым-қатынаста қажет.

Бұл пәнді оқытудың негізгі мақсаты психологиялық функциялардың заңдылықтарын студенттерге меңгерту болып табылады. Жалпы психологияның теорияларын білу психологияның қолданбалы саласында көбінесе, жас ерекшелік педагогиканың әлеуметтік және т.б. салаларын оқытудың негізіне жатады. Жалпы психологияны оқытудың психологиялық циклдық басқа да оқу курсын меңгеру үшін методологиялық маңызы зор.

Жалпы психология пәнінің лекция курсының юағытына байланысты  5-6 немесе 7 лекциялық блоктарға бөлінеді. Мынадай варианттар кездеседі:

1.      Психологтарға кіріспе, жеке тұлға және іс-әрекет, жеке тұлғаның танымдық процесі, жеке тұлғаның эмоциялық еріктік сферасы.

2.      Жалпы психология ғылым ретінде оның пәні және объектісі, іс-әрекет психологиясы, іс-әрекет эмоциясы. Психологиялық процестер және оның қасиеттері жекее тұлға психологиясы және оның танымдық еріктік сферасы.

3.      Психология ғылымы және оның салалары, іс-әрекет психологиясы, жеке тұлға психологиясы, іс-әрекеттің эмоциясы.

4.      Мінез-құлық және қабілет.

5.      Даму психологиясы. Оқыту және тәрбиелеу, қарым-қатынас психологиясы және өзара қарым-қатынас.  

“Психологияның” оқу пәні ретіндегі ерекшелігі ондағы қажеттіліктің, оқу міндеттерінің, оқуға мотивациясының, әрекеттер мен амалдардың және оқу нәтижесінің болуымен сипатталады. Оқу әрекетіндегі қажеттілік студенттердің теориялық білімді меңгеруге талпынысы ретінде қарастырылады. Оқу міндеті - өнімі міндетті шешу және субъектінің өзгеруі болып табылатын міндет. Оқу әректінің мотиві әр түрлі болуы мүмкін, бірақ ең нәтижелісі танымдық мотив болып табылады.  Оқу әрекетін жүзеге асыру - бұл студенттің оқу әрекеті мен амалдарын бірізділікпен орындау. Студенттерде қалыптасқан білім, іскерлік, дағды оқытудың нәтижесі болып табылады. Психологияны оқытудағы оқу әрекетінің объектісі психологиялық шындық болады. Психологиялық шындық пен әрекет етудің әртүрлі тәсілдерін игеру оқу әрекетінің пәні болмақ.

ЖОО-да психология оқытушысы үшін ең бірінші міндет тұрады, бұл - студенттің оқу әрекетін қалыптастыру немесе оны психологияны оқуға үйрету. Осы мәселені шешуде әр түрлі зерттеушілер оқу барысында студенттердің танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесіне тәжірибелік тұрғыдан келуді қарастырады.

1. Өзіндік жұмысты ұйымдастыру арқылы (Н.Я.Голант, В.К.Майборада, Б.П.Есипов, М.И.Скаткин және т.б.) ;

2. Танымдық әрекетті ұйымдастыру әдістері арқылы (Б.Н. Богоявленский, Е.Н.Кабанова-Меллер, В.В. Давыдов, Д.Б.Эльконин);

3. Іс-әрекеттің бағдарлы негізін құрайтын жалпы білімді енгізу арқылы (П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина);

4.   Әдістемелік білімді оқытуға енгізу арқылы ( М.Я. Ленер, Б. И. Коротяев);

5. Оқу әрекетін  өзіндік қадағалауды шешу арқылы (Л.И.Рувинсий).

В.И.Лозовая алғашқылардың бірі болып тұлѓаның танымдық белсенділігі мәселесін  көтерген болатын. Ол тұлғаның мәнін және осы ұғымның іс-әрекет ұғымына қатынасын ашуда түрлі көзқарастар бар екенін атап өтеді.

А.Әбілқасымованың пікірінше танымдық белсенділік пен танымдық дербестік әлеуметтік белсенділік пен әлеуметтік дербестіктің түрлері болып саналады. Оның пікірінше белсенділік пен дербестіктің қайнар көзі танымдық қажеттілік болып табылады, оның мынадай ерекшеліктері бар:

- танымдық қажеттілік - бұл ең алдымен ақпаратқа деген қажеттілік;

- танымдық қажеттіліктің негізгі ерекшелігі ретінде оның ақпараттық “аштығы”;

- танымдық қажеттілік ең алдымен таным процесінің өзіне бағытталған;

- жағымды эмоциямен тығыз байланысты.

Осыған байланысты А. Абылқасымова танымдық дербестікті 3 компонентке бөледі:

- мотивациялық;

- мазмұндық-амалдық;

- еріктік.

Сөз жоқ, аталған компоненттер студенттердің танымдық өзіндік жұмыстарын қалыптастырудың негізгі тірегі болады. Бірақ автор студенттің өзінің белсенділігі деп аталатын факторға ерекше назар аударуды атап өтеді. Себебі адамның өзінің белсенділігі - бұл адамзаттың қандай да бір жетістікке жетуінің  негізі болып табылады.

Демек, осыған байланысты кәсіби дербестікті тұлғаның жинақталған қасиеті деп қарастыру керек, өйткені ол танымдық, эмоционалдық процестер мен мотивтердің, өз бетінше әрекет ету тәсілдерінің, қажеттіліктердің бірігуінен қалыптасады.

Оқытушы белгіленген блок бойынша лекцияны оқи отырып, қанша ақыт жүргізуге болатынына байланысты уақытты және тақырыптарды бөліп белгілейді. Мәселен, болашақ басқарушымен ұйымдастыруға қарым-қатынас және іс-әрекет психологиясын оқу дұрыс болады. Ал болашақ мұғалімдерге тұлға психологиясы, даму психологиясы және оқыту және тәрбиелеу психологиясын оқытқан жөн болады. Психология пәні жай оқу сұрағы емес, ол нағыз ғылымда бар және оқыту әдісі үшін де күрделі мәселе. Жалпы психологияны оқыту әдістерін қарастыруды келесі белгілермен анықтауға болады:

Қаншалықты жалпы психология теориялық болғандықтан қолданбалы емес, психологияның қолданбалы салаларында методолгияның білім күші бар. Ол оқушылардың теориялық ойлауының қалыптасуына көзделген болуы керек.

Көбінесе 1-ші курс студенттері психология пәнін 1-ші рет оқиды да өздеріне қажетті материалдарды өзі үшін, өзін-өзі жақсы тану үшін бір-бірінің санасына еніп кетеді.

Ғылыми терминологияны студенттер меңгермейінше оқытудың бастапқы кезеңінде, олар өздерінің семинарлық, практикалық сабақтарында қолдана алмайды.     

Пәнді оқытудың әдістемелік тұрғысынан алғанда бүгінде орта және жоғары мектепте оқу-тәрбие процесін басқарудың екі стратегиясы бар. Біріншісі - білім беруді ұйымдастырудың бұрынғы дәстүрлі типі. Екіншісі тұлғаның әлеуметтік сұраныстарының және оның қоғамдағы ролінің өзгеруімен бірге қалыптаса бастады. Басқарудың дәл осы типі инновациялық стратегияны анықтай бастады.

Инновациялық білім беру оқу-тәрбие процестерінің қайтадан құрылуын  көздейді. Б.Ц.Бадмаев бойынша  қайта құрылу төрт компонентте қарастырылған:

1. Педагогтың өз тұлғасы. Педагог пәндік білімнің, ақпаратың тасымалдаушысы, нормалар мен дәстүрлерді сақтаушы ғана емес, оқушыдағы  білім көлеміне, оны түсіну не түсінбеу деңгейіне қарамастан, ондағы тұлғаны сыйлайтын, оның қалыптасуының және дамуының көмекшісі. Демократиялық өзара әрекет, ынтымақтастық, көмек, шабыт, оқушының бағытына және талпыныстарына, тұлғалық өсуіне назар аудару бағыты бекітілген. Оқушының өзі де өзгеріске түскен, мұнда білімінің нәтижесі мен алынған бағасы емес, оқушының мұғаліммен және басқа балалармен белсенді әрекеті  бағаланады.

2. ЖОО меңгерілетін білімнің құрылымы мен қызметі, оларды меңгеруді ұйымдастыру әдістерінің өзгеруі. Қазіргі кездегі білім қоғамның жаңа ақпараттандырылған  деңгейіне сай жүйелі, пәнаралық, жалпыланған сипатта беріледі. Оларды игеру процесінің өзі сан алуан формада - ізденімпаздық, сындарлы ой әрекеті, өнімді шығармашылық процесс ретінде беріледі.

3. Даралап оқу емес, топтық оқу формасына, бірлескен әрекетке, өзара әрекет пен қарым-қатынастың алуан түрлі формаларына, күнделікті ынтымақтастық пен бірлескен шығармашылықтан туындайтын қуанышқа толы “ұжымдық субъект ішінен” даралықты “өсіруге” бағдарлану.

4. Оқу мен тәрбиенің бағалау өлшемін қолдана отырып қадағалау мен бағалаудың басымды, деструктивті ролінен бас тарту.

Шыныменен, барлық осы компоненттер оқу-тәрбие процесін сипаттайды, бірақ олардың бәрімен келісе беруге болмайды. Әзірше білім беруді басқарудың дәстүрлі статегиясының инновациялық стратегиямен үйлесімі оқу-тәрбие процесінде едәуір өнімді нәтиже береді деп сенеміз, себебі оқытудың топтық формасы “ұжымдық субъект ішінен” даралықты  “өсіру” құралы  болып табылатыны әлі де болса нақты емес. Қадағалау мен бағалаудың да ролі өзінің бастапқы мәнін жойған жоқ, тек соңғы жылдарда ғалым-педагогтар студенттердің едәуір маңызды болып саналатын танымдық белсенділігін қалыптастыруы мақсатында талай зерттеулер жүргізген болатын.

Сонымен қатар, қоғам инновацияның арқасында білім беруде қандай жетістіктерге жететінін және оны студенттерді оқытуда шұғыл қолдануға мүмкіндіктері болатын жайлы  айтпай кетуге болмайды.

Психологияны оқыту тәжірибесінде оқытудың танымал интерактивті әдістері мен қатар мынадай әдістер де қолданылады: ми шабуылы әдісі, синектика әдісі, іскер ойындар, психотренингтер, алуан түрлі жаттығулар, сонымен қатар жақында ғана пайда болып білім беруге белсенді, демек, оқыту процесіне енгізіліп отырған, бүгінде қазіргі кездегі телекоммуникацияның мүмкіндіктеріндегі жетістіктер жүйесінде онсыз  уақытқа сай аяқ басу мүмкін емес жаңа ақпараттық технологиялар. Олардың ішінде, қашықтықтан оқыту (ҚО) - Интернет жүйесі арқылы білім негіздеріне ұлттық халықаралық білім беру мекемелерінң мәліметтер негіздеріне қол жеткізу.

Қашықтықтан оқыту формасын тәжірибеге ендірудің бірнеше артықшылықтары бар, себебі қашықтықтан оқытудың негізгі сипаты мыналар болып табылады:

1.Икемділік. Оқушылар дәріс және семинар сабақтарына жүйелі қатыспайды, олар өздеріне ыңғайлы уақытта, орында және қарқында жұмыс істейді; Қашықтықтан оқыту қандайда бір себептермен дәстүрлі білім алу мүмкіндігінен айырылған адамдарға білім алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар даралап оқыту мүмкіндігін күшейтеді.

2. Модульдылық. Әрбір жеке курс белгілі бір сала жөнінде тұтас түсініктің қалыптастырады, ол бір біріне тәуелді емес курстар жинағынан - модулдерден - жеке және топтық қажеттілікке жауап беретін оқу бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді.

3. Экономикалық тиімділік. Әлемдік білім беру жүйесінің орташа бағасы қашықтықтан оқытудың дәстүрлі  білім беру жүйесінен екі есе не одан да арзанға түсетінін көрсетіп отыр.

4. Оқытушының жаңа ролі. Оған  танымдық процестерді бағыттау, оқытылатын курсты түзету, кеңес беру, оқу бағдарламасын басшылыққа алу және т.б сол сияқты жаңа қызметтер жүктеледі.

5. Білім берудің арнайы бақылауы - қашықтықтан ұйымдастырылған емтихандар, әңгімелесу, практикалық, курстық және дипломдық жұмыстар, және т.б.

Едәуір көп тараған электрондық басылымдардың бірі электрондық оқулық (ЭО) болып табылады, оған мәтіндерден басқа студенттерге оқу материалын қабылдаудың әр түрлі формаларымен меңгеруге мүмкіндік беретін құрылымдық - логикалық сызбалар және көрнекі материалдар кіреді. Оларға, сонымен қатар, негізгі құқықтық құжаттар, терминдердің сөздігі, ақпаратты іздеу модульдері, тест кіруі мүмкін.

Электронды оқулықтың артықшылығына мыналарды жатқызуға болады: тәжірибені шұғыл кері байланыспен қамтамассыз ету; ақпарат іздеуге көмек, гипермәтіндік түсіндірулерге бірнеше қайтара жүгінуде уақытты едәуір үнемдеу. Студенттің дара ерекшеліктерінің қарқынына орай белгілі бір тарау бойынша білімді тексеруге мүмкіндік береді.

11. Оқушылардың өзіндік жұмысы

 

1. Психология бойынша оқулықпен, дәптермен жұмыс.

2. Оқушылар үшін психология бойынша оқулықпен жұмыстың ерекшеліктері.

3. Психология бойынша оқу тапсырмасының ерекшеліктері.

 

Өзіндік жұмыс  аудиториялық жұмысымен қатар оқу процесінің елеулі формасының бірі болып табылады. Оның табысты  өтуі үшін оқытушы тарапынан жоспарлау және қадағалау керек,  сонымен қоса өзіндік жұмыстың қажетті көлемінің мамандық бойынша оқу жоспарында орын алуын профильдік кадефралар, оқу бөлімі, методикалық қызмет тексеріп отыруы керек.

Педагогикалық әдебиетте өзіндік жұмыстың әртүрлі варианттары кездесетіндіктен біз мынадай тұжырымдаманы басшылыққа аламыз.

Өзіндік жұмыс- студенттердің жоспарлы жұмыс, оны тапсырыс бойынша жеке оқытушының методикалық басқаруымен, бірақ оның тікелей қатынасуынсыз студент жасайды.

СӨЖ әрбір пәнді игеру үшін ғана емес, жалпы өзіндік жұмыс жасау, оқуда, ғылыми жұмыста, кәсіби іс-әрекетінде проблеманы өзегімен шешуге, дұрыс шешім табуға, қиын жағдайлардан шығу т.б. дағдыларды қалыптастырады. СӨЖ маңызы бір пәннің көмегінен шығып кетеді, соған байланысты шығарушы кафедралар өзіндік жұмыстың дағдылары мен икемдерінің жүйелі стратегиясын қалыптастыру керек. Бұл жағдайда абитуренттердің дербестік деңгейіне қарау, түлектердің дербестік деңгейіне  қойылатын талаптарға зер салу оқыту кезінде, ізделіп отырған деңгейге жеткізеді.

Білім берудің жаңа парадигмасына сәйкес, мамандануына және жұмыс тәртібіне байланыссыз кезкелген маман іргелі білімді игеруі, кәсіби дағдылар мен икемдерді, өз мамандығы бойынша творчестволық және зерттеушілік іс-әрекеттер арқылы жаңа проблемаларды шешуді өз ісі бойынша әлеуметтік-бағдарлаушылық тәжірбиесін үйренуі керек. Соңғы екі білім беру құраушысы студенттердің өзіндік жұмысы кезінде ғана қалыптасады. Бұдан басқа, кафедралардың міндетіне дербестік дифференциалды  критерилерін даярлау, оның мамандыққа және іс-әрекет түріне (зерттеуші, жобалаушы, конструктор, технолог, жөндеуші, менеджер т.б.) байланыстылығын ескеру міндеттеледі.

 Жоғарғы мектептің орта мектептен өзгешелігі мамандандыруында, бірақ ең негізгісі оқу жұмысының методикасы мен шәкірттердің дербестік дәрежесі. Оқытушы тек студенттердің танымдық жұмысын ұйымдастырушы ғана. Танымдық әрекетті студенттің өз жасайды. Өзіндік жұмыс барлық оқу жұмысының түрлерін аяқтаушы болады. Дербес іс-әрекетпен бекітілмеген білімнің  қандайы болмасын, адамның қажетіне жарай алмайды. Бұдан басқа өзіндік жұмыс тәрбиелеуші маңызға ие: ол дербестікті дағдылар мен икемдердің жиынтығы түрінде қалыптастырып қана қоймайды. Қазіргі заманғы жоғары білікті маманның жеке басының құрылымында ерекшк дәл ойлайтын мінез-құлық ерекшелігін қалыптастырады. Сондықтан әр ЖОО-да әрбір курста оқытушының басқаруымен студенттердің өздік жұмыстары үшін материал ұқыптап, таңдап алынады. Оның формасы әр алуан ол үй тапсырмасының  түрі типтері. ВУЗ-да семестр үшін өздік жұмыстардың кестесі жасалып, оған семестрлік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары қосылады. Кестелер- уақытты тиімді пайдалануға, ынталандыруға, ұйымдастыруға мәжбүрлейді. Жұмысты оқытушы үнемі тексеріп отырады. Өздік жұмыстың негізіне ғылыми – теориялық курс, студенттің алған білімдерінің кешені алынады. Тапсырмаларды бөлгенде студенттер оны орындау жөнінде нұсқаулар, методикалық сілтемелер, оқу құралдары қажетті әдебиеттің тізімін қоса алады.

ЖОО-да дербес өздік жұмыстың көптеген түрлері болады – лекцияға дайындық, семинарларға, лабораториялық жұмыстарға, сынақтарға, емтихандарға реферат орындауға, тапсырмаларға, курс жұмыстарына және жобаларына дайындық, ал қорытынды кезеңде - диплом жобасын орындау. Өздік жұмыс тиімдірек болады, егер ол жұппен орындалса, немесе оған 3 адам қатынасса. Топтық жұмыс себептілік факторын күшейтеді және өзара  инеллектуалдық белсенділігін студенттердің танымдық іс-әрекетінің тиімділігін жоғарлатады, ол  кезде өзара тексеріс көмек жасайды. Серіктің қатысуы студент психологиясын елеулі түрде қайта құрады. Жекелеме дайындық жағдайында студент өз іс-әрекетін субъекттивті түрде бағалап, оны толыққанды және аяқталған деп ойлайды, бірақ ондай бағалау қате пікір болуы мүмкін. Топтық жекелеме жұмыс кезінде топтық өз-өзі тексеруінде оқытушының түзетуі мүмкін болды. Бұл өз бетімен оқу іс-әрекетінің екінші түйіні жалпы жұмыстың тиімділігін қамтамасыз етеді. Өздік жұмыстың жоғары деңгейде болуы кезінде студент жұмыстың дербес бөлігін өз бетімен орындайды және оны курстас-серігіне көрсете алады.

Аудиториялық және өздік жұмыстарға берілген уақыт қатынасы дүниежүзінде 1:3,5 қатынасындай болады. Мұндай қатынас студенттердің оқу жұмысының осы түрінің зор дидактикалық мүмкіндігіне негізделеді. Өздік жұмыс мынаны мүмкін етеді:

Білімді тереңдетуді және кеңейтуді;

Танымдық іс-әрекетке қызығушылық қалыптастыруды;

Таным процесінің әдістерін меңгеруді;

Таным қабілеттерін дамытуды.

Сондықтан да ол мамандар дайындаудың тиімділігін жоғарлатудың басты қоры болып табылады. Өздік жұмысты ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен жетекші педагогикалық аспектлерін қарастырайық.

Студенттердің оқу іс-әрекетінің қалыптасқан білім беру формалары – лекциялар, практикалық, лабороториялық жұмыстар, семинарлар, өздік жұмыстар мен үй тапсырмаларының түрлерін анықтайды. Тексеру жүйесі де оның бағдарлауының негізін қалайды.

Лекцияда оқытушы студенттерге қажетті әдебиетті ұсынады және оларға оқулықпен түпдеректермен жұмыс істеу тәсілдерін түсіндіреді. Бұл жағдайда кіріспе және бағыт сілтейтін лекциялардың мүмкіндігі зор болады да,  онда тақырыптың проблематикасы ашылады, оны игеру логикасы, әдебиет тізіміне сипаттама беріліді, өз бетімен оқып білуге арналған тараулары бөліп көрсетіледі.

Семинарлық және жобалық тапсырмалар жауаптардың, есептеулердің, шешімдердің тиімді варианттарын іздеу икемдерін жетілдіруге бағытталған болуы шарт.

Өздік жұмыс дидактикалық тірек материалдарын пайдалана отырып орындалады. Мұның өз студенттердің жұмысына түзету енгізу мен оның сапасын жетілдіруге жағдай жасайды.

Кафедралар ұжымдарының даярлайтыны:

1.Өздік жұмыстың тасырмалар жүйесі

2.Баяндамалар мен рефераттар тақырыптары

3.Лабораториялық жұмыстар, жаттығулар, үй тапсырмалары т.б. үшін нұсқаулар мен методикалық түсініктемелер

4.Курс жұмыстарының диплом жобаларының тақырыптары

5.Міндетті жеке қосымша әдебиеттің тізімі

Өздік жұмыс әрекетшілдік сипатта болғандықтан, оның құрылымында осындай жұмысты атқаруды мынадай компоненттерді көрсетуге болады: себепшілдік бөлігі, нақты міндеттерді қою, орындау тәсілдерін таңдау, орындаушылық бөлігі, тексеру. Осыған байланысты өздік жұмысты табысты орындауды қамтамасыз ететін шарттарды бөліп көрсету керек:

1.Оқу тапсырмасының себепшілдігі (не үшін, неге жағдай жасайды)

2.Таным мақсатының нақты қойылуы

3.Алгоритм жұмысты орындау тәсілдері, студенттің оны орындау әдістерін білуі

4.Оқытушының есеп беру формасын, жұмыс көлемін, тапсыру мерзімін анық белгілеуі

5.Консультациялық көмектің түрлерін анықтауы ( консультациялар- бағыт сілтеуші, тақырыптың проблемалық)

6. Бағалаудың, есеп берудің т.б. критирилері

7.Тексерудің түрлері мен формалары (практикум, бақылау жұмыстары, тесттілер, семинар т.б.).

Өздік жұмыс студенттің қайталап беру және творчестволық процестерін қамтиды. Осыған байланысты студенттердің өз бетімен жасайтын іс-әрекетінің үш деңгейі тағайындалады:

1.Қайта жаңғырту деңгейі

2.Қайта құру деңгейі

3.Творчестволық, ізденушілік

1.Жаттығу өздік жұмысы мынадай үлгімен орындалады: есеп шығару, кесте толтыру, сызба, т.б. Студенттің танымдық іс-әректі оның тануынынан, ой елегінен өткізуінен, есте сақтауынан көрінеді. Мұндай қалыптағы жұмыстың мақстаы-білімді бекіту, біліктілігін, икемдерін қалыптастыру.

2. Қайта құру өздік жұмыстары. Мұндай жұмыстың барысында шешімдердің қайта құрастырылуы, жоспар жасау, тезистер, аннотациялар жасау іске асады.

3.Шығармашылық өздік жұмыс проблемалық ахуалды талдауды, жаңа ақпараты алуды талап етеді. Студент өз бетімен шешудің құралдары мен әдістерін таңдап алуға тиіс (оқу зерттеу тапсырмалары, курстық және дипломдық жобалар)

Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру және табысты жүргізу үшін керегі :

1. Аудиториялық жұмыстың барлық формалары бойынша СӨЖ ұйымдастыруға комплекті жүргізу.

2. СӨЖ-дің барлық деңгейлерін қабыстыру.

3. Орындау сапасын бақылауды қамтамасыз ету (талаптар, консультациялар)

4. Тексеру формалары

Оқытушылар студенттерге түлектердің квалификациялық сипаттамаларының негіздерімен таныстыруы және қандай жолмен барлық оқу процесі мен әрбір пән маманның мінездемесіне  енетін кәсіптік және жеке басының сапаларын қалыптастыруға жағдай туғызатын түсіндірулері қажет. Өздік жұмыс-оқу процесінің маңызды формасы болғандықтан, студенттердің назарын, квалификациялық сипаттамасының қандай параметрлерін қалыптастыруға тікелей әсер ететінін, мәселен, жылдамдық, ахуалды болжай білуі мен оған белсенді араласуы өзінше бағалай білуі т.б. Осының арасында студент өз еңбегінің оң нәтижелерін көруі және оның оқудағы табыстары жанама түрдегі қызығушылықтан тікелей өз қызығушылығына көшуіне жағдай жасайтынын сезінуі тиіс.

Осындай себептерді қалыптастыру оқытушының студент табысына шын пейілімен мүдделі болуына жағдай жасайды. Оқудағы саналылық та ең маңызды факторлардың бірі. Студенттердің материалды түсінетініне көңіл аудармай, сабақ жүргізуге болмайды.Егер студентердің әуелгі деңгейі күткендегіден төмен болса, онда программа мен СӨЖ-дің тапсырмаларына тиісті өзгерістер енгізуі қажет. Сонымен оқытушы студенттердің әуелгі білімдері мен біліктіліктері туралы білуі және оларды мақсаттарымен, оларды игеруді құралдарымен және тексеру құралдарымен таныстыруы керек. СӨЖ-ді орындаудың саналы түрде болуын келесі сипаттамалар қамтамасыз етеді.

Өздік жұмыс үшін таңдап алынған материалдың методологикалық түсініктілігі;

 Білімнің күрделілігі, «дамудың жақын аймағына» сейкестігі, яғни орындаудың қолдан келуі;

 Пәннің логикасын және игерілу психологиясын ескере отырып, материалдың бірізділікпен берілуі;

Студенттердің оқу мүмкіндіктеріне қарай, өздік жұмыс үшін алынған материалды мөлшерлеп беруі;

Өздік жұмыстың әрекетшілдік бағдарлануы.

Оқу мазмұнының төрт құрамдас бөлігіне бағдарлана отырып-білім, дәстүрлі тапсырмаларды шеше білу, творчестволық іс-әрекет тәжірбиесі, әсерлі-бағалау іс-әрекетінің тәжірбиесі-әрбір пән үшін білімнің іргелі ядросын және практикалық сабақтар үшін арнаулы міндеттерді мұқият таңдап алып, осы материалдардан өздік жұмыс үшін проблемалар мен тапсырмалар жиынтығын бөліп алу керек. Инженердің жаңа машиналар мен механизмдерді құрастыру қабілеті, жаңа технологиялар жасау, бірегей өндіріс жағдайында басқа мамандық иелерімен жемісті қарым-қатынас орната білуі қажет екенін ұмытпау қажет. Сонымен қоса, оның еңбегінің нәтижелілігі жалпы мәдени деңгейіне байланысты. Ол жоғары болған сайын, оның ой-өрісі кең және ауқымды ойлау қабылеті жоғары, соғұрлым оның проблеманы нақтылы қою мен оны шешуде мүмкіндігі айқын. Жоғары мәдени деңгей «мағлұматтар банкінің» сандық жиынын анықтайды, маманның  бүгін болмаса да ертеңгі жұмысында қажеттілігі болатын білім қорын айқындайды.

Өзіндік жұмыстың тапсырмаларын даярлау кезінде оқытушылар өз пәнінің инженерлік мамандыққа сәйкес профильдену талаптарын басшылыққа алуы тиіс. Инженер қашанда таңқаларлықтай логикалық шешім табады, яғни ол қарапайым жүйелі тұжырымдаманы басшылыққа алады. Оған жүйе мен оның элементтері, олардың арасындағы байланыстар маңызды. Инженерлік еңбек білімнің синтезіне негізделген, оған қоса экологияға, экономикаға, эргономикаға және т.б. Инженерлік зерттеу және жобалау идеяларды модельдерге, оған кейін есептеу схемаларына көшіреді. Инженер үшін маңыздысы терең білім емес, білім негізінде жаңаны туғызу.

«Jngenieuz» сөзінің өзі французшадан аударғанда «өнертапқыш» дегенді білдіреді.

Осы принциптердің бәрін студенттердің өздік жұмысын әзірлеу кезінде ескеру керек. Тапсырмаларды пішіндеу кезінде олардың қолданбалы сипатын, болашақ мамандықпен байланысын және методологиялық ерекшеліктерін, «инженерлік ойды» қалыптастырумен ұштастыру шарт.

Жоғарыда айтылғандар инженерлік ВУЗ-дағы пәннің кәсіптік бағдарлануына қойылатын нақтылы талаптар жиынтығын тұжырымдауға мүмкіндік береді:

 Материалды таңдап алу мен айтып түсіндіру квалификациялық ситаттамада көрсетілген мақсаттарға жетуді қамтамасыз етуі және өз мамандығы үшін берілген пәннің қолданбалы маңызды түсінуге жағдай жасауы керек.

Тапсырмалар материалы  әдістемесі, түсінікті, жалпылама біліктілікті жасап шығару құралы болуға тиісті.

Кез-келген пәннің теориялық бөлігінде білімнің іргелі ядросы бөліп көрсетіледі: «ядролар» арасындағы көптеген байланыстарды анықтау және көрсету студенттер санасында дүниенің ғылыми бейнесін және қазіргі заманға таным методологиясы туралы түсінікті қалыптастыруға көмектеседі.

Міндеттер мен тапсырмаларды құрастыру кезінде олардың мазмұнын мамандықпен байланыстыру, студенттерді объектінің ойша моделін қалыптастыруға және есептік схеманы таңдауды негіздеуге үйрету керек.

СӨЖ үшін жекелеме тапсырмаларды даярлау туралы айтқанда адамдардың әртүрлі интеллектуалдық сапаларын ескерту қажет. Жай ойлайтын «жылдам милы», «идеялар генераторы» және осы идеяларды ғажап түрде соңына дейін апаратын адамдар болады. Кейбіреуі жеке жұмыс істеуді, басқалары-ұжымдық еңбекті қалайды. Шындығында, әртүрлі ой иелері бірін-бірі толықтыра отырып қоғамды гармонияландырады. СӨЖ-ді орындаған кезде студенттерге олардың мінезіндегі кемшіліктеріне қарап біріктіруге көмек жасау керек. Төмендегі ұсыныстар студенттердің мінез-құлқындағы ерекшеліктеріне байланысты оқытушылардың дұрыс шешім қабылдауына көмектеседі:

 Аудиториялық сабақтарды жүргізгенде барлық студенттер қандай да бір өздік жұмыстар минимумын міндетті түрде орындайтын, ал тәуірлеу дайындығы барларға күрделендірілген тапсырма беретін етіп ойластыру керек;

СӨЖ-дің табысты орындалуын үнемі тексеріп отыру және оқытушының жекелеме консульциясы болуы шарт. Мұнда оқытушының студентпен жекелей педагогикалық қатынасы принциптік маңызы;

СӨЖ-дің табыстылығы оның орындалуы бойынша методикалық нұсқау берілуіне байланысты. Семестрдің басында оқытушы бірінші сабақта студенттерді  СӨЖ-дің мақсаттарымен, құралдарымен, көп еңбекті талап ететінімен, орындау мерзімімен, тексеру формаларымен және өзіне өзі тексеру жолдарымен таныстыруы құажет. Өздік жұмыс графигі төменгі курстарда да қажет, ал жоғарғы курстарда студенттерді өз жұмысымен дұрыс жоспарлай білуге баулу керек;

Кез-келген пән бойынша практикалық сабақтарға арналған үй жұмыстарының пакеті мынаны қамтуы тиіс: барлық типті есептер, ол бойынша тексеруден табысты өту үшін сол есеғптерді шешу әдістерін игеруі; түсініктердің, фактлердің, заңдардың және әдістемелердің жиынтығы, оларды білу жоспарланған біліктілікті игеру үшін қажет және осында нені жатқа білу керек екені көрсетеді,

Тапсырмалар пакетін семестрдің басында берілгені қолайлы және оның тапсыруылу мерзімін де айту керек;

Кез-келеген пәнді оқып үйрену кезінде «кіріспе тексеріс» жүргізу дұрыс болады. АОС-ты қолдана жүргізсе тіпті жақсы. Мұндай тексеру біліміндегі кемшіліктерді анықтап, жоюға көмектеседі;

 СӨЖ үшін тапсырмалар екі бөлімнен тұрады-міндетті және факультативті, осы пән бойынша қабылеті жоғарылау студенттер үшін, оларды орындау қорытынды тексеріс кезінде ескеріледі;

 практикалық сабақтарда тапсырмаларды жеңіл және табысты орындайтын студенттерді анықтауы қолайлы. Оларға қиындатылған жеке тапсырмалар беруге болады, НИРС ке қатысуға ұсыныс жасауға және «консультаттар» дайындап, әлсіз студенттер көмексесуге пайдалануға болады.

СӨЖ-дің белсенділігін арттыру.

Педагогикалық әдебиетте көрсетілгеніндей, СӨЖ-дің белсенділігін арттырудың әртүрлі жолдары қолданылады. Олардың ішінде ең әсерлілері мыналар:

1. Студенттердің өздік жұмыстың әдістеріне үйрену: уақыт қорын жоспарлау дағдысын игеру үшін СӨЖ-ді орындаудың уақытша бағдарлануы; өзін өзі бағалау мен талдау үшін қажетті рефлексивті білім хабарлау.

2. Ұсынылған оқу материалын игеру қажеттілігін сенімді түрде көрсету, оның алдағы тұрған оқу және кәсіптік іс-әрекетте кіріспе лекцияларында, методикалық нұсқауларда және оқу құралдарында қажеттігі.

3. Материалды проблемалық баяндау, оның ғылым мен техникада қолданылатын нақтылы ой түйіндерін қайта жаңғыртудың типтік әдістері.

4. Теория мен практиканың бір мағыналы байланысын тағайындау. Мақсатында заңдар мен анықтамалардың оперативті тұжырымдамаларын қолдану.

5. Белсенді түрде оқытудың методтарын қолдану (нақты ахуалды талдау, пікірталас, топтық және жұптық жұмыс, қиын мәселелерді ұжымдық талқылау, іскерлік ойындар)

6. Студенттердің пәнінің құрылымдық-логикалық схемасымен және оның элементтерімен таныстыра даярлау, көрнекі құралдарды қолдану.

7. Төменгі курс студенттеріне егжей-тегжейлі алгоритмі бар методикалық нұсқаулар беру, онда курстан курсқа жылжыған сайын түсіндірмелі бөлігін азайтып отырып, студенттерді өз еркімен жұмыс жасауға үйрету.

8. Өзбетімен жұмыс жасауға арналған комплекті оқу құралдарын даярлау, онда теориялық материалды, методикалық нұсқауларды және шешуге арналған есептер беру.

9. Пәнаралақ сипаттағы оқу құралдары даярлау

10. Үй тапсырмасы мен лабораториялық жұмыстарды жекелендіру, ал топтық жұмыста-тпо мүшелеріне жұмысты нақтылы түрде бөліп беру.

11. Типтік есептерге қиындықтар енгізу, жетіспейтін компоненттерді бар есептер беру.

12. Әр лекциядан кейін лекциялық ағымға бақылау сұрақтарын беру.

13. Студенттердің лекция фрагменттерін (15-20 мин) оқыту, оны оқытушы алдын ала дайындауы.

14. «Студент-консультант» статусын беру, оны дайындығы бар және қабылетті студенттерден таңдап алып, үнемі көмектесіп отыру.

15. Ұжымдық оқыту топтық, жұптық жұмыс істеу түріндегі даярламаларды жасап енгізу.

16. Студенттердің өзін-өзі тексеруі үшін АОС-ты пайдалану.

СӨЖ-ді одан әрі жетілдіру жолдары.

Мамандарды дайындаудың жаңа сапалық деңгейіне шығу үшін, алдыңғы қатарлы Ресей ғалым-педагогтарының пікірінше, оқу жоспарларын өздік жұмысты кең қолданатын, оның ішінде төменгі курстарда да, бағытқа бұру қажет. Мынадай жаңашыл ұсыныстарға көңіл аударуға болады:

Оқытудың жекелеме жоспарларын жасап, студенттерді НИРС-ке тарту және мүмкіндігінше өндіріс орындарының тапсырысы бойынша нақтылы жобалауға көшу;

 СӨЖ-ді оқу жоспарына және сабақ кестесіне қосып, кафедраларда жекелеме консультациялар ұйымдастыру;

СӨЖ-ді орындау үшін оқу-методикалық және оқу құралдарының комплексін жасау;

Кафедралық интеграцияланған тапсырмалар жүйесін даярлау;

Лекция курстарын өздік жұмысқа бағдарлау;

СӨЖ-ді тексерудің рейтингілік әдісін қолдану;

Студенттер мен оқытушылардың коллегиялық қатынастары;

Дәстүрлі емес шешімдері бар тапсырмалар даярлау;

 Оқытушының жекелеме консультациялары және оның оқу жүктемесін СӨЖ-ді ескере отырып, қайта қарау;

Лекциялық сабақтардың әртүрлі формаларын-лекция-әңгіме, лекция-пікірталас, т.б. жүргізу, онда баяндамашы және қосымша баяндамашы болып студенттер, ал оқытушы басқарушының рөлін атқарады. Мұндай сабақтар сөйлеуші студенттердің алдын ала өзбетімен әр тақырыпты талдап, оған оқу құралдарын, оқытушының консультациясын және қосымша әдебиетті пайдалану керек.

Жалпы алғанда оқу процесін өздік жұмысқа бағдарлау және оның тиімділігін арттыру мынаны мезейді:

СӨЖ-ге берілетін сағат санын арттыру;

Тұрақты консуьтацияларды және консультациялық қызметті ұйымдастыру, СӨЖ-ге байланысты тапсырмалар комплектісін бірден немесе кезеңдеп беру;

ЖОО-да оқу-методикалық және материалды-техникалық база құру (оқулықтар, оқу-методикалық құралдар, компьютер кластары), олар пәнді өздігімен игеруге мүмкіндік береді;

Лабораториялар мен шеберханалардың ( лабораториялық практикумды өзбетімен орындау үшін) қол жетерлігі;

Үнемі тексеруді (рейтингілік болса тіпті жақсы) ұйымдастыру, мұнын өзі дәстүрлі тексеруді азайтуға және сессия уақытының есебінен СӨЖ-дің уақыт қорын көбейтуге жол ашады;

Лабораториялық және практикалық сабақтардың қалыптасқан формаларының көпшілігін жою, соның есебінен өздік жұмысқа және консультация пунктіне қызмет етуге көбірек көңіл бөлу.

СӨЖ-дің ұйымдастыру формалары.

Бүгінгі күні өздік жұмыстың көп таралған екі түрлі формасы бар. Дәстүрлі, яғни СӨЖ-дің, оны студент ерікті тәртіппен өзіне қолайлы уақытта өзбетімен жасайды, көбінесе аудиториядан тыс, ал пәннің ерекшелігі талап етсе-лабораториялық немесе шеберханада. Өздік жұмыстың тағы бір түрі-аудиториялық өздік жұмыс, оны оқытушы қадағалап, тапсырманы орындау барысында консультациялар, олар ӨЖК деп аталады, беріп отырады. Кейінгі кезде СӨЖ-дің үшінші, аралық варианты пайда болды.Онда студенттерге көбірек еркіндік беріледі, тапсырмалар көбірек жекеленеді, консультациялық пункттер болады және психологикалы-педагогикалық жаңалықтар енгізіледі, ол тапсырманың мазмұнына да байланысты және тексеру мен консультацияның сипатына да байланысты.

Коллоквиум.

«Коллоквиум» сөзі латынның  «collocvium» - сөйлесу, әңгімелесу деген сөзінен шығады. Бұл оқу сабақтарының бір формасы, білімдерін анықтау үшін оқытушылармен болатын оқушының әңгімесі. Коллоквиум тексеру-оқыту функциясын орындайды. Ол әсіресе пән 2-3 семестр бойы оқылып, қорытынды тексеру біреу ғана болған жағдайда орынды болады. Оны қорытынды практикалық сабақта семинардың орнына өткізуге болады. Коллоквиум білімді меңгеру болжамын анықтауға мүмкіндік береді, ұйымдастырушылық функциясын орындайды, студенттерді белсенділендіреді және оқытушылық тәжірбиесінде кері байланыстың өте-мөте ұтымды түрлерінің бірі болып табылады.

 

МЕКТЕПТЕГІ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. ПСИХОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ

 

12.  Психология курсында оқытудың белсенді  әдістерінің  топтық формалары.

 

1.  Ілімді  топтық ұйымдастырудың ерекшеліктері.

2.  Топтық гипнопедия және резервтік мүмкіндіктерді белсендіру әдісі.

3.  Оқытудың мәселелік-топтық тәсілдері. 

 

«Әдіс» термині гректің «methodos» сөзінен аударғанда мақсатқа, күтілетін нәтижеге жету тәсілі деген мағынаны білдіреді.   Педагогикалық тәжірибеде әдістер дидактикалық міндеттерді шешу жолы болып табылады. Дәстүрлі түсінік бойынша оқыту әдістері – бұл оқушыларға білімдер мен іскерліктерді беру тәсілі.

Білімдер мен іскерліктерді алу көзі бойынша оқыту әдістерін жіктеу кең таралған. Осыған сәйкес әдістер келесі топтарға бөлінеді:

1.  Сөздік әдістер (білімдер мен іскерліктерді алу көзі ауызша не жазбаша сөз болып табылады).

2.  Көрнекілік әдістер (білімдер мен іскерліктерді алу көзі байқалған заттар, құбылыстар, көрнекі құралдар болып табылады).

3.  Практикалық әдістер (білімдер мен іскерліктерді алу көзі оқушылар орындаған практикалық әрекеттер болып табылады).

Психологияны оқытудың сөздік әдістері

Психологияны оқытуда сөздік әдіс жетекші орын алады. Олардың басты құндылығы аз уақытта көлемі үлкен ақпарат беруге мүмкіндік болады.

Әдетте сөздік әдіске мына тәсілдер жатқызылады: әңгімелеу, түсіндіру, әңгімелесу, пікірталас, кітаппен жұмыс. Бұл әдістер дәріс сабақтарында, семинар сабақтарында және студенттердің өзіндік жұмыстарында жиі қолданылады.

Студент қабылдайтын сөздің ауызша не жазбаша болуына қарай сөздік әдіс ауызша және жазбаша болып бөлінеді. Олардың әр қайсысының өзіне тән артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Оқытушының дәріс, семинар сабақтарында және кеңес беру кезінде қолданылатын ауызша әдісінде материалды едәуір сәтті жеткізуге мыналар көмектеседі:

-  сөздік емес құралдарды қолдану (оқытушының ым-ишарасы, қол қимылдары, интонациясы, пантомимикасы);

-  студенттерден оқу материалдарын түсінгендігі туралы кері байланысты дер кезінде алып отыру (студенттердің сұрақтары, ым-ишаралары);

-  студенттердің қабылдауы мен түсінуін белсенді ету.

Жазбаша сөйлеуде мұндай артықшылықтар жоқ.

Ауызша сөйлеу ақпарат беру жылдамдығы жағынан едәуір баяу (айту жылдамдығы оқу жылдамдығына қарағанда төмен). Студент оқытушыны тыңдағаннан гөрі оқулықтың тиісті тарауын жылдам оқып шыға алады. Осыған байланысты дәріс ақпараттық қызметінен айырылады.

Әңгімелесу әдісі – жаңа тақырыптың мазмұнын ашу кезінде пайдаланылып, материалды жүйелеп айтып беру, білімді игеруге үйрету құралы болады. Сабақта ғылыми тексерілген деректер көз жеткізетін мысалдар көбірек әңгімеленеді. Әңгімелесу сабақтардың барлық кезеңінде қолданылады. Әңгімелесуде сұрақ – жауап жиі кездеседі. Әңгіме оқушылардың білімін жүйелеуде, ойын, ішкі байланыстарын табуды көздейді.

Эвристикалық әңгіме әдісі – арнаулы пәндерден сабақ беру кезінде қолданылады. Эвристикалық әңгіме өткізу барысында мұғалім сабақтардың жоспарын, қажетті сұрақтарын, тіпті оқушылардың шамамен беретін болжам жауаптарында жазады. Сұрақтары «неге?», «не үшін?», «қалай?» болу керек. «Эврика» грек тілінен аударғанда «таптым» деген сөзінен шыққан.

Оқытудың жазбаша әдісі ақпаратты жылдам бере алу мүмкіндігі мен ерекшеленеді. Сондықтан ақпараттық маңызы бар оқу материалдары студенттерге жазбаша мәтін түрінде берілген жөн (кітап, оқулықтар, оқу құралдары, тарату материалдары). Студенттердің жазбаша материалдары мен жұмысы  анағұрлым тиімді болу үшін көптеген арнайы тәсілдерді қолдануға болады. Олардың негізгілері мыналар:

-  конспектілеу – оқылғанның мазмұнының қысқаша жазбасы;

-  мәтіннің жоспарын құру (қарапайым немесе күрделі)

-  тезис құру – оқылған мәтіннің негізгі ойын қысқаша мазмұндау.

-  дәйексөз келтіру – мәтіннен үзіндіні сөзбе-сөз келтіріп жазу;

-  аннотациялау – оқылғанның негізгі мағынасын қысқартып, ықшамдап мазмұндау;

-  рецензиялау – оқылған материялға өзінің қатынасын білдіріп қысқаша пікір жазу;

-  формальдық-логикалық модель құру – оқылған материалды сөздік-сызба түрінде бейнелеу;

-  тақырыптық тезаурус құру – тақырып бойынша негізгі ұғымдардың сөздігін құру;

-  идеялар матрицасын құру – түрлі авторлардың еңбектеріндегі біртектес заттар, құбылыстарға салыстырмалы сипаттама беру;

Оқытудың сөздік әдісі монологты және диалогты болып бөлінеді.

Дәрісті дайындау барысында кітәптың мәтіні келесідей өңдеуге түсуі тиіс:

-  маңызды емес сөздер мен үзінділерді алып тастау негізінде ұзын сөйлемдерді қысқарту;

-  күрделі құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемдерге бөлу;

-  студенттердің мотивациясын және танымдық белсенділігін арттыратындай етіп сұрақтарды өзгерту;

-  оқытушының ойын түсінуде қиындық туғызатын терминдерді ғылымилығын жоғалтпай басқа терминдермен ауыстыру;

Оқытушы сөзінің психологиялық ерекшелігі дәріс сабағының тиімділігін арттыруда мәні зор. Осы жағдайда келесі сөздік ықпал ету құралдарын қолдану ұсынылады:

1.  жаңа материалды оқушының бұрынғы білімі мен тәжірибесімен байланыстыру;

2.  ойды сұрақ-жауап формасында түсіндіру;

3.  ауызша сөйлеудің синтаксисін қолдану (күрделі сөйлемнен гөрі қарапайым жай сөйлемдерді көп қолдану);

4.  оқу материалын баяндауда материалға деген жеке өзінің қатынасын білдіру, өз тәжірибесінен мысал келтіру;

5.  сөйлеудің көркемділігі;

6.  жақсы түсінікті болу үшін сөз тіркесін ауыстыру; 

Психологияны оқытудың көрнекілік әдістері.

Көрнекілік әдіске бақылау, эксперимент, көрсету, иллюстрация жатады.

Оның мынадай түрлері бар: табиғи, жасанды, графикалық, дыбыстық, музыка, ұлы адамның ойлы сөздері, халықтың мақал-мәтелдері, жаңылтпаштар. Оқытудың көрнекілік әдісінсіз толық мәнді сабақ өткізіп, берік білім алу қиын. Эксперимент табиғи және лабораториялық болып бөлінеді. Көрсету әдісі деп – түрлі көрнекі құралдар және практикалық сабақ процесінде оқуға айқын демонстрациялау, көрсету. Ол мұғалімнің оқу материалын бейнелі етіп беруіне мүмкіндік тудырады. Оның бір түрі экскурсия. Ол оқытуды нақты табиғи жасанды заттармен, құбылыстармен, сабақта және сабақтан тыс кезінде таныстырып, оқу ісін жандандыруға, білімге құштарлығын арттыруға мүкіндік жасайды. Иллюстрация – оқуға сабақтың мазмұнын, суретті, құралдар көрсету арқылы түсіндіру.

Көрнекілік әдістер оқу тәсілі ретінде бейнелік тілді көрсететін құралдар жатады. Көру, есту, тактильді бейнелер сөздік суреттеуді толықтырады және жақсырақ түсінуге әсерін тигізеді.

Көрнекіліктің негізгі 3 түрін ажыратуға болады: заттық, сөздік және суреттік.

Психологияны оқытудағы практикалық әдістер.

Бұл әдістің сабақтағы оқытудың сан қилы әрекетін қамтиды да, оларды кәсіптік жағынан даярлауға ерекше ықпал етеді.

Практикалық әдістер оқушылардың білімдерді, іскерліктерді және дағдыларды меңгеруге бағытталған практикалық іс-әрекетті білдіреді. Бұл топқа оқушылар естіп қана қоймай, көріп түрлі танымдық әрекеттерді жасайтын әдістер кіреді. Психологияны оқытуда келесі практикалық әдістер кіреді:

- лабораториялық жұмыс;

- психологиялық тесттерді орныдау;

- психологиялық тапсырмаларды шешу;

- жаттығулар;

- топтық пікірталас;

- дидактикалық және іскерлік ойындар;

Бұл әдістер оқу мақсатына байланысты түрліше қолданылады.

Лабораториялық жұмыс психологиялық эксперименттің моделі ретінде: 1) студенттерге белгілі бір психологиялық заңдылықтарды көрсету үшін немесе 2) психологиялық эксперимент әдістемесін меңгерту үшін жүргізіледі.

Психологиялық тесттер психодиагностикалық іскерліктерді игеру үшін немесе өзін-өзі тану мақсатында өткізіледі. Мұнда психологияның оқыту мақсатына байланысты тесттерді іріктеудің және орынды қолданудың маңызы зор.

Психологиялық тапсырмаларды шешу теориялық білімді бекітуге немесе осы білімді практикалық тапсырмаларды шешуде қолдануға бағытталған болуы мүмкін.

Жаттығу оқуға педагогикалық жұмыс істеуге қажетті әдет, дағдылар, іскерліктерді қалыптастыру жаттығу әдістерінің негізгі мақсаты. Ал негізгі ерекшелігі белгілі бір әрекетті бірнеше рет қайталау. Осы әдістер мақсатқа сәйкес түрліше қолданылуы мүмкін.

Топтық пікірталас және іскерлік ойын психолгияны оқытудағы практикалық әдіс ретінде тиісті коммуникативтік және кәсіби іскерліктерді меңгеруге бағытталған.

Психология сабақтарындағы студенттер мен оқушылардың танымдық іс-әрекет сипаттамасы

Түрлі оқу әдістері танымдық іс-әрекет сипатына түрліше әсер етеді. Осыған сәйкес М.Н.Спайкин және И.Я.Лернер ұсынған әдістер жіктемесі қызықтырады. Келесі оқу әдістері ажыратылады:

1)  түсіндірмелі-иллюстративті;

2)  репродуктивті;

3)  мәселелі;

4)  ішінара-ізденістік;

5)  зерттеушілік;

Түсіндірмелі-иллюстративті әдістің мәні оқытушы дайын ақпаратты студенттерге хабарлайды, ал студенттер оны қабылдайды, түсінеді және есінде қалдырады. Бұл уақыт тұрғысынан алғанда ақпарат берудің өте үнемді тәсілі. Бірақ бұл әдіс алынған білімді қолдану іскерлігін қалыптастырмайды.

Репродуктивті әдіс – бұл оқытушының студентке белгілі бір оқу әрекетін қайталауды ұсынуы. Студент оқытушы көрсеткен үлгі бойынша әрекетті орындайды, сөйтіп ол іскерлік пен дағдыны игереді. Әдетте бұл әдісті психология пәнінен семинар және практикалық сабақтарда қолданылады.

Мәселелік әдіс – бұл оқытушының студенттерге мәселені шешуді ұсынуы және кейін оны шешу жолдарын өзі көрсетуі.

Ішінара-ізденістік әдісті эвристикалық әдіс деп атайды.

Зерттеушілік әдіс студенттердің білімді шығармашылықпен қолдануын көздейді. Осы кезде оларда өз бетінше ғылыми зерттеушілік жұмыс тәжірибесі қалыптасады. Оқытудың бұл әдісі студенттердің курстық және дипломдық жұмыстарды орындауы кезінде қолданылады.

Психологияны оқытудың белсенді әдістері.

Белсенді оқыту – қазіргі педагогикалық ізденістердің негізгі ірі бағыттарының бірі болып табылады. Студенттердің оқу танымдық іс-әрекетін белсендету әдістерін іздестіру мәселесі әр түрлі уақытта әр түрлі авторлармен өте жиі қойылып отырады.

Қазіргі кезде оқытуды ұйымдастырудың жаңа бағытта болуы керек: дайын білімді жаттаудан жеке басты қалыптастыруға, шығармашылықпен оқуды дағдыландыруға көшу керек. Сондықтан жаңа оқыту әдістері бойынша оқытушы оқытпайды, тек жетелейді, ал студент өзінің іс-әрекеттік процесінде өзі оқиды. Егер оқушының танымдық іс-әрекеті жоғары белсенді болса, меңгерудің тиімділігі де жоғары болады.

Бағдарламалық оқыту әдістері білімнің пәндік мазмұнына байланысты мақсатты, міндетті шешу тәсілдерін, қолдау мен қадағалау формаларын нақтылау және түрлендіру арқылы дәстүрлі оқытуды қайта құруды көздейді.

Бұл әдіс бойынша алдын ала оқыту мақсаты және осыған орай оқытушының қадағалауы және басшылығымен жүйелі әрекеттер қатары да жоспарланады, соңында бір нәтижеге, яғни оқушы дағдыларының қалыптасуына әкеледі.

Оқытудың интерактивті әдісі адамдардың өзара әрекеті мен қарым-қатынасын ұйымдастыру арқылы білімді игеру үрдісін басқарады.

Оқытушының әрекетінің орталығы бір ғана студент емес, бір-бірімен сұрақтарды талқылайтын, пікірталасқа түсетін, өзара ынтымақтастықта болатын және бір-бірін ынталандыратын әрі белсенді ететін өзара әрекет жасайтын студенттер тобы болып табылады. Адамдар ұжымымен ақиқатты іздеу барысында жарысады, бәсекеге түседі, сондықтан интерактивті әдіс студенттердің рухын көтеріп белсенділігін арттырады.

Интерактивті оқытуға келесідей әдістер жатады:

- Эвристикалық әңгіме

- Пікірталас

-  «Ой шабуылы»

-  «Дөңгелек үстел»

- Іскерлік ойындар

- Практикалық жұмыстар жарысы және оларды талдау

Эвристикалық әңгіме – бұл ұжымдық ойлау немесе проблеманың жауабын іздеуге құрылған әңгіме. Бұл әңгіме барысында ойша іздеу – ұжымдық ойлауға алмасады, аралық шешулердің әр түрлі нұсқалары айтылады, бұл жағдайда студенттер ақиқатты өзара әрекет және өзара көмектесу арқылы бір-бірінің ойлауын арттырып ақиқатты іздейді.

Пікірталас – (дискуссия) бұл арнайы бағдарламаланған оқу бағдарламасының теориялық сұрақтарын талдауы, әдетте бұл сұрақты қоюмен басталады және эвристикалық әңгіме түрінде өріс алады.

«Ой шабуылы» - әдісінің мәні бойынша күрделі проблемаға жауап іздеу барысында әр түрлі ойлар кез-келген идеялар, болжамдар, ұсыныстар, кездейсоқ аналогияларды интенсивті айту, сонымен қатар қатысушылардың керекті немесе керексіз ассоциациялары пайда болуы мүмкін. Бұл пікірлердің барлығы диктофонға жазылып «ой шабуылын» ұйымдастырушы зейін қойып, олардың ішінен сұраққа жақын жауаптарды таңдап алып, кейін сұрақ мазмұнына сәйкес терең талқылау ұйымдастырады.

«Дөңгелек үстел» әдісі әр түрлі ғылыми аспектілерде теориялық проблемаларды меңгеру жолымен қарастырылатын, тиімділікті арттыратын әр түрлі саладағы мамандардың қатысуымен өтетін әдіс.

Іскерлік ойын әдісі – мамандарды басқару және әрекет жасауға үйрететін әдіс. Студентті нақты жағдайда қатысушы кісі ролінде айқын және пәнді ойларға мәжбүр еткізіп, елеулі нәтижелерге жету деген саналы мақсатта болуға қою. Сондықтан бұл жағдай оқушының зейінін сезімталдандырады, ойлауды мақсатқа бейімді қылып меңгеруді жақсартуға себеп болады.   

 

13.  Оқыту компьютеризациясы

 

1.  Оқытуды компьютерлік техникаларды қолданудың психологиялық педагогикалық аспектілері.

2.  Психология негіздерін оқытудың телекоммуникациялық жүйе мүмкіндіктері.

3.  Электрондық пошта.

4.  Интернет.

 

Оқыту технологияларын қолдану мәселесі педагогиканы оқыту тәжірибесінде өзекті болып табылады. Технология туралы жалпы мәліметті қарастырайық.

Сөздіктерде технология деген адамдардың нақтылы күрделі үдерісті өзара байланысқан жүйелер, рәсімдер мен операцияларға жіктеу арқылы жүзеге асыру тәсілін айтады. Бұл арада рәсім деп басты үдеріс (немесе оның бір кезеңі) жүзеге асыратын, нақтылы технологияның мәнін білдіретін әрекеттер кешенін айтамыз, ал операция – осы рәсім аясындағы міндеттерді практикалық жағынан шешу жолы .

Оқыту технологиясының тарихи алғышарттары ХХ ғасырдың бірінші жартысында білімді тексеруге арналған техникалық құрылғылармен тығыз байланысты. Бұл білім беру саласындағы оқытудың техникалық құралдарын ойлап табуға негіз болды. Біраз уақытқа дейін оқыту технологиясы білім беруде техникалық құралдарды пайдалану деп ұғынып келді. ХХ ғ. 50-жылдардан бастап техника мен техникаландыру сөздері технология және технологиялау деген жаңа бағыттармен алмастырылды.

Педагогиканы оқыту тәжірибесінде ақпараттық технологияны қолдану кең көрініс тапқан. Д.Ш. Матрос пікірі бойынша, кез келген әдіс пен технология ақпараттық технология деп танылады. Бұл қорытындыға ол оқытудың үнемі оқытушыдан білім алушыға ақпарат берумен байланысты болғандығы үшін келген. Сонымен қоса, педагог үшін ең бастысы студенттің қабылдайтын ақпаратын сапалы меңгеруі үшін оны өңдеу жолдарын іздестіру болып табылады. Осылардың барлығына келісе отырып, «оқытудың ақпараттық технологиясы» терминін педагогика ғылымына енгізу білім беруде компьютерлік және басқа да ақпараттық техникаларды (байланыс құралдары, телекоммуникациялық желілер және т.б.) қолдану екендігін мойындаймыз. Біз оқытушы қолданған дидактикалық құралдардың үйлесімділігі арқылы кез келген оқыту технологиясын ақпараттық технологияға жатқызуға болады деп қорытынды жасаймыз.

Ақпараттандыру мәселесіне арналған педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде «оқытудың ақпараттық технологиялары» ұғымына нақтылы түсініктеме берілмеген. Басқа дереккөздерден осы ұғыммен қатар «жаңа ақпараттық технологиялар», «компьютерлік оқыту технологиясы», «компьютерлік педагогикалық технологиялар» және т.б. ұғымдарды кездестіруге болады. «Жаңа» сын есімі педагогикалық дереккөздерде жиі қолданылады. Аталған контексте сөз жаңа енгізілім турасында болып отыр, ол әр түрлі іс-әрекеттің мазмұнын, соның ішінде педагогикалық іс-әрекеттің мазмұнын да өзгертеді.

Оқу үдерісін жаңа аппараттық және бағдарламалық құралдар көмегімен жандандыру «компьютерлік технология» терминін «ақпараттық технология» түсінігімен алмастыруға әкеп соқты. Ақпараттық технология әр түрлі ортамен және оған кіретін компоненттермен сипатталады: техникалық орта (негізгі міндеттерді шешу үшін қолданылатын техника түрі); пәндік орта (пәннің ғылым саласының нақтылы мазмұны); технологиялық (әдістемелік) орта (нұсқаулық, пайдалану тәртібі, тиімділік бағасы және т.б.).

Педагогикалық әдебиеттерде кездесетін бұл ұғым анықтамасының мазмұнды талдамасы екі түрлі тұжырымды іріктеп алды. Біріншісінің аясында ақпараттық технология білім алушылардың танымдық іс-әрекеттеріне сәйкес ақпараттық өнімдерді мақсатты түрде құрастыру, тасымалдау, сақтауды аз көлемдегі шығынсыз, жаңа оқыту құралдары мен әдістерін үйлесімді қолдану нәтижесінде ұйымдасқан дидактикалық үдеріс ретінде қарастырылады. Екінші амалы ретінде оқытудың техникалық ортасын қолданатын ақпараттық құралдар арқылы құрастыруды анықтау жолы танылды. Осылайша, бірінші жағдайда, технология оқыту үдерісі ретінде саналса, екіншісінде оқу үдерісінде арнайы бағдарламалық-техникалық құралдарды қолдану туралы айтылады.

Сонымен, оқытудың ақпараттық технологиялары дегенімізді тұтас кешенді компьютерлік және басқа да құралдарды қолданумен болатын дидактикалық үдеріс деп танығанымыз жөн.

Педагогиканы оқыту барысында оқу міндеттерін шешуге бағытталған оқу бағдарламалық құралдары (ОБҚ) (электронды оқулықтар, электронды курстар, дәрістер, слайд-дәрістер, мультимедиялық презентациялар және т.б.) кеңінен қолданылады.

Оқу бағдарламалық құралдары келесі аспектілерге сай болуы керек:

-психологиялық – аталған бағдарлама оқу уәжіне, педагогикаға оқу пәні ретінде қалай ықпал етеді, оған деген қызығушылықты арттыра ма, төмендетеді ме, машинада құрастырылып ұсынылған қиын әрі күрделі, дәстүрден тыс талаптары білім алушыларда қиындықтар тудыра ма;

-педагогикалық – бағдарлама қаншалықты көлемде педагогика курсының жалпы бағытын түсіндіре алады және де білім алушылар бойында педагогикалық іс-әрекет туралы оң көзқарастарын қаншалықты көрсете алады;

-әдістемелік – бағдарлама материалды меңгертуге дұрыс таңдалған ба, студенттерге ұсынылған тапсырмаларды таңдау дұрыс шешімін тапты ма, материал әдістемелік тұрғыдан дұрыс берілген бе;

-ұйымдастырушылық – компьютерді және жаңа ақпараттық технологияны қолданумен өткізілетін сабақ дұрыс жоспарланған ба, білім алушыға өзіндік жұмыстарды орындау үшін уақыт жеткілікті көлемде беріле ме және т.б.

Осы жайттардың басын ашып құрастыру өте үлкен еңбекті, арнайы іскерлік, дағды мен уақытты талап етеді. Сонымен қатар оқу сабақтарының сапасы (дәрістер, семинарлар) виртуалды иллюстративтік материалдарды әзірлеу мен өңдеу сапасына байланысты болады.

Кең таралған құралдың бірі – мультимедиялық презентация. Презентация – логикалық жағынан бірізді жүйеленген, мәтіндік және көру материалдары (фотосуреттер, суреттер, диаграммалар, бейнероликтер және т.б.) бар слайдтар. Презентация мақсаты студенттерге оқытылып жатқан тақырыптың мәнін түсіндіруге және оның негізгі ойларын есте берік сақтауға көмектеседі.

Слайдтағы материалдар айқын құрастырылып, оларда тек тірек тезистері, маңызды ұсынымдар, ойлар, түсініктер, суреттері болуы мүмкін. Сонымен қатар қатал дизайн, барлық слайдтарға ортақ шрифт, бірыңғай шаблон қолдану, сапалы оқылатын, көрінетін жазулар мен бейнелер болуы керек (Оқу құралының қосымшасында презентация жасаудың ұсыныстары берілген).

Презентация әзірлеу барысында мынандай ортақ ұсыныстарды қолдану керек:

-презентация үшін жинақталған оқу материалы айқын құрылымдалған, жүйеленген болуы тиіс;

-иллюстрациялауды қажет ететін оқу материалы іріктелініп алынуы керек;

-презентация әзірленетін тақырып бойынша немесе тұтас оқу материалы бойынша басты және жанама ақпаратты анықтап алып, мақсат пен міндеттерді тұжырымдау керек;

-презентацияны әзірлеудің жалпы сызбасы қисындық жағынан бірізді және параллельді байланыстар тізбегін құрайды (пәнаралық, ғылым аралық, пән ішілік және т.б.);

-презентацияның құрылымына жоспар-конспектісі кіреді, онда басты ұғымдардың анықтамасы, ойлардың қорытындылары, слайдтардың аты мен мазмұны, мәтін үзінділері, суреттер, сызбалар, кестелер, фотосуреттер, белгілер (графикалық бейнелер, басқа да символдар) беріледі;

-презентация түрін таңдап алу қажет. Ол екі типті болады: ажыратылымсыз (музыкалы және музыкасыз), кадрлық (музыкасыз). Ажыратылымсыз презентация дәріске дейін не одан кейін, ал кадрлық презентация лектордың сөйлеу барысында, дәріспен қатар жүріп отырады;

-презентация шрифті мен бейнелері ірі, нақты, анық, түрлі-түсті болуы арқылы оның сапасын айқындайды;

-мәтін мен бейнелер бір-бірін толықтырып отырулары керек;

-слайдтағы негізгі ойларға, анықтамаларға, ережелерге дәріс материалдарын бекіту үшін әлсін-әлсін оралып отырған дұрыс;

-видеотүсірілім мен анимация материалдарын қолдануға болады;

-слайдты ұсақ жазбалармен, әр түрлі иллюстрациялармен, жүгіріп, айналып тұратын жазулармен безендірудің еш қажеті жоқ, ол қызығушылықты төмендетіп, презентацияны бүкіл мән-мағынасынан ажыратады.

Осылайша, мультимедиялық презентациялар студенттердің қаралып отырған материалдың мәнін жете түсініп, есте сақтаулары үшін аса маңызды.

Дербес компьютер – педагогика бойынша оқу сабақтарының әр түрлі кезеңдерінде қолданылатын әмбебап оқыту құралы. Сонымен қатар ол оқыту құралдарының кең көлемін қолданатын дәстүрлі оқыту аясына да ене алады. Дербес компьютер білім алушылардың белсенді түрде оқу іс-әрекетіне араласуына себепкер бола тұра, студенттердің оқу материалын түсініп, есте ұстауларына негіз бола алады.

Оқытудағы компьютердің негізгі қызметі – оқытушылық. Оқыту кезінде компьютерді қолданудың негізгі міндеттері мынандай:

1) оқу үдерісі кезінде кері байланысты қамтамасыз ету;

2) оқу үдерісін жекелендіруді қамтамасыз ету;

3) оқу үдерісінің көрнекіліктігін арттыру;

4) әр түрлі дереккөздерден ақпарат іздестіру;

5) оқылып жатқан үдерістер мен құбылыстарды модельдеу;

6) ұжымдық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру.

Мақсаты мен міндеттері жағынан компьютерлік оқыту бағдарламалары иллюстрациялық, кеңестік, тренажер-бағдарламалар, оқу-бақылау бағдарламалары, операциялық орта болып бөлінеді. Олардың бірі білім мен іскерліктерін бекітуге арналса, екіншілері жаңа ұғымдарды қалыптастыруға негіз болады. Білім алушыларға зерттеулердің, іс-тәжірибелердің тікелей қатысушылары болуға мүмкіндік беретін үйрету бағдарламалары да бар.

Проблемалық оқыту принциптерін жүзеге асыратын бағдарламалар да зор мүмкіндіктерге ие. Педагогиканы оқыту барысында нақтылы педагогикалық жағдаяттарды модельдеп, талдайтын бағдарламалар орны зор, олар әр түрлі жағдайларда шешім қабылдай алу іскерліктерін қалыптастыруға, бірлесіп әрекет етуге, өз қызығушылықтарын ортақ мақсаттарға тәуелді ете алуға негіз болады.

Бір бағдарламада бірнеше режимдердің тоғысуы сирек (оқыту, жаттығу, бақылау) кездеседі. Оқыту режимінде жұмыс істей отырып, бағдарлама экранға оқу ақпаратын шығарады, оны меңгеруге арналған сұрақтарын қояды. Егер жауабы қате болса, машина дұрыс жауабын табуға көмектеседі немесе дұрыс жауабын бірден айтып, жаңадан сұрақ қояды. Жаттығу режимінде тек сұрақтар мәтіні экранға шығады, қате жауап берілсе, толықтырулар айтылады, жауап нәтижелері сақталмайды, оларды ойлауға берілген уақыт шектелмейді. Бақылау режимінде тапсырмалар нұсқасын компьютер өзі таңдайды, ойлану уақыты шектеулі болады, қате жауап берілсе, дұрыс жауабы айтылып, түсіндіріледі. Соңынан қате жібергендер тізімі құрылып, баға қойылады.

Компьютерді оқыту құралы ретінде қолдану жолдары әр түрлі: бүкіл топпен жұмыс немесе жеке жұмыс. Көрсетілген жұмыс істеу жолдары аппарат құралдарының бар не жоқ болуына ғана емес, дидактикалық мақсаттарға да байланысты. Егер дәрісханада тек оқытушының компьютері ғана болып немесе оқытушы тапсырмаларды ұжымдық жұмыс арқылы орындатуды міндет етіп алса, ол оқытушылық компьютер арқылы оқу тобының жұмысын ұйымдастырады. Мұндай жағдай студенттердің әрқайсысының компьютермен жеке жұмыс істегенінен гөрі нәтижелі болады.

Педагогиканы оқыту барысында компьютерді қолдану тәсілін таңдау тікелей дидактиканың міндетіне сай болмақ. Компьютерлердің көмегінсіз білімді меңгертуге мүмкін емес жағдайда ғана оларды оқытуда қолдану керек. Студент компьютермен жұмыс істеу барысында тапсырмаларды, міндеттерді машина емес, өзі орындап отырғанын түсінгені дұрыс.

Компьютерлік телекоммуникация – ғаламдық компьютерлік жүйені пайдаланатын ақпараттық технологияның жедел түрде дамып келе жатқан түрі. Телекоммуникацияның қарапайым түрі – электронды пошта, қазіргі таңда педагогиканы оқыту үдерісінде кеңінен қолданылып келеді. Электронды поштаның мәні білім алушылардың оқу курсына қызығушылықтарын арттырып, коммуникативтік тәжірибесін кеңейтуінде және алынған деректер бойынша жазба тілдерін дамыту болып табылады.

Педагогиканы оқыту барысында электронды поштаны пайдалану телекоммуникациялық жобалар түрінде болады. Телекоммуникациялық оқу жобасы педагогика бойынша бір тақырыпқа арналады, білім алушылардың әр түрлі іс-әрекет түрлерінен құралады, сонымен қатар оқу ақпаратын алу мен талдаудан, уақыт көлемі жағынан бірнеше күннен бірнеше айға дейінгі уақыт көлемін қамтиды.

Электронды поштаны пайдаланудың төмендегідей практикалық мәні бар:

-әр түрлі оқу курстарын өткізетін педагогтар тәжірибесімен алмасу үшін;

-білім алушылар арасындағы өзара ұжымдық хабарламалармен алмасу үшін:

-жалпы сипаттағы хаттармен алмасу (ұсыным-хат, өз жетістіктері туралы әңгіме және т.б.);

-өткізілген іс-тәжірибелер, зерттеулер және орындалған жобалар туралы есеп-хаттар;

-үздіксіз педагогикалық іс-тәжірибе кезіндегі педагогикалық үдеріске қатысушылар іс-әрекетін датаграфикалық және феноменологиялық бақылау;

-компьютерлік телекоммуникациялық педагогикалық викториналар мен «марафондар» өткізу үшін.

Педагогиканы оқыту барысында компьютерлік телекоммуникацияның басқа түрлері де қолданылуы мүмкін:

-жіберілу тізімі (list- серверлер);

-хабарландырулардың электронды тақталары (ВВS);

-телеконференциялар;

-Gopher – және WWW серверлері.

Осы жағдайда қарым-қатынас жасаудың әр түрлі ақпараттық технологиялары қолданыста болады:

-көпшіліктің көпшілікпен қарым-қатынаста болуы;

-географиялық орналасуы жағынан шектелмеген қарым-қатынас;

-уақыт аясында шектелмеген қарым-қатынас;

-сөйлеу арқылы емес, мәтін арқылы қарым-қатынас орнату.

Ақпараттық және коммуникативтік мүмкіндіктерді кешенді пайдаланудың бір түрі – Internet. Ол педагогиканы оқыту барысында үлкен мүмкіндіктерге ие. Internet арқылы жұмыс істеу барысында алынған файлдардың үлкен санына негізделген білім беру контекстіндегі телекоммуникациялық құралдарды пайдаланудың негізгі идеяларын қарастырайық.

Жеке хабарламалармен алмасу - телекоммуникацияның көпшілік ерекше қолданатын түрі. Білім алушылардың оқытушылармен, басқа студенттермен электронды қатынас жасауы. Телекоммуникациялық жобалардың негізгі түрлерін былайша ажыратып көрсетуге болады.

Еркін хат алмасу - бұл жиі қолданылатын телекоммуникациялық қызмет түрі, қарапайым пошта арқылы хат жазысуға ұқсас. Білім алушылар арасындағы хат алмасу оған көп көңіл бөлуді қажет етеді, ал оқытушылар уақыты оған сай келмейді, сондықтан көбінесе электронды поштамен хат алмасуды топтар арасында еркін қолдануға болады. Еркін хат алмасуды студенттердің педагогикалық құбылыстарды педагогикалық іс-тәжірибеден өту барысында меңгерулерінде қолданған жақсы.

Жаһандық сынып – екі немесе одан да көп топтың бір тақырыпты меңгеру барысында алдын-ала белгіленген кесте бойынша хат алмасуларының бір түрі.

Электронды «кездесулер» – нақтылы уақытта электронды пошта, телеконференция көмегімен синхрондық қатынас жасау. Білім алушылар мен «қонақ» арасындағы қатынас кезекпе-кезек клавиатурада басу және электронды поштаның «сөйлесу» мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жүзеге асады.

Электронды оқыту – интерактивтік режимде арнайы тақырыптармен танысуға қызығушылық білдірген білім алушыларға «электронды оқытушылардың» сөз сөйлеуі, дәріс оқуы. Мысалы, осылайша, оқу мақсатында білім алушылар мен білім беру мекемелерінің басшыларымен, оқытушыларымен, білім беру саласының эксперттерімен қатынас жасауларын орнатуға болады. Мұндай жобаның тағы бір түрі «электронды оқытушылар» орнына кейде төменгі курс студенттері үшін жоғары курс студенттері қатынас орнатады.

Рөлдік ойындар – қатысушылары өзара бір-бірімен рөлдік ойындар ойнау арқылы пікір алмасатын телекоммуникациялық қызметтің түрі.

Ақпарат алмасу телекоммуникациялық жоба ретінде қарала алатын тақырыптық ақпарат алмасуды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Студенттер белгілі бір проблемаға қатысты материалдарды жинақтап, бір-бірімен алмасады. Мысалы, балаларды отбасында тәрбиелеудегі халықтың салт-дәстүрлердің рөлі; Қазақстандағы және шет елдегі жастар мен балалар қозғалысы және т.с.с. тақырыптар өте қызықты болып табылары сөзсіз. Осындай тақырыптағы жобаларға бірнеше академиялық топтың студенттері қатыса алады.

Электронды басылым ақпаратты жинау мен алмасудың бір түрі жалпы еңбекті, мысал үшін газет, альманах, хабаршыларды электронды даярлаумен байланысты. Осылайша, «Заманауи талаптарға сай педагогика қандай болуы керек?» деген тақырыпта бірлескен жоба жазуға болады. Тақырып бірнеше академиялық топтарды аралап шығады, әр топ өз ойларын, пікірлерін білдіріп, ұсыныс айтады.

Мәліметтер қорын құру мәліметтер қорын құруды ұйымдастыру жобалары жобаға қатысушылар мен басқа да студенттер оқу үшін пайдаланатын ақпараттармен алмасуға байланысты болатын жұмыс түрі. Мысалы, «Тәрбие мақсаты тарихи және әлеуметтік жағынан шартты болып келеді» деген пікірді қалай түсінесіз? Аталған жоба мақсаты – білім алушылардың тәрбиелеу мақсатын өзгерту себептерін түсінуге әкелу. Жобалау барысында студенттер мәліметтерді жинастырып, олардың қорын құрады. Онда тәрбие мақсаттарын өзгертуге себеп болатын жайттар түгелімен қамтылуы керек.

Телекоммуникациялық экскурсия интернет арқылы жүзеге асады. Олар мұражайларға, тарихи орындарға бару кезінде алған әсерлерімен бөлісуге негізделген. Саяхат мақсатына, тақырыбына сай оған барған студенттерге сұрақтар дайындап та қоюға болады.

Мәліметтерді бірлесіп талдау (соның ішінде шолу) – мәліметтер әр жерден жиналып, содан кейін салыстырылып немесе сандық талдауға ұшырайды. Бұл жобалардың қарапайым түрлері студенттерге мәліметтерді жинау, нәтижелерін талдау, оған есеп беру секілді жұмыстарды электронды түрде даярлауды қажет етеді. Мысалы, мәліметтерді бірлесіп талдау арқылы мынандай тақырыптағы жобаларды әзірлеуге болады, атап айтсақ, белгілі бір оқыту технологиясының тиімділігін анықтау; педагогика пәні бойынша қазақстандық оқулықтардың мазмұны мен құрылымын анықтау; педагогика пәні бойынша телекоммуникациялық олимпиадалар өткізу және т.б. жобалар. Әр топтың студенттері жарыс өткізеді, оның жеңімпаздарын анықтау мақсатында нәтижелерін салыстырады.

Ақпаратты іздестіру – өте кең тараған телекоммуникацияның түрі. Он-лайн жобаларында студенттер әр түрлі ақпарат көздерін қолданулары керек. Оларға сонымен қоса шешімнің, жауаптың кілті де беріледі. Мынандай педагогикалық ойын бәріне таныс: ойынға қатысушылар бір үлгідегі ақпаратты белгілі бір сызба бойынша (атақты, танымал педагогтың тегі, аты, туған жері мен мерзімі, оның негізгі еңбектері, қысқаша мазмұны және т.б.) құрастырады. Ойын үйлестірушілері ақпараттарды араластырып жібереді, ал студенттер ақпараттық анықтамалықтардан (энциклопедиялар, анықтамалықтар, оқу құралдары және т.б.) авторларды тауып, сәйкес келетін ақпараттарды орындарына қояды. Ең көп нақты сәйкестіктерді тапқан студент жеңіске жетеді.

Электронды шығарма – әр түрлі академиялық топтардағы студенттердің телеконференцияларға жіберген жобалары. Басқа студенттер осындай электронды сессия жұмысын бақылап отыруларына мүмкіндік бар. Жобаға ғалымдар, педагогикамен аралас келетін кафедра оқытушылары да тартылады, олар сыни пікірлерін, ескертулерін білдіріп, шеберлік қырларымен де бөліседі.

Тапсырмаларды бір мезгілде орындау (соның ішінде байқаулар) – жобаның бұл түрінде әр жерде орналасқан білім алушыларға бірыңғай тапсырмалар беріледі, олар оны орындап болған соң, шешімдерінің электронды алмасулары болады.

Қашықтықтан оқыту – оқытылатын материалдың негізгі бөлігін білім алушыларға жеткізуді қамтамасыз ететін, білім алушы мен оқытушының оқыту барысында өзара интерактивті әрекеттестігін тудыратын, студенттерге оқу материалын өз бетімен меңгеруге мүмкіндік жасайтын технологиялар үйлесімділігі. Қашықтықтан оқыту барысында білім алушылардың теориялық білімдері мен практикалық дағдылары материалдарды жүйелі түрде оқу, диктор соңынан аудио және бейне тасымалдауыштардағы оқу материалдарын қайталау негізінде қалыптасады. Үнемі практикалық тапсырмаларды орындап отырған студент тұрақты автоматтандырылған дағдыға ие болады. Теориялық білімдері жаттығу тапсырмаларын орындау барысында еш қиындықсыз қалыптасады.

Қашықтықтан оқыту технологиясын қолданудың тиімді жақтары:

-оқу, үйретуге шығындарды азайту (мекен-жайды алуға, оқу орнына барып келуге ешқандай шығынды қажет етпейді);

-оқытуды адамдар санының көп болуына қарамастан өткізу;

-оқыту сапасын заманауи техникалық құралдар, электронды кітапхана қоры арқылы арттыру.

Қашықтықтан оқыту компьютерлік телекоммуникация арқылы жүзеге асады, оның сабақтары мынандай үлгіде болады:

Чат-сабақтар – чат технологияны қолданып өткізілетін сабақтар. Чат-сабақтар бірізділікпен өткізіледі, яғни оның қатысушылары бір мезетте оған ену мүмкіндігіне ие болады. Қашықтықтан оқытатын оқу орындарының аясында чат-мектептер бар, онда чат-кабинеттер көмегімен қашықтықтан оқыту педагогтары мен білім алушылары өз қызметтерін ұйымдастыра алады.

Веб-сабақтар – «әлемдік ғаламтордың» қол жетімді мүмкіндіктері мен телекоммуникация құралдарының көмегі арқылы өткізілетін қашықтықтан оқыту сабақтары, конференциялар, семинарлар, іскерлік ойындар, зертханалық жұмыстар, практикумдар және басқа да оқу сабақтарының формалары. Веб-сабақтар үшін арнайы білім берудің веб-форумдары пайдаланылады. Веб-форум – белгілі бір тақырып аясындағы пайдаланушылардың жұмыс түрі, ол жазылып алынып, сәйкестендірілген бағдарламасы бар сайттарда тіркеледі.

Чат-сабақтардан веб-форумдар өздерінің ұзақ уақыт жұмыс істей алуларымен және педагог пен білім алушының өзара әрекеттестік сипатымен ерекшеленеді.

 

14. Оқыту ойындары

 

1.      Ойын әдісі.

2.      Ойын оқыту мен тәрбиелеудің  құралы ретінде.

3.      Оқытудың ойын әдісінің көп қызметтілігі.

4.      Психологияны оқытудың әдістемесіне сюжеттік ойындар мен театр педагогикасының элементтерін, ойын әдістерін және психотренинг жүйесін енгізу. 

«Іскерлік ойындар» әдісі – оқу-кәсіби міндеттердің ережелер бойынша ойын формасында шешілетін оқыту тәсілі. Білім алушылар кәсіби іс-әрекеттің үзінділерінен көрініс қоя отырып, түрлі рөлдер мен кәсіби іс-әрекет түрлерін орындайды.

Іскерлік ойынның міндетті бөліктері бар, олар:

-дидактикалық мақсаттың болуы: білімді жүйелеу мен нақтылау, іскерлік жүйесін қалыптастыруға ұмтылу, тұлғаның кәсіби деңгейдегі қасиеттерін қалыптастыру;

-оқу-кәсіптік ойын міндеттерінің болуы: ойынға қатысушы өзінің қандай міндетті шешу керектігін нақтылы білген дұрыс;

-ойын жағдаятының болуы: ойында қарама-қайшылық, тараптар «шекісуі», әр түрлі көзқарастар мен ойлар элементі болуы керек;

-ойынның бірлескен сипаты: ойынға қатысушылардың барлығы өздеріне бөлініп берілген рөлдері бойынша өзара қарым-қатынасқа түсулері керек;

-іскерлік ойынның бағытталушы жоспарының болуы: ойын барысын, қатысушылардың негізгі сөздері мен әрекеттерін оқытушы құрастыруы керек, алайда ойын барысында оған қатысушылардың суырып салма өнерлеріне шек қойылмайды;

-бірыңғай нәтижеге қол жеткізу: білім берушілік, дамытушылық, тәрбиелік жетістіктерге жету.

Ойынның негізгі шарттарына тоқталайық:

-ойынға қатысушылардың өзіне тиесілі рөлдерін өз еріктерімен таңдауы;

-ойынға қатысушылардың ортақ шешім қабылдаулары үшін диалогтік қарым-қатынасқа түсулері;

-ойынға мүмкін болар жағдайларға байланысты суырып салмалық өнер, модельдеу түрлерін енгізу;

-ойын ережесінің бар болуы («жазалау жолдары», шектеулер);

-ойынға сайыс, ынталандыру (мақтау, құп алу және т.б.) элементтерін енгізу;

-ойын іс-әрекетінің нәтижелерін бағалау жүйесін қолдану;

-іскерлік ойынның жоғары серпінділігі, сабақтастығы, зор мәнге ие болуы маңызды.

«Іскерлік ойын» әдісін қолданып өткізілген семинар сабағының өткізу нұсқасын ұсынамыз. Сабақ алдын ала дайындықты қажет етеді және 5 түрлі кезеңді қамтиды.

Алдын-ала даярлық: ойынға қатысушылар дәрістің мазмұнын қайталайды, өз беттерімен әдебиеттерді қарастырып, мүмкін болар сұрақтарға жауаптар дайындайды.

I кезең – ұйымдастырушылық: ойын тақырыбы мен мақсатын түсіндіру, шағын топтар (4-5 адам) мен эксперттер тобын құру (2-3 адам), қатысушыларды ойын шарттарымен таныстыру (уақыты 10 минут).

II кезең – ойынға қатысушылар білімін өзектендіру: әр топ өздеріне қойылған екі сұраққа жауап береді, қалған шағын топтар оны толықтырады. Жауаптар мен толықтыруларды эксперттер үш деңгей бойынша бағалайды: іскерлік, шешендік және этикалық. Осының барлығы ойыншыларды өз рөліне енуіне, теориялық білімдерін еске түсірулеріне ынталандырады, жарыс рухын көтереді (уақыты 20-30 минут).

III кезең – топтардың өзіндік жұмыстары: кәсіби жағдаяттарды оқып, танысу, рөлдерді бөліп алу, сызбаларды құрастыру және т.б. (уақыты 20-30 минут).

IV кезең – ойындық: топтар әзірлеген тапсырмаларын ойнап көрсетеді. Басқа топтың мүшелері олардың іс-әрекеттерін мақұлдап, толықтырады немесе қарсы пікір білдіреді. Эксперттер жарыссөзге шығады, топтардың қойылымдарын бағалайды, тіркейді және осының барлығы аз уақыт ішінде жүзеге асуы керек.

V кезең – аналитикалық кезең. Эксперттер ойын барысын талдайды, сараптама жасайды, ойынға қатысушылар белсенділіктеріне баға береді, қателіктерін, кемшіліктерін айтады.

Іскерлік ойындардың бір нұсқасы «Мәселелендіру» деген блиц-ойыны.

Блиц-ойының мақсаты – аналитикалық, жобалау, жоспарлау, құрылымдау, ұйымдастырушылық, коммуникативтік, рефлексивтік іскерлік, дағдыларын және құзіреттіліктерін қалыптастыру.

Блиц-ойынды ұйымдастырудың үлгісін қарастырайық:

I кезең – блиц-ойынға ену кезеңі: тақырыпты, мақсатты жариялау, ойын ережелерімен, бағалау көрсеткіштерімен таныстыру (5 минут).

II кезең – тақырып бойынша ұғымдармен жұмыс өткізу (5 минут):

-мәселе – белгілі бір жағдайдағы адамдардың қажеттілігі туралы білімдері мен оны шешу жолдарын анықтай алмау арасындағы қарама-қайшылықтар;

-мәселені шешу – қажетті альтернативалар ішінен нақтылы іс-әрекет түрін таңдау немесе пікірлерді өндіру үдерісі.

III кезең – білім алушылардың жеке немесе топтық жұмысы: тақырып бойынша мәселелерді белгілеп, оларды шешу жолдарын анықтау (40 минут).

IV кезең – көшбасшылар сөзі (10 минут)

V кезең – блиц-ойынды эксперттеу (10 минут)

VI кезең – блиц-ойынның қорытындысын шығару (5 минут).

Блиц-ойынға қатысушыларды төмендегі ережелермен таныстыру керек:

1) оқу регламентін сақтау (жеке жұмыс – 10 минут; топтық жұмыс – 30 минут);

2) ойынға қатысушылар тобы ойын кезінде бір-бірімен сұхбаттаспауы керек;

3) рөлдерде ойнау:

-көшбасшы – топ іс-әрекетін ұйымдастырады;

-баяндамашы – мәселелерді жүйелейді, ойын білдіреді және өз қорытындысын қорғап шығады;

-дизайнер – баяндаманың негізгі ойларын визуалдайды, баяндамашыға баяндама жасауға көмектеседі;

-оппоненттер – баяндамашы пікірімен келіспейді;

-эксперт – «көтерілген мәселенің» мазмұны мен іскерлік іс-әрекетке шынайы түрде санақ жүргізіп отырады.

 

«Іскерлік ойындар» әдісінің «мықты» және «әлсіз» тұстары бар:

 

«Мықты» жақтары

«Әлсіз» тұстары

-болашақ кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің бір кезенді модельдеуге мүмкіндік береді;

-теориялық білімдерінің нығая түсуіне және оны практика жүзінде қолдануға мүмкіндіктері артады;

-педагогиканы оқуға қызығушылықтары арта түседі

-дайындық үшін қосымша уақыт қажет;

-ойынды өткізу, ұйымдастыру аудиториялық уақыт аясына сай келе бермейді

 

 

 

ОҚЫТУДЫҢ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ

 

15. Белсенді оқыту әдістерінің психологиялық негізі

 

1.      Жоғарғы  оқу орындарындағы қазіргі оқыту концепциялары.

2.      Психологиялық теориялық оқыту және психологияны оқыту  әдістемесінің негізгі жағдайы.

 

Сабақ сапасын арттыру барлық мұғалімдерді толғандыратын маңызды мәселе. Бұл ретте білім деңгейінің төмендеу себептерінің бірі – күнделікті сабақты өткізудің стандарты, көптеген мұғалімдердің сабақ үрдісін түгелдей дерлік жаулап алған дәстүрлі сабақтарды айтуға болады. Күн сайын өтетін, тіпті тамаша көрнекіліктер арқылы болса да, жаңа сабақты түсіндіру, үй тапсырмасын сұрау және қорытындылау сияқты жаттанды кезеңдерден тұратын классикалық немесе дәстурлі сабақ студенттерді жалықтырады, білімге ынтасын төмендетері сөзсіз. Сондықтан, әр мұғалім өз жұмысында сабақты жандандырудың әдіс – тәсілдерін іздестіруді, бұған студенттерді тарта білуді, олардың белсенді шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыра білуі міндет. Бірақ, бұдан жаңа әдіс – тәсілдер дәстүрлі сабақтарды толық алмастыруы керек деген ой тумауы керек. Олар дәстүрлі сабақтарды толықтырып, жандандыра түсуі, студенттің білімге қызығуын арттыруы тиіс, сонда ғана оқу үрдісі жетілдіріле түседі.

Тәжірибелі, іскер мұғалімдердің авторлық сабақтарының дәстүрлі сабақтар сияқты қандай да бір шаблон, стереотиптік жүру жолы жоқ десек артық емес. Оның түпкі мақсаты – білім сапасын көтеру, оқыту үрдісін жандандыру, оны бірізділік пен формализмнен аулақтау. Әрбір педагогтің тілегі осыған саятын болғандықтан, әрқайсысының оқытудың белсенді әдістерін қолдануда өз деңгейін, студенттер деңгейін, оқу аудиторияларының, материалдық базасын және өтілетін сабақ материалының тарау ішіндегі алатын орны мен маңызын ескере отырып, сәтті пайдалануға толық мүмкіндігі бар.

Оқытудың белсенді әдістерінің пайда болуы мен дамуы оқытудың алдына жаңа міндеттер қоюға ықпал етеді. Студенттерге білім берумен ғана шектелмейді. Бірге олардың бойында танымдық қызығушылық пен қабілеттің шығармашылық ойлаудың дербес ақыл – ой еңбегімен айналысу шеберлігі мен дағдыларының қалыптасуы мен дамуына ықпал жасайды. Қазақстан Республикасының „Білім туралы“ заңында білім беру жүйесінің міндеттері баяндалған. Солардың бірі ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктер және де тұлғаның қалыптасуына дербес дамуына және кәсіпкерлікті меңгеруіне бағытталған. Шығармашылықты рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, білім алуға қажетті жағдайлар туғызу болып табылды. Бұл тапсырмаларды жүзеге асырудың қаншалықты тиімді болуы оқытудың сапасына студенттердің жоғары кәсіби дайындығын қажет ететін түрлер мен әдістердің таңдалуына байланысты болады.

Студенттердің өз бетінше білім алуына оны іс жүзінде пайдалануына, ізденіске, талабын ұштауға және білім деңгейін жетілдіріп, жаңғыртуға ықпал жасау жоғары және орта кәсіби мектептердің маңызды мөлшерінің бір паралық, яғни студенттердің шығармашылық қабілетін, бастамашылдығын, өз бетінше әрекеттенуін, тапқырлығын, әсершілдігін дамыту аса қажет. Қазіргі заманның мамандары дүние танымы кең, жан – жақты жетілген, өмірлік белсенді ұстанымы бар азамат болуы тиіс. Студенттердің шығармашылық қабілеті мен белсенді ой еңбегін дамытуды ұйымдастыру оқу үрдісінде жаңа құралдар мен әдістемелерді енгізуді қажет етеді. Оқытудағы болатын мұндай өзгерістер педагог еңбегін жетілдіруді және әрдайым психологиялық - педагогикалық талдауды талап етіп отырады.

Оқу мен оқыту – біртұтас үрдіс қандай жағдайда болсын оқыту ұстаз бен студенттің қақтығысы негізінде жүзеге асырылады. Оқу үрдісінлегі ең басты нәрсе – студенттерді белсенді танымдылық қызметке жетелеу болып табылады. Швейцариялық профессор Дн. Вейс кәсіби оқу мекемелерінің оқу үрдісін жандандырып, студенттерге деген доминанттық және авторитарлық көзқарасты жою қажет деп есептеді. Сөйтіп, оның үрдісінде жаңа баламалы формалары мен әдістерді ойлап тауып, енгізу қажеттілігін алға қояды. Әсіресе, Дн Вейс пәнаралық тапсырмаларды құрастыруға баса көңіл бөледі.

Ресейлік және шетелдік дидактика ғалымдарының ойлары бір жерден шығып отырғандары мәлім. Сондықтан жоғары және орта кәсіби мекемелерінің оқытушылары білім берудің осы әдісі мен нұсқаларын кеңінен қолданылып, таратып келеді. М.И. Скаткин, М.И. Илясов, В.Я. Ляудис, В.В. Рубцов, С.И. Смирнов,

М.М. Крюков, И.Я. Лернер, М.М. Махмұтов, А. Әбілқасымова т.б ғалымдардың еңбектері оқытудың осы психологиялық - педагогикалық неігізіне арналған.

Белсенді әдістердің мәні проблеманы шешу процесінде оқушылардың кәсіби іс - әрекет тәсілдерін меңгеруге мүмкіндік туғызатын тапсырмаларды оқуына байланыста оқытудың белсенді әдістерінің ерекшелігі мынада, ол практикалық білімді меңгеруге мүмкіндік туғызатын практикалық және ойлау іс - әрекеттерін толық мәнде жүргізуге негіз болды.

Қазіргі педагогика студенттердің шығармашылдық ойлауын дайындауға іс - әрекет қажеттілігі мен шеберлігін тәрбиелеуге дербес ықпалдылық танытуға мүмкіндік туғызатын құралдар мен әдістерге өте бай.

Пайдаланылатын оқыту әдістері мен құралдарының ішінде кәсіби және өмірлік ситуацияларды талдауға негізделген белсенді әдістер ең тиімді құрал болып табылады. Оқытудың белсенді әдістері сабақты шынайы өмір жағдайына барынша жақындатады және материалды игеруді жүйелеуге ықпал етеді. Оқытудың белсенді әдістері түсінігі – оқыту қарқынын күшейту түсінігіне өте жақын.

Оқыту қарқынын күшейту – білім беру мерзімінің ұзақтығын сол қалпында қалдыра отырып, студенттерге барған сайын ауқымды ақпарат беру мүмкіндік іздестіру. Бұл проблеманы шешу тұлғаның шығармашылдық қабілет ұлғайтатын оқу – танымдық іс - әрекетте барынша жетілдірілген, ғылыми негізделген әдістерді басшылыққа алуды талап етеді. Оқу – тәрбте процесінің белсенділі мен қарқындылығын арттыру, проблемасы оқытудың сыртқы үлгілері мен құралдарын оның ішінде ішкі мазмұны мен теңдестіру жолымен шешілуі мүмкін. Қарқындылықты күшейту оқу – тәрбие процесіндегі екі негізге компонентті жетілдіру есебінен жүзеге асыруы мүмкін.

Мазмұн және оқыту әдістері. Бұл былай қамтамасыз етіледі:

1. Танымдық іс - әрекеттің ұғымдық түрлерін кеңінен пайдалану;

2. Оқытушылардың бойында ұжымдық ойлау іс - әрекеттерін және ұғыну және басқару заңдарын қалыптастыру;

3. Проблемалық оқытудың әр түрлі түрлерін пайдалану;

4. Оқыту процесінде педагогикалық қарым - қатынас дағдыларын жетілдіру;

5. Топтық қарым - қатынас жағдайларында оқытуды дербестендіру;

6.     Осы заманға оқытудың техникалық құралдарын қолдану.

Оқытудың тиімділігін арттырудың басты құралы оқытудың белсенді әдістері

болып қала береді. Олар оқушылардың кәсіби аясында соңғы уақыттары қалыптасқан дәстүрлік қысым мен стереотиптерді азайтады. Мысалы:

1. Әлеуметтік бөлектену (елдің бәрі сияқты емес);

2. Шамадан тыс шаршау (дағдылы тәсілдер уақыты, күшті үнемдейді);

3. Өзін - өзі бағалаудың төмендеуі.

2. Оқытудың белсенді әдістерінің ерекшеліктерінің сипаттамасы. Оқытудың белсенді әдістері – студенттерді оқу материалын меңгеру процесінде белсенді ойлау және практикалық іс - әрекетке жұмылдыратын әдістер. Оқытудың белсенді әдістері оқытушы мазмұндайтын дайын білімді игеру және оларды қайталау әдістері жүйесін пайдаланудан тұрмайды. Ол ең алдымен белсенді танымдық және практикалық іс - әрекеті процесінде студенттердің білім мен шеберлікті дербес меңгеруіне қатысты болады.

Оқытудың белсенді әдістері ерекшеліктері :

1.      Білімді берік, саналы меңгеруге жеткізетін практикалық және ойлау іс - әрекетінің бірлестігі;

2.      Танымдық іс -әрекетінің белсенділігі үшін жағдай туғызады;

3.      Дәлелдік (себептік) дәрежені көрсетеді;

4.      Таным процесі сезімдік және ақыл – ой нәтижесін береді;

5.      Таным процесінде жетекшілік етудің әкімшілік стилін теріске шығарып, оқушының студенттермен іскерлік негізіне байланыс орнатуды негіздейді;

6.      Шығармашылдықтың жоғары деңгейінде дамуын қамтамасыз етеді;

7.      Оқытудың белсенді әдістерін студенттердің өзін - өзі басқару тәрбиесін жинақтауына әсерін тигізеді.

Танымдық белсенділік және тұлғаның дербестілігі түсінігі. Белсенді әдістердің пайда болуымен және дамуымен бірге білім беру процесіне жаңа міндеттер жүктеледі: оқушыға білім берумен шектелмей, олардың бойында танымдық ынта мен қабілеттің шығармашылық ойлаудың қалыптасуы мен дамуын, ақыл – ой еңбегімен дербес айналысу шеберлігі мен дағдыларын қамтамасыз ету. Жаңа тапсырмалардың пайда болуы ақпараттардың жедел дамуына тікелей байланысты. Егер бұның мектепте, жоғары оқу орнында алған білім адамға ұзақ уақыт кей жағдайда оның бүкіл еңбек жолына қызмет етсе, ақпараттың қарқынды өсу ғасырында білімді ұдайы жаңартып, жаңғыртып, толықтырып отыру қажет. Бұл ең алдымен білімін өздігімен көрсету жолы арқылы меңгеріледі. Адам болу үшін танымдық белсенділік пен дербестік арқылы еңбектенуі қажет.

Танымдық белсенділік - таным процесіне деген ақыл-ой және сезім көрінісі студенттердің оқуға деген талпынысы, жалпы және дербес тапсырмаларды орындауға құлшынысы. Оқытушымен басқа студенттердің іс-әрекетіне деген қызығушылығы арқылы байқалады.

Танымдылықтың дербестігі деп - біз әрекетте дербес ойлауға ұмтылуды және дербес ойлауды жаңа жағдайда бағдарлай алу қаблеттілігін міндеттерді шешуде өз жолын таба білуді, оқу ақпаратын меңгеруді, тек қана түсініп қоймай, сонымен бірге білімді игеру тәсілдерін табуды, басқалардың пайымдауына сын көзбен қарауды қалыптастыруды, өз пайымдауларының тәуелсіз болуын айтамыз. Танымдық белсенділік және дербестілік оқушылардың оқуға деген ақыл – ой қабілеттерін сипаттайтын ерекшеліктер. Басқа да қабілеттер сияқты олар іс - әрекет үстінде көрініс табады және дамиды. Таным белсенділігінен дербістігінің көрініс табуы үшін жағдай жасалмауы олардың дамуына тосқауыл болады. Міне, сонда оқытудың белсенді әдістерін кеінен пайдалану, оларды ойлау процесіне және практикалық іс- әрекетке қолдану, оның үстіне оқыту процесінің ең басында өндіріске енгізу адамның ақыл – ой қасиеттерін дамытуда маңызды роль атқарады. Бұл өз кезегінде болашақ тұлғаның білімді игеруде және оларды практикада қолдануда ұдайы белсенділік танытуын қамтамасыз етеді. Танымдық белсенділік іс - әрекет үстінде көрініс табады. Ал, іс- әрекет белсенділік жүйесінде жетіледі. Оқытушы студенттің белсенділік танытуына жағдай туғыза отырып, оның танымдық аймағын дамытады. Сөйтіп, оқыту процесінде студенттің танымдық іс - әрекетін белсенділігін көтеру тиімді психологиялық - педагогикалық жағдайда оқытушы мен студенттің өзара жарастықта әрекет етуі. Оқытушы жаңа мақсатты мүдделік көздей отырып, студентті танымдық белсенділіктің қажетті деңгейіне жеткізеді. Бұл үшін белсенділікті арттырудың төмендегідей жолдары пайдаланылады:

А)Дербес жұмыстардың алуан түрлерін пайдаланады (реферат, диплом, бақылау т.б);

В)Оқытудың қазіргі заманғы техникалық құралдарын пайдалану және т.б;

С)Проблемалық сауалдар қою.

Оқытудың белсенді әдістерін топтастыру. Оқытудың белсенді әдістері оқу процесінің әр түрлі кезеңдерінде пайдалануы мүмкін. Білімді тұңғыш игеру кезінде, білімді бекіту және жетілдіру кезінде, шеберлік пен дағдыны қалыптастыру кезінде. Оқытудың меңгерілген әдістерін белсенді және белсенді емес деп бөлуге болмайды. Танымдық іс-әрекет белсенділігінің алуан түрлі тәсілдерін пайдалана отырып, оқытушы студенттердің танымдық белсенділігін көтеруге қол жеткізеді.

Оқытудың белсенді әдісі мен түрлеріне мынаналарды жатқызуға болады: іскерлік ойындар, проблемалық, студенттердің баяндамалары мен ақпараттық хабарлары, кері байланысты дәрістер, дәріс – диалог, тренинг, дөңгелек столдар, пікірталас, ұжымдық - танымдық, оқу және т.б.

Белсенді оқыту -  қазіргі  педагогикалық ізденістердің негізгі ірі бағыттарының бірі болып табылады. Студенттердің оқу танымдық іс – әрекетін белсендету әдістерін іздестіру мәселесі әр түрлі уақытта әр түрлі авторлармен өте  жиі қойылып отырады.

Қазіргі кезде оқытуды ұйымдастырудың жаңа бағытта болуы керек:  дайын білімді жаттаудан жеке басты қалыптастыруға, шығармашылықпен оқуды дағдыландыруға көшу керек. Сондықтан жаңа оқыту әдістері бойынша оқытушы  оқытпайды, тек жетелейді, ал студент өзінің іс – әрекеттік процесінде өзі оқиды. Егер оқушының танымдық іс – әрекеті жоғары белсенді болса, меңгерудің тиімділігі де жоғары болады.

               Бұл жағдайда оқытушының рөлі студенттің оқу іс–әрекетінің ұйымдастырушысы ретінде болады. Мұндай ұйымдастырудың себебінен студент ақпаратты пассивті қабылдаушы емес, керісінше ақпаратты белсенді «табушы» және өндіруші ретінде болады. Мұндай оқу іс–әрекетін қамтамассыз ететін оқытушының әдістерін оқытудың белсенді әдістері деп атаймыз.

     В.Я.Ляудистің берген анықтамасы бойынша: «Оқытудың белсенді әдістері деп бірлескен және жеке оқу іс – әрекеті жағдайында әлеуметтік құнды нәтижелер жетістіктерімен байланысқан оқытуды құнды шығармашылықпен ұйымдастыратын әдістер деп түсінуге болады ».

     Жоғары оқу орындарындағы оқу бастауыш мектепте және орта мектепте және де мектепке дейінгі оқытудан әлдеқайда ерекшеленеді, оның сырттай және ұйымдастыруымен ғана емес, сонымен қатар іштей және психологиялық айырмашылығы бар. Студент өзінің оқу іс – әрекетінде жаңа жоғары сатыға көтеріледі – мұғалімнің күнделікті қадағалауымен және басшылығымен алынатын оқудан әлемнің ғылыми жетістіктерін өздігінен меңгеруге ауысып, оқу және өзіндік оқу әдістерін меңгереді. Оқытушы студентке өзіндік шығармашылығының потенциалын ашуға өзінің шешімін табу үшін зерттеушілік бабын талап ететін оқу есептерін қоя отырып тек көмектеседі.

     Студенттің оқу іс–әрекеті салдарынан оқытушы емес жоғары квалификациялы маман ретінде ол өзін - өзі қалыптастырады.

     Жоғарыда айтылғаннан келесідей қорытынды жасауға болады: оқыту әдістері сонда ғана әсерлі бола алады, егер олар оқушының өзіндік іс – әрекетін белсендетіп, оның жеке бастың ақыл – ой дамуына қызмет етеді. Білімдерді меңгерудің табиғи заңдылық қажеттілігіне тек оқытудың белсенді әдістері дидактиканың жауабы болып табылады.

Педагогикада белсенді оқыту әдістері алуан түрлі. Олар әр түрлі пәндерді оқытуда қолданылады. Бірақ психологияда үш түрлі әдістер тобына бөлуге болады:

     а) бағдарламаланған оқыту әдісі

     б) мәселелік оқыту әдістері

     в)интерактивті оқыту әдістері.

 

16. Бағдарламалық оқыту әдістері 

 

1.      Бағдарламалық оқытудағы теорияның  этапты қалыптасуы. 

2.      Бағдарламалық оқытудағы әдістемелік қаражат.  

 

Тұлғалық бағдарлы оқыту технологиялары туралы

Бұл жөнінде ғалым И.С.Якиманская жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың негізгі ережелерін төмендегідей тұжырымдайды:

-          Басты мақсаты-оқушы тұлғасының жеке қабілеттері мен қасиеттерін дамыту;

-          Білім беру жүйесі басынан-ақ оқушыдан бастап оқыту және тәрбиелеу мақсаттарына, мазмұны мен технологияларына қарай бағыттала құрылуы тиіс;

-          Оқушы дамуын диагностикалау мен ынталандыруды мұғалім олардың қызметін ұзақ уақыт бойына байқау әдістері негізінде іске асыруы тиіс.

И.С.Якиманскаяның пайымдауынша, жеке тұлғаға бағдарланған оқытуда даралау тәсілі барлық білім беру процесінің негізгі қағидасы болып табылады, оның мақсаты-әрбір баланың мүмкіндіктерін танып, дамыту. "Жеке тұлғалық тәсіл жағдайында балалардың өзіндік жеке ерекшеліктерінің болуы қойылған мақсатқа жетудің-яғни, қайталанбас жеке тұлға ретінде әрбір оқушының дамуын қамтамасыз етудің қажетті шарты”.

Е.В.Бондоревская жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнында жеке жеке тұлғаны дамытуға және қалыптастыруға қажетті мынадай 4 компонент міндетті түрде болуы қажет деп атап көрсеткен. Олар: аксеологиялық, когнитивті, шығармашылық-әрекеттік және жеке тұлғалық. Осы жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнының төрт компоненті де негізінен сөйлесу, шығармашылық іс-әрекет арқылы әрбір баланың жекелеген дамытуға жағдай жасауға, өз бетінше шешім қабылдауға және шығармашылығына, оқу әдістері мен мазмұнын таңдауға толық мүмкіндік береді деп ойлаймыз.

Г.К.Селевко мұндай технологияның ең негізгі құндылығы-оқушы жеке тұлғасы, ал негізгі мақсаты табиғи қабілеттеріне сәйкес тұлғаны дамыту және қалыптастыру деп атап көрсетеді.

Біздің ойымызша, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту материалды шығармашылықпен меңгеру аясын кеңейтеді және жеке тұлғаға бағдарланған оқыту мұғалімнен төмендегідей іс-әрекетті талап етеді: 1) өз оқушыларының темпераменті, мінезі-құлқы, көзқарасы, талғамы мен әдеп-дағдыларының жеке ерекшеліктерін үнемі зерделеп, жақсы білуі; 2) жеке тұлғаның ойлау ерекшелігі, қызығушылығы, мүддесі, ұстанымы, бағытталуы, өмірге, еңбекке көзқарасы, құндылық бағыттары, өмірлік доспары және т.б. сияқты аса маңызды тұлғалық қасиеттерінің нақты қалыптасу деңгейін қадағалап, білуі; 3) әрбір оқушыны өз шамасына сай және біртіндеп күрделене беретін әрі жеке тұлға дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелік әрекетке үнемі тартып отыруы; 4) мақсатқа жетуге кедергі келтіретін себептерді уақытылы айқындап, жойып отыруы, ал егер мұны уақтылы істей алмаса, жаңа жағдайларға сай тәрбие тактикасын жедел түрде өзгертуі; 5) жеке тұлғаның өз белсенділігіне неғұрлым көбірек сүйенуі; 6) тәрбие ісін жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуімен ұштастырып, өзін-өзі тәрбиелеу мақсаттарын, әдістерін, формаларын таңдауға көмек беруі; 7) оқушылардың дербес әрекетін, бастамашылдығын, әрекетшілдігін дамытып, басқаруы емес, табысқа жетелейтін қызметті ұйымдастырып, бағыттауы тиіс.

В.В.Сериков ұсынған жеке тұлғаға бағдарланған білім беру тұжырымдамасының мәні төмендегідей:

1.      Жеке тұлға дегеніміз-адамның арнайы білім алу және даму аясын білдіретін педагогикалық категория.

2.      Адам "жеке тұлға болу” тәжірибесін, яғни жеке тұлға функцияларын атқара білу тәжірибесін меңгеруі тиіс.

В.В.Сериков жеке тұлғаға бағдарланған білім беруге тән заңдылықтарды атап көрсетеді:

1.      Жобалау элементі-"тұлға өміріндегі оқиға”, ол кейіннен біртұтас өмірлік нәтижеге айналады. Ал білім тек оның бір бөлігі ғана болып табылады.

2.      Оқыту мұғалім мен оқушының бірлескен қызметі болады: мұнда сұхбаттасу білім беру субьектілерінің өмір сүру тәсілі ретінде танылады.

3.      Процесс тұлғалық тәжірибенің бастауы болып шығады.

4.      Оқыту адамның табиғи өмір сүру жағдайына жақын бола түседі.

5.      Мұғалім мен оқушының өзара бірлескен әрекеті тұлға аралық, субьект аралық қарым-қатынас сипатын алады.

Ендеше, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту дегеніміз-тек оқушыларды бір-бірінен айрықшалайтын жеке ерекшеліктерін есепке алу ғана емес, бұл-ең алдымен, оқушыға жеке тұлға ретінде, бірлескен қызметтің саналы әрі жауапкершіл субьектісі ретінде қарау.

Г.К.Селевко бұл технологиялардың негізінде өзін-өзі өзектілендіруге ұмтылатын "толық қанды тұлға” болуы тиіс дегенді баса атап көрсетеді. Мұндай тұлға әртүрлі өмірлік жағдайларда жауапты әрі саналы шешім қабылдай алатын болады. Жеке тұлғаға бағытталған технологиялардың мақсаты, ғалымның пікірінше, жеке тұлғаның өзінің табиғи қабілеттеріне сай қалыптастырып, дамыту болып табылады.

Технолог ғалымдардың пайымдауынша, жеке тұлғаға бағдарланған технологиялар әрбір баланың жеке ерекшеліктеріне сай оқыту және тәрбиелеу әдістері мен тәсілдерін іздеуде. Мұндай технологиялар психодиагностика әдістерін пайдаланады, оқушылар қызметін ұйымдастыруға деген көзқарасты өзгертеді, оқудың түрлі құралдарын қолданады. Демек, жеке тұлғаға бағдарланған технологиялар сүйіспеншілік, қамқорлық, ынтымақтастық ахуалын туғызып, жеке тұлғаның шығармашылық әрекеттеріне және өзін-өзі өзектілендіруіне барлық жағдайларды жасайды және жеке тұлғаға бағдарланған оқыту әрбір оқушының өзін танымдық және оқу қызметінде бейімділіктеріне, мүдделеріне, мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сай жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

Сонымен, С.В.Кульневичтің атап көрсеткеніндей, білім беру процесін тұлғаға бағдарлау гуманистік педагогикалық мәдениет құндылықтарына ықпал етеді, бұл дегеніміз-білім алу емес, бала өміріндегі білімнің жеке тұлғалық мәні; жекелеген білік-дағдылар емес, жеке тұлғаның жеке ерекшеліктері, өзіндік дербес оқу қызметі, өмірлік тәжірибесі; педагогикалық талаптар қою емес, педагогикалық қолдау мен қамқарлық көрсету және мұғалім мен оқушының сұхбаттасуы; білім көлемі емес, меңгерілген ақпарат мөлшері емес, оқушының жалпы жеке тұлғалық өсуі, дамуы және өзін-өзі дамытуы.

Жеке тұлғаға бағдарланған оқу процестері: дамыта оқыту; баланың жеке ерекшеліктерін қалыптастыруға педагогикалық қолдау көрсету; тәрбиені баланы рухани-адамгершілік дамыту құралы ретінде қарастырады. Жеке тұлғаға бағдарланған білім берудің мақсаты-адамды қолдау, дамыту, онда өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеудің тетіктерін қалыптастыру. Мұндай технологияларға. Ынтымақтастық, сұхбаттастық, әрекетшілдік-сипатшылық әрекеті, баланың жеке дамуын қолдауға бағытталуы, оған дербес шешімдер қабылдауға, шығармашылыққа, мұғаліммен өзара шығармашылық ынтымақтастығына қажетті кеңістік пен еркіндік беру сипаты тән.

Бүгінгі таңда мынадай жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиялары бар:

-          В.Ф.Шаталовтың тірек белгілер негізіндегі технологиясы;

-          П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы;

-          В.В.Фирсовтың саралай оқыту технологиясы;

-          Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы;

-          Л.В.Занковтың, Д.Б.Эльконин-В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы;

-          Ю.К.Бабанскийдің оқу процесін оптимизациялау технологиясы;

-          М.Чошановтың, П.И.Третьяковтың, К.Я.Вазинаның, В.М.Монаховтың модульдік оқыту технологиялары;

-          Г.К.Селевконың өзін-өзі дамыта оқыту технологиясы;

-          Ж.А.Қараевтың, Т.Т.Ғалиевтің, Ә.Жүнісбектің, М.М.Жанпейісованың, Н.Н.Нұрахметов пен К.Әбдіғалиевтің оқыту технологиялары кеңінен танымал.

 

17. Мәселелі оқыту әдістемелері

 

1.        Мәселелі оқытудың мазмұны.

2.        Мәселелі оқыту әдістемесі түсінігінің  негізгі мінездемесі.

3.        Мәселелік жағдайларды тудырудағы психологиялық жағдай.

 

Проблемалық оқыту – оқытудың белсенді әдістерінің бірі. Проблемалық оқыту арқылы студенттердің белсенді ойлау әрекетінің дәрежесін көтеру, оларды ақыл – ойдың шығармашылық әрекеттерінің жүйесіне үйрету болып табылады. Бұл жүйені меңгеру ақыл – ой әрекетінің сапасын арттырып, ғылыми диалектикалық ойлауды қалыптастырады.

               Проблемалық оқыту процесінде негізгі төрт саты айқын болу керек:

1. Проблемалық жағдайды түсіну.

2. Проблеманы нақты көре білу және оны талдау.

3. Ұсыныстар жасау, болжам жасау жолымен проблеманы шешу.

4. Проблемалық міндеттерді шешудің дұрыстығын тексеру.

Проблемалық оқытудың мәні проблемалық жағдай тудыру, оны шешуде студенттердің әрекетін басқару болып табылады. Зерттеуші В.Оконь проблемалық ситуация тудырудың төмендегідей белгілерін тұжырымдап берді:

1.Проблемалық ситуация студенттердің белсенділігін, қызығушылығын, ынталылығын тудыратындай табиғи және өмірлік сипатта болу керек.

2.Студенттердің тәжірбиесіне, біліміне, жасына лайықты қиыншылықтардың болуы керек.

3.Проблема анық,  дәл қойылуы керек.

4.Проблеманы толық не жартылай шешу – оның дұрыстығын таңдай білу.

5.Бір ситуациядан екіншіге өтуде бірізділік, әсерлік сақталуын көздеу керек.

Бірізділік, өзара қатынас, байланыс, тәуелділік, мәселені жан – жақты тануға мүмкіндік тудырады.Проблемалық оқыту студенттерді ғылыми, дидактикалық, логикалық, ойлауға, кездескен қиындықтарды жеңуге үйретеді. Оқу материалын дәл, қызықты болуы, білімніңберік болуы, сенімге айналуы, ұзақ есте сақталуын қамтамассыз етеді.

               Проблемалық оқытудың артықшылығы:

               1.Ғылыми ақиқатты дәл, саналы түсінуге білімнің сенімге   айналуына мүмкіндік тудырады. Білімнің негіздерін берік меңгереді, қамтамассыз етіп, дүниетанымын қалыптастырады.

               2. Диалектикалық ойлауға, ғылыми ізденушіліктің жолына үйретеді.

               3.Проблемалық оқу эмоциональды беріледі де сабақ тартымды болып, оқушылардың қызығушылығын, белсенділігін тудырады.

4.Адамдардың өзара қатынас және өзара әрекеттестік психологиясы негізінде құрылған оқыту интерактивті оқыту деп аталады. Оқытушының әрекетінің орталығы бір ғана студент емес, бір – бірімен сұрақтарды талқылайтын, пікір таласқа түсетін, бір – бірімен келісетін және бір – бірін ынталандырып белсенді қылатын өзара әрекетке түсетін студенттер тобы болып табылады. Адамдар ұжымымен ақиқатты іздеу барысында жарысады, бәсекеге түседі, сондықтан интерактивті әдіс студенттердің рухын көтеріп белсенділігін арттырады.

Кейс технологиясы

Кейс –стади амал-тәсілі немесе оқытудың нақты жағдаяттар әдісі(метод конкретных учебных стиуаций») xx ғасырдың басында Америка Құрама Штаттарының Гарвард университетінің бизнес мектебінде пайда болған. Кейс-стади амал-тәсілі термині алғаш рет американдық ғалым Коплендтің еңбектерінде пайдаланылған. Копленд 1921 жылы оқытудың нақты жағдаяттар жинағын шығарып, кейс-стади амал-тәсілін қолдану жолдарын көрсеткен.

   Кейс амал-тәсілі алғашқы кезде бизнес мектебінде ғана қолданылып келсе, бүгін де бұл әдіс арқылы оқытудың қолданылу аясы кеңіп, ол құқық, мәдениеттану, медицина және т. Б. Салаларда жемісті қолданылуда. Қазір кейс-стади амал-тәсілін педагогикалық оқыту үрдісіне енгізу әдіс-тәсілдерін: Л. Барис, В.А. Ясвин, К. Кристенсен, Э.хансен, М.В. Коротков, М.В. Кларин, А.И.Наумова, А.М.Зобина, М.С.Керимбаева, В.А.Канн-калик, Н.Д.Никандров, Б.Н.Киселева, И.В. Липсина, Г.А.Полонский, Д.Экинсон, И.Уилсондар қарастыруда.

    Кейс амал-тәсілінде басты назар оқушылардың ұсынылған реальды немесе қиялдық (алдын-ала құрастырылған) жағдаяттарды талдауы және осы жағдаятқа өзіндік баға беруі, өзінің ой-пікірін нақты әрі толық айтып беруі т. б. Шәкірттің жеке тұлғалық қабілеттерін жетілдіруге аударылады.

    Демек, мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда кейс-стади амал-тәсілін қолдану  - қазіргі білім беру талабына оқушының сабаққа деген қызығушылығын туғызатын жеке педагогиканың жаңа инновациялық жүйесі. 
   Кейс амал-тәсілдерін пайдалануда мына мәселелер: 
1) Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын жетілдіруге алдын-ала дайындалған мәтіндер не тапсырмалар беру; 
2) Микротоптардың басшыларымен өздерінің ойларын бөлісу,бірге талдау, басшының оқушылар түсінбегенде микросабақтар өту; 
3) Сыныптың бірнеше микротоптарға бөлінуі; 
4) Әрбір топтың өзінің басшысы болуы; 
5) Мұғалім бағыт-бағдар беруші, бақылаушы рөлінде ойнауы ескеріледі. Сонымен қатар кейстік амал-тәсілде жағдаяттарға байланысты мынадай бес түрлі пікірсайыс ұйымдастырылды: 
1) Мұғалім оқушыға қарсы сұрақ береді. 
2) Мұғалім-оқушыдан өзінің тапсырма жайлы болжамын сұрайды. 
3) Оқушы-оқушы рольдік ойындар да қолданылады. 
4) Мұғалім оқушыдан өзінің тапсырма жайлы болжамын сұрайды. 
5) Оқушы-оқушы пікірталасады. 
   Кейс бірыңғай ақпараттық кешен болғандықтан, ол үш түрлі бөлімнен тұрады:

1)      кейс дайындау бөлімі

2)      нақты жағдаяттар бөлімі

3)      кейске кіретін қосымша тапсырмалар.

Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда кейс мынадай кезеңдер бойынша дайындалды. 
   1-кезең. Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың мақсатын айқындау.

       2-кезең. Кейсті түзуге материалдар жинау. Сыныптағы оқушылар саны және олардың қазақ тілі пәнінен білім деңгейлері мен сөздік қорының көрсеткіші;

    3-кезең. Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмаларды жинақтау; 
    4-кезең. Сабақтың қай кезеңінде кіргізуге болатынын болжау; 
      5-кезең. Оқушылардың күтілетін нәтижені болжау;

    6-кезең. Нәтижеге қол жеткізу үшін кейсте кемшіліктерді жою. 
    7-кезең. Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмаларды қазақ тілі сабағына енгізу. 
    Кейс  амал-тәсілдері қолданылған сабақтарда сыныпты төрт адамнан тұратын микротоптарға бөлдік. Олар:

1.Сарапшы – әрбір топтың өзінің сарапшысы болады. Сарапшының міндет микротоптарға қатысып отырған оқушылардың жауаптарын қорытындылау. Керек болса, микросабақтар өту. Оқушылар жауаптарының дұрыстығы не бұрыстығы сарапшыға тексертеді. 
2.Жол сілтеуші – бұл-тапсырманы басқалардан ерте шығаратын, әдетте жақсы оқитын оқушы. Ол оқушылар жауап таба алмай жатқанда, дұрыс жолды айтады.

3.Баяндаушы – бұл тапсырмада берілген мәтін не басқа жағдаяттарға еніп, басқа оқушыларға түсіндіреді. Өзі ойнап тұрған образдың жүрісін, қимылын, ым-ишрасын айнытпай салу арқылы дұрыс жолды сілтейді. Мысалы, доп жайлы жұмбақ жасырылғанда, доптың келбетін салу керек.

4.Қарсы сұрақ қоюшы – бір оқушы басқа оқушылардың айтқан пікірлеріне келіспей әдейі сұрақ қояды. Бұл сұрақтарға басқа оқушылар жауап берулері қажет.Бұл оларды өз пікірлерін басқа біреуге дәлелдеуге үйретеді. Кейс сабақтарында берілетін тапсырмалар оқушыларды қызықтыруға, олардың диалогттік және монологтік сөйлеу дағдыларын жетілдіруге, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталды. Оқушыларға тәрбиелік мағынасы жоғары ұлттық педагогика элементтері бар шешендік сөздер, мақал-мәтелдер үйретілді. Кейс технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы мұнда оқушы – өздігінен ізденетін, алдарында тұрған проблеманы шешетін субъект. Мұғалім сабақта тек бағыт-бағдар беруші қызметін атқарады. Кейс технологиясында оқушылар санына қарай бірнеше микротоптарға бөлінеді. Әрбір топ проблеманы шешуде өзінің пікірін дәлелдейді

 

18.  Интерактивтік оқыту әдістемелері

 

1.      Эвристикалық әңгіме

2.      Дискуссия әдістері

3.       «Дөңгелек үстөл», практикалық жұмыстардың конкурсы және оны талдау әдістері.

 

Интерактивті оқытуға келесідей әдістер жатады:

               Эвристикалық әңгіме – бұл ұжымдық ойлау немесе проблеманың жауабын іздеуге құрылған әңгіме.Бұл әңгіме барысында ойша іздеу – ұжымдық ойлауға алмасады, себебі әңгіме барысында пікір алысады, аралық шешулердің әр түрлі варианттары айтылады, бұл жағдайда студенттерақиқатты өзара әрекеттестік және өзара көмектесу арқылы бір – бірінің ойлауын арттырып ақиқатты іздейді.

Пікірталас - (дскуссия ) бұл арнайы бағдарламаланған оқу бағдарламасының теориялық сұрақтарын талдауы, әдетте бұл сұрақты қоюмен басталады және эвристикалық әңгіме түрінде өріс алады.

               Дискуссия – бұл сөйлеу әрекетінің диалог түрі. Бұл жағдайда әңгіме барысында туған пікірлер арасында интенсивті күрес туады. Дискуссияның ерекшелігі дискуссияға түскендердің пікірі дәлелденетін, ақиқатты, белгісіз бір жерден пайда болған емес белсенді ойлаудан пайда болған пікірлер болып табылады. Дискуссия әдісі семинар – дискуссияларда, семинар – практикумдарда, практикалық және лабораториялық сабақтарда тапсырмаларды орындау нәтижелерін талқылау барысында қолданылады.

  «Ой шабуыл» - әдісінің мәні бойынша кұрделі проблемаға жауап іздеу барысында әр түрлі ойға кез-келген идеялар, болжамдар, ұсыныстар, кездейсоқ аналогияларды интенсивті айту, сонымен қатар қатысушылардың керекті немесе керексіз ассоциациялары пайда болуы мүмкін.Бұл пікірлердің барлығы диктофонға жазылып «ой шабуылын» ұйымдастырушы зейін қойып олардың ішінен сұраққа жақын жауаптарды таңдап алып, кейін сұрақ мазмұнына сәйкес терең талқылау ұйымдастыру.

               «Ой шабуыл» әдісінің алтын ережесі деп әңгіме барысындағы бірде бір ой–пікірдің айтылуына күмәндәну, сын айтуға болмайды, әр түрлі идеяларды айтуға ерік берілуі керек.

               «Дөңгелек үстел» әдісі әр түрлі ғылыми аспектілерде теориялық проблемаларды меңгеру жолымен қарастырылатын, тиімділікті арттыратын әр түрлі профильдегі мамандардың қатысуымен өтетін әдіс.

               Іскерлік ойын әдісі -  мамандарды басқару және әрекет жасауға үйрететін әдіс. Студнтті нақты жағдайда қатысушы кісі ролінде айқын және пәнді ойларға мәжбүр еткізіп, елеулі нәтижелерге жету деген саналы мақсатта болуға қою. Сондықтан бұл жағдай оқушының зейінін сезімталдандандырады, ойлауды мақсатқа бейімді қылып меңгеруді жақсартуға себеп болады.

               Интерактивті оқытудың жаңа әдісі тренинг болып табылады.

Тренинг – бұл арнайы жасалған кіші топтарда қарым – қатынасты ұйымдастыру арқылы өтетін психо – корректілік жұмыс әдісі.

               Сабақты топтың тренинг әдісмен өткізу оқытушыдан зор дайындық жұмыс атқаруды талап етеді.

1. Тренингтің сценарий жоспарын құруға байланысты жұмыс.

2.Тренингта талқыланатын проблеманы шешуге қатысуға студенттердің көңілін белсендетуге байланысты жұмыс.

Оқытушының өзіндік дайындығы ( өзінің жүріс – тұрысын ойластыру; сұрақтарды қалай қоятынын қарастыру; жауаптарға және рекминаларға  қалай жауап қайтаруды ойластыру; даулы мәселеге қалай жауап беру т.б.)

Қорытынды – жоғарыда атлғаннан келесідей қорытынды жасауға болады. Оқыту әдістері сонда ғана әсерлі бола алады, егер олар оқушының өзіндік іс - әрекетін белсендетіп оның жеке бастық ақыл – ой дамуына қызмет етеді. Білімдердің меңгеруіне табиғи заңдылық қажеттілігіне тек оқытудың белсенді әдістері ғана дидактиканың жауабы болып табылады.

Пікірталас әдісі – оқу материалының дау тудыратын тақырыбын қарастыруға, талдауға бағытталған және білім алушылардың әр түрлі ұстанымдарын бір арнаға тоғыстыратын оқыту тәсілі. Бұл әдіс проблемалық жағдаятқа негізделген және семинар сабақтарында кеңінен қолданылады. Пікірталастың туындауына теорияны қорытулар мен ережелер, қағидалар, теорияны практикамен алмастыру, ғылым мәселелерін талқыға салу, проблеманың бүгінгі таңдағы көрінісі себеп бола алады.

Пікірталас түрлері:

-топ оқушыларының жалпылама түрде бір проблеманы шешу барысына аяқ астынан пайда болатын пікірталас;

-әр түрлі педагогикалық құбылыстарға өзіндік ұстанымын білдіру үшін сенімін қалыптастыруға бағытталған пікірталас;

-арнайы педагог туындатқан нақтылы ақпарат пен дәлелді дәйектерге сүйенген оқу пікірталас.

Пікірталас әдісін қолданып өткізген семинар сабағынан үзінді келтірейік.

1)        Оқытушы сабақ тақырыбын хабарлап, өзі пікірталасты жүргізуі немесе көшбасшы-студентті тағайындауы мүмкін.

2)        Студенттер проблеманы шешудің жолдарын, ойларын беделді дереккөздерге (теориялар, концепциялар, ілімдер) сүйене отырып білдіреді.

3)        Оқытушы немесе көшбасшы-студент барлық ойларды тақтаға жазады әр нұсқаны талқыға салады, оларды маңыздылығына, мәніне қарай орналастырады.

4)        Пікірталас соңында талқылау нәтижесінде соңғы шешімдер қабылданады.

«Пікірталас әдісі» төмендегідей «күшті» және «әлсіз» жақтарымен ерекшеленеді:

 

«Күшті» жақтары

«Әлсіз» жақтары

-диалогтік қарым-қатынас дағдылар жетіледі;

-сыни ойлау дамиды;

-қаралатын мәселе бойынша білімдері толықтырылады

-барлық тақырыпты пікірталас әдісі арқылы оқытуға келмейді;

-пікірталас әдісін барлық студент бірдей қолдана алмайды;

-дайындық үшін қосымша уақыт керек

 

 

«Шағын топтар» әдісі – оқу материалының жалпы сұрақтары жекелеген өзіндік сұрақтарға ажыратылатын және білім алушылар топтары арасына бөлініп берілетін, студенттер өздігінен немесе оқытушының көмегімен хабарлама әзірлейтін оқыту тәсілі.

Аталған әдісті қолдану топтың ішінде жұмыс істей алу іскерліктерін дамытады, студенттердің шығармашылық қасиеттерімен қоса бастамашылықтарын, өздігінен жұмыс істей алу қабілеттерін де жетілдіре түседі.

Бұл әдісті семинар сабақтарында қолданған орынды. «Шағын топтар» әдісін қолданып өткізген сабақ үзіндісін келтіріп көрейік:

1) Студенттер 3-5 адамнан шағын топтарға бөлінеді (студенттер тілегі бойынша немесе олардың дайындық деңгейі, «күшті-әлсіз» студент позициясынан оқытушы өзі топтарға бөлуіне болады).

2) Әр топтың басшысы тағайындалады.

3) Әр топ өздерінің рөлдерін бөліп алады: «Баяндамашылар» тобы, «Оппонент-сыншы» тобы, «Қорғаушы» тобы. «Баяндамашылар» тобы аудитория алдында негізгі ережелер, қағидалар мен концепцияларды нақтылы мысалдармен, көрнекіліктерімен баяндап береді. «Оппонент-сыншы» тобы «Баяндамашы» тобына сұрақтар қояды, баяндамаларын, оның мазмұнын, дәлелдемелерін сынға алады. «Қорғаушы» тобы жаңа фактілер келтіріп, ойларды толықтырады, мысалдар келтіреді.

4) Жұмыстың тиімді болуына «Баяндамашы» тобының өз баяндамаларымен аудиторияны алдын-ала таныстырулары да ықпал етеді. Топтың әрбір мүшесі кем дегенде бір тапсырманы орындаулары керек: иллюстрация дайындау, мысалдарды таңдап алу, баяндама жасау, қосымша әдебиетті іріктеу және т.б.

«Шағын топтар» әдісі өзінің «артық» не «кем» жақтарын көрсетеді:

 

«Артықшылығы»

«Кемшілігі»

-топта жұмыс істеу іскерліктер дамиды;

-белсенділік, бастамашылық, дербестік секілді қасиеттер жетілдіріледі;

-шығармашылық қабілеттер дамиды

-дайындық үшін қосымша уақытты талап етеді;

-студенттердің барлығы бірдей топта жұмыс істеу әдісін біле бермейді

 

 

«Тірек конспектілер» әдісі – оқу материалын меңгеру мен бекіту ақпарат көздеріне (оқулықтар, сөздіктер, анықтамалықтар, дәріс конспектілері және т.б.) қарай бірнеше рет қайталау нәтижесінде жүзеге асатын оқыту тәсілі.

Бұл әдісті семинар және практикалық сабақтарда қолдануға болады. Төменде аталған әдісті қолданып өткізілетін сабақ үзіндісі берілген:

1)  Оқу тобы семинар сабақтың сұрақтарына байланысты 3-4 шағын топтарға бөлінеді.

2)  Әр топ мынандай тапсырмаларды алады: нақтылы бір сұрақ бойынша тірек конспектісін жасайды, оған оқулықты, конспект дәрісті және т.б. қолдануға болады. Тапсырманы орындауға 20 минут уақыт бөлінеді.

3)  «Үздік тірек сызбасы» атты сайыс ұйымдастырылады. Сайысқа қойылатын талап – тірек сызба бойынша сұраққа қысқа да түсінікті жауап беру іскерлігін таныту. Эксперт ретінде оқытушы өзі шығады.

4)  «Тірек сызба бойынша жауап берген үздік студент» байқауы өткізіледі. Топ мүшелері басқа топ мүшелерінің сызбасы бойынша сөйлейді. Эксперт ретінде студенттер өздері шығады.

Әдістің «артықшылығы» және қолдануда шарттары бар, енді оларға назар аударайық:

 

«Артықшылық» жақтары

Орындалуға тиіс міндетті шарттар

-оқу материалын бірнеше рет қайталау;

-студенттерді бірлескен жұмысқа тарту;

-танымдық белсенділігін арттыру

-студенттер мұндай жұмыстың әдістемесімен таныс болуы шарт;

-әдісті студенттердің сабаққа нашар даярланып келген уақытында ғана қолданған дұрыс

 

 

Оқытудың жекеленген жүйе» әдісі – білім алушылар өздігінен, жекелей оқу материалын оқу әдебиеттері, бейнефильмдер, юниталар, слайд-дәрістер, курстық кейстер арқылы меңгеретін оқыту тәсілі.

Бұл әдіс дәріс өткізу барысында, сонымен қоса сырттай оқу түрі студенттерімен жұмыс істегенде, қашықтықтан оқыту формасында жақсы қолданыс тапты. Бұл әдістің ерекшелігі оқу курсының мазмұнын модульдерге бөлу болып табылады. Әрбір модульге әдістемелік тапсырмалар мен нұсқаулықтар әзірленеді, студенттер өздігінен даярланады, әдебиетті өңдейді, электронды оқу қорларын (слайд-дәрістер, юниталар, электронды оқулықтар және т.б.) қарап шығады. Материалды игерулеріне байланысты студенттер бақылау жұмысын (реферат, тест және т.б.) орындайды. Егер ол оқу модульге байланысты тапсырмаларды сәтті орындап шықса, келесі модульге көшеді.

Әдіс «мықты» және «әлсіз» тұстарға ие, оларды қарастырайық:

 

«Мықты» тұстары

«Әлсіз» тұстары

-оқу үдерісін жекелеу, даралау;

-білім алушылардың өзін-өзі басқаруларын дамыту;

-студенттердің мүмкіндіктерін есепке алу

-студентердің өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалар мен ұсыныстарды әзірлеу үшін қосымша уақыт керек

 

 

«Миға шабуыл» әдісі – студенттердің ғылыми және практикалық проблемаларды шешудегі дәстүрлі емес жолдарын іздестіретін ақыл-ой іс-әрекетін ұйымдастыруға бағытталған оқыту тәсілі. Ол бірнеше кезеңдерден тұрады:

1.      Проблеманы анықтай алу немесе проблемалық жағдаят туғызу.

2.      Талдаусыз және дәлелсіз әр түрлі ойларды алға шығару.

3.      Ойларды, ұсыныстарды теориялық, эмпирикалық жағынан тексеру, талдау.

4.      Үздік ойларды таңдау және бағалау.

Әдістің құрылымы екі бөліктен тұрады: біріншісі – ойларды шығару, екіншісі – ойларды дамыту және қорғау. Бұл әдісті көбінесе семинар сабақтарында кейде дидактикалық мақсатты ескере отырып дәріс сабақтарында да қолдануға болады.

«Миға шабуыл» әдісін қолдануға даярлық келесі кезеңдерден тұрады:

І кезең – Сабақтың мақсат пен міндеттерін анықтау.

ІІ кезең – Сабақтың жалпы өту барысын жоспарлау, сабақтың әр кезеңінің уақыт көлемін анықтау.

ІІІ кезең – Жаттығу үшін 3-4 сұрақ құрастыру, психологиялық қысымды азайту мақсатында қызықты жағдаяттарды таңдап алу.

ІV кезең – Ортаға түскен ойларды бағалау үшін бағалау нормаларын әзірлеу (өзектілігі, теориялық негіздеме, практикалық мәні және т.б.).

Төменде «миға шабуыл» әдісін қолданып өтетін сабақ үлгісі келтірілген:

І кезең – ұйымдастырушылық: дәрісхананы даярлау, жиһаздарды орналастыру, қажет құралдарды әзірлеу.

ІІ кезең – мақсатты қою: тақырыпты, сабақтың мақсаты мен формасымен, қатысушыларды ұжымдық жұмыс тәртібімен, шарттарымен таныстыру (уақыты 5 минут). Сонымен қатар, «Миға шабуылды» бастамас бұрын студенттерді төмендегідей ережелермен таныстырып өткен жөн:

-барлық қатысушылар – тең дәрежелі серіктестер;

-сыни тұрғыдағы ескертулер мен бағалауға тыйым салу;

-кез келген ой-нақтылы, шынайы, ғажайып және ақылға сыйымсыз болса да қабылдана береді;

-өзін-өзі ынталандыру: «Мен миға шабуылдаушымын, мүмкін, менің ғана ойым бүкіл проблеманы шешуге негіз болады».

ІІІ кезең – жұмысшы топтарды құру: олардың бірі – «эксперт», қалғандары – «ойлар генераторы». Топ құру студенттердің өз қалаулары бойынша жүзеге асады (уақыты 10 минут).

ІV кезең – жалпы жаттығу. Сабақ тақырыбына және де бұрын өткен сабақ тақырыптары бойынша сұрақтарға өте жылдам жауап беру (уақыты 10 минут).

V кезең – өзіндік «шабуыл». Барлық топтарда ойлар баяндалады, эксперттер жазып отырады (уақыты 10 минут).

VI кезең – жинақталған ойларға талдау өткізу: үздік ойлармен танысу, оның авторлары өз ойларын қорғайды, дәлелдейді. Үздік ойларды барлық топтар бағалайды. Талқыға салу қорытындысы бойынша ұжымдық шешім қабылданады (уақыты 20-30 минут).

VII кезең – финалдық: оқытушы жалпы қорытынды жасайды, топтардың жұмысына баға береді, сәтті шыққан ойлар, кезеңдер аталып өтіледі, келесі «шабуылдарға» ұсыныстар мен пікірлер білдіріледі (уақыты 5-7 минут)

VIII кезең – рефлексия: сәттіліктер мен сәтсіздіктерді талдау.

«Миға шабуыл» әдісінің «мықты» және «әлсіз» тұстары бар:

 

«Мықты» тұстары

«Әлсіз» тұстары

-танымдық белсенділікті арттыруы;

-оқу материалын білім алушылардың шығармашылық жолмен меңгеруі;

-теорияның практикамен байланысы;

- көңілдің ортақ іске жұмылуы;

-проблеманы шешу кезеңінде ойлау қызметінің күшеюі;

-топта жұмыс істеу іскерліктерін қалыптастыру

-дайындық үшін қосымша уақыт қажет;

-барлық студенттер «миға шабуыл» әдісімен таныс болмауы мүмкін;

-барлық тақырып осы әдіспен оқытылуы мүмкін емес

 

 

СЫНЫПТАН ЖӘНЕ МЕКТЕПТЕН ТЫС ЖҰМЫС

 

19.  Сыныптан және мектептен тыс жұмыс

 

1.  Психологиялық үйірмелер.

2.  Психологиялық конференциялар.

3.  Психологиялық журнал.

 

Психология пәні бойынша аудиториялық оқудан тыс ұйымдастырылатын жұмыстың бірі психологиялық үйірмелер болып табылады.

Психологиялық үйірмелер – білім алушылар өздерінің танымдық және шығармашылық сұраныстарын қанағаттандыратын, шығармашылық әлеуетін дамытатын, олимпиада, байқаулар мен көрмелерге, конференцияларға және т.б. қатыса алатын оқудан тыс жұмыстың арнайы ұйымдастырылған формасы.

Үйірмелер екі түрлі қызмет атқарады: білім берушілік және тәрбиелік. Бірінші қызметі білім алушының бағдарламадан тыс материалды терең игеруінен көрінеді, екіншісі педагог мамандығына сүйіспеншілік, құрмет сезімдерін оятып, балалармен жұмыс істеу қажеттіліктерін қалыптастырады.

Үйірменің бірнеше түрлері бар, олар: проблемалық-тақырыптық (жекелеген өзекті сұрақтарды тереңірек қарастыру, мысалы, бейіналды және бейінді оқытуды ұйымдастыру, сабақтарда белсенді оқыту тәсілдерін қолдану және т.б.), тарихи-тақырыптық (өткен ғасырлардың атақты педагогтарының өмірі мен қызметі туралы оқу), проблемалы-аналитикалық (оқу, талдау, озат педагогтар тәжірибесін, білім беру мекемелерінің инновациялық үлгілерін жинақтау, қорыту).

Үйірмелер қызметін ұйымдастырудың талаптары:

-үйірме жұмысына қатысу ерікті түрде жүзеге асады;

-үйірме жұмысына қатысушылар жас мөлшері әр түрлі болуы мүмкін, яғни 1-4 курс студенттері бірдей қатыса алады;

-қаралатын сұрақтар өзекті, практикалық жағынан мәні зор болуы керек;

-теория мен практика арасындағы байланыс орнату яғни, барлық қаралатын сұрақтар теорияға негізделуі тиіс, ал үйірме қатысушылары жекелеген тапсырманы орындаудан бастап, жоба қорғауға дейін әр түрлі іс-әрекетке қатысулары керек;

-үйірмеге қатысушылардың іс-әрекеттері шығармашылық тұрғыда болуы шарт, бұл олардың зерттеушілік, ізденіс жұмыстарына деген қызығушылықтарын арттырады;

-үйірме қатысушыларының іс-әрекет нәтижелері мен жетістіктері үнемі баспасөз беттерінде немесе білім беру порталдарында жарияланып отыруы керек;

-рефлексия өткізу: үйірме мүшелері өз іс-әрекеттерін талдап, өз жетістіктеріне болжау жасап отырулары керек.

 

Әдебиеттер тізімі:

1.  Жақыпов С.М., Тоқсанбаева Н.Қ. Психологияны оқыту әдістемесі. Алматы, 2012

2.  Әмірова Б.А., Молдабаева Р.А. Психологияны оқыту әдістемесі. Қарағанды, 2012

3.  Методика преподавания психологии: конспект лекций/ О.Ю.Тарская, В.И.Валовик, Е.В.Бушуева и др-М.2007

4.  Бадмаев Б.Ц. Методика преподавания психологии. М.,2001

5.  Ляудис В.Я. Методика преподавания психологии. М.,2000

6.  Г.Кертаева Оқытудың кейбір әдістері. –А. 1992

7.  Н.Д.Иванова Оқыту процесі, оның мәні. –А 1991

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-22 23:11:07     Қаралды-73034

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »