UF
Загрузка...

Тақырыбы: Метеорология және климатология негіздері 

 

Ауа – райы және оны болжау.

 

          Метеорологиялық іс-тәжірбиеде «ауа-райы» және «климат» деген ғылыми терминдер кеңінен қолданылады, себебі олардың екеуі де атмасфераның белгілі бір күйіне жатады.

          Ауа- райы қысқа уақыт аралығындағы немесе тәулік ішіндегі атмасфераның күйі болып саналса, ал климат ұзақ уақыт ішіндегі құбылыстардың жиынтығы. Ал, «тәулік» дегеніміз  атмасфера  күйінің заңды өзгерістерінің  ең қысқа табиғи кезеңі . Бұл өзгерістерді ауа-райы элементтердің, яғни ауа t мен ылғалдылықтарының, бұлттылықтың, жер-шарының, атмасфера қысымының, желдің тәуліктік жүрісін бақылай отырып, қадағалауға болады.Атмасфераның күйін негізгі метеорологиялық элементтердің кешендік жиындығымен сипаттайды.

          Кешендік жиындық дегеніміз: атмосферадағы барлық құбылыстардың болып отыруы. Белгілі бір аймаққа тән қалыптасқан ауа-райына байты ол жердің тірі органимдері бейімделеді. Мыс: ыстық ауа – райына бейімделген өсімдіктер мен жануарлар әлемі ылғалды ауа-райында тіршілік ете алмайды, немесе ауа-райын қабылдай алмайды. Сондықтан ауа-райын жүйелі түрде бақылап, зерттеу арқылы тәуліктік ауа-райының кешендік типтерін бөһлуге болады. Атап, айтсақ ауа t- сына байланысты ауа-райы үлкен үш топқа бөлінеді:

1.    Аязды ауа-райы

2.    00- тағы ауыспалы ауа-райы

3.    аязсыз

бұл топтардың әрбірінде ауа-райы бірнеше кластарға бөлінеді.

 

Аязсыз ауа райының кластары

 

Аязсыз ауа – райының орташа тәуліктік t-cы 00- тан жоғары болады да, соған қарай төмендегідей кластарға бөлінеді.

1.    Құрғақты қуаңшылық, онда өрт. Тәу t>220C, орташа тәулік салыстырмалы ылғалдылық z<40. Сол ылғалдылықтарды ауа құрамындағы су буы серпімділігінің құрамынан ауа септілігі қатынасына тең.

2.    Қоңыр жай құрғақшылық, t>220C, z40-60

3.    Шамалы бұлтты

Бұл 3 кластың ауа-райы тұрақты антициклондармен байланысты болады.

4.    Күндіз бұлтты, ол күндіз жердің жылы бетінен ауа қызғанды т.б.

5.    Түнде бұлтты, ол түнде теңіздің беті құрлықпен салыстырғанда жылы болған жағдайда т.б.

6.    Жауын-шашынсыз бұлыңғыр;

7.    Жаңбырлы бұлыңғыр

8.    Ылғалды тропиктік t>220С, z> 80, жылу мен ылғал мол болғанда т.б.

 

00 – тағы ауыспалы ауа-райының кластары

 

Егер орташа тәуліктік t-ра 00-ден жоғары болса, онда оның тіп шамасы теріс болады, ол егер тәулік t-ра 00- тан төмен болса, онда тіп оң болады, мұндай ауа-райы әдетте өтпелі маусымда болады. Соған байланысты, бірнеше кластарға бөлінеді.

         

9.    Күндіз бұлтты, онда ауа-райы желді және жауын-шашынды фронттар өткен кезде п.б.

10.           Күндіз ашық, бұл жоғарғы қысым кезінде п.б., республикамыздың оңтүстік аудандарында жылдық суық мезгілінде қалыптасады.

 

Аязды ауа-райының кластары.

 

Аязды ауа-райы үшін 00- тан төменгі тах t-ра тән болып келеді де, көбнесе жоғарылаған атмасфералық қысым кезіне сай келеді де, кластарға жіктеледі.

11.           Әлсіз аяздар t 00С- -120С.

12.           Едәуір аязды, ауа t -120- -220С.

13.           Күшті аязды, t -22 50С- -320, 40С.

14.           Үскірік аязды t -320С – 420С.

15.           Өте аязды t-420С-тан төмен.

Ауа-райының мұндай классификациясы адамдардың өмірі мен қызметіне ықпалын ескере отырып жүргізілген және қазіргі кезде практика жүзінде қолданылып келеді.

 

Ауа-райын болжау.

 

Ауа-райын зерттеудің практикалық маңызы өте зор, яғни ауа-райын болжау халық шаруашылығының барлық салаларына қажет деп табылады да, онымен синоптикалық метеорология айналысады.

          Ауа-райының алдын-ала болжануы арнайы метеорологиялық және агрологиялық стансияларда жүргізіледі де, онымен айналысу үшін әртүрлі қызмет ұйымдары ашылған. Ауа-райы қызметінің орталық ғылыми-зерттеу және методикалық органы – гидрометеорологиялық орталық болып табылады. Республикалық, өлкелік және обылыстық орталықтарда гидрометеоқызметтің жергілікті басқармасына бағындырылған ауа-райы бюролары жұмыс істейді. Ауа-райы қызметіне белгілі бір бағдарлама бойынша тәулігіне сағ 00,03,06,09,12,15,18,21-де гринвич уақыты бойынша бір мезетте 8 рет бақылау жүргізетін бірнеше метеорологиялық санциялар енгізілген.

          Мұндай     метостанциялардан      басқа  жолы   қиын            аудандарда  таулар  мен шөлдерде  автоматикалық  станциалар жұмыс істейді, сондай-ақ атмасфераның күйі туралы мәліметтер карабльдер самолеттер, ректорлар және спутниктер арқылы беріледі.

          Цифрлық телеграммалар түрінде жиналған метеорологиялық информациялар компьютерлерде өңдесіп, нәтижесінде синоптикалық карта құрастырылады. Синоптикалық карта дегеніміз: ауа-райы алдын алаболжауға  арналған және ауа-райы туралы деректер шартты таңбалармен көрсетілетін карта. Онда изобаралар, циклондар мен антициклондар, атмосфералық фронттар, ауа-массалары және жауын-шашынды облыстар көрсетіледі. Ал кейбір қосымша метеорологиялық элементтер агрологиялық диограммалар және графиктер арқылы беріледі.

          Ауа-райын алдын ала болжау өте күрделі процесс болып саналады.Себебі, олардың тұрақты дамуында дара әрекет жасайтын факторлардың жиынтығын есепке алу қиынға түнді.Қысқа мерзімді болжауларды жасау үшін атмасфера процестерінің дамуына алдын-ала болжау жасайды, яғни қысқа мерзімді 1-3 тәулік жатады.

          Егер, атмасфералық процестердің дамуында күрт өзгерістер болмаған жағдайда болжау жасау мейлінше жеңіл әрі дұрыс болып шығады. Қысқа мерзімді болжаулардың орташа алғандағы дәлдігі 80 тен аспайды.  Авиация, флот және а/ш-ға үшін жасалған арнайы болжаулардың дәлдігі жоғары болса, ол жалпы болжаулардың дәлдігі аз болады. Болжау мерзімі неғұрлым көп болса, оның тәулігі соғұрлым аз болады.

          Ауа-райының ұзақ мерзімдік болжаулары 2 ге бөлінеді:

1.    Шағын алдын ала, яғни 4-8 тәулікке болжам жасау;

2.    Үлкен алдын ала, ай немесе маусымға болжау жасау.

Ауа-райының ұзақ мерзімдік болжауын жасаудың дәлдігі аз.

          Бұранғы кеңестер одағының тұсында ең алғашқы ұзақ мерзімді болжаулар 1922ж. бастамт, оның негізін Б.П. Мультановский қалады.

          Ауа-райының айлық және маусымдық болжамын жасай отырып, оның алдындағы айлардың және ырқатар зерттеледі де , ұқсас процестерді есепке алып, синоптикалық жағдайларды іріктейді. Әр айдың метеорологиялық процестердінің жылдық басқа айларынан ұқсастықтары бар екені статистикалық тәсілдермен анықталған. Мыс: қазан айындағы атмосфералық процестердің 73- тік жағдайлары қаңтар  айының процестеріне ұқсайды. Ауа-райын болжағанда осы тәуелділік қолданылып, әртүрлі тәсілдер пайдаланды.

  

Географиялық қабықтар.

 

1.    Атмасфера (грекше «атмос» - бу, «сфера» - шар) деп жер мен  бірге айналып . ол газдан, тозақ мен су буының қосындысынан тұранды. Жеп бетіне таяу қабатындағы атмасферадағы құрғақ ауаның құрамына, негізінен, азат (78, 084 ) пен, оттек (20, 95 )кіреді, қосымша аргон (0, 93 ), көмір қышқыл газы (0, 03 ) кіреді, олар ауаның 99, 99  - ін құрайды. Атмосфераның жалпы массаның 90 - і астынғы 16 километрде, 50  - і төменгі 50 км орналасуы. Жоғарғы көтерілген сайын оның құрамы да өзгереді: 200-500 км-ге шейін азот басым, 500-700 км-де атомарлық оттек, одан жоғарғы гелий мен сутек басым. Биіктеген сайын ауаның тығыздығы да кемиді.Атмасфераның жылуына қарай мына төмендегідей бірнеше қабатқа жіктеледі.

1)    Тропосфера – қалыңдығы полярлік ендікте 10 км, Экватор үстінде 16-18 км. Температурасы үстінгі шегінде – 500С – ке шейін төмендейді. (әрбір км – ге 6-6,5 0). Тропосфера ауа массасы үнемі алмасып отырады да шарбы және будың бұлттар орын тебеті. Сондай-ақ климаттық белдеулер түзіледі:гумеидтік (латынша-ылғалды), аридтік (лат-құрғақ) және нивальдік (лат-қарлы, суық)

2)    Страосфера жер бетіне 50 км-ге шейін тарайды. Температурасы біртіндеп көтеріліп, жоғары шегінде 100С-ке деиін жетеді. Мұндақұлпырма бұлттар түзіледі және ауа күшті айналыста болады.

3)    Атмасфераның 50 ден 80 км-ге дейінгі қабатын мезосфера (грекше «мезо» - ортаңғы) деп атайды. Мұнда жоғары көтерілген сайын t0-кеми береді де, - 900t-ке жетеді. Бұл қабатта күміс түсті бұлттар түзіледі.

4)    Келесі термосферадағы t0 жоғары көтерілген сайын өсіп, оның үстінгі шегінде 12200С – ке жетеді. Газдар мұнда күшті ионданып, иондар мен электрондарға ажырайды. Полярлық тұғыла осында тарайды.

5)    Атмасфераның ең үстінгі 1000 километрден биік қабатын экзосфера дейді. Мұнда газ бөлшектері барша жылдамдықтан ғарыш кеңістігіне шашырай бастайды, яғни атмосфера – бірте-бірте планета аралық кеңістікке айналады, ендеше жердің тарту күшіне бағынбайды. Кейде атмасфераның үстінгі үш қабатын біріктіріп ионосфера деп атайды. Жер шарының атмасферасы біздің планетамыз жаралғаннан кейін оның ішкі қабаттарынан бөлініп шыққан газдардан пайда болған. Қазіргі құрамы жер қабығын құрайтын тау жыныстары арасындағы химиялық ряакциялар мен организм тіршілігіне тығыз байланысты. Атмасфера алдымен жер үстіндегі тіршіліктің болуына мүмкіндік жасайды, сонымен қатар жер қабығының өзгеріп, дамуына үлкен әсер етеді. Жер қыртысындағы барлық үгілу-тазу құбылыстары атмасфера әрекетініңнәтижесі. Тропосфераға байланысты климаттың өзгерістер кейінгі процестері «басқарып», реттейді.Оның құрамындағы аз ғана мөлшерлі көмір қышқыл газы қалыңдығы жүздеген мыңдаған метр карбанатты жыныстарды құрайды. Атмасфераның дамуына әсерін тигізетін организмдер тіршілігінің өзі атмосфералық жағдайларға тәуелді. Тіршілікке қауыпты күннің әсіре күлгін сәулесінің көбі атмосферадан өте алмайды. Тірі жанның тыныс алуына қажетті оттек пен өсімдік қоректену үшін керекті көмір қышқыл газы атмасферада құрастырылады. Ауаның үнемі ұйытқып қозғалыста болуынан мусандар, циклондар, антициклондар, дауылдар туып, олар күрделі геологиялықөзгерістерге әкеп соғады. Сонымен бірге адамдар да атмасфераны былғап, оның өзіне де, барлық тіршілікке де залалы өзгерістерге үшыратып отыр. Өндіріс орындарында, көлік құралдарындағы отын жағудан атмасфераға қыруар көп көмірн қышқыл газы бөлініп шығады.Қазірде оған жыл сайын 23 млрд тоннадан астам көмір қышқыл газы үшады. Сол әсерден жер беті қызып, барлық өлкелерде климатөзгереді. Есеп бойынша ауадағы көмір қышқыл газының мөлшері екі есе өссе, жер жүзінде t0- 1-20С ке көтеріледі, бұл жағдай ғасырдың аяғында-ақ болмақ. Салдарынан полярлық мұздар еріп, Әжімдік мұхиттың деңгейі 4-6 метірге көтеріліп, оның жағасындағы көптеген қалаларды топан суы басады: Климаттың белдеулердің шектері өзгереді, топырақ батпақтанады. Европадағы өзендердің ағысы азайып, керісінше Азия өзендері тасиды.

 

Климат жөнінен қалыпетастырушы факторлар. Климатты жіктеу.

 

Грек тілінен аударғанда “клима”- еңіс дегенді білдіреді, яғни климат дегеніміз – атмосфераның көпжылдық орташа күйі болып табылады. Метеорологиялық элементтердің көп жылдық шамалары климаттық көрсеткіштер болып саналады. Барлық климаттық көрсеткіштер статистикалық әдіспен алынады, яғни статистикалық әдіс дегеніміз: Атмосфералық құбылыстар туралы мәліметтерді есептеу жолымен анықтау, онымен айналысатын ғылым статистикалық климатология деп атайды. Статистикалық әдісті қолдана отырып, климаттық анықтамалар, атластар және синоптикалық карталар құрастыруға болады. Мұндай ғылыми еңбектермен ең алғаш болып Е: Федоров айналысты.

          Синоптикалық карталардың көмегімен белгілі бір аймақтың климатына әсер ететін процестерді анықтауға болады.Мұндай метеорологиялық қызметпен айналысатын ғылыми сала-динамикалық климатология да, онда ауа массасының қозғалысы, олардың тасмалдануы, фронттық процестер, зерттеледі.

 

 Климат құрушы факторлар

 

Атмосфера мен жер бетінің өзара күрделі әрекеттесуінің нәтижесінде климат қалыптасады.Климаттың қалыптасуына көптеген факторлар әсер етеді.

1.Атмосфералық процестердің дамуы мен өзгеруіндегі ең басты рольді – Күн радиациясы атқарады. Бірақ жер шар тәрізді болғандықтан күннің жер бетіне таралуы әркелкі сондықтан ендіктерге байты климаттық айырмашылықтары болады. М: Жердің орбита бойымен айналуына байланысты климат маусымдылығы анықталады. Сонымен қатар, күн радиациясының әркелкі таралуынан солтүстіктен оңтүстікке қарай табиғат зоналары қалыптасқан. Табиғат зонасы дегеніміз: табиғат-климаттық жағы ұқсас және топ-өсімдік жамылғысы бірдей болып келеді ендік бағыттағы территориялар

2.Климат қалыптастырушы келесі фактор – төселме бет.Төселме бет дегеніміз Жер шарындағы у беті мен құрлық беті. Әр түрлі төселме беттің ықпалынан Күннен келетін жылу атмосферасындағы әр түрліқабылданып, ауа массасының қозғалысында күрделенеді.

          Континенттік климатта ауаның ылғалдылығы, бұлттылық, жер-шарын және желдің жылдамдығы теңізбен салыстырғанда аздау болады.

          Мұхит үсті мен оған жапсарлас жатқан континент үстіндегі климаттың қалыптасуына теңіз ағыстары ықпал етеді. Суық ағыстар атмасфераның тұрақсыздығын анықтайды және суық ағыстарға қарағандажылы ағыстарда булану жылдам жүреді, ол суық ағыстардың үстінде және олардың жылы ағыстармен шекарасында туман жиі пайда болады.

 3.Климат қалыптастырушы – орографиялық фактор.

    Орография дегеніміз: жер бетіндегі биіктіктің әркелкілігі немесе жер береді. Таулы аймақтарда орографияның ықпалы ерекше болып келеді. Жер бетінің абсолюттік биіктігі жоғарылаған сайын күнрадиациясының келуі арта түседі. Жауын шашын қатты түрде түсіп, еріп үлгере алмайтын жерде және таулы аймақтарда климатқа ықпал ететін мұздықтар пайда болады.

1.    Актмасфералық циркуляцияның ықпалынан да климат әртүрлі ықпал етеді. Себебі, атмосфералық циркуляцияға б/ты табиғаттағы ылғал айналымы жүріп отырады.

 

Климаты жіктеу

 

Жер бетінен дәл бірдей 2 климатты табу мүмкін емес, бірақ ұқсастықтары мен айырмашылықтарының негізгі сипаттарын анықтай отырып, оларды жетекші белгілеріне қарай жіктеуге болады. Ең алғашклиматтық жіктеулер 19 ғасырдың 70-ші жылдарында пайда болған. Ал, 1900-1936 жылдары атақты климатолог В.П. Кеппен жасаған климаттық жіктеулер қазіргі кезге дейін қолған. Ол климатты жіктеу барысынданегізгі белгі ретінде ауа t-сы мен ылғалдылықты есепке алды да, 5 климаттық белдеуді бөлді:

1.    Ыстық белдеу. Ең суық айдың орт. t180С, жауын шашынның жылдық мөлшері 7500мм,

2.    Құрғақ белдеу. Орташа жылдық t 00 тан жоғары, жауын шашынның басым бөлігі қыс маусымында түседі.

3.    Қоңыржай жылы. Ең суық айлардың орт. T 18-30C қа ауытқыды.

4.    Қоңыржаи суық, ең суық айдың орташа t-30С – тан төмен, ең жылы айдың t100Сболғанымен қысты күнгі аязды күндердің саны басым болып келеді.

Экваторлық белдеу дегеніміз: пассаттар әкелген тропиктік ауаның тасмалдануынан түзілген белдеу.

Субэкваторлық дегеніміз: жазда экваторлық, қыста тропиктік ауа массасы үстемдік етеді.

Субарктикалық белдеу дегеніміз: қоңыржай ендік ауасы мен арктикалық ауа массалары алмасатын облыс.

Арктикалық белдеу дегеніміз: арктикалық ауаның қалыптасу орны.Қазіргі кезде жер шарының климаттық жағдайларын анықтау үшін Алисовтың классификациясы кеңінен қолданылады, сондықтан жердің климаттық белдеулері мен обылыстарын қарастырамыз.

 

Географиялық қабықты оқыту.

 

1.Күн жүйесі –шығу тегі ортақ денелер комплексі.

 

Қазіргі кезде күн жүйесінің п/б жайлы қайсыбір гитотезоны тексеру кезінен негізінен жер мен күн жүйесіндегі басқа денелердің тау жыныстарының химиялық құрамы мен жасы жөніндегі деректерге сүйенеді. Жыныстың жасын анықтаудың ең дәлірек тәсілі осы жыныстағы радиоактивті уранның мөлшерінің қорғасынның мөлшеріне қатынасын есептеуде болып табылады. Мұның мәнісі мынада: қорғасын-уранның өздігінен ыдырауынан жығатын ең ақырғы өнім жыныста уран неғұрлым аз қалса, ал қорғасын көп жиналса, солғұрлым оның жасы үлкен болады. Тас болып қатып қалған жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарын зерттепқорғанда, соңғы жүздеген млн. жылдар ішінде күннің сәуле шығаруы айтарлықтай өзгермеген. Осы күнгі топшылаушылар б-ша күннің жасы 5 млрд. жыл шамалас. Күн жерден сәл ғана артық жасаған.

          XVIII ғас.ортасында И. КАНТ бейберекет  қ-ғы тозаңдардың суық бұлтынан күн жүйесі п/б. деген пікір айтады. 1796ж. француз ғылымы Г. Лаплас күн жүйесіне тән негізгі сипаттарды ескерді. Күннің өзінде жинақталған: планеталар мен серіктердің орбиталары (олардың ара қашықтықтары мен) дөңгелек дерлік және олар бір жазықтықта жатады деуцге болады: олардың ара қашықтары белгілі заңдылықпен артып отырады: Планеталардың барлығы дерлік күнді ғана айналып қоймай, өз өсеттерінен де бір бағытта айналады.Күн жүйесінің газ-тозақтық  пайда болу дейтін гипотеза жер тобына кіретін планеталар мен алып планеталардың физикалық сипаттамаларындағы айырмашылықтарды түсіндіруге болады. Кометаларды түсіндіруге болады. Кометалардың көпшілігі күн жүйесінің шегінде өз орбиталары бойы мен қозғалып жүреді. Күн массасы жер массасынан 333 000 есе артық және қалған барлық планеталардың жиынды  массасынан 750 есе көп. Күн жүйесіндегі барлық денелерге күшті әсер етеді: оларды қыздырады, планеталардың атмасферасына әсер етеді. Жердегі тіршілікке қажетті жарық, жылу береді. Күн – бірге ең жақын жұлдыз, өзге жұлдыздардан оның айырмашылығы, біз оның дөңгелек шарасын бақылай аламыз да, телескоптың көмегімен өлшемі бірнеше жүз километр шамасындағы ұсақ бөлшектеріне шейін зерттей аламыз. Күн дияметрі – 1400 000 км – ге жуық жер дияметірінен 109 есе артық деген сөз күннің толық сәуле шығару қуаты – 4х 10 23квт жуық. Күн 10 - т гелий қоспасы бар сутегінен тұрады. t0 – ың мәніне қарай және онымен анықталатын процестердің сипатына қарай, бүкіл күнді жарты түрде 4 аймаққа бөлуге болады.

2.    Ішкі центірлік аймақ (ядро), мұнда қысым мен t0 ядролық ряакциялардың жүруін қамтамасыз етеді де, ол центірден шамамен 1/3 R ара-қатынасына шейін тарайды.

3.    «сәулелік» белдеу (1/3 ден 2/3 R ар-та) мұнда3 энергия қабаттан қабатқа электромагниттік энергия кванттарын алма кезек жұту және шығару арқылы сыртқа беріледі.

4.    Канференциялық белдеу – «сәулелік» белдеудің үстінгі жағынан күннің дәл көрінетін менар-на шейінгі аралық.

5.    Атмосфера – бұл бірден конференциялық белдеуден байылады да, күннің көрінетін дөңгелек жүзінің шегінен аулаққа таралып кетеді Атмосфераның төменгі қабатына газдардың жұқа қабаты кіреді де, біз оны күннің беті ретінде қабылдаймыз.

 

II. Күн жүйесінің сыртқы қабаттары.

Шартты түрде күн атмосферасын да бірнеше қабатқа бөлуге болады. Атмосфераның қалындығы 200-300 км, ең терең қабатын фотосфера (жарық сферасы) деп атайды. Фотосфераның сыртқы қабаттарында температураның кемуі салдарынан күннің көрінерлік спектрінде жұтылу қара сызықтары байқалады. Алғаш 1814 ж осындай сызықтардың бірнеше жүздеген суретін салған неше оптигі  И. Фраунгафердің (1787-1828) құрметіне олардың фраунгофер сызықтары деп атайды. Жоғары қарай t0 өсе бастайтын және сутегінің, гелийдің және тағы басқа элементтердің иондануы бірінен соң бірі ретімен жүре бастайтын күн атмосферасының аймағы хромосфера деп аталады. Оның t0-сы он мыңдаған және жүз мыңдаған кельвинге барады.

          Күн атмосферасында магнит өрістері өте маңызды роль атқарады – олар плазманың қозғалысына, оның тығыздығына және t0- на күшті әсер етеді.

 

Күн және жердің байланысы.

 

Жерде болып жататын құбылыстарға күн зор ықпалын тигізеді. Жер атмосферасының жоғарғы қабаттарындағы ең маңызды физикалық және химиялық процестер күннің қысқа толқынды сәулелеріне тәуелді. Көрінетін және инфра-қызыл сәулелер жерге негізгі жылу “берушілер” болып табылады. Күн жерге жарық беріп және жылытып қана қоймайды. Бірқатар геофизикалық құбылыстар күн әрекетінің білінуімен қосарласа өтеді.

 

Тақырыбы: Атмосфералық жауын – шашындар. Олардың түрлері. Жауын-шашынның тәуліктік және жылдық жүрістері.

 

Бұлттылықтың жерінен пайда болып жер бетіне түсетін сүйық және қатты заттар атмосфераның жауын-шашындар д.ат.

          Жауын-шашынның болу процесінде конденсоция және сублиматция ядроларының қызметі зор болып табылады, себебі конденсация ядросы болмаса, су буы сұйыққа айналуы мүмкін, емес, ал сублиматция ядролары су буынның қатты күйге өтуіне себепші болады.

          Жауын – шашынның ең негізгі формаларына қар мен жаңбыр жатады. Қандайда бір уақыт ішінде жер бетіне жауған атмосфералық жауын-шашынның мөлшерін есептеуге болады, егер де ол топыраққа сіңбесе, буға айналмаса, және жердің ойысты жерлеріне ағып кетпесе жер бетіне түскен жауын-шашын мөлшері мм, см немесе метірмен өлшенеді. 

II.                 Атмосфералық жауын-шашындар өзіндік сипатына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді.

1.    Қар – қиыршық бөлшектерден тұратын, сыртқы пішіні жұлдызша тәрізді болып келетін атмосфералық жауын-шашынның борпылдақ түрі.

2.    Қар ұнтағы – диаметрі 2-5 мм ге жететін, ақшыл түстен ұнтақтар, түсі мөлдірсіз.

3.    Қар түйіршіктері диаметірі 1 мм -ден аспайтын өте ұсақ бөлшектері, түсі мөлдірсіз.

4.    Мұз ұнтағы - диаметір 2-5 мм шамасында болатын мөлдір мұз қабығы.

5.    Бұршақ – мұздық бөлшектерден құралған формасы әртүрлі өлшемде болады. Бұршақтың ядросы болады.

6.    Мұздақ жаңбырлар – диаметрі 1-3 мм-ге жететін қатты мөлдірейтін су тамшыларының кристалданған түрі.

7.    Мұздық қиыршықтар – ұсақ мөлдірейтін мұз кристалшаларының жиынтығы, аязды күндері күнге шағылысып, жылтыр түс береді.

8.    Жаңбыр – конденсация жерінен пайда болған сұйық жауын-шашындар, ондағы су тамшыларының диаметірі 5-7 мм-ге жетеді.

9.    Қылау мен шықтар.

10.           Сулы қар – бұл еріген қар түрінде немесе қар аралас жаңбыр түрінде түседі 7-9 мм.

  

Атмосфералық жауын-шашынныңпайда болуы.

 

Атмосферадағы жауын-шашындардың пайда болуы бұлттардың түріне қарай өзгеріп отырады. Мысалы: еріткіш қоспасы бар қышқылдардың көп шоғырланған аймақтарындағы буланудың әсерінен п.б. бұлттарда жауын-шашындардың жаууы қиынырақ болады.Ал өсімдік жамылғысы мен толық жабылған аймақтардағы бұлттардан жауын-шашын тез қалыптасады.

          Күз кезіндегі жылы ауа массасының ықпалы төмендеп, суық ауа массасының әсері күшейе түсетін мезгілді жоғарғы ярустың бұлттары аралас түрде қалыптасады, яғни оның жоғарғы бөліктері мұздық кристалдардан, ол төменгі бөлігі су тамшылардан тұрады.

 

Жауын – шашындардың мөлшерін анықтау.

 

          Жер бетіне келіп түскен жауын – шашынның мөлшерін анықтайтын көптеген прибор анықталған, оларға осодкомер немесе дондемер жатады.

 

Жер бетінде болатын конденсациялық процестер.

 

Ауа қабатындағы болатын әртүрлі процестер жер бетіндегі топырақпен және басқа да заттармен тікелей байланыса отырып п.б. Бұл қабаттағы қаныққан су буы ылғалға айналады да жер бетіне келіп түсеті,яғни конденсацияның өнімдеріне шық, аяз, қырау, мұз, сұйық және қатты жауын-шашындар жатады.

          Шықтар мен қылаулар. Шық дегеніміз ұсақ су тамшылары түрінде жер бетіне түсетін сұйық жауын-шашындардың бір түрі олар жер бетіне немесе  қандай да бір бұйым немесе заттарға тұтасымен түседі.Ал, қылау дегеніміз жауын-шашынның кристалданған ұсақ әрі нәзік түрі, ол әдетте топырақ бетінің t-сы 00-тан төмендегенде п.б. ол мезетте сублимация процесі п.б. Шықтар мен қылаулардың атмасферада қалыптасуы үшін ашық бұлтсыз түндер мен әлсіз желдер қолайлы. Ашық түндер топырақ пен өсімдік жамылғысының ылғалдануына әсер етсе, әлсіз немесе сол ылғалды жоғарғы қабықтарға тасмалдайды.

          Аяз. Ағаштардың бұтақтарында, электр желілері мен басқа да заттарға тұратын ақ борпылдақ жауын-шашындардың түрі аяз деп аталады. Аяздар құрлысы мен пайда болу жағдайларына қарай 2-ге бөлінеді а) түйіршікте, б) кристал түрінде жіңішке заттарда, яғни ағаш бұтағымен электір жерлерінде п.б. олар 2 және –70С ға байқалады.

          Мұздар – Жер бетінде, ағаштар мен әртүрлі заттардағы тығыздалған мұз қабаты. Мұздардың пайда болуы жер бетінде түскен сұйық жаңбыр мен t-ның 00-тан төмендеуінен байқалады.Мұздар халық шаруашылығындағы үшін өте қауіпті әрі қолайсыз құбылыс, мұздардың п. Б. топ-қ беттерінде зиян келсе, сонымен бірге телеграф пен  байланыс үшін электр желілерін қаратып, темір жол мен аф-ль көліктерінеедәуір мөлшерде шығын әкеледі, сол сияқты ауыл шаруашылығы үшін мол жиылымдарын білдіреді.

 

Сұйық және қатты жауындар.

 

Атмосферада қоңыржай t-ра дан соң жылы әрі ылғалды ауа массалары п.б., оның артынан сұйық жауындар п.б., олар су тамшылары түрінде жер бетіне түседі.

          Ауа қабаттарында конденсация мен сублимация пр-нің нәтижесінде ауаның мөлдірлігі азайып, кейде ұсақ су тамшылары мен мұз кристалдары пайда болады. Жер шарына орта есеппен жылына 1130 мм атмосфера жер-шары түседі, оның жартысына жуығы экваторлық ендіктер келеді. Экватордан тропиктік белдеулерге қарай жауын-шашын мөлшері кеми түседі, ол қоңыржай белдеулерде қайта көбиеді.

          Жер шары бойынша жауын-шашынның ең көп мөлшері .Бұның мұхитында гавай аралдарында тіркелген, яғни жылына 12090 мм және түссе,Үндістанда Черапунджа аймақтарында 11660 мм түседі ал ең аз мөлшері Атакалие және Ливия шөлдеріне тән, мұнда кейбір жылдары мүлдем  жауын-шашын түспейді

          Түсетін жауын-шашын мен булану деңгейіне қарап, ылғалдылық коэффициентін анықтауға болады.

 

                            

                   К жауын-шашын м / булану м.

 

Мысалы: Сахарада 100мм. Жауын – шашын түссе, булану 4500мм.

Мысалы: К>1 ылғал жеткілікті

                   K1 бірқалыпты (дала, орирал)

                   K>1 ылғал жеткіліксіз (шөл)

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-22 19:35:27     Қаралды-5865

АРАБ ЖЫЛҚЫСЫ

...

Араб жылқысы - байырғы жылқы тұқымдарының бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРХЕОЛОГИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

тарих ғылымының бір саласы, алғашқы қауымнан, көне заманнан, орта ғасырдан қалған заттай есқерткіштерді зерттеу арқылы адам қоғамының өткендегі тарихын анықтайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БЕЛБЕУ ТАСТАУ

...

Қазақтың ұлттық ойыны

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СОЛТҮСТІК МҰЗДЫ МҰХИТ

...

Жер шарындағы ең кіші мұхит

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САРЫАРҚА ҚАТПАРЛЫ АЙМАҒЫ

...

Сарыарқа қатпарлы аймағы - Азиядағы дербес ірі геологиялық құрылымдардың бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ЖЫЛДАМ ҚҰСТАР

...

Құстар - жердің ең жылдам тіршілік иелері, өйткені жануарлар әлемінің құрлық немесе суда жүзетін құстарының бірде-бір өкілі олармен жылдамдығымен салыстыра алмайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АУА

...

Жер атмосферасын құрайтын, негізінен азотпен оттектен тұратын газдар қоспасы. Ауа су мен жер қыртысының құрамында да болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІРЖАН - САРА АЙТЫСЫ

...

Біржан мен Сараның 1871 жылы қазіргі Талдықорган облысының Қапал - Ақсу өңірінде кездескендегі айтысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІРЖАН-САРА ОПЕРАСЫ

...

Опера тұңғыш рет 1946 жылы 7 қазанда Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында қойылды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »