UF

Тақырып. Шаруашылық кәсіпорынның өндірістік-қаржылық қызметін талдау

 

ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ТАЛДАУ, МӘНІ ЖӘНЕ МАҚСАТТАРЫ

 

1.1. Шаруашылық қызметті талдау түсінігі, мазмұны, рөлі және мақсаттары

 

Табиғатты және қоғамдық өмірді зерттеуді  талдаусыз жүргізу мүмкін емес. Талдау дегеніміз заттың немесе құбылыстың ішкі мәнін түсіну мақсатында оның  құрамдас бөліктерге  (элементтерге) бөлінуі. Мысалы, автокөлікті басқару үшін оның неден тұратынын білу қажет:  бөлшектерін, торабын, олардың атқаратын міндеті мен әрекет ету қағидаларын және т.б.  Бұл жағдай экономикалық құбылыстар мен үдерістерге де қатысты. Дәл  осындай пайданың мәнін түсіну үшін оны табудың негізгі көздерін, сондай-ақ, оның шамасын анықтайтын факторларын білу қажет. Оны неғұрлым терең бөлшектеп зерттеген сайын қаржылық нәтижені қалыптастыру үдерістерін тиімдірек басқаруға болады. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.

Экономикалық талдау – бұл құрамдас бөліктерге бөлінуіне негізделген экономикалық құбылыстары мен үдерістердің мәнін танып білудің ғылыми тәсілі және олардың  байланыстар мен тәуелділіктерінің әр алуандығын зерттеу.

ШҚТ мазмұны кәсіпорынды басқарушылық жүйесінде негізгі  орынды алатын, өзі  орындайтын функциялары мен рөлінен туындайды. Басқару- шылық жүйесі өзара байланысты келесідей жоспарлау, есеп пен бақылау, шаруашылық қызметті талдау және басқарушылық шешімді қабылдау сияқты функциялардан тұрады.

ШҚТ басқарушылық функциясы ретінде өндірісті жоспарлау мен болжаумен тығыз байланысты, өйткені бұл функцияларды терең талдау жасамай жүзеге асыру мүмкін емес.

Талдаудың бұл функциясы – жоспардың орындалуын бақылау және дайындау, оларды негіздеу үшін ақпараттар – нарықтық экономикада күшейеді, өйткені сыртқы ортаның белгісіздік және құбылмалы жағдайында ағымдағы және болашақтағы жоспарларға түзету енгізуді талап етеді

Қазіргі уақытта өндірісті басқару құралы ретінде талдаудың рөлі артуда. Бұл әр түрлі келесі жағдайлармен негізделген:

-   өндірістің капиталсыйымдылығы мен ғылыми сыйымдылығының артуымен, шикізат құны мен оның тапшылығының өсуімен байланысты өндіріс тиімділігін арттыру қажеттілігімен;

-   басқарудың әміршілдік-әкімшілдік жүйесінен шығып, нарықтық қатынастарға өтумен;

-   экономиканы мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелен- дірумен және басқа да экономикалық реформалардың іс-шараларымен байланысты.

Шаруашылық субъектісінің ШҚТ негізгі мақсаттары:

1. Экономикалық заңдар әрекетінің сипатын зерттеу, кәсіпорынның нақты жағдайында экономикалық үдерістер мен құбылыстардың үрдістері мен заңдылықтарын бекіту.

2.    Ағымдағы және болашақтағы жоспарларды ғылыми негіздеу. 3. Ресурстарды үнемді пайдалануды, басқарушылық шешімдері мен жос- парлардың орындалуын бақылау. 4.    Шаруашылық қызмет нәтижесіне сыртқы және ішкі, субъективті және шынайы факторлардың ықпалын зерттеу.

5. Алдыңғы қатарлы тәжірибені және ғылым мен тәжірибенің жетіс- тіктерін зерттеу негізінде кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру резервтерін іздеу.

6.    Экономиканың даму деңгейіне және бар мүмкіндіктерді пайдалануға, өнім мен қызмет нарығында оның жағдайын анықтауға қол жеткізген жоспарларды орындау бойынша кәсіпорын қызметінің нәтижесін бағалау. Шынайы диагностикалау бизнес-үдерісті  басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

7.    Анықталған резервтерді пайдалану бойынша нұсқаулар жасау.

 

1.2.ШҚТ түрлері және олардың жіктелімі

 

Экономикалық әдебиеттерде ШҚТ әр түрлі нышандарымен жіктеледі және ол оның міндеттері мен мазмұнын дұрыс түсіну үшін үлкен мәнге ие.

ШҚТ салалық нышаны бойынша жеке салалар қызметінің ерекшелігін ескеретін салалық  (өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, құрылыс, сауда және т.б.) және талдаудың салалық әдістемесінің теориялық және әдіснамалық негізі болып табылатын салаларалық  (ШҚТ теориясы) болып бөлінеді.

Уақыт нышаны бойынша ШҚТ алдын ала талдау  (шаруашылық операцияны жасағанға дейін) және келесі талдау (шаруашылық операцияны жасағаннан кейін).  Болашақты талдау шаруашылық операцияны жүзеге асыруға дейін жүргізіледі. Ол басқарушылық шешімді және тапсырмаларды негіздеу үшін, сондай-ақ болашақты болжау үшін күтіліп отырған жоспарды бағалау үшін қажет. Келесі   (өткенді шолатын, тарихи) талдау шаруашылық актіні жасағаннан кейін жүргізіледі. Ол жоспардың орындалуын бақылау, қолданылмаған резервтерді анықтау, кәсіпорын қызметінің нәтижесін бағалау үшін қолданылады. Бұл талдау түрлері өзара тығыз байланысты. Өткенді шолатын (ретроспективті) талдаусыз болашақты талдау жасау мүмкін емес.

 

1.3. ШҚТ нысаны

 

Әрбір ғылымның өзінің зерттеу пәні болады және ол оған тән әдістермен алдына қойған мақсатқа сәйкес зерттейді. Мысалы, медицинада зерттеу нысаны адам болып табылады. Жекелеген медициналық ғылымның зерттеу пәні адамның мүшелері, олардың функциялары мен өзара әрекеті болып саналады. Осы сияқты жағдай экономикада да байқалады.

Шаруашылық қызмет және ондағы болып жатқан үдерістер көптеген ғылымдардың: экономикалық теорияның, макро және микроэкономиканың, басқару, ұйымдастыру және жоспарлаудың, өндірістік-қаржылық қызметтің, статистиканың, бухалтерлік есептің, экономикалық талдаудың және т.б. зерттеу нысаны болып табылады.

 

1.4. ШҚТ қағидалары

ШҚТ жүргізе отырып, ғылым мен тәжірибеде жасалған белгілі бір ережелермен  және қағидалармен жетекшілік ету қажет:

1.Таладау ғылыми сипатта болуы керек, яғни өндірісті дамытудың экономикалық заңдарының талаптарын ескеруі тиіс, ҒТП жетістіктерін пайдалану және жаңа экономикалық зерттеу әдістерін, алдыңға қатарлы тәжірибені пайдалануы қажет.

2. Талдау кешенді болуы шарт.

3.Талдауға  қойылатын талаптың бірі жүйелік тәсілдемені  қамтамасыз етуі. Әрбір нысан бірқатар элементтерден тұратын белгілі бір тәсілмен өзара және сыртқы ортамен байланысқан күрделі серпінділік жүйе.

4. Шаруашылық қызметтің талдауы нақты, дәл, шынайы болуы керек.

5. Талдау өндіріс нәтижесі мен өндірістің жүруіне белсенді ықпал етуі керек, сондай-ақ кемшіліктерін дер кезінде анықтап, бұл жөнінде кәсіпорын жетекшілігіне хабар беріп отыруы қажет.

6. Талдау жүйелі түрде жоспар бойынша жүргізілуі тиіс. Осы талаптан кәсіпорындағы талдамалық жұмысты жоспарлау қажеттілігі, оны орындау бойынша міндеттерді орындаушылар мен бақылаушылар арасында бөлу керек болады.

7. Талдау оралымды болуы қажет. Оралымдылық дегеніміз тез және нақты талдау жасау, басқарушылық шешім қабылдау.

8.Талдаудың қағидаларының бірі - оның ашықтығы. Талдауға кәсіпорын жұмыскерлерінің қатынасуы, бұл алдыңға қатарлы тәжірибені толық анықтауды  және бар ішкі шаруашылық резервтерді пайдалануды қамтамасыз етеді.

9.Талдау шаруашылық нәтижесін, үдерістерді, экономикалық құбылыстарды бағалау кезінде мемлекеттік көзқарасқа негізделуі тиіс.

10.Талдау тиімді болуы керек, яғни оны жүргізуге жұмсалатын шығындар  бірнеше есе көп түсім беруі керек.

 Осылайша талдаудың негізгі қағидалары ғылыми негіздеу, кешенділік, жүйелілік, нысандық, дәлдік, сенімділік, оралымдылық, демократиялық, тиімділік болып табылады.

 

1.5 ШҚТ басқа ғылымдармен байланысы

 

Экономикалық талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметіне жоғары деңгейде талдау жүргізу үшін қажетті білімнен тұратын экономикалық және басқа да пәндермен өте тығыз байланысты болады.

 ШҚТ байланысты ғылымдардың ішінде бірінші кезекте тұратын экономикалық теорияны жекелей атап көрсетуге керек, ол болса экономикалық заңдар мен олардың әрекет ету тетігін зерттей отырып,  экономикалық пәндердің теориялық негізін құрайды. Осы мәліметтерді зерттеу жаңа, бұрын белгісіз болған заңдарды қалыптастыруға мүмкіндік береді, ел немесе әлемдік экономиканың дамуына ауқымды болжамдарды жасауға мүмкіншілік туады.

Осылайша, талдаудың салалық экономикамен байланысы пайда болады. Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне терең талдау жасауды сала экономикасын және талдау жасалып отырған өндірістің ұйымдастырылуын білмей жүргізу мүмкін емес. Экономикалық талдау кәсіпорынды жоспарлау және басқарумен тығыз байланысты. Талдауда жоспарлау құжаттары кеңінен қолданылады. Талдаудың бухалтерлік есеппен байланысы екі жаққа бірдей, бір жағынан бухалтерлік есеп мәліметтері шаруашылық қызметті талдау кезінде ақпараттың басты көзі болып табылады.

Экономикалық талдау кәсіпорынды қаржыландырумен және несиелеумен тығыз байланысты.

Шаруашылық субъектісінің шаруашылық қызметін жан-жақты кешенді зерттеу үшін талдауда статистикалық есеп және есептеме мәліметтері қолданылады. Талдамалық зерттеулерде математикалық әдістерді және қазіргі компьютерлік технологияны пайдалану олардың деңгейін едәуір арттырды.  ШҚТ терең және кешенді бола бастады және жедел жүргізіліп, нысандардың көбін қамти алады, көп ақпараттарды зерттейді.

Осылайша, кәсіпорын қызметін талдауды жоғары деңгейде жүргізу үшін макро және микроэкономика, менеджмент, маркетинг, бухалтерлік есеп, статистика, информатика және басқа да көптеген ғылымдарды білу қажет болады.

 

ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

 

2.1. Шаруашылық қызметті талдау әдісі және оның  сипатты белгілері

 

Ғылымм әдіс кең мағынада  өз пәнін зерттеу тәсілі болып түсіндіріледі. Өз пәнін зерттеу үшін әр түрлі ғылымның пайдаланатын арнайы тәсілдерін  (оның ішінде ШҚТ)  танып білудің жалпы диалектикалық әдісімен негізделеді. Танымның диалектикалық әдісі барлық ұғымдар мен үдерістерді тұрақты қозғалыста, өзгерісте, дамуда қарастыру қажеттігін түсіндіреді. ШҚТ-ғы ерекше белгілерінің қайнар көзі - тұрақты салыстырудың қажеттілігі. Салыстыру ШҚТ өте кең қолданылады: қызметтің нақты нәтижелері өткен жылдың нәтижелерімен, басқа кәсіпорындардың жетістіктерімен, жоспарлы көрсеткіштермен және т.б. салыстырылады.

Талдаудың маңызды әдістемелік ерекшелігі, оның себепті-салдарлы байланыстарды анықтаумен бірге олардың сандық сипаттамасын беруі, яғни қызмет нәтижесіне әсер етуші   факторлардың әсерін өлшеуді қамтамасыз ету. Бұл экономика жағдайына диагнозды дәл қоюға және оның нәтижесі бойынша ұсыныстарды дәлірек негіздеуге мүмкіндік береді. Талдаудағы себепті байланыстарды өлшеу және зерттеуді индукция және дедукция әдістерімен жүзеге асыруға болады. Логикалық индукция көмегімен себепті байланыстарды зерттеу тәсілін зерттеудің жекеден жалпыға, жеке дәлелдеуден жалпылауға, себептен нәтижеге  қарай жүргізіледі. Дедукция –   зерттеу жалпы дәлелден жекеге, нәтижеден себептерге қарай жүзеге асырылатынын көрсететін әдіс. Индукциялық әдіс талдауда дедукция әдісімен біріге отырып, үйлесімділікте пайдаланылады.

ШҚТ диалектикалық әдісте қолдану, әрбір үдерісті, әрбір экономикалық құбылысты жүйе ретінде, өзара байланысты көптеген элементтердің жиынтығы ретінде қарастыруды білдіреді. Бұл жерден айрықша ерекшіліктерінің бірі болып табылатын талдау нысандарын зерттеуге жүйелі көзқарастың қажеттілігі туындайды.  

Жүйелі көзқарас қарастырылып отырған құбылыстар мен үдерістерді  элементтерге барынша көп бөлшектеуді, оларды жүйелеу мен ситездеуді қарастырады.

Қандайда бір ұғымдарды бөлшектеу зерттелетін нысанда ең басты және елеулісін анықтау үшін қаншалықты қажет болатын дәрежеде жүргізіледі

Элементтерді жүйелеу олардың өзара байланысын, өзара әрекетін, өзара тәуелділігін өзара бағынушылығын зерттеу негізінде жүргізіледі.

Сонымен ШҚТ әдісі – бұл кәсіпорынның тимді қызмет етуін арттыру мақсатында жоспар, есеп, есептеме және басқа да ақпарат көздерінің көрсеткіштер жүйесін арнайы тәсілдермен өңдеу жолымен кәсіпорын қызметінің нәтижесіне әсер ететін факторлардың әсерін қортындылау, өлшеу, кешенді және жүйелі зерттеу.

 

2.2. ШҚТ әдістемесі

 

ШҚТ әдісі талдамалық зерттеудің бірқатар нақты әдістемесін пайдалануды қарастырады. Әдістеме дегеніміз қандай да бір жұмысты тиімді  орындау үшін қажетті тәсілдер мен ережелердің жиынтығы. Экономикалық талдауда әдістеме дегеніміз талдау мақсатына қол жеткізетін шаруашылық қызметтің үдерістері мен экономикалық құбылыстарын зерттеудің талдамалық  тәсілдері мен ережелерінің жиынтығы.

Талдаудың жалпы және жеке әдістемесі болады.

Жалпы әдістемені ұлттық экономиканың әр түрлі салаларындағы экономикалық талдаудың әр түрлі нысандарын зерттеу кезінде бірыңғай қолданылатын зерттеу жүйесі ретінде түсіндіріледі. Жеке әдістеме белгілі бір экономика салаларына, өндіріс тұрпатына (типіне), зерттеу нысандарына және талдау түрлеріне қатысты жалпыны нақтылайды.

Талдау келесідей кезеңдерден тұрады:

•    талдау міндеті мен мақсатын қалыптастыру;

•    талдау  нысаны;

•    көмегімен талдаудың әрбір нысаны зерттелетін көрсеткіштер жүйесі;

• талдамалық зерттеуді жалғаспалылық пен дүркінділігі бойынша кеңестер;

•    зерттелетін нысанның зерттеу әдістемесі мен суреттеу тәсілі;

•    талдау жасау үшін негіз болатын мәліметтер көзі;

•  талдауды ұйымдастыру бойынша нұсқау (қандай тұлға, бөлім зерттеудің  қандай жекелеген бөліктерін жүргізетін болады);

• ақпаратты талдамалық өңдеу үшін пайдалануы тиімді болатын техникалық құралдар;

•    талдау нәтижесін рәсімдеу тәртібі;

•   талдау нәтижесінің тұтынушылары.

Кешенді ШҚТ орындау кезінде олар келесідей кезеңдерге бөлінеді:

• бірінші кезеңде талдаудың мақсаты, міндеттері және нысандары нақтыланады, талдамалық жұмыс жоспары құрылады;

•    екінші кезеңде оның көмегімен талдау нысанын сипаттауға мүмкіндік беретін талдамалық және синтетикалық көрсеткіштер жүйесі жасалады;

•   үшінші кезеңде талдауға қажетті ақпараттар жинақталып дайындалады (оның дәлдігі тексеріледі, салыстырмалы  түрге келтіріледі және т.б.);

•    төртінші кезеңде шаруашылықтың нақты нәтижелері есеп жылының  жоспар көрсеткіштерімен, өткен жылдың нақты мәліметтерімен, алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың жетістіктерімен,  орташа сала көрсеткіштерімен және т.б. салыстырылады;

•    бесінші кезеңде факторлы талдау орындалады: факторлар бөліп көрсетіледі және нәтижеге олардың әсері анықталады;

•    алтыншы кезеңде өндіріс тиімділігін арттырудың келешегі бар және  пайдалынылмаған резервтері анықталады;

•    жетінші кезеңде әр түрлі факторлардың әрекеттері және анықталынған бірақ та қолданылмаған резервтерді ескере отырып, шаруашылықтың  нәтижелеріне баға беріледі, оларды пайдалану бойынша іс-шаралар  жасалынады.                                                

ШҚТ тәжірибесі мен теориясы бойынша мұндай талдамалық зерттеуді орындаудың тізбектілігі мақсатқа сай болып табылады.                         

ШҚТ әдістемесінің маңызды элементі ретінде талдау тәсілдері мен техникалық әдістер (талдау құралы) қолданылады.

 

2.3. Факторлы талдаудың әдістемесі

 

Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық үдерістері мен құбылыстары өзара байланысты, өзара тәуелді және өзара себепші болып келеді. Кейбіреулері өзара тікелей байланысты, кейбіреулері – жанама байланысты болады. Мысалы, кәсіпорынның негізгі қызметінен тапқан пайдасының шамасына келесідей факторлар тікелей ықпал етеді: сату көлемі мен құрылымы; өнімнің өткізу бағасы және өзіндік құны. Ал қалған барлық факторлар  бұл көрсеткішке жанама әсер етеді.

Әрбір нәтижелі көрсеткіш көптеген, түрлі факторлардан тәуелді болады. Нәтижелі көрсеткіштің шамасына факторлар әсері неғұрлым терең зерттелсе,  талдау нәтижесі және кәсіпорын еңбегінің сапасын бағалау соғырлым дәл жүргізіледі. Сонда шаруашылық қызметті талдаудағы маңызды әдістемелік мәселе  зерттелетін экономикалық  көрсеткіштер шамасына факторлардың әсерін өлшеу және зерттеу болып табылады. Факторларды терең және жан-жақты зерттемей, қызмет нәтижесі жөнінде негізделген қорытындылар жасауға, өндіріс қорларын анықтауға, басқарушылық шешімдер мен жоспарларды негіздеуге болмайды.

Факторлы талдау дегеніміз кешенді және жүйелі зерттеу әдістемесі және нәтижелі көрсеткіштердің шамасына факторлардың әсерін өлшеу. Факторлы талдаудың келесідей түрлері бар:

•    детерминдеу (атқарымды) и стохастикалық (кор­реляциялық);

•    тікелей (дедукциялық) және кері (индукциялық);

•    бірдеңгейлі және көп деңгейлі;    

•    статикалық және серпінділік;

•    өткенді шолатын және келешекті (болжамды).

Детерминдеу факторлы талдау дегеніміз  факторлар әсерін зерттейтін әдістеме болып саналады, нәтижелі көрсеткішпен олардың байланысы атқарымды сипатта болатын, яғни нәтижелі көрсеткіш факторлардың көбейтіндісі, бөлінісі немесе алгебралық сомасы түрінде көрсетілуі мүмкін.

Стохастикалық талдау факторларды зерттеу әдістемесі болып келеді, атқарымдыға қарағанда оның ерекшелігі нәтижелі көрсеткішпен байланысы толық емес, ықтималды  (корреляциялық) болып келеді.  Егер атқарымды (толық)  тәуелділікте аргументтің өзгерісімен бірге функцияның сәйкес өзгерісі болса, онда стохастикалық байланыста аргументтің өзгеруі сол көрсеткішті анықтайтын басқа факторлардың бірлестігінен тәуелді функция өсімінің бірнеше мәнін бере алады.нен тәуелді функция өсімінің ьсол көрсеткішті анықтайтын басқа факторлардың бірлестігінен тәуелді функция өсімінің ьірнешеМысалы М

Сондай-ақ  статикалық және серпінді факторлық талдаулардың айырмашылығын білу керек. Бірінші түрі белгілі күндегі нәтижелі көрсеткішке факторлардың әсерін зерттеуде қолданылады. Екінші түрі себепті-салдарлы байланыстардың серпінділігін зерттеу әдістемесі ретінде қаралады.Факторлы талдаудың негізгі міндеттері

1.   Зерттелетін көрсеткіштерді талдау үшін факторларды таңдау.

2.  Жүйелі тәсілдемені қамтамасыз ету мақсатында оларды жіктеу және жүйелеу.

3.    Нәтижелі және факторлы көрсеткіштер арасындағы өзара байланысты үлгілеу.

4. Факторлар әсерін есептеу және нәтижелі көрсеткіш шамасының өзгеруіндегі олардың әрқайсысының рөлін бағалау. 

5.    Факторлы үлгімен жұмыс атқару (экономикалық үдерістерді басқару үшін оны іс жүзінде пайдалану).

 

2.4. ШҚТ факторлар жіктемесі

 

Жіктеу нышандары

Факторлар тобы

Өзінің табиғаты бойынша

Табиғи-климаттық

Әлеуметтік-экономикалық

Өндірістік-экономикалық

Нәтижеге әсер ету деңгейі бойынша

Негізгі

Қосалқы

Зерттеу нысанына қатысы бойынша

Ішкі

Сыртқы

Ұжымға тәуелділігі бойынша

Шынайы

Субъективті

Таралу деңгейі бойынша

Жалпы

Арнайы

Әрекет ету уақыты бойынша

Тұрақты

Айнымалы

Әрекет ету сипаты бойынша

Экстенсивті

Белсенді

Өрнектелетін құбылыс- тар қасиеті бойынша

Сандық

Сапалық

Құрамы бойынша

Қарапайым

Күрделі

Өзара бағыныштылық деңгейі бойынша (иерархия)

Бірінші ретті

Екінші ретті және т.б.

Әсерді өлшеу мүмкіндігі бойынша

Өлшенетін

Өлшенбейтін

 

2.1-сурет. Шаруашылық қызметті талдаудағы факторлардың жіктемесі                                    

     

Зерттеу нысанына қатысты факторлар ішкі және сыртқы, яғни  кәсіпорын қызметінен тәуелді және тәуелсіз болып бөлінеді. Талдау кезінде кәсіпорынның өзі ықпал ете алатын ішкі факторларға  басты көңіл аударылуы тиіс.

Кәсіпорын қызметін дұрыс бағалау үшін факторларды шынайы және субъективті деп екіге бөлуге болады. Шынайы факторлар, мысалы,  төтенше жағдайлар адамдардың еркіне және тілегіне тәуелді емес. Шынайыларға қарағанда субъективті себептер заңды және жеке тұлғалардың қызметіне тәуелді болады.

Таралу деңгейі бойынша факторлар жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы факторларға жататындар экономиканың барлық салаларында әрекет етеді. Арнайы факторлар кәсіпорынның немесе экономиканың жекелеген салаларында әрекет етеді. Қызмет нәтижесіне әсер ету ұзақтығы бойынша факторлар тұрақты және айнымалы болып бөлінеді. Тұрақты факторлар зерттелетін құбылысқа үздіксіз ұзақ уақыт бойы әсер етеді. Айнымалы факторлар әсері оқтын-оқтын болады, мысалы,  жаңа техниканың, өндірістің жаңа технологиясының, өнімнің жаңа түрінің  және т.б. игерілуі сияқты.

Кәсіпорын қызметін бағалау үшін факторлардың әрекет ету сипаты бойынша белсенді және экстенсивті болып бөлінуінің маңызы үлкен. Экстенсивті факторларға нәтижелі көрсеткіштің сапалық емес, сандық өсімімен байланысы барлар жатады, мысалы, егу алаңын кеңейту арқылы өнім өндірісінің көлемін арттыру, жұмысшылар санының, жануарлар санының   және т.б. артуы. Белсенді факторлар өндіріс үдерісіндегі күш жұмсау деңгейін, еңбектің  қауырттылығын сипаттайды, мысалы, ауылшаруашылық  дақылдары өнімділігінің, мал өнімділігінің, еңбек өнімділігі деңгейінің артуы.

Зерттелетін факторлардың көпшілігі құрамы бойынша бірнеше элементтен тұратын күрделі болып келеді. Бірақ, құрамдас бөліктерге бөлінбейтіндер де кездеседі. Құрамына қарай факторлар күрделі  (кешенді) және қарапайым  (элементті)  болып бөлінеді. Күрделі факторлар, мысалы, еңбек өнімділігі, ал қарапайымы – есеп беру кезеңіндегі жұмыс күні.  

 

2.5. ШҚТ-дағы факторларды жүйелеу

 

ШҚТ-дағы  жүйелі тәсілдемесі ішкі және сыртқы байланыстарын, өзара әрекетін және өзара бағыныштылығын ескере отырып, факторлардың өзара байланысын зерттеу қажеттілігінен туындайды, оған жүйелеу арқылы қол жеткізіледі. Жүйелеу - өзара байланысы мен өзара бағынушылығын анықтай отырып, зерттелетін құбылысты немесе нысанды белгілі бір реттілікпен орналастыру.

Факторлы жүйелер детерминді және стохастикалық түрде болатынын ескеру қажет.

Детерминді факторлы жүйені құру – бұл зерттелетін құбылысты алгебралық сома түрінде, онымен атқарымды байланыста болатын және оның шамасын анықтайтын жеке немесе бірнеше факторлардың бөлінді немесе көбейтіндісі түрінде көрсету.  (2.2-сурет)

 

2.2-сурет. Жалпы өнімнің детерминделінген факторлы жүйесі

        

2.6. Факторлы талдаудағы өзара байланысты үлгілеу

 

Детерминді талдауда неғұрлым жиі кездесетін факторлы үлгілеудің келесідей түрлері  кездеседі.

1. Аддитивті  үлгілеулер: Y = Σхi = x1 + x2 + x3 + …+ xn.

Олар нәтижелі көрсеткіш бірнеше факторлы көрсеткіштердің алгебралық сомасын көрсеткен жағдайда қолданылады. 

2. Мультипликативті үлгілеулер: Y = Пxi = x1 × x2 × x3 …× xn

 Үлгілеудің бұл түрі нәтижелі көрсеткіш бірнеше факторлардың көбейтіндісін көрсеткенде қолданылады.

3. Еселі үлгілеулер: Y= х1 / х2

Олар нәтижелі көрсеткіштің шамасы бір факторды екінші фактор мәніне бөлу арқылы алынғанда қолданылады.

4. Аралас (бірлескен) үлгілеулер – алдыңғы үлгілеулердің әр түрлі құрамдастырымының үйлесімділігі:

Y = (a + в)/с;    Y = а/(в+с);  Y = а×в/с;   Y = (a + в) ×с;

ШҚТ–дағы мультипликативті факторлы жүйенің үлгілеуі алғашқы жүйенің факторларын факторлы-көбейткіштерге жүйелі бөлшектеу жолымен жүзеге асады. Мысалы, өндірілген өнім көлемінің қалыптасу үдерісін зерттеу кезінде  келесідей детерминді үлгілеулерді қолдануға болады,

ЖӨ = ЖС×ЖӨн;

ЖӨ = ЖС×К×КӨн;

ЖӨ = ДС×К×ЖҰ×ЖұмӨн.

Бұл үлгілеулер мультипликативті түрдегі бастапқы факторлы жүйенің бөлшектену үдерісін және оның кешенді факторлар көбейткіштерге бөлінуі арқылы кеңеюін көрсетеді. Үлгілеудің кеңею және бөлшектену деңгейі зерттеу мақсатынан тәуелді болады, сондай-ақ бекітілген ереже шегінде көрсеткіштердің қалыптасуы мен бөлшектену мүмкіндіктерінен тәуелді болады.

Осылайша аддитивты факторлы жүйені үлгілеу де  жүзеге асады, яғни бастапқы үлгі факторларын құрамдас элементтерге бөлінуін айтамыз.

Өзімізге белгілі сатылған өнім көлемі (СӨК) келесіге тең:

СӨК = ЖӨК - ҚӨКаө,

мұндағы ЖӨК - өндіріс көлемі;

                ҚӨКаө  - сатылмаған өнім көлемі.

Сатылмаған өнім көлемінің бөлігі (ҚӨКқойм) кәсіпорын қоймасында болады, ал қалған бөлігі тұтынушыларға жеберілген, бірақ төленбеген болуы мүмкін (ҚӨКжіб). Сонда келтірілген бастапқы үлгіні келесідей түрде жазуға болады:

СӨК = ЖӨК  - ҚӨКқойм - ҚӨКжіб.

Еселі үлгілеулер сыныбына олардың келесідей қайта өзгертуін қолданады: ұзарту, кеңейту және қысқарту.

Ұзарту әдісі бастапқы үлгілеудің алымында бір немесе бірнеше факторларды бірыңғай көрсеткіштер сомасына алмастыру арқылы  ұзартуды қарастырады. Мысалы, өнім бірлігінің өзіндік құнын (ӨҚ)  екі фактордың функциясы түрінде көрсетуге болады: шығындар сомасының  (Ш) және өнім өндірісі көлемінің (ЖӨК). Бұл факторлы жүйенің бастапқы үлгісі келесідей түрде болады:

ӨҚ = Ш / ЖӨК

Егер шығындардың жалпы сомасын (Ш) олардың жекелеген элементтерімен алмастырсақ, мысалы, еңбекақы (ЕА), шикізат және материалдар (ШМ), негізгі қорлардың амортизациясы (Анқ), жанама шығындар (ЖШ) және т.б., онда, факторлардың жаңа жиынтығымен бірге аддитивті үлгіні табамыз:

ӨҚ = ЕА/ ЖӨК + ШМ/ ЖӨК + Анқ / ЖӨК + ЖШ/ ЖӨК = x1 + x2 + x3 + x4.

x1 - өнімнің еңбексыйымдылығы;

x2 - өнімнің материалсыйымдылығы;

x3 - өнімнің қорсыйымдылығы;

x4 – жанама шығындар деңгейі.

Кеңейту әдісі бастапқы факторлы үлгілеудің  алымы мен бөлімін бір немесе бірнеше жаңа көрсеткіштерге көбейту арқылы кеңейтуді қарастырады. Мысалы, егер бастапқы үлгіге Y = а : b жаңа көрсеткіш енгізетін болсақ, онда үлгілеудің түрі келесідей болады:

Y = а/в = ас/вс = а/с × с/в = x1 × x2

Нәтижесінде факторлардың жаңа жиынтығының көбейтіндісі ретінде соңғы мультипликативті үлгі шығады. 

Үлгілеудің бұл түрі талдауда кеңінен қолданылады. Мысалы, бір жұмысшының орташа жылдық өнім өнімділігін   (еңбек өнімділігінің көрсеткіші) келесідей етіп жазуға болады: ЖӨӨ = ЖӨ : ЖС. Егер барлық жұмысшылардың атқарған күн саны (Кжалп) сияқты көрсеткіш енгізетін болсақ, онда жылдық өнімділіктің келесідей үлгісін табамыз:

ЖӨӨ = ЖӨ×Кжалп / ЖС× Кжалп =ЖӨ/ Кжалп × Кжалп / ЖС = КӨ × К

мұндағы  КӨ —   орташа күндік өнімділік;

                 К   -  бір жұмыскердің атқараған  күн саны

Қысқарту әдісі - алымы мен бөлімін бір көрсеткішке бөлу жолымен жаңа факторлы үлгіні құру. Бұл жағдайда басқа факторлар жиынтығы бар бұрынғы тұрпаттағы (типтегі) соңғы үлгі алынады.

Белгілі болғандай, кәсіпорын активтерінің жиынтығы ретінде табыстылық (Т) пайда (П) көлемін активтердің орташа жылдық құнына бөлу арқылы анықталады (А):

Т = П/А

Егер аламы мен бөлімін  түсімге (ӨТб) бөлетін болсақ (тауарайналымы) онда факторлардың жаңа жиынтығымен: сату табыстылығы және өнімнің капиталсиымдылығымен анықталатын еселі үлгіні табамыз:

Т = П/А = П:ӨТб / А:ӨТб = Сату табыстылығы  / Өнім капиталсыйымдылығы

Осылайша, нәтижелі көрсеткіш әр түрлі тәсілдермен құрамдас элементтерге  (факторларға) бөлініп,әр түрлі тұрпаттағы детерминді үлгі түрінде көрсетіледі. Үлгілеу тәсілін таңдау зерттеу нысанына, қойылған мақсатқа, сондай-ақ зерттеушінің шеберлігі мен біліміне байланысты болады.

Факторлы жүйені үлгілеу үдерісі - ШҚТ өте күрделі және жауапты кезең. Зерттелетін көрсеткіштер арасындағы байланысты қаншалықты дәл және нақты үлгісін құруға талдаудың соңғы нәтижесі тәуелді болады.

 

ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ТАЛДАУДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ АҚПАРАТТАРДЫӨҢДЕУ ТӘСІЛДЕРІ

 

3.1. ШҚТ салыстыру тәсілі

 

Салыстыру танымның ғылыми тәсілдерінің бірі ретінде ШҚТ-да неғұрлым кеңінен қолданылады. Оның мәні біртекті нысандарды салыстыруда олдардың арасындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу. Салыстыру тәсілінің  көмегі арқылы экономикалық құбылыстағы жалпы ұқсастығы немесе олардың ерекшеліктері анықталады, зерттелетін нысанның деңгейіндегі  өзгерістер анықталады, олардың дамуының заңдылықтары мен үрдістері зерттеледі. Оның маңыздылығын көрсете отырып, «Барлығы салыстырғанда ғана танылады» деген мәтелді келтіруге болады.

Талдауда салыстырудың келесідей түрлері қолданылады:

1.Нақты қол жеткізілген нәтижелерді өткен кезеңнің мәліметтерімен салыстыру.

2. Көрсеткіштердің нақты деңгейін жоспармен салыстыру.  

3. Ресурстардың (матери­алдар, шикізаттар, жылу, энергия, су және т.б.) бекітілген шығын мөлшерімен салыстырылуы.

4.  Жоғары нәтижелермен салыстыру, яғни ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерімен, алдыңғы қатарлы тәжірибемен, еңбектің жоғары үлгілерімен салыстыру.

 5.  Зерттеліп отырған кәсіпорын көрсеткіштерін орташа салалық мәліметтермен, министрліктің, бірлестіктің, концерннің орташа мәліметтірімен салыстыру.

6.  Параллелді және серпінді қатарды  салыстыру. ШҚТ-да әр түрлі көрсеткіштер арасындағы байланыс бағыттарын  және түрлерін анықтау және негіздеу үшін қолданылады.

7. Экономикалық міндеттерді шешудің әр түрлі нұсқаларын салыстыру. Бұл олардың ішіндегі неғұрлым тиімдісін таңдауға, сонымен бірге кәсіпорын мүмкіндіктерін толығымен пайдалануға мүмкіндік береді.

 

3.2 Көрсеткіштерді салыстырмалы түрге келтіру тәсілдері

 

Талдау кезінде ескеретін маңызды шарт – көрсеткіштердің салыстырмалылығын қамтамасыз ету қажеттілігі, өйткені біртекті сапалы шамаларды ғана  салыстыруға болады.

Көптеген көрсеткіштер көлемдік факторға сәйкес салыстырылмауы мүмкін. Егер есеп беру жылындағы шығындар сомасын, Σ (q1 × өқ1) базалы жылдағы шығындармен салыстыратын болсақ X(qoөқ0), онда бұл көрсеткіштер арасындағы айырмашылық тек жекелеген өнім түрінің өзіндік құнының өзгерісімен ғана емес, сонымен қатар өнім өндірісі көлеміндегі өзгерістерімен де негізделеді. Сапалы фактор ықпалын бейтараптандыру үшін алынған өнім көлемін сәйкесінше оның санын арттыра, кеміте отырып, стандарттық сапаға алып келеді. Мысалы – сүттің майлылығының өзгерісі 

Салыстырмалы көрсеткіштерді бірыңғай құрылымға келтіру үшін өнім өндірісінің нақты көлемін  

 

3.3. ШҚТ-да салыстырмалы және орташа шамаларды пайдалану

 

Экономикалық құбылыстар мен үдерістер көбінесе абсалютті және салыстырмалы көрсеткіштер көмегімен өрнектелінеді.

Абсалютті көрсеткіштер басқа құбылыстардың өлшеміне салыстырылмай құбылыстың сандық шамасын өлшем, салмақ, көлем, ұзақтық, аудан, құн және т.б. бірлігінде көрсетеді.

Салыстырмалы көрсеткіштер зерттелетін құбылыс шамасын қандай да бір басқа құбылыс шамасымен немесе басқа кезеңде және басқа нысан бойынша алынған   сол құбылыстың шамасымен болатын ара қатынасын көрсетеді.

Жоспардың орындалуының салыстырмалы шамасы - пайызбен өрнектелген есеп беру кезеңіндегі көрсеткіштің нақты мен жоспарлы деңгейлердің арасындағы қатынас.

Қандайда бір уақыт арасындағы көрсеткіштердің өзгерісін сипаттау үшін серпіннің салыстырмалы шамасын пайдаланады. Оны ағымдағы кезең көрсеткішінің шамасын өткен кезеңдегі оның деңгейіне бөлу арқылы анықтайды (ай, тоқсан, жыл). Оларды өсу қарқыны деп атайды және оны көбінесе пайызбен немесе коэффициентпен өрнектейді. Серпіннің салыстырмалы шамасы базисті және тізбекті болуы мүмкін. Бірінші жағдайда серпінділік қатардың әрбір келесі деңгейі базалы жылмен салыстырылады, ал екінші жағдайда келесі жылдың көрсеткіштері алдыңғы жылдың көрсеткіштерімен ара қатынасы арқылы анықталады.

Құрылым көрсеткіші – бұл пайызбен немесе коэффициентпен өрнектелген құрылымның бір бөлігінің  жалпы көрсеткіштегі  салыстырмалы үлесі (үлес салмағы). Мысалы, жалпы өндіріс көлеміндегі өнімнің жекелеген түрінің үлес салмағы, кәсіпорын жұмыскерлерінің жалпы санындағы басқарушылық персоналдың үлес салмағы болып келеді.

Үйлестірудің салыстырмалы шамасы өзара бүтін бөлшектердің өзара қатынасын көрсетеді, мысалы негізгі өндірістік қорлардың белсенді және енжарлы бөлігі, меншікті және несие капиталы, негізгі және айналмалы қор және т.б. ара қатынастарын білдіреді.

Қарқындылықтың салыстырмалы шамасы - бұл белгілі бір ортадағы қандай да бір құбылыстың дамуын, көп таралғандығын сипаттайды, мысалы, халықтың ауру-сырқаулығының деңгейі, жоғары мамандығы бар жүмысшылар пайызы және т.б.

Тиімділіктің салыстырамлы шамасы – бұл нәтиженің ресурспен немесе шығындармен арақатынасы, мысалы бір теңгеге сәйкес келетін шығын, табысқа сәйкес келетін шығын, бір жұмыскерге сәйкес келетін шығын және т.б.

 

3.4. ШҚТ-да ақпараттарды топтастыру тәсілдері

 

ШҚТ-да ақпараттарды топтастыру кеңінен қолданылады. Ақпаратты топтастыру - сәйкес нышандары бойынша сандық біртекті топтарға нысанның зерттелеген жиынтығын бөліп көрсету. Талдау мақсатына байланысты типологиялығына, құрылымдылығына және талдамалығына қарай топтастырулар қолданылады.

Талдамалық (себепті-салдарлы) топтастырулар зерттелетін көрсеткіштер арасындағы байланыс түрін, бағыттарын және нақтылығын анықтау үшін қолданылады. Талдамалық топтастырулар негізделетін нышанның сипаты бойынша ол сапалылық (нышанның белгі сандық тұлғалауы болмаса) немесе сандық топтастыруы болуы мүмкін.

Топтастыруды құру әдістемесін келесідей алгоритм түрінде көрсетуге болады:

1) талдау мақсатын анықтау;

2)  нысанның барлық жиынтығы бойынша қажетті мәліметтерді жинау;

3)   топтастыру үшін таңдалған нышаны бойынша жиынтықты саралау;

4) жиынтықты үлестіру аралығын және оның топтарға бөлінуін таңдау

5) топтық және факторлық нышаны бойынша орташа топтық көрсет- кіштерді анықтау;

6)  алынған орташа шамаларды талдау, факторлы көрсеткіштердің зерттелетін нәтижеге ықпал ету бағытын және өзара байланысын анықтау.

 

3.5. ШҚТ-ғы теңгерімдік әдіс

 

Теңгерімдік әдіс қорытындысы  теңдес  өзара байланысты экономикалық көрсеткіштердің екі тобының үйлесімін, арақатынасын өрнектеу үшін қолданылады. Бұл әдіс бухалтерлік есеп пен жоспарлау тәжірибесінде кеңінен қолданылады.

Анықтаулы аддитивті факторлы үлгілерді жасағанда теңгерімдік әдіс қолданылуы мүмкін. Талдауда тауарлық теңгерім негізінде құрылған үлгілерді кездестіруге болады. Мысалы,

Қжыл бас.+Т =  С + В + Ок

Бұл жерден

С = Қжыл бас. + Т – В – Қжыл соң.,

мұндағы   Қжыл бас. – жыл басындағы  тауарлардың қалдығы;

                  Т – тауарлардың түсуі;

                  С – тауарлардың сатылуы;

                  В – тауарлар шығынының басқа да көздері;

                  Қжыл соң. – жыл соңындағы тауарлар қалдығы.

Кей жағдайда теңгерімдік тәсілді жекелеген факторлардың нәтижелі көрсеткіштің өсіміне ықпалын анықтау үшін қолданады. Мысалы,  үш фактордың екеуінің ықпалы белгілі болса, үшіншісінің ықпалын нәтижелі көрсеткіштің жалпы өсімінен алғашқы екі фактордың ықпалын шегеру арқылы анықталады:

ΔYс = ΔYжалп – ΔYа  - ΔYв,

Талдауда теңгерімдік әдістің негізінде үйлесімді бөлу немесе үлестік қатынасу сияқты факторлы талдау тәсілінің бірі келесі тақырыпта толық айтылатын болады.

 

3.7. Талдамалық мәліметтерді кестемен және сызбамен көрсету тәсілдері

 

Көбінесе талдау нәтижелері кесте түрінде беріледі. Бұл белгілі бір реттілікпен орналасқан, сандар көмегімен зерттеліп отырған құбылыстар жөніндегі талдамалық ақпарттарды ұсыну қабылдауға ыңғайлы және тиімді болып табылады. Талдамалық кестені құру - ШҚТ әдістемесіндегі маңызды элемент. Бұл үдеріс зерттелетін құбылыстардың мәнін, оларды талдау әдістемесін, кестені рәсімдеу ережелерін білуді қажет етеді. Кестенің үш түрі болады: жай, топтық, бірлескен.

Сыртқы талдамалық кесте жалпы тақырыптан, көлденең және тік қатарлардан тұрады. Өзімізге белгілі әрбір кесте бастауыш және баяндауыштан тұрады. Бастауыш құбылысты сипаттайтын көрсеткіштер тізімінен тұрады. Баяндауыш  бастауыштың қандай белгілермен сипатталатынын көрсетеді.

Әрбір кестенің оның мазмұнын қысқаша өрнектейтін тақырыбы болуы тиіс. Графалар бастауыштан тұрып, алфавиттің бас әріптерімен нөмерленеді, ал графалар баяндауыштан тұрады және араб сандарымен белгіленеді. 

Тақырыптағы бастауыш пен баяндауыштың барлық сөздері толығымен жазылуы тиіс.  Қажет болған жағдайда, графаларда көрсеткіштің өлшем бірлігі көрсетілуі тиіс

Нысанды сипаттайтынкестелерде қандайда бір экономикалық құбылысты және олардыңбір немесе бірнеше нысан бойынша  есеп жылындағы деңгейін өрнектейтін көрсеткіштерден тұрады. 

ШҚТ-да қолданылатын сызбаның негізгі формалары – диаграммалар. Ол өз формасына қарай столбиковые, полосовые, шеңбер, шаршы, сызықты,  фигурные болып келеді. Мазмұны бойынша диаграммалар салыстырмалық, құрылымдық, серпіндік, байланыс сызбалары, бақылау сызбалары және т.б. болып бөлінеді.

Сызбалық тәсілдер ШҚТ-ғы әдістемелік міндеттерді шешу кезінде қолданылуы мүмкін және бірінші кезекте зерттеліп отырған ішкі құрылымды көрнекілеп көрсету үшін, технологиялық операциялардың тізбектілігін, нәтижелі және факторлы көрсеткіштер арасындағы өзара байланысты көрсету үшін  әр түрлі сызбалар құру,

Ақпараттарды өңдеудің қазіргі компьютерлік технологиясы график құру үдерісін жеңілдетеді және олардың сапасын арттырады  (анықтылық, көлемділік, эстетикалылық).

Талдау жасаушының міндеті - талдау нәтижесін көрсетудің неғұрлым сәтті  түрін таңдау.

 

ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ТАЛДАУДАҒЫ ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІН ӨЛШЕУ ТӘСІЛДЕРІ

 

4.1. Тізбекті ауыстыру тәсілі

 

Жекелеген факторлардың нәтижелі көрсеткіштердің өсіміне әсер ету шамасын анықтау ШҚТ-ғы әдістемелік міндеттердің бірі. Детерминді талдауда бұл үшін келесідей тәсілдер қолданылады: тізбекті ауыстыру, абсалютті айырма, салыстырмалы айырма, парапарлы бөлу, интегралдау, логарифмдеу, теңгерімдік және т.б.

Олардың ішіндегі неғұрылым әмбебап болып табылатын тәсіл тізбекті ауыстыру тәсілі болып табылады. Ол детерминді факторлы үлгілердің барлық түрлерінде: аддитивті, мультипликативті, еселі және аралас (біріккен) факторлар әсерін есептеу үшін қоданылады. Бұл тәсіл нәтижелі көрсеткіш өзгерісінің шамасына жекелеген факторлардың әсерін нақты есептеу кезеңіндегі нәтижелі көрсеткіш көлеміндегі әрбір факторлы көрсеткіштің базалы шамасын біртіндеп ауыстыру жолымен анықтауға мүмкіндік береді. Осы мақсатпен басқа факторлар тұрақты болады деп бір, сонан кейін екі, үш және келесі факторлардың өзгерісін білдіретін нәтижелі көрсеткіштің бірқатар шартты шамасын анықтайды. Нәтижелі көрсеткіш шамасын қандайда бір фактордың деңгейінің өзгерісіне дейін және кейін салыстыру бір фактордан басқа барлық факторлардың әсерін жоюға мүмкіндік береді және соңғысының нәтижелі көрсеткіш өсіміне әсерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл тәсілдің қолданылу ретін 4.1-кестеде көрсетілген мысалда қарастырамыз. Өзімізге белгілі, жалпы өнім көлемі (ЖӨ) бірінші реттегі екі негізгі фактордан тәуелді болады: жұмысшылардың саны (ЖС) және орташа жылдық өнімділік (ЖӨн). Екі факторлы мультипикативті үлгі:

ЖӨ = ЖС × ЖӨн.

Бұл үлгі үшін тізбекті ауыстыру тәсілімен есептеу алгоритмі:

ЖӨ0= ЖС0 × ЖӨн0= 100 × 4 = 400 млн. теңге;

ЖӨшарт = ЖС1 × ЖӨн0 = 120 × 4 = 480 млн. теңге;

ЖӨ1 = ЖС1 × ЖӨн1 = 120 × 5 = 600 млн. теңге

Көріп отырғанымыздай, жалпы өнімнің екінші көрсеткіші біріншіден өзгеше болады, себебі оны есептеу кезінде базаның орнына ағымдағы кезеңдегі жұмысшылар саны алынған. Екі  жағдайда да бір жұмысшының базалық орташа жалдық өнімділігі алынған. Яғни, жұмысшылар санының өсуіне байланысты өнімнің шығарымы 80 млн. теңгеге артқан (480-400).  

 

4.1-кесте. Жалпы өнім көлемін факторлы талдау үшін мәліметтер

 

Көрсеткіш

 

 

Шартты

белгілер

Көрсеткіш мәні

Өзгерісі

t0

t1

абсалютті

салыстыр-

малы, %

Жалпы өнім, млн. теңге

ЖӨ

400

600

+150

+50

Жұмысшылардың орташа тізімдік саны

ЖС

100

120

+20

+20

Бір жүмысшының орташа жылдық өнімділігі, млн. теңге

ЖӨн

4

5

+1

+25

Бір жұмысшының жылыны атқараған күн саны

К

200

208,3

+8.3

+4,17

Жұмысшының орташа күндік өнімділігі, мың теңге

КӨн

20

24

+4

+20

Ауысымның орташа үзақтығы, сағат

АҰ

8

7.5

-0.5

-5

Бір жұмысшының орташа сағаттық өнімділігі, мың теңге

СӨн

2.5

3,2

+0.7

+28

 

Жалпы өнімнің үшінші көрсеткішінің екіншіден айырмашылығы - оның шамасын есептеуде жүмысшылардың өнімділігінің базалық көрсеткіштің орнына оның нақты деңгейі алынған. Екі жағдайда да жұмыскерлердің нақты саны алынады. Осыдан еңбек өнімділігінің артуы есебінен жалпы өнім көлемі 120 млн. теңгеге артқан (600 -480).

Осылайша, жалпы өнім көлемі бойынша жоспардың асыра орындалуы келесі факторлардың әсерінің нәтижесінде болып табылады:

а) жұмысшылар санының артуы                     +80 млн. теңге;

б) еңбек өнімділігі деңгейінің артуы              +120 млн. теңге

                                                           Барлығы  +200млн. теңге

Факторлардың әсерінің алгебралық сомасы нәтижелі көрсеткіштің жалпы өсіміне тең болуы тиіс:

ΔЖӨжс + ΔЖӨөн  = ΔЖӨжалп.

Мұндай теңдіктің болмауы, есептеу кезінде қателіктердің болғанын көрсетеді.

Егер төрт фактордың әсерін анықтау қажет болса, онда бұл жағдайда бір емес, үш шартты көрсеткіштің мәні есептелінеді, яғни нәтижелі көрсеткіштің шартты шамаларының саны факторлар санына қарағанда бір санға аз болады. Сызба түрінде оны келесідей етіп көрсетуге болады.

Нәтижелі көрсеткіш шамасы

Нәтижелі көрсеткіштің шартты есебі

ФакторI

Фактор II

Фактор III

Фактор IV

Жоспар бойынша

t0

t0

t0

t0

шартты 1

t1

t1

t0

t0

шартты 2

t1

t1

t0

t0

шарттыЗ

t1

t1

t1

t0

нақты

t1

t1

t1

t1

 

Мұны жалпы өнімнің төрт факторлы үлгісімен суреттеуге болады:

ЖӨ = ЖС × К × АҰ × СӨн.

Есепті шешуге арналған алғашқы мәліметтер кесте 4.1. келтірілген:

ЖӨ0= ЖС0 × К0 × АҰ0 × СӨ0 = 100 × 200 × 8 × 2,5 = 400 млн. теңге;

ЖӨшарті = ЖС1 × К0 × АҰ0 × СӨ0= 120 × 200 × 8 × 2,5= 480 млн. теңге;

ЖӨшарт2 = ЖС1 × К1  × АҰо × СӨ0= 120 × 208,3 × 8 × 2,5 = 500 млн. теңге;

ЖӨшартз = ЖС1  × К1  × АҰ1 × СӨ0= 120 × 208,3 × 7,5 × 2,5 = 468,75 млн. теңге;

ЖӨі = ЖС1× К1 × АҰ1 × СӨ1= 120 × 208,3 × 7,5 × 3,2 = 600 млн. теңге

Өнімді өндіру бойынша жоспар 200 млн. теңгеге (600 - 400) артық орындлған, оның ішінде келесі өзгерістер есебінен:                                  ,

а) жүмысшылар саны ΔЖӨжс = ЖӨшарт1 – ЖӨ0 = 480 - 400 = +80 млн.теңге;

б) бір жұмысшының жылына жұмыс істеген уақыты

ΔЖӨк = ЖӨшарт2 -ЖӨшарт1=  500 - 480 = +20 млн. теңге;

в) жұмыс күнінің орташа ұзақтығы

ΔЖӨаұ = ЖӨшарт3 - ЖӨшарт2 = 468,75 - 500 = -31,25 млн. теңге;

г) орташа сағаттық өнімділік       '

ΔЖӨсөн = ЖӨн - ЖӨшарт3 = 600 - 468,75 = +131,25 млн. теңге

                                                             Барлығы+200 млн. теңге

Тізбекті ауыстыру тәсілін пайдалана отырып, келесідей тізбектілікті қолдану қажет: бірінші кезекте сандық өзгерістерді ескеру қажет, сонан соң ғана сапалы көрсеткіштерді ескерген жөн. Егер бірнеше сандық және бірнеше сапалық көрсеткіштер болса, онда бірінші тәуелді деңгей факторларының шамасын өзгерту қажет, сонан соң басқа деңгейдегі тәуелділіктегі факторлар өзгереді. Келтірілген мысалда өнім өндірісінің көлемі төрт фактордан тәуелді болады: жұмысшылар саны, бір жұмысшының атқарған жұмыс уақыты, жұмыс күнінің ұзақтығы және орташа сағаттық өнімділік. 2.2-сурет  сызбасына (2-тақырып)  сәйкес, жалпы өнімге қатысты жұмысшылар саны - бірінші деңгейлі фактор, атқарылған жұмыс уақыты - екінші деңгей, жұмыс күнінің ұзақтығы және орташа сағаттық өнімділік - үшінші деңгей факторлары. Бұл үлгілердегі факторлардың орналасу тізбектілігін негіздей отырып, сәйкесінше олардың әсерін анықтау тізбектілігін анықтайды.

Осылайша, тізбекті ауыстыру тәсілін пайдалану факторлардың өзара байланысын білуді олардың өзара тәуелділігін, оларды дұрыс жіктей білуді және жүйелеуді талап етеді.

 

4.2. Абсалютті айырмашылық тәсілі

 

Абсалютті айырмашылық тәсілі детерминді талдауда нәтижелі көрсеткіштің өсіміне факторлардың әсерін есептеу үшін қолданылады, бірақ тек мультипликативті үлгілерде  (Ү = х1 × х2 × х3 ... хn) және мультипликативті-аддитивті түрдегі үлгілерде: Ү = (а - в)с және Ү = а(в - с) есептеледі. Бірақ оның пайдаланылуы шектеулі болғанымен, өзінің қарапйымдылығының арқасында ШҚТ-да ол кеңінен қолданылады.

Оны қолдану кезінде факторлардың әсері зерттелетін фактордың абсалютті өсімінің мәнін оның оң жағында орналасқан факторлардың базалы шамасына және оның сол жағында орналасқан факторлардың нақты шамасына көбейту арқылы есептейді.

Жалпы өнімнің мультипликативті төрт факторлы үлгісі үшін есептеу алгоритмі келесідей болып көрінеді:

ЖӨ = ЖС × К × АҰ × СӨн.

ΔЖӨжс = ΔЖС × К0 × АҰо × СӨн0 = (+20) ×200 × 8,0 × 2,5 = +80 000;

ΔЖӨк= ЖС1 × ΔК × АҰо ×СӨн0 = 120 × (+8,33) × 8,0 × 2,5 = +20 000;

ΔЖӨаұ = ЖС1 × К1 × ΔАҰ × СӨн0= 120 × 208,33 × (-0,5) × 2,5 = -31 250;

ΔЖӨсөн = ЖС1 × К1 × АҰ1 × ΔСӨн= 120 × 208,33 ×7,5 × (+0,7) = +131 250

                                                                                               Барлығы +200000

Осылайша абсалютті айырма тәсілімен тізбекті ауыстыру тәсілімен алынатын нәтижелерді алуға болады. Мұнда жекелегн факторлар есебінен нәтижелі көрсеткіштің өсімінің алгебралық сомасы жалпы өсімге тең болуын қадағалу қажет.

Мулътипликативті-аддитивті түрдегі үлгілерде осы тәсілдермен факторларды есептеу алгоритмін қарастырайық. Мысал ретінде өнімді сатудан алынған пайданың факторлы үлгісін қарастырайық.

П = СӨК × (Б - ӨҚ),

мұндағы   П - өнімді сатудан түскен пайда;

                  СӨК - сатылған өнім көлемі;

                  Б -   өнім бірлігінің бағасы;

                  ӨҚ   -   өнім бірлігінің өзіндік құны.

Өзгеріс есебінен пайданың өсімі:

- сатылған өнім көлемінен           ΔПсөк = ΔСӨК × (Бо - ӨҚо);

- сату бағасынан                           ΔПБ= СӨК1 × ΔБ;

- өнімнің өзіндік құнынан            ΔПөқ = СӨК1 × (-ΔӨҚ).

 

4.3. Салыстырмалы айырма тәсілі

 

Тек мультипликативті үлгілердегі нәтижелі көрсеткіш өсіміне факторлардың әсерін анықтауда ғана салыстырмалы айырма тәсілі қолданады. Бұл жерде коэффициент және пайыз түрінде өрнектелген факторлы көрсеткіштердің салыстырмалы өсімі қолданылады. Ү=авс түріндегі мультипликативті үлгі үшін осы факторлардың әсерін есептеу әдістемесін қарстырайық

Нәтижелі көрсеткіштің өзгерісі келесідей анықталады:

ΔҮа = Ү0  × Δа/ао

ΔҮв =(Үо+ΔҮа) × Δв/во

ΔҮс = (Үо + ΔҮа + ΔҮв) × Δс / с0

Ережеге сәйкес бірінші фактордың әсерін есептеу үшін нәтижелі көрсеткіштің базалы шамасын ондық бөлшек түрінде өрнектелген бірінші фактордың салыстырмалы өсіміне көбейту қажет.

Екінші фактордың әсерін есептеу үшін нәтижелі көрсеткіштің базалы шамасына оның бірінші фактор есебінен алынған өзгерісін қосу қажет, сонан соң алынған соманы екінші фактордың салыстырмалы өсіміне көбейту қажет.

Үшінші фактордың әсері ұқсас есептеледі: нәтижелі көрсеткіштің базалы шамасына бірінші және екінші факторлар есебінен алынған оның өсімін қосу қажет және алынған соманы үшінші фактордың салыстырмалы өсіміне көбейту қажет және т.б.

Қарастырылған әдістемені 4.1-кестеде келтірілген мысалда баянды етеміз:

ΔЖӨжс = ЖӨПо × ΔЖС/ЖС0= 400 × 20/100 = +80 млн. теңге;

ΔЖӨк= (ЖӨ0 + ΔЖӨжс) × ΔК/К0= (400+80) ×  8,33/200 = +20 млн.. теңге

ΔЖӨаұ = (ЖӨ0+ ΔЖӨжс + ΔЖӨк) × ΔАҰ/АҰ0= (400+80 + 20) × -0,5/8 =

 -31,25 млн. теңге;

ΔЖӨсөн = (ЖӨ0 + ΔЖӨжс  + ΔЖӨк + ΔЖӨаұ ) ×  ΔСӨн/СӨн0 =

= (400+80+20 - 31,25) ×  +0,7/2,5 = +131,25 млн. теңге

Көріп отырғанымыздай есептеу нәтижесі алдыңғы тәсілдерді пайдалану кезіндегідей.

Көп санды факторлардың (8-10 және жоғары) әсерін есептеу қажет болған кезінде   салыстырмалы айырма тәсілін қолданған ыңғайлы болып табылады. Алдыңғы тәсілдерге қарағанда есептеу ресімдерінің едәуір қысқаруы оның басқаларға қарағанда артықшылығын көрсетеді.

 

4.4. Үйлесімді бөлу және үлестік қатысу тәсілі

 

Кей жағдайларда нәтижелі көрсеткіш өсіміне факторлардың әсерінің шамасын анықтау үшін үйлесімді бөлу тәсілін қолдануға болады. Бұл аддитивті үлгімен Ү=∑хi және еселеу-аддитивті түрдегі үлгілермен жұмыс жасағанда тиімді:

Ү = а/(в + с + d + ...+n)

Ү = (a + в + с + d + ...+n)/k

Бірінші жағдайда, Ү = а + b + с түрдегі бір деңгейлі үлгіде, есептеу келесідей болып жүргізіледі:

ΔҮа = ΔҮжалп  × Δа / (Δа + Δв + Δс);

ΔҮь = ΔҮжалп  × Δв / (Δа + Δв + Δс);

ΔҮе = ΔҮжалп  ×  Δс / (Δа + Δв + Δс);

Еселеу-аддитивті үлгісінде алдымен тізбекті ауыстыру тәсілін пайдалану арқасында алым және бөлім  есебінен нәтижелі көрсеткіштің қаншалықты өзгергендігін анықтау қажет, сонан соң жоғарыда келтірілген алгоритм бойынша екінші реттегі факторлардың әсерін үйлесімді бөлу тәсілімен есептеу жүргізу қажет.

Мысалы, пайданың 1,0 млн. теңгеге артуына байланысты табыстылық  деңгейі 8%-ға артты. Сонымен қатар, сату көлемінің 500 мың теңгеге артумен  бағаның - 1700 мың теңгеге өсуімен байланысты пайда өсті, ал өнімнің өзіндік қүнының артуымен ол 1200 мың теңгеге төмендеді. Әр фактордың есебінен табыстылық  деңгейі қалай өзгергендігін анықтаймыз:

ΔТбжө = +8% × 500/1000 = +4,0%;

ΔТбб = +8% × 1700 /1000 = +13,6%;

ΔТбөқ = +8% ×(±1200)/1000 = ±9,6%;

Мұндай түрдегі есептерді шешу үшін үлестік қатысу тәсілін де қолдану қажет. Ол үшін бірінші өсімнің жалпы сомасындағы әрбір фактордың үлесі анықталады, сонан соң нәтижелі көрсеткіштің жалпы өсіміне көбейтіледі. (4.2- кесте):

ΔҮа = ΔҮжалп  × Δа / (Δа + Δв + Δс);

ΔҮв  = ΔҮжалп  × Δв / (Δа + Δв + Δс);

ΔҮс  = ΔҮжалп  × Δс / (Δа + Δв + Δс);

 

4.2-кесте. Үлестік қатысу бойынша нәтижелі көрсеткішке факторлардың ыңпалын анықтау

 

Фактор

Пайданың өзгерісі, мың теңге

Пайданың жалпы сомасының өзгерісіндегі фактор үлесі

Табыстылық деңгейінің өзгерісі, %

Сату көлемі

+500

0,5

8 × 0,5 = +4,0

Бағасы

+1700

1,7

8 ×1,7 = +13,6

өзіндік құн

-1200

-1,2

8 × (-1,2)= -9,6

Барлығы

+1000

1,0

+8,0

 

4.5. ШҚТ-ғы интегралды әдіс

 

Интегралды әдіс мультипликативті, еселеу және еселеу-аддитивті үлгілерде факторлардың әсерін өлшеу үшін қолданылады. Оны пайдалану тізбекті ауыстыру, абсалютті және салыстырмалы айырма тәсілдерімен салыстырғанда, факторлар әсерін есептеудің дәл нәтижесін алуға мүмкіндік береді, өйткені факторлардың өзара әрекетінен алынған нәтижелі көрсеткіштің қосымша өсімі соңғы факторға қосылмайды, ол олардың арасында теңдей болып бөлінеді.   Әртүрлі үлгілер үшін факторлар әсерін есептеу алгоритмін қарастырайық:

f = ху;

Δfх = Δхуо+1/2ΔхΔу,       немесе      Δfх=1/2Δх(уо + уі);

Δfу = Δухо + 1/2ΔхΔу,      немесе     Δfу = 1/2Δу (хо + хі).

Біздің мысалымызда (4.1-кесте) факторлар әсерін есептеу келесідей болып жүргізіледі:

ЖӨ = ЖС × ЖӨн.

ΔЖӨжс= (+20) × 4 + 1/2  × (20×1) = +90 мың теңге;

ΔЖӨжөн = (+1) × 100 + 1/2 × (20×1) = +110 мың теңге

2. f = хуz:

Δfx = 1/2 Δх (уоzі + уіzо) +1/3 Δх Δу Δz;

Δfy = 1/2 Δу (хоz1 + х1zо) + 1/3 Δх Δу Δz;

Δfz = 1/2 Δz (хоу1 + х1уо)) + 1/3 Δх Δу Δz.

Мысал.

ЖӨ = ЖС × К × КӨн.

ΔЖӨжс= 1/2 × 20 × (200 × 24 + 208,33 × 20) + 1/3 × 20 × 8,33 × 4 = +89 890;

ΔЖӨк = 1/2 × 8,33 × (100 × 24 +120 × 20) + 1/3 × 20 × 8,33 × 4 = +20 222;

ΔЖӨкөн = 1/2×4×(100×208,33 + 120×200) + 1/3 × 20 × 8,33 × 4 = +89 888;

                                                                                           Барлығы  +200000

Еселеу және аралас үлгілердегі факторлар әсерін есептеу үшін келесідей жұмыс формулалары қолданылады.

1. Факторлы үлгі түрі f = х/у;

Δf х = Δх/Δу х lnу1о;        Δfу =  Δfжалп  -  Δfх

Мысалы:

ЖӨн = ЖӨ/ЖС;    ЖӨн0 = 400/100 = 4;      ЖӨн1 = 600/120 = 5 млн..теңге

ΔЖӨнжө  = 200/20 × ln 120/100 = 10 × ln1,2 = 10 × 0,182 = +1,82 млн..теңге

ΔЖӨнжс = 1 - 1,82 = -0,82 млн. теңге

2. Факторлы үлгі түрі f = х/(у+z):

Δfх = Δх/(Δу + Δz) х ln|(у1 + z]) /(уо + zо)|;

ΔfУ = (Δfжалп - Δf х )/( Δу + Δz) х Δу;

Δfz = (Δfжалп  - Δf х)/( Δу + Δz) х Δz;

Егер бөлімінде екі фактордан көп болса, онда ресімдері (процедура) әрі қарай жалғасады.

Осылайша, интегралды әдісті пайдалану барлық бірігудің (интеграциялаудың) үдерісін білуді қажет етпейді. Бұл дайын жұмыс формулаларына қажетті сандық мәліметтерді қойса жеткілікті және калькулятор көмегімен немесе басқа есептеу машинасымен күрделі емес есептеулер жасауға болады.

 

4.6. ШҚТ-ғы логарифдеу тәсілі

 

Логарифмдеу тәсілі мультипликативті үлгіде факторлар әсерін өлшеу үшін қолданылады. Интегралдаудағы сияқты мұнда есептеу нәтижесі үлгідегі факторлардың орналасуынан тәуелді болмайды. Интегралды тәсілмен салыстырғанда логарифмдеу есептеулердің жоғары дәлдігін қамтамасыз етеді. Егер интегралдау арқылы факторлардың өзара әрекетінен болған қосымша өсім олардың арасында тең бөлінетін болса, онда логарифмдеу көмегімен нәтижелі көрсеткіш деңгейіне әрбір факторлардың бірлескен әрекетінің нәтижесі әрбір фактордың жеке әсеріне байланысты үйлесімді үлеспен бөлінеді. Бұл оның артықшылығы болып табылады, ал кемшілігі - қолдану аясының шектеулі болуында. Интегралды әдіске қарағанда логарифмдеу әдісі кезінде көрсеткіштердің абсалютті өсімдері емес оның өсу (төмендеу) индекстері қолданылады. Мысалы, нәтижелі көрсеткішті үш фактордың көбейтіндісі ретінде көрсетуге болады: f= хуz. Бұл факторлардың әсері келесідей болып анықталады:

Δfx = Δfжалп × lg(x1 : хо) / lg(f1 : fо);

Δfу = Δfжалп × lg(у1 : уо) / lg(f1 : fо);

Δfz = Δfжалп × lg(z1 : zо) / lg(f1 : fо).

Формуладын көріп отырғанымыздай нәтижелі көрсеткіштің жалпы өсімі факторлы индекстер логорифмдерінің нәтижелі көрсеткіш логорифмдеріне қатынасы бойынша үйлесімді (пропорционалды) бөлінеді. Сонымен қатар қандай логорифмі - натуралды немесе ондық логарифмі   қолданылып жатқандығының мәні болмайды.

4.1-кесте мәліметтерін қолдана отырып, жұмысшылар санының есебінен (ЖС), жылына бір жұмысшының атқарған күн санының есебінен (К) және орташа күндік өнімділік (КӨн) есебінен болатын жалпы өнім өсімін факторлы үлгі бойынша анықтаймыз.

4.1-кесте мәліметтерін пайдалана отырып, факторлы үлгі бойынша жалпы өнімнің өсімін анықтаймыз:

ЖӨ = ЖС × К × КӨн.

ΔЖӨжс =ΔЖӨжалп × lg(ЖC1 : ЖС0)/ lg(ЖӨ1 : ЖӨ0) = 200 × lg1,2/lg1,5 = =+89,9 млн.теңге

ΔЖӨк = ΔЖӨжалп  × lg(К1 : К0)/ lg(ЖӨ1 : ЖӨ0)  = 200× lg1,0417/lg1,5 = =+20,2  млн..теңге

ΔЖӨкөн = ΔЖӨжалп  × lg(КӨн1 : КӨн0)/ lg(ЖӨ1 : ЖӨ0)  = 200х lg1,2/lg1,5 = =+89,9 млн..теңге

ΔЖӨжалп = ΔЖӨжс + ΔЖӨк + ΔЖӨкөн = 89,9 + 20,2 + 89,9 = 200 млн.теңге

Логарифмдеу тәсілінің артықшылығы - есептеулердің салыстырмалы қарапайымдылығында және есептеулердің дәлдігінің жоғары болуында. Детерминді және факторлы талдау тәсілдерін қолдану аясында жүйелендірілген түрде келесідей матрица түрінде ұсынуға болады.

 

Тәсілдер

Үлгілер

мультипл икативті

аддитивті

еселеу

аралас

Тізбекті ауыстыру

+

+

+

+

Абсалютті айырма

+

-

-

Ү=а(в -с)

Салыстырмалы айырма

+

-

-

-

Үйлесімді бөлу (үлестік қатысу)

+

-

+

Ү=а/∑хі

Интегралды

+

-

+

Ү=а/∑хі

Логарифмдеу

+

-

-

-

Ұсынылған тәсілдердің мәнін білу, олардың қолдану аясын, есептеулер ресімдерін білу - талдауды білікті жүргізудің шартты қажеттілігі.

 

4.7. Корреляциялық талдау тәсілі

 

Көрсеткіштер арасындағы өзара байланысы ықтималды және толық емес болғанда стохастикалық талдауда факторлардың әсерін өлшеу үшін корреляциялық талдау тәсілдері қолданылады. Жұптық және көптік корреляция деп түрлерге бөлінеді. Жұптық корреляция - бұл бірі факторлы болып, ал екіншісі нәтижелі болып келетін екі көрсеткіштің арасындағы байланыс. Көптік корреляция нәтижелі көрсеткішпен бірнеше факторлардың өзара іс-қимылынан туындайды.

Корреляциялық талдауды пайдаланудың қажетті шарты.

1) Зерттелетін факторлар мен нәтижелі көрсеткіштердің шамасы жөнінде жеткілікті бақылаулар санының болуы (серпіндідегі немесе ағымды жылдағы біртекті нысандар жиынтығы).

2) Зерттелетін факторлардың сандық өлшемі болады және қандай да бір ақпарттар көзінде көрініс табуы керек.

Корреляциялық талдауды пайдалану келесідей міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

1) бір немесе бірнеше факторлар әсерінен нәтижелі көрсеткіштің өзгеруін анықтау (абсалютті өлшеммен), яғни фактор бірлікке өзгергенде нәтижелі көрсеткіш шамасының қаншалықты өзгеретіндігін анықтайды;

2)   әрбір фактордан нәтижелі көрсеткіш тәуелділігінің салыстырмалы деңгейін анықтау.

Корреляциялық талдау бірнеше кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде зерттелетін көрсеткішке әсер ететін факторлар анықталады және корреляциялық талдау үшін неғұрлым маңыздысы таңдалады. Факторларды іріктеу - экономикалық талдаудағы өте маңызды кезең болып келеді, оның қаншалықты дұрыс жасалғандығы талдау қорытындысы бойынша дәл қорытынды жасаудан тәуелді болады. Сонымен қатар келесідей ережелерді ұстану қажет:

1) факторларды іріктеу кезінде бірінші кезекте көрсеткіштер арасындағы себепті-салдарлы байланысты ескеру қажет, өйткені тек олар ғана зерттелетін құбылыстардың мәнін ашады. Нәтижелі көрсеткішпен математикалық арақатынаста болатын факторларды талдаудың тәжірибелік мәні болмайды;

2) корреляциялық көп факторлы үлгіні жасағанда нәтижелі көрсеткішке айтарлықтай әсер ететін өте маңызды факторларды таңдап алу керек, себебі барлық жағдайлар мен шарттарды іс жүзінде барлығын қамту мүмкін емес.  Есептеу кезінде Стьюдент көрсеткіші бойынша кестедегі мәннен төмен факторларды алмау керек.

3) сызықты түрдегі корреляциялық үлгіге нәтижелі көрсеткішпен қисық сызықты сипаты бар факторларды енгізуге болмайды;

4) корреляциялық үлгіге өзара байланысы бар факторларды енгізуге рұқсат етілмейді. Егер корреляцияның жұпты коэффициенті екі фактордың арасында 0,85-тен көп болса, онда корреляциялық талдаудың ережесі бойынша екеуінің біреуін шығару керек, өйітпесе талдаудың нәтижесін бұрмалауға алып келеді;

5) нәтижелі көрсеткішпен функциялық байланысы бар факторларды корреляциялық үлгіге ендіруге болмайды.

Корреляциялық үлгі үшін факторларды іріктеуде талдамалық топтар, параллелді және серпінді қатарларды салыстыратын әдіс, сызықты сызбалар үлкен көмек көрсетеді. Олардың көмегімен зертеліп жатқан көрсеткіштердің арасындағы тәуелділіктің барлығын, бағытын және түрін анықтауға болады. Стьюдент көрсеткіші бойынша оның маңыздылығын бағалау негізінде корреляциялық талдаудың мақсатын шешу үдерісінде де факторларды іріктеуді жүргізуге болады.

Екінші кезеңде әрбір фактор және нәтижелі көрсеткіш бойынша алғашқы ақпарат жиналады. Оның дұрыстығы, біркелкілігі және қалыпты бөлу заңына сәйкестігі тексерілуі керек.

Бірінші кезекте ақпараттың дұрыстығына көз жеткізу керек, қаншалықты ол шынайы шындыққа жататыны белгілі болуы керек. Дұрыс емес, анық емес ақпаратты пайдалану талдау нәтижесінің дәл болмауына және жалған қортынды шығаруға алып келеді.

Корреляциялық талдаудың ең басты шарты – ақпараттың бөлінуінің орташа деңгейімен салыстырғанда зерттелетін ақпарат оған жуық біркелкілі болуы керек. Егер осы жиынтықта орташа деңгейден айтарлықтай ерекшеленетін нысандар тобы болатын болса, онда ол алғашқы ақпараттың біркелкілі болмауын көрсетеді.

Ақпараттың біркелкілігін орташа квадраттық ауытқу және вариация коэффициенті көрсетеді, олар әрбір фактор мен нәтижелі коэффициент бойынша саналады.

Орташа квадраттық ауытқу орташа арифметикалық мәннен фактордың жеке мәнінің абсолютті ауытқуын көрсетеді. Ол келесі формула бойынша анықталады:

σ = √∑(хi – хорт)2 /n

Вариация коэффициенті орташа арифметикалық мәннен әрбір мәннің салыстырмалы ауытқу шамасын көрсетеді. Оны санау үшін келесі фромула пайдалынады:

V = σ ×100 / хорт

Вариация коэффициенті неғұрлым үлкен болған сайын зерттеліп отырған нысанның үлкен шашыраңқылы және бір деңгейлігінің аз болғанын көрсетеді. Егер вариация 10%-дан көп болмаса, онда ол вариациялық қатардың құбылмалығы азғантай болғаны, егер вариация 10-12% болса, онда ол орташа болғаны, ол 20%-дан артық болып, 33%-дан кем болса, онда  ол едәуір болғаны. Егер вариация  33%-дан көп болса, онда ақпараттың біркелкі болмағаны және тұрпатты емес бақылауды алып тастау керек екенін білдіреді.

Алғашқы ақпаратқа қойылатын келесі талап - оның қалыпты бөлу заңына сәйкес келуі. Қалыпты бөлу заңынан ақпараттың ауытқу деңгейін сандық түрінде бағалау үшін асимметрия көрсеткішінің оның қатесіне қатынасын және эксцесс көрсеткішінің оның қатесіне қатынасын пайдалануға болады.

Ассимметрия көрсеткіші (A) және оның қатесі (ma) келесі формула бойынша саналады:

 А = ∑ (х – хорт)3 / n σ3;         ma = √ 6/n

Эксцесс көрсеткіші (Е) және оның қатесі (mе) келесі формула бойынша саналады:

Е = ∑ (х – хорт)4 / n σ4;         mе = √ 24/n

Симметриялық бөлуде А=0 тең. Нөлден ауытқуы орташа мәнге қарағанда бөлуде асимметрияның барын көрсетеді. Теріс асимметрияның болуы үлкен мәндердің көп болғанын, ал кіші мәндері өте сирек кездеседі.  Оң асимметрия мәліметтердің онша жоғары емес мәндері кездесетінін көрсетеді.

Қалыпты бөлуде эксцесс көрсеткіші Е=0 тең. Егер Е›0 болса, онда үшкір бұрышты жасап, орташа мәннің жанына тығыз топтасқанын көрсетеді. Егер Е‹0 болса, онда қисық сызықты бөлу жалпақ бұрышты құрайды.  Бірақ А / ma және Е/ mе ара қатынасы үштен кем болғанда асимметрия және симметрия онша маңызды болмайды, зерттеліп отырған ақпаратымыз қалыпты бөлу заңына сәйкес келетінін көрсетеді. Сол себепті оны корреляциялық талдау үшін пайдалануға болады деген сөз.

Үшінші кезеңде факторлар мен нәтижелі көрсеткіштің арасындағы сипаты зерттеліп, үлгі жаслынады, яғни зерттеліп отырған тәуелділіктің мәнін толық сипаттайтын математикалық теңдеу таңдалады және дәлелденеді. Оны дәлелдеу үшін байланыстың барлығын көрсететін талдамалық топтастыру, сызықты сызбалар және басқа да әдістер қолданылады. Нәтижелі көрсеткішті анықтайтын факторлардан оның тәуелділігі жұпты және көптік корреляция теңдеуі арқылы көрсетуге болады. Тікелей сызықты түрде олар төмендегідей түрде болады:

- жұпты регрессия теңдеуі: Yx = a + bx;

- көптік регрессия теңдеуі: Yx = a + b1x1 + b2x2 + … + bnxn

мұнда а  –  х =0 болғандағы теңдеудің бос мүшесі;

            x1, x2, …xn – зертелетін нәтижелі көрсеткіштің деңгейін

            анықтайтын факторлар;

           b1, b2,… bn - әрбір фактордың нәтижелі көрсеткішке жасайтың әсер

           деңгейін сипаттайтын факторлық көрсеткіштің жанындағы

           регрессия коэффициенті;

Егер нәтижелі және факторлық көрсеткіштер арасындағы байланыс қисық сызықты нышанда болатын болса, онда оны сипаттау үшін дәрежелі, логарифмділік, параболалық, гиперболалық және басқа да функциялардың қолданылуы мүмкін.

Төртінші кезеңде корреляциялық байланыстың негізгі көрсеткіштері: байланыс теңдеуі, корреляция, детерминді, икемді және басқа  коэффициенттері саналады

Түзу сызықты тәуелділікте болатын корреляциялық талдауды көрсету үшін мысал ретінде еңбектің қормен қаруланғандығының деңгейінен (х) жұмысшы өнімділігінің деңгейінің (Y) өзгеруі туралы 4.3-кестесінде келтірілген мәліметтерді пайдаланамыз.

Yx = a + bx теңдеуін шешу үшін а және b параметрлерін анықтаумен шектеледі. Оларды келесі теңдеулерін жүйесінен табуға болады:

na + b∑x = ∑y

a∑x + b∑x2 = ∑xy

   мұнда n – бақылау саны (біздің мысалда 10);

               х – еңбектің қормен қаруланғандығы (кәсіпорынның бір

              қызметкеріне келетін  негізгі өндірістік қордың құны), мың теңге;

               у – бір қызметкермен шығарылған өнім көлемі, мың теңге.

∑x, ∑y, ∑x2, ∑xy мәндері нақтылы алғашқы мәліметтер негізінде саналады (4.3-кесте).

 

4.3-кесте. Корреляциялық талдау үшін мәліметтер есептеу

 

n

х

у

xy

x2

У2

Yx

1

15,5

22,5

348.75

286,75

506,25

23,25

2

17,0

22,0

374

289

484

24,75

3

18,0

24,0

432

324

576

25,5

4

19,0

25,0

475

361

625

26,25

5

19,5

27,5

536.25

380,25

756,25

26,63

6

20,5

27,0

553.5

420,25

729

27,38

7

21,0

29,0

609

441

841

27,75

8

22,0

30,0

660

484

900

28,5

9

23,0

30,5

701.5

529

930,25

29,25

10

24,5

32,5

796.25

600,25

1026,25

30,38

Барлығы

200

270

5486.25

4115,5

7404

269,64

 

Алынған мәнді теңдеулер жүйесіне қоямыз:

10a + 200b = 270

200a + 4115,5b = 5486,25

Бірінші теңдеудің барлық мүшелерін 20-ға көбейту арқылы келесіні табамыз:

200a + 4000x = 5400

200a + 4115,5b = 5486,25

Екінші теңдеуден біріншіні шегере отырып, келесіне білеміз 115,5 b = 86,25. Бұл жерде                         

b = 86,25/115,5 =  0,75.

a = (270 – 200 × 0,75) / 10 = 12,0

Еңбек өнімділігінің оның қормен жабдықталуынан тәуелділігін сипаттайтын байланыс теңдеуі  келесідей болып өрнектеледі:

Yx = 12 + 0,75x.

Коэффициент а - бұл фактордың өзгерісімен байланысы жоқ нәтижелі көрсеткіштің тұрақты шамасы. Пара­метр b оны өлшеу бірлігіне факторлы көрсеткіш шамасының өсуі және кемуімен нәтижелі көрсеткіштің орташа өзгерісін көрсетеді. Берілген мысалда 1 мың теңгеге еңбектің қормен жабдықталуының артуымен жұмысшылардың өнімділігі орташа  0,75 мың теңгеге артады.

Регрессия теңдеуіне сәйкес мәнді  х-ты қоя отырып, кәсіпорын үшін нәтижелі көрсеткіштің әрбір теңестірілген мәнін алуға болады (теориялық Yx мәнін). Мысалы, бірінші кәсіпорында, қормен жабдықталуы 15,5 мың теңгеге тең жұмысшылардың өнімділігін есептеу  үшін байланыс теңдеуіне осы мәнді қою қажет:

Yx = 12+ 0,75 × 15,5 = 23,25.

Егер бұл кәсіпорын өзінің өндірістік қуатын осы таңдамадағы барлық кәсіпорындардың  орташа пайдаланғанындай пайдаланса, алынған шама еңбектің 15,5 мың теңге  қормен жабдықталу кезінде өнімділіктің қандай болғандығын көрсетеді. Бұл кәсіпорындағы нақты өнімділіктің мәні есептік мәннен жоғары.  Сәйкесінше, кәсіпорын өзінің өндірістік қуатын орташа салалыққа қарағанда жақсы қолданылады. Мұндай есептеулер әрбір кәсіпорын бойынша жасалады. Мәліметтер 4.3-кестенің соңғы сызық жолында  келтірілген. Жұмысшылардың нақты өнімідлігін есептік көрсеткішпен салыстыру жекелеген кәсіпорын жұмысының нәтижесін бағалауға мүмкіндік береді.

Осындай қағидамен зерттелетін құбылыстар арасындағы  қисықсызықты тәуелділік кезіндегі байланыс теңдеуі шешіледі. Бір көрсеткіштің мәні өскенде, басқа көрсеткіштің мәні белгілі бір деңгейге дейін өседі, сонан соң төмендей бастайды (мысалы, жұмысшылардың еңбек өнімділігінің олардың жасына тәуелділігі), онда  мұндай тәуелділікті сипаттау үшін екінші деңгейдегі парабола сәйкес келеді:

Yx = а + bх + сх2

Ең аз квадрат тәсілдің талаптарына сәйкес, a, b және с параметрлерін анықтау үшін келесідей теңдеулер жүйесін шешу қажет:

na + bΣx + cΣx2 = Σy

aΣx + bΣx2 + cΣx3 = Σxy

аΣх2+bΣx3+cΣx4 = Σx2y.

Параболадан   басқа корреляциялық талдаудағы қисықсызықты тәуелді- лікті сипаттау үшін гипербола жиі қолданылады:

Yx = а + b/х

Оның параметрлерін анықтау үшін келесідей теңдеулер жүйесін шешу қажет

na + bΣ1/x  = Σy

aΣ1/x + bΣ(1/x)2  = Σ(1/x)y

Гипербола бір айнымалының мәні өскенде екіншісінің мәні белгілі бір деңгейге дейін өсетінін, сонан соң өсім баяулайтынын көрсететін екі көрсеткіш арасындағы тәуелділікті көрсетеді, мысалы, өнімділіктің көктемде пайдаланатын тыңайтқыштан тәуелді болуы, жануарлардың өнімділігінінің олардың жемінен тәуелді болуы, өнімнің өзіндік құнының өнім көлемінен, оның өндірісінен тәуелді болуы және т.б.

Зерттеліп жатқан құбылыстар арасындағы тәуелділік сипаты күрделі болған сайын, соғұрлым күрделі параболалар (үшінші, төртінші деңгейдегі және т.б.), сондай-ақ  квадраттық, дәрежелік, көрсеткіштік және басқа да функциялар қолданылады.

Осылайша, қандайда бір математикалық теңдеуді қолдана отырып, зерттеліп отырған құбылыстар арасындағы тәуелділік деңгейін анықтауға, абсалютті өлшеммен нәтижелі көрсеткіштің шамасын бірліктегі факторлы өзгеріске сәйкес қанша бірлікке өзгергендігін білуге болады. Бірақ, регрессивті талдау келесі сұрақтарға жауап бермейді:  бұл байланыс қаншалықты тығыз, нәтижелі көрсеткіштің шамасына бұл фактор қалай ықпал етеді?

Нәтижелі көрсеткіш пен факторлы көрсеткіш арасындағы байланыстың тығыздығын өлшеу үшін корреляция  коэффициенті есептеледі. Байланыстың түзу сызықты түрінде зерттелетін құбылыс арасында ол келесідей формуламен есептеледі:

r = (Σxy – Σx ×Σy) / √ [Σx2 – (Σx)2 /n] ×[ Σy2 – (Σy)2 /n] =

= 5486,25 – 200 ×270 : 10 / √ [4115,5 – 2002 /10] ×[ 7404 – 2702 /10]  = 0,75.

4.3-кестедегі мәндерді формулаға   қоя отырып, Σxy, Σx, Σy, Σх2 и Σу2 корреляция коэффициенті мәнін аламыз, ол 0,75 тең. Бұл коэффициенттің мәні 0 -ден 1ге дейін болуы мүмкін. Оның шамасы неғұрлым бірге жақын болған сайын, зерттеліп жатқан құбылыстар арасындағы байланыстың тығыз болғанын көрсетеді және керісінше болады. Біздің жағдайда корреляция коэффициентінің шамасы г = 0,75. Бұл келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді, қормен жабдықталу дегеніміз – бұл талдау жасалып жатқан кәсіпорындағы еңбек өнімділігінің деңгейі тәуелді   болатын негізгі фактор- лардың бірі.

Егер корреляция коэффициенті мәнін квадраттасақ, онда детерминация коэффициентін табамыз (d = 0,56). Бұл еңбек өнімділігінің қормен жабдықталудан  56%-ға тәуелді екенін көрсетеді,  ал оның деңгейінің өзгеруі басқа факторлардың үлесіне  44% сәйкес келеді.

Қисық сызықты тәуелділіктің байланысының тығыздығын өлшеуде, корреляцияның сызықты коэффициенті емес, корреляциялық қатынас қолданылады, ал формуласы келесідей түрде болады: 

η = √(σ2 у - σ2 ух)/ σ2 у,  мұнда σ2 у = Σ(у-уорт )2 / n; σ2 ух = Σ(у-ух )2 / n.

Бұл формула әмбебап болып табылады. Мұны корреляция коэффициентін кез келген түрдегі тәуелділікте есептеуге мүмкіндік береді.   Бірақ оны табу үшін регрессия теңдеуін алдын ала шешуді талап етеді және ол бойынша әрбір таңдамалар бақылауындағы  зерттеліп жатқан нәтижелі көрсеткіш теориялық мәндерін шешу қажет (4.3-кесте, 7 сызық жол).

Көп факторлы корреляциялық талдау есептерін шешу үшін тұрпаттық бағдарламалар бойынша жеке электронды есептеу техникасында жүргізілуі тиіс. Басында алғашқы мәліметтердің матрицасы қалыптасады, бірінші сызық жолда бақылаудың реттік нөмірі, екіншісінде – нәтижелі көрсеткіш шамасы (Yx), келесіде – факторлы көрсеткіштер бойынша мәліметтер (хi). Бұл мәліметтер ЭЕТ енгізіледі және келесідей өрнекпен көрсетілетін көптік регрессия  теңдеуімен есептеледі: 

Yx == 0,49+ 3,65х1 + 0,09х2+ 1,02х3-0,122x4 + 0,052x5,

мұндағы  Y   - сату табыстылығы, %;  

                 x1 – материал қайтарымы, теңге;  

                 x2  - қорқайтарымы, тиын;

                 х3    - еңбек өнімділігі (бір жұмысшының орташа жылдық

                 өндірімі), мың  теңге;  

                  х4 - кәсіпорынның айналмалы капиталының айналымды-

                 лығының ұзақтығы, күн;

                 х5 – жоғары сапа санатындағы өнімнің үлес салмағы,%.

Теңдеу коэффициенттері басқалардың тұрақтылығында нәтижелі көрсеткішке әрбір фактордың сандық әсерін көрсетеді. Осы жағдайда алынған теңдеуге  келесідей түсініктеме беруге болады: табыстылық материалқайтарымы 1 теңгеге өскенде - 3,65%-ға; қорқайтарымы 1 теңгеге өскенде - 0,09%-ға; бір қызметкерге келетін өнімнің орташа өнімділігі  1 теңгеге өскенде - 1,02%-ға; жоғары санатты өнімнің үлес салмағы 1%-ға өскенде - 0,052%-ға артады. Қаражаттың айналым ұзақтығы көбейген сайын табыстылық орташа 0,122%-ға төмендейді.

Бесінші кезең корреляциялық талдаудың нәтижесін статистикалық бағалау және тәжірибеде пайдалану.

Байланыс көрсеткіштерінің сенімділігіне және тәжірибелік мақсатта пайдалануға болатынына көз жеткізу үшін оларға статистикалық баға беру керек.  Ол үшін Стьюдент көрсеткіші (t), Фишер көрсеткіші (F-қатынасы),

аппроксимацияның орташа қателігі (ε), көптік корреляция (R) және детерминация (D) коэффициенттері пайдалынады.

Корреляция коэффициентінің сенімділігі зерттеліп отырған мәліметтердің іріктелу көлеміне байланысты, ол Стьюдент көрсеткіші бойынша анықталады:

t = r/σr ,   мұнда  σr = (1- r2 )/( n – 1),

Егер саналған t-нің мәні кестедегі мәніне қарағанда жоғары болса, онда корреляция коэффициентінің шамасы мәнді болып саналады. t-нің мәні Стьюдент көрсеткішінің шамасын көрсететін кесте бойынша табылады. Сонымен қатар еркінді дәрежесінің саны (V = n – 1) және  сенімділік ықтималдығының деңгейі ескеріледі (экономикалық есептеулерде ол 0,05 немесе 0,01-ге тең).

Байланыс теңдеуінің сенімділігі Фишер көрсеткішінің көмегімен бағаланады, оның есептеу мәні кесте мәнімен салыстырылады. Егер           Fесеп > Fкесте болса, онда зерттелетін көрсеткіштердің арасындағы байланысы жоққа шығарылады.

Байланыс теңдеуінің дәлелдігін бағалау үшін аппроксимацияның орташа қателігі саналады. Регрессияның теориялық сызығы нақты (эмпириялықтан) сызығынан неғұрлым аз ауытқыса, солғұрлым оның мәні аз болып келеді, ал ол өз кезігінде фирманың байланыс теңдеуін дұрыс тапқанын көрсетеді. Біздің мысалда ол 0,0364, немесе 3,64%-ды құрайды. Экономикалық есептеулерде ұйғарынды қателік 5-8% шегінде болатынын ескеретін болсақ, онда зерттеліп отырған теңдеу анықталып отырған тәуелділікті айтарлықтай дәл анықтап отыр. Бұл теңдеу бойынша табыстылық деңгейінің болжауы осы қателік деңгейінде жасалады.

Байланыс теңдеуінің толықтылығы жайлы көптік корреляция және детерминация коэффициенттері бойынша жорамалдауға болады. Егер олардың мәні бірге жақын болса, онда оның үлесіне нәтижелі көрсеткіштің негізгі вариациясы келетін ең маңызды факторларды корреляция үлгісіне енгізілгенін көрсетеді.

Көптік корреляция коэффициенті 0,92-ге тең, ал көптік детерминация коэффициенті – 0,85. Бұл деген табыстылық деңгейінің өзгеруі  зерттеп отырған факторлардың өзгерісінен 85%-ға тәуелді екенін тауып отыр, ал  қалған нәтижелі көрсеткіштің вариациясының 15%-ы ескерілмеген факторлардың үлесіне келеді. Демек, бұл теңдеуді тәжірибелік мақсатта пайдалануға болады, атап айтқанда:

а) нәтижелі көрсеткіштің өсіміне факторлардың әсерін ечептеу;

б) эерттелетін көрсеткіш деңгейін жоғарылату резервін санау;

в) оның шамасын жоспарлау және болжау үшін.

Нәтижелі көрсеткіштің өсіміне (жоспардан ауытқуына) әрбір фактордың әсері келесідей есептеледі:

Yxi = bi × Δxi

Есеп беретін жылы жоспар бойынша талдау жүргізіліп отырған кәсіпорында материалқайтарымның деңгейі 2,5 теңге, нақты деңгейі – 2,4 теңге болды делік, осыдан өнім табыстылығының деңгейі жоспарға қарағанда 0,365%-ға төмен болады.         

ΔYxi =3,65 × (2,4 - 2,5) = -0,365%.

Осыған ұқсас етіп нәтижелі көрсеткіштің өсу резервтері есептелінеді. Ол үшін факторлық көрсеткіштің жоспарлы өсімі өзіне сәйкес келетін байланыс теңдеуіндегі регрессия коэффициентіне көбейтіледі:

P↑Yxi = P↑xi × bi.

Келесі жылы материалқайтарымы 2,4 теңгеден 2,7 теңгеге дейін өсті делік. Осының арқасында табыстылық келесі деңгейге өседі:

P↑Yxi  = (2,7 - 2,4) × 3,65 = 1,1%.

Осыған ұқсас есептеулер әрбір фактор бойынша жасалынады, сонан кейін талдау нәтижесі қортындылады. 

Көпфакторлы регрессиялық талдаудың нәтижесі нәтижелі көрсеткішті жоспарлау және болжау үшін пайдалануы мүмкін. Осы мақсатпен алынған теңдеуге факторлы көрсеткіштердің жоспарлы (болжамды) деңгейін қою керек:   

Yo = 0,49 + 3,65 × 2,7 + 0,09×85 + 1,02 × 8,5 - 0,122 × 20 + 0,052 ×33 = 25,95%.

Сонымен, көпфакторлы корреляциялық талдау ғылыми және тәжірибелік  жағынан үлкен маңыздылығы бар. Зерттеліп отырған көрсеткіштің деңгейінің қалыптасуына әсер ететін әрбір фактордың орны мен рөлін дұрыс анықталса, соғұрлым жоспарлар мен басқару шешімдері дәлірек негіделінеді, кәсіпорын іс-әректінің қортындысы шынайы бағаланылады және шаруашылық ішіндегі резервтер толық анықталады.   

 

ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ТАЛДАУДА РЕЗЕРВ ШАМАСЫН АНЫҚТАУ ӘДІСТЕМЕСІ

 

5.1. Шаруашылық резервтері мен оны іздеу қағидаларының түсінігі және оларды саралау

 

Шаруашылық қызметті талдауда шаруашылық резервті ғылыми-техни- калық серпіліс пен алдыңғы қатарлы тәжірибенің жетістіктерін пайдалану  негізінде ұйымның тиімділігін артыру мүмкіндігімен түсіндіріледі. 

Ғылыми-техникалық серпілістің дамуы арқасында материал сыйымды- лығын және өнім мен қызмет көрсетудің еңбек сыйымдылығын төмендетуге, қаражаттардың айналымдылығын жылдамдататын, бизнестің табыстылығын және басқа да көрсеткіштерін арттыратын шикізат пен материалдардың, машина мен құрал-жабдықтардың жаңа түрлері, жаңа технологиялардың, еңбекті ұйымдастырудың аса жетілген түрлері пайда болады.  

Жақсы түсініп, оны толық айқындау үшін және пайдалану үшін шаруашылық резервтерді келесі нышандары бойынша саралайды. 

Кеңістіктік нышаны бойынша шаруашылықішілік, салалық, аймақтық және жалпымемлекеттік резервтер болып бөлінеді.

Шаруашылықішілікке  талданып отырған кәсіпорында ғана анықталған және онда пайдалануға болатын резервтер жатады. Олар, ең бірінші, ресурс ысырапшылдығын және оның босқа кеткен шығындарын болдырмауымен байланысты. Оған өндірісті ұйымдастыру мен технологияның ең төмен деңгейіндегі нәтижесінде болған жұмыс уақыты мен материалдық ресурстардың шамадан тыс ысырапшылдығы жатады.

Салалық резервтер – бұл сала деңгейінде анықталуы мүмкін резервтер, мысалы, машиналардың жаңа жүйесін, жаңа технологияны, бұйымның жаңартылған құрылымын, өсімдіктің жаңа сұрыптарын, жануардың жаңа тұқымын жасау. Бұл резервтерді іздеу салалық бірлестіктердің, министерліктердің, концерннің құзыреті болып саналады.

Аймақтық резервтер географиялық аудандарда анықталып, пайдалануы мүмкін (жергілікті шикізат пен отынды, энергетикалық ресурстарды пайдалану, идаралылығына (ведомосттылығына) қарамай қосалқы өндірістерді орталықтандыру және т.б.).

Жалпымемлекеттік резервтерге әртүрлі өндіріс салаларын дамытудағы сәйкессіздікті (диспропорцияны) жоюды, меншік түрлері мен ұлттық экономиканы басқару жүйесін өзгертуді жатқызуға болады. Мұндай резервтерге тек басқарудың мемлекеттік деңгейіндегі іс-шараларды жүргізу арқылы қол жеткізуге болады. 

Уақыт нышаны бойынша резервтер пайдаланылмаған, ағымдағы және келешектегі деп бөлінеді.

Пайдаланылмаған резервтер – бұл жоспармен, немесе өткен уақыт мерзіміндегі ғылым мен алдыңғы қатарлы тәжірибелердің жетістіктерін өндіріс тиімділігін арттыруға пайдалану мүмкіншілігін жоғалтып алу.

Ағымдағы резервтер - бұл таяу уақыт аралығында (ай, тоқсан, жыл) іске асып, шаруашылық қызметін жақсартатын мүмкіншілік деп түсінеміз.  

Келешектегі резервтер әдетте ұзақ мерзімге белгіленеді. Оны пайдалану әжептәуір инвестицияның көлемімен, ғылым-техникалық серпілістің жетістіктерін ендірумен, өндірісті қайта құрумен, өндірістің технологиясын, мамандықты ауыстырумен байланысты.

Бұйымның өмірлік кезеңдік сатылары бойынша топтастыру арқылы  резервтерді іздеу ұйым үшін өте үлкен маңызды. Осы нышаны бойынша резервтерге өндіру алдындағы, өндіру, пайдалану және бұйымды пайдаға асырудағы резервтерді жатқызады.

Ең көп нәтижеге өндірістік сатысында резервтерді іздегенде қол жеткізіледі. Бұл жерде бұйымның құрылымын жақсарту, өндірістің технологиясын жетілдіру, арзан шикізатты пайдалану арқылы өндірістің тиімділігін арттыратын резервтерді анықтауға болады. Дәл осы сатыда өнімнің өзіндік құнын төмендететін ең үлкен резервтер жатыр, олар осы сатыда неғұрлым толық айқындалса, солғұрлым бұл өнімнің жалпы алғанда тиімділігі жоғары болады.   

Өндірістік сатыда жаңа бұйымды, жаңа технологияны меңгеру және одан кейін өнім өндіру басталады. Бұл кезеңде өндірістік қуатты жасауға, қажетті құрал-жабдықтар мен саймандарды алуға, өндірістік үдерістерді жөндеп жіберуге кеткен жұмыстардың нәтижесінде резервтер шамасы азаяды.  Бұл үдерісті түпкілікті өзгерту көп ысырапшылдықсыз мүмкін болмайды. Сондықтан бұйымның өмірлік бұл кезеңдігінде өндірістік үдерістерге әсер етпейтін басқа резервтер анықталып пайдаланылады. Бұл резервтер еңбекті ұйымдастыруды жақсартумен, оның қарқындылығын арттырумен, құрал-жабдықтардың тұрып қалуын азайтумен, шикізат пен материалдарды тиімді пайдаланып, үнемдеуімен байланысты болады.

Пайдалану сатысы тұтынушымен анықталған кемшіліктерді  орындаушы жоюға тиісті кепілдік кезеңге және кепілдіктен кейінгі кезеңге бөлінеді. Нысанды пайдалану сатысында оны өндірімді пайдаланудан және шығындарды (электр энергияны, отынды, қосалқы бөлшектерді  және т.б.) төмендетуден болатын резервтер ең алдымен бірінші екі сатыларда орындалған жұмыстардың сапасына байланысты болады. 

Демек, мол нәтиже алу үшін бұйымның өмірлік кезеңдігінің барлық сатысында, әсіресе маңызды резервтері бар бірінші сатысында, толассыз және жүйелі түрде резервті іздеу қажет.

Ұдайы өндіру үдерісі бойынша резервтер өндіріс саласымен қатар айналыс саласына да қатынасы бар. Негізгі резервтер, көбінесе, өндіріс саласында болады, бірақ та айналыс саласында да (өндірушіден тұтынушыға дейін жеткізу жолында әртүрлі ысырапшылыққа жол бермеу, сонымен қатар дайын өнімді сақтаумен, жеткізумен, сатумен және өндірістік запасты дайындаумен байланысты шығындарды азайту) айтарлықтай көп болады;

Шаруашылық қызметті талдауда резервтерді ресурстар түрі бойынша топтастыру өте жоғары маңызды болып келеді. Пайдаланылатын жерлерді, өндірістің негізгі қорларын, еңбек затын және еңбек ресурстарын тиімді және толық пайдалануымен тығыз байланысты резервтер өз алдына жеке қарастырылады.   Резервтерді бұлай саралау ресурстардың барлық түрлері бойынша теңгерімділігі үшін қажет. Мысалы, еңбек ресурстарын тиімді пайдалану арқылы өнім көлемін өсіру резерві анықталады. Оларды дұрыс түсіну үшін ең алдымен еңбек құралы мен еңбек затын жақсы пайдалану арқылы сол шамада өнім көлемін артыру резервін анықтау қажет. Егер қайсы бір ресурс резерві жеткілікті болмаса, онда есепке олардың бірінің ең аз шамасы бойынша резерв алынады.

Өзінің экономикалық табиғаты мен нышаны бойынша өндіріс нәтижесіне әсер ету экстенсивті және белсенді болып бөлінеді. Өндірісте қосымша ресурстар (материалдық, еңбек, жер және басқалар) пайдаланумен байланыстылар экстенсивті нышаны бар резервке жатады.  Белсенді түрлі резервтер өндірістік бар әлеуетті толық және ұтымды пайдаланумен байланысты. Ғылыми техникалық серпілістің даму барысында экстенсивті нышанды резервтің рөлі азайып, өндірісті қарқындандыру резервін іздеу күшейеді.

Табу тәсілдері бойынша резервтер айқын және жасырын болып бөлінеді. Бухгалтерлік және есеп беру құжаттары бойынша оңай анықталатын резервтер айқын резервтеріне жатады. Бұл қоймадағы өнім мен материалдардың кем шығуы және оның бұзылуы, қарыздарды есептен шығару нәтижесінде болған шығын, төленген айып пұлдар, кәсіпорындағы мөлшерлермен салыстырғандағы ресурстардың барлық түрлері бойынша артық жұмсалуы және басқалар.  Мұндай ысырап  ұқыпсыздықтың, ысырапшылдықтың, келісім-шартта көрсетілген келісімді орындамаудың, құрал-жабдықтардың нашар жағдайының, жұмысшылардың төмен біліктілігінің, өндірісті ұйымдастыру деңгейі төмендігінің, ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар жоспары орындалмауының және т.б.  нәтижесінен пайда болады. Олардың артық жұмсалуын жою үшін техника, технология мен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру іс-шараларын жүргізу керек. Сонымен қатар материалдық құндылықтарды сақтау мен жеткізу тәртібін жөндеу қажет, олардың қозғалысының пәрменді есебін және бақылауын ұйымдастыру керек, тұтынушылар мен жеткізушілер алдында міндеттемелерді орындап, қаржылық және есеп айырысу тәртібін бұлжытпай орындау қажет. 

Жоспарда көрсетілмеген ҒТС пен алдыңғы қатарлы тәжірибе жетістіктерін ендірумен байланысты резервтер жасырын резервтерге жатады. Оларды анықтау үшін салыстырмалы шаруашылықішілік (алдыңғы қатарлы телімдердің, бригаданың, қызметкерлердің жетістіктерімен), шаруашылық аралық (саланың жетекші кәсіпорындарының жетістіктері- мен), ал кейбір уақытта халықаралық талдау жасау қажет болады.  

Резервтерді саралаудың маңызды нышаны ретінде  оның пайда болу уақыты саналады. Осы нышаны бойынша жоспар жасағанда ескерілмеген резервтер және жоспарды бектіткеннен кейінгі пайда болған резервтер деп бөлуге болады.   Резервтердің бірінші түрібұл  жоспарды жасағанда ескерілмеген, бірақ та өндірістің тиімділігін арттыру үшін пайдаланбаған мүмкіншілік, ол өз алдына жоспардың жеткілікті дәлелденілмеуін және қауырт болмағанын көрсетеді. Резервтердің басқа түрі – бұл жоспарды жасағаннан және бекіткеннен кейін пайда болған мүмкіншілік. Мұндай резервтер ҒТС жылдам қарқынымен, жаңа шешімдер мен мүмкіншіліктердің пайда болуымен байланысты.

Сонымен, резервтерді саралау оларды іздестіруді кешенді және мақсатты ұйымдастырып, оның мәнін түсінуге мүмкіндік береді. Резервтерді іздестірудің негізгі қағидаларын білген маңызды.

1.   Резервтерді іздеу ғылыми сипатта болуы қажет, ол резервтердің экономикалық мәнін, оны іздеудің негізгі бағыты мен көзін, сонымен қатар оны іздеудің әдістемесі мен техникасын білумен байланысты болады.

2. Резервтерді іздеу кешенді және жүйелі болуға тиісті, ол, бір жағынан, резервтерді толығымен ашуға мүмкіндік берсе, ал екінші жағынан қайталап санауды болдырмайды.                              

3.    Резервтер үнемділік жағынан дәлелделінген және нақты болуға тиісті. Оларды санағанда нақтылы іс-шаралармен белгіленген кәсіпорынның мүмкіншілігін ескеру қажет.                       

4. Резервтерді іздеудің тиімділігін арттыру үшін бағыттардың (еңбек және материал ресурстарының үлкен ысырабы бар, техниканың тұрып қалуы бар өндіріс телімдерінің)  резерв сыйымдылығын алдын ала анықтаудың зор маңызы бар.

5. Резервтерді іздеу оралымды болуға тиісті. Ол неғұрлым оралымды болса, бұл үдеріс соғұрлым тиімдірек болады. Резервтерді тапқанменен оны меңгерудің аралығын азайту ерекше маңызды болып келеді.

6. Резервтерді іздеу дискретті болуға тиісті. Оны жоспарлы, жүйелі жүргізу қажет.

7. Резервтерді іздеуде неғұрлым әртүрлі кәсіптегі және мамандықтағы қызметкерлер толығымен қатысса, соғұрлым ол толық айқындалатын болады. 

 

5.2. Резервтер шамасын анықтау әдістемесі

 

Шаруашылық қызметті талдауда резервтердің шамасын анықтау үшін бір қатар әдістер қолданылады: тікелей санау, салыстыру,  детерминдеу факторлық талдау, функциялы-құндылық талдау, математикалық бағдарлама және басқалары. 

Тікелей санау әдісі ресурстарды қосымша тарту шамасы белгілі болғанда немесе оның сөзсіз болатын ысырабының шамасы белгілі болғанда экстенсивті нышандағы резервтерді санауда қолданылады. Өнім көлемін көбейту мүмкіншілігі (Р↑VЖӨ) бұл жағдайда келесі жолмен анықталады: ресурстардың қосымша саны  немесе кәсіпорынның кінәсінен ресурстардың сөзсіз ысырабының шамасы (ΔР) өнімнің бірлігіне келетін нақты жұмсалымына (УРн)  бөлінеді немесе нақты ресурс қайтарымына (РҚн), яғни материал қайтарымына, қор қайтарымына, өнімділігіне және т.б., көбейтіледі:

Р↑VЖӨ = ΔР : УРн немесе   Р↑VЖӨ = ΔР × РҚн.

Мысалы, шикізат сатып алуды 600 тоннаға көбейту керек деп жоспарланып отыр делік. Сонымен қатар өнімнің бірлігін шығару үшін кәсіпорында нақтылы 20 кг шикізат жұмсалады. Демек, қосымша 30 000 бірліктегі өнім (600т : 20 кг) алынады деген сөз. Материал қайтарымыны біле тұра, бұл нәтижені басқа жолмен анықтауға болады. Біздің мысалда 1т шикізаттан өнім шығымы 50 бірлікті құрайды. Осыдан қосымша шикізатты пайдалану өнім көлемін 30 000 бірлікке (600т ×50 бірлік) арттыруға мүмкіндік береді.

Осындай әдіспен қосымша еңбек ресурстарын, негізгі өндірістік қорды және т.б.  қосымша пайдаланғаннан өнім шығымын көбейту резервтерін есептеуге болады. Персонал санының өсуінен өнім көлемінің арту резервін есептеу үшін қосымша жұмыс орнын осы кәсіпорындағы өнімділіктің нақтылы деңгейіне көбейту керек, ал қосымша өндіріс қоры есебінен болатын резервті негізгі өндіріс қорының өсімін қор қайтарымының нақты деңгейіне көбейту керек.                              

Ресурстар ысырабы немесе мүмкін болатын үнемі талданып отырған кәсіпорында бекітілген мөлшермен, немесе басқа алдыңғы қатарлы кәсіпорындарда қол жеткізген деңгейімен салыстыра отырып анықталғанда салыстыру әдісі қолданылады. Өнім көлемін өсіру резерві ғылым және алдыңғы қатарлы тәжірибе жетістіктерін ендіру есебінен өнім бірлігіне келетін шығындардың азаюынан анықталған резерв (Р↓УР) жоспарланып отырған өнім көлеміне көбейтіліп, резервтің анықталған төмендеуін (УРн)  есекере отырып,  өнім бірлігіне келетін жоспарланған ресурс жұмсалымына (VЖӨж)  бөлу керек немесе ресурс қайтарымының жоспарланған (мүмкін) деңгейіне (РҚж) көбейтіледі: 

Р↑VЖӨ = Р↓УР × VЖӨж / УРн   или Р↑VЖӨ = Р↓УР × VЖӨж × РҚж

Мысалы, өнімнің бірлігін алу үшін 5 кг мөлшердің орнына нақты 5,5 кг шикізат жұмсалған, нақты өнім көлемі 60 000 бірлік болған. Осыдан көрініп тұрғандай, өнім бірлігіне 0,5 кг ресурс артық, ал өндірістің барлық көлеміне – 30000 кг (0,5 кг × 60 000 ед.) жұмсалған, осының нәтижесінде жоспармен салыстырғанда 6000 бірлікке  (30000 кг : 5 кг) өнім кем алынған.  Бұл кәсіпорынның пайдаланбаған резеві болып саналады. Оны артық жұмсалған шикізат көлемін жоспарлы ресурс қайтарымына (материал қайтарымына) көбейте отырып, басқа әдіспен анықтауға болады (30 000 × 0,2 = 6000 бірлік).

Шаруашылық қызметті талдауда резерв шамасын анықтау үшін детерминдеу факторлық талдауы, тізбекті ауыстыруы, абсолютті айырмасы және және интегралдық әдісі кең қолданылады.

Мысалы, егер жалпы өнім көлемі жұмысшы санын олардың өнімділігіне көбейту арқылы көрсетілсе (ЖӨ = ЖС × Өн), онда абсолютті айырма әдісін қолана отырып, жұмысшылар санының өсуі арқасында болған резервтерді келесі формуламен анықтауға болады:

Р↑VЖӨжс = Р↑ЖС × Өнн,

ал  еңбек өнімділігі есебінен:

Р↑VЖӨөн = ЖСв × Р↑Өн .

Бұл есептеуді тізбекті ауыстыру әдісімен:

ЖӨн = ЖСн × Өнн;    ЖӨшарт = ЖСж × Өнн;   ЖӨж = ЖСж × Өнж;

Р↑ЖӨжалп = ЖӨж – ЖӨн          Р↑ЖӨжс = ЖӨшарт – ЖӨн

Р↑ЖӨөн = ЖӨж – ЖӨшарт

Салыстырмалы айырма әдісімен:

Р↑ЖӨжс = ЖӨн × Р↑ЖС/ЖСн;          Р↑ЖӨөн = (ЖӨн + Р↑ЖӨжс )× Р↑Өн/Өнн;

Интегралдық әдіспен:        

Р↑ЖӨжс = Р↑ЖС ×1/2(Өнн + Өнж);

Р↑ЖӨөн= Р↑Өн ×1/2(ЖСн+ ЖСж).

Логарифмдеу әдісімен: 

Р↑ЖӨжс = Р↑ЖӨжалп × lg (ЖСж : ЖСн) / lg (ЖӨж : ЖӨн)

Р↑ЖӨөн = Р↑ЖӨжалп × lg (Өнж : Өнн) / lg (ЖӨж : ЖӨн)

Корреляциялық талдаудың нәтижесі шаруашылық резервтерді есептеуде кең қолданылады. Осындай мақсатпен тиісті факторлық көрсеткіштердің регрессия теңдеуіндегі табылған коэффициентін мүмкін болатын коэффициенттің өсіміне көбейту керек:

Р↑Y = Р↑Xi × bi,

мұнда   Р↑Y  - нәтижелі көрсеткіштің өсім резерві (Y);

             Р↑Xi – факторлық көрсеткіштің өсім резерві (х);

             bi – байланыс теңдеуінің ререссия коэффициенті.

Резервтерді анықтауда математикалық бағдарламаның зор көмегі бар, ол шаруашылық  ақуалды және ресурсқа деген шектелу жағдайын ескере  отырып, көрсеткіштердің шамасын оңтайлауға мүмкіндік береді, оңтайлы нұсқа бойынша зерттеліп отырған көрсеткіштердің шамасын олардың нақтылы немесе жоспарлы деңгейімен салыстырып, өндірістің қосымша резервтерін айқындауға болады.

Резервтерді есептегенде есеп-құрылымдлық әдіс  елеулі көмек көрстеді. Бұл тәсіл нәтижелі көрсеткішті еселі үлгі түрінде көрсетуге болатын жағдайда қолданылады.

Мысалы, өнім бірлігінің өзіндік құны шығын көлемінің (Ш) өндірілген өнім көлеміне (VЖӨ) қатынасымен анықталады:

ӨҚ = Шн / VЖӨн.

Сондықтан оның деңгейінің төмендеуіне, бір жағынан, өнім көлемін арттыратын резервтерді (Р↑VЖӨ) табу керек, ал екінші жағынан – ресурстардың барлық түрлерін үнемді пайдалану арқылы оларды өндіруге кететін шығындарды қысқарту резервтері (P↓Ш). Сонымен қатар өнім өндірісін ұлғайту үшін қосымша шығындар қажет болады (Шқ). Қортындысында өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтерінің әдістемесін келесідей етіп көрсетуге болады:

P↓ӨҚ = (Шн + Шіс + P↓Ш) / (VЖӨн + Р↑VЖӨ) ± Шн/ VЖӨн = ӨҚж ± ӨҚн.

Осы әдістермен барлық айқындалынған резервтер тиісті іс-шаралармен нақтылануы қажет. Тек сол жағдайда ғана резевтер нақтылы және дәлелденілген болады.        

 

ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ТАЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН АҚПАРАТТЫҚ ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

 

6.1. Шаруашылық қызметті талдаудың негізгі қағидалары

 

Шаруашылық қызмтті талдаудың нәтижелігі көбінесе дұрыс ұйымдастыруға тікелей байланысты. Ол ғылыми сипатта болуы керек, жоспарлы түрде іске асады, ең жаңа әдістемелікке негізделуі керек, талдамалық үдерістердің пәрменділігін және тиімділігін қамтамасыз ету керек.

Талдамалық жұмысты басқару оның шешімдерін қабылдайтын әрбір менеджердің міндеті болып саналады. Осыдан оны ұйымдастырудың маңызды қағидасы жеке орындаушылардың арасында талдауды жүргізу үшін міндеттерді дәл бөлу қажет болып саналады. Қаншалықты міндеттер оңтайлы бөлінген болса, соғұрлым, біріншіден, талдауы толық жүргізіледі, ал екінші жағынан, әртүрлі бөлімдердің ұқсас жұмысты қайталамауға жол берілмейді, әртүрлі мамандардың жұмыс уақыты тиімдірек пайдалануына мүмкіндік туады. 

Кәсіпорындарда талдауды ұйымдастыру қағидаларының бірі талдамалық үдерісті үнемді және тиімді жүргізу болып табылады, яғни, оны жүргізуге кететін шығындарды мейлінше азайтып, толық және барлық жағын қамтыған зерттеулерді орындауды білдіреді.  Осы мақсатпен оны жүргізгенде талдаудың жаңа әдістемелігін, ақпаратты өңдейтін компьютерлік технологияны, мәліметтерді жинау және сақтаудың оңтайлы әдістерін қолдану керек.

Кәсіпорындарда талдамалық жұмысты ұйымдастырудың маңызды қағидасы оны реттемесі мен бірегейлендіруі болып саналады. Реттеме әрбір орындаушыға міндетті ең аз көлемде кесте мен талдаудың соңғы түрін жасауды қарастырады.  Талдауды бірегейлендіру (стандарттау) үлгілік әдістемелерді және нұсқауларды, соңғы мәлімет толтыру түрлерін және кестені, стандартты бағдарламаны, бірыңғай өлшемдерді жасауды қарастырады, ол болса басқарудың жоғары сатысында талдау нәтижелерін салғастыруды және жинастыруды қамтамасыз етеді, шаруашылық ішіндегі бөлімдердің қызметін бағалаудың шынайлығын арттырады, талдауға кететін шығындарды азайтып, қортындысында оның тиімділігінің артуына мүмкіндік туғызады.  

Кәсіпорындардағы талдамалық жұмыстары келесідей ұйымдастыру кезеңдерінен тұрады.

1. Шаруашылық қызметті талдаудың субъектісі мен нысанын анықтау, талдауды ұйымдастыру түрін таңдау және жеке жұмыс орны мен бөлімдер арасында міндеттерді бөлу.                         

2. Талдамалық жұмысты жоспарлау.

3. Шаруашылық қызметті талдауды ақпараттық және әдістемелік қамсыздандыру.

4. Талдау нәтижесін ресімдеу.

5. Талдау нәтижесі бойынша туындаған ұсыныстарды өндіріске ендіруді бақылау.

 

6.2. Кәсіпорындарда шаруашылық қызметті талдауды ұйымдастыру түрлері мен орындаушылар

 

Кәсіпорындарда шаруашылық қызметті ұйымдастыру түрлері аппарат құрамы мен басқарудың техникалық деңгейімен анықталады.

Ірі өнеркәсіп кәсіпорындарында барлық экономикалық бөлімдердің жұмысын бас экономист басқарады, ол экономика мәселелері бойынша директордың орынбасары болып саналады. Ол кәсіпорында барлық экономикалық жұмысты, оның ішінде шаруашылық қызметті талдауды ұйымдастырады. Экономика және өндірісті ұйымдастыру зертханасы, жоспарлы-экономика бөлімі, еңбек және еңбекақы бөлімі, бухгалтерлік есеп, қаржы және басқа бөлімдер оған тікелей бағынады.  Экономикалық талдау бөлімі немесе тобы жеке құрылымдық бөлімшеге бөлінуі мүмкін. Орта және шағын кәсіпорындарда талдамалық жұмысты жоспарлы бөлімнің менеджері немесе бас бухгалтер басқаруы мүмкін.

Экономикалық талдауды жүргізу тек қана экономика бөлімінің қызметкерлерінің міндетіне кірмей, ол жұмыспен техникалық (бас механик, бас энергетик, бас технолог, жаңа технология бөлімі және т.б.) бөлімдердің де міндетіне жатады.   Онымен цех бөлімшелері, бригада мен телім  басшылары және т.б. айналысады. Экономика бөлімдерінің қызметкерлері қаншалықты білікті болғанымен кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдауды өз күшімен терең және жан-жақты жүргізе алуы мүмкін емес.  Зерттеліп отырған мәселелер бойынша жан-жақты білімі бар экономистер, техниктер, технологтар, әртүрлі өндірістік бөлімдер басшыларының жалпы күшімен ғана қойылған мәселелерді кешенді зерттеп, оның шешімінің оңтайлы нұсқасын табуға болады.                                       

Шаруашылық қызметті талдаудың функцияларын бөлуді келесі сызба түрінде келтіруге болады.  

Қаржылық  бухгалтерия кәсіпорын капиталын қалыптастыру мен орналастыру үдерісін және оның пайдалану тиімділігін, ақша ағымдарын, салықтарды, инвестицияны, пайданы қалыптастыру және оны пайдаланудың үдерісін, кәсіпорынның қаржылық жағдайын, оның төлем қабілеттілігін және т.б. талдайды.

Басқару  бухгалтериясы өнімді өндіру   шығындарын, оның өзіндік құнын, қаржылық нәтижелерді жоспарлайды, есептейді және талдайды.  

Жоспарлы-экономика бөлімі талдамалық жұмыстың жоспарын жасайды және оның орындалуын бақылайды, талдауды әдістемелікпен қамсыздандырады, кәсіпорынның және оның бөлімдерінің шаруашылық қызметін талдауды ұйымдастырады және оның нәтижелерін қортындылайды, кәсіпорынның дамуы туралы стратегиялық, келешектегі мәселелерін зерттейді және талдау нәтижесі бойынша келешектегі және ағымдағы жоспарларын жасайды.                                                                             

Өндірістік бөлім көлемі, ассортименті және сапасы бойынша өнім шығару жоспарының орындалуын, өндірістің бірізділігін, жаңа техника мен технолгияны, өндірісті кешенді механикаландыру және автоматтандаруды ендіруін, құрал-жабдықтар жұмысын, материалдық ресурстардың жұмсалымын, технологиячлық кезеңдіктің ұзақтығын, шығарылған өнімнің жинақтамасын, өндірістің жалпы техникалық және ұйымдастыру деңгейін талдайды.  

Бас механик пен бас энергетик бөлімі машина мен құрал-жабдықтарды пайдалану жағдайларын, құрал-жабдықтар жоспарлы-кестесінің және жаңғыртудың орындалуын, жөндеудің сапасы мен өзіндік құнын, құрал-жабжықтар мен өндірістік қуатты толық пайдалануын, энергия ресурстарын пайдаланудың ұтымдылығын зерттейді.   

Техникалық бақылау бөлімі   шикізат пен дайын өнімнің сапасын, өнімнің ақаулығы және одан келген шығасын, сатып алушылардың шағым-талабын (рекламациясын), ақауды төмендету іс шараларын, өнімнің сапасын жоғарылатуын, технологиялық тәртіпті сақтауын және т.б. талдайды.    

Жабдықтау бөлімі өндірісті материалдық-техникалық қамтамасыз етудің дер кездігін және сапасын, көлемі, номенклатурасы, мерзімі, сапасы бойынша жеткізу жоспарының орындалуын, қойма қорының жағдайы және сақталуын, материалды жіберудің және тасымалдау-дайындау жұмсалымының мөлшерін сақтауын және т.б. бақылайды.                              

Өткізу бөлімі келісім-шарттың міндеттемелерін орындалуын мен көлемі, сапасы, мерзімі, номенклатурасы бойынша өнімді жеткізу жоспарының орындалуын, қойма қорының жағдайын және дайын өнімнің сақталуын бақылайды.  

Маркетинг бөлімі өнім өткізу нарығын, осы нарықта тауардың жағдайын, олардың бәсекеге қабілеттілігін зерттейді, кәсіпорынның бағалық және құрылымдық саясатын жасайды.   

Еңбек және еңбекақы төлеу бөлімі еңбекті ұйымдастыру жағдайын, оның деңгейін көтеру үшін жасалған іс-шара жоспарының орындалуын, кәсіпорынды санаты мен мамандығы бойынша еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін, еңбек өнімділігінің деңгейін, жұмыс уақыты қорының пайдалануын, еңбекақы қорының жұмсалымын талдайды.  

Бұл сияқты шаруашылық қызметті талдауды жүргізу бойынша бірігіп жұмыс істеу олардың кешенділігін және, ең бастысы, шаруашылық қызметті, оның нәтижесін, пайдаланбаған резервтерді айқындауға, оларды жоғары деңгейде және терең зерттеуге мүмкіндік береді.

Шаруашылық қызметті талдауды жүргізуде үлкен рөл еңбек ұжымына беріледі. Оларға әлеуметтік және экономикалық дамуды жоспарлауда, материалдық ресурстарды ұтымды пайдалануды бақылауда, еңбек тәртібін нығайтуда, ғылым мен техниканың жетістігін ендіргенде, еңбек жағдайын және оны қорғауда және т.б. айтырлықтай үлкен өкілеттік беріледі.  

Сонымен қатар кәсіпорынның экономикалық жағдайын талдауды жоғары деңгейдегі басқару орындары да жүргізеді. Ол орынның мамандары жекеленген мәселелерді немесе кәсіпорынның шаруашылық қызметінің кешенді талдауын жүргізуі мүмкін. 

 

6.3. Талдамалық жұмысты жоспарлау

 

Шаруашылық қызметті талдаудың пәрменділігі мен тиімділігінің маңызды шарты болып талдамалық жұмысты жоспарлау саналады. Дұрыс жасалған жоспар оның табыстылығы мен нәтижелілігін қамтамасыз етеді. 

Талдамалық жұмыстың кешенді жоспары оны жасауға жауапты маманмен бір жылға жасалынады. Ең алдымен онда зерттеуге жататын талдау нысандарының тізімі келтіріледі, талдау мақсаты анықталады. Содан кейін алға қойған мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін талдаудың көрсеткіштер жүйесі жасалынады. 

Жоспарда міндетті түрде әрбір нысан бойынша талдауды жүргізудің мерзімділігі (жылына бір рет, тоқсан сайын, әр ай сайын, он күнде бір рет, күнде) және талдамалық жұмысты орындау мерзімі (мысалы, келесі айдың бесіне дейін) алдын ала қарастырылады. 

Әрбір мәселе бойынша талдауды орындайтындардың құрамы анықталып, олардың арасында міндеттер бөлінеді. Зерттелетін әрбір мәселе бойынша талдауды ақпарат көздерімен және әдістемелік нұсқаулармен (нұсқаумен немесе компьютерлік бағдарламамен) қамтамасыз етуді қарастыру керек. Жоспарда талдау нәтижелерін пайдаланатын сыртқы және ішкі пайдалану- шылар көрсетіледі.

Кешенді жоспардан басқа шаруашылықта тақырыпты жоспарлар болуы мүмкін. Бұл жоспарлар  терең зерттеуді қажет ететін кешенді мәселелер бойынша талдау жүргізу үшін қолданылады. Бұл жоспарларда нысандары, субъектілері, кезеңдері, талдау жүргізу мерзімі, оны орындаушылар мен басқалар көрсетіледі.

Талдау жоспарының орындалуын бақылауды кәсіпорын басшысының экономикалық мәселелер бойынша орынбасары немесе толығымен талдауды басқаруы бойынша міндеті жүктелген басқа тұлға атқарады.

 

6.4. Шаруашылық қызметті талдауды ақпараттық және әдістемелік қамсыздандыру

 

Шаруашылық қызметті талдаудың нәтижелілігі оны ақпараттық және әдістемелік қамсыздандырудан едәуір дәрежеде тәуелді болып келеді. Шаруашылық қызметті талдау үшін қажетті мәліметтердәің барлық көздері нормативті-жоспарлы, есептеу және есептен тыс болып үшке бөлінеді.                                                                                    

Нормативті-жоспарлы сипаты бар ақпарат көзіне кәсіпорында жасалынатын жоспарлардың барлық түрі (келешекті, ағымдағы, оралымды, технологиялық карталар) және нормативті материалдар, сметалар, бағалық, жобалау тапсырмасы және басқалар жатады.  

Есеп сипатындағы ақпарат көзі - бұл бухгалтерлік, статистикалық және оралымды есеп пен есеп беру құжаттарында болатын мәліметтер.                 

Талдауды ақпаратпен қамсыздандыруда бухгалтерлік есеп пен есеп беру жетекші рөл атқарады, онда шаруашылқ жағдайды, үдерісті, оның нәтижелері келтіріледі. Алғашқы және жиынтық есептеу тіркелімінде және есеп беруде болатын мәліметтерді дер кезінде толық талдау жоспардың жақсы орындалуына, шаруашылықтың оң нәтижеге жетуіне  бағытталған қажетті іс-шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.

Жаппай құбылыс пен үдерістерді сандық жағынан сипаттайтын есеп және есеп беру статистикалық мәліметтері экономикалық заңдылықты анықтау үшін,  өзара  байланысты терең зерттеу мен түсіну үшін қолданылады.

Оралымды есеп және есеп беру талдауға керекті мәліметтерді (мысалы, өндіріс пн өнімді жеткізу жайлы, өндірістік запастың жағдайы туралы) статистикалық және бухгалтерлік есепке қарағанда әлде қайда  жедел алуға мүмкіндік береді, осының арқасында талдамалық зерттеудің тиімділігін арттыруға жағдай жасалынады.

Біздің саралама (жіктеме) бойынша кәсіпорынның экономикалық паспорты есеп беру құжаты болып саналады, онда бірнеше жылғы шаруашылық қызметтің нәтижелері жайлы мәліметтер жинақталады. Паспортта болатын көрсеткіштерді кең көлемде талдап, тексеру серпіндіні терең зерттеуге, кәсіпорынның даму үрдісін және заңдылығын анықтауға мүмкіндік береді. 

Есептен тыс ақпарат көздеріне  шаруашылық қызметті реттейтін құжаттармен қатар олардың қатарына кірмейтін басқа да құжаттар жатады. Олардың қатарына келесілер жатады.                                          

1. Ресми құжаттар – бұл кәсіпорын өзінің қызметінде пайдаланатын мем- лекет заңдары, президент жарлығы, үкімет қаулысы, тексеру актілері, кәсіпорынның бұйрығы мен өкімі. 

2. Шаруашылық-құқықтық құжаттар: келісімшарттар, келісімдер, арбитраж бен заң орындарының шешімі, шағым-талаптар.

3. Ғылыми-техникалық  ақпараттар (жарияланым, ғылыми-зерттеу жұмыс- тарының нәтижесі бойынша есеп және басқалар).

4. Техникалық және технологиялық құжаттар.

5. Жеке жұмыс орнындарында өндірістің жағдайын арнайы зерттеу материалдары  (хронометраж, фотография және басқалар).

6. Кәсіпорынның негізгі контрагенттер жайлы ақпараттар. Жабдықтаушы лардың сенімділігін және бағалық саясатты болжау үшін қажетті ақпараттар. Сатып алушылар жайлы мәліметтер олардың ағымдағы және ұзақ мерзімдегі төлем қабілеттілігін сипаттау үшін керек болады.

7. Әртүрлі ақпарат көздерінен (интернет, радио, теледидар, газет, журналдар, ақпараттық бюллетендер және басқалар)  алынған негізгі бәсекелестер туралы мәліметтер.

8.   Материалдық ресурстар нарығының жағдайы туралы мәліметтер (нарық көлемі, жекеленген ресурс түрлерінің баға деңгейі мен серпіні).

9. Капитал нарығы туралы мағлұматтар (қайта қаржыландыру мөлшер- лемесі, шетел валютасының ресми бағамы, несие және депозиттер бойынша банк мөлшерлемесі және басқалар).

10.  Қаржылық нарық жағдайы туралы мәліметтер (құнды қағаздардың негізгі түрлері бойынша сұраныс пен ұсыныс бағасы, қаржылық құралдардың негізгі түрлері бойынша мәмленің көлемі мен бағасы, қаржы нарығындағы баға серпінінің жиынтық индексі).                                        

Зерттеу нысаны қарай ақпарат ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі ақпарат жүйесі – бұл статистика, бухгалтерлік, оралымды есеп және есеп беру мәліметтері, жоспарлау мәліметтері, кәсіпорында жасалған нормативті мәліметтер және т.б. Сыртқы ақпарат жүйесі – бұл статистикалық жинақтардың, мерзімді және арнайы басылымдардың, конференцияның, іскерлік кездесулердің мәліметтері, ресми, шаруашылық-құқықтық құжаттар.

Зерттелетін пән саласын толық сипаттау үшін қажетті ақпараттар  зерттеу пәніне қарай  негізгі және қосалқы болып бөлінеді.

Түсім мерзімділігі  бойынша талдамалық ақпарат жүйелі және ауық-ауық түсетін болып бөлінеді. Тұрақты ақпарат көзіне жоспарлау және есеп  мәліметтері жатады. Ауық-ауық ақпарат қажет болуына байланысты қалыптасады, мысалы, жаңа бәсекелес туралы.

Жүйелі ақпарат, өз кезегінде, өз мәнін ұзақ мерзім бойы сақтайтын тұрақты (кодтар, шифрлар, бухгалтерлік есептің шоттары және басқалар), өзінің мәнін белгілі уақыт бойынша сақтайтын (жоспар көрсеткіші, нормативтер) шартты-тұрақты және оқиғаның тез өзгеріп отыратынын (белгілі бір уақытта талданып жатқан нысанның жағдайы туралы есеп беру мәліметтері)  көрсететін айнымалы ақпараттар деп бөлінеді. 

Өңдеу үдерісіне қарай ақпаратты алғашқы (алғашқы есеп, тексеру мәліметтері) және өңделу мен өзертудің белгілі сатыларынан өткен (есеп беру, жағдаяттық шолулар және т.б.) ақпараттар  екінші ақпарат болып бөлінеді.

Талдауды ақпараттық қамсыздандыруды ұйымдастыруға бірнеше талаптар қойылады. Бұл ақпараттың талдамалығы, оның дұрыстылығы, оралымдылығы, салғастырымдылығы, ұтымдылығы және басқалары.  

Бірінші талаптың мәні бойынша экономикалық ақпарат жүйесі шаруашылық қызметті талдау талабы мен міндетіне сай келуі керек, яғни факторларды терең зерттеу үшін қажетті мәліметтерді алуды қамтамасыз ету, резервтерді анықтап, басқару шешімдерін қабылдауды қамтамасыз етеді.  Экономикалық ақпарат талданатын құбылыс пен үдерістерді дәйекті және шынайы бейнелеуі қажет. Басқа жағдайларда талдаудың нәтижесі бойынша жасалған қортындылар шындыққа жанаспайтын болады, ал талдаушылардың ұсынып отырған ұсыныстары кәсіпорынға пайда әкелудің орнына зиянды болуы мүмкін.                                               

Ақпараттың оралымдылығы талдаудың дер кездігін және пәрменділігін жоғарылату талабынан тікелей туындап отыр. Шаруашылық үдерістер туралы ақпарат неғұрлым тезірек түсетін болса, соғұрлым талдауды тез жүргізіп, кемшіліктерді анықтап, оларды тез жоюға болады. Ақпараттың оралымдылығын арттыруына жаңа байланыс құралын пайдалану, оларды компъютерде тез өңдеу арқылы қол жеткізуге болады. Ақпараттың сапасына қойылатын талаптың бірі – ол зерттеудің пәні және нысаны, уақыт кезеңі, көрсеткіштерді санау әдістемелігі және басқа нышандары бойынша салғастырымдылығын қамтамасыз ету болып саналады.

Ақырында, ақпарат жүйесі ұтымды (тиімді) болуға тиісті, яғни мәліметтерді жинау, сақтау және пайдалау үшін аз шығын кетуін талап етуі керек.  Осы талаптан ақпараттың пайдалылығын зерттеу мен осының негізінде артық мәліметтерді жинамай, керегін ғана кіргізу қажеттілігі туындайды.

Сонымен, шаруашылық қызметті талдаудың ақпараттық жүйесі жоғарыда айтылған талаптарды ескере отырып құрылуы керек. Бұл болса шаруашылық қызметті талдаудың пәрменділігін және тиімділігін арттыруда қажетті шарт болып саналады.

Талдауды ұйымдастыруда оны әдестемелік қамсыздандырудың маңызы басқаларға қарағанда төмен емес. Кәсіпорында талдау әдістемесі қалай пайдаланатына байланысты оның нәтижелілігі де тәуелді болады. Талдауды әдістемелік қамсыздандыру үшін жауапкершілік әдетте бас маманға жүктеледі, ол кәсіпорындағы талдамалық жұмысқа басшылық жасайды. Талдау саласындағы ғылымның жетістіктері мен алдыңғы қатарлы тәжірибені зерттеп, шаруашылық қызметті талдау әдістемесін тұрақты жетілдіруге міндетті және талдау мәселелері бойынша кадрлардың дайындауын және қайта дайындауын қамтамасыз етеді. Шаруашылық қызметтің нәтижесін оралымды және кешенді зерттеуге мүмкіндік беретін меншікті бағдарламаны жасау немесе талдау үшін компьторлық бағдарламасын бейімдеудің маңызы өте зор болады.

 

6.5. Шаруашылық қызметті талдаудың нәтижесін құжаттық ресімдеу

 

Кәсіпорын бойынша  немесе оның бөлішелерінің қызметіне толық талдамалық зерттеу жүргізу үшін кез келген нәтижелері құжат түрінде ресімделуі керек. Әдетте бұл талдамалық есеп (түсіндірме хат), анықтама, қортынды түрінде болады.

Түсіндірме хат, көбінесе, талдаудың сыртқы пайдаланушыларына лайықтанып жасалынады. Егер талдау нәтижелері шаруашылық ішінде пайдаланатын болса, онда ол анықтама немесе қортынды түрінде ресімделенеді.

Түсіндірме хаттың мазмұны (талдамалық есептің) айтарлықтай толық болуға тиісті. Ең алдымен кәсіпорынның дамуының экономикалық деңгейін, оның шаруашылықты жүргізу жағдайын, ассортименттік және бағалық саясатының сипаттамасын, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін, өнімді өткізу нарығының үлесін, кәсіпорын беделін, іскерлер арасындағы оның атағын сипаттайтын жалпы мәселелерді қамтуы қажет. Сонымен қатар өткізу нарығында тауардың жағдайын көрсету керек, яғни нарықта әрбір тауар өмірлік кезеңдіктің қандай сатысында (ендіру, көтерілу және даму, жетілу, толық қамтамасыз етілу және құлдырау) тұрғанын көрсетуі керек. Нақты және ықтимал бәсекелесті сипаттап, олардың бизнесінің осал және күшті жағын көрсету керек.

Осыдан кейін өндірістік және қаржылық нәтижелерді, кәсіпорынның мүліктік және қаржылық жағдайын, оның іскерлік белсенділігін, жұмыстың тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштердің серпінін көрсету керек.         

Онда есеп берген кезеңдегі оң және теріс сипаттамалары да беріледі, жұмысының өндірістік және қаржылық нәтижелеріне әсер еткен шынайы және субъективті, сыртқы және ішкі факторлар сырын ашып көрсетеді, сонымен қатар болған кемшіліктерді жоюға және болашақта кәсіпорынның қызмет ету тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралардың тізімі келтіріледі.

Түсіндірме хаттың талдамалық бөлігі дәлелді, стилі бойынша нақтылы болуы керек. Ол талдамалық есептерді, мәліметтерді түсіндіру үшін кесте түрінде, диаграмма және т.б. түрінде көрсетуі керек. Ресімдеу кезінде талдау нәтижесі бойынша жасалған ұсыныстарға аса көңіл бөлу керек. Олар шаруашылық қызметтің нәтижелерін жақсартуға, шаруашылық ішіндегі резервтерді игеруге бағытталған және жан-жақты дәлелделінген болуы керек.

Талдау нәтижелері бойынша анықтама мен қортындыға келетін болсақ, түсіндірме хатқа қарағанда олардың мазмұны кемшіліктер мен жетістіктерін, анықталған резервтерді және оны игерудің әдістерін нақтылы бейнелеуі керек.  Бұл жерде әдеттегідей кәсіпорынға және оның қызмет ету жағдайларына жалпылама сипаттама беріледі.

Талдау нәтижелерін мәтінсіз түрде ресімдеуге өз алдына жеке тоқталып кетейік. Ол үлгілік талдамалық  кестелердің тұрақты макеттерінен тұрады және түсіндірме хат болмайды. Талдамалық кесте материалдарды жүйелеу мен жинақтауға және оны түсінуге ыңғайлы түрде көрсетуге мүмкіндік туғызады.  Кестенің түрлері әрқилы болуы мүмкін. Мәліметтерді талдау талабына сәйкес түрінде жасалынады. Талдамалық кестедегі көрсеткіштер талдамалық және түсіндіру құжаттары есебінде орналастырылуы қажет. Осымен қатар бір кестеде кәсіпорын жұмысының барлық көрсеткіштерін көрсетуге тырыспау керек немесе басқа шекке – көп кесте жасауға болмайды. Әмбебаптандыру және кестенің шектен тыс көп саны оны пайдалануды өте күрделендіріп жібереді. Талдамалық кестелер пайдалану үшін көрнекі және қарапайым болуға тиісті.

Талдау нәтижелерін ресімдеудің осындай тәртібі кейінгі кезде тең тарап келеді. Жүйеленген және өңделген ақпаратты жеке өзі түсіне алатын  және қажетті шешімді қабылдай алатын жоғары білікті мамандарға арналған. Мәтіні жоқ талдау оның пәрменділігін жоғарылатады, себебі талдауды жүргізу мен оның нәтижелерін пайдалану аралығы азаяды.

Тәжірибеде талдаудың ең елеулі деген нәтижелері кәсіпорынның экономикалық паспортының осы үшін қарастырылған бөлімдеріне енгізілуі мүмкін. Бірнеше жыл бойы осындай мәліметтердің болуы талдау нәтижелерін серпінді түрде қарастыруға болады.

 

6.6. Талдаушының автоматтандырылған жұмыс орнын ұйымдастыру

 

Экономикалық ақпаратты талдамалы өңдеу өте еңбексыйымды, нешетүрлі көп көлемдегі есептеулер жүргізуді қажет етеді. Нарықтық қарым-қатынасқа өтуге байланысты талдамалық ақпаратқа деген қажеттілік еәуір көбейді. Бұл ең алдымен кәсіпорынның стратегиялық жоспарын жасауы мен негіздеудің, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді басқару шешімдерінің тиімділігін кешенді бағалаудың қажеттілігімен байланысты болып отыр.  Осыған байланысты талдамалық есептеуді автоматтандыру өмір талап етіп отырған қажеттілік болып отыр.

Замануи ақпараттық технолиялар барлық экономикалық мәліметтерді толығымен автоматтандыруға мүмкіндік береді, оның ішінде шаруашылық қызметті талдауда бар. Талдамалық есептеуді автоматтандырудың рөлі келесіден тұрады.

Біріншіден, экономист-талдаушының жұмыс өнімділігі өседі. Олар техникалық жұмыстардан босатылады және көбірек шығармашылық жұмыспен айналысады, ол өз кезегінде зерттеуді терең жүргізуге, күрделі экономикалық мәселелерді қоюына және шешуіне мүмкіндік береді.                           

Екіншіден, экономикалық құбылыстар мен үдерістер жан жақты және терең зерттеледі, факторлардың әсері толығырақ  анықталады және өндірістің тиімділігін арттыру резервтері айқындалады. 

Үшіншіден, талдаудың оралымдылығы мен сапасы, оның жалпы деңгейі және пәрменділігі  арттады.

Жоғары өнімділік, сенімділік және пайдалану ыңғайлылығы, дамыған бағдарламалықпен қамсыздандыруы, сұхбаттасу жұмыс тәртібі, арзандығы және т.б. сияқты сипаттарға тән дербес электрондық есептеу машинасын пайдалану арқасында бұрынғыға қарағанда автоматтандырылған талдамалық есептеу және шаруашылық қызметті талдау да жоғары деңгейге көтерілді. Осылардың негізінде бухгалтердің, экономистің, қаржыгердің, талдаушының және т.б. автоматтандырылған жұмыс орны, бірыңғай санау желісіне қосылған дербес электрондық санау машинасы жасалынып жатыр, ол өз кезегінде шаруашылық қықзметті талдауды кешенді автоматтандыруға алып келетіні белгілі.

Экономист-талдаушының автоматтандырылған жұмыс орныбұл талдамалық есептеуді автоматтандыруды қамтамасыз ететін ақпараттық-бағдарламалық-техникалық ресурстар жиынтығы. Талдаушының автоматтандырылған жұмыс орнын құрудың негізгі шарты техникалық базасы, кәсіпорынның шаруашылық қызметі туралы мәліметтердің базасы, талдамалық мәселелерді шешуді автоматтандыруға мүмкіндік беретін білім (талдаудың әдістері мен әдістемеліктері) және бағдарламалық құралдар базасы болып саналады.

Талдаушының автоматтандырылған жұмыс орнын жасау әдістемелік, техникалық, бағдарламалық және ақпараттық қамсыздандырумен байланысты көптеген ұйымдастыру мәселелерін шешуді талап етеді.

Әдістемелік қамсыздандыру талдаудың жалпы және жеке әдістемелік жүйесі болып табылады.   

Техникалық қамсыздандыру әртүрлі үлгідегі компьютерлер, ақпаратты жинау, жинақтау, өңдеу, тапсыру және шығару  құрылғысы, мәліметтерді жеткізу және байланыс желісінен тұратын ақпараттық жүйе үшін арналған техникалық құралдардың кешенінен тұрады.

Бағдарламалық қамсыздандыру құрамына жалпыжүйелік және арнайы бағдарлама өнімі кіреді. Жалпыжүйелік бағдарламалық қамсыздандыруға кез келген ақпаратты өңдеуге арналған, мысалы, мәселені оңтайландыруды шешу үшін, мәселелерді статистикалық өңдеуден өткізу үшін қажетті   әмбебап бағдарламалар жатады. Арнайы бағдарламалық қамсыздандыру нақты бір пәннің көлемі  үшін жасалынған бағдарламалар жиынтығынан тұрады. Бұл бағдарламалар бір пәнділік және кешенді болып бөлінеді.

Бір пәнділік бағдарламалар бір түрлі мәселелерді бірнеше рет шешуге арналған. Кәсіпорын қызметінің барлық жағын қамтыйтын кешенді талдау бағдарламасы өзара байланысқан мәселелердің толық жүйесінен тұрады.  Оларды жасау үшін келесілер қажет болады:

1)   кешенді экономикалық талдау мақсаттарын қою және сипаттау;

2)   талдамалық мақсаттарды шешу алгоритмі мен үлгісін жасау; 

3)   жаңа ақпараттық жүйені құру, талдаушының автоматтандырылған жұмыс орны үшін мәліметтер базасын жасау;

4)   талдаушының автоматтандырылған жұмыс орнының мақсатын шешу үшін  дербес электрондық есептеу машинасында алгоритмдік тілде жазылған машиналық бағдарламаны қолдану;

5)   өндірісті басқару тәжірибесінде талдаушының автоматтандырылған жұмыс орнын ендіру. Талдаушының автоматтандырылған жұмыс орнының тиімділігі көбінесе талдаудың әдістемелігінің жетілгендігіне, қаншалықты өндірісті басқару замануи талаптарына қаншалықты олар сәйкес келетіне тәуелді келеді, сонымен қатар дербес электрондық есептеу машинасының техникалық мүмкіншілігіне байланысты болады.  Дербес экономикалық есептеу машинасының ресурстық  және атқарымдылығын кемеліне жеткізу экономикалық зерттеулерді тереңірек талдау үшін нақты жағдай жаслынады, талдамалық мақсаттарды шешудің оңтайлы әдістерін пайдалануға және оңтайлы басқару шешімдерін қабылдауға толық мүмкіндік береді.

 

ӨНІМДІ ӨНДІРУ МЕН САТУ КӨЛЕМІН ТАЛДАУ

 

7.1. Өнімді өндіру мен сатуды талдаудың міндеті, негізгі бағыттары және оны ақпаратпен қамтамасыз ету

 

Өнімді өндіру мен сату көлемін талдаудың мақсаты - бәсекелестерге қарағанда сату көлемін көбейту жолдарын табу, өндірістік қуатты барынша толық пайдалана отырып, нарық үлесін кеңейту, соның нәтижесінде ұйымның пайдасын көбейту болып табылады.

Өнімді өндіру мен сату көлемін кешенді талдау міндеті ұйымның бәсекелестік тұғырын, оның нарық жағдаятының өзгеруіне қарай ресурстарды икемді пайдалану қабілетін талдау болып саналады. Бұл жалпы міндетті келесі жекеленген талдамалық мәселелерді шешу арқылы жүзеге асыруға болады:

• өнімнің өндірістік бағдарламасы мен сату жоспарын орындау дәрежесін  

бағалау; 

•     өнімді шығару мен сату серпінін бағалау;

•     келісілген өнім көлемі, өнімді жеткізудің бірқалыптылығы, өнімнің

 сапасы мен жинақтылығы бойынша келісім-шарттың орындалғанын

бағалау;

•    өндіріс көлемінің кемуі мен оны шығаруда бір қалыптығының

бұзылуына алып  келген себептерді анықтау;

•     өнімді өндіру мен сатуды ұлғайту резевтерін сан жағынан бағалау.

Өнеркәсіптік өнімдер көлемі заттай, шартты заттай және құнды көрсеткіштер арқылы бейнеленуі мүмкін. Өндіріс көлемінің негізгі көрскткіштері тауарлы, жалпы және өткізілген өнім түрінде көрсетіледі.

Жалпы өнім - бұл аяқталмаған өндірісті қосқандағы барлық өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құны.

Тауарлы өнім жалпы өнімнен аяқталмаған өндіріс пен шаруашылық ішіндегі айналымды қоспағаннан пайда болады. Ол есеп беретін кезеңдегі көтерме бағамен көрсетіледі.   

Өткізілген өнім (сату көлемі) - бұл меншік құқығы өткен жөнетілген өнімнің құнынан пайда болған табыс.

Іскерлік белсенділіктің белгілі бір аралығында, яғни мезгілдік қатарының  min-max шекарасында өндіріс көлемі зерттеледі. Талдау min-max шекарасында ғана емес, онан да басқа әрдайым тұрақты шығындар шегінде де жүргізіледі. Мезгілдік қатары мүмкіндігінше ең аз, мүмкіндігінше ең көп, оңтайлы мен нақты шығарылған және сатылған өнім көлемінен тұрады. 

Мүмкіндігінше ең аз сатылу көлемі (залалсыз) өндірістің  қалыптасқан жағдайында және өнімге деген қалыптасқан баға бойынша пайда болған табыс пен шығынның теңдігін көрсетеді.

Ең көп көлем  өндірістік қуатты барынша толық пайдаланғанда ғана қамтамасыз етіледі.

Оңтайлы сату көлемі  белгілі бір баға аралығында, өндірістің қалыптасқан жағдайында барынша көп пайда табуға мүмкіндік беретін көлемі болып саналады. Оңтайлау мәселесі іс-тәжірибелікке қарағанда ол теория мәселесіне жатады, бірақта өнімді шығаруды жоспарлағанда оңтайлы көлем бағдар болады, оны білу өте қажет.

Ассортимент - бұл әрқайсысының көлемі көрсетілген бұйым атауларының тізімі. Ассортимент толық, топтық және топішілік болып бөлінеді.

Номенклатура - нақты сатушы алушыға ұсынатын тауар топтары мен тауар бірліктерінің барлық түр-түрінің жиынтығы.

Өнімді шығару мен оның сатылған көлемі бұрын қалай болғанын шолатын талдауды жүргізу үшін ақпарат көзі ретінде статистикалық есеп, сонымен қатар бухгалтерлік есеп құжаттары пайдалынады.

Келтірілген ақпарат көздері өткенге шолу жасау үшін пайдалынады, оның маңызды рөлі шаруашылық іс-әрекеттің тәжірибесінде дәлелденеді. Оралымды талдау бастапқы бухгалтерлі есеп бойынша жүргізіледі.

Өнімді шығару және сатуға келешектік талдау жүргізу баламалы басқару шешімдері мен олардың оңтайлысын талдағанда қолданылады.

 

7.2. Дайын өнімнің көлемі мен құрылымын талдау   

 

Дайын өнімнің көлемі мен құрылымын өткенге шолу жасап (ретроспективті)  талдау бірнеше кезеңдер бойынша жүргізіледі:

1)  жалпы және тауарлы өнімді шығару серпіні (динамикасы)  сатылған өнім көлемімен салыстыра отырып зертеу;

2)  ассортименті бойынша өндірістік бағдарламның орындалуын талдау;

3)  өндірістік бағдарламаның орындалуына құрылым өзгеруінің әсерін және өнім құрылымын талдау;        

4)  залалсыз нүктені және ұйымның қаржылық  беріктік қорын бағалау.

1-кезең. Дайын және сатылған өнім көлемінің серпіні келесі көрсеткіштер көмегімен анықталады:                                     

•     базистік өсу қарқынымен;     

•     өсудің тізбекті қарқынымен;                                  

•     өсудің орташа жылдық қарқынымен (өсімімен).                      

Серпіннің талдауы ағымдағы және салыстырмалы баға бойынша жүргізіледі. Бұл кезде талдау нысаны болып құндық көрсеткішімен бағаланған жалпы, тауарлы, өткізілген өнім болады, ал өнім шығарылымы заттай түрінде көрсетіледі. Өнімді шығару көлемі мен оның сатылған көлемінің үрдісін (тенденциясын) анықтау үшін серпінді талдауда ағымдағы және салыстырмалы бағаларды қолданудың екеуінің де маңызы зор. Мәліметтерді салыстырмалы түрге келтіру үшін олар қосымша есептеуді қажет етеді, сондықтан баға факторының әсері туралы қортындыны мезгілдік (серпінділік) қатарды салыстыру негізінде жасау керек.

2-кезең. Ассортимент бойынша өндірістік бағдарламаның орындалуын талдау. Қазіргі кезде ұйым тауарды жеткізу үшін келісім-шарт негізінде өз бетімен жоспар жасағанда нарық жағдаятын зерттеу, жоспардың орындалуын талдау келесілерді бағалауға мүмкіндік береді:

•     келісім-шарт міндеттемелерін орындау деңгейін;

•     жоспарлау сапасын;       

•     менеджмент сапасын.

Сонымен қатар өнімнің жалпы көлемі мен ассортименті бойынша өнімді шығару жоспары шикізатпен, материалдармен, жинақтаушы бұйымдармен қамтамасыз ету жоспарының негізі болып саналады.

Өнімді шығару жоспарының орындалуын талдау өндірістік әлеуетті дұрыс пайдаланбау себептерін анықтауға мүмкіндік береді. Ассортименті бойынша бағалау номенклатураға кіргізілген өнімнің негізгі түрлерін шығару жоспарының жоспарлы және нақты орындалуын салыстыруға негізделген.  Ассортимент бойынша жоспардың орындалуы төмендегідей әдістермен бағалануы мүмкін:

•     ең аз пайызды әдіс бойынша. 7.1-кестеде бұл көрсеткіш 96,68-ге тең;                                                  

•    орташа пайызды әдіспен. Бұл әдіс жоспардың нақты орындалуы өнім шығарудың жоспарына бөлу арқылы анықталады. Осы әдістеме бойынша ассортимент жоспары 7.1-кестесі бойынша 99,3%-ға орындалған (31170 ×100% /31935);

• жоспары орындалған бұйымның меншікті үлесі бойынша. 7.1-кесте бойынша 79,6% (60,04+19,56) орындалған.

Өнім шығару жоспары 100,61%-ға орындалғанымен, ассортименттің әр түрі бойынша жоспардың орындалу деңгейі әр түрлі болып келеді: А-тобы бойынша жоспар 0,39%-ға артық орындалған, В-тобы бойынша 5,81%-ға артық орындалған, ал Б-тобы бойынша жоспар 3,32%-ға кем орындалған. Осы жағдайда ассортимент жоспарын ең дұрыс барбар бағалау үшінші әдісті қолдану арқылы қол жеткізіледі, бұл әдіс бойынша жоспарды орындау дәрежесі А және В-топтарының  меншікті үлестің қосындысы бойынша 79,6%-ға тең.  Жоспарды орындамау себептері: шикізатты, материалдарды, жинақтаушыларды жеткізу көлемінің орындалмауы  мен оны жеткізу кестесінің бұзылуы, өндірісті ұйымдастыру кемшіліктері, жоспарлау қателіктері  болып саналады.

Сыртқы факторлар әсерін бағалау үшін, мысалы, нарық жағдаятын (сұраныс төлемқабілетінің төмендеуі, өнімге деген нарық бағасының төмендеуі, бәсекелестердің белсенді қимылдары) сатылған өнім көлемін талдау нәтижелерімен салыстыра отырып тауарлы өнімнің шығарылымын талдау керек.

 

7.1-кесте. Ассортимент бойынша жоспардың орындалуы

 

Бұйым

 

 

Салыстырмалы бағадағы өнім шығарылымы, мың  теңге

Шығарылым-ның меншікті үлесі, %

Жоспар-дың орын- далуы, %

 

 

Меншікті үлестің ауытқуы, +/-

 

 

Жоспардың орындалуына есепке алына- ды

 

 

жоспар

нақты

жос-пар

нақты

А

19215

19290

60,17

60,04

100,39

-0,13

19215

Б

6780

6555

21,23

20,4

96,68

-0,83

6555

В

5940

6285

18,60

19,56

105,81

+0,96

5940

Бар-лығы

31935

32,130

100

100

100,61

31710

 

3-кезең. Өнім құрылымы мен өндіріс бағдарламасының орындалуына құрылымдық өзгерістің әсерін талдау.

Құрылым бойынша жопарды орындау жоспармен анықталған әрбір өнімнің қарым-қатынасын нақтылы шығарылымда сақтауды білдіреді. Өнім өндірісі құрылымының өзгеруі тауарлы өнімнің өзіндік құны, табыстылық, құндылық түрінде көрсетілген тауарлы өнімнің көлемі сияқты экономикалық көрсеткіштерге әсер етеді. Тауарлы және сатылған өнім көлемі өнімнің заттай түріндегі көлемі өспей-ақ ассортименттегі құрылымдық өзгерісі арқылы көбеюі мүмкін, яғни ең қымбат өнімдердің меншікті үлесінің жоғарылауы себебінен.

Құрылым өзгерісінің экономикалық көрсткіштерге әсерін және сол әсерлерді жоюды  есептеу үшін бірнеше әдістер қолданылады:

1. Жалпы шығарылымда әрбір өнімнің меншікті үлесінің өзгеруі бойынша барлық бұйымдар бойынша тікелей санау әдісі:

ΔШүл = Q1 (ΣҮл1i × Б0i - ΣҮл0i × Б0i)

немесе                     ΔШүл  = (Σ Q1 ×Үл1i - Σ Q1 ×Үл0i ) × Б0i ,

мұнда Ш - құндылықпен көрсетілген өнім шығарылымы;

           Q - заттай көрсетілген өнім шығарылымы;

          Үл1i - i–түрлі әр бұйымның меншікті үлесі;

           Б - бұйым бірлігінің бағасы.

2.  Жоспарды орындау пайызы бойынша барлық бұйымдар бойынша тікелей санау әдісі:

ΔШүл = Q1 (ΣҮЛ1i × Б0i - ΣҮл0i ×ЖОП × Б0i)

мұнда ЖОП – жоспарды орындау пайызы.

3.  Орташа бағалар әдісі:

7.2, 7.3, 7.4-кестелердегі мысалдар бойынша әдісті қолдану жолдарын көрсетейік.

 

7.2-кесте. Құндылықпен көрсетілген өнім көлеміне құрылымдық өзгерістің әсерін санау үшін мәліметтер

 

Бұйым

 

 

Жоспар-лы баға, теңге

 

Өнім шығары- лымы, дана

Меншікті үлес, %

Меншікті үлестің өзгеруі, +/-

 

Жоспардың орындалу пайызы

 

жос-пар

нақты

жоспар

нақты

А

9150

2100

2108

51,47

51,82

+0,35

100,38

Б

4680

1450

1400

35,54

34,41

-1,13

96,55

В

11220

530

560

12,99

13,77

+ 0,78

105,66

Барлы-ғы

 

4080

4068

100

100

-

99,71

 

Құрылымдық өзгерістің әсерін санау үшін тауарлы өнім көлемі түрақты деп саналады, яғни өнім бірлігінің бағасы және шығарылым көлемі (заттай түрде) жоспар деңгейінде алынады.

Жоспарлы бағада, нақтылы шығарылым көлемінде және нақтылы құрылымындағы тауарлы өнім көлемі:

Ш׳ Т1 = Q1 ΣҮл1i  × Б0i  = 4068 × (0,5182 × 9150 + 0,3441 × 4680 + 0,1377 ×      × 11220) = 32124,658 мың теңге

Нақтылы шығарылым көлемінде, жоспарлы құрылымда және жоспарлы бағадағы тауарлы өнімнің көлемі::

Ш״ Т1 = Q1 ΣҮл0i  × Б0i  = 4068 × (0,5147 × 9150 + 0,3554 × 4680 + 0,1299 ×11220) = 31 853,477 мың теңге

Құрылым өзгерісіне байланысты тауарлы өнім көлемінің өзгеруі:

ΔШТ = Ш׳ Т1  - Ш״ Т1  = 32124,658 – 31 853,477 = 271,181 мың теңге

Есептеудің нәтижесі кесте түрінде келтірілуі мүмкін. Шығарылатын өнім номенклатурасы күрделі болып келгенде есептеулерді кесте түрінде келтірілген көрнекті болады.

7.3-кесте мәліметтер негізінде өнім көлемінің және тауарлы өнім көлеміндегі құрылымдық өзгерістің нақты көрсеткіші туралы екі фактордың әсерін анықтауға болады.

Өнім көлемінің жалпы өзгерілуі  32123,2 – 31947,6 = 175,6 мың теңгені құрайды.

Шығарым көлемінің өзгеруіне байланысты тауарлы өнімнің көлемінің өзгеруі   31844,39 – 31947,6 = - 103,21 мың теңгеге тең.

 

7.3-кесте. Тауарлы өнім көлеміне құрылымдық өзгерісінің әсерін есептеу

 

Бұйым

 

Жоспар-лы баға, теңге Бо

 

 

Өнім шығары- мы, дана

Өнімнің меншік- ті салмағы, %

Тауарлы өнім, мың теңге

жоспар Qo

нақты

Qi

жоспар Үл0

нақты Үлi

жоспар Qo× Бo

Жоспар-лы құры- лымдағы нақтылы өнім

Жоспар-лы баға- дағы

Qi ×Бo

А

9150

2100

2108

51,47

51,82

19215

19159,28

19288

Б

4680

1450

1400

35,54

34,41

6786

6766,32

6552

В

11220

530

560

12,99

13,77

5946,6

5928,79

6283,2

Бар-лығы

 

4080

4068

100

100

31947,6

31844,39

32123,2

 

Жоспарды орындау пайызы бойынша тікелей есептеу әдісімен санау шығарым құрылымы тұрақты болған жағдайда бұйымның әрбір түрі бойынша шығарылған өнім көлемі көлем жиынтығына пара-пар өсіп отыратына негізделген.

Келесі формула бойынша тауарлы өнім көлемі  әрбір нақтылы өнім көлемін жоспарлы құрылым мен жоспарлы бағаға көбейту арқылы анықталады:

Ш״Т1 = Q1 ΣҮл0i  × Б0i

Бұл мысалда жоспардың орындалу пайызы (немесе жоспарды орындау коэффициенті) 99,71% (0,9971) құрайды (7.2-кестені қараңыз), сонда:

Ш״Т1 = 2100 × 0,9971 ×9150 + 1450 × 0,9971 × 4680 + 530 × 0,9971× 11200 =  =31844,39 мың теңге

Тауарлы өнім көлеміне құрылымдық өзгерістің әсері 32 123,2 – 31 844,39= = 278,81 мың теңге

Орташа баға әдісі жоспарлы және нақтылы құрылымдағы орташа өлшенген бағаны анықтауға негізделген және анықталған айырым нақтылы өнім көлеміне көбейтіледі. Есептеу 7.4-кестеде көрсетілген.

Құрылымдық өзгерістің нәтижесінде  орташа баға 68,529 теңгеге өсті. Егер табылған мәнді нақтылы өнім көлеміне көбейтсек, біздің мысалда ол 4068 данаға тең, онда құрылым арқылы тауарлы өнімнің өзгеруі 278,81 мың теңге екенін анықтаймыз.

 

7.4-кесте. Орташа бағаның өзгеруіне құрылымдық өзгерістің әсерін есептеу

 

Бұйым

 

 

Өнім бірлігінің жоспарлы бағасы, теңге

 

 

Өнімнің меншікті үлесі, %

Меншікті үлестің өзгеруі, ±

 

 

Құрылым-дық өзгеріс арқылы орташа бағаның өзгеруі, теңге

Құрылым арқылы тауарлы өнімнің өзгеруі, мың теңге

 

 

жоспар

нақты

А

9150

51,47

51,82

+ 0,35

32,025

-

Б

4680

35,54

34,41

-1,09

-51,012

-

В

11220

12,99

13,77

+ 0,78

+ 87,516

-

Барлы-ғы

 

100

100

+ 68,529

278,81

 

7.3. Келісім-шарттық міндеттемелерді және өнімді сату көлемін талдау

 

Өткізілген өнім көлемі ұйымның нәтижелілігін көрсеттетін негізгі көрсеткіш болып табылады. Өткізілген өнім көлемінен қаржылық-шаруашылық нәтижесі, айналым көрсеткіші және табыстылығы тәуелді болады. Бұл көрсеткіш бойынша нарықтағы ұйымдастырудың маңызын білдіреді. Мысалы, АҚШ-та әр жылда мыңдаған ірі кәсіпорындардың сатылған өнім көлемін жариялап отырады.

Өнімді сату көлемі тауарлы-шикізат ресурстарымен қамтамасыз етілген дәрежесіне тәуелді. Осы көрсеткішті зерттеу үшін өзіндік құны мен көтерме бағасы бойынша тауарлы өнімнің теңгерімі жасалынады (7.5-кесте).

7.5-кесте мәліметтері дайын өнімнің қозғалысын көрсететін көрсеткіштердің өзара үйлесуін көрсетеді, сондықтан өткізілген өнім  көлемі келесі формуламен анықталады:

Шөө = Шқалд1 + Шшө  - Шқалд.II

мұнда Шөө - өткізілген өнім көлемі;

           Шқалд1,  Шқалд.II   -  кезеңнің басындағы және соңындағы сәйкес

           дайын өнім  қалдығы;

           Шшө  - шығарылған өнім көлемі.

 

7.5-кесте. Тауарлы өнімнің теңгерімі

Көрсеткіш

Нақтылы, мың теңге

қолданыстағы көтерме бағасында

өзіндік құны бойынша

Есеп берер жылдың басында- ғы қоймадағы дайын өнім мен жіберілген тауарлар қалдығы

 

 

79 200

 

 

51465

Тауарлы өнім шығарылымы

4 867 800

4 075 500

Басқа түсімдер

+330

+240

Өткізілген өнім

3 567 465

3 039 105

Жыл соңындағы қоймадағы дайын өнім мен жіберілген тауар қалдығы

 

 

1 379 865

 

 

1 088 100

 

Өнімді өткізу көлемін өзгертетін факторлар әсері салыстыру әдісімен есептелінеді. Сонымен қатар жыл соңындағы дайын өнімнің, жіберілген өнімнің қалдығына әсер ететін фактор осы көрсеткіштерінің таңбасына қарсы әсер ететіні ескеріледі (7.6-кесте).

7.6-кесте мәліметттері өткен мерзімде жіберілген өнімнің құны дер кезінде төленуі нәтижесінде өнімді сату жоспары артық орындалғанын көрсетіп тұр. Шығарылған өнім көлемінің 61 350 мың теңгеге азайғандығы және жыл соңында дайын өнімнің қалдығы 47 310 мың теңгеге көбейгендігі жіберілген өнім көлемін 108 660 мың теңгеге (47 310 + 61 350) азаюына себеп болды. Жылдың басында дайын өнімнің жоспардан тыс қалдығы жіберілген өнім көлемін 2 160 мың теңгеге көбейтті. Өткізілетін өнім көлеміне жыл соңында жіберілген, бірақ та төленбеген  дайын өнім көлемінің азаюы оң әсерін тигізіп отыр.

Қарастырылып отырған факторлардың әсері жіберілген өнім көлемінің азаюына қарамастан өткізілген өнім көлемінің 212 955 мың теңгеге өсуіне алып келді.

Өнімді өткізуді талдау өнім жеткізілімі бойынша келісім-шарт міндеттемелерін орындауды талдаумен тығыз байланысты (7.7-кесте). Өнім жеткізілімі бойынша келісім-шарт міндеттемелерін орындау келесі формула бойынша саналады: 

Кn = (No – Nн )×100%,

мүнда Кп ізделіп отырған келісім-шарт міндеттемелерін орындау

           пайызы, %;

           No келісім-шарт жасау үшін қажетті жоспарлы өнім көлемі, мың

          теңге;

           Nн  – келісім бойынша жеткізілмеген өнім, мың теңге

 

7.6-кесте. Өткізілген өнім көлемінің өзгеруіне әсер ететін факторларды талдау (мың теңге)

 

Көрсеткіш

 

Жоспар

 

 

Нақты

 

Өткізілген өнім көлеміне фактордың әсер етуі (±)

1. Жылдың басында дайын өнім қалдығы

32 040

34 200

+2 160

2. Тауарлы өнімнің шығары- лымы

4 929 150

4 867 800

-61 350

3. Жыл соңында дайын өнім қалдығы

489 600

536 910

+47 310

4. Жіберілген өнім  (1-жол + 2-жол - 3-жол)

4 471 590

4 365 090

-106 500

5. Жіберілген тауарлар қалдығы:

а)  жылдың басында

б) жылдың соңында

 

258 000

1 374 750

 

49 500

846 795

 

-208 500

-527 955

6. Басқа түсімдер

-

+330

+330

7. Жыл бойы өткізілген өнім (4-жол+5а-жол-5бжол ±6-жол)

3 354 840

3 567 795

+212 955

 

 7.7-кесте. Өнім жеткізілімі бойынша келісім-шарт міндеттемелерінің орындалуы, мың теңге

 

Есеп беу кезеңі

 

 

Жоспар бойынша келісім-шарт жасау үшін өнім өндірісі

Келісім-шарт бойынша жеткізіл- меген өнім

Өнім жеткізілімі бойынша келісім-шарт міндетте- мелерінің орындалуы, %

есеп берген айда

жыл басынан

есеп берген айда

жыл басынан

есеп берген айда

жыл басынан

Қаңтар

30 000

30 000

100

100

Ақпан

44 400

7 400

100

100

Наурыз

44 400

118 800

100

100

Сәуір

39 600

158 400

100

100

Мамыр

39 600

198 000

100

100

Маусым

39 600

237 600

100

100

Шілде

39 600

277 200

100

100

Тамыз

39 600

316 800

 

100

100

Қыркүйек

39 900

356 700

 

 

100

100

Қазан

39 900

396 600

450

450

98,9

99,9

Қараша

39 900

436 500

450

900

98,9

99,8

Желтоқсан

39 750

476 250

525

1425

98,7

99,7

 

7.7-кесте мәліметтері үш тоқсан бойы бұл кәсіпорын келісім-шартты орындап, өнімді толығымен жеткізіп отырғанын көрсетеді. Бірақта төртінші тоқсанда жинақтаушы материалдарды жабдықтаушы кәсіпорын дер кезінде жеткізбегеннен кейін міндетттемесін 1425 мың теңгеге орындай алмады.  

 

7.4. Техникалық деңгейді және өнім сапасын талдау

 

Өнімнің техникалық деңгейі отандық және шетелдік ұқсас ең жақсы бұйым үлгісінің техника-экономикалық көрсеткіштерімен салыстыра отырып бағаланады. Осы жағдайда бағалау бұйымның маңызды қасиеттерін сипаттайтын негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері бойыша жүргізіледі.

Өнім сапасы - өнімді өткізуді өсіретін негізгі факторлардың бірі, оның бәсекеге қабілеттілігін көрсететін негізгі көрсеткіш.  Өнеркәсіп өндірісінің бәсекеге қабілеттілік индексі бір адамға келетін жасалынған қосымша құн көлемі, бір адамға келетін экспорт көлемі, жасалынған қосымша құн мен экспортағы орташа және жоғары технологиялық өнім үлесі сияқты көрсеткіштер көмегімен саналады. 7.8-кестесі көрсетіп тұрғандай, Қазақстанда шығарылатын өнімнің  бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша 61 орынды алады [18].

 

7.8-кесте. Өнеркісіп өндірісінің бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша экономикалық рейтинг

 

Елдер

Алатын орны

Елдер

Алатын орны

Сингапур

1

Қытай

37

Швейцария

2

Грекия

40

Ирландия

3

Румыния

41

Жапония

4

Бахрейн

42

Германия

5

Уругвай

43

АҚШ

6

Ресей

44

Швеция

7

Қазақстан

61

Финляндия

8

Уганда

84

Бельгия

9

Йемен

85

Ұлыбритания

10

Гана

86

Франция

11

Эфиопия

87

 

Өнім сапасын жақсарту қосымша шығындарды қажет етеді және өзіндік құнын жоғарылатады, бағасына, пайдаға әсер етеді, сонымен қатар экономикалық  талдаудың нысаны болып саналады. Сапаны қамтамасыз ететін барлық жұмсалымның жиынтығы сапаға деген жалпы жұмсалымды құрайды.

Сапаға деген жұмсалымдар сақтық іс-шараларына, бақылауға және ішкі мен сыртқы залалдарға кететін шығындардан тұрады. Қол жеткізген сапа деңгейінің өзгеруіне байланысты шығындар мөлшері және соған лайықты жалпы шығындар да өзгеріп отырады.

ISO 9000 стандартына сәйкес «Сапа - белгілі және алда болатын қажеттілікті қанағаттандыратын қабілеттілігіне қатынасты нысанның жиынтық сипаттамасы».     

Өнімнің сапасын білдіретін бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық сипаттамасы сапа көрсеткіші деп аталады.  Өнім сапасын білдіретін көрсеткіштер  қортынды, жеке және жанама көрсеткіштер деп аталады. Сапа көрсеткіштері бұйымның тұтыну, технологиялық, сыртқы сипатын көрсететін қасиетін, оның стандартталған деңгейін және бірегейлендірілгендігін, сенімділігін және ұзақ пайдаланатындығын сипаттайды.                       

Қортынды көрсеткіштер түріне және міндетіне қарамай өндірілген барлық өнімнің сапасын сипаттайды, мысалы, көлемнің меншікті үлесі:

•     жалпы шығарылымдағы жаңа өнімнің;

•     сертификацияланған және сертификацияланбаған өнімнің;

•     әлем стандартына сәйкес келетін өнімнің;

•     экспортталынған өнімнің,  оның тішінде жоғары дамыған өнеркәсіпті елдерге және т.б..

Өнім сапасының жеке көрсеткіштері оның келесі қасиеттердің біреуін сипаттайды:

•     пайдалылығы  (сүттің майлылығы, қөмірдің күлділігі, рудадағы  темірдің мөлшері және т.б.);

•     сенімділігі (ұзақ уақыттылығы, жұмыста тоқтаусыз жұмыс істеуі);

•     құрылымдық (конструкциялық) және технологиялық шешімдердің тиімділігін көрсететін технологиялық қабілеттілігі  (еңбексыйымдылығы, энергиясыйымдылығы және с.с.);

•    бұйымның әсемділігі.

Жанама көрсеткіштер – бұл сапасыз шығарылған өнім үшін айып пұл, тұтынушы қабылдамаған өнімнің көлемі мен оның меншікті үлесі, ақаулы өнімнен келген залалдар және т.б. 

Өнімнің сапасы бойынша жоспардың орындалуын қортынды бағалау үшін әртүрлі әдістер, оның ішінде баллдық, қолданылады. Баллдық әдістің мәні өнім сапасының орташа өлшенген баллы анықталады және оның нақтылы мен жоспарлы деңгейін салыстыру жолымен сапа бойынша жоспардың орындалу пайызы анықталады.

Сапасы сұрыпымен немесе шартқа сәйкестігімен анықталатын өнім бойынша жалпы өндіріс көлеміндегі әрбір сұрыпты (шартқа сәйкестігі) өнім үлесі, сұрыптың орташа коэффициенті, салыстырмалы жағдайда орташа өлшенген бағасы есептелінеді. Бірінші көрсеткіш бойынша жоспардың орындалуын бағалағанда өнімнің жалпы көлеміндегі әрбір сұрыптың нақтылы үлесін жоспармен салыстырады, ал сапаның серпінін зерттегенде өткен кезеңнің мәліметтерімен салыстырады. 

Сұрыптың орташа коэффициентін екі әдіспен анықтауға болады:   

а) бірінші сұрыпта өнімнің санын барлық санға қатынасымен,

б) барлық сұрыпты өнім құнын бірінші сұрыпты өнімнің құнына.

7.9-кестенің мәліметі бойынша сұрып коэффициенті: жоспар бойынша 0,70 (24367,5/35190), нақтылы - 0,74 (24615/33480); сапа бойынша жоспардың орындалуы - 106,0% (0,74/0,70); орташа өлшенген баға: жоспар бойынша -  4310 теңге (24367500/5655), нақтылы - 4411,29 теңге (24615000/5580), жоспарға қарағанда оның орындалуы 103,0% құрайды.   

Өнім сапасы бойынша жоспардың орындалуы сертификацияланған бұйымның меншікті салмағы, ақаулы және тұтынушы қабылдамаған өнімнің меншікті үлесі бойынша бағаланады.

 

7.9-кесте. Сұрыпы бойынша шығарылған өнім көлемі туралы мәліметтер

 

Өнім сұрыпы

 

 

Өнім бірлігінің бағасы, теңге

 

 

Өнім шығарылымы, тонна

Шығарылым құны, мың теңге

жоспар

 

 

нақты

 

 

жоспар

 

 

нақты

 

 

1-сұрыптың бағасы бойынша

жоспар

нақты

I

6000

1620

1830

9720

10980

9720

10980

II

4500

2475

2310

11137,5

10395

14850

13860

III

2250

1560

1440

3510

3240

9360

8640

Барлығы

5655

5580

24367,5

24615

35190

33480

 

Дайындау сапасы бойынша мөлшерден ауытқу зауыт ішіндегі ақаулы өнімі және тұтынушылардың алмаған өнімі бойынша талдау жасалынады. Ақаулы өнім туралы ақпаратты беру жүйесін ұйымдастыру ерекшіліктеріне байланысты ақаулы өнім шығару залалдары ұйым, цех, телім, жұмыс орны, сонымен қатар нақтылы бұйым түрі және себептері бойынша талдау жүргізіледі. Ақаулы өнім шығару негізгі себептері ретінде келесілерді айтуға болады: жұмысшылардың мамандық деңгейінің төмендігі, бұзылған құрал-жабдықта жұмыс істеуі, нашар аспап пен құрылғыларды пайдалануы, өлшеу техника құралдарының нашарлығы, технологиялық үдерістен ауытқуы, білінбейтін ақауы бар материал мен жартылай өнімді пайдалануы және т.б. 

Тауарлы өнім шығарылымының, өнімді өткізуден түскен табыстың, пайданың өзгеруін құндық түрінде өнім сапасына әсерін санау:

ΔШТ = (Б1 – Б0) × Qк1,

ΔNр = (Б1 – Б0) × Шрсап. өт,

ΔП = (Б1 – Б0) × Шрсап. өт – (ӨҚ1 – ӨҚ0) × Шрсап. өт,

мұнда ΔШТ – тауалы өнімнің шығарылымының өзгеруі;

            ΔNөт - өнімді өткізуден түскен табыстың өзгеруі;

            ΔП – пайданың өзгеруі;

            Б0 и Б1 сәйкесінше сапаның өзгеруіне дейінгі және кейінгі баға;

            ӨҚо и ӨҚ1 - сәйкесінше сапаның өзгеруіне дейінгі және кейінгі

           өзіндік құн; 

          Qк1 жоғары сапалы шығарылған өнім көлемі;

          Шрсап. өт   - жоғары сапалы шығарылған өнімді сатудан түскен табыс.                                                               

Егер ұйым өнімін сұрып бойынша шығаратын болса және сұрыптық құрамы өзгерген болса, онда алдымен орташа өлшенген бағасы мен орташа өлшенген бірліктің өзіндік құны қалай өзгергенін санау керек, сонан кейін жоғарыда көрсетілген формулаларды пайдаланып, тауарлы өнімнің шығарылымына, табысқа және сатудан түскен пайдаға сұрыптық құрылымының әсерін есептеу керек.

Орташа өлшенген баға келесідей жолмен анықталады:

Б0 = Σ(Q0i × Б0i) / Q0i,        Б1 = Σ(Q1i × Б1i) / Q1i,

Құнды түріндегі өндіріс көлеміне өнімнің сұрыптық құрамының әсерін анықтау үшін өндірілген өнім құрылымын талдағандағы әдістерді қолдануға болады. 7.9-кесте мәліметтері бойынша бұл санауды абсолютті айырым әдісімен санау жүргіземіз. Есептеу нәтижелері 7.10-кестеде көрсетілген.

      

7.10-кесте. Өнім шығарылымына өнімнің сұрыптық құрамының әсері (құндық өлшемде көрсетілген А-бұйымы)

 

Өнім сұрыпы

 

 

Өнім бірлігінің бағасы, теңге

Өнім құрылымы, %

Құрылым есебінен орташа бағаның өзгеруі, теңге

жоспар

нақты

+/-

I

6000

28,6

32,8

+4,2

+ 252,0

II

4500

43,8

41,4

-2,4

-108,0

III

2250

27,6

25,8

-1,6

-36,0

Барлығы

 

100

100

+108,0

 

Өнім сапасының жақсарғанына (I-сұрыптың көбеюіне және II, III-сұрыптың азаюына ) байланысты сатылған А-бұйымының орташа бағасы жоспарға қарағанда 108 теңгеге жоғары, ал нақтылы шығарылған өнім құны 602640 теңгені (108,0 ×5580) құрайды.

 

7.5. Өндіріс көлемінің өсу резервін талдау

 

Өндіріс көлемінің өсу резерві - бұл ұйым ресурстарын пайдалану арқасында оның өсу мүмкіндігін сан түрінде өлшеу. Саралау арқылы резервтерді іздеу оңайға түседі.

Резервтерді толығымен санау ресурстардың негізгі  тобын анықтауға байланысты. Негізгі топтар өндіріс шығындарының құрылымы бойынша бөлінеді, ол бойынша өндіріс материалсыйымды, энергиясыйымды, қорсыйымды немесе еңбексыйымды екені анықталады.

Шығарылатын өнім көлемінің өсіміне қандай фактор (резерв түрі) қалай әсер ететінін есептеу жолын қарастырып көрейік.

1. Қосымша жұмыс орнын ашу нәтижесінде өнім көлемінің өсімшесі:

ΔШ(ЖО) = ΔМ × Ө0,

мұнда ΔМ – қосымша жұмыс орны;

           Ө0 – жұмысшының орташа жылдық өнімділігі, мың теңге

2. Жаңа құрал-жабдықты іске қосудан өнім көлемінің өсімшесі:

ΔШ(қж) = Σ Тнi ×Өнi,

мұнда n – іске қосылатын құрал-жабдықтың саны;

           Тфi – құрал-жабдықтың әр түрінің пайдалы жұмыс уақыты, машина-сағат; 

            Өнi – құрал-жабдықтың әр түрінің 1 машина-сағатта өндірілетін

            өнімі, теңге

3. Жұмыс уақытын жоғалтуды болдырмаудан өнім өсімшесі:

ΔШ(ЖБ) = Тысыр ×Ө,

мұнда Тысыр  - жұмыс уақытында жоғалған сағат саны;

           Ө - орташа сағаттық өнімділік.

4.  Құрал-жабдық жұмыс уақытын жоғалтуды болдырмаудан өнім өсімшесі 3 тармақтағы сияқты саналады.

5.   Технологияны және өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруден өнім өсімшесі: 

ΔШ(ҒТС) = Σ Т1i ×Ө1i - Σ Т0i ×Ө0i

мұнда  Т1i - i-түріндегі құрал-жабдықтың есеп беретін кезеңде жұмыс

             істеген уақыты;

            Өо, Өi –жаңа технологияны ендіргенге дейін және кейін өнім

              өнімділігі. 

6. Өндіріс пен еңбекті (еңбек ресурстарын ) ұйымдастыруды жақсарту нәтижесінде өнім шығарылымының өсімшесі: 

ΔШ(Өсағ) = ΔӨсағ × Т1у

мұнда ΔӨсағ  - өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жақсарту нәтижесінде

            орташа сағаттық өнімділіктің өсімшесі; 

            Т1у  - барлық жұмысшылармен атқарылған жұмыс уақыты.    

7. Жаңа технология ендіру нәтижесінде шикізат пен материал мөлшерлерінің төмендеуінен өнім шығарылымының өсімшесі:

ΔШ(М) = Σ (М1i - М0i ) × Б0 × Q1

мұнда М0i , М1i  - i-іс-шарасын ендіргенге дейінгі жоспар бойынша шикізат пен материал мөлшері және оны ендіргеннен кейінгі мөлшер;

            Бо – шикізат пен материал бірлігінің бағасы;

            Q1 – жоспарланып отырған өнім шығарылымы.

Әрбір бағыт және топ бойынша есептеу кешені жүргізіледі, оның нәтижесін кесте түрінде біріктіріледі (7.11-кестеде шартты сандар келтірілген). Жүргізілген талдау өнім шығарылымын көбейтуді ұйымдастыру мүмкіндігін бағалап, қаржы нәтижелерін төмендететін ресурстарды пайдалану сәйкессіздігін анықтауға болады.

 

7.11-кесте. Өнім шығарылымын көбейту резервтері, мың теңге

 

Көрсеткіш

 

 

Дұрыс пайдаланудан өнім көлемінің көбею мүмкіншілігі

Еңбек ресурстарын

Еңбек құралдарын

Еңбек заттарын

Жұмыс орнының саны мен оларды құрал-жабдықпен жинақтаудың өсуі

7200

5400

_

Персоналдың жұмыс уақытын және  құрал-жабдықтың жұмыс істейтін уақытын босқа оздыруын жою

10800

20250

 

Еңбектің және құрал-жабдықтың өнімділігін жоғарылату 

16800

6750

_

Материал жұмсалымының мөлшерін азайту

_

_

51000

Барлығы

34800

32400

51000

 

7.11-кесте мәліметтері көрсетіп тұрғандай, өнім шығарылымын жоғарылату резервтері әрбір ресурс үшін бірдей емес екені көрініп тұр. Егер еңбек ресурстарын кеңейтіп, жақсы пайдаланудың нәтижесінде өнім көлемі 232 мың теңгеге өсіп отыр, ал еңбек құралдары есебінен – 216 мың теңгеге. Сонымен, өнім көлемінің нақты өсімі 216 мың теңгені құрап отыр. Бұл еңбек ресурстарының бір бөлегі тиімді пайдаланбайды дегенді білдіреді. Осыдан еңбек құралдарын пайдалануды кеңейту керек немесе еңбек ресурстарын қысқарту керек деген қортынды шығарылады. Нақты шешім нарық қажеттілігіне байланысты болады. 

 

НЕГІЗГІ КАПИТАЛДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ЖӘНЕ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

 

8.1. Өндірістік негізгі капиталмен кәсіпорынның қамтамасыз етілуін талдау

 

Өнеркәсіптік кәсіпорындарда өндіріс көлемін жоғарылатудың маңызды факторының бірі оларды қажетті мөлшерде және ассортименте негізгі капиталмен қамтамасыз ету және оны тиімді пайдалану болып табылады.

Талдау мақсаты:

•    кәсіпорынды және оның құрылымдық бөлімдерін негізгі капиталмен қамтамасыз етілгенін, қортынды және жеке көрсеткіштермен пайдалану деңгейін анықтау;

•    олардың деңгейінің өзгеру себептерін айқындау;

• өнім көлеміне және басқа да көрсеткіштерге негізгі капиталды пайдаланудың әсерін санау;

•    кәсіпорын мен құрал-жабдық қуатын пайдаланудың дәрежесін зерттеу; 

•  негізгі капиталды пайдаланудың тиімділігін жоғарылататын резервтерді анықтау;

Ақпараттың көздері: кәсіпорынның бизнес-жоспары, техникалық даму жоспары, «Кәсіпорын теңгерімі», «Негізгі капиталдың барлығы және қозғалысы жайлы есеп», «Өндірістік қуат теңгерімі», негізгі капиталды қайта бағалау мәліметттері және т.б.

 

8.2. Негізгі капиталдың жағдайын талдау

 

Негізгі капиталдың қолда барлығы, тозуы және қозғалысы жайлы мәліметтер – бұл ұйымның өндірістік әлеуетін бағалау үшін қажетті негізгі ақпарат көзі.                                      

Негізгі капитал қозғалысы оларды іске қосу, жаңарту, істен шығару, жою, ұлғайту коэффициенттері арқылы талдау жасалынады. Негізгі капиталдың техникалық сипаттамасын анықтау үшін  іске жарамды, тозу, ауыстыру коэффициенттері саналады.

 

8.3. Негізгі капиталдың пайдалану тиімділігін талдау

 

Негізгі капитал - өндірістік ресурстардың бір түрі. Оларды пайдалану тиімділігін бағалау қайтарым және сыйымдылық көрсеткіштерін санау және талдауды болжау арқылы ресурстардың барлық түрлеріне бағалау технологиясын қолдану негізделген.

Қайтарым көрсеткіші 1 теңге ресурсқа келетін дайын өнім шығымын сипаттайды. 

Сыйымдылық көрсеткіші 1 теңге өнім шығарымына келетін ресурстардың шығынын немесе қалдық қорын сипаттайды.  Қалдық қор деп теңгерім бойынша есеп беретін күнге келетін ресурс көлемін білдіреді, ал шығын деп – ресурстардың ағымдағы жұмсалымын, соның ішінде негізгі капитал бойынша амортизация  да жатады. Негізгі капиталдың қорқайтарымы келесі формуламен анықталады:

ҚҚo = Q / НКорт

мұнда  Q - өндірілген өнімнің жалпы көлемі;

            НКорт  - негізгі капиталдың орташа бастапқы (қалпына келтіру) құны.

Қорқайтарымының өсуі  бірдей барлық жағдайда дайын өнімнің 1 теңгесіне келетін амортизациялық аударымның, немесе амортизация- сыйымдылығының азаюына алып келеді, сонымен қатар тауар бағасындағы пайда үлесінің жоғарылауына себеп болады:  

Aс = A / N,

мұнда Aс  - амортизация сыйымдылығы;

           Асаналған амортизация сомасы.

 

Қорқайтарымының өсуі өнім көлемінің қарқынды өсуіне себеп болатын факторлардың бірі болып саналады. Бұл байланысты фактор үлгісінің мультипликативті немесе индексті түрімен өрнектеуге болады:

Q = НКорт  × ҚҚo немесе  IQ = Iнк

Факторлық үлгі негізінде негізгі қордың ұлғаюының және қорқайтарымы өсімінің арқасында өнім көлемінің өсімі саналады:  

ΔQ  = ΔQ (НКорт) + ΔQ (ҚҚo),

 

8.4. Негізгі капиталдың қорқайтарымын факторлық талдау

 

Қорқайтарымының өсуіне келесі жағдайларда мүмкіндік туады:

•     егер еңбек өнімділігінің қарқыны белгілі құрал-жабдықтың бағасының өсім қарқынына қарағанда артып түсіп отырса, онда  өндірісті механикаландыру мен автоматтандыру, алдыңғы қатарлы технологияны қолдану, қазіргі құрал-жабдықтарды жаңғырту керек (өндірісті дамытудың белсенді жолы);

•    құрал-жабдықтардың жұмыс істеу уақытын ұлғайту; 

•     құрал-жабдықтар жұмысының белсенділігін арттыру, сонымен қатар технологиялық үдерістің талаптарына сай шикізат пен материалдардың сапасын және өнеркәсіптік-өндірістік персонал біліктілігін көтеруді қамтамасыз ету керек; 

•     жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтардың жүктемесін көбейту.

Қолда бар құрал-жабдықтардың өндіріске  қатыстыруы және оның өндірісте пайдалануы келесі көрсеткіштер көмегімен анықталады:

Пайдалануға берілген құрал-жабдықтардың үлесі = Орнатылған құрал-жабдықтар / Қолда бар құрал-жабдықтар

Жұмыс істейтін құрал-жабдықтардың нақты үлесі =Жұмыс істейтін құрал-жабдықтар / Орнатылған құрал-жабдықтар

Пайдалану дәрежесі Парктегі барлық жұмыс істейтін құрал-жабдықтар/ Қолда бар құрал-жабдықтар

 

АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН ТАЛДАУ

 

9.1 Айналым капиталын талдаудың мақсаты, негізгі бағыттары және ақпаратпен қамтамасыз ету

 

Ұйым мүлкінде айналым капиталы маңызды орын алады, ол ағымдағы активтерге салған қаражаттардың бір бөлігі. Айналым капиталының негізгі мақсаттары:

•     айналым капиталының құрамы мен құрылымының өзгеруін зерттеу;

•     негізігі бағыты бойынша айналым капиталын топтастыру;

•     айналым капиталын қалыптастыру көздерін анықтау;

•     айналым капиталын тиімді пайдалану көрсеткіштерін анықтау.

Талдау үшін ақпараттың негізгі көзі бухгалтерлік теңгерім, пайда және залал жайындағы есеп, айналым капиталын есептеу тіркелімі болып табылады. Олар теңгерімнің әрбір бабын түсіндіреді және нақтылайды. Айналым капиталының элементі келесілер болады:

•     еңбек заты (шикізат, материалдар, отын);

•    ұйым қоймасындағы дайын өнім, қайта сатылатын тауарлар;

•     есеп шотындағы қаражаттар, қысқа мерзімді қаржылық салымдар, ақшалай қаражаттар.

Айналым капиталының айналымы үш сатыдан тұрады:

1) дайындау (көтере сатып алу);

2) өндірістік;

3) өткізу.

Өндіруге (немесе тауарды сатуға) қажетті белгілі бір ресурстарды өндірісте жұмсау үшін кез келген бизнестің аз да болса ақшалай қаражаттың (айналыс запасы) біраз сомасы болуға тиісті.  Көтере сатып алу сатысында ақшалай түрдегі айналыс қоры ақшалай түрден өндірістік түрге (еңбек затына немесе тауарларға) ауысады.

Айналым капиталының элементтері шаруашылық операциялардың толассыз ағымының бір бөлегі болып келеді.

Кезеңдік ұзақтығына келесі кезеңдердің созылыңқылығы әсер етеді:

•    жеткізушілердің ұйымға материалдарын несиеге беру;

•     ұйымның жеткізушілерге алда алынатын материалдары үшін несие 

 беру;

•     шикізат пен материалдардың запаста болуы;

•     өндіру және дайын өнімді қоймада сақтау.

Айналым капиталының элементтері өндіріс саласынан айналыс аясына үздіксіз өтіп отырады, сонан кейін қайтадан өндіріс саласына қайтып оралады.

Талдамалық (тәжірибелік-статистикалық) әдіс бойынша бірнеше жылдарға (3-5 жылға) қаржылық-пайдалану қажеттілігі есептелініп, орташа мәні алынады. Есептеу келесі қарым-қатынас бойынша жүргізіледі:   

ТПҚ = З + Дб – ҚМп,

мұнда 3 - запастар және басқа да айналым активтері;

      Дб – дебиторлық қарыз;

      Кп – қысқа мерзімді пассивтер.

 

Тікелей есептеу әдісі нормативтерді пайдалана отырып, айналым капиталының әрбір элементі бойынша қажеттілік есептелінеді:  

•     өндірістік қор;

•     күтіліп отырған аяқталмаған өндіріс;

•     күтіліп отырған қоймадағы дайын өнімнің қалдығы;

•     күтіліп отырған дебиторлық қарыздар;

•     қажетті ақша қаражаттары мен құнды қағаздар.

Осыдан кейін айналмалы капиталға деген қажетті нормативтік запас есептелінеді.

Коэффициенттік әдіс бойынша алдымен тікелей есептеу әдісімен есептеуді жүргізіледі де, сонан кейін өндіріс көлемінің өзгеру серпініне (динамикасына) байланысты түзетулер жүргізіледі.   

Айналым капиталын жоспарлау, есепке алу және талдау тәжірибесінде келесі бойынша топталынады:

•     өндіріс үдерісінде атқаратын рөліне қарай -  өндірістік айналым қоры және айналыс қоры;

•     материалдық-заттық құрамына қарай - өндірістік қор, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім және тауар, ақша қаражаттары, есептегі және басқа да активтер;

•     бақылау, жоспарлау және басқару тәжірибесіне қарай мөлшерленетін және мөлшерленбейтін;

•     қалыптастыру көздеріне қарай – меншікті, несиелік, тартылған;

•     өтімділігіне (ақша қаражатарына айналу жылдамдылығына) қарай – абсолютті өтімді қаражаттар, тез іске асатын, баяу іске асатын айналым капиталы;

•    қаражат салымының тәуекелділік дәрежесіне қарай – ең аз,  аз, орташа және жоғары тәуекелдігі бар салымдар (9.2-кесте);

•     ұйым теңгерімінде көрсету және есепке алу стандарты бойынша – запастағы және жұмсалған қаражаттар, есептегі, ақша қаржатары және басқа да активтер түріндегі айналым капиталы;

Айналым капиталының қалыптасу ерекшілігіне байланысты ол мөлшерленетін және мөлшерленбейтін болып бөлінеді.

Мөлшерленетін айналым капиталына, әдетте, айналым қоры мен  ұйым қоймасындағы өткізілмеген дайын өнімнің қалдығы түріндегі айналыс қорының бір бөлігі жатады. Мөлшерленетін айналым капиталы ұйымның қаржы жоспарында көрсетіледі.  

Мөлшерленбейтін айналым капиталына айналыс қорының қалған басқа элементтері жатады, яғни тұтынушыға жіберілген, бірақ та ақысы төленбеген өнім, және ақша қаражаттары мен есептесудегі басқа түрлері жатады.    

 

Қаражаттарды салудағы тәуекелділік деңгейі бойынша айналым капиталының құрамы мен құрылымы

 

Айналым апиталының топтары

Теңгерімдегі актив бабының құрамы

1. Ең аз салым тәуе- келдігі бар айналым капиталы

1.1. Аша қаражаттары:  касса,  есеп айырысу шоттары,  валюталық шоттар, басқа да ақша қаражаттары

1.2. Қысқа мерзімді қаржылық салымдар

2. Аз салым тәуекел- дігі бар айналым капиталы

2.1. Дебиторлық қарыздар (күмәнділерін алып тастағанда)

2.2. Өндірістік запастар (жатып қалған запасты алып тастағанда)

2.3. Дайын өнім мен тауарлардың қалдықтары  (сұранысы жоқтарды алып тастағанда)

3. Орташа салым тәуекелдігі бар айналым капиталы

3.1. Аяқталмаған өндіріс (нормативтен жоғарыларын алып тастағанда)         

 3.2. Болашақ кезең жұмсалымдары

4. Жоғары салым тәуекелдігі бар айналым капиталы

 

4.1.  Күмәнді дебиторлық қарыз

4.2. Жатып қалған өндірістік запастар

4.3. Нормативтен жоғары аяқталмаған өндіріс

4.4. Сұранысы жоқ дайын өнім мен тауарлар

4.5. Алдыңғы топқа кірмеген айналым капиталдың басқа элементтері

5. Айналым капиталы- ның барлық сомасы

1-т. + 2-т. + З-т. + 4-т.

 

Меншікті айналым капиталы ұйымның меншікті капиталынан (жарғы капиталы, резерв капиталы, бөлінбеген пайда және т.б) негізінде қалыптасады.                                                                                      

Меншікті айналым капиталға сонымен қатар ұзақ мерзімді пассивтер де жатады, яғни ұзақ мерзімді пассивтер негізгі капитал мен күрделі салымдарды қаржыландыру үшін қолданады.

Несиелік айналым капиталы банк несиесі ретінде, сонымен қатар кредиторлық берешек түрінде қалыптасады. Олар ұйымға уақытша пайдалануға беріледі. Олардың бір бөлегі ақылы (несие мен қарыздар), ал бір бөлегі - ақысыз (кредиторлық берешек).   

 

9.2. Айналым капиталын қалыптастыру көздері

 

Айналым капиталын қалыптастыру жүйесі оның айналым жылдамдығына және пайдалану тиімділігіне әсер етеді.

Айналым капиталының артықтығы ұйым қаражаттарының бір бөлігі дұрыс пайдаланбай табыс әкелмейді дегенді білдіреді. Сонымен бірге айналым капиталының жетіспеуі ұйым қаражаттарының шаруашылық айналымын баяулата отырып, өндіріс үдерісін тежейтін болады.

Көбінесе ұйымның айналым капиталына деген ең аз көлемдегі қажеттілік пайда, жарғылық және резерв капиталы көлемінде қамтамасывз етіледі. Бірақта белгілі бір себептердің (инфляция, өндіріс көлемінің өсуі, қызметкерлерге еңбекақыны кешіктіру және т.б.) әсерінен ұйымда уақытша айналым капиталына деген қосымша қажеттілік пайда болады.

 

Айналым капиталын қалыптастыру көздері   

 

Меншікті

Несиелік

Қосымша тартылғандар

Жарғылық капиталы.

Қосылған

капитал.

Резервті

капитал.

Бөлінбеген пайда.

Ұзақ мерзімді банктің несиесі.

Ұзақ мерзімді қарыздар.

Қысқа мерзімді банктің несиелері.

Қысқа мерзімді қарыздар.

Коммерциялық несиелер.

Инвестициялық салықтық несие.

Қызметкерлердің инвестициялық жарнасы.

Кредиторлық берешектер:

- жеткізушілер мен мердігерлерге;

- еңбекақы бойынша персоналға;

- салықтар бойынша;

- басқа жа кредитор- ларға;

- құрылтайшыларға дивиденд бойынша.

-алдағы жұмсалымдар мен төлемдердің резерві.

- күмәнді қарыздар бойынша резервтер.

  

9.3. Айналым капиталының қамтамасыз етілгенін талдау

 

Өндірістік іс-әрекетінің қалыпты болуын ұйымдастыруға қажетті айналым капиталының шамасы айналым капиталының мөлшерін және нормативін әзірлеу жолымен анықталады және белгіленеді. 

Мөлшер – айналым капиталының белгіленген өлшемі, оның шамасы күнмен, пайызбен және басқа да көрсеткіштермен (айналым капиталының мөлшері – күнмен, запас мөлшері – теңгемен)  белгіленуі мүмкін.

Норматив – айналым капиталының элементтері бойынша ең аз көлемдегі ауыспалы запасты жасау үшін кез келген немесе жоспарлы кезеңде ұйымға қажетті ақша қаражаттарының реттелген шамасы. 

Жұмсалым мөлшері – бұл барынша мүмкін болатын және сонымен қатар өнім бірілігін немесе жұмыс бірлігін орындау үшін қажетті шикізат, материал, отын, электр энергияның қажетті жоспарлы шамасы болып табылады. Жұмсалым мөлшері материалға, күнтізбелік жоспарлауға және өндірістік қорды есептеу үшін негіз болады.   

Ағымдағы запас кезекті жеткізудің аралығында ұйымның қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін қажет, яғни

Зағым = Морт.тәу.пайд × Таралық,

мұнда  Морт.тәу.пайд   - материалдың орташа тәуліктік пайдалануы;

            Таралық  - жеткізу аралығы – екі жеткізу арасындағы уақыт.

Сақтандыру  запасы – бұл тұрақты шама. Оның міндеті – күтпеген кідірісте, мысалы, көліктің кешігуі, жабдықтау мерзімінің бұзылуы және т.б. жағдайда өндірісті запаспен қамтамасыз ету.

Технологиялық запас кәсіпорынға түскен материалдар өндірісте бірден пайдаланбай, алдын ала дайындықты (қабылдау, түсіру, сұрыптау және т.б.) қажет ететін жағдайларда жасалынады.                              

Маусымдық запас шикізаттың белгілі түрін дайындау маусымды сипатта болса немесе тұтынуы маусым кезінде (мысалы, жылыту үшін пайдалынатын отын) болғанда ғана жасалынады.

Тасымалдау запас мөлшері жабдықтаушы мен ұйымның арасындағы ара қашықтығына, жүктің қозғалу жылдамдығына және құжаттарды дайындау уақытына байланысты анықталады. Тасымалдау кезіндегі жүктерге байланысты айналым капиталының шамасы Зкөл орташа жылдық шамада келесідей анықталады: 

Зкөл = Q × Б × Tжет /360,

мұнда Q  - жүктің жылдық тасымалдау көлемі, тонна;

            Б - 1 тонна жүктің бағасы, теңге;

           Tжет жүкті жеткізу уақыты;

           360 – бір жылдағы күндер саны.

 

9.4. Айналым капиталын пайдаланудың тиімділігін талдау

 

Айналым капиталын пайдаланудың тиімділігі ең алдымен оның айналымдылығымен сипатталады.  Капиталдың айналымдылығы – бұл өндіріс пен айналыс сатыларында қаражаттардың пайдалану ұзақтығы.  Айналым капиталының айналымдылығы келесідей саналады:

•     күнмен саналған бір айналымның ұзақтығымен (күнмен саналған

 айналым капиталының айналымдылығы);

•     есеп беру кезеңіндегі айналым саны (айналым коэффициенті).

Күнмен саналған бір айналымның ұзақтығы Тайн айналым капиталының орташа қалдығының талдау кезіндегі бір күндік тапқан табысқа қатынасы түрінде болады:

Тайн = АКайн × Т/N дн.ср,

мұнда Тайн  - айналым капиталының айналымдылығы, күндер;

           АКайн  - талдау кезіндегі айналым капиталының орташа қалдығы,

           теңге;

           Т - талдау кезеңіндегі күндер саны (30, 60, 90, 180, 360);

           N орт.таб – талдау кезеңіндегі өнімді өткізгеннен түскен табыс, теңге.

Айналым капиталының орташа қалдығы әрбір уақыт мезетіндегі көрсеткіштер мәнінің жиынтығы бойынша саналатын уақыт қатарының орташа мәнімен анықталады:

АКайн = (1/2 АКайн1 + АКайн2 + … + 1/2 АКайнn)/(n-1)

мұнда АКайн1, АКайн2, ..., АКайнn - әрбір айдың басындағы айналым

           капиталының қалдығы, теңге;

           n  - ай саны.

Айналым капиталының айналымдылық коэффициенті  Кайн айналым капиталының бір теңгесіне келетін өнімді өткізгеннен түскен табыспен сипатталады:

Кайн = Np / АКайн .

Айналымдылық коэффициентінің өсуі айналым капиталын тиімді пайдалануын, өндіріс үдерісін қарқындандыруын дәлелдейді.

Айналымдылық коэффициенті сонымен қатар талдау кезеңіндегі айналым капиталының айналымдылығын көрсетеді және  талдау кезіндегі бір айналымның күнмен саналған ұзақтығын көрсетеді:

Кайн = Т / Тайн .

Капитал жүктемесінің коэффициенті өнімді өткізуден түскен табыстың бір теңгесіне келетін алдын ала жұмсалған айналым капиталының көлемін сипаттайды (сандық көрсеткіш):

Кжүкт = АКайн / Np ×100 (тиын),

мұнда Кжүкт  - айналымдағы капитал жүктемесінің коэффициенті, теңге/теңге. 

 

МАТЕРИАЛДЫҚ РЕСУРСТАРДЫ ТАЛДАУ

 

10.1. Материалдық ресрурстарды талдаудың мақсаты, оны жүргізудің бірізділігі мен ақпаратпен қамтамасыз ету

 

Өнім өндіруді ұйымдастырудың қажетті талаптары оны материалдық ресурстармен: шикізатпен, материалдармен, отынмен, энергиямен, жартылай өніммен және т.б. қамтамасыз ету болып табылады. Материалдық ресурстарды пайдалану үдерісінде олар материалдық шығындарға айналады, сондықтан отынды, шикізатты, энергияны және т.б. үнемді пайдалану өнімнің өзіндік құнын төмендетеді.

Ұйым активінің құрылымында 12,9%-ды және өндірістік өнімінің  құрылымындағы (10.1-кестені қараңыз) шығынның 60%-нан артық болатын материалдық ресурстарды ұтымды пайдалану  өнімнің өзіндік құнын төмендете отырып, табыстылық пен пайданың өсуіне әсер ететін фактор болып табылады.  Материалдық ресурстарды үнемді пайдалану өндіріс тиімділігін сипаттайтын экономикалық көрсеткіштерді жоғарылатып қана қоймайды. Қалыптасқан технологиялық жүйелерде адамның қажеттілігін қамтамасыз ету үшін өндіріс көлемінің өсіп отыруы табиғи ресурстардың сарқуына және қоршаған ортаны ластау ұйғарынды шектен тыс шығуына алып келді. [Новая постиндустриальная волна на Западе. Антология /под ред. В.Л.Иноземцова. –М.: Academia, 1990. с. 578]. Осыған байланысты қор қайтарымына қарағанда еңбек өнімділігінің өсу қарқынын асыра отырып, пайдаланатын ресурстар көлемін азайту  өзекті мәселенің бірі болып табылады.

Бұл технологиялық дамудың белгілі бір жоғары сатысында ғана мүмкін болады. Қоршаған ортаны қорғау облысындағы мамандар технологиялық жүйенің даму үрдісін талдаған кезде  келесі қортындыға келді [15. 600б]: «...Ресурс өнімділігі төрт есе өсе алады және өсуі де керек. Басқа сөзбен айтқанда, табиғи ресурстарды игеруден тапқан байлығымыз төрт есе өсуі керек. Осыған байланысты біз екі есе жақсы өмір сүруімізге болады және екі есе аз жұмсар едік».

Материалдық ресурстарды үнемді және ұтымды айдалану нұсқаларын іздестіру талдаудың негізгі мазмұны болып табылады.

Материалдық ресурстарды талдаудың негізігі кезеңдері:

1)  материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалау;

2)  материалдық шығындар көлеміне материалдық ресурстардың пайдалану тиімділігінің әсерін бағалау;

3) ұйымның материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуін талдау;

4)  материалдық ресурстардың шығын мөлшерінің дәйектілігін талдау (ғылыми-техникалық серпілістің, технологияның және өндірісті ұйымдастырудың жетістілігін пайдалана отырып, өнім бірлігін өндіруге кететін ең аз көлемдегі ұйғарынды шығынын анықтайды);

5) материалдық ресурстарға деген оңтайлы қажеттілікті дәлелдеу.

Материалдық ресурстарды талдау үшін қажетті ақпарат көздері:

•     № 1-кәсіпорын «Кәсіпорынның іс әрекеті туралы негізгі мәліметтердің» статистикалық есеп беру формасы;

•    материалды-техникалық жабдықтау бөлімінің оралымды мәліметтері;                                                    

•     материалдық ресурстардың түсуі, жұмсалуы және қалдығы туралы бухгалтерлік есеп жүргізудің талдамалық мәліметтері;

•     материалды-техникалық жабдықтау жоспары;

•     шикізат пен материалдарды жеткізуге жасалған келісішарттар;

•     ұйым өнеркәсіптік бөлімшелерінің әр айдағы есебі және алғашқы құжаттары

 

10.1-кесте. Өндіріс саласы бойынша өнімді өндіру шығындарының құрылымы, %

 

Сала

Жылдар

Барлық шығын-дар

Мате­риалдар

Еңбек-ақыға төлем

Аморти-

зация

Басқалар

Барлық өнеркәсіп

2003 2004

2005

2006

2007

100

100

100

100

100

71,15

72,82

73,81

71,51

71,80

14,35

13,46

12,36

13,16

13,94

11,39

10,39

9,7

11,2

11,78

3,11

3,27

4,12

4,13

2,48

Түсті металлургия

2003 2004

2005

2006

2007

100

100

100

100

100

65,88

68,01

69,43

66,44

66,56

14,06

13,88

13,13

12,90

14,79

15,38

13,38

11,88

13,89

14,86

4,68

4,73

5,56

6,77

3,79

 

10.2. Материалдық ресурстарды пайдалану көрсеткіштері

 

Экономикалық жұмыста материалдық ресурстардың пайдалануын көрсеткіштер жүйесі мен олардың қарымқатынасын үлгілеу арқылы бағалауға болады.  Матекриалдық ресурстарды пайдалану көрсеткіштері қортынды және жеке деп бөлінеді.

Қортынды көрсеткіштер: өнімнің материалсыйымдылығы, материалқайтарымы, өзіндік құндағы материалдық шығындардың меншікті үлесі, материалдық ресурстарды пайдалану коэффициенті.

Материалдық ресурстарды пайдаланудың жеке көрсеткіштері материалдық ресурстардың жеке элементтерінің пайдалану тиімділігін сипаттау үшін қолданылады, сонымен қатар жеке бұйымдардың материалсыйымдылығын бағалау үшін де пайдаланылады. Жеке бұйымдардың материалсыйымдылығының меншікті үлесі құндылық, табиғи-құндылық және табиғи түрінде болуы мүмкін. 

Қортынды көрсеткіштердің өзгеруін анықтау ретін және үрдісін қарастырайық.

Өнімнің материалсыйымдылығы материалдық жұмсалымдардың өндірілген өнім құнына қатынасымен анықталады және ол шығарылған өнімнің бір теңгесіне келетін материалдық жұмсалымды білдіреді:

Мсыйым = Ммш / Nө,

мұнда Ммшматериалдық жұмсалымдар;

           Nө - құндылықта немесе табиғи түрінде көрсетілген өнім көлемі.

Материалқайтарымы – бұл материалсыйымдылыққа қарама-қарсы көрсеткіш, ол қолданған материалдық ресурстардың бір теңгесіне келетін өнім көлемін сипаттайды:

Ммқ = Nө / Ммш

Өнеркәсібі дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей ғылыми тхникалық серпеліс құрып жатқан жүйенің материалсыйымдылығын, металсыйымдылығын және энергиясый- ымдылығын азайтады. 1973 жылдан 1985 жылға дейін жалпы ұлттық өнім 32%-ға, энергияны пайдалану 5%-ға өсті. [7. 317б].

80-шы жылдары ССРО-да соңғы өнімнің бірлігіне АҚШ-қа қарағанда 1,75 есе көп болат жұмсалды, осының себебінен өнімнің көлемін өсіру үшін оларды өндіру қарқынын арттыруды талап етеді.   Осындай материалсыйымдылық  ол өнімдерді шығаратын салада шикізатты, отынды, энергияны, күрделі салымдарды  артық жұмсауға тура келді, ол шығындар металөңдеу саласындағы қуатқа қарағанда 3,1 есе артық болуға тиісті болды. Сондықтан үнемді, сонымен қатар бұйым мен материалдың жаңа құрылымын, технологиялық жүйенің және еңбек затына әсер ететін әдістердің жаңа түрлерін табу қазіргі заманның өзекті мәселесі болып отыр. XXI ғасырдың материалы деп аталатын композит мысалын келтірейік.

Композитке нығайтушыны (бұл талшық және кристалдар болуы мүмкін) белгілі бір үлестіру арқылы метал немесе бейметал негізінде жасалған материалдар жатады.

Машинада, құрал-жабдықта, құрылғыларда композиттік материалдарды қолдану төмендегідей үнемдеуге қол жеткізуге болады:

•     құрылым (конструкция) салмағын  -  25-50%-ға;

•     дайындаудың еңбексыйымдылығын -  1,5-3 есе;

•     өндірістің энергиясыйымдылығын -  8-10 есе;

•     металсыйымдылығын -  1,6-3 есе азаяды.

Композит көмегімен техника ресурсын 1,5-3 есе арттыруға болады, коррозиядан болатын  шығындарды, тасымалдау көліктерінің отын жұмсалымын төмендетуге болады.

Мамандардың бағалауы бойынша [5.145б] Ресей құрылымдық материалдар бойынша АҚШ-тан 1985 жылы 23 жылға, ал алдағы уақытта 68 жылға артта қалуы мүмкін. 

Өнімнің өзіндік құнында материалдық жұмсалымның меншікті салмағы – бұл материалдық жұмсалымның толық өзіндік құнға қатынасын байқататын көрсеткіш:

Дмш = М/ӨҚ,

 

мұнда ӨҚ - өнімнің толық өзіндік құны.

Материалдық ресурстардың пайдалану коэффициенті – бұл материалдық нақты жұмсалымының (М1)  жоспарлы калькуляциясы, нақты шығарылымы және өнімнің ассортименті бойынша белгіленген материалдық жұмсалымға (М׳1 ) қатынасын білдіреді:

Кп = М1 / М׳1.

Егер пайдалану коэффициенті бірден көп болса, онда материалдардың артық жұмсалғанын , коэффициент мәні бірден кем болса, онда материалдық ресурстардың үнемделгенін білдіреді.

Экономикалық әдебиеттерде қортынды көрсеткіштерін талдау үшін факторлық үлгілерді қолдануға негізделген бірнеше әдістеме ұсынылады. Олардың ішінде жоғары шынайы бағалайтын материалсыйымдылығының көрсеткіші болып табылады.

 

10.3. Материалдық ресурстарды пайдаланудың факторлық талдауы және оның материалдық жұмсалым көлеміне әсері

 

Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігінің артуы өнім өндіруге кететін материалдық шығындарды азайтады, өзіндік құнды төмендетіп, пайданы көбейтеді.

Материалсыйымдылық материалдық жұмсалымның қосындысын білдіреді, оның өскені материалдық жұмсалымды өсіреді, ал төмендегені – азайтады. Өзіндік құнды калькуляциялағанда материалдық жұмсалымдарға тікелей («Шикізат және материалдар» бабының құрамында) шығындармен қатар жанама (жұмсалымның кешенді бабының құрамында: үстемелі шығындар, кезең шығындары) шығындар жатады. Осыған байланысты оларды тікелей және жалпы шығындар деп атайды. 

Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігінен және оған әсер ететін факторлардан материалдық жұмсалымның тәуелділігін көрсететін құрылымдық-логикалық үлгі 10.1 суретте көрсетілген.

Тізбекте көрініп тұрғандай, факторлық жүйенің бірінші деңгейдегі материалдық ресурстардың шамасы жалпы материалсыйымдылыққа және өнім көлеміне тәуелді. Материалдық ресурстардың салыстырмалы үнемділігі немесе артық жұмсалуы екі кезеңнің арасындағы материалсыйымдылықтың айырмасын есеп берген жылғы өнім көлеміне көбейткенге тең:

 

Ү(К) = ΔMсыйым ×N1

Материалдық жұмсалымға әсерін бағалайтын бірінші және екінші деңгейдегі факторлар өз кезегінде материалсыйымдылыққа әсер етуін бағалайтын екінші және үшінші деңгейдегі факторлар болып табылады (10.2 сурет). 

Осмылай факторлық жүйеге сәйкес материалдық жұмсалымға әсер ететін екінші және үшінші факторлар саналады. Өз кезегінде материалсыйымдылығына әсер ететін әрбір фактор өнім құрылымы өзгеруіне, шығындар деңгейіне, материалдық ресурстардың бағасына, өнімнің көтерме бағасының өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. Олар материалдық жұмсалымдардың көлеміне қатынасы бойынша факторлық жүйенің үшінші деңгейіндегі фактор болып саналады.

Жеке бұйымға кететін материалдық шығындар деңгейінің өзгеруіне (меншікті материалсыйымдылығы)  инновациялық қызметтердің іс-шарасы әсер етеді. Олардың негізгілері: ғылыми зерттеу және тәжірибелік құрылымды жасау (конструкциялық) жұмыстардың сатыларында бұйымдарды жетілдіру; өте жоғары технолгиялық салттағы техниканы ендіру; шикізаттың, материалдың, отынның алдыңғы қаталы түрлерін пайдалану; қызметкерлер біліктілігін жоғарылату және т.б. болып саналады.

Материалдық жұмсалымды талдау нәтижелері өнімді дайындауға кететін шикізат пен материалдар жұмсалымдарын мөлшерлегенде пайдаланылады, сонымен қатар өндірістік бағдарламаны орындауға керекті материалдық ресурстардың қажеттілігін анықтағанда қолданылады.

Факторлық үлгі материалсыйымдылығын анықтайтын формулаға негізделініп жасалынады, сонымен бірге есептеу формуласы факторлық жүйе ретінде қарастырыл- майды. 

Ұлғайту тәсілімен алынған факторлық үлгілердің бірі тікелей шығындар бойынша материалсыйымдылығы (Мтік.сыйым) мен жалпы және тікелей шығындар бойынша қатынасының коэффициентіне (Кмш) тәуелді материалдық ресурстардың өзгеруін қарастырады.

Мсыйым = Мш / N = Мтік / N × Мш / Мтік = Мтік.сыйым × Кмш.

Материалсыйымдылыққа Мсыйым  факторлардың әсерін зерттеу үшін анықтау факторлық талдаудың кез келген әдісін қолдануға болады. Мысал үшін логарифмдік түрін пайдаланайық.

 Мсыйым = Мтік.сыйым × Кмш  тұлғалауынан төмендегі келіп шығады

ΔМсыйым = Мсыйым1 – Мсыйым0,

lnМсыйым1 - ln Мсыйым0 =(ln Мтік.сыйым1 -  ln Мтік.сыйым0) + (lnКмш1 - lnКмш0),

lnМсыйым1 / Мсыйым0 = lnМтік.сыйым.1 / Мтік.сыйым.0 + lnКмш1 / Кмш0.

Материалсыйымдылығының (100%) өзгеруі екі құрамдас бөлігінен тұрады:                                                                                        

ΔМсыйымтік.сыйым) = lnМтік.сыйым.1 / Мтік.сыйым.0,

ΔМсыйыммш ) = ΔМсыйым ×(Мш / Мтік) = lnКмш1 / Кмш0

Тікелей материалдық жұмсалымдар бойынша материалсыйымдылық  Мтік.сыйым және шығындар ара қатынасының коэффициенті Кмш – бұлар бірінші деңгейдегі факторлар. Өнім материалсыйымдылығына әер ететін екінші деңгейдегі факторлар төмендегілер болады (10.2 сурет):

•     өнім құрылымы (өнімнің материалсыйымдылық үлесінің өсуі жалпы материалсыйымдылықтың өсуіне алып келеді);

•     жеке бұйымға кететін материалдық жұмсалым деңгейі немесе меншікті материалсыйымдылық үлесі;     

•     материалдардың бағасы;                                     

•     өнімнің көтерме бағасы.

10.2-кесте мәліметтерін пайдалана отырып, тікелей жұмсалымдар бойынша материалсыйымдылықтың өзгеруіне әсер ететін факторларды бағалау мысалын қарастырайық.

10.2-кестенің мәліметтері жоспар бойынша өнімнің материалсыйымдылығы қалай анықталатынын төменде көрсетеді: 

Мтік.сыйым.0 = Мтік0 / N0 = 30 313 / 76 715 = 0,3951 теңге/теңге

Нақты материалсыйымдылығы:

Мтік.сыйым.1 = Мтік1 / N1 = 30 137 / 77 468 = 0,389 теңге/теңге

Материалсыйымдылықтың жалпы өзгерісі төмендегідей болады

ΔМтік.сыйым=0,389 - 0,3951 = -0,0061 теңге/теңге

 

10.2-кесте. Тікелей жұмсаым бойынша материалсыйымдылықты талдау үшін мәліметтер, мың теңге

 

Көрсеткіш

Белгі

Жоспар

Нақты

Ауытқуы

1.ҚҚС-сыз салыстыр- малы бағадағы өнім көлемі

N

76 715

77 468

+ 753

2. Тікелей материалдық жұмсалымдар

Mтік

30 313

30 137

-176

3. Тікелей шығындар бойынша материал- сыйымдылық (теңге/теңге)

Мтік.сыйым

0,3951

0,3890

-0,0061

4. Нақтылы көлемін және ассортиментін ес- кере отырып, жоспарлы калькуляция негізінде тікелей материалдық жұмсалымдар

М׳тік1

30 285

5. Материалдық ресурстар бағасының ауытқуы:

- төмендеуі (-)      

 - қымбаттауы (+)

Δрм

+ 86

 

6. Өнім бағасының ауытқуы:

- төмендеуі (-)      

 - қымбаттауы (+)

Δрөн

+ 93

 

 

Материалсыйымдылық келесі факторлар әсерінен өзгерді:

• салыстырмалы бағадағы өнім көлемі өскенннен оның құрылымы өзгерді. Жоспарлы  калькуляция және өнімнің негізінде тікелей материалдық жұмсалымдар 30285 мың  теңгені құрар еді, ал олар 30137 мың теңгені ғана құрады, яғни, сірә, материалсыйымдылығы аз бұйымдардың үлесі көбейген болар.

• өнім көлемінің жалпы ауытқуы (735 мың теңге)  жоспарлы калькуляция негізінде    (30 285 - 30 137 = 148 мың теңге) орны толтырылмайды, онда бұл ауытқу өнімнің бағасының өзгеруіне болған, немесе 5 және 6 жолда көрсетілген екі фактордың әсерінен болуы мүмкін.

Материалсыйымдылығына өзгеруіне әсер еткен жеке факторлардың әсерінің нәтижесі 10.3-кестеде көрсетілген.                                

Бұл мәліметтер тізбекті ауыстыру әдісінің факторлық үлгісісімен саналған. Есептеу жолдарын қарап көрейік.

1. Өнім құрылымының өзгеруіне тиетін әсер есептелінеді. Материалсыйымдылық жоспарлы калькуляция, нақты көлем және өнім ассортименті негізінде шығындардың өнім бағасының өзгеруінсіз алынған нақтылы өнім көлеміне қатынасымен анықталады:

М тік.сыйым.0 = Мтік / (N1 - Δр0) = 30 285 – (77 468 – 93) = 0,3914 теңге/теңге

мұнда М׳тік.сыйым.0  - өнімнің нақты көлемі мен ассортименті бойынша материалсыйымдылығы.

Тікелей материалдық жұмсалымдар бойынша материалсыйымдылыққа өнім құрылымының өзгерту әсері келесідей болады:

ΔМтік.сыйым.н(Д) = М׳тік.сыйым.0 - Мтік.сыйым..0   = 0,3914 - 0,3951 = -0,0037 теңге/теңге

 

10.3-кесте. Тікелей материалдық ресурстар бойынша материалсыйымдылықтың өзгеруіне әсер ететін факторлар құрылымы

 

Фактор

Әсер ету нәтижесі, теңге/теңге

Фактор-лардың құрылымы,

%

1. Өнім құрылымының өзгеруі,

ΔМсыйым.өн (Д)

-0,0037

60,6

2. Жеке бұйымдарға кететін материалдық жұмсалымдар деңгейінің өзгеруі (меншікті материалсыйымдылық) ΔМсыйыфм.өнім менш

-0,003

49,2

3. Материалдық ресурстар бағасының өзгеруі, ΔМесыйым.өн.м.б

+ 0,0011

-18

4. Өнімнің көтерме бағасының өзгеруі, ΔМесыйым.өн.баға

-0,0005

8,2

Барлығы

-0,0061

100

 

Анықталған нәтиже шығарылған өнімде материалсыйымдылығы аз бұйым үлесінің көбейгенін көрсетіп тұр.

2. Төменде жеке бұйымдар бойынша материалдық жұмсалым деңгейінің өзгергені есептелінеді (ΔМетік.сыйым.м.ү.):

ΔМетік.сыйым.м.ү. = М׳тік.сыйым1 - М׳тік.сыйым0,

мұнда М׳тік.сыйым1   - жоспарда қабылданған бағасы бойынша нақтылы

           материалсыйымдылық:

М׳тік.сыйым1  = (М׳тік1 - Δрм) / (N1 - Δртік) = (30 137 – 86) / (77 468 – 93) = =0,3884 теңге/теңге

ΔМетік.сыйым.м.ү  = 0,3884 – 0,3914 = -0,003 теңге/теңге,

яғни бұл ұйымда жеке бұйымдарға деген материалдық жұмсалымдардың деңгейі қысқарды дегенді білдіреді. 

3. Материалсыйымдылық көрсеткішіне материалдар бағасының әсерін есептеу үшін төмендегі формула пайдалынады:

ΔМтік.сыйым.м.б. = М׳ ׳ тік.сыйым1 - М׳ тік.сыйым,

мұнда М׳ ׳ тік.сыйым1   - жоспарда қабылданған баға бойынша нақтылы материалсыйымдылық:

М׳ ׳  тік.сыйым1 = Мтік1/(N1 - Δртік) = 30 137 / (77 468 – 93) = 0,3895 теңге/теңге

ΔМтік.сыйым.м.б  = 0,3895 - 0,3884 = 0,0011 теңге/теңге

Материалдық ресурс бағасының өсу нәтижесінде материалсыйымдылық 0,0011 теңге/теңгеге өсіп отыр.

4. Өнімнің көтерме бағасының өзгеруі нәтижелі көрсеткішіне әсері төмендегі формуламен есептеледі:

ΔМетік.сыйым.өн.баға = Мтік.сыйым.1׳ ׳ тік.сыйым1=0,389 - 0,3895 =-0,05 теңге/теңге

Материалсыйымдылық өнімнің көтерме бағасының өсуінен төмендеді. 

Есептеу нәтижесі 10.3-кестеде келтірілген, 10.3-кестеде келтірілген мәліметтер өнімнің жалпы көлемінде материалсыйымдылығы жоғары бұйым үлесінің азайғаны материалсыйымдылығын төмендетуде ең маңызды фактор болғанын көрсетіп отыр. Бұл фактор жеке бұйымдардың жалпы материалсыйымдылығы 60,6%-ға төмендегенін қамтамасыз етіп отыр.

Жалпы материалсыйымдылыққа екінші деңгейлі факторлардың әсерін өлшеу үшін келесі формула қолданылады:

ΔМсыйым = ΔМетік.сыйым × Кiмш,

мұнда ΔМсыйым  - i фактордың әсерінен жалпы материалсыйымдылықтың

            үстелуі (өзгеруі);

      ΔМетік.сыйым – i екінші фактордың  тікелей материалдық жұмсалым

      бойынша материалсыйымдылығының үстелуі.

Сонымен қатар материалсыйымдылығын талдау әдістемелігінде жеке көрсеткіштердің аддивті үлгісін қолдануға да болады (10.4-кестеде келтірілген):

Мсыйым = Мш / N = Мш.з. / N + Мж.ө./ N + Мот/ N + Мэ/ N + Мбасқа/ N =

= Мш.з. сыйым + Мж.ө.сыйым + Мот.сыйым + Мэ.сыйым + Мбасқа сыйым.

Талдау үшін өндірістің сметасы мен статистикалық есеп пайдалынады.

Факторлық үлгінің аддивті түрінде қортындыға факторлық көрсеткіштердің әсерін тікелей есептеу арқылы анықталады.

 

10.4-кесте. Материалсыйымдылықтың қортынды көрсеткішіне жеке көрсеткіштердің әсері

 

Көрсеткіш

Белгі

Смета

Статис-тикалық есеп

Жоспар-дан ауытқуы

Салыстырмалы бағадағы өнім көлемі, млн теңге

N

76 715

77 468

+753

Материалдық шығындар,млн теңге

Мш

33 496

33 473

-23

оның ішінде:

 

 

 

 

шикізат пен материалдар

Мш.з.

7704

7364

-340

жартылай өнімдер

Мж.ө.

23 280

23364

+84

отын

Мот

1040

1540

+500

энергия

Мэ

770

971

+201

басқа материалдық шығындар

Мбасқа

702

234

-468

Жалпы материал- сыйымдылық, тиын/теңге

Мсыйым

43,66

43,21

-0,45

оның ішінде:

 

 

 

 

шикізаттың матери- алсыйымдылығы

Мш.з.сыйым

10,04

9,51

-0,53

жартылай өнімнің материалсыйымдылығы

Мж.ө.сыйым

30,35

30,16

-0,19

отынның материал- сыйымдылығы

Мот.сыйыми

1,36

1,99

+0,63

энергиясыйымдылығы

Мэ.сыйым

1

1,25

+0,25

Басқа материалдардың материалсыйымдылығы

Мбасқа сыйым

0,91

о.з

-0,61

 

10.4-кестенің мәліметтері шикізатсыйымдылығы, жартылай өнімсыйымдылығы және басқа да материалдық жұмсалымдар бойынша өнім сыйымдылығының азаюынан өнім материалсыйымдылығы жоспармен салыстырғанда 0,53; 0,19; 0,64 тиын/теңгеге сәйкес төмендегенін көрсетіп тұр. Басқа да тең жағдайларда осы факторлар есебінен материал- сыйымдылық 1,33 тиың/теңгеге (0,53 + 0,19 + 0,61) азаяр еді. Бірақта отын- және энер- гиясыйымдылығының  0,63 және 0,25 тиые/теңгеге сәйкес жоғарылағаны 1 теңге өнімге келетін материалдық ресурстар мүмкін болатын үнемін 0,08 тиын/теңгеге азайтып отыр. Талдау нәтижелері отын-энергия ресурстарының жұмсалымын төмендету бағыттарын анықтап отыр.

Факторлық үлгі негізінде материалдық жұмсалымның үнемі есептелінеді.

 

10.4. Материалдық ресурстармен қамтамасыз етуді талдау

 

Ұйымның толассыз жұмысының шарты – материалдық ресурстармен толық қамтамасыз ету. Материалдық ресурстардың қажеттілігі өндірістік бағдарламаны орындауға, күрделі құрылысты, өндіріс емес мұқтаждықты және жыл соңында қалатын материалдық ресурстардың қажетті қалдығына керекті қажеттілігімен анықталады. 

Жыл соңында запасты жасауға кететін материалдық ресурстардың қажеттілігі үш түрде бағаланады:

1)    қойманың санын анықтау үшін табиғи өлшем бірлігінде;

2)    айналым капиталына деген қажеттілікті анықтау үшін құндылық бойынша;

3)                жеткізу кестесінің орындалуын жоспарлау және бақылау үшін күндермен.

Ұйымды күнмен саналған запаспен қамтамасыз ету төмендегі формуламен саналады:

Зкүнi = Змi / Мтi,

мұнда Зкүнi  - i-түрдегі материалдық ресурстар запасы (күнмен);

           Змi  -  i-түрдегі материалдық ресурстар запасы (табиғи немесе

           құндылық  көрсеткіште);

           Мтi  - i-түрдегі ма­териалдық ресурстардың орташа тәуліктік

           тұтынуы (сол өлшем бірлігінде).

Материалдық резервтердің орташа тәуліктік жұмсалымы талдау жүргізілген кезеңде i-түрдегі материалдық ресурстардың барлық жұмсалымын кезеңдегі күнтізбелік күнге бөлу арқылы анықталады.

Материалдық ресурстармен қамтамасыз етуді талдау үдерісі төмендегілерді анықтауға мүмкіндік береді:

1)  материалдық ресурстармен қамтамасыз ету үшін жеткізуді келісімшартпен қамтамасыз ету дәрежесі және оның нақтылы орындалуы;

2)  жеткізу бірізділігі және алдын ала жасалған бағдарламаға материалдық ресурстарды жеткізудегі жіберілген қателіктердің әсері;                                        

3)  тауарлы запаспен нақтылы қамтамасыз етілуінің жоспарға сәйкестілігі;

4)   материалдық ресурстармен толық қамтамасыз етпеу салдарынан өндіріс көлемінің төмендеуі.

Жеткізіп беруге жасалған келісімшартпен материалдық ресурсқа деген қажеттілікті қамтамасыз ету дәрежесі келесі көрсеткіштер көмегімен бағаланады:

Жоспар бойынша қамтамасыз ету коэффициенті  – К қам.жоспл

К қам.жоспл  =  Жасалған келісімшарт бойынша материалдық ресурстар құны / Жоспарлы қажеттілік;

Нақты қамтамасыз ету коэффициенті - К қам.нақт:

К қам.нақт = Нақты жеткізілген материалдық ресурстар құны/Жоспарлы қажеттілік;

Келтірілген коэффициенттер материалдық ресурстардың әрбір түрі бойынша талданылады.

Жабдықтаушылардан алынған ресурстардың саны, стандартқа  және келісімшартқа сәйкестігі  тексеріледі.

Жеткізудің ырғақтылығын бағалау үшін жабдықтаудың орташа көлемінен күн (онкүндік, ай) бойынша нақты жеткізілген орташа көлемнің екі еселенген ауытқуы және вариация коэффициенті сияқты көрсеткіштер пайдалынады:

- материалдық ресурстардың  біркелкі жеткізілмеу коэффициенті келесі формула бойынша анықталады:

Кбірк. емес = √Σ(хi – 100)2 ×f / Σ f.

где хi  - кезең (күн, онкүндік, ай) бойынша жеткізу жоспарының орындалу пайызы;

f – сол кезеңдегі жеткізу жоспары;

- вариация коэффициенті келесі формуламен анықталады:

Квар = √(ΣΔа)2 ×b / k,

где Δа – кезең бойынша жеткізу көлемінің  жоспардан ауытқуы;

       к – талданып отырған кезеңдер саны;

      b  - кезеңдегі материалдарды орташа жеткізу көлемі.                                                            

Шикізат пен материалдардың біркелкі жетпеуі құрал-жабдықтардың тұрып қалуына, жұмыс уақытының жоғалуына, уақыттан тыс жұмыс істеуге алып келеді. Жұмысшылар- дың кінәсіздігінен болған тоқтап тұру оларға ақшалай төленеді, уақыттан тыс жұмыс істеу жоғарылатқан тарифтік мөлшерлемемен төленеді. Бұл деген шығарылатын өнімнің өзіндік құнын жоғарылатады және ұйымның алатын пайдасын азайтады.

Материалдық ресурстарды дер кезінде жеткізбеудің көрінісі запаспен қамтамасыз етілмеуі болып көрінеді.

Ұйымды материалдық запаспен қамтамасыз етпеу материалдардың орташа жұмсалымын қамтамасыз етілмеген күндерге көбейту арқылы анықталады:

ΔЗмi = Мжет.i.орт × ΔЗкүнi,

Ұйымды материалдық ресурстармен қамтамасыз етілгенін талдаудың ақырғы кезеңінде төмендегілердің нәтижесінде өнімнің қаншаға жоғалғанына сандық (құндық) баға беріледі:

•     ресурстардың жеткізілмеуінен;

•     материалдық ресурстардың нашар сапасынан;

•     ресурсқа деген бағаның өзгеруінен;

•     жеткізу кестесінің бұзылу себебінен тұрып қалудан.

Жоғарыда санап шыққан факторлардың нәтижесінде өнім шығасын (ысырабын) санайтын мысалды келтірейік:

1. Материалды жеткізу жоспары - 1840 мың теңге:                  

Материалдардың нақты түскені - 1560 мың теңге. Өнімнің бір теңгесіне материалдың жұмсалым мөлшері - 0,58 теңге. Жеткізілмеген материалдың салдарынан өнім көлемінің азаюы: 

ΔNB = (1560-1840) / 0.58 = - 483 мың теңге

2. Шикізат пен материалдардың сапасының нашар болуынан қалдықтардың көлемі көбейеді. Осының әсерінен өнім шығасын анықтау үшін жоспардан тыс пайда болған қалдықтар көлемін материалдық ресурстар жұмсалымының мөлшеріне бөлу керек.

Мөлшер шегінде өнімнің нақтылы көлеміне келетін шикізат қалдықтары  23,4 мың теңге құрайды. Егер нақтылы қалдықтар 32,4 мың теңге болса, онда жоспардан тыс қалдықтар (32,4 - 23,4) = 9 мың теңгені құрайды.

1 теңге өнімге шикізат пен материалдардың жұмсалым мөлшері 0,58 теңге болса, онда өнім шығасы 9000/0,58 = 15,5 мың теңге болады.  

Шикізат пен материалдардың бағасы өскен сайын өнім бірлігінің өзіндік құны өсе береді. Бұл жағдайда келесі шешімдер қолдану керек:

- қолда бар қуатты пайдалана отырып, өндіру көлемін ұлғайту керек, осының арқасында тұрақты шығындардың меншікті үлесін азайта отырып, жоғарылаған айнымалы шығындарды өтеу керек;

- өндіріс құрылымын өзгерту керек.                  

Осымен қатар шикізаттың жаңа және арзан нарығын іздеуді естен шығармау керек.     

Материалдық ресурстардың пайдалану тиімділігі айналым капиталының бір бөлігі болып саналады, ол алдымен айналымдылығымен сипатталады.

 

ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫН ТАЛДАУ

 

11.1. Еңбек ресурстарын талдаудың мақсаттары, бағыттары және ақпараттық қамтамасыз ету

 

Өндірісті қарқындандыру, оның экономикалық тиімділігі мен өнім сапасының өсуі , ұйымның еңбек ұжымдарының шаруашылық бастамасының дамуын көздейді. Ұйымның еңбек ресурстарын пайдалануын талдаудың негізгі мақсаты – еңбек өнімділігінің өсуіне кедергі келтіретін, жұмыс уақытын бос пайдалануға әкелетін және персоналдың еңбекақысының  өсуіне кедергі әсер ететін факторларды аңықтау.

Еңбек ресурстарын талдау үдерісінде келесіні білу қажет:

•    кәсіпорынның өндірістік бөлімдерінде жұмыс орнын өндіріске қажетті кәсіби және білікті персоналмен қамтамасыз ету (өндірісті еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету).

•    өндіріс үдерісінде еңбек ресурстарын пайдалану (жұмыс уақытын);

• еңбек ресурстарын тиімді пайдалану (бір адамға шаққанда өнім өндірудің өзгеруіне байланысты еңбек өнімділігінің өзгеруі);

•  еңбекақыға деген қаражаттарды тиімді пайдалану;

• орташа еңбекақы және еңбек өнімділігінің өсу қарқынының ара қатынасы.

Талдау үшін ақпараттың көздері: еңбек туралы жоспары,  № 1-кәсіпорын түріндегі «Кәсіпорынның іс әрекеті бойынша негізгі мәліметтер», № П-4 «Жұмыскерлердің саны, еңбекақысы және олардың қозғалысы туралы мәліметтер», № 1-Т «Іс әрекеті түрлері бойынша жұмыскерлердің саны және еңбекақы туралы мәліметтер»; кәсіпорынның цех  тарының, болімдерінің , қызмет көрсету болімшелерінің оралымдық есебі, қойылған зерттеу мақсаты мен міндетіне байланысты еңбек ресурстары бойынша басқа да есептер.

Еңбекті пайдалануын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер: жұмыс уақытын және жұмыс күшін пайдалану, еңбек өнімділігі, еңбекақыға деген шығындардың салыстырмалы көрсеткіштері.                              

Еңбек ресурстарын талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

•     еңбек күшінің қозғалысы және кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін бағалау;

•     жұмыс уақытының тиімді пайдалануын зерттеу;

•     еңбек өнімділігін бағалау;

•     еңбекақыға деген шығындарды бағалау;

•     еңбекақы мен еңбек өнімділігі қарқының ара қатынасын зерттеу.

 

11.2. Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасызетілуін талдау

 

Өнеркәсіп-өндірістік персоналды (ӨӨП) ұтымды пайдалану – бұл өндірістік жоспарды ойдағыдай орындау мен өндірістік үдерістің үзіліссіздігінің міндетті шарты.

Кәсіпорынның негізгі іс әрекеттегі өнеркәсіп-өндірістік персоналына (ӨӨП) кәсіпорынның негізгі жұмысын (өнеркәсіп өнімін шығару, өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстарды атқару, өндірісті ұйымдастыру, ұйымды басқару  және т.б.) атқаратын тұлғалар жатады. Олар жұмысшыларға және қызметшілерге бөлінеді.

Жұмысшылардың кәсіби және мамандық деңгейын талдау. Бұл талдау телім, бригада және жалпы кәсіпорын бойынша жұмыстардың әр түрін орындау үшін қажетті жұмысшылар санын   мамандығы мен разряды бойынша бар адам санын салыстыру арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар әрбір кәсіп бойынша жұмысшылардың жетіспеуі мен артығы айқындалады. Қажетті жұмысшылыр саны  әр жұмыстың көлемінің,  өнімділік мөлшерін ескере отырып, бір жұмысшының жұмыс уақытының жоспарлы қорына қатынасымен анықталады. Орындалатын жұмысқа жұмысшының біліктілігінің сәйкестігін талдау  жұмысты орындауға қажетті орташа разрядты сол жұмысты атқаратын жұмысшының орташа разрядымен салыстрады.

  Бүйым бойынша жұмыстың орташа разряді  γ  келесі формуламен анықталады:

Рср.γ = Рм + (Кср.γ – Км) / (Кб – Км),

мұнда  Рм  -  ортасында орташа тарифтік коэффициент болтын бір-бірімен  шектес екі разрядтың  төмені;

            Км – бір-бірімен шектес екі разрядтың төменінің тарифтік  коэффициенті;  

            Кб -  бір-бірімен шектес екі разрядтың жоғарысының тарифтік коэффициенті;   

         Кср.γ –  γ-бұйымы бойынша  орташа тарифтік  коэффициенті, ол болса тиісті разрядты жұмыстардың орташа өлшенген еңбексыйымдылығы ретінде анықталады:

Кср.γ = ΣКj × Tjγ / ΣTjγ

мұнда  j  - тиісті разрядтың  индексі  (j = 1+m,  m болса - разрядтік тарифтік кесте бойынша);      

            Кj  -  j- разряды бойынша жұмыстың тарифтік коэффициенті;

            Tjγ  -  γ-бүйым бойынша j - разрядты жұмыстардың

            еңбексыймдылығы.

Жұмысшының ордаша рязряды келесі формуламен аныталады:

Рорт.р = Рм + (Корт.тк – Км) / (Кб – Км),

мұнда Корт.т.к – жұмысшылардың орташа тарифтік коэффициенті, оның

           мәні жұмысшылар санының орташа шамасымен анықталады.

Корт.тк= ΣКj × Сj / ΣСj

мұнда Сj  - тиісті разрядтарға сәйкес жұмысшылар саны.

 

11.3. Жұмыс уақытын пайдалануды талдау

 

Жұмыс уақытын үнемді және тиімді пайдалану -  бұл өндіріс жоспарын орындауға, әрбір еңбек ұжымының мүшесіне келетін өнім көлемін арттыруына, еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануына әсер ететін маңызды жағдайлардың бірі. Бұдан жұмыстың тиімділігі, барлық техника-экономикалық көрсеткіштердің орындалуы байланысты болады.

Жұмыс уақытын пайдалануды талдау – кәсіпорындағы талдамалық жұмыстың маңызды құрамдас бөлігі, ол жұмыс уақытының теңгерімін құрудан басталады.

 

11.4. Еңбек өнімділігін талдау

 

Өндіріс үдерісінің бірдей нәтижесі еңбек тиімділігінің әр түрлі дәрежесі арқылы қол жеткізуге болады. Өндіріс үдерісіндегі еңбек тиімділігінің өлшемі еңбек өнімділігі деп аталады. Басқа сөзбен айтқанда, еңбек өнімділігі - бұл оның нәтижелілігі немесе жұмыс уақытының бірлігінде белгілі көлемде өнім шығаратын адам қаблеттілігі.

Құндылық өлшеуде орташа тізімдік бір қызметкерге келетін өнім өндірімі еңбек өнімділігінің көрсеткіші ретінде өндірістің техникалық деңгейінің жоғарылауы арқасында өнім бірлігін жасауға кететін уақыттың азаю себебінен өндіріс деңгейінің өсуіне байланысты болады (еңбек өнімділігінің өзі), ол құндылық өлшеудегі өнім көлемін өзгертетін және  еңбек өнімділігіне ешқандай қатынасы жоқ, яғни бағалы сипаты бар факторлармен анықталады. 

Еңбек өнімділіғін талдау үдерісінде келесіне анықтау қажет:

-   еңбек өнімділігінің өсуімен байланысты тапсырманың орындалу  дәрежесі;

-     еңбек өнімділігінің өсуімен байланысты тапсырманың қауырттығы  және осы фактор арқылы өнім көлемінің өсімі;

-     еңбек өнімділігі көрсеткіштерінің өзгеруіне әсер ететін факторлар;

-     еңбек өнімділігінің өсу резевтері  және оларды пайдалану  мүмкіншіліктері.

 

11.5. Еңбекақы қорының қалыптасуын және пайдалануын талдау

 

Еңбек өнімділігі және оның белсенділігі еңбекақы қорына әсер етеді.

Дамыған елдердің фирмаларында еңбекақы төлеудің көп жұйесі  ноу-хауға теңестіріледі, сол себептен ашық басылымдарда жарияланбайды. Дамыған елдерде  мөлшерленген тапсырмалармен және жұмыскерлердің фирма табысын өсіруге үлес қосқан үшін сыйақының жеткілікті  үлкен үлесімен (50%) ерекшеленетін  мерзімді еңбекақы колдану аясын кеңейту жалпы үрдіс алған.

 

ӨНІМДІ ӨНДІРУГЕ ЖӘНЕ САТУҒА КЕТКЕН ШЫҒЫНДАРДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ

 

12.1. Өнімді өндіруге және сатуға кеткен жұмсалымдарды талдаудың мақсаты, бағыттары және ақпараттық камтамасыз етілуі

 

Әр кәсіпорынның іс әрекеті жұмсалымдармен байланысты. Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес «Кәсіпорын жұмсалымдары» барлық жұмсалымдардың сипаты, жүзеге асыру жағдайы және іс әрекет ету бағыттары бойынша әдеттегі іс әрекеттегі жұмсалымдар мен операциялық, өткізуден тыс және төтенше басқа жұмсалымдарға бөлінеді. Әдеттегі іс әрекеті бойынша жұмсалымдарға өнімді өңдеумен және сатумен байланысты, қызмет көрсетумен, тауарларды сатып алумен және сатумен байланысты жұмсалдымдар жатады.

Әдеттегі іс-әрекеті бойынша пайда болған жұмсалымдар негізінде сатылған тауарлардың, өнімнің, жұмыстың және көрсетілген қызметтің өзіндік құны анықталады.

Өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнын талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

 -  өзіндік құнның қорытынды көрсеткіштері мен оның факторларының өзгеру серпінін талдау;

- экономикалық элементтері мен шығын баптары бойынша өнімнің өзіндік  құнын  деңгейлі, сатылы және трендік талдау;

-өнімнің өзіндік құнын факторлық талдау;

- өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтерін анықтау;

Өнімді өңдеуге және сатуға кеткен шығындарды талдауға қажетті ақпараттар көзі:

- ұйымның шаруашылығына ішкі талдау жүргізгенде алынған синтнтикалық және талдамалық  бухгалтерлік есептің мәліметтері;

- бухгалтерлік есептін мәліметтері сыртқы талдауда да қолданылуы мүмкін.

.

12.2. Өнімнің өзіндік құнын талдау

 

Өнімнің өзіндік құны - бұл шығарылатын өнімнің көлеміне, қолданылатын ресурстарға және оларды тиімді пайдалануына тәуелді болатын ұйымның өндірістік шаруашылығының қортынды көрсеткіші. Ресурстардың жеке түрін тиімді пайдалануы материалқайтарымы, қорқайтарымы, еңбек өнімділігі (өнімділік) және тағы басқа салыстырмалы көрсеткіштермен өлшеленеді. Барлық ресурстардың тиімді пайдалануын өнім бірлігінің өзіндік құны немесе шығарылған өнімнің бір теңгесіне кеткен жұмсалым- дар арқылы бағалауға болады.

Өнімді өндіруге кеткен жұмсалымдарды  есептеу және талдау нысаны ретінде өнімнің толық өзіндік құны, сондай-ақ жеке бұйымдардың, торабы мен бөлшектердің  және жеке технологиялық үдерістер мен операциялардың өзіндік құны пайдалынады.

Сонымен,  1 теңге тауарлық өнімді шығаруға кеткен шығындардың өзгеру деңгейіне  тікелей атқарымдық байланыста болатын келесі төрт факторлар  әсер етеді:

•     өнімді көлемінің құрылымы;

•     өнімнің бірлігін өндіруге кеткен жұмсалымдар деңгейі;

•     қолданылатын материалдық ресурстардың бағасы мен  и тарифі;

•     өнімнің бағасы.

Толық өнімнің өзіндік құнына, атап кеткен факторлардан басқа, шығарылған өнімнің көлемі де әсер етеді. Шығарылған өнімнің көлемі барлық тауарлық өнімнің  толық өзіндік құнына әсер етеді, бірақ шығындар деңгейін зерттегенде бұл көрсеткіш ескерілмейді.

Шығын деңгейімен детерминді өзара байланыста болатын әр фактор өндірісті ұйымдастыру және дайын өнімді сатудың сыртқы және ішкі жағдайын, көптеген шынайы және субъективтік іс-әрекеттерді көрсетеді. Салыстырмалы бағамен қайтадан есептелген жұмсалымдар түрлері бойынша (тікелей материалдық, тікелей еңбектік, үстемелі) шығын деңгейі белгілі ресурстардың тиімді пайдалануын көрсетеді және шығарылған өнімнің немесе нақты бұйымдардың ресурс сыйымдылығын сипаттайды.

Факторлық жүйені құрастыратын өзара байланыстағы көрсеткіштерді зерттеу үшін бірінші кезеңде өнім бірлігінің өзіндік құнына есер ететін  өнім құрылымы, ресурстар бағасы және өнімнің бірлігіне кеткен шығындардың үлес шамасы сияқты факторларды мақсатты түрде қараған маңызды болады. Өнімнің бірлігін шығаруға кеткен жұмсалымдардың үлес шамасы  оның ресурс сыйымдылығын сипаттайды.

Шығындарды салыстырмалы бағамен қайтадан есептеп шығу қажет. Осылый қайта есептеу әдістемесі шығарылған өнім және тауарайналымының табиғи көлемі индексін есептеу әдісіне  ұқсас  келеді. Заттай бірлікте көрсетілетін материалдық шығындар есеп беру мерзіміндегі шығындардың заттай көрсеткішін  жоспарлық (базалық) бағасына көбейту арқылы салыстырмалы бағамен қайта есептелінеді. Құндық түрде ғана есептелінетін жұмсалымдар жеке баптар немесе жұмсалым түрлерінің алдын ала есептелген индекс көмегімен (тауарайналымының табиғи көлемінің индексіне ұқсас) салыстырмалы бағамен қайта есептелінеді. 

Шығарылған өнім көлемі  өнімнің өзіндік құнына әсер етеді ( бірінші деңгейдегі фактор). Абсолюттік  айырмашылық әдісін қолданғанда бұл әсердің есебі келесі формуламен анықталады.

ΔӨҚ(Q) = ΔQ × ӨҚ0орт.

Өнімнің өзіндік құнына екінші деңгейдегі факторлар әсері өнімнің нақты табиғи көлеміне екінші деңгейдегі факторлардың әсері қайта санау арқылы анықталады. Өнімнің бірлігінің өзіндік құнына әсер ететін факторлардың есеп алгоритмі. 12.1 кестеде көрсетілген.

 

12.1-кесте. Тізбелік әдіспен орташаландырылған  өнімнің өзіндік құнының бірлігіне  факторлардың әсерін есептеу алгоритмі

 

Көрсеткіштер

Есеп формуласы

Әсер ететін факторлар

Әсерді есептеу

1. Жоспарлы құрылым- дағы өнімнің бірлігінің жоспарлы өзіндік құны

ӨҚ0орт = ΣDi0 × ӨҚi0

-

-

2. Нақты құрылымдағы өнім бірлігінің жоспарлы өзіндік құны

ӨҚ'0орт = ΣDi1 × ӨҚi0

Өнім ассорти- ментіндегі құрылымдық ілгерілеулер

ΔӨҚ(D) = ӨҚ'0орт-ӨҚ0орт=    = ΣDi1 × ×ӨҚi0 - ΣDi0 × ӨҚi0

3. Жоспарлы баға бойынша өнім бірлігінің  нақты өзіндік құны

ӨҚ'1орт = ΣDi1 × ӨҚ'i1

Жұмсалым дең- гейі ( шығын сыйымдылығы)

ΔӨҚ(Z) = ӨҚ'1орт-

-ӨҚ'0орт  =

 = ΣDi1 × ӨҚ'i1- ΣDi1 × ×ӨҚ'i0

4. Өнім бірлігінің нақты өзіндік құны

ӨҚ'1орт = ΣDi1 × ×ӨҚi1

Шығын сыйым- дылығы, баға өзгерісінің құ-рылымы

ΔӨҚ(Р) = ӨҚ1орт-

-ӨҚ'1орт  = ΣDi1 × ӨҚi1 - ΣDi1 × ӨҚi0

 

 

12.3. Әдеттегі іс-әрекетінің түрлері бойынша ұйымның шығындардың талдауы мен жіктелімі

 

Шығындардың жіктелімі оларды есептеу мен талдауды дұрыс ұйымдаструда маңызды болып келеді. Әдеттегі іс-әрекеті түрлері бойынша ұйымның шығындарының жіктелімі   12.6.кестеде көрсетілген.

Келтірілген жіктелімге сипаттама берейік.

1. Экономикалық элементтері бойынша шығындар. Әдеттегі іс-әрәкетінің түрлері бойынша шығындарды қалыптастырғанда келесі элементтер бойынша олардың топтасуын қамтамасыз ету қажет.:

•     материалдық шығындар;

•     еңбекақы шығындары;

•     әлеуметтік аударымдар;

•     амортизация;

•     басқа да шығындар.

2. Калькуляциялық баптары бойынша шығындар.   Есептеу және талдауда маңызды құрал болып табылатын экономикалық элементтері бойынша шығындарды жіктеу келесіне  анықтауға мүмкіндік бермейді::

•     көп номенклатуралық өндірісте     кез келген бұйымның  өзіндік құнын;

•     пайда болу орнына байланысты шығындардың көлемін (қай цехта, телімде, қандай бұйымдардың және т.б.).

 

12.6 Кесте. Әдеттегі іс-әрәкетінің  түрлері бойынша ұйым шығындарының жіктелімі 

 

Жіктелім нышаны

Жіктелім

1

 Пайдалынатын ресурстар- дың экономикалық біртек- тілігі (экономикалық   эле- менттер бойынша)

Шығындардың экономика- лық элементтері  бойынша

2

Негізгі технологиялық үдерістегі және жалпы функцияны орындайтын шығындар

 Калькуляция баптары бойынша шығындар

3

Бұйымдарға жатқызу әдістері

Тікелей және жанама

4

Жоспарлау мен ұйымдас- тырудың ерекшіліктері

Мөлшерленетін,  мөлшерленбейтін

5

Өнім көлемінің өзгеруіне байланысты

Айнымалы (шартты-айнымалы), тұрақты (шартты-тұрақты)

6

Өндіріс үдерісіндегі экономикалық рөлі

Негізгі, үстемелі

7

Шығындар құрамы (біртекті)

Кешенді, бірэлементті

8

Пайда болу дүркінділігі

Ағымдағы, біржолғы

9

Өндіріс үдерісіне қатысу

Өндірістік (негізгі, көмекші, өндіріске қызмет қөрсету  шығындары), коммерциялық

10

Тиімділік

Өнімділік, өнімділікемес,

11

Пайда болу уақыты

Өткен кезеңдегі, ағымдағы, күтетін шығындар

 

12.7-кесте. Баптар бойынша өнімді өндіруге кеткен шығындар

 

Шығын баптары

Базалық кезең

Есеп кезені

Шығын деңгейінің ауытқуы

со-ма

 

 

шығындеңгейі

 

 

жоспар

нақты

Жоспар-дан        (6 гр.-4 гр.)

 

Базис кезеңдегі көрсеткіш-терден (6 гр.-2гр.)

сома

шығын деңгейі

сома

шығын деңгейі

1

2

3

4

5

6

1

8

9

 

Шығын деңгейі әрбір бап бойынша жұмсалымдарды тауарлық өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.

Құрылымы  және шығын деңгейі бойынша жоспардың серпіні мен орындалуын талдау дер кезінде жоспардан және өзіндік құнның нормативті көрсеткіштерінің  ауытқуын сезінуге, өзіндік құнның теріс беталысын анықтауға, оны жоюға немесе келісуге нақты басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік аламыз. 

Тікелей шығындарды талдау.. Тікелей шығындарды талдау әдістемесін материалдық шығындар  мысалында қарастырып көреміз. Тікелей материалдық шығындардың көлеміне әсер ететін жеке факторлардың ықпалын талдағанда материалдық шығындар келесілерге тәуелді екенін ескереміз:  

•    шығарылған өнім қөлемінің өзгеруіне;    

•    шығарылған өнім кұрылымының өзгеруіне;

•    шығарылған жеке бұйымдардың материалсыйымдылығына (12.10- кесте).       

 

12.10-кесте. Материалдық шығындарға әсер ететін факторларды есептеуге қажетті мәліметтер

                    

Көрсеткіштер, ақша бірлігі.

Жоспар

Нақты көлемдегі және құрылымдағы жоспар бойынша

Нақты

Өсу қарқыны %

Шығарылған өнім көлемі

7500

_

8250

110

Материалдық шығындардың сомасы

2700

3065

3135

 

 

Өз кезегінде материалсыйымдылық шамасына 12.1-суретте факторлардың әсері көрсетілген.

12.1-сурет. Өнімнің материалсыйымдылығын талдаудың факторлық үлгісі

 

ҰЙЫМНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН  ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

 

13.1. Жүйенің дамуындағы инвестицияның рөлі

 

Инвестициялар  - бұл кәсіпкерлікке және басқа да қызмет нысандарына пайда алу мақсатымен және басқа да пайдалы нәтижеге жету үшін салынатын  қаражат (ақша қаражаттдары, құнды қағаздар, ақшалай бағаланатын басқа да мүліктік құқық). 

Экономикалық  жүйеде  ұлттых табыстың (өнімнің) бір бөлігі тозған негізгі қаражатдарды қалпына кельтіру үшін жинау қажет,  бұл жай ұдайы өндіріс деп аталады. Экономикалық өсу үшін (ұлғаймалы ұдайы өндіріс)  негізгі және айналамалы капитал көлемінің өсуі аса қажет.

Келесі белгілерді қолданамыз:            

К    - капиталдың  жалпы көлемі;

В – жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ);

 к -капиталсыйымдылық коэффициенті  (к = К/В);

s - жинақталған қор мөлшері (ЖҰӨ тіркелген  бөлігі);

S - жинақталған қордың жалпы сомасы (S =  s × B);

I - инвестициялар (I = ΔК -  жинақталған қордың себебінен капитал

 көлеміндегі өзгерістер).

Капиталдың жалпы көлемі  (К)  ЖҰӨ-мен тікелей тығыз байланысты болғансоң оны төмендегідей көрсетуге болады:

K/B = к, ΔК /ΔВ = к.

Одан                                           ΔК = к × ΔВ .

Егер инвестициялау жинақталған қор бойынша жүргізілетін болса, онда

S = I

яғни инвестициялар жинақталғал қорға тең деген Кейнстің атақты теңдеуін  табамыз.

 S =  s × B,  I = ΔК = к ×ΔB  теңдеулерлердің s × B = к ×ΔBтең екенін ескере отырып,   В×к-ға  бөлу арқылы төменгіні табамыз:

ΔB / В = s / к = 1/к × s.    (13.1)

ЖҰӨ өсу қарқыны жинақталған қор мөлшерімен және капиталсыйымдылық  коэффициентімен анықталатынын  (13.1) теңдеуден көруге болады. Осы ЖҰӨ бойынша жинақталған қор (демек инвестицияның да) көлемі неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым ЖҰӨ тез өседі, және сол уақытта ЖҰӨ-нің өсуі капиталсыйымдылығына кері үйлесімді болады     ( Харрода-Домараның ықшамдалған үлгі).

 

13.2.  Инвестициялық жобаның түсінігі және  оның тиімділігін бағалауда шешетін мәселелер

 

Инвестициялық жоба -  күрделі қаржылардың, оның ішінде қажетті жобалық-сметалық құжаттардың, экономикалық мақсатқа сайлығын,  көлемі мен жүзеге асыратын уақытын дәлелдеу  және сонымен қатар инвестицияларды (бизнес-жоспарды) іске асыру үшін іс жүзіәнде қандай іс әрекетті жасау керек екенін мазмұндау.

Арнайы әдебиеттерде инвестициялық жобалар деңгейі бойынша төмендегідей жіктеледі:

•     міндеттілік;

•     шұғылдылық;

•     байланыстылық.

Міндеттілік деңгейі бойынша  инвестициялық жобалар келесіге бөлінеді:

1)  міндетті – орындалуы үшін ереже мен мөлшерді талап етеді. Мысалы, қоршаған ортаны сақтау бойынша инвестициялық жобалар;

2)  міндетті емес – кез-келген міндетті емес даму жобалары. Мысалы, істен шыққан құрал-жабдықтарды ауыстыру.

Шұғылдылық  деңгейі бойынша  инвестициялық жобалар келесіше бөлінеді:

1)  шұғыл – жалпы болашақта мүмкін болмайтын  немесе кейінге қалдырса  өзінің тартымдылығын жоғалтатындар, мысалы әр түрлі сатып алулар;

2)  кейінге қалдыру  - инвестицияның көп түрін кейінге қалдыру болатындар, сонымен бірге тартымдылыгы сәл өзгерсе де бірақ шамалы өзгеретін инвестициялар. Мысалы, тоқтатылған ұңғымалардың қайтадан іске қосылуы.

Байланыстылық деңгейі бойынша инвестициялық жобалар бөлінеді:

1)  баламалы – кейде бір жобаны қабылдау  келесі жобаны қарауды істен шығарып тастайды. Бұл жобаларды фирма ресурстары үшін бәсекелес деп атауға болады. Бұл жобалар бір мезгілде бағаланады , бірақ та іске асуы  бір уақытта болмайды.  Мысалы , ұйымның осы уақыттағы бар ресурстарын толық сарқылу жобалары: спутник байланысын жасау, жаңа цехты құру және т.б.

 2)  тәуелсіз – қабылдамау немесе біреуін қабылдау басқа жобаны қабылдау шешіміне әсер етпейді. Бұл жобалар жеке бағаланады және бір уақытта іске асырылуы мүмкін. Мысалы, ұйым құрамындағы екі өзара байланысты емес бөлімшелерді қайта құру;

3)  өзара байланысты, кейде бір жобаны қабылдау үшін басқасын қабылдауға байланысты болады. Бұл жобарлар бір жоба деп саналып, бір бірімен бір уақытта бағаланады, қорытындысында бір шешім қабылданады. Мысалы ағаш өңдеу цехын құру және кәсіпорындарда жихаздарды шығару.

Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауда келесі негізгі мәселелерді шешу қажет:

1) жобаның іске асуын бағалау, яғни жобаның барлық нақты қойылған техникалық, экологиялық, қаржылық және т.б. шектеулерге сәйкестігін тексеру;

2)  жобаның іске асыру  мақсатқа ықтималды сәйкестігін бағалау, оның абсолюттік тиімділігін, яғни жағдайын тексеру,  қажетті шығындардың барлық түрлеріне қарағанда жоба бойынша жалпы нәтижелердің құндылығы төмен болмауы керек; 

3) жобаның салыстырмалы тиімділігін бағалау, яғни баламамен салыстырғанда қаралып отырған жобаның артықшылығын бағалау.

Жобаға ақшалай қаражатдарды инвестициялау шешімін қабылдағанда келесіні ескеру қажет:

•     инфляцияны;

•     тәуекелдікті, беймәлімділікті;

•     ақша қаражаттарын  баламалы пайдалану мүмкіншіліктерін.                                                                                                              

Иинвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау кезеңдері:

I кезең. Инвестициялық жобаның тиімділілігі банк несиесінің орташа пайызымен салыстырылады. Бұл салыстырудың мақсаты – капитал салымдарының аса пайдалы бағыттарының баламасын іздеу

II кезең.  Инвестициялық жобаның тиімділілігі  елдегі инфляцияның орташа қарқынымен салыстырылады. Бұл салыстырудың мақсаты – инфляциядан пайда болатын ақша қаражаттарының шығасын барынша азайту.

III кезең. Қажетті инвестиция көлемі бойынша жобалар салыстырылады. Салыстыру мақсаты -  несиеге деген қажеттілікті барынша азайту, жобаның аз капиталсыйымды- лықты  нұсқасын таңдау. 

IV кезең. Жобалар таңдап алынған тиімділік көрсеткіші бойынша бағаланады. Бұл бағалаудың мақсаты – тиімділіктің көрсеткішіне сай  нұсқаны таңдау.

V кезең. Жобаны іске асырудан түсетін жыл сайынғы (тоқсан сайын) ақша ағымдарының тұрақтылығын бағалау.

                                                      

13.3. Инвестициялық талдаудың  үлгілік есептері                

 

Әдетте инвестицияның екі түрін: нақты және қаржы инвестициялары қарастырылады. Нақты инвестициялар – қандай болса да ұйымның материалдық активтер тұрпатына:  жерге; құрал-жабдықтарға инвестициялар жұмсау. Қаржы инвестициялары - бұл үкімет пен жеке ұйымдардың шығарған акцияларына, облигацияларына және  тағы басқа құнды қағаздарына және де банк депозиттеріне жұмсалатын салымдар. Инвестицияның екі түрі бір-бірімен тығыз байланысты. Нақты инвестициялар  негізгі қорларды жаңартумен және ұлғайтумен  тікелей байланысты.

 

13.4. Инвестициялық талдаудың әдістемесі

 

Инвестициялық жобалардың талдау әдістемесі міндетті көрсеткіштерді немесе жобаның өзін және талдаудың сапасын сипаттайтын жағдайларды анықтауға негізделген.  Инвестициялық талдаудың міндетті жағдайларын атап көрейік:

1.   Инвестицияның немесе салымдардың шамасын бағалау. 

2.   Инвестициядан түсетін табысты бағалау.

3.  Уақыт факторын және тәуекелділікті есепке алу үшін дисконт мөлшерлемесін анықтау.

4.  Талдау әдісін таңдау.

Инвестицияның табыстылығын бағалау үшін келесілерді анықтау қажет:

1)    табыс қашан алынады;

2)    таза табыс (пайда) қандай болады;

3)    меншік қанша уақыт пайда әкеледі;

4)   иемдену соңында меншікті сатқанда  қандай таза түсім болуы мүмкін;

5)    пайда алудың мүмкіндігі қандай.

 

ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕНІ  ТАЛДАУ

 

14.1. Қаржылық нәтижені  талдаудың мәні мен мақсаты

 

Абсолюттік көрсеткіш ретінде пайданы және салыстырмалы көрсеткіш ретінде табыстылықты байқататын нәтижелі  қаржылық көрсеткіштердің негізінде ұйымның қаржылық  жағдайына жалпылама баға беріледі.

Пайданың қалыптасуын, бөлінуін және пайдалануын талдау келесі кезеңдерден тұрады:

1)   серпінде көрсетілген кұрамы бойынша бухгалтерлік пайда (залал) талданылады;

2) өнімді сатудан түскен пайдаға  (залалға) факторлық талдау жүргізіледі;

3) төленетін және алынатын пайыздары, басқа да операциялық табыстар мен жұмсалымдар, кезең табыстары мен шығындары сияқты пайданы құраушылардың ауытқу себептеріне талдау жасалады;

4)  таза пайданың (залалдың) қалыптасуына және салықтық  жеңілдіктердің және корпоративтік салықтардың  әсері, бюджетпен есептесудегі  айыппұлды ықпалшаралардың сомасына талдау жүргізіледі;

5)  өндірісті қайта қаржыландыру  мен тұтынуға  пайданың бөлінуіне талдау жасалады;

7)  қаржылық жоспарды құруға ұсыныстар жасалынады;

 

14.2. Серпіндегі қаржылық нәтижелердің құрамын талдау

 

Серпіндегі  табыс құрамы бойынша салық салуға дейінгі қаржылық нәтижелердің қалыптасуын талдау  ұйымда активті басқару мақсаты үшін, сондай-ақ сыртқы ақпарат пайдаланушылар үшін, яғни бизнес бойынша серіктестер немесе акционерлер үшін жүргізілуі мүмкін. Осындай талдаудың ақпараттық көзі  «Пайда және залал туралы есеп» болып табылады. Қаржылық нәтижелердің құрамдас элементтерінің серпіні бойынша зерттеу келесіні бағалауға мүмкіндік береді:

• ұйымның бәсекелестік жайғасымын (мысалы, сатудан түскен пайданың өсуі ұйымның және оның өнімдерінің бәсекелестігінің өсуін көрсетеді.);                

• ұйымның активтерін басқару стратегиясын (мысалы, бір мезгілде операциялық табыстардың өсуімен қатар өнімді өткізуден түсетін пайданың азаюы мүлікті жалға беру немесе активтерді сатумен байланысты операциялардың өсуімен бірге іс әрекеттің негізгі түрінің қысқаруын білдіреді);

•     ұйымдағы шаруашылық-құқықтық қызметтің «сапасын»   (мысалы , сатудан тыс табыстардың өсуі кінәрат-талабы бойынша жұмыстар сапасының өсуін  немесе бұрын үмітсіз деп есептелінген дебиторлық қарыздарды өндіріп алуын көрсетеді).

 

14.3. Сатудан түскен пайданы факторлық талдау

 

Ұйымда аса зор көңіл бөлінетін нысан болып  өнімді (жұмыс, қызмет) сатудан түскен пайда саналады.

Өнімді сатудан түскен пайдаға факторлық талдау жүргізу  төмендегілерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:

•  өндіріс тиімділігінің өсу  резевтерін бағалау ;

• өндірістік факторларын қолдану бойынша басқару шешімдерін анықтау.

Жалпы ұйым бойынша өнімді сатудан түскен пайда  төрт фактордан тәуелді болады: табиғи өлшем бірлігіндегі өнімнің сатылу көлемі (Q), өнім құрылымы (D), өнімнің өзіндік құны (ӨҚ) және баға деңгейі (Б).

Аталған факторлардан пайданың тәуелді моделі  келесдей түрде көрсетілген:

П = Qобщ × ΣDi i – ӨҚi)             (14.2)

мұндағы  n - өнім номенклатурасындағы бұйымдар атауының саны.

Талдауды оңайлату үшін  пайдаға әсер ететін факторларды оқып үйренуде келесідей кезектікті қолдануға болады.

1)  пайдаға өнімнің жалпы сатылу көлемі  мен өнімнің бірлігінен түсетін пайданың әсері бағаланады;

2)   құрылымдық ілгерілеудің және өнімнің әрбір өнім бойынша үлестік пайданың өнімнің бірлігінің орташаланған пайда көлеміне әсері есептеледі;

3)  әр атауы бойынша өнімнің бірлігінің пайдасына сату бағасы және өнімнің өзіндік құнының әсері қаралады.

 

14.4. Табыстылық  көпфакторлы талдау                       

 

Табыстылық ұйымның жұмыс істеу тиімділігін сиппаттайтын қортындылайтын көрсеткіш болып саналатындықтан, ұйымның іс әрекетінің сандық және сапалық жақтарын бағалайтын факторлардың осы көрсеткішіне ықпалын анықтау міндеті қойылады. Мұндай талдауды жүргізуге мүмкіндік беретін бірқатар үлгілерді талдамалық жұмыстың тәжірибесі жасап шығарды. Мұнда есептер бухгалтерлік немесе таза пайда бойынша жұргізіледі

1.    Үш факторлық үлгілерді қарастырайық:

1.1. Ұйымның өндіріс капиталын тиімді пайдаланылуын сипаттайтын үлгі. ( негізгі және мөлшерленетін айналым капиталдары):

ТA = П/(НК + АКайн) = (П/Np)/(НК/Np + АКайн/Np) =  Тсату /(НКсыйым + Корнық),

мұндағы Тсату өнімді сату табыстылығы;

                НКсыйым   - қорсыйымдылығы;

                АКорнық айналым капиталының орнықтыру коэффициенті

1.2.  Ұйымның мүлкін (активтерін) тиімді пайдалануын сипаттайтын үлгі:

 

14.6. Залалсыздықты және қаржылық беріктілік қорын талдау

 

Өнімнің көлемін және сатылуын талдау  басқарушылық талдаудың белгілі бір бөлігі болып саналады. Ол өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған басқарушылық шешімдерін негіздеу мақсатында жүргізіледі. Өндірістік қуат шамасында, яғни «ең аз – ең көп» өндіріс көлемі шегінде, нақты өнім өндіру мен оның сатылуын бағалау өнімнің шығарылуын басқаруда үлкен маңызға ие. Ең аз, залалсыз көлеммен салыстыру  ұйымның «қаупсіздігі» аймағын немесе  деңгейін бағалауға мүмкіндік береді  және «қауіпсіздіктің» теріс  мәнінде өнімнің жекелеген түрлерін өндірістен шығарып тастауға, өндіріс жағдайын өзгертуге және жұмсалымдарды төмендетуге немесе өнім өндіруді тоқтатуға мүмкіндік береді.

Ұйымның өндірістік әлеуетімен анықталатын барынша көп өндірілетін өнім көлемімен нақты шығарылған өнім көлемін салыстыру, егер сұраныс  немесе нарықтағы ұйымның үлесі өссе, өндіріс көлемін арттырған кездегі пайданы өсіру мүмкіндігін бағалайды. 

Өткенді шолу мен болашақты талдау өнімді шығару және сату жоспарын негіздеуге мүмкіншілік беретін экономикалық басқаруда жоғары маңызға ие. Өнімді шығарудың болашағын талдауы нарық  жағдаятын және кәсіпорынның өндірістік ресурстарға қажеттілігін талдаумен қатар жүргізіледі

Залалсыздықты талдау келесілерді топшылайды:

•     бірнеше кезеңдегі залалсыздық көлемін салыстыру (немесе жоспармен салыстыру);

•     кәсіпорынның «қаупсіздік» деңгейін серпінде бағалау;

•     өндіріс көлемінің заласыздығына әсер ететін факторларға сандық бағалау жүргізу;

•     жоспарлы (күтілетін) пайданың берілген сомасына сәйкес өндірістің жоспарлы көлемін есептеу.

Залалсыздық (сындарлы) өндіріс көлемі өнімді сатудан түскен табыстың теңдігіне және залалсыздықтың анықтамасынан шығатын тұрақты және айнымалы шығындардың сомасына негізделген теңдеуден  есептеледі.

Q × Б = ӨҚтұр + ӨҚайн × Q                        (14.8)

мұндағы Б - өнім бірлігінің бағасы;

                Q өндірілген (сатылған) өнім бірлігінің саны;

                ӨҚтұр  - өнім бірлігіне сәйкес келетің жұмсалымдардағы тұрақты

                шығындар;

                ӨҚайн   - өнім бірлігіне сәйкес келетін жұмсалымдардағы

                айнымалы шығындар.

 

ҰЙЫМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

 

15.1. Ұйымның қаржылық жағдайын талдаудың міндеті, негізгі бағыты және ақпараттық қамсыздандыру

 

Қаржылық жағдай - бұл ұйымның өз қызметін қаржыландыру қабілеті деп түсінеміз.  Ол қалыпты жұмыс атқару үшін қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етуін, басқа да заңды және жеке тұлғалармен қаржылық қатынасты, қаржылық ресурстарды дұрыс орналастыруды және тиімді пайдалануды, төлеу қабілеттілігі мен несие алу қабілеттілігін, қаржылық тұрақтылығын сипаттайды.  

Нарықтық жағдайда даму үшін және банкротқа ұшырамау үшін қаржыны қалай басқару керектігін, құрамы мен қалыптасу көзі бойынша капиталдың қандай құрылымы болуын, қандай үлесте меншікті капитал, оның қандай үлесін несиелік капитал түрінде алу керек екенін білу керек.  Нарықтық экономиканың негізгі болып саналатын: төлемқа- білеттілікті, қаржылық тұрақтылықты, іскерлік белсенділікті, табыстылықты және т.б. ұғымдарды білу қажет.

Қаржылық жағдайды талдаудың басты мақсаты  - дер кезінде қаржылық іс әрекет- тегі қателіктерді анықтап, оны жою, ұйымның қаржылық жағдайын жақсарту резервтерін табу.

Осымен қатар келесі міндеттерді шешу қажет:

1.  Өндірістік, коммерциялық және қаржылық іс әрекеттердің өзара байланысын зертеу негізінде қаржылық жағдайды жақсарту тұрғысынан қаржылық ресурстардың келіп түсуі бойынша жоспардың орындалуын және оларды пайдалануынын бағалау қажет.

2.  Ұйымның қаржылық жағдайына әртүрлі факторлардың әсерін анықтап, қаржылық жағдайдың бағалау және диагностикалық үлгісін құру қажет.

3.  Ресурстарды пайдаланудың әртүрлі нұсқалар негізінде қаржылық жағдайды бағалау және диагностикалық жасалған үлгісі мен қолда бар меншікті және несиелік ресурстарын, шаруашылық іс әрекеттің нақтылы жағдайын ескере отырып, мүмкін болатын қаржылық нәтижені болжау керек.

4.  Қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануға және қаржылық жағдайды нығайтуға бағытталған нақты іс-шараларды жасау.

Ұйымның қаржылық жағдайының тұрақтылығын бағалау үшін өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі қолданылады:

• орналастыру және қалыптасу көздері бойынша капиталдың құрылымы;

• ресурстардың пайдалану тиімділігі мен қарқындылығы;

• төлеу және несиелік қабілеттілігі;

• қаржылық тұрақтылығы.

Қаржылық жағдайды талдау көбінесе коэффициенттік (салыстырмалы көрсеткіштер) әдіске негізделген. Талданып отырған ұйымның қаржылық жағдайының салыстырмалы көрсеткіштерін келесілермен салыстыруға болады:

•     тәуекелдік дәрежесі мен банкрот болатынын болжауды бағалау үшін

 көпшілік қабылдаған «мөлшермен»;

•     өзінің күшті және осал жағын және ықтимал мүмкіншіліктерін

 анықтауға мүмкіндік беретін басқа ұйымдардың осындай мәліметтерімен;

•     қаржылық жағдайдың жақсару және нашарлау үрдісін зерттеу үшін

 осы мәліметтерді бұрынғы жылдармен.

Белгілі болғандай, ұйым тығыз қарымқатынастағы серіктестік топтардан тұратын өте күрделі құрылым. Серіктестік топтардың арасында оларды негізгі және негізгі емес деп бөлуге болады. 

Кәсіпкерлік қызметке қажетті қызығушылығы мен өзі қатысқанның орнын толтыруға байланысты талаптар, негізгі серіктестік топтардың тізбесі, олардың шаруашылық іс әрекетке қосатын үлесі 15.1-кестеде жүйелі түрде келтірілген.  

 

15.1-кесте. Негізгі серіктестік топтар

 

Серіктестік топтар

Серіктестік топтардың үлесі

Өтелім талаптары

Қаржылық талдаудың нысаны

Меншік иесі

Меншікті

капитал

Дивидендтер

Қаржылық нәтижелер, қаржылық тұрақтылық

Инвесторлар,

несие берушілер

Несиелі

капитал

Капитал және жұмсалған капиталға пайыздар

Төлемділігі (несиеқабілеттілігі), қаржылық тұрақтылық төлемқабілеттілігі

Басшылар (әкімшілік)

Істі білу және басқару қабілеттілігі

Еңбекақы және айлықтан тыс пайданың үлесі

Ұйым іс әрекетінің барлық жағын

Жұмысшылар

Құралдар мен еңбек затын іске қосу

Еңбекақы, сый- ақы, әлеуметтік жағдайлар

Төлемқабілеттілігі, қаржылық нәтижелер

Капиталды жекізіп беру- шілер және мердігерлер

Өнім өндіріу үдерісінің тиімділігін және толассыздығын қамтамасыз ету

Келісімді баға

Төлемқабілеттілігі

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер

Өнімді өткізу

Төлемқабілетті-лігі

Дебиторлық, кредиорлық берешектер,  өткізуден түскен табыс

Салық органдары

Қоғамға қызмет көрсету

Дер кезінде және толық салық төлеу

Ұйымның қаржылық нәтижелері

 

Негізгі емес серіктестік топтар – бұл ұйымның табысына оншалықты қызығушылық танытпайтындар (сақтандыру компаниялары, аудиторлық және заң  фирмалары және т.б.) Қаржылық талдау тәжірибесінде әлдеқашан қаржылық есепті талдау әдістемесі жасалынып қойылған. Талдаудың жеті негізгі бағытын бөліп көрсетуге болады.

1. Деңгейлес (уақытша) талдау - есептің әрбір жайғасымы алдыңғы кезең- мен салыстырылады.

2. Сатылас (құрылымдық) талдау - қаржылық көрсеткіштердің құрылы- мын анықтау (олардың барлық сомасындағы әрбір көрсеткіштің меншікті мәні).

3. Трендлық талдау – есептің әрбір жайғасымын алдыңғы кезеңдердің бірнеше қатарымен салыстыру және трендіні анықтау, яғни көрсеткіштердің уақыттық қатар деңгейінің өзгеру беталысы. 

4. Салыстырмалы көрсеткіштерді талдау (қаржылық коэффициенттер) – есептің әртүрлі  формаларындағы сандық қатынастарды есптеу, көрсеткіштердің өзара қарым- қатынасын анықтау.

5.  Салсытырмалы талдау, ол келесілерге бөлінеді:

• шаруашылықішілік  - кәсіпорынның және еншілес кәсіпорынның бөлім дердің  негізгі көрсеткіштерін салыстыру;

• шаруашылық аралық  - орташа салалықтың және бәсекелестердің көрсеткіштерімен салыстыру.

6. Факторлық талдау – қортындылайтын нәтижелерге кейбір факторлардың әсерін талдау.

7. Стохастикалық үлгілердің негізінде талдау. Қаржылық жағдайды талдау үшін ақпараттың негізгі көзі ретінде бухгалтерлік және статистикалық есептердің әртүрлі формалары саналады.

Қаржылық есептерді талдау кезеңінде ұйымның қаржылық жағдайын талдау бухгалтерлік теңгерімді «оқудан» басталады. Сонымен қатар төмендегі маңызды сипаттамалары анықталады:

•     ұйым мүлкінің жалпы құны;

•     жұмылдырылмаған және жұмылдырылған капитал құны;

•     ұйымның меншікті және несиелік қаражаттарының көлемі және т.б.

 

15.2. Ұйым теңгерімдегі активтердің құрамы мен құрылымының өзгеруін талдау

 

Теңгерімнің активі ұйым қарамағында болатын капиталды жайғастыру жайлы мәліметтерден тұрады, яғни нақтылы бұйымға және материалдық құндылыққа жұмсалған, өндіру мен сатумен байланысты жұмсалымдар туралы және бос қолма қол ақшаның қалдығы жайлы мәліметтерден тұрады. Жайғастырылған әрбір капитал түрі теңгерімнің бөлек баптары арқылы белгіленеді. Теңгерім активінің баптарын топтастырудың негізгі нышаны болып өтімділік (қолма қол ақшаға тез айырбастылуы) дәрежесі саналады. Осы нышаны бойынша барлық теңгерім активі ұзақмерзімді, немесе негізгі капитал және ағымдағы (айналым) активтері болып бөлінеді.

Статистикалық мәліметтер келесілерді дәлелдейді:

1)   зияткерлік меншік нысанын, іскерлік беделін байқататын материалдық емес активтер әзірге активтер құрылымында лайықты орнын тапқан жоқ. Біз әзірге бизнесті лайықты бағалай алмай келеміз, ол өз тарапынан қазақстандық ұйымдардың акцияларының тұрақтылығына әсер етіп келеді. Дамыған елдерде метериалды емес активтердің құны негізгі капиталға қарағанда бірнеше рет артық болып келеді.

2)   актив құрылымында жер телімдерінің үлесі оншалықты емес. Жер телімдерін бағалау және оларға меншік құқығын беру – бұл ұйым активін көбейтудің және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басты резерві болып саналады.

3)    айналым капиталының үштен біріне дейін дебиторлық берешек құрайды, бұл ұйымның төлем қабілеттілігінің төмен екенін, экономиканың қарызды сипатта екенін білдіреді.

Есепті деңгейлі және сатылы талдау жүргізудің нәтижесінде әрбір талдама жүргізуші есеп мәліметтерін саланың мәліметтерімен салыстыра отырып, ұйымның жағдайын бағалап қана қоймай, оның даму жолдарын да белгілеуге болады.

 

15.3. Ұйым теңгерімі пассивінің құрамы мен құрылымындағы өзгерістерді талдау

 

Егер теңгерім активінде ұйымның капиталы берілген болса, ал пассивте – оларды қалыптастыру көздері көрсетіледі.

Ұйымның қаржылық жағдайы көбінесе өз қарамағында қандай капитал барына және оны қайда жұмсағанына байланысты болады.

Пайдаланатын капитал тиесілік дәрежесі бойынша меншікті және несиелік деп екіге бөлінеді. 

Меншікті капиталға деген қажеттілік ұйымның өзін өзі қаржыландыру талабы себепші болады. Меншікті капитал – бұл ұйымның тәуелсіздігінің негізі. Бірақта ұйымның қаржылық қызметін тек меншікті капиталы арқылы жүргізу әр уақытта тиімді бола бермейді, әсіресе өндіріс маусымды болса. Сонда белгілі бір кезеңдерде көп қаражаттар банк шоттарында жиналып қалады, ал басқа кезеңдерде олар жетіспейтін болады. Одан басқа, қаржылық ресурстарға төленентін төлем жоғары болмаса, ұйым несие капиталын тарта отырып, несиелік  ресурстарына төлегендеріне қарағанда жұмсалған капиталдың жоғары қайтарымын қамтамасыз ете алатын болса, онда ол меншікті капиталдың табыстылығын жоғарылата алады.

 

15.4. Ұйымның қаржылық жағдайын талдау

 

Ұйымның қаржылық жағдайын талдау үшін коэффициенттік талдауды пайдаланады. Осымен қатар ұйым қызметінің әртүрлі қырын (аспект) сипаттайтын көрсеткіштер жеті топқа бөлінеді (15.5-кесте):

1. Жалпы көрсеткіштер: орташа айлық табыс (К1); табыстағы ақшалай қаражаттың үлесі  (К2); жұмыскерлердің орташатізімдік саны (Кз).

2.Төлемқабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылықтың көрсеткіштері (К4 - Кз).

3. Айналым капиталын пайдалану және іскерлік белсенділіктің тиімділігі көрсеткіштері (К14 – К16).

4.    Табыстылық көрсеткіштері (К17 – К18).

5.    Өндірісті үдерісін қарқындандыру көрсеткіштері (К19 , К20).

6.   Инвестициялық белсенділіктің көрсеткіші (К21).

7.   Әртүрлі деңгейдегі бюджет және мемлекеттік бюджеттен тыс қор алдындағы берешектің орындалу көрсеткіштері (К22 – К26).

 

15.5. Ұйымның қаржылық тұрақтылығын бағалау

 

«Қаржылық тұрақтылық» түсінігі мағынасы бойынша «төлем қабілеттілігі», «несие қабілеттілігі» түсініктеріне қарағанда кең түсінік болып саналады, себебі ол өзіне ұйым қызметінің көптеген тараптарын қамтыйды.           

Қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін коэффициенттер жүйесі қолданылады. Келесі коэффициенттер пайдаланылады:                                         

1) меншікті және несиелік капиталдың шоғырлану коэффициенті (автономия) Кав.                                                    

Несиелік капиталдың шоғырлану коэффициенті Кнк:

Кнк = НК / А

мұнда НК - несиелік капитал.

           А – теңгерім активі.

Бұл екі коэффициенттің қосындысы: Кмк  + Кнк = 1;

2)  ненсиелік және меншікті капитал ара қатынасының коэффициенті  (капиталдандыру ко­эффициенті) – Кара :

Кара = НК / МК,

Коэффициент ұйымның активіне жұмсалған меншікті капиталдың әрбір теңгесіне келетін несиелік капиталдың шамасын көрсетеді.

3)  меншікті капиталдың оңтайлы пайдалану коэффициенті Коң:

Коң = МАК / МК,

мұнда МАК – меншікті айналым капиталы.

Коэффициент Коң меншікті капиталдың қандай бөлігі ағымдығы қызметті қаржыландыру үшін пайдаланғанын көрсетеді, яғни айналым капиталына қаншасы келетінін, ал оның қаншасы капиталдандырылғанын көрсетеді. Ұйымның қызмет түріне және оның активінің, оның ішінде айналым капиталының,  құрылымына байланысты бұл көрсеткіштің мәні едәуір өзгеріп отыруы мүмкін. 

МАК = МК + ҰМП - АТА.

Ұзақ мерзімді пассив негізгі капитал мен күрделі салымға жұмсалады деп болжағаннан кейін оны меншікті капиталға теңестіреді.

4)  ұзақ мерзімді салымдардың құрылым коэффициенті Ксқ:

Ксқ = ҰМП / АТА

мұнда ҰМП – ұзақ метзімді пассивтер;

            АТА – айналымнан тыс активтер.

Бұл коэффициент негізгі капитал мен басқа айналымнан тыс активтердің қандай бөлігі  ұзақ мерзімді несие көзінен қаржыландырылғанын көрсетеді.

5)  тұрақты қаржыландыру коэффициенті Ктқ:

Ктқ = (МК + ҰМП) / (АТА + АА),

мұнда МК + ҰМП - тұрақты капитал;

           АТА + АА – айналымнан тыс және ағымдағы капитал сомасы

           немесе теңгерім  валютасы (ТВ).

Меншікті және ұзақ мерзімді несиелік капиталдардың айналымнан тыс капитал мен айналым капиталының құнына қатынасы барлық активтің қандай бөлігі тұрақты капитал арқылы қаржыландыратынын білдіреді. Сонымен қатар, тұрақты қаржыландыру коэффи- циенті (Ктқ) ұйымның қысқа мерзімді несие көзімен қаражаттың орнын толтырудан тәуелсіздік (тәуелділік) дәрежесін байқатады. 

6)  мүліктің нақты құнының коэффициенті Кн:

Кн = Рм / ТВ,

мұнда Ри – негізгі капиталдың, шикізаттың және аяқталмаған өндірістің  қосынды құны.

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.Анчишкин А.И. Наука – техника – экономика. –М.: Экономика, 1986,

2.   Арнольд В. И. Теория катастроф. - 3-е изд., доп. - М.: Наука, 1990.

3.   Барнгольц С. Б., Мельник М. В. Методология экономического анализа деятельности хозяйствующего субъекта: Учебное посо­бие. - М.: Финансы и статистика, 2003.

4. Генкин Б.М. Организация, нормирование и оплата труда на промышленных предприятиях - М.: НОРМА, 2003.

5. Глазьев С.Ю. Теория долгосрочного технико-экономического развития.- М.: Владар, 1993.

6.    Ендовицкий Д. А. Комплексный анализ и контроль инвестици­онной деятельности: методология и практика / Под ред. проф. Л.Т. Гиляровской. - М.: Финансы и статистика, 2001.

7.Иноземцов В.Л. За пределами экономического общества. Постиндустриальные теории и постиндустриальные тенденции в современном мире. – М.: «Academia» -«Наука», 1998.

8.  Кобелев Н. Б. Практика применения экономико-математических методов и моделей: Учебн.-практ. пособие. - М: Финстатин-форм, 2000.

9.  Крут 3. А., Лущикова Л. В. Антикризисное управление финан­сами   коммерческих  организаций:   Учеб.   пособие  /Под   ред. проф. 3. А. Круш. - Воронеж: ВГАУ, 2001.

10. Любушин Н. П., Лещева В. Б., Дьякова В. Г. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия: Учеб. пособие для ВУЗов / Под ред. проф. Н. П. Любушина. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.

11. Любушин Н. П., Лещева В. Б., Сучков Е. А. Теория экономиче­ского анализа: Учебно-методический комплекс / Под ред. проф. Н. П. Любушина. - М.: Юристь, 2002.

12. Львов Д.С. Экономический манифест - будущее россиской экономики.- М.: Экономика, 2000.

13. Методические рекомендации по оценке эффективности инве­стиционных  проектов  (вторая  редакция)   /   Рук.   авт.   колл. В. В. Коссов, В. Н. Лившиц, А. Г. Шахназаров. - М.: Эконо­мика, 2000.

14. Ниязбекова Р.К., Рахметов Б.А., Байнеева П.Т. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы / Алматы: Экономика, 2008.

15. Новая постиндустриальная волна на Западе. Антология /под ред. В.Л.Иноземцова. –М.: Academia, 1990.

16.  Новое в синергетике: Взгляд в третье тысячелетие. — М.: Наука, 2002.

17. Рахметов Б.А., Байнеева П.Т., Қалманова Н.М. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы – Шымкент: ОҚМУ, 2009.

18. Рахметов Б.А., Кембаева Р.С., Қалманова Н.М. Түсті металлургия экономикасы: Оқу құралы – Шымкент: ОҚМУ, 2009.

19.  Соколов Я. В. Основы теории бухгалтерского учета. - М.: Фи­нансы и статистика, 2000.

20. Управление социально-экономическим развитием России: концепции, цели, механизмы / Рук. Авт.кол. Д.С.Львов, А.Г.Поршнев. - М.: Экономика, 2002.

21. Шеремет А. Д. Теория экономического анализа: Учебник. — М/ ИНФРА-М, 2002.

22.Экономика и жизнь. 2002 г. №43, октябрь.

23.Экономика и жизнь. 2003 г. №5, февраль.

24. Экономика и жизнь. 2003 г. №40, октябрь.

25.Экономика и жизнь. 2004 г. №2, январь.

26.Экономика и жизнь. 2004 г. №6, февраль.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-15 13:15:37     Қаралды-26023

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »