Тақырып. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫ
МАЗМҰНЫ
Кіріспе...................................................................................
І. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының әдістері және оның негізгі кезеңдері...............................
ІІ. Қазақстан территориясында алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің пайда болуы және дамуы...................................................
ІІІ. Қазақстан территориясындағы ежелгі мемлекеттер мен құқықтық жүйелер............................
ІV. VІ-ХІІ ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы ерте феодалдық монархиялар....
V. Шыңғыс хан империясы және Қазақстан территориясындағы ордалық мемлекеттер..................
VІ. Қазақ хандығының құрылуы және дамуы......................
VІІ. Қазақстан Ресей империясының құрамында..................
VІІІ. Кеңестік Қазақстандағы мемлекет және құқық..............
ХІ. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық дамуы...
Қорытынды..........................................................................................
Кіріспе
Қазақстан Республикасының тәуелсіз ел ретінде дамуы жоғары заң білімін беру жүйесінде оқытылатын пәндер мен оларды оқытуыдң әдіс тәсілдерін мемлекетіміздің алдында қойған талап тілектерінің аясында және соған сәйкес болуды талап етіп отыр. Бұл Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тікелей қатысты. Себебі, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы болашақ еліміздің ХХІ-ші ғасыр заңгерлерінің дайындауында және олардың бойында отанға деген сүйіспеншілік орнықтырушы басты пәндердің қатарына жатады.
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихына арналған оқулықтардың алғашқылары кеңес заманында өмірге келген болатын. Сондықтан да бұл оқулықтарда кеңестік құқықтану ғылымында қалыптасқан әдіс-тәсілдердің үстемдік құрып, оны кеңестік жүйеде қалыптасқан идеология аясында қарастырудың басымдық танытуы заңдылық еді.
Ал еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекетіміздің стратегиялық даму бағытына сәйкес келетін бұл бағыттағы оқулықтың қажеттілігі туды. Әрине, еліміз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының әр түрлі мәселелерін тілге тиек еткен еңбектерде, оқулықтарда жарияланып жатты. Өздеріңізге ұсынылып отырған Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихына арналған дәрістер курсы осы бағыттағы қадамдардың заңды жалғасы болып табылады.
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы бойынша оқулықтар жазу ісіне еліміздің көптеген ғалым заңгерлері ат салысқан болатын. Солардың ішінде академиктер С.З.Зимановты, С.С. Сартаевты, Ғ.С.Сапарғалиевті, з.ғ.к. А.Н.Таукеловті, т.ғ.к. Ғ.Маймақовты, ф.ғ.к. Е.М.Абайдильдиновті т.б. ерекше атап өтуге болады.
Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы бойынша дәрістер курсы Қазақстан аумағында қалыптасқан басты-басты мемлекеттік құрылымдар мен құқықтық жүйелер, Қазақ хандығының саяси-құқықтық құрылымы, Ресей империясы құрамындағы Қазақстанның саяси-құқықтық дамуы, Кеңестік Қазақстанда мемлекет пен құқықтық жүйенің орнығып, дамуы және Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық дамуы туралы негізгі мәліметтерден хабардар етеді.
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихын оқытудың негізгі мақсаты шәкірттерді еліміздің өткен тарихындағы мемлекеттік құқықтық ерекше оқиғалар және құбылыстар желісімен таныстыру және олардың бойында отан сүйгіштікке негізделген таным жүйесін орнықтыру болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін ұсынылып отырған дәрістер курсында мынадай міндеттер қойылған:
- Шәкірттерді Қазақстан аумағында қалыптасқан ірі-ірі мемлекеттер мен олардың құқықтық құрылымдарымен таныстыру;
- Қазақстан аумағындағы мемлекеттік құқықтық құрылымдардың дамуының ішкі заңдылықтарын ашуға баулу;
- Қазақстанның өткен тарихындағы отарлық, тоталитарлық жүйелердің тигізген кереғаолық әсерлерін таныту;
- Тәуелсіз елміздің болашақтағы мемлекеттік құқықтық дамуының бағыттарын айқындауға машықтандыру.
Әрине бұл міндеттерді шешу бір оқу құралының аясында мүмкін еместігін түсінеміз, сонда да болса шәкірттердің бойында Қазақстанның өткен жолындағы мемлекеттік құққытық құбылыстарды тануға деген қызығушылықты тудырады деп ойлаймыз.
Біз бұл оқу құралында Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының негізгі мәселелерін ғана қамти алдық, былайша айтқанда үлкен тоңның бетін сылуға ғана ұмтылдық. Қазіргі күнге дейін Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихына арналған мемлекеттік тілдегі бір ғана еңбектің барлығын ескерсек, біздің оқу құралымызда болашақ шәкірт тәрбиелеу ісінде өзіндік орнын алады деп сенеміз.
І. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының әдiстерi және оның негізгі кезеңдері
Қазақстан Респібликасының мемлекет және құқық тарихы құқықтық жүйесінде ерекше орны бар, еліміздің өткен күндеріндегі мемлекеттік – құқықтық дамуын және оның қалыптасуының ортақ заңдылықтарын ашып беруге қабілетті ғылым бағыты болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының алдына қойған мақсаттарына сәйкес өзіндік таным жүйесі бар. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы Қазақстан территориясындағы мемлекеттер мен құқықтық жүйелерді ерекше кезеңдерге бөліп, топтасытра қарастырады.
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы — тарихи және құқықтық ғылым. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы Қазақстан территориясындағы мемлекет пен құқықтық жүйенiң пайда болуын, дамуын әрбiр тарихи кезеңге сәйкес қоғамдағы мемлекет пен құқықтың орны мен ролiн тарих ғылымының жалпы заңдылықтарын басшылыққа ала отырып, хронологиялық реттiлiкпен құқықтық жүйеге сай зерттейдi Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық тарихы мемлекет және құқық теориясы, мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы, тарих, саясаттану, әлеуметтану, Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы тағы басқа салалық заң ғылымдарымен тығыз байланысты. Жалпы, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының салалық заң ғылымдарынан ерекшелiгi — ол мемлекеттiк құқықтық құбылыстарды бiртұтас және бiр-бiрiмен тығыз байланысты әрi бiр-бiрiне тәуелдi пән ретiнде қарастырады. Бұл пән сонымен бiрге Қазақстан халқының пайда болуының ежелгi дәуiрiнен бастап қазiргi кезеңiне дейiн, сондай-ақ мемлекеттiк және құқықтық феномендердi уақыттық жағынан қарап қана қоймай, кеңiстiк жағынан да зерттейдi. Оның уақытылығы — мемлекеттiң пайда болуы мен бүгiнгi мемлекеттiк және құқықтық жүйесiнiң жай-күйi болса, кеңiстiгi Қазақстан Республикасының сол тарихи уақыттағы қазiргi мекендеген территориясы.
Жалпы айтқанда, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пән ретiнде елiмiздiң территориясын қоныстанған халықтар мәдениетiн, заңды тұрмыс-салтын және оның құқықтық құндылықтарын зерттейдi. Әдетте мемлекет тайпа қоныстанған территорияның бiрлестiгi мен тұтастығы негiзiнде пайда болады. Құқық — солардың әдет-ғұрпынан құралады. Мiне, осынау жайлар мемлекеттiк құқықтық даму процесiн зерттеуге негiз және бастау болады. Содан кейiн мемлекеттiк және құқықтық құрылымдағы заңды феномендерге дейiнгi құндылықтар мен iс жүзiнде қолданылатын (қолданбалы) заңды археология және тарихи құқықтану пәндерi айналысады. Тарихтан белгiлi — құқық өзiнiң жаратылысына қарай мемлекетке қарағанда әлдеқайда көне. Оның алғашқы қауымдық құрылыстың кезiнде-ақ өзiндiк институты болды. Ең қарапайым қоғам өзiнiң iшкi және сыртқы саясатын кәдiмгi қалыпты тұрмыс-тiршiлiк арқылы қалыптастырып отырғандығы да соны айғақтайды. Кез келген адамдар бiрлестiгi ең алдымен олардың шаруашылық жағын реттеу арқылы жүргiзiлiп, өзiн қоршаған ортамен табиғаттың қатал жағдайларымен күрестерi арқылы қалыптасады.Сондықтан да құқықтың пайда болуы мемлекетке қарағанда ерте саналып, алғаш дамуының да сыры сонда. Тұтастай алғанда Қазан төңкерiсiне дейiнгi Қазақстанның саяси-құқықтық тарихы бүгiнгi күнге дейiн аз зерттелген пән болып қала бередi. Тарихи әдiлдiктi қалпына келтiру үшiн бiр кездегi патшалық Ресейдiң отарлау саясаты мен оның қазақ халқына деген көзқарасы, әрi оның хандық жүйеде дамыған мемлекеттiлiгiне жасаған қиянаты бүгiнгi қазақ халқының саяси тәуелсiздiгiне сәйкес зерттелiп-зерделенуi керек. Кеңес мемлекетiнiң тоталитарлық жүйедегi жүргiзген саяси идеологиясы қазақ тарихшыларына Қазақстан тарихын терең зерттеуге мүмкiндiк бермей, ғалымдарға тосқауылдар қойды. Қазақстан Республикасының саяси егемендiк алуы ғана қазақ халқының өткенi мен оның мемлекет және құқық тарихын шынайы да шыншыл пән ретiнде оқытуға жол ашты.
Құқық алдымен материалдық объектiлерден басталады. Мысалы, алғашқы қауымдық құрылыстың өзiнде-ақ адамдардың құқықтық тұрғыда жеке меншiк мүлiктерi болған. Аңшының өз меншiгi ретiнде қару-жарағы болса, ал әйелдiң үйге деген құқығы болған. Кез келген қоғамдағы экономика мен қоғамдық қарым-қатынастардың дамуы жеке адам құқығына байланысты өрбiп, одан әрi мемлекеттiк дәрежеге дейiн көтерiледi. Оның арасында отбасылық құқықтың да орны ерекше. Мiне, осының бәрi мемлекет және құқық тарихы пәнiнiң негiзгi зерттеу объектiлерi болып табылады.
Кеңестiк кезеңдегi үзiп-жарып, не бұрмаланып оқытылған Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәнi бүгiнде бiр жүйеге түсiрiлiп, елiмiздiң шынайы түрде тұтас қамтылған тарихы ретiнде оқытылуы тиiс. Аталған ғылым саласының алдында тұрған тағы бiр басты мәселесi, әрi негiзгi мiндетi бiздiң елiмiздiң мемлекет және құқық тарихын бұрмалаушыларды әшкерелеу. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы заңды бiлiм жүйесiнде өзiндiк орны бар пән. Бүгiнгi пайда болып жатқан мемлекеттiк-құқықтық құбылыстарды түсiну үшiн алдымен мемлекет және құқық тарихының қалай, қайда, неден құралғанын, қандай негiзде жасалғанын бiлген жөн. Сонымен, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәнi болып саналатындар:
- мемлекеттiк-құқықтық жүйенiң пайда болу және даму процесi, әртүрлi тарихи кезеңдегi қоғам өмiрiндегi мемлекет пен құқықтың алатын орны мен рөлi;
- мемлекеттiк-құқықтық жүйе элементтерiнiң мазмұны мен формаларындағы ерекшелiктер, өндiрiстiң көшпелi тәсiлiнiң ерекшелiгiндегi шарттылықтар. Мiне, осы тұста анықтап алатын бiр жай, ол мемлекеттiк-құқықтық жүйе түсiнiгiн анықтау. Өйткенi ол дәстүрлi мемлекет және құқық ретiнде өзге институттармен тығыз қарым-қатынаста болғанына қарамай жеке қаралады. Сонымен бiрге, олар бiр-бiрiнсiз өмiр сүре алмайтын тұтастықты құрайды. Мемлекет тiкелей немесе жанама түрде құқықтық нормаларды белгiлейдi және реттейдi, оған рұқсат бередi. Сондай-ақ бұл заңдылықтар бұзылған кезде нақты шаралар қолдану арқылы оларды қорғайды, ал құқық болса мемлекетке конституциялық немесе басқа нормалармен ықпал етедi де қоғамдағы саяси қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының әдiстерi. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихын оқыту барысында қоғам тарихының дамуы және қоғамдық-экономикалық формацияның заңды түрде алмасуының негiздерiне мән беру керек. Өндiргiш күш пен өндiрiстiк тәсiл қоғамдық дамуды анықтаудың басты айқындаушы негiзi болады. Бұл тұста бiздiң сүйенерiмiз — экономикалық тiрек (базис) пен қоғамдық қондырма (надстройка) туралы баяндап және олардың бiр-бiрiне жасайтын ықпалына назар аударып, таптық күрес пен мемлекет және құқықтың дамуындағы, әлеуметтiк революция, көпшiлiк халықтың рөлiне көңiл бөлу.
Бiздiң елiмiзде мемлекет және құқық бүкiл әлемдегi адамзат қоғамының дамуы секiлдi заңдылықтармен пайда болып, дамыды және дами бередi де. Мемлекет және құқық тарихының пайда болуы мен дамуы қоғамның өндiргiш күшi мен өндiрiстiк қатынастарының бiр-бiрiне қарама-қайшы (антагонистiк) таптар күресiнiң өрiс алуына байланысты болды. Алғашқы қауымдық және әлеуметтiк топ арасындағы қарым-қатынасты реттеу немесе жүйелеу белгiлi бiр мемлекет құру керектiгiне итермелейдi. Бiздiң заманымызға дейiнгi I мың жылдықта Қазақстан территориясын Андронов және Дәндiбай-Беғазы мәдениетi мен өркениетi деген атпен енген тайпа қоныстанған. Олар кейiн грек тарихшыларының жазып қалдыруынша “скифтер” де, ал парсы мәлiметтерi бойынша “сақтар” деген атаумен аталып, кейiн әртүрлi тарихи қоғамдық жағдайларға қарап өзгерiп кете берген.
Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәнiнiң өзiндiк зерттеу әдiстемелерi бар. Ол республика, мемлекет және құқық тарихының қалай дамып, қандай жолдармен өрiстегенiн және оның мәдени-өркениеттiк даму процестерiн айқындайды. Кез келген әдiске баратын жолмен бiрге оның мақсат-мүдделерiн шешетiн принциптерi болады. Сондықтан да мемлекет және құқық тарихын оқып, зерттеп-зерделеу үшiн оны төмендегiдей әдiстерге бөлуiмiз керек. Бiрiншi, жалпы философиялық әдiстеме. Оған диалектикалық және метафизикалық әдiстемелер жатады. Екiншi, жалпы ғылыми әдiстемелер. Оған мемлекет және құқық тарихын уақыт пен кеңiстiк тұрғысынан зерттеумен бiрге iс-әрекеттiң және құбылыстың iшкi-сыртқы қасиеттерiн ашатын логикалық әдiстемелер жатады. Мұнымен бiрге жалпы ғылымдық әдiстемеге жүйелiк тәсiлмен де келуiмiз керек. Үшiншi, арнаулы әдiстемелер. Оған арнаулы-тарихи және арнаулы-құқықтық әдiстемелермен бiрге тарихи-генетикалық әдiстемелер жатады. Тарихи-жүйелi зерттеп-зерделеуден кейiнгi қол жеткiзетiн бiрден-бiр әдiстеме — ол тарихи-салыстырмалы әдiстеме. Тарихи-салыстырмалы әдiстеме — ежелгi Қазақстан территориясын қоныстанған халықтардың мемлекет және құқық тарихының даму заңдылықтарын, сонымен бiрге өзге территорияларды қоныстанған халықтардың және олардың қай дәуiрлерде өмiр сүргенiн салыстырмалы түрде анықтауға мүмкiндiк бередi. Әдiстемелiк курстың басты шарты — мемлекет және құқық дамуының бiр-бiрiмен сабақтастығының тарихилығында. Барлық мемлекет және құқықтық құбылыстар алдыңғылардан, яғни өткеннен өрiп бастау алады да, болашақта болатын жағдайларға алмастырыла өзгерiп (трансформацияланып) отырады. Мұндай құбылыстарды “уақыт үндестiгi” бiр тарихи негiзде қарастыруға ықпал етедi. Дамудың бiрнеше жолы бар, мысалы ол баяу да бiр қалыпты (эволюциялық) немесе бiр қалыпты емес секiрмелi (революция) түрде, тiптi болмаса бiр кездегi ұмытылған институттар ретiнде қайта оралуы мүмкiн (толық немесе бiрен-саран күйде), болмаған жағдайда олар үзiлiп немесе одан ары дамуын тоқтатуы да ғажап емес.
Төртiншi, нақты-проблемалық немесе жеке әдiстемелер — ол өзiнiң аты көрсетiп тұрғандай iс-әрекеттердiң барысын, сипатын нақты оқып үйретуге бағытталады. Объектiнi оқып-зерттеу барысында қолданылатын әртүрлi әдiстердiң жиынтығы тарихи-құқықтық ғылымның әдiстемесiн құрайды.
Заңды тұрмыс-тiршiлiк — әр түрлi әдет-ғұрып, рәсiм, салт-жора, iс-әрекет, тәртiп пен тәлiм арқылы қалыптасып, солардың көмегiмен құқықтық қызмет ретiнде жүзеге асады. Ал адамдардың iс-әрекеттерi олардың әдiлеттi немесе әдiлетсiздiк, заңды не заңсыздық деген ұғымдарды қалай қабылдап, қалай түсiнуi арқылы айқындалады. Құқықтың негiзгi көзi — сот тәжiрибесiнен өсiп-өнсе, оның бастауы - әдет-ғұрып, яғни дәстүр. Сондықтан Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы курсын кезеңдестiру бiрнеше себеп-шартпен (фактор) белгiленедi. Оның басты негiзi — қоғамдық әлеуметтiк-экономикалық дамудың құрылысы мен тәртiбi (экономикалық, техникалық дамуы, меншiк түрi) және мемлекеттiң дамуына байланысты. Бұл тұста ерекше атап өтетiн жағдай, құқықтанушы мен заңгерлер үшiн қажеттiсi тарихтағы мемлекеттiк-құқықтық түрлер (формалар) және фактiлер мен құбылыстар.
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының зерттелуі мен оның негізгі кезеңдері. Жалпы, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихын зерттеу ХVIII ғасырдан берi жүргiзiлiп келедi. Қазақ хандығының мемлекеттiк құрылымы және алғашқы мемлекеттiң сипаттамасы Еуропа, оның iшiнде әсiресе орыс ғалымдарын қатты қызықтырды. Оларды бiз А.Тевкелев, Т.Рычков, И.Г.Георги, П.С. Паллас, И.П.Фальк, А.Левшин еңбектерiнен анық байқаймыз. Олардың әрқайсысы Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының өткенiне әртүрлi көзқарастар бiлдiредi. Мысалы, П.Рычков қазақтардың мемлекеттiк құрылымын нағыз “демократиялық” деумен бiрге “оларда ешқандай да құқықтық нормалар және құқықтық талас-тартыстарды шешетiн соттар болған жоқ” дейдi. Ал, А.Левшин болса қазақ хандығының мемлекеттiгi және құқығы тарихын зерттей келе, ол оның ХVIII ғасырдың аяғы ХIХ ғасырдың басындағы даму кезеңдерiне кеңiнен тоқталады.
Сондықтан да, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихын төмендегiдей кезеңдерге бөлуге болады. Ол бiзге мемлекеттiк-құқықтық жүйенiң даму процесiн жүйелi түрде жан-жақты оқуға мүмкiндiк ашады.
1. Қазақстан территориясында мемлекет және құқықтың пайда болу кезеңi.
2. Қазақстан көшпендiлерiнiң мемлекеттiк-құқықтық жүйесiнiң өркендеу кезеңi.
3. Қазақстан көшпендiлерiнiң мемлекеттiк-құқықтық жүйесiнiң жойылуы мен дағдарысқа ұшырау кезеңi.
4. Қазақстанның Ресей және КСРО құрамында конституциялық даму кезеңi.
5. Тәуелсiз Қазақстанның мемлекеттiк-құқықтық жүйесiнiң қалыптасу кезеңi.
Әрбiр дәуiр бiрнеше кезеңге бөлiнiп, олар өзара iшкi логикалар арқылы үндесе жалғасып жатады. Бiрiншi дәуiр мемлекеттiң пайда болу себептерiнен басталады. Өйткенi өндiретiн шаруашылық түрi пайда болып, қоғам әлеуметтiк жiкке бөлiнедi. Бұл процесс Қазақстанда бiздiң эрамызға дейiнгi III мың жылдықта басталған. Оның бiрiншi кезеңiн мемлекеттiң пайда болуына дейiнгi жағдай деуге болады. Ол уақытта билiктiң жариялылық түрi қалыптасып, мемлекеттiк құқықтық жүйенiң тағы да басқа элементтерi құқықтық нысанда пайда бола бастаған едi. Бiздiң эрамызға дейiнгi IХ-VIII ғасырлар аралығында Қазақстан территориясында көшпелi мал шаруашылығы мен өндiргiш күштердiң дамуына байланысты, ондағы мемлекет пен құқықтың даму процесi де жаңа кезеңге көшедi. Ол алғашқы мемлекеттiң негiзi болып саналады. Бұл процесс бiздiң эрамызға дейiнгi III ғасырға дейiн созылды. Содан кейiн-ақ Қазақстанды жайлаған көшпендiлер тыныс-тiршiлiгiнде мемлекеттiлiк қалыптасып, оның мемлекеттiк-құқықтық жүйесi жаңа өркендеу кезеңiн бастайды. Ол төрт кезеңге бөлiнедi. Алғашқы үшеуi еуразиялық ғұн, түрiк, Моңғол-қыпшақ (Ұлы ұлыс) империясы тарихының дамып құлдырауы мен күйреуi кезеңiн анықтайды. Бiрiншi көшпелi ғұн империясы кезеңi бiздiң эрамызға дейiнгi III ғасырдан бастап V ғасыр аралығындағы уақытты қамтиды. Екiншi кезең VI ғасырдан бастап көшпелi түрiк империясының Түрiк-ашин iрi мемлекетiн құрайды да, оның құлдырауына дейiнгi аралықты айқындайды. Содан кейiн қарлұқ, Қарахан, қыпшақ, керей, найман мемлекеттерi құрылып, олар өздерiнiң тыныс-тiршiлiгiнде түркi дәстүрiн сақтайды. Үшiншi кезең болса ХIII ғасырдан бастап Моңғол-қыпшақ көшпелi империясы деп аталады. Оның негiзi — моңғол империясының Шыңғыс хан жасаған “Ұлы ясасы”. Аталған мемлекеттiк-құқықтық жүйе Еуразия даласында ХVI ғасырдың аяғына дейiн билiк құрды. Моңғол империясы тарихы әдеттегiдей өркендеу, құлдырау және күйреу кезеңiнен тұрады. Ол кейiн Сiбiр, Маңғыт және Қазақ мемлекеттiлiгiн өмiрге келтiрдi. Ал соңғы төртiншi кезең ХV ғасырдан бастап ХVIII ғасыр басы аралығындағы тұтас қазақ хандығын өмiрге әкелдi. Алғашқы қазақ хандығында қалыпты құқық пен мемлекеттiлiк қалыптастырылады, ол хан билiгi сайлауы мен автономиялық әкiмшiлiк бiрлiгiн құрайды.
ХVIII ғасырдың басында тұтас қазақ хандығы ыдырап, Қазақстандағы көшпелiлердiң мемлекеттiк құқықтық жүйесi дағдарысқа түсiп, келе-келе жойылу кезеңi басталды. Оны үш кезеңге бөлуге болады:
- протекторат кезеңi. ХVIII-ХIХ ғасыр басы;
- Ресей боданындағы әкiмшiлiк-құқықтық жүйенiң пайда болу кезеңi (ХIХ ғасырдың 20-шы-60-шы жылдары);
- Ресей боданындағы әкiмшiлiк-құқықтық жүйенiң беку кезеңi (ХIХ ғасырдың 60 жылдары — 1917 жыл).
Бiрiншi кезеңде қазақ мемлекеттiк-құқықтық жүйесi сақталғанымен Қазақ хандығы тәуелсiздiгi мейлiнше шектеледi. Екiншi кезеңде Қазақстанның әкiмшiлiк-құқықтық жүйесiндегi реформа үнемi қайта жүргiзiлiп отырғанымен де ол қазақ хандығының тәуелсiздiгiнiң шектеле түсуiмен тығыз байланысты болды да, кейiн келе-келе Ресей империясының құрамына ену арқылы, оның заңды боданы ретiнде жойыла бастады. Сөйтiп бүкiл үшiншi кезең барысында Қазақстан территориясы Ресей заңдылығындағы тәртiпке бағынатын бодандықта болды.
1917 жылғы ақпан төңкерiсiнен кейiн Қазақстанның мемлекет және құқық тарихында жаңа кезең басталды. Ол Ресей және КСРО құрамындағы Конституциялық даму кезеңiмен байланыстырылады. Қазақстан конституциялық жағынан бiртiндеп кеңейе түскенмен де, республика бодан күйiнде қала берген едi. Ол төмендегiдей кезеңге бөлiнедi:
- Конституциялық дамудың таңдау-балама түрiнiң өмiр сүру кезеңi (1917 жылдың ақпаны мен 1920 жылдар).
- Қазақстанның РСФСР құрамында Конституциялық даму кезеңi (1920-1937 жылдар);
- Қазақстанның КСРО құрамында Конституциялық даму кезеңi (1937-1991 жылдар).
Бiрiншi кезеңде қазақ мемлекеттiлiгiн бiрнеше модель түрiнде конституциялық дамудың жоспары мен болашағы қаралып-қалыптастырылмақшы болса (Алаш, кеңестiк автономия т.б.), ал екiншi кезеңде конституциялық дамудың бiр-ақ түрi белең алды. Ол Қазақстанды заңды тұрғыдан шектеу, яғни оның автономиялығын формалды түрде жай жариялау едi. Үшiншi кезеңде Қазақстан КСРО құрамынан шыға алатын құқыққа ие егемен мемлекет болып саналады. Сөйтiп 1991 жыл Қазақстан үшiн жаңа саяси және құқықтық дамудың негiзiн қалап, ол сол жылы шын мәнiндегi тәуелсiз мемлекет болып есептелдi.
Сөйтiп, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихын төмендегiдей кезеңдестiруге болады.
1. Қазақстан территориясында мемлекет және құқықтың пайда болу кезеңi (бiздiң заманымызға дейiнгi III мың жылдық - бiздiң заманымызға дейiнгi III ғасыр);
1.1. мемлекет құрылғанға дейiнгi кезең (бiздiң заманымызға дейiнгi III мыңжылдық — бiздiң заманымызға дейiнгi IХ ғасыр);
1.2. алғашқы мемлекеттiк кезең (бiздiң заманымызға дейiнгi VIII-III ғасырлар).
2. Қазақстан көшпендiлерiнiң мемлекеттiк-құқықтық жүйесiнiң даму кезеңi (бiздiң заманымызға дейiнгi III ғасыр — бiздiң заманымыздаға ХVIII ғасырдың басы);
2.1. ғұндардың көшпелi империясы кезеңi (бiздiң заманымызға дейiнгi III ғасыр-бiздiң заманымыздың Y ғасыры);
2.2. түрiктердiң көшпелi империясы кезеңi (бiздiң заманымыздың VI-ХII ғасырлары);
2.3. моңғол-қыпшақ көшпелi империясы кезеңi (ХIII-ХIV ғасырлар);
2.4. тұтас қазақ хандығы кезеңi (ХV ғ.-ХVIII ғасыр басы).
3. Қазақстан көшпендiлерiнiң мемлекеттiк-құқықтық жүйесiнiң дағдарыс және жойылу кезеңi (ХVIII-ХХ ғасыр басы);
3.1. протекторат кезеңi (ХVIII-ХIХ ғасырлар басы);
3.2. отарлау әкiмшiлiк-құқықтық жүйесiнiң ену кезеңi (ХIХ ғасырдың 20-60 жылдары);
3.3. отарлау әкiмшiлiк-құқықтық жүйесiн бекiту кезеңi (ХIХ ғасырдың 60 жылдары — 1917 жылдың ақпаны).
4. Қазақстанның Ресей және КСРО құрамындағы конституциялық даму кезеңi (1917 жылдың ақпаны — 1991 жылдың желтоқсаны);
4.1. конституциялық дамудың таңдау-балама кезеңi (1917 жылдың ақпаны мен 1920 жыл);
4.2. Қазақстанның РСФСР құрамындағы конституциялық даму кезеңi (1920-1937 жылдар);
4.3. Қазақстанның КСРО құрамындағы конституциялық даму кезеңi (1937-1991 жылдары).
5. Тәуелсiз Қазақстан кезеңi (1991 жылдан бүгiнгi күнге дейiн).
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы тұтастай алғанда — жалпы құқықтық және философиялық ғылым ретiнде барлық заңдық пәндердiң әдiстемелiк негiзiн құрайды. Оның себебi Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының өзiндiк пәнi мен әдiстемелiк зерттеуi бар. Қазақстанның мемлекеттiк-құқықтық жүйесiн зерттеу ХVIII ғасырда басталып, Кеңестiк кезеңде жаңа белеске көтерiлдi. Ол Қазақстанның өткен тарихи кезеңдегi қоғамдық саяси-құқықтық ұйымдардың дамуын жүйелi түрде зерттеумен анықталады. Тарихи-құқықтық ғылымдағы қол жеткен табыстар Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы мәселелерiн одан әрi оқып-дамытуға мол мүмкiндiктер ашуда.
Қазақстанның мемлекет және құқық тарихы ХҮIII ғасырдан басталып, өзiнiң Кеңестiк кезеңiндегi даму процестерi арқылы бүгiнгi Қазақстан Республикасының тәуелсiздiк алған күнiне дейiнгi аралықта сан-алуан зерттеп-зерделеулерден өтiп, жаңа сапалы кезеңге жеттi. Сондықтан да тарихи-құқықтық ғылым жетiстiгiнiң бiр саласы бүгiнгi Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы болып саналады.
2. Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттiк бiрлестiктердiң пайда болуы және дамуы
Қазақстан территориясында мемлекеттiң пайда болуы қоғамның мыңдаған жылдарға созылған дамуының көрiнiсi болумен бiрге оның экономикалық базасының қалыптасып-өркендеуiмен тығыз байланысты болды. Мемлекеттiлiктiң алғашқы нышаны ретiнде өндiрiстiк шаруашылықтың пайда болуын атауға болады.
Қазақстан территориясын мекендеген көшпелi рулар бiздiң дәуiрiмiздiң алғашқы кезiнде-ақ, мемлекет құрылғанға дейiнгi аралықта өзiнiң таптық және қоғамдық мiндетiн атқаратын тарихи бiр кезеңнен өттi. Ол кезде рулық-тайпалық ақсүйектер — көп iрi қара малдар ұстаушылар санатында болып, олар барлық топтар арасындағы қайшылықтар барысында елеулi рөл атқарып отырды. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау дәуiрi әскери-демократиялық кезең деп аталады.Сол әскери-демократия кезеңде тұрып-ақ сақтар заманында көшпелi халықтардың дәстүрлi қоғамдық жүйесi қалыптасты.
Саяси-потестарлық қатынастың пайда болуы. Әдетте мал шаруашылығы мен жер өңдеу iсi неолит-жаңа тас ғасырынан басталды деп есептеледi. Бiрақ тарихи процестiң ерекшелiгiне сәйкес тоқымашылық және құмыра құю iсiн ойлап тапқанмен адамдар әлi де болса аңшылық кәсiппен шұғылдана бердi. Сондықтан да әлеуметтiк ұйымның негiзгi көзi-рулық қауым болып қала бердi. Ол әлеуметтiк теңсiздiкке жол бермейтiн, ағайындық-ұжымдық жер меншiгiне иелiк ететiн қандас-туыстық негiзде дамыды. Әрине, қауымдастық бiрнеше топтарға бөлiндi, олар жауынгер еркектер мен әйелдер және балалар топтастығы едi. Балалық топтан ересектер тобына алмасу ерекше салттық негiзде жүргiзiлдi. Қауымның маңызды iстерi ересек еркектер жиналысында шешiлетiн. Қауымнан дәстүр мен салтты, рәсiмдi жақсы бiлетiн абыздар мен көршi қауымдастықтармен болатын қақтығыстарда басқаратын әскери көсемдер бөлiнiп шықты. Қауымның қарым-қатынастары мен тыныс-тiршiлiктерi өздерiне тән рәсiмдерi және тыйым салынған әдет-ғұрып жүйелерi арқылы реттелетiн.
Қазақстандағы қоғамның экономикалық базасы бiздiң заманымызға дейiнгi III-II мыңжылдықтарда, яғни энеолит қола дәуiрiнде өзгере бастады. Аталған уақытта Қазақстанның солтүстiгiнде Көкшетау облысының Ботай бекетi жанындағы қоныспен аттас Ботай мәдениетi қалыптасты. Оған Солтүстiк Қазақстанның далалық энеолитiн сипаттаумен бiрге оның қалыптасуына неолиттiк Атбасар және Маханжар мәдениетiн құраған тайпалар қатысты. Оның мерзiмi тарихи деректерге сүйенсек б.з.б. III-II мыңжылдықтармен белгiленедi. Демек, ол бiр мың жыл болған деген болжамға саяды. Ботай мәдениетiн алғашқы зерттеушiлердiң қатарында В.Ф.Зайберт болды. Ботай археологиялық мәдениетiн таратушылар жылқы шаруашылығымен айналысты. Ол жерден табылған көптеген остеологиялық (Анатомияның сүйектiң атқаратын қызметiне қарай қалыбы (формасы) мен құрылысын зерттейтiн бөлiмi — автор)материалдардың басым көпшiлiгi жылқы сүйектерiмен қоса зубр, тур, бұлан, елiк, аю, түйе, құндыз, суыр, қоян, қабан, түлкi, қарсақ, құстардың сүйектерi едi. Нақтылай айтқанда мысалы, Ботай қонысынан 70000 жылқының сүйегi табылған. Мұндай мал шаруашылығына көшу өндiрiстiк күштердi дамытумен бiрге алғашқы рет өнiмдердiң артуына мүмкiндiк бердi. Өндiрiстiк айналымның күшеюi жергiлiктi тұрғындар арасында өндiрiстi ұйымдастыратын ерекше топтардың пайда болуына мүмкiндiк ашты.
Әдетте, адамдардың баюына әкеп соқтыратын әртүрлi соғыстар мен қақтығыстар қауымның арасынан ерекше байыған өнiмi көп кәсiпқой жауынгерлердi бөлiп шығарды. Осыдан келiп, өндiрiспен айналыспайтын белгiлi бiр топ пайда болады. Сөйтiп қауымдастық “страта” деп аталатын жiкке бөлiндi. Ондай қауымдастықтарды ғылымда “стратиланғандар” дейдi. Алғашқы кезеңде үш жiк ерекше бөлiнiп шыққан болатын. Олардың бiрiншiсi мал шаруашылығымен айналысушылар да, ал одан кейiнгiлерi жауынгерлер мен абыздар болып саналды. Сондықтан да жiкке бөлiнген қауымдастық арасында болып жататын жиi-жиi қақтығыстарды ендi әдет-ғұрып, салт-дәстүр арқылы реттеуге мүмкiндiк болмай қалады да, оларды бiрте-бiрте реттейтiн құқықтық жүйе жағдайындағы iс-әрекеттер дами бастайды. Қандас-туыстық қауым ыдырап, орнына көршiлiк қауым келедi. Ендi қауым арасындағы байланыс туысқандық емес экономикалық негiзде қалыптаса бастайды. Жерге ұжымдық меншiк сақталғанмен малға жеке меншiк иелiгi пайда болады. Мiне, осы кезден бастап меншiк құқығы мен өндiрiс арасындағы құқықтық пайдалану негiздерi қалыптасты. Осыдан келiп бiр-бiрiмен көршi қауымдастықтардың әлеуметтiк-құқықтық байланысын нығайтатын және жауларынан қорғануға толық мүмкiндiк беретiн жаңа қауымдастық одағы — тайпа пайда болды, оның өзiндiк әскери басшылары, абыздары мен басқару әкiмшiлiгi өмiрге келдi. Осы кезден бастап жария билiк, яғни билiк қызметiн атқаратын ерекше бiр адамдар жiгi қоғамдық өмiрге араласа бастайды. Сондықтан да ғылымда жария билiктен мемлекеттiк пайда болғанға дейiнгi аралықтағы қарым-қатынасты потестарлық қатынас деп атайды. Ендеше, тайпа потестарлық бiрлестiк болып саналады. Ол жария билiктiң қалыптасуына негiз болған едi.
Мұндай күштi билiктiң болғанына куә болатын дерек бiздiң заманымызға дейiнгi II мыңжылдықтың басындағы Қазақстанның солтүстiк-батыс аймағындағы Ресейге жақын жерлерден табылған алғашқы қалалардың орны болып табылады. Олардың iшiнде ең белгiлiсi —Арқайым,одан басқа қолөнер кәсiбi мен ауыл шаруашылығы орталығы болып саналатын 20-ға жуық елдi мекендер анықталды. Аталған дәуiрдегi Евразия кеңiстiгiн жайлаған дала жайындағы алуан түрлi ғылыми түсiнiктерге қала үлгiсiндегi Синташт және жаңағы айтып өткен Арқайым бекiнiстi қоныстарының ашылуы мен зерттеулерi принциптi түрде өзгертулер енгiздi. Алғашқы қалалар қорғанысқа мықты әрi жақсы жобамен салынған мәдени құрылыстардан тұратын едi.
Алғашқы қалалар Ботай тайпасындағы мал шаруашылығымен айналысатын адамдар арасында пайда болды. Бiздiң заманымызға дейiнгi II мыңжылдықта мыс пен қалайы ертiндiсiнен тұратын қоланы ойлап табу Қазақстанда әлеуметтiк және экономикалық дамудағы қарым-қатынасты мейлiнше нығайтты. Мiне, осыдан кейiн-ақ адам дала төсiн игерудегi ерекше еңбек құралдарына ие болып, соның нәтижесiнде мал шаруашылығы кешендi малшылық — егiншiлiк шаруашылығымен ұласады. Сонымен бiрге қола қару жасауға қажеттi құрал ретiнде қолданылып, әскери iстi дамытуға жол ашты. Әскердiң негiзгi қарулары қоладан жасалған балта мен пышақтар, найзалар және дөңгелек арбалы құралдар болды. Сөйтiп бiрте-бiрте мемлекеттiң негiзiне алғы шарттар қалана бастаған тұста бiздiң заманымызға дейiнгi ХV ғасырдың ортасында дамыған өркениет қайта құлдырай бастайды.
Ел-жер табиғатының өзгере бастауына байланысты алғашқы қалалар құрылыстары күйредi. Бiздiң заманымызға дейiнгi ХV ғасырда Қазақстанның далалық және орманды аймақтарының құрғақшылыққа ұрынуы iрi-iрi тайпалар қоныстанған жерлер мен алғашқы қалалардың иесiз қалуына соқтырды. Сөйтiп қалың жұртшылық шағын елдi мекендерге тұрақтана бастады. Әлеуметтiк және потестарлық қатынастардың бiрқалыпты тыныс-тiршiлiгi мен олардың өзара байланыстарының бұзылуы мемлекеттiң пайда болуына ұзақ уақытқа дейiн керi әсерiн тигiздi. Осыдан барып, оның отырықшылық, малшылық-егiншiлiк шаруашылығымен айналысу барысындағы өркениетi Қазақстан даласының құрғақшылық жағдайына байланысты өзiнiң тарихи маңызын жоғалтты.
Соған қарамай бiр кезде пайда болған мемлекеттiк құқықтық жүйе баяу болса да бiртiндеп дамып, өзiндiк тарихи сатысымен iлгерiлей бердi. Сол кездегi абыздар мен билер, әскери басшылар тұрақты жемiс-жидектердi, қолға түскен байлықтарды бөлуде билiктi өз қолдарына алып, оларды бөлiсуде мүлiктiк теңсiздiктi қалыптастырды. Бiздiң заманымызға дейiнгi ХI-IХ ғасырларда Орталық және Оңтүстiк Қазақстан аймағында қола дәуiрiнде пайда болған алып кесенелер соны айғақтайды. Оларда тайпалардың көсемдерi жерленген болатын. Кейiн келе-келе жазу пайда бола бастайды.
Егер жазба құндылықтарға назар аударсақ, қола дәуiрiнде Қазақстанды қоныстанғандардың жалпы өзiндiк “арья” атты жалпы атауы болған. Археологтар Қазақстандағы қола дәуiрi мәдениетiн қола дәуiрiндегi бiрiншi ескерткiштiң табылған жерi Оңтүстiк Сiбiрдегi Ачинск маңындағы Андронов селосының атына қарай шартты түрде “Андронов мәдениетi” деп атайды. Андронов мәдениетiнiң алғашқы ескерткiштерiн 1914 жылы А.Я.Тугаринов ашқан. Мiне, сол уақыттан берi ол жерден көптеген археологиялық материалдар жинақталды. Сонымен бiрге онда тур, дах, сайрим секiлдi т.б. тайпалар мен тайпа бiрлестiктерi тұрғандығы анықталған.
Бiздiң заманымызға дейiнгi ХII-Х ғасырларда Қазақстандағы этникалық жағдай едәуiр өзгердi. Орталық Қазақстанды шығыстан Қарасу мәдениетiн алып келушi тайпалар қоныстанып, жергiлiктi тұрғындар негiзiнде Дәндiбай-Беғазы мәдениетi қалыптасып, ол Сырдарияның төменгi ағысына дейiн тарайды. Мiне, осындай көшi-қон жағдайында андронов-арийлықтар оңтүстiк және оңтүстiк-шығыс бағытта Орта Азия арқылы Иран мен Солтүстiк Индияға алмасады. Сөйтiп Қазақстан тұрғындарының шаруашылығы бiрте-бiрте өзгерiске ұшырап, онда мал шаруашылығы кең етек алды. Содан кейiн-ақ мүйiздi iрi қара малдарды ұстаудың үлесi азайып, жылқылар мен түйелер және қойларды өсiрудiң саны артып, олар толық отырықшылықтағы мал шаруашылығынан жартылай отырықшылыққа көшедi. Бұл жаз жайлау, қыс қыстау, күз күздеуге көшу деген сөз едi. Бұл процесс қоғамдық құрылымға ықпал етпей қойған жоқ. Содан кейiн, қайтадан қауымдастықтардың әлеуметтiк жiктелуi орын алды. Тайпа көсемдерi көптеген байлықтарды иеленiп, ол оларды жерлеу рәсiмiнен-ақ байқалатын дәрежеге жеттi. Оның айғағы күнi бүгiнге дейiнгi кең байтақ Қазақстанның әр тараптарынан табылып жатқан алып кесенелер мен қабiрлер. Мұның бәрi айрықша билiктiң белгiсiн көрсетедi. Жалпы, Қазақстан қоғамының қола дәуiрiнде мемлекеттiң пайда болуы кезеңiнде тұрғанын, оның басты-басты элементтерi әр түрлi тайпалар бiрлестiктерiнiң тыныс-тiршiлiгiнен көрiне бастағанынан аңғаруға болады.
Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттiк бiрлестiктердiң пайда болуы мен дамуы. Бiздiң заманымызға дейiнгi бiрiншi мыңжылдықта Қазақстан территориясында жаңа табиғат өзгерiстерi басталады. Өйткенi жоғары деңгейдегi ылғалдану бүкiл аймақты қамтыған едi. Сонау қола дәуiрiнде мал және егiн шаруашылығы кешендерi қалыптасып, экономикалық, әлеуметтiк-тұрмыстық базаға айналған жайлауларды су басып, ылғалдану мөлшерi артты. Ылғал тартқан аймақтарда мал шаруашылығы жайлауларының ауқымы кеңейдi. Мұның барлығы Қазақстанды қоныстанған тұрғындарды көшпелi мал шаруашылығымен шұғылданып, яғни олардың жартылай көшпелi мал-егiн шаруашылығымен айналысып, оны өркендетуiне едәуiр септiгiн тигiздi. Тұрғындардың көпшiлiгi малмен бiрге маусымдық жайлауларға көшсе, ал қалғандары қыстауларда егiн шаруашылығымен айналысты. Осынау көшпелi мал шаруашылығы өндiрiстiк күштердi арттырып, артық өнiмнiң өсуiне, жергiлiктi тұрғындардың жағдайының жақсаруына ықпал еттi.
Қазақстан тұрғындарының тыныс-тiршiлiгiндегi осынау өзгерiстер бiрiншiден, көшпелi қауымдастықтар арасында жайылымдар мен су қойнауларын бөлiске салып, өздерiнiң көшi-қон орындарын белгiлеп, нығайтуға итермелесе, екiншiден, қосымша байлықтың артуы мүлiк теңсiздiгiн тудырып, мол мал байлығына ие адамдарды қалыптастырды. Сөйтiп, әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайлары әр түрлi қауымдастықтар пайда болды. Бiздiң заманымызға дейiнгi бiрiншi мыңжылдықтың басында адамдар көшпендiлiкпен бiрге темiрдi игерiп, оны тұрмыс-тiршiлiктегi әр салада пайдаланды, бұл өз кезегiнде әскери iстiң дамуына жол ашты. Қорыта айтқанда, әрбiр қауымдастық мүшесi өзiн мықты жауынгер сезiнетiн дәрежеге дейiн көтерiлдi. Сөйтiп, бұған дейiнгi үш қоғамдық-әлеуметтiк топтан (сословие) тұратын адамдар бiрлестiгi (қауымдар-әскерилер-абыздар) күйреп, жаңа көшпелi шаруашылыққа тән қоғамдық-әлеуметтiк топ пайда бола бастады. Сонымен, бiздiң заманымызға дейiнгi бiрiншi мыңжылдықта қауымдастықтар мен әлеуметтiк топтар арасындағы қатынастарды реттейтiн мемлекет негiзi қаланды. Ол қоғамды тұтастай саяси бiрiктiретiн және сол өзi иелiк еткен ел мен жерде өз билiгiн жүргiзетiн дәрежеге жеттi. Сондай-ақ онда арнаулы әкiмшiлiк жүйе арқылы тұрғындарға билiк жүргiзетiн жүйе құрылып, тәуелсiздiкке қол жеткiздi.
Мемлекеттiлiктiң алғашқы белгiсi-ол қоғамнан тiкелей бөлiнген әкiмшiлiк билiк пен басқару жүйесiнiң болуы. Екiншiден, белгiлi бiр территория мен оның тұрғындарының болатыны, ал олар болса әртүрлi әкiмшiлiктерге бөлiнедi. Үшiншiден, халықаралық аренада, сондай-ақ өздерiнiң iшкi iстерiнде егемендiк пен тәуелсiздiкке иелiк етуi. Төртiншiден, мемлекеттiк әкiмшiлiктi қамтамасыз ететiн әртүрлi салық жүйелерiнiң барлығы. Бiрақ б.з.д. I мыңжылдықта Қазақстанда құрылған ежелгi мемлекеттiң қалыптасуы өте әлсiз де баяу түрде жүрдi. Сондықтан да оны тарихшылар алғашқы мемлекеттiлiк (протогосударство) деп атайды. (“Прото”— гректiң бiрiншi деген сөзiнен шыққан.)
Қазақстан территориясын бiздiң заманымызға дейiнгi бiрiншi мыңжылдықта Андронов және Дәндiбай-Беғазы тайпаларының ұрпақтары қоныстанды. Олар грек жазбалары бойынша “скиф” аталса, парсы жазбалары бойынша “сақ” атанды. Скиф-сақ тайпалары бiрнеше бiрлестiктерге бөлiнiп, алғашқы мемлекеттi құрады. Олар тиграхауда-сақтар (шошқа бөрiк киетiн сақтар), хаомаварга-сақтар (хаома сусынын дайындайтын сақтар), парадарайа-сақтар (теңіздің арғы бетіндегі сақтар), массагеттер, исседондар және басқалар. Алғашқы екi топты Геродот амнюргия-сақтар және ортакарибантия сақтар деп атайды.
Ал ендi, сол кездегi басқару және билiк әкiмшiлiгiне келетiн болсақ, бiздiң заманымызға дейiнгi бiрiншi мыңжылдықта Қазақстан территориясында алғашқы рет патша билiгi институты пайда болды. Оның дәлелi бүгiндегi кең байтақ территориямыздан табылып жатқан археологиялық ескерткiштер және жазбалардан анық байқалады. Патша билiгi сол кезде мұрагерлiк арқылы берiлетiн, көп жағдайда ол орынды әйелдер иеленетiн. Мысалы, олардың бiзге белгiлiлерi хаомаварга патшасы — Аморга, тиграхауда патшасы — Скунха, массагеттер патшасы — Томирис (Тұмар), Савроматтар (кейiнгi кезде сарматтар) патшасы — Зарина.
Сақ патшалығының саяси жүйесiнiң ерекшелiгi патшалық билiктi жоғары қою арқылы қасиеттi де, киелi ұғымға айналуы (сакрализациялануы). Сақтар өздерiнiң патшаларын Күн құдайы ретiнде санап, оларға имандылық-тәңiрлiк нышанда құрметпен қарайтын. Патша билiгiнiң белгiсi немесе нышан — айғағы оның алтын киiмi, қамшысы және алтын ұшты садағы (жебесi) арқылы айқындалатын. Сонымен бiрге оларды жерлеген кезде көптеген жан-жақты жерлеу рәсiмдерi жасалатын. Оның бiр көрiнiсi Зарина патшаны жерлеу барысында бүгiнгi күнге жеткен үш қырлы пирамидалар. Сонымен бiрге Жетiсу қорғандарынан табылған шеңберi 100 метр және биiктiгi 20 метрлiк қорғандар. Өкiнiшке орай, сақ бiрлестiктерiнiң басқару органдарының негiзгi жүйелерi бiзге толық жеткен жоқ. Бiрақ соған қарамай патша тағайындаған кейбiр әкiмшiлiктiң басқару қызметтерiн аңғаруға болады. Қоғамда патшаға жақын адамдар мен халық жиналысы маңызды болып саналды. Қазақстандағы көшпендiлердiң халық жиналысы бiздiң ғалымдарымыздың “әскери демократия” туралы әңгiме етуiне мүмкiндiк ашады. Бiрақ ол қауымды бiрiктiретiн үлкендi-кiшiлi ер-азаматтардың басын қосуға мүмкiндiк бермейтiн. Сондықтан да оған қауым басшылары ғана араласа алатын. Сөйтiп, Қазақстан территориясында бiздiң заманымызға дейiнгi бiрiншi мыңжылдықта өкiлдiк билiктiң элементтерi пайда бола бастады.
Сақтардың әскери күштерiнiң негiзiн еркiн қауымдастық мүшелерiнiң атты жауынгерлерi құрады. Белгiлi билiк өкiлдерiнен құрылған ауыр атты әскер патша билiгiнде болатын. Ал кедей-кепшiк және жер шаруашылығымен айналысушылардан жаяу әскерлер құрылды. Алыс жорықтарға шығарда сақ пен скифтер қозғалмалы атты отрядтар — гиммирлердi шығарды, сондай-ақ гимнеттер — жеңiл қарулы жаяу әскерлердi жасақтады.
Қазақстан жерiндегi алғашқы мемлекеттердiң территориялық және әкiмшiлiк құрылымына келсек әрбiр сақ-скиф бiрлестiктерi өзiндiк патша және халық жиналысының билiгi жүретiн территорияларды иелендi. Б.з.б. I мыңжылдықта Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстiгiн қамтитын кең байтақ аумақта сақ-скиф деп аталатын тайпалар мекендедi. Оларды “тарих атасы” Геродот (б.з.б. V ғ.) және басқа ежелгi грек тарихшылары “Азия скифтерi” деп атайтын. Жалпы сақ тайпалары Солтүстiк Қара теңiз өңiрi мен шығысында Днепр бойын мекендеген және төменгi Едiл бойымен Оңтүстiк Орал өңiрiндегi савроматтардың Кир мен I Дарий парсыларының және Александр Македонский дәуiрiндегi гректердiң замандастары болған деген деректердi де сол грек және парсы жазбалары көрсетедi. Олар ежелгi парсылармен тығыз қарым-қатынас жасаған, тiптi б. з. б. VI-V ғасырларда Ахеменидтер империясының құрамына да кiрген. Ахеменидтiк сына жазба деректемелерiнде сақтар туралы аз болса да, анық деректер келтiрiлген. Мәселен, оларда сақтардың үш тобы: хаомаварга-сақтар (хаома сусынын дайындайтын сақтар), Ферғана аймағы мен Сырдарияның оңтүстiк жерiн, тиграхауда-сақтар (шошақ бөрiк киетiн сақтар), Сырдарияның орталық тұсынан батысында Алтай тауларына дейiн жайлағанын, сосын парадария-сақтар (теңiздiң арғы бетiндегi сақтар) туралы хабарланады.
Әрбiр алғашқы мемлекеттiк бiрлестiк (протогосударство) өзiнше белгiлi бiр автономия алатын тайпа немесе ұлыстық әкiмшiлiк бiрлiкке бөлiндi. Сондықтан оларды “тайпалық одақтар” деп атауға болады. Тайпа немесе ұлыс белгiлi бiр территорияны көшiп жүретiн қауым бiрлiгiн айқындайды. Сондықтан да олардың әкiмшiлiк басқару жүйесi потестарлық бiрлiк бөлшегiн көрсетедi. Кейбiр жазбаларда көрсеткендей аталғандай бiрлiктегi тайпалар не ұлыстардың өзiндiк басқару — билiк органдары — халық жиналысы атақтылар кеңесi, әскери және азаматтық басқарушы — “көсемi” болған көрiнедi. Ал олардың сайланғанын немесе тағайындалғанын, тiптi болмаған жағдайда мұрагерлiк арқылы алмастырылып отырғандығын ешкiм де дәл көрсетiп айта алмайды.
Ал ендi — сақ-скиф бiрлестiктерiнiң тәуелсiздiгi мен егемендiгiне келсек, олар ешбiр мемлекеттерге бағынбай өзiнiң iшкi және сыртқы саясатын қалыптастырған. Оның айғағы ретiнде олардың, яғни Солтүстiк Қара теңiз скифтерiнiң бiздiң заманымызға дейiнгi VII ғасырда Урарту мемлекетiмен әскери-саяси одақтастықта болып Финикияға қарсы соғысуын айтуға болады. Сосын бiздiң заманымызға дейiнгi VII ғасырдың ортасында скифтер мен ассириялықтардың Мидияға қарсылығы, бiздiң заманымызға дейiнгi VI ғасырдағы сақтар мен парсылықтардың Лидияға қарсылығын айтуға болады. Соған қарамай парсылар мен тағы басқа мемлекеттер алғашқы Сақ мемлекетiнiң егемендiгiн шектеуге тырысты. Мысалы, бiздiң заманымызға дейiнгi VI ғасырда Парсы мемлекетiнiң билеушiсi Кир массагеттердi жаулап алып, өзiне бағындырғысы келген болатын. Оның бұл ойы орындалған жоқ. Кир жорығы сәтсiз аяқталып, оның әскерлерi тас-талқан болып күйреп, өзi қаза болды.
Б.э.д. 519-518 жылдары массагеттерге қарсы I Дарий соғыс ашады. Бұл жорық та сәтсiздiкпен аяқталып, массагеттер өздерiнiң тәуелсiздiгiн толық сақтап қалған едi. Сондай-ақ бiздiң заманымызға дейiнгi IV ғасырдың 30 жылдарында сақтарды Александр Македонский де жаулап алуға бар күшiн салды. Оның Орта Азияны жаулап алғанына қарамай массагеттер Сырдарияның солтүстiгiне қарай өз егемендiгiн сақтап қалды.
Мұның барлығын келтiрiп отырғанымыз бiздiң эрамызға дейiнгi I мыңжылдықта алғашқы Сақ мемлекетi өз егемендiгi мен тәуелсiздiгiн тұтас ұстап тұрғандығын көрсету едi. Ол ежелгi халықаралық саясатта өзiндiк орнын толық сақтай бердi.
Өкiнiшке орай, бiзде сақ-скиф бiрлестiктерiнiң қандай салық жүйесiн жүргiзiп, мiндеттi борыштар атқарғандықтарынан мәлiметтер аз. Олар өздерi жаулап алған немесе өздерiне тәуелдi мемлекеттерден белгiлi бiр дәрежеде салықтар жинап, оларды белгiлi бiр мiндетке борыштаса, ол нақты жағдайларға байланысты өзгерiп отырған болуы керек. Мемлекеттiк қазынаны толтырып отыру мал-мүлiк арқылы жүргiзiлiп, тағы да басқа қазыналық құндылықтар арқылы толықтырылып отырған болуы тиiс. Кейбiр қабiрлерден табылған патша бұйымдарына қарағанда онда ирригациялық жүйе қалыптасқан сияқты.
Жалпы бiздiң эрамызға дейiнгi I мыңжылдықта сақ бiрлестiктерiнiң алғашқы мемлекет кұрудағы адымдары өте сәтсiз де баяу жүргендiгi байқалады. Бiрақ соған қарамай ол тұрақты да бiрқалыпты даму үстiнде болғаны анық. Оның куәсi-бiздiң заманымызға дейiнгi Ү-IҮ ғасырларда Жетiсу өңiрiн қоныстанған тайпалардың өзiндiк жазбаларының болуы. Мұның бәрi бiздiң заманымызға дейiнгi I мыңжылдықта Қазақстан территориясында алғашқы мемлекеттердiң өмiр сүргенiн және олардың тәуелсiз дамығанын айғақтайтын нышандардың болғанын көрсетедi. Бiрақ олардың даму-жетiлу процестерi әлi бiзге нақты да көрнектi деректермен жеткiзiле қоймаған.
3. Қазақстан территориясындағы ежелгі мемлекеттер мен құқықтық жүйелер
Бiздiң эрамызға дейiнгi III ғасырдағы көшпелiлер қоғамының дамуы күрделi мемлекеттiк-құқықтық жүйедегi империя түрiн қалыптастыруға алып келдi. Алғашқы мемлекеттер бiрлестiгiнiң құрылуы және олардың өндiргiш күштерiнiң дамуы мен демографиялық өсуi байтақ Қазақстан даласындағы жайылымдарға бiрте-бiрте ауыр салмақтар түсiре бастады. Дамып келе жатқан экологиялық және экономикалық дағдарыс жағдайында өсiп-өнген мал шаруашылығын басқаруда көпшiлiк пен аз ғана билiк басындағылар, сондай-ақ қауымдастықтар мен бiр-бiрiмен iргелес көшпелi мемлекеттердiң арасындағы байланысты жаңа дәрежеде жасауға итермеледi. Сондықтан да тарихи аренада жаңа “көшпелi империяның” пайда болуы заңдылық едi.Ал империя өзiне тән белгiлердi қамтыды.
Империяның ерекше белгiлерi болып саналатын жағдайлар:
1. Жақсы ұйымдастырылған басқару әкiмшiлiгi мен әскери бiр орталыққа бағынған билiктiң болуы;
2. Орталық пен мемлекеттiң өзiнiң шет аймақтарын бағындырған және оларды өзара байланыстырған билiктiң болуы;
3. Ерекше мемлекеттiк идеологияның болуы;
4. Империяның басын бiрiктiретiн әртүрлi формадағы ықпалдардың болуы (экономикалық, саяси, әскери).
Ежелгi ғұн империясы. Қазақстан жерiнде қалыптасқан алғашқы мемлекеттiк құрылымның бiрi— ғұндар мемлекетi. Бұл көшпелi тайпалар мемлекетiнiң алғашқы көрiнiсi.
Бiздiң заманымызға дейiнгi III ғасырда қазiргi Моңғолияның оңтүстiгiндегi Ордостан Каспий өңiрiне дейiнгi Орталық Азияның кең байтақ кеңiстiгiн мекендеген көшпелi ғұн империясы құрылды. Олар бiздiң заманымызға дейiнгi IХ ғасырдың өзiнде-ақ алғашқы мемлекеттiк бiрлестiк ретiнде танылып үлгерген едi. Оларда сайланбалы түрде билiкке ие “сеңгiр” немесе “тәңiрқұты”лауазымымен белгiлi “жоғарғы” мәртебелi басқарды сондай-ақ әскери-потестарлық конфедерациядан тұрды. Ғұндардың жоғарғы билеушiсiн қытай авторлары шанью деп атайды. Бiздiң заманымызға дейiнгi 206 жылы ғұн тайпаларын сеңгiр Мөде (Боғда) шаньюй басқарды. Мөде билiк еткен жылдардың алғашқы кезiнде-ақ, ол Қытайдың шекаралық аудандарына жорықтар жасап отырды. Ол жемiссiз де болған жоқ. Кескiлескен қиын да күрделi шайқаста Мөде әскери-саяси қуаты өзiнен әлдеқайда басым Хань әулетiн сюнну-ғұндардың Ордостағы көшiп жүретiн жерлерiнен дәме етуден бiржола бас тартуға мәжбүр еттi. Хань императоры Гаоцзу әйгiлi Мөде (Боғда) батырдың бiр орталыққа бағынған ұлы держава және империя құрудағы белсендi қызметiнiң алдында тiк тұрып, онымен “тыныштық және туыстық туралы шартқа” қол қойды. Қол қоюмен бiрге оған жыл сайын “сыйлық ретiнде” салық төлеп тұруға да мiндеттендi. Ғұндар тәңiрлiк дiндi ұстанған, олардың мекен-тұрағы Орталық Азия, оның iшiнде негiзiнен қазiргi қазақ даласы едi. Сонымен бiрге олар мал шаруашылығымен айналысты.
Ғұндар мемлекетiнiң құрамына шығыстағы “Шығыс ху” тайпалары мен батыстағы юедилер (юечжи) және үйсiндер және оңтүстiк байян мен лауфань секiлдi көршiлерi жойқын күйретулерден кейiн кiрдi. Ғұндар мен Қытай арасындағы соғыс бiздiң дәуірімізге дейiнгi 188 жылы аяқталып, соңғысы айтарлықтай салық төлеп тұрды. Бiздiң дәуірімізге дейiнгi 90-шы жылдары Қытай тағы да жеңiлiске ұшырады. Бiрақ бiздiң дәуірімізге дейiнгi 47-шi жылы ғұн империясы солтүстiк және оңтүстiк аймаққа бөлiнiп, соңғысы Қытай империясының құрамына қосылды. Б.э. 93 жылы ғұн мемлекетi өмiр сүруiн тоқтатты.
Ал ендi ғұн державасының басқару жүйесiне келсек, билiк басында монарх тұрды. Ол күрделi “жер мен аспаннан туылған, ай мен күн тағайындаған ғұнның ұлы сеңгiрi” лауазымын алды. Сондай-ақ, ол “көктiң (тәңiрдiң) мейiрiмiне ие” “Тәңiр құты” титулын иелендi. Ғұн билеушiсi қасиеттi билеушi қызметiн атқарып қана қоймай, бiрiншi дiн қызметкерi мiндетiн де атқарды.Билiк әкенiң балаға мұра етiп қалдыруымен бiрге тақ билiгi негiзiнен аманат жолыментағайындалатын. Кейде билiктi қысқарту және билiк иесiн сайлау атақты адамдар арқылы жүргiзiлетiн. Сеңгiрдiң өкiлеттiлiгi өте кең болды. Ол саяси және рухани билiк етiп қана қоймай, жоғарғы әскери қолбасшы және дипломатиялық қызметтi де қоса атқарды.
Сеңгiр Си немесе Цяо (Цюлинь)руынан болуы керектiгi мiндеттi едi. Сонымен бiрге атақты үш руы Хуянь, Сюйбу, Лань рулары болды. Сеңгiр олардың арасынан өзiне жар таңдап ала алатын. Аталған рулардың өкiлдерi ғана мемлекетте жоғары лауазымды қызметтердi атқара алатын. Ғұн мемлекетiнiң шенеунiктер қызметi өте күрделi де ыңғайсыз болды. Бес жоғарғы класты шенеунiктер тобы сеңгiрдiң туысқандарынан тұрды. Олар “данышпан князьдар”, “лули князьдар”, “ұлы қолбасшылар”, “бас басқарма”, “ұлы бастықтар” едi. Қалған лауазымдар түрiн белгiлi ру мүшелерi алатын. Барлық лауазым иелерi “оң” және “сол” атанып, сондай-ақ “үлкен” және “кiшi” болып бөлiндi. Ру ақсүйектерiнен басқа ешқандай руға кiрмейтiн “құтты” деген топ болды. Ғұнның мемлекеттiк аппаратында 24 жоғарғы шендегi шенеунiк болды. Олардың әрқайсысында 10 мыңнан 20 мыңға дейiн жауынгерi болып, олар тапсырманы бас сеңгiрдiң өзiнен алды. Уақыт өткен сайын сеңгiрлердiң руы көбейiп ол өзiнiң туысқандарын белгiлi бiр қызметке қою үшiн шенеунiктiк аппаратты ұлғайтып отырды. Сөйтiп, жаңа шендер пайда болды. Олар ұлы цзюй-кюй және жичжо-князь атанды.
Оңтүстiк ғұндардың басқару жүйесiнде бiрнеше өзгерiстер болып, алғашқы екi кластағы шендер өзгерiссiз қалып “төрт мүйiзге” бiрiктi. Аталған қызметтер сеңгiрдiң туысқандарына тиесiлi едi. Одан әрi “алты мүйiздiлер” оң және сол жичжо, вньюйди және чжаньгянди аталып олар белгiлi рулардан сайланды. Одан кейiнгiлер құтты ұлық және жичжо-құтты ұлық аталып, олардан кейiнгiлер “билiк иелерi” сонан соң “меңгерушiлер” узюкуй атанды. Одан басқа оңтүстiк ғұндарда тақ мұрагерлерi үшiн жаңа жүйе пайда болды. Ол басқыштық жүйеде жүргiзiлетiн. Алдымен ағайындылар кезекпен басқарса, одан кейiн олардың балалары басқарып, ең кiшi немерелерiнiң үлкенi басқаратын болды.
Әрбiр 24 жоғарғы шендегi шенеунiктер iстi тиянақты атқару үшiн өздерiне мыңбасы, жүзбасы, онбасы сияқты әскербасыларды тағайындап, олар әлеуметтiк және әскери мiндеттi атқарды. Ғұндардың басқару жүйесiндегi ең басты орынды алатын бiр жылда екi рет жиналатын шенеунiктер кеңесi болды. Онда дiни рәсiмдер мен мемлекеттiк iс жөнiндегi мәселелер қаралатын. Олардың халықты басқарудағы атқаратын рөлi ерекше болып, құдай жолындағы билiктiң рөлiн қуаттап қолдайтын. Әрбiр күз сайын шенеунiктер мен удельдiк басшылары және бөлек-бөлек көшпелi қауымдастық өкiлдерi жиналып, өзiнше ерекше бiр «халық санағын және мал “тексеруiн” жүргiзетiн.
Ғұн империясының территориясы мен тұрғындарына келсек, оның құрамына ғұндардан басқа Орталық Азия аймағындағы барлық көшпелi халықтар, сондай-ақ жеке отырықшылықпен айналысатын аймақтағылар кiретiн. Мемлекеттiң территориясы нақты белгiленiп, ол күзетшiлермен қорғалатын. Территорияның тұтастығы мен ондағы саяси жүйе бiрлiгi Мөде (Боғда) батырдың қатаң қадағалауында болып, соғыстан бас тарту үшiн кез келген жердiң бiр пұшпағы жат жұрттыққа берсiн деп кеңес берген шенеунiктiң басы кесiлдi. Мөде “жер мемлекеттiң негiзi, ол ешкiмге берiлмеу керек” деген принципте қызмет еттi. Сөйтiп, ғұндар санасында мемлекет пен оның территориясының қалыптасуы ерекше орын алды.
Империя батыс және шығыс — қос қанаты болып бөлiнiп, оны “ұлы басшылар” басқарды. Оның әрбiр қанаты әскери бiрлестiктерге бөлiнiп, оларды шенеунiктер биледi. Жаулап алынған территорияларда жергiлiктi жерденәскербасылар тағайындалып, олар салық жинауымен айналысты. Бағындырып алынған жерлер ғұн билеушiсiне бағынышты болып “бiр үйдi құрады”. Яғни, ол бiр мемлекет деген сөз.
Ғұндардың салық салу жүйесi жөнiнде мәлiметтер тым аз. Мөденiң басқару кезiнде халықтан алған малдар мен мүлiктер санағын жүргiзетiн арнаулы кiтап болды. Содан отырықшы және ғұн мемлекетiне бағынышты елдерден жиналған салықтардың есебiн бiлуге болатын. Салықты уақтысында төлемегендердiң әйелi мен балалары алынды. Ғұн мемлекетiнiң шығыс ауданын жайлаған ухуньлықтар жылқы және қой, тағы да басқа малдар терiлерiн салық ретiнде төлеп отырды. Басқарудың тағы бiр жүйесi ол отырықшы аудандарды қоныстанған жұртшылықты империя орталығына көшiрiп әкелiп сiңiстiрiп жiберу едi. Салық жинаумен “әскербасылар” және “наместниктер” айналысты. Сонымен бiрге ғұндар керуен жолдарын қатаң қадағалап, сауда иелерiнен баж салығын алып отырды.
Ғұн империясының егемендiгi мен халықаралық құқық субъектiлiгi. Бiздiң çàìàíûìûç¹à дейiнгi 206 жылдан бiздiң çàìàíûìûç¹à дейiнгi 47 жылға дейiн Ғұн империясы өз егемендiгi мен тәуелсiздiгiн өзiнiң территориясында нық жүргiзiп және оны көршi территорияларға да енгiзе бiлдi. Ғұндардың мемлекеттiк идеологиясы бойынша сеңгiр Аспан өкiлi болып саналып, ол “бүкiл халықтарға патшалық ете алады” және ол күштеп жүргiзiлдi. “Аттың үстiнде соғысу бiздiң мәртебемiз, сондықтан да бiз барлық халықтардың алдында жоғарымыз”, - дейтiн ғұн ақсүйектерi өзiнiң сеңгiрiне.
Әртүрлi жазбалардан бiзге жеткенi ғұндардың көршi мемлекеттермен, сондай-ақ Қытаймен жасасқан шарттары. Бiздiң эрамызға дейiнгi 199 жылғы шарт бойынша қытайлар ғұн сеңгiрiне өз ханшасын берiп, жылына салық төлеп, сонымен бiрге соғыста жеңiлген мемлекеттiң жеңiп шыққан мемлекетке төлейтiн соғыс салығын (контрибуция) төлеп отырды.
Дипломатиялық iс-әрекет және миссиялар арнаулы елшiлер арқылы жүргiзiлдi. Көне жазбалардың айтуынша дунху, юечжи және Қытай елшiлерiнiң ғұн сарайында қабылданып және олардың қытай императорына жiберiлгендiктерi белгiлi.
Бiздiң дәуірімізге дейiнгi 47 жылы оңтүстiк ғұн Қытай протекторатына кiрдi. Соған қарамай ол өзiнiң iшкi басқару құрылымын сақтап қалса, ал солтүстiк ғұндар тәуелсiздiктерiн берген жоқ. Солтүстiк ғұндардың бiр бөлiгi қанғарлармен одақтасып Оңтүстiк Қазақстандағы Талас өзенiнiң бойына өз орталықтарын көшiрдi. Бiздiң çàìàíûìûçдың 93 жылы ғұн империясының қалған қалдығы бұрынғы өз боданындағы халық моңғол тiлдi сяньбилердiң билiгiне көштi. Ғұндардың азғана бiр бөлшегi ғана шектеулi егемендiгiн сақтап V ғасырға дейiн өмiр сүрдi.
Ғұндардың құқықтық жүйесi. Күрделi мемлекеттiк жүйенiң пайда болуы қоғамда құқықты реттеудiң пайда болуына мүмкiндiк ашты. Ғұндардың құқықтық негiзiнiң көзi әдет-ғұрып болды. Қытай жазбаларына сүйенсек ғұндардың заңдары “жеңiл және орындауға оңай” едi. Сот 10 күн аралығында созылып, қамауда отырғандардың саны оннан аспайтын. Күрделi қылмыс жасағандарға өлiм жазасы кесiлiп, ұрлық жасағандардың мүлкi тәркiленсе, жеңiл-желпi жағымсыз iс-әрекеттер еткендердiң жүзiнде iз қалдырылды. Сонымен бiрге көшпелiлердiң дағдылы не әдеттегi құқығы кодификациялана (жүйелене) бастады. Сондықтан да Мөде сеңгiр шығарған кодекс бойынша әскери тәртiптi бұзғандар мен әскери қызметтерден бас тартқандарға өлiм жазасын кестi. Ал меншiк құқығына келсек, көшпелi қоғамдардың бәрiне тән қасиеттер болды. Мысалы, ерекше болып көрiнетiнi жеке отбасы меншiгi, қауым меншiгi, әскери-потестарлық бiрлестiктер мен мемлекет меншiгi едi.
Үйсiн және қаңлы мемлекеттерi. Ғұн державасының пайда болуы Қазақстан территориясында басқа да дамыған мемлекеттiк-құқықтық жүйелердiң пайда болуына себепкер болды. Әсiресе ол ғұндар билiгiндегi аймақтарда кең етек алды. Солардың қатарына үйсiндер мен қаңлылардың мемлекетi жатады. Үйсiндер алғашқы кездерi бiздiң дәуірімізге дейiнгi III ғасырда Данхэ өзенi аймағын жайлаған едi. Егер VIII ғасыр шежiресiне жүгiнсек, онда Бесбалықты “Усун князiнiң шекарасы” дейдi. Ендеше, үйсiндердiң шығыс шегi Бесбалық екен. Олар ғұндардың соққысына ұшырап, ақыры солардың империясының құрамына қосылды. Сондықтан да үйсiндерге “Батыс жақтағы (шекараны) қабырғаны қадағалау” тапсырылды. Сеңгiрдiң көмегiмен үйсiндер юэчжейлердi күйретiп Жетiсу өңiрiн жайлады. Жалпы, үйсiндер туралы алғашқы хабарлар б.з.б. II ғасырдың аяғында пайда болған. Ал қазiргi кейбiр қолда бар деректерге қарағанда олар Жетiсу өңiрiмен бiрге одан да басқа кең байтақ аумақты алып жатқан. Жетiсуға Үйсiндер Орталық Азияның түкпiрiндегi Дұнхуаң және Чилан тауы аралығынан б.з.д. II ғасырда шамамен 160 жылдары көшiп келген деген де дерек бар.Көне Қытай жазбаларының бiрi “Хан патшалығы тарихы” Жаң Чилан өмiрбаяны тарауында үйсiндердiң ханы күнму(күнби)” деп аталған. Үйсiндер Жетiсуды қоныстанбай тұрып мемлекет болған деген де дерек бар.Мысалы, “Күнмудың әкесi Нәндi би тегiнде Чилан мен Дұнхуаң аралығындағы Ұлы иозылармен қанаттас әрi қоныстас отырған кiшi мемлекеттiң иесi” деген де дерек кездесiп қалады. Ұлы иозылар –юечжiлер б.з.д. дейiнгi III-II ғасырларда Чилан мен Дунхуан аралығын мекендеген көшпелi тайпалар. Жалпы, “үйсiн” терминiнiң мағынасы бүгiнгi күнге дейiн өзiнiң нақты дәйектемесiн таба алмай, ол кейбiр қытайдың иероглифтiк жазбаларынан ғана бiзге мәлiм болып отыр. Оның қазiргi айтылуы қазақ этнонимдерiнiң бiрi — Ұлы жүз қазақтарының басты этникалық белгiсi болып табылатын тайпаның өзiн атайтынындай “үйсiн” сөзiне сәйкес келедi. Соған қарамай бiрқатар зерттеушiлер бұл транскрипцияны Орта Азия тарихынан мәлiм асиан этнонимi деп бiлуге бейiм
Бiздiң эрамызға дейiнгi 177 жылы ғұндар протектаратына қарасты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұрғындарының басым көпшiлiгiн жоңғар және Шығыс Қазақстан, Жетiсу тайпаларындағы сақтардың ұрпағы құрады. Бiздiң дәуірімізге дейiнгi II ғасырдың ортасының өзiнде-ақ үйсiндер ғұндардан бөлiнiп шыққан болатын. Соған қарамай бiздiң дәуірімізге дейiнгi 53 жылы үйсiндердiң мемлекетi екiге бөлiндi.
Ал қаңлы мемлекетi жөнiнде дерек өте мардымсыз, тiптi аз деуге де болады. Қаңлылар б.э.д. III ғасырдын бастап Сырдарияның орта алқабы мен Қаратау өңiрiн мекендеген. Қаңлыларға Ташкенттен Хорезмге дейiнгi аралықтағы елдi мекендер қараған. Қаңлы мемлекетiнiң астанасы-Битянь қаласы Сырдарияның орта шенiнде орналасты. Жалпы, Қаңлылар мемлекетi Қазақстан тарихында ерекше орын алады. Өйткенi, ол ежелгi қазақ жерiнде алғашқы мемлекеттiк құрылым қалыптастырып, өзiндiк мәдениет пен өркениеттiң дамуына ықпал еттi.
Б.з.д. II-I ғасыр аралықтарында Қаңлылар алып мемлекетке айналып, ол туралы “Сұй патшалығының тарихы. Батыс өңiр шежiресi. Қаңлы тарауында”; Қаңлы елiнiң 120 мың үй, 600 мың жан саны, 120 мың әскерi барын жазады. Олар Қытай патшалығымен елшi алмасып, сауда-саттық, дипломатиялық қарым-қатынаста болады. Қаңлылардың негiзгi шаруашылығы мал шаруашылығы едi. Қытай мәлiметтерiне қарағанда ол бiздiң эрамызға дейiнгi III ғасырда пайда болған. Олар жергiлiктi дахо-массагеттер мен исседон тайпаларынан бiрiккен. Бiр кезде үйсiндермен көршi болып, қатар қоныс тепкен Қаңлы мемлекетiн қытай деректерiнде “Кангюй” , “Қанғар” , “Кенрiс” дейдi. Сондықтан да, бiз сол ұғым-терминге байланысты тарихи деректердi азды-көптiлiгiне қарамай барынша пайдалануға ұмтылдық.
Қытай деректерiнiң ендiгi бiр тұсында, яғни “Сұй патшалығының тарихы.Батыс өңiр шежiресi.Қаңлы тарауында” олардың ханы Ұлы иозылардың уын руынан шыққан деп жазады. Ал қоныстанған мекендерi Чилан тауының солтүстiгiндегi Жаұу қаласында деген мәлiметпен толықтырылады.Сонымен бiрге оларды ғұндар талқандап, содан кейiн қаңлылар батысқа қоныс аударды делiнген.
Үйсiндердiң басқару жүйесiне келсек, мемлекет басында Күнбек (Күнби) — “ұлы билеушi” дәрежесiн алған билеушi отырды. Ондағы тақ алмасу рәсiмi мұрагерлiк арқылы жүргiзiлдi. Сонымен бiрге күнбектер(Күнбилер) өзiнiң атақ-дәрежесiне “би-князь” дәрежесiн де қосып алды. Бiздiң дәуірімізге дейiнгi 53 жылы мемлекет екiге бөлiнген кезде бiр-бiрiне тәуелсiз, егемендi Ұлы күнбек және Кiшi күнбек пайда болды. Сонымен бiрге жоғары билеушiмен қатар шенеунiктердiң бiрнеше категориясы болды.
Күнбектiң көмекшiсi дұғлы дәрежесiн алып, ол бас атқарушы билiктiң рөлiн атқарды. Кейбiр қытай жазбаларында үш шенеунiк туралы айтылады. Ол дәреженi алушылар сян-дұғлы, цзо-дұғлы және ю-дұғлы деп аталады. Одан төмен екi “ұлы қолбасшы” және жер үлесiн алған үш удельдер билеушi болды. Олардан басқа кейбiр жазбаларда дагянь, дуюй, дали, шечжун-дали, кигюнь дәрежелерi бар шенеунiктер болғанын дәлелдейдi. Олар әскер басының көмекшiлерi болуыменен бiрге салықтар жинап, заңдардың орындалуын қадағалады. Әрi Күнбектiң (Күнби) iстерiне көмектестi.
Қаңлы мемлекетiнiң басында Уын руының өкiлi тұрды. Ол шығыс-сақ халқының юэчжи тобынан тарайтын. Оларды “би” дәрежесiн алған патша басқарды. Ал ендi бiр деректерде Қаңлы елiнiң басшысын хан деп атаған. Кейбiр жазбаларда оны “ябгу” немесе “жабгу” дейдi. Қалай болғанда да оның билiгi азаматтық та, әскери iстерге де жүрген. Одан да басқа мемлекеттiк әкiмшiлiк аппаратқа патшаның “көмекшiлерi” мен үш кеңесшiсi кiретiн.Қаңлы мемлекетi өз iшiнде бес иелiкке бөлiнiп, оларды хан өкiлдерi билеген. Иелiктер болса, өздерiнiң орталық қалаларының атымен аталған.
Үйсiндердiң мемлекеттiк территориясы оң қанат, орта және сол қанат болып үшке бөлiндi. Олардың әрқайсысында кемiнде 10 мыңнан жауынгер болған. Ал бiздiң дәуірімізге дейiнгi 53 жылдан кейiн олар ұлы және кiшi Күнбекке(Күнби) бөлiнiп, оларға тиесiлi шекаралар арасына белгi соғылды. Сөйтiп, үйсiндер өз территорияларын нақты белгiлеп алды. Сондай-ақ, үйсiндер билiгiне көршi хюсюнь, гюань-ду, юйту және басқа халықтар кiрдi. Оларға наместниктердi Күнбек сайлады.
Қаңлы мемлекетi үлкен аймақты алып жатты. Бiздiң дәуірімізге дейiнгi II-ғасырдың аяғы-I ғасырдың басында оған Орта Азиядағы бес “шағын” иелiк Юени, Сусе, Фуму, Ги, Юегань және алан-сармат бiрлестiгi бағынды. Қаңлылардың мемлекетi гүлденуi кезеңiнде Сырдарияның орта және төменгi ағысы территориясынан бастап, шығысында Талас өзендерiнiң бойын жағалап Орталық және Батыс Қазақстан, Хорезм мен Амудария және Сырдария өзендерiнiң үлкен бөлiгiн жайлады. Қытай жазбалары Орталық Азияны жайлаған мемлекеттердiң тұрғындарының саны туралы мәлiметтердi нақпа-нақ дәл келтiредi. Аталған жазбаларға қарағанда Үйсiн мемлекетiнде 630 мың адам немесе 120 мың отбасы болса, қаңлыларда 600 000 адам немесе 120 мың отбасы болған.
Үйсiн және Қаңлы мемлекеттерiнiң егемендiгi мен халықаралық құқықтық субъектiлiгiне келсек, бұл екi мемлекет те алғашқы кезде ғұн империясының құрамында болды, қаңлылар оңтүстiгiнде юэчжиларға да бағынды. Ал бiздiң дәуірімізге дейiнгi II ғасырдың ортасында үйсiндер тәуелсiз де егемендi мемлекет атанып, халықаралық құқыққа терезесi тең құқықтағы субъектi ретiнде кiредi.
Қытай және ғұн мемлекетiмен үйсiндер арасында өзара ынтымақтастық туралы шарт болды. Кейiн Қытай империясының ықпалының артуы мемлекеттiң ыдырауына әкеп соқты. Ұлы Күнбектер негiзгi бағыт бағдарларды Қытайларға қарап ұстаса, ал кiшi күнбектер ғұндардың одақтастары болды. Қолда бар жазбалар деректерiне сүйенсек, үйсiндер көршi мемлекеттермен тығыз байланыста болған.
Бiздiң эрамызға дейiнгi II-I ғасырларда қаңлылар мемлекетi күшейiп өздерiнiң ешкiмге тәуелсiз iшкi саясатын жүргiзедi де, қытайлардың Оңтүстiк Қазақстанға кiрмек болған ниетiне қарсы әрекет етедi. Сөйтiп, бiздiң çàìàíûìûç¹à дейiнгi I ғасырда Орталық Азияда Жiбек жолын қалыптастыратын 2 әскери саяси одақ құрылды. Оның бiрiншi жағы Қытай коалициясы болып құрылған үйсiн иелiгiндегi ұлы Күнбек және Шығыс Түркiстандағы ұсақ князьдiктер тiзбегi, ал екiншi жағы қаңлылар мен Орта Азиядағы мемлекеттер, сондай-ақ Солтүстiк ғұндар одақтастығы едi. Сөйтiп, Қашқария мен Ферғананы жаулап алмақшы болған алмақшы болған қаңлылар мен ғұндардың бiрлестiгi күшейдi. Кейбiр деректерге қарағанда қаңлылардың жазбаша да заңдары болған. Олардың заңы хан сарайында сақталады. Осы заң бойынша қылмыстыларды жазалайды.Өрескел ауыр қылмыс жасағандардың тұқымы құртылады.Одан соңғылары өлiм жазасына үкiм етiледi. Ұрлық iстегендердiң қолы кесiледi,— деп жазылған Қаңлы заңдарында.
III-IV ғасырларда үйсiн және қаңлылар мемлекетi тарап, олар жартылай иелiктерге бөлiнiп өздерiнiң егемендiктерiн жоғалтады. Алғашқы кезде үйсiндер ғұн –юэбань, кейiн Гаогюя және жужандар билiгiне көшедi. Ал қаңлылар болса эфталиттер билiгiне бағынады.
Бiздiң дәуірімізге дейiнгi III ғасыр — бiздiң дәуіріміздің III ғасырда Қазақстан мемлекетi мемлекетке қажеттi функциялардың барлығын иеленiп, сонымен бiрге қоғамдық қатынасты реттейтiн нормативтiк-құқықтық жүйелерге ие болды. Оның дамуына себепкер болған бiрден- бiр қайнар көз-жазудың пайда болуы едi. Бүгiнгi күнге дейiн бiзге руна жазбалары бар бiрнеше ескерткiштер белгiлi болып отыр. Олардың бәрi үйсiндерден қалған деп болжамдалған. Ал Қаңлы мемлекетiне байланысты Қытай жазбалары бiрнеше мәлiметтер қалдырған. Соған қарағанда үйсiндер мен қаңлылардың өзiндiк заңдар кодексi болған көрiнедi.
Әлеуметтiк-экономикалық қатынастардың дамуы аталған мемлекеттерде меншiк құқығының қаншалықты эволюциялық жолмен дамығанын аңғартады. Үйсiндерде малға жеке меншiкпен бiрге оларда белгiлеген арнаулы таңбалардың пайда болғанын бiлемiз. Ол таңбалар Үйсiн мемлекеттерiнде меншiктiң болғанын айқындайды. Ал, қаңлылар мемлекетiнде бiздiң дәуіріміздің бас кезiнде-ақ өзiнiң теңге жүйесi пайда болып, билеушiнiң таңбасы соғылған өз тиындары болған. Бұл белгiлi әлеуметтiк-экономикалық қатынасты реттейтiн мемлекеттiк-құқықтық жүйелерiнiң мықты дамығанын көрсетедi.
4. VI-ХII ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы ерте феодалдық монархиялар
II-V ғасырлардағы халықтардың ұлы қоныс аудару дәуiрi Қазақстанның, Орта Азия мен Шығыс Еуропаның этникалық және саяси каық және саяси карежедегi өзгерiстерге түсiрiп, тарихи сан-алуан қырлы жағдайлардың өрбiп-өсуiне әкелiп соқты. Сөйтiп, V ғасырдың өзiнде-ақ түркi тiлдес теле (тирек) тайпалары одағының саны жағынан көп топтары Солтүстiк Моңғолиядан Шығыс Еуропаға дейiнгi далалық өңiрлердi қоныстанып жайлады. Ал Оңтүстiгiнде олардың көшiп жүретiн жерлерi Амударияның жоғарғы ағысына дейiн ұзыннан-ұзақ созылып жатты.
Сөйтiп, VI ғасырда Қазақстан территориясы түрiк тайпасының әулеттiк Ашин руынан шыққан Түрiк қағанатының билiгiне көштi. Ал, түрiк этносының өзi әуел баста, яғни қағанаттың құрылар алдында Ганьсу, Шығыс Түркiстан және Алтай аймақтарында III ғасырдан VI ғасырға дейiн кезең-кезеңмен қалыптасқан болатын. Ол сөйтiп, жартылай көшпелi мал шаруашылығымен айналысатын негiзде қаланған iрi екiншi империяның құрылуына әкелiп соқты. Еуразиядағы әскери-саяси күштiң осынау қалыптасуы заңдылық та едi. Өйткенi, көшпелiлердiң өмiрi олардың техникалық және әскери iстерiне елеулi ықпал еттi. Бiр орталыққа бағынған күштi мемлекет қоғамдағы қарым-қатынасты реттейтiн жаңа нормаларды қалыптастыра бастады және оларды орындауға ықпал ететiн жағдайды қамтамасыз еттi.
Сөйтiп, аталған даму процесiнде VI ғасырда түрiктiң ашин руының бастауымен ұлы көшпелi мемлекет пайда болды.
Ежелгi түрiк қағанаты және оның құқықтық жүйесі. V ғасырда Қытай-ашинға бағынған алғашқы ғұн бiрлестiгi Алтай территориясына көшiп, жужандардың құрамына кiредi. Мiне, осы бiрлестiк “Түрiк” атын алады. Түрiк этнонимiнiң алғаш рет аталуы Қытай жылнамаларында кездеседi. 551 жылы түрiктер жужань билiгiнен құтылу үшiн Қытаймен одақтасады. 552 жылы түрiк билеушiсi Бумын Ел-хан дәрежесiн алып, жаңа түрiк империясының өмiрге келгенiн заңды түрде мәлiмдейдi. Сөйтiп, VI ғасырдың 60-70 жылдарында Тынық мұхиты мен Қара теңiз аралығындағы Еуразия даласын жайлаған жартылай көшпендi және көшпендi бiрлестiктердiң барлығы сол түрiк қағанатына бағынды. Ал, 603 жылы ол Шығыс және Батыс түрiк қағанаты болып бөлiндi. Батыс түрiк қағанаты қазiргi Қазақстан, Орта Азия, Шығыс Түркiстанның жарты территориясын игердi. Батыс түрiк қағанатының орталығы Суяб (Жетiсу) болды. Батыс түрiк қағанаты аталған бөлiнуге қарамай Шығыс түрiк қағанатына едәуiр дәрежеде саяси тәуелдiлiкте болды. Ондағы өкiмет билiгi түрiктердiң қаған руы — ашиналардың қолында едi. Батыс түрiк мемлекетiнiң бiрiншi басшысы-қаған, жоғарғы билеушi, билеп-төстеушi, әскер басы болды. Ол бүкiл қағанатты биледi. Сонымен бiрге оның билiгiне Шығыс қағанат та кiретiн. Ал оның Батыс бөлiгi жалпы қағанға бағынатын Ябгу-қаған дәрежесiндегi басшының билiгiнде болды.
Қағанаттағы билiктiң негiзгi бастауы көк Тәңiрi едi. Ол құт болып саналды. Қаған дәрежесiнiң өзi “Тәңiрiден жаралған, Тәңiрге ұқсаған” деген ұғымнан шыққан болатын. Түрiк қағанатында тақ мұрагерлiгi сатылы жүйеде жүрдi. Ол Оңтүстiк ғұндардан алынып, удельдiк жүйемен толықтырылған болатын. Жаңа тәртiп бойынша тақ мұрагерлiгiн әкесi баласына емес, ағасы iнiсiне және немерелерiнiң үлкендерiнiң бiрi кiшi немере ағасына мұрагерлiкке бередi. Кезек күткен тақ иегерлерi удельдiк билiктi бөлiскен кездерiнде таққа қайсысының жақындығына байланысты бөлiстi. Жаңа қаған сайланғаннан кейiн бүкiл кезек салыстырмалы түрде iлгерi жылжып, ханзадалар жаңа удельдердi иелендi. Ол жаңа мәртебеге (статусқа) сай болды.
Шығыс және Батыс түрiк қағанатының басқару жүйелерiнде айырмашылық бар едi. Шығыс қағанатындағы билiк басындағы жоғары шенеунiктер қатарына келсек; қағаннан кейiнгi екiншi адам ұлық болып, ал жоғарғы лауазымдылар шад және елтебер, жабғу, тұтық болды. Қағанның туысқандары тегiн дәрежесiн алды. Сот қызметiн бұйрықтар мен тархандар атқарды. Ал Батыс қағанатында удельдердi басқаратын еркiндер мен шоралар басшылығы болды. Кейiн әрбiр әскери әкiмшiлiк бiрлестiгiне ябғу қағанның өкiлдерi болып келетiн шадтар сайланды. Жергiлiктi жерлердегi ақсүйектер сословиесiнiң басты тiрегi болған тайпа бастықтары бектер деп аталды. Түрiктерге бағынышты Орта Азия княздiктерiнде бұрынғы билеушiлер өз орнын сақтап, олардың басым көпшiлiгi қағанға бағынатын қаңлы династиясынан болды. VIII ғасырда әрбiр князьдiкке қаған наместнигi тұдындар сайланды.
Түрiк қағанатының негiзгi құқықтық көзi-әдет-ғұрып болған.
603 жылы Батыс қағанаты өзiнше жеке мемлекет болып, кейiн Батыс-Түрiк қағанаты атымен белгiлi болды. Оны ашин руынан шыққан қаған биледi. Қағаннан кейiнгi екiншi адам ұлық деп аталды. Қалған шенеунiктер санаттық қағанатының басқару құрылымын қайталады. Ол 704–756 жылдар аралығында Түргеш қағанаты аталса да, сол басқару жүйесi сақталып қалды. Ал, түргеш қағанаты ашин династиясын алмастырған болатын.
VIII-IХ ғасырларда Жетiсу және Оңтүстiк Қазақстан территориясында билiк құрған Қарлұқтардың басқару жүйесiнiң желiсi қарапайым болды. Олар алғашында ұйғыр қағанатына бағынып, қарлұқтар басқарушысы оң ябғу немесежабғу лауазымын алды. 746 жылы қара қарлұқтардың жабғысы өзiнше жеке билiкке ие болып, 756 жылы Түргеш қағанатын ысырып шығарды. Қарлұқ мемлекетiне кiретiн жеке билiк иелерi өзiндiк еркiндiкке ие болып хан, тегiн, инал-тегiн, ялан-шах және басқа да лауазымдарға ие болды.
Жалпы, көшпелi түркi қағанатының ел басқару құрылымы үштiк жүйеге негiзделген. Олар қағанатты тардуш (оң қанат), төлес (сол қанат) және iчрекi (орталық) деп үшке бөлген. Бұл жүйе сонау скифтерде (icyuz ~~ ic-oyuz-iчоғуз) iш-оғуз орталық, сыртоғуз (оң және сол қанат) болып үшке бөлiнсе, iш-оғуздардың (скиф) өздерi бөлек мемлекет болған кезде скиф-патша (хан тұқымы), скиф-көшпелiлер (мал шаруашылығындағылар), скиф-жер жыртушы (егiншi) деп бөлiнедi. Скифтердiң арғы атасы Тарғытайдан да үшеу (Липоксой, Арпоксой~, Êîëîêñîé~), ал Гераклдiң үш ұлы Агафрис (агачер), Гелон (жылан-иылан), Скиф (iч-оғуз) тағы да үшеу. Хуннулар да осы үш құрылымды пайдаланған. Олар да батыс, шығыс жүкилер және ханорда болып келедi.
Түрiк қағанатының территориялық және әкiмшiлiк бөлiнуi. Жоғарыда атап өткенiмiздей Түрiк қағанаты Шығыс және Батыс қағанаты болып екiге бөлiндi. Егер тұтастай мемлекет түрiк елi атанса, батыс бөлшегi, яғни Батыс Түрiк қағанаты “он оқ” елi атанды. Оның олай аталуының себебiнiң сыры — ондағы әкiмшiлiк-территориялық ел бөлiнуiнiң он аймаққа — он оққа бөлiнуiнен едi. Суябтан батысқа қарай бiрiккен бес аймақ оң қанат болып-он шадаталса, ал шығысқа қарай бес аймақ дулу атанды. Оларды бөлiп жатқан шекара Iле өзенi едi. Түрiк қағанатына бағынған Жетiсу мен Орта Азиядағы қалалар бұрынғы басқару жүйесiн сақтап қалған.
656 жылғы жеңiлiстен кейiн Батыс Түрiк қағанатының екi қанаты Қытайдың екi наместниктiлiгiне негiз болды. Қытай жаулап алуынан кейiн Түргеш қағанаты өз империясын жаңадан қалыптастырды. Бiрақ әкiмшiлiк жүйесi өзгердi. Үшелiк қаған VIII ғасырдың басында мемлекеттi әр бiрiнде 7000 шаруашылық бар 20 аймаққа бөлдi. Ол тұтық (түтүк) деп аталды. Аталған аймаққа қоныстанғандарды ешқандай тайпаға не ұлысқа жатқызуға болмайды. Олар этникалық жағынан емес, саяси тұрғыдан бiрiккен едi. Өйткенi, Батыс Түрiк қағанаты соғыс кезiнде бiр түмен, яғни 10 мың әскер шығарып, оларды қаған сайлаған шенеунiк басқарды. Осыған қарамай түрiк дәуiрiне дейiнгi тайпалар бiрлестiгi кей жерлерде жеке-жеке бөлiнiп, аймақтар құрамына кiрдi. Он оқ бiрлестiгiмен бiрге Түрiк империясының құрамына оғыз бiрлестiгi ендi. Ол өзiне орта азиялық Соғды князьдығы мен өзiне тәуелдi көшпелi жұртшылықты енгiзетiн. VIII ғасырда Түрiк қағанатындағы бiр орталыққа бағынған билiктiң әлсiреуiне байланысты оның әкiмшiлiк бөлiнуiндегi құрылымдар да бiршама өзгердi. Аймақтар жартылай тәуелсiз иелiктегi қалалық аймақтар мен көшпелi тайпалар бiрлестiгiне айнала бастады. Сөйтiп бiр кездегi орталығы iрi қалалар болған удельдiктер жүйесi кеңiнен дамыды. VIII ғасырда Ислам дiнiнiң таралуына байланысты Түрiк қағанатының әкiмшiлiк құрылымына едәуiр жаңалықтар енгiзiлдi.
Түрiк қағанатының егемендiгi мен халықаралық құқық субъектiлiгi. Түрiктер өздерiнiң мемлекетiнiң пайда болуын халықаралық құқық саласындағы ерекше субъектi ретiнде пайда болуымен байланыстырады. 545 жылы Бумын ордасының орталығына Батыс Бэй империясынан Қытай елшiлiгi келгенде, ордалықтар бiр-бiрiн құттықтап өздерiне ұлы державаның өкiлi келгенiн айта отырып, болашақта бiздiң мемлекеттiң атағы жер жарады деп мақтанған. Шындығында да қаған лауазымы Қытай және Византиядағы императорлық лауазымнан кем емес болатын. Мұндай лауазымды өз мемлекетiн басқарған ғана емес, сонымен бiрге өзге мемлекеттердегi этностарды билеп төстеген адам ғана иеленетiн. Сөйтiп Қазақстан территориясындағы қаған лауазымы ашин династиясынан кейiн Түргеш қағанаты, қарлұқ қағанаттарымен алмастырылды. Соңғы қарлұқтар, IХ ғасырдың ортасына дейiн ұйғыр қағанатына тәуелдiлiгiне байланысты қаған атанбады. Өйткенi ол егемендiк пен халықаралық құқық субъектiлiгiне ие емес болатын. Жалпы түрiк және Батыс-Түрiк қағанатында дипломатиялық қызметтерге ерекше көңiл бөлiндi. Оның айғағы — олардың Қытай мемлекетiменен елшiлiк және дипломатиялық хаттар арқылы байланысып тұруы, сондай-ақ Иран мен Византия империясымен де байланыста болуы. Мысалы, Византиядағы — Маниах, Қытайдағы — Мохо-шат және т.б. елшiлерi аттарының белгiлiлiгi. Сонымен қатар Түрiк қағанатында Византияның Валентин және Земарх елшiлерiнiң болуы жоғарыдағы келтiрiлген мысалдарымызды растай түседi.
Түрiк қағанаты халықаралық саясатқа белсендi араласып, ондағы әскери-саяси одақтар мен блоктар жүйесiне кiруi де оның әлемдегi алатын орнын айқындайды. VII ғасырдың 20-жылдарында екi коалицияға бөлiнiп Ұлы Жiбек жолына қадағалау жүргiзуге тырысулар және қырғи қабақ соғыс жағдайында бiр жағында Батыс Түрiк қағанаты, Қытай мен Византия, ал екiншi жағында Шығыс Түрiк қағанаты, Иран және Авар қағанатының болуы сөзiмiздi дәлелдей түседi. Түргеш (704-756) және қарлұқ (756-940) династиясының билiгi кезеңiндегi Түрiк мемлекетiнiң әлсiреуi, түрiктердiң дипломатиялық белсендiлiгi мен дипломатиялық байланысының қысқаруына әкеп соқты. Батыс Түрiк қағанаты өз егемендiгiн жоғалтып, нәтижесiнде қарлұқ династиясының қайта қолға алуыменен мемлекеттiң тәуелсiздiгi сақталып қалды.
Түрiк қағанатының салық және қаржы (финанс) жүйесi. Түрiк қағанатының тұрғындары қаншалықты салық жинаудың қиындығын кешкенi деректерде дәлме-дәл көрсетiлмегенiмен, оларға тәуелдi аймақтардағы тұрғындар салық азабын сезiнген. 629 жылы жаулап алынған Агванияны Батыс Түрiк жабғу-қағаны салықтың әр түрiменен қинағаны ежелгi жазбалардан белгiлi. Сондай-ақ, қаған Орта Азия мен Жетiсуды тұрақтанған согдилiктерден де алым-салықты аяусыз алып тұрған. Бюджеттi толтырудың негiзгi көзi- жiбекпен сауда жасау болатын. Оларды Қытайдан алып тұрды.
VII-VIII ғасырларда Батыс Түрiк және Түргеш қағанаттарында өз таңбалары мен қаған Елтаңбасы бар тиындар шығара бастады. Сөйтiп, көшпелi мемлекеттер де өздерiнiң бюджеттiк-қаржылық түсiмдерi арқылы қаржы жүйесiн жасауы өмiрге келдi. Олар өздерiнiң қаржы құқығы реттелуiн де назардан тыс қалдырған жоқ.
Түрiк қағанатының құқығы. Ежелгi түрiктердiң құқығы негiзiнен алғанда, мемлекет қорғайтын және құқықтың жеке тарауларына жататын мемлекет заңдарын бiрыңғай жүйеге келтiрiп бiрiктiретiн рәсiмi мен әдет-ғұрпы болды. Әдет-ғұрпы құқық төре аталып, ал соттар жазбаларда түзел (тюзель) мен түзелбек (тюзюлбек) терминiмен аталды. Ең ауыр жаза болып мемлекетке сатқындық жасау мен адам өлтiру есептелдi, олар өлiм жазасына кесiлетiн. Ұрлық жасаушыға айып салынып, ұрланған затының 9 есе құнын төлейтiн. Сонымен қатар жеке тұлғаларға жасалған қастандық мүлiктiк өтем принципi тұрғысынан жазаланатын.
Сөйтiп, VI ғасырда Орталық Азияда жаңа көшпелi империя пайда болып, оны ашин руының iшiндегi түрiк ақ- сүйектерi басқарды. VIII-Х ғасырлардағы билiк түргештер мен қарлұқтардың қолына өткенiне қарамай, түрiктердiң мемлекеттiк құрылымы мен қоғамдық өмiрiндегi саяси жүйеге айтарлықтай өзгертулер енгiзiлген жоқ.
Түргеш және Қарлұқ қағанаттары. Батыс Түрiк қағанатындағы өзара тартыстар, Жетiсу өңiрiнде үстемдiк орнатуға ұмтылған Қытайдың императорлық әулетiнiң әскери-саяси әрекеттерi қаған билiгiн әлсiретiп, тiптi бертiн келе оның атының өшiп қалуына ықпал еттi. Нәтижесiнде тарихта Баға-тархан (мөге-даган) деген атағы бар Үшлiк (Учжилэ) бастаған түркештер пайда болды. Мұның бәрi бiр кездегi “Он оқ” құрамына кiрген тайпалардың бұрынғыдай қаған атынан емес, өз қимыл-әрекеттерi арқылы мiнез көрсете бастауларынан едi. 694 жылы таққа отырған Ашина Туйцзы тибеттiктермен одақтаса отырып Шығыстағы Қытай әскерiне қатты қарсылық ұйымдастырып Жетiсудағы Нұзұқ-Еркiн, түргеш Чықан және ұлық-оқ тайпаларының басшысы бастаған тайпалар Суяб бекiнiсiн қоршауды ұйымдастырған деген де шежiрелерде жазбалар бар.
Аталған аймақтың халқын басу үшiн түрiк Хусэлоның бастауымен әскери күш ұйымдастырылып, үлкен жорыққа әзiрленедi. Бiрақ ол жоғарыда айтқанымыздай, Баға-тархан (мөге-даган) деген атағы бар Үшлiк (Учжилэ) бастаған түркештер едi. Қағанаттың сол қанатының құрамына кiрiп, халқы көп саналатын түркештер VI ғасырда-ақ Шу-Iле қос өзенi аралындағы кең байтақ алқапты алып жатты. Сонымен бiрге олар Жетiсу керуен жолдарының көбiн өз бақылауында ұстады. Сөйтiп, түркештердiң ықпалы бiрте-бiрте аталған аймақта артып қана қоймай, оларға бағынышты тайпалар саны да арта түстi. Үшлiк өздерi иеленген жерлерде әрқайсысы 7000 адамнан 20 түтiктiк құрды. Сөйтiп, Шудың солтүстiк-батысындағы өз ордасын Суябқа көшiрiп, оны Үлкен орда деп атады. Сонымен бiрге Күнгiт қаласында оның Кiшi ордасы да болды.
Үстемдiк үшiн күрес кезiнде Iле түргештерi Қапаған-қаған бастаған шығыс түрiктерiмен әскери одақ құрып, Ертiстегi Болушу өзенi бойында қатты шайқасады. Мұнда Шу түргештерi, яғни сары түргештер қатты жеңiлiске ұшырап, қара түргештер жеңiске жетiп, олардың ордасы Таласқа көшiрiледi. Қаған тағына қара түргештердiң шапыш (чэбиши) тайпасының өкiлi Сұлықты (Сұлу) отырғызады. Сол кездегi құжаттарға қарағанда Түргеш қағанатында көптеген әлеуметтiк өзгерiстер болған. Қара түргештер мен сары түргештердiң билеушi топтары арасындағы қарама-қайшылық шиеленiсе түстi. 738 жылы Сұлық қаған өлгеннен кейiн, күрес-жанжал өзiнiң шарықтау шыңына жеттi. Шежiреде жазылғандай, түргеш қағанатында “Сөгенiң” (Сақалдың) ұрпақтарын сары рулар (сары түргеш) деп, ал Сұлу (Сулуқ) ұлысын қара рулар (қара түргеш) деп атайды. Олар бiр-бiрiмен жауласады, бiрiне-бiрi сенбейдi. Осылайша Қағанаттың ордалары Таласта және Суябта болған қара түргештер мен сары түргештердiң бөлiну жүйесi қалыптасады. Алайда,ҮIII ғасырдың 40-жылдарынан бастап, бұл принцип iс жүзiнде сақталмайды. 756 жылы түркештердi қарлұқ тайпалары басып алады.
Қарлұқ қағанатына келсек, қарлұқтар ежелгi кезеңде Алтайдың ең iрi бұлақ, шегiл (чегиль) және тәшiл (ташиль) үш руларын бiрiктiрген “үш оғыз”, “үш қарлұқ” атымен белгiлi. Бұл бiрлестiк VIII ғасырдың басында екi түрiк қағанатында қалыптасқан. Бiрлестiктi алғашқы кезде ашин үйiнiң ханшалары басқарды. Оларды қарлұқтар “жабғу” (ябгу) немесе “елтебер” деп атайтын. Соған қарамай бiрлестiктегi билiк рулық бектерге тиесiлi едi. Олар ашиндардың арасындағы үш оғыздардың билiгi кiмде болуы керектiгiн шешетiн. Бектердiң қысымымен қарлұқтар шығыс түрiк елiне немесе сонда көтерiлiстер жасауға қатынасатын.
744 жылы lшкi Азияда Ұйғыр мемлекетi құрылып, қарлұқтар Алтайдан Шығыс Түркiстан территориясына ығыстырылды. Кейiн VIII ғасырдың аяғында олар ұйғырлар қысымына түсiп Жетiсуға қарай шегiндi. Сонымен бiрге қарлұқтар қытайларменен күресiп, Батыс өлкеде арабтармен, түргештермен қақтығыста болды (Шығыс Түркiстанда).
756 жылы түргештердiң күйреуiне көзi жеткеннен кейiн қарлұқтар Жетiсуды түпкiлiктi мекендедi. Мiне, сол жылдан бастап, оларда мемлекеттiк билiк институттары қалыптаса бастады. 766 жылы қарлұқтар Тараз қаласын бақылайтын дәрежеге жетiп, сол жылы қытайлардан Суяб қаласын жеңiп алды. Бiрақ Қарлұқтар Шығыс Түркiстанда ұйғырлардан жеңiлгеннен кейiн, өз билiктерiн ұстап тұра алмағандықтан, сөйтiп Тәрiм (Тарим) өзенiнiң бойындағы бай оазиске билiк жүргiзуден бас тартты. 840 жылы қарлұқтар Енисей қырғыздарымен одақтасып Ұйғыр қағанатына шабуыл жасады. Ұйғыр мемлекетi Алтайда өмiр сүруден қалды. Қарлұқтар Өтекен (Отюкенскую землю) жерiн жаулап алып, қарлұқтардың басшысы Бiлге Күл Қадыр хан өзiн 840 жылы қаған етiп жариялады. Өзiнiң даму кезеңiнiң шарықтау шегiне жеткен шағында қарлұқтар Жетiсу, Ферғана, Тохаристан территориясының едәуiр жерлерiн қадағалауға алды. Соған қарамай қарлұқтар қатаң тәртiпке бiрiктiрiлген бiр орталыққа бағынған билiк пен бiр орталықтағы басқару аппаратына қол жеткiзе алмады. Бүкiл мемлекет өзiнiң даму кезеңiнде iрi бес удельге бөлiндi. Оның бас қаласы және округi Испиджаб болды. Бiлге Күл Қадыр хан Тохаристанда да билiк жүргiздi. Кейiн арабтар жаулап алған Баласағұн мен Таразда қағанның Базыр Арслан хан және Оғұлшак Қадыр хан деген балалары билiк жүргiздi. IХ ғасырдың ортасында ұйғыр қағанаты күйрегеннен кейiн қарлұқтар Қашқар округiн алып, онда көшпелi мал шаруашылығымен айналысатын iрi яғма рулық бiрлестiгiне бiрiгiп қарлұқтардың мемлекетiн құрады. Қашқарда қағанның немересi Сатұк Богра-хан 940 жылы билiк жүргiздi. Ол 960 жылы Исламды мемлекеттiк дiн деп жариялап, жаңа мемлекеттiк-құқықтық жүйе қалыптастырды. Әрбiр билеушiде өзiнiң автономиялық фискальдiк билiк жүйесi болып, олар салықтарды өз иелiктерiндегi жұртшылықтан жинап, өздерiнiң басқару аппараты мен жеке әскерлерiне бердi. Испиджабтағы орталық билiкте айтарлықтай бедел болмады. Көшпелi қарлұқтар өз қаруларының күштерiмен соғдылар, қаңлылар, үйсiндер бiрлестiктерiне билiк жүргiзiп отырды. Мұндай бiрлестiктерде сепаратистiк бағыт-бағдар өте қатты дамыған болатын. 840 жылы Саманид мемлекетi исламның кең етек жайып, оның барынша тарауымен мұсылмандық туы астында бiрiгiп, қарлұқтардың бас қаласы Испиджабты (Сайрам) жаулап алды, ал 893 жылы Тараз қаласын иелендi. Х ғасырдың басында Қарлұқтар бiрлестiгiнде бытыраңқылық күшейдi. Мұны Қашқардың түрiк билеушiлерi тиiмдi пайдаланды. 940 жылы Қарлұқ мемлектi құлады, Қараханидтер Баласағұн қаласы мен Шу аймағын өздерiне бағындырып алды.
Оғыз мемлекетi. VIII ғасырдың аяғында Оғыздар немесе теле тайпасы Жетiсу территориясына ауып келiп, кейiн қарлұқтардың қысымымен Батысқа қарай кангрестердiң жерiне ысырылады. Қаңлылар (кангюй) (кангрестер — византия жазбалары бойынша) Сырдария бойындағы қалалар мен оазистердi барынша қорғап бақты. Бiрақ қимақтар, оғыздар мен қарлұқтардың бiрiккен күштерi арқылы ол қарсылықты күйреттi.
Қаңлылардың отырықшылық жермен айналысатын өркениеттiлiгiндегi қалалық сауда өз егемендiгiн жоғалтып, жаңадан қалыптасқан оғыз мемлекетiнiң бiр бөлшегi болып қалды. IХ ғасырдың басында қарлұқтар Сырдария өзенiнiң жоғарғы жақтарын жайласа, ал оғыздар оның орта және төменгi бөлiгiн иеленедi. Ал қаңлылардың (кангю) көшпелi тобы батысқа қарай жылжып Волга мен Орал өзендерiнiң бойларын жайлап, кейiн “печенегтер” атымен аталатын рулар федерациясын құрайды.
Ал оғыздар болса, өздерi жаулап алған территорияларда өздерiнiң басқару аппаратын құрып, бiрте-бiрте Иран тiлдi отырықшы ел басын бiрiктiретiн бiрлестiк пен жаңа мемлекет құрайды. Олардың көшпелi билiк салаларын түрiк тiлдiлер басқарды. Сырдарияның төменгi жағындағы далалық шекаралары мен оазистерiнде оғыз билеушiсiнiң қарамағындағы жаңа мемлекеттiң басын бiрiктiрген Янгикент (Жаңакент) немесе Жаңа Гузия орталығы ашылды. Мемлекеттiк билiктi ашиндерден тарайтын жабғу (ябгу) атақ дәрежесi бар билеушiлер иелендi. Оғыз жабғуларының “күл-еркiндер” деген атақтары бар кеңесшiлерi болып, олар ақыл-кеңес берiп отырды. Жабғу билiгi ресми сайланғанымен мұраға қалатын. Жалпы билеушiлер кеңестерде сайланды. Оғыз әскерлерiнiңи қолбасшысын сюбашы деп атады.
Оғыздар өздерiнiң жаулап алған территорияларын асқан жылдамдықпен кеңейте бастады. IХ ғасырдың орта шенiнiң өзiнде Арал мен Каспий теңiзiнiң аралығындағы территорияларды бақылауға алып, Хорезмдi, сосын Орал өзенi бойындағы печенегтердi өзеннiң арғы бетiне ығыстырып, Х ғасырда Батыс Қазақстанның бүкiл территориясын Едiл (Волга) өзенiне дейiн жаулап алды. Сөйтiп, оғыз мемлекетi құрылды.
Оғыздардың қоғамдық және мемлекеттiк құрылымы. Оғыз мемлекетiнiң территориясы екi категорияға бөлiндi. Олардың бiрiншiсi отырықшылықпен айналысқан қауым болды. Олардың әкiмшiлiк жоғарғы билiктерiн негiзiнен оғыздар құрады. Ал екiншiсi, көшпелi шаруашылықтармен айналысқандар едi.
Оғыздар 24 тайпадан құралды, бұзұқтар және ұшұқтар деген екi қанаттқа бөлiндi. Әрбiр қанат 12 тайпадан тұратын, олар “бой” атанатын. Ал “бой” болса, өз кезеңiнде “оба” — ру және “көк” — тамыр деп бөлiндi. Оғыздар бұған қоса ұрұғтар мен аймақтарға бөлiнген. “Ұрұғ” терминiмен рулық бөлiмшелер мен патронимия құрайтын атақты тұқымдар мен әулеттер аталған. Қоғам болса мүлiктiк жағынан әртүрлi топтарға бөлiндi. Көпшiлiк топты құрайтын еркiн көшпендiлердi “Ерлер” (эры) — еркектер бiрiктiретiн. Олар өз билiктерi өзiнде, арнаулы өз шаруашылықтары бар отбасы иелерi болып саналды. Сонымен қатар кедейленген, өздерiнiң шаруашылықтары жоқ қоғамдық қатынастардан тыс қалған гарапчи және иоксулдар тобы болды. Сондай-ақ жатақтар (ятуки) — жерге иелiк ететiн, жер шаруашылығымен айналысатын өзiндiк қоғамдық құрылымы бар кедейленген оғыздар болды. Қоғамның жоғарғы билiктерiн бектер, яғни ру ақсақалдары мен байлар, нақтылай айтқанда мал иелерi, әмiрлер, сардарлар иелендi. Жоғарғы мемлекеттiк институттарды жабғу, хандар мен ел билерi басқарды. Соңғы екi лауазым дәрежесiн алу үшiн ерекше жүйенiң керегi жоқ болатын. Олар аймақтық билiктердi ғана басқарды. Барлық ерiктi бектер, ерлер мен басқа билiк иелерi өз шаруашылықтарында құлдар ұстады. Олар өздерiнiң атқаратын қызметтерiне сай “гулямдар” және “чакирлар” (күзетшiлер) болып бөлiндi.
“Оғыз” ежелгi түрiк терминологиясында одақ белгiсiн бiлдiредi. Аталған мезгiлде теле руларының одағы “түрiк елi” деген екiншi қағанатты құрып, олар 24 тайпадан да көп болды. Оғыз бiрлестiктерiнде, ол мейлi қарлұқ, ұйғыр басмылдар немесе басқа этностар болсын бек, тайпалық ақсақалдар дәстүрi күштi едi. Бiрлестiктiң негiзгi саяси жағдайларын осы топ билеп төстедi. Ал жабғулар билiгi шектеулi және белсендi болмайтын. Тұтастай алғанда бектер бiрiктiрушi күшке ие болумен бiрге әскерлердi басқарып, би жоғарғы төрешiлер қызметiн атқарды. Бектер тайпаларды билеп қана қойған жоқ, сонымен бiрге жабғулардың тапсырмасымен жекелеген облыстарда билiк жүргiздi. Мемлекеттiк қызметтегi әр түрлi жұмыстарды атқаратын бектердi тархандар дейтiн. Олар бектердiң бегi атанып, мемлекеттiк әскерлердiң оң және сол қанаттарын басқарды. Аталған қызметке өзiнiң әскери қабiлетiн жан-жақты көрсеткен адам таңдалып алынды. Олардың өзiнiң қарамағындағы бағынышты адамдарға бұйрық берiп, жазалауға құқы болды. Ал, соғыс кезiнде оның билiгi кеңiнен болатын. Жабғудың негiзгi көмекшiсi, кейбiр жағдайларда өкiлi болып күл-еркiн сайланды.
Заң шығарушы билiк “қандас” (кандаш) — халық жиынында болды. Олар жаңа жабғуды сайлауға, сондай-ақ мемлекеттiк шешiмдердi және саяси мәнi бар мәселелердi бекiтуге құқылы болды. Сонымен бiрге жабғудың жанынан құралған кеңестiң рөлiн атқарды.
Сарай өмiрiндегi жоғары билiктi жүргiзуде тақ мұрагерi — инал болды, иналды бағып қағатын — атабектер, сонымен бiрге билеушiнiң бәйбiшесi — қатын ерекше орын алды.
Бастапқы кезде Сырдария жабғуының нақты билiгi шектеулi болды және бүкiл оғыз жерiне жүрмейтiн. Оғыздар территориясы кеңейiп және басқа аймақтарды жаулап алғаннан кейiн ғана өзiндiк билiкке ие шаруашылықтар тобында болды. Елдiң iшкi жағдайының күрделенуiне бiрден бiр себеп болған жай, ол елде ислам дiнiнiң тарала бастауы едi. Ал ендi оғыздардың бiр тобы болса бұрынғы тәңiрлiк дiнiнде қалғысы келетiн. ХI ғасырдың басында оғыздар үлкен үш топқа бөлiндi. Батыс Қазақстан оғыздары орталықтан бөлек болып, оны күл-еркiндер (коль-эркин) биледi. Бұл топта археологиялық iзденiстен кейiн байқалғаны исламның белгiлерi аз екендiгi анықталды. Орталықпен болған қақтығыс және олардың қыпшақтан жеңiлуi — оларды Русь және Византия шекарасына шегiнуге мәжбүр етедi. Ал оғыздардың исламды алғаш қабылдаған тайпалар Санжар сұлтанның бастауымен салжұқтардың қозғалысымен бiрiгiп Жаңакенттегi тақ таласына араласты. Ал ендi, оғыздардың үшiншi тобы жабғулар, оларды қоршағандар мен тайпалар тақты қолдай отырып, араб миссионерлерi арқылы исламды қабылдады. Сөйтiп, бұрынғы атақ-дәреже жаңа мұсылман әлемiнен келген сұлтандықпен алмасады. Салжұқтармен болған шайқаста көне династияның өкiлi сұлтан Шахмәлiк қайтыс болады. Ұзамай оғыз-түркiмендер (ислам дiнiн қабылдаған оғыздар мен қарлұқтарды солай атаған) қыпшақтардан күйрей жеңiледi. Ал, 1142 жылы салжұқтар моңғол тiлдi қарақидандықтардан соққы алады.
Сөйтiп, Амударияның төменгi жағында жаңадан құралған қараханид Хорезм шахы мемлекетi мен қыпшақтар бұрынғы оғыз территориясын бөлiп алды. Бұрынғы этностардан аман қалғаны Үстiрт Түркiмендерi хорезм құрамына кiрдi.
Қарахан мемлекетi. Х ғасырда Еуразия картасында жаңа мемлекеттiк құрылым пайда болды. Оның саяси және құқықтық жүйесiнде түрiк және жаңа мұсылмандық элементтерi тығыз араласып, бiр-бiрiмен байланысты едi. Бұл мемлекет ҮIII-IХ ғасырлардағы Жетiсу өңiрiн мекендеген қарлұқ бiрлестiгiнiң негiзiнде қалыптасты. Ол ғылым тiлiмен айтқанда Қарахан мемлекетi деп аталды. Бұл династияны қалыптастырушы 840 жылы қаған атағын алған қарлұқтық Бiлге-Күл Қадыр-хан жабғы болатын. Ол Жетiсу аумағы және Қашқардың бiр бөлiгiнде әлеуметтiк-қоғамдық құрылымы дамыған, өзiнен бұрынғы мемлекеттедiң әлеуметтiк-қоғамдық және саяси институттарын бойына табиғи түрде жинақтаған мемлекеттi басқарды. Оның немересi Сатұқ-Боғрахан 969 жылы ислам дiнiн қабылдап, оны мемлекеттiк дiн ретiнде жариялайды. Жаңа мемлекеттiк жүйе қалыптасады да, Қарахан мемлекетiнiң басқару жүйесiнде мемлекет басшысы қаған болып есептелiп, ол Тамгач-хан, Арслан Қарахан немесе Боғра Қарахан дәрежесiн алады. Одан кейiнгi мемлекеттiк аппараттағы билiк басқышы жеке удельдiктердi билеушiлер — Арслан-хан, Боғра-хан немесе Арслан-тегiн және Боғра-тегiн деп аталды. Келесi басқыштардағы билiк билiк жүргiзушi династиялардың өкiлдерiнiң қолында болды. Олар хақанның басты кеңесшiсi және удельдiк хандар мен жоғарғы билiктегiлердiң арасын байланыстырушы ұлұг-хаджиб, әскери басшы - сипахсалар, мұсылмандардың рухани басшысы — халиф, бас төрешi — қазы жоғарғы шенеунiктер — жабғу, капуг басшы, торғұл, чигир, инанчбек, сагун, йиркан, йига болды.
Келесi мемлекеттiк аппарат басшылықтарында югуруштер, туркисиндер, хаджибдер, ялввочтер, қазы-әскерлер болса, бесiншi категориядағы шенеунiктер қатарына сюбашы, пардачи-башы, битукчи, қазынашы, казибек және мухтасибтер болды. Жалпы, барлық шенеунiктердiң тұтастай атын тапұқшы дейтiн.
Қарахан мемлекетiнiң аппаратында кеңселiк (канцелярия) жүйе — диван болып, ол әртүрлi мемлекеттiк жүйелер салаларымен байланысты едi. Барлығы 10 диван болған. Бiрiншi — уәзiр диваны, екiншi — қазынашы диваны, үшiншi — мустафи диваны (салық мекемесiнiң бастығы), төртiншi — сыртқы iстер диваны, бесiншi — гвардия басшылары диваны, алтыншы — қазынаның кiрiсi мен шығысын бақылайтын, сонан соң басқа да қаржы iстерi, мемлекеттiк иелiктердi қадағалайтын диван, жетiншi — дiн дәстүрi мен рәсiмдердi сақтайтын қолөнер бұйымдары сапасын бақылайтын және базарларды қадағалайтын бақылаушылар диваны, сегiзiншi — дiни ұйымдардың мүлiктерiн басқаратын мекеме шенеунiктерi мен сот-төрешiлер диваны, тоғызыншы — пошта бастығы диваны, оныншы — жергiлiктi билiк иелерiн қадағалайтын құпия диван.
Жергiлiктi билiк далалық аудандардағы елшi басшы, яғни ел басы, тағы сондай ел басшылары көшпелi қауымдастықтардың әскери-потестардағы билеушiлер болды. Ал отырықшы аймақтардағы билiк ауылдық және қалалық басшылар — хакiмдер мен мехтарлардың және райс-старостарлардың қолында едi. ХII ғасырдың алғашқы жартысында Жетiсу территориясы қара қытайлардың басқаруына көштi. Олар моңғолдан тараған халықтарға жататын. Соған қарамай мемлекеттiк басқару жүйесiнде үлкен өзгерiстер бола қойған жоқ. Қара қытайлардың жоғарғы билеушiсi Гурхан деп аталды. Елхандар, тегiндер және жергiлiктi билеушiлер өздерiнiң билiктерiн сақтап қалды. Қарахан мемлекетiнiң әкiмшiлiк жүйесi удельдiк жүйелер басшылығымен айқындалатын. Ол қарлұқтардан мұра боп қалған едi. Мемлекет екi иелiкке бөлiндi. Оның шығысы Жетiсу және Шығыс Түркiстан территориясын алып жатты. Орталығы Баласағұнға жақын Орда (Күз-Орду, Қара-Орду) болды. Ал батыс иелiгi болса Сырдария мен Амудария өзендерiнiң территориясын жайлап, оның орталығы Үзгент, кейiн Самархан болды. Өзара қырқыстардан кейiн 1040 жылы аталған мемлекет күйреп, шығыс және батыс қағанаты құрылды. Олар бiр-бiрiне тәуелсiз едi.
Мемлекет бiрнеше iрi және шағын удельдерге бөлiнiп, оны билеушi династия өкiлдерi басқарды. Iрi шығыс қағанатының орталығы Баласағұн болып, оны Қараханның өзi биледi. Ал Тараз бен Испиджабта “Iлек” хан (үлестiк билiк иесi ханды iлектер) билiк еттi. Бұл удельдiктер ұсақ иелiктерге бөлiндi. Оларды билеушiлер өздерiнiң iшкi және сыртқы саясатын жүргiзуде тәуелсiз болды. “Iлек” хан өзiнiң басқару аппаратымен бiрге орталық билiк органдарын қайталаушы өз әскерi болып, өз атынан тиындар дайындайтын. Сондай-ақ, хакiмдер мен бектердiң және ел басшыларының өкiлеттiгi де кең едi. Тiптi кей-кездерi олар өздерiнен жоғары билiк иелерiне бағынбай, өздi-өздерiмен де қарулы қақтығыстарға барып отырды. Сөйтiп, Қарахан мемлекетiндегi мемлекеттiк жүйе бюрократтық аппараттың дамуымен үндесiп, билiктi қадағалайтын жүйенiң барлық саласындағы билiктер де бытыраңқылыққа ұшырап және әкiмшiлiк бөлшектерi автономияландыруға әкеп соқтырды. Мiне, осындай қайшылықтардан кейiн Қарахан мемлекетi ХII ғасырда күйредi.
Қарақытай билеген Гурхан әкiмшiлiк жүйесiнде Жетiсудағы билiк оншалықты өзгере қойған жоқ. Қарақытай билеушiлерi удель билiктерiне өз адамдарын қоймастан бұрынғы билеушiлердi орындарында қалдырды. Сөйтiп Гурханның ордасы Жетiсудағы мемлекет жүйесiнен тыс тұрды. Қарақытай билеушiлерi мен жергiлiктi удель хандарының арасын байланыстырушылар наместниктер болды. Олар әрбiр iрi қалалар мен удельдерде тағайындалып, олардың мiндетi салықтар жинап, оны ордаға жеткiзу едi.
Қарахан мемлекетiнiң егемендiгi мен халықаралық құқық субъектiлiгi. Бiлге Күл Қадыр хан иеленген қаған дәрежесi Жетiсу түрiктерiнiң мемлекеттiк статусының тәуелсiздiгiн анықтайтын. Қарахандықтардың исламды қабылдауы оларды халықаралық құқық жүйесiне ендiрдi. Ол шариғатқа негiзделген едi. Сонымен қатар Қарахан мемлекетi Саманид, Сельжук, Газневи державаларымен байланыс жүргiздi. Сондай-ақ ол Шығыс Түркiстан мен Орталық Азиядағы мұсылман емес халықтармен қақтығыстарға барды.
Қарахан мемлекетiнiң қаржы және салық жүйесi дұрыс жолға қойылған болатын. Мемлекеттiң орталық аппараты мен Iлек-хан (ханды iлiктер) ордаларында салық жинауға жауап беретiн шенеунiктер — мұстауфалар болды. Ал отырықшы жұртшылықтан харадж алынып, яғни астықтың оннан бiрiн салыққа жинайтын. Ұсталар мен көпестер сауда құқына ие болу үшiн салық төлейтiн.
Қарахан мемлекетiнiң салық жүйесiндегi ерекшелiгi — ол Ихта институты болды. Жеке тұлғаларға мемлекет беретiн салық жинау құқы солай аталды. Оларды кейде ихтадерлер немесе мүхта дейтiн. Бұл жерде ихтадарлықтарға салық мөлшерiн көтеруге рұқсат берiлмейтiн немесе Ихтал тұрғындарына қысым жасамайтын. Мұндай жағдайлар билеушi династиялар, шенеунiктерге, әскер басшыларына жасалды. Ихтаның кең тараған формасы ихтат-и-хашам - әскери ихта, яғни ихтадерлерге әскери қызмет кезiнде жасалатын жағдай едi.
Қарақытайлықтар Ихта институтын қысқартып, салық жүйесiн күшейттi. Сөйтiп, Жетiсу өңiрiнiң тұрғындары жаңа салық үй басына бiр динардан төлейтiн болды. Салық жинаумен мен Гурханның наместниктерi айналысты. ХII ғасырдың ортасында салық саясаты күрделенiп, қарақытайлар өздерiне қарайтын тұрғындарды қатты қыспаққа алып, көшпелi қауымдар отырықшылыққа күштеп көшiрiлдi. Ол жер салығы “харадж” салығын арттырды. Бұл саясат жергiлiктi тұрғындардың ашу-ызасын келтiрiп, қарақытайлар мемлекетiнiң әлсiреп, ақыры оның күйреуiне әкеп соқты.
Қазақстандағы құқықтың даму барысында Х ғасыр ерекше бiр кезең болып саналады. Исламды қабылдаған Жетiсу және Оңтүстiк Қазақстан өңiрлерiнде жаңа құқықтық жүйе мұсылмандық немесе шариғат қалыптасады.Шариғат — заңдық нормалардың жиынтығы, әрi iс-әрекет ережесi мен қағидалары болып саналады. Құқықтың негiзгi көзi — Құран мен Сунна. Шариғат бойынша құқықтың төрт түрi болды. Бiрiншi, әрбiр адам құлшылық етiп, мойындайтын Алла билiгi, екiншi, жеке тұлға құқығы, үшiншi, айналадағы адамдар құқығы, төртiншi, құдай жаратқан барлық нәрселердiң құқығы. Бұл исламның негiзi. Мұсылман құқығында бiрнеше құқықтық мектептер немесе мазхабтар болды. Қазақстанда орта ғасырларда ханифийлер мазһабы (түркi әлемi “Имам Ағзам” деп атайтын Әбу Ханифа мазһабы) кеңiнен тарады. Оларға адатты (әдеттi) пайдалануға тыйым салынбады. Ол исламның таралуына ешқандай кедергi жасамайтын. Фикх саласындағы басты бедел болып саналатын адам муфти болды. Соттық қызметтi қазылар атқарды. Мұсылмандық құқықтың енуi әдеттегi құқыққа қарағанда тиiмдi едi. Бұл кезең ислам Ренессансының кезеңi болды. Сол кездегi мәдениет пен ғылымның, сондай-ақ құқықтанудың дамуы ерекше өстi. Сөйтiп, ислам бұл жерде дiни идеялар мен iс-әрекеттердiң жиынтығы ғана болып қалмай, бiрiншiден бойына философиялық құқықты сiңiрген философиялық жүйе болып қалыптасты. Яғни, құқық алғашқы рет осылайша ғылымға айналды.
Осылайша, Х-ХII ғасырларда мемлекет және құқық Жетiсу өңiрiнде ерекше өзгертулерге ұшырап, Орталық Азия дәстүрiмен Алдыңғы Азиялық жаңартулар арқылы түркi-мұсылман мемлекетiнiң құқықтық жүйесi қалыптасты.
Қимақ қағанаты мен қыпшақ хандығы. IХ ғасырда бiрнеше тәуелсiз мемлекеттер пайда болып, олардың мемлекеттiк жүйелерiнде Орталық Азия және жергiлiктi жерлердiң дәстүрлерi араласып, бiр-бiрiмен кiрiгiп кеттi. Бұл қимақ қағанаты мен қыпшақ хандықтары едi. Солтүстiк, Орталық және Батыс Қазақстан аймақтарын мекендеген Түрiк мемлекетiнiң iшiндегi империялық атақ-дәрежеге ие болғандардың ең күштiсi Қимақ қағанаты болды. 656 жылы Батыс түрiк қағанаты күйрегеннен кейiн оқшауланған Қимақ (кейде кимек) тайпасы басшысының “шад-түрiк” атағы болған. “Шад” және “түрiк” деген атақтар түрiктерге кеңiнен таныс, ол ертедегi руналық жазбаларда да бар. 840 жылдан бастап оның билеушiсi болып “Жабғу”(ябғу) деген атақ алды. Х ғасырдың басында Қимақ мемлекетiнiң күшеюi және оның құрамына өзге де түрiк халқының қосылуына байланысты жабғу қаған (хақан) деп атала бастады.Қаған-хандардың ханы деген мағынаны бiлдiредi. Бiзге жеткен кейбiр құндылықтарға қарағанда онда он екi удель билеушiлерi өмiр сүрiп, олар әскер басшы әрi өзiнше саяси мәселелердi шеше алатын билiкке ие болған. Сондай-ақ, араб жазбаларына қарағанда қимақтарда сарай министрлерi — хаджибтер және уәзiрлер болған көрiнедi. Ал ендi, қыпшақтардың мемлекеттiк аппаратына келсек, оларды алдымен хан немесе ұлы хан билеген. Билiк мұра ретiнде атадан балаға алмастырылып отырған. Басқару аппараты хан ордасында жүргiзiлдi. Оның басты қызметi хан (мемлекет) мүлiктерiне және әскерге иелiк ету едi. Хан әскери және азаматтық билiктi қолында ұстап, оларға айналасындағы кеңесшiлерi арқылы билiк жүргiздi. Ханның тұрағы Орда деп аталды. Ханнан басқа қыпшақтардың басын бiрiктiретiн iрi-iрi шенеунiк, ақсүйектер — тархандар, басқақтар және бектер, югурлер болды. Сондай-ақ, қыпшақ ханының ордасында iс-қағаздарын жүргiзушi де болатын. Ал, Қимақ қағанаты төрт облысқа және он екi удельге бөлiндi. Оларды парсы жазбаларында төмендегiдей салалап белгiлейдi. Бiрiншi, Йагсун-Йасу Ешiм мен Ертiс арасындағы Барабин даласынан бастап Обтан батысқа қарай жайлаған жерлер. Осы жерде қағанаттың орталығы және оның жаңа және ескi екi астанасы болды. Екiншi, Қырқырхан-Шығыс және Орталық Қазақстандағы Ертiс өзенiнен бастап Балқаш пен Алакөл өзендерiне дейiнгi аралықтар, оған Қарқаралы, Шыңғыстау, Тарбағатай таулары қосылады. Үшiншi, iшкi қыпшақтардың Орталық Қазақстанның Оңтүстiгiнде Шу және Талас өзендерiнiң төменгi жақтарын алып жатқан жерлер. Төртiншi, Оңтүстiк Орал және Торғай далаларын алып жатқан сыртқы қыпшақтар.
Қимақ қағанатының орнына келген Қыпшақ хандығында әкiмшiлiк бөлiну басқаша болды. Ол дәстүрлi әскери-әкiмшiлiк жүйесiмен қалыптасты. Әрi орасан үлкен территорияны алып жатқан халық (этнос) ретiнде қалыптасты. Бұл хандық екi қанатқа бөлiндi. ХI-ХII ғасырларда қыпшақ бiрлестiктерi екi бiр-бiрiне тәуелсiз одақ болды, олар Батыс (Волгадан Батысқа қарай) және Шығыс (Қазақстан территориясында) едi. Олардың соңғысы екi қанатқа бөлiндi. Хандық орталығы Торғай даласында тұрды. Оң қанаты Қазақстанның Батыс аймақтарын қамтып, орталығы Оралдың төменгi жағында болды. Сол қанаты Сырдария, Орталық және Шығыс Қазақстан территориясында орналасты. Сол қанатының ордасы Сырдарияның бойындағы Сығанақ қаласы болды. Оның әкiмшiлiгiнiң негiзгi бөлшегi әскери-потестарлық бiрлестiк — “тайпа” едi. Батыс Қыпшақ одағында оның саны 11 болды. Ал, Шығыс қыпшақ хандығына 16 әскери-потестарлық бiрлестiк ендi. Ол Оғыз мемлекетiнiң әкiмшiлiк бөлiнуiне ұқсас едi. Әскери-потестарлық бiрлестiк “ел” немесе мемлекет аталып, көптеген ұсақ аймақтардан құралды. Қыпшақ даласы “Дештi-Қыпшақ” аталды. ХII-ХIII ғасырларда қыпшақтар мейлiнше күштi ел ретiнде танылды.
Қимақ және Қыпшақ мемлекеттерiнiң егемендiгi мен халықаралық құқық субъектiлiгi. Парсы жазбаларының айтуына қарағанда Қимақ ханы ең ұлы хандардың бiрi болып саналады. Ал Х ғасырдағы араб авторлары болса, түркi мемлекетiндегi ең құдiреттiлерiнiң бiрi қимақтар деп санады.
ХI ғасырда Оғыз мемлекетi өмiр сүруден қалып, олардың жерлерi қыпшақ хандығына қосылады. Сондай-ақ, IХ-ХII ғасырлар аралығындағы Қазақстан территориясын мекендеген қыпшақтың мемлекеттiк бiрлестiгiнiң құдiретi талайды ерiксiз таңқалдырды. Олар бiр орталыққа бағынған мемлекет жүйесiн құрмаса да Еуразия кеңiстiгiнде өзiнше бiр мықты әскери-саяси күш болып қалыптасты. Қыпшақ хандары орыс князьдарымен тығыз қарым-қатынаста болып, Византия, Грузия, Хорезм және Қарахан мен Қара қытай мемлекеттерiмен тығыз байланыс жасады. Дипломатиялық қатынастың басты бiр белгiсi династиялық — некелiк байланыстар болды, ол саяси-әскери және экономикалық одаққа бiрiгуге итермелейтiн бiрден бiр негiзгi күш едi. ХII ғасырдың аяғында Шығыс-қыпшақ одағының сол қанаты күйреп, өзiнiң егемендiгiн жоғалтады да Хорезмшах мемлекетiнiң билiгiне көшедi. Қимақ және Қыпшақ мемлекеттерiнiң құқық және салық жүйесi туралы бүгiнгi күнге мәлiмет өте аз жеткен. Соған қарамай мемлекеттiк қазынаны толықтырып отыратын байлық көздерiне қарағанда оларда салық және құқық жүйесi жақсы жолға қойылғаны байқалады. Мысалы, Қимақ қағанаты өз елiнде шығарылатын алтыннан өзiнiң “мiндеттi үлесiн” алып отырған және оларды жүргiзетiн салық жинаушылар болған. Егер салық төлеуден бас тартқандар болса, онда оған күштi қол жiберiлiп, олар қатаң жазаланатын. Мемлекеттiң басты мiндетi құқықтық нормалар жасау болып саналады. Мысалы, қыпшақтардың әдеттегi құқында төрелердiң рөлi ерекше болған. Сондай-ақ, сот және соттық шешiмдер қыпшақтарда жарғы деп аталған. Мiне, осылар арқылы жер және мүлiктiк талас-тартыстар мен қылмыстар, басқа да құқық бұзушылық қатаң жазаланып не әшкереленiп отырды.
Найман және керей ұлыстары. IХ ғасырдың ортасында Орталық Азияда жаңа саяси қайта құрулар басталып, әлем картасында наймандар мен керей ұлыстары, яғни мемлекет пайда болады. Олар алғашқы рет ҮIII ғасырда Ұйғыр қағанаты құрамында аталды. Ұйғыр қағанаты 840 жылы құлағаннан кейiн, Орталық Азияда жинақтаушы цзубу атымен белгiлi көшпендiлер конфедерациясы пайда болады. Солтүстiк цзубу деп керейлердi атаса, ал Батыс цзубу деп найман ұлыстарын атады. Бұл мемлекеттердiң күшеюi Х-ХI ғасырлардағы христиандардың несториан бағытындағы ағымды қабылдауынан басталды. Соған қарамай Х-ХII ғасырлар басында цзубу оның iшiнде наймандар Ляо империясының билiгiне көшедi. Сөйтiп олар Ляо империясына вассалдық тәуелдiлiкте болып, Шығыс Қазақстан мен Батыс Моңғолия жерiнде тұрады. Тек 1125 жылы Керейлер тәуелсiздiк алса, ал 1143 жылы Наймандар тәуелсiздiк алды. Сол кезден бастап олар өз еркiндiктерi өзiнде мемлекет ретiнде дамып, тек ХIII ғасырдың басында ғана моңғолдар билiгiне көштi. Жалпы найман тайпалар одағы VIII ғасырдың Ортасында Жоғарғы Ертiс пен Орхон аралығында сегiз-оғыз деген атаумен пайда болып еңсе көтерген.
Найман және керей ұлыстарының мемлекеттiк басқару құрылымы. IХ-ХI ғасырларда цзубу конфедерациясын, яғни көшпелiлер бiрлiгiн далайхан атақ дәрежесiндегi билеушi басқарды. Ол кезде аталған одаққа кiретiн әрбiр бiрлестiктiң билеушiсi хандар болды. Кейбiр жазбаларға қарағанда сол кезде наймандарды Таяндар және хандар билеген. Бiрақ, бұл атақ-дәреженiң ара-жiгiн айырып, көрсететiн мәлiметтер жоқ. 1092 жылғы қидандармен болған соғыста Далай-хан Маргузаның жеңiлiсi көшпендiлердi Ляо империясының билiгiне бағындырды. Кейiн қайта тәуелсiздiк алғаннан соң мемлекеттiк басқару жүйесi бiршама өзгердi. Ал, керей билеушiсi Бұйрық-хан атағын алып және ол мұрагерлiкпен алмастырылып отырылды. Керейлер бағындырған моңғолдарды гурхан биледi. Ол Бұйрық-ханға тәуелдi болды. 1183 жылы Керейлердiң билеушiсi Тоғұрылды Қытай империясы ван — патша ретiнде мойындап, Керей мемлекетiнiң егемендiгi жарияланды. Сөйтiп, Тоғұрыл ван-хан атақ дәрежесiн алады. Ван-хан туралы әртүрлi жазбаларда әрқилы айтады. Мысалы, Шыңғыс хан талқандаған керей ұлысының билеушiсi Ван-ханның (Бұл жерде атақ-дәреже емес) наймандар иелiгiн қорғаған найман қарауылымен қақтығыста қаза тапты деген мәлiмет бар. 1203 жылы керейттердi моңғолдар күйретiп, олар өздерiнiң тәуелсiздiктерiн жоғалтады.
ХII ғасырдың аяғы ХIII ғасырдың басында Найман мемлекетiн екi билеушi — Бұйрық-хан және Таян-хан биледi. Найман және Керей мемлекетiнiң атқарушы билiгiнiң органы болып, хан ордасы және оның үкiметi болды. Орда хан және оның әскер мүлiктерiн басқарды. Басқару қызметiн ерекше категориядағы қызметкер адамдар немесе шенеунiктер атқарды. Ордада арнаулы iс-қағаздары хан мөрiмен белгiлендi. Найман ханының кеңсе бастығы және мөрiн сақтаушысы ХII ғасырда ұйғыр Тататунг болды.
Найман мен Керей ұлыстарының территориясы мен әкiмшiлiк жүйелерi. Цзубу мемлекетiнiң территориясы бiрнеше жартылай тәуелсiз бiрлестiктерге бөлiндi. Оның Солтүстiк цзубуы керейлер аталса, ал батысы наймандар болып аталды. Наймандар мен Керейлер тәуелсiздiк алғаннан кейiн көшпелi мемлекеттiң бiр формасы Ұлыс пайда болды. Ұлыс терминi “халық”, “халық билiгi” деген ұғымды бiлдiрiп, өзiн-өзi басқаратын әрi өзiнiң территориясы мен халқы бар саяси жүйе болып саналды. Территория шекаралары ат басын шалатын бекеттер арқылы белгiленiп қорғалды. Керейлердiң Тоғұрыл (Ван-хан) ханы найман күзетшiлерiне жолығып қалып, сол қақтығыста қайтыс болғаны тарихтан белгiлi. Керей ұлысы әскери-потестарлық құрылым — “тайпаға” бөлiндi. Кейбiр жазбалар бойынша олар әскери әкiмшiлiк бөлiнуге қарай әрбiр тұрғындар әкiмшiлiк бөлшек «түмен”, “мыңдық”, “жүздiк”, “ондық” болып бөлiндi. Бұл қаншалықты әскер барын аңғартатын цифрлар. Найман ұлысы болса екi қанатқа бөлiндi. Оларда да жоғарыдағыдай түмендерден, мыңбасылардан, жүзбасылардан, онбасылардан тұратын. Наймандар мен керейлерде өз билеушiлерiмен бiрге жергiлiктi қауымдастықтардан, әсiресе қыпшақтар мен қаңлылардан шенеунiктер қызметке тартылды.
Найман мен Керейлердiң егемендiгi мен халықаралық құқық субъектiлiгi. Орта Азиядағы алғашқы көшпелiлер егемендiгi IХ-ХI ғасырларда цзубу конфедерациясы шеңберiнде болды. 1008-1009 жылдары ол өзiнiң басты қарсыласы деп Ляо империясын жариялады. Цзубу билеушiсi Уварды “ барлық көшпелiлердiң ханы” деп мойындады. Ал, екiншi кезең болса, ХII-ХIII ғасырдың бас кездерiнде Керей мемлекетiнiң тәуелсiздiгiне байланысты дала империясының белгiлерiн алуы болды. Олардың билiгiне монғолдардың көшпелi қауымдастықтары ендi. Олар жеке ұлысқа бiрiктi. Бiрақ Тоғұрыл мен оның туған ағасының арасындағы қайшылық ХII ғасырда моңғол бiрлестiктерiн қадағалайтын күштiң әлсiреуiне әкеп соғады. ХII ғасырдың аяғында Тоғұрыл Керей-моңғол конфедерациясын қайта қалпына келтiрсе де, 1203 жылы ұзаққа бармай керейлер моңғолдар билiгiне көшедi.
Наймандар мен Керейлер тәуелсiз де егемендi мемлекет ретiнде сыртқы саяси қызметтi белсендi жүргiздi. Бiрiншi 1007 жылғы дипломатиялық iрi қарым-қатынас барысында Мервтегi несториан ағымындағы христиан дiнiн қабылдауы және оның кең далада тарауына ықпал ететiн акция болды. Қытай, таңғұт, турфан және Ляо империясымен болған әртүрлi елшiлiк қарым-қатынастар да соған жатады. Сондай-ақ, Керейлер мен Наймандар арасындағы қарым-қатынас та бұл саладағы iрi жеңiс едi.
Керей мен Наймандар өз мемлекеттерi мен оның статусын халықаралық байланыста кеңiнен мойындалуын қамтамасыз еттi. Найман мен Керей құқығының негiзгi көзi- әдет-ғұрып, салт-дәстүр болды. Кейбiр жазбаларға қарағанда олар “Еке-Төре” немесе “Ұлы ақиқат” атты заңдар кодексiн пайдаланған көрiнедi. Наймандар мен Керейлер көк тәңiрiне сыйынып, оны құқық нормасы ретiнде қабылдаған. Ал хандар болса, Алланың жердегi билiгiне ие, әрi соның нормаларын орындаушы болып саналған.
Сөйтiп, ҮI-ХII ғасырларда Қазақстанның мемлекет және құқығы жаңа кезеңге көшiп, өзiнiң өрлеу дәуiрiн кештi. “Орда”, “ел”, “ұлыс” сияқты жаңа институттар пайда болып, салық, әрi удельдiк басқыштық билiктi мұрагерлiк ететiн жүйе пайда болды. Одан кейiн құқықтық жүйе де бiржола дамып, алғашқы жазбаша заңдар өмiрге келдi. Сондай-ақ, Қазақстанға исламның келуi құқықтану процесiн ерекше ғылыми жүйеге түсiрдi. Қазақстанның мемлекет және құқығы Еуразияның барлық территориясындағы мемлекеттiк құқықтық жүйенi дамытуға негiз болған бiрден-бiр көз болды.
5. Шыңғыс хан империясы және Қазақстан аумағындағы ордалық мемлекеттер
ХII ғасырдың аяғы ХIII ғасырдың басында Орталық Азияда моңғол тайпаларының бiрiгу процесi жүрiп, оның ақыры жаңа көшпелi империяның пайда болуына әкелдi. Бұл мемлекет Орталық Азия мен Қазақстан далаларындағы саяси жағдайларды күшейтiп, көшпелi тайпалар одағының басқа тайпаларға өз үстемдiгiн орнату жолындағы қайшылықтарды ушықтыра түстi. Сол күрестiң барысында, яғни 1206 жылы моңғол тайпасының өкiлi Темучин (Шыңғыс хан) бүкiл моңғолдардың басын бiрiктiрдi. Сөйтiп, ол бүкiл Орта Азиядағы ең құдiретi күштi жаулап алушыға айналды. 1206 жылы көктемде Онон өзенiнiң сағасында Темучиндi жақтайтын көшпелi монжор-бектер құрылтай өткiзiп, оны Ұлы хан жариялады, сонымен бiрге оған Шыңғыс хан атағы берiлдi. Сөйтiп, Темучин-Шыңғыс хан жарты әлемге: “Мен... түрлi мемлекеттi ақиқат жолына бағыттап, халықтарды өзiмнiң бiртұтас билiгiме қараттым” — деп жариялады. ХIII ғасырдың алғашқы он жылдығында моңғолдар Оңтүстiк Сiбiрдi, одан кейiн Қытайды жаулап алып, бүкiл Түркiстан мен Шығыс Түркiстан өңiрiн өз қадағалауында ұстады. Содан кейiн, Шыңғыс хан өзiнiң алдына Шығыс Еуропа мен алдыңғы Азия, Жетiсу, Орта Азия мемлекеттерiн бағындыруды мақсат етiп қойды.
Түркi халықтарына Шыңғыс хан ең құйтырқы дипломатияның бiрi ретiнде “Орта Азияның барлық көшпендiлерi бiрiгейiк” деген үндеу тастады. Сөйтiп, көшпендiлердiң тұтас бiр империясын құрмақшы болды. Шыңғыс ханның алғашқы ұйымдастыру жұмыстарына басты кедергi жасаушылар ұйғырлар, керейлер, наймандар, меркiттер болды. Бiрақ ол аталған ұлыстардың билеушiлерiн тас-талқан етiп, Орталық Азияда өз билiгiн саяси тұрғыда баянды еттi. Ал, оған қарсы одақтасып көтерiлген меркiттер мен наймандарды 1209 жылы ұйғыр идиқұты (билеушісі) өз игілігіне өткізуге әрекет жасауына қарамай, Тимучин әскерлері оларды да тас-талқан етіп күйретті. Сөйтіп, соның кесірінен олардың жолдары екіге айырылды. Сол кездің өзінде Тимучин билеген моңғолдар арасында бірнеше әскери және әкімшілік реформа жүргізіліп, моңғол ұлысы бір орталыққа бағынған мемлекеттік жүйесі бар империяға айналдырылды.
Шыңғыс империясы құрылған алғашқы күннен бастап-ақ ол өзіне көне түркі өкіметінің ел басқару құрылымын, сондай-ақ әкімшілік жүйесін өзгертпестен сол қалпымен пайдаланады. Мысалы, елдің мемлекеттің күнделікті ісін атқарушы тетігі-Өкімет (төр). Әрине, байырғы түркі мемлекетінің ең жоғарғы билік иесі Тәңір текті Ұлы Қаған. Өкіметтің де, Үкіметтің де Жарлығын, үкімін, шешімін қабылдаушы бірінші адам –Қаған. Ал, оны іске асырып-атқарушы – қосынды әскери-әкімшілік аппаратты, қаған қасындағы кіші хандар, яғбу, шад бұйрықтар. Сөйтіп, Шыңғыс хан империясы өзінің басқару жүйесін көне түркілерден алады десек еш қателеспейміз. Бірақ, Шыңғыс хан үкіметі тайпалық құрамды әдейі бұзуды үкіметтік саясат етіп, тайпаларды бір-бірімен қым-қиғаш араластырып жіберіп отырды. Сөйтіп, тайпа ішіндегі жүзбасы болған ру басшыларына Ұлұғ Өз- Ынанчу деген әрі қосындық (әскери) шен, әрі әкімшілік лауазым беріп отырды. Бір ғажабы сол үкіметтік ең жоғарғы қосындық (әскер) орталық кеңеске жүз басылардың ішіндегі ең сенімді де құрметті Ұлығ Өз-Ынанчулардың бірін сайлап, қатысытып отырған. Жүздік бесжүздікке, ол мыңдыққа, мыңдық бесмыңдыққа, бесмыңдық түменге бағынды.
Сөйтіп, моңғолдар өздері жаулап алған халықтарының әлеуметтік-экономикалық құрылыс-құрылымдарын толықтай өзгертпегенімен, олардың қоғамдық-саяси өмірі мен тыныс-тіршіліктеріне айтарлықтай өзгерістер енгізіп, өз иелігіне көшкен елді мекендерде өздеріне тиімді тәртіп орнаннты. Сондықтан да ХІІ ғасырдың басында Моңғол мемлекетінің құрылуы, оны басқаратын әрі басқарып отыруды реттеу үшін ортақ жазбаша қалыптастырылған құқықтық нормалар мен заң ережелерін әзірлеу керек еді. Ол жаңадан қалыптасып отырған жағдайларға сәйкес жинақталған, содан соң бұрынғыға қарағанда елеулі өзгерістерге ұшыраған әдеттегі құқық, аталғандай мақсатқа сай орайластырылды. Сөйтіп, жаңа заңдар мен ережелердің жиынтығы Шыңғыс ханның «Ұлы Ясасы» деп аталды. Яса, моңғолша – (толық аты ясак) дзасақ «қаулы», «заң» деген ұғымды білдіріп, олар орамалдарға «тұмар» күйінде жазылды. Жалпы, Моңғол империясы қандайда болмасын хан тұқымының иелігі болып саналып, олар құрған мемлекеттердегі жоғарғы әлеуметтік топ Шыңғыс ұрпақтары бастаған түрік-моңғол көшпелі шоншарларынан тұрды. Әскери билік пен азаматтық билік арасы бөлек болды. Ұлыстардағы азаматтық билік жергілікті ақсүйектер өкілдерінің қолында болғанына қарамай моңғолдар басқа тайпалардың білімділерін белгілі бір дәрежеде шенеуніктер ретінде пайдаланып отырды.
Шыңғыс хан Қытай, Жетісу және Орта Азияны жаулап алуға әскер аттандырды. Оның мұрагерлері де ата жолын жалғастырып, Еуразия материгінің үлкен бөлшегін өзіне қосып алу үшін Ұлы империялық саясат жүргізді. 1218-1240 жылдары Қазақстан территориясы бүтіндей моңғол империясы құрамына кірді.
Моңғол империясының мемлекет және құқығы. Ұлы империяның мемлекеттік басқару жүйесінде алдымен оны билеуші болып қаған есептелді. Оның құқықтары әскери, заң шығару және әкімшілік билігін қамтиды. Әрі ол Шыңғыс хан династиясынан сайланатын. Мысалы, Үгедей қаған Венгер королі ІУ Белға жазған хатында «Мен көк патшасы жолдаған ханмын, маған ол жер бетiндегi билiктi берген, сондықтан да мен маған бағынбағандарды және қарсыласқандарды күйретiп, ал қызмет еткендердi асқақтату билiгi берiлгенң деп атап көрсеттi. Моңғолдар билiгi абсолюттi және жан-жақты болды. Шыңғыс хан жасаған жан-жақты әрi нақты құқық жүйесi феодалдана бастаған монғол қоғамының талап-тiлектерiне, мақсат-мүдделерiне сай келдi. Монғол мемлекет басшылары үшiн “Яса” көп жылдар бойы бедел болып, қоғамдық өмiр айналымында жүрдi. Қаған оны мейлiнше пайдаланды. Қаған тек моңғол империясына ғана билiк жүргiзiп қоймай, басқа да елге билiк жүргiздi. Билiк аманат бойынша атадан балаға берiлiп немесе тiкелей тұқым жағынан мұраға қалдырылды. Таққа отырғызу салтанаты құрылтайда сайлау арқылы шартты түрде жүргiзiлдi. Қағанның өкiлеттiгi өте кең едi. Ол бүкiл территория мен мемлекет жұртшылығын билеп, заң нормаларын бекiттi. Олар заң — жасақ — йасак, жарлық — йарлык түрiнде белгiленiп, қаған жоғарғы қолбасшы және моңғолдардың құқықты дiни басшысы да болды. Қағаннан кейiн Шыңғыс ханның балалары ұлыс хандары дәрежесi атағын алды. Қағанды жоғарғы билiк иесi ретiнде мойындаған хандар, өздерiнiң иелiктерiн оған тәуелсiз билеушi ретiнде қадағалау жасап, билiк жүргiздi. Жаулап алған жерлерiнде қағандар мен хандар өздерiнiң “даруга” немесе “басқақ” атына ие лауазымдарын белгiледi. Олардың мiндеттерiне халық санағын жүргiзу, жергiлiктi жұрттан әскер жинау, пошта байланыстарын қамтамасыз ету, салықтар жинау және оларды ордаға жеткiзу ендi. Сонымен бiрге, олардың мiндетiне iрi қалалардағы әкiмшiлiк және полициялық қызметтер де кiрдi. Кейбiр жекелеген алыс аймақтарда жергiлiктi жер адамдары билiк еткенiне қарамай оларды қаған бекiтiп, даругашылар қадағалады.
Шыңғыс хан билеуi кезiнде және одан кейiн де империяның бiр орталыққа бағындырылған әкiмшiлiк басқару жүйесi болды. Атқарушы билiктiң жоғары органы болып Мемлекеттiк кеңес есептелдi. Оған империяның жоғары шенеунiктерi кiрдi. Мемлекеттiк кеңестiң оң министрi оған басшылық жасап, әкiмшiлiк, қаржылық және әскери органдарды қадағалады. Мемлекеттiң басқару жүйесiнде хан кеңсесi ерекше орын алды. Ол хатшылар мен көшiрушiлерден тұратын. Оны ұлы ұлық-бiтiкшi басқарды. Жаулап алған жерлерде әкiмшiлiк және әскери билiктi көшпелi басқарма жүргiздi. Ол жоғарғы орган болып есептелiндi. Жергiлiктi билiк басшылары чингизиттер ментүменбасылардың қолында болатын. Оларды қаған тағайындады. Олар удельдерде әкiмшiлiк және әскери иелiктi өз қолдарында шоғырландырды. Кейбiр аймақтарда қаған тағайындаған жарғышы (джаргучилер) сот билiгiн iске асырды. Мемлекеттiк басқару жүйесiндегi басты қызметтердiң бiрi пошта (áàéëàíûñ æ¾éåñi) жүйесi болып саналды. Империяның барлық басты-басты орталықтары Ям (пошта бекеттерi) деп аталатын байланыс жүйелерiмен, бiр бiрiмен қарым-қатынас жасап отыратын. Әрбiр бекеттерде 20-ға жуық ұлақшы — жаушылар болды. Олар байланысқа қажеттi жүйрiк жылқылармен, азық-түлiкке пайдаланатын малдармен қамтамасыз етiлдi. Бекеттер арқылы билiк иелерiнiң тапсырмалары, арнаулы құжаттар және империя территориясын билеп жүрген хан өкiлдерi мен шенеунiктерге жол ашатын қозғалыс жүйелерi қалыптасты.
Моңғол мемлекетiнiң әкiмшiлiк-территориялық жүйесi болса хандар билеген негiзгi төрт ұлысқа немесе жұртқа бөлiндi. Моңғолдардың негiзгi өз жерлерi жұрт саналып, ол Шыңғыс ханның кенже ұлы Төленiң үлесiне тидi. Қазақстан территориясы (Æетiсудан басқа), Төменгi Поволжья, Солтүстiк Кавказ, Қара теңiз даласы мен Оңтүстiк Арал Жошы ұлысына қарады. Ал, Жетiсу Қашқария және Орта Азия Шағатай ұлысын құрады. Бұрынғы керей, найман және ұйғыр мемлекеттерi Үгедей ұлысы құрамына кiрдi. Кейiн Иран территориясы мен Таяу Шығыста Хулагу ұлысы немесе Елхан мемлекетi қалыптасты. Iрi Ұлыстардың территориялары өз кезегiнде ұсақ-ұсақ ұлыстар болып бiрiктi. Олардың үш түрi болды. Бiрiншi, Шыңғыс хан тұқымдарының иелiгiндегi ұлыстар. Олардың құрамында 10 мыңға жуық отбасы бар едi. Екiншi, хан тағайындаған Темник (түменбасы) басқаратын Түмен ұлысы. Олардың тұрғыны екiден он мың отбасына дейiн есептелдi. Үшiншi, жергiлiктi тұрғындардан тұратын және даругашылар билiгiндегi отырықшы ұлыс болды. Оларды жергiлiктi билеушiлер билегенiмен, олар моңғол билеушiлерiнiң қатаң қадағалауында тұратын.
Әрбiр түмен әкiмшiлiк қана емес сонымен бiрге әскери округ болып саналды, егер соғыс бола қалған жағдайда Түменбасы бастаған 10 мыңдық әскери корпус дайындалатын. Түмендер мыңдыққа, мыңдық жүздiкке, жүздiктер ондыққа бөлiндi. Олардың алдыңғы екеулерiн хан тағайындады. Ал жүздiктi-түменбасы, ондықты-мыңбасы тағайындаған.
Моңғол империясында салық жасау жүйесiндегi ерекше маңызға ие болды. Жеке-жеке үш салық мекемесi құрылды. Оның бiрiншiсi Қытайдағы Яньцзинде, екiншiсi Орта Азия — Амудария аймағында болып, одан кейiнгiсi Жетiсу, Қашқар және Бесбалық территориясының аймағын қамтыды. Салықтың негiзгi бөлшегi шаруашылық — үй болып есептелiндi.
Империяның көшпелi халқы жылына мал басына бiр процент көлемiнде — копчур, сондай-ақ, әскери салық — тағар, төтенше салық — аваиз салығын төледi. Отырықшы халық жер салығы — харадж салығын берiп отырды.
Моңғол империясының құқықтық жүйесi әдет-ғұрып, рәсiм, салтқа негiзделiндi. Моңғолдардың ойынша олардың құқық нормалары әлемдiк заңдарға сай, қоғам үндестiгiн сақтауға кепiл беретiн бiрден бiр құқық нормасы болып есептелдi. Әлемдiк заңды жер бетiнде насихаттаушы қаған болып саналды. Сондықтан да, ол империяның заң және сот билiгiне иелiк еттi. Шыңғыс ханның кезiнде Яса немесе Жасақ заңы қабылданып, ол қоғамдағы жаңа саяси- әлеуметтiк қатынастарға сәйкес келдi. Ұлы Қағаннан кейiн Жасақты мұрагер ретiнде қабылдап және сақтаған оның ұлы Шағатай едi. Сонымен бiрге, империяда жоғарғы сот-төрешi қызметi Яргу, джаргулугсан және судьялар —джаргучилар болды. Соттар — яргу мен қадилер үстем тап, ауқатты адамдардың мүдделерiн қорғап, солардың жыртысын жыртты. Сот iсi жөнiнде арнайы диуан-яргу де болған.
Шыңғыс ханның Ясасы екi бөлiмнен тұрды. Бiрiншi бөлiмi, билiк — Шыңғыс хан айтқандарының басын бiрiктiрген жинақ болуымен бiрге моральдық-нормативтiк түрдегi мемлекеттiк құқықтың негiзгi нормалары болып есептелiндi. Екiншi бөлiмi, Жасақ атанып, ол қылмыстық құқық нормаларын жинақтап, дiни тыиымдарды бiрiктiрдi. Жасақтың басты нормалары қатарында әскери ұйымдар мен тәртiптердi және соғыстан түскен түсiмдердi бөлетiн заңдылықтар болды.
Жалпы, Шыңғысхан құрған мемлекет және оның мұрагерлерi билеген мемлекет ХIII ғасырдың бiрiншi жартысындағы қысқа уақыт iшiнде әлемдiк империяға айналып, бiр орталыққа бағынған билiк жүйесiн қалыптастырды. Сондай-ақ, ол орталық пен шет аймақтарды және мемлекеттiк идеологияны тең құқықты дәрежеде ұстамаса да негiзгi үш дiңгекте ұстады: басқаруға Шыңғыс тұқымдарының ғана құқығы болды; бүкiл көшпендiлердiң бiрiгуi қажеттiлiгi және бүкiл әлемдегi мемлекеттердiң көшпендiлер билiгiнде болуы. Соған қарамай империяның кейбiр бөлшектерiнiң аралары алшақ болуына байланысты басқару билiгi басындағылардың арасында қарама-қайшылықтар туып, империя ұлыстарын әлсiреуге әкеп соқтырды.
Алтын Орда, Ақ Орда және Көк Орда. Ғылыми еңбектерде Алтын орда атымен белгiлi Алтын орда немесе Жошы ұлысы мемлекеттiң қалыптасуы жиырма жыл бойы жүрдi. Оның алғашқы кезеңi 1219-1222 жылдар аралығында Орта Азия, Солтүстiк Ауғанстан, Иран, Оңтүстiк Қазақстан және Жетiсу өңiрлерiн Шыңғыс хан және оның балаларының жаулап алуымен, содан соң Моңғол империясының бiрнеше мемлекеттерiмен жүргiзген соғыстарынан соң қалыптасты. Бiзге жеткен құжаттағы мәлiметтер бойынша моңғол императорының үлкен баласы Жошы отырықшылықпен айналысатын елдi-мекендердi билеп, ол кейiн Қыпшақ даласын өзiне қаратып алды.
1222-1227 жылдары Жошы Орталық және Батыс Қазақстандағы көшпендiлердi Жайық өзенiне дейiнгi аралықта билеп-төстедi. Сөйтiп, ХIII ғасырдың 20-30 жылдары Жошы ұлысына бүкiл қазақ даласы қарады. Жошыдан кейiн оны Бату биледi. Ол Моңғол қағанының егемендiгiн мойындағанмен, бiрақ оның иелiлiгi нақтықтылыққа келгенде тәуелсiз едi. Әсiресе, 40 жылдары Бату мен жоғарғы билiк иелерi арасындағы қайшылық үдей түстi. 1248 жыл кезiндегi Жошы ұлысына Күйiк Қағанның жорық жасауы да соның салдарынан болды. 1251 жылы Моңғол империясының билiгi Мөңке Қағанның қолына көштi. Бату мұрагерi Берке ханның (1257-1266 жылдары) Жошы ұлысы тәуелсiз мемлекет болады да, арнаулы құжаттарда ол мемлекет Ұлы Ұлыс атанады. Шығыс жазбаларында ол Ақ Орда болып көрсетiлсе, ал орыс жазбаларында Орда немесе Алтын Орда деп көрсетiледi.
Алтын Орданың құрылу кезеңi 1236-1242 жылдарға жатады. Ұлы ұлысқа, яғни Алтын Ордаға ежелгi Русь территориясы мен Волга Булгарлары және Шығыс Еуропа даласы Закавказьенiң кейбiр аудандарына дейiн созылып жатқан жерлер қосылады. Бату хан өзiнiң Ордасын Ертiс жағалауларынан жаңа географиялық орталық Едiл-Волга өзенiнiң жағалауына көшiредi. Сөйтiп, аз уақыт iшiнде Сарай атты астанасын өмiрге келтiредi.
Алтын Орда және басқа да көшпелiлердiң мемлекеттерi оң және сол қанатқа бөлiндi. Шекарасы Едiл (Итиль) өзенi едi. Алтын орданың немесе Ұлы ұлыстың мемлекеттiк басқару жүйесi Моңғолдардың басқару жүйесiнен едәуiр айырмашылығы болды. Оның империялық һам-харекетi саяси жүйеде ерекше байқалды. Мемлекет басшысы болып Бату династиясынан тарайтын хан есептелдi. Басқа Шыңғыс тұқымдары оғлан атақ-дәрежесiн алғанымен, тақ билiгiне ие бола алмайтын. Ондай құзыр Батудың ағасы Орда-Еженнiң ғана ұрпағына берiлдi. Олар Ұлыстың оң бөлшегiндегi хан тағын иелендi. Хан сайлау деген болмай, билiк рудың iшiндегi үлкенiне мұрагерлiк ретiнде қалдырылды. Сол қанаттың хандарының билiктерi өз ерiктерiнде болғанына қарамай, олар жоғарғы хан билiгiмен тағайындалып, бекiтiлiп, жарлықтар жоғарғы хан атынан берiлдi. ХIҮ ғасырдың 20-30 жылдары Өзбек ханның билiгi тұсында сол қанаттағы автономия жойылып, хан билiгi өмiр сүруден қалды да, оларды жоғары хан сайлаған билер биледi.
Орталық және жергiлiктi билiк органдары Моңғол және жергiлiктi ел дәстүрi бойынша қалыптасты. Билiк жүйесi бойынша ханнан кейiнгi басқару беклар-бек, яғни бектердiң бегi билiгiнде болды. Ол ұлыстағы әкiмшiлiк және әскери билiктi жүргiздi. Сонымен бiрге, бектердiң бегi мемлекеттiң әскерiн басқарып, хан атынан мемлекеттiк iстердi шешумен бiрге жоғарғы билiк органдарын басқарады. Саяси өмiрде Ұлы уәзi р хандықтың қаржы және қазынасымен қоса салық жинау құрылымдарын жүргiздi. Жоғарғы атқарушы билiк әртүрлi шаруашылық саласын басқаратын уәзiрлерден құрылған дивандар болды. Диванның iс жүргiзушi хатшыларын бiтiкшi деп атады. Хан аппаратында жасауылдар, тұтқауылдар, бекеуiлдер секiлдi Сарай шенеунiктерi болды. Ұлы ұлыстың кейбiр жекелеген бөлшектерi ұлысбектер билiгiнде едi. Олар отырықшылық аймақтардағы Хорезм, Қырым Булгары өңiрлерiн биледi. Iрi қалаларды хан тағайындаған даруғабектер билеп, олардың қызметi моңғолдардың даругашыларына ұқсайтын. Даругашылар салық жинауға жауап беретiн, полиция және әкiмшiлiк қызметтi басқақтар атқарды. Басқақтар Ұлыстың вассалдық иелiктерiндегi княздiгiнде, Сербия мен Болгарияда болды.
Азаматтық, қылмыстық, шаруашылық iстерi әдеттегi құқық құзырына кiрiп, Моңғолдардың Жасақ және қыпшақтардың Адат рәсiмiнен өрiлген құқықтарына сай келдi. Алтын Ордада Өзбек ханнан кейiн қалың жұртшылық iшiнде Шариғаттың рөлi ерекше көзге түстi. Яғни, исламдық құқық дамыды. Соттық талас-тартыс кезiнде имамның беделi артты. Русь жерiндегi сот жүйесi болса, моңғол шапқыншылығына дейiнгi жүйеде жүрдi. Жалпы, Ұлы ұлыстың құқықтық жүйесi ХIII ғасыр мен ХIҮ ғасырдың басында Дештi Қыпшақ жағдайына келтiрiлген Шыңғыс ханның Жасағына сай қалыптасты. Алтын Ордада жылына мiндеттi түрде әскери-әкiмшiлiк өкiлдерi қатысқан съезд-құрылтай өткiзiлiп тұрды. Сөйтiп, ханның алдында ұлыс билеушiлерi есеп берiп отырды. Жоғарыда айтып өткенiмiздей Өзбек хан билiгi кезiнде ислам мемлекеттiк дiн ретiнде қабылданды. Бұл Ұлы ұлыс территориясында мұсылман құқы нормаларының енгендiгiн айғақтайды.
Көшпелi жұртшылықты ұлыстың сұлтандары (оғландары), түменбасылары, мың басылары, жүз басылары, он басылары Моңғол империясындағы жүйемен басқарды. ХIҮ ғасырда сол қанаттағы автономияның ыдырауына байланысты Бату мен Шейбани тұқымдарынан басқалардың барлығы Ұлысты билеу билiгiнен және басқа да жасалатын жеңiлдiктерден айырылды.
Әкiмшiлiк-территориялық бөлiну ХIII ғасырдың 40 жылдарынан ХIҮ ғасырдың басына дейiн Ұлы Ұлыс оң және сол қанатқа бөлiндi.
Ұлыстың бүкiл және оң қанаттағы астанасы алғашқы кезде орта Волгадағы Булгар қаласында болса, ХIII ғасырдың 50-жылдары Бату Сарайы Волга өзенiнiң төменгi жағына, ал ХIҮ ғасырда Берке сарайы сол Волга өзенiнiң төменгi жағына көшiрiледi. Ұлы ұлыс ханының жазғы резиденциясы ХIҮ ғасырда қазiргi Атыраудан алыс емес Орал өзенiнiң бойындағы Сарайшық қаласында болды. Оң қанаттағы хан мекен-жайы Ақ Орда деп аталып, өзiнiң түр-түсiне қарай басшы-ағалық санат есебiнде саналды. Хан қыстың күндерi қыстауда болып, жазда Ақ Орда ханмен бiрге көшiп жүрдi. Сөйтiп, хандық мемлекет көшпелi мәндi иелендi.
Сол қанаттың астанасы Сырдария өзенiнiң жағалауындағы бұрынғы шығыс-қыпшақ бiрлестiгiнiң оң қанаты жайлаған Сығанақ қаласына орналасты. Ол Көк Орда аталды. ХIҮ ғасырдың 20-30 жылдарында Көк Орда таратылып, оны жоғарғы хан сайлайтын билер биледi. Сөйтiп, ХIҮ ғасырдың екiншi жартысындағы Ордадағы дағдарыс салдарынан сол қанат оғландары оң қанаттағы тақ иелiгiне билiк жүргiзiп, Ұлыстың шығыс бөлшегiнде билiк жүргiзушiлерге Ақ Орда аты берiлдi. Батыс Сiбiр мен Солтүстiк Қазақстан территориясын жайлаған ұлысқа ерекше статус Iбiр-Сiбiр ұлысы аты берiлдi. Моңғол империясы секiлдi Ұлы ұлыста да әскери-әкiмшiлiк принципiндегi мемлекеттiк территория және жұртшылықты бөлу жүйесi жүргiзiлдi. Мемлекет шекарасы, әсiресе, Батыс, Оңтүстiк және Шығыс шекаралар бекеттермен белгiленiп, елеулi деген керуен жүретiн жолдарда кеден бекеттерi қойылды.
Ұлы ұлыстағы хандар өздерi басқарған территорияларда ел санағын жүргiзу арқылы салық жинау жүйесiн қалыптастырды және бiр жүйеге түсiрдi. Мұнда тек қана көпшiлiктiң саны ғана есептелiп қана қоймай, олардың малдарының саны, өңдеген жер көлемдерi, сондай-ақ ол жерлердiң қанша астық беретiндiктерi ескерiлдi. Сол арқылы арнаулы салық жинау кiтапшасы-дәптер жасалып, оған әрбiр әкiмшiлiк пен шаруашылықтан жиналған салықтардың көлемi кiргiзiлдi. Көшпелi жұрт болса әрбiр мал басына байланысты бiр пайыз — копчур салығын төледi. Отырықшылықпен айналысатын Ұлыс жұртшылығы харадж салығын төлесе, негiзгi салықтың бiр түрi әскери салық — тағаратанып, ол екi бөлiмнен тұрды. Оның бiрiншiсi — азық, екiншiсi — алым атанды. Әсiресе, Алтын Ордаға бағынышты орыс княздiгiндегi алым-салықтың түрi ауыр едi. Олар жылына мүлiк бағасының он процентiн құрайтын шығынсалығын төледi. Сондай-ақ, басқақтар өз округтарынан түтiн салығын жинады.
Ұлы ұлыстың территориясынан өткен керуендер мемлекетке үлкен кiрiс түсiрдi. Хан керуен жолындағы сауда-саттықпен айналысатын саудагерлер үшiн өзiне тиiмдi саясат жүргiзiп, мемлекет атынан саудагерлер мен олардың тауарларына қауiпсiздiк жағдай жасады. Бұл ұлы жiбек жолы бойындағы сауданы қыздырды. Сауда салықтары мемлекет қазынасының ортаймауына бiрден- бiр ықпал еттi.
Ұлы ұлыстарда негiзгi салықтардан басқа қосымша алымдар мен мiндеткерлiктер көп болды. Мысалы, соның бiрi — пошта бекеттерi Ямды қамтамасыз ететiн салық түрi едi. Әрбiр бекетте 20-дан астам жаушы болса, олардың әрбiрiне арналған тамақ пен жүйрiк жылқылар жұртшылықтан жиналды. Сонымен бiрге, ол жаушылар мемлекеттiк тапсырманы орындау барысында кез келген жерде ат ауыстырып мiне алатын. Алғашқы кезде бұл iспен тек шенеунiктер мен Шыңғыс ұрпақтары ғана айналысса, кейiн ХIII ғасырдың 50-шi жылдары бекеттердi пайдаланудың барлық түрлерi реттелiндi. Байқап отырғанымыздай Ұлы ұлыста салық жинау жүйесiне ерекше назар аударылып, оны белгiлi бiр ретке келтiрiп, мемлекет қазынасын толтыратын жағдайларға барынша мүмкiндiк жасалынды.
Көшпелі Өзбек мемлекеті (Әбілхайыр хандығы). ХҮ ғасырдың 20-30 жылдары Ұлы ұлыстың сол қанатындағы территорияда бiрнеше жартылай тәуелсiздiкке қол жеткiзген иелiктер пайда болды. Солардың бiрi — көшпелi өзбек мемлекетi, 1428 жылы бұл мемлекетте Едiгелiк Бақас бидiң қолдауымен 17 жасар Шейбани ұрпағы Әбiлқайыр хан сайланды. Ұлы ұлыстың мемлекеттiк басқару жүйесiн қайта қалыптастырып, оны бiр орталыққа бiрiктiру жөнiндегi азғана кезең сол Әбiлқайыр атымен тығыз байланысты.
ХҮ ғасырдың 30-40 жылдарында Әбiлқайыр Ұлы ұлыстың сол қанатын өз билiгi астына бiрiктiре бiлдi. Ол өз билiгiне Шыңғыс ұрпақтарын ғана бағындырып қоймай, Едiге ұрпақтарының билерiн де қосып алды. Оның иелiгi Шығыстан Батысқа қарай, Ертiстен Волга жағалауына дейiнгi жерлердi алып жатты. Бұл жерлер шығыс жазбаларында Өзбек ұлысы деп аталады. Бұлай деп аталуы Өзбек хан есiмiмен тығыз байланысты болды. Оның беделi ХIҮ ғасырда тым асқақ болып, өзбек терминiн қалыптастырды. ХҮ ғасырдың алғашқы жартысында аталған термин ұлыстың сол қанатын жайлаған халық арасында бекiп, орнықты. Мысалы, темiрлiк тарихнаманың авторы (ХIV ғасырдың аяғы — ХV ғ.) Дештi Қыпшақтағы мемлекеттiк құрылымдарды көрсету үшiн хандардың есiмдерiмен және негiзiнен “өзбек” деген этнополитониммен қосып, “ұлыс”, “дийар” (ел), “уәлаят” (облыс), мамлакат (мемлекет) деген терминдердi пайдаланды.
Әбiлқайыр ханның Ұлы ұлыстың саяси жүйесiн қайта қалпына келтiруге деген ниетi сәтсiз аяқталды. Бiрiншiден, Өзбек ұлысындағы сауда-саттықпен айналысатын жоғарғы көпестер әлсiз болып, үлкен орталық болатын қалалар жоқтың қасы болды және халықаралық сауда да нашар жүргiзiлдi. Сөйтiп, мемлекеттiң қазынасы толмай, мемлекеттiк аппаратты ұстайтын кiрiс мүмкiндiгi шамалы болады. Осыған қарамай хан Ұлысты билеушiлердi өзi тағайындайтын. Өзбек ұлысының саяси ұйымы Әбiлқайыр хан кезiнде бiр орталыққа бағынған, хандық билiк институттарының ерекшелiгiмен көзге түстi.
1428-1429 жылдары Әбiлқайыр хан Түркiстан, сондай-ақ, Хорезм территорияларына бiрнеше әскери жорықтар жасады. Ол алғашқы кезде өз қазынасын толтыру мақсатында жүргiзiлдi. Бұл мәселеде аталған жорық өте сәттi өттi. Әбiлқайыр өзiнiң төңiрегiне көптеген әскери жасақ жинаумен бiрге, өзiне ұйғыр және найман руларының беделдi билерiн қаратып алып, дала лидерi атанды. Әбiлқайыр хан өзi қалыптастырған мемлекеттiк басқару орган жүйесiн нығайту үшiн фискальдық жүйе нысанын ендiрдi.
1446 жылы Әбiлқайыр ханға Мұстафа бей жорық жасады. Бұл кезде Әбiлқайыр өзiнiң атақ-дәрежесiнiң ең биiк шыңында тұр едi. Сондықтан, хан өзiнiң қарсыласына тойтарыс бердi. Мұстафа бей Хорезмге қашуға мәжбүр болды. Сол 1446 жылы Әбiлқайыр Сырдарияның бойында өзi иық тiрейтiн Созақ, Аққорған, Үзгент қалаларын жаулап алып, Сығанақ қаласын өзiнiң астанасы еттi. Әбiлхайыр хандығы кезiнде отырықшылық пен мал шаруашылығы қалыптасты.
Мемлекеттiк басқару жүйесiнде өкiлеттi және алқалық орган билiгi-хан кеңесi мен дуан маңызды орынға ие болды. Хан кеңесiнде күрделi деген мәселелер шешiлiп отырды. Хан кеңесi оғлан, сұлтан, дiн басылары, ру басылары және атқарушы орган болып саналатын сарай дивандары құрамынан тұрды. Диванды ханға ерекше берiлген “кошчи” немесе “ұйғыр” руларынан бiрiккен өкiлдiктер басқарды. Дивандар iрi сұлтандықтардың жанынан құрылды. Сарай өмiрi мен ел iшiндегi жағдайларды таратушылар ханның уәзiрлерi және оның көмекшiлерi — нәбилер едi. Мемлекеттiк билiк жүйесiнде тақ мұрагерiн тәрбиелейтiн, сосын тақ мұрагерлерi билiк жасына жеткенге дейiн удельдердi басқарушы “атабектер” қызмет еттi. Әскердi хан басқарды. Ханның әскери жасағы — нөкер және негiзгi қарулы күш болып екiге бөлiндi. Негiзгi қарулы күш соғыс кезiнде ғана жиналып, өз еңбектерiне сыйақы алмайтын. Атабектер тақ мұрагерлерiн тәрбиеледi.
ХҮ ғасырда Қазақстанның құқықтық мәдениет саласында едәуiр өзгерiстер болды. Ұлы ұлыс дәуiрiнде Әлемдiк Заңдылықты (төре) сақтаушы және таратушы хан болса, ендi хан билiгiнiң әлсiреуiне байланысты, оны Шыңғыс ұрпақтары — оғландар иелендi. Шыңғыс ұрпақтары осы кезден бастап төре және сұлтан деген терминге ие болды. Шыңғыс ханның Ясасының рөлi бiрте-бiрте әлсiреп, құқықтық қайнар көз ретiнде адат — әдеттегi құқық пайдаланыла басталды.
Әбiлқайыр хандығы кезiнде, ол билеген территориялардағы отырықшы халық пен қалалықтар “жасақ” салығын төледi. Ал, “копчурдi” барлық көшпендiлер мен отырықшы халықтар бiрдей дәрежеде берiп отырды. Сонымен бiрге, көшпендiлер жылына бiр рет “зекет” салығын төледi. Ол Шариатпен бекiтiлген болатын.
Жалпы, Ақ Орда ыдырағаннан кейiн Қазақстанның Орталық, Шығыс және Солтүстiк бөлiгiн, Сiбiрдiң үлкен аймағын Әбiлқайыр хандығы (1428-1468 ж.ж) алып жатты. Ол Жошының Шейбан атты ұрпағынан тарап, кейiн тарихта көшпелi өзбек хандығы аталып кеткен. Әбiлқайыр хандығының саяси, салық, әскери жүйесi Ақ Орда және Моғолстан мемлекетiнiнiң жүйесiне ұқсас болды. Хандық iшкi қайшылықтардан ыдырап кеттi.
Ноғай Ордасы. Ақ Орда ыдырағаннан кейiн ХҮ ғасырдың ортасында Қазақстанның батысында — Ноғай Ордасы пайда болды. Оны алғашында “маңғыт жұрты” деп атады. Ноғай Ордасының негiзiн салушы Алтын Орданы 15 жыл билеген Едiге (1396-1411 ж.ж.) болып есептеледi. Ал, Едiгенiң баласы Нұр-ад-диннiң кезiнде (1426-1440 ж.ж.) Ноғай ордасы мейлiнше нығайды. Сөйтiп, Ноғай Ордасы Қазақстанның үлкен бөлiгi болып саналатын Едiл мен Жайық өзендерiнiң арасын алып жатты. Елдi Шыңғыс әулетi емес, Едiге әулетi биледi. Сондықтан Ноғай ордасының басшысын хан емес би деп атады.
“Ноғай”, “Ноғайлықтар”, “Ноғай Ордасы” терминдерi жазба әдебиеттерде ХҮI ғасырдың басында пайда болды. Олар моңғол-қыпшақ тектерiмен байланысты өздерiн Жошы тұқымынан тарайтындықтарын айтады. Ноғай Ордасындағы саяси және экономикалық билiк Маңғыт әмiрлерi Едiге ұрпақтарының қолында болды. Ноғай Ордасының құрамына маңғыттармен бiрге қоңыраттар, наймандар, арғындар, қаңлылар, алшындар, қыпшақтар, қарлұқтар, алаштар, тама және басқа тайпалар кiрдi.
Ноғай Ордасында, яғни маңғыт ұлысында ұзақ уақыт моңғолдардың әдеттегi құқық нормалары сақталды. Маңғыт ұлысында өзiнiң iшкi сот жүйесi болды. Яғни, билер соты немесе ру соты. Олардың үстiнен ұлыс билерi — мырзалар соты қарайтын. Би-мемлекет басшысы болып есептелдi, ол Едiге әулетiнен шықты. Бидi Үлкен Кеңес — Құрылтай сайлады. Үлкен Кеңеске әскер басылар, рудың таңдаулы адамдары, бастысы Едiге әулетiнiң мырзалары кiрдi. Би болса өзiне көмекшi орган Кiшi кеңестi сайлады. Бидiң жанында қара дуан деп аталатын басқару органы болып, ол шенеунiктiк аппарат ретiнде саналды. Сонымен бiрге аталған орган соттың рөлiн атқарды.
Ноғай Ордасы Қазан және Астрахан хандықтарын Ресей басып алғаннан соң, ХҮI ғасырдың ортасында бiрнеше бөлiктерге бөлiнiп, оның Қазақстан территориясында тұратын iрiлi-ұсақты тайпалары Кiшi жүздiң құрамына кiрдi.
Моғолстан мемлекеті. 1347 жылы Жетiсудың белгiлi адамдары Әмiр Болатшының басқаруымен Тоғлық-Темiрдi хан тағына отырғызды. Бұл жаңа Моғолстан деген мемлекеттiк жүйенiң қалыптасқандығын бiлдiрдi. Моғолстан құрамына Жетiсу, қазiргi Қырғызстан және Қашқар өлкесi кiрдi. Жалпы, Моғолстанда түрiк тайпалары мен түркiленген моңғолдар өмiр сүрiп, мемлекет негiзiн қалады. Мемлекет басында Шағатай династиясынан тараған ұрпақ-хан отырды. Билiктiң көпшiлiк саласы ұлыс бектердiң қолында болды.
Хан мемлекеттiң жоғарғы басшысы ретiнде оның iшкi және сыртқа саясатын реттеп, сондай-ақ барлық мемлекеттiк мәселелердi шештi. Қарамағындағы ұлыстар мен өлкелердiң басшыларын тағайындады. Хан жоғарғы қолбасшы ретiнде өз мемлекетiндегi әскерлердi жорыққа бастап, өзi қолбасшылық еттi. Ханнан кейiнгi лауазым ұлысбегi деп аталып, ол мемлекеттегi барлық мәселелерге араласып, бас уәзiрдiң, яғни бас министрдiң рөлiн атқарды. Моғолстанда ұлысбегi қызметтi мұраға берiлiп отырған. Ол Дулат руынан шыққан Әмiр Болатшының М.Х.Дулатиге дейiнгi ұрпақтарына мұра сипатында берiлiп отырған. Ханның жанында кеңесшi орган — хан кеңесi жұмыс iстедi. Оған ұлысбегi, сұлтандар, оғландар, мырзалар, ханға жақын адамдар, тайпа басшылары мен тағы да басқа беделдi адамдар кiрдi. Мемлекеттiк бас канцеляриясын диван деп атаған. Қаржы және салық жинаумен дафтарлар айналысса, хан мұрагерлерiнiң тәрбиешiсi-атабегi, найб (регент), хаким, ханның облыс пен қаладағы өкiлi даруға, ханның қабылдаулары мен салтанаттарын ұйымдастырушы жасауыл секiлдi сан алуан лауазым иелерi болды. Мемлекеттiк қызметтi ұйымдастырудың ерекше бiр белгiсi ретiнде құжаттарды жазбаша жүргiзудi, сондай-ақ әскер мен отырықшы жұртшылықты есепке алып, халық санағын жүргiзудi, iс қағаздарын мөрмен бекiтiп, оны жергiлiктi жерлерге таратып отыруды айтуға болады. Мiне, осының барлығы Моғолстан хандығында дамыған мемлекеттiк құрылыс және құқықтық қатынастар жүйесi болғанын көрсетедi. Сондай-ақ салықтың зекет, ұшыр, харадж, қалан, купчур, баж сияқты алуан түрлерi болды.
ХIҮ ғасырдың аяғы ХҮ ғасырдың басында Моғолстанға Орта Азия Әмiрi Темiр жиi-жиi шабуылдап, мазасын алып отырды. Сөйтiп, Қамар-ад-дин мен әмiрдiң әскерлерiмен арасындағы қақтығыс жиi-жиi болып хан мен оның арасы шиеленiсе түстi. Соған қарамай ХҮ ғасырдың басында Моғолстан билеушiлерi өз егемендiгiн жариялайды. Тек Темiр өлгеннен кейiн Жетiсу толық өзiнiң тәуелсiздiгiн алады. Әйтсе де хан орталықтандыруға қаншалықты күш салғанмен iшкi тұрақтылыққа қол жеткiзе алмады. Сондықтан Мұхаммед хан (1408-1416 ж.ж.) мұсылман дiн басыларына сүйенiп: “бiз тұтастай Шыңғыс ханның торасынан (заңдары) бас тартып шариат жолымен жүремiз” деп мәлiмдедi. Соған қарамай ХҮ ғасырдың бiрiншi жартысында Моғолстан жеке иелiктерге бөлiнiп, әмiрлер өздерiн тәуелсiз билеушiлер есебiнде ұстады. ХҮ ғасырдың екiншi жартысында Жетiсу қазақ хандығының қолына көшедi.
Жалпы, аталған дәуiрде Қазақстанның мемлекет және құқық жүйесi эволюциялық жолмен дамып отырғандығын байқауға болады. Бұл салық жүйесi мен жалпыхалықтық санақ жүргiзу институттарының пайда болуы мен дамуынан байқалады. Айталық әскери-потестарлық бiрлестiктердiң ұлыстық жүйенi қалыптастырып, iлгерi дамытуының өзi де мемлекет және құқық теориясының негiзi болып саналса керек. Мiне, осы кезде қазақ қоғамының саяси ұйымдастырушылық негiзi қаланды. ХIII-ХҮ ғасырлардағы көшпендiлердiң құқықтық жүйесi кейiнгi дамыған құқықтық жүйелердiң қалануына негiз болды.
6. Қазақ хандығының құрылуы және дамуы
ХҮ ғасырдың ортасында Қазақстан территориясында жаңа мемлекеттiк құрылым - Қазақ хандығы құрылды. Бұл жағдай қазақ халқының тарихында және Қазақстанның мемлекеттiк-құқықтық жүйесiнiң қалыптасу кезеңiнде ерекше орын алады. Қазақ хандығының негiзгi тұрғындары қазақ халқы этнос ретiнде қалыптасты. Қазақ хандығы осы өңiрде өмiр сүрген ежелгi ғұн, үйсiн, қаңлы мемлекеттерiнен бастап Ақ Орда мен Әбiлқайыр хандығына дейiнгi мемлекеттердiң заңды жалғасы ретiнде дүниеге келдi.
Жалпы, қазақ хандығының құрылуы Шығыс Дештi Қыпшақтың, Жетiсу мен Түркiстанның кең байтақ территориясындағы әлеуметтiк-экономикалық, саяси-қоғамдық процестердiң заңды қорытындысы болып есептелiнедi. Экономикасы аралас, көшпелi мал шаруашылығы мен отырықшы-егiншiлiк, қала шаруашылығы қалыптасқан аймақтардың табиғи интеграциясы негiзiнде ХIҮ-ХҮ ғасырларда тұтас экономикалық және бiр саяси құрылымға бiрiккен мемлекеттiң пайда болуына қолайлы жағдай әзiрледi. Сөйтiп, қазақ рулары мен тайпаларының этникалық жағынан бiрiгуiне, халықтың ұзаққа созылған қалыптасу процесiнiң аяқталуына себепкер болды. Әсiресе, Ақ Орда, Моғолстан, Әбiлқайыр хандығы; Ноғай Ордасы шеңберiнде жергiлiктi этникалық негiзде бiр мемлекеттiң даму тәжiрибесi қалыптасып бiртұтас халықтың саяси жағынан бiрiгуi қажет екенiн түсiнуiне әкелiп соқтырған жағдайлар қазақ хандығын қалыптастырды. Сондықтан да қазақ хандығының құрылу кезеңдерiн төмендегiдей қараған жөн.
Қазақ хандығының құрылуы. Әбiлқайыр мемлекетiнiң ХҮ ғасырдың 50 жылдарындағы саяси жүйесiнiң дағдарысқа ұшырауы, оның қарсыластарын күшейтiп қана қоймай, олардың санын арттырды. Ол жалпы жұртшылық қана емес, беделдi адамдардан да қолдау таппады.
Қазақ хандығының негiзiн салушылар Ақ Орда билеушiсi Орыс ханның ұрпақтары Керей және Жәнiбек хандар болды. XV ғасырдың ортасында Керей мен Жәнiбек Шығыс Дештi Қыпшақта Ақ Орда хандары әулетiне қарсы күресе отырып, халық бұқарасының наразылығын пайдалана бiлдi. Оларға қараған екi жүз мыңдай адам Әбiлқайыр хандығынан бөлiнiп, Моғолстанға қарасты Шу мен Қозыбасы өңiрiне орда тiктi.
Әбiлқайырдың оларды ұстап тұруға қаһары да, күшi де жетпедi. Жалпы, 1459-60 жылдардағы наразылыққа толы көшi-қон Дештi қыпшақтың шығыс тұсындағы ұлы ұлыстың бiр бөлiгi Әбiлқайыр мемлекетiнiң, күйреуiне әкелiп соқты. Әбiлқайыр 1468 жылы Моғолстанға жорыққа аттанып, сол жолы қаза тапты да хандық ыдырады. Әбiлхайыр хандығы мен қазақ хандығы құрамындағы халықтар бiрыңғай болғандықтан, олар ешбiр қан-төгiссiз бiрiгiп, бүкiл жерлер Қазақ хандығына қарады.
Әбiлхайырдың қазасы мемлекеттегi саяси дағдарысты күшейтiп, кейбiр жазбаларда оның тақ мұрагерiн ұлы Шейх-Хайдар десе, ал ендi бiреулер Жәдiгер (Йадгар) хан дейдi. Қалай дегенде де билiк үшiн болған қым-қиғаш тартысқа кейiн маңғыт билерi Мұса мен Жаңбыршы, шейбанид Ибрахим араласады, Жәнiбек пен Керей сұлтан да одан тыс қалмайды. 1469 жылдың аяғы- 1470 жылдың басында Шейх-Хайдардың жақтаушылары күйреп, ханның өзi өлтiрiледi де, оның иелiгi үшке бөлiнедi. Батыс Жетiсу, Орталық Қазақстан, Сырдарияның орта ағыстары Жәнiбек пен Керей қолына көшедi. Батыс Қазақстанда Маңғыт билерiнiң басшылығымен мемлекеттiк құрайтын Маңғыт жұрты немесе Ноғай ұлысы деген атпен белгiлi мемлекет құрылды. Солтүстiк Қазақстан мен Батыс Сiбiр шейбанид Ибрагим билiгiнiң құрамына кiрiп, Сiбiр хандығы атанды.
Қазақ хандығының пайда болуына бiрден-бiр себеп болған жағдайларды тұтас саяси-экономикалық және этникалық iс-әрекеттерден деп бағалау керек. Оның саяси себептерiнiң бiрi — Ұлы ұлыстың империялық дәстүрi негiзiнде қалыптасқан саяси-құқықтық жүйенiң қоғам өмiрiнде жүйелi түрде дами алмауы болды. ХIҮ ғасырдың екiншi жартысынан бастап-ақ ХҮ ғасырдың алғашқы жартысына дейiн билiкке келген саяси топтар бiр орталыққа бағынған бюрократиялық мемлекеттiң күштi хан билiгiне бағынышты болуын қалағанмен, оған олардың экономикалық негiзi сәйкес емес едi. Сондықтан да Әбiлқайыр хан қарауындағы жұртшылық оның ұстаған саясатын қолдамай, қайта мемлекеттiк құруға лайықты жаңа жобалар ұсынған оның қарсыластарын қолдады. ХҮ ғасырдың ортасындағы Мұса мен Жаңбыршы билер атынан iс-әрекетке көшкен Едiге ұрпақтары төре Шыңғыс ұрпақтарын және хан билiгiн жойып, оларды Едiге ұрпақтарымен алмастыруды ұсынды. Ал Орыс ханның ұрпақтары Жәнiбек пен Керей хан билiгiн сақтап, оны қауымдастық өкiлдерiнiң съездi — Мәслихатпен шектеп отыруды қолдады. Әбiлхайыр мемлекетiнiң күйреуi және маңғыт билерi мен қазақ хандарының бiр бiрiмен күресi Қазақстандағы саяси құрылымның болашағы үшiн болған қарама қайшылықтары едi. Сөйтiп, ұзақ шайқастардан соң ХҮI ғасырдың аяғы ХҮII ғасырдың басында қазақ хандары жеңiске жетiп, бүкiл билiктi өз қолдарына алды.
Ал, оның экономикалық себебi, төменгi Повольжьенiң Еуразияның экономикалық орталығы ретiнде күйреуi болды. ХIҮ-ХҮ ғасырлардағы Ұлы ұлыс жұртшылығының батыс аймақтардан шығысқа қарай, яғни қазiргi Қазақстан территориясына қарай көшуi үлкен тарихи жағдайларға әкелiп соқтырды. Осы мезгiлде транзиттiк халықаралық сауда жүйесi бұзылды. Бiрiншiден, барынша дамып келе жатқан Еуропа мемлекеттерi Ұлы ұлыс территорияларын айналып өтетiн Индия мен Қытайдың теңiз сауда жолдарын игере бастады. Екiншiден, Осман империясының өркендеуi-Ұлы ұлыстың негiзгi экономикалық әрiптесi және Еуропамен сауда-саттықтағы делдалдық қызмет атқаратын Генуя республикасының саяси және экономикалық жағдайының құлдырауына әкелдi. Сөйтiп, жеңiске қол жеткiзген түрiктер Қара теңiздi өз иелiктерiне алып, Ұлы ұлысты әлемдiк рынокқа шығармай қояды. Мұндай дағдарыс пен саяси қиындықтар Ұлы ұлыстың сауда орталығына айналған қалаларындағы тiршiлiктi қиындатып, ақыры 1395 жылы Әмiр Темiр әскерлерiн ойсырата күйреуге әкелiп соқтырады. Сөйтiп, Повольжье мен Солтүстiк Кавказдағы қалалардың бiраз бөлшегi өмiр сүруден қалды. Повольжьенiң экономикалық жағдайы ХҮI ғасырдың екiншi жартысында ғана қайта қалпына келiп дамиды. Бiрақ Еуропаға шығатын жолы Қырым емес Ресей болды. Сөйтiп, ол Мәскеу патшаларының билiгiне көшедi.
Сонымен бiрге Сырдария өзенiнiң бойындағы қалалардың маңызы артып, Жiбек жолы бойындағы халықаралық сауда-саттық дамуы сауда — егiншiлiкпен айналысатын Повольжьеден мал-жер шаруашылығымен айналысатын Қазақстанға көшедi. Сөйтiп, жаңа мемлекеттiң қалыптасу кезеңi басталды.
Қазақ хандығының қалыптасуына ерекше ықпал еткен жағдай, ол этникалық процестiң жан-жақты жүруi болды. ХIҮ-ХҮ ғасырларда Қыпшақ этносы дағдарыс кезеңiн бастан өткiзедi және оның этникалық құрылымы күйреп, жаңа белсендi субэтникалық топтардың құрылуына әкеп соғады. ХlҮ ғасырдың 50-60 жылдары Сырдария бойында жаңа ноғайлы субэтносы қалыптасады. Олар Ислам өркениетi мен қалалық мәдениетке қарсы көшпелi дәстүрдi сақтап қалады. Келе-келе ноғай терминi ежелгi Қыпшақ этнонимiмен алмастырылады. Сөйтiп, алаш субэтносы пайда болады. Ол Ұлы ұлыстың сол қанатын жайлаған, Ислам әлi толық сiңiсе қоймаған алаш жұрты едi. Этникалық дағдарыстың жалғасуына себеп болған қозғалмалы көшпелiлердiң жиынтығынан казак немесе қазақ атымен аталатын субэтнос пайда болды. Сондай-ақ, Ұлы ұлыстың бұрынғы көшпелi жұртшылығының атын жинақтаған өзбектер десол кезеңде өмiрге келдi.
Сөйтiп, ХIII-ХҮ ғасырлардағы қыпшақ, ХIҮ-ХҮ ғасырлардағы ноғай және ХIҮ-ХҮ ғасырлардағы өзбектiң тұтас этносы ХҮI ғасырларда да өмiр сүрiп, олар жалпы қазақ этнонимiн бекiтедi де, оның аты Қазақ елi атанады. Сөйтiп, қазақ хандығының құрылуына байланысты төмендегiнi айтуға болады:
1. Керей, Жәнiбек сұлтандардың Шу өзенi аймағына көшiп, 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын жариялауы болса, немесе сол Керей, Жәнiбек сұлтандардың 1469-1470 жылдары Сарыарқа және Сырдария аймақтарындағы территорияларда өздерiн екiншi рет хан сайлаулары. Тарихи жазбаларға қарағанда мұның екiншiсi Қазақ хандығының құрылғанына бiрден-бiр себепкер болған секiлдi.
2. Қазақ хандығы ХҮ-ХҮI ғасырларда Ұлы ұлыстың бiр ұлысының негiзiнде пайда болып, оның көшпендi ұрпақтарынан өрген және оның мұрагерi ретiнде дамығандығы едi. Ұлыстың территориясы ХҮI-ХҮII ғасырдың басында Қазақ хандығы мен Ресей патшалығы арасында бөлiнiп алынды.
3. ХҮ-ХҮI ғасырлардағы Қазақ хандығы ХIII-ХIҮ ғасырлардағы Ұлы ұлыс қыпшақтарының тiкелей мұрагерлерi ретiнде өздерiнiң этникалық, мәдени, антропологиялық жағынан еш өзгермеген едi.
4. ХҮ-ХҮIII ғасырдың басындағы Қазақстанның саяси ұйымдасуы Моңғол империясы мен Ұлы ұлыстың мемлекеттiлiктерiнiң моделi ретiнде дамуына негiзгi база болып саналды.
ХV-ХVIІ ғасырлардағы қазақ хандығы. Жас Қазақ хандығы құрылған күннен бастап, бүкiл қазақ тайпаларының басын қосып, Сырдария бойындағы қалаларды қосу үшiн күрес жүргiздi. 1473 жылы Керей хан өлгеннен кейiн, оның орнын баласы Бұрындық алды (1474 -1511 жж.). ХҮ ғасырдың аяғында қазақтар Оңтүстiк Қазақстанның үлкен бiр бөлшегiн иеленiп, одан Әбiлқайыр ұрпақтарын ығыстырып шығарады. Сөйтiп, қала орталықтарына иек артқан Бұрындық хан Жетiсу, Орталық және Батыс Қазақстанның көшпелi руларының басын бiрiктiредi. Соған қарамай ХҮI ғасырдың басында мемлекеттiң толық билiгi Жәнiбектiң баласы сұлтан Қасымның қолында болды (1511-1523 жж.). Бұрындық пен Қасымның арасындағы билiкке талас соңғысының жеңiсiмен аяқталады. Қасым хан билеген жылдар қазақ хандығы үшiн ең бiр құдiреттi кезең болды. Сол жылдары қазақтар Сырдария жағалауындағы қалалардың бiразын өзiне қаратып, Жетiсу мен Тянь-Шань өңiрiндегi қалаларды да игердi. Қазақстанның батысындағы жерлерде де өз иелiгi кеңейтiле түстi. Маңғыт жұрты Мұса мырзаның өлiмiнен кейiн ауыр кезеңдi бастан кешiп, олардың Едiге ұрпағымен қырқысы күшейе түстi. Мiне, осындай жағдайлардан кейiн Маңғыт жұртының билеушiлерi Қазақ ханымен одақтасып, Сарайшық Қасым ханның ордасына айналады.
Бiрақ бұл мемлекеттiң күшеюi уақытша едi. ХҮ-ХҮI ғасырлардағы қазақ қоғамындағы саяси жүйе Ұлы ұлыстың империялық басқаруына себепкер болған қайшылықтарды да бойына сiңiрген едi. Сондықтан да алғашқы Қазақ хандарының билеу жүйесiндегi әлсiздiктер олардың саяси аренадағы беделiн түсiрдi. Қасым хан өлгеннен кейiн, қазақ-маңғыт одағы ыдырайды. Сөйтiп, Қасым мұрагерлерi арасындағы билiкке талас бiрнеше хандықтардың өмiрге келуiне себепкер болды. Аталған таластан кейiн қазақтар билiгiне Жетiсу мен Сырдарияның бiр бөлшегi қалады да, қалғандары Маңғыт билерi мен Орта Азия билеушiлерiнiң билiгiне көшедi. Тек ХҮI ғасырдың 50 жылдары ғана Хақназар ханның кезiнде (1538-1580 ж.ж.) Қазақ хандығы ұзақ дағдарыстан шығып, өзiнiң саяси жүйесiн өзгертедi.
Қазақ хандығының жоғарғы заң шығарушы билiгi мәслихат немесе құрылтай — сұлтандар мен қауымдастық өкiлдерiнiң съезi болды. Мәслихатқа қатысуға ересек және еркiн ер азаматтардың құқы бар едi. Олар мәслихаттың толық мүшесi болу үшiн өздерiнiң қару-жарақтары болуы керек болатын. Съезд жұмысына халықтың көп бөлiгi жиналатын, сондықтан да кейбiр жазбаларда мәслихатты халық жиналысы деп атайды.
Хан билiгiнiң күшi ондағы удельдiк басқару жүйесiнiң қаншалықты мықты да қалыпты болуына байланысты болды. Ол туралы кезiнде И.Георги: “...Өзiнiң ағайындары, сұлтандары, нағашылары немесе достары болғанына қарамастан, ханға старшындарға қарағанда ерекше iлтипат көрсетiлдi” деп жазды.
Қазақ қоғамының жоғарғы мемлекет басшысы хан болды. Хан мәслихат кезiнде Шыңғыс хан ұрпақтарынан сайланып, ол хандық қызметiн өле-өлгенше атқарды. Тiптi кейде хандар алмастырылып, олар қуғынға түсiп тұратын да кезеңдер болды. Мысалы, 1511 жылы Бұрындық хан өз тағын тастап Самарханға кетуге мәжбүр болды. Ал 1526 жылы Таһир хан Қазақ хандығын тастап Қырғызстанға кеттi. Хан сайлауы өткiр саяси талас-тартыспен өтетiн. Кей кезде қарулы қақтығыстар да болып тұратын. Кей кездерi мәслихат екiге жарылып екi не одан да көп хандар пайда болатын. Сондықтан да сайланған ханды жоғарғы билеушi деп атап, оны ақ киiзбен үш рет көкке көтеретiн. Ханның құзырына төмендегiлер кiретiн:
1. Мемлекеттi сыртқы жаулардан қорғайтын қарулы күзеттi ұйымдастыру.
2. Мемлекеттiң сыртқы саяси бағыт-бағдарын анықтау.
3. Жоғарғы сот билiгi қызметiн атқару.
4. Қоғамдық құрылысты және түзелген тәртiптi қорғау.
Ханның қолында әскери және азаматтық билiк шоғырланды. Хан әскерлердiң бас қолбасшысы болып есептелдi. Мыңбасыларды тағайындады. Соғыс жариялау және бiтiм мәселелерiн шештi. Рубасы сұлтандарды тағайындады. Билердi белгiледi.
Хан жоғарғы билiктiң сот-төрешiсi болып саналды. Оның құзырына өзiне дейiнгi билер шешiмiне апелляция жасау, әр түрлi ұлыстардың арасындағы дау-дамайларға төрелiк айту кiрдi. Сот iстерiн шешкен кезде хан әдеттегi заң нормаларын басшылыққа алды. Пайдаланудағы тәртiптер мен қоғамдық жағдайларды қалыптастыру және оны нығайту үшiн хан өзi бұйрықтар шығарып, тапсырмалар бере алатын. Ол сонымен бiрге салықтардың түрi мен көлемiн белгiлеп, хандықтың әкiмшiлiк құрылымдарын қалыптастырды және олардың басшыларын тағайындады.
Ханнан кейiнгi жоғарғы мемлекеттiк билiк сұлтандардың қолында болды. Сұлтан деген атақ тек Шыңғыс ханның ұрпақтарына берiлдi. Сұлтандар болашақта хан сайлануға құқылы болды.
Сұлтандар ханның тапсырмасымен жергiлiктi әкiмшiлiк билiктi жүзеге асырды. Ол ханға тiкелей бағынып, өз иелiгiнде соттық, азаматтық және әскери билiк жүргiзе алды.
Билер кеңесi хан бұйрығыменен жиналып, ең күрделi саяси және заңды мәселелердi кеңестiк құзырда шештi. ХҮ-ХҮI ғасырларда бұл органның рөлi оншалықты болған жоқ. Оның құрамына беделдi билер мен қауымдастықтардың өкiлдерi кiрдi. Ол билердiң бiрi хан кеңесшiсi болды. Жалпы, сот құрметтi де жасы келген бiр биден тұрып, ол өзiнiң айналасына алтыға дейiн тұратын билер тобын құрайтын. Онда биге төраға ретiнде ерекше билiк берiлетiн. Егер соттардың бiрiне арызданушы немесе жауап берушiлердiң бiреуiнiң күдiгi болатын болса, ол билiктен босатылады. Биге түсетiн күдiктiң ең бастыларының бiрi оның екi жақтың бiрiнен пара алып қою немесе сол екi жақтың бiреуiнiң туысқаны болып шығуы себеп болады. Би мен сот төрешiсi дау мәселесiн шешу барысында ешқандай да қаржы не төлем алмайды, ондай болған жағдайда олардың қай-қайсысы болмасын билiктен босатылады. Ал егер бидiң алдында айыпталушы не айыптаушы айқайлап жаман сөздер айтатын болса, онда олардың қай-қайсысын болмасын қамшымен дүре соқтырып, ол жат-жұрттық болса, қуып жiбередi. Бидiң мұндай қызметi қазақ хандығының құрылуы кезеңiнен бастап, оның Ресей отарлауына түскен кезеңге дейiнгi аралықта өз күшiн жоғалтқан жоқ. Орыс жылнамаларында оны орда билерi дейдi. Олар ордадағы соттау және жаза қолдануды талап ететiн iстердiң барлығын жүргiзiп, өздерiнiң халық құқығын iске асырушы өкiл ретiндегi мiндетiн атқаратын. Оларды әскер басылары мен бай басқарушылармен еш салыстыруға болмайды. Олардың әрқайсысына бөлiнген мiндеттерi әр түрлi. Кез келген адам ордалық биге өзiнiң арыз-шағымымен бара алатын болған. Iстiң ақ-қарасын анықтау үшiн биге жан-жақты құқық берiледi. Ал хан тарапынан оған ешқандай да ерекше құқық немесе жеңiлдiк берiлмейдi. Оның барлық айырмашылығы биге халық тарапынан берiлетiн бағамен анықталып отырған.
Сонымен бiрге хан жанындағы iс-қағаздарды жүргiзетiн кеңсе қызметкерлерi дуан деп аталды. ХҮ-ХҮI ғасырлардағы хан әкiмшiлiгi аппаратының орталығы тұрақты бiр жерден орын теппей, хан және оның ауылымен бiрге көшiп отырды. Тек Бұрындық және Қасым хан ғана аз уақыт көлемiнде Орал бойындағы Сарайшықты мемлекет орталығы еттi.
Әкiмшiлiк құрылымы. Қазақ хандығының территориясы мен халқы хан туысқандары — сұлтандардың бастауымен удельдерге бөлiндi. Әрбiр удельдер 50-60 мыңдай отбасы болды. ХVI ғасырдың басында Қазақ хандығы үш-төрт iрi-iрi удельдерге бөлiнiп, оның бiреуi тiкелей хан билiгiнде болды. Әр бiр удель 10 мың отбасыдан тұратын ұлыстарға бөлiндi. Ұлыстардың басында хан сайлаған сұлтандар тұрды. Әрбiр ұлыстың өзiндiк территориясы бар едi. Сондықтан хандық әскери-әкiмшiлiк бөлшекке бөлiндi.
Ұлыстар құрамына тайпалар ұйымы кiрдi. Оларды билер мен старшындар биледi. Әрбiр ұйым тайпаларды бiрiктiрiп, бiр территорияда көшiп-қонатын.
Хан өз аппаратын ұстап тұру үшiн өз билiгiндегi жұрттан салықтар жинады. Салықтың баж және харадж деген екi түрi болды. Көшпелiлер қазынаға әр бас малының саны есебiнен 5 пайыз ұшыр төледi. Салық жинау жергiлiктi билiк иелерiне берiлдi. Қазақ хандары Сырдария бойындағы қалаларында өз теңгелерiн дайындады.
Сөйтiп, ХV-ХVI ғасырларда Қазақ хандығы хандық республика дәрежесiнде дамып, оны жабық типтегi төре-Шыңғыс ұрпақтары биледi. Қазақ хандығы мемлекеттiк құрылымы бойынша унитарлық мемлекет болып саналды.
ХVI ғасырдың 50-шi жылдары Қазақ хандығы таққа Хақ-назардың келуiмен (1538-1580) едәуiр күшейе бастады. Қасым хан қайтыс болғаннан кейiнгi мемлекеттiң тұтастығын қайта қалыптастырып, қазақтардың басын бiрiктiруде оның атқарған рөлi ерекше болды. Хақназар басқарған кезiнде қазақ хандығының мемлекеттiк шекарасы батысында Оралды мекен етiп, солтүстiгiнде Ешiм мен Нұра, шығысында Шыңғыстау, Балқаш және Шу өзендерi территорияларын алып жатты. Оңтүстiгiнде қазақтар Ташкентпен көршi тұрды. Сонымен бiрге Хақназарға башқұрлар мен қырғыздардың бiр бөлiгi бағынды.
Хақназар өлгеннен кейiн Қазақ хандығы қысқа уақыт дағдарысқа ұшырап, Шығай ханның тұсында (1580 -1582 ж.ж.) Бұхар хандығына бағынады. Кейiн ХVI ғасырда таққа Тәуекел хан отырып (1582-1598) Бұқараны күйрете жеңiп, Ташкент пен Ферғана аймағындағы қалаларды өзiне қаратып алды. Сөйтiп, Сырдария бойының барлығы қазақтарға қарайды.
Қазақтардың саяси-потестарлық жүйесi бiрнеше деңгейде болды. Бүкiл билiк қауымдастық басқарушысының қолында болып, ол қауымдастық iшiндегi қарым-қатынасты реттеп отырды. Келесi деңгей өте күрделi қауымдастық иерархиясынан тұрды. Ол ассоциация түрiнде бiрiктi. Бiрнеше ассоциация бiр территорияны иеленiп, әскери-потестарлық топ руға бiрiктi. Бiрнеше ру әскери-потестарлық бiрлестiктi құрап, ел немесе аймақ болып бөлiндi. Оларды орыс жазбаларында тайпалар дейдi. Соған қарамай қазақтардың ең жоғарғы саяси жүйесi мемлекет саналды. Олардың әрқайсысының өз таңбалары және әскери ұрандары бар едi. Кәсiпқой әскер басшыларын жасаған ерлiктерiне сәйкес батырлар деп атады.
ХVII ғасырдың басында қазақ қоғамындағы саяси жүйелердiң бiр ерекшелiгi жүзге бөлiнедi. Әр жүз өзiнше iрi әкiмшiлiк-саяси және территориялық шаруашылық бiрлiкке ие автономия құрды. Халық дәстүрiне қарағанда жүздердiң құралуын Хақназардан бастайды. Қазақстанда ерте орта ғасырлардың өзiнде-ақ үш негiзгi аудандар бiр-бiрiнен айырмашылықта тұрды. Бiрiншi Жетiсу, екiншi Батыс Қазақстан және Арал өңiрi болса, үшiншi Солтүстiк-Шығыс, Орталық Қазақстан және Сырдарияның орта ағаш едi. Мiне, осы шекара бойында қазақ жүздерi-ұлы немесе аға (Ұлы жүз), орта (Орта жүз) және кiшi (Кiшi жүз) тұрды. Мұның бәрi шежiреде егжей-тегжейлi көрсетiлдi.
Сонымен дәстүрлi Қазақ мемлекетi қос билiк құрылымына негiзделген болатын. Онда бiр-бiрiмен параллель екi авторитеттiк (беделдiк) және ақсүйектер билiгi болды. Оның бiрiншiсi дәстүр, әдет-ғұрып негiзiнде құралып, ашық түрде болды. Оларды билеушiлер тәжiрибе мен беделге сүйендi. Ол билiктi билер мен старшындар жүргiздi. Ал ақсүйектер билiгi жабық типтi құрамына жаңа мүшелердi қоспайтын түрде дамыды. Бұл билiк Шыңғыс тұқымдары- төрелердiң қолында болды. ХVII ғасыр мен ХҮIII ғасырдың басында беделдi билiк иелерi — жүз өкiлдерi, әскери-потестарлық билiктер мен жеке қауымдастық өкiлдерi болды.
Қазақ хандығындағы Сырдария бойындағы қалалар және егiн шаруашылығымен айналысатын отырықшы округтер айрықша маңызға ие болды. Олар көшпелi бiрлестiктерге қарағанда хан билiгiне ерекше бағынды. Оларды билеуге хан сұлтандар мен әкiмдер тағайындады. Олар хан қазынасын толтыру үшiн әртүрлi салықтар жинады.
ХVIII ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы өзiнiң саяси-потестарлық жүйесiн дағдарысқа әкелiп ақыр аяғында өзiнiң егемендiгi мен тәуелсiздiгiн жоғалтты.
Қорытындылай келгенде Қазақ хандығы ХV ғасырдың екiншi жартысында саяси, экономикалық және этно мәдени себептердiң тұтастығы арқылы Ұлы ұлыстың сол қанатындағы негiзде құрылды. Күрделi кезеңнен өткен Қазақ хандығы ХVII ғасырдың басында тұрақты мемлекетке айналды.
XV-XVIII ғасырлардағы әдет-ғұрып құқығы. Қазақстан территориясындағы жүздеген жылдар аралығында пайдаланған өзiндiк заңы, әдеттегi құқық-рәсiмдер мен салт-дәстүр заңдылықтары болды. Олар мемлекеттiк билiк арқылы бұзылмайтын негiзде қаланып, қоғамдық қатынастарды қалыптастырды. Қазақтың әдеттегi құқы әдет немесе заң терминiмен белгiлендi. Ұзақ жылдар бойы қалыптасқан әдет немесе заң көшпелi қоғамның әлеуметтiк-экономикалық және саяси-қоғамдық өмiрлерiнде негiзгi тыныс-тiршiлiгiмен байланысты дамыды
ХV-ХVIII ғасырлардағы қазақтың әдет-ғұрып құқығы төмендегiдей негiзден тұрады. Бiрiншi, әдет, заң; екiншi, би билiгi; үшiншi, билер cъезiнiң ережесi. Қазақтар өздерiн мұсылманмын деп санағанмен де олардың құқықтық жүйесiнде шариат үлкен рөл атқармады. Ал, әдет-ғұрып, рәсiм құқығы адамдар арасындағы қарым-қатынас ретiнде ежелден тұтас қалыптастырылған iс-әрекетке жатты. Бұл қалыптасқан дәстүр ретiнде көшпендiлердiң экономикалық тыныс-тiршiлiгiнiң негiзiн қалайтын жағдайлармен тығыз байланысты болды. Мемлекеттiк билiк бекiткен рәсiмдер мен салт-дәстүрлер құқықтық әдетке айналды. Сонымен бiрге жоғарыдағы әдет немесе заң сөздерiмен бiрге жора, жарғы, жол терминдерi де қалыптасты. Мiне, әдеттегi құқық заңдылықтарын қазақ хандары өз кездерiнде бекiтiп дамытқысы келдi. Ол ХVI ғасырда Қасым хан билiгi кезiнде бастау алды. “Қасым ханның қасқа жолы” салт-дәстүр негiзiне айналған алғашқы Кодекс болып қалыптасты. Бiрақ ол бiзге жазба түрде жетпесе де, оның кейбiр заңды актi ретiнде қабылданатын бес бөлiмi болған.
Бiрiншi бөлiм-мүлiктiк және жер қатынастарын реттеушi нормалардан (мал-мүлiк, жер-су, қоныс дауларын шешу ережелерi) тұрды. Екiншi бөлiм-қылмыс пен жазаға қатысты құқық нормаларын (кiсi өлiмi, ел шабу, мал ұрлау, ұрлық т.б. қолданылытын жазалар) жинақтады. Үшiншi бөлiм-әскери мiндеттiлiк және оны орындау, сондай-ақ әскери тәртiп бұзғандағы жазаларға байланысты құқықтық нормаларды (қосын құру, аламан мiндетi, қара қазан, тұлпар ат, ердiң құны т.б.) қарастырды. Төртiншi бөлiм-елшiлiк жораларға қатысты, елшiлердi тағайындау және қабылдау тәртiбi, дипломатиялық этикет мәселелерi туралы нормалардан (шешендiк, әдептiлiк, халықаралық қатынастардағы сыпайылық, сөйлеу мәнерi) тұрды. Бесiншi бөлiм-жұртшылық заңы (қайтыс болғандарды жерлеу, шүлен тарту, ас-той, мерекелер мен жиындардағы ережелер, жылу, асар т.б.) рәсiмдерiне арналды.
Қасым ханмен туысқан Жәдiк ханның немересi Шығай ханның баласы Есiм ханның кезiнде (1598-1628 ж.ж.) әдет-ғұрып құқықтары қайта жүйелендi. Ол заң “Есiм ханның ескi жолы”деп аталды.
Есiм хан негiзiнен бұрынғы Қасым хан тұсындағы құқықтық ережелердi қайталады. Есiм ханның тұсында қалмақтармен соғыстардың күшеюiне байланысты әскери мiндеткерлiктер күшейтiлiп, әскери тәртiп бұзған үшiн жазалар қатайтылған. Бiзге келiп жеткен деректер бойынша Есiм хан ердiң құнына 100 жылқы және алты жақсы (6 түйе) кесiм белгiген. Ол бай-кедей, жас-кәрi, қараша-сұлтан демей еркек аталудың бәрiне бiрдей қолданылған.
Тәуке ханның (1680-1718 ж.ж.) тұсында мемлекеттiк аппараттың құрамында үлкен өзгерiстер болып, ол белгiлi заң-құқық жүйелерi арқылы қазақ мемлекеттiлiгiн қалыптастыра бастады. Сөйтiп, әкiмшiлiк-басқару процесiне “билер кеңесi” енгiзiлдi. Бұл мемлекеттiк орган қазақ хандығының саяси жүйесiнде үлкен құқықтарға ие болумен қатар, мемлекеттiк iшкi, сыртқы саясатты жүргiзуде орасан зор рөл атқарды. Тәуке хан алғаш рет қазақ қоғамының құқықтық жүйесiн қалыптастырды. Ол билiк құрған кезеңде мемлекеттi нығайтып, белгiлi тәртiп орнату үшiн тиiмдi, халық мүддесiне сай, ал орындалуы, арнаулы тетiктермен қамтамасыз етiлетiн заң жүйесi керек едi. Бұл қағиданы жете түсiнген Тәуке хан жаңа құқық жүйесiн қалыптастыру үшiн қазақтың қара қылды қақ жарған, өздерiнiң әдiл шешiмдерiмен елге танымал болған билерiн қызметке тарта бiлдi. Олардың қатарында Төле би, Қаз дауысты Қазыбек және Әйтеке би бар едi. Соның негiзiнде қазақ қоғамының “ұлттық Хартиясы” дүниеге келдi. Ол — “Жетi Жарғы” деп аталды. Жарғы 7 бөлiмнен тұратын. Бiрiншi, Жер дауы; онда меншiк құқығы мен нормалары реттелiп жайлаулар мен су қорларын пайдалану бiр жүйеге салынып отырды. Екiншi, жесiр дауы; онда жесiрлер мен жетiм қалғандардың жеке бастарының құқы және олардың мүлiктерiне иелiк реттелiп отыруымен бiрге ағайындармен қарым-қатынастары қалыпты жүйеге түсiрiлдi. Үшiншi, отбасы-неке құқығының нормалары. Төртiншi, сот процесiн жүйеге түсiрушi нормалар. Бесiншi, мемлекеттi басқару және әскери iстерге байланысты құқық нормалары. Алтыншы,айып төлеуге байланысты қылмыстық құқық нормалары. Жетiншi, құн төлеуге байланысты қылмыстық құқық нормалары. Осының бәрi Кiшi Орда қырғыздарының (қазақтарының) айтуына қарағанда қазақ халқы бiр жылдары тыныштықта өмiр сүрiп, өз заңдары мен құқықтық және соттық тәртiбi болып, әрi атақты Тәуке ханның билiк жүргiзу кезеңiн “Алтын ғасырға” балаған да кезең болғанын көрсетедi.
“Жетi жарғы” бойынша кiм сұлтанды немесе қожаны өлтiрсе, оның ағайындары өлген адамның туысқандарына жетi адам үшiн құн төлеген. Егер әйелi күйеуiн өлтiрсе, онда оған өлiм жазасы кесiлiп, оны ешбiр құнмен құтқара алмайтын болған. Ал, өзiне-өзi қол салғандар болса, олар басқа өлгендермен бiрге жерленбеген. Мiне, осындай заңдылықтардың қалыптасуы Тәуке ханның хандық құрған кезiн “Алтын ғасырға” теңейдi. Абай Құнанбаевтың “Бұл билiк деген бiздiң қазақ iшiнде әрбiр сайланған кiсiнiң қолынан келмейдi. Бұған бұрынғы “Қасым ханның қасқа жолын”, “Есiм ханның ескi жолын”, әз Тәукенiң “Жетi жарғысын” бiлмек керек”,— деп айтуы Ресей патшалығының қазақтарға таңған жолының дұрыс еместiгiн, билердi еш уақытта да сайлап қоюға болмайтындығын көрсетедi.
Патшалық Ресей отары болғанға дейiн қазақ қоғамында жазба түрдегi құқық болмағанына қарамай, ұлт өмiрiнде әдет-ғұрыптық (адат) құқықтық жүйе мейлiнше жақсы дамып, ол — әлеуметтiк-реттеу және басқарымдық құрылымда ерекше орын алды. Әдет-ғұрып құқығы өзiнiң ежелгiлiгiне қарамай белгiлi бiр кезеңдерде өзгертiлiп-толықтырылып отырылды. Соған қарамай сандаған ғасырлар бойы негiзгi құқықтық институт ретiнде оған айтарлықтай өзгертулер енгiзiлген емес. Осы тұрғыда алғанда ол патриархальдық-феодалдық қоғамдық және саяси қатынасты реттейтiн құрал ғана болып қалмай, қазақтың болмыс-бiтiмiн қорғап-қолдайтын бiрден-бiр қуатты күшке ие негiз көзi едi. Қазақ әдет-ғұрып құқығын зерттеп-зерделемей, оның қазан төңкерiсiне дейiнгi тыныс-тiршiлiгiн, тұрмыс-салтын, өмiрге көзқарасы мен тарихи қалыптасуын сипаттау мүмкiн емес. Ол 1917 жылға дейiн патшалық Ресей отарлауы арқасындағы қарым-қатынастардан орыс заңының қазақ даласына етенелей енгенiне қарамай өз күшiн бiрде әлсiреткен емес. Оның күнi кешеге дейiн, яғни тәуелсiздiк алған мезгiл аралығы уақытында жалпы теориялық жағынан терең оқытылмағаны да жасырын емес. Құқықтанушылар әдет-ғұрып құқығын тек құқық көзi ғана деп талдап-талқылайды. Бұл дұрыс емес. Қазақтың әдет-ғұрып құқығын тарихи этнографиялық тұрғыда зерттеп-зерделеп қана қоймай, оны жүйеге түсiрiлген норма ретiнде зерттеп-зерделеу керек. Сонымен бiрге әлеуметтiк-нормалардың табиғи даму арқылы тәрбиелiк мән-мағына жағынан да даму процесiне барынша назар аударылуы тиiс. Қазақтардың әдет-ғұрып құқығы негiзiнiң көзi ауызша салт-дәстүр — адат болып есептелiнедi. Ол әлем халқы тарихы құқығының бөлiнбес бiр бөлшегi ретiнде қарауға толық құқығымыз бар. Қазақстандағы дәстүрлi құқық нормаларын зерттеп-зерделеу бүкiләлемдiк тарихи процестiң заңдылығына үлес болып қосылатыны анық. Өйткенi, әртүрлi халықтардың әдет-ғұрып нормаларының бiр-бiрiмен ұқсап жатуы, яғни әлеуметтiк-экономикалық, жағрафиялық және басқа да жағдайларының үндесiп өздi-өзiн толықтыруы да соның айғағы. Оған адамдар қарым-қатынасындағы заңдық нормаларды басқа да қоғамдық құбылыстармен байланыстырсақ, онда қазақ әдет-ғұрып салтының қыр-сыры ашыла түседi. Қазақ әдет-ғұрып құқығын талдап-талқылау үшiн алдымен бiз адат терминiнiң қайдан шыққанына және мән-мағынасына үңiлуге тиiспiз. Ол Шығыс халықтарында салт-дәстүр мен әдеттердi немесе қарым-қатынас құқығын сақтайтын қоғамдық дәстүр күшiнiң бiрлiгiн көрсетедi. Бұл туралы ғалымдар әртүрлi болжамдар айтып жатады. Жалпы, адат — әдет-ғұрып, салт-дәстүрдi көрсететiн араб сөзi. Қазақ қоғамының экономикалық және мәдени даму процесiне сай бұл форма ұлттың қалыптасу кезеңдерiнiң айнасы дегендей боларлық. Қазақ хандары ұлттың әдет-ғұрыпын сан рет өзгертуге тырысып, оны билеушi тап өкiлдерiне лайықтап жасамақшы да болған едi. Тарихи құжаттар деректерiне назар аударсақ, Хақназар хан (1538-1580) және Есiм хан (1598-1628) билеген кезеңдерде қазақтың әдет-ғұрып салтына едәуiр мемлекеттiк дәреже (статус) берiлгенi белгiлi. Ал, Тәуке хан кезiндегi (1680-1718) құжатта: “хан Тәуке Күлтөбеде жетi бидi жинап, Қасым және Есiм ханнан қалған ескi әдет-ғұрыптардың басын бiрiктiрген... Сөйтiп олардан жаңа Жетi жарғы аталатын құқықтық-заңдық әдет-ғұрып жүйесiн қалыптастырды”, — деп көрсетiледi. “Жетi жарғы” нормалары қазақтың әлеуметтiк теңсiздiгi принциптерiне негiзделiп жасалды. Одан сол кездегi экономикалық және саяси жағдайдың қаншалықты болғандығын байқауға болады. Жетi жарғы және әдет-ғұрып құқық нормалары би-сұлтандардың және хандардың төрелiк ету қызметi барысында жаңарып-толықтырылып отырды. Билер шешiмi (бидiң билiгi) күнделiктi әдет-ғұрып құқық нормаларына ендi. Ол тергеушi би қызметiндегi iс-әрекеттер мен жағдайларға және қабылданған шешiмдерге орай Ереже деп аталды. Ереже негiзгi қағида есебiнде саналып, құқықтың көзi болды. Оның құқықтық-материалдық жаңа түрi де өмiрге келдi. Қазақ билерi бұл тұста мұсылмандық-шариғат жолын да қолданып отырған.
Қазақ әдет-ғұрып заңдарының үлкен ерекшеліктерінің бірі- барымта институтының сақталуы. Оның негізгі қағидасы біреу екінші біреуге құн не айыбын төлемеген жағдайда бір-бірінің мал-мүліктерін алып кету еді. Көшпелі қазақ сахарасына мұсылмандық-исламның енуі шариғаттың тарауына үлкен септігін тигізіп, қазақтың әдет-ғұрпына едәуір еркешеліктер енгізді.
Қазақ әдет-ғұрып құқығының көзi болып: а) әдет (адат); б) билер сотының тәжiрибесi; в) билер съезiндегi ережелер болып есептелдi. Әдет-ғұрыптың салт-дәстүрлерi белгiлi бiр идеологтар, ақсақалдар арқылы ауызша тарайтын. Оның өзiндiк ресми және бейресми нысандары болды. Ресми нысандары көп жағдайда билер билiгi мен шешiлген iс-әрекеттердiң көрiнiсi болып табылды. Билер өздерiне дейiнгi Майқы би секiлдi билерден қалған дәстүрге жүгiндi.
Қазақ құқығындағы меншiк қатынастары ХIХ ғасырға дейiн ру және қоғам, қазақ хандары мен билерi меншiгiндегi әдет-ғұрып құқығы арқылы анықталды. Мысалы, жайлаулар формальды-заңды түрде жерге ие адамдардың меншiгi ретiнде саналды. Ал, XVIII ғасырдан бастап кейбiр қыстаулар феодалдардың жеке меншiгiне көштi. Кең байтақ кеңiстiкте көшiп жүретiн малшылардың жерге қатынасы екi түрде дамыды. Бiрiншi жайлауларды иелену құқы және екiншiсi бос немесе иесi жоқ жайлауларды басып алу. Хандар, ханның руластары ең құнарлы жерлердi иелендi (сұлтандар, билер, ру басшылары, ауыл ақсақалдары). Қазақтың әдет-ғұрып құқығында кейбiр дау-дамайлар төмендегiдей шешiлдi. Егер жерге екi адам таласса, оның бiрi сұлтан, екiншiсi жай қазақ болса, онда жер оның алдыңғысына берiлдi. Ендiгi бiр жағдайда жерге таласушылардың бiрi би, екiншiсi бiр рудағы ақсақал болса, онда ол жер соңғысына бұйырды. Ал, жерге таласушылардың екеуi де қарапайым адамдар болса, онда ол жер әлгi екеудiң үлкенiне бұйырды. Меншiктiң екi түрi болды. Оның бiрiншiсi — мал, екiншiсi — мүлiк деп аталды. Малға таңба салынды. Жеке меншiк мал жеке меншiктiң негiзгi объектiсi болып саналады. Оған жасалатын қылмыстың ең басты қатерлiсi — барымта. Ал жермен айналысатын Жетiсу және Сырдария өңiрiнде феодалдар меншiгiнде құдықтар және сирек кездесетiн су көздерi болды. Қазақ әдет-ғұрып заңы (адат) бойынша меншiк шарттары көп жағдайда рулық немесе ауылдағы қоғамдық қарым-қатынастар арқылы жүргiзiлдi. Оның тағы бiр ең жақсы, бүгiнгi тiлмен айтқанда демократиялық бағыт-бағдары ағайындық қарым қатынастан анық байқалды. Оның түрлерi малды қарызға беру. Қарыз алушы мен қарызға берушi арасында кепiлдiк жүрдi. Сондай-ақ куә да болатын. Ендiгi бiр меншiк қатынасының түрi — сауын. Ол уақытша берiледi. Несиеге берушi өзi берген малды кез келген уақытта алып, қайтара алатын болды. Сонымен бiрге аманат мал, жылу, асар секiлдi әдет-ғұрып құқығына негiзделген қарым-қатынастар болды. Олардың ең кең тараған түрлерi айырбас едi. Айырбас арнаулы келiсiмдер арқылы жүргiзiлдi. Ол әрбiр азаматтың өз еркi болғандықтан да азаматтық құқық сипатына жатты. Мұның арасындағы қарыз алып-қарыз беру шарттары да негiзгi куәлар арқылы жүргiзiлiп, оның мерзiмi тиянақты түрде көрсетiлдi. Қарыз алушы адам қайтыс бола қалған жағдайда, оны қарыз алушының баласы немесе оның бала-шағасы немесе ең жақын туған-туыстары қайтаратын. Бұл жерде ерекше рөл атқаратын жағдай рулық өзара көмек және ешқандайда құжат емес сөзге тоқтау, сөзге сену яғни, сенiм институтының қазақ әдет-ғұрпында жан-жақты жақсы дамуы болды. Мысалы, бiреу үй сала қалған жағдайда немесе басқа да қиын-қыстау кезеңдерде руластары не көршi - қолаңдары “асарға” жиналатын.
Қазақтың сан ғасырлар, ежелгi дәуiрден күнi бүгiнге дейiнгi аралықта дамып, заманына қарай дәстүрлi түрде жалғасып келе жатқан бiрден - бiр әдет-ғұрыпының негiзi — отбасылық заңы. Қазақ отбасы туысқандық аядан шығып өзiндiк шаруашылық және қоғамдық тұтастығын сақтады. Мүлiктiк және басқа да отбасындағы талас-тартыстар сыртқа шығарылмай, сол отбасында шешiлетiн.
Отбасының мүшелерi еркек (әкесi), әйелi, қызы не баласы арасындағы қарым-қатынаста негiзгi заңдылықтар сақталды. Отбасындағы бүкiл мүлiктiң иесi — әкесi саналды, бiрақ ол еш уақытта отбасына қысым жасау арқылы жүргiзiлмейтiн. Әдет-ғұрыптың құқықтық нормалары отбасының және бүкiл ерлердiң мүддесiн қорғады. Әйел құқығы шектелдi, бiрақ ол үй-жайдағы мүлiктердi күйеуiмен тең дәрежеде иеленiп, оның ағайындарымен тығыз байланыста болды.
ХV-ХVIII ғасырларда қазақтар арасында отбасы және неке құқығының бастаулары, оның қалыптасқан дәстүрлi салттары мен рәсiмдерi болды. Отбасының басшысы — еркегi болса, әйелi үйдегi меншiктерге ерiмен бiрдей иелiк жүргiздi. Егер әйел жесiр қалса, күйеуiнiң ағайындарымен бiрге тұрып, балалары ер жеткенше отбасы иелiгiнiң құқығын алды. Қазақтың әдеттегi құқығы балаларға келгенде төмендегiдей болды. Олар отбасын құрып, әкесiнен өзеншiсiн алуға құқылы едi. Мүлiк бөлiсу оның әкесiнiң жағдайына байланысты болды. Ал, кенже баласы болса әкесiнiң отбасына қарау құқығына ие болатын. Қыздарының құқығы ұлдардың құқығымен салыстырғанда аясы тар едi. Қыздары мұрагерлiкке ие бола алмайтын. Күйеуге шықпаған қыздары ұлдарына тиесiлiнiң жартысына ие бола алатын. Қазақтар өздерiнiң көшпелi өмiрiне байланысты әйелдерге еркiндiктi мол бердi. Олар өндiрiстiк және өнеркәсiптiк жұмыстарға белсене араласатын. Исламдағыдай қазақ әдетi көп нәрсеге кедергi жасамайтын. Қазақтар жағдайына қарай екi әйел алуға құқылы болды. Олардың бiрiншiсiн — бәйбiше десе, екiншiсiн — тоқал дедi.
Жетi атаға дейiн ағайын адамдардың бiр-бiрiнен қыз алуына тыйым салды. Қазақтың неке және отбасы құқығының бiр-бiрiмен байланыстылығы бiрiншiден, қалың мал; екiншiден, бел құда; үшiншiден, бесiк құда; төртiншiден,қарсы құда арқылы байқалып, одан кейiн қыз алып қашу, әмеңгерлiк, мұрагерлiк жолдарымен анықталып отырды. Оның тағы бiр жолы — тамырлық болды. Ол екi адамның келiсуi арқылы жүргiзiлдi. Олар өздерiнiң болашақ балаларын қалың мал төлемей-ақ қосуға алдын-ала келiсiп алады. Ал әмеңгерлiкке келсек, егер әйелдiң күйеуi қайтыс болса, оны күйеуiнiң ағасына, не iнiсiне қосатын. Ал, қалың мал беру құда түсушiлермен арадағы келiсiмдер арқылы жүргiзiлдi. Құда түсу салт-дәстүрi әйелдердiң жасына байланысты белгiлi бiр нормамен көрсетiлмейтiн. Құда түсу ата-аналар арқылы жүргiзiлiп, ол бұзылған жағайда “өлтiруге” дейiнгi аралықтағы жаза қолданылды. Некеге тұру немесе құда түсу салты қыздың басына қалың төлегеннен кейiн жүргiзiлдi. Ал құда түскен жағындағы еркек қайтыс болған жағдайда, ол заңды түрде құда түсушiнiң ағасына немесе басқа бiр туысқанына алмастырыла алынатын. Егер қалың мал қайтарылған жағдайда келiсiм-шарт бұзылатын.
Үйленгеннен кейiнгi некенi бұзу әдет-ғұрып (адат) жағдайында күйеу тарапынан әйелiне деген сенiмсiздiгi жоғалған кезде жүргiзiлдi. Мұндай жағдайда еркек әйелiн туысқандарына қайтарады.
Әйел құқығының ең бiр ерекше тұсы әмеңгерлiк институтынан байқалды. Егер әйелдiң күйеуi қайтыс болса, ол жесiр ретiнде қайтыс болған күйеуiнiң ағасына, не iнiсiне тиедi. Қайтыс болған адамның дүние мүлкi әмеңгерге көшедi. Әмеңгерлiк сондай-ақ қайтыс болғанның туған ағасы болмаса ағайындарына да ауыса беретiн. Егер жесiр әмеңгерлiкке көнбей, күйеуге тигiсi келмесе, ол өз отбасындағы мүлiкке бала-шағалары ер жеткенше иелiк еттi.
Мiне, осы тұста қазақтың әдет-ғұрып салтындағы мұрагерлiк құқы қолданылды. Қазақ отбасындағы мүлiк пен малдарды оның балалары, ағайындары немесе ең жақын туыстары, сондай-ақ әйелiнiң туысқандары мұрагер ретiнде алып қала алатын. Жесiр мұрагер ретiнде мұраның 1/8 бөлiгiн, күйеуге шықпаған қызы ұлға бөлiнген үлестiң жартысын алатын. Сондай-ақ мұраның бiр түрi ата мұрасы деп аталды. Бұл қазақ үшiн ең тиiмдi жол едi.
Қазақтың әдет-ғұрып құқығының басты нормаларына қылмыстық iс-әрекет үшiн жазалау сипатындағы iс-әрекеттер жатады. Жаза қолдану кезiнде билiк жүргiзушiлер ең алдымен қылмыскердiң жасаған қылмысына қарай жаза тағайындайтын. Оның ең қатал түрi “қанға-қан — жанға- жан” приципiнде жүргiзiлдi. Бiрақ ол келе-келе қазақтың тұрмыс-жағдайына байланысты өзгердi. Жазаның төмендегiдей түрлерi болды: 1. Өлiм жазасы, 2. Құн төлеу, 3. Айып, 4. Құлдыққа беру, 5. Дене жазасы, 6. Жапа шеккендерге қылмыскердi басымен беру, 7. Мүлкiн тәркiлеу, 8. Жұрт алдында масқара ету, 9. Руластарынан аластату. Сондай-ақ жапа шегушi немесе оның туысқандары қылмыс жасаған адамға “қанға-қан — жанға-жан”принципiнде жаза қолдануды немесе оны басқа жазамен алмастыруға құқы болды.
Сот билiгiн Қазақ хандығында хандар, сұлтандар және билер жүргiздi. Хандар мен сұлтандар ең маңызды деген қылмыстық және азаматтық iстердi тексерiп-тергедi. Оларға ру аралық және ауыл аралық талас-тартыс, сондай-ақ төрелер мен атақты ру басшылары арасындағы қарама-қайшылықтар жатады. Ең маңызды деген iстердi хан мен сұлтандар белгiлi билердiң және халықтың араласуымен жүргiздi. Өлiм жазасын тек хан немесе сұлтандар соты шеше алатын.
Би билiгi сот билiгiнiң негiзi болып саналатын. Кез келген ру басшысы би — төрешi бола алмайтын. Би билiк айту үшiн ол қазақтың әдет-ғұрпын жақсы меңгеруi және өзiн әдiл би ретiнде көрсетуi тиiс. Билердi ешкiм сайламаған және тағайындамаған. Би дәрежесi мұрагерлiкке қалдырылмайды. Билiк айту iс барысында, құқық бұзушының iс-әрекетiн талдау жағдайында жүзеге асырылды. Сондықтан да би ру басшысы, сот жергiлiктi жердегi әкiмшiлiк билiктiң рөлiн атқаратын. Сот процесi арызданушының немесе жапа шегушiнiң өтiнiшi бойынша өздерi таңдаған биге байланысты жүргiзiлдi. Жапа шегушi таңдаған би қылмысты iстi қараудан бас тартуға құқығы жоқ болды. Iстi қарауға биге сенiм бiлдiрген кезде айыпталушы да, жапа шегушi де бидiң алдына отырып, ақ орамал тастайды. Осы арқылы арызданушылар сот шешiмiне келiсiм беретiнiн көрсететiн. Куәгерлердiң сотқа қатынасуын бидiң күштеп жүргiзуiне де құқығы болды. Куә ретiнде әйелдер және арызданушы мен жауап берушiнiң ағайындары жүрмейдi. Азаматтық iстiң күрделiлiгiне байланысты екi-үш куәге дейiн тартылды. Куәгерлер iс барысында әртүрлi себептермен iстiң анық-қанығын ашуға көмектеспей жатса, би ант қабылдау институтын пайдаланған. Би шешiмдерi ауызша шығарылды.
Процессуальдық нормалар би шешiмiне қарсы болған жағдайда сұлтандар тарапынан iстi қайта қарауға болатын. Сот шешiмдерiн орындау арызданушының өзiне тапсырылды. Сондықтан да ежелгi уақытта барымта институты сот шешiмiн орындаудың негiзi болып табылды. Барымта қазақ әдет-ғұрып заңдарына ғана тән институт едi. Ол айыпкердiң ағайындарының және туған-туысқандарының малдарын айдап кетуменен орындалды. Негiзсiз жасалынған барымта, ұрлық немесе жазықсыз шабуыл деп саналып, құқықтық негiзде жазаға тартылды. Сондай-ақ , барымта би шешiмiн орындау ғана емес, құқықтық айып жолын орындаудағы бiрден-бiр iс-әрекет болды. Ол заң ғылымында әлi толық зерттелiп бiтпеген құбылыс.
Қазақ құқығында қылмыстық ұғым қалыптаспаған едi. Қазақтар оны жаман iс немесе жаман қылық деп белгiлеп күнәлi немесе жазықты деген айыптар тағатын. Өлiм жазасы өте сирек қолданылды. Егер екi жақ келiскен жағдайда өлiм жазасы құнмен алмастырылуға болатын. Өлiм жазасы ерi бар әйелдi немесе бейкүнә қызды зорлаған кезде қолданылатын. Ал екiншi, дене және ел бетiне қарай алмайтын жаза, ол дiнге қарсы iс-әрекеттер жасағанда немесе антты бұзғанда қолданылды. Құн бiреудi өлтiрген кезде немесе денеге ауыр жарақат түсiргенде төлендi. Қарапайым адамды өлтiрсе, оған мың қой, 200 жылқы немесе 100 түйе құн төлендi. Ал егер сұлтанды, бидi не батырды өлтiрсе, онда айыпталушы оған екi есе құн төлейтiн. Беделдi сұлтанды өлтiрушi жетi есе құн төлейтiн. Айып болса жеке адамнан немесе мүлiктiк қылмыс жасағандардан алынатын. Олар тоғыз-тоғызбен төлендi. Бiрiншi, бас тоғыз; екiншi орта тоғыз: үшiншi, аяқ тоғыз, төртiншi тоқал тоғыз; бесiншi, ат-шапан айып төлендi. Бүлардың құрамында түйеден бастап, жылқы, өгiз, қой, жылқы және қымбат шапанға дейiн болды. Айыптыны айыптаушыға беру- егер айыпталушының ағайындары құн немесе айып төлеуден бас тартқан кезде болатын iс-әрекеттер болып саналды. Ал ортадан аластату - ол ешқандай да айып төлеуге мүмкiн болмай қалған жағдайда қолданылды. Бұл жағдайда айыпталушының киiмдерi жыртылып, қауымнан, ортадан қуылып, оның тұрмыс-тiршiлiгi заңсыз деп есептелдi.
Жалпы, қазақтардың әдет-ғұрып құқығы көшпендiлердiң шаруашылығын реттеп, жөнге келтiруде ерекше рөл атқарды. Ол ХХ ғасырдың басына дейiн өмiр сүрдi. Әсiресе, қазақтың неке және отбасы құқығының сол кезден қалған элементтерi бүгiнгi күнге дейiн өзiнiң құндылығын жоғалтқан жоқ.
7. Қазақстан Ресей империясының құрамында
Ресей мемлекетiнiң ХҮII ғасырдың аяғы, ХҮIII ғасырдың басындағы өзiн жаңа кезеңге сай модернизациялауы оның шығысқа қарай жүргiзетiн саясатын отаршылдық бағытқа бұрды. I Петрдiң кең байтақ қазақ даласын Шығысқа жол ашатын үлкен қақпа деп есептеуi оған дәлел бола алады. XVIII ғасырдың басында Орталық Азия аймағына ену үшiн әртүрлi iс-әрекеттер жасалды. 1714 жылы Шығыс Қазақстанға, Ертiс бойында қамал тұрғызу мақсатымен полковник Бухгольцтiң әскери экспедициясы келдi. Осы кезде Бекович-Черкасскийдiң экспедициясы Каспийдiң шығыс жағалауын зерттедi. I Петрдiң ежелгi қазақ даласына етенелей енудi көксеуi және оған бiрнеше экспедициялар жiберуiнiң сыры да осы Шығыс мәселесiн шешуге байланысты болды. Ресей империясын қалыптастырған I Петрдiң ерте қайтыс болуы оның алға қойған мақсатын орындауға мүмкiндiк бермедi. Бiрақ, ХVIII ғасырдың 30-жылдарындағы Қазақ хандығының әлсiреуi мен сыртқы жағдай оның бiр бөлiгiнiң Ресей құрамына кiруiне ықпал еттi.
1718 жылғы Тәуке ханның өлiмi, Қазақ-Жоңғар соғысының жиiлеп, бара-бара кең етек алуының өзi XVIII ғасырдың басындағы Қазақ қоғамындағы қарама-қайшылықтардың толассыз өрбiп-өсiп отырғанын байқатады. Сыртқы және iшкi саяси жағдайлардың күрделенуi батырлар мен сұлтандардың беделiн арттырып, олардың әлеуметтiк-қоғамдық статусын көтердi. Сонымен бiрге билердiң де қазақ қоғамындағы алатын орны ерекшелене түстi. ХVIII ғасырдың басындағы Жоңғар шапқыншылығына байланысты әскери және бiр орталыққа бағынған мемлекет негiзiн күшейту керектiгi қазақ тағдырында алға шықты. Сөйтiп, Тәуке ханның көзi тiрi кезiнде-ақ шекаралы аймақтарда сұлтандардың билiгi артып, кейiн келе-келе Ұлыс жүйесi қайта жандана бастағандай дәрежеде болды. Солтүстiк-Батыс аймақтарда жас сұлтан Әбiлқайырдың беделi артып, ол 1709-1710 жылдардағы Башқұрлардың Ресейге қарсы көтерiлiсi және Орал казактары мен Волга қалмақтарының бас көтерiлулерiне қатысып отырды. Ол кезде Орта және Кiшi жүз бiрлестiктерiнiң әскери-потестарлық бiр бөлшегi сұлтан Қайыпқа бағынатын. Ал Ташкентте Рүстем мен Қарабақ сұлтанның билiгi күшейедi. Соған қарамай олардың бәрi Тәуке ханға бағынды.
Тәуке ханның орнын иеленген Болат ханның билiк жүргiзудегi әлсiздiгi Қазақ хандығын бiрнеше өз егемендiктерiне ие хандықтарға бөлiп тастады. Сөйтiп, бiртұтас Қазақ хандығы Ұлы жүз, Орта жүз, Кiшi жүзге бөлiнiп, бытыраңқы мемлекет негiзiнде дами бастады. 1723 жылғы Жоңғар шапқыншылығы кезеңiнде халық “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” атты қасiретке ұрынды. 1726 жылы үш жүздiң өкiлдерiнiң бас қосуымен өткен Ордабасы кездесуiнен кейiн қазақ халқының басы бiрiгiп, Жоңғарларға қарсы көтерiлдi. Нәтижесiнде, қазақтар “Қалмақ қырылған”, “Аңырақай” шайқастарында жоңғарларды жеңдi. Сөйтiп, Жоңғар шапқыншылығына кең байтақ қазақ даласында тосқауыл қойылды. Соған қарамай қазақ қоғамындағы саяси дағдарыс бiрден тыйылған жоқ едi. Қазақтар өздерiнiң Жоңғар шапқыншылығындағы жеңiсiн тиiмдi пайдалана алмады.
Қазақстанның Ресей қоластына өтуі және оның себеп-салдары. Басы бiрiкпеген үш жүз хандарының арасындағы қайшылық олардың әрқайсысы бiр орталыққа бағынған билiкке қол жеткiзуге өзiнше жол iздеуге мәжбүр еттi. 1730 жылы Болат хан қайтыс болған кезде Кiшi жүздiң ханы Әбiлқайырдың “бүкiлқазақтың ханы боламын” деген мақсаты орындалмағаннан соң, iргелес Ресейге арқа сүйеп өз позициясын нығайтпақшы болды. Сөйтiп, ол Уфаға елшiлiк жiберiп, өзiнiң Кiшi жүз хандығын Ресейдiң қол астына алуын өтiнiш етедi. Ал 1731 жылы 19 ақпанда патша Анна Иоановна Кiшi жүздiң Ресейдiң қол астына кiргенi туралы грамотаға қол қояды.
1731 жылы 10 қазанда Кiшi жүз қазақтары Ресей құрамына қосылғаны жөнiндегi құжатқа қол қояды.
1731 жылы 19-желтоқсанда Орта жүздiң ханы Сәмекенiң басшылығымен бiрнеше рулар Ресей құрамына енедi, ал 1740 жылы 28-тамызда хан ретiнде Әбiлмәмбет, сұлтан ретiнде Абылай Орта жүздiң Ресей құрамына енгендiгi жөнiндегi құжатқа қол қояды.
Қазақстанның Ресей қол астына кiруi бiртұтас жүйелi түрде жүргiзiлген жоқ едi. Сондықтан да Қазақ даласындағы сұлтандар мен билер арасындағы қайшылық өршiмесе басыла қойған жоқ. Қазақстанның Ресейге қосылуы туралы ғылыми-тарихи әдебиеттерде әртүрлi көзқарастар қалыптасты. Мысалы, 1943 жылғы “История Казахской ССР” атты еңбекте «Қазақтардың Ресей қол астына өтуi қазақ атқамiнерлерiнiң бiр тобының патша өкiметi мен ауыз жаласуының қорытындысы болды. Қол астына кiру халық бұқарасының еркiнен тыс қабылданды”,- деп жазылып, сол кездегi тарихи-қоғамдық көзқарастың алуан түрлi екендiгiн байқатты.
Ресей мен үш жүз хандарының арасындағы келiсiм Қазақ хандығының тұтастығына нұқсан келтiрiп, оның құқықтық халықаралық қатынастағы беделiн жоққа шығарды. Ресей өзiнiң қол астына кiрген хандарды сыртқы жаулардан және ресейлiктердiң оларға жөн-жосықсыз шабуыл жасауларына жол бермеуге мiндеттеме алды. Cоған қарамай Қазақ хандығы мен Ресей арасындағы келiсiм құқықтық жағынан заңсыз деуге келетiн дәрежеде едi. Келiсiм жасаған екi жақ та өз жоспарларын iштей де, сырттай да өздерiнше түсiндiрдi. Қазақ билеушiлерi Ресеймен әскери және саяси келiсiмдi егемендiк шеңберiнде жасадық деп ойлады. Сонымен бiрге бұл келiсiм-шартты кез келген жағдайда бұзамыз деп те ойлаған болатын. Сондықтан да Әбiлқайыр 1737-1738 жылдардағы Ресейге қарсы Башқұрт көтерiлiсiн қолдаса, ал 1740 жылы Хиуа ханы атанып, 40-шы жылдары Жоңғарлармен одақтасуға тырысты. Барлық қазақ билеушiлерi Қазақстан аймағында Ресей әкiмшiлiгiн мойындамайтын. Ал, орыс билеушiлерi Қазақстан территориясын жайлаған барлық жұртшылықты өз бодауындағы ел санап, онда билiктi бiз жүргiзуiмiз керек деп есептейтiн. Соған қарамай ХVIII ғасырдың 30-жылдары Қазақстанның бiраз территориясы Ресей билiгiне көштi. Сонда да Қазақ хандығы өзiнше егемендi мемлекет қалпында Ресеймен байланысты сыртқы iстер коллегиясы арқылы жүргiздi. Ресей қазақ даласында өзiнiң әскери-саяси экспансиясын тынымсыз жүргiзiп отырды. Соның себебiнен орыс-қазақ шекараларында қақтығыстар жиi болып тұрды. Сондай-ақ, Ресей тарапынан протектораттық-вассалдық қатынас отаршылдық саясатпен ұштасып, қазақтар өз жерлерiне деген билiктен бiртiндеп ығыстырылып жатты. Вассалдық қарым-қатынас қалыптасқан жағдайда тәуелдi мемлекет халықаралық құқық субъектiсi болудан қалады. Өзi бағынышты болған мемлекетке алым төлеп қана қоймай, аманат та бередi. Мiне, осындай жағдай Қазақстан мен Ресей арасында қалыптасты. Патша өкiметiнiң ә деген кезде-ақ Қазақ жерлерiн отарлауға кiрiскен саясаты iске асып, ХVIII ғасырдың 50-шi жылдарында Каспий теңiзiнен бастап Ертiске дейiнгi аралықта бiрнеше қамалдардан тұратын әскери бекiнiстер салынып, қазақ жерi тарыла бастады. Жайық, Тобыл, Елек, Есiл, Ертiс өзендерiнiң бойындағы жақсы мал жайылымдары казак әскерлерiнiң қолына көштi. Сөйтiп, 1756 жылы патша рескриптi, 1755 жылы сыртқы iстер коллегиясының Жарлығымен аталған жерлердегi жайылымдарда қазақтар мал жаймайтындай дәрежеге жеттi. Сондықтан да қазақ халқы Патша өкiметiнiң отарлау саясатының қазақ даласында кең етек жайып бара жатқанын байқап, көптеген көтерiлiстер жасады. Солардың алғашқысы 1783-1797 жылдардағы Сырым Датұлы бастаған көтерiлiс едi. Патша өкiметi бұл көтерiлiстi аяусыз басып, Кiшi жүзде хандық билiктi жоймақшы болды. “Игельстром реформасы” деген атпен енген Орынбор генерал-губернаторы Игельстромның iс-әрекетi Сырым Датұлы бастаған көтерiлiстi Патшалық Ресей мүддесiне пайдалану едi. Нұралы хан Кiшi жүзден қашып кеткен соң Игельстром хан сайлауға рұқсат етпей, елдi сайлау құқығынан айырды. Сөйтiп, бұл шара сұлтандар арасындағы қайшылықты қайта күшейте түстi. Аталған реформа Кiшi жүздi тайпалық құрамына қарай үшке бөлiп тастауды ұсынған болатын. Әр бөлiктi басқару үшiн расправолар құру көзделдi. Ол Орынборда 1786 жылы құрылған шекаралық сотқа бағынуы тиiс болатын. Реформа бойынша билiк ру басшылары саналатын старшындарға өткенiне қарамай расправолар мен шекаралық сот қалыпты жұмыс iстей алмады. Соның салдарынан II Екатерина патша хан сайлауын қайта қалпына келтiруге келiсiм берiп, Патша өкiметiнiң Кiшi жүзде хандық билiктi жою туралы алғашқы адымы iске аспай қалды.
Абылай ханның реформалары. Қазақ мемлекетінің жаңа бір кезеңге көшуіне біоден-бір ықпал еткен сұлтан кейін хан болған Абылай (Әбілмансұр) (1711-1781) болды. ХУІІІ ғасырдың 50-ші жылдары Абылайдың басшылығымен қазақ жерлері жоңғарлардан толық азат етілді. Абылай алғашында сұлтан болғанымен елде 40 жылдай билік жүргізді. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болғаннан соң, 1771 жылы Түркістан қаласында үш жүздің билеушілері өкілдерінің қатысуымен Абылай хан сайланды. Орыс елшілігі оған Ресей ханшасынан өзін хан етіп бекітуді өтін деп ақыл-кеңес берді. Бірақ сұлтан бұдан бас тартты. 1772 жылы оны қытай императоры мойындады. Ресей 1778 жылы Абылайды тек Орта жүздің ханы ретінде ғана бекітті. Бұған Абылай қанағаттанбай, 80-ші жыдары Ресеймен байланысты бүтіндей үзді. Абылайдың беделі үш жүздің алдында өте биік еді. Абылай билігі кезінде Қазақ хандығындағы мемлекеттік-құқықтық жүйесі қайта өзгеруге түсіп, орталық билікті күшейту жолына бағышталған. Бір кездегі өлім жазасын кесуге ие билер билігін хан өз қолына алды. Содай-ақ, Абылай жергілікті билеу және әскери-потестарлық бөлшектердің өзіндік биліктерін жойып, оларды қайта құруға тырысты. Сөйтiп, ол Ұлыстық жүйенi қалыптастырмақшы болды. Соған қарамай Абылай билiгi толық қазақ даласында жүрмедi. 1781 жылы Абылай өлгеннен кейiн оның орнына баласы Уәли хан тағына сайланды. Сол жылы желтоқсанда Қытай оны хан ретiнде мойындаса, 1782 жылы жылдың басында Уәли Петропавловск қамалына барып Ресейге мойын ұсынатындығына ант бердi. Және ол Ресей тарапынан мойындалды да. Жаңа хан өзiнiң әкесiндей билiкке ие бола алмады. Жалпы қорытындысында Уәли хан билеп отырған кезiнде Қазақ хандығы әлсiредi. Басқарудың удельдiк жүйеге көшуi сұлтандардың ықпалын арттырып, ХҮIII ғасырдың аяғы ХIХ ғасырдың басында бiр орталыққа бағынған мемлекеттiң күйреуiне әкеп соқты. Сөйтiп, көптеген сұлтандар мен старшындар өзiмен iргелес Ресей билiгiн жүргiзушiлермен тығыз қарым-қатынаста болып, Уәли ханмен белсендi түрдегi жүргiзетiн байланысты үзе бастады. Мiне, осындай жағдайда ХIХ ғасырдың 20 жылдары Орта жүзде Ресей хан билiгiн жойып, қазақтарды өз тәуелсiздiгi мен егемендiгiнен айыратын әкiмшiлiк реформалар жүргiзе бастайды. Ол бiртiндеп-бiртiндеп iске де аса бастаған едi. Жалпы, Ресей империясы тұсындағы қазақ әдет-ғұрып құқығы нормаларының дағдарысқа ұшырау кезеңдерiн шартты үш кезеңге бөлуге болады. Бiрiншi, Қазақстанның Ресей отарлауына түсiп, оның қол астына ене бастауы дәуiрiнен қазақ хандығының жойылуы кезеңiне дейiн (ХҮIII ғ. 30 жылдары — ХIХ ғ. 20 жылдары), екiншi кезең ХIХ ғасырдың 20 жылдарынан — Х1Х ғасырдың 67-68 жылдарына дейiнгi аралықтарды алса,үшiншi кезең 1868 жылдан 1917 жылға дейiнгi аралықты қамтиды. Жалпы, қазақ даласын әкiмшiлiк-саяси және мемлекеттiк-құқықтық жағынан қайта құруды қолға алған Патша өкiметi әуелi оны әртүрлi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерге бөлу қажеттiлiгiн негiзге алды. Сөйтiп, қазақтың қоғамдық өмiрiндегi әдет-ғұрып және рәсiмге негiзделген мемлекеттiк және құқықтық жүйесiн бұзды.
Бөкей Ордасы. ХҮIII ғасырдың соңындағы Кiшi жүздегi шаруашылық-саяси дағдарыстың күшеюi және жайылым мәселелерiнiң күрделенiп кетуi қазақтардың үлкен бiр тобының Орал мен Жайық аралығының төменгi жағына көшiп барып, 1801 жылы Бөкей хандығын құруға итермеледi. Оған император Павел I келiсiм бердi.
Бөкей ордасы шығыстан батысқа қарай 300 шақырым және солтүстiктен оңтүстiкке қарай 200 шақырым аумақты алып жатты.
Патша әкiмшiлiгiнiң шешiмiмен Орал мен Жайық өзендерiнiң аралығында Бөкей сұлтан бастаған шағын мемлекет құрылып, Бөкейге 1812 жылы хан атақ дәрежесi берiлдi. Ол патшалық Ресейдiң отарлау саясатына толық жауап беретiн. 1824 жылы Бөкей ордасын Бөкей ханның баласы Жәңгiр басқарды.
Бөкей ордасындағы билiк жалпы қадағалау, жергiлiктi бас басқарма және жергiлiктi қадағалау жүргiзу арқылы жүргiзiлдi. Жалпы қадағалау Ресей империясының Сыртқы iстер министрлiгi арқылы жүргiзiлсе, жергiлiктi қадағалау Орынбор әскери губернаторы мен Орынбор шекара комиссиясы арқылы жүргiзiлдi. Жергiлiктi бас басқармашылық ханға және оның әкiмшiлiгiне тапсырылды. Хан өз билiгiн мұрагерлiкке берудi орыс патшасының бекiтуiмен жүргiздi. Оның өкiлеттiлiгi ХIХ ғасырдың 30 жылдары бұрынғы қазақ хандарының дәстүрлi өкiлдiлiгiнен өзгеше болды. Ол хандықтағы барлық әкiмшiлiк, соттық және заң шығарушы билiктi тұтас ұстады.
Ханның жанында басшылықтан бейтарап билiк органы жұмыс iстедi. Оны ханның туысқандары болып саналатын ықпалды сұлтандар жүргiздi. Сұлтандар кеңесiн аға сұлтандар басқарды. Сонымен бiрге ханның жанында 12 биден тұратын билер кеңесi болды. Олар бiр жағынан хан кеңесшiсi де саналатын. Сондай-ақ, ханның жанында кеңсе болып, ол орыс және татар тiлдерi негiзiнде қалыптасты. Кеңсе негiзiнiң басты-басты жұмыстарын басқарма басқарды. Оның құрамына арнаулы тергеушiлер, iс жүргiзушiлер, аудармашылар және хатшылар кiрдi. Хандықта ахуна-қызметi бекiтiлдi. Арнаулы тапсырмаларды хан жасауылдары орындайтын. Оларды iрi бiрлестiктердiң старшындары бекiттi.
Жергiлiктi билiктi хан сайлаған сұлтандар жүргiздi. Олар ханның қаржылық және жер саясатын қалыптастырып, салықтар жинайтын. Хандықтың шекаралық учаскелерiнде қазақтардың шекараны бұзып кетпеуiн қадағалайтын айыпталушыны iздестiретiн және сот iстерiн талдап-талқылайтын депутаттар тағайындалды. Бөкей хандығының территориясы Ресей империясының меншiгiнде болып саналды. Алғашқы кездерде хандық әскери-потестарлық бөлшектерге бөлiнсе де, хан соған қарамай әкiмшiлiк тарапынан реформалар жүргiзiп “рулық” атты сақтап қалатын бөлшектерге бөлдi. ХIХ ғасырдың 30-жылдары оның саны 12-ге жеткен едi. Бөкей хандығындағы салық салу жүйесi бұрынғы салық салу жүйесiнен ерекше болды. Негiзгi салықтың түрi зекет едi. Ал, Бөкей ордасындағы құқықтық жүйе Ресей құқықтық жүйесiнiң ықпалында болды. 1845 жылы Жәңгiр хан өлгеннен кейiн Бөкей ордасын басқаратын уақытша кеңес құрылды. Бұл жағдай Бөкей ордасындағы Ресей отарлауының күшеюiне әкеп соқты.
1822-ші жылғы Сібір қырғыздары туралы жарғы. Қазақ хандығының мемлекеттiк тәуелсiздiгiн жойып, онда орыс отарлау саясаты жүргiзiле бастаған тұстан-ақ Қазақ даласында оны iске асыратын реформалар кеңiнен жүргiзiле бастады. Сондай реформалардың бiрi әрi бiрегейi Орта жүзде хандық билiктi жоюға негiз болған 1822 жылғы “Сiбiр қырғыздары туралы Жарғы” болды. Ол бойынша патша өкiметi Қазақстанды отарлауды барынша тереңдете түстi. Аталған Жарғы негiзiнде Орта жүзде хандық билiк жойылды. 1825 жылы Орынбор қазақтары облысы, Шығыс, Орта және Батыс болып үшке бөлiндi. Жарлық бойынша “Сiбiр қазақтары облысы” округтарға, округтар болыстарға, болыстар ауылдарға бөлiндi. Округке 15-тен 20 болысқа, болысқа 10-нан 12 ауылға, ауылға 50-ден 70-үйге дейiн кiрдi. Соған қарамай округтерде рулық белгi ескерiлмей қалған жоқ. Сондықтан әкiмшiлiк бөлулер рулық-территориялық сипатта болды. Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынса, коллегиялық органды коллегиялық орган, округтi приказ басқарды. Округтi приказға аға сұлтан — төраға және 4 заседатель (оның екеуi ресейлiктерден тағайындалса, екеуi құрметтi қазақтардан сайланды) кiрдi. Округтi аға сұлтан басқарды. Аға сұлтан 3 жылға сайланып, оны сұлтандар сайлады. Болыстарды басқарушы-сұлтандар қадағалады. Олар халықтың ”келiсiмiмен” шексiз мезгiлге сайланатын. Ол мұраға берiлiп отырды. Соған қарамай сұлтан мұрагерi де сайлаудан өтетiн. Жалпы болыстық сұлтандар атқарушы билiктi жүзеге асырды. Ауылдық старшындар болса, қазақтар арасынан 3 жылға сайланды. Сұлтандар старшындыққа сайлауға түспейтiн. Сайлауды болыстық Жарлық бекiттi.
“Жарғы” бойынша қазақтардың сот iсiне, әдет-ғұрып, салт-дәстүрдегi кейбiр адами қатынасындағы құқығына өзгерiстер енiп, билер сотының, адаттың билiгi шектелдi. Сөйтiп, барлық сот iстерi үшке бөлiндi. Бiрiншi, қылмысты iстер. Екiншi, даулы iстер. Үшiншi, басқару үстiнен берiлетiн шағымдар. Қылмысты iстер империя заңдарымен тергелiп, ол сол заңдар бойынша жан-жақты қаралды. Билер сотына да бақылау орнады.
1822 жылғы “Жарғы” Қазақстан жерiндегi билер сотына ғана емес, сонымен бiрге оның қоғамдық-саяси, құқықтық жағдайларына өзгерту енгiзiп қана қоймай, отаршылдықты барынша нықтап, Орта жүздi одан әрi игеруге бағытталды. Хандық билiк жойылды. Далаға сайлау жүйесi ендi. ХIХ ғасырдың ортасына таман, мысалы 1851 жылы мұнда Ресей империясының ең көп қарулы күшi орналасып, онда 1200-ден астам солдаттар мен офицерлер шоғырландырылды. Шекаралық комиссия кең дәрежедегi әкiмшiлiк өкiлеттiкке ие болды. Олар қазақтардың үстiнен полициялық қадағалау жүргiзiлiп, жеке басқарма органдарына қызметкерлер iрiктедi және олардың қызметтерiн қадағалап отырды. Соттық iстердi де атқарды.
1824-ші жылғы Орынбор қырғыздары туралы жарғы. 1824 жылы Ресей Үкiметi Орта жүзден соң Кiшi жүзде хандық билiктi жоюға кiрiстi. Орынбор генерал-губернаторы П.К.Эссеннiң жетекшiлiгмен “Орынбор қырғыздары туралы Жарғы” қабылданды. Ол бойынша Кiшi жүзде хандық билiк жойылды. Сөйтiп, Кiшi жүз Шығыс, Орта және Батыс бөлiктерге бөлiндi. Әр бөлiктi билеушi сұлтандар басқарды. Кiшi жүздi басқару шекаралық комиссиялар арқылы жүргiзiлдi. Сұлтан билеушiлердi Орынбор губернаторы тағайындады. Одан кейiн әкiмшiлiк бөлшектер, династия, қамалдар арасындағы учаскелер болып бөлiндi. Династия арасы жергiлiктi немесе ауылдар болып бөлiнiп отырды. Шекаралық басқарма шептерде тұратын орыстар мен дала тұрғындары қазақтар қатынасын реттеп қадағалап отырды. Кейiн әкiмшiлiк органдар “жалпы” және “жеке” басқармалар деп бөлiнiп, ол 1868 жылға дейiн өмiр сүрдi. Шекаралық комиссия болса, атқарушы-өкiмшi және сот билiгiн жүзеге асырды. Оның полициялық бөлiмi тәртiптi қарап, одан кейiнгi екi бөлiмi азаматтық және қылмыстық iстерiн жүргiздi. Әскери соттар мемлекеттi сату туралы, адам өлiмi, барымта, Ресей азаматтарын тұтқынға алушыларды және үкiметке қарсы iстердi қарады. Ал, билер соты азаматтық iстердi ғана қарап, 50 сомға дейiнгi көлемде айыппұл салатын дәрежеде ғана болды.
Сөйтiп, Батыс Қазақстанда жүргiзiлген 20-50 жылдардағы құқықтық және әкiмшiлiк реформалар Ресей империясының қазақ даласындағы билiгiн нық жүргiзiп, отарлау саясатын қалыптастыра түсуге ерекше ықпал еттi.
Кенесары Қасымұлының мемлекеттілігі. Қазақ даласына бiртiндеп енген орыс әскерлерiнiң күшi мен олардың кең байтақ далаға сала бастаған бекiнiстерi халық наразылығын туғыза бастады. Отаршылдыққа қарсы қазақтардың iрiлi-ұсақты ұлт-азаттық көтерiлiстерi болды. Солардың iшiндегi ең iрiсi- Кенесары Қасымұлы бастаған 1837-1847 жылдар аралығындағы ұлт-азаттық көтерiлiс болды. 1822 және 1824 жылдардағы Патша Жарлықтары кең далаға күшпен енгiзiлiп, халықты өзiнiң туған даласында қатты қыспаққа алған жағдай болды. Кенесары Қасымұлы 1841 жылы қыркүйекте үш жүздiң басы қосылған мәслихатта хан сайланып, Қазақ хандығын қайта қалпына келтiредi. Көп ұзамай Кенесары Қоқан езгiсiндегi Созақ, Жаңақорған, Ақмешiт қалаларын азат етiп, орысқа қарсы күресiн күшейте түседi. Кенесары Қасымұлы Қазақ мемлекетiн 1841-1847 жылдар аралығындағы қайта қалпына келтiруi барысында бiрнеше әкiмшiлiк және құқықтық реформалар жүргiзiп, қазақтардың әскерiн сандық және сапалық жағынан да қайта құрды. Хандықты басқару жүйесiне келсек мемлекет басшысы болып Кенесары сайланды. Сөйтiп, ол ежелгi, дәстүрлi хан атақ-дәрежесiн қайта өмiрге келтiрдi. Оның жанында Хан Кеңесi жұмыс iстедi. Ол Кенесарының туысқандарымен қатар басқа да билер мен батырлардан тұратын. Сондай-ақ мемлекеттiк қызметтiң әртүрлi бағыттарына жауап беретiн бiрнеше ведомство құрылды. Баж және салық жинаумен айналысатын қаржылық ведомствоны Сейiлхан сұлтан басқарды. Ал дипломатиялық ведомствоны Есенгелдi Саржанұлы, Сейдахқожа Оспанұлы, Шоқпар Бақтыбайұлы және татар Әлiм Ягудин, Әскери ведомство жағын Сұлтан Наурызбай Қасымұлы мен Ағыбай батыр басқарды. Онда әскери кеңес те болды. Атқарушы билiк хан өкiлдерi жасауылдарға берiлдi. Олар салық жинаумен бiрге хан тапсырмаларын орындайтын, сондай-ақ, Қазақ ауылдарын Кенесары әскерiне қосылуға үгiттейтiн. Жасауылдарды хан тағайындады. Сол кезде құрылған қазақ хандығындағы соттық ерекше жүйелеулер өзгерiске ұшырады. Жоғарғы сот билiгi Кенесарының өзiнiң қолында болды. Ол ерекше iстерге шешiм қабылдайтын билердi өзi тағайындады. Сөйтiп, соттар мемлекеттiк шенеунiктер дәрежесiне жеттi. Ерекше еңбегi сiңген билерге орыстардан алған граф атағы берiлдi.
Кенесарының өзi және оның жасауылдары ерекше билiкке ие едi. Олар барымта және Кенесары қарамағындағыларды өлтiргендерге түскен арыздарды қарады. Сондай-ақ, Кенесарыға бағынатын бiрлестiктер мен орыс қарамағындағы және Кенесары қарамағындағы адамдар арасындағы талас-тартысқа құрылған арыздарды тексердi. Кенесары өзiнiң мемлекетiн нығайту үшiн салық жинау жүйесiн де реттедi. Қазақ хандығына бағыныштылар барлық салық түрлерiнен және Ресей, Қоқан, Хиуа хандықтарына өтем төлеуден босатылды. Оның орнына қазақтар зекет төледi. Маңызды тапсырмаларды орындау үшiн төлеңгiттер пайдаланылды. Сөйтiп, хандық iшiнде темiрдей тәртiп орнатылды. Кенесары отаршылдыққа қарсы соғыста 20 мыңға дейiн жiгiттерден тұратын әскер құрап, оларды жан-жақты қаруландыра бiлдi. Олардың арасында орыстар мен башқұрлар да бар едi. Олар қазақтарға ататын қару-жарақты қалай ататынын үйрететiн. Кенесары әскерi жүзбасы, мыңбасы және сардар болып бөлiндi. Сондай-ақ, олардың құрамында мергенбасы болды.
Қазақ хандығының мемлекеттiлiгi мен құқығы Кенесары хандық еткен тұста бiр орталыққа бағындырылатын билiк төңiрегiнде реформалар жүргiздi. Күшi басым патша әскерiмен он жылдан аса күрескен Кенесары хан басқарған ұлттық-азаттық күресi қазақ тарихынан ерекше орын алды. Жалпы, Кенесары көтерiлiсiнiң алдында екi ұлы мақсат тұрды. Оның бiрiншiсi — тәуелсiз де егемендi бiртұтас қазақ хандығын құру болса, екiншiсi — қазақ халқын ұлт ретiнде Ресейдiң патшалық езгiсi мен Орта Азия хандықтарының жаугершiлiк шапқыншылығынан құтқару болатын. Кенесары Қасымұлы көтерiлiсi жеңiлгеннен кейiнгi тарихи елеулi жайт, ол Қоқан және Бұқар хандықтарының орыс әскерi алдындағы әлсiреуi едi. Өйткенi, Кенесары бастаған қазақтардың ұлт-азаттық көтерiлiсi өзiн қысымға алған қай жақты болмасын бiршама әлсiреттi.
ХIХ ғасырдың 20-50 жылдарында Қазақ халқының аяусыз күресiне қарамай, Қазақстан территориясында Патшалық Россияның заңдық және әкiмшiлiк жүйесi өз күшiн арттырмаса жойған жоқ. ХIХ ғасырдың басындағы қабылданған “Жарғылар” Қазақстанды отарға айналдырудың бiрден-бiр көзi болды.
Қазақстандағы 60-90-шы жылдардағы реформалар. ХIХ ғасырдың 60 — жылдарының ортасына қарай Қазақстан территориясы түгелдей Ресей құрамына ендiрiлiп, отарланып алынды да, Қоқан және Самарқан хандықтары бүтiндей күйретiлдi. XIX ғасырдың 60-70 жылдары жүргiзiлген Ресейдегi мемлекеттiк құрылыс пен құқық саласындағы буржуазиялық реформалар Қазақстан аймағына да ықпал етпей қойған жоқ.
Қазақстанды Ресейге қосудың аяқталуы империяның қазақ өлкесi жөнiндегi саясатына елеулi өзгерiстер енгiздi. 1868 жылғы “Уақытша ереженiң” 210 параграфы бойынша қазақтардың жерi Ресей империясының мемлекеттiк меншiгi болып жарияланып, қазақ даласы бүтiндей патшалық Ресейдiң еншiсiне көштi. Ресей императорының жарлығымен бекiтiлген 1867-1868 жылдардағы реформалар арнаулы түрде уақытша, яғни үш жылға деп қабылданды. Үш жылдық тәжiрибе мерзiмi өткеннен кейiн оны қайтадан толықтырып, Қазақстанды басқару жөнiндегi жаңа ереже қабылдануы керек болды. 1867 жылғы Түркiстан генерал-губернаторлығын уақытша басқару ережесi 1871 жылы аяқталды. Сол жылдың басында Түркiстан өлкесiнiң генерал-губернаторы Кауфман императорға жергiлiктi отарлау әкiмшiлiгi дайындаған жаңа басқару ережесiн ұсынды. Бiрақ ол бiрнеше министрлiктер мен Ресей империясы ведомстволарының сан алуан тексерулерiнен өтiп, жоба көптеген көрсетiлген кемшiлiктермен қайта қайтарылды. Мiне, дәл осындай жағдай Қазақстанның кез келген жерiнде жүрiп жатты. Бiрақ, жоғарыдағы аталған ереже 1891 жылы “Уақытша ереже” болып қайта қабылданды. Аталған ережелер негiзiнде қазақтардың жерi тартып алынып келiмсек мұжықтар мен кержақтарға таратылды. Қазақстанға осы кезеңде 1,5 миллионнан астам орыс, украин және беларусь келiмсектерi көшiп келдi. Сөйтiп, кең даланы жайлаған елдi мекендердiң аттары өзгертiлiп, оның ұлттық құрамы үлкен өзгерiске ұшырады. Қазақстан патша өкiметiнiң шикiзат базасына айналды. 1867-1868 жылдар аралығында Қазақстан территориясы Орынбор, Батыс Сiбiр және Түркiстан генерал-губернатор құрамына кiрдi. Орынбор генерал-губернаторы құрамында Орал және Торғай облысы болды. Батыс Сiбiр генерал-губернаторлығының құрамына Ақмола және Семей облысы, Түркiстан генерал-губернаторлығының құрамына Сырдария және Жетiсу облыстары ендi.
Орынбор, Батыс Сiбiр және Түркiстан генерал-губернаторларының әкiмшiлiк орталықтары Орынбор, Омбы, және Ташкент қалалары болды. Әрбiр облыс уездерге бөлiндi. Уездер болыстарға бөлiнiп, олардың әрбiрiне мыңнан екi мыңға дейiнгi шаңырақ ендi. Болыстар әкiмшiлiк ауылдарына бөлiндi. Олардың құрамына 100-ден 200-ге дейiнгi шаңырақ ендi.
1822-1824 жылдардағы “Жарғы” бойынша Қазақстан әрбiр бас мал үшiн 1 процент көлемiнде жылына ясак төледi. Сонан соң 1837 жылы Орынбор ведомствосында әрбiр үйден бiр жыл iшiнде 1 сом 50 тиын күмiс ақша ретiндетүтiн салығы жиналды. Оған қоса жолдар мен көпiрлердi, мешiттер мен мектептердi, ауруханаларды жөндейтiн қара шығын салығы жиналды.
Оңтүстiк Қазақстанда жиналған астық бағасына қарай харадж салығы алынды. Жоғарғы генерал-губернаторлық билiктi генерал-губернатор атқарды. Оған әкiмшiлiк-саяси, әскери, сот және шаруашылық өкiлеттiлiгi берiлдi. Ол жергiлiктi әкiмшiлiктер мен басқа да билiк органдарына тiкелей және жанамалай қадағалаулар жүргiздi. Сондай-ақ, аталған жердегi әскери округтардағы әскерлердi басқарды, облыстық басқармалар бөлiмшелерiнiң бастықтарын тағайындады. Генерал-губернаторлық, облыстық әскери-губернаторлықтың аппаратындағы және уездiк бастықтар, сондай-ақ оның төңiрегiндегi шенеунiктер түгелдей орыстар болды. Реформа бойынша кең байтақ қазақ даласындағы басқарудың төменгi жүйесi болыстық және ауылдық жүйе болды. Болыс пен старшынға ұсынылу үшiн азаматтың жасы 25-ке келуi керек едi және ол ешқандай қылмысқа тартылмаған халық сенiмiндегi адам болуға тиiс. Әр үш жыл сайын өтетiн болыс сайлауына 50 үйден бiр таңдаушы сайланды. Дауыс беру процесi халық арасында шар салу деп аталды. Патша өкiметi Қазақстанды басқару жүйесiне елеулi өзгерiстер енгiзу барысында жаңа ережелер де қабылдады. Мысалы, 1886 жылы 2 маусымда “Түркiстан өлкесiн басқару туралы” Ереже, 1891 жылы 25 наурызда “Ақмола, Семей, Жетiсу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы” Ереже қабылдады. Батыс-Сiбiр генерал-губернаторлығы Дала-генерал губернаторлығы деп өзгерiп, оған Сырдария облысынан басқа бес облыс кiрдi. Ал Сырдария облысы Түркiстан генерал-губернаторлығына қарады. 1897 жылы Жетiсу облысы қайтадан Түркiстан генерал-губернаторлығының құрамына кiрдi.
1867-1868 жылдардағы ең басты мәселе Қазақстан территориясында жалпы империялық соттар ережесiнiң таралуы болды. Сөйтiп, қазақ құқығына елеулi өзгерiстер енгiзiлдi. Үлкен маңызы бар қылмыстық iстер әскери сот комиссиясында қаралды. Ал, одан басқа қылмыстық және азаматтық өтiнiштерден тұратын 2000 сомнан артық қаржы көлемiндегi iстердi облыстық басқарма қарады. Үш күннен кем емес тұтқынға алатын немесе жүз сомға дейiнгi айып салынатын қылмыстық iстер, сондай-ақ 2000 сомға дейiнгi азаматтық айыптауларды уездiк соттар қарады. Сонымен бiрге жаңадан жолға қойылған билер сотымен бiрге “халық соты” да жұмыс iстедi.
1867-1868 жылдары би қызметi сайланбалы түрде жүргiзiлдi. Би болыстық съезде үш жылға сайланып оны әскери-губернатор бекiттi. Әрбiр болыста 4-8-ге дейiн билер сайланды. Сондай-ақ, сот iстерiнде де елеулi өзгерiстер болды. Сот шешiмдерi жазылып, олардың көшiрмелерi екi жаққа таратылды. Билер съезiнде ережелердi жазу тиянақты түрде жүргiзiлдi. Егер ХIХ ғасырға дейiн қазақтар кез келген беделдi биге жүгiне алатын болса, ендi тек қана болыстық билерге ғана жүгiне алатын едi. Сөйтiп, “халық соты” жүйесi отарлау аппаратының бiрден-бiр құралы болып, ол дәстүрлi әдеттегi құқықты жоятын және қазақ ауылындағы сауда-саттықпен айналысатындардың мүддесiн қорғайтын басты қаруы болды. Тұтастай алғанда ХIХ ғасырдың 60 жылдарындағы Қазақстанда жүргiзiлген құқықтық реформа, оның дәстүрлi құқығын бұзып, Ресей империясының құқықтық жүйесiмен ұластырылған реформа болды.
1867-1868, 1886 және 1891 жылдардағы реформалар Қазақстанды бiрден-бiр отар елге айналдырды. ХIХ ғасырдың 50 — жылдарының басында қазақ даласының билiгi Сыртқы iстер министрлiгiнен алынып, Iшкi iстер министрлiгi мен әскери министрлiкке берiлдi. Сөйтiп, Қазақстан халықаралық субъект құқығынан айырылды. Азаматтық және әскери әкiмшiлiк бөлiнбей, ол жаулап алушылық бағыт-бағдарда қызмет iстедi. Қазақтарға қысым жүргiзу тек ұлттық тұрғыдан ғана емес, дiни тұрғыдан да жан-жақты жүргiзiлдi. Iс қағаздары, ауылдық деңгейдiң өзiнде орыс тiлiнде жүргiзiлетiн. 1867-1868 жылдардағы реформалар бойынша патша өкiметiнiң әкiмшiлiк мекемелерiне сот билiгi құқығы берiлдi. Сондай-ақ, жоғарыдағы аталған ережелер бойынша әскери соттық комиссиялар құрылды. Олар мемлекетке опасыздық, өкiметке қарсы үгiт, пошта мен көлiкке шабуыл, христиандарды және христиан дiнiне кiргiсi келгендердi, сондай-ақ, лауазым иелерiн өлтiру сияқты қылмыстық iс-әрекеттермен айналысып, олар тонау, талқандау, өртеу, жалған ақша жасауды қараумен шұғылданды. Қазақтардың әдет-ғұрып құқына елеулi өзгерiстер ендi. Мысалы, отбасы некелi құқығына қарасты жесiр даулары билер сотының қарауында қалды. Бiрақ, билер сотының шешiмiне уезд бастығына немесе әскери-губернаторға шағым жасауға болатын. Осындай сот жүйелерi Қазақстанда 1917 жылға дейiн қолданылды.
ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы әкiмшiлiк-құқықтық жүйе. ХХ ғасырдың басы қазақ халқы үшiн өте ауыр кезең болды. Қазақтар өзiнiң саяси құқығынан қол үзiп, жерлерiнен айырылды, дәстүрлi мал шаруашылығы мен әлеуметтiк құрылымдарының жүйесi бұзылды. Қазақстанда ХХ ғасырдың басында орыстандандыру саясаты барынша жүргiзiлдi. Сонымен бiрге ХХ ғасырдың басында ұлт-азаттық қозғалыстар жаңа кезеңге көштi. Оның басында ұлт интеллигенциясы тұрды. 1905 жылғы Ресейдегi сан алуан оқиғалар мен жағдайлар оның өршiп-өрбуiне көп ықпал еттi.
1905 жылғы 17 — қазандағы Манифест Ресейде жеке тұлғаларға, ар-ождан мен сөз еркiндiгi, жиындар мен одақтарға тиiспеуге жол ашты. Мемлекеттiк Думаға сайлау туралы мәлiмдеме жасалуының өзi ерекше оқиға болды. Бұған бiрiншi орыс революциясының ықпалы ерекше едi. Барлығы төрт мемлекеттiк дума қызмет еттi. 1906 жылғы 23 сәуiр күнi “Ресей империясының негiзгi мемлекеттiк заңдары” жарық көрдi. Ол өзiнiң мазмұны бойынша конституцияға жақын едi. Сөйтiп, өмiрге қос палаталы Парламент келдi. 1906 жылғы желтоқсан айының аяғында екiншi думаға байланысты сайлау науқаны жүргiзiлдi. Қазақ депутаттары А.Бөкейханов, Ш.Қосшығұлұлы, Б.Қаратаев дума мiнбесiн қазақ мүддесi үшiн пайдаланып, қазақ жерiне қоныс аударып жатқан орыс және украин шаруаларының қазақтардың жерлерiн тартып алып жатқандарын тiлге тиек еттi. Сөйтiп, олар аграрлық заңдылықты жүйелi өткiзудi ұсынды. Ұлт болашағы үшiн күресетiн азғантай да болса ұлттық интеллигенция қалыптаса бастады. 1905-1907 жылдары қазақ халқы мен қоныстанған шаруалар арасынан саяси белсендiлердiң шығуы нәтижесiнде 1881 жылы 14 тамызда қабылданған “Мемлекеттiк тәртiп және қоғамдық тыныштықты сақтау шаралары туралы ереже” қолданды. Ол пайдаланудағы заңдарды тоқтатып, күзеттi, төтенше күзеттi және әскери жағдайды күшейту жөнiнде ерекше режимдi ендiрдi. 1905 жылы Қазақстанда әскери жағдай енгiзiлдi.
Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс Қазақстандағы сан алуан қайшылықтарды Ресей отары ретiнде күшейтпесе азайтқан жоқ. Ресейдiң қоныстандыру саясаты, малдарды тәркiлеуi, қазақтардың мүлiктерiн тартып алуы 1916 жылғы ұлт азаттық көтерiлiсiне әкеп соқтырды. Аталған уақытта салық көлемi 3-4 есе өссе, тiптi кей жерлерде ол 15 есеге дейiн жеттi. Арнаулы әскери салық жиналды. 1915 жылы Бiрiншi дүниежүзiлiк соғысқа қазақтар да әскерге тартылуы керек едi, бiрақ орыс өкiметi “сенiмсiз” қазақтарды әскерге алудан қорықты. Сөйтiп оларды қара жұмысқа пайдаланды. 1916 жылғы қазақтарды қара жұмысқа алу туралы маусым Жарлығы кең байтақ қазақ даласын дүр сiлкiндiрдi. 19 бен 43 жас аралығындағы еркек кiндiктi қолына қару емес, күрек берiп қара жұмысқа аттандыру қазақ халқы үшiн өлiммен пара-пар намыс болды. Сөйтiп, кең байтақ қазақ даласында ұлт-азаттық қозғалысы басталды. Патшалық Россия оны қарулы күшпен басқысы келдi. Шiлде айында бүкiл Қазақстан территориясында әскери жағдай хабарландырылды. 1916 жылы 17 шiлдеде Ташкентте уақытша әскери сот құрылып, 1916 жылдың 21 желтоқсанында Николай II жарлығымен Торғай, Ырғыз және Қостанай уездерi әкiмшiлiк тарапынан Қазан әскери округiнiң қолбасшысы қарамағына берiлдi. Әскери — дала соттары бiр ғана Түркiстан өңiрiнде 347 адамды өлiм жазасына кесiп, 178 адамды қара жұмысқа айдаса, 129 адамды түрмеге қамады. Ол ол ма патша өкiметi қазақ халқының жерлерiн мемлекет меншiгiне айналдырып, оларды ең шұрайлы да шабындықты әрi құнарлы егiндiктi елдi мекендерден қоныс аудартып, оларға орыс-казак (êàçà÷åñòâîíû) орналастыруды күшейтумен бiрге отарлаудың сан алуан құйтырқы саясаттарын жүргiзе бастаған едi. Қазақстанды күштеп алу саясатының екi ғасырға созылған жылдарында қазақ Ресей езгiсiнен құтылмады. Езгi әртүрлi саяси-әлеуметтiк құйтырқылықтар арқылы жүргiзiлiп, мемлекет және құқық тәртiбi азаматтық та, қоғамдық та тұрғыдан бұзылып отырды.
Ұлт-азаттық көтерiлiстiң кең өрiс алған жерi — Торғай облысы едi. 1916 жылдың шiлде-тамыз айларында әрбiр болыста хандар сайланып, олар Әбдiғаппар Жамбосыновты жалпы хан етiп, соған бағынды. Әрбiр ханның уәзiрi болды. Олар кеңестi басқарды. Кеңесте хатшылар мен сот коллегиялары жұмыс iстедi. Сайланған сардарлардың әскери және азаматтық iстердi қарайтын көмекшiлерi болды. Болыстардағы әскери-азаматтық әкiмшiлiк мыңбасына бағынды. Олар ел бегiне сүйендi. Ханның қаржылық жағын қазынашы басқарып, оған жасақшылар бағынды. Әкiмшiлiк-құқықтық реформалар жүргiзу барысында ұлт-азаттық қозғалысты басқарушылар 1916 жылдың жазы мен күзiнде қаншалықты өз ойларын iске асырамыз дегенменен дәстүрлi басқару жүйесiн жөнге қоя алмады. 1917 жылы наурыз айында Әбдiғаппар хан патшаның тақтан түскенiн және барлық көтерiлiсшiлерге кешiрiмдiк болатынын естiп, Уақытша өкiмет билiгiн мойындайтындықтарын мәлiмдедi.
Хан мен сардарлар болыстық және уездiк съездерде сайланған қызметтер едi. Содан соң хан тағы бұрынғыдай сұлтандар тегiнен сайланбайтын. Барлық көтерiлiсшiлер хандары қарапайым қара халықтан шыққан адамдар болатын. Ал, Әбдiғаппар болса, өзiн хан деп емес, әмiр деп атауды талап еттi. Сондықтан да 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiсi қаншама хандық атақ-дәрежеге қол жеткiзгенмен, бұрынғы Қазақ хандығындай дәстүрге ие бола алмады. Сөйтiп, 1916 жылғы қазақтардың ұлт-азаттық көтерiлiсi күшпен басылса да, ол қазақ халқының сана-сезiмi мен саяси белсендiлiгiн арттырып, жаңа мемлекеттiк жүйе қалыптастыруға ынталандыра түстi.
1917 жылы ақпанда революциялық толқулар мен ұлт-азаттық көтерiлiстерi кең қанат жайған кезеңде Патша өкiметi құлады. Елде уақытша өкiмет орнап, революциялық дағдарыс кезеңi басталды. 1917 жылы 7 сәуiрде Уақытша өкiмет генерал-губернаторлықты алмастыратын Түркiстан комитетiн құру туралы шешiм қабылдады. Оның құрамында И.И.Щепкин, А.Бөкейханов, М.Тынышпаев, С.Н.Максутов, В.С.Елпатьевский, А.Л.Липовский, О.А.Шкапский, П.В.Преображенский және А.А.Дәулетшин болды. Басқарма облыс және уезд деңгейiнде алғашқы рет қазақ өкiлдерiне орын бердi. Мысалы, Торғай облысы бойынша комиссар болып — А. Бөкейханов, Жетiсу бойынша — М.Тынышбаев, Орал облысы бойынша — Қ.Досмұхамедов сайланды. Комиссарлардан басқа атқарушы комитеттер пайда болды. 1917 жылы сәуiр, мамыр айларында Қазақстанда облыстық және уездiк қазақ съездерi өттi. Онда ұлттық комитеттер сайланды.
Патша өкiметi құлағаннан кейiнгi қазақтың тәуелсiздiк жолындағы күресiн “Алаш” партиясының төңiрегiне топтасқандар жалғастырды. 1917 жылы 21-26 шiлдеде Орынборда жалпы қазақ съезiнде ұлттық демократиялық саяси “Алаш” партиясы құрылды. Партияның бағдарламасы бойынша партияның облыстық комитеттерi құрылды. Ә. Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Е.Ғұмаров секiлдi бiр топ қайраткерлер атынан 1917 жылы “Қазақ” газетiнiң 21 қарашадағы санында “Алаш” партиясы бағдарламасының жобасы жарық көрдi.
1917 жылы 5 — желтоқсанда Орынборда екiншi бүкiлқазақтың съезi ашылып, оған барлық қазақ облыстарынан 82 өкiл қатысты. Съездiң күн тәртiбiнде 10 мәселе қойылып, оның 6-уы таза мемлекеттiк құқықтық мәселелер болды. Олар: 1. Сiбiр Түркiстан автономиясы, әрi оңтүстiк-шығыс одағы туралы. 2. Қазақ-қырғыз автономиясы. 3. Милиция. 4. Ұлт Кеңесi. 5. Халықтық сот. 6. Ауылдық басқару. Съездiң көтерген ең басты мәселесi ұлттық автономия түрiндегi мемлекеттiкке қол жеткiзу болды. Съезде “Алаш” автономиясының орталық атқарушы өкiмет органы Ұлт Кеңесi Алашорда үкiметi құрылды. Үкiметте барлығы 25 орын белгiлендi. Оның 15-i съезде сайланды, 10 орын басқа ұлт өкiлдерiне қалдырылды. Мiне, осының өзiнен-ақ Алаш автономиясының ұлт мәселесiн шешуде сындарлы бағыт ұстанғандығын байқатады. “Алашорда” — Ұлт Кеңесi үкiметiнiң төрағасы болып Ә.Бөкейханов сайланды. Бұл орган автономияның орталық билiгi болып табылды. Жалпы, Қазақстанның Ресейге бодан болғаннан бергi тарихындағы ХХ ғасырдың алғашқы ширегiн “саяси күрес пен рухани жаңару кезеңi” деп айтуға болады. Аталған кезеңде саяси күрес сахнасына Ресейдiң айтулы ғылыми, саяси орталықтарында бiлiм алған сол кезеңдегi Еуропадағы саяси күрестiң бағыт-бағдарынан хабардар қазақтың белгiлi зиялылары шықты. Олар бiртұтас қазақ мемлекеттiлiгi үшiн күрестi.Тарихты қаншама халық жасайды дегенiмiзбен оның даму заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар мен құқықтық құжаттарды, саяси-құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар iске асырады. Сондықтан да “Алаш орда” үкiметiнсiз экономикалық iлiм мен реформалар тарихын, “Алаш автономиясынсыз” Қазақстан мемлекеттiлiгiнiң негiзiн, әсiресе алаш ардагерлерiнiң өмiрiнсiз ұлт тарихын көз алдымызға келтiру мүмкiн емес.
“Алаш” партиясы мен “Алашорда” үкiметi құқықтық-мемлекеттiк жағдайға ерекше көңiл бөлдi. “Алаш” партиясы мен үкiметi дiнiне, жынысына, ұлтына, шығу тегiне қарамай тең сайлау құқығын жақтады. Ал депутаттар болса, төте, тең және құпия дауыс беру арқылы сайланды. “Алаш” партиясы демократиялық бостандықтар мен құқықтарды жақтады. Жеке бастың теңдiгi сөз, баспасөз, одақтар бостандығы жарияланып, олардың қай-қайсысы болмасын айыптаусыз және тергеусiз соттауға болмайды деп мәлiмделдi. “Алаш” партиясы мен үкiметi сот iсiне ерекше мән берiп қана қоймай, ол әр халықтың әдет-ғұрпы мен салтына лайық болуы керек деп көрсеттi. Сот алдында барлық халық тең деген де ерекше аталынды. Бүкiлқазақтық съезд қаулысында: 1. Қазiргi қазақ халық соты жойылсын, 2. Қазақтардың тұрмыстық жағдайына лайық ескi соттың орнына жаңа сот құрылсын деп жазылды. Жалпы қай тұрғыдан келгенде де Алаш партиясы мен Алашорда үкiметiнiң құқықтық шаралары нағыз демократиялық мән-мағынада бағыт-бағдар алды. Алашорда үкiметi ұзақ өмiр сүрмедi. Дегенмен де оның Қазақстан мемлекет және құқық тарихында алатын орны ерекше. Өйткенi, оның басшылары ұлттық-демократиялық мемлекет құрып, оның саяси құқықтық жағын барынша негiздеген болатын. Бiрақ сол кездегi тарихи саяси жағдай Алаш идеясын, Алашорда автономиясын жөргегiнде тұншықтырды. Сөйтiп, уақытша Сiбiр үкiметi 1918 жылы 4 қарашада Алашорда үкiметiн таратып жiбердi.
8. Кеңестiк Қазақстандағы мемлекет және құқық
ХХ ғасырдың бас кезiнде Қазақстанда әкiмшiлiк және құқықтық жүйе барынша қайта құрылып, 1905-1907 жылдардағы бiрiншi орыс революциясы мен 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiсi және ақпан төңкерiсi қазақ халқының саяси сана-сезiмiн дамытуға үлкен ықпал еттi. 1917 жылғы оқиға Қазақ мемлекетiн демократиялық негiзде дамытуға мол мүмкiндiк ашқан болатын, бiрақ ол әртүрлi себептермен өз өрiсiн таба алмады.
Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы. 1917 жылғы күзде Қазақстандағы кедей топтар барынша большевиктер мен олардың одақтастарының төңiрегiне бiрiктi. Осы кезде қарапайым халықтың жағдайы тым нашарлай бастаған едi. Мысалы, Сырдария және Жетiсу аймақтарындағы көптеген жергiлiктi жұрт ашаршылыққа ұрынды. Сол 1917 жылдың қыркүйек-қазан айларында Петропавл, Орал, Орынбор-Ташкент темiр жолы бойындағы станцияларда жұмысшылар көтерiлiске шығып, Верный, Әулиеата және басқа қалаларда қалың бұқара халық ереуiлге шықты, оны солдаттар қолдады. Айлар өткен сайын көтерiлiстер күрделене түсiп Уақытша үкiметтiң оларға жасайтын ешқандай шарасы қалмастан, оның билiк органдары шайқала бастады. Уақытша үкiмет көтерiлiстердi күшпен басуға тырысты. Бiрақ, оны тоқтату мүмкiн емес едi.
1917 жылғы 25 — қазанда Петроградта большевиктер партиясы жеңiске жеттi. Сөйтiп, уақытша үкiмет құлады да, мемлекеттiк билiк кеңестердiң қолына өттi. Ол жұмысшылар мен шаруалар диктатурасы едi. Кеңес үкiметi социалистiк мемлекет және социалистiк құқықтың жүйенi құруға бет бұрды. Социалистiк мемлекет пен құқықты қалыптастыруда революционерлер мен бiрге, олардың көсемi В.И.Лениннiң алатын орны ерекше. 25-26 қарашада өткен бүкiлресейлiк кеңестердiң II съезi жаңа өкiмет органдарын құрды. Халық комиссарлар кеңесiнiң төрағасы болып В.И.Ленин сайланды. Петроградта билiк кеңестердiң қолына өттi. Ондағы жеңiстердiң жалғасы Қазақстанды да шарпыды. Сөйтiп, 30 қазанда Перовскiде жұмысшылар кеңесi мен солдат депутаттары билiктi өз қолдарына алғанын мәлiмдедi. 1 қарашада үлкен майданнан кейiн Кеңес үкiметi Ташкентте орнады. 6 — қарашада Әулиеата кеңестер билiгiнiң қолына көштi. Желтоқсан айында Бөкей ордасында, Петропавлде, Көкшетауда, Атбасарда, Қостанайда, 1918 жылы қаңтарда Ақтөбеде, Орынборда Кеңес үкiметi орнап, атаман А.Дутовтың қарулы қарсылығына соққы берiлдi. 17 ақпанда Семейде, содан соң Өскеменде, Қарқаралыда, Зайсанда, кейiн 3 наурызда Верныйда бүкiл билiк кеңестер қарамағына көшiп, наурыз айының iшiнде бүкiл Жетiсу өңiрiнде кеңестер билiгi орнады. Кеңес ғана едәуiр қиындыққа кездестi. Ол тек азамат соғысы кезiнде ғана жеңiске қол жеткiздi. 1917 жылы 22 — қарашада Қоқанда 4-шi төтенше аймақтық мұсылмандар съезi Мұстафа Шоқайдың бастауымен ашылды. Съезде “Туркестони мухтариат” Түркiстан автономиясын ашу туралы шешiм қабылдады. Алдымен оны М.Тынышбаев, кейiн М. Шоқай басқарды. Съездi өткiзген және автономияның басқару органдарының орналасқан жерi Қоқан болғандықтан оны “қоқандық” деп атады. Бiрақ 1918 жылы ақпанда “Қоқан автономиясын” Кеңес үкiметi құлатты. Сөйтiп, 1918 жылы наурыз айында кеңес үкiметi бүкiл Қазақстан территориясында орнады. Бiрақ Оралдағы жағдай сол күрделi күйiнде қалып, кейбiр Орынбор және Жетiсу аймақтарында Кеңестерге қарсылық әлi де болса басыла қойған жоқ едi. Аз уақыт билiктi өз қолына алған Алашорда өкiметi болса 1918 жылдың күзiнде тарады. Қазақстанның облыстар мен уездерiнде құрылған жұмысшы, шаруалар және солдаттар Кеңестерi жаңадан орнаған билiктiң тұңғыш өкiлдерi болып саналды.
1917 жылғы Қазан төңкерiсiнен кейiнгi күрделi уақытта 5-12 желтоқсанда Орынборда Екiншi бүкiлқазақ съезi өттi. Оның жұмысына Қазақстанның барлық аймақтарынан делегаттар қатысты. Бөкей ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетiсу, Самарқанд облыстары мен бiрге Алтай губернияларынан делегаттар қатысты. Оны ұйымдастырушылар А. Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Е.Омаров, С.Досжанов, М.Дулатов болды. Съез төрағасы Б.Құлманов едi. Съездiң ашылған кездегi бiрiншi жұмысы Оңтүстiк Қазақстан өңiрiнде болған аштық салдарынан кейбiр қайшылықтарды жергiлiктi билiк органдарының шеше алмай жатқандықтары туралы әңгiме болды. Содан соңғы күн тәртiбiне енгiзiлген мәселелер: Сiбiр, Түркiстан және Оңтүстiк Шығыс одағы автономиясы, Қазақ облыстары автономиясы, милиция, ұлттық кеңес, бiлiм, ұлттық қор, муфтиат, халық соты, ауыл басқармалары, азық-түлiк сұрақтары болды.
Съездегi ең басты көтерiлген мәселе ол қазақ автономиясын құру едi. Автономия туралы баяндаманы Ә.Бөкейханов жасады. Сөйтiп, Қазақ автономиясы туралы мәселе мен баяндама ерекше комиссия қарауына берiлдi. Комиссия атынан Қ.Ғаппасов сөйледi. Съезд бiр ауыздан қазақ облыстарында автономия құрып, оған “Алаш” атын бермекшi болып келiстi. Сондықтан “Алаш-Орда” Уақытша халық кеңесi құрылды. Оның құрамында 25 мүше болды. Оның 10 орны орыстар мен өлкедегi басқа халықтарға бөлiнген едi. Алаш-Орданың орталығы Семей болып жарияланды. Өкiмет басы төрағалығына бүкiлқазақ халқы кеңесi Ә.Бөкейхановты сайлап, оған Б.Құлмаханов пен А.Тұрлыбаев таласқа түстi. Алаш-Орда жетекшiлерi кеңес өкiметiмен байланыста болды. Бiрақ Алаш автономиясының өмiрi ұзаққа созылмады.
Жалпы, сол кезеңдегi тарихи-қоғамдық жағдай азаматтық-құқықты қарым-қатынасты уақыт талабына сай реттеудi қажет еттi. Ел экономикасын, оның iшкi-сыртқы жауларының iс-әрекеттерiне қарай әскери жолмен ұйымдастыруды талап еттi. Сондықтан да қоғамдық қарым-қатынас пен мемлекеттiк азаматтық құқықты реттеу тәсiлi әкiмшiлiк-құқықтық әдiспен бiршама алмастырылды. Аталған кезеңде Қазақстанда капиталистiк меншiктi ұлттандыру одан әрi барынша сәттi жүргiзiлдi.
Кеңес өкiметiн орнату Қазақстан территориясында азамат соғысының өрiстеуiне жол ашты. 1917 жылдың қарашасында Кеңес өкiметiне қарсы Орынбор казактары атаман Дутовтың басқаруымен көтерiлiске шықты. Оның құрамында 700-ге жуық казак отрядтары болды. 1918 жылдың көктемiнде оның құрамы 22 мыңға жеттi. Кеңес үкiметiне қарсылық Жетiсуда да кең өрiс алып, 1917 жылы билiктi казактардың әскер кеңесi өз қолына алды. 1918 жылдың наурызында Гурьевтегi билiктi генерал В. Толстов алып, өзiн Орал казактарының атаманы деп мәлiмдедi.
31 мамырда контрреволюционерлер Петропавловскiнi, маусымда Ақмола, Атбасар, Қостанай, Павлодар, Семейдi алып, соның нәтижесiнде Орал, Ақмола, Семей және Торғай облыстарының көптеген бөлшектерi ақ гвардияшылардың қолына көштi. Сiбiрде сiбiрдiң уақытша өкiметi орнап, оны Колчак басқарды.
1919 жылы 10 шiлдеде РКФСР Халық комиссарлар кеңесiнiң декретiмен қазақ өлкесiн басқару жөнiндегi революциялық комитет құрылды. Қазревком Қазақ автономиясын құрғанға дейiнгi барлық жоғарғы әскери және азаматтық билiктi бiр орталыққа шоғырландырған орган болды. Ол өлкедегi өкiметтiң функцияларын атқарды. Оның төрағасы С.Пестковский, мүшелерi: Ә.Жанкелдин, Б.Қаратаев, М.Тұнғаншин, С.Меңдешев, А.Байтұрсынов, Б.Каралдин т.б. Алашорда тараған соң оның кейбiр мүшелерi Кеңес өкiметiнiң жұмысына тартылып Казревкомның құрамына өттi. Казревком қабылданған декретке сай “жоғарғы әскери-азаматтық” басқару органы болып саналды. Оның территориясы құрамына Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары және Астрахань губерниясындағы қазақ жерлерi кiрдi.
Қаз АКСР-нің құрылуы. Казревкомның басты мақсаты өлкенi автономияға әзiрлеу едi. Сөйтiп, 1920 жылы 26-тамызда РКФСР Халық комиссарлар кеңесiнiң төрағасы В.И.Ленин және БОАК төрағасы Н.И.Калинин “Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестiк Социалистiк Республикасын құру туралы” декретке қол қойды. Сөйтiп, РКФСР құрамында Қазақ АКСР-i құрылды. Оның астанасы Орынборда болды. 1920 жылы 4-12 қазанда Орынборда Қазақстан Кеңестерiнiң Құрылтай Кеңесi өттi. Съезд ҚАКСР-нiң орталық мемлекеттiк органдарын Қазақ Орталық атқару комитетiн құрып, оның төрағасы етiп С.Меңдешовты, ал, Қазақ Халық Комиссарлар кеңесiнiң төрағасы етiп Р.Радусь-Зенковичтi бекiттi. Республика территориясы 5 миллионнан астам жұртшылығы бар 2 млн. шаршы км-ге жуық территорияны алып жатты. Құрылтай съезi “Қазақ АКСР-нде Кеңес өкiметiн ұйымдастыру туралы” қаулы қабылдады және “ҚАКСР-дiң еңбекшiлерi құқығының декларациясын” қабылдады. Бұл конституциялық қуаты әрi мәнi бар декларация Қазақ автономиясының мемлекеттiк құрылымын, территориясын, сайлау жүйесiн тағы да басқа жақтарын анықтаған құжат болды. Кейiн аталған декларация 1926 жылы қабылданған ҚАКСР-дiң тұңғыш Конституциясының жобасына кiрдi. Жалпы, Қазақстандағы жоғарғы өкiмет билiгi кеңестердiң бүкiлқазақтық съезi болып танылды. Осы съезде Қазақ Орталық Атқару Комитетi сайланды. Ол 75-ке дейiн мүшеден тұрып, 25 мүшелiкке кандидаттан құралды. Қазақ Атқару Орталық Комитетi бүкiлқазақтық съездi жылына бiр рет шақырылды және ол аталған съезд аралығында жоғарғы билiк органы болып есептелiндi. Төтенше немесе кезектен тыс бүкiлқазақтық съездi ол өз қалауы бойынша немесе республиканың 3/1 бiлдiретiн жергiлiктi кеңестердiң талабымен шақыра алатын едi. Бүкiлқазақтық съезд мемлекеттегi барлық билiкке басшылық жасап, Қазақ Орталық Атқару Комитетiн сайлады, әрi өкiметтiң есебiн тыңдап заңдар қабылдады. Бүкiлқазақтық съездiң делегаттары уездерден жiберiлiп, съездер аралығында жоғарғы заң шығарушы, өкiмшi және бақылаушы съезд сайлаған Қазақ Атқару комитетiнiң қолында болды. ҚазОАК-нiң құрамын бүк-нiң құрамын бүк белгiледi. Ол ҚазОАК өкiметi Халық комиссарлар кеңесiн құрып, өкiметтiң жұмысына жалпы бағыт-бағдар берумен бiрге барлық өкiмет билiк органдарының жұмысын басқарды. Сондай-ақ, оларды бiрiктiрдi, өзара келiстiрдi және бақылады. ҚазОАК Халық комиссарлар кеңесiмен бiрiге отырып республикадағы әртүрлi салаларды басқаратын халық комиссарларын құрды. Халық комиссарлар кеңесi — ҚАКСР-дың өкiметi және өзiне берiлген құқық шеңберiнде ҚазОАК-тiң заң шығарушы, атқарушы және өкiмшi органы болды.
Жалпы, Халық комиссариаттары жеке дара және бiрiккен болып екiге бөлiндi. Бiрiккен халық комиссариаттарға РКФСР-дiң халық комиссариаттарына тiкелей бағынышты халық комиссариаттары жатты. Бұл халық комиссариаттары, сондай-ақ ҚазОАК пен Қазақхалық комиссарлар кеңесiне де бағынды. Бiрақ РКФСР басшылығымен келiсiп отырды. Бiрiккен халық комиссариаттарына БОАК пен Халкомкеңестiң 1920 жылғы 26 тамыздағы декретi бойынша мыналар жатты: азық-түлiк, қаржы, жұмысшы—шаруа инспекциясы, қатынас жолдары, сонымен қатар халық шаруашылығы кеңесi, почта және телеграф басқармасы, қазақ статбюросы, төтенше комиссия.
Жалпы, Қазақстандағы кеңестiк социалистiк жүйе Кеңестiк Ресейдегi жүйенiң құрамдас бөлiгi ретiнде жасалып, ол Ресейдiң Орталық мемлекеттiк органдарының басшылығымен түзелiп отырды. Соның бiр дәлелi ретiнде аталып өтiлетiн жай, ол 1926 жылғы 18 ақпанда ҚАКСР ОАК-тi ҚАКСР-нiң Конституциясының жобасын қабылдауы болды. Конституцияның алғашқы жобасы 1920 жылғы Қазақ Автономия Кеңестерiнiң құрылтай съезiнде көтерiлiп, ол БОАК-нiң бекiтуiне тапсырылған болатын. Бiрақ, оны ол қарамай қойды. Конституция жобасы 7 бөлiм, 18 тарау, 103 баптан тұрады. Жобаның 1-бөлiмiне жоғарыдағы айтып өткен 1920 жылғы бүкiлқазақтық Құрылтай съезiнде қабылданған «ҚАКСР-ның еңбекшiлерi құқығының Декларациясы енген болатын. Декларацияда Қазақ автономиясының РКФСР құрамындағы мәртебесi көрсетiлiп, оның басқару органдары жергiлiктi совдептер, ҚазОАК және халық комиссарлар кеңесi екенi аталып өтiлдi. Жалпы, Қазақстан жерiнде РКФСР заңдарының жүзеге асатыны да баса көрсетiлген болатын. Мемлекеттiк тiл қазақ және орыс тiлдерi болып табылды және осы екi тiлде бүкiл заң актiлерi жарияланып, онда шiркеудiң мемлекеттен, мектептiң шiркеуден бөлiнгенi көрсетiлдi. Жобаның екiншi бөлiмiнде көрсетiлген өтпелi кезеңнiң негiзгi мiндетi ретiнде қалалар мен селолардағы пролетариаттың кедей және шаруалардың кеңес өкiметi түрiндегi диктатурасын орнатып, жалпы ұлттық езгiнi жою жарияланды. Жобаның үшiншi бөлiмi қазақ автономиясының территориясына арналып, оған кiретiн губерниялар мен облыстар көрсетiлдi. Қазақ автономиясының конституция жобасы БОАК тарапынан бекiтiлмегендiктен Қазақстан территориясында РКСФР конституциясы қолданылды.
Қазақстанның 30-90-шы жылдар аралығындағы саяси-құқықтық дамуы. 1930 жылдардың ортасында КСРО-да аса күрделi өзгерiстер болып, уақыт пен заман лебi елеулi жаңалықтарға итермеледi. Өйткенi, капитализмнен социализмге өтетiн өтпелi кезең аяқталумен бiрге социалистiк қоғамдық қатынастар жеңiске қол жеткiзiлдi деп есептелiндi. Сондай-ақ, адамды адам қанау артта қалып, оның саяси-экономикалық негiздерi жойылды деп саналды. Осынау түбегейлi өзгерiстер КСРО конституциясын өзгертiп, 1936 жылы 5 желтоқсанда оның жаңа конституциясы қабылданды. Мұндағы елеулi оқиғалардың қатарына Қазақстанға Одақтас Республика мәртебесi берiлгендiгi болды. Сөйтiп, Қазақ Автономиясы Республикасы Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасына айналды. Бұл Қазақстанның болашақ тәуелсiздiкке баратын алғашқы нұрлы жолы едi. Осынау үлкен мәнi бар құқықтық актi, қазақстандықтар үшiн үлкен жеңiс болды. Сөйтiп, 1937 жылы 26 наурызда бүкiл қазақстандық кеңестердiң төтенше Х съезi Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасының Конституциясын бекiтiп, Қазақстан жаңа Конституция қабылдады. Ол 11 бөлiм, 11 тарау, 125 баптан тұрды. Конституцияда қоғамдық құрылыс анықталып, ҚазКСР жұмысшылар мен шаруалардың Социалистiк мемлекетi деп мәлiмделдi. Сондай-ақ, социалистiк меншiк не мемлекет меншiгi болумен бiрге колхоздық — кооперативтiк меншiк түрi көрсетiлiп, азаматтардың өзiндiк меншiгi де мойындалды. Конституцияда еңбек ету әр азаматтың мiндетi екендiгi айқындалып, “Еңбек етпеген iшiп жемейдi” принципi көрсетiлдi. Қазақстан сол жылдары Конституция бойынша 8 облыстан тұрды. КСРО заңдары Қазақстан территориясында мiндеттi түрде қолданылып, оның азаматы КСРО азаматы болып есептелдi. Мемлекеттiк басқарудың салаларына халық комиссарлары басшылық еттi. Конституция бойынша сайлау жүйесiне үлкен өзгерiстер енгiзiлiп, ол мемлекеттiң Ел таңбасын, Туын және астанасын белгiледi. Жалпы, 1937 жылғы Конституция 40 жылға жуық қызмет етiп, өзiнiң өзiне дейiнгi қабылданған Конституцияларға қарағанда белгiлi бiр кезеңдерде өмiршеңдiгiн көрсеттi. Соған қарамай адам құқықтарына қатысты нормалар бұзылып, миллиондаған ел азаматтары қуғын-сүргiннiң құрбаны болды.
1941 жылы 22 маусымда Германияның КСРО-ға шабуылы, яғни Ұлы Отан соғысы басталды. Фашист стратегтерiнiң ойы бойынша, “Барбаросс” жоспарына сай Қазақстан территориясы «Үлкен Түркiстанға” кiруi керек едi. Бiрақ, сол кездегi Кеңес халқы ол жоспарды орындауға мүмкiндiк бермедi. Соғыстың алғашқы күннен-ақ әскери бөлiмшелер мен бөлiмдер құрылды. Барлығы 12 атқыштар, 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 50-ден астам полктар мен батальондар құрылды. Соғыс жылдары Қызыл әскер қатарына 1196164 қазақстандықтар шақырылды. Сол уақытта Қазақстан территориясына 1,5 миллион адам iргелес Ресей территориясынан қоныс тептi. Алғашқы соғыс жылдары кеңес халқына өте ауыр кезең болды. 1941 жылдың аяғында КСРО өзiнiң жарты территориясынан айырылып, Украина, Белоруссия республикаларымен бiрге Ресейдiң еуропалық бөлiгi Мәскеу қаласына дейiнгi аралықта жау қолына көштi. Осындай қиын-қыстау кезеңде Қазақстанның соғыстағы алған орны ерекше едi. Республикадағы экономикалық және әлеуметтiк тұрмыстың қиын-қыстау кезеңдерiне қарамай, сол 1941-1945 жылдар аралығындағы саяси және қоғамдық жағдайлар мемлекет пен құқыққа барынша ықпал еттi. Мемлекеттiк құрылыс және оның әр саладағы қызметтерi, сондай-ақ құқықтық қатынастар соғыс талабына сай қайта қаралып, бәрi де жеңiс үшiн қызмет ететiн дәрежеге жеткiзiлдi.
1941 жылдың 30 шiлдесiнде КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының БК(б)П Орталық Комитетiнiң және Халық Комиссарлар Кеңесiнiң шешiмiмен төтенше орган- Мемлекеттiк Қорғаныс комитетi құрылды. Сөйтiп, мемлекеттiң барлық билiгi түгелдей Мемлекеттiк Қорғаныс Комитетiнiң қолына берiлдi. Оның дайындаған актiлерi мен басқа да заңдылық құқы бар нормативтерiн КСРО-дағы барлық органдар нақты да дәл орындауға мәжбүр болды. КСРО құрамына кiретiн республикалардың барлығында Мемлекеттiк Қорғаныс Комитетiнiң тұрақты өкiлi қызмет етiп, оның жұмысын реттеп, жөнге қойып отырды.
Қатерлi соғыс жағдайында бiр орталыққа шоғырланған дерективалық басқару алдыңғы қатарға шығып, өкiлеттi органдардың қызметтерi барынша шегерiлдi. Сөйтiп, жаңа мемлекеттiк органдар құрылды. 1941 жылы ұлттық құрамалар жөнiнде республикалық комиссия және халық комиссарлар кеңесi жанында еңбекке жарамды адамдарды ауыл шаруашылығы жұмыстарына мобилизациялау туралы бөлiм және КСРО-ның соғыс жүрiп жатқан территорияларынан эвакуацияланғандарды Қазақстан жерiне орналастыру бөлiмдерi секiлдi органдар құрылып, олар жан-жақты жұмыс iстей бастады. Тағы бiр ерекше қолға алған жағдай, әскери қызметкерлердiң отбасылары мен оларды керек жарақтармен әрi қызметпен қамтамасыз ету басқармасы жұмыс iстедi. 1944 жылы сондай қатерлi де қасiреттi мезгiлдiң зауалына қарамай, Қазақстанда Көкшетау және Талдықорған облыстары құрылды. Ал, азаматтық құқық саласындағы жұмыстар болса, социалистiк меншiктi нығайтуға және ұрлық-қарлық секiлдi келеңсiз жайларға тыйым салатын органдар күшейтiлдi. Еңбек заңдары мен нормативтiк актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар ендiрiлiп, Үкiмет органдары 16 мен 55 жасқа дейiнгi азаматтарды мiндеттi еңбекке тартуға, сондай-ақ колхоздарда 12 жастан жоғары жасөспiрiмдердi еңбекке тартуға құқық берiлдi. Әскери оқудан және себепсiз еңбек күн толтырмаған адамдар қылмыстық жауап пен жазаға тартылды. Сөйтiп, әскери-сот органдарының рөлi артты. 1942 жылы әскери трибунал туралы ереже бекiтiлдi. Ал КСРО құрамына енетiн республикалармен бiрге Қазақстанда соғыс жағдайы ендiрiлмегендiктен әскери трибунал туралы ереже әскерилендiрiлген мекемелерде ғана қолданды.
Сондықтан да көп жағдайда Қазақ КСР-ндағы мемлекеттiк билiк органдары мен мемлекеттiк басқару жүйелерiне айтарлықтай принциптiк өзгерiстер енгiзiлген жоқ. Соған қарамай республиканың еңбекшi депутаттар кеңесiнiң құзырына жүйелi және үздiксiз қызмет мiндетiн жүктедi. Соғыс кезеңiнде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi сессияға бiр-ақ рет жиналды. Ол 1944 жылғы 9-13 сәуiр аралығында өткен 7-сессия болды. Онда 1944 жылғы Қазақ КСР-нiң мемлекеттiк бюджетi бекiтiлдi. Соғыс барысы кезiнде Қазақстанның партия және кеңес органдары баспасөз, радио және басқа да құралдар арқылы қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы кезiндегi ерлiктерiн жан-жақты паш етiп отырды.
Жалпы, 1941-1945 жылдардағы мемлекет пен құқық жүйесiне енгiзiлген өзгертулер мен толықтырулар өз кезiнде Қазақстанның мемлекеттiк және құқықтық жүйесiн жаңа сапаға көтерiп, елде тәртiп орнатуға едәуiр ықпал еттi.
Соғыстан кейiнгi жылдары “барлығы майдан үшiн, барлығы жеңiс үшiн” деген принциптегi мемлекеттiк және құқықтық жүйенiң салалары қайта бейбiт өмiрге бейiмделiп, жаңа тұрпатта дами бастады. Еңбек құқығы негiзiнен одақтық заңдармен реттелiп, соғыс кезiнде алынып тасталған еңбек демалыстары қайта қалпына келтiрiлiп, ел бейбiт тiршiлiкке бейiмделдi. Еңбек дауларын қараудың жаңа ережелерi қабылданып, 1972 жылы 21-шiлдеде Қазақ КСР-нiң Еңбек туралы заңдар кодексi қабылданды. Сөйтiп, Қазақстандағы еңбек тәртiбi заңды түрде қайта реттеле бастады. Еңбекшiлердiң құқықтарын қорғауға, материалдық және моральдық ынталандыруды арттыруға негiз болған Еңбек заңдары көпшiлiк мүддесiн қорғады.
1959 жылы қылмыстық және қылмыстық-процессуалды кодекстер қабылданды. Бұл Қазақстан тарихында тұңғыш рет болған жағдай едi. Оған дейiн республикада РКФСР-дiң Қылмыстық кодексi басшылыққа алынатын. Сондай-ақ, 1963 жылы республиканың “Азаматтық және азаматтық-процессуалдық кодекстерi” қабылданып, өмiрге ендi. Олар социалистiк заңдылықты, сондай-ақ социалистiк қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған болатын. 1971 жылы “ҚазКСР-нiң Еңбекпен түзеу кодексi” қабылданып, iстi болған адамдардың күрделi деген мәселелерi өзiнше шешiмiн тапты.
1950-1990 жылдар аралығында сот құрылысы, сот iсi, адвокатура және нотариатқа қатысты заңдар жан-жақты жетiлдiрiлiп, тiптi кейбiреулерi қайта қабылданды. Мысалы, 1981 жылы “ҚазКСР-ның сот құрылысы туралы” заңы өмiрге енiп, сот саласындағы iс-әрекеттер жүйелi түрде реттелдi. ҚазКСР-ның сот жүйесiн республиканың Жоғарғы соты, облыстық, Алматы қалалық, аудандық (қалалық) соттар құрды. Заң бойынша аудандық (қалалық) соттарды бес жылға аудан азаматтары, аудандық (қалалық) соттардың халық заседательдерiн азаматтардың жұмыс орнынан және тұрған жерiнен екi жарым жылға сайлады.
ҚазКСР Жоғарғы соты Жоғарғы сот органы ретiнде республика соттарының қызметтерiне заңға сәйкес бақылау жасайтын. Аудандық (қалалық) соттарды сайлау жөнiндегi ереже 1966 жылы бекiтiлдi. 1966 жылы “ҚазКСР адвокатурасы туралы ереже” бекiтiлiп, 1974 жылы республикадағы “Мемлекеттiк нотариат туралы” заң қабылданды. 1980 жылы 17 шiлдеде “ҚазКСР-iнде тәртiптi қорғаудың қоғамдық пункттерi туралы” ереже бекiтiлдi. Тағы да бiр айта кететiн нәрсе 1983 жылы Жоғарғы кеңес Тұрғын үй кодексiн қабылдады. Осы кезеңдегi мемлекет және құқық жүйесiндегi оң өзгерiстердiң арасында құқықтық қатынастар, құқық қорғау орындары, сондай-ақ iшкi iстер, прокуратура, сот органдарының жұмыстары жан-жақты жетiлдiрiлдi. Қоғамда салыстырмалы түрде бағалағанда бұрынғыға қарағанда тыныштық пен түсiнiстiк кеңiнен орын алды. Бiрақ, КСРО құрамына кiрген республикалардың қай-қайсысында болмасын ұлттық, тiлдiк қысым су асты ағыстары секiлдi құйтырқы тәсiлдермен жүргiзiлдi. Қазақстанда қазақ мектептерi бiрте-бiрте жабылып, қазақ тiлi бейбiт жолмен шеттетiлiп жатты. Мұндай келеңсiз құбылыстар құқықтық жағынан мемлекет тарапынан қорғалмады. Сөйтiп, ел арасындағы қарама-қайшылық көзге көрiнбейтiн, астыртын iс-әрекеттер арқылы қазақстандық азаматтардың азаматтық құқын аяққа басты. Әрине, мұның бәрi астыртын, социалистiк заңдылықтардың астарында жүргiзiлдi.
1977 жылы 7 қазанда КСРО-ның жаңа конституциясы қабылданып, оның артын iле-шала сол конституцияға орай 1978 жылы 23 сәуiрде ҚазКСР-iнiң жаңа конституциясы жарияланды. Жаңа конституцияны қабылдаудың бiрнеше алғы шарттары болды. 1930 жылдан кейiнгi 40 жылдан астам уақытта Қазақстан территориясында және КСРО-да елеулi өзгерiстер болған едi. Сол жылдар аралығында елде кемелденген социалистiк қоғам құрылды деген теориялық тұжырым жасалынған едi. Сондықтан да жаңа Конституция жарқын болашағымыз дүние жүзiндегi ең нұрлы коммунизмге бастаушы бiрден-бiр жол болады деп қабылданды. Мұның бәрi теория мен практика арасындағы қайшылықты тудырып, бүгiнде ол үлкен қателiкке бастаған жол екендiгiн көрсетiп отыр.
Қазақ КСР-ның 1978 жылғы Конституциясы 10 бөлiм, 19 тарау, 173 баптан тұрды. Жаңа Конституцияда ҚазКСР-нiң егемендiгiнiң де мөлшерi көрiнiп, бұрынғы еңбекшiлер депутаттары халық депутаттары деп аталды. Мемлекеттiк өкiметтiң жоғарғы органы Республика Жоғарғы Кеңесi болып табылды. Олар 510 депутаттан тұратын. Оның сессиясы жылына екi рет шақырылып, заң шығару тәртiбi Конституцияда анықталды. Мемлекеттiк өкiметтiң жоғарғы атқарушы және өкiлеттi органы немесе өкiмет — ҚазКСР Министрлер кеңесi деп аталды. Оның құрамын республика Жоғарғы Кеңесi жасақтап, құрамына өкiмет төрағасы, орынбасарлары, министрлер мен мемлекеттiк комитет төрағалары кiрдi. Мемлекеттiк билiктiң жергiлiктi органдары облыстық, аудандық, қалалық, поселкелiк, ауылдық халық депутаттарының кеңестерi болып саналды. Жергiлiктi кеңестер болса сессияда атқару комитеттерiн сайлап, олар сол кеңестер атынан жергiлiктi мемлекеттiк билiктi жүзеге асырды.
Жалпы, Қазақстанның 1978 жылғы Конституциясы белгiлi дәрежеде елiмiздiң әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайына ықпал етiп қана қоймай, оның саяси -экономикалық, мемлекеттiк және құқықтық дамуына игi әсерiн тигiздi.
9. Тәуелсiз Қазақстанның мемлекеттiк-құқықтық дамуы
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқығы ежелгi дәуiрден бүгiнгi ХХI ғасыр басына дейiнгi аралықта елеулi кезеңдерден өтiп, өзiнiң әкiмшiлiк-құқықтық жүйесiнiң эволюциясы арқылы 1991 жылғы тәуелсiз де егемен Қазақстанның жеңiсiне қол жеткiздi.
1980 жылдардың аяғында Қазақстанның мемлекеттiк егемендiгi мен ұлттық тәуелсiздiгi туралы проблемалар алдыңғы қатарға шыға бастады. 1989 жылы Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетiнiң шешiмiмен 1920-1950 жылдардағы репрессияға ұшыраған қазақтың айтулы ұлдары Ш.Құдайбердиев, А. Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М. Дулатовтардың есiмдерi қайта қалпына келтiрiлдi. 1989 жылғы 22 қыркүйекте “Тiл туралы” заң қабылданып, қазақ тiлi мемлекеттiк тiл болып жарияланды. 1990 жылы 24 сәуiрде республикада Қазақ КСР Президентi дәрежесi бекiтiлдi. Жоғарғы Кеңестiң сессиясында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентi болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. Сөйтiп, аталған кезеңде КСРО-ның орталық органдарының билiгi бiрте-бiрте әлсiреп, керiсiнше одақтас республикалардың құқықтары күшейе түстi. Алдымен Ресей Федерациясы, Украина КСР-i өздерiнiң егемендiктерiн жариялады.
Қазақ КСР-нің егемендігі туралы Декларация. Одақты реформалауға бағытталған жаңа одақтық шарттың жобасы жасалып жатқан кезеңде 1990 жылы 25 — қазанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi “ҚазақКСР-нiң егемендiгi туралы Декларация” қабылдады. Декларацияда тұңғыш рет “ҚазақКСР-i ұлттық мемлекеттiлiгiн сақтау және қорғау, нығайту жөнiнде шаралар қолданылады, одақтан өз еркiмен шығу құқығын сақтайды, басқа республикалармен егемендi республикалар Одағына ерiктi түрде бiрiгедi және өзара қатынастарын шартты негiзде құрады”,— деп жазылды. ҚазКСР-нiң территориясының өзгермейтiндiгi де сол декларациямен бекiтiлдi. Сондай-ақ, республиканың барлық ұлт азаматтары Қазақстан халқын құрап, республика егемендiгiнiң бiрден-бiр иесi және мемлекеттiк өкiмет билiгiнiң негiзi болып табылады деп те көрсетiлдi. Мемлекеттiк өкiмет билiгi заң шығару, атқару және сот билiгiне бөлу принципi бойынша жүзеге асырылып, заң шығару Жоғарғы Кеңеске берiлдi. Егемендiк декларациясын қабылдау шын мәнiнде қазақстандықтар үшiн үлкен тарихи оқиға едi. Сөйтiп, Декларация қабылданған 25 қазан “Республика күнi” мерекесi болып бекiтiлдi. 1991 жылы 1 желтоқсанда жалпы халықтық Қазақстан Президентiн сайлау күнi өттi. Сөйтiп, Н.Ә.Назарбаев 10 желтоқсанда Президент қызметiне кiрiстi. Сол 10 — желтоқсанда Қазақ КСР-i Қазақстан Республикасы болып қайта аталуға шешiм шығарылды. Артынша, қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған егемендiгi мен тәуелсiздiгi iске асып, 1991 жылы 16 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы” Конституциялық заң қабылданып, заңда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi салтанатты түрде жарияланды. Ол күн тәуелсiздiк күнi болып мәлiмделдi. Сөйтiп, Қазақстан Республикасы өзiнiң мемлекет және құқық тарихында жаңа бiр белеңге көшiп, тарихтың жаңа тәуелсiздiк бетiн ашты. Қазақстан Республикасы тәуелсiз демократиялық және құқықтық мемлекет болып жарияланды. Өз территориясында өкiмет билiгiн толық иеленiп, iшкi және сыртқы саясатын дербес деп белгiледi. Қазақстан Республикасы территориясында тек өз заңдары және ол таныған халықаралық құқық нормалары қолданылады деп жарияланды. Қазақстан Республикасы халқының атынан сөйлеу құқығы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi мен Президентiне берiлiп, атқару билiгi толығымен Президент қолына шоғырланды. Мұндай құқық егемендiк декларациясында тек Жоғарғы кеңеске ғана берiлген болатын. Сот билiгiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты мен Жоғарғы Арбитраждық соты атқарды. Конституциялық сот туралы норма да енгiзiлдi. Заңда тәуелсiздiктi қорғау үшiн Қазақстан Республикасының өз қарулы күштерi, өз территориясында әскерлерi, қару-жарақ пен техника құру мәселелерi шешiлетiнi көрсетiлдi. Қазақстан Республикасының тұңғыш рет мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы заң қабылданып, оны қорғау мен дамытудың негiздерi барынша тиянақты да нақты қаланды.
Қазақстанның 1993-1999 жылдар аралығындағы конституциялық-құқықтық дамуындағы өзгерістер. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсiз Қазақстан тұңғыш рет өзiнiң жаңа Конституциясын қабылдады. Сөйтiп, тәуелсiз Қазақстанның өмiрiнде жаңа бiр кезең басталып, ол 1995 жылғы наурыз айында аяқталды. Аталған жылдар аралығында Қазақстан Республикасының халықаралық беделi өсiп, өзiнiң iшкi-сыртқы саясатын нығайтты.
Жаңа Конституцияны Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi қабылдап, оның Жобасы бүкiл халықтық талқылаудан өттi. Конституция жұмысына Қазақстан Республикасы Президентi Н.Ә.Назарбаев төрағалық еткен Конституциялық комиссия басшылық жасады. Ол преамбуладан, “Конституциялық құрылыс негiздерi” деген арнайы бөлiмнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды. Конституциялық құрылыс негiздерi деп аталатын арнайы бөлiм, конституцияның беташары болып табылып, онда конституциялық құрылыстың сипаты, қағидалары мен принциптерi, ерекшелiктерi көрсетiлдi. Қазақстан Республикасын сипаттауға арналған Конституцияның бiрiншi ережесiнде Қазақстан демократиялық, зайырлы және бiртұтас мемлекет деп сипатталған, сондай-ақ онда “Қазақстан Республикасы өзiн-өзi билейтiн қазақ ұлты мемлекеттiгi түрi” деп жазылған. Ал екiншi ереже болса, бiрiншi ереженi толықтырып, “Қазақстан Республикасының жерi бiртұтас, ол бөлiнбейдi және оған қол сұғылмайды” деп көрсетедi. Конституцияда сондай-ақ тiл мәселесi де ерекше жолға қойылған. Онда “қазақ тiлi мемлекеттiк тiл, орыс тiлi ұлтаралық қатынас тiлi” деген сөздер бар. Азаматтардың құқықтары мен мiндеттерi:
- азаматтық құқықтар мен бостандықтар;
- саяси құқықтар мен бостандықтар;
- экономикалық және әлеуметтiк құқықтар деген үш топқа бөлiнген.
Сөйтiп, 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi алғашқы Негiзгi заң болып табылып, ол республикамыздың және халқымыздың тарихи, саяси-құқықтық өмiрiнде елеулi оқиға болды. Соған қарамай аталған Конституцияны Кеңес дәуiрiнде сайланған Жоғарғы кеңестiң қабылдауы оған өзiнiң елеулi таңбасын салған едi. Уақыт талабына сай ондағы қайшылықтар анық байқалып, ол жаңа Конституция қабылдауға негiз болды.
1995 жылы 30 — тамызда Қазақстан өмiрiндегi елеулi оқиға болып қалатын, жаңа бiр кезеңдi бастайтын Конституция қабылданды. Ол бүкiлхалықтық референдум арқылы қабылданып, өмiрге енгiзiлдi. Демократиялық және құқықтық қатынастар жолындағы кездесетiн кейбiр кедергiлер мен жайсыздықтар, әрi қайшылықтар жойылып, елiмiздiң мәдениет пен өркениет жолына жаңаша түсуiне кең мүмкiндiк ашылды. Қазақстан президенттiк республикаға айналып, қос палатадан тұратын тұрақты Парламент құрылды. Үкiметтiң рөлi артып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары нығайды.
1997 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев өзiнiң Қазақстан халқына деген Жолдауында “Қазақстан — 2030” стратегиялық бағдарламасын ұсынып, оның ұзақ мерзiмге арналған жетi басым бағыттарын көрсеттi. Аталған стратегиялық бағдарламадағы “Ұлттық қауiпсiздiк”, кәсiпқой мемлекет деген басымдықтары түгелдей мемлекет және құқық сипаттарына ие десе де болатын едi. Жаңа саяси реформалар мен елiмiздi демократияландыруды тереңдетудi қолға алу барысындағы стратегиялық негiздiң рөлi ерекше. Сөйтiп, Қазақстан Республикасының конституциялық заңына өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлiп, партиялық тiзiм бойынша сайлау арқылы Парламент Мәжiлiсiне қосымша он депутаттық орын берiлдi. Республика Президентiнiң өкiлеттiк мерзiмi 7 жылға созылып, Парламент палаталары төрағаларының конституциялық өкiлеттiлiгi жоғарылатылды. Ал, 1999 жылы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев баламалы негiзде 7 жыл мерзiмге қайта Президенттiкке сайланды. Сол жылдың 10 қазанына Парламент Мәжiлiсi және жергiлiктi мәслихаттарға сайлау белгiленiп, оларға депутаттар сайланса, 17-қыркүйекте Парламент Сенатына да депутаттар сайланды. Ол демократиялық және баламалық негiзде жүргiзiлдi.
Қазiргi Қазақстан территориясының қалыптасу тарихы, сөз жоқ, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихымен тығыз байланысты. Бүгiнгi тәуелсiз де егемендi мемлекеттiлiкке қол жеткiзгенге дейiн қазақ халқы, сондай-ақ, Қазақстан халқы күрделi де елеулi тарихи жолдан өттi. Ол құқықтық қатынастардың дамуының белгiлi бiр жүйесiн қалыптастырды. Қазақ халқы ұлт ретiнде бiр территория мен ұлттық идея төңiрегiнде топтасты және көп ұлтты Қазақстан халқы атанды. Ал, құқықтық қатынастар болса, оларды реттеп, рәсiмдеп отырды. Мiне, осының өзiнен-ақ Қазақстан халқының тарихы өте күрделi екендiгi байқалса керек.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы заң пәндер жүйесінде ерекше орын алатын, еліміздің заң білімін беру жүйесінің айнымас құрамдас бөлігін құрайтын пәндердің қатарына жатады.
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы қазіргі кезеңде жаңа жалпы адамзаттың ұстанымды деңгейінен оқытылуы қажет. ¤йткені еліміз бүгінгі таңда әлемдік қауымдастықтың бірден-бір мүшесіне айналып отыр.
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихын оқыту барысында негізгі көңіл еліміздің аумағында ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін бірнеше мемлекеттер мен құқықтық жүйелердің бірін-бірі алмастырғандығын ескерген жөн. Сонда ғана отандық мемлекет және құқық тарихын оқытудың алдына қойған мақсаты өз деңгейінде орындалады. Мемлекетіміздің аумағындағы мемлекеттік басқару дәстүрі сан ғасырлардан бері дамып толығып қалыптасып келеді. Дәстүрлі мемлекеттік билікті жүргізу мен құқықтық жүйені қалыптастырудың бастаулары бұл аумақта өзінің бастауын сақ, үйсін, қаңлы, түркі т.б. кезеңдерден алатындығы шындық. Бұл мемлекеттер еліміздің аумағында мемлекетті құру мен басқарудың мол тәжірибесін ғана қалдырып кеткен жоқ, сонымен қатар бұл істегі ерекше мәдениеті қалыптастыруға зор үлес қоса білді. Дәстүрлі мемлекеттің даму шыңы қазақ хандығы кезеңінде қалыптасқан басқару жүйесі мен құқықтық құрылым болып табылады. Осы кезеңде дала демократиясының шынайы үлгілері өзінің деңгейінің шыңына жеткен болатын.
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы өзінің дамуында бірнеше үлкен кезеңдерді бастан өткізгені белгілі. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының негізгі бір ерекше кезеңін сақ, үйсін, ғұн, түркі дәуірлері құрайды. Бұл кезеңде еліміздің аумағында алғашқы мемлекеттікті қалыптастырудың жолдары, дәстүрлері орныққан болатын. Кейінгі кезеңдегі, яғни кейінгі орта ғасырлардағы мемлекет және құқық жүйесі сол дәстүрдің жеткен жетістіктері мен тәжірибесін бойына сіңіре отырып, әрмен қарай дамыған болатын. Еліміздің мемлекет және құқық тарихының дамуының басты кезеңдерінің бірін Қазақ хандығының қалыптасуы мен дамуы құрайды. Қазақ хандығының қоғамдық жүйесі мен саяси жүйесі дәстүрлі мемлекеттік басқарудың озық үлгісінің басты шыңы болып табылады. Осы кезеңде еліміздің дәстүрлі құқықтық жүйесі ұлттық нақышқа ие болып, әлемдік құқықтық жүйенің құрамдас бөлігіне айналған болатын.
Осы кезеңнен бастап Қазақстан Республикасының аумағындағы мемлекет пен құқықтық жүйе отарлық саясат және сырттан таңылған күштердің объектісіне айналады. Алғашқы дәстүрлі мемлекеттік құқықтық жүйені бұзудың әдістері Ресей патшалығының отарлауымен басталды. Кеңестік кезеңде социалистік мемлекет пен құқықтық жүйені қалыптастыру деген ұранмен ұлттық құқықтық жүйені жоюға тырысқан болатын.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекет пен құқықтық дамуында өзінің жаңа кезеңіне аяқ басқан болатын. Қазіргі кезеңде елімізде мемлекетпен құқықтық жүйені қалыптастыруда әлемдік елдердің тәжірибесінің оңтайлы тұстарын пайдалана отырып, ұлттық мемлекеттік-құқықтық жүйені жасау қарқынды жүргізілуде.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. История государства и права Казахской ССР. Часть I. Под общей редакцией члена-корреспондента АН КазССР С.С.Сартаева. Алма-Ата, “Ìåêòåï”, 1982.
2. Зайберт В.Ф. Энеолит Урало-Иртышского междуречья.Петропавл, 1993.
3. Ахинжанов С.М., Макарова О.А., Нурумов Т.Н. К истории скотоводства и охоты в Казахстане. А., 1992.
4. Зданович Г.Б. Архитектура поселения Аркаим. // Маргулановские чтения. 1990. М., 1992; Генинг В.Ф., Зданович Г.Б. Генинг В.В. Синташта. Челябинск, 1992. Т.1. Аркаим, исследования, поиски, открытия. Челябинск, 1995.
5. Қазақстан тарихы. Төрт томдық. “Атамұра” баспасы. Алматы, 1996 ж. I-том.
6. Еркин Абиль. История государства и права Республики Казахстан с древнейших времен да нач. ХХ века (курс лекций), Икф “Фолиант” Астана, 2000
7. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгiнге дейiн. I-том Алматы, 1996.
8. Күзембайұлы А, Абиль Е. История Республики Казахстан-Астана,1999.
9. Еркин Абиль. История государства и права Республики Казахстан с древнейших времен до нач. ХХ века. (курс лекций) Астана, 2000.
10. Гумилев Л. Хунну-М, 1994.
11. Кляшторный С.Г, Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий-Алма-Ата, 1992.
12. Маймақов Ғ. Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық тарихы. Алматы, 2000.
13. История Казахской ССР (с древнейших времен до наших дней) в 5-ти томах.т.1 Алма-Ата, 1977.
14. Қазақстан тарихы. Қазақстан Республикасының ғылым министрлiгi — ғылым академиясы. Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты, Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институты.. “Атамұра” баспасы. Алматы, 1996. I-том.
15. История государства и права Казахской ССР. Часть I. Под общей редакцией члена-корреспондента АН КазССР С.С.Сартаева. Алма-Ата, “Мектеп”, 1982.
16. Агаджанов С.Г. Очерки истории огузов и туркмен Средней Азии IX-XIII вв. Ашхабад, 1969.
17. Ахинжанов С.М. Кипчаки в истории средневекового Казахстана Алма-Ата, 1989.
18. Бартольд В.В. Тюрки: двенадцать лекций по истории турецких народов Средней Азии Алматы, 1998.
19. Кумеков Б.Е. Государство кимаков IX-X вв. по арабским источникам Алма-Ата, 1972.
20. Кадырбаев А.Ш. Очерки истории средневековых уйгуров, джалаиров, найманов и кереитов Алматы, 1993.
21. Краткая история уйгуров Алматы, 1991.
22. Аманжолов К., Рахметов Қ. Түркi халықтарының тарихы (Көне заманнан бiздiң заманымыздың XIV ғасырына дейiнгi кезең ) Алматы, 1996.
23. История государства и права Казахской ССР. Часть I. Под общей редакцией члена-корреспондента АН КазССР С.С.Сартаева. Алма-Ата “Мектеп”. 1982.
24. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгiнге дейiн. 5-томдық, 2-том. Алматы, 1998 ж.
25. Мухаммед Хайдар Дулати. Тарих-и-Рашиди (Рашидова история): Перевод с персидского языка, 2-е изд. Дополненное Алматы “Санат”, 1999 жыл,
26. Еркин Абиль. История государства и права Республики Казахстан с древнейших времен до нач. ХХ века. (курс лекций). ТОО “ФОЛИАНТ”, Астана, 2000.
27. Утемиш-Хаджи. Чингиз-наме. Алматы, 1992.
28. Хара-Даван Э. Чингисхан как полководец и его наследие. -Алматы, 1992.
29. Юдин В.П. Орда Белая, Синяя, Золотая…// Казахстан, Средняя Азия в XVI-XVIII веках. Алма-Ата, 1983.
30. Кычанов Е.И. Жизнь Темучина, вздумавшего покорить мир. М., 1972.
31. Қаржаубай Сартқожаұлы. “Егемен Қазақстан”, 16 қазан, 2001 ж.
32. Греков Б.Д, Якубовский А.Ю. Золотая Орда и ее падение М., 1950.
34. Бартольд В.В. Туркестан в эпоху Монгольного нашествия.
35. Аманжолов К., Рахметов Қ. Түркi халықтарының тарихы. (Көне заманнан бiздiң заманымыздың XIV ғасырына дейiнгi кезең ) Алматы, 1996.
36. Зиманов С.З. Политический строй Казахстана конца ХҮIII и первой половины ХIХ веков. Издательство “Академии наук Казахской ССР” Алма-Ата, 1960.
37. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгiнге дейiн. 4 томдық, 2-том.” Ата-Мүра” баспасы. Алматы, 1998 ж.
38. Мухаммед Хайдар Дулати Тарихи-и-Рашиди. Алматы, 1999.
39. Материалы по казахскому обычному праву. Сборник I/ Издательство Академия наук Казахской ССР. Алма-Ата, 1978.
40. Қазақ әдет-ғұрып құқығының материалдары. Құраст. З.Кенжалиев және т.б. — Алматы: Жетi жарғы, 1996.
41. Зиманов С., Өсеров Н. Қазақ әдет-ғұрып заңдарына шариаттың әсерi (Монография). — Алматы: Жетi жарғы, 1998.
42. Кенжалиев З.Ж. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет. Алматы, Жеті Жарғы, 1997 ж.
43. Созақбаев С. Тәуке хан. Жетi жарғы (Òàíûìäûº ¸äåáèåò). — Алматы, «Санат», 1994.
44. Материалы по казахскому обычному праву: Сб. Научно-популярное издание /Сост.: — научные сотрудники сектора права Академии Наук Республики Казахстан: Т.М.Культелеев, М.Г.Масевич, Г.Б.Шакаев. — Алматы: Жалын, 1998.
45. Нұралы Өсерұлы. Жетi жарғы — Алматы: “Жетi жарғы” баспасы, 1995.
46. История государства и права Казахской ССР. Часть I. Под общей редакцией члена-корреспондента АН КазССР С.С.Сартаева. Алма-Ата, “Мектеп”, 1982.
47. Ахметова Н.С. Обычное право казахов в ХVIII и первой половине ХIХ века. — Алматы: Қазақ университетi, 1997 ж.
48. Абусеитова М.Х. Казахское ханство в второй половине XVI века- Алма-Ата, 1986.
49. Артыкбаев Ж.О. Казахское общество: традиции и инновации- Караганда, 1993.
50. Свод государственных уложений- Алматы, 1992.
51. Культелеев Т.М. Угловное обычное право казахов. Алма-Ата, 1995.
52. Еркин Абиль. История государства и права Республики Казахстан с древнейших времен да нач. ХХ века (курс лекций), Икф “Фолиант” Астана, 2000
53. История Казахской ССР. Алматы,1943.
54. Кенжалиев З.Ж. Көшпелi қазақ қоғамындағы дәстүрлi құқықтық мәдениет: (теориялық мәселелерi, тарихи тағылымы). — Алматы: Жетi жарғы, 1997.
55. Абайдельдинов Е/М/ Политико-правовая история Республики Казахстан. Часть 1. Алматы, 1999.
56. К.А.Жиренчин. Политическое развитие Казахстана в ХIХ — начале ХХ веков. Алматы “Жетi жарғы”. 1996.
57. Нұрпейiсов К. Алаш һәм Алашорда. — Алматы: “Ататек”, 1995.
58. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. Алматы. 1995.
59. Құл-Мұхаммед М. Алаш қайраткерi саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы. — Алматы: Атамұра, 1998.
60. История Государства и права Советского Казахстана. Том I. (1917-1925 гг,). Алма-Ата, 1961.
61. Ғаппар Маймақов. Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық тарихы. Алматы “Ғылым” 2000 ж.
62. Высшая школа права “Әдiлет”. Г.Кан. История Казахстана. Учебное пособие. Алматы, 2000.
63. Казахстан: этапы государственности. Алматы, 1997.
64. Қазақстан Советтiк Социалистiк Республикасының Конституциясы (Негiзгi заңы). 1937 жыл. 26 март. Қазақстан: мемлекеттiк кезеңдерi атты кiтапта. Алматы, 1997.
65. История государства и права Советского Казахстана. Том III. (1938-1958 годы), Издательство “Наука” Казахской ССР, Алма-Ата , 1965.
66. Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасының Мемлекеттiк егемендiгi туралы декларация. 1990 жыл 25 қазан. Қазақстанның мемлекеттiк кезеңдерi атты кiтапта.
67. ҚР мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы Конституциялық заңы. 1991 жыл 16 желтоқсан. Қазақстан: мемлекеттiк кезеңдерi атты кiтапта. Алматы, 1997.
68. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 2007 .
69. Ғаппар Маймақов. Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық тарихы. Алматы “Ғылым”, 2000.
70. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егемендi мемлекет ретiнде қалыптасуы мен дамуының старатегиясы. Алматы, 1992.
71. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы оның идеялық бiрлiгiнде. Алматы , 1993.
Қосымшалар:
Қосымша І
Қазақтың белгілі билері
1. Майқы би
Қазақтың тарихында аты шулы бірнеше Майқылар өткен. Майқы Төбейұлы солардың ішіндегі ерекше орны бар тұлғаның бірі. Ол 1105-1225 жылдар аралығында, яғни Шыңғысхан заманында өмір сүрген ежелгі қазақтартың бас билерінің бірі. Кезінде Шыңғысханның кеңесшісі, ақылшысы да болған. Шыңғысхан жорыққа аттанарда оны өзінің орнына қалдырыпта кетіп отырған. Кейінгі қазақ билері дау шешкенде сөзінің салмағын арттыру үшін Майқы бидің нақылдарына сүйеніп отыратын.
2. Аяз би
Аяз Жаманұлы – ел ішінде ертегі кейіпкеріне айналған атақты абыз, би болған тұлға, халық жадында оның бейнесі бізге бала кезден таныс «Аяз би» ертегісіндегі елдің қамын ойлаған қамқоршы және де ақылды кеңесші ретінде сақталған. Сонымен қатар ол туралы әлімсақтан белгілі «Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» дейтін мақал сөз де жеткен. Аяз бидің өмір сүрген кезеңі жөнінде нақты мәліметтер әлі табылған жоқ. Бірақ та шапырашты Қазбек бек Тауасарұлы оны Майқы би Мәнұлы дәуірінде өмір сүргн десе, белгілі ауыз әдебиетінің білгірі Балтабай Адамбаев Аяз биді-Хиуа хандығы кезеңінде өмір сүрген тарихи тұлға деп, оның өмір сүру кезеңін ХІ-ХІІ ғасыр деп санайды.
3. Мөңке би
Мөңке Төлеұлы – Шыңғыс ұрпағынан шыққан белгілі билердің бірі. Белгілі ауыз әдебиетінің білгірі Н.Төреқұлұлының келтірген дерегінде: Мөңке Төлеұлы 1207 жылы Қытайдың Хубей провинциясында туып, 1259 жылы Монғолияның Булқан-Қалдан деген өзінің ата мекенінде жерленген. Кезінде Шыңғыс хан ордасында «қаған би» болған көрінеді. Ал Қадырғали Жалайридің еңбегінде Мөңкені хан болған деген деректі де кездестіреміз. Мөңкенің билігі кезінде Талас, Жетісу аймағына дейін жетіп жатқан. Мөңке бидің артында қалдырған билік-кесімдері бізге толық күйінде жете бермесе де әлеуметтік маңызды мәселені философиялық тұрғыда астарлата толғатқан кішігірім ой-толғамдары қалған.
4. Едіге би
Едіге Құтлу Қабанұлы бізге жеткен деректерге сүйенсек 1352-1419 жылдар аралығында өмір сүрген белгілі би, батыр, ақылшы данагөй. Едіге биді аңыз әңгімелер перінің қызынан туған деген ой айтады. Едіге би жастайынан ел ішіндегі билік ісіне араласып артында көптеген үлгілік (прецеденттік) сипаттағы – шешімдер қалдырған. Кейінгі қазақ билері Едігенің жастық шақта шығарған тапқырлық билік – шешімдеріне сүйеніп отырған. Едіге билік ісімен қатар ел тұтқасын ұстаған басшы да, жауға шапқан батырда болған. Едіге қазақтың өткен тарихындағы белгілі хандардың бірі Тоқтамыс пен бірге отырып ел іргесін берік қылуға аянбай қызмет етеді. Кейін екеуінің арасы салқындай бастағанда Ноғай Ордасының мәртебесін биіктетуге кірісіп, жиырма жылдай билік жүргізді. Қазақ арасында Едігенің қоғамдық – саяси және құқықтық қызметінің әр қырынан сыр шертетін «жырдың» бірнеше нұсқалары бар.
5.Асан би
Халық ішінде Асанқайғы (1361-1469 жж.) атанып кеткен қазақтың белгілі абызы, дала философы және билерінің бірі. Оның шын есімі Қасенхан болатын. Елдің қамын ойлап жар құлағы жастыққа тимей «Жерұйықты» іздегені және оған қайғырғаны үшін ел ортасында «Асанқайғы» атанып кеткен. Асан би уақытында Ұлұғ Мұхамед, Әбілхайыр, Жәнібек, Керей хандарға т.б. ақылшы, кеңесшілік қызметке де жүрген көрінеді. Асан бидің билік-шешімдері, толғамдары, нақылдарында елдің бірлігі, әділеттілік жер-судың жағдайы, оның елдің болашағындағы маңызы терең философиялық маңызы бар талдауға түсіп, беріліп отырады. Оны ханға елдің ортасындағы ащы шындықты жеткізу «үрдісінің негізін салушылардың бірі» деп те тануға болады.
6. Бәйдібек би
Бәйдібек Қарашаұлы кезіндегі қазақтың белгілі де, беделді билерінің бірі. Оның өмір сүрген кезеңі туралы әртүрлі біріне-бірі қайшы келетін пікірлер бар. Бірақ та біз олардың ішінде оны 1356 жылдары Ташкентте өмірге келіп, 1419 жылы қайтыс болған деген дерек көңілге қанымды деп ойлаймыз. Бәйдібек би жастайынан жетім қалып, бақуатты байлардың жылқысын бағады. Өзінің зеректігінің арқасында жастайынан қисса әртүрлі жыр-аңыздарды жаттап өсіп, билікке араласады. Кезіндегі атақты тұлғалар Ақсақ темір, Асанқайғымен замандас, пікірлесте болған.
7. Жиренше би
Жиренше қазақ арасында өзінің тапқырлығы мен ұтқырлығының арқасында атақ-даңқа бөленген шешен, әрі би болған тұлғалардың бірі. Бірақта біз оның Әз-Жәнібек тұсында өмір сүріп (Әз-Жәнібек 1406-1473 жылдар аралығында өмір сүрген), өзінің алғырлығының арқасында билік ісіне араласып сарайдың бас би дәрежесіне жеткендігін білеміз. Жиреншенің артында қалған үлгілі сөз бен өнегелі істің көпшілігі бізге бүгінде аңыз, әңгіме, ертегі түрінде жеткен.
8. Дос би
Кезінде қазақтың белгілі хандары Тәуекел, Есімдер еңбегін жоғары бағалаған би, әрі ел қамын ойлаған халық қамқоршысы. Дос бидің шын аты Досмұхамбед. Еліне еткен еңбегін халық жоғары бағалап «Дос би» атап кеткен. Д.Дүйсенбаев өзінің «Домалақ ана» деген тарихи деректі естелігінде келтірілген мәліметке сүйенсек: «Дос би» 1570 жылы Ташкент қаласында туып, 1627 жылы, шілденің 12 жұлдызында 57 жасында астыртын қастандықтың құрбаны болады. Сүйегі Ташкенттегі Жүніс хан қасында қойылған.
Дос биге қатысты деректер оның жастайынан ел билігін ұстаған тұлғалардың жанында көмекші болып жүріп, билікке араласқандығын, Бұхардағы Мир-Араб медресесін бітіргендігін және кезінде Тәуекел хан оны 1594 жылдары дербес би ретінде белгілегендігі туралы мәліметтер береді.
9. Жиенбет би
Жиенбет би Бартоғашұлы қазақтың Кіші жүзінің Алшын руының ел билеген тұқымынан шыққан белгілі би, жырау, әрі батыр. Жиенбет Бартоғашұлының өмір сүрген уақытын әдебиеттерде бірде «ХУІ ғасырдың соңғы ширегі, ХУІІ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрді» деп ғасырлық аясын көрсететін болса, ал бірде «1570-1575 жылдар шамасында туып, 1643 жылы дүниеден қайтқан» деген нақты ойды да ұшыратамыз. Бірақ та біздің ойымызша бір нәрсенің басы ашық, ол Жиенбет бидің Есім хан тұсында билік айтып, ел ісіне араласқандығы. Жиенбет тек билік іспен, жыраулық өнермен айналысып қана қоймаған, ол сонымен қатар ойрат-қалмақтармен арадағы соғыстарда үлкен ерлік көрсетіп, батырлығымен де танылған жан. Жиенбет жетпіс жастай өмір сүрген. Жиенбет келе-келе Есім ханның Кіші Жүздегі ел басқаратын биге айналады.
10. Әнет би
Әнет Кішікұлы – ХУІІ ғасырдың бірінші ширегі мен ХУІІІ ғасырдың бірінші жартысы аралығында өмір сүрген дала пірі, халықтың ақылгөйіне айналған ұлы тұлғалардың бірі. Оның нақты туған жылы туралы әртүрлі көқарастар бар. Қазақ Совет энциклопедиясында: «Әнет баба Кішікұлы 1626-1723 жылдары өмір сүрген деп көрсетсе, ал бірде 1625-1723 жылдары өмір сүрген деп көрсетсе, ал бірде 1652 жылы туылған деген пікірді ұштастырамыз. Әрине, бұл жағы терең зерттеуді, зерделеуді қажет етеді. Ол-Бұхара – Шәріптің «Көгелташ» медресесінде дәріс алған. Онда мұсылман құқығының негіздерін терең меңгерген. Кейін қазақ даласына қайта оралып, елінің болашағы үшін жан қиярлықпен еңбек етеді. Кезіндегі аты шулы «Жеті Жарғы» заңын түзеуге ат салысады. Атақты билер Төле, Қазбек, Әйтекелерге ұстаздық етіп, биліктің қыр-сырына баулиды.
11. Төле би
Төле би Әлібекұлы – қазіргі Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жайсан жайлауында шамамен 1663 жылдары өмірге келген қазақтың атақты үш биінің бірі. Төле «Әке көрген оқ жонар» деген игі дәстүрді жалғастырған тұлға. Себебі, кезінде оның арғы аталары Жайылмас, Құдайберділер, өзінің әкесі Әлібек те билік ісіне араласқан жандар болатын. Төленің билік жолын саралар болсақ, оның дәстүрлі қазақ қоғамында би болудың, яғни бала биден төбе биге дейінгі мектебінен өткендігін байқаймыз.
Төле бидің қоғамдық-саяси қызметін қазақ даласындағы Хан кеңесі, Билер кеңесіндегі атқарған пәтуәлі істерінен көруге болады. Кезінде Төлені қазақтың белгілі хандарының бірі Тәуке өте жоғары бағалаған. Төле би атақты «Жеті Жарғы» заңының авторларының және жоңғар шапқыншылығына елді біріге күресуге шақыра білген тұлғаның бірі Төле бидің билік шешеімдерінің басым көпшілігі кейінгі билерге үлгі кесім ретінде қалып отырған. Ол шамамен 1756 жылдары өмірден озған.
12. Қазыбек би
Қазыбек Келдібекұлы – 1667 жылдары Сыр өңірінде дүниеге келген атақты қазақтың үш биінің бірі. Қазыбек те ел ішіндегі даушарлы іске жастайынан шамамен 7-8 дерінде араласып бала би ретінде танылған. Қазыбек би Төле ? әйтекелермен т.б. тізе қоса отырып Тәуке хан тұсындағы Хан кеңесі, билер кеңесінде қажырлы еңбектер тындырады және Жеті Жарғы заңын өмірге әкелуге ат салысады. Қазыбек сонымен қатар елдің сыртқы ісінде де жұлдызы жарқырағын жанның бірі. Кезінде Жоңғарға (жас шағында) барып мерейі артып қайтқан. Сонымен қатар Жоңғар тұтқынынан орайлы тұсты оңтайлы пайдаланған ол Абылайды босаттырып алады. Қазбектің билік-шешімдері де кезінде үлгілік сипаты басым, бояуы мазмұнды болған. Қазбек бидің дауысының ерекшелігіне тәнті болған елі оны Қаздауысты Қазбек би атаған болатын. Қазбек би шамамен 1764 жылдары 100-ге жақындаған шағында бұл дүниемен қоштасты.
13. Әйтеке би
Әйтеке Бәйбекұлы -1667 жылдары Нұрата (қазіргі Өзбекстан Республикасы Науаи облысында) өмірге келіп 1723 басында сол жерде соңғы тынымын алған қазақтың атақты үш биінің бірі. Әйтеке би ата-ана тәрбиесі мен қатар 5-6 жасынан бастап ауыл молдасынан алғашқы әліп танудан өтеді. Әйтеке би өзінің әкесі Бәйбек би мен билік жолындағы алғашқы ұстазы Қосуақ бидің тәрбиесінен өтіп, 7-8 жасында бала би ретінде таныла бастайды. Ал ширек жастан аса бере бүкіл кіші жүздің тізгінін қолына ұстайды. Әйтеке би де Төле, Қазбектермен қатар Хан кеңесі мен Билер кеңесіне мүше бола жүріп елінің елдік жолындағы асқақ мұраттарын баянды етуге тырысады. Сонымен қатар Әйтеке би сол кезеңдегі белгілі билермен бірігіп «Жеті Жарғы» қабылдауға қатысады. Әйтеке бидің билік-шешімдері (Жер, жесір, құн т.б. даулар) кейінгі қазақ билеріне меже тұтатын ұстаным ретінде үлгілік те қызметтер атқарған. Әйтеке би қазақ даласында төре тұқымдарының күні өткендігін және билікті елдің ішінен шыққан тұтқалы тұлғалардың алуы керек деген идеяны уағыздаған, әрі сол үшін күрескен дара тұлғаның бірі.
14. Бұхар би
Бұхар Қалқаманұлы – 1685-1777 ж.ж. ааралығында өмір сүрген қазақтың Арғын руынан тарайтын белгілі би, жырау, әрі мемлекет қайраткері. Бұхар аңызға айналған қазақтың бақ пен береке дарыған Жиделібайсын жерінде туып (қазіргі Өзбекстан Бұхар шаһары Елібай ауылы), Баянауылда өмірден озған. Деректер бізге Бұхардың атын Әнет бабаның қойғандығын және оның жас кезінде Қожаберген жыраудың тәрбиесін көріп өскендігінен хабар береді. Бұхар Тәукеден бастап Абылай ханға дейінгі көптеген хандарға кеңесші, ақылшы болған. Бұхардың билік-шешімдері көбінесе ел бірлігін сақтауға шақыру, ырымгершілдік, кешірімпаздық сипатымен ерекшеленеді. Бұхар сонымен қатар сол кезеңдегі дала өміріндегі саяси жағдайдың болашақта қалай өрбитіндігін де сәуегейлікпен болжап, өзінің жырларында қазаққа қатерді болашақта батыста ресей, ал шығыста қытай төңіретіндігін тілге тиек еткен.
15. Ескелді би
Ескелді Жылкелдіұлы – 1692-1780 ж.ж. аралығында өмір сүрген қазақтың 12 ата Жалайырынан шыққан белгілі би, батыр, әулие абыз. Кейбір деректерге Ескелді биді 1701 жылы туып – 1781 жылы қайтыс болған дегенде пікірді кездестіреміз. Бірақ та біздің ойымызша бұл шындықтан алшақтау, себебі Ескелді қазақтың белгілі билерінің бірі Балпыққа жол сілтеп ағалық көрсеткен тұлға. Ескелді би өмірге келерде оның анасы Төле бидің кенже қызы Ұланбике (кейде Ұлбике деп те аталады) бұқаның басына жерік болған көрінеді. Міне, осыдан алып тұлға батыр, әрі сөзге шебер би өмірге келіпті. Ескелді би алғашында Қызылқұм, Сырдария бойын жағалай елін қаратал өзенінің бойына көшіріп, арық тоған қазу, егін егу ісіне мұрындық болған көрінеді. Бұл әрине нағашы атасы Төле биден көрген игі істің бірі еді.
16. Балпық би
Балпық Дәріпсалұлы – 1696 жылы (кейбір деректерде 1694 ж.) Жетісу өңірінде (қазіргі Алматы облысы Талдықорғандағы Қаратал өзенінің бойында) өмірге келіп, 1784 жылдары өмірден қазақтың 12 ата Жалайыр руынан шыққан би, көріпкел, әулие. Балпық Ескелді билермен бірге Жалайыр руының ел болып, етек жоюына көп еңбек сіңірген жанның бірі. Балпық кезіндегі шешен бидің бірі Бөлтірікке батасын беріп, өзінің қамқорлығы көрсеткен екен. Балпық бидің билік – шешімдері Ескелді бидікімен сарындас (кейде шатасып кетуге болады) болып келеді. Бұл Ескелді мен Балпық билердің әрқашанда билік ісінде тізе қосып бір жүргендіктерінің көрінісі болса керек.
17. Қараменде би
Қараменде Шақаұлы бізге жеткен деректерге сүйенсек, 1707-1797 жылдары қазіргі Жезқазғанда туып өскен көрінеді. Алғашында Қараменде Абылай хан ордасының отын жағып, сол ордадағы билердің мәслихатына құлақ түре жүріп, билік істеріне де араласады. Кейіннен Абылайдың белді де беделді билерінің санатына ілігеді. Бізге Қараменде бидің Кеңгірбай мен жұмбақ айтыс түрінде дауды шешу үлгісі т.б. билік-шешімдері ауыздан-ауызға тарай отырып жеткен болатын.
18. Сырым би
Сырым Датұлы 1712 жылы қазіргі Орал, Жымпиты ауданы, сары ой ауылында өмірге келіп, 1802 жылдары өмірден озған қазақтың Кіші жүзінің Байбақты руынан тарайтын батырлығы мен билігінің тең түсетін белгілі шешен. Сырым жастайынан (7-8 жастан) ауыл билігіне араласа бастайды. Ол кезінде көптеген билердің (Малайсары т.б.) алдын көріп батасын алған көрінеді. Сонымен қатар Мөңкедей шалыс сөйлегендерді бет-жүзіне қарамастан тосылдырып та отырған. Сырым орыс озбырлығына 1783-1797 жж. Қарсы шыққан ұлт-азаттық көтерілісін басқарған. Сырымның артында жер, жесір, құн, мал-мүлік т.б. даулы істерге шипа боларлық билік-шешімдері, үлгілі істері қалған. Сырым дау-шарда қазақстың белгілі үш биінің бірі Әйтекенің үлгілі билік-шешімдеріне көп сүйенген, оны қолданып та отырған.
19. Ақтайлақ би
Ақтайлақ Байғараұлы 1720 қазіргі Семей обылысының Абай, Жарма аудандарының аралығындағы Құндызды бойында өмірге келіп 1816 жылдары 100-ге жақындаған шағында өмірден озған қазақтың Найманының Сыбан руынан шыққан атақты би, суырып салма ақын. Ақтайлақтың арғы аталары тізгінін өз қолдарында ұстаған шешен, би болған көрінеді. Оған мысал Ақтайлақтың атасы Құттыбайды елі шешендігі мен тапқырлығы үшін «Қу дауысты Құттыбай» атаған. Ақтайлақ жас шағында Ұлы жүз Шымыр биден бата алса, әкесі Байғара қайтыс болып ел билігінің өзінің қолына аларда ауыл ақсақалы Едігенің жұмбақтағын сынынан өтеді. Ақтайлақ бидің билік-шешімдері көбінесе аяқ астынан туған ұшқыр ойдың қисынды орайласып берілетін сөз өрнегінің көрінісі түрінде туып отырған. Ақтайлақ үш жүздің көптеген белгілі руларының арасындағы даулы істерге билік айтқан тұлға.
20. Байдалы би
Байдалы Бекшеұлы 1727 жылы Жезқазған өңірінде өмірге келіп 95 жас шамасында 1821 жылдары өмірден қайтқан қазақтың белгілі биі. Байдалы Абылай ханның кезіндегі сегіз биінің дарасы болған екен. Абылай ханды тосылдырған ақылы асқан биді кезінде елі «Абылай аспас сары белге» теңеген. Байдалы қазақтың белгілі ғалым-ағартушы Шоқанның атасы Уәлиханмен қадірлес сыйлас болған. Сонымен қатар ағайынды билер Торайғыр мен Шоңды араздасқанда, оларды бір ауыз сөзімен ғана татуластырған. Байдалы билік ісіндегі беделіне қарамастан жұпыны өмір кешен көрінеді.
21. Шоң би
Шоң Едігеұлы 1754 жылы (бұрынғы Қарқаралы округі, Баянауылда) өмірге келіп 1836 жылдары өмірден озған қазақтың Арғын руынан шыққан белгілі билердің бірі. Шоң би кезіндегі атақты құқықтық мұраның бірі «Жеті Жарғы» заңын жатқа білген көрінеді. Шоң би сонымен қатар әкімшілік басқару ісіне де араласып, қарапайым қазақтың да аға сұлтан алатындығы дәлелдеген тұлға. Шоң биден көпке белгілі Шәкен Айманов, Кәукен Кенжетаев сынды өнер саңлақтары тараған.
22. Мөңке би
Мөңке Аманұлы 1763 жылдары қазіргі Атыраудағы Қызылқоға ауданында өмірге келіп, 1836 жылдары өмірден озған қазақтың Кіші жүзінің Шекті руынан шыққан шешен, әрі би. Мөңке би өзінің зеректігі мен тапқырлығының арқасында ел ішінде жастайынан таныла бастайды. Мөңке би кезінде талай билік істе белгілі билер Шеркеш, Түрке, Сырым, Таналармен т.б. додаға түсіп мерейі артып отырған. Мөңке бидің артында оның елі үшін еткен еңбегінен хабар беретін көптеген шешендік толғаулары (Сардар бек, Сары азамат т.б.) қалған болатын.
23. Бөлтірік би
Бөлтірік Әлменұлы қазақ тарихындағы ХУІІІ ғасырдың жетпісінші жылдарының соңы мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысы аралығындағы белгілі билердің бірі. Бөлтірік Әлменұлы (1771-1853 жж.) Жамбыл облысы, Шу ауданына қарасты Шоқпар жерінде дүниеге келген. Бірақ та кейбір еңбектерде Бөлтірік биді 1771-1854 жылдар аралығында өмір сүріп, 83 жас жасап қайтыс болған деген мәліметтерді кездестіреміз. Бөлтірік кезінде қазақтың батырлары, билері Барақ, Мыптатай, Құнанбай, Тезек төрелермен үзеңгі қағыстырып талай даулы істерді біріге шешкен. Кезінде Кенен Әзірбаевтың өзі де Бөлтіріктің шешендік өнері мен билік ісіне тәнті болып оны «Жеті Жарғы» атағанын білеміз. Бөлтірік Әлменұлы Жамбыл облысының, Талас ауданының Ойық елді-мекеніне жақын Жәдік көлінің жағасына жерленген.
24. Бөкен би
Бөкен би 1771-1856 жылдар аралығында өмір сүрген Атырау өңірінен шыққан қазақтың Кіші жүзінің 12 ата Байұлынан тарайтын билердің бірі. Бөкен бидің әкесі де, өзі де мал-мүлікке қызықпай өмірлік мәрттікті ту етіп ғұмыр кешкен көрінеді. Қолына мал бітсе оны еліне лезде үлестіріп жібереді екен. Бөкен би елді алаламай, бай-кедей деп бөлмей бір қараған және шамасы келсе кедей-көпшікке қол ұшын беріп отырған. Кезінде Атырау өңірінің аға биі де болған. Ел ішінде оны көбінесе Есентемір Бөкен би деп бабасының атын қосып атайды.
25. Тоқсан би
Тоқсан Жабайұлы – ХУІІІ-ХІХ ғасырлар аралығында қазіргі ресейдің Омбы өңірінде өмір сүріп билік жүргізген қазақтың би шешені. Тоқсан бидің өмірі мен қызметін зерттеуші С.Жұмабаев өзінің «Тоқсан би» атты мақаласында: Оның 1822 жылға дейін Солтүстік Батыс қазақтарының төбе билігін жүргізгенін, 1830 жылы Еманалы-Керей билігін қолына алғандығын тілге тиек етеді. Тоқсан бидің артында қалған мұрасы болғанмен әлі осы уақытқа дейін арнайы жинала қойған жоқ.
26. Құнанбай би
Құнанбай би Өскенбайұлы 1804 жылы Қазіргі Семейдегі Абай ауданында өмірге келіп 1895 жылдардың шамасында өмірден озған қазақтың Арғынының тобықты руынан шыққан беделді билерінің бірі. Құнанбай өз заманының көкірегі ояу, білімді оқыған жандарының қатарына жатады. Құнанбай бидің шешендігі мен тапқырлығына, есте сақтау қабілетінің беріктігіне таң қалған А.Янушкевич оны пайғамбардың беделіндей беделі бар тұлғаға теңеген. Құнанбай қазақ құқығының қағидалары мен нормаларын, орыс заңдарын терең меңгерген көренеді. Ол қазақтың ұлы ақыны Абайдың әкесі.
27. Сары би
Сары би Мыңбайұлы бізге жеткен деректерге сүйенетін болсақ 1812 жылы қазіргі Өзбекстанның Фариш ауданының Атақорған ауылында дүниеге келіп, сол жерде 1901 жылдардың шамасында дүниеден озған. Сары бидің азан шақырып қойған аты – Нұрмағанбет. Жас кезінде өңі ақсары болғандықтан ел ортасында Сары би аталып кеткен. Сары бидің ұрпақтары Қазақстан, көрші Өзбекстанның жер-жерлерінде өмір сүріп, еңбек етуде.
28. Жетес би
Жетес Қыстаубайұлы 1828-1914 жылдар аралығында сыр өңірінің Райым портына жақын Ескіұрада өскен Кіші жүздің Жақайымынан шыққан еліне белгілі билердің бірі. Ал Н.Төреқұлов оны: «Жетес Мыңбайұлы деп, 1835-1907 жылдар аралығында өмір сүріп 72-ге қарағанда дүние салған» деп санайды. Жетес бидің өткен жолы қазақ даласындағы дәстүрлі билік жүргізу үрдісінің кеңестік кезеңге дейін созылғандығына бір дәлел. Жетес бидің өсиеттері мен өнегелі сөздері, билік-шешімдері сыр бойындағы елдің ортасында бүгінгі күнге дейін көптеп сақталған.
29. Сапақ би
Сапақ Байшуақұлы 1833 жылдары Әулиеата уезінің Талас, Аса өзендерінің бойындағы елді мекенде (қазіргі Жамбыл облысы аумағы) туып, 1913 жылдары өмірден озған қазақтың би, шешені және батыры. Сапақ датқаның арғы бабалары қолында билік ұстап жөн-жосық айтумен айналысқан. Сондықтан да бұл жолды Сапақ би де жалғастырған.
30. Абай би
Абай Құнанбайұлы 1845-1904 жылдар аралығында өмір сүрген қазақтың белгілі биі, ақыны, әрі ойшылы. Абай жастайынан ауыл билігінен әкесі Құнанбайдың тәрбиесі арқылы өтеді. Абайды белгілі ғалым академик С.Зиманов «Ұлы билердің соңы» деп бағалайды. Абай қазақ билік айту дәстүріне көптеген жаңашылдық енгізген реформатор болған. Абай «Қарамола ережесін» қабылдауға белсене араласып, сол кездегі заң түзу үрдісіне де қатысқан. Абайдың жер, жесір, құн, мал-мүлік дауына байланысты айтқан билік – шешімдерінің бойы адамгершілік пен бірлікке шақыруға толы болып келеді.
Қосымша ІІ
Қазақ хандығының хандары
1. Керей –шамамен 1456-1473 жылдар.
2. Жәнібек – 1473-1480 жылдар
3. Бұрындық – 1480-1511 жылдар
4. Қасым – 1511-1518 жылдар
5. Мамаш – 1518-1523 жылдар
6. Таһир – 1523-1533 жылдар
7. Бұйдаш – 1533-1534 жылдар
8. Қожа Мақмұт – 1534-1535 жылдар
9. Тоғым – 1535-1537 жылдар
10. Хақназар – 1538-1580 жылдар
11. Шығай – 1580-1582 жылдар
12. Тәуекел – 1582-1598 жылдар
13. Есім – 1598-1628 (1645) жылдар
14. Жәңгір (Салқам Жәңгір) – 1628-1652 жылдар
15. Тәуке – 1680-1718 жылдар
16. Батыр – 1718-1726 (1729) жылдар
Кіші жүз хандары
17. Әбілқайыр – 1718-1748 жылдар
18. Нұралы – 1748-1786 жылдар
19. Ералы – 1791-1794 жылдар
20. Есім – 1795-1797 жылдар
21. Айшуақ – 1797-1805 жылдар
22. Шерғазы – 1805-1824 жылдар
Патша өкіметінің 1801 жылғы 11 наурыздағы Жарлығы бойынша Кіші жүз екі иелікке бөлінеді.
Жаңадан Ішкі орда немесе Бөкей ордасы құрылды.
23. Бөкей – 1801-1815 жылдар
24. Шығай – 1815-1823 жылдар
25. Жәңгір – 1823-1845 жылдар
Орта жүз хандар
26. Қайып – 1716-1719 жылдар
27. Сәмеке – 1719-1734 жылдар
28. Әліммәмбет – 1734-1771 жылдар
29. Абылай – 1771-1781 жылдар
30. Уәли – 1781-1819 жылдар
31. Бөкей – 1915-1819 жылдар
32. Кенесары -1841-1847 жылдар
Ұлы жүзді Тәуке хан тұсында іс жүзінде Төле би басқарды. Ол өлгеннен кейін мұнда Шағатай ұрпағы Абдуллах ханның баласы Жолбарыс (1720-1740 жж.) хандық құрды. Ол Ұлы жүз территориясы мен тайпаларының аз ғана бөлігін Ресейге қосты.
1848 жылдан бастап патша үкіметі Ұлы жүз қазақтарын басқару үшін Үлкен Орда приставтығын құрды, ол Батыс-Сібір генерал-губернаторлығының құрамына енді.
Қазақ хандығының хандары
Керей мен Жәнібек – Қазақ хандығының негізін қалаушылар. ХУ ғасырдың 50-70 жылдарында елді бірлесіп басқарған бұл алғашқы қазақ хандары жайында баяндайтын жазба-деректемелерде бұлардың қайсысы бірінші басшы болғаны жөнінде нақты түсіндірілмейді, екеуінің де есімдері қатар жазылады және белгілі бір реті сақталмайды.
Жәнібек пен Керей немере ағайын болған. «Таварих –и-гузида-ий нусрат -наме» авторы Камал ал-дин Әли Бинаидің баяндауынша: Керей ханының шежіресі: Орыс хан – Құйыршық – Барақ хан – Жәнібек хан.
Керей ханның Жәнібектен жасы үлкен болған және ол Орыс ханның үлкен ұлы Тоқтақияның немересі, ал Жәнібек Орыс ханның төртінші ұлы Құйыршықтың немересеі болатын.
Жәнібек хан Әбу Саид деген атпен белгілі болған, ол 1410 жылы туылып, 1480 жылы дүниеден өткен деген болжам бар. Керей ханның туылған жылы белгісіз, бірақ 1472-1473 жылдары қазаға ұшыраған болу керек, себебі Керей ханның есімі соңғы рет 1472-1473 жылдардағы тарихи деректерде Бұрыш болған деген сұлтанның Моғол ханы Жүністің Ордасына жасаған шабуылына байланысты айтылады.
ХУ ғасырдың 50-жылдарының аяғында көшпелі өзбектер мемлекетінің ханы Әбілхайырмен өкімет билігі үшін күресте жеңілген Жәнібек пен Керей өздерін қолдайтын рулармен бірге өзбек ұлысынан Монғолстанға қоныс аударды. Моғолстан ханы Есенбұға өзінің інісі Жүністі қолдап отырған Әбілхайыр хан мен Темір әулетіне қарсы күресінде Монғолстанның Батыс шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұмтылып, Керей мен Жәнібекті жақсы қарсы алып, оларға Шу алқабындағы жайылымдық жерлерді бөліп берді. Осы кезде өзбек ұлысында басталған талас-тартыстың зардабына шыдай алмаған көптеген қарапайым халық Жәнібек хан мен Керейдің қарамағына көшіп келді. Халық саны 200 мыңдай адамға жеткен деген мәліметтер бар.
Осылай Жәнібек пен Керей сұлтандар қазақтардың саяси тұрғыдан бірігуіне, қазақ хандығының құрылуына негіз қалады.
Әбілхайыр ханның қазақ хандығының құрылуына, Жәнібек пен Керей билігінің нығаюына бөгет жасауға ұмтылысынан еш нәтиже шықпады. Монғолстан жерінде қоныс теуіп, көптеген көшпелі руларды билеп тұрған Жәнібек хан мен Керей Өзбек ұлысы үшін қауіпті күшке айнала бастағанын түсінген Әбілхайыр Монғолстанға жорыққа аттанды. Бірақ Әбілхайыр ханның кенеттен қайтыс болуы (1468 ж.) бұл жорықты аяқтауға мүмкіндік бермеді. Әбілхайырдың дүниеден қайтуы өкімет билігі үшін күрестің шиеленісуіне алып келді.
Әбілхайыр ханның хандығы мен Монғолстанның құлдырауын пайдалана отырып, Жәнібек пен Керей қазақтар мекендеген бүкіл аймақты біріктіру жолында ойдағыдай күрес жүргізді. Соның нәтижесінде ХУ ғасырдың 70-жылдарында қазақ хандығының шекарасы бірте-бірте кеңейе берді.
Бұрындық (Мұрындық) – 1480-1511 ел билеген қазақ ханы, Керей ханның үлкен ұлы.
Бұрындықтың есімі жазба деректерде өзбек ханы Мұхаммед Шейбани мен қазақ билеушілері арасында Сырдария қалаларына ие болу үшін ХУ ғасырдың 70-80 жылдарында болған шайқастарға байланысты аталады. Онда Бұрындық қазақтардың жоғарғы билеушісі екені айтылған. Хан билігінің қандай жағдайда Бұрындықтың қолына көшкені белгісіз. Бұрындық жорықтарға Жәнібек ханның көптеген ұлдарымен бірге аттанып отырған, олардың ішінде Қасым сұлтан Бұрындық ханның атты әскерін басқарған.
Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің «Тарихи – и- Рашиди» атты еңбегінде Бұрындық жоғарғы хан бола тұрса да, Қасым сұлтанды бүкіл қазақтың падишаһы деп сипаттайды. 1509-1510 жылдары Бұрындық хан болып тұрса да, хандықтағы билік Қасымның қолында болды. Осы тұста Бұрындық пен Қасымның арасында билік үшін шиеленіске күрес жүріп, нәтижесінде Қасым сұлтан жеңіп шықты. Бұрындық ханның Шайхм, Санжар-Жаһан, Жаһан Бақты, Кімсін деген төрт ұлы және бірнеше қызы болған. Оның үш қызы Шайбани ұрпақтарына ұзатылған. Билік үшін күресте жеңіліске ұшыраған Бұрындық Самарқанға Шайбани әулетінен шыққан адамдарға күйеуге берілген қыздарының қолына кетуге мәжбүр болды және сонда өлді.
Қасым – 1511 жылдан толық билікке ие қазақтың ханы болды. Осы уақыттан бастап жоғарғы хандық билік ұзақ уақыт бойы Жәнібек ханның ұрпақтарына ауысты. Іс жүзінде ол елді Бұрындық кезінде-ақ атқара бастады. Жәнібек ханның баласы Қасым 1445 жылы шамасында туылып, 1518 жылы дүниеден өткен.
Қасым хан билеген кезеңде қазақтар мен Шайбани әулеті арасында Сырдария маңындағы қалалар үшін қақтығыстар мен соғыстар одан әрі жалғасты.
Қасым ханның тұсында хандықтың территориясы айтарлықтай ұлғайып, қазақтар өз алдына дербес ел ретінде Европаға мәлім болды. Хандықтың шекарасы оңтүстікте Сырдарияның оң жағалауына жетіп, Түркістан қалаларының көпшілігін қамтиды. Оңтүстік-шығыста Жетісудың тау баурайы мен алқаптарының едәуір бөлігін алып, Солтүстікте және Солтүстік-шығыста Ұлытау таулары мен Балқаш көлінің төңірегі арқылы өтіп, Қарқаралы тауларына дейін жетті. Солтүстік-батыста Жайық өзенінің алабына дейін барды. Хандық халқының саны 1 миллион адамнан асты.
Қасым хан тұсында Қазақ хандығының одан әрі нығайып, ірі және күшті хандыққа айналды, халықаралық беделі өсіп, хандықтағы талас-тартыс біршама тұрақтады.
Мәскеу мемлекеті бірінші болып қазақ хандығымен дипломатиялық байланыс орнатты. Осы жылдары Мәскеуде болған Австриялық дипломат Зигмунд Герберштейн өзінің «Мәскеу істері жөніндегі жазбалар» атты еңбегінде Европа ғылымдарының ішінде бірінші болып қазақтар туралы пікір айтты.
Қасым хан тұсында «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталатын ел басқару ісінде қолданылған әдет-ғұрып заңдарының ережелері жасалды. Бұл заңға кірген ережелер: 1) Мүлік заңы (жер дауы, мал, мүлік); 2) Қылмыс заңы (ұрлық, кісі өлтіру, талау, шабу); 3) Әскери заң (аламан міндеті, қосын жасау, қара-қазан, ердің құны, тұлпар ат); 4) Елшілік жоралары (майталмандық, шешендік, халықаралық қатынастарда сыпайылық, әдептілік); 5) Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке үстінде ережелер жасауыл, бекеуіл, тұтқауылдардың міндеті). «Қасқа жолдың» заңдары өзгерусіз ХУІІ ғасырға жетіп, Есімнің кезінде «Есім ханның ескі жолы» деп аталады. Тәуке ханның тұсында (1680-1718 жж.) ежелгі бес тарауға тағы да екі тарау қосып, «Жеті Жарғы» деп атаған. Тәукенің кезінде қосқан екі тарау 6) Жесір дауы; 7) Құн дауы.
Мамаш – 1518-1523 жылдары ел билеген қазақ ханы. Мұхаммед Хайдардың айтуына қарағанда, Қасым хан өлгеннен кейін таққа оның ұлы Мамаш отырған. Бұл ханның билеу оқтғалары бізге мәлім емес. Мамаш хан көрсоқыр, түсініксіз соғыстың құрбаны болған. Ол шайқастардың бірінде жауынгерлік жарақаттарының ауыр болу салдарынан суға тұншығып өлген. Оны Қамаш хан деп те атайтын.
Таһир хан -1523-1533 жылдар
Жәнібек ханның немересі, Әдік (Әтік, Әйтік) сұлтанның ұлы Таһир сұлтан 1523 жылы хан болып жарияланды.
Таһир ханның немере ағасы Қасым сияқты елге ықпалы болған жоқ. Ол асқан қатыгездігімен ерекше болды және оның дипломатиялық та, әскери де таланты жоқ еді, мұны оның талай соғыста жеңіліс тауып, сәтсіздікке ұшырағаны дәлелдейді. Хан қабылдаған ішкі және сыртқы саяси бағыт хандыққа да, Таһирдың өз тағдырына да апатты әссер етті. Таһир хандық еткен біршама аз уақыт ішінде сыртқы саясаттағы негізгі бағыт маңғыттар мен Орта Азия өзбектерінің билеушілеріне қарсы күрес сәтсіз болды. Таһир ханның одақтас табуына болатын монғолдар мен қырғыздарға көзқарасы нақ осы күреске байланысты туындап, ол арқылы анықталды. Таһир хан маңғыттармен болған соғыста көршілес аумақты қорғауға мүмкіндігі болмай, өзіне реген 200 мың адамымен Монғолстанға көшті. Мұнда ол қырғыздармен одақтасып, монғол ханы Сұлтан Саидтың осы өңірде өз билігін қайда қалпына келтіру әрекеттеріне тойтарыс беріп отырды. Таһир сол кезде моғол ханына қарайтын қырғыздардың бір бөлігін өз жағына шығарып алды. Қазақ ханы «Монғолстанның арғы шетіне» кетті.
Таһир ханның жеке тағдыры тартысқа, кейде қасіретке толы болып қалыптасты: 1526 ж.Таһирдің інісі Әбілқасым сұлтан өлтірді, ал ханның өзін халқының көпшілігі тастап кетті. Ұлымен және азын-аулақ қазақтармен бірге ол тағы да қырғыздарға кетіп қалды, бірқатар жағдайларда қазақтардың өздерінен гөрі қырғыздар оған неғұрлым адал бодан болып қала берді. Мырза Хайдардың айтуынша, Таһир хан қырғыздар арасында жоқшылық көріп өлген.
Бұдаш – 1533-1534 жылдар аралығында ел биледі.
Таһир хан өлгеннен кейін қазақ-қырғыз бірлестігінің басына оның інісі Бұйдаш сұлтан келген. Осы ежелден қырғыздармен байланысты болатын және Жетісу аумағында іс-қимыл жасаған: оның қарауында «отыз мыңға дейін адам» болған. Бұл хабардан ол кезде Бұйдаштың бірден-бір қазақ ханы болмағаны және оның хандықтың бір бөлігіне ғана билік еткені көрінеді.
Қожа Мақмұт- 1534-1535 жылдары ел биледі. Өкінішке орай, бұл адам туралы жазба мәліметтерде мардымды ешнәрсе айтылмаған.
Тоғым хан – 1535-1537 жылдары ел билеген хан. Ол Жәдік сұлтанның ұлы болатын. Жәдік – қазақ хандығының негізін салушылардың бірі Жәнібек ханның ұлдарының бірі. Тоғым хан 1537- жылы Шағат деген жерде қаза тапса керек: онымен бірге 37 қазақ сұлтаны, Тоғым ханның барлық ұрпақтары және оның жиені Бәшібек сұлтан қаза тапқан.
Хақназар – 1538-1580 жылдары ел билеген қазақ ханы, Қасым ханның баласы. ХУІ ғасырдың екінші жартысында әлсіреген хандықты біріктіруде Хақназар өз үлесін қосты. Ноғай ордасындағы феодалдық топтардың күресін өз мүддесіне пайдаланған ол Ноғай мырзаларының көбін өз жағына тартып, Жайық өзенінің сол жағасындағы жерді қосып алды.
Өзара тартыстың бәсеңдеуі, ішкі саяси өмірдің нығаюы, мал және егін шаруашылығының, сауда қатынастарының дамуына көмектесті. Қазақ хандығы Мәскеумен сауда байланыстарын орнатып, саяси қарым-қатынас жасады. Қазақ хандығының аралық етуімен Мәскеу Түркістандағы өзбек хандарымен байланысты жолға қойды. Хақназар өзара тартыста өзбек ханы Абдолланы қолдау арқылы сырдария бойындағы бірсыпыра қаланы (Сауран, Түркістан) өзіне бағындырды. Алайда, қазақ хандығының солтүстік шекараларындағы сияқты батыста да бұлардың жер көлемін кеңейтуіне Ресей мемлекеті кедергі жасады.
Оңтүстік Қазақстанда Хақназар хан сауда, қолөнер және егіншілік орталықтарына шыға алмайтын өз иеліктерінің тұйық шеңберін жылжытуға әрекеттенеді. Шейбани Абдоллаға, бүлікші Баба сұлтанға қарсы күресте қолдау көрсетіп, ол шейбанилық ханнан Түркістан уәлаятындағы бірнеше қаланы иеленуіне құқық беретін уәде алды. Хақназардың Абдолламен достық байланысынан қорыққан Баба сұлтан келіссөз жүргізуге келген қазақ сұлтандарын және Хақназарды жансыздары арқылы у беріп өлтірді.
Шығай – 1580-1582 жылдары ел билеген қазақ ханы, Жәдік сұлтанның баласы. Өзінің ұлдарымен бірге Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы күресте өзбек ханына қолдау көрсетті. Ол өзбек ханы Абдолланың Сайрам, Сауран, Түркістан бекіністерін қоршаған, сондай-ақ 1582 жылы Түркістан арқылы жасаған жорығына қатысты. Аболла Шығай Ходжент қаласын сыйға тартып, онымен қосылып Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығына шығады. Осы жорықта Шығай қайтыс болады. Содан қайтар жолда Баба сұлтанды Шығайдың ұлы қазақ сұлтаны Тәуекел өлтірді.
Тәуекел -1582-1598 жылдары ел билеген қазақ ханы. Туған жылы белгісіз. Хақназар хан мұрагерлерінің бірі, әрі ісін жалғастырушысы, Шығайдың баласы. Тәуекел хан Орта Азияның сауда орталықтарына шығу үшін белсене күресті. 1583 жылы Бұхармен жасалған шартты бұзып, Сырдария бойындағы қалаларды алып, Ташкент, Әндіжан, Самарқанд сияқты қалаларды қазақ хандығына қаратты. Ресеймен одақ құруға күш салды. 1594 жылы Тәуекел Феодор патшаға Құл-Мұқаммедті елші етіп жіберді. Елшілік Тәуекелдің жиені «Ораз-Мұхаммедті орыс тұтқынынан босату» мақсатымен жіберілген болатын.
Сонымен, қазақ елшілігінің алдында Ораз-Мұхаммедті қайтаруға қол жеткізу және Аболлахқа қарсы күресте Мәскеудің көмегіне уәдесін алу міндеттері қойылды. 1595 жылы наурыз айында елшіге патшаның жауап грамотасы тапсырылды, онда Мәскеу патшасы Тәуекелге Қазақ хандығын «өз патшалық қол астына» алатынын хабарлаған. Тәуекел ханға тілмаш Вельямин Степанов жіберілді. Қалыптасқан жағдайда қамқорлық туралы мәселе жөнінде келісімге келу мүмкін болмай шыққанымен, Мәскеу мемлекетімен дипломатиялық қатынастар, сондай-ақ сауда байланыстары кейінгі жылдарда да жалғаса берді. Тәуекел Бүкіл Орта Азия билігін орнықтыра алмады, бірақ сол кезден бастап екі жүз жылға –Ташкент, белгілі бір уақытқа Ферғанға және бүкіл Түркістан, сол кезге дейін Шейбани ұрпақтары иеленіп келген Сырдарияның орта ағысының екі жағасындағы отырықшы – егіншілік аудандар Қазақ хандығының құрамына кірді. Тәуекел Бұқара үшін болған шайқаста 1598 жылы қаза тапты.
Есім хан – 1598 жылы Тәуекелден кейін ресми түрде хан атағын мұраға алған. Түркістанда билік еткен хан. 1598 жылы қазақ сұлтандары Сырдария маңындағы қалаларда, Түркістан, Ташкентте т.б. мұрагерлік билік үшін Мауереннахрмен арадағы байырғы күресті күшейтіп Түркістаннан Самарқанға дейінгі жерді басып алды. Бұл соғыста Есім хан Самарқанда қалды, ағасы Тәуекел Бұқар қаласын алуға аттанды. Бірақ жеңіске жете алмады. Есім хан соғыста айрықша көзге түсіп «Есеңгей бойлы ер Есім» атанды. 1599 жылы Бұқармен шарт жасасып, соның негізінде Ташкент қаласы атрабымен қоса 200 жыл бойы қазақ хандарының билігінде болды. Есім хан бір орталыққа бағынған мемлекет құруды көздеді. Ойрат-қалмақтарға қарсы күрес жүргізді. Қазақ-қырғыз ынтымағын орнатуға күш салды.
Есім ханның ел билеуі тұсында қалыптасқан әдет-ғұрып, жол-жобалар «Есім салған ескі жол» деп аталды.
Тәуекелдің мұрагері Есім хан тұсында жекелеген ірі қазақ сұлтандары іс жүзінде ханға тәуелсіз болды. Түркістанда Тұрсын хан биледі. Сөйтіп қазақ жерінде екі хан қатар билік жүргізді. 1627 жылы екі ханның арасындағы дұшпандық Тұрсын ханның Есім ханның қолынан қаза табуымен аяқталды. Көп ұзамай 1628 жылы Есім хан да қайтыс болды.
Жәгір (Салқам Жәңгір) – 1628-1652 жылдары ел билеген қазақ ханы, Есім ханның ұлы. Ол жоңғар феодалдары қазақ жеріне тынымсыз шабуыл жасап тұрған аса қиын кезеңде билік жүргізді. Жәңгір ханның ордасы Түркістан маңайында болған. 1635 жылы Жоңғар мемлекеті құрылып, Батұр қоңтайшының әскерлері қазақ жеріне шабуылды үдетті. 1635 жылы болған қазақ-жоңғар соғысында Жәңгір хан қолға түсіп, көп ұзамай тұтқыннан қашып шықты.
1643 жылы жоңғарлармен болған соғыста Жәңгір ханның 600 сарбазы 50 мыңдық жоңғар әскеріне соққы берді. Жоңғарлардың 10 мың адамын шығындады. Соғыс қызып жатқан кезеңде самарқан билеушісі Жалаңтөс батыр 20 мың әскерімен көмекке келіп, Жәңгір хан бұл соғыста жеңіске жетті. Жоңғар қоңтайшысы 1643-1644 жылдардағы соғыстан кейін ыдыраған өз иеліктерінің басын біріктіріп, Сібірдегі орыс қалаларынан отты қаруды (зеңбірікті) сатып алды. Отты қарумен жарақтанған жоңғарлар 1652 жылы қазақтарды ойыстыра жеңді, осы шайқастардың бірінде Жәңгір хан қаза табады. Жәңгір өлгенде оның балалары Тәуке мен Апақ жастау болатын.
Тәуке – 1680-1718 жылдары ел билеген қазақ ханы, Жәңгір ханның баласы. Соңғы мәліметтер бойынша Тәуке 1952 жылдан бастап ел билеген делінеді. Тәуке сыртқы жауға тойтарыс бере отырып, қазақтың ру, тайпалары арасындағы ішкі талас-тартысты тыйып, олардың өзара ынтымақта тұруына күш салды. Хандық өкімет билігінің беделін көтеріп, ақсүйектердің бөлініп, оқшаулануын тоқтату, халықты біріктіру үшін, ол бірсыпыра шараларды іске асырды.
Тәуке хан даулы істерді шешуде билер сотының беделін арттырып, билер кеңесін кесімі үкім шығаруда ерекше органға айналдырды. Осы уақыттан бастап билер кеңесі қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатындағы аса маңызды мәселелерді шешетін тұрақты жүйеге айналды. Билер кеңесінің қызметін ретке келтіруде Тәуке бірқатар шаралар қабылдады. Ол билер съезінің өтетін жері мен уақытын белгіледі. Билер кеңесі әрдайым Тәуке ханның белгілі бір ордасында: Түркістан қаласы жанындағы Битөбеде, Сайрам қаласының маңындағы Мәртөбеде және Сырдария облысының Ангрен қаласына жақын жердегі Күлтөбеде өткізілген. Тәуке хан өз төңірегіне Ұлы жүзден Төле биді, Орта жүзден Қаз дуысты Қазбек биді, Кіші жүзден Әйтеке билі кеңесші ретінде қызметке тартты. Осы билердің көмегімен «Жеті Жарғы» деп аталатын ел басқару заңдарының ережелері құрастырылды. Онда әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық өлшемдері, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізіліп, ол қазақ қоғамы өмірінің барлық жағын түгел қамтыды.
Тәукенің «Жеті Жарғысы», «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолы негізінде жасалған «Жеті Жарғы» бұрынғы ережеге жесір дауы мен құн дауы қосылған.
1718 жылы қазақтың барлық үш жүзіне билігі толық тараған қазақ хандарының соңғысы Тәуке қайтыс болды. Тәуке ханның тұсында қазақ хандығы бір орталыққа бағынған мемлекет еді.
Батыр немесе Болат хан – 1718-1730 жж.
Болат Тәуке ханның бел баласы еді. Болат ханның тұсында орталық хандық билік әлсіреп, әр жүздің өз ханы дербес билікті жақтаған дәстүр белең алды. Үш жүздің басын қосып, біртұтас тәуелсіз мемлекеттігін қалыптастыруға тиісті, Үлкен Орданың басында отырған Болат хан жігерсіз жан еді. Болат ханның билік құрып тұрған кезінде Жоңғар хандығы өзінің ең жойқын шабуылын жүзеге асырып, Қазақ халқы «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұламаға» ұрынды.
Кіші жүз хандары
Әбілхайыр хан – 1693 жылы туылған, Кіші жүздің ханы, қолбасшы, қазақ сұлтандарының кіші буыны. Әбілқайыр Жәнібектен тарайтын Өсек сұлтанның ұрпағы Әскен (Әжі) сұлтанның баласы. Алғашында Тәуке ханның ықпалында болған. Күшімен, айласымен, шабуылды ұйымдастыра білу қабілетімен даңқы шығып, 1718 жылы хандыққа қолы жеткен. 1723 жылға дейін Түркістан қаласында тұрып, одан жоңғар бақыншылары қуып шыққан соң, Бұқар мен Хиуа хандықтарының шекарасындағы өзіне қарайтын көшпелі тайпаларға қоныс аударған 1726 жылы Ордабасы жиынында Әбілқайыр қазақ жасақтарының қолбасшысы болып сайланды.
Сыртқы қауіп барған сайын күшейіп, іште феодалдардың билікке таласқан өзара күресі елді жегідей жеп бара жатқан шақта Әбілқайыр үш жүздің атынан Петербургке елшілік жіберді. Ондағы мақсаты қалмақтар мен башқұрттардың Қазақстанды мазалауын тоқтату, Қазақстандағы өзінің жеке қарсыластарының сағын сындыру, басты мақсаты- батыстағы көршісі Ресеймен сенімді байланыс орнатып, бар күшті қалмақтарға қарсы күреске жұмылдыру еді.
1730 жылы Кіші жүздің ықпалды билері Әбілқайырға Жоңғарияға қарсы күресу үшін Ресеймен одақ құруды тапсырды. Алайда Әбілқайыр елшілерге одақ құру емес, Ресейдің құрамына кіруді қуаттайтын құжатқа қол қоюды тапсырды. 1731 жылы ақпан айының 31-і күні қазақ елшілері Сейтқұл Құндағұлұлы мен Құлымбет Қоштайұлының Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы ұсынысын императрица Анна Иоанновна қабыл алды. Әбілқайырдан ант алу үшін Анна Иоанновна Қазақстанға арнайы елшілік жіберді. Оны сыртқы істер коллегиясының тілмашы, қабілетті дипломат А.И.Тевкелев басқарды. 1731 жылы қазан айының 10-шы жұлдызы күні Әбілқайыр мен оның саясатын қолдаған Кіші жүздің 27 старшынысы Ресейдің қол астына кіруге ант берді.
1740 жылы Әбілқайыр қазақ жасақтарын бастап барып, Хианы басып алды да онда аз уақыт хан болып тұрды. Сол жылы Иран шахы Нәдірдің әскерлері келіп қалып, Әбілхайыр Хиуаны тастап шығуға мәжбүр болды. Әбілқайыр патша үкіметінен көмек ала алмады, көп кешікпей Орынбор губернаторы И.И. Неплюевпен қақтығысты, сөйтіп енді жоңғар билеушілерімен жақындасуды да ойлады. Бірақ халықтан қолдау таппай, тіпті ханның өз балалары да оның бұл әрекетін қоштамайтынын ойлап И.И.Неплюевпен қайта татуласты. Осы мақсатпен Орынборға барып, одан қайтып келе жатқан сапарында 1748 жылы тамызда Барақ сұлтан өлтірді. Әбілқайыр сол өлген жеріне –Қабырға өзенінің Ұлқояқ өзеніне құйылысына жерленді.
Нұралы хан -1748-1786 жылдардағы Кіші жүз ханы, Әбілқайыр ханның үлкен баласы. ХУІІІ ғасырдың 30-жылдары Хиуа ханы болды. Алайда парсы шаһы Нәдірден қауіптеніп, Хиуадан кетті.
1748 жылы әкесі Әбілқайырды Барақ сұлтан өлтіргеннен кейін, Орынбор әкімшілігінің қолдауымен Кіші жүзге хан болып сайланды. Ішкі саясатта патша үкіметіне арқа сүйенді. Кіші жүздегі патша Үкіметінің сенімді қол шоқпарына айналды.
1755 ж. Башқұрт көтерілісін басуда елеулі роль атқарды. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысының (1773-1775 жж) алғашқы кезеңінде бейтарап саясат ұстанғанымен көтерілісшілер Орынбор түбінде жеңіліске ұшырағаннан кейін патша үкіметінің жағына шықты. Нұралы тұсында Кіші жүзде феодалдық езгі күшейді. Жайылымдық жер мәселесі шиеленісе түсті. Осындай шиеленіскен жағдайда 1785 жылдың жазында Кіші жүздің старшындарының съезі Нұралыны хандықтан тайдыру жөнінде шешім қабылдады. Сол жылдың күзінде болған қазақ билерінің мәжілісі патша үкіметінен Нұралыны хандықтан тайдыру, оның тұқымдарын кіші жүздің хандық тағына жолаттырмауды талап етті. Халық арасында беделден жұрдай болған Нұралы 1786 жылы көктемде ат төбеліндей жақтастарымен Орал әскери шебінің билеушілеріне қашып пана іздеді. Кейіннен 1790 жылы Уфаға жер аударылып, сонда Нұралы дүние салды.
Ералы – (туған жылы белгісіз – 1794 ж) - Әбілқайырдың баласы, Кіші жүз ханы (1791-1794 жж.) Әкесінің тірі кезінде біршама уақыт орта жүздің Керей, ал кейінірек Кіші жүздің Шөмекей және Төртқара руларын биледі. 1791 жылы Нұралының өліміне байланысты, Орск қаласы маңайында сұлтан Ералы Кіші жүз ханы болып сайланды. Сырымның жаңа ханды мойындамауы, тіпті ханды сайлауға қыр көрсетіп келмеуі қазақ старшын, билері мен сұлтандарының арасында жік тудырды. Ералы сұлтанның хан сайлануы Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз шаруа көтерілісінің өршуіне себеп болды. 1794 жылы Ералы хан қайтыс болды.
Есім хан – 1795-1797 жылдардағы кіші жүз ханы.
Нұралы ханның тұңғыш баласы. Ол С.Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі едәуір өріс алған кезде 1795 жылы хан болып тағайындалды. Оны Сырым қолдамады. Патша өкіметі хан мен Сырымды келісімге шақырды. Бірақ оның бұл әрекетінен ешнәрсе шықпайды. Есім ханның жүз ішіндегі жағдайы айтарлықтай болмады. Қазақ арасындағы өзіне қауіпті жағдайдан қорқып, орыс бекініс шептеріне жанай көшіп-қонып жүрді.
1797 жылы Орынбор генерал-губернаторы болып О.А.Игельстром қайтадан келді. Бұл кезде Сырымның ханға қарсы қарулы қозғалысы басталып та кеткен еді. Сырымның адамдары 1797 жылы наурыздың 29-сынан 27-сіне қараған түні Краснояр бекінісінен бес шақырым жерде Есім ханды өлтіріп, ауылдарын тонап кетті.
Айшуақ хан – 1797-1805 жылдардағы кіші жүз ханы, Әбілқайыр ханның баласы. Нұралы ханның тұсында Жетісуды биледі. 1979 жылдың күзінен патша үкіметі Кіші жүзде хандық билікті қайтадан қалпына келтіруге бағыт алды. Барон Игельстромның ұсынысы бойынша патша үкіметі кәрі Айшуақты хан ретінде бекітті. Сұлтандардың ішінде ең ақсақалы Айшуақтың хан болуын көпшілік сұлтан, билердің көбі қуана қарсы алды. Әсіресе оны қолдаған Нұралының жаулары.
Ел ішінде Айшуақтың ықпалы онша болмады. Әлімұлында Әбілғазиз сұлтанның, Байұлы мен жетіруда Қаратай сұлтанның билігі жүрді. Айшуақ тұсында өзара феодалдық шапқыншылық барынш өріс алып, халық бұдан ауыр азап шекті.
Айшуақ өмірінің соңғы жылдарында кәрі болғандықтан саяси өмірге араласудан қалды. Сондықтан патша үкіметі 1805 жылы Айшуақты хандықтан босатты да, жылына 1000 сом зейнет ақы тағайындады.
Шерғазы Айшуақұлы – Кіші жүздің соңғы ханы (1805-1824 жж.) Орынбор губернаторы князь Г.С.Волконскийдің ұсынысы бойынша хан болып сайланған Шерғазының кіші жүздегі беделі шамалы болды. Әбілқайыр хан әулеті сұлтандарының көпшілігі оған қарсы шығып, Қаратай Нұралыұлы мен Арынғазы Әбілғазыұлының төңірегіне топтасты. Шерғазының билігі патша үкіметі салған бекініс қамалдардың ь төңірегіндегі тұрғындарға ғана жүрген. Кіші жүздің шын мәніндегі билеушілері Қаратай мен Арынғазы сұлтандар болды.
1824 жылы Кіші жүзде хандық билік жойылып, Шерғазы хандықтан түсірілді де ендігі жерде оның тұрақты мекені Орынбор қаласы болып белгіленді. Шерғазы Кіші жүздің саяси өмірінде роль атқарған жоқ.
Бөкей хан – Бөкей ордасының ханы. Әбілхайырдың немересі, Нұралы ханның баласы.
Патша өкіметінің 1801 жылғы 11 наурыздағы Жарлығы бойынша Кіші жүз екі иелікке бөлінді. Жаңадан ішкі Орда немесе Бөкей Ордасы құрылды. 1801 жылы Бөкей хан патша үкіметінен рұқсат алып, кіші жүз қазақтарының бір бөлігін Жайық пен Еділдің аралығындағы Ноғайлы қазақтардың ескі жұртына қоныстандырды. Содан былай ол өңір Бөкей Ордасы деп аталды. Бөкей хан 1801-1815 жылдары билік жүргізді.
Шығай -1815-1823 жылдардағы Кіші жүз ханы. Шығай туралы деректер аз. Кіші жүз даласында ХІХ ғасырдың 20 – жылдарында хандық билік жергілікті үстем топтарды да қанағаттандыра алмады. Елде әлеуметтік қайшылық тереңдей түсті. Ресей әкімшілігі Кіші жүзде хандық билікті жоюға әрекет жасай бастады.
Жәңгі хан – 1823-1845 жж. Әбілхайырдың шөбересі, Нұралының немересі, Бөкейдің бел баласы Жәңгір хан Кіші жүзді басы бүтін билей алмады. Хан тағына отырған соң, патша әкімшілігінің қолдауымен халықтың қоғамдық өмірі мен тұрмысының жекелеген жақтарын, сондай-ақ жергілікті басқарудың дәстүрлі жүйесін қайта құруға белсене кірісті.
1827 жылы Жәңгір хан нарын құмындағы жасқұс мекенінде тұрақты хан ордасын орнатып, елді осы орталықтан басқаратын болды. Сол жылы кеңесі құрылып, оған 12 ата Байұлы руларынан бір-бір биден кірді. Ханға оның тапсырмаларын орындайтын 12 старшын, сондай-ақ бірнеше сұлтан қызмет етті. Оның татар бөлімі және жалпы бөлімнен тұратын өз кеңесі болды. Кеңсе жанында арнаулы тергеуші штатта тұрды. Орысша және татарша сауат ашатын мектептердің бірін ұйымдастырған Жәңгір болды. 1841 жылы ашылған Бөкей Ордасындағы бұл мектепте молдалар татар тілінде, ал орыс ұстаздар орыс тілінде сабақ бере бастады.
Жәңгір хан 1845 жылы қайтыс болды. Бұған дейін Қазақстанның барлық бөліктерінде хандық билік жойылған болатын.
Қайып – 1716-1719 жылдары ел билеген хан. Оның хандық құрған кезіндегі ішкі және сыртқы саяси қызметі туралы деректер өте аз.
Қайып хан тұсындағы қазақ хандарының сыртқы саяси жағдайы өте шиеленісті болды. Оған шығыстан Жоңғар феодалдары, батыстан башқұрт пен қалмақ билеушілері үнемі қауіп төндіріп отырды. Осыларға жұмыла қарсы шығатын елеулі жәрдем беретін одақтас іздеу Қайып ханның сыртқы саясатының шешуші саласына айналды. Бұл ретте ол Россиядан көп көмек күтті. 1716 жылы Тобылға жіберілген қазақ елшілері Б.Епешов пен Б.Бариевтер Қазақстанның Ресеймен қарым-қатынас жасауға даяр екенін сібір губернаторы М.П.Гагаринге хабарлады. Қайып Сібір өлкесінде қазақтар үшін еркін сауда жасауға рұқсат сұрады. Қазақстардың бұл тілектерін орындауға ықыласты екенін білдірді.
Сәмке – 1719-1734 жылдары ел билеген Орта жүздің ханы, Жәдік әулетінен шыққан. Жәдік сұлтанның ұрпағы Тәуке болғанда, сол Тәукенің бір баласы Сәмке еді. Сәмке Ордасын Түркістанда ұстады.
Сәмке ішкі саясатта орта жүздің жер иеленуші сұлтандары мен ру басыларының орталықтанған біртұтас мемлекетке бірігуіне қарсылық білдірушілермен күресу бағытын ұстады. Сыртқы саясатта жоңғарлар мен Орта Азия хандарының басқыншылық әрекеттеріне қарулы қарсылық көрсетумен белгілі болды.
1731 жылдың аяғында Әбілқайыр мен Бөгенбай батыр Сәмке егер ол Ресей азаматтығын қабылдаса орыс әскерлерінің күшімен бұл аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатынына уәде беріп, Орта жүзге өзінің өкілдерін жіберді. Сәмке Әбілқайыр елшілерінің ұсынысын қабылдады. Кейін Сәмке Ресей империясымен жасалған келісім-шартты сақтамайтынын танытты.
Жоңғарияның қауіп-қатері Орта жүздің ықпалды феодалдарының өздерін құрамына қабылдау жөнінде Ресейге екінші өтініш жасауларына түрткі болды. Анна Иоановнаның 1734 жылғы 10 маусымдағы грамотасымен Сәмкенің және оның жақтастарының өтініші қанағаттандырылды.
Әбілмәмбет -1734-1771 жылдары ел билеген Орта жүз ханы. Әбілмәмбет тұсында жоңғарлардың шабуылы қазақ жерлеріне үдей түсті. 1740 жылы Әбілмәмбет Ресейге қосылу жөніндегі актіге қол қойды. ХУІІІ ғасырдың 30-жылдарының екінші жартысынан бастап Абылай сұлтан Әбілмәмбетке ақылшы, көмекші болды.
Абылай – 1771-1781 жылдары ел билеген қазақ ханы. Абылайдың азан шақырып қойған аты -Әбілмансұр. Ол 1711 жылы Түркістан билеушісі «қанішер» Абылайдың ұлы Көркем Уәлидің шаңырағында дүниеге келген. Түркістанды қалмақтар басып алғанда, Уәли ханды өлтіреді, Әбілмансұр ханның сенімді адамдарының арқасында аман қалады. Әбілмансұр барған жерінде ата-тегін жасырып күн кешеді. Шашы өскен, қара тұмақ киген, жұпыны киімі Әбілмансұрға Төле би «Сабалақ» деп ат қойыпты. 1730 жылы жоңғарлармен болған бір шайқаста Сабалақ «Абылайлап» ұрандап, жауды жеңеді. Осыдан кейін оған Абылай деген ат беріледі және оның Шыңғыс әулетінен екені анықталады.
Абылай – қазақ феодалдық мемлекетінің бұрынғы шекарасын қалпына келтіріп, елдің саяси-экономикалық даумына бірқатар елеулі өзгерістер енгізген атақты мемлекеттік қайраткер.
Абылай өмір сүрген уақытта қазақ халқының басына ауыр күн туып, батыстан Ресей, Шығыстан қытай империясы, Жоңғар хандығы, Оңтүстік Бұқар, Хиуа хандықтары қазақ жеріне көз тікті. Ал жоңғарлар болса жиі-жиі шабуыл жасап тұрды. Осындай қиын-қыстау кезеңде Абылай өзін әскери қолбасшы, дарынды мемлекет қайраткері, көреген дипломат ретінде көрсете білді.
1771 жылы Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін, Түркістанда Абылайды ақ киізге көретіп, үш жүздің ханы етіп жариялады. Қазақ хандығында қалыптасқан дәстүр бойынша белді сұлтандар мен билер Әбілмәмбеттің ұлы Әбілпайызды емес, Абылайды үш жүздің ханы етіп сайлауы оның жоңғарларға қарыс азаттық күрестегі, халықтың басын біріктірудегі атқарған рөлін, Ресей мен Қытай мемлекеттері арасында отырса да іс жүзінде елдің дербестігін сақтап қала алғандығын мойындағанның көрінісі еді.
Орыс үкіметі Абылайды тек Орта жүздің ханы деп таныды. Себебі Ресей империясы Абылайдың қазақ елін қуатты мемлекет жасаудағы әрекеттерінен қорықты.
Абылай 1781 жылы дүние салды.
Уәли – 1781-1819 жылдары ел билеген Орта жүз ханы. Абылай хан өлгеннен кейін Орта жүздің сұлтандары мен билері Уәлиді хан көтерді.
1782 жылдың 25 ақпанында арнайы патша грамотасы бойынша Уәли хан Орта жүз ханы болып жарияланған.
Уәли хан сыртқы саясат саласында әкесі Абылайдың жүргізген бағытын қолдады. Ол, бір жағынан Ресеймен жаңа қарым-қатынаста болып, екінші жағынан Қытай үкіметімен байланысты үзбеді. Патша үкіметі оның Қытаймен байланыстарына тыйым салуға бар күшін салды. Уәли ханға келе жатқан Боғдыхан елшілерін казак отряды хан сарайына жібермей қойды. Дегенмен оның Қытай үкіметімен қарым-қатынасы тоқталған жоқ.
Уәли ханның өкімет билігі әлсіз болды. Уәли хан тұсында патша үкіметі өз ықпалын нығайту мақсатын шекаралық шепті Орта жүз территориясына қарай жылжыту жолымен жүзеге асыра бастады. Уәли хан өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыруды патша үкіметі тарапынан қолдау таппады. Сондықтан ол Қытай үкіметімен, Бұхар хандығымен байланысты күшейтуге мәжбүр болды.
Абылайдың мирасқоры Уәли ханның да жүргізген Ресей мен Цин империялары арасындағы бұлталақтау саясаты Ресейдің басқарушы топтарына ұнамады. Сондықтан олар Орта жүзде хандық билікті жоюға әрекеттенді.
1815 жылы Уәлидің Орта жүздегі позициясын әлсіретіге тырысқан патша үкіметі Барақтың тұқымы Бөкей сұлтанды орта жүздегі екінші хан етіп бекітті. 1817 жылы Бөкей, 1819 жылы Уәли қайтыс болғаннан кейін Орта жүзге хан тағайындалмады. Патша үкіметі 1822 жылы «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» бойынша Орта жүзде хандықты жойды. Уәлиден кейін оның мұрагері Ғұбайдолла хан болуы керек еді, бірақ патша әкімдері Көкшетауда қала салуға жер бермегені үшін оған өкіметке қарсы болды деген айып тағып, жер аударып жііберді. Сондықтан елді аз уақыт Айғаным (Уәлидің бәйбішесі) басқарды. Ресми құжаттарда Уәли мен Бөкей Орта жүздің соңғы хандары деп есептеледі.
Бөкей хан – Орта жүздің беделді сұлтаны Ораз-Мұхаммед Ондан сұлтанның ұрпағы. Патша өкіметі Орта жүзде халықтың көбеюіне байланысты, әрі айтқанына көніп, айдағанына жүрмеген Уәли ханды кемсіту мақсатында 1815 жылы екінші хандық ұйымдастырды. Хан етіп Бөкейді сайлаттырды. Бірақ ол көп тұрмай, үш жылдан кейін қартайып өлді.
Кенесары Қасымов – 1841-1847 жылдары ел билеген қазақтың соңғы ханы, Абылай ханның немересі.
ХІХ ғасырдың 30-жылдарында патша өкіметі Қазақстанда отарлау саясатын онан әрі өрістетіп, қазақ халқының саяси дербестігін біржола жоюға бағытталған шараларды кеңінен жүргізе бастады. Қазақ жерінде әскери шептер, бекіністер салынып, шұрайлы жерлерге патша өкіметінің қол шоқпары болып келген қазақтарды қоныстандыру шаралары жүргізілді, орман – тоғайды өз қарамағына алып, оны пайдаланған қазақтарға салық салатын болды. Сондықтан, Кенесары Қасымұлы елі, жері, халқының тәуелсіздігі үшін ұлт-азаттық қозғалысты басқарды. Кенесары Қасымұлының басшылығымен болған көтеріліс 1837 жылдан бастап, он жыл уақытқа созылды. Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтып, оған Ұлы, Орта және Кіші жүз қазақтары белсене қатысты.
1841 жылы қыркүйекте үш жүзден жиналған жамағат Кенесары ақ киізге салып, бүкіл қазақ халқының ханы етіп сайлады.
Кенесары хан болып сайланғаннан кейін ел билеу тәртібі өзгеріп, алым-салым реформасын іске асырды. Егіншілікті дамытуға, көрші елдермен сауда-саттық байланысын орнатуға көңіл бөлінді. Керуеншілерді тонау тоқтатылып, олардан салық алынатын болды. Кенесарының ұйымдастырған мемлекеті феодалдық болды.
Кенесары қазақ көшпенді қауымында белгілі билердің сотын жойып, оның орнына хандық сотты енгізді. Кенесары әскерінде қатаң тәртіп орнатылды, опасыздық үшін бір-ақ жаза - өліімге кесілетін.
1847 жылы Кенесарының қырғыз жеріне басып кіруіне байланысты, көтерілістің бастапқы сипаты өзгереді. 1847 жылы қазіргі Бішкекке жақын Майтөбе деген жерде қырғыз манаптарының әскерімен шайқаста жеңіліс тапты.
Қосымша ІІІ
Жеті жарғы заңының нұсқаулары
Жеті жарғы
Әз Тәукенің заңдары
1-жарғы. Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын. (Бұл жарғы мемлекеттің бүтіндігін сақтау талабынан туды).
2 -жарғы. Түркі халқының мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын. (Бұл жарғы халықтың ортақ мүддесі – елдің бүтіндігін қорғаған біртұтас қоғамдық санының жемісі).
3 -жарғы. Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын (Бұл жарғы да жабайылықтың төменгі сатысына тән кісі өлтірушілікке тыйым салған және мәдениеттіліктің белгісі саналуға тиіс өте елеулі жаңалық).
4- жарғы. Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап, ақ некені бұзушыларға өлім жазасы бұйырылсын. (Бұл жарғы да шаңырақтың бірлігін қамтамасыз еткен, неке парызына адалдықты талап еткен маңызы зор жаңалық).
5-жарғы. Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын. (Ол кезде «ер қанаты-ат» елдің, мемлекеттің соғыс күші ретінде бағаланды).
6-жарғы. Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін:
а) біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді, ал қызы жоқ болса, қыздың қалың малын береді;
б) төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.
7 –жарғы. Ұрланған жылқы, өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірілсін.
Міне, ХУІІ ғасырда өмірге келген «Әз-Тәукенің Жеті Жарғысының» негізі ежелгі Түркі мемлекетінде (Қағанатында) УІ ғасыр ортасында туған болатын. Яғни, жеті жарғы негізіне ел төресі (мемлекет заңдары) және әр-түрлі кесік жарғы-жарлықтар алынып еді.
Жеті Жарғы
Қазақтардың көне ел билеу заңы
Қанға –қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адамға – 1000 қой, әйелге – 500 қой);
- ұрлық, қарақшылық зорлық-зомбылық жасаған адам өлім жазасына кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады;
- денеге зақым келтірілсе, соған сәйкес құн төленеді (бас бармақ -100 қой, шынашақ – 20 қой);
- төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді;
- егер әйелі ерін өлтірсе, өлім жазасына кесіледі, егер ағайындары кешірім жасаса жазадан босатылады;
- егер ері әйелін өлтірсе, ол әйелінің құнын төлейді;
- ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды, ал анасы баласын қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесіледі;
- өзіне-өзі қол салғандар бөлек жерленеді;
- егер екі қабат әйелді кісі қағып кетіп, одан өлі бала туса: бес айлық бала үшін – бес ат, 5 айдан 9 айға дейінгі балаға - әр айына 1 түйеден (анықтама үшін: 100 түйе – 300 атқа немесе 1000 қойға тең);
- әйел зорлау кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептеледі.
Мұндай қылмыс үшін еріне немесе қыздың ата-анасына құн төлеуге тиіс, егер жігіт өзі зорлаған қызға қалың төлеп үйленсе, жазадан босатылады;
- әйелі ерінің көзіне шөп салу үстінде ұсталса, ері оны өлтіруге хақылы, бірақ қылмысты сол сәтінде жария етуге тиіс; әйелінен сезіктенген еркектің сөзін 4 сенімді адам дәлелдеп беру керек. Егер олар теріске шығарса, әйел күнәсіз деп табылып, жазадан босатылады;
- біреудің әйелін күйеуінің келісімінсіз алып қашқан адам өлімге бұйырылады немесе ердің құнын төлейді, егер әйелдің келісімімен әкетсе, күйеуіне қалың төлеп, қосымшасына қалыңсыз қыз беруге тиіс;
- әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауға тиіс, сұрамаса арсыздығы үшін айып салынады;
- қан алмастыру (7 ата ішінде) өлімге немесе ағайындар белгілеген жазаға бұйырылады;
- құдайға тіл тигізген (7 адам куәлік берсе) таспен атып өлтіріледі;
- кәпір болған адам мал-мүлкімен айдалады;
- құл өмірі құнсыз, ол қожайынының билігінде (қазақ құлдары жалшы, малшы ретінде ұстап, кейін бөлек шығарып отырған);
- ата-анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрым байлаған күйі қара сиырға теріс мінгізіп, өзін қамшымен сабап, ауылды айнала шапқылатады, ал қыз қол-аяғы байланып, анасының билігіне беріледі;
- ұрлық жасаған адам үш тоғызымен қайтаруға тиіс;
- ұрлық пен кісі өлтіруді қоса жасаған адам екі бірдей жазаға тартылады;
- ерінің ұрлығын біле тұра хабарламаған әйелі мен баласы жазаға тартылмайды, өйткені үстінен шағым айту әбестік саналады;
- өсиет ағайындар мен молланың қатысуы арқылы жасалады;
- барымтадан қайтқан мал төлімен қайтарылуға тиіс;
- дауды шешу билер мен ақсақалдарға жүктеледі;
- куәлікке кемінде екі немесе үш адам жүреді.
Төрт құбыламызды түгелдейік
Ыстанбул университеті заң факультетінің профессоры Садри Максуди Арсалдың «Түркі тарихы және құқық» атты кітабы 1947 жылы Исмаил Ақгүннің баспасында басылып шықты. Бұл кітапта түркі тарихының бастапқы бағыттары, түркі мемлекетінің құрылымы және құқықтық ұйымдары, түркілердің түп тұсындағы заң негіздерімен оқырмандарды таныстыруды мақсат етіп, осы кітаптың Тәуке хан заңдарына байланысты бөлімін қазақ тіліне аударып ұсынып отырмыз.
Қазақтарда қылмыс пен жазаға қатысты бірқатар қағидалар бар. Олар қазір жарғы түрінде қолданылуда. Қазақтар бұл Жарғының негізін Тәуке хан (1710-1721) салғанын айтады. Қазақ аңыздарына қарағанда Тәуке – ұлы хан, әрі көрнекті заң шығарушы қайраткер де болған.
Бұл заңдардың бастылары – жаза туралы заң жүйелері.
Қазақ заңдарында жаза Еуропа тілінде «талион» деп аталатын принцип негізінде тағайындалады. Жаза қылмыстың өзіне сәйкес. Өлтірген өлтіріледі, денеге зақым салғандардың денесін дәл сондай зақым келтіріледі.
1. Тәукенің заңдарына сәйкес өлтірілген адамның туыстары өлтірушіні өлтіру құқына ие.
Біреудің дене мүшелерінің біріне зақым келтірген адамның дене мүшесіне дәл сондай зақым келтіру жолымен жазаланды.
Алайда, сот жазаны жеңілдете алады. Ол үшін өлтірілген адамның туыстарының сондай жаза тағайындауға келісімі керек. Мұндай жағдайда қылмыскер зардап шеккен жаққа мал-мүлік беріп құтыла алады.
Өлтіру мен денеге зақым келтіру сияқты қылмыстардың жазасынан құтылуы үшін қылмыскердің жәбірленуші жаққа беретін мұндай мал-мүлкінің жалпы атауы – «құн».
2. «Құн» төлеу арқылы қылмыскер өз өмірін сақтап қала алады. Үшін төленетін «құн» жазаның заттай баламасы болып табылады.
«Құнның» көлемі еркектер үшін – 1000 /мың/, әйелдер үшін – 500 /бес жүз/ қой. Денеге дене мүшелерінің біріне келтірілген зақым үшін төленетін құн да бар.
Құн төлеу арқылы қылмыскер өз өмірін сақтап алып қала алады. Өлім үшін төленетін «құн» жазаның заттай баламасы болып табылады.
«Құнның» көлемі еркектер үшін – мың қой, әйелдер үшін бес жүз қой. Денеге, дене мүшелерінің біріне келтірілген зақым үшін төленетін құн да бар. Біреудің бас бармағын сындырған қылмыскер құн ретінде жүз қой, кіші саусағы (шынашағын) сындырған қылмыскер отыз қой төлейді. Төрелер мен молдаларды өлтіргендер жеті кісінің құыны төлейді (1000х7=7000). Төрелер мен молдаларға қол көтергендер жиырма жеті қой, оларды ренжіткендер тоғыз қой ауыл төлеуге тиіс.
3. Күйеуін өлтірген әйел міндетті түрде өлім жазасына кесіледі. Құн төлеу арқылы құтыла алмайды, егер күйеуінің туыстары кешірім жасамаса. Алайда ол жаман атқа ілініп, өмір бойы барша жұрттың көзіне жек көрінішті болып өтеді.
4. Әйелін өлтірген еркек, әйелдің туыстары келіссе, құн беріп құтылады.
5. Балаларын өлтірген әке-шеше ешқандай жазаға тартылмайды.
6. Бірақ некесіз қатынас жолымен тапқан баласын өлтірген ана өлім жазасына кесіледі.
7. Өзін-өзі өлтіргендер қорымнан бөлек, басқа жерге жерленеді.
8. Ат үстінде келе жатқан екіқабат әйелді ұрып құлатқандықтан немесе оны атқа таптатқандықтан іштегі баласы әлсіз немесе ауру болып туса, қылмыскер мынадай мөлшерде құн төлейді:
а) бала бес айлық болса – бір ат,
б) Бала бес пен тоғыз ай арасында болса – бір түйе.
9. Қызды немесе әйелді зорлаушы өлім жазасына лайық деп есептелінеді. Егер зорлыққа ұшыраған әйел болса, зорлықшының жазасы - өлім немесе құн төлеу. Ал қыз болса – қылмыскер тек қалың мал төлеп, сол қызға үйлену арқылы өлім жазасынан немесе құн төлеуден құтылады.
10. Көзіне шөп салған зайыбын қылмыс үстінде немесе куәлердің растауымен ұстап өлтірген еркек жазадан бостаылады. Бұдан кейін де ол өз әйелімен зинақорлық қатынас жасап жүрген еркектің өлтірілуін талап ете алады. Бұл үшін әлгіндей қатынастың болғаны үзілді-кесілді дәлелденуі қажет. Егер төрт сенімді куәгер қылмыс жасағандардың күнәсіз екенін растаса, лдар жазаға тартылмайды.
11. Егер әлдекім басқа біреудің әйелін ықтиярсыз алып қашса, өлім жазасына немесе соған тең құн төлеуге ұйғарылады. Ал егер әйелдің өзі келісімін беріп, ықтиярымен қашып кетсе, онда әлгі әйелді алып қашқан адамға қалдырады. Алып қашушы әйелдің бұрынғы күйеуіне қалың мал төлейді және оған қыз тауып беріп, қайтадан үйленуіне жәрдемдеседі. Әйелді ренжіткен /тіл тигізген/ адам дереу одан кешірім сұрауға тиіс. Кешірім сұрамаған жағдайда заттай айып төлеуге мәжбүр болады.
12. Некелесуге болмайтын туысымен жыныстық қатынас жасаған адам өлім жазасына лайық деп саналады. Бұл жаза үй-ішінің ұйғарымымен басқа жаза түрімен алмастырылуы да мүмкін. Жалпы осы тәрізді әрекеттер үй-ішінің өзі шешетін қылмыстар қатарына жатады.
13. Тәңірге тіл тигізген адам, егер мұны куә растаса, тас лақтырылып өлтіріледі.
14. Христиан дініне кірген шоқындылардың және оның бүкіл туыстарының мал-мүлкі тәркіленеді.
15. Құл иеленуші құлдарына қандай жаза қолданамын десе де /өлтіруге дейін/ ерікті, әрі оған шек қойылмайды. Құлдың өз иесін үстінен жасаған шағымы қаралмайды.
16. Ата-анасына тіл тигізген немесе қол жұмсаған ұл бала қара сиырға теріс мінгізіледі де, осы күйінде ауыл-ауылды жүріп, оған қамшымен дүре соға береді. Ал жәбірлеуші қыз бала болса, қол-аяғы байланып, анасына тапсырылады. Анасы оған не істеймін десе де ерікті.
17. Ұрлық жасаушы ұрлаған затының құнын он жеті есе артық етіп қайтаруға тиіс. Егер ұрланғаны түйе болса қайтармақшы түйелеріне қосымша бір құл беруге, ал ат болса, қосымшасына түйе беруге міндетті. Ұрланғаны қой болса, қосымшасына бір ат беру керек. /жүз түйе үш атқа немесе мың қойға тең/.
18. Біреу бір уақытта әрі ұрлық жасап, әрі кісі өлтірсе, әр қылмысы үшін жеке-жеке жазаланады. Күйеуінің ұрлық жасағанын немесе әкесінің кісі өлтіргенін ресми орындарға хабарламаған әйелі мен балалары жауапқа тартылмайды. /Өйткені әйелдер мен балалардың отағасының үстінен шағым айтуына тиым салынады/.
19. Аңға салатын итті немесе құсты /бүркітті/ өлтірген адамнан олардың иесі бір құл немесе бір күң беруді талап етеді.
Қазақтардағы мұра
20. Егер әкесінен енші алған ұл өзі балалы болмай тұрып қайтыс болса, оның дүние-мүлкіне әкесі ие болады.
21. Қайтыс болған адамның кәмелетке жетпеген балаларына жақын туыстарының бірі қамқоршы болып тағайындалады. Жақын туысы болмаса бөтен біреудің қамқоршылыққа тағайындалуы да мүмкін.
22. Өсиетнама туыстарының және молданың қатысуымен жасалады. Қайтыс болған адамның басқа кісілердегі қойлары төлдерімен қоса олардан қайтарылып алынады. Барымтамен алынған мал қайтарылмайды. Қолында қойы барлар қойларын жасырмай отырғанын антпен растауына болады.
Дауды шешу
23. Дауды шешуге ханның немесе хан тағайындалған әкімдердің /билердің/ және ақсақалдардың құқығы бар. Би- дауласушы екі жақтың да төрешісі. Дау ісіне екі жақтың сеніп тапсырған өкілдері шақырылады. Бидің бейтарап екендігі күмән туғызса ол іс таратылады.
24. Егер жауапкер жоқ бидің шақырғанына келмесе, яғни айыпкер тағайындаған айыптың заттай құнын төлеуден бас тартса, онда тағайындалған айыптың мөлшері қылмыскердің туыстарынан немесе ауылынан өндіріледі. Туыстары және ауылдастары шыңынды кейін қылмыскерден қайтарып өндіріп алу құқығына ие.
25. Қылмыстың толық дәлелденуі үшін кемінде куә қажет. Кейбір дау-дамайда екеу емес, одан да көп куәнің керек болуы мүмкін. Кәулер болмаған жағдайда ант беру талап етіледі. Бірақ дауласушыларға ант беруге рұқсат етілмейді. Олар үшін өзінің тазалығымен, адалдығымен халыққа танымал, белгілі адамдар ғана ант беруге тиіс. Жауапкер жақ үшін ешкім ант бергісі келмесе, дау оның пайдасына шешілмейді.
26. Әйелдер, малайлар, балалар және құдалар куә бола алмайды.
27. Дауға түскен нәрсенің құнының оннон бір бөлігі би мен өкілдерге беріледі.
28. Егер жазаға үкім етілген жақ тиісті айыбын төлемесе, немесе сол ауылдың басшысы дау қуушының шағымына құлақ аспай, өз тарапынан қорғай берсе, онда дау қуушы өз ру басыларының келісімімен барымта жолымен қолға түсірілген малының саны үкімде көрсетілген малдың санынан аспауы керек.
Бұл заңдардан басқа «Тәуке хандікі» делініп жүрген мынадай қағидалар бар:
1. Жыл сайын күзде төрелер мен ру, тайпа басшылары түгелімен дүйім халыққа ортақ маңызды мәселелерді талқылау үшін белгілі бір орынды жиынға /құрылтайға/ жиналып отыруы тиіс.
2. Мұндай жиынға әр қазақ қару-жарағымен келуі керек. Қарусыз келгендер дауыс беру құқығынан айырылады.
3. Қару асынуға жарайтын әрбір қазақ /төрелер, яғни хан әулеті мен ақсүйектерді есептемегенде/ жыл сайын ханға және халықты билеп отырған басқа әкімдерге өз байлығының жиырмадан бір бөлігін беріп отыруға міндетті.
4. Әр рудың өзіне тән таңбасы болады. Бұл таңбамен кімдікі екенін көрсету үшін үй хайуандары және басқа мал-мүліктері түгел таңбаланады.
5. Қазақтардың бүгінгі тұрмыс-салт құқығы жөнінде орыс тілінде жазылған еңбектерде көптеген жаңа мағлұмат бар екенін біле тұра оларға тоқтауды қажет деп таппадық. Біз тек ежелгі салт-дәстүрдің жалғасы болған ең маңызды құқықтық принциптерді осылайша тұжырымдаумен ғана қанағаттануға мәжүбр болдық.
Жарияланған-2015-09-09 17:25:19 Қаралды-24093
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Кітапханалық іс
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару, Метрология және стандарттау
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- Жаратылыстану
- Медицина