UF

Тұлға әлеуметтенуі

     Адамның әлеуметтенуін қарастырмас бұрын адам табиғаты мен адамның даму үрдісіне қажетті шарттарды қарастырып алған орынды.

   Тұлға күшінің табиғаты. Күш-толымды өмір, оның көптеген қыры мен мәні деген сөзі.Әскери, саяси, қаржылық, құқықтық дамадар ісінде күш бар. Дегенмен, адамдар мұндай күш иелеріне сене бермейді.

Тұлға күші басқа күш формасынан айырмасы бар.Сайлаушылар еркі мемлекеттік төңкеріс, брижа акциясының төмендеуі, мұғалім мен ата-ана және милиция қиқарлық, нұсқаушылары немесе жоғарылау төменге берге емес.  Ол үстемдікке қатысы жоқ. Тұлға үстемдігі осалдардың  көрінісі, олардың үрейі мен өззімшілдігінің белгісі.

Тұлға күші-білімге, бабылдық пен ынтымақтастыққа негізделеді.Тұлға  күші-ақыл-ойды жүрегімен сезген және іске асырған даналығы мен тәжірибе

Тұлға күшін-молшылық, билік, даңқ және қызметтік жағдаймен салыстыруға болмайды.Мұндай күштілік уақытша қызмет жағдай, мәртебеге байланысты сағымда болумен тең. Қызмет жағдайы тоқтағанда мұндай тұлғалық күш жойылады. Сондықтан, мұндай тұлғалық күш көз баямалық сипатқа ие болады. Тұлға күші кедей, бай немесе білімді, білімсіз деп талғап барып келмейді және сонымен бірге ол кездейсоқта берілмейді. Ол адамның тырысуынан туындайтын ішкі қуат. Тұлға күші-адамның өзбетінше ойлануы, ниет шынайлығы мен тереңдігі, адамның өз өмірінде жинақтаған табиғи даналығы.

 Тұлға күші-ақыл-ой, жүрек және дене саулығы мен еркінің (синтезі) бірлігі «тұлға күші» сыртқы қоғам жағдайына емес, тікелей тұлғаға қатысты күш. Ол уақыт және кеңестікте туындап жинақталады және ол олардан тыс өмір сүреді. Тұлға күші бүкіл ғұмырында бір кезеңнен екінші кезеңге өткенде жинақталып отыруы және ерік, ықылас және қиялына байланысты дамып, беки түседі.

Тұлға күші күнделікті тәжірибеге байланысты жинақталып, төрт ықыластан тұрады.

1.Қиындықты жеңіп шығу.

2.Өзін-өзі бақылау.

3.Үндестікте болу.

4.Мұраттылық.

  Қиындықтарды жеңіс шығу ықыласы-бұл тұлға күшінің негізгі болып келеді. Күресіп көрмеген адам, ешуақытта өзінің күшінің мөлшерін тани алмайды. Сондықтан, мейлі әйел, не ер адам болсын өз өмірлік сынақтарында өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін байқайды. Сынақ пен күрес жолынан өту үшін, жасанды жау жасаудың қажеті жоқ. Күнделікті өмірде қиыншылық пен сынақтар жеткілікті ол үшін алысқа барудың да қажеті жоқ. Ол сіздің жаныңда және бойыңызда.  Бақылау оттбасы, жағымсыз қызметтес немесе ұнамсыз бастық қиын бала. Нашар денсаулық қызғаншықтық, тітіркену, ұялшақтық-міне, мұның бәрі жеңіп шығатын бөгеттер. Күнделікті біз аялдамшы тынышқықта ұстайтын мұның астарында үлкен «айдаһар» жатыр. Кез келген адам мейлі президент, не етікші болсын өз өмірінде қиыншылықтар мен сынақтар кездеседі. Осы қиыншылықтарды жеңуге деген ниеті мен оны жеңіп шығуға арналған күресі, оның бабыр етіп көрсетеді. Сынақ дегеніміз-алдамшы, жалғандық яғни, басқа сөзбен айтқанда кез-келген өтіріктен күшті, сондықтан осыларды жеңіп шығу керек, шынайылық кез-келген өтіріктен күшті. Соған қарамастын сол қиыншылықты және оған қатыстыны дұрыс тағалай білу керек. Білімсіздік, батылсыздық және жалған абырой бізді өмірлік қиыншылықтарға алып келеді.

Адамның өзіне мүмкіндігіне деген сенімділігі күнделіктегі өмірлік тәжірибелі қамқорлық пен қиыншылықтан, кей уақытта қайғы-қасіретпен бел-буып кірісулердің  нәтижелерін біртендеп жиналады.

Тұлғалық күшті көңіл көтеру, өзінің өзімшілдігі арқасында жетуге болмайды. Өмірлік қиыншылықтарда батылдық пен табандылыққа, өзіне сеніммен қарауға үйренеді. Мысалы индияның бір ел билеушісінің ұлы принц Сиддхартханы мұрагер ретінде ешқашан хан сарйын да  өсіреді. Ол күндердің күнінде ер жеткенде уақытында сол хан сарайынан жасырын шығады. Міне, нақ осы кезде ол шындықпен  кезігеді. Осы кездегі хан сарайынан тыс болып жатқан халық аштығы, жағдайлары, елдегі жайлаған аштық, ауру-сырқау, әділетсіздіктерді ол өзінің малайынан өмірдің нақты шындығын сұрайды. Өмірдің нақты шындығымен бетпе-бет кездескен мұрагер, хан сарайындағы өзінің мұрагерлігін да тастап кеткісі келеді. Міне, ол осы уақытша елді

Адам сана иесі ретінде, еңбектену нәтижесінде материалдық игіліктерді өндіреді, өзіне берген тамаша қасиет-ойлау мен сөйлеу арқасында қатынас жасап, өзінің қоршаған ортасына белсенді түрде ықпал етеді. Яғни дүниенің сырын танып білуде субьектіге айналады. Адам бойындағы даралық өзгелермен қарым- қатынасынан байқалады. Жаңа туған бала индивид (жеке адам) деп саналады. Қалыпты дамыған өмір тәжірибесі мен өзіндік қасиеті әлеуметтік ортада өз орын бар адамды жеке адам деп аталады.

Жеке адамның азаматтық, кісілік, тұлғалық қасиеттері болады. Адамның түрлі қатынасы арқасында іс-әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары сомдалады, қадір –қасиеті қалыптасады. Жеке адамның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс -әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді қимыл әрекеті оны мінез-құлқынан, ниет-тілегімен бағыт-бағдарына айқын байқалады. Ниет-тілектердің мәні адамның тіршілігінен, іс-әрекет түрлеріне, әлеуметтік ортада атқаратын қызметі мен ісінен айқын көрінеді. Сөйтіп, жеке адамның ішкі дүниесінің сыры, жан сарайы психикасының даралық ерекшеліктері сыртқа білініп тұрады. Әлеуметтік жағдай жанама түрде әсер етеді де оның психикасын дамытады. Адамның тіршілік ортасы үнемі өзгеріп тұрады. Жеке адам бойындағы сапалық ерекшеліктер мен оның психологиялық дара өзгешеліктерін-темперамент, мінез, іс-қимыл, сезім жүйелері, қабілеті мен еркі білдіреді.

Міне бұл даралық сапалар тарихи қалыптасып, жеке адамның кісілік қасиеттерін құрайды. Әрбір адамның мінез-құлық ерекшеліктері әлеументтік ортада өсіп жетіледі. Жеке адамның тұлғалық сипатын екі түрлі ерекшелігін байқауға болады. Ол: әрбір адамның құрылымы мен жеке басындағы даралық сипаттар; типтерден туандайтын  және жеке басқа бағынышты азаматтық ерекшеліктер.

Бұл екеуі де биологиялық және әлеуметтік факторларға негізделіп қарастырады.

Биологиялық фактор –адамға туа берілетін табиғи анатомиялық және физиологиялық қасиеттер. Әлеуметтік фактор адамның дамып жетілуінде тіршілік ортасының қоғамның, тәлім-тәрбиенің әсері. Бұл екі яғни екі фактор  адамның психикалық дамуында бірін-бірі толықтырып отырады. Өткен тақырыпта бұдан 30-40 мвң жылдай бұрын  Homo  sapiens  (ақыл-ойлы  адам)  қалыптасқаннан кейін адамның биологиялық эволюциясы  мүлдем дерлік тоқтады дедік.  Мұның себебі неде ?- деген сұрқ туады.

Адмның эволюциясы, жалпы алғанда, оның өмірінің барлық кезеңдрінде тоқтамай жүріп жатады. Бірақ қазіргі  эволюция  адам  өмірінің әлеуметтік жағына қатысты, ал биологиялық эволюцияға келсек, адам жануарлардан бөлініп  шықаннан кейін ол  шешуші рөл атқармйтын  болғаны сөзсіз. Енді адамның  эволюциясына  оның өмірін  мәдени жағынан ұйымдастыру, яғни қоғамдық  өндірістің тәсілі,  еңбек қызметінің дамуы, тұрмыс жағдайлары  тағы басқа шешуші әсер ететін болды. Тіпті денсаулығы әлсіз  адамдарда медицинаның көмегі арқасында  қоғам өміріне  белсене қатыса алады.

Табиғи сұрыпталудың  күші қоғам өмірінде  барған сайын әлсіреуде,  өйткені денсаулық мекемелері және басқа әлеуметтік  институттар жеке адамдардың биологиялық  жағынан өзгергіштігін  ұдайв әлсіретеді.  Мысалы, Еуропада адамның құрт ауруынан өлімі 1840ж.  1млн адамнан  4000  адам болған болса, қазір 1млн адамның 13-і ғана өлетін болды,  ал бұл құрт ауруының  емдеуге қарсыласуы  бойынша сұрыпталуы  мүлдем дерлік тоқтады деуге болады. Мұндай мысалдарды  басқа аурулар бойынша да  келтіруге болады.

Бүгін таңда, бір жағынан, сұрыпталудың салдарынан болатын генетикалық өзгерістің өте баяулауы және  адамның түрліше топтарының арасындағы генетикалық ұқсастықтың күшеюі байқалса, ал, екінші жағынан, мәдиниетпен тұрмыс жағдайларының алуан түрлілігі,  әлеуметтік өзгерістердің  аса жылдамдауы байқалады- мұның бәрі адамзат қоғамында жүріп жатқан  мәдени эволюцияның  көрсеткіші болып табылады.  Сондықтан қазіргі адамның эволюциясында мәдириет шешуші рөл атқарады деп сенімді түрде айтуға болады, өйткені көптеген елдерде саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер адамдардың  тұрмыс жағдайларын жақсартып, денсаулығының нығаюына алып келді, ал бұл адамның табиғи сұрыпталу процесінен тәуелсіздігіне себепкер болды.  Егер жануарлар үшін табиғи  сұрыпталу эволюцияның  басты факторы болса, адам үшін оның рөлі- генофондыны (геннің қорын) сақтауда және денсаулыққа теріс әсер ететін мутациялық өзгерістерді болдырмауда ғана.

Табиғи сұрыпталу адамда негізінен ұрықтық клетка деңгейінде болады. Балалар негізінен генетикалық тұрғыдан денісау клеткалардан туады. Мұның дәлелін ата-аналардың жыныстық клеткаларының ірі генетекалық бұзылысқа ұшырауы салдарынан көп жағдайда ұрықтанған тұқым клеткалары даму басталған алғашқы кезде-ақ өліп кететін фактілерінен көруге болады.

Адамның әлеуметтік бейнесінің өзгеруімен бірге оның биологиялық табиғатыда, сырт кейпі де, ақыл-ой қабілетіде өзгере ме? Денесі мен ақыл-ойы жағынан адамның жаңа ұрпағы бұрынғыларынан гөрі дамығандайә болама?- деген сұрақтар тууы мүмкін.

Алдымен дене құрылысы жағынан алып қарасақ, Homo sapiens түрінің даму тарихы барысында оның дене құрылымы мен денсаулығы айтарлықтай жақсарғаны анық: халықтың орташа өмір жасы өсті. Ертедегі дүние азаматтың орташа жасы 20-22жыл болған болса, XVIII ғасырда 30 жасқа деиін өсті. XIX ғасырдың аяғымен XX ғ. Басына қарай Батыс Еуропа елдерінде ортша жас шамамен 56 жылға жеткен болса, бүгін таңда 75-78 жасқа жетіп отыр. Ал социологиялық және медицинлық зерттеулерге қарағанда, қазіргі адамның “қалыпты ” орташа жасы 80-90 жыл болуы тиіс екен.

Тағы бір мысал. Социологиялық зерттеулерге сүйенсек, XX ғ. 50-60 жылдары өскен жастардың бойы 30-40 жылдарда өскен жастардың бойынан, орташа алғанда, 6-8 см. Ұзын, ал 80-90 жылдардағы жастардың бойы одан бұрынғы 60-70 жылдардағы жастардың бойынан 5-7 см-дей ұзын көрінеді. Бұл, әрине, ең алдымен әлеуметтік тұрмыс жағдайымен жақсаруының алдары деуге болады.

Енді адамзаттың ақыл-ой  қабілетінің дамуы туралы мәселні қарастырып көрелік. Евгеника (адамның тұқым қуалаушы денсаулығы және оны жақсарту туралы теория) деген ілімнің негізін салушылардың бірі, ағылшын психологантрополыгы Ф. Гальтон  қазіргі адамның ақыл-ойы барған сайын төмендейді деп сендіруге тырысады, өйткені дейді ол төменгі таптарының өкілдері ақыл-ой коэфицент көрсеткіші төмен ал олардың отбасы әдетте көп балалы болады, олай болса қоғамдағы адамдар саны негізінен төмен сол  еңбекші топтарының  балаларының есебінен өсетін болғандықтан, адамдардың ақыл-ой деңгейінің  төмендеуі де табиғи нәрсе деп қорытындылайды Ф. Гальтон. Бұл пікір XX ғ-ң 60-жылдарына басына қарай адамның  ақыл-ой коэфиценті  әлеуметтік жағдайы және  балаларының саны арасында тікелей тәуелділік бар деген пікір жалған деп мойындалды.

Қазіргі балалар бұрынғы ұрпақтан гөрі ақыл-ой жағынан дамығандай ма, қалай?- деген сұрақ бүгін таңда талас мәселе деп есептеледі. Кейбір зерттеушілер айтқандай, балалардың ақыл-ой дамуы бас миының эволюциялық дамуымен генетекалық байланысты деп пайымдауға негіз болатын мәлеметтер бүгін таңда жоқ. Туғанынан немесе жастайынан көру есту  мүмкіндіктерінен айырылып, қолмен ұстап көрүден басқа сыртқы дүниемен байланыс мүшелерінен жұрдай болған балалар алғашында  жануарлардың даму деңгейінде болды. Алайда, оқытудың  арнаулы жүйесін, әдісін қолданудың нәтижесінде олар ақыл-ойы дұрыс адамдардың қалпына келді, ал кейбіреулері МГУ-дың психология факультетін бітіріп шықты.

Сонымен бірге  ойлаудың басты органы болып табылатын  мидың эволюциясын растайтын мәлеметтерде  бүгін таңда жоқ. Мидың эволюциясының тоқтағанын тікелей негіздейтін дәлел болмағанымен, бірақ Homo sapiens  пайда болғаннан бергі  30-40 мың жыл ішінде  оның мөлшері өзгермей келе жатқаны жанама дәлел бола алады, ал оғандейінгі адам тектес маймылдардың эволюциясы кезінде олардың миы үнемі дамып, өсіп отврған болатын. Мысалы: австралопитектің миының мөлшері 500-600 см3  болған болса , питекантроптың миы 900см3  , синантроптардың миы 1000 см3 –ге дейін болады. Ал қазіргі адам миының орташа мөлшері ересектерде-1400см3 , әйелдерде-1270см3  . Сонымен қатар адамның жеке басының дарындылығы  оның миының мөлшеріне тікелей тәуелді бола бермейді.

Қазіргі заманғы биологтар мен антропологтардың пікірінше, адамның түр ретіндегі  биологиялық эволюциясы  Homo sapiens пайда болғаннан бері тоқтады деуге болады. Мұның дәлелі ретінде сол уақыттан бері  адам миының өзгермегендігін, оның морфологиялық өзгерісінің аяқталғанын келтірсе де болады. Бұған қарама-қарсы пікір айтуға жеткілікті негіз жоқ.

Сонымен антропогенез процесінің дамуы  адам түрінің қалыптасуының  аяқталуымен тоқтайды. Ал ол бұдан 30-40 мың жылдай бұрын болған. Сол уақыттан бастап адам эволюциясының шешуші факторы ретінде топтық сұрыпталудың әсері де тоқтайды. О сы кезден бастап эволюция әлеуметтік өмірмен байланысты іске асып, адамның болашағы мәдиниеттің деңгеіне тәуелді бола бастады. Эволюцияың негізін адамның ақыл-ойы және саналы іс-әрекеті құрады. Сондай-ақ адам мен қоғамның пайда болуына байланысты генетикалық информация адамның өмірінде жетекші маңызынан айырылып, оның орнына әлеуметтік инфомация келгенін атап айту қажет.

Адамзатты қандай болашақ күтіп тұр, яғни түрдің даму тұрғысынан қарағанда, адамзаттың болашағы қандай деген сұраққа кейде кейбіреулер геномның әлсіреуі салдарынан жануарлармен өсімдіктердің барлық түрлері біртіндеп өледі деген пікірді айтып жүр. Бірақ көпшілік ғалымдардың пікірінше, басты қауіп түрлердің қартаюында емес, биосфераның түрліше қалдықтармен барған сайын көп ластануында, радиациалану деңгейінің барған сайын өсуінде, экологиялық себептерінде болып отыр. Генетикалық ауытқуларының салдарынан кесел нәрестелердің  тууының көбеюі , ақыл-есі нашар адамдардың сананың артуы, генетикалық ауытқулар адамзаттың болашақ өміріне төніп басты қауіп-қатер ең алдымен біздің  ьәдени дамуымыздың төмендігінде екендігін көрсеткді.

 «Адам», «индивид», «тұлға», «даралық» ұғымы мен мүмкіндіктеріне  сипаттама беріп көрейік.

   Адам-жоғарғы психикалық қызметті арқасында меңгеру, жасау, өзгерту қабілетіне ие саналы биоәлеуметтік тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи дамудың жемісі әрі сол қо,амдық өмір жемісі болып табылатын сананы таратушы. Өзіндік сана-сезімі адам сана дамуының филогенездік, онтогенездік дамуының шыңы. Адамда: биологиялық,  психологиялық,  педагогикалық, әлеуметтік  сияқты құрылымдары бар. Ол құрылымдармен адам болмысы өлшенеді және олар  бір-бірімен өзара байланысты. Олар: адамның жеке басына тән қайталанбас ерекшеліктерінің болатыны; адам бойындағы кісілік (тұлғлық) қасиеттердің болатыны. Ол аға ұрпақ жасаған мәдениетті меңгеруде қалыптасады. Егер адам жас кезінде қоғамнан тыс қалса, онда оның санасы, тілі, ойлауы, және вертикалда аяқ алысып болмайды. Адам әр түрлі еңбек және түрлі формадағы қоғамдық  іс-әрекетке қатысу арқылы адамзатта қалыптасқан қасиеттерді ол өзінде өзіне тән адамдық қабілетерді дамытады. . Адам түсінігі  көп жоспарлы. Адам қоғамда өмір сүреді. Ал адам бос өмір сүруі ешбір мүмкін емес. Оның тәні де жаны да айналасындағылармен қарым қатынас жасау үстінде тек әлеументтік әсер жағдайында ғана кісілік мәнге ие болады. Адамның санасының дамып, өсуі тікелей өзінің өмір сүріп отырған ортасына байланысты. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін: әлеументтік жағдайын білу керек; оның қандай ортаның өкілі екенін айыру; оның көзқарасы мен наным- сенімін бағыт- бағдарын білімі мен тәжірибесіне икем биімділігін анықтау керек. Міне, тек осы айтылғандардан кейін ғана, нақты мәліметтерден соң сол адам туралы пікір білдіруге мүмкіндік туады. Психология адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат тұтады.

   Индивид (жеке адам)-тұқымқуалаушылық қасиеттердің жалпы генотипін тасымалдаушы, биоәлеуметтік тіршілік иесі. Адам дүниеге келгенде индивид болып туылады. Ол қоғамдық қатынастардың объектісі, әрі субъектісі.  Қатынастар ықпалын сезіну мен бірге қатысушы, әрі оны терең бойлаушы. З.Фрейд  ілімі бойынша, үнемі қоғам ішінде болып оның ықпалын сезінуші, әрі оған қарсы тұрушы биологиялық тұйық жан.

   Тұлға-адамның қоғамдық санасы мен мінез-құлықты, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеруде қалыптасқан адамның әлеуметтік-психологиялық мәні. Тұлға қоғамдық қатынасты обьектісі мен жемісі ғана емес, сонымен бірге іс-әрекет, қатынас, сана, өзіндік сананың белсенді субьектісі. Тұлға болып туылмайды, ол әлеуметтік, мәдени даму нәтижесінде туындайды. Тұлға мақсатқа талпынушы ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі ұйымдастыратын жүйе. Оның зейіні мен іс-әрекетінің обьектісі: сыртқы орта мен  өзінің «Мендік» сезім болады. Осыған байланысты өзін -өзі реттеу, өзін-өзі ұстай білу, қабілеті мен қасиет көрсетеді. Тұлға болу дегеніміз-белсенді түрде өмірлік позицясы бар және ішкі қажеттілікке байланысты таңдау жасай білу, келген шешімінің зардабын бағалау және өзі қоғамның алдында жауап беру, үнемі өзін-өзі және өзгелерді құруға түрлі әдіс, тәсілдерді меңгеріп өз мінез құлқын реттеуші.

Тұлғалық қасиеттер үш дәрежеде болады:

1. Әрбір адам ең алдымен адамзат қауымының мүшесі ретінде шыққан нәсілінен, ұлтынан, туысынан, туған жерінен тәуелсіз есті адамның барлық өкілдеріне ортақ жалпы қасиеттерді иелену. Олардың қатарына: қуану, қайыру, болжамдық, елді сүю, арамдық –зұлымдарға, әділетсіздіктерге, әділеттікке және т.б. көптеген рухани-психологиялық қасиеттер жатды.

2. Әр адамның физикалық ерекшеліктерінен жоғары жүйке жүйесінің қызметінен туындайтын және тек өз басына тән психологиялық өзгешеліктер. Бұлар, оның мінез-құлықында, сезім көрінісінде, темперментінде, қимыл мен жүріс тұрысында, сөйлеу ерекшелігінде, сыртқы әсерлерге қайтаратын жауаптарында, басқа адамдармен қарым-қатынсында т.б. тіршілік әрекеттерінде байқалады. Осы қайталанбайтын ерекшеліктерінің арқасында әр адамның басқаларға ұқсамайтын өзіндік қырлары туады. Бұл қырларының негізгі физиологиялық ерекшеліктерінде жатқанмен оған әрине өмір сүру ортасының да қатысы бар.

3. Адам белгілі бір елде, рухани дәстүрде белгілі дәрежеде жеткен материалдық және рухани мәдениет жемістерін сусындап өседі. Сол дәуірдің тарихи ортаның жемісі осының бәрі адамның жан-дүниесінде өзінің ізін қалдырады.

   Тұлғаны анықтайтындар қатарыны: нені және қалай білетіндігі, нені және оны қалай бағатыны, нені және оны қалай жандандырады, кіммен және қалай қатынас жасайтыны, оның көркемдік қажеттілігі жән оны қалай қанағаттандыратындығына байланысты.

Ең негізгісі өзінің әрекетіне, шешіміне, тағдырына деген жауапкершілігіне сай өлшемі тұлғаны толық көрсетеді.

Даралық - түрлі тәжірибе, білім, пікір, сенім, мінез-құлық, темпераменттермен  көрініс береді. Даралық негізгі параметрлері: себеп, темперамент,  қабілет,  мінез.

Эмоциялық, белсенділік темпераменттің екінші функциясы. Белсенділік пен өзін-өзі реттеу қабілетінің сипаттамасы. Даралықта-тұлға мен организм бірлікте қарастырылады.

Адам  мүмкіндіктері. Адамның 5 түрлі мүмкіндіктері бар. Олар: гнесологиялық, аксиологиялық, шығармашылық, комуникативті, Көркемдік мүмкіндіктер.

1.Гнесеологиялық (танымдық) мүмкіндік алынған мәліметің көлемі, сапасымен өлшенеді. Бұл мәліметтер сыртқы ортаға қатысты оның табиғи және әлеуметтік жағдайына және өзіндік танымына байланысты жинақталады.

2.Аксиологиялық (құндылық) мүмкіндіктер- тұлғаның әлеуметтану процесінде болатын адамгершілік, саяси, діни, эстетикалық бағыттарға қатысты құндылықтар жүйесіндегі мақсатқа талпыну мен көзқарастарына байланысты туындайды. Бұлар психологиялық және идеологиялық жағдайлар бірлігінде болып, тұлғаның санасы мен өзіндік санасының эмоциональдық-еріктік, интелектуальдық механизмдерінің анықталуымен және өмірлік дүние танымының, көзқарасының, талпынушылығының ашылуымен болады.

3.Шағармашылық мүмкіндіктер-өз бетінше анықталған білігі мен дағдысы, продуктивті және репрокуктивті, құру жасау немесе бұзудағы әрекеттік қабілетімен, оларды орындаудағы еңбек жемісімен көрінеді.

4.Коммуникативтті мүмкіндіктер-басқа адамдармен байланысқа түсу формасы, өлшемімен белгіленеді. Тұлғааралық қарым-қатынас әлеуметтік рольдер жүйесінде көрініс береді.

5.Көркемдік мүмкіндіктер-көркемдік қажеттіліктің деңейі, мазмұны, үдемелі және оны қанағаттандыруымен белгіленеді. Тұлғаның көркемдік белсенділігі шығармашылықта, кәсіпте, өзіндік  іс-әрекеті мен өнер туындыларын пайдалануда ашыла түседі.

Тұлғаның шығармашылық ізденісі

Қазіргі кездегі өміріміздегі таң қанарлық есті шығарлық өзгерістердің болуына адамның тұлғалы назарын тыс қалады.Әлеуметтік проблеманы туындауы мен оны шешуге байланысты күнделікті түрлі жүйелер өрістету мен ұйымдастырлар болып жатады, дегенмен барлық осы проблема мен шешімдердің негізі адам тұлғасы екенін естен шығарып жатамыз.Әлеуметтік «тар» құбылыстың тереңуіне  байлай отырып, одан тәжірибелік олжа табуға қабілетті, бірақ адам тұлғалығы осы тордың ұялары арқылы жеңіс түсіп қалып отыр.Қоғам дамуы бір жағынан, оның жүгенсіз мүмкіндіктері екенші жағынн, оның үкіметінің орталықтандырылуы тұлға жауапкершілігінің төмендеуіне әкеледі.Соның нәтижесінде сенімсіздікпен қараушылық пайда болды.

ХХ ғасырдағы ғылыми және техникалық жетістіктер адамға жеңілдік әкелгенімен қоса бақытсыздықтыда ала келді.

Мысалы, дүкен сатушысының шынай кучсісімен гөрі шаттана тұрған кедей-шаруа жағдайы сізді таңдалдырады.Англияның белгілі актері Рекс Харрисонды дүние жүзінде ең мемлекет тұйық болып көрінсе, ал ең кедей –қайыршы индияның халқы ашықта, мейрімділігіне таң қалған.

Тұлғаның шығармашылық ізденісі

Өндірістік және техникалық революция арқылы ХХ ғасыр адам баласына көптеген пайда әкеледі, адам байыды, дегенмен адамның шығырмашылық сұранысын қанатағаттандыра алмады десе болады.Адам өзінің энергетикалық, ойлағыштық және шығармашылық қабілетін дамытпаса, адам өмірінің мәні жоғалады, оның тұлғалық күш-мазмұндылық, айқындылық, мақсаттылық, мәнділігі жоғалады.

Тұлға күші дегеміз-бұл тағдырдың құбылмалылығын жеңіп шығу қабілеті кей жағдайларда өзі пайдалы үшін өзіне қатынасы біліктілігі

Қазіргі кезде адамның шығармашылық қабілетін шындыққа айналдыру үшін ресурстар мен технология жеткілікті Бізге тек ерік, қиям, мен мейірімділік керек.Адам өзінің дарындылығы қашан туатынын, қалай туындайтынын білмейді.Әрбір адам қоғам жақсы тұрмысы үшін өз үлесін қосады.

Әрбір адам осы өмірде белгілі бір миссиясы бар.Көптеген шешілмей қалған проблемалар өзінің қабілеті мен потенциялдық мүмкіндіктерін анықтай алмаушылық нәтижесімен туындайды.тек кейбір санаулы адамдар ғана өзінің өзі белгілеп қойылған нәрселермен айналысып және өз өмірінде соған сүйенеді.

Бұл адамдар бақытты және тұлғалық шығармашылық күшке ие болған адамдар.

Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық құрылымы.

    Тұлға құрылымын К.К.Платонов төрт құрылымшадан тұратынын белгіледі:

    1) Тұлға бағыты мен қатынасындағы құрылымша: ниет, қызығушылық, бейімділік, идеялары, көзқарас,  дүниетанымы, сенімі, құштарлығы жатады.

    2) Тұлғаның жеке әлеуметтік тәжірибесі. Оған адамның білімі, дағдысы, білігі мен әдеті жатады.

    3) Адамның психикалық процестердегі жеке ерекшелігіяғни, ес, қабылдау, түйсіну, ойлау, қабілеттерінің жеке көріністері.

    4) Құрылымшадағы биологиялық негізділіктұлғаның типологиялық,жас ерекшеліктік, жыныстық  өзгешеліктері енеді.

     Платонов пікірінше, құрылым құрылымшаларының өзіндік үлес салмақтары бар. Биологиялық,психологиялық процесс,әлеуметтік тәжірибе сияқты үш құрылымша жалпы психологияға топталған,тек бағыттылық қана әлеуметтік психология үлесіне қалған.

А.Н.Сухов, А.А. Деркач тұлғаның әлеуметтік-психологиялық құрылымына мыналарды, жатқызды:

  • ментальдық, құнды-мәнділік өрісі, себептілік өрісі (бағыттылық, өмірлік мақсат, жоспар, өмірлік жол);
  • когнитивтік сипат (әлем суреті);
  •  «Мен сипаты» («Мен» тұжырымы», «Мен – образы», өзіне қатынасы, өзін бағалауы);
  • тексеру локусы;
  •  тұлғаның статусты-рольдік сипаты;
  •  тұлғаның эмоциональді психикалық күйі мен әлеуметтік сезімі.

Осылардың кейбірін ғана қарастырайық.

   «Мен» - бұл тіл мен ойлау негізінде қарым-қатынаста қалыптасумен болатын тұлғаның өзіндік санасы.

   «Мен-образ» - біздің өзіміз туралы біліміміз, өзіміз туралы не ойлайтынымыз.

    Өзіндік баға саналы сипатында өзін-өзі сыйлау формасы болады. Өзіндік баға шындыққа сай болғанда «Мен-образ» өзін-өзі бекіту мен өзіндік жетілуге жақын болады. Имидж – бұл «Мен-сырты»: адамның өзін сыртқа көрсетуі, айналасындағыларға қандай әсер қалдыруы.

  Тексеру локусын (латынша Lokus – орын) американ ғалымы Д.Роттер ұсынған. Мұны түсінудің екі типі бар. Олар:интернальді және экстремальді .Интернальді типтегі адам өз ісінің нәтижесі жеке сапалығы: жетік білушілік, мақсатқа талпынушылық, жеке қабілеттілікке байланыстылығына сенімд. Экстремальді типтегілержеңісі (сәтсіздігі) сыртқы күш көмегі немесе айналадағылардың қысымы деп есептейтіндер.

   Тексеру локусы ерекше жеке сипаттама болып табылады. Нәтижесінде адам әлеуметтік проблемаларды дұрыс құбылыс ретінде қарап, оған бейімделеді немесе керісінше де болады. Әлеуметтену мазмұнын бағалағанда, тұлғаның нақты жағдайға бейімделуімен емес, өркениет пен мәдениет, жалпы адамзаттық образбен өмір сүру сияқты әлемдік стандартпен қараған жөн.

Тұлғаның әлеуметтік психологиялық типологиясы.

   Американ психологы А.Маслоу өзінің «Мен» өзін жүзеге асыру `(самоактуализация) жөнінде» деген еңбегінде адамның өзгелерге қатынасы жөнінде былай деп жазған: «Өзгеге өзіңе қарағандай қара, ал екінші өзін айналаны қалай қабылдаса, өзгені солай қабылдайды».

   Американ ғалымы Э.Шостром А.Маслоудың бірінші типтегі адамын – актуализатор, екінші типті -  манипулятор деп атайды. Осы екі типті зерттей отырып, актуализатор типін - әділ, ашық, қызығушылығы тұрақты, өзіне сенімді десе; манипулятор типі – адамдармен қатынас жасағанда барынша бетпердешіл екі жүзді, өзгелерге немқұрайлықпен қарайтын және т.б. деп есептейді.

   Манипуляторларды салыстыра отырып, олардың арасындағы айырмашылықтарды өзіне және өзгелерге қатынасын, негізгісі күнделікті өмірдегі мінез көріністеріне байланыстыдеп көрсетеді. Э.Шостром манипулятордың сегіз түрін анықтайды:

  1. Диктатор (мінезінде ашық күшті мәнерге тән);
  2. Шүберек (таусылмайтын ойында беріліп ойнау сипаты тән);
  3. калькулятор(салқын, үнемшілдік тән);
  4. жабысқақ (қорғансыздықты имитациялау мен үнемі қорғанды қажет ету тән);
  5. бұзақы (айналасындағыларды өз қызығушылығына қарай террорлау тән);
  6. жақсы жігіт (өзін тақтада  деп ойнақтау тән);
  7. сот (жазалау позициясымен объектіге қатынасын манипуляциясын демонстрациялау тән);
  8. қорғаушы (өз мақсатына байланысты оларды қорғаушы рольін екі жүзділікте ойнау тән).

    Тұлғаны әлеуметтік-психологиялық талдауда Юнганың типологиясы: экстровертті және интровертті түрлері ерекше маңызға ие. Бұл типтерді толықтыру мақстында психикалық төрт процесті: ойлау, эмоция, түйсік, интуиция қатысымен төрт түрі ішінара бөлді. Оларды: ойлағыштық, эмоциональдық, түйсінушілік, интуитивтік тип деп төртке бөлді.

     Э.Шпрангер өмірлік құндылықтарына байланысты тұлғаның алты түрін:теориялық, экономикалық, эстетикалық, әлеуметтік, саяси, діни деп қарастырды.

     Американ психологы Хорни адамның басқа адамдармен қарым-қатынасына қарай тұлғаның үш типін қарастырды:

  1. Үйірсек тип;
  2. Агрессивті тип;
  3. Жатырқаушы тип.

 Үйірсек тип – сүйікті, сыйлы болу мен қамқорлықта болу үшін қарым-қатынасқа жоғарғы қажеттілікке ие және өзгелер бағасына «мені сүйер ме екен, маған қамқорлығы қандай болар екен?» деуші тип.                          

        Агрессивті тип - өзгелерге қатынасын мақсатқа жету құралы ретін құру тән. Мұндай адамдар үстем болуда қарсылықты қаламайды, өзге адамды «маған көмектесіп, пайдасы тиеді ме?» деген тұрғыдан ғана қарайды.

      Жатырқаушы типмұндай типтегі адамдар эмоциональді келеді. Олар топтық іс-әрекетке қатысқанды қаламайды, қарым-қатынасқа қауіппен, жамандықтан құтыла алмайсың деп өзгелермен қарым-қатынасын дистанцияда ұстауды қалайтындар. Егер біреумен кездесе қалса «мені жайыма қалдыра ма екен?» деген өзіне сұрақ қоятындар.

     Норакидзе адамның мінезі мен ішкі себептер сәйкестігіне қарай тұлғаны үш типке бөледі:

  1. Гормониялық тұлға;
  2. Конфликтілі,қайшылықты тұлға;
  3. Импульсивті тұлға.

    Гормониялық тұлға – мінезі мен ішкі мотивтері: ниет, моральдық принциптер, борыштық сезім, нақты мінездері арасында дау-дамайы жоқ, үйлесімді тұлға. Әлеуметті бағдарланған және адекватты.

    Конфликтілі, қайшылықты тұлғамінезі мен себептер арасында қайшылығы бар, ниетіне іс-әрекеті, іс-әрекетіне ниеті үйлеспейтін адам.

    Импульсивті тұлғатек өз ниетіне байланысты ғана әрекет ететін, егер ниеті болмаса, іштей әсер етуге лайықты. Мұндай адамдар екі жүзділікпен өзін боямалап, іскер, ымырашыл, дербес етіп көрсетуі де мүмкін.

 Әлеуметтенудің әлеуметтік психологиялық аспектісі.

     Әлеуметтік психологияда әлеуметтенудің қысаң және кең түсіндіру тұрғылары қалыптасқан. Б.Д.Парыгин пікірінше,әлеуметтенуді қысаң түрде түсіну – бұл әлеуметтік ортаға ену,онда бейімделу; әлеуметтенуді кең түрде түсіну – филогенез,тарихи процесс.

   Әлеуметтенудің мазмұнына ұқсас басқа да түсініктер бар. Олар: «тәрбие» мен «адаптация».

    Тәрбие – стихиялы процесс,әлеметтену одан кеңірек.

    Адаптация бейімделу, әлеуметтенудің құрамдас бөлімі, механизмі іспеттес.

    Адаптацияның екі түрін: психофизиологиялық және әлеуметтік психологиялық деп ажыратуға болады.

   Әлеуметтік психологиялық адаптацияжаңа әлеуметтік ситуацияға енгендегі өзінің тұлғалық ролін меңгеруі. Әлеуметтік психологиялық адаптация нәтижесіне қарай позитивті, негативті болып, ал механизміне қарай ерікті ,еріксіз болып бөлінеді.

    Әлеуметтік психологиялық адаптация бірнеше кезеңде жойылады:

 а)танысу;

ә) рольдік бағдарлылық;

 б)өзіндік беку.

 Олай болса,әлеуметік-психологиялық адаптация әлеуметтенудегі нақты процесс.

      Адам әлеуметтену процесінде әлеуметтік нормаларды меңгеріп, әлеуметтік рөлдер, қоғамдық мінез дағдыларын пайдаланудың тәсілдерін үйренеді. Тұлға әлеуметтенуі тұлғаның әлеуметтік шындықты тануына негізделеді.

      Тұлға әлеуметтенуінің көзі болып табылатындар:

             1) сәбилік жастағы тәжірибесіпсихикалық функциялар мен мінездің элементарлық формасының қалыптасуы;

              2) әлеуметтік институттартәрбиелеу, оқыту мен білім беру жүйелері;

               3) қарым-қатынас пен іс-әрекет процесінде адамдардың өзара әсері.

    Әрбір әлеуметтік роль өзі көптеген мінездің мәдени нормалары, ережелері, стереотиптерін ендіреді. Өмір сүру барысында әлеуметтік рольдің біреуін ғана емес, бірнешеуін немесе көптеген әлеуметтік рольдерді жастық және қызметтік баспалдаққа байланысты меңгеруге тура келеді.

       Әлеуметтену мазмұнына қарай екі жақты процесс. Бір жағында әлеуметтік тарихи тәжірибелер, символдар, құндылықтар, нормалар жатыр. Екінші жағында оны индивидтің меңгеру, интериоризациясы жатыр.  

    Интериоризация – бұл қоғамдық өмір сыртқы формасындағы процестердің сананың ішкі процесіне ауысуымен:талдап қорыту, вербалдану, ары қарай даму қабілеті.

    Мен-құрылымы әлеуметтік хабарларды қалай өңдейтінімізге қатты әсер етеді. Бұл  өзімізді және өзгелерді қалай қабылдауымыз жадымызды  сақтауымыз және оларды бағалауға ықпал  етеді. Егер студент  болу  Мен –тұжырымның орталық бөлігі болып есептелінсе, онда біз «студенттік» дағдыларды меңгереміз. Кезеңге тән білім, білікті өзімізде және өзгелердегі деңгейін белгілеп, байқаймыз, бағалаймыз. Біз өз кезегінде студенттік өмірге байланысты барлық жаңалықтар  мен хабарларды жинақтап отырамыз. Яғни, бұл біздің  Мен-құрылымға сол уақыттағы мұратына лайық келеді. Мен –құрылымы мынадай өзіне  тән қасиетерді жинақтайды.

  1. Өзіне деген сенімнің болуы;
  2. Өзіне тән қатысты хабарларды ұйымдастыру  және оны ауысып  отыруға бағыттау;

Мен–құрылымы өзіне қатысты хабарлар мен тәжірибелерді жинақтап, реттеп отыруды Осы тұрғыдан келгенде кітапханашының кталогтарды жинақтауына және қайта реттеп отырушы ретіндегі қызметіне теңейді. Дьюннің психикалық ондық жүйесі ретінде  қарастырға  болады.

Сервантес «Назидательные новелла» атты еңбегінде адам-шыны ол мөлдір, нәзік, әрі оның   құрылымынан дүниені тануға балады деп көрсетеді.

Шындығына келгенде адам күрделі жаратылыс иесі.Бірақ сіз-бірегейсіз, жаратылыс иесі.Бірақ сіз-бірегейсіз, өзіңіз сияқты, өзіңізді кейбір жақтатарыңыздың ұқсастығы бар адамдарды кездестіресіз.Соған қарамастан нақ өзіңіздей адамның бұрын және болашақтада қайталанбайтынына сенімдісіз.Сондықтан, әр адамның қайталанбас, өзгеше  «Мен»-бейнесі бар. Әрқайсымыз «Мен» сөзін түрліше толықтырамыз «Мен кіммін деген сұраққа берген жауабыңыз Мен –тұжырымын »құрайды.

«Мен» тұжырымы бірнеше элементтерден жинақталған Соның бірі «Мен»-құрылымы Мен –құрылымы –бұл, біздің өз өмірімізді ұйымдастырудағы психикалық модел болып табылады.

1.Адамды белігілі бір жынысы, күйші, скульптар т.б. өзіне сай қызығушылығы бар жан ретінде сезінеді.

3.Өз мұратына лайық белгілі бір кәсіп иесі оқушы, студент, аспирант, ізденуші, малшы, кәсіпкер,мойындайды.

Мен-құрылымы әр адамда әртүрлі  болады. Ол негізінен сол адамның Мінез құру бағытына тікелей байланысты болып келеді. Мен бейнесі бір ситуациядан екенші бір, ситуацияға өзгеріп отырады.Мысалы жолдасымен беріліп ойнап отырады да, екінші біреумен әңгімелеседі.

Мен-бейнесі үнемі өзгеріс үстінде болады және сол бір бейне екі рет туындамайды және одан өзін айқын байқап отырады.Өз бойымыздағы ерекшеліктерді, айырқша қасиеттер жиынтығын яғни, өзімізді өзіміз бағалаймыз.Өзіміздегі «Менге »баға беріп сынаймызМіне, бұл да «Мен» тұжырымының элементтерінің біріне жатады. Мұны «Өзім сүйнетін нәтиже » деген атпен аламын.Адам өзіне өзінің берген бағасымен жектелмейді.Өзіне өзінің берген бағасының қандай деңгейде екенін анықтап білу үшін, айналасындағы адамдардың өзіне берген бағасымен салыстырып көреді.Ол мына, схемадағыдай болып шығады.

Айналадағылардың бағасы

Өз бағамыз

Жаспақ

Мақтаншақ

Бөспе

Азамат

 

Адам өзінің өзгешілігі, мен бағасының нақтылығын болжауға байланысты және дұрыс бағдар түзуге талаптанып, әрдайым салыстырмалы түрде, өзгерлердің бағасына да бағынышты болады.Егер өзгенің өзіне берген бағасы дәл кейін жатса «Азаматтық  келбетінің дұрыс қалыптасып келе жатқанын бабы қойлады.»

Психолог Б.С. Мерия өзіне-өзі тең екенін білу анықтамасы деп есептейді.

Өзім сүйнетін нәтиже бойынша өз ісі мен қылығына да баға береді.

Кемістігіне баға беріп, сәтсіздіктеріне мән беріп, өзіне талдау жасайды.

Әрекет үстінде өзін әрдайым бақылап одан қорытынжы шығаруға талпынып отырады.

Міне, бұның барлығы мен –көрсеткіші болып есептелінеді. Мен –көрсеткішінде сіз өзіңізге тән даралық ерекшелігіңізді хабарладыңыз Ол мен –адаммын, Мен-жоғарымын, Мен-көпшілмін

Топтық және әлеуметтік байланысқа орай «Мен мұсылманмын», Мен –Қазақстанпын деген белгілейсіз.

Егер біз Батыс мәдениетінің психологиясына жүгіртер мүмкіндігін, өзіне дұрыс бағалай  білген адамды –ең өміршең, ең бай деп есептейді Осыған орай өзгені сүймес бұрын өзіңді сүй деген қағиданы қатты насихаттайды.

Батыс әдебиеті «Илиададан» Гекльберр Финн ғажайыптарына дейінгі адам ең алдыменөзінің күйшіне сүйену дерек деп түсіндіреді.

Мен –тұжырымы тек өзіне сену өзіне баға беру мен сондай-ақ мен-мүмкіндігінде қарастырады. Мен-мүмкіндігінде қарастырады. Мен-мүмкіндігінде адам арманым тұратын қамтиды. Хейзел Маркус «Мен –мүмкіндігі сан қырлы деп көрсетеді».Мен-бақуаттымын мен сүйіктімін, Мен толықпын, Мен данышпанмын деген сияқты жақсы шығындарға мен қосу яғни қара-қармы сен –кедеймін.Мен-жұмыссыздан дағымыз келмейтін қасиеттерді көрсетуімізге тура келеді.Мен мүмкіндігі –біздің негізгі мақсатымызбен қалай өмір сүргіміз келетіндігін көрсететін талпысын көрсетіш.

Мен тұжырымының ең маңызды элементтерінің бірі-өзін-өзі силау

Өзіне деген жақсы қатынаста болу «Мен» - құрылымы мен «Мен» мүмкіндігіне жақсы әсер етеді.Өзін-өзі ашудың өзі екі түрлі жоғарғы және төменгі деңгейде болады деп көрсетеді. Кейт Даттон жоғары деңгейде –үнемі жақсы эмоция ал төменгіде-нашар эмоцияларлар ал төменгіде-нашар эмоциялар да, мұңды күйде болу кездеседі.Өзін-өзі терең силайтындар жаман көңіл-күйді болғанның өзінде, өз көңіл-күйін  көтеретін жақсы жағдайларды тарихбарды еске түсіріп, уақытша тап болған келеңсіздіктерде өзін-өзі басқара алады.

Өзін-өзі силау өзінің сезімі, қабілетін, еске түсіру, ойлау т.б. толық қамти отырып, таңбасын лайықты қалдырады.

Дегенмен мен индивидализмнің терең қарастырған проблемасы дегенмен адамдағы мен бірнәрсеге тәуелді екенін түйсінеді.От отбасы, туған туыс жора жолдасынан ұзақтаған индивид әлеуметтік байланысты үзеді.Бұл оның кім екенін дәлелдеуге құқығынан айырады.

Адамдардағы «Мен» көп қырлы мен және ата-анам, мен және туған-туысым, мен және қызметкер, мен және жолдас-жораңдар Сондықтанда олар бір біріне тәуелді және да ол сол арқылы мен қасиетін айқындайды.Оның құндылығы –мен көлемінің кеңдігімен емес, оның үйлесімді бірлікте болып бірін –бірі  бағалау, сүю, құрмет көрсетуінен көрінеді.Мына схемадан тәуелсіз және тәуелді мен –тұжырым көреміз.

Мен тұжырымы тәуелсіз және тәуелді

 

тәуелсіз

 Тәуелді

 

Дербес ерекшелікпен мақсаттарды анықтаудағы бірдеменің жеке болуы

Басқалармен байланыстылықты анықтаудағы бердеменің қоғамдық болуы

Мәні

Мен –менің

Жеке жетістігі пен табысы

Біз-топтық мақсат пен ынтақтастық біздің қоғамдық міндеттеріміз бен өзара қатынас

Мақұлданбау

 конформизм

эготизм

Көрнекі ұран

 Өзіңе өзің сенімді бол

Бізде ешкем адал емес

Мен тұжырымын қуаттайтын мәдениет

Батыстың индивидуалистігі

Азияның ұжымдығы мен әлемнің үшінші мемлекеттері

Мен сезімі біздің ойымыз бен іс-әрекетімізді ұйымдастыруға көмек береді.Өзімізге қатысты мәліметтерді біз жақсы өңдеп, есте сақтаймыз.Мен-тұжырымының мен –құрылым элементі хабарларды өңдеуге басшылық жасаса «Өзім сүйенетін нәтиже » өзін бағалай білуге үйретеді, ал мен –мүмкіндігі арманымыз бен мұратымыз немесе өзіміз қорғатын нәрселерді дұрыс шешуге ықпал етеді.Өзін-өзі силау өзінің құндылығын сезінуге көмек беріп, ерекшеліктер мен қателікттерді бағалауға көмек береді.

Адамдар өзінің мен –тұжырымымен ерекшеленеді. Ол тек мемлекет ерекшеленеді. Ол тек мемлекет  ішінде емес, өзге мемлекеттердің мәдениетіндегі түрліліктер байқалады.Тәуелсіз және өзара тәуелді бір-біріне қарама-қарсы мәдениет ерекшеліктерінен де әлеуметтік мінез-құлық өзгешелігін көруге болады.

 

 Тұлғаның әлеуметтену процесінің ең маңызды кезеңі сәбилік шақ болса, бұл кезеңде өзінің әлеуметтік орнын іздеуге көмектесу. Оның негізгі тіректері:

1)өзінің «Мен» мәнін түсіну; 

2)өзінің «Менін» жете түсіну.

      Өзінің «Менін» жете түсіну мен мәнін түсінумен олардың дербестігі, «Мен - образы» қалыптасады.

       Өзінің «Менін» жете түсіну2-5 жас аралығында, сәбилік кезеңде жүзеге асады. Жүру, сөйлеу, ойлаудың дамуы, тану, еңбек, сурет салу т.б. күрделі іс-әрекеттерді меңгеру дағдыларымен көрінеді және оларды мектептің орта және жоғарғы балалық шағында өзінің «Менін» жете түсінуі негізгі кезеңі болады.     

    Өзінің «Мен» мәнін түсіну – бұл процесс орта балалық шақта пайда болады және өзіне баға беруі «өзге» адамның «Менін» салыстыру негізінде жүзеге асады. Осы процесс барысында жақсылық, жамандық, өмірдің мақсаты мен мәні, рухани-адамгершілік, дүниетанымдық ұстаным туралы түсініктері қалыптасады. Сондықтан, бұл процесс тұлғалық құндылықтық өзегінің қалыптасуы.

    Әлеуметтену процесінде анықталатындар: мазмұны, кеңдігі, әлеуметтену механизмі, әлеуметтік институттар, факторлар мен кезеңдері.

    Әлеуметтену мазмұнытұлға әлеуметтік және мәдени «дәзір» ретінде нені ұсынады және әлеуметтену процесінде индивидтің қандай әлемді суреттеу, мақсаттары, стереотиптері, құндылықтары қалыптасуымен  мәнді.

    Әлеуметтену мазмұнын екі жақты анықтауға болады. Біріншісі, барлық әлеуметтік құбылыстар: саяси бағдарлар мен доктрина, көпшілік ақпарат құралдары, мәдениет жиынтығы; екіншісі, индивидтің осының барлығына қатынасы. Ал бұл қатынас тұлғаның өзінің ерекшелігінен және сол тап болған әлеуметтік ситуацияға байланысты.

   «Тұлғаның әлеуметтік мазмұны мінезінен, әдет, еліктеуінен, көзқарасының қалыптасуынан көруге болады» - дейді Т.Шибутани.

    Демократиялық мемлекетте әлеуметтену мәнін «Мен» жүзеге асыру, тұлғалық мүмкіндігі мен сол  мүмкіндіктерінің ашылуымен қорытындыланады.

    Тоталитарлық мемлекетте барлығы керісінше болады. Мұндай жағдайда Э.Фроммның пікірінше, әлеуметтенудің мынадай, тәсілдері: мазохизм, садизм, деструкция, конформизм мүмкін болады.

      Мазохизм бағынуға талпыну, моральдық кемсіну. Садизмбасқа адамдарды өзіне жағдайына байланысты тәуелдендіру, олардың алдындағы өлшемсіз билігі мен қорыту арқылы үстемдігін құру. Деструкция - өзінің қауқарсыздығы арқсында айналадағы дүниені күйретумен көрінетін әлеуметтену тәсілі. Э.Фромм пікірінше, айналадағы дүниені күйрету, ол – қарсы тұрудағы жан кешті соңғы тәсілі. Конформизм - өзінің «Менін» қабылдамай, роботқа айналдыру.

     Г.Маркузе тұжырымдамасы бойынша, тоталитарлық қоғамдағы қатал жағдайға байланысты «біртекті» адам, «іштей бағытталған адам» (автоматты бағдарланған тұлға, автоматты конформды тұлға) қалыптасады.

   «Біртекті» адамға тән: ақиқатқа, мінездік және ағартушылық стереотипке сын көзбен қарамау, даралықтың жоқтығы, айлалы әрекетке шалдығу, консерватизм, дүниедегі көргенін бұрмалау(«Мен» үйлестіру,аса тұтынушылық бағдарлылықты). Тұлға әлеуметтік тәжірибені белгілі бір механизмдер арқылы меңгереді.

    Әлеуметтену механизмітолық тәжірибе арқылы тұлғаның рольдік тұжырым шеңберінде айналық «Мен» теориясы ашылады. Мұндай теория негізін американ әлеуметтік психологы Ч.Кулли салды. Ч.Кулли өзге тұлғалардай өзінің «Мен» айырмашылығын біртіндеп түсінуді зерттеуді мақсаты етіп қояды. Оның теориясындағы индивидтің әлеуметтенуінде шешуші рлльді алғашқы топтардағы (отбасы, балалар ұжымы, көрші қауым және т.б.) формалы емес, интимді, сенімді тұлғааралық қатынасты жатқызады. Мұнда ұжым мүшелерімен баланың тікелей және тығыз байланысы олардың санасында өзіндік психикалық реакцияны тудырады. Ч.Кулли баланың сана және өзіндік санасын қалытастыруда айналасын қоршаған алғашқы ұжымы – ата-анасы, достары, көршілері туралы пікірі мен түйсіктеріне ерекше мән береді. 

     Индивид үшін айналасындағылардың пікірі маңызды, әрі мәнді, соған еліктеуде индивидтің «Мен» сезімі дамиды. Мұны «айналық «Мен» деп атайды.

     Өзге адамдар – бала үшін айна, олармен үнемі қарым-қатынаста болумен оның өзіндік «Мені» қалыптасады, яғни «айналық «Мен» айналасындағы адамдармен индивидтің өзара әрекеттестік нәтижесінде қалыптасады.

     «Айналық «Мен» баланың өзіндік санасының маңызды элементі. Осының арқасында оның өзіндік бағалауы, өзіне айналадағылардың көзімен қарау білігі қалыптасады.

    Өзін қоршаған адамдардан өзін саналы белгілеуге үйретеді, мұнымен қоса, өзінің «Меніне» мақтанышы, құрметтеуі немесе керісінше кемсінуі жасалады.

     Алғашқы топтардағы әлеуметтік өзараәрекеттестіктің уақыт өткен сайын кеңеюі субъективтік «Мен» барынша тұрақталып, белгіленіп қалады. Соған байланысты индивид  айналасындағылардың талаптарына байланысты өзін-өзі тексеру сезімі жасалынады және ол әлеуметтік топ нормасы мен құндылықтарын меңгерумен байланысты болады.

     Ч.Кулли ұсынған тұжырымдаманың жағымды жағы оның адамның «Мен» қалыптасуын әлеуметтік топтардағы өзараәрекеттестік нәтижесі деп қарауында болды. Дегенмен, алғашқы топтардың мәнін индивидтің әлеуметтенуінде маңызды рольін абсолюттендіріп жібереді.

     Дж.Мид (1863-1931жж) Ч.Кулли сияқты индивидтің әлеуметтенуі әлеуметтік өзараәрекеттестікке айырықша мән береді. Бірақ, оның айырмашылығы өзараәрекеттестік кезіндегі символдар мен ым-ишара рольді барынша ашуға талпынады.

    Дж.Мид адам санасының ерекшелігі симолдарды пайдалану қабілеті мен оларға бара-барлықты талдап беруде деп білді. Американ ғалымының пікірінше, өзара түсіністік пен өзараәрекеттестікті келісілгендік балалық шақта өзгелер рольін өзіне қабылдай алуының қалыптасуынан деп түсіндіреді. Оның пікірінше, бұл қабілеттерді қалыптастыруда балалар ойынының маңызы зор. Ұжымдық ойынға ену өзіне белгілі бір рольді қабылдауды оятады, тәжірибе жинақтау барысы мен ересектену барысында ол ойын процесінде ойынға қатысушы адамдардың бірнеше рольін өзіне алады.

    Сонымен қоса, оның ақыл-парасаты мен өзіндік санасы дамиды. Бала әлеуметтік топтың нормалары мен құндылықтарын, талаптары мен өзіне деген мақсатын барынша кең меңгереді.

    Кемеліне келген «Мен» белгілеріне «өзгенің талдап, қорытылған» рольін өзіне қабылдаудағы индивид қабілеті. Мид оны ұжымдық талап пен мақсаттың сол индивидке қатысты талдап, қорытылған образы деп түсінді.

    Индивид әлеуметтік топтың мақсаты мен құндылығының белсенді мүшесі ретінде онда өзінің субъективті «Менін» саналы меңгеруімен тұлға ретінде қалыптасады. Сол кезеңнен бастап ұжымның басқа мүшелерімен бірдей топтың жалпы мәселелерін шешуге қатысып, топтың жалпы жұмысы мен қызығушылығына тұтастай бөлісе алады.

    Француз ғалымы Г.Тарда пікірінше, әлеуметтенуге мыналарды ендіреді:

1)еліктеу;

2)ұқсастыру;

 3)басқару.

  Дегенмен,бұл механизмдер барынша бай және әр түрлі. Тұлғаның әлеуметтенуі түрлі қарым-қатынас түрлері (көпшілік, топтық, тұлғааралық, іскерлік, формальды емес),көпшілік ақпараттық құралдар, мәдениет әсері арқылы жүзеге асады.

     Әлеуметтену мазмұны  әлеуметтік институттар, экономикалық ,қоамдық, соның ішінде отбасы, балалар мекемелері, мектептер ,формальды емес топтар, арнайы ұйымдар және т.б. сияқты негізгі параметрлерге де байланысты.

    Әлеуметтену тиімділігі оның адамгершілік, мәдени, экономикалық жағдайына негізделеді. Әлеуметтік институттардың тұлғаға әсер күші авторитеттік-референттікке байланысты. Дегенмен, басымдылық артықшылық отбасына беріледі. Отбасының тұлға әлеуметтенуіндегі рольі ерекше. Отбасынан тыс тәбиеленетін бала бейімсіздіктен, эмоциональдық контактінің бұзылуынан, топтық пара-парлықтан шаршайды.

    Әлеуметтену процесі дене, анатомиялық-физиологиялық, сенсорлық, эмоциональдық, танымдық және тұлғаның әлеуметтік дамуы сияқты белгілі бір циклдарға байланысты. Әлеуметтену кезеңін адамның түрлі өмір сүру кезеңінде болатын адам дамуы мен өзіне тән әлеуметтік ситуацияларымен түсіндіріледі.

 Әлеуметтену кезеңін анықтаудың түрлі тұрғылары бар. Әлеуметтік тұрғыда әлеуметтену үш сатыда болады деп бөледі. Олар:

  • еңбекке дейінгі,
  • еңбектегі,
  • еңбектен кейінгі.

    Әлеуметтену кезеңінде психоаналитикалық көзқарастарды ескерген жөн. Олар: әлеуметтенуді алғашқы, маргинальді, тұрақты, статусын жоғалтумен байланысты әлеуметтенулер.(зейнетке шыққаннан кейінгі жағдай).

     Әлеуметтенудің алғашқы кезеңібаланың әлеуметтенуі З.Фрейд пікірінше, бұл кезең мыналардан, тұрады:

    1) оральдық (туғаннан 2 жасқа дейін) бала әлемі тез  айналасына ғана шоғырланады;

    2) анальдық (2 жастан 3 жасқа дейін) бала гигиена дағдыларына үйретіледі. З.Фрейд пікірінше, бұл кезең адамның барынша кейінгі дамуын анықтайды;

    3)фаллигиялық (4 жастан 5 жасқа дейін). Алғаш рет қарсы жыныстық топтағы ата-аналарға симпатиясы пайда болады. З.Фрейд осы сезімге байланысты дау-дамайды,  ұл балалардағыны эдиптік комплекс, қыздардағы  электрлік деп аталады. Бұл кезеңді жақсы өткізгендер өздерін ата-аналарына ұқсатады.

   З.Фрейдтің пікірінше, негізгі тұлғалық сипаттар осы кезеңде қалыптасады.   Сондай-ақ, тұлғаның әлеуметтену процесіндегі бейсаналық рольін абсолюттендірмеу керек. Алғашқы әлеуметтену кезеңінде әлеуметтік рольдер мен ойындық іс-әрекеттерді тану мен меңгеру, күтуге жүйесіне байланысты туу мен беку, оны қанағаттандыру, оған ата-ана тарапынан болатын талап,онымен айналысу сипаттары шешуші мәнге ие.

    Маргинальды(аралық немесе псевдотұрақты) әлеуметтену жеткіншектің әлеуметтенуі. Жеткіншек жаста жыныстық жетілу болатыны мен оның ересек адам болғанға дейін жалғасатыны белгілі. Бұл кезең тұлғаның өзіндік беку, топтық ұқсастықпен, балалықтан жеткіншектікке ауысужасымен байланысты.

      Тұрақты әлеуметтенубелгілі бір жетістікке жету мен әлеуметтік және тұлғааралық рөлдер кең спектрін орындау үйлесімінде.

     Статусын жоғалтуға байланысты әеуметтенуадамның зейнетақы демалысымен байланысты және ол кезеңдегі жағдады ауыр сезінуі мен дезадаптациялануымен түсіндіріледі. Ең жақын адамдардың өмірден кетуі, өмірінің мәнін, организмінің қартаю процесінің кері айналмайтынын, жалғыздық пен қажетсіздікті сезіну ауыр күйзеліске әкеледі. Мұндай жағдайды немере, шөберелеріне сүйіспеншілікпен ауыстыруы оларға күш береді және әлі де қажеттілігін, өмірдің қайталануын сезінуге мүмкіндік береді.

    Әлеуметтенуді әдеттегі жеке процесс деп қарастырады. Әлеуметтенудің әдеттегілігі - әлеуметтік жағдайлармен және тап, нәсіл, этникалық, мәдени айырмашылықтармен байланысты.

     Әлеуметтенудің әдеттегі процесс болуы әдеттегі әлеуметтік немесе жас ерекшелік топөкілдеріне ұқсас өтілуі дегенді білдіреді. Жұмыс істемейтін және жұмысында елеулі жетістігі бар адамдардың әлеуметтенуінде айырмашылықтар бар. Қаңғыбас, биш, созылмалы ауру, мүгедек адам туралы да осыны айтуға болады. Эмиграттық өзге тіл, мәдениетіне адаптациялануы, аз ұлтты немесе ұлыстық өкілдері туралы да әлеуметтенуі жайында осыны айтуға болады.

     Әлеуметтену жеке процесс ретінде болуы сол тұлғаның өзіне тән ерекшеліктеріне орай туындайды (қабілеті, коммункабельдік, конформдық деңгейі, сыртқы келбеті, бара-бар жеке деңгейі),яғни өз қабілетін дамытуға талпынысы, өзінің өмірлік жолын бірегей деп жете түсінуі.

    Адам әлеуметтенуін осы процестің сыртқы және ішкі белгілеріне қарай сырттай демонстрациялауына болады.

   Тұлғаның әлеуметтену белгілеріне: әлеуметтік бірдейлік (топтық, жалпыадамзаттық), мақсат, стереотиптер, жалпы әлемдік құндылықтар мазмұнының қалыптасуы, өмір сүру образы, тұлғаның адаптациялануы, оның нормалы әдеттегі мінездері.

    Тұлғаның әлеуметтенуінің ең негізгі белгілеріне: тәуелсіздігі, сенімділігі, дербестігі, белсенділігі, комплекссіздігі, азаттық деңгейі жатады.

   Тұлға әлеуметтенуінің негізгі мақсатына: А.Маулоуша «қажеттілігін өзін жүзеге асыруын» қанағаттандыруы мен сол мақсатты дұрыс жүзеге асырудағы қабілеттің дамуы жатады. Олай болмаған жағдайда әлеуметтену процесі гуманистік мәнінен айырылып, психологиялық күштеу инструментіне айналады, мұндай жағдай тұлғаның өсуіне емес, өшуіне, «Меннің» жойылуына алып келеді.

     Тұлғаның әлеуметтенуінің әлеуметтік-психологиялық факторларын екі үлкен топқа бөлуге болады:

  1)Әлеуметтік - әлеуметтенудің әлеуметтік-мәдени аспектісінің бейнеленуі мен сол мәселенің тарихи, мәдени, этникалық ерекшелігінің қамтылуы.

  2)Жеке тұлғалықтұлғаның өмірлік жолын белгілейтін кезеңі.

    Отандық психология объективті көрсеткіштерді индивидтің әлеуметтік статусының өзгеруі, жаңа әлеуметтік рольдерді меңгеруімен бірге, субъективті, соның ішінде ұқсастықты да ескереді.  

     Ұқсастық (идентичность) – бұл басқа индивидтен бірегей дербес, жеке, жүзеге асуын сезінуі немесе басқа топтан топтық құндылықты пайдаланып, өзгешеленуі, бірегей топтың бөлшегі ретінде өзін сезінуі.

   Өмірлік цикл -  бұл әлеуметтік «Мен» сапалы кезеңінің қалыптасуы ретінде қарастырылатын адамның биограсындағы маңызды негізгі кезеңдері: мектепке дейінгі кезең, мектепте оқуы, студенттік өмірі, үйленуі, отандық борышты атқаруы, мамандық таңдауы, еңбекке орналасуы, зейнетке шығуы.

    Өмір сүрудің әрбір кезеңі өзара толықтырып тұратын екі процесс: деәлеуметтену(десоциализация) мен реәлеуметтену(ресоциализация) қоса жүреді.

    Деәлеуметтену(десоциализация)бұл ескі құндылық, норма, роль мен мінез тәртібінен арылу процесі.

   Реәлеуметтену(ресоциализация)бұл жаңа құндылық, норма, рольдер мен ескінің орнына мінездің жаңа ережелерін үйрену процесі.

   Аәлеуметтену(асоциализация) бұл қоғамға қарсы әлеуметтік норма, құндылыққа қарсы негативті роль, мақсат, мінез стереотиптерін меңгеруі, оны қоғамдық байланысында түрін өзгертіп, қоғамның тұрақтылығын бұзуда пайдалануымен түсіндіріледі.

   Әлеуметтенуден қалушылық - әлеуметтенудің әр кезеңіне қоғам белгілеген мінез образы нормаларын өз кезінде меңгермей, тұлғаның кешігіп позитивті меңгеруі.  

     Сонымен,әлеуметтену дегеніміз – бұл индивидтің әлеуметтік құндылықтар жүйесін иеленуі (интернализациялануы) мен әлеуметтік институттардың мақсатты ықпал ету жағдайында мінездің әлеуметтік адаптациялануы,тұлғаның түрлі өмірлік жағдайларда стихиялы ықпал ету жағдайы.

   Әлеуметтену сапасы мен сипаты сол қоғамның әлеуметтік мақсаттарына сай белгіленеді.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2013-05-01 14:54:20     Қаралды-39097

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »