UF

ЦИТОПЛАЗМА ЖӘНЕ ОНЫҢ ОРГАНОИДТАРЫ: ЭНДОПЛАЗМАЛЫҚ ТОР, МИТОХОНДРИЯЛАР МЕН ПЛАСТИДТЕР

 

Цитоплазма. Сыртқы ортадан плазмалық мембрана арқылы бөлінген цитоплазма клетканың қоймалжың ішкі ортасы болып табылады. Эукариоттық клеткалардың цитоплазмасында ядро және әртүрлі органоидтар болады. Ядро цитоплазманың орталық бөлігіне орналасады. Оның ішінде әртүрлі қосындылар - клетка әрекетінен шыққан өнімдер, вакуольдер, сондай-ақ клетка қаңқасын құрайтын әте жіңішке түтікшелер мен жіпшелер жинақталады. Цитоплазма негізгі заттарының құрамында белоктаркөбірек болады. Зат алмасудың негізгі процестері цитоплазмада өтеді, ол ядро мен бүкіл органоидтарды біртұтас етіп біріктіріп, олардың өзара әрекетін, клетка қызметін біртұтас тірі жүйе ретінде қамтамасыз етеді.

Сурет - Цитоплазмада орналасқан ядро мен эндоплазмалық тор учаскесінің электрондық микроскоп арқылы түсірілген фотосуреті

 

Эндоплазмалық тордын, каналдары мен едәуір үлкен қуыстары, сопақ пішінді митрохондриялар көрініп тұр. Сондай-ақ шұрықтанған ядро қабықшасын, ядро шырынын, ядрошықты да көруге болады. 20 000 есе үлкейтілген.

Эндоплазмалық тор. Цитоплазманың іші түгелдей ұсақ каналдар мен қуыстардан тұрады, олардың қабырғалары құрылымы жағынан плазмалық мембранаға ұқсас мембрана болып табылады. Бұл каналдар тармақталып, бір-бірімен байланысады да, эндоплазмалык, тор деп аталады.

Эндоплазмалық тордың құрылысы біртекті емес. Оның түйіршіктің және тегісекі типі болады. Түйіршікті тор каналдары мен қуыстарының мембраналарында көптеген ұсақ жұмыр денешіктер -рибосомалар орналасады, олар мембраналарды кедір бұдыр етігг тұрады. Тегіс эндоплазмалық тор мембранасының бетінде рибосомалар болмайды.

Эндоплазмалық тор алуан түрлі қызмет атқарады. Түйіршікті эндоплазмалық тордың негізгі атқаратын қызметі - белокты синтездеуге қатысатындығы, ол рибосомада іске асады.

Тегіс эндоплазмалық тордың мембраналарында липидтер мен көмірсулар синтезделеді. Бұл синтез өнімдерінің барлығы каналдар мен қуыстарға жиналады да, одан клетканың әртүрлі органоидтарына жеткізіліп, сонда жұмсалады немесе цитоплазмадаклетка қосындылары ретінде жиналады. Эндоплазмалық тор клетканың негізгі органоидтарын өзара байланыстырып тұрады.

Сурет - Мембрана бетінде рибосомалар орналасқан (дөңгелектенген күңгірт денешіктер) түйіршікті эндоплазмалың тордың электрондық микроскоп арқылы түсірілген фотосуреті. 70 000 есе үлкейтілген

Сурет - Тегіс эндоплазмалық тор

 

Рибосомалар. Рибосомалар барлық организмдер клеткаларынан табылды. Олар диаметрі 15-20 нм болатын өте ұсақ, жұмыр пішінді денешіктер. Суретте  көрсетілгеніндей, әрбір рибосомалар мөлшері әртүрлі: үлкенді-кішілі екі бөлшектен құралады.

Бір клеткада бірнеше мыңдаған рибосомалар болады да олар түйіршікті эндоплазмалық тор мембраналарына орналасады немесе цитоплазма бос жатады.

Рибосомалардың құрамына белоктар және РНҚ кіреді.

Рибосомалардың қызметі - белокты синтездеу.

Белок синтезі - бір ғана рибосома емес, бірнеше ондаған рибосомалар тобын біріктіру арқылы жүзеге асатын күрделі процесс. Рибосомалардың мұндай тобы полисома деп аталады.

Синтезделген белоктар ең алдымен эндоплазмалық тордың каналдары мен қуыстарына жиналады да одан кейін клетканың түрлі учаскелері мен органоидтарына жеткізіліп, сол арада жұмсалады. Эндоплазмалық тор және оның мембраналарында орналасқан рибосомалар биосинтез бен белоктарды тасымалдайтын бірыңғай мүше болып саналады.

Митохондриялар. Жануарлар мен өсімдіктердің көгітеген клеткаларының цитоплазмасында өлшемдері 0,2-ден 7 мкм-ге дейін жететін ұсақ денешіктер - митохондриялар (грекше: «митос» - жігі, «хондрион» - дән түйіршік) болады.

Митохондриялар жарықтың көмегімен көрсететін микроскоп арқылы анық көрінеді. Оның жәрдемімен олардың пішінін, клеткада орналасуын көруге, тіпті оларды санауға да болады. Митохондрияның ішкі құрылысы электрондық микроскоптың көмегімен зерттелген. Бұл суреттен біз митохондрияның қабықшасы екі - сыртқы және ішкі мембранадан тұратынын көреміз. Сыртқы мембрана тегіс, онда ешқандай қатпарлар мен өсінділертүзілмейді. Оған керісінше, ішкі мембранада, митохондрияныц ішкі қуысына қарай бағытталған көптеген қатпарлар түзілген. Ішкі мембрананың қатпарлары кристалдар деп аталады (латынша: «криста» - тарақша, өсінді). Әртүрлі клеткалар митохондриясындағы кристалдардың саны түрліше. Олардың саны оннан жүзге дейін жетуі мүмкін және олар әсіресе белсенді қызмет атқаратын клеткалардың, мысалы, бұлшыкет клеткаларының митохондрияларында көп болады.

Негізгі атқаратын қызметі аденозинтрифосфрр қышқылын (АТФ) синтездеу болғандықтан, митохондриялар «күш беретін станция» деп аталады. Бұл қышқыл барлық организм клеткаларының митохондрияларында синтезделеді және ол клетка мен тұтас организмнің тіршілік әрекетін жүзеге асыруға қажетті универсалды энергия көзі болып саналады.

Сурет – Митохондри құрылысының схемасы

 

Жаңа митохондриялар клеткада бұрыннан бар екі митохондриялардың бөлінуі арқылы пайда болады.

Пластидтер. Барлық өсімдік клеткаларының цитоплазмасында пластидтер болады. Жануар клеткаларында пластидтер болмайды. Пластидтердің үш типі бар: жасыл - хлоропластар; қызыл, қызғылт сары және сары - хромопластар; түссіз - лейкопластар.

Хлоропластар. Бұл органоидтар өсімдіктер жапырақтары мен басқа да жасыл мүшелерінде, сондай-ақ әртүрлі балдырлар клеткаларында болады. Хлоропластардың мөлшері 4-6 мкм, оның пішіні көбінесе сопақ болып келеді. Жоғары сатылы өсімдіктердің бір клеткасында, әдетте, ондаған хлоропластар болады. Хлороплас түсінің жасыл болуы ондағы пигментке - хлорофилге байланысты. Хлоропласт - өсімдіктердің фотосинтез жүретін, яғни күннің жарық энергиясын пайдалану арқылы (көмірсулар) және бейорганикалық заттардан (ССБ мен НО) органикалық заттар түзілетін клеткалардың негізгі органоидтары.

Хлоропластардың құрылысы митохондрияларға ұқсас болады. Хлоропласты цитоплазмадан екі сыртқы және ішкі мембрана бөліп тұрады. Сыртқы мембрана - қыртыссыз және өсіндісіз тегіс, ал ішкісінде хлоропластың ішіне қарай бағытталатын көптеген қабат-қабат өсінділер болады. Сондықтан да хлоропластың ішінде көптеген мембрана шоғырланған, онда ерекше құрылым - граналар түзіледі. Олар бағаналап жиналған тиын тәрізді.

Грандар мембранасында хлорофилл молекулалары орналасады, сондықтан да мұнда фотосинтез жүреді. АТФ-та хлоропластарда синтезделеді. Хлоропластың ішкі мембраналарының аралығында ДНК, РНК және рибосомалар болады. Демек, митохондриялар тәрізді хлоропластарда да осы органоидтардың кызметіне кажетті белоктар синтезделеді. Хлоропластар бөліну арқылы көбейеді.

Хромопластар өсімдіктердің әртүрлі бөліктерінің: гүлінің, жемісінің, сабағы мен жапырақ клеткаларының цитоплазмасында болады. Гүл күлтесінің, жемістердің, күзгі жапырақтардың сары, қызғылт және қызыл реңді болуы хромопластарға байланысты.

Лейкопластар - түссіз дене. Олар өсімдіктердің түссіз бөліктерінде, мысалы, сабақ, тамыр түйнек клеткаларының цитоплазмасында болады. Лейкопластардың пішіні алуан түрлі. Картоп түйнегінің лейкопластары ең көп тараған лейкопластарға мысал бола алады, оларға крахмал дәндері жиналады.

Хлоропластар, хромопластар және лейкопластар өзара бір-біріне ауыса алады. Мәселен күзде жапырақтардың түсі өзгергенде немесе жемістер піскен кездс хлоропластар хромопластарға, ал лейкопластар, мысалы, картогі, түйнегі көгергенде, хлоропластарға айнала алады.

Әдебиет: Жалпы биология. Алматы, 1991. -Б.36-38.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-11-09 17:13:10     Қаралды-4964

20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ

...

20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК

...

Snickers - жастар арасында ең танымал батончик

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮДЕРІ БҰЙЫМДАРДЫ ТАЗАЛАУ

...

Күдерден тігілген бұйымдарды қалай тазалауға болатын тәсіл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »