UF

ДАНИЯ (Danmark), Дания Корольдығы (Коngeriget Danmark) - Батыс Европадағы мемлекет. Ютланд түбегінің біраз бөлігін, Зеландия, Фюн, Лолланн, Фальстер, Мён, Борнхольм т. б. аралдарды алып жатыр. Данияға Фарер аралдары мен Гренланд аралы да қарайды. Жері 43 мың км2. Халқы 5,8 млн. (2020). Астанасы - Копенгаген. Әкімшілік жағынан 14 ауданға бөлінеді.

Мемлекеттік құрылысы. Дания - конституциялы монархия. Қазіргі конституциясы 1953 жылы 5 маусымда қабылданған.

Мемлекеттік басшысы - король. Ол жоғары өкімет билігін үкімет (министрлер кабинеті) арқылы жүзеге асырады. Заң шығаратын жоғарғы органы - бір палаталы парламент (фолькетинг), оны халық 4 жылға сайлайды. Парламенттің 179 мүшесі бар, бұлардың 135-і жалпыға бірдей сайлау правосы негізінде пропорционалды жүйе бойынша сайланады. 40 орын округтарда жеткілікті мөлшерде дауыс ала алмаған кандидаттарға беріледі. Фарер аралдары мен Гренландияның әрқайсысынан екі мүшеден сайланады. Сайлау правосы Данияда тұратын 21 жасқа толған еркектер мен әйелдерге беріледі. 19 мүшесі бар үкімет - министрлер кабинетін премьер-министр басқарады. Үкімет фолькетинг алдында жауапты. Сот жүйесі Жоғарғы сот, 2 төменгі инстанциялық сот және төменгі соттардан құралады.

Табиғаты. Дания Солтүстік және Балтық теңіздерімен жалғасып жатыр. Жері белесті жазық. Ең биік жері - Айер-Бавнехей тауы (172 м). Пайдалы қазындылары: каолин, тас және калий тұздары, қоңыр көмір. Климаты қоңыржай, теңіздік; қаңтардың орташа температурасы 0°-1°С, шілдеде 15°, 16° С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 100-800 мм. Тұман өте жиі болып тұрады. Ең үлкен өзені - Гудено (158 км). Шағын көлдер көп кездеседі. Жері күлгін, қоңыр топырақты, батпақты келеді. 10%-і орман.

Халқының 98%-і - даттар. Неміс, фарер, швед т. б. тұрады. Ресми тіл - дат тілі. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 114 адамнан; 70%-ке жуығы қалаларда тұрады. Ірі қалалары: Копенгаген, Орхус, Оденсе, Ольборг.

Тарихы. Дания жерін адам б. з. б. 12 мың жылдықта қоныстана бастады. Данияның ең ежелгі халқы аң, балық аулап күнелткен. Б. з. б. 1500 ж. ш. қола дәуірі басталып, Дания жері ерекше гүлденді. Бұл дәуірде халық негізінен жартылай көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданды, сауда айырбасы кеңінен дамыды. Б. з. б. соңғы ғасырлар мен б. з-дың басында Дания жерін мекендеген герман тайпаларында отырықшы егіншілік 1-орын алды. 3-4 ғасырларда тайпалар өзара соқтығысып, герман тайпалары - юттар, герул, хауд т. б. қауымдарында рулық құрылыс бірте-бірте ыдырай бастады. 5 ғасырдың ортасында англдер мен юттар Британияға келе бастады, ал 5-6 ғасырда Дания жеріне дандар қоныс аударды да, 8 ғасырда Даниядағы басым тайпаға айналды, юттар мен басқа тайпалардың қалдығы дандарға сіңісіп кетті. 8 ғасырдың аяғы, 9 ғасырдың басында Данияда ерікті қауым мүшелері - бондтар негізгі әлеуметтік топ болды, бірақ бұл уақытқа дейін Данияда алғашқы қауымдық құрылыс ыдыраудың соңғы сатысында болған еді. 10 ғасырда бір конунгінің (корольдық) өкімет билігі нығайып, дат жерлерін бір тұтас елге айналдыру процесі күшейді. 11 ғасырдың 1-жартысында дат корольдары Данияны, Норвегия мен Англияны өз билігіне біріктірді. Христиан діні тарап, феодалдық қатынастар қалыптаса бастады. 12 ғасырдың 60 жылдарынан 13 ғасырдың 20 жылдарына дейін даттар Балтық теңізінің славяндар (венд) мен германдар мекендеген жағалауын және Солтүстік Эстонияны басып алды. Маргарита Датская тұсында Кальмар униясы (1397-1523) бойынша Дания, Швеция, Норвегия, Исландия бірігіп, дат корольдарына бағынды. 1536 жылы корольдық лютеран реформациясы жүргізілді. 16 ғасырдың 1-жартысында Данияда абсолютизм орныға бастады, Балтық теңізінің жағасында үстем жағдайға ие болды. Отыз жылдық (1618-1648) соғыста Дания протестанттар жағында бірнеше ауыр жеңіліске ұшырап, Балтық теңізіндегі аралдар мен Оңтүстік Скандинавия түбегіндегі иеліктерінен айрылды. 1660 жылы Дания мұрагерлік монархиялы ел деп жарияланды; 1665 жылы король шығарған заң Данияның абсолюттік монархияға айналуын заң жүзінде баянды етті. Елді бір орталыққа бағындыру жөнінде бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Ақсүйектер енді баса-көктеп саяси үстемдік жасай алмайтын болды. Мемлекеттік қызмет орындарына қала азаматтары сословиесінен шыққан адамдар да алына бастады. Алайда, Дания бұрынғысынша басыбайлы адамдары бар дворяндардың мемлекеті болып қала берді. Үкіметтің сауда мен өнеркәсіп пайдасын көздеген жеке шаралары жеткіліксіз болды. 1800 жылы қаңтарда Данияда басыбайлылық толық жойылды. Басыбайлылықтың жойылуы деревняда капиталистік қатынастардың ене бастауына жол ашты. 19 ғасырдың басында деревняда таптық жіктеліс күшейді. Неғұрлым ауқатты шаруалардың бір бөлегі ерікті қожайындарға (гордмендерге), ал жерінен айрылған шаруалардың қалың көпшілігі оларға тәуелді батырақтарға (хусмендерге) айналды. Қалаларда байырғы бюргерлердің және ішінара дворяндардың қатарынан сауда және өнеркәсіп буржуазиясы шыға бастады.

18 ғасырдың аяғында Россиямен одақ жасалуына (1767-1773 жылдар шарттар жүйесі) және Балтикада бейбітшілік орнауына (1780-1801 жылдар қарулы бейтараптылық саясатын жүргізу) байланысты. Данияның сыртқы саяси жағдайы нығая түсті. Европа мемлекеттерімен және АҚШ-пен арадағы сыртқы сауда, сондай-ақ ауыл шаруашылығының агротехникасын жетілдіру және өнеркәсіптің біршама дамуы 18 ғасырдың аяғында Данияның ішкі экономикалық жағдайын нығайтты. Алайда Наполеон соғыстары Данияның экономикасын едәуір күйзелтті. Дания жеңіліске ұшырап, бірқатар жерінен (Гельголанд аралы, Норвегия т. б.) айрылып қалды. 19 ғасырдың 30-40 жылдары Франция мен Германиядағы буржуазия революциялардың ықпалымен Данияда сауда-өнеркәсіп буржуазиясының либералдық-оппозициялық қозғалысы өрістей бастады; қозғалыс корольдың билігіне шек қоятын конституция қабылдауды, сословиелік теңсіздіктің қалдықтарын, цехтық құрылымды жоюды, заң шығаратын жалпы ұлттық жиналыс шақыруды т. б. талап етті. Король Фредерик VІ (1808-1839) елдегі буржуазиялық қозғалыстың қысымымен кеңесші функциялары бар жалпы ұлттық сословиелік жиналысты шақыруға келісім беруге мәжбүр болды. 1849 жылы Маусым конституциясына сәйкес Дания шектелген монархиялы, екі палаталы парламенті (ригсдагы), төменгі палатаға (фолькетингіге) сайлау кезінде жалпыға бірдей сайлау правосы бар, бірақ бұрынғысынша үкіметі король алдында жауап беретін елге айналды. 1847 жылы тұңғыш темір жол салынды, 50 жылдары алғашқы жеке меншікті банкілер құрылды, елде сауда мен қолөнер кәсібіне еркіндік берілді. Данияда капиталистік қатынастар орныға бастады. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында дат капитализмі өз дамуының империалистік сатысына көшті. Дания рыногы өздері үшін ерекше жеңілдіктер берілген елдерге (мыс., Россияға) капитал шығара бастады. 1-дүние жүзілік соғыс кезінде Дания бейтарап болды. Солай бола тұрса да, Данияда жұмыссыздар саны көбейді, нақты жалақы 15% кеміді, ірі қалаларда тұрғын уй дағдарысы күшейді, тап күресі шиеленісе түсті. Алайда, жұмысшы табының саяси және әлеуметтік праволар жолындағы күресі стихиялы сипатта болды. Россиядағы Ұлы социалистік революциясы Дания жұмысшы қозғалысына күшті ықпал жасады. Жұмысшы табының 8 сағаттық жұмыс күнін енгізуді, жалақыны арттыруды т.б. талап еткен ереуіл қозғалысы өрістеді. Мұның өзі Дания С.-д. партиясындағы революциялық қанатты нығайтты, 1918 жылы сәуірде Данияның дербес Социалистік жұмысшы партиясы құрылды. 1924 жылы маусымда Дания мен Совет Одағы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1929-1933 жылдар болған дүние жүзілік әкономикалық дағдарыстың салдарынан Дания қатты күйзеліске ұшырады, 1933 жылы елде 200 мыңнан астам жұмыссыз адам болды. 1940 жылы сәуірде неміс-фашист әскерлері Данияны басып алды, сөйтіп, ол фашистік Германияның азық-түлік базасына айналды. Социал-демократтар Стаунинг (1940-1942) пен Вуль (1942), кейіннен радикал Скавениус (1942-1943) бастаған коалициялық үкіметтер оккупациялық өкімет орындарымен ынтымақ жасады. 1941 жылы 22 тамызда Дания Коммунистік партиясына тыйым салынды, 1941 жылы 22 маусымда Дания үкіметі СССР мен дипломатиялық қатынасын үзіп. Данияның «Антикоминтерндік шартқа» қосылатынын мәлімдеді. 1942 жылдың басынан Данияда астыртын Қарсыласу қозғалысы («Күресуші Д.») кеңінен өрістеді, бұл қозғалыс өзінің саясп құрамы жағынан әр тектес болды. Онда коммунистер басты тұлғаға айналды. Неміс басқыншыларына қарсы Қарсыласу қозғалысының кеңінен өрістеуі нәтижесінде 1943 жылы тамызда Дания үкіметі орнынан түсті. 1943 жылы құрылған Бостандық советі астыртын үкіметтің міндеттерін атқарды. 1943 жылы күзде Бостандық советі астыртын армия құруға кірісті, 1944 жылы оның қатарында 6200 адам, ал 1945 жылы сәуірде оның саны 43 мыңға жетті. Дат армиясы ағылшын қарулы күштерімен бірге 1945 жылы 5 мамырда неміс-фашист әскерлерін тізе бүктірді. Фашист әскерлері тек Борнхольм аралында ғана қалған еді, бұл аралды 1945 жылы 9 мамырда совет әскерлері азат етті. Соғыстан кейінгі кезеңде Данияда демократия мен реакцияның күштері арасында ішкі саяси күрес күшейе түсті. Қарсыласу қозғалысына халықтың қалың бұқарасының кеңінен қатысуы дат халқының саяси саналылығы мен белсенділігінің арта түсуіне ықпал жасады. Дания Коммунистік партиясының беделі өсті. Соғыс аяқталғаннан кейін, партия еңбекшілердің материалдық жағдайын жақсарту, демократиялық праволар жолындағы, елді саяси жағынан жаңғырту, бейтараптық саясат жүргізу, Данияның дербес және тәуелсіз дамуы жолындағы күреске басшылық етті. 1945 жылы Дания БҰҰ-ның мүшесі болды, 1945 жылы 16 мамырда СССР-мен дипломатиялық қатынасын қалпына келтірді. 1945 жылы 30 қазанда фолькетинг сайлауында Дания Коммунистік партиясы 255 мың дауыс алып, 18 мандатқа ие болды. Коммунистік партия беделінің өсуінен қорыққан социал-демократияның оңшыл көсемдері үкімет құру правосын Венстра партиясының жетекшісі К. Кристенсенге берді. 1949 жылы 4 сәуірде Дания Солтүстік атлантикалық одаққа (НАТО) кірді. 1950 жылы Дания мен АҚШ арасында «әскери көмек» туралы келісімге қол қойылды.

Соңғы жылдары Европада бейбітшілік күштерінің нығаюына байланысты. Дания С.-д. партиясының басшысы Е.О.Крагтың үкіметі сыртқы саясатта кейбір реалистік қадамдар жасай бастады. 1971 жылы СССР Министрлік Советінің Председателі А.Н.Косыгин Данияға ресми сапармен барып қайтты, екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстар нығая түсуде. Дания үкіметі Европада 2-дүние жүзілік соғыстан кейін болған өзгерістерді мойындап, социалистік елдермен қатынастарды нығайтуды жақтап отыр.

Саяси партиялары мен кәсіподақтары. Дания Социал-демократиялық партиясы (ДСДП) 1971 жылы құрылды.

Венстре - Дания либералдық партиясы - кулактың-помещиктік партия, 1870 жылы негізі қаланды. Консервативтік халық партиясы (КХП) 1915 жылы құрылды. Ірі финанс-өнеркәсіп буржуазиясының, помещиктердің, лауазымды дворяндардың мүддесін қорғайды. Радикалдың Венстре партиясы (РВП) 1905 жылы Венстре партиясының ыдырауы нәтижесінде құрылды. Қала мен деревня, ұсақ буржуазия және интеллигенцияның кейбір бөлігінің мүддесін көздейді. Социалистік халың партиясы (СХП) ДКП қатарынан 1958 жылы шығарылған. А. Ларсен бастаған бір топ ревизионистер 1959 жылы негізін қалады. Солшыл социалистер партиясы 1967 жылы СХП қатарынан шыққан «солшыл» топ құрды. Дания Коммунистік партиясы (ДКП) 1919 жылы негізі қаланды (1920 жылы өарашаға дейін Дания Солшыл социалистік партиясы деп аталып келді). Данияның алғашқы кәсіпшілер одағы 19 ғасырдың 70 жылдарында пайда болды. 1898 жылы Дания кәсіп-одақтарының Орталық бірлестігі құрылып, ол 1959 жылы мамыр айынан Бүкіл даниялық кәсіподақ ұйымы (БКҰ) болып аталды. 1971 жылы БКҰ жұмысшы және қызметшілердің 56 кәсіподағын біріктірді. 1945-1949 жылдар БКҰ Бүкіл дүние жүзілік кәсіподақ федерациясына, 1949 жылы Ерікті кәсіподақтардың халықаралық конфедерациясына кірді.

Ауыл шаруашылығының басты саласы - етті-сүтті мал шаруашылыгы. Сүт, май, ет өнімін жан басына шаққандағы келетін мөлшері жөнінен Дания капиталистік елдер арасында 2-орын (Жаңа Зеландиядан кейін) алады. 1970 жылғы мал саны (млн.): ірі қара 2,8 (оның ішінде сауын сиыр 1,2), шошқа 8,4, қой 0,9, жылқы 0,04, тауық 20. Ауыл шаруашылық жері 3 млн. га, оның 2,7 млн-ы егіс, оған арпа (1970 жылғы егістігі 1352 мың га, өнімі 4813 мың т), сұлы (184 мың га, 631 мың т), бидай (114 мың га, 512 мың т), қант қызылшасы (48 мың га, 1892 мың т), картоп (37 мың га, 1033 мың т) егі-

Экономикасы. Дания индустриялы-аграрлы ел. Жер қойнауы пайдалы қазындыларға өте кедей. Өнеркәсіп шикізаттың көбі шеттен өкелінеді, өзінде лигнит, каолин, тұз, бор ғана өндіріледі. Еңбек етуші халықтың 38%-і өнеркәсіпте жұмыс істейді және Дания ұлттық табысының 42%-ін өнеркәсіп береді. Оның басты салалары-металлургия және металл өңдеу (1969 жылы 207 мың тонна шойын балқытылды, 482 мың тонна болат, 7,5 мың тонна алюминий қорытылды), кеме жасау (Дания капиталистік елдер арасында 7- орын алады), тамақ (сүт, ет, қант, сыра, балық), химия (тыңайтқыш, лак- бояу, дәрі-дәрмек, мұнай айыру), жеңіл (мата, трикотаж тоқу, киім тігу), электротехника, радиоэлектронпка, керамика бұйымдарын шығару. Ағаш өңдеу, мебель жасау, полиграфия кәсіпорындары бар. Өнеркәсіп орталықтары - Копенгаген, Хельсингёр, Оденледі. Жылына 1,5 млн. тоннадай балық ауланады. Темір жолының ұзындығы 3,2 мың км, тас жолдары 8,5 мың км. Басты теңіз порты - Копенгаген. Экспортқа ауыл шаруашылық өнімдері (сары май, сыр, ет), кеме, ауыл шаруашылық машиналары, дәрі-дәрмек шығарады; басқа елдерден металл, отын, мұнай және оның өнімдері, ағаш, химия және мата тоқу өнеркәсібіне қажетті шикізат, азық-түлік сатып алынады. Сыртқы сауда серіктестері - Ұлыбритания, Батыс Германия, Швеция. Ақшасы - дат кроны.

Денсаулық сақтау ісі. 1970 жылы мәлімет бойынша әрбір 1000 адамға шаққанда баланың тууы 14,4, адамның өлімі 9,8, тірі туған әрбір 1000 баладан өлгені 15 (1969). Елде жүрек-қан тамыр аурулары, қатерлі ісік т. б. жұқпалы емес ауру көбірек тараған. Эпидемиялық аурулардан грипп, басқа сияқты аурулар жиі кездеседі. Сондай-ақ туберкулез ауруы да таралған. 1967 -1968 жылдар 47,2 мың төсектік 193 аурухана, оның ішінде 1,6 мың төсектік 17 аурухана жеке меншік қарамағында. 1968 жылы 6,9 мың дәрігер (705 адамға 1 дәрігер), 1,9 мың тіс дәрігері және 15,6 мың медсестралар мен акушерлер болды. Дәрігерлерді жоғары білім беретін 7 оқу орны дайындайды.

Оқу-ағарту ісі. Мектептерге жалпы басшылықты Оқу министрлігі жүргізеді. Оқу ақысыз, дегенмен жеке меншікті орта оқу орындары да бар. 1970 жылы мектепке дейінгі мекемелерде 20 875 бала тәрбиеленді. 1959-1960 оқу жылынан 7 жылдық халық мектебі оқудың міндетті сатысы болып есептеледі. 3 жылдық реалдық мектеп орта және арнаулы орта оқу орындарына, мұғалімдер семинариясына түсуге право береді. Гимназияда оқу мерзімі 3 жыл, оны бітірушілер жоғары оқу орындарына түсе алады. 1966-1967 оқу жылында халық мектептерінде 523 мыңнан астам, реалдық мектептерде 150 мың, гимназияларда 29,5 мың оқушы оқыды. Кәсіптік білім төменгі және орта арнаулы оқу орындарында (техника, сауда, ауыл шаруашылық т. б.) беріледі. 1967-1968 оқу жылында кәсіптік оқу орындарында 128,3 мың оқушы болды. Копенгагенде, Орхуста, Оденсте 3 университет бар. Ең ірі жогары оқу орындарына Дат әскери-техникалық мектебі мен Дат инженерлік академиясы жатады. 1969-1970 оқу жылында жоғары оқу орнында 60 мыңнан астам студент оқыды. Ірі кітапханалары: Копенгагендегі Ұлттық (корольдық), университеттік, Муниципалитеттік және Орхустегі мемлекеттік, университеттік кітапханалар. Басты музейлері: Копенгагендегі Ұлттық музей, Мемлекеттік көркемөнер музейі, Торвальдсен музейі, Карлсбергтің Жаңа глиптотекасы, 1940-1945 жылғы Қарсылық Қозғалысының музейі, Оденсте X.К.Андерсеннің музей-үйі, ашық «Фюн деревнясы» музейі, Орхустегі ашық «Ескі қала» музейі, Хиллеред қаласы жанындағы Фредериксборг (Ұлттық тарихи музей) сарайы.

Баспасөз, радиохабар, телевизиясы. Дания ның тұңғыш газеті «Данске Меркуриус» 1666 жылы шықты. 1970 жылы 52 орталық, 300-ге жуық жергілікті газет, 150-ге жуық журнал шықты. Басты газеттері: «Актуэльт» (1872-1959 жылдар «Сосиал-демократен» - деген атпен шығып тұрған) - Дания С.-д. партиясының орталық органы, «Берлингске тиденне» (1749) - консервативтік халық партиясының орталық органы, «Фюнс тиденне» (1872), «Политикен» (1884), Венстре радикал партиясының органы, «Ланд ог фольк» (1941) - ДКП орталық органы. «Тиден» (1939) журналы - ДКП органы. Дания информациялық агенттігі - Ритсаусбюро 1866 жылы құрылған.

Радио 1925 жылдан, телевизия 1951 жылдан жұмыс істейді. Радиохабары 3 программа бойынша, телевизия хабарлары 1 программа бойынша дат тілінде жүргізіледі.

Әдебиеті. Дания әдебиетінің шежіресі 9-11 ғасырлардан басталады. Феодализм дәуірінде туған алғашқы нұсқаларында діни және мифтік сипат басым болды. Оларда ежелгі Исландия, Дания сагалары мен эпостарының ықпалы мол. 12-14 ғасырларда елдің арғы-бергі өмірінен алынған тарихи-хроникалық шығармалар, халықтың әдет-ғұрпына, заңына қатысты еңбектер туды. 16 ғасырда кітап бастыру өнерінің өріс алуы Дания әдебиетінің дамуына жол ашты. Осы әдебиеттің атасы аталатын К. Педерсен (1480-1554) демократияшыл, жаңа әдебиеттің негізін қалады. 18 ғасырда елдің саяси экономикалық өсуімен байланысты Дания әдебиеті өзгерістерге ұшырайды. Дүние жүзі әдебиетіне соны сипат әкелген ағартушылық идеялар Дания әдебиетінде де кең орын алып, оның озық идеялық бағытта өркендеуіне мүмкіндік туғызды. Л. Хольберг (1684-1754) өз шығармаларын француз, итальян әдебиеттерінің классикалық дәстүрлеріне сүйеніп жасаса да, ұлттық сипатын айқын да анық сақтады. Бұқара өкілінің әдебиетте көп, өзіне лайық жоғары орын алуы, сөйтіп, кейінгі кезең үшін тамаша дәстүрдің пайда болуы Хольберг туындыларынан басталады. 18-19 ғасырлар аралығында Дания әдебиетінде классицизм, сентиментализм сарындары басым орын алды. 19 ғасырдың басында Европа елдерінде неше алуан соғыстардың пайда болуы Дания әдебиетінде отан тақырыбын туғызды. Осыған орай онда романтизм әдісі туып, өзіндік жолмен дамыды. Оның белгілі өкілі А.Эленшлегер (1779-1850) өз дәуірінің қоғамдық-этикалық жаңалықтарын сынап, көне дәуірді аңсап, соны мадақтайды. Романтизм кейіннен адам сезімін бейнелеуге, қарапайым адамның өмірін суреттеуге ойысады. Й.Л.Хейбергтің (1791-1860) шығармаларында ол реалистік мазмұнмен ұштасты. Көркемдік бұл жаңа қадам Данияның ұлы жазушысы X.К.Андерсеннің ертегілерінде одан әрі дамыды. Андерсен ертегілері әлемдік әдебиеттің үлкен жетістігі болды. 19-20 ғасырлар аралығында X. Понтоппидан (1857-1943), К. Ларсен (1860-1931), К. Микаэлистің (1872-1950) т.б. реалистік роман, новеллалары, драмалық туындылары әдебиетке тың леп әкеліп, оның идеялық-көркемдік сапасын арттырды. 20 ғасырдың басында пролетарлық табының өсіп, қоғамдық қайшылықтардың өршуі Дания әдебиетінің жаңа дәуірін туғызды. Данияның ұлы жазушысы, Совет елінің досы, Европа әдебиетінде Горький дәстүрлерін онан әрі жалғастырушылардың бірі - Мартин Андерсен-Нексё Данияның жаңа пролетариаттық әдебиетін жасады. Бір-біріне қарама-қайшы әдеби ағымдар Дания әдебиетінде әлі де өмір сүріп келеді. Алайда дәуірдің, халықтың арманы мен тілегіне үн қосқан прогресшіл әдебиет өз оқушысын күннен-күнге көбейте түсуде.

Архитектурасы мен бейнелеу өнері. Дания жеріндегі мәдени ескерткіштердің қалдығы б.з.б. 8-мың жылдыққа салды. 10 ғасырда христиан дінінің тарауына (960 ж. ш.) байланысты ағаш, 11 ғасырда тас шіркеулер (Виборг пен Рибедегі соборлар), әскери-инженерлік құрылыстар салынды. Олар: «Ұлы Даневирке қабырға-қамалы», Ваструп мұнарасы т. б. 13 ғасырдың басы мен 16 ғасырдың 30 жылдары аралығында готика стилі кең өріс алды. Роскилле мен Оденсе қалаларындағы соборлар осы стильде салынған. 13 ғасырда Дания да айналасынан терең ор қазылған, көпшілік жағдайда аралдарға салынған бекініс-қамалдар (Спетруп т. б.) ірге көтерді. 16-17 ғасырларда қала салу өнері кең өріс алды. Копенгагендегі әсем көшелер мен бұрыш-бұрыштарында бастиондары бар кварталдар «ғажайып қала» жобасы бойынша салынды. 1754 жылы Көркемсурет академиясының ашылуымен байланысты Дания архитектурасына классицизм стилі енді. Хелсингер қаласы түбіндегі Мариенлюст, Копенгагендегі Бернсторф сарайлары осы стильде салынған. Данияда ұлттық романтизм, неоклассицизм бағытында салынған үйлер де бар. Орхустағы университет комплексі, Копенгагендегі «САС» аэрокомпаниясының үйі функционализм стилінде салынған. 1920 жылдан бастап ортасында жасыл бақты ауласы бар кварталдар салына бастады. 1950 жылдары 8-12 қабат мұнара-үйлер салу салтқа айналды. Дания ның соңғы жылдардағы архитектурасына тән ерекшелік - үйлерді индустриялық әдіспен көптеп салу.

Дания жеріндегі өнердің ежелгі ескерткіштері (тастағы таңбалар, мүсіншелер т.б.) тас дәуіріне салды. 11-12 ғасырларда өнер жан-жақты дамып алғашқы миниатюралар пайда болды. Классицизмнің көрнекті өкілі - мүсінші В. Торвальдсеннің шығармаларынан нәзіктік, үйлесімділік бой көрсетеді. Осы кездегі суретшілер - Е. Юль және Н. А. Абильгордың салған табиғат көріністері де тартымды. 19 ғасырдың 1-жартысында К. В. Эккерсберг, К. Кебке, т. б. еңбектері ұлттық-реалистік бағытқа негіз болды. П.С.Крейер, В. Йохансен т. б. 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасыр аралығында бейнелеу өнеріне әлеуметтік мән әкелді. Мүсін өнеріне әсер етіп (К. Нильсен), әсіресе сәулет өнерінде бой көрсеткен модернизм ағымы 20 ғасырда функционализммен ауысты. 1930 жылдары абстракциялық ағымның өріс алуына қарамастан Данияның қазіргі өнерінде реализм басты орын алуда. Қазіргі реалист шеберлері: О.Руде, X.Енсен, П. Кристенсен, X. Бидструп.

Музыкасы. Данияның ұлттық музыкасы 12 ғасырға дейін халық творчествосы күйінде келді (қаһармандық, эпикалық әндер, би музыкасы). Музыка мәдениетін таратушылар кезбе музыканттар - легерлер болды. Феодал сарайларында өлең айтатын әнші-ақындар - скальдар қызмет етті. Алғашқы профессионалдық музыка үлгілері 15-16 ғасырларда пайда болды. Тұңғыш профессионал композиторлары - М.Педерсен мен X.Нильсен. Олардың шығармаларында венеция мектебінің дәстүріне еліктеушілік басым болды. 15-16 ғасырларда нидерланды полифониялық мектебінің және ағылшын аспаптық музыкасының ықпалы байқалса, 17 ғасырда итальян мен француздың, 18 ғасырдың ортасынан бастап неміс композиторларының (опералық) әсері тиді. Ұлттық стильде жазылған алғашқы шығармалар - Ф. Кунценнің «Хольгер Данске» (1789) операсы және И.А.П.Шульцтің зингшпильдері болды.

Осы замаңғы ұлттық композиторлар мектебінің негізін қалаушы - К. Нильсен. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басындағы композиторлардан А.Энна ерекше көзге түсті (Мыс., «Сиқыршы әйел» операсы, 1892). 20 ғасырдың 1-жартысында Копенгагенде Дат концерттік қоғамы (1901), Дат музыканттар одағы (1911), Дат композиторлар одағы (1913), Дат радиосының хор және оркестрі (1925) ұйымдастырылды. Оденседе (1929), Ольборгте (1930), Эсбьергте (1945) консерваториялар ашылды. 1971 жылы 5 консерватория, 10 симфониялық оркестрлер жұмыс істеді. Ірі музыкалық орталықтары - Копенгаген, Оденсе, Орхус қалалары. 20 ғасырдың ортасындағы аса көрнекті дат пианисі – А.Шёлер. Қазіргі көрнекті композиторлары:   К. Рисагер, Э. Хамерик, В. Хольмбоэ, Н. В. Бентсон, орындаушылары:   пианист әрі композитор X.Д.Коппель, пианистер мен органшылар: К.Ольсон, Б. Йонсон, скрипкашылар: А. Свенсен, Э. Тельманьи. Музыка зерттеушілері:     К.Еппесен, К. Тране, В. К. Равн, әншілері: Н. Меллер, Л. Коппель, Б. Сенберг, К. Шульц.

Театры. Данияда театр өнері орта ғасырда мектеп театры түрінде болды. Спектакльдер негізінен оқушылар күшімен қойылды. Профессионалдық театр Ағарту дәуірінде, 18 ғасырдың 20 жылдары қалыптасты. 1722 жылы Копенгагенде тұңғыш ұлттық театр «Дат сахнасы» ашылды. Ол 1770 жылы Корольдық театр деп аталды. Оның репертуарынан Вольтер, Мольер, П. О. Бомарше, Р.Шеридан, Г.Э.Лессинг шығармалары орын алды. Ұлттық актерлік өнердің негізін қалаушылар Г.Лоннеман, М.У.Хортулан, Н. Клементин т. б. 19 ғасырдың соңғы ширегінде Г. Ибсеннің откір, гуманистік драмаларының қойылуы актерлер шеберлігін ұштауға себепкер болды. Копенгагенде Корольдық театрмен бірге бірнеше жеке меншік театрлар да жұмыс істеді («Казино», 1848-1937; Халық театры, 1857; «Дагмартеатр», 1883-1937). Неміс-фашист басқыншылығы кезінде (1940-1945) негізінен ұлттық классика қойылды. Азаттық алғаннан кейін театр репертуарына К. Абелльдің, К.Мунктің, К.Э.Сояның, Л.Фишердің әскери тақырыпқа арналған жаңа шығармалары қосылды. Сахна шеберлері: М. Вит, X. Бентсон, Э. Роде, Б.Квистгор, П.Рейхардт, Б.Кьер, И.Брамс т.б. Уақытша труппасы бар көшпелі театрлар жұмыс істейді. Актерлерді Копенгагендегі Драма мектебі (1886-1967 жылдар Корольдық театрдың қарамағында болды) дайындайды.

Киносы. 1897 жылы бірнеше документті фильмдер түсірілді, 1903 жылы актерлер қатысқан «Өлім жазасы» фильмі шықты (бұлардың реж. Л.П.Эльфельт). 1906 жылы Копенгагенде «Нордиск» киностудиясы ашылды. Әуелгі кездегі көрнекті кино қайраткерлері: реж. У. Гад, А. Блом, Р. Динесен, Хольгер-Мадсен; актерлері: А.Нильсен, В.Псиландер, О.Фёнс. 1917-1920 жылдар дат фильмдерін дүние жүзілік кино жәрмеңкесінен неміс және американ фильмдері ығыстырып шығарды. Ірі кино қайраткерлері Германия мен АҚШ-қа эмиграцияға кетті. 30 жылдың фильмдері замана талабынан алыс, көркемдігі жағынан төмен жатты. Неміс-фашист басқыншылығы кезінде (1940-1945) көбінесе жалған драмалар, дөрекі комедиялар түсірілді. Бұл кезеңдегі кино өнерінің елеулісі - «Ашу-ыза күні» фильмі болды (1943, режиссер К.Т.Дрейер, X.Вирс-Йенсеннің шығармасы бойынша; Фильм буржуазия моральдық антигуманистік жақтарын батыл әшкереледі. Азаттық алғаннан кейін Қарсыласу қозғалысын, капиталистік қоғамдағы жастар өмірін бейнелеуге арналған «Көрінбейтін армия» (1945, реж. Й.Якобсен), «Дитте - адам баласы» (1946, М. Андерсен-Нексе шығармасы бойынша, режиссер А. және Б.Хеннинг-Енсен), «Сөз» (1955, К. Мунктің пьесасы бойынша; режиссер К. Т. Дрейер), «Ақырғы қыс» (1960, режиссер Э.Тимрот) фильмдері түсірілді. Копенгагенде Дат киномузейі (1941) бар, ол «Косморама» журналын (1954) шығарып тұрады. Жылына 25 толық метражды, 50 қысқа метражды фильм жасалады (1970).

Әдеб.: Пенин В. И. Аграрлық мәселе және «Маркстің сыншылары». Шығ., 13-т.; Серебрянный Л.Р. Физическая география и четвертичная геология Дании. -М., 1967; Кан А.С. История скандинавских стран. -М., 1971; Лунд Г. Влияние Октябрьской революции на рабочее движение в Дании. -М., 1957; Похлебкин В. В. Скандинавские страны и СССР. М., 1958; Горн Ф. В. История скандинавской литературы от древнейших времен до наших дней. М., 1894; Неустроев В.П. Датская литература. в кн.: История зарубежной литературы конца XIX - начала XX в. -М., 1968; Поляков К.В. Жилище в Дании. –М., 1958; Всеобщая история архитектуры. -т.4. -Л.-М., 1966; Всеобщая история искусств. -т. 2, кн. 1. –М., 1960; Гозенпуд А. А. Датский театр. в кн.: История западноевропейского театра. т. 2, 4, -М., 1957-1964; Садуль Ж. Всеобщая история кино. -т. 2-3. -М., 1958-1961.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-03-17 11:59:16     Қаралды-2171

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »