UF

КЕНИЯ (Кеnуа), Кения Республикасы (Republik of Kenya) - Шығыс Африкадағы мемлекет. Британ Ынтымағының құрамына кіреді. Солтүстігі Эфиопия және Суданмен, батысы Угандамен, Оңтүстігі Танзаниямен, шығысы Сомалимен шектеседі. Шығысы - Үнді мұхиты. Жері 582,6 мың км2. Халқы 44,03 млн. (2013). Астанасы - Найроби қаласы. Әкімшілік жағынан 7 провинцияға және Найроби астаналық округына бөлінеді.

Мемлекеттік құрылысы. Кения - Республика. Қазіргі конституциясы 1969 жылы 18 сәуірде күшіне енді. Мемлекеттік басшысы президент, ол жалпыға бірдей және төте сайлау жолымен 5 жылға сайланады. Президент вице-президентті, министрлерді, барлық жоғары қызмет адамдарын тағайындайды және орнынан ауыстыра алады. Қарулы күштердің Жоғарғы бас қолбасшысы да сол. Жоғары заң шығарушы органы - парламент - президент және бір, палаталы Ұлттық жиналыстан құралады. Оның 158 мүшесі 5 жылға сайланады, 12 мүшесін президент тағайындайды. Кения үкіметі - кабинет жүйесімен басқарылады. Ол президент, вице-президент және министрлерден құралады. 21 жасқа толған барлық азаматтарға сайлау правосы беріледі. Сот жүйесі Жоғарғы сот, магистраттар резиденттері соттары мен магистраттардың округтық соттарынан құралады.

Табиғаты. Кения Шығыс Африка таулы үстіртінің солтүстік-шығыс шетін алып жатыр. Жерінің орталық бөлігінен әкватор өтеді. Үнді мұхитының жағалауы - аккумуляциялық ойпат (ені 50-200 км); ол Абердэр (биіктігі 4000 м), Мау және Эльгейо (3000 м), Кения (5199 м, Кениянің ең биік жері), Элгон (4322 м) жоталарымен қоршалған. Кения территориясының көпшілік бөлігі - докембрийлік кристалл және метаморфтық жыныстардан (гранит, гнейс, кварцит, сланец т. б.) түзілген, мұхит жағалауы теңіздік мезозой және неоген-төрттік жыныстар. Пайдалы қазындылары - көмірлі натрий тұзы, кианит, диатомит, гипс, графит, торий, ниобий, алтын және полиметалл рудалары.

Климаты субэкваторлық; қаңтардың орташа температурасы 14°С-дан 24° С-қа дейін, шілдеде 12-25°С. Жылдың жауын-шашын 250 мм-ден (солтүстік-шығысы) 2000 мм-ге (батысында) дейін. Өзендері шағын келеді, іріларі - Тана және Галана (Үнді мұхитының алабына жатады). Ірі көлдері - Рудольф, Баринго, Накуру, Наиваша, Магади.

Жері қызыл, қызыл қоңыр, латериттік және шалғынды қара-сұр топырақты келеді. Көпшілік жерінде саванналық өсімдіктер өседі. Орталық бөлігі мен тау беткейлері - тропиктік ормандар. Кения және Элгон тауларының басында африка-альпілік шалғынды өсімдіктер өседі. Тұқымы азайған аңды сақтау үшін Амбосели, Мара, Марсабит, Нгонг т. б. қорықтар, Маунт-Кения, Найроби, Цаво т. б. ұлттық бақтар құрылған. Оларда піл, керік, зебр, буйвол, арыстан, қабылан, маймыл, түйе құс т. б. бар. Өзендерінде крокодил, бегомот кездеседі.

Халқы. Кения халқының 98%-і банту, нилот, купшт топтарына жататын африкалықтар; олардың ішінде саны жөнінен елеулілері - кикуйю (2 млн.), луо (1,5 млн.), балухья (1,4 млн.), камба (1 млн.). Сондай-ақ ұнділер (140 мың), европалықтар (40 мың), арабтар (30 мың) да тұрады. Халықтың 3/4-і жергілікті дінге табынады, қалғандары - христиандар, мұсылмандар, буддистер. Ресми тілдері - ағылшын және суахили тілдері. Еңбек етуші халық 4319 мың (1970), оның 80%-і ауыл шаруашылығымен айналысады. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2 жерге 20 адамнан (Батыс провинциясында 167 адамға жетеді). Қала халқы 10% (1969). Басты қалалары - Найроби (535,2 мың, 1970), Момбаса (255,4 мың), Накуру, Кисуму.

Тарихы. Кениядағы жергілікті халықтың көпшілігі банту, нилот дейтін тайпалардан құралған. Олар 14-19 ғасырларда басқа аудандардан көшіп келген. Б. з. б. 5 ғ. мен б. з. 6 ғ. арасындағы уақыттарда Кенияның Шығыс Африка жағалауына грек, египет, қытай, үнді, араб теңіз жиһанкездері мен көпестері барып-кетіп жүреді. 7-8 ғасырларда мұнда арабтар мен суахильдердің қоныстары пайда болды. 11 ғасырда Кенияның жағалаудағы және оған таяу ішкі аудандарында қала-мемлекеттер шықты. 15 ғасырдың соңғы кезінен Шығыс Африка жағалауы португал отаршылары мен арабтардың арасындағы қым-қиғаш таластың объектісі болды. 16 ғасырда Кенияның көп жерін португалдықтар басып алып, 18 ғасырдың бас кезіне дейін жағалауын бақылауынан шығармай тұрды. 18 ғасырда арабтың бірнеше феодалдық сұлтандықтары пайда болды. Олардың бірқатары Занзибар сұлтанының қол астына қарады. 19 ғасырда Кенияның жеріне Ұлыбритания мен Германия шеңгелін сала бастады. 1890 жылы Кения жері Британияның бақылауына етті, ал 1895 жылы Британияның Шығыс-Африка протекторатына айналды. 1897 жылы Кенияның көп жері Британ королының меншігі деп жарияланды. Отаршылардың озбырлығына Кения халқы қарулы күреспен жауап берді.

Ұлыбритания Кенияда қатаң тәртіп орнатты. Момбаса - Найроби - Кисуму темір жолынын салып бітіргеннен кейін (1897-1901) елдің ішкі аудандарын шырмауға алды. Отаршылар әкімшілігі 1904, 1915, 1939 ж. арнаулы заңдар шығарып, африкалықтарды тіршілікке қолайсыз жерлерге қуып тастады, егіншілік пен жер иеленуді тек қана европалықтардың сыбағасына тиген кәсіп деп жариялап, ең шұрайлы жерлерді басып алды. Африкалықтарды еріксіз еңбекке жегу жүйесі енгізілді, барлығы да нәсілшілдік принципіне негізделді.

Кенияда жоғары өкімет билігі Британ губернаторының қолында болды. Оның қасынан құрылған Заң шығару советінде 1920 жылға дейін бірде-бір африкалық болған жоқ. Кейін бірлі-жарым ғана адам қатыстырылды.

1-дүние жүзілік соғыстың кезінде (1914-1918) Кенияда европалық тұрғындардан құрылған отрядтар мен корольдық, африкалық атқыштар Танганьикада герман әскерлеріне қарсы ұрыстарға қатысты. 1920 жылы Кения Британ отары деп жарияланды, ал оның жағалаудағы бөліктері бұрынғыша протекторат болып қала берді. Дүние жүзілік екі соғыстың арасында европалықтар Кенияға ағылып келді. Содан жергілікті халықты қанау да күшейді. Осы кезде отаршылдыққа қарсы қозғалыстар да туа бастады, саяси ұйымдар пайда болды. Олар европалықтар тартып алған жерлерді қайтарып алуды мақсат етті. 2-дүние жүзілік соғыста (1939-1945) Кенияның әскерлерін Ұлыбритания Таяу Шығыс пен Бирмадағы қимылдарға пайдаланды. 40 жылдары Кенияда алғашқы бұқаралық саяси ұйым - Африкалықтар одағы (КАУ) туды. Ол жер мәселесін шешуді, нәсілшілдік заңдарды жоюды талап етті. 40 жылдардың ақырында Кенияда құпия діни-саяси қозғалыс («Мау-Мау») өріс алды. Ол да европалықтар басып алған жерлерді қайтару, билікті қолға алу мақсатын көздеді. 1952 жылы отаршыл өкімет төтенше шаралар қолданып, «Мау-Мау» қозғалысына тыйым салды. Содан көп ұзамай-ақ елде отаршылларға қарсы қарулы көтеріліс шықты. Ол төрт жылға созылды. 1956 жылы отаршыл өкімет оны қатал жаныштады:  қатерілісшілерден 11 мыңнан артық адам өлді, 100 мыңдай кісі түрмеге  амалды. Сонда да азаттық қозғалысы жасылған жоқ. 1960 жылы Ұлыбритания қамалсыз кеңшілік жасап, бірқатар реформа жүргізді, төтенше жағдайды зонды. Сол жылы бұқаралық жаңа саяси ұйым - Африкалықтардың ұлттық одағы (КАНУ) құрылды. Ол Кенияға саяси тәуелсіздік беру талабын қойды. Бұл ұйымның ішінен лезде жік туып, неғұрлым салғырт топтар бөлініп шықты да, Африкалықтардың демократиялық одағы (КАДУ) дейтін жаңа ұйым ашты. Олар федерациялық мемлекет құруды көздеді. Осындай қиын жағдайда күресе жүріп, КАНУ 1961 және 1963 жылдар парламент сайлауларында жеңіп шықты, сөйтіп, 1963 жылы Кения тарихында тұңғыш рет африкалық үкімет құрды (КАНУ басшысы Дж. Кеяиата бастаған). 1963 жылы 12 желтоқсанда Кения республика болып жарияланды.

Кения үкіметінің ішкі және сыртқы саясатында «африкалық демократиялық социализм» доктринасы негізге алынды. Үкімет шетелдік және жергілікті жеке меншікті сақтау бағытын ұстады.

1963-1966 жылдар Кенияның басқарушы топтары арасында елді дамыту жолдары туралы алауыздық туды. 1966 жылы наурызда КАНУ-дың бір топ басшылары партиядан бөлініп шығып, Кения халқының одағы (КХО) деген жаңа ұйым құрды. Оған Огинга Одинга басшы болды (бұрынғы вице-президент, КАНУ басшысы). КХО-ның мақсаты демократиялық социалистік мемлекет құру, әкономикалық билікті халықтың қолына беру, шетел мопополияларын шектеп ұстау, жерді мұқтаж адамдарға тегін бөліп беру деп жарияланды.

1969 жылдың орта шенінде Кенияда өте күшті ішкі саяси дағдарыс болды, елдегі түрлі әтнографиялық топтар арасында соқтығыстар басталды. 1969 жылы қазанда КХО-ға тыйым салынды, оның жетекшілері түрмеге жабылды. 1969 жылы желтоқсанда президент және парламент сайлауы өтіп, Дж. Кениата президенттікке қайта сайланды, ұлттық жиналыстағы бар орынды тек КАНУ алды.

Кения үкіметі Африкадағы нәсілшілдік және отаршылдық тәртіпті жою үшін күресуде. 1963 жылы желтоқсанда Кения мен СССР арасында дипломатиялық қатынас орнады. 1964 жылы екі ел арасында экономикалық және техникалық ынтымақ, сауда және мәдени байланыс жөнінде келісім жасалды. 1972 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Кенияны Қауіпсіздік Советіне сайлады (тұрақты мүше емес).

Саяси партиялары мен кәсіподақтары. Елдегі бірден-бір басқарушы (1969 жылдан) партия - Кения африкалықтарының ұлттық одағы (КАҰО), 1960 жылы құрылды. Кения кәсіподақтарының орталық ұйымдары (ККОҰ), 28 салалық кәсіподақтарын біріктіреді, 400 мыңга жуық мүшесі бар, 1965 жылы құрылған.

Экономикасы. Кения экономикасының неғізі - ауыл шаруашылық, ол ел экспортының 3/4-ін өндіреді. Өнеркәсібінде ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындардың үлесі басым. Ел ішінде шетел (әсіресе, ағылшын) капиталының ықпалы күшті. Трапспорт, байланыс, энергетика, қала шаруашылығы салаларында мемлекеттік сектор құрылған.

Ауыл шаруашылығы. Кения ауыл шаруашылығында ірі европалық капиталистік және африкалық мешеу шаруашылықтар қатар дамыған. Европалық фермерлер қарамағындағы егістік жерлер мен плантациялардың мөлшері қысқаруда; олардан сатылып алынған жерлерге африкалықтар қоныстандырылуда. Европалық жер иеленушілердің ауыл шаруашылық жері 2 млн. га, африкалықтардікі 44 млн. га европалық шаруашылықтар Кения шай өнімінің 75%-ін, сизальдың 90%-ін, бидайдың 90%-ін, ет пен сүт өнімдерінің 70%-ін өндіреді (1970). Шай өндірісі шетел, әсіресе ағылшын (60%-і) компанияларының қолында. Егілетін басты дақылдары - кофе, сизаль, шай, пиретрум, жүгері, маниок, тары, бидай. Кения шай өнімін шығару жөнінен Африкада 1-орын, сизальдан 3-орын (Танзания мен Анголадан кейін) алады. Мал шаруашылығының ролі артуда. 1970-1971 жылғы мал саны (млн.): мүйізді ірі қара 8,5, қой 3, 7, ешкі 4.

1970 жылы елде 37,7 мың тонна балық ауланды.

Өнеркәсібі. Жалпы ұлттық өнімнің 15%-ін (1969) өнеркәсіп өндіреді. Елдегі барлық кәсіпорындардың 80%-і ағылшын капиталының қарамағында. Кения тау-кен өндірісі (ағылшындық «Маколдер Ньянза майнс», «Магади сода компани» компаниялары қожалық етеді) көмірлі натрий тұзын (103 мың тонна, 1969), кианит, диатомит (2 мың тонна, 1969) өндіреді. Өңдеу өнеркәсібінің басты салалары - тамақ, мата тоқу, мебель, тері илеу, химия, мұнай айыру, металл өңдеу. Өнеркәсіп орталықтары - Момбаса (мұнай айыру, химия, металлургия, мата тоқу), Ати-Ривер (ет өнеркәсіп), Найроби (мата тоқу, тамақ), Лумуру (тері илеу, аяқ киім). 1971 ж. елде 555,6 млн. квт-сағ электр энергиясы өндірілді. Тана өзені бойында ірі гидроэнергетика жүйесі салынуда (1973).

Транспорты. Темір жолының жалпы ұзындығы 1,9 мың км (1971). Басты темір жол магистралы Момбаса - Найроби - Касесе (1728 км), елді көрші Угандамен байланыстырады. Автожолдарының ұзындығы 42 мың км, оның 2,5 мың км-і асфальтталған (1970). Еңірі порты - Момбасадан елдің барлық жүк айналымының 90%-і өтеді.

Сыртқы экономикалық байланысы. Кения басқа елдерге кофе, шай, мұнай өнімдерін, пиретрум, ет және ет өнімдерін, сизаль шығарады. Өздері өнеркәсіп құрал-жабдықтарын, азық-түлік, қара металдар, мұнай сатып алады. Сыртқы сауда семріктестері - Шығыс Африка елдері және Ұлыбритания, АҚШ, Жапония, Италия, Франция, Үндістан. Кения экспорты мен импортында СССР және басқа социалистік елдердің үлесі артып келеді.

Ақшасы - Кения шиллингісі.

Денсаулық сақтау ісі. 1967 жылы әрбір 1000 адамға шаққанда, баланың тууы 50, адамның өлімі 20; тірі туған әрбір 1000 баладан өлгені – 100-150 (кейбір жерлерде 200-ге жетеді). Адам өмірінің орташа ұзақтығы 43 жас. Өлімнің негізгі себебі: өкпе қабынуы мен туберкулез аурулары. Жалпы ішек-қарын аурулары, безгек, алапес, полиомиелит т. б. аурулар көп таралған. Мал шаруашылығы аудандарында көз ауруы (басыр) өте көп кездеседі. Сондай-ақ Кенияда белок жетіспеуі салдарынан науқастану, гиповитаминоз, анемия сияқты аурулар да бар. 1965 жылдан бері науқас балаларға амбулаториялық және медицина көмек тегін көрсетіледі.

Кенияда 1966 жылы 12,4 мың ауруханалық төсек (1000 адамға 1,2 төсек) болды. 1969 жылы 1,3 мың дәрігер (8,4 мың тұрғынға 1 дәрігер), 55 тіс дәрігері және 8 мың орта білімді медицина қызметкерлері жұмыс істеді. Дәрігерлерді Угандадағы Ұлттық университеттің медицина факультеті дайындайды.

Оқу-ағарту ісі. 1967 жылы халқының 70%-і сауатсыз болды. Халық ағарту жүйесі: 7 жылдық бастауыш мектепке балалар 6 жастан қабылданады,

1969 жылы бастауыш мектептерде 1,3 млн. бала оқыды; орта мектеп 6 жылдық (2 сатылы - 4 және 2 жылдық), 1970 жылы орта мектептер мен орта техникалық оқу орындарында 126,9 мың оқушы болды. Кәсіптік дайындық бастауыш мектеп базасында, кәсіптік училищелерде және кәсіпорындарында жүзеге асырылады. Бастауыш мектеп оқытушыларын педагогикалық колледждер, орта мектеп оқытушыларын Ұлттық университет дайындайды. Жоғары білімді Найробидегі Ұлттық университет береді. 1970 жылы университетте 2 мыңға жуық студент оқыды, 5 мыңға жуық кениліктер шетелдерде, оның ішінде СССР мен басқа да социалистік елдерде оқып, жоғары білім алды.

Найробиде Макмилланның мемориалдық кітапханасы (1931 жылы құрылған, кітап қоры 110 мың дана), Ұлттық университет кітапханасы (95 мың дана), Оорсби көркемөнер галереясы (1961 жылы құрылған) бар.

Әдеб.: Асаян Н. С. Кения. -М., 1971; Исмагилова Р.Н. Таланова Е.В. Кения. Уганда. М., 1959; Новейшая история Африки. -М, 1968; Кива А. Кения. -М., 1971; Глухов А.М. Британский империализм в Восточной Африке. –М., 1963; Кулик С. Ф. Современная Кения. -М., 1972.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-03-10 17:23:54     Қаралды-2348

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮН НЕГЕ КЕЛЕДІ?

...

Күн артынан түн, түн артынан күн.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ТЕҢІЗ БЕТІНДЕ КЕМПІРҚОСАҚ ПЛЕНКАСЫ БАР?

...

Жоқ, бұл жылы жаңбырдан кейін ашық аспанда ойнайтын кемпірқосақ емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН БІЗ АУА ҚЫСЫМЫН СЕЗБЕЙМІЗ?

...

Біздің планетамызда үлкен ауа мұхиты үстемдік етеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБЫЛАН НЕЛІКТЕН ЖЕМТІГІН АҒАШҚА ЖАСЫРАДЫ?

...

Қабылан жалғыз тұрады және арыстандар мен гиеналардан үнемі сақ болу керек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ БАР?

...

Жыл мезгілдерінің ауысуы – табиғаттың мәңгілік және өзгермейтін құбылысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »