UF

БОЛИВИЯ (Bolivia), Боливия республикасы. Боливия - Оңтүстік Американың орталық бөлігіндегі мемлекет. Солтүстігі мен солтүстік-шығысында Бразилиямен, оңтүстік-шығысында Парагваймен, оңтүстігінде Аргентинамен, ал оңтүстік-батысы мен батысында Чили және Перумен шектеседі. Жері 1098,6 мың км2. Халқы 11,2 млн-ға жуық (2017). Конституция бойынша астанасы - Сукре, шын мәнісінде - Ла-Пас. Әкімшілік жағынан 9 департаментке (1969) бөлінеді.

Мемлекеттік құрылысы. Боливия - республика. Қазіргі конституциясы 1967 жылы қабылданған. Мемлекет пен үкімет басшысы - президент, 4 жыл мерзімге төте дауыс беру арқылы сайланады (келесі мерзімге қайта сайлануы мүмкін). Президентпен бірге вице-президент қоса сайланады. Президент министрлерді тағайындайды, орнынан алады, оған қарулы күштердің бас қолбасшысы, шіркеүлердің мемлекеттік патронаты болу т. б. право берілген. Үкімет мүшелерінен (министрлерден) Министрлік Советі құрылады. Заң шығару ісін сенат пен депутаттар палаталарынан құралған парламент - Ұлттық конгресс атқарады. Әкімшілік басқару ісі департаменттерде президент тағайындаған префекталарға, ал муниципалитеттерде - алькадаларға жұктелген.

Боливияда сот жүйесі Жоғары соттан, округтық және учаскелік соттардан құралады. Юстиция министрлігі Бас прокурорға бағынады, оны президент тағайындайды.

Табиғаты. Боливия субэкваторлық және тропиктік белдеулерде орналасқан. Ол табиғат жағдайы бір-біріне ұқсамайтын батысында Андының Орталық Кордильерасының үлкен шығыс бөлігін, шығысында кең жазықты алып жатыр. Анды таулары Пуна деп аталатын биік (4000 м) таулы үстірттерден құралады. Пунаның солтүстік-батысы лавалық үстірт, ал оңтүстік-шығысы тереңдігі 3800 м-ге жететін қазан шұңқыры (Альтиплано). Солтүстік шығысында жатқан жазық арқылы Бени, Маморе өзендері өтеді. Боливияның таулы бөлігі (Пуна және Батыс Кордильера) тропиктік, биік тау климаты аймағында жатыр; оның батыс жағы шөлейт (жылдық жауын-шашын 150 м-ге жуық), шығысы ылғалдырақ (500-600 мм). Жауын-шашын мөлшерінің ең көп жері - Андының шығыс беткейі, 2000 мм. Пунада шілденің орташа температурасы 3-7°С, ал 9 айға дейін қуаңшылық болатын оңтүстік жазығында 17°-тан 22° С- қа дейін барады. Боливияның батыс бөлігіндегі өзендері Альтиплано алабына, шығыс жағындағы өзендері Атлант мұхиты алабына жатады. Ірі өзендері: Бени, Маморе, Гуапоре. Үлкен көлдері - Титикака, Поопо, Рогоагуадо. Жерінің 40%-і - орман. Елдің батыс бөлігінде таулы өңірдегі шөлейттік өсімдіктер өседі, шығысы тропиктік дала (халка). Қызыл, қызыл қоңыр топырақты жазық жерлері - саванна және сирек орман. Боливияның шығыс бөлігінде маймылдар, сауыттылар, кемірушілер, әр түрлі құстар, ал Пунада жабайы және асыранды лама, суда жүзетін құстар бар.

Халқы. Боливия халқының 2/3 бөлігі Пуна мен тау аңғарларын мекендеген үндіс тайпалары - кечуа және аймара. Қалалар мен ойпат аудандарда испан тілінде сөйлейтін метис боливиялықтар басым, арғы тегі испандықтардан шыққан бірен-саран креолдар да бар. Тропиктік ормандарда 100 мыңға жуық әр түрлі үндіс тайпалары мекендейді. Мемлекеттік тілі -испан тілі, халқының біраз бөлігі кечуа, аймара, гуарани тілдерінде сөйлейді. Ресми діні - католицизм.

Халқының орташа тығыздығы 1 км2-ге 4 адам (1969). Солтүстік және шығыс аудандарда 8 км2 жерге 1 адамнан келеді. Қала халқы 35%; ірі қалалары: Ла-Пас, Кочабамба, Оруро, Потоси, Санта-Крус, Сукре.

Тарихы. Боливия жерін кене замандардан бастап алғашқы қауымдық құрылыс сатысындағы үндіс тайпалары: аймара, кечуа т. б. мекендеген. 14 ғасырдың басында оларды инктер бағындырды, 1532-1538 жылы инктер мемлекетін испандықтар жаулап алды. Сойтіп, Боливия 300 жылдай испан отарлық империясының құрамында болып, Жоғарғы Перу деп аталды. Әсіресе, 16-17 ғасырларда Жоғары Перу испан империясының Оңтүстік Америкадағы ең басты экономикалық орталықтарының бірі болды. Потосидегі күміс руднигі ол кездері дүние жүзіндегі ең ірі рудниктердің бірі болды, үндістер билеп-төстеушілерден мейлінше қысым көріп, кіріптарлықпен күн кешті. Олар отаршылдық, құлдыққа қарсы кескілескен күрес жүргізді (әсіресе 1870-1781 ж.). Боливия тарихындағы маңызды революция кезең – 1810-1826 жылдардағы тәуелсіздік үшін соғыс. Жоғары Перуде бұл соғыстың басталуына Чукисака қаласындағы көтеріліс (25 мамыр 1809 жылы) себепші болды. Испандықтарға қарсы көтеріліс Кочабамба, Ла-Пас, Орур, Потоси т. б. қалаларда да етек алды. 1824 жылы желтоқсанда Сурке (С. Боливардың ізбасары) бастаған азаттық армиясы Аякучодағы соғыста жеңіске жетіп, испан әскерлерін талқандады. 1825 жылы тамызда тәуелсіз Боливия республикасы (Боливардың құрметіне осылай аталды) құрылды. Бұл кезде Боливия өте қарапайым кен өндіру (күміс рудниктері) өнеркәсібі бар мешеу ауыл шаруашылықты ел еді. Ауыл шаруашылығының артта қалуы, елдің экономикалық шашырандылығы және ішкі рынок өрісінің тарлығы салдарынан капиталистік қарым-қатынас өте баяу дамыды. Тек 19 ғасырдың орта шенінде ғана жалдамалы еңбекті қолдану арқылы кен өнеркәсібі жандана бастады, мұның өзінде де оның едәуір бөлігі рудниктер салуға концессия алған ағылшын компанияларының қолында болды. 80 жылдардағы либералдар мен консерваторлар партиясының күресі үкімет басына либералдар-партиясының келуімен аяқталды.

1879 жылы Боливия мен Перуді ағылшын капиталы Чилимен арадағы Тынық мұхит соғысына (1879-1883) айдап салды. Бұл соғыстың салдарынан Боливия тынық мұхитқа шығатын Атакама шөлінің біразынан (селитраға бай) апрылып қалды.

1-дүние жүзілік соғыста (1914-1918) Боливия бейтарап қалды, бірақ оның энономикасы Антанта елдеріне қызмет етті. Соғыс кезінде мұнда қалайы, мыс, сурьма, вольфрам және висмуттың сыртқа шығарылуы күрт артып, Боливияның дүние жүзілік рынокқа қосылуы, оны алдымен ағылшын, одан кейін солтүстік Америка империализміне тәуелді етіп, экономикасы экспорт үшін қызмет істейтін елге айналдырды. Бұл ұлттық буржуазия мен жұмысшы табының өсуіне, әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуіне әкеліп соқтырды.

Россияда Ұлы социалистік революциясының жеңуі және Латын Америкасында тап куресінің өріс алуы әсерінен 20 жылдардың басында Боливияда жаппай антиимпериалистік, бұқаралық қозғалыс басталды. 20 жылдарға салым тұңғыш коммунистік топтар құрылды. 1925 жылы тұңғыш жалпы боливиялық жұмысшы съезі болды, онда Боливия еңбекшілерінің ұлттық конфедерациясы құрылды. 1920 жылы АҚШ-қа иек сүйеген буржуазия мен помещиктер тобының мүддесін қорғайтын Республика партия (1914 жылы құрылған) үкімет басына келді, 1917-1928 жылдар АҚШ Боливияға 68,4 млн. долл. қарыз беріп, оның есесіне Боливияның барлық таможнясы мен Ұлттық банкісіне бақылау жасауды және шарап пен темекі монополияларына салық салуды өз қолына алды. 1928 жылға салым АҚШ инвестициясы 1912 жылдағыдан 11 есе өсті. Ағылшын капиталы барған сайын шетке қағыла берді. 1929-1933 жылдардағы дүние жүзілік экономикалық дағдарыс кезінде Боливия экономикасы құлдырап, жұмыссыздық кебейді, мыңдаған үндіс шаруалары аштықтан, жалаңаштықтан, індет ауруларынан қаза тапты. Мұның бәрі тап күресін шиеленістірді. 1930 жылы елдің оңтүстігінде жұмысшылар мен шаруалардың, қаладағы ұсақ буржуазияның көтерілісі басталып, оны студенттер қолдады.

1932 жылы мұнай шығатын Чако-Бореаль аймағы үшін болған соғыста Боливия Парагвайдан жеңіліп (мұнда Боливияны АҚШ, ал Парагвайды ағылшын монополиясы қолдады), таласқа түскен территорияның 2/3 бөлігінен айрылып қалды. Бұл Боливияда әлеуметтік-саяси қайшылықтарды күшейтті, дағдарысқа, мемлекеттік төңкеріске әкеліп соқтырды. 1937 жылы Чако соғысының батыры, полковник Тороның үкіметі халықтың талап етуімен Американың «Стандард ойл» компаниясының меншігін конфискелейтіндігін жариялады, ұлт байлығын шетел монополиясының шеңгелінен шығарып алу жолындағы қозғалыс өріс алды. 30 жылдардың аяғында Боливия еңбекшілерінің Кәсіподақ конфедерациясы (1936 жылы құрылған) елдегі ең ықпалды жұмысшы ұйымы болды.

2-дүние жүзілік соғысқа (1939-1945) Боливия формальды түрде ғана қатысты. 1942 жылы ол Германиямен, Италия және Жапониямен дипломатиялық қатынасты үзді, ал 1943 жылы сәуірде оларға соғыс жариялады. Батыс Европа елдерімен сауда байланысын үзді. Осы кезде Боливияның жергілікті өңдеу өнеркәсібі едәуір жанданды, бұл ұлттық буржуазиямен АҚШ арасындағы қайшылықтарды шиеленістірді. 1943 жылы үкімет басына келген Г. Вильярроэльдің кабинетінде бір-біріне қарама- қарсы саясат жүргізген реакцияшыл әскери ұйымдар мен ұлтшылдық пиғылдағы буржуазияның өкілдері болды. 1946 жылы шілдеде Вильярроэльді өлтіріп, өкіметті әскери хунта басып алды. 1947 жылы қаңтарда президент болып сайланған Э. Эрсог сыртқы саясатта АҚШ-қа сүйенді, ал ішкі саясатта еңбекшілердің тап күресін басуға күш салды. Алайда, бұқаралық қозғалыс өрістей берді. 1947-1948 жылдар шаруалар көтерілісі, 1949-1950 жылдар жұмысшы-кеншілер ереуілі болды. 1950 жылы қаңтарда Боливия Коммунистік партиясы (БКП) құрылды, бірақ оған дереу тиым салынды да, ол астыртын жұмысқа көшті.

1952 жылдың басында ел ішіндегі жағдай күрт шиеленісті. Жергілікті шонжарлардың реакциялық саясаты революция дүмпуін туғызды. 1952 жылы 9 сәуірде халық көтерілісі басталып, 3 күнге созылған ұрыстан кейін шетел империализмінің шылауындағы помещиктер мен ірі шахта иелерінің үкіметін құлатты. Өкімет билігі ұсақ буржуазия мен халықтың орта топтарының мүддесін көздейтін ұлтшыл революция қозғалыс (ҰРҚ) партиясының қолына көшті. Президент Пас Эстенсоро (1952-1956) үкіметі елдің экономикалық мешеулігін, сауатсыздықты жою жөнінде бірсыпыра шараларды жүзеге асыруға тырысты: шетел капиталы қолындағы ірі рудниктерді мемлекет қарамағына көшірді, жалпыға бірдей сайлау правосы енгізілді, ескі армия жойылып, жұмысшы және шаруа милициясы құрылды. 1952 жылы Боливия кәсіподақтары Боливия жұмысшы орталығына (БЖО) бірікті. 1953 жылы аграрлық реформа туралы заң қабылданды, заңға сәйкес ірі датифундистердің едәуір бөлігі шаруаларға үлестірілетін болды. Мұның бәрі Боливияның әлеуметтік экономикалық және саяси дамуында маңызды өзгерістер туғызды. Бұған наразы болған АҚШ империалистері Боливиядан қалайы сатып алудан бас тартып, мырыш, қорғасын импортын 20% кемітті. Шетел империалистері мен ішкі реакцияның қысымы салдарынан ҰРҚ үкіметі, әсіресе президент Э. Силесе Суасо (1956-1960 ж.) тұсында солқылдақтық жасап, жалпы демократиялық міндеттерді орындаудан бірте- бірте алшақтай берді, шетел компанияларына бірқатар жеңілдіктер туғызды. Бұған жұмысшы табының наразылығы артып, олар 1959 жылдың өзінде ғана 1272 рет ереуіл жасады.

1960 жылы маусымда Пас Эстенсоро президенттікке қайта сайланғанымен, жағдай бұрынғысынан өзгермеді, шетел капиталы баса-көктеп жатты. 1960 жылы тамызда Америка мемлекеттері ұйымның Коста-Рикодағы кеңесінде Боливия үкіметі АҚШ-тың Кубаға қарсы әрекетін қолдады. 1961 жылы тап күресі құлаш жайды. Жұмысшылар ҰРҚ үкіметінен сайлау алдындағы уәделерін орындауды, халықтың тұрмысын жақсартуды, елдің ішкі істеріне АҚШ-тың қол сұғуына жол бермеуді, социалистік елдермен байланысты кеңейтуді талап етті. Куба революциясына ынтымақтастық қозғалысы кеңінен қанат жайды. Прогресшіл күштерді қудалауды күшейте түскен үкімет 1963 жылы қазанда БКП-нің бірқатар басшыларын тұтқынға алды. Билеуші топтардың өз ішінде ала ауыздық күшейді. 1963 жылы үкімет екі дүркін дағдарысқа ұшырады. 1964 жылы сайлауда Пас Эстенсоро президент болып қайта сайланғанымен де, оның ел ішіндегі беделі төмендеп кетті. ҰРҚ үкіметі реакцияның қысым жасауымен Кубамен арадағы дипломатиялық қатынасты үзді (1964 жылы тамыз), Ла- Пастағы студенттер демонстрациясы мен Оруро, Ла-Пас, Сукредегі жұмысшылардың бас көтерулеріне қарсы оқ атты, елде төтенше жағдай жарияланды. 1964 қарашада Пас Эстенсоро үкіметі құлатылып, генерал Баррентос Ортуньо басқарған әскери хунта өкімет басына келді. Бірнеше ай өтісімен, ол еңбекші бұқараны қатты қуғынға алды. Хунта сыртқы саясатта толығымен АҚШ-тың шылауында болды. 1966 жылы Баррьентос президент болып сайланды. Елде саяси күрес үдей түсті. 1967 жылы наурызда үкімет әскері мен партизандар тобы арасында қақтығыс басталды. Партизандар қозғалысын Э. Гевара басқарды. 1967 жылы қазанда АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының (ОББ) көмегімен үкімет әскері Гевара отрядын талқандады. 1968-1969 жылдар студенттер толқуы күшейді, үкімет оппозициядағы саяси қайраткерлерді жаппай тұтқынға алды. 1969 жылы сәуірде Баррьентос авиация апатынан қайтыс болғаннан кейін, оның орнын вице-президент Л.А.Силес Салинас басты да, өзінен бұрынғы президенттің саясатынан айнымады. Боливияның ішкі саяси жағдайы асқына түсті. 1969 жылы қыркүйекте генерал А. Овандо Кандий басқарған армия командованиесі Силес Салинасты биліктен тайдырды. Овандо үкіметі 1969 жылы қазанда «Боливия галф ойл компани» деп аталатын американ мұнай компаниясының меншігін мемлекеттік қарамағына алу туралы декрет жариялады, желтоқсанда пайдалы қазбаларды сыртқа шығару мемлекет қолына көшті. Боливия бірсыпыра социалистік елдермен дипломатиялық қатынас орнатты. СССР-мен дипломатиялық өкілдер алмасу туралы келісімге қол жетті. Сонымен қатар, Овандо АҚШ-пен достық қарым-қатынаста болуды көздейтіндігін мәлімдеді.

1970 жылы мамыр айынан бастап оңшыл әскери топтардың қысымымен патриоттық пиғылдағы министрлер үкіметтен қуылды. Қазанда олар Овандоның өзін биліктен тайдырмақ болды. Бірақ ол әрекетінен ештеңе шықпады. БЖО үндеуімен халық жаппай ереуілге шықты. БЖО, студенттер және солшыл партиялар құрған кәсіподақ пен жұмысшы күштерінің саяси командованиесі бүлікшілерге қарсы шыққан ген. X. Торресті қолдады, оны әскерлердің біраз бөлігі де жақтады. Үкімет билігін қолына алған Торрес Боливияны дербес экономикалық даму жолына тусіріп, еңбекшілердің жағдайын жақсартуға, сыртқы саясатта тәуелсіз саясат жүргізуге уәде берді. Алайда, реакционерлер қарап жатпады. Американ империализмнің қолдануына сүйенген ішкі реакцияшыл күштер 1971 жылы қыркүйекте мемлекеттік төңкеріс жасады. Президент X. Торрес елден кетіп, Перуді паналады. Полковник Уго Бапсер президент болып жарияланды, X. Торрестің кезінде оппозицияда болған Боливиялық социалистік фаланга партиясы мен Ұлтшыл Революция қозғалыс партиясы үкімет басына келді.

Саяси партиялары, кәсіподақтары. 1934 жылы құрылған Боливия социалистік фалангасы (БСФ) буржуазия мен помещик-латифундистердің мүддесін қорғайды. Ұлтшыл революциялық қозғалыс (ҰРҚ) 1941 жылы құрылды. Партияның әлеуметтік құрамы әр түрлі. Бұл ұсақ және орташа буржуазияға, интеллигенция мен қолөнершілерге ықпалын жүргізеді. Солшыл ұлттық-революциялық партия, (СҰРП), 1964 жылдың басында ҰРҚ-ның сол қанатынан бөлініп шығып, жеке партия болып құрылды. Кәсіподақ қайраткерлерін біріктіреді, жұмысшыларға сүйенеді. Нағыз революциялық партия (НРП), 1960 жылы ҰРҚ-ның оң қанатынан бөлініп шығып, жеке партия болып құрылды. Америка империализмімен байланыстағы сауда және өперкәсіп буржуазиясының мүддесін қорғайды. Солшыл революциялық партия (СРП), 1940 жылы құрылды. Бұл - ұсақ буржуазия партия, интеллигенция мен студенттердің кейбір тобына сүйенеді. Халықтық-христиандық қозғалыс партиясы (1965) - буржуазияның империалистік тобының мүддесін қорғайды. Боливияның Коммунистік партиясы (БКП), 1950 жылы құрылған.

Боливиялық жұмысшы орталығы (БЖО) кәсіподағы 1952 жылы құрылды. 400 мыңға жуық мүшесі бар (1970), оның құрамына бірнеше ірі кәсіподақ бірлестіктері кіреді.

Экономикасы. Экономикалық даму дәрежесі женінен Боливия  - Латыс Америкасындағы ең артта қалған елдердің бірі. Жан басына шаққанда ұлттық табысы 120 доллардан келеді (1968). Жалпы ұлттық өнімнің 37%-і өнеркәсіп пен құрылыстан (1967), 23,7%-і ауыл шаруашылығынан, 8,1%-і транспорттан, 31,2%-і басқа салалардан алынады.

Боливия өнеркәсібінің жетекші саласы - тау-кен өндірісі, оның ішінде қалайы өндіру. Қалайы өндіру және оны экспортқа шығару жөнінде Боливия капиталистік дүниеде 2-орында (Малайзиядан кейін). Сондай-ақ мұнда қорғасын, мырыш, сурьма, мұнай өндіру де маңызды орын алады. Темір рудасы мен газдың да ірі кен орны ашылған.

Электр энергиясын өндіру нашар дамыған. 1968 жылы не бары 672 млн. квт-сағ электр энергиясы өндірілді. Цемент шығаратын және мұнай өңдейтін шағын зауыдтар бар.

Ауыл шаруашылығында жартылай феодалдық жер иеленушілік үстемдік етеді. 1953 жылы қабылданған аграрлық реформа негізінде 1965 жылға дейін 235 мың ұсақ жеке меншік иелері, қауымдар, кооператорлар мен ұйымдар арасында жерді қайта бөлісу жүзеге асырылды. Алайда, аграрлық реформа латифундизмді жойған жоқ, шаруалардың көпшілігі бұрынғысынша әлі жерсіз. Ауыл шаруашылығының агротехникалық дәрежесі өте төмен (соқа, орақ), жер қандыра тыңайтылмайды, егін шығымдылығы нашар. Өңделетін жері 3,1 млн. га (барлық жерінің 2,8%-і). Негізгі дақылдары - арпа, киноа (тарының бір түрі), картоп, жүгері, қант қамысы, кофе, какао және т. б. 1967-1968 жылғы мал саны (млн.): мүйізді ірі қара 2,7, қой 6,5, ешкі 1,3, лам және альпак 0,4.

Транспорты. 3,6 мың км темір жолы, әр түрлі деректер бойынша, 16 мыңнан 24,7 мың км-ге жуық автомобиль жолы бар. 1963 жылы 46,8 мың автомобиль, оның ішінде 27,1 мың жеңіл машина болды. Өзен жолының ұзындығы 19 мың км. Мұнай құбырлары бар. Сыртқы сауда Мольендо (Перу), Арика және Антофагаст (Чили) порттары арқылы жасалады.

Сыртқы саудасы. Боливияның басты экспорты (жалпы құнынан % есебімен, 1967) - қалайы 54,4, сурьма 3,7, қорғасын 2,7, күміс 3,8, вольфрам 4,4, мыс 3,7, мырыш 2,7, мұнай 13,8. Импорттың маңызды статьялары - азық- түлік товарлары (астық, ұн, лярд, қант т. б.), жанар және жағар майлар, техникалық спирт, әр түрлі жабдықтар, жеңіл өнеркәсіп бұйымдары. Экспортта негізінен Ұлыбритания, АҚШ, Жапониямен, импортта АҚШ, Жапония, ГФР-мен сауда жасайды. Соғыстан кейін Аргентина, Бразилия сияқты көрші елдермен экономикалық қатынасы жақсарды. 1967 жылы сыртқы қарызы 301 млн. долл-ға жетті. Ақшасы - боливия песосы.

Денсаулық сақтау ісі. 1967 жылы елдің 1000 тұрғынына шаққанда, баланың тууы 51,8 адам, өлімі 12,9 ал әрбір тірі туған 1000 баладан өлгені 88,9. Халқының орташа ғұмыры - 30 жас (1965). Боливияда дизентерия, туберкулез, оба т. б. жұқпалы аурулар кездеседі. Денсаулық сақтаудың орталық органы - Гигиена және денсаулық сақтау министрлігі. 1968 жылы 1,9 мың дәрігер (2154 тұрғынға бір дәрігер), 9,5 мың орындық 238 аурухана болды. Университеттердің жанындағы 3 медицина факультеті жылына 104 дәрігер дайындайды.

Оқу ағарту ісі. Боливия территориясындағы тұңғыш мектепті 16 ғасырдың ортасында миссионерлер ашты. Республика орнағаннан кейін (1825) мемлекеттік ақсүйектер мектебі пайда бола бастады. 1874 жылы міндетті бастауыш білім жөнінде алғашқы заң қабылданды. 1955 жылғы білім беру реформасы туралы заңда 7 мен 14 жас арасындағы балаларды жаппай, міндетті түрде тегін оқыту принципі жарияланды. 1967 жылы Боливияда сауатсыздар 60,5% болды. Мемлекеттік мектеппен бірге католиктік шіркеулерге қарайтын жекеше мектептер бар. Халық ағарту ісіне қалада Оқу министрлігі, селода ауыл шаруашылық министрлілігі басшылық етеді. Бастауыш мектептер 6 жылдық. Қалада оқу испан тілінде, селолық жерлерде үндіс тілінде (испан тілі арнаулы пән ретінде) жүргізіледі. Қалалардағы орта мектепте ұлдар коллегияда, қыздар лицейде оқиды. Лицейде жалпы білім пәнімен бірге іс тігу, үй шаруашылығы, бала күту, ал коллегияларда сызу, слесарлық ағаш ұстасы сияқты сабақтарда жүргізіледі. Боливияда 8 университет бар, орта мектептердің оқытушыларын Сукре мен Ла-Пастағы педагогика  институттар даярлайды. Ең ірі кітапханалары: Мәдениет департаментінің кітапханасы (130 мың том) мен Муниципалдық кітапхана (80 мың том).

Ғылым және ғылыми мекемелері. Жаратылыс тану және техникалық ғылымдар. 19 ғасырға дейін Боливияда жаратылыс зерттеуші бірен-саран ғалымдар болды. 1640 жылы А. Барба алтын мен күміс рудаларын байыту және рудадан металл алу жөніндегі еңбегін жариялады. 1794-1810 жылдар Т. Хенке географиялық, ботаникалық зерттеулер жүргізді. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырда ғылыми қоғамдар ұйымдасты, университеттер жанынан медицина, жаратылыс тану, инженер-техникалық факультеттер, Ла-Паста геофизикалық обсерватория ашылды және негізінен университеттерге сүйенген ғылыми зертеудің осы заманғы жүйесі қалыптаса бастады. 20 ғасырдың 40-50 жылдары эксперименттік биология мен физиотерапия, селекция, ботаникалық салаларында, техника мен космос физикасы жөнінде зерттеулер жүргізілді. 1960 жылы Ұлттық ғылым академиясы, Атом энергиясы жөнінде ұлттық комиссия және Ұлттық геологиялық басқармасы құрылды. Бұдан кейін геофизикалық, технологиялық, ғылыми-зерттеу институттары ұйымдастырылды. 1963 жылдан бері Боливияда Ғылыми-техникалық информация орталығы бар. Бірнеше ғылыми қоғамдар жұмыс істейді. Физик И. Эскобар, биолог O.Суарес Моралес, ботаник М. Карденас Эрмоса т. б. сол елдің атақты ғалымдары.

Қоғамдық ғылымдар. Отаршылдық дәуірінде гуманитарлық ғылымдар орталығы - 1624 жылы Чукисакада (қазіргі Сукре) ашылған Сан-Франсиско Хавьер университеті болды. Ол испан философтары Ф. Суарес пен Ф. де Вирторидің «Жалпы игілік» және «Халық суверендігі» деген схоластикалық концепцияларын таратуға жағдай жасады. 20 ғасырдың 20 жылдары прогрессивті жазушы, әрі юрист X. Мендостың еңбектерінде социалистік идеяларға (Боливияда утопистік социализм идеясы 19 ғасыр ортасында-ақ елес бере бастаған) едәуір көңіл аударылды. Философ И. Пруденспо Бустильо Ұлы  социалистік революциясына дұрыс баға бергенімен, ол социализмді фабиандық тұрғыдан түсіну позициясында қалып қойды. Жазушы әрі саяси қайраткер Г. А. Наварро (бүркеншік аты Тристан Мароф) Боливияның артта қалуының негізгі себептері - империалистік елдерге тәуелділік және помещиктік қанау деп әділ бағалағанмен, ол да бұдан шығудың революция жолын көрсете алмай, «инк империясын» қалпына келтіруді уағыздаумен болды. Наварро бара-бара «Үнді нәсілшілдігіне» көшті, одан шығып, троцкишілдерге қосылды, ақырында келіп антиимпериалистік күрестен бас тартты. 20 ғасырдың 30-40 жылдары Боливияда «жария марксизм» көзқарасы етек алғанымен, оны жақтаушылар X.А.Арсе, P.Аная, А.Уркиди т. б. жұмысшы табының роліне тиісті мән бермеді, олар негізінен ұлттық экстремизммен күресті. Ұлттық экстремизмнің көрнекті өкілі Ф. Тамайо гуманизм мен демократияны жоққа шығарып, авторитарлық пен ұлттық эгоизмді дәріптеді. Тамайо жасаған «боливия ұлтшылдық» программасы қазіргі жетекші партиялар идеологиясының негізіне айналды. 60 жылдары Боливия ғалымдарының ел тарихын нақты деректер арқылы зерттеген еңбектері жарыққа шықты. Тарихшы-марксистер (X. Овандо, А. Вильяльпандо т. б.) өздерінің зерттеулерін Боливиядағы ұлттық мәселенің өзіндік ерекшелігіне арнады, еңбекші бұқараның басынан кешіріп отырған екі жақты қанаудың (шетелдік империализмнің тонауы мен үндіс халықтарын ұлттық қанаудың) бетін ашты, Боливия мемлекетінің буржуазиялық табиғатын әшкереледі және жұмысшы табының басшылығы мен халық революциясын жасаудың қажеттілігін көрсетті. Боливия экономистері негізінен елдің халық шаруашылығының басты салалары - кен өндіретін өнеркәсіп экономикасын өркендетуге, Боливияның шетел капиталынан экономикалық тәуелсіздікке жетуі үшін өнеркәсіп орындарын национализаңиялаудың қажеттігіне, елдің экономикасындағы ағылшын және Солтүстік Америка мұнай компанияларының зиянды ролін көрсетуге, финанс проблемаларына назар аударды. Прогрессивті экономистер АҚШ-тың тонаушылдық сипаттағы саясатын өткір сынады.

Қоғамдық ғылым жөніндегі маңызды орталықтар - Ла-Пастағы Ұлттық тарих академиясы (1929 жылы құрылған) мен Санто-Крус қаласындағы География мен тарихты үйрену қоғамы (1903 жылы құрылған), Боливия социология институты және т. б.

Баспасөз, радиохабар, телевизиясы. Боливияда бірнеше ондаған әр түрлі газеттер мен журналдар шығады. Барлық тпраждың 90%-і Ла-Паста, ал қалғандары Сукре мен Кочабамба қалаларында.

Ең ірі газеттері консервативті бағыттағы: «Диарио» 1904 жылдан шығады, оңшыл буржуазия газеті: «Ой» 1969 жылдан, АҚШ монополиясымен байланысты реакциялық клерикал - топтың органы - «Пресенсия» 1962 жылдан, БКП-нің органы «Унидад» 1953 жылдан, «Пуэбло» 1946 жылдан шығады (апталық прогрессивті газет).

Боливияда «Асосиасьон боливиана де радиодифусорас» және «Дирексьон хенераль де радиокомуникасьонес» радиохабар компаниялары, 1970 жылдан мемлекеттік телевизия компаниясы жұмыс істейді.

Әдебиеті. Боливия әдебиеті негізінен испан тілінде дамыған. Испандар жаулап алғанға дейін (1531-1533) қазіргі Боливия жерін ежелгі үндіс тайпалары (кечуа, аймара т. б.) мекендеген. Ол дәуірден мардымды әдеби мұра қалмаған 18 ғасырдың аяғында азаттық қозғалысының етек алуына байланысты патриоттық лирика мен публицистика біршама дамыды. Боливия тәуелсіздік алғаннан кейін (1826) европалық романтизмге еліктеген романтикалық сарын пайда болды. Бұл кезеңдегі әдебиеттің көрнекті өкілдері Р. X. Бустаманте (1821-1884), Н. Галиндо (1830-1865) т. б. болды. Н. Агирре (1843-1888) тәуелсіздік жолындағы соғыс тарихынан «Хуан де ла Роса» (1885) атты айтулы роман жазды. М. С. Кабальероның (1819-1866) «Арал» романы да жұртқа әйгілі. 19 ғасырдың 30 жылдарында үндістердің ауыр тұрмысын суреттейтін шығармалар туды. Бұлардың қатарына А. Сеспедестің «Сайтанның металы» (1946), М. Мендос Лопестің «Әділ соттың арайлы күні» (1947) т. б. романдары жатады. Боливияның осы кездегі ең ірі жазушыларының бірі X. Лара (1904) творчествосының маңызы зор. Оның «Суруми» (1943), «Янакуна» (1952, орыс тіліне 1958 ж. ауд.), «Біздің қан» (1959) романдарында үндістердің аянышты халі суреттеледі. Бейбітшілік жолындағы белсенді күрескер X. Лара 1953 жылы Совет Одағында болып, бірқатар очерктер жазды, оларда социалситік құрылысты шынайы суреттеді.

Архитектурасы мен бейнелеу өнері. 5-8 ғасырларда Боливияның таулы жерлерінде ертедегі Тиауанако мәдениеті (монолитті тастардан жасалған құрылыстар, мүсіндер т. б.) дамыған. 16-18 ғасырларда үнді шеберлерінің қатысуымен қалалар (Сукре, Потоси, Ла-Пас) салынды, жердін сілкінуіне төзімді конструкциялар енгізілді. 19-20 ғасырдағы өнеркәсіптік қоғамдық ғимараттардың архитектурасында европалық және американ үлгісі кең қолданылғанмен, тұрғын үй құрылысында 20 ғасырдың ортасына дейін ескі тип өзгермей келді. 1920 жылы реалистік өнердің ұлттық мектебі қалыптасты. Бразилия мен Аргентина архитектурасының ықпалымен Ла- Паста, Кочабамбада темірлі-бетоннан көп қабатты үйлер салынды. 20 ғасырдың басында А. Ногалес, X. Гарсиа Меса, С. Итурральде сияқты жергілікті суретшілер шықты. 20 жылдары суретшілер С. Гусман де Рохас, Р. Бердесио т. б. өз халқының тарихы мен бүгінгі өмірін бейнелеуге ден қойды. Олар европалық және мексикалық өнер тәжірибесін, үндіс мәдениетінің дәстүрін кеңінен пайдаланды. Бұл дәстүр кечуа және аймар үндістерінде күні бүгінге дейін сақталып отыр.

50 жылдары эксперименттік биология мен физиотерапия, селекция, ботаникалық салаларында, техника мен космос физикасы жөнінде зерттеулер жүргізілді. 1960 жылы Ұлттық ғылым академиясы, Атом энергиясы жөнінде ұлттық комиссия және Ұлттық геология басқармасы құрылды. Бұдан кейін геофизика, технологиялық, ғылыми-зерттеу институттары ұйымдастырылды. 1963 жылдан бері Боливияда Ғылыми-техникалық информация орталығы бар. Бірнеше ғылыми қоғамдар жұмыс істейді. Физик И. Эскобар, биолог O. Суарес Моралес, ботаник М. Карденас Эрмоса т. б. сол елдің атақты ғалымдары.

Қоғамдық ғылымдар. Отаршылдық дәуірінде гуманитарлық ғылымдар орталығы - 1624 жылы Чукисакада (қазіргі Сукре) ашылған Сан-Франсиско Хавьер унивесритеті болды. Ол испан философтары Ф. Суарес пен Ф. де Вирторидің «Жалпы игілік» және «Халық суверендігі» деген схоластикалық концепцияларын таратуға жағдай жасады. 20 ғасырдың 20 жылдары прогрессивті жазушы, әрі юрист X. Мендостың еңбектерінде социалистік идеяларға (Боливияда утопистік социализм идеясы 19 ғасыр ортасында-ақ елес бере бастаған) едәуір көңіл аударылды. Философ И. Пруденспо Бустильо Ұлы социалистік революциясына дұрыс баға бергенімен, ол социализмді фабиандық тұрғыдан түсіну позициясында қалып қойды. Жазушы әрі саяси қайраткер Г. А. Наварро (бүркеншік аты Тристан Мароф) Боливияның артта қалуының негізгі себептері - империалистік елдерге тәуелділік және помещиктік қанау деп әділ бағалағанмен, ол да бұдан шығудың революция жолын көрсете алмай, «инк империясын» қалпына келтіруді уағыздаумен болды. Наварро бара-бара «Үнді нәсілшілдігіне» көшті, одан шығып, троцкишілдерге қосылды, ақырында келіп антиимпериалистік күрестен бас тартты. 20 ғасырдың 30-40 жылдары Боливияда «жария марксизм» көзқарасы етек алғанымен, оны жақтаушылар X.А.Арсе, P.Аная, А. Уркиди т. б. жұмысшы табының роліне тиісті мән бермеді, олар негізінен ұлттық экстремизммен күресті. Ұлттық экстремизмнің көрнекті өкілі Ф. Тамайо гуманизм мен демократияны жоққа шығарып, авторитарлық пен ұлттық эгоизмді дәріптеді. Тамайо жасаған «боливия ұлтшылдық» программасы қазіргі жетекші партиялар идеологиясының негізіне айналды. 60 жылдары Боливия ғалымдарының ел тарихын нақты деректер арқылы зерттеген еңбектері жарыққа шықты. Тарихшы-марксистер (X.Овандо, А.Вильяльпандо т.б.) өздерінің зерттеулерін Боливиядағы ұлттық мәселенің өзіндік ерекшелігіне арнады, еңбекші бұқараның басынан кешіріп отырған екі жақты қанаудың (шетелдік империализмнің тонауы мен үндіс халықтарын ұлттық қанаудың) бетін ашты, Боливия мемлекетінің буржуазия табиғатын әшкереледі және жұмысшы табының басшылығымен халық революциясын жасаудың қажеттілігін көрсетті. Боливия экономистері негізінен елдің халық шаруашылығының басты салалары - кен өндіретін өнеркәсіп экономикасын өркендетуге, Боливияның шетел капиталынан экономикалық тәуелсіздікке жетуі үшін өнеркәсіп орындарын национализаңиялаудың қажеттігіне, елдің экономикасындағы ағылшын және Солтүстік Америка мұнай компанияларының зиянды ролін көрсетуге, финанс проблемаларына назар аударды. Прогрессивті экономистер АҚШ-тың тонаушылдық сипаттағы саясатын өткір сынады.

Қоғамдық ғылым жөніндегі маңызды орталықтар - Ла-Пастағы Ұлттық тарих академиясы (1929 жылы құрылған) мен Санто-Крус қаласындағы География мен тарихты үйрену қоғамы (1903 жылы құрылған), Боливия социология институты және т. б.

Баспасөз, радиохабар, телевизиясы. Боливияда бірнеше ондаған әр түрлі газеттер мен журналдар шығады. Барлық тпраждың 90%-і Ла-Паста, ал қалғандары Сукре мен Кочабамба қалаларында.

Ең ірі газеттері консервативті бағыттағы: «Диарио» 1904 жылдан шығады, оңшыл буржуазия газеті: «Ой» 1969 жылдан, АҚШ монополиясымен байланысты реакциялық клерикал - топтың органы - «Пресенсия» 1962 жылдан, БКП-нің органы «Унидад» 1953 жылдан, «Пуэбло» 1946 жылдан шығады (апталық прогрессивті газет).

Боливияда «Асосиасьон боливиана де радиодифусорас» және «Дирексьон хенераль де радиокомуникасьонес» радиохабар компаниялары, 1970 жылдан мемлекеттік телевизия компаниясы жұмыс істейді.

Әдебиеті. Боливия әдебиеті негізінен испан тілінде дамыған. Испандар жаулап алғанға дейін (1531-1533) қазіргі Боливия жерін ежелгі үндіс тайпалары (кечуа, аймара т. б.) мекендеген. Ол дәуірден мардымды әдеби мұра қалмаған 18 ғасырдың аяғында азаттық қозғалысының етек алуына байланысты патриоттық лирика мен публицистика біршама дамыды. Боливия тәуелсіздік алғаннан кейін (1826) европалық романтизмге еліктеген романтикалық сарын пайда болды. Бұл кезеңдегі әдебиеттің көрнекті өкілдері Р. X. Бустаманте (1821-1884), Н. Галиндо (1830-1865) т. б. болды. Н. Агирре (1843-1888) тәуелсіздік жолындағы соғыс тарихынан «Хуан де ла Роса» (1885) атты айтулы роман жазды. М. С. Кабальероның (1819-1866) «Арал» романы да жұртқа әйгілі. 19 ғасырдың 30 жылдарында үндістердің ауыр тұрмысын суреттейтін шығармалар туды. Бұлардың қатарына А. Сеспедестің «Сайтанның металы» (1946), М. Мендос Лопестің «Әділ соттың арайлы күні» (1947) т. б. романдары жатады. Боливияның осы кездегі ең ірі жазушыларының бірі X. Лара (1904) творчествосының маңызы зор. Оның «Суруми» (1943), «Янакуна» (1952, орыс тіліне 1958 ж. ауд.), «Біздің қан» (1959) романдарында үндістердің аянышты халі суреттеледі. Бейбітшілік жолындағы белсенді күрескер X. Лара 1953 жылы Совет Одағында болып, бірқатар очерктер жазды, оларда социалистік құрылысты шынайы суреттеді.

Архитектурасы мен бейнелеу өнері. 8 ғасырда Боливияның таулы жерлерінде ертедегі Тиауанако мәдениеті (монолитті тастардан жасалған құрылыстар, мүсіндер т. б.) дамыған. 16-18 ғасырларда үнді шеберлерінің қатысуымен қалалар (Сукре, Потоси, Ла-Пас) салынды, жердін сілкінуіне төзімді конструкциялар енгізілді. 19-20 ғасырлардағы өнеркәсіптік қоғамдық ғимараттардың архитектурасында европалық және американ үлгісі кең қолданылғанмен, тұрғын үй құрылысында 20 ғасырдың ортасына дейін ескі тип өзгермей келді. 1920 жылы реалистік өнердің ұлттық мектебі қалыптасты. Бразилия мен Аргентина архитектурасының ықпалымен Ла- Паста, Кочабамбада темірлі-бетоннан көп қабатты үйлер салынды. 20 ғасырдың басында А. Ногалес, X. Гарсиа Меса, С. Итурральде сияқты жергілікті суретшілер шықты. 20 жылдары суретшілер С. Гусман де Рохас, Р. Бердесио т. б. өз халқының тарихы мен бүгінгі өмірін бейнелеуге ден қойды. Олар европалық және мексикалық өнер тәжірибесін, үндіс мәдениетінің дәстүрін кеңінен пайдаланды. Бұл дәстүр кечуа және аймар үндістерінде күні бүгінге дейін сақталып отыр.

Әдеб.: Гожев А.Д. Южная Америка. Физико-географическая характеристика. -М., 1948; Джемс П. Латинская Америка. пер. с англ., -М., 1949; Лукашова Е.Н. Южная Америка. -М., 1958; Гонсалес Рауль Руис, Боливия - Прометей Анд. пер. с исп., -М., 1963; Галин Ю. Боливия. -М., 1962; Экономика Латинской Америки в цифрах. Статистический сб. -М., 1965; Добровольский Ю.А. Здоровье населения мира в XX веке. -М., 1968; Художественная литература Латинской Америки в русской печати. -1765-1959. (Сост. Л. А. Шур). -М., 1960; Шур Л. А. Художественная литература Латинской Америки в русской печати. -1960-1964. -М., 1966; Кутейщикова В. Н. Роман Латинской Америки в XX в. -М., 1964.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-03-10 13:47:27     Қаралды-3324

ҚҰСТАРҒА ҚАУЫРСЫН НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Құстар жылыну және ұшу үшін қауырсындарды қажет етеді...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАГНИТТЕР НЕ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

...

Магниттерді қолданудың жүздеген әдістері бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАГНИТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Қарапайым тілмен айтқанда, магнит темірді тарта алатын дене.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КРАН НЕ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

...

Кран (мұнара краны деп атау дұрысырақ болар еді) қазіргі кез келген құрылыс...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАГНИТ ӨРІСІ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Магнит өрісі – магниттің айналасындағы аймақ, оның шегінде магниттің сыртқы заттарға әсері сезіледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРАЛАР ҚАНШАЛЫҚТЫ ПАЙДАЛЫ?

...

Аралардың адамдарды тамақтандырудағы негізгі үлесі олардың өндіретін балында емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ІНЖУ-МАРЖАННЫҢ МӨЛШЕРІ ҚАНДАЙ?

...

Соңғы уақытқа дейін әлемдегі ең үлкен інжу 1934 жылы Оңтүстік Қытай теңізінде Филиппиннің Палаван аралында салмағы 300 кг-нан асатын меруерт табылған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУЛЕР ҚАЛАЙ ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ?

...

Жер шарының әртүрлі жерлерінде климат айтарлықтай ерекшеленеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕГИПЕТТЕ ПИРАМИДАЛАР ҚАЛАЙ САЛЫНДЫ?

...

Мысырдағы Гиза қаласындағы пирамидалар бес мың жыл бойы әлемде бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »