UF

АЛБАНИЯ, Албания Республикасы.

Жалпы мәліметтер. Албания - Балкан түбегінің батыс бөлігіндегі, Адрия, Ион теңіздерінің жағалауындағы мемлекет. Солтүстігі мен шығысында Югославиямен, оңтүстік-шығысында Грециямен шектеседі. Жері 28,7 мың км2. Халқы 2,8 млн. адам (2017). Астанасы - Тирана қаласы. Әкімшілік жағынан 26 ауданға бөлінеді; Тирана қаласы - өзінше жеке әкімшілік бөлік.

Мемлекеттік құрылысы. Албания - социалистік мемлекет, халық республикасы. Қазіргі конституциясы 1946 жылы 14 наурызда қабылданған (1950 жылы 4 шілдеде жаңадан редакцияланған). Мемлекеттік өкіметтің жоғары және бірден-бір заң шығаратын органы - Халық жиналысы (жалпыға бірдей, төте, тең сайлау правосы негізінде, 8 мың адамға 1 депутат мөлшерімен 4 жылға жасырын дауыспен сайланады). 18 жасқа толған барлық азамат сайлауға қатысуға және сайлануға праволы. Халық жиналысы заңдар қабылдайды, мемлекеттік бюджетті, халық шаруашылық жоспарларын бекітеді, Халық жиналысының Президиумын сайлайды, Албания үкіметін (Мин. Советін) құрады, Жоғарғы сотты сайлайды, Бас прокурорды тағайындайды. Халық жиналысының кезекті сессиясы жылына 2 рет шақырылады. Сессиялар аралығында жоғары мемлекеттік өкіметті оның Президиумы басқарады (председатель, оның 3 орынбасары, секретарь, 10 мүше). Мемлекеттік өкіметтің атқарушы және басқарушы органы - үкімет (Мин. Советі). Үкімет Халық жиналысы алдында жауапты. Мемлекеттік өкіметтің жергілікті органдары - селолардың, локалитеттердің, қалалар мен аудандардың халық советтері (3 жылға сайланады); олардың атқарушы және басқарушы органдары - атқару комитеттері. Сот жүйесі - Албанияның Жоғарғы соты, аудандық соттар, әскери трибуналдар. Конституция бойынша айрықша істерді қарау үшін арнаулы соттар құруға болады.

Табиғаты. Адрия теңізінің жағасы негізінен аласа келеді. Отранто, Керкира бұғаздарының жағасы таулы, шағын-шағын шығанақты болады. Адрия теңізінің жағалауы төбелі, ойпатты болып келеді (ені 40-45 км-ге дейін жетеді). Ойпатты оңтүстіктен, шығыстан, солтүстіктен биіктігі орташа, қатпарлы альпі жоталары және Солтүстік Албан Альпілерінің, Томори, Кораби тауларының (биіктігі 2764 м-ге дейін) сілемдері қоршап тұрады.

Негізгі пайдалы кендері - хромит, мыс, никель рудалары; тау етектерінде мұнай, битум шығатьш жерлер бар. Климаты субтропиктік, жерорта теңіздік. Жазық жерлерде жазда ауа райы құрғақ, күн ыстық (шілденің орта температурасы 24-25°С), ал қыста жылы, ылғалды, циклонды (қаңтардың орта температурасы 8-9°С) болып келеді. Таулы жерлерде күн суық, ылғалды болады. Мұнда қар бірнеше ай бойы жатады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1000 мм-ден астам. Өзендері басын таудан алады, терең аңғарлы, сайлы, ағыны қатты, энергия қоры мол болып келеді. Олар негізінен жаңбыр, көктемде қар суынан құралады. Су қоры әркелкі: жазда егістерді суару қажет болған кезде өзендер өте таязданып немесе тартылып қалады. Ірі өзендері: Дрин, Мати, Шкумбини, Семани, Вьоса т. б. Көбінде су қоймалары жасалған.

Албания жерінің едәуір бөлігі орманды келеді. Бұталы, шалғынды жерлер де көп. Өсімдігі мен топырағына қарай 3 белдеуге белінеді: 1) төменгі белдеу (300-600 м-ге дейін); мұнда жылылықты неғұрлым көп керек ететін, әрқашан көгеріп тұратын маквис тұрпаттас бұталар, жазда көгеретін самшит, шибляк тұрпаттас өсімдіктер т. б. өседі. Кей жерлерде шыршаның оңтүстіктегі түрлері кездеседі; жері құрғақ, орманды, бұталы, топырағы субтропиктік қызыл, қоңыр болып келеді; 2) 1700-2000 м-ге дейінгі биіктіктегі таудағы орманды белдеу; мұнда емен, каштан, бук, қарағай, шырша өседі, топырағы қоңыр; 3) 2000 м-ден астам биіктіктегі альпілік шалғынды белдеу.

Жануарлары азайып кеткен. Адам аз тұратын жерлерде қасқыр, қорқау қасқыр, қабан кездеседі; жағаға жақын аудандарда су құсы көп.

Халқы. Көпшілігі албандар (96%-ке жуық), гректер (2%-тен астам), влахтар (валахтар) т. б. Тілі - албан тілі. Дінге сенуші халықтың 3/4 бөлегіне жуығы мұсылмандар, басқалары христиандар (католиктер мен православиеліктер). Албания - халқы табиғи тез өсіп отыратын ел (1000 адамға 25-30). Жерінің 3/4 бөлегіне жуығын алып жататын батыс ойпаңда халықтың жартысы тұрады. Жалпы халықтың 3/4 бөлегіне жуығы - қала тұрғындары. Ірі қалалары (1967): Тирана (169,3 мың адам), Дуррес (53,2 мың), Шкодер 49,8 мың), Влёра (50,4 мың), Корча (45,9 мың), Эльбасан (38,9 мың).

Тарихы. Албания жерін адам алған: палеолит дәуірінің орта шенінде мекендеген. Неолит дәуіріндегі ең ежелгі халқы - пеласги, б. з. б. 2-мың жылдықтан бастап бұлар иллириялықтар деп аталды. Б. з. б. 7-3 ғасырда гректер бірсыпыра қоныс салды. Б. з. б. 4 ғасырда иллирия тайпаларының тұңғыш мемлекеттік бірлестігі құрылды. Б. з. б. 2 ғасырда қазіргі Албания жерін римдіктер жаулап алды, кейіннен бұл жер Далмация мен Македонияның (Рим провинциялары) құрамына кірді. Б. з. 1 ғасырынан бастап Албанияда құл иелену қатынасы дамыды. Рим империясы бөлшектенген кезде, Албания Византияға қосылды (4-5 ғ.). 4-5 ғасырдың аяғында Албанияны готтар мен гундар талқандады. 6 ғасырдың аяғынан Албанияға славян тайпалары қоныстана бастады. Диррахий қаласы (қазір Дуррес) орналасқан теңіз жағалауы Византияның қолында қалды. Жерінің басқа бөлігі болгар мемлекетінің құрамына енді. 1018 жылы бірінші болгар патшалығы құлағаннан кейін, Византияның қарамағына көшті. 11 ғасырда Шкумбини өзенінің жоғарғы алқабында тәуелсіз Араднон аймағы өмір сүрсе керек. Бұл тұңғыш ерікті албан мемлекетінің негізі болды; мемлекет Арберий принципаты (12 ғасырдың аяғы) деп аталды. 13 ғасырдың 2-жартысында Албания жерінің дені Эпир патшалығының, 13 ғасырдың соңы - 14 ғасырдың 1-жартысында Албанияның батыс бөлігі Неаполь, солтүстік бөлігі Серб корольдықтарының құрамына кірді. 14 ғасырдың ортасында Албания жерін түгел серб королы Стефан Душан басып алды. 14 ғасырда албан қалалары көркейіп өсті. 14 ғасырдың аяғынан бастап түріктер Албанияны түгел дерлік өзіне қаратты. Скандербек (Георгий Кастриоти) бастаған албан халқы түріктерге қарсы көтеріліп, жеңіске жетті. Феодалдық албан мемлекеті құрылып, ол 25 жыл бойы тәуелсіздігін сақтады. Скандербек өлгеннен кейін (1468) түріктер 1479 жылы Албанияны түгелдей дерлік қайта басып алды. Елде ислам діні жайыла бастады, феодалдық езгі күшейді. Шаруалар талай рет көтеріліске шықты, бірақ жеңіске жете алмады. Қайшылықтар жегідей жеп, Осман империясы әлсіреген сайын, албан феодалдары көп жерлерде билікті бірте-бірте өз қолдарына ала берді. Дегенмен, Албания ұзақ жылдар бойы Түркияға тәуелді күйінде қалды. 19 ғасырдың ортасынан бастап албан халқының ұлттық сана-сезімі өсе бастады. Н. Векильхарджи, И. Де Рада, К. Кристофориди, Т. Митко, Н. Фрашери т. б.тұңғыш албан ағартушылары өсіп жетілді. Олардың еңбектері албан халқының рухани өміріне күшті өсер етті. 19 ғасырдың соңғы ширегінде Балқан түбегінде, оның ішінде Албанияда азаттық қозғалысы өріс алды. Түркияның әлсіреуіне байланысты Албания 20 ғасырдың басында европалық империалистік мемлекеттердің бақталастық объектісіне айналды. Австрия-Венгрия, Италиямен қатар Болгария, Греция, Сербия, Черногория да албан жерін бөлісуге қатысқысы келді. Осыдан бастап албан халқының азаттық күресі империализмге қарсы сипатта өтті. 1905-1907 жылдар 1-орыс революциясының және Жас туріктер революциясының (1908) әсерімен Албанияда ұлт-азаттық қозғалысы кең құлаш жайды. Түрлі әлеуметтік топтардың уәкілдерінен құпия комитеттер құрылды. Олар чет (қарулы жасақтар) құрды. 1908 жылы шілдеден бастап албан көтерілісшілері жас түріктермен ынтымақтасып, сұлтан өкіметіне қарсы күресті. Жас түріктер өкімет басына келгеннен кейін, келісім бойынша, албандарға автономия бермек еді; бірақ олар бұл уәдесін орындамады, қайта албандарға ашықтан-ашық шабуыл жасады. 1910 жылы көктемде Албанияның солтүстігінде түріктерге қарсы қарулы көтеріліс болды. Көп ұзамай ол талқандалды. 1912 жылы көктемде жаппай көтеріліс шықты. Күрес күшейген кезде, албан феодалдары ұлт мүддесін сатып, түрік үкіметімен келісімге келді. 1912 жылы Албания жеріне Черногория, Сербия, Греция әскерлері басып кірді. 1-Балкан соғысында Түркия жеңілгеннен кейін, 1912 жылы 28 қарашада Влерада Албанияның тәуелсіздігі жарияланды, Исмаил Кемал-бей бастаған уақытша үкімет құрылды. 1913 жылы Лондон бітім шарты бойынша Албанияның тәуелсіздігі танылды. Бірақ іс жүзінде Австрия, Венгрия, Ұлыбритания, Германия, Италия, Россия, Франция Албанияға протекторат орнатты. 1-дүние жүзілік соғыстың аяғында Албанияға итальян, серб, грек әскерлері басып кірді.

Ұлы революциясының жеңісі албан халқының тәуелсіздік жолындағы күресін күшейте түсті. 1920 жылы 21-31 қаңтарда Люшняда болып өткен Ұлттық конгресс Албанияны тәуелсіз ел, Тирананы Албанияның астанасы деп жариялады. Албания жерінен басқыншы әскерлер қуып шығарылды. Елді демократияландыру міндеті алға қойылды. Бірақ үкіметті басқарған феодалдық-помещиктік А.Зогу тобы түбірлі экономикалық және саяси реформалар жүргізуден жалтарды. Бұл халықты ашындырды. Феодалдарға қарсы «Башкими» («Бірлік») ұйымы басқарған қозғалыс буржуазия-демократия Июнъ революциясына (1924) ұласты. Үкімет басына буржуазияшыл демократтар келді. Совет Одағымен дипломатиялық қатынас орнатылды. Бірақ буржуазия халықты феодалдарға және шетел езгісіне қарсы күреске жұмылдыра алмады. Реакциялық тәртіп қайта орнады. Албания итальян империализмінің аграрлық шикізат қорына айналды. Мұның бәрі халықтың қарсыласу қозғалысын туғызды. 30 жылдардың басында тұңғыш коммунистік топтар құрылды.

1939 жылы 7 сәуірде фашистік Италия Албанияға шабуыл жасап, 12 сәуірде оны Италияның құрамына қосты. 2-дүние жүзілік соғыстың алғашқы кезеңінде албандықтар басқыншыларға қарсы күшті тойтарыс бере алмады. Совет Одағы фашистік блокқа қарсы соғысқа қосылып, Албания компартиясы (АКП) құрылғаннан кейін (1941 жылы қараша), ұлт-азаттық күрестің жеңуі үшін нақты мүмкіндік туды. АКП-нің араласуымен азат етілген жерлерде (1942 жылы наурыз) ұлт-азаттық советтер құрыла бастады. 1942 жылы 16 қыркүйекте Пеза қаласында ұлт-азаттық майданы ұйымдастырылды. 1943 жылы наурызда АКП-нің 1-Бүкіл албандың конференциясында халықты жаппай көтеріліске жұмылдыру жөнінде шешім қабылданды. 10 шілдеде Бас штаб құрылды. Онан соң Ұлт-азаттық армиясы (ҰАА) қалыптаса бастады. 1943 жылы күзге дейін итальяндар Албанияның оңтүстік, орталық аудандарының көпшілігінен қуылды. Совет Армиясының жеңісі, Италияның тізе бүгуі елдің басқа аудандарын босатуға мүмкіндік берді. Советтер «албан халқы саяси өкіметінің негізі» деп танылды. 1943-1944 жылдар қыста және 1944 жылы жазда ҰАА неміс-фашист армиясының шабуылына тойтарыс берді. Балканда жалпы соғыс жағдайы өзгерген соң, ҰАА түпкілікті жеңіске жетті. Ал соғыс жағдайының өзгеруіне Совет Армиясы фашистік Германия өскерін майданда біржолата талқандағаннан кейін, мүмкіндік туды. Азаттық күрес халықтық-демократиялық революцияға ұласты.

1944 жылы 20 қазанда Уақытша демократиялық үкімет құрылды. Демократия және социалистік өзгерістер жүзеге асырылды.

1945 жылы 29 тамыздағы заң бойынша аграрлық реформа жүргізілді; жер шаруаларға бөліп берілді. 1945-1946 жылдар шетелдер меншігі мен Албания банкі, өнеркәсіп пен сауда орындары түгел дерлік мемлекеттік қарамағына алынды. Халық шаруашылығында социалистік сектор құрылды. Құрылтай жиналысының сайлауында (1945 жылы желтоқсан) Албания Демократиялық майданының кандидаттары жеңіп шықты. 1946 жылы 11 қаңтарда Албания халық республикасы болып жарияланды, наурызда конституция қабылданды. Албания социализм орнатуға кірісті. Екіжылдық (1949-1950) және 1-бесжылдық (1951-1955) жоспарлар ойдағыдай орындалды. Албания аграрлы-индустриялы елге айналды. 2-бесжылдықта (1956-1960) Албания экономикасы күшейе түсті. 60 жылдардың басында ұлттың өнеркәсіптің базасы жасалды, ауыл шаруашылығының дәрежесі көтеріліп, тиімділігі артты, мәдени құрылыстағы табыстар айтарлықтай болды.

Албаниядағы социализм құрылысына Совет Одағы мен басқа да социалистік елдер жан-жақты көмек көрсетті. Бірлескен совет-албан мәлімдемесінде (Совет Одағы мен АХР үкімет делегациялары арасында жүргізілген келіссөздер нәтижесінде 1957 жылы 17 сәуірде қол қойылған) албан жағы былай деді: «Албания Халық Республикасының үкіметі мынаны ерекше атап көрсетуді қажет деп санайды: тек Совет Одағы мен басқа да социалистік елдердің көмегі мен жәрдеміне сүйене отырып, бұрын көп ғасыр бойы отарлық езгіде болған албан халқы өзінің ұлттық тәуелсіздігін сақтап қалды және социализмді ойдағыдай жүзеге асыра алды» («Правда», 1957,    18 сәуір). 1960 жылдан кейін АЕП басшылары социалистік ынтымақ, халықаралық коммунистік қозғалыс және сыртқы саясат саласында жікшілдік жолға түсті. Соның салдарынан Албания мен Совет Одағы, басқа да социалистік елдер арасындағы ынтымақ бұзылды. 1962 жылы Албания Экономикалық Өз ара көмек Советінің жұмысына қатысудан бас тартты. 1968 жылы қыркүйекте албан басшылары Варшава шарты ұйымынан шығатынын мәлімдеді. Бұл бейбітшілік және социализм мүддесіне, ең алдымен албан халқының мүддесіне қайшы келеді.

Саяси партиялары, кәсіподақтары мен басқа да қоғамдық ұйымдары. Албан Еңбек партиясы (АЕП) - 1941 жылы 8 қарашада құрылды (1948 жылға дейін Албания Коммунистік партиясы). Албанияның Демократиялық майданы (АДМ) 1942 жылы 16 қыркүйекте ұйымдасты (1945 жылы тамызға дейін Ұлт-азаттық майдан). Бұқаралық-саяси ұйым. АЕП басшылығымен жұмыс істейді. Албания кәсіподақтарының жалпыға бірдей бірлестігі 1945 жылы қазанда құрылған. 1967 жылы 150 мың мүшесі болды. Кәсіподақтардың Бүкіл дүние жүзілік федерациясына кіреді.

Шаруашылығы. 2-дүние жүзілік соғыс қарсаңында Албания экономика жағынан Европадағы ең артта қалған ел еді: фабрика-завод өнеркәсібі жоқтың қасы, темір жолы мен сауда флоты мүлде болмады. Албания Италия экономикасына аграрлық шикізат беріп тұруға ғана жарады. 2-дүние жүзілік соғыс кезінде Италия мен Германияның фашистік оккупациясы шаруашылыққа орасан зиян келтірді. Ел азат етілгеннен кейін (1944), Совет Одағы мен басқа да социалистік мемлекеттердің көмегі арқасында халық шаруашылық тез қалпына келтіріліп, Албания социалистік даму жолына түсті. Екіжылдық (1949-1950) және бесжылдық (1951-1955,        1956-1960) жоспарларды орындаудың нәтижесінде ұлттық өнеркәсіптің негізі жасалды. 1960 жылы өнеркәсіп өнімін шығару 1938 жылмен салыстырғанда 25 есе, ауыл шаруашылық өнімін өндіру 1,7 есе артты. АХР ұлттық табысының шамамен 2/5 бөлегін өнеркәсіп береді.

Соц құрылыстың табыстары Совет Одағымен және басқа да социалистік елдермен тығыз ынтымаққа байланысты болған еді. Бірақ 1962 жылдан бастап Албания СССР-мен және басқа да социалистік елдермен экономикалық байланысын тоқтатты. 3-бесжылдық жоспарды (1961-1965) орындау кезінде Албания экономикасы қиындықтарға кездесті. Өндіріс қарқыны бәсеңдеп, жаңа қуаттарды іске қосу ұзаққа созылды. Халық шаруашылығын өркендетудің 1966-1970 жылдарға арналған 4-бесжылдық жоспарында 1970 жылы өнеркәсіп өнімін шығаруды 1965 жылмен салыстырғанда 50-54%, ауыл шаруашылығының жалпы өнімін 41-46%, ұлттық табысты 45-50% молайту көзделді.

Өнеркәсібі. Тамақ және тоқыма өнеркәсібі басқа салалардан әлдеқайда басым. Социалистік құрылыс жылдарында кен қазу, мұнай, ағаш өңдеу өнеркәсібі мен жеңіл өнеркәсіп дамыды. Металлургия, машина жасау, химиялық салаларын құруда алғашқы қадам жасалды. Өңдеу өнеркәсібінің негізгі бөлегі Тирана, Дуррес, Шкодер, Влёра, Корча, Эльбасан қалаларында. Отын-энергетика өнеркәсібі көбінесе мұнай мен су-энергетика қорларын пайдалану негізінде дамып келеді. Су-электр станциялары (СЭС) Мати, Бистриц, Дрин т. б. өзендердің бойына орналасқан (Тиана маңындағы Ленин атындағы СЭС Совет Одағының көмегімен салынды). Басты жылу-электр станциясы (ЖЭС) Фиери қаласында. Мұнай кәсіпшіліктері Семани өзенінің алабында, Сталин, Патоси қалалары ауданында; бұлар мұнай өңдеу орталықтарымен құбырарқылы жалтасады (Церрикте Совет Одағының көмегімен мұнай айыру з-ды салынды). Влёра маңында табиғи битум шығады. Хромит қоры мен оны өндіру жөнінде Албания Европада бірінші орын алады (СССР-ді қоспағанда). Темір-никель кені Орхид көлінің батыс жағында өндіріледі (1958 жылдан бастап). Мати, Дрин өзендері алабында мыс қорыту өнеркәсібі ламып келеді (Рубику мен Кукесте). Тұңғыш қара металлургия з-ды Эльбасанда салынып жатыр. Химиялық өнеркәсібі жаңадан құрылып келеді: Лячте фосфорит, Фиериде азот тыңайткыштары, Влёрада сода өндірісі бар. Цемент зауыдтарының жүйесі жасалды Влёра, Шкодер, Эльбасан, Фуше-Круя). Солтүстік пен орталықтағы ағаш дайындайтын негізгі аудандарда ағаш өңдеу өнеркәсібі пайда болды (СССР-дің көмегімен Эльбасан Комбинаты салынды). Тоқыма өнеркәсібінде мақта маталарын өндіру жетекші орын алады. Тоқыма комбинаттары - Тирана мен Бератта, мақта тазалайтын фабрикалар - Фиери мен Рогожинде. Былғары аяқ киім кәсіпорындары бар. Темекі, қант, шарап, нендір майы, балық және жеміс консервілері өндіріледі. Өнеркәсіп өнімін шығару мына мәліметтермен сипатталады.

Ауыл шаруашылығы - халық шаруашылығының маңызды саласы, ұлттық табыстың 3/4 бөлегіне жуығын береді; еңбекке жарамды халықтың жартысынан артығы осында істейді. Өңделетін жердің (1967) 98,5%-і социалистік сектордың - мемлекеттік шаруашылықтар мен өндірістік кооперативтердің қарамағында, оның ішінде 3/4 бөлігі кооперативтерде, 1/5 бөлегі мемлекеттік шаруашылықтарда. 1967 жылы шаруалардың 97,8%-і кооперативтерде болды. Тұтас алғанда, ауыл шаруашылық өндірісінің қарқыны тым баяу. Жерінің 43,2%-і орман-тоғай, жайылымдар 25,5%, өңделетін жер 19,7% немесе 0,56 млн. га шамасында (1967).

227,2 мың га жер суарылады. Албанияның жалпы өнімінің 2/3 бөлігінен арығы егіншіліктен түседі. Оның үлес салмағы 1967 жылғы 56,8%-тен 61%-ке дейін артады (жоспар бойынша), оның ееесіне мал шаруашылығының үлес салмағы 29,5%-тен 26%-ке дейін кемиді. Егіс көлемі батпақтарды құрғату, орман алқаптары мен жайылымдарды игеру есебінен кеңейтіледі. Соғыстан кейінгі кезеңде егін шаруашылығының құрылымы қатты өзгерді: дәнді дақылдардың үлес салмағы 1938 жылғы 96,5%-тен 1967 жылы 68,6%-ке дейін кеміді, техникалық дақылдардың, картоп пен овощтың, жемшөптік дақылдардың үлес салмағы едәуір артты, бақтар (апельсин, инжир, айва, бадам, шабдалы, алхоры, алмұрт, алма) мен жүзімдіктердің көлемі ұлғайды. Мал шаруашылығында қой мен ешкі өсіру басым (тиісінше 1,7 және 1,2 млн.). Ірі қара мал 0,5 млн-ға толмайды.

Транспортының негізгі түрі - автомобиль транспорты. Темір жолдардың жалпы ұзындығы 218 км (алғашқы темір жол 1947 жылы салынды). Негізгі теңіз порттары - Дуррес, Влёра.

1950-1960 жылдардың ішінде сыртқы сауда айналымы 5 еседей өсті. Албания экспортында кен өнеркәсібінің өнімі жетекші орын алады (хром, темір, никель кені, қорытылмаған мыс, мұнай, табиғи битум т. б.), одан кейінгілері - ауыл шаруашылық шикізаты мен шала өнімдер (темекі, тері-терсек, жүн), жеміс, овощ, ағаш өңдеу кәсібінің өнімдері (тақтай, фанер). Импорты - машина, жабдық, прокат, транспорт құралдары, дәрі-дәрмек, химиялық тұздар, тұтыну бұйымдары. 1960 жылға дейін сыртқы сауда айналымының жартысынан артығы Совет Одағының үлесіне тиетін. 1961 жылдан кейін Албания Европаның социалистік елдерімен сауданы барынша қысқартып (35%-ке дейін), Қытаймен сауданы кеңейтті. Италия, Франция, ГФР, Греция т. б. капиталистік елдермен сауда айналымы ұлғайды. Ақшасы - лек.

Денсаулық сақтау ісі. 1967 жылы әрбір 1000 адамға шаққанда 35,3 бала туып,8,4 адам өлді. Еркектер орта есеппен 64,9 жыл, әйелдер 67 жыл жасайды (1965-1966). Албанияда жұқпалы аурулар көп; 1958 жылдан безгекке, полиомиелитке, дифтерияға, сүзекке, туберкулёзге т. б. қарсы шаралар қолданылып келеді. Жұмысшы, қызметшілерге, мүгедектер мен олардың үй ішіне медицина жәрдем тегін көрсетіледі. Денсаулық сақтау ісі мемлекеттік бюджет есебінен қаржыланады (1968 жылы 5,3%). 1968 жылы Албанияда 11,9 мың төсектік196 аурухана (1000 адамға 5,8 төсектен), 1147 емханалық-поликлиникалық мекеме болды; 1409 дәрігер (1607 адамға 1 дәрігер), 500-ден аса фельдшер жұмыс істеді. 1968 жылы Тиранада гигиена және эпидемиология институты, рентгенология орталығы, 1969 жылы онкология институты құрылды. Албания Ривьерасы, Дуррес, Уйет-э-Фтохта, Поградец, Лиджа курорттары бар.

Халық ағарту және ғылыми мекемелері. Халықтық-демократиялық құрылыс орнағанға дейін елдің 85-90%-і сауатсыз болатын. Фашистік оккупациядан азат етілгеннен кейін, сауатсыздықты жою науқаны ойдағыдай өткізілді. Қазір міндетті түрде 8 жылдық білім алу тәртібі енгізіліп жатыр. Халық ағарту жүйесіне балалар бақшалары, 8 жылдық орталау мектептер (оның ішінде 4 жылдық бастауыш мектептер), 12 жылдық орта мектептер кіреді. 1967-1968 оқу жылында бастауыш мектептерде 268,5 мың, 8 жылдық мектептерде 177,1 мың, 12 жылдық мектептерде 19,9 мың, кәсіптік білім беретін мектептер мен техникумдарда 25,9 мың оқушы болды. Жоғары дәрежелі оқу орындарында 12,4 мың студент оқыды (1967-1968). 2-дүние жүзілік соғысқа дейін Албанияда ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындары болған жоқ. Тұңғыш ғылыми мекеме - Ғылым институты 1947 жылы ашылды, онда тіл-әдебиет, тарих, социология, әкономика, жаратылыс тану бөлімшелері болды. 1957 жылы педагогика, политехника, экономика, медицина, заң институттары мен Ғылым институтын біріктіру негізінде Тиранада мемлекеттік университет құрылып, оқу мен ғылымның бірыңғай орталығына айналды, салалық ғылыми-зерттеу институттары мен мекемелері тиісті министрліктердің қарамағына көшті. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын өрістетуде Албанияға СССР мен басқа да социалистік мемлекеттер зор көмек көрсетті. Алайда 1961-1963 жылдардан бастап албан ғалымдары мен Европаның социалистік елдері ғалымдарының байланысы түгелдей үзілді. Албания Дубнадағы біріккен ядролық зерттеу институтының жұмысына қатысуын қойды.

Подпись: АЛБАНИЯБаспасөз, радио, телевизиясы. Албанияда мерзімді басласөз 19 ғасырдың 2-жартысында пайда болды. Халықтық-демократиялық революциядан кейін албан баспасөзі қаулап өсті. 1967 жылы орталық 50 газет, журнал т. б. шығып, олардың бір жолғы тиражы 300 мың данадан асты. Аса маңызды газеттері: «Зери и популлит» (АЕП ОК органы) 1942 жылдан, «Башкими» (АДМ органы) 1943 жылдан, «Пуна» (албан Кәсіподақтары орталық советінің органы) 1945 жылдан; «Зери и ринисе» (Албанияның Еңбекші жастары одағының органы) 1952 жылдан шығады. «Дрита» (апталық әдеби газет) т.б. Журналдары: «Руга э партисе» (АЕП ОК органы) 1954 жылдан, «Нендори» (Албания жазушылары мен өнер қайраткерлерінің органы) 1954 жылдан шығады т. б.

Албан телеграф агенттігі - АТА 1944 жылы құрылған. «Албан радио хабары мен телевизиясы» деген мемлекеттік ұйым бар. «Тирана» орталық радиостанциясы 1949 жылы салынды. Радио хабарлары албан және шетел тілдерінде беріледі. Телевизия 1960 жылдан бастап жұмыс істейді.

Әдебиеті мен өнері. Албания - ауыз әдебиетіне бай ел, өсіресе батырлар туралы дастандар мен тарихи жырлар көп. Епископ Паль Энгелидің «Шоқыну жорасы» (1462) - албан жазуының тұңғыш ескерткіші. Албан тіліндегі бірінші кітап - Гьон Бузукудың «Мэшариі» 1555 жылы жарық көрді. 16-17 ғасырларда гуманистер (П. Буди, Ф. Барде, П. Богдани, М. Барлети) бой көрсетті. 18 ғасырда грек тіліндегі дидактикалық-діни әдебиет (Т. Кавальоти, Д. Тодри) өріс алды. 18-19 ғасырларда Н. Фракуланың, X.З. Камберидің, М.Чамидің араб алфавитімен албан тілінде жазылған поэмалары мен өлеңдері түрік ассимиляциясына қарсы күресте елеулі роль атқарды. Ұлттық көркею дәуірінің әдебиеті романтизм ұранымен өркендеді. 19 ғасырдағы албан жазушыларының көрнектілері: И. Де Рада, Г. Дара (кішісі), З. Серембе, А. Сантори, В. Стратико, К. Кристофориди т. б. Жаңа әдебиеттің негізін салушылардың бірі - Н. Фрашери «Мал және егіндік» (1886), «Скандербек тарихы» (1898) поэмаларын жазды. 20 ғасырдың аса көрнекті ақын-жазушылары: А. Чаюпи («Томордың әкесі» жинағы, 1902; «Он төрт жасар күйеуі» комедиясы, 1902), Н. Мьеды («Бұлбұл зары» поэмасы, 1887), Асдрени (А. С. Дренова), Ф. Широка, Л. Гуракучи, Р. Силичи, М. Грамено т. б. 30 жылдары әдебиетте әлеуметтік әуен үстем болды.

2-дүние жүзілік соғыс кезінде Албанияда азаттықты көксеген партизан поэзиясы өріс алды. Басқыншылықтан азат етілгеннен кейін халықтық соғыс тақырыбы басым болды (Ф. Гьятаның «Партизан Бенко туралы жыр» поэмасы, 1950; Д. Шутеричидің «Азат етушілер» романы, 1952-1955). Сонымен бірге өмірді социалистік негізде қайта құру тақырыбы туады (И. Кадаренің «Менің ғасырым» атты өлеңдер жинағы, 1961; С. Спасеенің «Олар жалғыз болған жоқ» романы, 1952 т. б.). 50-60 жылдарда өмірбаяндық повестер мен романдар, Албания өмірінің әр түрлі кезеңдерін қамтитын кітаптар туды (Д. Шутеричидің «Гурнецка» повесі, 1957; В. Коконаның «Өмір толқынында» романы, 1961; Я. Дзодзаның «Өлі өзен» романы, 1965).

Қазіргі Албания жеріндегі аса көне көркем ескерткіштер б. з. б. 1-мың жылдыққа жатады (өңделмеген ірі тастан қаланған бекіністер, қоладан құйылған әшекейлер т. б.). Б. з. б. 7 ғасырдан бергі грек қоныстарының қалдықтары сақталған (Аполлония, Бутринт, Дуррес т. б.). Б. з. б. 1 ғасырда Рим архитектурасы еніп, қала көшелері жоба бойынша салынады, су құбырлары тартылады. Орта ғасырда көптеген қамалдар тұрғызылады да, олар кейіннен қалаға айналып кетеді. Әдетте қамалдың ішінде қоғамдық орындар мен ақсүйектердің үйлері, сыртында (төменгі шаһар) қарапайым халық тұрған. Орта ғасырдың аяқ шенінде солтүстік және орталық Албанияда қорған іспеттес үш қабат тұрғын үйлер салынып, шіркеу, мешіт архитектурасы басым болады. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында қалалар осы заманғы архитектура тәртіпке көше бастайды. 2-дүние жүзілік соғыстан кейін көне қалаларды қайта салу жөнінде бір-қатар шаралар жүзеге асырылды.

Албанияның бейнелеу өнерінде реалистік бағыт 20 ғасырдың 40-50 жылдарында орнықты. Кескіндеу өнерінде тарихи, тұрмыс-салттық, портреттік, табиғат көріністерін бейнелеу жанрлары дамиды (С.Рота, В.Мио, Н. Займи, С.Кацели т. б.). 40 жылдары тұңғыш графика шығармалары жарық көрді (карикатура, кітап иллюстрациясы, плакат). О. Паскали, Я. Пачо, К. Хоши, А. Мано т. б. мүсіншілер портреттік, жанрлық композициялар, монументтік мүсіндер жасаумен шұғылданады. Халықтың қол өнері ежелгі дәстүрін берік ұстайды. Киім-кешек сәніне жасалған күміс зерлі әшекейлер, жүннен тоқылған түрлі бұйымдар, әсіресе түксіз кілемдер, түрлі-түсті ұсақ оюлармен безелген ағаш заттар албан шеберлерінің озық үлгілерінен саналады.

Халық музыкасы стиль жағынан әр түрлі келеді. Пентатоникалық саздағы қарапайым да табиғи әуендерден бастап, ұлғайтылған секунда молынан кездесетін кең тынысты мелодияларға дейінгі туындылар бұған толық айғақ. Ән мен би музыкасында әр түрлі өлшемнің басымдығы байқалады. Халық өндері ішекті аспаптардың сүйемелімен көбінесе 3 дауыста айтылады. Профессионалдық музыка мәдениеті 1944 жылдан бастап дамиды. Албан композиторларының творчествосы музыка фольклормен тығыз байланысты. «Мрика» атты тұңғыш албан операсы 1954 жылы сахнаға шықты. 1968 жылы «Скандербек» операсы қойылды. Екеуінің де авторы - П. Якова. Тиранада филармония (1959), Мемлекеттік опера және балет театры, симфония оркестрі, хор мен би ансамбльдері т. б. бар.

Алғашқы театр үйірмеден басталды (Тесторати, 1874). Албанияның ұлттық-тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін (1912), әуесқойлық театр қозғалысы өрістеді. 1944 жылы тұңғыш профессионалдық театр - Тиранадағы халық театры құрылды. Мұнда албан авторларының, орыс және совет драматургиясының шығармалары, тарихи, ұлт-азаттық әуендегі албан деревнясының жаңа өмірі туралы пьесалар, Шекспирдің, Шиллердің, Мольердің т. б. классикалық туындылары қойылды. 60 жылдардан бастап театр репертуарына ұлтшылдық бағыттағы пьесалар, қытай пьесалары енді. Профессионалдық театрлар Шкодер (1949), Корча (1950), Дуррес (1953) қалаларында да құрылды. Көптеген албан актерлері мен режиссерлері Совет Одағында оқыды. 1959 жылы Тиранада Албания Моисси атындағы жоғары актерлік училище ашылды.

Кинематография халық республикасы жарияланғаннан кейін пайда болды. 1952 жылы «Жаңа Албания» киностудиясы салынды (Тирана). Албан және совет кинематографистерінің «Албанияның ұлы жауынгері Скандербек» фильмін түсіру жөніндегі бірлескен еңбегі (1954, реж. С. И. Юткевич) - көркем кинематография саласындағы алғашқы қадам. 1958 жылдан толық метражды көркем фильмдер түсіріле бастады («Тана», «Өрт жалынындагы жер» т. б.). Документті, ғылыми-көпшілік фильмдер де шығады.

Әдеб.: Арш Г. Л., Севкевит И. Г. Смирнова Н.Д. Краткая история Албании. -М., 1965; Повесть о Скандербеге. -М.-Л., 1957; Валев Э. Б. Албания. -М., 1960; Экономика стран социализма. -М., 1968; Серкова Т. Ф. Поэзия итальянских арберешей и проблемы албанского романтизма. Сообщение на конгрессе балканских исследователей. -М. 1966; Юткевич С. И. Искусство народной Албании. -М., 1958.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-03-10 13:11:35     Қаралды-3881

ҚҰСТАРҒА ҚАУЫРСЫН НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Құстар жылыну және ұшу үшін қауырсындарды қажет етеді...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАГНИТТЕР НЕ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

...

Магниттерді қолданудың жүздеген әдістері бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАГНИТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Қарапайым тілмен айтқанда, магнит темірді тарта алатын дене.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КРАН НЕ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

...

Кран (мұнара краны деп атау дұрысырақ болар еді) қазіргі кез келген құрылыс...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАГНИТ ӨРІСІ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Магнит өрісі – магниттің айналасындағы аймақ, оның шегінде магниттің сыртқы заттарға әсері сезіледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРАЛАР ҚАНШАЛЫҚТЫ ПАЙДАЛЫ?

...

Аралардың адамдарды тамақтандырудағы негізгі үлесі олардың өндіретін балында емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ІНЖУ-МАРЖАННЫҢ МӨЛШЕРІ ҚАНДАЙ?

...

Соңғы уақытқа дейін әлемдегі ең үлкен інжу 1934 жылы Оңтүстік Қытай теңізінде Филиппиннің Палаван аралында салмағы 300 кг-нан асатын меруерт табылған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУЛЕР ҚАЛАЙ ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ?

...

Жер шарының әртүрлі жерлерінде климат айтарлықтай ерекшеленеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕГИПЕТТЕ ПИРАМИДАЛАР ҚАЛАЙ САЛЫНДЫ?

...

Мысырдағы Гиза қаласындағы пирамидалар бес мың жыл бойы әлемде бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »