UF

МАРОККО, Марокко корольдығы (араб. Әл-Мамляка әл-Магрибия немесе Магриб әл-Акса - қиыр батыс шет) – Солтүстік-Батыс Африкадағы мемлекет. Шығысында және оңтүстік-шығысында Алжирмен, оңтүстігінде Батыс Сахарамен шектеседі. Солтүстігінде Жерорта теңізімен, батысында Атлант мұхитымен шайылады. Жері 446,5 мың км2. Халқы 33,8 млн. Астанасы - Рабат қаласы. Әкімшілік жағынан 22провинцияға және 2 префектураға бөлінеді.

Мемлекеттік құрылысы. Марокко - конституциялы монархия. Қазіргі конституциясы 1972 жылы 1 наурызда қабылданған. Мемлекеттік және үкімет басшысы - король. Оның өкіметі мұрагеріне қалып отырады. Король үкімет мүшелерін тағайындап ауыстыра алады, заңдық күші бар указдар шығарады (дахиры), халықаралық шарттар жасайды және бекітеді, соттарды тағайындайды, соғыс, төтенше жағдай жариялайды. Қарулы күштердің жоғары бас қолбасшысы да сол. Заң шығарушы жоғары өкімет органы - бір палаталы парламент - өкілдер палатасы. Ол 4 жылға сайланады. 21 жасқа толған, заң бойынша азаматтық және саяси праволары жойылмаған барлық азаматтарға сайлау правосы беріледі. Провинцияларды губернаторлар, префектураларды мэрлер, қауымдарды каидалар басқарады. Бұлардың бәрін де король тағайындайды. Қауымдарда жергілікті өзін-өзі басқару органдары - сайланып қойылатын коммуналдық (селолық жерлерде) және муниципалдық (қалаларда) советтер. Олардың өкілдік мерзімі -6 жыл. Бірақ бұлардың билік шеңберіне шек қойылған.

Сот жүйесі - Жоғарғы сот, апелляциялық соттар, садад соттары немесе бітім трибуналдарынан құралады. Еңбек және басқа бірқатар дауларды қарайтын еңбек трибуналдары бар.

Табиғаты. Марокко жері таулы келеді. Жерорта теңізінің жағасы негізінен биік жарлы, Атлант мұхитының жағалауы ойпатты-батпақты келеді. Ел территориясындағы орташа және биік таулар қыратты жазықтармен, үстірттермен (месеталармен) алмасып отырады. Оңтүстік-батысынан солтүстік-шығысына қарай Атлас таулары созылған. Бұл өңір Биік Атлас (4165 м-ге дейін), Орта Атлас және Антиатлас массивтеріне ажыратылады. Жерорта теңізінің жағалауы Эр-Риф тауына жалғасады. Атлант мұхиты жағалауын Гарб, Абда, Сус ойпатты жазықтары, солтүстік-батыс Марокконы Марокко Месетасы (жазық және үстірттер), елдің солтүстік-шығыс жағын Алжир-Марокко Месетасы (үстірт) алып жатыр. Марокко жерінде сейсмикалық құбылыстар байқалады. Геологиялық құрылым жөнінен Марокко территориясы 3 ендік зонаға бөлінеді: оңтүстігінде докембрийлік негізін палеозойлық жыныстар қабаты жатқан қатпарлы Антиатлас жотасы түзілген; елдің орта бөлігінде герциндік қатпарлы негізі мезозойлық шөгінділермен жабылған Атлас тау жүйесі бар; солтүстікте күрделі тектоникалық қабаттардан тұратын, альпілік қатпарлық саналатын Эр-Риф массиы пайда болған. Ашылған пайдалы қазындылары- фосфорит, қорғасын, кобальт, мыс, мырыш, темір рудалары, тас көмір, мұнай және табиғи газ.

Климаты негізінен субтропиктік, солтустігінде жерорта теңіздік; шольдің орташа температурасы 24-28°С, қаңтарда 10-12° С. Жылдық жауын-шашын мөлшері - таулы өңірде 1000 мм, елдің оңтүстік бөлігінде 200 мм, Сахара шөліне көршілес өңірде 100мм.Мароккода жыл бойы тұрақты ағынды өзендері аз. Біршама ірі өзендер қатарына Мулуя, Себу, Умм-әр-Рбия, Тенсифт жатады. Бұлар Атлас тауларынан басталып Атлант мұхитына, Жерорта теңізіне құяды. Көптеген шағын өзендері құрғап, құрғақ арналарға (уәдтерге) айналады. Тұзды шағын көлдер кездеседі.

Марокко жері қоңыр топырақты келеді. Теңіз жағалауы және тау аралық қазан шұңқырлар құнарлы қара топырақты. Территориясының 12%-і орман, әсіресе елдің таулы және солтүстік-батыс бөліктері қалың орманды келеді. Емен, самырсын, қылқан жапырақты ағаштар өседі. Территориясының экономикалық игерілуіне байланысты елдің жануарлар дүниесі толық сақталмаған. 20 ғасырдың басында антилоптардың көптеген түрлері, арыстан мүлдем құрып кетті. Жылан түрлері, тасбақа, жабайы шошқа, макака маймылы, қорқау қасқыр, сілеусін, түлкі т. б. кездеседі. Көршілес су айдындары, әсіресе Атлант мұхиты балыққа бай. Елдің жануарлар дүниесі мен өсімдік жамылғысын қалпына келтіру және сақтау үшін бірнеше қорықтар ұйымдастырылған. Бұлардың ішінде ірілері - Тубкаль ұлттық бағы (Жоғары Атлас массивінде), Таззека ұлттың бағы (Орта атластың солтүстік-шығыс бөлігінде).

Халқы. Тұрғындарының 99%-і бербер-араб тұқымдас марокколықтар, олардың көпшілігі өздерін арабтармыз деп санайды, араб әдет-ғұрпын сақтайды, арабша сөйлейді. Берберлер (рифтер, тамазигттер, шлёхтер) негізінен таулы өңірлерде қоныстанады. 100 мыңнан астам француздар, испандар т. б. тұрады. Ресми тіл - араб тілі. Мемлекеттік діні - ислам. Қолданылатын календары - ай һиджрасы. 1963-1970 жылдар халықтың жылдың өсуі 3% болды. Еңбек етуші халың саны 3,6 млн. (1971), оның 65%-і ауыл шаруашылығымен айналысады; сондықтан құнарлы топырақты өзен аңғарларында, тау етектерінде, теңіз жағалауларында халық тығыз қоныстанған. Жұмыссыздықтың салдарынан 300 мыңдай марокколықтар шетелдерде (150 мыңға жуығы Францияда) тұрады (1973). Қала халқы 35,1% (1971). Ірі қалалары (тұрғындары мың есебімен): Касабланка (1506), Рабат (410), Марракеш (333), Фес (325), Мекнес (248), Танжер (188), Уджда (175,5).

Тарихы. Қазіргі Марокконың жерін адамертеде мекендеген. Ежелгі заманнан бастап мұнда ливий немесе ежелгі бербер тайпалары тұрды. Олар негізінен аңшылықпен, мал шаруашылығымен және ішінара егіншілікпен шұғылданды. Мыңдаған жылдар бойы оларда алғашқы қауымдық құрылыс үстемдік етті. Б. з. б. 2-мың жылдықтың аяғында Марокконың теңіз жағалауында бірсыпыра финикиялық қоныстар салынды, олар кейінірек Карфагеннің билігіне көшті. Б. з. б. 2 ғасырда Солтүстік Марокко Римнің ықпалына түсті, ал б. з. б. 27 жылдары оны римдіктер жаулап алды. Римдіктердің отарына айналғаннан кейін, Марокко жерінің бір бөлігінде алғашқы қауымдық қатынастар ыдырап, құл иеленушілік қатынастар қалыптасып дамыды; Сале, Баназа, Волюбилис т. б. ірі қалалар бой көтерді. Бірақ Марокко жерінің көп бөлігінде ру-тайпалық құрылыс басым болды. 5 ғасырда Марокконың солтүстік бөлігінандалдар, 6 ғасырда Византия басып алды.

702-711 жылдар Марокко жерін арабтар жаулап алып, Араб халифатының құрамына қосты. Елде араб тілі мен ислам діні тарай бастады. Елдің солтүстік-батыс және батыс аймақтарында феодалдық қатынастар қалыптаса бастады. 788 жылы Марокконың солтүстік-батысында Идрис әулеті билеген мемлекет орнады. 10 ғасырда Марокко жері Фатима әулеті билеген халифатқа қосылды. 11 ғасырдың ортасы - 13 ғасырдың 60 жылдарында Мароккода Альморав, кейіннен Альмохад әулеттері, 13 ғасырдың 2-жартысында Маринид әулеттері билеген феодалдық мемлекеттер пайда болды.

15 ғасырда Мароккоға европалықтар, ең алдымен португалдар мен испандар басып кіре бастады. 16 ғасырдың аяқ шенінде теңіз жағалауындағы қалалардың көпшілігінен отаршылдар қуып шығарылды. Исмаил (1672-1727 жылдар билік құрды) және Сиди Мұхаммед бен Абдаллах (1757-1790 жылдар билік жүргізді) сұлтандар тұсында негізінен елдің бүкіл теңіз жағалауы азат етілді.

19 ғасырдың 40 жылдарынан бастап Европа елдері Мароккоға қарудың күшімен басып кіре бастады. 1845 жылы Франция Марокко мен Алжир жерін түгел дерлік жаулап алды. Сұлтан Хасан I (1873-1894 жылдар билік құрды) тұсында бірқатар реформа жүргізілді, соғыс заводтары мен жаңа порттар салынды. 19 ғасырдың ақырына таман ішкі ұлттық рынок құрыла бастады. Мароккода негізінен сауда буржуазиясы қалыптасты. 1907 жылы француз әскерлері Марокконың солтүстік-шығыс бөлігіндегі Уджда аймағын, кейіннен Касабланка мен Шауя облыстарын, Испания Мелиль аймағындағы жерді жаулап алды. Бұған қарсы елде көтеріліс бұрқ ете түсті. Мароккода француз протектораты орнады. Россиядағы Ұлы социалистік революциясының ықпалымен Мароккода ұлт-азаттық қозғалысы жаңа белеске көтерілді. 1921 жылы шілдеде Марокконың ұлттық батыры Абд әл-Керим басқарған Риф тайпалары Анвал түбінде испан армиясын талқандап, Риф облыстарынан қуып шықты. Мұнда тәуелсіз Риф республикасы құрылды. 1926 жылы Франция мен Испанияның біріккен күштері Риф республикасын талқандады. Марокко экономикасында отарлық капиталистік сектор дами бастады. Европалық отаршылар 1 млн. го-дан астам құнарлы жерді тартып алды.

Мароккода капиталистік шетел кәсіпорындарының құрылып, көбеюі нәтижесінде таптар онан әрі жіктеліп, қалалар өсіп жетілді, қала халқының орта топтары мен жұмысшы табы қалыптасты. 20 ғасырдың 30 жылдарында ұлт-азаттық қозғалысында ірі қалалар барған сайын жетекші роль атқарды. Бұл қозғалысты басқару тайпа немесе феодалдардың көсемдерінен Марокконың ұлттық буржуазиясы мен интеллигенциясының қолына көшті. 30 жылдар қарсаңында мароккан жұмысшы табы алғаш рет саяси қозғалысқа араласты. Тұңғыш саяси ұйымдар құрылды.

1934 жылы Марокконың буржуазиялық ұлтшылдары мен патриоттық интеллигенция өкілдері Марокколық ұлттық қимыл блогын (Қимыл комитетін) ұйымдастырды. Комитет 1934 жылы 1 желтоқсанда программа белгілеп, марокколықтардың мемлекетті басқаруға қатыстырылуын талап етті. 1937 жыл наурызда Комитетке тыйым салынғаннан кейін астыртын ұйымдар құрылды; олардың ішіндегі неғұрлым ірісі - «Талаптарды жүзеге асыру жөніндегі ұлттық партия» болды. 1943 жылы оның негізінде «Истикляль» партиясы ұйымдасты. 1937 жылы күзде Мароккода шаруалар толқып, қала халқы бас көтерді, 1938 жылы маусымда Тетуанда антифашистік демонстрация, осы жылғы қыркүйекте Әл-Ксар, әл-Кебир т. б. аудандарда ірі көтерілістер басталды.

1942 жылы 8 қарашада одақтас ағылшын-американ әскерлері Марокконың атлантикалық жағалауларына келіп түсті. АҚШ Марокконың француздар билеген бөлігінде соғыс базаларын салды. Протектораттық француз әкімшілігі өкімет басында қалды.

2-дүние жүзілік соғыс кезінде азаттык қозғалысы күшейді. Марокко коммунистік партиясы (МКП, 1943 жылы құрылды) мен «Истикляль» партиясы Мароккоға тәуелсіздік беруді талап етті. Сұлтан Сиди Мұхаммед бен Юсуф та (1927 жылдан билік жүргізді) Мароккоға тәуелсіздік беруді жақтады.

2-дүние жүзілік соғыстан кейін протекторат билігі сол қалпында сақталды. АҚШ Мароккода өз позициясын нығайтуға ұмтылды. Соғыс қимылдары аяқталғанына қарамастан американ әскерлері Мароккода қалды, американ соғыс базалары да сақталды. 1949 жылы Франция НАТО-ға кіргеннен кейін, Мароккода бірсыпыра француз және американ соғыс базалары салынды.

2-дүние жүзілік соғыс барысында фашизмнің таяқандалуы, дүние жүзілік социалистік системаның құрылуы және соғыстан кейінгі кезеңде отарлық жүйе дағдарысының ушығуы Мароккода ұлт-азаттык қозғалысының жаңадан өрлеуіне себепші болды. Бұл қозғалыста жұмысшы табы едәуір роль атқара бастадк. 1946 жылы тамызда МКП өзінің манифесінде халық бұқарасын «Марокколык азат ету ұлттық майданын» құруға протекторатты жою, Құрылтай жиналысын шақырып, ұлттық үкімет КҰР7 жолында күресуге шақырды. «Истикляль» партиясы да протекторатты жоюды талап етті. 1952 жылы наурызда Марокконың қалаларында протекторат туралы шарттың 40 жылдығына байланысты бұқаралық демонстрациялар болып өтті, демонстранттар әскерлермен соң - тығысты, француз билеушілері жазалау шараларын күшейтті. Француз отаршыларына қарсы қарулы қарсылық кең өріс алды. 1954-1955 жылдар бүкіл елде ереуілдер, демонстрациялар болып өтті.

Халық қозғалысы мен қарулы отрядтардың қысымы, Совет Одағы және дүние жүзінің басқа да прогресшіл күштерінің Марокко халқының ұлт-азаттық қозғалысына көрсеткен көмегі нәтижесінде Франция 1955 жылы 7 желтоқсанда ұлттық укімет құруға келісім беруге, 1956 жылы 2 наурызда француз аймағы саласында протекторатты жойып, Марокконың ұлттық тәуедсіздігі мен территориялық тұтастығын мойындауға мәжбүр болды. 1956 жылы 7 сәуірде Марокконың испандық аймағында протекторат, 1956 жылы 29 қазанында Танжердің халықаралық тәртібі (Танжер 1957 жылы 1 қаңтарда Марокконың құрамына кірген болатын) жойылды. 1956 жылы 12 қарашада Марокко БҰҰ-ға қабылданды.

Мемлекет тәуелсіздігін жеңіп алғаннан кейін Мароккода ұлттық армия (1956 жылы мамырда), дипломатиялық қызмет мекемелері (1956 жылы сәуірде) т. б. құрыла бастады. Король Мухаммед V (1957 жылы тамызда Сиди Мұхаммед бен Юсуф осындай лауазым қабылдағанды) елді ұлттық көркейту, ұлт экономикасын құрып, шетелдік капиталистік мемлекеттердің экономикалық және саяси тәуелділігінен арылу бағытын жариялады. 1961 жылы 26 қапанда Мұхаммед V қайтыс болғаннан кейін оның ұлы Хасан II король тағына отырды. 1962 жылы желтоқсанда Марокконың тұңғыш конституциясы қабылданды. Бірақ халық бұқарасының жағдайы нашарлап, әлеуметтік қайшылықтар ушыға түсті. Бұған қарсы 1964-1965 жылдар Марокконың ірі қалаларында ереуілдер мен митингілер болып өтті.

1958 жылы Марокко Тарфая провинциясын испан үстемдігінен азат- етті, 1961 жылы қарашада дейін елден француз әскерлері толық шығарылды, француз, кейіннен американ соғыс базалары жойылды. Халықаралық салада Мұхаммед V үкіметі тәуелсіз бейтарап саясат жүргізуге тырысты. Марокко 1961 жылы Африка елдерінің Касабланка конференциясын шақыруға бастама көтерді. Марокко Африкалық бірлік ұйымын құрушылардың бірі болды.

1958 жылы Совет-Марокко дипломатиялық қатынасы орнатылды. 1958-1972 жылдар Марокко мен Совет Одағы арасында экономикалық, техникалық және ғылыми ынтымақ орнату туралы, бірқатар келісімдерге, бірсыпыра сауда келісімдеріне қол қойылды.

Саяси партиялары, кәсіподақтары және басқа қоғамдық ұйымдары. «Истикляль», 1943 ықпалды буржуазия-ұлтшыл партия; Xалық «үштерінің ұлттық одағы, 1959 жылы құрылған; Xалық қозғалысы, 1957 жылы құрылған; Азаттық және социализм партиясы. 1968 жылы құрылған. Еңбекшілер мен прогресшіл интеллигенцияның мүддесін қорғайды; Марокко еңбек одағы, 1955 жылы құрылған; Марокко еңбекшілерінің шалпыға бірдей одағы, 1960 жылы құрылған; СССР-мен достық қоғамы, 1970 жылы құрылған.

Экономикасы. Марокко біршама тау-кен өндірісі дамыған аграрлы ел. Жалпы ұлттық өнім құнының 2/6-сі ауыл шаруашылық мен тау-кен өндірісінен түседі. Ауыл шаруашылық Марокконың ұлттық табысының 30%-ін, экспорт өнімінің 2/3-ін береді. Жиналған өнім негізінен өңделместен экспортқа шығарылады. Тәуелсіздік алғаннан кейін Марокко үкіметі ұлттық экономиканың жетекші салаларын жандандыру, шетел монополистік капиталының ықпалын тежеу және мемлекеттік секторды кеңейту жолындағы бірталай шараларды іске асыра бастады. Ұлттық ақша өлшемі (дирхам) белгіленді, елдің экономикасы жоспарлы даму жолына түсті. 1973 жылы Марокконың соңғы бесжылдық (1973-1977) даму жоспары қабылданды. Дегенмен ел экономикасында шетел, әсіресе француз капиталының ықпалы өлі де күшті. Елдегі өңдеу кәсіпорындарының жартысына жуығы француз фирмаларының қолында. Жол салу ирригациялық және ауыл шаруашылық құрылыстар салуда американ капиталының үлесі артуда.

Ауыл шаруашылығы - Марокко экономикасының басты саласы. Өңделетін жері 8 млн. га-дан астам (1971). Бұл - ел территориясының 20%-і. Егістік негізінен елдің солтүстік-батыс бөлігінде (Шауя, Дуккала өңірлері, Гарб аңғары) шоғырланған. Өңделетін жердің 60%-і ірі жер иеленушілер қарамағында. 1973 жылғы указ бойынша жер иеленушілікке жеке меншік жойылуы тиіс, сол жылы-ақ 250 мың га жер бұрыңғы қожаларынан алынып, жерсіз шаруаларға берілді. Марокко шаруалары ауыл шаруашылық кооперативтеріне бірігуде. Басты дақылдары - бидай (1972 жылғы егісі 1998 мың га, өнімі 2184 мың т), арпа (1933 мың га, 2466 мың т), жүгері (481 мың га, 368 мың т), тары мен сорго (69 мың га, 54 мың т), цитрус жемістері (өнімі 864 мың т), жүзім (80 мың га, 300 мың т), помидор (16 мың га, 460 мың т). Бұлардан басқа картоп, қант қызылшасы, мақта егіледі. Мал шаруашылығында экстенсивтік бағыт басым. Негізінен мүйізді ірі қара 3,6 млн., қой (17,5 млн.), ешкі (8,9 млн.), түйе (0,2 млн.).

Өнеркәсібі елдің ұлттық табысының 30%-ін өндіреді. 2 мыңға жуық шағын өңдеу кәсіпорны бар.

Өнеркәсібінің жалпы өнімінің 7/3-ін тау-кен өндірісі берді. Марокко капиталистік елдер арасында фосфорит өндіру жөнінен 2-орын, оны экспортқа шығару мөлшерінен (1972 жылы 14,1 млн. т) 1 орын алады. Хурибги және Юсуфи аудандарында ірі фосфорит кен орындары ашылған. Бени-Буифрур, Айт-Аммар темір, Ймини-Тиуин, Бу-Арфа марганец, Бу-Бекера, Мибладен қорғасын-мырыш кендері бар. Бу-Аззер кобальт, Джерады тас көмір, Сиди-Рхалем, Кешула, Джеэр мұнай және газ кендері іске қосылған. 1972 жылы елде 2,3 млрд. квт-сағ электр энергиясы алынды, оның 1596 млн-ы СЭС-тер үлесіне тиеді. Өңдеу өнеркәсіп орындарының 80%-і Атлант мұхиты жағалауындағы қалаларға шоғырланған. Тамақ (балық, көкөніс консервілері, шарап, қант, астық), мата тоқу, тері илеу, аяқ киім, металл өңдеу, электротехника, автомобиль құрастыру өнеркәсіп салалары қалыптасуда.

Транспорты. Мемлекеттік темір жол ұзындығы 1780 км (1973). Басты тармағы Марракеш - Касабланка - Фес - Уджда. Автомобиль жолдарының ұзындығы 51 мың  км, оның 27 мыңы тас жолдар. Ірі теңіз порты - Касабланка. Аса маңызды аэродромдары - Касабланка-Анфа, Касабланка-Нуасер, Рабат-Сале.

Сыртқы саудасы. 1972 жылы Марокконың экспорт құны 2,9, импорты 3,5 млрд. дирхам болды. Экспортқа балық консервілері, шарап, фосфорит, түсті металд рудалары, цитрус жемістері, көкөніс шығарылады. Өзі басқа елдерден шай, кофе, қант, темекі, бидай, жанар май, ауыл шаруашылық жабдықтарын, қара және түсті металдар прокатын сатып алады. Басты сыртқы сауда серіктестері - Франция, АҚШ, ГФР, Италия, Ұлыбритания. Марокко сыртқы сауда айналымында социалистік елдер үлесі жылдан-жылға артып келеді. Совет Одағынан Марокко машина және өндірістік құрал- жабдықтар, мұнай мен оның өнімдерін, ағаш алады; өзі СССР-ге цитрус жемістерін, тоз ағашы енімін, балық консервілерін, шарап сатады.

1972 жылы Мароккода 1 млн. шетел туристері болды, олардан елге 800 млн. дирхам түсім түсті. Туризм орталықтары - Агадир, Фес, Марракеш, Танжер, Тетуан.

Ақша өлшемі - дирхам.

Денсаулық сақтау ісі. 1971 жылы әрбір1000 адамға шаққанда баланың тууы 47, адамныц өлімі 17; әрбір тірі туған 1000 баладан өлгені 149. Елде бала өлімі ате көп. Денсаулық сақтау ісінің ең негізгі мәселесі - жұқпалы және паразиттік аурулармен күрес. Мароккода басыр, қызылша, дизентерия, сүзек, күл, алапес, венералық аурулар т. б. өте көп, сондай-ақ паразиттік аурулардан безгек, шистосоматоз (зәр шығару органдарының ауруы) кездеседі. Мароккода 1970 жылы 22,6 мың төсектік 135 аурухана (1000 тұрғынға 1,5 төсек) болды. Елде 1970 жылы 1,3 мың дәрігер (13 мың тұрғынға 1 дәрігер), 138 тіс дәрігері, 349 фармацевт және 5,4 мың орта білімді медицина қызметкерлер жұмыс істеді. Дәрігерлерді Рабаттағы унивесритеттің медицина факультеті және Касабланкадағы медицина мектептері даярлайды. Мароккода 1963 жылы орта білімді медицина қызметкерлерді даярлайтын 18 мектеп және 26 курс болды.

Оқу-ағарту ісі. Марокконы Франция жаулап алғанға дейін елде мұсылман мектептері болды. Француздар үстемдігі кезінде 2 типті мектептер құрылды. Онда француз балалары үшін және жергілікті тұрғындарға арналған мектептер жұмыс істеді. Тәуелсіздік жарияланар қарсаңында (1956). мароккан балаларының 17%-і ғана оқитын. Тәуелсіздік алғаннан кейін Марокконың ағарту саласындағы саясаты сауатсыздықты жою және ұлт кадрларын даярлауға бағытталды. 1963 жылы алғаш рет міндетті оқу заңы жарияланды. Қазіргі оқу жүйесі: 5 жылдық бастауыш мектеп, 2 сатылы 6 жылдық орта мектеп. Оқу араб және француз тілдерінде жүреді. 1971-1972 оқу жылында бастауыш мектептерде 1,2 млн. оқушы, орта мектептерде 250 мың оқушы оқыды. Кәсіптік-техникалық білім орта мектептің техникалық бөлімдері арқылы жүзеге асады. Бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлау бастауыш мектеп пен орта мектептің 1-сатысы негізінде жүргізіледі. Орта мектеп оқытушыларын Жоғары қалыпты мектептер мен университеттер даярлайды. 1968-1969 оқу жылында 14 мыңға жуық адам кәсіптік-техникалық, 1,8 мың адам педагогикалық білім алды. Жоғары оқу орындары: Мұхаммед V атындағы университет (1957 жылы құрылған), әкімшілік мектебі мен инженерлік мектеп; Феседегі Қарауин мұсылман университеті (Африкада 859 жылы негізі қаланған), Рабатта, Марракеш, Тетуанда факультеттері бар. 1971-1972 оқу жылында жоғары оқу орындарында 10 мыңнан астам студент оқыды. Ірі кітапханасы: Мемлекеттік архив жанындағы (1920 жылы құрылған, кітап қоры 208 мың дана), Рабат пен Тетуанда археологиялық музей, Феседе Қару-жарақ музейі бар.

Әдебиеті. Марокко әдебиеті араб, бербер және француз тілінде қалыптасты. Марокко әдебиетінің классикалық кезеңінде араб әдебиетіндегі негізгі классикалық жанрдың бәрі болды (Араб әдебиеті). Марокко әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері 11-12 ғасырларда пайда болды. Оның стильдік қалыптасуы Ибн Тумарта (1128 ж. ө.), Кади Ийада (1083-1149) сияқты дін қайраткерлерінің өсиеттік және полемикалық шығармаларынан байқалады. Поэзияда Ибн Хаббус (1107-1175), Ибн Хаббаз (1239 ж. ө.) т. б. жазушылардың саяси сатиралық шығармалары жетекші роль атқарды. Прозада рихла (сапарнама) жанрын туғызған географиялық әдебиет ерекшеленді. 13 ғасырдың басында көркем шежіре жазу өрістеді. 15-16 ғасырларда тұрмыстың және өмірбаяндық әдебиет кең тарады. 16-18 ғасырларда сопылық, гедонизмдік лирика дамыды. Араб поэзиясының классикалық дәстүрі Марокко әдебиетінде 20 ғасырдың ортасына дейін үстем болды.

Араб және бербер тіліндегі халық ауыз әдебиетінің ауызша үлгілері 14-15 ғасырлардан белгілі. Бербер тілінде хайуанаттар туралы ертегілермен қатар, аты аңызға айналған батырлар туралы циклді эпостық жырлар кең тараған. Феседе 17 ғасырлардан бастап халық поэзиясы Андалусия дәстүрі, Марракеште жергілікті халықтық грих жанры дамыған. Халық поэзиясы музыкамен және әнмен тығыз байланысты.

Араб, француз тілдерінде жасалған қазіргі әдебиет 2-дүние жүзілік соғыстан (1939-1945) кейін қалыптасты. А. М. Бенжеллун (1919 ж.т.), француз тілінде А. Сафриуи (1915 ж. т.) новеллалар жазып, әдебиетке тұңғыш рет халық өмірі тақырыбын ендірді. 50 жылдары Д. Шрайби (1928 ж. т.) негізін салған француз тіліндегі романдар пайда болды. Француз тілінде өлеңдер жазған М. Ә. Лахбабидің (1922 ж. т.) аты белгілі. X. Саихтың тарихи пьесаларынан соң (60 жылдары), драматургия өріс алды. 60 жылдардың 2-жартысынан бастап араб тіліндегі проза жанры жедел дамыды. 1960 жылы Жазушылар одағы құрылды. Араб тілінде «Афак» және «Аклам» журналдары шығып тұрады. Мұстафа Бен Алидің «Абдаллах» әңгімесі (1967), Мұхаммед Қадырдың «Азамат» новелласы (1973), Мұхаммед Әзиз Лахбабидің «Тыңда, балам» өлеңі (1970) қазақ тіліне аударылды.

Архитектурасы мен бейнелеу өнері. Марокко территориясында ежелгі өнер ескерткіштері [неолит дәуірінде жартастарға шекілген аңшылық көріністері, б.з.б. 1-мың жылдықта жасалған қыш ыдыстар, рим қалаларының (Волюбилис, Тамуд, Тингис т.б.) қираған орнынан табылған мүсін мен мозаика қалдықтары т. б.] сақталған. 11-15 ғасырларда Мавритан өнері қалыптасты. Орта ғасырдағы қалалар негізінен тастан, бетоннан, кесек пен қыштан тұрғызылды. Осы кезеңде діни құрылыстар (Фестегі Карауин мешіті, 859, 956 және 1135 ж. кеңейтіліп қайта салынды) кең қанат жайды. 11-13 ғасырларда қамал салу ісі (Амаргу, Фес маңы, 11 ғ., Тасгимут, Марракеш маңы) өркендеді. 16-17 ғасырлардың ескерткіштері (Марракештегі мавзолейлер ансамблі, 16 ғасырдың 2-жартысы, Танжер мен Тетуандағы Улкен мешіттер) айрықша сәнділігімен ерекшеленеді. 18-19 ғасырдағы құрылыстардан Мекнестегі Баб-әл-Мансур қақпасы (1732), Фестегі (Дар-Бата), Мекнестегі (Дар-Жамаи), Марракештегі (Дар-әл-Макзен, 19 ғ.) сарайлар айрықша көзге түседі. Орта ғасырда қалыптасқан халық тұрғын үйлерінің типтері 20 ғасырда да сақталды; 2 қабатты аулалы тас үйлер, мұнаралы бекініс үйлер, шошала тәрізді «нуала» лашықтар, қамыс баспаналар. Орта ғасырда Мароккода тоқымашылық (жібек, қамқа т. б.), кілем тоқу, тері өңдеу, өрнекті қыш ыдыстар өндіру, көркем қола жоғары дәрежеге көтерілді. Француздар үстемдігі кезінде қалаларда европалық үлгідегі кварталдар салына бастады. 20 ғасырдың 1-жартысында архитектурада мавритан сәулет өнері ықпалындағы «мореск» стилі кең етек алды. 50 жылдардың басында Рабат, Касабланка қалаларында жаңа құрылыс материалдарымен қазіргі үлгіде салынған ғимараттар (Касабланкадағы «Либерте» мекемесі, 1950, арх. Л. Моранди; Рабаттағы госпиталь, 1950 жылдың басы, арх. Ә. Делапорт) көбейе бастады. Тәуелсіздікке ие болғаннан кейін (1955) тұрғын үйлер, кәсіптік және қоғамдық құрылыстар өркен шайды. Құрылыстарға Марокко (Э. Азагури, Ж. Ф. Зевако) және француз (Ж. Кандилис, Ш. Вудс) архитекторлары қатысты. Вейнелеу өнері дамыды (кескіндемеші М. А. Идриси, мүсінші X. бен Салах. график-суретші М. Аммар). Рабат, Касабланка т. б. қалаларда қосалқы өнер кооперативтері құрылды. Кілем, кесте тоқу, тері өңдеу, бедерлеу, инкрустация, зергерлік өнері дамуда.

Музыкасы. Марокко музыкасы берберлер мен арабтардың музыка мәдениетінің өзара әсерінен пайда болған. Берберлерге тән музыка Марокконың орталық бөлігінде, негізінен оқшау орналасқан селолық жерлерде сақталған. Олардың музыкасы поэзия және бимен тығыз байланысты. Көпшілік биі кең тараған. Ахиду (Солтүстік-Шығыс аудандардағы берберлердің) мен ахуах (Оңтүстік-Батыс аудандарындағы шлёх пен берберлердің) өнерінің ерекшеліктері бар. Ахиду өуендерінде тар диапазонды хроматика басым болса, ахуах әуендері европалық дәстүрге жақын. Берберлердің музыка аспаптары:        касба (флейта), тамбуриндер - бендир (бубен), тариджа (ұзын бубен), өл-калаль джа және у-эр-рбаб (скрипка) т. б. Қазіргі араб музыка өнері әр алуан болып келеді. Классикалық (ала және сама) және араб халық музыкасы (гриха) қатар өркендеуде. Ала мен саманың әуендері ұқсас болғанымен текстері бір-бірінен өте алшақ. Ала сарайлық (оның негізі араб классикалық поэзиясы), ал сама діни мазмұндағы өнер, гриха ауызекі сөйлеу тіліне құрылған қарапайым халық өнері (мұнда әуеннен гөрі ырғақ басым). Араб музыка аспаптарына лютня, лира, ребаб, цитра жатады. Марокколықтардың халық творчествосынан діни музыка - дикр үлкен орын алады. Басқа жанрлардың ішінде бесік жыры, еңбек әндері, салтанат музыкасы, салт-жора билері мен үйлену тойына арналған әндер бар. Рабатта Драма, би және музыка өнерінің ұлттық консерваториясы, Тетуанда Музыка мен бидің ұлттық мектебі жұмыс істейді. 1960 жылдан Марракеште жыл сайын ұлттық музыка фольклорының фестивалы өткізіліп тұрады.

Киносы. Марокко территориясында түсірілген алғашқы кинофильм (1907) мен кейіннен қойылған көркем фильмдерге де шетел (көбіне француздар) режиссерлері қатысты. 1944 жылы Рабатта араб тілінде фильмдер шығару мақсатымен «Сусси» киностудиясы тұрғызылды. Бірақ кинематография шетел фирмаларының ықпалынан шыға алмады. Марокконың ұлттық кино өндірісі тәуелсіздік алғаннан кейін 1956 пайда болды. 1958 жылдан «Марокко жаңалықтары» киножурналы үздіксіз шығарыла бастады. Профессионал режиссерлер өсіп жетілді. 1963 жылы экранда шетел фильмдерін шектеп көрсету үшін шара қолданылды. 1970 жылы Айн-Шокте екінші киностудия құрылды. Көркем фильмдері: «Күнелтем десең - күресуің керек» (1968, реж. Ы. Тази, А. Меснауи), «Құрма піскенде» (1969, реж. А. Рамдани, Ларби Беннани), «Іздер» (1970, реж. Хамид Беннани). «Мың және бір қол» (1972, реж. С. Бен Барка) т. б. 255 кинотеатр жұмыс істейді (1972). Жылына 20-ға тарта қысқа метражды фильм шығарылады.

Әдеб.: Горнунг М. Б., Уткин Г.Н. Марокко. -М., 1966; Головин Ю. А. Марокко. -М., 1964; Дилигенский Г. Г. Северная Африка в IV-V веках. -М., 1961; Луцкий В. Б. Новая история арабских стран. –М., 1966; Фрунзе М. В. Европейские цивилизаторы и Марокко. Собр. соч., т. 2. -М.-Л., 1962; Новейшая история арабских стран. М., 1968; Аваков Р.М. Марокко. –М., 1957; Иванов Н.А. Тунис. Марокко и Алжир. в сб.: Арабы в борьбе за независимость. –М., 1957; Коммунистическая партия Марокко в борьбе за национальную независимость. Материалы и документы. 1949-1958. пер. с франц. -М., 1959; Завадовский Ю.Н. Марокканская литература на арабском языке. в кн.: Фольклор и литература народов Африки. -М., 1970; Веймарн Б., Каптерева Т., Подольский А. Искусство арабских народов. –М., 1960; Всеобщая история архитектуры. -т. 8. –М., 1969. -С. 85-100.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-02-27 10:31:21     Қаралды-2610

ҚҰСТАРҒА ҚАУЫРСЫН НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Құстар жылыну және ұшу үшін қауырсындарды қажет етеді...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАГНИТТЕР НЕ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

...

Магниттерді қолданудың жүздеген әдістері бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАГНИТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Қарапайым тілмен айтқанда, магнит темірді тарта алатын дене.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КРАН НЕ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

...

Кран (мұнара краны деп атау дұрысырақ болар еді) қазіргі кез келген құрылыс...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАГНИТ ӨРІСІ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Магнит өрісі – магниттің айналасындағы аймақ, оның шегінде магниттің сыртқы заттарға әсері сезіледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРАЛАР ҚАНШАЛЫҚТЫ ПАЙДАЛЫ?

...

Аралардың адамдарды тамақтандырудағы негізгі үлесі олардың өндіретін балында емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ІНЖУ-МАРЖАННЫҢ МӨЛШЕРІ ҚАНДАЙ?

...

Соңғы уақытқа дейін әлемдегі ең үлкен інжу 1934 жылы Оңтүстік Қытай теңізінде Филиппиннің Палаван аралында салмағы 300 кг-нан асатын меруерт табылған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУЛЕР ҚАЛАЙ ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ?

...

Жер шарының әртүрлі жерлерінде климат айтарлықтай ерекшеленеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕГИПЕТТЕ ПИРАМИДАЛАР ҚАЛАЙ САЛЫНДЫ?

...

Мысырдағы Гиза қаласындағы пирамидалар бес мың жыл бойы әлемде бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »