UF

НАМИБИЯ (англ. Republic of Namibia; 1968 жылға дейін Оңтүстік-Батыс Африка) - Африканың оңтүстік-батыс бөлігіндегі ел. Солтүстігінде Ангола және Замбиямен, шығысында Ботсванамен, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде Оңтүстік Африка республикасымен шектеседі. Батысы Атлант мұхитына жалғасады. Жері 824,3 мың км2. Халқы 2,5 млн (2017). Әкімшілік орталығы - Виндхук. Елді ОАР президенті тағайындаған администратор басқарады.

Табиғаты. Намибияның Атлант мұхиттық жағалауы тегіс келеді. Уолфиш-Бей және Людериц табиш гавань-қойнаулары бар. Территориясының көпшілік бөлігі - биіктігі 900-1500 м таулы үстірт, өзен аңғарлары мен тектоникалық ойыстар. Намибия жерін шағын үстірттер мен таулы қыраттар (Каоко, Дамараленд, Намакваленд т. б.) бөледі. Ең биік жері - Брандберг тауы (2600 м), елдің батыс жағында. Бүкіл батыс теңіз жағалауы - Намиб шөлі. Геологиялық құрылымы жөнінен Намибия өңірі Оңтүстік Африка қалқанының оңтүстік-батыс шеті болып табылады. Негізінен кембрийдің метаморфтық, вулкандық шөгінді және терригендік карбонатты комплекстерінен түзілген. Шығыс Намибияны Калахари синеклизасының кайнозой құмдары алып жатыр. Пайдалы қазындылар кендері негізінен Отави және Дамара жүйелеріне шоғырланған. Басты қазындылары мыс-полиметалл (Цумеб), мыс (Хан, Натас), қорғасын-ванадий (Абенаб), марганец (Оджосонду), қалайы, вольфрам, литий, бериллий (Брандберг, Уис), алмас (Атлант мұхиты жағалауы). Климаты тропиктік, өте қуаң. Ең жылы айы – қаңтардың орташа температурасы 18-27°С, ең салқын айы – шілдеде 12-16°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 10-50 мм (теңіз жағалауы) және 500-700 мм (қиыр солтүстік-шығысында). Өзендерінің көпшілігі кеуіп, құрғақ аңғарға айналған; ірілері - Оранжевая, Кунене. Шөлдің тропиктік және саваннаның қызыл қоңыр топырағы тараған. Намиб шөлінің өсімдік жамылғысы өте кедей; таулы үстірттің беткейлерінде негізінен ксерофиттік бұталар, жоғары жағында шөлдік және шөлейттік саванна өседі. Дүние жүзіндегі аса ірі қорықтардың бірі - Әтоша (Этоша - Пан) қорығы Намибияның солтүстік бөлігінде ұйымдастырылған. Мұнда зебр, антилоп түрлері, піл, жираф, түйеқұс, жыртқыштардан арыстан, қабылан қорғауға алынған.

Халқы. Намибия байырғы тұрғындарының арасында банту тілінде сөйлейтін халықтар (овамбо, гереро) басым. Готтентоттар, таулық дамаралар, бушмендер де тұрады. Намибия халқының 11%-і европалықтардың ұрпақтары (африканерлер, немістер, ағылшындар). Ресми тілі - африкаанс және ағылшын тілдері. Ел тұрғындарының жартысынан астамы христиандар (негізінен протестанттар), қалғандары жергілікті дәстүрлі діни нанымды сақтаған. Ресми календары григориандық. Халықтың орташа жылдық өсімі 2,1%. Орташа тығыздығы 1 км2 жерге 1 адамнан да кемірек. Еңбек етуші халықтың 55%-і ауыл шаруашылығымен, оның ішінде жайылымды мал шаруашылығымен айналысады (1970). Қала халқы 23,5%. Ірі қалалары - Виндхук (халқы 61,3 мың, 1970), Уолфиш-Бей, Гротфонтейн, Людериц.

Тарихы. Намибия тарихы 19 ғасырға дейін аз зерттелген. Намибия жерін мекендеген готтентоттар (кой-коиндар), бушмендер мен банту тілі семьясына жататын халықтар 19 ғасырдың басында алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау сатысыпда тұрды. 19 ғасырдың 1-жартысы өзара соғыстармен өтті, Европа отаршыларының қыспағынан ата мекенінен қуылған тайпалардың Намибия жеріне қоныс аударуы бұған себеп болды. Соғыс үстінде тайпалар ұсақталып, ыдырап, кейбіреулері ірі тайпалық одақтарға бірікті (мыс., 1860 жылы гереро тайпасының бірігуі аяқталды. Көсемі Магареро Тьямуаха еді).

Португалия теңізшілері 1484 жылы Намибияның жағалауына келіп түскен болатын. Бірақ жүздеген жылдар бойы европалықтар бұл жерге онша қызыққан жоқ. Тек 1802 жылы ағылшындар ұйымдастырған миссиядан кейін ғана саудагерлер мен миссионерлер елдің ішіне кіре бастады. 1878 жылы Уолфиш-Бей аймағын Ұлыбритания өз иелігім деп жариялады. 1883 жылы Бремен көпесі Людериц жергілікті көсемдердің бірінен қазіргі Людериц маңынан арзанға жер сатып алды. 1884 жылы Германия Намибияны өзінің Оңтүстік-Батыс Африка (ОБА) атты протектораты етті. Европа отаршылдарына қарсы табанды күрес жүргізген готтентот тайпалары, олардың көсемі Витбой Хендрик болды. Отаршылдардың әскері 1894 жылы витбойларды талқандады. 1896 жылы мбандеру, коуа, 1904-1907 жылдар готтентот және гереро тайпалары көтеріліске шықты.

1-дүние жүзілік соғыс (1914-1918) кезінде, 1915 жылы Оңтүстік Африка Одағы (ОАО) оккупациялаған ОБА-ны басқару мандатын Ұлттар лигасы 1920 жылы ОАО-га берді. ОАО-ның нәсілшілдері бұл мандатты территорияның тайпаларын 1922 және 1924 жылдар қанға бояп жазалады. ОБА-ның Заң шығарушы ассамблеясы құрылды, оны сайлауға ақ нәсілдердің ғана правосы болды. 2-дүние жүзілік соғыстан кейін мандатты территориялар БҰҰ-ның қарауына берілгенде ОАО (1961 жылдан Оңтүстік Африка Республикасы) ОБА-ны БҰҰ-ға беруден бас тартты. Оны 1949 жылы өз провинциясы етіп қосып алды. 1966 жылы БҰҰ-ның Бас ассамблеясының қабылданған шешімінде ОБА-ның тәуелсіздігі танылды. Оны басқару мандаты ОАР-дан алынды, бұл территорияны басқару міндеті БҰҰ-ға жүктелетіні жарияланды. Бұл территорияны басқару үшін 1967 жылы БҰҰ-ның Советі құрылып, БҰҰ-ның комиссары тағайындалды. ОБА халқының өтінішін ескеріп, БҰҰ-ның Бас ассамблеясы 1968 жылы елдің атын Намибия деп өзгертті. Оның азаттық жолындағы күресін қолдауға шақырды. ОАР-дың үкіметі БҰҰ-ның шешімін жүзеге асыртпай келеді. Елдің халқы ұлт-азаттық күресін жүргізуде. 2-дүние жүзілік соғыстан кейін африкалықтардың саяси ұйымдары пайда болды. 60 жылдардың аяғынан ОАР-ға қарсы Оңтүстік-Батыс Африка Халық ұйымы басқарған қарулы күрес басталды.

Саяси партиялары мен кәсіподақ ұйымдары. Оңтүстік-Батыс Африка Халық ұйымы, 1958 жылы құрылған, Оңтүстік Африка отаршылдарына қарсы Намибия халқының азаттық күресін басқарады. Оңтүстік-Батыс Африканың Ұлттық одағы, 1959 жылы құрылған, 1952 жылдан келе жатқан Оңтүстік-Батыс Африка Прогресшіл ассоциациясының орнын басқан. Европалықтар ОАР-дың Ұлтшыл және Біріккен партияларының жергілікті бөлімдеріне біріккен.

Жұмысшы ақ нәсілділер көбіне ОАР-дың жергілікті кәсіподақтарына кіреді. Африкалықтардың кәсіподаққа бірігуіне тыйым салынды.

Экономикасы. Намибия - экономикалық жағдайы жөнінен мешеу ел. Жалпы қоғамдық өнімнің 46%-і тау-кен өндірісінен, 17%-і ауыл шаруашылығынан түседі. Кен орындары шетелдік монополистік капиталдың қолында. Ауыл шаруашылығының басты саласы - қаракөл терілі қой өсіру. 1972 жылғы мал саны (мың): қой 4200, ешкі 1800, мүйізді ірі қара 2600. Суарылмайтын егісінің өнімділігі өте төмен. Негізінен жүгері, сорго егіледі. «Бирс», «Марин дайамонд корпорейшен» т. б. компанияларға біріккен амер., ағылшын., оңтүстік африкалық капитал күшімен Намибия жер қойнауынан алмас (1971 жылы 1900 мың карат, Атлант мұхиты жағалауынан), қорғасын (металл есебімен 73,2 мың т), мырыш (48,9 мың т), мыс (25 мың т), марганец рудасы (13,6 мың т) өндіріледі. Жылына 200 млн. квт-сағ электр энергиясы алынады; ЖЭС-тер қуаты 80 Мвт (1968). Өңдеу өнеркәсібі онша дамымаған. Уолфиш-Бейде балық астығын және консервілерін шығаратын, Людерицте лангуста (шаянның бір түрі) өңдейтін кәсіпорындар жұмыс істейді.

Темір жолының ұзындығы 2,4 мың км (1970); темір жол тармақтары тау-кен өндіріс орындарын елдің және Оңтүстік Африка Республикасының порттарымен жалғастырады. Автомобиль және көлік жолдарыньщ жалпы ұзындығы 57,5 мың км (1970). Теңіз порттары - Уолфиш-Бей, Людериц. ОАР-мен әуе қатынасы бар.

Намибия сыртқы саудасына ОАР үстемдік етеді. Экспортында минералдық шикізат, қаракөл елтірісі (жылына 2-3,5 млн. дана), түбіттің үлесі басым. Елге азық-түлік, отын және өнеркәсіп бұйымдары тасылады. Ақша өлшемі - оңтүстік африка рандасы; 0,7 ранда 1 американ долларына тең (сәуір 1973).

Оқу-ағарту ісі. ОАР үкіметінің апартхейд саясаты Намибия африкалықтарының білім алу мүмкіндігін жойды. Ересек африкалықтардың басым көпшілігі сауатсыз. Ақ нәсілділер, метистер және африкалықтар үшін бөлек мектептер ашылған. Ақ нәсілділер мен метистер мектептерінің жүйесіне: 7 жылдық бастауыш, 5 жылдық орта мектеп (3+2) қарайды, оқу ағылшын және неміс тілінде жүреді. Ақ нәсілділер мен метистер үшін бастауыш, орталау білім (7+3) міндетті. Африкалықтар үшін оқу міндетті деп есептелінбейді. Оларға 8 жылдық бастауыш мектептер ашылғанымен көпшілігі 4 жылдан артық оқуға немесе 5 жылдық орта білім алуға мүмкіндігі жоқтың қасы. 1966 жылы 69 ақтар мектебі, 57 метистер, 417 африкалықтар мектебі болды, барлық мектептерде 80 мың оқушы оқыды. Виндхук маңында оқытушылар және техникалық мамандар даярлайтын техникалық колледж бар (ақ нәсілділер үшін). Кітапхана мен архив және Мемлекеттік музей (1958) Виндхукте орналасқан.

Әдеб.: Галыбин А. И. Намибия (Юго-Западная Африка) в планах колонизаторов 1946-1970 гг. -М., 1971; Ферст Р. Юго-Западная Африка. Историко-публицистический очерк. пер. с англ. -М., 1965; Розин М.С. Минеральные богатства Африки. -М., 1972.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-01-31 17:14:51     Қаралды-1840

ЭЛЕКТРОНДАР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Электрон» сөзі грек тілінен «янтарь» деп аударылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ЗАРЯДЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Электрондардың теріс заряды, ал атом ядросының оң заряды бар екенін сіз бұрыннан білесіз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Көптеген ғасырлар бойы адамдар электр қуатының бар екенін білмеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОМПАСТЫ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Навигацияның дамуымен кеме жасау ғылымы жетілдірілуде - кибернетика...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АҚШ-ТА РЕСМИ ТІЛ ҚАНДАЙ?

...

Біздің елде қазақ тілі ресми тіл болып заңды түрде танылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?

...

20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »