UF

ГОНДУРАС (британдық) (англ. British Honduras) - Орталық Америкадағы ел. Ұлыбританияның иелігі. Кариб теңізі жағалауында, Юкатан түбегінің шығыс жағын алып жатыр. Мексика, Гватемаламен шектеседі. Жері 23 мың км2, халқы 120 мың (1969). Орталығы - Велиз. Әкімшілік жағынан 6 округқа бөлінеді. Елді Ұлыбритания үкіметі тағайындаған губернатор билейді. Премьер-министр бастаған үкіметі (министрлік кабинеті) және екі палаталы парламенті (Ұлттық жиналыс) бар; жоғарғы палата-сенаттың мүшелерін губернатор тағайындайды, өкілдер палатасының депутаттарын халық 5 жылға сайлайды.

Табиғаты. Көп жері ойпатты жазық, батпақты келеді, тропиктік орман өседі. Оңтүстік бөлігінде Майя тауы бар, оның ең биік жері 1122 м. Климаты тропиктік; ауаның айлық орташа температурасы 25, 27°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 2000 мм. Ірі өзендері - Рио-Ондо, Белиз. Жерінің 7/1 бөлігі - тропиктік орман.

Халқының 75%-і негрлер мен мулаттар, 17%-і үндістер (майялар), Ресми тіл - ағылшын тілі. Халықтың көпшілігі теңіз жағалауында тұрады; ірі елді мекендер, ауыл шаруашылық плантациялар осында.

Тарихи анықтамасы. 16 ғасырдың алғашқы ширегіне дейін Белиз аталған Гондурасты үндіс тайпалары мекендейді. Орталық Американы Испания жаулап алғаннан кейін, оның жері екіге бөлінді: солтүстік жағы «Жаңа Испанияға» (Мексикаға), оңтүстік бөлігі Гватемала генерал-капитандығына қосылды. 1638 жылдан бастап Белиз өзенінің жағасына ағылшындар қоныстанды және олар бірте-бірте испандарды ығыстыра бастады. 1840 жылдан ел Британ Гондурасы аталды, 1862 жылы Гондурас Ұлыбританияның отары болып ресми жарияланды. Жергілікті халықтың ұлт-азаттық күресі нәтижесінде 1961 жылы Ұлыбритания Гондурасқа ішкі істерін өзі басқаруға право беруге, 1963 жылы елде Экономикалық дамудың ұлттық советін құруға мәжбүр болды. Басты саяси партиялары - Біріккен халық партиясы (1950 жылы құрылған), Ұлттық тәуелсіздік партиясы (1958).

Экономикасы. Гондурас - ағылшын және американ капиталына тәуелді, мешеу дамыған аграрлық ел. Экономикасының басты саласы - ауыл шаруашылық мен орман шаруашылығы, олар жалпы ұлттық табыстың 50%-ін береді. Ауыл шаруашылық негізінен қант қамысы, ананас, банан және цитрус жемістерін өсіруге маманданған. Егістігі мен жеміс плантациясы 47 мың га, оның ішінде қант қамысы 14 мың, цитрус жемістері 3,5 мың га. Кофе, жүгері, күріш, картоп егіледі. 1969-1970 жылғы жиналған өнім (мың т): қанттық шикізат - 68, цитрус жемістері - 45, жүгері - 8, күріш - 7,4, картоп - 1. 1969-1970 жылғы мал саны (мың): ірі қара - 30, шошқа - 14, қой мен ешкі - 4. Теңіз жағалауының тұрғындары балық аулауды кәсіп етеді. Жылына 180 мың м3 ағаш дайындалады. Қалаларында ауыл шаруашылық өнімдері мен ағаш өңдейтін шағын көсіпорындар жұмыс істейді. 1966 жылы 14,2 млн. квт-сағ. электр энергиясы өндірілді. Туризм дамыған. Жүк айналымының дені автомобиль транспортының үлесіне тиеді; автомобиль жолының ұзындығы 1200 км. Станн - Крик және Мидлсекс қалалары арасында 30 км-дей темір жол салынған. Басты теңіз порты - Белиз. Экспортқа ағаш өнімдері (5%-і), қант (50%-і), цитрус жемістері (21%-і) шығарылады. Басқа елдерден өнеркәсіп товарлары, азық-түлік алынады. Сыртқы сауда серіктестері - Ұлыбритания, АҚШ, Канада. Ақшасы - Гондурас доллары.

Денсаулық сақтау ісі. Елде жұқпалы аурулар, әсіресе іш сүзегі, тиф, полиомиелит (теңіз жағалауындағы елді мекендерде), тері лейшманиозы, американ трипаносомозы (таулы аймақтарында) т. б. көп тараған.

Оқу-ағарту ісі. Ересек адамдардың басым көпшілігі сауатсыз. 6-14 жастағы балаларды міндетті түрде оқыту заңы 1962 жылы қабылданды. Оқу ағылшын тілінде жүргізіледі. 5-6 жастағы балалар 2 жылдық мектепке қабылданады, оны бітіргендері 6 жылдық бастауыш мектепке көшіріледі. Орта мектеп екі сатылы: біріншісі - 4 жылдық, екіншісі - 2 жылдық. Мамандық беруге 2 жылдық техникалық колледждер баулиды. Оқу мерзімі 2 жылдық педагогикалық училищелер бар. Жоғары оқу орындары жоқ. Белизде орталық кітапхана жұмыс істейді.

Әдеб.: Қазақ совет энциклопедиясы. -Алматы, 1978. Бас редактор М.Қ.Қаратаев. -Т.1. -С.125-126.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-01-30 17:30:33     Қаралды-1197

ЭЛЕКТРОНДАР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Электрон» сөзі грек тілінен «янтарь» деп аударылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ЗАРЯДЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Электрондардың теріс заряды, ал атом ядросының оң заряды бар екенін сіз бұрыннан білесіз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Көптеген ғасырлар бойы адамдар электр қуатының бар екенін білмеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОМПАСТЫ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Навигацияның дамуымен кеме жасау ғылымы жетілдірілуде - кибернетика...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АҚШ-ТА РЕСМИ ТІЛ ҚАНДАЙ?

...

Біздің елде қазақ тілі ресми тіл болып заңды түрде танылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?

...

20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »