UF

Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті.

Антик дуниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. «Антик (көне. ежелгі)» деген ұғым. Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келгеи, бул терминді италиян ойшыл - гуманистері грек рим мәдениетіне байланысты қолданған. Бұл атаудың түп —төркіні «ежелгі», «көне», «қадым заман» мағынасын беретін «антиквус» деген латын сөзінен шыққан .     Грекияның көне мәденистінің тамыры тереңде жатыр, өйткені, оның бастауында б.з.д, ІІІ-ІІ мың жылдықтарда Грекия жері мен Эгей теңізі аралдарын мекендеген тайпалардың өркениеті жатыр. «Эгсй» өркениеті мәдениеттің қайнар бұлағы болды, міне сондықтан- да грек халқының ежелгі мәдениетінің қайнар бұлағы болды, міне сондықтаңда грек мәдениетінің ең ерте шағы эгей өнерімен сабақтас. Б.з.б. ІІ мың жылдықта эгей мәдениетінің аса маңызды  орталықтары Крит аралы мен Пелопонес түбегіндегі Микены болғандықтан да Эгей өркениеті Крит - Микены мәдениеті деп атайтын болған. Грек аңыздарына қарағанда Крит - ұлы жебеуші, найзағай тәңірі Зевстің туған жері. Аңыз бойынша гректердің ең басты құдайы Зевс бұқа бейнесіне еніп, Финекия патшайымы, асқан сұлуды Европаға алып келеді, ал одан аралдың болашақ билеушісі Минос туған. Ал шындыққа белгісіз кейбір аңыздарда Зевс пен Еуропаның баласы Лихнас ел билеуші патшалардың ішіндегі ең әділеттісі болыпты мыс дейтін деректер бар. Алайда Криттің осындай есімді патша тек мифологиялық шығармаларды ғана емес,грек тарихшыларының еңбектеріңде кездесетіні естен шығаруға да болмайды.Крит жайында египеттік текстерде де кейбір деректер аса — тұра кездесіп қалады, 1.

 

1.Т. Ғабитов., Ж. Мүтәліпов. Мәдениеттану негіздері А. Дәнекер 2000ж.

 

 

       
Үлкен Сфинкс

 

 

 

 

 

 


 

Гректің әйел пірі Артемиданың Кіші Азияның Эфес қаласындағы хибадатханасы әлемнің үшінші "кереметті" деп есептелген. Ол кілең мәрмәр тастан 120 жыл бойы салынып, жаңа заманға дейінгі 550 жыл шамасында аяқталған. Хибадатхананы қөзтартарлықтай әдемі салып, ішінде бағалы заттар мол болады. Сондықтан атағы жер жүзіне жайылып кетеді. Біздің заманымыздан бұрынғы 356 ж. Герострат деген біреу атын шығармақ оймен ғибадатхананы өртейді. Ақыры оның есімі ақылға қонымсыз зиянкестіктің белгі-бейнесі болып мәңгілікке ел аузында қалады.

Грецияның оңтүстігінде, ойындардың орталығы олимпиядағы ғибратханада ежелгі гректердің сыйынатын жоғарғы пірі-Зевстің мүсіні піл сүйегі мен қара емен, асыл тастармен әшекелейленген алтын тақта отырғызылған. Зевстің бұл мүсінің осыдан 2 мың жылдай бұрын, біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырда ұлы мүсінші Фидий жасаған. Бұл төртінші "керемет". Басында осынау құдіретті тәңірдің рахымшылығын білдіретін зәйтүн ағашының өрілген бұтағына ұқсас алатын шеңбері болған. Мүсіннің басы, иығы, екі қолы кеудесі піл сүйегінен ойып жасалған. Зевстің сол жақ иығында жамылған шекпені, шашы мен сақалы алтыннан қүйылған Фидий Зевске адамға тән кескін-кейіп берген. Оның бет бейнесінен сұстылықпен қатар мейрімділікте аңғарылатын болған. Мүсін енді болмаса жымия езу тартып, орнынан кең кеудесін кере түрегелетіндей әсер тудырған.

Зевс-ежелгі грек мифологиясындағы жоғары әмірші құдай, барлық құдайлармен адамдардың ең мәртебелі патша құдайы. Алып Крон мен Реядан туған, өз әйелі Гера әкесінің үстемдігін құлатып,бүкіл дүниенің жоғарғы билігін өз қолына алған .Алғашқыда Зефс аспан ел дүниенің жоғарғы билігін өз қолына алған. Алғашқыда Зевс ақпан әлемінің өміршісі деп есептелсе, кейіннен гректер оған қоғамтіршілігінің билігін де береді. 1.

І.И.Можейко.

Әлемнің жеті және отыз жеті кереметі.

 

 
 

Артемиданың гибадатханасы

 

Олимп тауы Зевстің түрақты мекеніне айналады. Зевстен Аппалон, Артемида, Арейя, афродита, Гермес, Гефест, Дионис, Персефона т.б. біраз батырлар (Геракул, Персей т.б.) тарайды мыс.

Кіші Азияда Карий патшалығы деп аталатын шағын мемлекеттің астанасы-Галикарнаста (қазіргі түркияның Бодрум қаласы бесінші "керерет" Мавсол патшаның мавзолейі болған). Оны біздің заманымыздан бұрынғы IV ғасырдың орта шенінде патшаның әскеріне-патша ханым Артемисия салдырған. Мавзолейдің ақ мәрмәр тастан бедерлі белдеу тартылған түғырына мәрмәр бағаналар тізбегімен нақышталған негізгі қабырға орнатқан. Оның төбесі сүйірленіп келген. Мәрмәрден пирамида үсті жасалған мавзолей төбесінің ұшар басында төрт арғымақ жегілген екі доңғалақты күймеге Мавсол мен Артемисияның мүсіндері, сол сияқты мовзолейдің басқа да шекейлері осы күнде Лондондағы Британ музейінде сақтаулы. Міне мовзолей деген сөз Мафсол есіміне байланысты шыққан.1.

Жаңа заманға дейін III ғасырда Родос аралына атақты қолбасшы Деметрий шабуыл жасайды. Алайда Деметрий еркіндік сүйгіш родостықтарды жеңе алмайды. Аралды жанқиярлықпен қорғаған қаһарман ерлер құрметіне олар жер бетіндегі ең үлкен мүсін-ескерткіш орнатқан. Бұл алтыншы "керемет". Родос алабы деп аталды. Теңіз бен қала қақпасының аралығындағы сауда алаңында биіктігі 36 метр жас жігіттің қола мүсіні болған. Осынау алып ескерткіш екі аяғын алшайта басып, қалаға жау жолатпас қаһарлы сақшыдай алысқа көз тігіп түрған. Басында күн шапағын бейнелеген тәжі болған. Арал тұрғындары күн тәңірі Гелиосты өздерінің қамқоршысы деп білген сондықтанда мүсін басына тәж кигізген.2.

І.И.Можейко.

Әлемнің жеті жөне отыз жеті кереметі. 2.Қазақ Совет Энциклопедиясы.

 

      Бәрің білетін "фара" (үлкен шам) атауы әлемнің жетінші "кереметі" Ніл өзенінің сағасындағы Фарос аралында Александрия қаласының қасында жаңа заманнан бұрынға 280 жыл шамасында ежелгі дүниенің маягы (шырақ) орнатылған. Бұл үш қабат   мұнараның биіктігі 120 метр болған. Оның үстінде жан-жағы ашық тас күркеде лапылдап от жанып тұрған, ол кемелерге жол көрсеткен.

Семирамиданың аспалы бағы Ефрат өзенінің тасуынан бұзылған. Артемида хибадатханасы бір рет қалпына келтіріп, қайта қираған. Зевс өртеніп кеткен. 15 ғасырда крест жорықшылары Мавзолейді бұзып, қамал салған. Алып мүсін қатты жер сілкіну болған кезде құлап қалған. Александрия маягының тағдыры да осылай аяқталған. Тек қана бізге жеткен пирамидалар болады._

И.Можейко

Әлемнің жет жөне отыз жеті кереметі. 2.Қазақ Совет энцеклопедиясы 4том.

 

  Мәдениет - адамның  өмір   сүру  ортасы.

       Мәдениет- адамдардың  өмірі   мен  іс-әрекетін   ұйымдастыру тәсілінен, сондай-ақ олардың материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетін қоғаммен адамның белгілі тарихи даму дәрежесі .Мәдениет - ұғымы алғашқы пайда болғаи кезде, ол адамның табиғатқа ықпал етуін анықтау үшін э яғни оның дүлей күштерін бағындырып, көздеген мақсатына жететіндігін білдіру үшін  қолданылады. Әсіресе мәдениет туралы буржуазиялық мәдени өрлеу дәуірінде тарихшылармен этнографтардың еңбектерінде ерекше орын алады. Тіпті сол кезде мәдениет тарихы деген пән де пайда болды. Осы бағытта ізденулер әлі күнге дейін тоқталған жоқ.

      Мәдениет адамның материалдық және рухани өндіріс саласындағы қызметінде қолы жеткен табыстардың , жәй материалдық және рухани жеітістіктердің жиыны ғана емес , тарихи диалектикалық дамудан , материалдық қоғамдық жағдайлар мен қатынастардан туған мәдениеттің тарихи белгілі типтері мен формалары ретінде қаралады. Себебі үстем таптар еңбекке жиіркенішті сезіммен қарап , адамдардың еңбектегі творчествалық бастамаларына кедергі жасап  мәдениеттің дамуына мүмкіндік бермеді.

      Қанаушы қоғамдағы материалдық және рухани мәдениет үстемдік етуші таптың мүддесіне бағындырылған. Оның мақсаты қоғам дамуының материалдық және рухани мәдениеттің жалпы жетістік жақтарын өз бойына сіңіріп қана қоймай сонымен қатар олар мәдениет жалпы бұқараны шеттетіп , мәдениетті оларға қарсы қоюға бағытталған .

       Мәдениет тарихы - философиялық ілім, ол философияның бір бөлігіене, дәлірек айтқанда, тарих философиясына жатады. Мәдениет философиясы ілімі батыс елдерінде мәдени антропология құрамында қалыптасқан. Мәдениет-ашық жүйе, оның негізгі мақсаты-өзін басқаға жеткізу, ол монологтан гөрі диалогқа-сұхбаттасуға жақын .

1. Қазақ Совет Энциклопедиясы . 544-5456ет.                                                        2.    Философия  және мәдениеттану  .Оқу қүралы.   А.  Жеті  жарығы.    1998ж.

 

ҚОРЫТЫНДЫ.

■ *

Қорыта келгенде, қазіргі уақыттта өркениетке әрбір ғалым өз түсінігі, пайымдауы бойынша анықтама беруде.

Өркениет пен мәдениет тығыз байланысты, яғни осы ғалымдарды белгілі философ, мәдениеттанушылардың анықтамасына сүйене отырып "өркениет мәдениеттің шарықтау шыңы,"- деген анықтама шындыққа ұласатын секілді.

Өркениет сонау алғашқы қауымдық кезеңнен бастап дамыған.Өркениеттің жсмісі деп қазіргі кездегі ғылыммен техниканың дамуын, "әлсмнің жеті және отыз жеті кереметін" жатқызуымызға болады.

Алғашқы қауымдық кезеңде адамның баласының өсіп жетілуі, құрал-жабдықтарының, тастағы таңба, суреттердің пайда болуын жатқызамыз.

Ал құл иеленушілік кезеңде де өркениет өз даму ерекшілігімен дамыды. Одан әрі дами келе түрлі сәулет өнерлері туындысы пайда бола бастады. Ғылым мен техника дамып, оқу, жазу, сызу құралдары дами түсті, яғни 1876   жылы   А.Белл   телефонды   ойлап,   тапса,   алғашқы

Параходты Р. Фултон, паравозды Д. Стефансон ойлап тапты, Ньютонның бүкіл өлемдік тартылыс күші, рентген сәулелерінің осының барлығы техниканың дамуы, адамның өмір тіршілігінің жеңілдеуін, өркениеттің дамуы көріністері деп тануымызға болады.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2013-11-27 19:41:56     Қаралды-13655

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »