БУТАН (бхотия тілінде Друк-Юл) - Оңтүстік Азиядағы мемлекет. Қытай мен Үндістан аралығына орналасқан. Жері 47 мың км2. Халқы 750,0 мың адам (2016). Басты қаласы - Тхимпху.
Табиғаты. Батыс Шығыс Гималайдың оңтүстік бөлігін алып жатыр. Климаты муссондық, негізінен ылғалды, тропиктік, жоғарғы белдеуде суық. Орман өсімдігіне бай. 3500-4000 м биікте тау шалғыны қалың, көп жылғы қар мен мұздары бар. Сүт қоректі жануарлардан піл, керік, жолбарыс, жабайы сиыр, шошқа, мускус бұғысы, маймыл, гималай аюы, түлкі кездеседі.
Халқының дені бхотия (1967 жылы 450 мың адам) мен тибет тектес тілде сөйлейтін тайпалар (абор, мишми, мири 30 мың адам). Оңтүстік-батысында гурунгилер (150 мың адам), киранталар, лимбу, лепча (әрқайсысы 10 мың адамнан) тұрады; олар үнді (үнді арай) тілінде сөйлейді. Оңтүстігінде ассамдықтар (100 мың адамдай) мен санталдар (5 мың адам) жиі ұшырасады. Мемлекеттік тілі - бхотия тілі. Халқының дені лама мәніндегі буддизм дінін ұстанады.
Тарихы. Ұзақ уақыттар бойына бутандықтар Тибет ламаларын өз ламалары мен ғибадатханаларының рухани ұстазы деп есептеді. Үндістанға орныққан ағылшын отаршылары Бутанға бақылау орнатты. Үндістан тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін (1947), Бутан сыртқы қатынас мәселелерінде Үндістанмен кеңесіп отыратын болды. Дивангири округы (1865 жылы ағылшындар аннексиялаған) Бутанға қайтарылды. 1954 жылы Бутанда парламент құрылып, ол 1968-1969 жылдары бірқатар мәселелерді өзінше шешуге право алды.
Экономикасы. Бутан - феодалдық қатынас үстемдік еткен аграрлық ел. Ауыл шаруашылығында егіншіліктің үлесі басым. Бау-бақша, мал, орман шаруашылығы едәуір. Аздап темір рудасы (Баршонга маңында), тас көмір, гипс, доломит, слюда, графит шығарылады. Тхимпхуда шағын су электр станциясы жұмыс істейді. Экономикалық даму программасы (1961-1965, 1966-1970) Үндістанның ақшалай көмегі арқасында жүзеге асырылды.
Оқу-ағарту ісі. Бутанда оқу-ағарту ісі төмен дәрежеде. Ересек адамдардың 95%-і сауатсыз. Міндетті оқу туралы заң жоқ. Мемлекетте дүние таным мектептерімен қатар діни мектептер де бар. Бастауыш, ортадан төмен мектептер жұмыс істейді. 1966 жылы мемлекеттік бастауыш мектептерде 12,3 мың, ортадан төмен мектептерде 2 мыңнан астам оқушы оқыды.
Әдеб.: Празаускас А. А. Бутан. Сикким. М., 1970.
Жарияланған-2019-09-09 14:16:31 Қаралды-2596
ЭЛЕКТР ЗАРЯДЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Электрондардың теріс заряды, ал атом ядросының оң заряды бар екенін сіз бұрыннан білесіз.
КОМПАСТЫ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?
Навигацияның дамуымен кеме жасау ғылымы жетілдірілуде - кибернетика...
ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?
Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.
ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?
20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.
НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?
Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану