UF

АВСТРАЛИЯ (Australia, лат. austrālis - оңтүстік) - Оңтүстік жарты шардағы құрлық.

Жалпы мәліметі. Австралия 10°41' оңтүстік ендіктегі Йорк мүйісінен 39° 11' оңтүстік ендіктегі Оңтүстік-Шыығс мүйіске дейін және 113°05' шығыс бойлықтағы Стип-Пойнт мүйісі мен 153°34' шығыс бойлықтағы Байрон мүйісі аралығында. Батысы мен оңтүстігін Үнді мұхиты шығысы мен солтүстігін Тынық мұхиттың Тасман, Маржан, Тимор және Арафур теңіздері қоршайды. Жағасының су жырған жерлері аз кездеседі; ірі шығанақтары: солтүстігінде -Карпентария, оңтүстігінде Австралияның Үлкен шығанағы; үлкен түбегі -Кейп-Йорк, Австралия - құрлықтардың ішіндегі ең кішісі (7631,5 мың км2, аралдарын қосқанда 7704,5 мың км2). Оңтүстігінде Басс бұғазы (ені 224 км) бөліп жатқан Тасмания аралы бар. Шығыс жағалауын бойлай 2300 км-те созылып, Үлкен Тосқауыл рифіжатыр.

Жер бедері. Австралия жерінің басым көпшілігі жазық. Жер беті 95%-інің биіктігі 600 м-ден аспайды. Австралия орографиясына қарай 3-ке бөлінеді. 1) БатысАвстралия таулы үстірті; орташа биіктігі 400-500 м, үстірттің шығысында Масгрейв (Вудрофф тауы, 1440 м) және Макдоннелл (Зил тауы, 1510 м) жоталары, солтүстігінде Кимберли массиві (биіктігі 936 м), оңтүстік-батыста Дарлинг (биіктігі 582 м) жотасы бар. 2) Орталық ойпат, биіктігі 100 м-ден аспайды. Эйр көлінің маңы Австралиядағы ең төмен жер, мұхит деңгейінен 12 м төмен жатыр. Ойпаттың оңтүстік-батысында Флиндерс, Маунт-Лофти жоталары бар. 3) Үлкен Суайырық жота, биіктігі орта шамада, таулары жатаған; шығыс беткейі тік құлама, қатты тілімделген; батыс беткейі біртіндеп төбеге айналады. Мұндағы Австралия Альпісінде құрлықтың ең биік жері - Косцюшко (2230 м) тауы бар.

Геологиялық құрылысы.Құрлықтың геологиялық негізін Австралия платформасы мен Шығыс Австралия геосинклиналь белдеуі құрайды. Платформа құрлықтың батысын, Сент-Винсент шығанағының батысына дейінгі орталығын және оның Арафур теңізі астындағы бөлігін, Жаңа Гвинеяның оңтүстігін қамтиды, Геосинклиналь белдеуі Кейп-Йорк түбегінен басталып, Тасмания аралымен бітеді. Оның бағыты Шығыс Австралия жоталарының бағытына сәйкес. Австралия платформасының түпкі негізі (архей-төменгі протерозой) күшті метаморфизм салдарынан гнейс пен гранитке айналған, құрамды вулканогендік жыныстар мен терригендік шөгінділерден тұрады. Архей жыныстары батыста Пилбара мен Калгурли жақпарларында, солтүстікте Кимберли үстірті мен Антрим тауларында және Арнхемленд түбегінің солтүстік-батысында кездеседі. Архей жыныстарын жауып жатқан бірнеше геосинклинальдың терригендік, карбонаттық-вулканогендік қоспалары мен платобазальт қабаттарынан құралған төменгі протерозой шөгінділері (қалыңдығы мыңдаған м) БатысАвтралияның Наллагайн, Кимберли үстірті ойыстарында, Карпентария шығанағының оңтүстік-батысында көп кездеседі. Австралия платформасының солтүстік-батысындағы Үлкен Құмды шөлде триас юра шөгінділеріне толы Каннинг ойысы, ал Австралия Үлкен шығанағының солтүстік жағасында палеоген жыныстары басып жатқан кайнозойлық Юкла ойысы бар. Шығыс Австралия геосинклиналь белдеуі батыстан шығысқа қарай біртіндеп алмасатын ерте каледондық (Аделаида), оңтүстікте Тасманияға дейін созылатын каледондық (Лаклан) және герциндік (Жаңа Англия) жүйелерден құралған.

Белдеуде көптеген гранитоид интрузиялары бар. Шығыс Австралия геосинклиналь белдеуі жоғарғы протерозой мен палеозойдың шөгінді және вулканогендік жыныстарынан тұрады. Бұл - триастан бері дами бастаған жас платформа. Осы белдеудің Австралия платформасымен шектесетін батыс өңірінде солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан Карпентария шығанағы, Ұлы Артезиан және Муррей алаптары сияқты бірнеше ойыс бар. Тасман теңізі мен Виктория жағалауларын қамтыған палеоген мен неоген кезіндегі тектоникалық құбылыстар Басс бұғазының жаралуына, базальттық вулканизмнің дамуына, терең жарықшақтардың пайда болуына жәрдемдесті.

Пайдалы қазбалары. Австралия платформасының батысы мен солтүстігіндегі архей, протерозой, оңтүстік-шығысындағы кембрий, ордовик жыныстарында алтынның (Калгурли, Кулгарди, Бендиго, Балларат), уранның (Рам-Джангл, Мэри-Катлин, Радиум-Хилл), түсті металдардың (Брокен-Хилл, Маунт-Айза, Клонкарри) ірі кендері бар. Темір мен марганец Австралияның оңтүстігі мен батысындагы жоғарғы протерозой шөгінділерінде жатыр. 1955 жылы солтүстіктен ірі боксит кені - Уэйпа ашылды. Оңтүстік пен шығыстағы пермь, карбон, палеоген жыныстарында қоңыр көмір жиі кездеседі. Ұлы Артезиан алабы мен Амадея ойысында, Виктория жағалауының әр түрлі геологиялық жүйелерінде мұнай мен газ бар. Титанды-цирконды аса ірі теңіз қорымдары Австралияның шығысы мен батысынан табылды.

Климаты. Австралия жерінің көбі тропиктік (18-30°оңтүстік ендік), солтүстігі субэкваторлық, оңтүстігі субтропиктік ендікте жатыр. Шығыс жағалауының климаты (солтүстікте 30° оңтүстік ендікке дейін) тропиктік, теңіздік.  Күн радиациясы үнемі жоғары болады: 590-750 кдж/см2 ∙ жыл); сондықтан Австралияның барлық аудандарында температура тұрақты болады. Австралия түгелімен дерлік 20, 28°С жазғы және 12, 20°С қысқы изотермалар аралығында жатыр. СолтүстікАвстралияның климаты ыстық болады: жаздың ең жылы айы –қаңтар мен қыстың ең суық айы – шілде температурасының айырмашылығы шамалы.

Тропиктік ішкі аудандар меп субтропиктік белдеулерде температураның маусымдық ауытқуы анық байқалады. Қаңтардың температурасы 40°С-тан жоғары болатын ең ыстық аудан солтүстік-батыста. Температураның абсолют максимумы Клонкарриде (Квинсленд) 53,1°С, абсолют минимумы Австралияның ішкі ауданында -4-6°С-қа дейін. Тұрақты аяз (-22°С-қа дейін) тек оңтүстік-шығысындағы Австралия Альпісінде болады. Австралия жағалауының аз тілімденуі, құрлықтың батыстан шығысқа қарай созылып жатуы, Үлкен Суайырық жотаның Тынық мұхиттан соғатын ылғалды желге бөгет жасауы орталық аймақта климаттың құрғақ болуына әсерін тигізеді. Австралия жерінің 38%-нде климат жауын-шашынның жылдық мөлшері 250 мм-ден аспайды. Солтүстік пен оңтүстіктен сотатын ылғалды желге қарсы тұратын кедергінің жоқтығынан, Австралияда ұзаққа созылатын қуаңшылық болмайды. Қүрлықтың солтүстігі мен шығысындағы тауларда жауын-шашын мөлшері 500 дгж-ден 2000 мм-тедейін жетеді. Солтүстігіне жауын-шашынды солтүстік-батыстан соғатын экваторлық ылғалды муссон, ал шығысына Шығыс Австралия жылы ағысы үстінде пайда болатын ылғалды ауаны Тынық мұхиттан соғатын пассаттар әкеледі. Жауын-шашынның ең көп жері - Кэрнс қаласының маңы (2243 мм-дей). Үлкен Суайырық жотадан батысқа қарай жауын-шашын мөлшері күртазайып, батыс жағалауда 250 мм шамасында ғана болады.

Ішкі сулары. Австралияда шөл, шөлейт климат басым болғандықтан, ағыны тұрақты өзендер аз, өзен торы сирек. Су ағынының жылдық жалпы көл 350 км3.Австралияның көп жерінде жылдық су ағынының қабаты 50 мм-дей, тек Үлкен Суайырық жотаның шығыс беткейінде ғана 400 мм-ден асады. Құрлықтың 7%-і Тынық мұхит алабына, 33%-і Үнді мұхиты алабына, ал 60%-і суалмалы өзендер (криктер) алабына жатады. Көптеген ірі криктер Эйр көлі алабында. Оларда ағын тек оқта-текте ғана болатын жазғы нөсерлерден кейіп пайда болады. Карсты Нал-ларбор жазығында өзен атымен жоқ. Мұхитқа құятын өзендер қысқа келеді, ағыны тұрақты болмайды, кеме қатынасына олардың тек төменгі ағысы ғана жарайды. Өзендердің көбі жаңбыр суымен қоректенетіндіктен, олар жазғы жаңбыр кезінде ғана тасиды. Үлкен Суайырық жотадан басталатын өзендердің суы мол, ағыны тұрақты, ал батыс жағалаудағы шөлейт үстірттерден басталатын өзендердің ағыны мүлде тұрақсыз келеді. Австралиядағы ең ірі, суы мол Муррей (Марри) өзенінің ұзындығы 2740 км (Дарлинг саласын қосқанда). ШығысАвстралияөзендері гидро-энергетикаға бай, бірақ олар негізінен жер суаруға пайдаланылады. Муррей, Маррамбиджи, Лаклан, Орд, Суон өзендерінде гидроэнергетикалық, ирригациялық ірі құрылыстар салынған. Австралияда 800-ге тарта көл бар. Олардың көбі - тек оқта-текте ғана жауатын нөсерлерден кейін суға толатын ертедегі көлдердің қазан шұңқыры. Басқа уақытта бұлардың орнын саз, сор басып жатады. Үлкен көлдері: Эйр, Торренс, Амадиес, Гэрднер. Батыс Австралияда ұсақ-ұсақ тұзды көлдер көп. Австралия 1,5-2 км тереңдікте кездесетін жер астындағы суға бай, 15-тен астам артезиан алабы бар. Дүние жүзіндегі ең ірі Үлкен Артезиан алабы Орталық ойпатта жатыр, ауданы 1736 мың км2. Жер астындағы сулар, минералданғанына қарамастан, құрғақшылық аймақтың өнеркәсібі мен транспортының қажеттеріне және жайылымдарды суландыруға пайдаланылады.

Топырағы. Австралияның көпшілік жері тропиктік, ал 30° оңтүстік ендіктен оңтүстікке қарай субтропиктік топырақты келеді. Ішкі аудандарында құнарсыз шөл топырағы мен өсімдік дүниесі мардымсыз құмдар кездеседі. БатысАвстралия таулы үстіртінің топырағы қиыршық тасты және құмды болады. Орталық ойпаттың жазықтарында құмдақ, саздақ, Орталық алап көлдерінің төңірегінде тұзды топырақтар кездеседі. Құрлықтың орталығынан батысқа, солтүстікке, шығысқа қарай, жазғы жауын-шашын көбейген сайын шөлдің құнарсыз топырағы шөлейт пен саваннаның қызыл құба, қызыл топырағына ауысады. Ылғалды солтүстік және шығыс жағалаулары қызғылт сары топырақты.

Налларбор жазығында субтропиктік құрғақ шөл топырағы, оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыста сұр қошқыл, қошқыл және қызыл қошқыл топырақ кездеседі. Австралияның оңтүстік-батысында реликт қызыл және сары топырақ, Үлкен Суайырық жотада (28° оңтүстік ендіктен солтүстікке қарай) таудың латерит топырағы, аңғарларында тропиктік қара топырақ, субтропиктік белдеудің тау беткейлерінде таудың сары, қызыл, орманның құба топырағы, Австралия Альпісінің жоталарында шалғынды топырақ басым. Бұталардан тазартып, суарса, тұзын шайса, Австралия шерінің 60%-і егіншілікке жарайды. Бірақ 60 жылдары жерінің 2%-і ғана егіншілікке пайдаланылды.

Өсімдігі. Австралияның органикалық дүниесі ортаңғы бор дәуірінен бері жеке дара дамып келеді. Сондықтан оның өсімдік дүниесі басқа құрлықтардағыдан мүлде өзгеше. Өсімдік түрлерінің 75%-і эндемиктер,Австралия биогеографиялық айматына жатады. Құрлықтың солтүстік-шығысында тропиктік мәңгі жасыл, оңтүстік-шығысы мен оңтүстік-батысында тропикке таяу эвкалипт ормандары өседі. Құрлықтың ортасына қарай, климаттың континенттігі артқан сайын, ылғалды тропиктік ормандар тропикке таяу құрғақ эвкалипт орманына, селдір орманға, саваннаға айналады. Австралияның орталық құрғақ бөлігінде бұталы-шөпті өсімдіктер көп кездеседі. Шөлейттерінде тікенді, бұталы тоғайлар, шөлдеріңде астық тұқымдастар өседі. Өсімдік қорларының ішінде саванналар мен шөлейттегі табиғи жайылымдардың маңызы зор. Ағашы кесуге жарамды ормандар құрлық көлемінің 2%-і ғана. Олар көбінесе қатты, шірімейтін сүрек және бағалы май, шайыр алынатын эвкалиптерден тұрады.

Жануарлар дүниесі.Австралия жануарларының ерекшелігі бұл құрлықты Австралия биогеографиялық айматы етіп өз алдына жеке бөліп алуға мүмкіндік береді. Ежелден бергі және эндемик жануарлар көп, ал басқа құрлықтарда кездесетін тұяқтылар, жыртқыштар (шеттен әкелінген динго итінен басқа), приматтар мүлде жоқ. Мезозой мен неоген дәуіріне тән жануарлардың бірнеше түрі сақталған. Оның ішінде қалталы қасқыр, қалталы аю (коала), қалталы кенгуру, жұмыртқа салатын бір өзекті сүт қоректілер, үйректұмсық пен ехидна тіршілік етеді. Эндемик құстардан түйеқұс-эму, казуар, лирақұйрық, түрлі тотылар (мыс., ақ және қара какаду), қара қу т.б. мекендейді. Балықтардан ежелгі триас дәуірінен бері өзгермей келе жатқан қос мекенді каратод бар. Аңды тым көп аулаудан және табиғи аймақтарды шаруашылыққа қалай болса солай игере беруден Австралия жануарларының көптеген түрлері құрып кеткен. Шеттен әкелінген үй қоянының көп өсуі жайылынның азаюына және қалталы жануарлар санының күрт кемуіне әкеліп соқты. Кенгурудің кейбір түрлері әбден құрыды, қалталықасқыр мен вомбаттардың кейбір тұқымдары мүлдем жойылуға таяу.

 

Табиғи аудандары. Австралиятабиғи үш аймаққа бөлінеді: суы тапшы, табиғаты негізінен тропиктік шөл және шөлейт келетін Батыс Австралия таулы үстірті- тұғырлы, таулы қырат; географиялық зоналылығы аның байқалатын, ішкі аудандарына қарай климаттың континенттігі арта беретін, саванна мен селдір ормандар бірте-бірте шөлейт пен шөлге айналатын Орталық ойпат- аккумуляциялық ойпатты жазық; таулы-орманды ландшафты басым, құрлықтың негізгі су айырығы әрі климаттық шекара -Үлкен Суайырық жота.

Австралия-азия жерорта теңізі - Азия мен Австралия аралығында жатқан, Тынық мұхиттың батыс бөлігіндегі бір топ аралдарды қоршайтын теңіздердің жалпы аты. Ауданы 8 млн. км2. Түбі қатты тілімделген; ең терең жері 8547 м.Австралия-азия жерорта теңізі - Тынық мұхиттың бір бөлігі. Үлкен теңіздері: Оңтүстік-Қытай, Ява, Сулавеси, Сулу, Банда.

Австралия альпісі - Австралиядағы Үлкен Суайырық жотаның оңтүстік-шығысындағы биік таулы қырат. Ұзындығы 400 км-дей, ені 150 км-дей, биіктігі 1700-2000 м (құрлықтың ең биік жері - Костюшко тауы, 2230 м). Австралия альпісі граниттерден, палеозойлық кварцит, тақта тас, әк тастан құралған. Солтүстік-батыс беткейінен Муррей (Марри) өзені басталады. 1200-1300 ж-ге дейін қалың орман (эвкалипттер, ежелгі папоротниктер), одан жоғары бұта, қисық ағаш, тау шалғыны өседі.

Австралия биогеография аймағы - құрлықтағы зоологиялық және ботаникалық аймақтардық бірі. Зоогеографиялық тұрғыдан оған Австралия құрлығы, Тасмания, Жаңа Гвинея, Соломон, Бисмарк аралдары, Кіші Зонд, Жаңа Зеландия, Меланезия, Микронезия, Полинезия, Гавай аралдарының біраз бөліктері, өсімдік географиясы жағынан тек Австралия мен Тасмания жатады. Мұның себебі жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің айырмашылығында.

Австралия биогеография аймағының бір ерекшелігі: мұнда тек осы аймаққа ғана тән және ерте кезден сақталған жануарлар мен өсімдіктер көп. Мыс., мезозой дәуірінде, Австралия Азиямен тұтасып жатқан кезде Австралияға өткен төменгі сатыдағы сүт қоректілерден бір өзекті және қалталы жануарлар бар. Кейін Австралияның Азиядан ажырауы нәтижесінде оның жануарлары мен есімдіктеріне жер шарының басқажануарлары мен өсімдіктер дүниесінің әсері тиметендіктен, бұлар өз азығына ерекше дами берген. Австралия биогеография аймағында 12 000-ға жуық өсімдік түрі кездеседі, оның 9100 түрі тек осы аймаққа ғана тән. Эвкалипттер, филлоидтық қараған, казуариндер т. б. өсімдіктер басқа жерде кездеспейді. Австралия биогеография аймағының өсімдіктері бірыңғай емес. Құрлықтың орталық аудандарындагы шөлейт жерлерде сортаң өсімдіктер, шөлді аймақтарында тікенді, астық тұқымдас өсімдіктер, шығысы мен батысында қатты жапырақты бұталар, солтүстігінде, батысында, шығысында филлоидтық қараған мен эвкалипттерден тұратын саванна ормандары бар. Бұл аймақтың субтропик және субантарктика ормандарында биіктігі 100 м-ден асатын, діңінің жуандығы 12 м-гежететін эвкалипттер, ағаш тәрізді папоротниктер, саговниктер т.б. реликт ағаштар кездеседі. Австралия биогеография аймағында төменгі сатыдағы сут қоректілерден қалталы жануарлар өте көп өскен. Олардың 160-тан астам түрі бар. Оның ішінде жыртқыштардан қалталы қасқыр, қалталы сусар, насеком қоректілерден қалталы құмырсқа жегіш, қалталы тиін, өрмелегіш қалталылардан кузу, коала (қалталы аю), тұяқты жануарлардан ірі кенгуру тіршілік етеді. Бұлардан басқа тек осы аймаққа тән жұмыртқа салатын сүт қоректілер - үйрек тұмсық және ехиднаның екі түрі бар. Австралия биогеография аймағында кездесетін 670 құс түрінің 450-і эндемиктер. Олардың ішінде қазуарлар, эму, әсем құстар, жұмақ құстары, лира-құйрықтар, какаду, үкі тотылар, кептерлер, қара аққу т.б. бар. Бауырымен жорғалаушылардан ешкіемер тұқымдасына жататын, тек артқы аяғымен ғана жылдам жүгіретін жалпақ тұмсық кесіртке - хламидозаурус және денесін тікен қаптаған, бірақ зиянсыз молох, қысқа құйрықты геккондар, аспид тәрізді жыландар бар. Балықтардан ертедегі триас дәуірінен өзгермей келген өкпелі балық - цератод тіршілік етеді. Насекомдардан да осы жерге тән жылтырауық қоңыздар, көбелектер көп. Австралия биогеография аймағының әр жерінің ландшафтары мен ауа райы жағынан айырмашылықтары бар, сондықтан ол Папуас, Австралия, Жаңа Зеландия, Полинезия, Гавай болып, 5 биогеографиялық тармаққа бөлінеді.

Австралия одағы - Британия Ынтымағы құрамындағы мемлекет; Австралия құрлығын, Тасмания, Флиндерс, Кинг, Кенгуру т.б. аралдарды алып жатыр. Жері 7,7 млн. км2. Халқы 24,6 млн (2017). Астанасы - Канберра қаласы. Австралия Одағына Папуа отары, Норфолк, Кокос, Рождество, Макуори, Херд, Макдональд аралдары қарайды. Ол 1958 жылдан бері Біріккен Ұлттар Ұйымының қамқорлығындағы Жаңа Гвинеяны, оның төңірегіндегі Бисмаркархипелагін, Соломон аралдарының бір тобын басқарады. Әкімшілік жағынаңАвстралия Одағы 6 штатқа және 2 территорияға бөлінеді.

Мемлекеттік құрылысы. Австралия Одағы - доминион, конституциялық монархия (конституциясы 1900 жылы қабылданды), мемлекеттік құрылысы жөнінде федерациядан (штаттардан) құралады. Заң жүзіндегі мемлекеттік басшысы - Ұлыбритания королы. Елді король тағайындаған генерал-губернатор басқарады (іс жүзінде оның міндетін премьер-министрдің басшылығымен министрлер кабинеті атқарады). Генерал-губернатор консультативтік орган - Федеральдық атқару советін тағайындайды. Заң шығару билігін корольдың басқаруындағы екі палатадан (сенат пен өкілдер палатасы) құралған парламент жүзеге асырады. Әрбір штаттың өзіндік конституциясы, үкіметі мен басқару орындары бар. Штатты басқаратын губернаторды Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігі тағайындайды. Жергілікті жерлерде (қалаларда, графтықтарда, округтарда) муниципалитет советтері сайланады.

Халқы. Австралия Одағының халқы антропологиялық құрамы жағынан біркелкі емес. Жергілікті тұрғындары - аборигендер, австралиялық нәсілге жатады. Олар аласа бойлы, жалпақ мұрынды, бұйра шашты келеді. Байырғы австралиялықтардан басқа европеоидтік нәсілге жататын бірнеше антропологиялық түрлер бар. Австралия Одағы халықтарынын казіргі кездегі ұлттық құрамы біркелкі, олардың 90%-і Британпя аралдарынан келген жана жерге коныстанушылар (ағылшындар 53%, ирландиялықтар 24%, шотландиялықтар 13%). 18 ғасырда ағылшындар Австралияға келгенде 300 мыңдай аборигендер болған. Адам төзгісіз қанаушылық пен қуғындаудан олардың саны жылдан-жылға кеми берді. 1966 жылы бүкіл құрлық көлеміндегі аборигендер саны 40 мыңға жетпеді. Ал Тасмания аралының жергілікті халқы - тасмандықтар 19 ғасырдың аяғында-ақ мүлдем құрып кетті. Елде апартеид және нәсілдік кемсітушілік саясаты түгел жүзеге асырылып отыр. Аборигендер Орталық Австралиядагы резервацияларға қамалған. Австралия Одағында итальяндар, немістер, гректер, жапондар да тұрады. Осылардың бірігуінен келіп, австралиялықтар ұлты пайда болды. Мемлекеттік тіл - ағылшын тілі. Дінге сенушілердің көпшілігі - христиандар. Еңбек ететін халықтың саны 1966 жылы 4856 мың болды, олар - өнеркәсіп жұмысшылары, орта және уақ фермерлер, ширерлер (қырықтықшылар), балықшылар т.б. Австралия Одағы халық өте сирек орналасқан елдердің бірі. Орташа тығыздығы 1 км2-ге 1,5 адамнан. Халқының 80%-тен астамы елдің өнеркәсіпті ірі қалалары орналасқан шығыс және оңтүстік-шығыс жағалауда тұрады. Ірі қалалары (1966 жылы қала төңірегін қосқанда, мың адам есебімен); Сидней (2541), Мельбурн (2230), Аделаида (771), Брисбен (777) және т. б.

Австралиялықтар - 1) Австралияның байырғы халқы (абориген). 18 ғасырдың аяғында құрлықты түгел қоныстады (саны 250-300 мың адам еді). Австралиялықтардың ішінде тілі мен нәсілі жөнінен дүнне жүзінін басқа халықтарынан оқшау тұрған 500-ден аса тайпа болды. Әр тайпа өзінің ерекше диалектісінде сөйлейді. Кезбе аңшы және жеміс-жидекс теруші Австралиялықтардың 19 ғасырға дейін алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүріп, мезолит дәуіріндгідеу тас қаруларды пайдаланды. Тайпа аралық айырбас кеңінен дамыды. Әрбір тайпа территориялық, экономикалық жағынан дербес бірнеше «жергілікті топтарға» бөлінді.  18 ғасырдың аяғында Европадан келген отаршылар Австралиялықтарды қырып-жойып, ішкі Австралияның құнарсыз аудандарына ығыстырды. Осының салдарынан 1966 ж. Австралиялықтардың саны 40 мыңға дейін азайды. Бұрынғы тайпалардың қалдықтары негізінен Батыс және Солтүстік Австралияда. Діні - тотемизм, магия. 2) Ұлт, Австралияның негізгі халқы. Саны 11,5 млн-нан астам. Австралиялықтар  түгелдей Англиядан, Шотландиядан және Ирландиядан қоныс аударғандардың ұрпақтары. Ағылшын тілінің австралиялық диалектісінде сөйлейді. Діні - христиан.

Тарихы. Австралияның жергілікті тұрғындарының арғы аталары бұл араға кейінгі палеолит дәуірінде қоныстанса керек. Олар Оңтүстік Азиядан көшіп қелген. 1788 жылы Австралияға ағылшындар алғаш қоныс тепті. Бұлар негізінен сотталып, айдалған адамдар еді. Отаршылар жергілікті тұрғындарды қырып-жойды, тірі қалғандарын шұрайсыз жерлерге ығыстырды. 18 гасырдың аяғынан 20 ғасырдың ортасына дейін Австралияның байырғы тұрғындарының саны 5-6 есе азайды. Аборигендердің едәуір бөлігі қазір де күштеп көшіріп апарған жерлерде тіршілік етеді. 19 ғасырдың 20 жылдарынан қапиталистік негізде қой шаруашылығы жедел дами бастады.

19 ғасырдың 50 жылдарында Викторияда алтын кенінің ашылуы отар штаттардың (кейін құрылған) экономикасын тез көтерді. Жаппай еркін иммиграция басталды. 1900 жылдың басында халық саны 3756 мың адамға жетті.

1854 жылы Викториядағы алтын кендерінде Эврик көтерілісі шықты. Мұның Австралия тарихында үлкен маңызы болды. Әсіресе отар штаттардың ішкі өзін-өзі басқару правосын алуын тездетті, жұмысшы қозғалысына жаппай қозғау салды, олардың едәуір бөлігі кәсіподақтарға бірікті. 19 ғасырдың2-жартысында елде өнеркәсіп дами бастады. Буржуазия күшейді. 1900 жылы барлық алты отарды (Жаңа Оңтүстік Уэльс, Виктория, Квинсленд, Оңтүстік Австралия, Батыс Австралия, Тасмания)Австралия Одағы федерациясына біріктіру жөнінде заң қабылданды; Австралия Одағы доминион статусын, бұрынғы отарлар штат правосын алды. Австралия ұлтының қалыптасуы тездеді. Австралия капитализмі 19 және 20 ғасырлардың өзінде-ақ империализм сатысына көшті. Бұл кезеңде австралия жумысшы қозғалысында оппортунизм мен реформизм күш алды. Елде Лейбористік дартия (1908-1917) үкімет құрды, буржуазиялық-либералдық саясат жүргізді.

Австралия Одағы британ армиясының құрамында 1-дүние жүзілік соғысқа қатысты. Соғыстан кейінгі дәуірде Австралия Одағы шағын империадистік мемлекетке айналды. 1919-1921 жылдарда жұмысшы қозғалысы жиіледі. 1929-1933 жылдардағы дүние жүзілік экономикалық дағдарыс кезінде тап күресі қатты шиеленісті, еңбекшілер ереуілге шықты. 2-дүние жүзілік соғыста Австралия Одағы Англия жағында Германияға қарсы соғысты. Оның әскерлері Америка империалистерінің Кореяға қарсы қарулы интервенциясына (1950-1953), 50 жылдары ағылшындардың Малайя халқына қарсы отарлық соғыстарына қатысты. 2-дүние жүзілік соғыстан кейін Австралия Одағының экономикасында АҚШ-тың ықпалы күшейді; бірақ Англиямен байланысы сақталды, 60 жылдары Жапониямен экономикалық және саяси қатынас орнатты. Австралия Одағы - АНЗЮС (1951), СЕАТОсоғыс блоктарының мүшесі. 1954 жылы сәуірде Австралия Одағында антисоветтік науқан уйымдастырылды, соның салдарынан Австралия Одағы мен СССР арасында дипломатиялық қатынас үзілді; 1959 жылынаурызда қайта орнатылды. 2-дүние жүзілік соғыстан кейін Австралия Одағында солшыл күштердің, ең алдымен Компартияның (1930-1965 жылы Л.Шарки басқарған) ықпалы артты.

Саяси партиялары, кәсіподақтары мен қоғам ұйымдары. Буржуазиялық мүддесін қорғаушы Либералдық партия 1944 ж. құрылды. Ірі жер иелері өздерінің Аграрлық партиясын 1916 ж. құрған. Бұл екі партияның біріккен одағы 1949 жылдан бері үкімет басқарып келеді. 1957 ж. құрылған Демократиялық лейбористер партиясы елдегі оңшыл элементтерді біріктіреді. 1920 жылы бүкіл прогресшіл австралиялықтар мен жұмысшылардың авангарды - Австралия Коммунистік партиясы құрылды. Австралия Одағының алғашқы кәсіподақ ұйымдары 19 ғасырдың 50 жылдары пайда болды. Қазіргі ірі кәсіподақ бірлестігі -Австралия кәсіп-одақтарының советі (1927). Лейбористер партиясымен сыбайлас. 1967 жылыАвстралия социалистік жастар одағы құрылды. Ұлттық азаматтық совет (реакцияшыл капиталистер ұйымы), Фермерлердің ұлттық советі сияқты қоғамдық ұйымдар бар.

Шаруашылығы. Австралия Одағы - индустриялы-аграрлы капиталистікел. АҚШ, Ұлыбритания, Жапония және Батыс Германия капиталымен тығыз байланысты ірі монополиялар ел экономикасын толық билейді. Қой саны, қырқылған жүн мөлшері, қорғасын өндіру, рутил қоспаларын алу жөнінде капиталистік елдер арасында 1-орын, ал кесек қорғасын өндіруден 3-орын алады. 1967 ж. елдегі бүкіл өнімнің таза құнының 67%-і өңдеу өнеркәсібінің, 26%-і ауыл шаруашылығының, ал қалғаны кен өндірісі, орман және балық аулау шаруашылықтарының үлесіне тиді.

Австралия Одағы - пайдалы қазбаларға бай. Энергетикалық балансында тас көмір үлкен орын алады. 1967 жылы 35,3 млн. тонн өндірілді (Жаңа Оңтүстік Уэльс, Квинсленд қалаларында). Австралия Одағында американдық мұнай бірлестігінің зерттеу жүргізгеніне бірнеше жыл болды. Соңғы деректер бойынша, Квинсленд (Муни), Батыс Австралия (Барроу аралы) штаттарында мұнай, Квинсленд, Оңтүстік Австралия, Виктория, Батыс Австралия штаттарында табиғи газ табылған. 1967 жылыөндірілген 41,6 млрд. квт∙сағат электр энергиясының 81 процент ЖЭС, 19 процент СЭС үлесіне тиді. Темір рудасының барланған қоры 520 млн тонн, 1967 жылы 12,3 млн. тонн руда (құрамындағы металды есептегенде) өндірілді. Темір рудасы Айрон-Ноб (Оңтүстік Австралия), Кокату, Кулан, Ямпи-Саунд аралдарында, Батыс Австралиядағы Фримантл қаласы төңірегінде. Түсті металдардан – полиметал өндіру дамыған, ірі кен орындары, Брокен-Хилл, Маунт-Айза.  1967 ж. 381 мың тонна қорғасын, 405 мың тонна мырыш, 92 мың тонна  мыс рудалары өндірілді. Өндірілетін алтынның 90%-і Батыс Австралия штатынан шығады. Жылына 588 тонн күміс, 25,2 тонн алтын, 4,24 млн. тонн боксит өндіріледі. Американ капиталының күшімен атомдық шикізат іздеу кең өріс алып отыр (Квинсленд штатында).

Өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің таза құнының 42%-і металлургия мен машина жасау, 13,4%-і тамақ, 10,3%-і жеңіл, 9,1%-і химия, 7,3%-і полиграфия, 5,2%-і ағаш кесу мен мебель жасау өнеркәсібінің үлесіне тиеді. Мұнай айыру өнеркәсібі (Фримантл, Алтона, Корнел қалаларында) 1966 ж. 15,6 млн. тонн мұнай өнімдерін шығарды. Қара металлургияның негізгі орталықтары - Ньюкасл, Порт-Кембла, Уаялла, Куинана қалалары (1967 ж. 5 млн. тонн шойын, 6,3 млн. тонн болат қорытылды). Түсті металлургия салалары арасында қорғасын-мырыш өндірісінің дүние жүзінде маңызы бар. 1967 жылы 194 мың тонн қорғасын (Порт-Пири, қағаз және Котл-Крик қалалары), 198 мың тонн мырыш (Рисдон қаласы) балқытылды. Мыс (Маунт-Айза, Порт-Кембла), алюминий (Белл-Бей, Джилонг қалалары), ферро-марганец (Белл-Бей қаласы) зауыдтары жұмыс істейді.

Машина жасау, оның ішінде автомобиль шығару өнеркәсібі Сидней, Мельбурн, Джилонг, Аделаида қалаларында орналасқан. 1967 ж. 366 мың автомашина шығарылды (жалпы саны 2,7 млн.). Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау Мельбурн, Батерст, Хобарт қалаларында, транспорттық машина Гренвилл қаласында, кеме жасау Сидней, Ньюкасл қалаларында. Жылына 7 мыңдай әр түрлі станоктар (Сидней, Мельбурн қалаларында) шығарылады. Электротехникалық приборлар шығару Сидней, Аделаида, Мельбурн қалаларында дамыған. 60 жылдардың аяғында Австралия Одағында самолет жасау өнеркәсібі көзге түсе бастады. Мельбурн қаласында турбореактивтік двигательдер, самолет-снарядтар жасайтын және самолет құрастыратын зауыдтар бар. Тамақ өнеркәсібінің өнімдері негізінен шетке шығарылады, сондықтан ет комбинаттары мен консервілеу, ұн тарту, сыра қайнату орындары Квинсленд, Виктория, Жаңа Оңтүстік Уәльс және Батыс Австралия штаттарындағы портты ірі қалаларда орналасқан. Май шайқау, сыр қайнату зауыдтары сүтті мал шаруашылығы дамыған елдің шығыс және оңтүстік-шығыс бөліктеріне орналасқан. Оңтүстік Австралия, Батыс Австралия және Жаңа Оңтүстк Уәльс штаттарында шарап жасау орындары бар. Жеңіл өнеркәсіп (тоқыма, тігін, аяқ киім) Жаңа Оңтүстік Уэльс, Виктория, Оңтүстік Австралия штаттарында дамыған. Минерал тыңайтқыштар, күкірт қышқылы, аммиак, пластмасса, резина бұйымдары, синтетикалық каучук, жасанды талшық, қопарғыш заттар шығаратын химиялық өнеркәсібі Маунт-Морган, Лонсестон, Мельбурн, Сидней қалаларында.

Австралия Одағының жері ауыл шаруашылығына, оның ішінде мал шаруашылығына қолайлы. Ауыл шаруашылығына жарамды жердің 80 %-і ат төбеліндей ағылшын аристократтары мен жергілікті ірі жер иелері - скватерлер мен лендлортардың, яғни барлық жер иемденушілердің 10%-інің қолында. 1965-1966 жылдар барлық ауыл шаруашылық жерінің 92,2%-і жайылым болды, ал қалған 7,8%-іне ауыл шаруашылық дақылдары (бидай, жемшөп) егілді 1966-1967 ж. 12,7 млн. тоннбидай, 1,4 млн. тонн сұлы, 1,9 млн. тонн арпа жиналды. Орманы 239,9 млн. га(1965). 1966 ж. 16 млн. м3 ағаш дайындалды. Ауыл шаруашылығының дамыған негізгі саласы - мал (қой) шаруашылығы, ол бүкіл ауыл шаруашылығыөнімдерінің таза құнының 62%-ін береді. 1967 ж. 164,2 млн. қой, 18,2 млн. ірі қара, 1,8 млн. шошқа болды. Қой шаруашылығы Жаңа Оңтүстік Уэльс (жалпы санының 46%-і), Виктория (18%-і) штаттарында дамыған. Негізінен жун беретін меринос қойлар өсіріледі. 1966-1967 ж. 799,4 мың тонн жүн, 1719 мың тонн ет, 222 мың тонн сары май, 7260 млн. литр сут өндірілді. Жан басына келетін ет мөлшері жөнінен (1 адамға жылына 100 кг)Австралия Одағы капиталистік елдердің ішінде алдыңғы қатарда.

Темір жол транспорты елдің ішкі экономикалық байланысында басты роль атқарады. Оның жалпы ұзындығы 41461 км. Батыстан шығысқа қарай Перт-Порт-Огаста-Сидней трансконтиненттік магистралы тартылған. Теміржол елдің оңтустігі мен оңтүстік-шығысында өте жиі. Тас жолдардың жалпы ұзындығы 902,6 мың км (1966). Сауда флоты жақсы дамыған. Басты теңіз порттары: Ньюкасл, Фримантл, Порт-Кембла, Сидней, Мельбурн. Әуе транспортымен жылына 2-6 млн. жолаушы, 64 мың тонн жүк тасылады.

Шетелдерге шығарылатын бұйымдардың 70%-і ауыл шаруашылық өнімдері (жун, бидай, ет, мал терісі), қара және полиметалдар. Басқа елдерден өндіріс құрал-жабдықтары, автомашиналар, мұнай өнімдері, целлюлоза, қағаз өнеркәсібінің бұйымдары әкелінеді. Импорт және экспорт бұйымдарының негізгі бөлігі Ұлыбританияның үлесіне тиеді. Экспорттық қатынаста Жапония, Франция, импортта АҚШ үлкен орын алады. Ақшасы - австралиялық доллар.

Денсаулық сақтау ісі. Басқа континенттерден теңіз арқылы бөлініп жатқандықтан, ауыл шаруашылығында карантин қойылатын аурулар түрі кездеспейді. Трахома, алапес (проказа) сияқты емдеуге қиын аурулар байырғы халық резервацияларында кездеседі. 1968 ж. әрбір 1000 адамға 20 бала туды. 1967 ж. 1000 адамға шаққанда өлім саны 9,1, ал балалар өлімі 18,0 болды. Денсаулық сақтау ісімен үкімет жанындағы денсаулық сақтау департаменті, ал жергілікті жерлерде муниципалитеттік комиссиялар шұғылданады. 1964 ж. Австралия Одағында 2090 аурухана (98,9 мың төсегі бар), 15 060 дәрігер (740 адамға 1 дәрігер) болды.

Халық ағарту ісі. Австралия Одағында халық ағарту жүйесі 19 ғасырда, отарлау кезеңінде құрылды. Оны федеральдық оқу-ағарту және ғылым министрлігі басқарады. Бастауыш мектептер 6 жылдық, орта мектептер негізінен 5 жылдық. Көп мектептердің академиялық, техникалық, ауыл шаруашылық т. б. бағыты бар. 1967 мыңдай, орта мектептерде 849 мыңдай оқушы оқыды. Австралия Одағында 14 университет бар.

1966 ж. жоғары оқу орындарында 145 мың студент оқыды. Канберра, Сидней, Мельбурн қалаларында көпшілік кітапханалары бар. Ірі қалаларда (Уэльс, Сидней, Викторня) көркемсурет музейлері, Мельбурн қаласында ұлттық галерея жұмыс істейді. 1954 жылы Ғылым Академиясы құрылды. Барлық ғылыми жұмыстар Ұлыбритания Ғылыми Академиясымен тығыз байланысты жүргізіледі.

Ғылымы мен ғылыми мекемелері. Австралия Одағында жаратылыс тану және техникалықғылымдар 19 ғасырдың 2-жартысында дами бастады. 1847 жылы Жаңа Оңтүстік Уэльсте Линней қоғамы құрылды. 1880 жылы орыс саяхатшысы Н.Н.Миклухо-Маклай Сиднейде Австралиядағы тұңғыш ботаника станциясын ұйымдастырды. 1888 жылығылымды дамыту жөніндегі Австралия-Жаңазеландия қоғамы жұмыс істей бастады. 1926 жылы Ғылыми және техникалық зерттеу кеңесі құрылды. 1936 жылыҰлттық стандарт лабораториясы, Әуеде жүзу лабораториясы, Өнеркәсіптік химиялық бөлімі ұйымдастырылды. 1949 жылы бұл кеңестің орнына ғылыми және жәрдемші зерттеулердің мемлекеттік ұйымы құрылып, ғылыми жұмыстардың шеңбері кеңейді. 1967 жылы ол 32 бөлімшені, 4 лабораторияны қамтыды. Австралия Одағында ірі-ірі университеттер АҚШ, Англия т.б. елдермен байланыс жасайтын физика, астрономия, биология жөнінде зерттеулер жүргізетін бірнеше орталықтар бар. 1954 жылы Австралия Ғылыми Академия ұйымдасты. Бірақ ол ғылыми зерттеулер жүргізетін басшы ұйым емес. Ғылыми жұмыстарды ұйымдастырудың қазіргі күллі жүйесі Англияның, 60 жылдардан кейін АҚШ-тың тиісті ғылми күштерімен тығыз байланысты.

Баспасөз, радиохабар, телевизиясы. 1967 жылыАвстралия Одағында 80-нен астам газет,журнал шықты. Негізгі ірі газеттері: «Геральд», «Сидней морнинг геральд», «Дейли телеграф», «Канберра таймс», «Эйдж», «Трибюн» (Компартияның органы); журналдары:«Буллетин»,«Нейшен». Басты хабаршы агенттігі - Мельбурн геральд. 1967 жылы 196 радио және 79 телевизия станциялары жұмыс істеді. Радио мен телехабарлары негізінен ағылшын тілінде жүргізіледі.

Әдебиеті. Австралия Одағының әдебиеті оның тарихымен, дербес ұлт болып қалыптасуымен тығыз байланысты. Оның алғашқы нұсқалары 19 ғасырдың басында ағылшын тілінде қалыптасқан. Елдің есейіп, өсуіне байланысты Австралия Одағы әдебиеті өмір шындығын, ағылшын отарының ауыр тұрмысын суреттей бастайды (Ч. Харпур, А. Гордон, М. Кларк және Р. Болдревудтың шығармалары). Ұлттық сана-сезім оянып, жұмысшы қозғалысының өсуіне байланысты (19 ғасырдың аяғы) Австралия Одағының әдебиетінде ұлттық сипат айқындала түсті, демократиялық бағыт күшейді. Оны қалыптастыруда «Бюллетень» журналы (1880 жылдан шыға бастаған) және Т.Коллинз (1843-1912), X.Лоусон, Б.О.Дауд (1866-1953) туындылары зор роль атқарады. Австралия Одағы әдебиеті ертеден-ақ еңбек адамының бейнесін жасауға көп көңіл бөлді. Мұнда сыншыл реализм көбіне билеуші тап өкілдерін әшкерелеу арқылы емес, әлеуметтік әділетсіздікке қарсы күреске шыққан еңбек адамының жағымды бейнесін жасау арқылы көрінеді. К.С.Причард,В.Палмер (1885-1959) Австралия Одағы әдебиетінде реалистік әлеуметтік романды туғызды. Бұлардың ізін баса шыққан X.X.Ричардсон (1870-1946), М.Франклин (1879-1954), К.Херберт 1901 ж.т.) т.б. творчествосында халық өмірі, оның күрес-тартысы жан-жақты бейнеленеді. 2-дүние жүзілік соғыстан кейін Австралия Одағыәдебиетінде демократиялық озат ағым күшейе түсті. К. Причардтың социалистік реализм әдісімен жазылған үш томдық әпопеясы (орысша да басылған), В.Палмердің, Д.Кьюзектің, Д.Хьюэттің, А.Маршаллдың т.б. шығармалары күллі елге мәлім.

Архитектурасы мен бейнелеу өнері. Австралияға европалықтар келместен бұрын, аборигендер үңгірлер мен күркелерде паналаған. Құрлықты отарлау басталысымен, ағылшындардың калың қабырғалы, кішкене терезелі бір-екі қабат үйлерінен құралған елді мекендер пайда бола бастады. Солардың бірі - 1788 ж. салынған Порт-Джексон (қазіргі Сидней қаласының шет жағы). 1913-1927 ж. архитектор Гриффиннің жобасымен Канберра қаласы салынды. Казіргі көзге түсетін архитектуралық құрылыстар - Сидней қаласындағы Опера театр Мельбурндегі Олимпиялық стадион. Бейнелеу өнерінде Австралия суреттеген алғашқы шығармалар 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басынла жарық көрді (Мартенстің су Гояумен бейнеленген табиғат көріністері, Гиллдің графикасы, Бювелоттың лирикалық пейзаждары). Содан бері ағылшын суретшілерінің тікелей араласуымен Австралия Одағының бейнелеу өнері өзіндік жолмен дамып келеді. Жергілікті аранда тайпасынан шыққан суретшілердің (Наматжир, Парерультья әулеттері) творчествосы Австралия Одағы бейнелеу өнеріне игі әсер етті.

Музыка, театр, киносы. Аборигендер өздерінің ескілікті әндерін (ерлер мен әйелдер кезектесіп айтады), билерін (корробори) және музыкалық аспаптарын негізінен соғып ойнайтын және үрлеп ойнайтын диджериду аспабы) күні бүгінге дейін сақтап келеді. Ағылшындардың келуіне байланысты европалық музыка тарады. 1820 ж. Сиднейде аспаптық және вокальдық музыкадан алғашқы концерттер қойыла бастады. Көрнекті композиторлары: А.Хилл, Дж.Антилл, А. Бенджамин т.б. Алғашқы театрлар мен театр қоғамы Австралиялық Одағында 19 ғасырдың 30 жылдарынан белгілі. 1838 ж. Сиднейде «Ройял Виктория» опера театры ашылды. 1954 ж. ұлттық опера, балет және драма театры өнерін өркендету мақсатымен «Театр тресі» құрылды. Киноға түсіру 1900 жылдары басталды. Негізінен документті кинематография дамыған.

Австралия тілдері. Австралияның ежелгі тұрғындары мен кейіннен Европадан барған қоныстанушылардың тілдері. Байырғы австралия тілдері 600-ден астам, олардың 450-дейі жойылып кеткен. Ресми тіл - ағылшын тілі. Аборигендер толып жатқан тайпалар мен этникалық топтарға бөлінеді. Олардың ортақ тілі жоқ. Австралия тілдерінің ешқайсысында жазу болмаған. Ғалымдар Австралия тілдерін территориялық принцип бойынша таптастырып жүр. А. Кэпелл (1940) Австралия тілдерін 6 топқа бөлген. Олар бір-біріне және басқа семьяларға жататын тілдерге ұқсамайды. Австралия тілдерінің негізгілері: вороро, кокой-имидор, буандик, янор, карадьери, дьяру, куман, курнаш, длери, аранта, юнгар, лоритья т. б. Австралия тілдерінің дыбыстық құрамы да әр түрлі. Мыс., аранта тілінде 13 фонема бар. Австралия тілдері сөзге сан жағынан біршама бай болғанымен, абстракт ұғымдарға кедей. Кей тайпалар бестен артық сан білмейді, кейбіреулерінде ғана бірер ондық сан ұғымы бар. Австралия тілдеріндегі сөйлем құрылысы эргатив конструкциялы.

Әдеб.: Физическая география частей света, М., 1963; Физико-географический атлас мира, М., 1967; Вопросы геологии Австралии, М.,1965; Глазовская М.А., Почвенно-географический очерк Австралии, М., 1952; Свет Я.М., История открытия и исследования Австралии и Океании, М., 1966; Розин М.С., География полезных ископаемых капиталистических и развивающихся стран, М., 1966; Бобринский Н.А., Зенкевич Л. А., Бирштейн Я.А., География животных, М., 1946; Алехин В.В., Кудряшов Л.В., Говорухин В.С., География растений с основами ботаники, 2 изд., М., 1961; Атлас народов мира, М., 1964; Реформатский А. А. Введение в языковедение, 4 изд., М., 1967; Численность и расселение народов мира, под. ред. С.И.Брука, М., 1962.; Народы Австралии и Океании, М., 1956; Мухин Г.И., Австралия и Океания, 2 изд., М., 1967; Экономика стран мира, М., 1968; Мухин Г.И. Австралия и Океания. М., 1967.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-08-15 09:45:34     Қаралды-13809

ЭЛЕКТРОНДАР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Электрон» сөзі грек тілінен «янтарь» деп аударылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ЗАРЯДЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Электрондардың теріс заряды, ал атом ядросының оң заряды бар екенін сіз бұрыннан білесіз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Көптеген ғасырлар бойы адамдар электр қуатының бар екенін білмеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОМПАСТЫ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Навигацияның дамуымен кеме жасау ғылымы жетілдірілуде - кибернетика...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АҚШ-ТА РЕСМИ ТІЛ ҚАНДАЙ?

...

Біздің елде қазақ тілі ресми тіл болып заңды түрде танылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?

...

20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »