UF

Тақырыбы: Бастауыш мектептегі тәрбие процесі және оның сипаттамасы

 

 

Тәрбие үдерісінің ерекшеліктері

Жалпы педагогикалық үдерісте тәрбие жұмыстары да өз өрісін табады. Бұл үдеріс, әдетте, дербес сипатты құбылыс ретінде қарастырылады, себебі ол өз ерекшеліктеріне ие болуымен оқу үдерісіне де, даму үдерісіне де жанаса бермейді. Тәрбие барысын зерттеуші педагогика саласы тәрбие теориясы деп аталады. Егер оқу үдерісінің субъекттері мұғалім мен оқушы есептелетін болса, тәрбие үдерісінің қатысушылары тәрбиеші мен тәрбиеленуші.Бастауыш мектепте оқуды да, тәрбиені де жүргізетін бір тұлға - маман педагог.

Тәрбие мақсатты жүйеде тулға қалыптастыруга бағытталған үдеріс, яғни арнайы уйымдастырылған, тәрбие мақсатын іске асыруға бағышталған тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы басқарымды әрі бақылаулы өзара ықпалды іс-әрекет қатынастары.

Тәрбие бірнеше ерекшеліктерге ие. Оның ең басты ерекшелігі - мақсатты бағытталуы. Тәрбие ұйымдасуынан күтілетін жоғары тиімділік оның алдына тартылған мақсаттың балаға жақын әрі түсінікті болуынан. Мақсат бірлігі, өзара қызметтестік осы заманғы тәрбие үдерісінің негізгі сипатын құрайды.

Тәрбие үдерісі - көп жағдаятты, оның құрамында субъектив және шынайы себептер ықпал-әрекетке келеді. Ескеретін жәйт - тәрбиеші іс-әрекеті тек шынайы заңдылықтарымен анықталып қалмайды. Себебі тәрбие - өнер, ал өнер тәрбиеші тұлғасына, оның даралығына, тәрбиеленушілермен түзген қатынасына орай туындайды.

Тәрбие үдерісінің күрделілігі одан күткен нәтиженің нақты ұстамға келмейоқу үдерісіндегідей дер мезетінде көрінбеуінде.

Тәрбиелік пен тәрбиесіздік қалыптардың жүз беруі аралығында қажетті тұлға қажеттерінің ұзаққа созылған қалыптасу кезеңі жатыр. Себебі бала әртүрлі ықпалдарға кезігіп, оң да, теріс те тәжірибе жинақтайды. Ал тәрбие осы жинақталған тұлғалық тәжірибеден келеңсіз сапаларды шығарып тастап, олардың орнын ұнамды қасиеттермен толықтырып барады. Тәрбиенің және бір күрделілік себебі оның өте қозғалмалы (динамичность) болуында, осыдан тәрбие үдерісі жылдам ауысады, тез өзгеріске келеді.

Тәрбие үдерісінің айтарлықтай ерекшелігі - узақ мерзімділігінде, яғни адам тәрбиесі - өмір бойы тоқталмайтын іс. К.Гельвеций: "Мен әлі үйренудемін, менің тәрбием біткен емес. Ал ол қашан бітеді? Тәрбиеленуден қалған күні, яғни мен өлгеннен соң. Менің бүкіл өмірім, шынын айтсам, біртұтас ұзақ тәрбие". Адам санасында мектептегі тәрбиенің қалдыратын ізі аса бедерлі, себебі адамның жас шағындағы жүйке жүйесі өте икемшіл әрі қабылдағыш келеді. Дегенмен, мектептегі жақсы ұйымдастырылған тәрбие үдерісінің өзінен де жылдам табыс күту жаңсақтық: тәрбие өз нәтижесінің тікелей ықпал сәтінен біршама уақытқа созылуымен сипатталады.

Тәрбие үдерісінің және бір ерекше сипаты - оның үздіксіздігінде. Мектеп тәрбиесі -тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы бірі екіншісімен ұштасып, жүйеге келтірілген өзара ықпалды қатынас әрекеттері. Егер тәрбие үдерісі үзіліске түссе, науқандыққа негізделсе, тұрақталып келе жатқан әдеттерді бекіту орнына, бала санасында қайта-қайта жаңа "жолдар" қалыптастыруға мәжбүр боламыз.

Тәрбие үдерісі - кешенді, яғни бұл сипат тәрбиенің мақсат, міндет, мазмұн, форма мен әдістердің ажыралмас бірлігін аңдатады, оның тұлға қалыптасуының біртұтастығы идеясына бағыныштылығын білдіреді. Тұлға сапа-қасиеттері өзара бөлектенбей, бірлікте, бірігімді, бір уақытта кемелденіп жата-ды, осыдан оған бағытталған педагогикалық ықпалдар да ке-шенді сипатта болуы қажет. Айырым жағдайларда тәрбиеші талап деңгейіне сәйкес болмай жатқан тұлға қасиетіне көбірек назар салғаны жөн. Мысалы, бастауыш сынып оқушысында зейінділік,   шыдамдылық,   байқағыштық  ж.т.с.с.   қасиеттерді қалыптастыруға көбірек көңіл бөлінеді. Тәрбиенің кешенділік сипаты бірқанша маңызды педагогикалық талаптар орындау-ды, тәрбиеші мен тәрбиеленушілер арасындағы ықпалдасты әрекеттерді мұқият таңдап, ұйымдастыруды қажет етеді.

Нәтиже баламалылығы мен екіүштылығы да осы тәрбие үдерісін ерекшелейтін сипат. Бір жағдайда теңдей тәсілдерді қолданғанның өзінде қолға кірер нәтиже әрқилы болуы мүмкін. Мұның себебі - тәрбиеленушінің даралығы, әлеуметтік тәжірибесі мен тәрбиеге болған қатынасы. Тәрбиелеушілердің кәсіби дайындық деңгейі, олардың педагогикалық шеберлігі, тәрбиеленушілермен қатынас жасай білу ептілігі де - тәрбие барысы мен нәтижеге күшті әсерін тигізеді.

Тәрбие - екі тарапты үдеріс. Мұның тосындылығы үдерістің екі бағытта бірдей - тәрбиешіден тәрбиеленушіге (тура байланыс), тәрбиеленушіден тәрбиешіге (кері байла-ныс) қарай жүруінде. Үдерісті басқару, негізінен, кері байланыс арқылы орындалады, яғни тәрбиеленушілерден келіп түскен ақпараттар негізінде оқу, тәрбие нәтижесі анықталып барады. Кері байланыс ақпараттары неғұрлым көп болса, тәрбиешінің тәрбиелік ықпалы соғұрлым күшті болады.

Тәрбие үдерісі қарама-қарсылықты керек етеді. Осыдан тәрбие диалектикасы (дамуы) ішкі және сыртқы қайшылықтармен анықталады. Осы қайшылықтар тәрбие үдерісінің үздіксіз ағымын қамтамасыз етеді. Тұлға қалыптасуының барша сатысында көрінетін ішкі қайшылықтар жаңа қасиеттер мен оларды іске асыру мүмкіндіктері арасындағы айырмашылықтардан туындайды. "Білемін" және "білмеймін", "бар" және "жоқ" араларындағы сәйкессіздік баланы белсенді іс-әрекет орындауға, тәжірибе өрістетуге, жаңа білімдер мен қылық-әрекет формаларын игеруге, қалыпты талаптар мен ережелерді тануға ынталандырады. Тәрбие қызметі - тұлға қалыптасуын дұрыс бағытқа түсіру, ал бұл тәрбиеленушілерге қозғау салатын күштерді, олардың қажеттерін, сеп-түрткілерін, өмірлікжоспарлары мен құндылықты бағыт-бағдарларын терең білуге тәуелді.

Тәрбие үдерісінің бағыты мен нәтижесіне сыртқы қарама-қарсылықтар да күшті ықпал жасайды. Мысалы, мектеп пен отбасы, педагог пен ата-аналар арасындағы келіспеушіліктер осы сыртқы қайшылықтардың нақты дәлелі. Тәрбие барысында кезігетін көптеген қиыншылықтар астарында халықтың "молданың айтқанын істе, істегенін істеме" дегеніндей, адам аузынан шыққан лебіз бен оныңжасаған қылығыныңжарасым-ды болмауы жатыр.

Тұлғаның әлеуметтенуінің, тәрбиеленуінің, дамуының жалпы жүйесіндегі оның ерекшеліктері мен міндеттері, қызметтері.

Тәрбиеші міндеті тәрбиелік ықпалдардың баршасын өз мойнына артып, үдеріс басшылығын жеке өз қолына топтастыру емес. Керісінше, педагог іс-әрекеті неғұрлым демократизм мен шығармашылық еркіндікке негізделсе, оның ұйымдастыру және бағыттау күш-қуаты да әсерлі келеді. Үдеріске байланыс-ты шарттар мен жағдайлар ескерілсе, өз әрекеттерінің сал-дарын мұқият талдап, одан дұрыс қорытынды шығара алса, тәрбиеші қызметі әрқашан табысқа кенеледі.

Оқу-тәрбие аймағындағы қайта құрулар, демократияластыру мен гуманизациялау идеялары мектеп өмірінен шынайы орын тауып, қарапайым адамилық сезімдердің - балаға қамқорлық, сүйіспеншілік пен мейірімділік - үстем болған күнінде ғана іске асуы мүмкін. Сондықтан бүгінгі таңдағы тәрбиеші алдында тұрған аса маңызды міндет-тәрбиеленушіні педагогикалық ықпалдарды шын көңілімен қабылдауға ойыстыру. Педагогикалық бағыттау өте әдіпті, жайбарақат, елеу-сіз, мүмкіндігінше баладан жәсырын жүргізілгені жөн. Бала тәрбиесіне төнген тоқпақ болмай, оған достық ниет, лебіз біл-діре тәрбиелеу қажет.

Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болуы-жас ұрпақтар тәрбие мәселелерін жаңаша ойлап жаңаша құруды талап етеді. Яки тәрбиенің мазмұнын, мақсаты мен міндеттерін қайта қарастырып, түбегейлі жаңашалау қажеттігі туып отыр.

Тәрбие мазмұны бойынша халықтың ғасырлар бойы жинақталған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтарға беру, оның жас ұрпақтарға, қоғамға қажеттігін ескеру болып отыр.

Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.

Тәрбие жұмысын ұйымдастырған уақытта отбасы тәрбиесінен бастап әрбір баланы жеке тұлға ретінде танып, оның өзіне тән қасиетіне, санасын, қабілетін ескере отырып, тәрбие жұмысында мына төмендегі міндеттерді жүзеге асыруға тиістіміз.

Қазақ халқының төл мәдениеті, салт-дәстүрлері мен әдетғұрпы арқылы жас жеткіншектің ұлттық сана-сезімін, имандылық қадір-қасиетін тәрбиелеу.

Ұлтымыздың ой-парасатын нығайту мақсатымен дарынды балаларды анықтау, олардың қабілетін дамытуға жан-жақты жағдай жасау.

Ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты эстетикалық тәрбие беру, сұлулыққа, тазалыққа үйрету. Адамзат қоғамында бұрын-сонды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге, жалпы әлемдік рухани құнды игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу.

Жас ұрпақтарға мемлекеттік белгілердің мәнін терең білуге, оны қүрметтеп сыйлай білуге, "бостандық", "теңдік", "демократия" деген сөздердің мағынасын жеке түсініп, оны өмір жүзіне асыруға ат салысуға тәрбиелеу.

Қоғамдық тәртіпті, заң ережелерді бұзушыларға төзбестік білдіру, еңбек дағдысын баланың бойына жастайынан сіңіру, қазақ жастарынан техника тетігін еркін меңгерген жұмысшы мамандарын тәрбиелеуге баса көңіл бөлу.

Ұлттық ойын, дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін жолға қою.

Елін қорғай алатын, елжанды, ұлттық намысы мол, жігерлі азаматтарды тәрбиелеу.

Жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп, өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.

Жастардың бойына ұлтаралық қатынастың жақсы негіздерін бойына сіңіру, озара сыйластық-достық негізде өмір сүруге тәрбиелеу.

Жоғарыда көрсетілгендей тәрбиенің мақсаты мен міндетгерін көрсетумен қатар, оның мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, ұйымдастыру ірге тасын қалайтын мынадай негізгі қағидалар ұсынылады.

Тәрбиенің мазмұны оны жүзеге асыратын әдіс-тәсілдердің негізі-адамгершілікке, имандылыққа арқа сүйеуі қажет. Үздіксіз тәрбиенің негізгі ұлттық тәлім-тәрбие. Жас ұрпақтың тәрбиесін іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы жүзеге асыру қажет.

Тәрбие жүйесінің барлық салалары, сатылар бір-бірімен сабақтас, үздіксіз жүзеге асырылуын талап ету, қамтамасыз ету.

Осы аталған тәрбие мазмұнын, мақсатын, міндеттерін терең түсіне отырып, негізгі қағидаларды басшылыққа ала отырып, тәрбие жұмысын ұйымдастыру тәрбиешілерді көздеген мақсатына жеткізеді.

 

Тәрбие жүйелері және олардың дамуы.

 

Тәрбие үдерісінің құрылымы

 

Тәрбие үдерісі қапай жасалатыны, оның ішкі құрылымы қандай екенін білу оңай емес. Себебі бұл үдерістің ете күрделілігінен оның құрылымдық өлшем-шектеріде сан-алу-ан. Тәрбие құрылымын ажыратып тануда біз осы үдерістің  мақсаттары мен міндеттерін, тәрбие үдерісінің мазмұнын, оның өту жағдайларын, тәрбиеші мен гәрбиеленуші ара-қатынастарын, тәрбиелік істе қолданылған әдістер мен фор-маларды, үдерістің уақыт шектеріндегі даму кезеңдерін арқау етіп жүрміз. Аталған құрылымдық негіздердің кейбірінің сипат-тамасын берейік.

Тәрбие үдерісінің құрылымы өз мақсаттары тұрғысынан шешілуі тиіс міндеттер бірізділігімен белгіленеді. Осы таңдағы бастауыш мектеп тәрбиесінің бағыттары төмендегідей:

- жан-жақты, үйлесімді дамыған адам қалыптастыру;

-   жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаның адамилық сапаларын тәрбиелеу;

-  оқушыларды ғылыми, мәдени, көркем өнерлік құнды-лықтарға араластыру;

-   қоғамда болып жатқан демократиялық жаңалану мен тұлға құқықтары және міндеттеріне сәйкес өмірлік көзқарас, бағыт тәрбиелеу;

- оқушы мүмкіндіктері мен ниеттерін, қогам талаптарын бір-лікті ескерумен оның бейімділігін, қабілеттерін және қызығу-ұмтылыстарын дамыту;

-  жеке тұлғалық және әлеуметтік мәнді, көп түрлі қызмет, іс-әрекеттерді ұйымдастыру;

-   тұлғаның әлеуметтік аса маңызды қызметі - қарым-қатынасын дамыту.

Өз даму барысында тәрбие үдерісі белгілі сатылардан өтеді. Тәрбие үдерісінің бірінші сәтысы - оқушылардың өзінен талап етілген қалыптар мен әрекет-қылық ережелерін түсініп, угуы. Бұл талап орындалмай, көзделген тұлғалық әрекет-қылық қалыптасуы мүмкін емес.

Гуманистік педагогика тұжырымы: балапарға нені, не үшін және не себепті осылай істеу керектігін жалықпай, шыдам-мен түсіндіру қажет. Әрекет-қылық қалытарын игерудің негізгі жолы осы.

Білімнің нанымга айналу қажеттігі - басқаша емес, нақты осы әрекет-қылық типінің қажетгігін түсінуден. На-ным - өмірлік басшылыққа алынатын белмлі принциптер мен дүниетанымға негізделген тұғырлы көзқарастар шоғыры. Наным болмаған жерде тәрбие үдерісі қауқарсыз, дамуы баяу-лап, ұнамды нәтижеге жете бермейді. Тәжірибе көрсеткендей, бала кіші жастыңөзінде көп нәрсені біледі, мысалы, мұғаліммен сәлемдесу керек, бірақ кей балалар мұны істемейді. Себеп: білік бала жанының азығы - наным деңгейінде меншіктел-меген. Тәрбие алғашқы "білім" кезеңінде тоқырап, "наным" кезеңіне жетпей қалған.

Сезімталдық тәрбиесі - тәрбие үдерісінің түпкілікті де аса маңызды және бір элементі. "Сезімсіз адам - кесек, ма-хаббатсыз адам - есек" - деп ұлы ғұлама А. Науаи айтқандай, адами көңіл шарпулары, яғни эмоция жұтаң ортада, ақиқат ізденісі жоқ, тіпті болмайды да. Ал балалық шақтағы көңіл сезімі - әрқандай әрекет-қылықтың қозғаушы күші. Сезімді әрлендіре, әрі оны арқау етумен тәрбиешілер көзделген талап-тар мен ережелердің дұрыс та тез қабылдануын қамтамасыз ете алады.

Алайда, тәрбие үдерісінің басты кезеңі іс-әрекет қаншама ғанибет сұхбат, кеңес, түсіндірулер мен уағыздар болғанымен, олардан түсер нәтиже жоқтың қасы. Егер бала өз еркіндігін дербес жәрия ету мүмкіндігінен ажыралса, егер ол қателесіп, сұріне "маңдайын жарға ұрмаса", егер ол іс-әрекетке тікелей араласып тәжірибе топтамасы, әрекет-қылықтың көзделген нұсқау-талаптарын ұқпайды. Осыдан да балаларға барын-ша мол ақылға сай еркіндік беріп, олардың қылық-әрекетін іспен байланыстыра, білдірмей әрі әдептілікпен түзетіп, рет-теп бару қажет. Тұрмыста, мектеп тәжірибесінде бұл тәрбие кезеңі таза күйінде дербес өтпейді, ол әрдайым көзқарас, на-ным, сезімдерді қалыптастыру істерімен бірге орындалып ба-рады. Тәрбие үдерісі құрылымында педагогикалық мақсатқә сай, жоғары деңгейде ұйымдастырылған бала іс-әрекетіне, тәжірибелік жұмыстарына неғұрлым көп мән берілсе, тәрбие тиімділігі соғұрлым арта түседі.

Сонымен, тәрбие үдерісі барша кезендерді өтуі тиіс, сон-да ғана ол тиімді. Ал нәтижелілікке сүйеніш болар кезеңдер - білім, наным, сенім - тұрмыстық іс-әрекетпен ажыралмас байланысты болуы заңдылық.

Білім беру  технологиялары және оны  оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жолдары.

Білім беру технологиялары  жөнінде  мынандай түсініктер бар

Білім беру технологиясы – бұл-

1.       Оқытудың жоспарланған  нәтижесіне жету үрдісін суреттеу / И.П. Волоков/

2.       Оқу үрдісін жүзеге асырудын мазмұнды техникасы /В.П. Беспалько/

3.       Өнер, шеберлік, біліктілік, жағдайды өзгерту, қайта өңдеу әдістерінің  жиынтығы. / В.М. Шепель/ және т.б.

Педагогикалық  технология – ғылымда  оқытудың тиімді жолдарын зерттеуші және  оқытуда пайдаланатын әдістердің, принциптердің жүйесі, сондай-ақ оқытудың  нақты үрдісі ретінде қызмет атқарады.

Педагогикалық технологияның құрылымы:

1.     Тұжырымдамалық негізі.

2.     Оқытудың мазмұнды бөлімі.

3.     Оқытудың  жалпы және нақты мақсаты.

4.     Оқытудың  материялдық мазмұны.

5.     Білім беру  үрдісін ұйымдастыру.

6.     Мектеп оқушыларының  оқу қызметінің әдістері мен тәсілдері.

7.     Мұғалімдердің  жұмыс жүргізу әдістері мен формалары.

8.     Білім беру және оны меңгерту үрдісіндегі мұғалімнің басқарушылық  қызметі.

9.     Білім беру  үрдісін диагностикалау.

      Білім беру технологиясында  негізгі объект және субъект баланың жеке  басы.

Жеке бас қасиетінің құрылымдық деңгейлері төмендегіше:

1.     Темпераменттік деңгей.

2.     Психологиялық ерекшелік  деңгейі.

3.     Жеке басының бағыттылық  беңгейі.

Білім беру  технологияларын енгізу жолдары:

1.     Оқушылардың білім, білік, дағдысын, қалыптастыру.

2.     Ақыл-ойын дамыту.

3.     Жеке бастың эстетикалық- өнегелілік ортасын қалыптастыру.

4.     Жеке бастың  өзіндік басқару механизмін қалыптастыру.

5.     Жеке бастың практикалық - әрекет ортасын қалыптастыру.

 

Тақырыбы: Балаларды тәрбиелеудегі мектеп пен жанұяның бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемесі.

 

1.     Мектеп пен жанұяның өз-ара әрекеті.

В.А Сухамлинский оқушылардың ата-аналармен жұмыс істеудің маңызына ерекше назар аударып: “Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақыт беруі мүмкін”, - дейді. Олай болса, отбасы мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтан педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің тым кеңдігіне қарамастан, ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше.

Қазіргі мектепте жағдай көптен өзгеруде : оқу және тәрбие процесінің құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көз қарастары, олардың өзара қарым – қатынасы , сабақтың ұйымдастыру формалары мен өткізу техналогиясы, көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзқарас, сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысы. Мектепті басқару ісі біртіндеп демократиялық бағытты ұстануда. Яғни, педагогикалық әрекеттегі үшбұрыш – мұғалім –оқушы – ата- наға қатысты жағдай да жаңа демократиялық қарым-қатынасқа ие болуда. Олай болса, осы қарым-қатынасты реттеп отыратын әкімшілік –командалық жүйеде ендігі жерде келмеске кетті.

Бүгінгі мектептің ата-аналармен жұмысның кейбір дәстүрлі  түрлері өзінің маңызын жоюда: ата-аналар лекториясы мен университеттері, ата-аналардың ашық күні, ата-аналардың жұмыс орнымен байланыс, баланың отбасына бару т.с.с.

Дегенмен де тәжірибелі мұғалімдердің көзқарастарында, ол олай болуы тиіс емес еді.  Соған орай түйіні шешілмеген мәселелерді шешуде мұғалімдер мен оқушылар, ата-аналар мен оқушылар өзара байланыссыз жалқы қалып отыр.  Әсіресе мұндай жағдай мұғалімдердің ата-аналармен ынтымақтастық  қарым қатынасына кері әсерін тигізуде. Бүгінде бала тәрбиесіне олардың бір-біріне айтар ақыл-кеңесі ауадай қажет болып отыр.

Сондықтан да ата –аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеппен қарым-қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйткені , олардың өз балаларынтәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектп ұжымдарының оқу тәрбие жұмыстарының нәтижесіне байланысты. Бұл жағдай оқу – тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулерін қажет етеді.

Мектептің ата-анамен жүргізетін жұмысының осы екі жақтың байланысы мен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып – жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады. Мектептің баланы тәбиелеуге қатысты саясатын отбасының түсінуі, соның жұмысна байланысты. Мұндай жағдай да отбасыны негізгі тапсырыс беруші және баланы тәрбиелеуде метеппен одақтас ретінде қарастырған жөн. Сондықтан сынып жетекшісінің оы бағыттағы жұмысының негізіне мектеп пен ата-аналар  және балалардың өз-ара қарым-қатынасы мен әрекетінде бірлікте, ынтымақтастыққа қол жеткізу, ол үшін баланың дамуына жағымды көңіл-күй, мен жағдай жасау. Оны нітижелі шешу мүмкіндігі, егерде тәрбие жұиысының негізінде сол ынтыақтастық әрекет оын алған жағдайда ғана болады. Ол өзар сенім мен құрмет, өзара көмек пен қолдау, бір-біріне шыдамдылық көрсету ынтымақтастықтың негізіне айналуы тиіс.

Дегенмен, мектеп оқушыларымен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек етуді қажет етеді. Әсірее сынып жетекшісіне жүктелер жауапкершілік мол. Оны оқушылардың ата-аналармен тығыз болған жағдайда ған талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады. Сол үшінде ата-аналар өз тарапынан мектепке көмектесуге міндетті.

Сынып жетекшісінің ата-аналармен қоян-қолтық істеуі мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін процесс. Ол, үшін отбасыны және оның отбасы тәрбиесіндегі ерекшеліктері мен жағдайын жан- жақты әрі жүйелі зерттеуді қажет етеді.

Олай болса сынып жетекшісіеің ата-аналармен жұмыс істеу қажеттілігі неде?

-  баланың өмірін ұйымдастыруда, оның тәрбиесіне қатысты мәселелерді шеуде ортақ көз- қарастың болуы;

- баланың отбасы мен мектеп жағдайындағы дамуын және әлеуметтенуін тиімді ұйымдастыру мақсатында тәрбиенің бірыңғай ұстанымдарын қоюда;

- баланың әлеметтік-педагогикалық және психологиялық даму жағдайын ескере отыра, тәрбиенің мақсаты және міндеттерін дұрыс анықтау, оларды жүзеге асыру үшін;

-  баланың жан-жақты үйлесімді  дамуы үшін тәрбиелік ықпалды тиімді және нәтижелі ұйымдастыруда;

- балаға мектеп пен мектептен тыс тәрбие мекемелерінің, ата-аналармен жұртшылықтың педагогикалық қолдауын ұйымдастыруда;

-   баланы түрлі ортада, әртүрлі жағдайда жан-жақты жақсы танып білуі үшін,;

- балаға ықпал етудің жалпы тәсілі мен техникасын ойластыруда, әртүрлі өмір жағдайында оның тұлғасына әсер етуде күш-жігерді бріктіру үшін;

-  сынып жетекшісі, оқушылармен ата-аналардың жағымды көңіл- күйін, өзара жағымды түсіністік пен ынтымақтастық қарым-қатынасын орнықтыруда т.с.с.

Осыдан барып мектеп пен жанұя жағымды факторларға негізделген өзара қызметінің маңыздылығы түсінікті.

2.Сынып жетекшісінің ата-аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттері.

1.Ата-аналармен тұрақты байланыс орнату.  Ондағы мақсат: отбасыны, ондағы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы мәдениет деңгейін, жанұяның жеке басқа ықралын, ата-ананың педагогикалық білім дәрежесінің  жай- күйін анықтап, кеңес беріп, оларды бала тәрбиесіне ортақтастыруды көздейді.

2.Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету.

Ондағы мақсат: өмір сүріп отырған қоғамға сай белгілі-бір мінез – құлық нормаларын үйрету, жаттықтырудың жүйелілігін, тұрақтылығын қамтамасыз ету. Сол сыныптағы дәріс беретін мұғалімдерді ата-аналармен ортақ іске ұйымдастыру.

3.Ата-аналар қжымын құру. Бұл күрделі, әрә жаупкершілігі  мол  маңызды міндет. Бұл бағытта ата-аналар комитетін құру, оның жұмыс жоспарын жасау, оларды мектептегі қоғамдық жұмысқа қатыстыру, атқарылатын істерге талдау жасап отыру т.б. жұмыстарды міндеттейді.

4.Ата –аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру.  Ол үшін ата-аналардың жаппай педагогикалық білім алуларын ұйымдастыру. Бұл бағытта баспа сөз беттерінде, радио, көгілдір экран арқылы, педагогикалық білімдер жетілдіру университеттерінде, лекторияларда, семинарларда, ғылыми-практикалық конференцияларда, ата-аналар жиналыстарында педагогиалық білімдерді насихаттау.

Ата-аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшінің қызметі

Сынып жетекшісі жоғарыда аталған міндеттеріне сай 5 қызметті атқаруы тиіс.

1.Ата-аналарды сыныптағы оқу-тәрбие процесімен және әдістемесімен таныстыру. Сынып жетекшісі ата-аналар жиналысының бірінші отырысында осы мәселеге байланысты өзінің ұстанымы мен педагогикалық көзқарасын баяндайды. Оның мақсаты және міндеттерімен, соған сай өзінің әрекет ету  бағдарламасы және тәсәлімен, тәрбие жоспарымен таныстырды. Ата-анамен бірлесіп оны жүзеге асыру жолдарын қарастырды. Осындай отырысқа сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерін және мектеп әкімшілігін шақыру мүмкіншілігі қарастырылады. Мұғалімдер өздері жүргізетін пәндердің ерекшеліктері , мазмұны мен әдістемесі және оқушылардың  үй тапсырмасын орындау жұмыстарына қатысты мәселермен ата-аналарды таныстырады.

2. Ата-аналармен педагогикалық психологилық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру.  Сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың педагогикалық және психологиялық білімдер жүйесін меңгеруіне, балаларды әлеуметтік ортадағы мінез-құлқын жақсы білуіне сай, оларға ағартушылық қызмет атқарады. Қазіргі мектеп жағдайында ата-анлардың жалпы білім деңгейі сөзсіз артуда. Бұл олардың педагогикалық көзқарастарында  қателіктердің болмауына сенімдерін орнықтырады. Дегенмен де педагогикалық- психологиялық зерттеулер нәтжесі ата-аналардың педагогикалық –психологиялық мәдени деңгейлерінің төмендігіне  үнемі назар аударады. Сол үшін, бүгінгі таңда қоғамның және ата-аналардың  оған деген сұранысы күнннен-күнге артуда.

Осы орайда , әрбір сынып жетекшісінің алдында тұрған міндет ата-аналар және мектеп жағдайына тура келетін жұмыс істеу формаларын таңдау. Сондықтан,   мұнда мектеп тәжірибесінде ат-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарына қатысты өзін-өзі ақтаған кейбір дәстүрлі формаларды атаймыз.

3. Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру. Мұнда тәрбиелеу ортасын кеңейту, оқу тұлғасының дамуына ықпал ету өрісін арттыру, сабақтан тыс тәрбие әрекетін ұйымдастыру, осы әректтер барысында мұғалімдер, ат-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасын жақсартуды көздейді.

Мекте тәжірибесінде ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстырудың формаларын қолданылады :

      -   сабақтан тыс әртүрлі шараларға қатыстыру (мәдени жорық, саяхат, кеш, спорттық жарыстар, т.с.с.) ;

      -      жалпы мектеп көлемінде өтілетін дәстүрлі шараларға қатыстыру (мектеп бітірушілермен кездесу, соңғы қоңырау, жаңа жыл шыршасы, халықарлық әйелдер мейрамы, наурыз, оқушылардың жазғы демалысын өткізу, т.с.с.);

       -    балалардың сабақтарына, олимпиада, кештерге , апталықтарға, ата-аналардың ашық есік күніне т.б.

       -     мектептің кәсіптік бағдар жұмыстарына қатысу ( еңбек адамдарымен кездесу, өндіріске саяхат, кәсіби бағдар бөлмесін жабдықтау жұмыстары ) ;

       -    өздерінң мамандықтарына сай факультатив және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру;

       -    балалардың аула клубтарын құруға;

       -    мектептің және сынып кеңестерінің жұмыстарына;

       -    мектептің және сыныптың жөндеу жұмыстарына, ауланы көгалдандыруға қатысу, кітапхана қорын молайтуға, көрмелер ұйымдастыруғ;

       -    мектептің неиесе сыныптың әртүрлі шараларын ұйымдастыру және оларды өткізуге өндіріс және фирмалар арқыл материалдық көмек көрсету т.б.

4.Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-сихологиялық кеңес беру.

Бұл бағытта кейбір отбасында бала тәрбиесіне қатысты туындап отырған мәселеге қатысты көмек көрсету, ақыл-кеңес беру.

5.Ата-аналар белсенділермен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпенөзара әрекеттесуі. Сынып жетекшісінің бұл бағыттағы жұмыстары ата-аналардың комитетін құрып, оның мүшелеріне белгілі бір бағытта тапсырмалар беру, олардың жұмыстарын ұйымдастыруға кеңкс беру, қолғабыс көрсетуден басталады.

Кейбір ата-ана    өз балаларының сыныпта атқарып жүрген қоғамдық жұмыстарына барынша қолдау көрсетеді. Мысалы, баласы спорттық шараға, мәдени жорыққа жауапкер болса, оның ата-анасы да өз мүмкіндігінше баласына қолдау көрсетіп, оған қажетті материалдарды табуға көмектесіп отырады. Мұндай ата-аналарды сынып өміріне араластырып отыру да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысына жатып жатады.

Сонымен бірге сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың жалпы мектеп көлеміндегі және аумағындағы қоғамдық ұйымдармен де мектепке қатысты  жалпы мәселерлерді ортақтаса шешуде бірлесе жұмыс жүргізеді (ата-аналар комитеті ,кеңесі, құқық қорғау мекемелері т.б.)

3. Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмысының формалары мен әдістері

Ата-аналармен  өз балаларының жан-дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта  тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Сол үшін де мектептің, сынып жетекісінің  ата-аналармен педагогикалық жұмыс жүргізуі , оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттелінеді.

Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде “ата-аналарды тәрбиелеу” деген Ұғым пайда болуда. Ондағы көзделген мақсат ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық кеңес, оқуды ұйымдастыру, соған сәйкес олардың педагогикалық білімдерін жетілдіріп отыруды көздейді. Ғалымдардың айтуынша ,әр елде , сонымен қатар отандық педагогикада жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сай ата-аналар балаларын тәрбиелеу барысында айтулы қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтан да олар мұғалімдердің ақыл-кеңестерін, практикалық көмектерін аса қажет етеді. Олардың ұйымдастыруындағы ақыл-кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата-аналарға ған қажет емес, сонымен бірге отбасы тәрбиелі ата-аналарға да керек. Себебі, қоғамның қарқынды дамуы осы бағытта жаңа талаптар қоюда. Сондықтан, ата-аналарға бала тәрбиесінде , біріншіден, педагогикалық білімдерді жинауға, екіншіден, олардың өздерінің тәрбиелі және дамуын міндеттейді. Егерде мектеп пен ата-аналардың тәрбиешілік өз әрекетін бірлікте ұйымдастырса, бұл шешімін табатын міндеттер. Ол мектеп тәжірибесінде мұғалімдердің ата-аналармен кездесуін , ата-аналар белсенділерімен жұмыс істеу, ата-аналар үшін әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру, мәслихат өткізу секілді жұмыстар барысында атқарылады.

Ата-аналармен жеке кездесу                          

Сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің ата-аналармен жеке кездесуі мектеп өміріне дәстүрге айналған. Оқушылардың отбасына бару, ата-аналарды шақыру арқылы сынып жетекшілері олармен кездеседі. Ата –аналармен әңгімелесудің барысында баланың мінез-құлқы, ынтасы мен қабілеті, қызығушылығы мен бейімділігі, отбасы мүшелерімен ,жолдастарымен қарым-қатынасы жайлы түсінік алады.  Сонымен бірге, сынып жетекшілері ата-аналарды балаларының үлгерімі ,қоғамдық жұмыстарға белсенділігі кейбір қылықтары жайлы мәліметтермен таныстырады. Оқушылардың күн режимі, оларды еңбекке баулу, үйге берілген тапсырмаларды орындау жайлы ата-аналарға педагогикалық еңес береді.

Ата-аналарды мектепке шақырып сөйлесудің де маңызы зор. Ата-аналармен сөйлесу мазмұны әртүрлі тақырыптарға байланысты. Мәселен, бала жақсы оқыды ,тәртібі де жамна емес, бірақ қоғамдық пайдалы жұмысқа қатысуға ынтасы жоқ. Бұл жөнінде ата-аналарды күн бұрын ескерту, оларға дұрыс кеңес беру өте қажет. Ғылымның кейбір салаларында баланың дарындылығын дамыту мәселесі жайлы, ал кейде ата-аналарды баланың өрескел қылықтары үшін де шақыруға тура келеді.

Міне, осы жағдайларға ата-аналармен кездесіп, оларға педагогикалық кеңес беру сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің, мектеп басшыларының борышы, нақты көмегі. Мектепте кездесу үшін ата-аналар күні белгіленеді. Осы күні олар мектепке келіп, тәрбие оқу мәселелері жайлы пікір алысады, қажетті педагогикалық кеңестер алады.

Ата-аналар жиналысы

Ата-аналар жиналысы мектеп бойынша жылына екі рет, сыныптар бойынша төрт рет өткізіледі. Жиналысты дұрыс ұйымдастырып өткізуге ата-аналар комитеті мен ата-аналар белсенділері және мектеп басшылары сынып жетекшілері бірдей жауап береді. Ата –аналар жиналыстарында оқу-тәрбие жұмысы  қаралады , оның сапсын жақсартудың негізгі жолдары белгіленеді. Кейбір ата-аналар отбасылық тәрбие жайлы есеп береді. Жиналыстарда сынып жетекшілері ата-аналарды сынып ұжымының оқу-тәрбие жоспарымен , ал мектеп басшылары  оқушылар және ата-аналар комитетінің іс-жоспарларымен таныстырады.

Мектеп өмірінде тақырыптық ата-аналар жиналыстарын өткізіп отырудың зор тәрбиелік мәні бар. Мұндай жиналыстардың мақсаты- ата-аналарды психологиялық-педагогикалық білім мен тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, ой қорыту.

Селолық жерлерде ата-аналардың жұмыс жағдайын, жер шалғайлығын ескеріп, жиналысты сол жерге барып өткізседе болады. Ол үшін, мектеп ұжымы алыстағы мал шаруашылығы отарында қызмет істейтін оқушылардың ата-аналарымен өткізілетін жиналыстарды жыл басында жоспарға енгізеді. Жоспар бойынша сынып жетекшілер, мұғалімдер оқу-тәрбие мәселелері жайлы, педагогикалық тақырыптарға, халықаралық жағдай туралы дәрәстер оқиды, әңгімелер өткізеді. Мұндай жиналыстар ата-аналармен кең пікір алысу дәрежесінде өткізілуі тиіс.

Мұғалімдердің басшылығымен оқушылар – көркем-өнерпаздар үйірмесінің мүшелері ата-аналар алдында өер көрсетеді.

Ата-аналар жиналысының хаттамасы

/Күні, айы, жылы. Уақыты /

 

Кімдер қатысты ..................................................................................................................

Тақырыбы............................................................................................................................

/ Немесе /                                               Күн тәртібінде:

1)     ...................................................................................................................................

2)     ....................................................................................................................................

3)     ....................................................................................................................................

Жарыс сөзге қатысқандар.................................................................................................

..........................................................................................................................................

 .............................................................................................................................................

Ұйымдастыру және басқа да сұрақтар.............................................................................................................................

 .............................................................................................................................................    ..............................................................................................................................................

Ата-аналардың сұрақтары, ескертпелері ұсыныстары......................................................................................................................... .............................................................................................................................................

..............................................................................................................................................

Қабылданған шешім.............................................................................................................................. ..............................................................................................................................................

Төраға................................................................................./

Хатшы................................................................................/

 

Ата-аналар комитеті

Ата-аналар жұртшылығының тұрақты органы – ата-аналар комитеті. Ол мектеп ұжымымен бірге жұртшылықтың көиегін пайдалана отырып, оқу-тәрбие және шаруашылық жұмыстарын жақсартудың шараларын жасайды, оларды іскеасырудың барлық мүмкіншіліктерін қарастырды. Ата-аналар  комитеті айналысатын басты мәселелер : мектеп және сыныптар бойынша ата-аналар жиналыстарын, конференцияларын, жиналыстарын өткізуге көмектесу; университеттерге ата-аналарды тарту, қатысуларын бақылау; үлгірмейтін және “қиын” балаларды шефке алу, сынып жетекшілеріне көмектесу; үйірме жұмыстарын басқару; балалардың жазғы демалыстарын ұйымдастыру;экскурцияларды, жорықтарды,ұйымдастыруға қатысу; мектеп үйін жөрдеу т.б.

Ата-аналар комитеті мүшелерінен және ата-аналар белсенділерінен тұрақт ыкомиссицлар құрылып, олар мектеп жұмысының кейбір түрлерін педагогикалық ұжым мүшелерімен одақтасып бірге басқарады. Мысалы оларға оқу-тәрбие жұмысы, педагогикалық насихат, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек , мәдени көпшілік жұмысы т.б. жатады.

Ата-аналар белсенділерімен жұмыс

Белсенділер мектептің барлық жұмысына қатысады, ата-аналармен қатынас жасайды, пікір алысады, оларға көмек көрсетеді, ата-аналар конференциясын және жиналыстарын, оқушылардың үйірме жұмыстарын өткізуге көмектеседі, еңбек тәрбиесін,қоғамдық пайдалы жұмысты және өнімді еңбекті ұйымдастыруда өз үлесін қосады.Мектеп үйін, спрот алаңын жөндеуге көмектеседі. Жеке отбасымен жұмыс істейді, бала тәрбиесіне салқын және жауапсыз қарайтын ата-аналарға ықпал жасайды, кейбір, әсіресе қиын балаларды шефке алады, оларға қажетті көмек көрсетеді.

Ата-аналар белсенділері мұғалімдер ұжымының үлкен тірегі. Сондықтан, мектеп басшылары, ата-аналар белсенділерімен арнайы жұмыстар жүргізеді. Олар үшін семинарлар, коллоквиумдар ұйымдастырып, тәрбие үрдісі мен ұстанымдары, әдістері мен тәсілдері , баланың жасына қарай және психикалық даму ерекшеліктері жайлы теориялық және практикалық біліммен белсенділер мүшелерін қаруландырады.

Ата-аналар үшін әңгімелер мен лекциялар

Педагогикалық және тақырыптарға сай ата-аналарға түрлі әңгімелкер және әдістер өткізіледі. Олардың мазмұны ата-аналардың білім дәрежесіне, тілектері мен мүдделеріне сай болуы керек . Әсіресе, мектеп жайлы журнал немесе газет беттерінде жарияланған озат тәжірибелерге әңгімелер мен дәрістерде үлкен мән беріліп, оның күн тәртібіндегі өзекті мәселе екендігі ата-аналар арасындағы дұрыс насихатталуы тиіс.

Әңгімелер мен дәрістердің мазмұны балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне сай баяндалуы қажет.

Жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін тәрбие жұмысы мазмұнының өзіндік рекшкліктері бар.  Оқушылар ғылым негіздерін игереді, адамгершілік, еңбек тәжірибесінің барысында ,оладың көзқарастары қалыптасады, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекке тікелей қатысады, өзінің сүйген мамандығын таңдау үшін мамандардан тұжырымды кеңестер алады. Демек, өмірге, еңбекке өзін-өзі даярлауға бет бұрады.

Тәрбие жұмыстарының оындай басты мәселелерін ескеалып, мектеп мұғалімдері, ауыл шарушылық  мамандары, инженерлер, дәрігерлер, заң қызметкерлері балалардың ата-аналарымен әңгімелер өткізеді, дәрістер оқиды.

Ата-аналар  үшін мұндай ағартушылық алдын-ала белгіленген бағдарлама бойынша, негізінде әрбір ата-аналар жиналысының бастапқы бөлімінде белгілі бір мамандарды немесе  озық тәжірибелі мұғалімдерді шақыру барысында жүргізіледі.

Конференция өткізу

Отбасы тәрбиесінің басты мәселелері жайлы пікір алысу негізінде параллельді сыныптарды қатыстыру барысында ата-аналармен конференциялар өткізіледі. Конференцияға жұртшылық және еңбек ұжымдарының уәкілдері де қатыса алады. Конференцияда талқыланатын тақырыптар күні бұрын ұсынылады. Мысалы: “Балаларды тәрбиелеуде мектеп пен отбасының ынтымақтастығы”, “Отбасындағы  тәрбиеде жұртшылықтың рөлі”.  Сонымен бірге кейбір отбасында бала тәрбиесі жайлы тәжірибелер еске алынып, конференцияларда ата-аналардың: “Үйге берілген оқу тапсырмасын орындауда мен балама қалай көмектесем ”, “Біздің отбасындағы еңбек тәрбиесі ”, “Отбасында бала бос уақытын қалай пайдалану керек”  сияқты баяндамалары тыңдалады.

Әдетте конференцияны мектеп мектеп басшыларының біреуі немесе ата-аналар комитетінің төрағасы  я болмаса озат мұғалім ашады. Содан кейін баяндамалар талқыланып кең түрде пікір алысу болады. Конференция өз жұмымысын қысқа әдістемелік кепілдеме қабылдаумен аяқтайды.

Конференция кезінде көрме ұйымдастырылып, отбасылық тәрбие тақырыптарына түрлі түрлі экспонаттарды көрсетуге болады. Олар ата-аналардың үлгі істері, отбасылық тәрбие жайлы педагогикалық әдебиеттер, олардың тізімі, оқушылардың отбасындағы күн режимі ,отбасы тәрбиесі туралы  жасалған баяндамалардың текстісі, теле және кинофилімдердің тізімі, т.б.  Конференция соңында бала тәрбиесіне байланысты фильм көрсету т. Б.

Ата –аналар лекторилері. Мектептердің , балалар бақшаларының, мәдени сарайлары мен үйлерінің жанына ұйымдастырылады. Лекторий жұмысы бір немесе екі жылға жоспарланып, онда арнайы бағдарлама бойынша ата-аналар үшін дәрістер оқылады.

Облыстық мұғалыімдер білімін жнтілдіру институттары мен облыстық педагогикалық білім қоғамы лекторийлердің бағдарламасын жасап, өздеоіің біріккен кеңесінің мәжілісінде бекітеді.  Мысалы,мынадай тақырыптарды ұсынуға болады:

1.     Қоғамдық және отбасылық тәрбие, олардың бірліг.

2.     Балалармен жеткіншектердіеңбекке даярлауда , сүйген мамандығын саналылықпен таңдауда өнеркәсіа, ауыл шаруашылық өндірістерінің тәрбиелік ролі.

3.     Жыныс тәрбиесі, жастарды некелік-жанұялық өмірге дайындау.

Университеттер.  Ата-аналарға, жұртшылыққа жүйелі педагогикалық білім беретін ата-аналар университеттері және халық университетерінің жанына педагогикалық факультеттер ұйымдастырылады. Университеттерде оқу екі жыл. Оқу сабақ кестесі бойынша жүргізіледі. Университеткетүсетінтадам мектеп жанындағы ата-аналар комитеті арқылы қабылданады. Унверситетке түскендер педагогика, балалар психологиясы, жас ерекшілік физиологиясы, мектеп гигиенасы мәселелерінен және халық аралық жағдайдан, өнер, медицина, құқық және заң тақырыптарынан дәрістер дайындайды, семинарларға қатысады.

Университетті тыңдаушылар бірінші оқу жылының аяғында сынақтар, ал екінші оқу жылынң соңында емтихан тапсырады. Университетті бітіргендерге куәлік береді.

Мектеп тәжірибесінде озық ойды шығармашылықпен айналысатын мұғалімдер ата-аналармен жұмыс істеу барысында жоғарыда аталған дәстүрлі формалардан басқа бейдәстү формаларында қолданады.

Дегенмен де мектеп пен отбасылық өзара қатынастың нәтижелі болуы  көбінесе педагогикалық тұрғыдан дұрыс таңдалған қарым-қатынаспен өзара әрекет формасына байланысты . Олардың негізіне міндетті түрде 5 жағдайды ескеру керек.

1.     Оушыға қатысты жағымды  қарым-қатынастың болуы. Мұндай жағдай, тіпті қиын оқушыға да қатысты болуы шарт.

2.     Мұғалімдердің ата-ана трапынан болатын кеңестеріне өте мұқият назар аударуы.

3.     оқушы тұлғасында пайда болған жағымсыз құбылыстың себебін бірлесіп анықтау, талдау және оны жоюдың тәсілін бірге қарастыру.

4.     Оқушы тұлғасына немесе сынып ұжымына нәтижелі әсер етудің формалары мен тәрбиелік ортасын табуда бірлесе іс-қимыл көрсету.

5.      Мұғалімдердің ата-аналармен қарым-қатынасында педгогикалық тактының , этиканың қатаң сақталуы.

Олай болса,мұғалімдермен,сынып жетекшілер және ата-аналардың өзара жағымды қарым-қатынасын ұйымдастыруға сай жоғарыда айтылған 5 жағдайдың межеге айналуы, бала тәрбиесіндегі олардың өэара тәрбиелік –ұйымдастырушылық әрекетін біртіндеп жоғары деңгейде нәтижелі болуға септігін тигізеді.

 

Тақырыбы: Тәрбие жұмысының формаларын таңдап алу әдістемесі.

 

1. Тәрбие ісі түсінігі, оның түрлері.

  Тәрбие оқу проці секілді нақтылы қалыптасқан, мақсатты, жүйелі процес. Егерде тәрби жұмысының формасы жайында әңгіме қозғасақ, қазіргі педагогика практикасында бірнеше ұғым қалыптасқан: «Тәрбие жұмысының формасы», «Тәрбие шаралары», «тәрбие ісі» т.б. Соған орай «педагогикалық энциклопедия» сөздігінде «форма» ұғымына қатысты бірнеше түсініктеме берілген:

1.     Заттың нұсқасы, сыртқы көрінісі, сыртқы кескіні;

2.     Белгілі бір мазмұнның сыртқы көрінісі;

3.     Бір нәрсенің белгіленген үлгісі;

4.     Бір нәрсеге белгілі бір көрініс беруге бейімделу т.с.с.

Сірә, солардың әрқайсысының мағынасы  «тәрбие жұмысның формасы» деген ұғымдарды бейнелейтін секілді. Соған орай оны педагогикалық тұрғыдан қарастырсақ, онда тәрбие жұмысының формасы деп – бұл тәрбие процесінің мазмұнда өмір сүретін және көрініс беретін ұйымдастыру тәсілі. Онда белгілі бір құндылық ретінде (зияттық, құқықтық, азаматтық, саяси, эстетикалық, адамгершілік) пәнге, құбылысқа, оқиғаға, адамдарға және олардағы әрекеттестіктің қарым қатнастары ашық жарияланады.

«Тәрбие жұмысының формасы»  оқушылардың нақты тәрбие әрекетін ұйымдастыру нұсқасын, олардың үлкендермен өзара әрекеттестігін, нақтылы істің композициялық құрылымын, оның мазмұнын, атрибуттарын, әдістемесін , дайындық және өткізу технологиясын, пндогоикалық талдауын анықтайды.

«Тәрбие шарасы» топтық (ұжымдық) әрекет ретінде ұйымдастырылған тәрбие жұмысын жеке бір актісі ретінде қарастырылады (Н.Е. Щуркова бойынша ).

«Тәрбие ісі»  ұжымдық шығармашылық әрекеттің әдістемесінде шығармашылық әрекеттің субъектісі тұрғысынан қарастырылады – үлкендердің (мұғалімдер, ата-аналар, жай қатысушылар) және тәрбиеленушілердің (И.П.Иванова бойынша).

2. Тәрбиені ұйымдастыру формасы.

Қазіргі тәрбиені ізгілендіру, мектепті демократияландыру, тұлғалық – бағыттаушылық көзқарас жағдайында тәрбие процесінің мақсаттылығы, мәні және мазмұны ғана өзгермейді, сонымен бірге тәрбиенің ұйымдастыру формасына тікелей қатысты оның әдістемесі де өзгереді. Ол өзімен бірге дәстүрлі формаларды қайта қарау және қайта құруға, дәстүрлі емес формаларды шығармашылыпен іздестіруге ықпал етеді. Сондықтан оқушылардың оқудан тыс әрекеттері нақты мақсатты көздейді. Белгілі бір нәрсеге қатысты нақтылы қарым-қатынасты дамыту: музыкаға, қылқалам, табиғат, кітап оқуға т.б. Осыған байланысты ұйымдастыру формасы таңдалады: тәрбие сағаты, пікірталас, оқырмандар конференциясы, лектория, саяхат, мектеп балы т.с.с.  Содан кейін барып оқушылардың жас және дара ерекшелігіне, сынып жағдайына байланысты нақтылы тақырып атауы анықталады. Мысалы, «Адамға музыка не үшін қажет?» - пікірталас, «Оқуда менің жетістігімді кім анықтайды»- тәрбие сағаты, «Қоғамдағы өзгеріс, оған менің көзқарасым» - дөңгелек үстел, «Батыл да, күшті, ептілер» - спорттық ойын т.с.с. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формасы қаншалықты әртүрлі болған сайын соншалықты мақсатқа жету және тәрбие міндеттерін орындау жеңіл әрі жемісті болады.

Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының маңызы, тәрбие процесінің бірізділігін қамтамасыз ету. Бұл бағыттағы тәрбие жұмыстарын жоспарлауда сынып жетекшісіне оның қоғамдық бағытының болуын, балалардың жас және дара қасиеттерін ұйымдастыру жұмыстарындағы іс әрекеттері түрлерінің ерекшеліктерін ескеру талап етіледі.

Тәрбие жұмысының формасында оның мазмұны жүзеге асады. Сондықтан сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұны оқушылардың теориялық білімін кеңейте молықтыра түсуге лайықталып, оқушылардың жеке қабілеттерін дамыта түсерліктей болғаны жөн. Ондағы материалдың мазмұндылығы, идеялық және әдістемелік сапасы мұғалімнің шеберлігіне, ұйымдастырылу тәсіліне байланысты.

Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының  дәстүрлі қалыптасқан түрлері өте көп. Осы орайда В.А.Сухомлинский былай дейді: "Балалар әсемдік,  ойын, ертегі,  музыка,   сурет,   фантазия,   шығармашылық әлеміндс өмір сүруі міндетті". Оны таңдау негізінен тәрбиенің жалпы немесе жекелеген мақсат, міндеттеріне, қызметінің тәрбиелік маңызына және оқушылардың нақтылы өмір жағдайларына, сыныптағы      немесе      жекелегсн     оқушылардың     тәрбие міндеттеріне сай жетістіктері мсн кемшіліктеріне байланысты атқарылады. Сондықтан    оны жіктеуде белгілі бір дәрежеде қиындық туады. Яғни, нысанаға әсер етуге сай (жеке-дара топтық, көпшілікформалары) және төрбиенің бағыты мен міндеттеріне байланысты  (ақыл-ой,  адамгершілік,  эстетика- лық, дене, еңбек, экологиялық, экономикалық,  құқықтық жіктеу ұсынылады. Ол мынандай болады:

I. Тақырыптық сынып сағаттарын өткізу және оған дайындық жұмыстарын ұйымдастыру қабырға газстін шығару, альбом жасау, плакаттар, ұрандар әзірлеу, нақыл сөздер жазу, оқушыларға ән, би, күй, тақпақ оқуды үйрету.

2. Қызықты   кездесулер,   кештер,   ертеңгіліктер   өткізу (ақын-жазушылармен, әртістермен, еңбек азаматтарымен, халық қалаулыларымен, соғыс ардагерлерімен және
жауынгерлермен).

3. Сыныптағы саяси хабарламаның жүргізілуін ұйымдастыру  тақырыптық, шолулық, жедел хабар,

4. Әртүрлі тақырыпта ән айту, би билеу, өлең оқу, сурет салуға арналған байқауларды үйымдастыру.

5.  Оқушылардың  қолымен  жасалған  шығармашылық жүмыстарына сай көрмелер өткізу.

6.  Көңілділер  мен тапқырлар  клубы  байқауларының жұмысын жүргізу.

7. Оқушылармен ток-шоу,  дөңгелек стол,  пікірталас әңгіме түрінде тәрбие жүмыстарын үйымдастыру.

8 .Спорттық жарыстар өткізу: шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ, волейбол, баскетболэ футбол, шаңгы тебу т.с.с.

9. Оқушылардың оқудан тыс қызықты кітап, газеттер мен журналдар оқуын, оны өзара талқылауын, пікір алысуын ұйымдастыру.

10. Әдебиет пәні және мектеп кітапхана қызметкерімен бірлесе отырып оқырмаңдар конференциясын өткізіп отыру.

11.  Мектепгегі   үйірме   жұмыстарына   оқушылардың талап-тілектері, қабілеттеріне сай қатынасуын ұйымдастыру: пәндік, көркемөнер, спорттық, өлке тану, жас техниктер т.б.

12. Үйірме жүмыстарының нәтижесіне сай байқаулар, олимпиада, жарыстар өткізу.

13.   "Атамекен"    бағдарламасына    сай    жұмыстарды жүргізу.

14. Мейрам күндерін, Республиканың атаулы мерекелерін атап өту,

15.  Сынып жиналыстарын өткізу.

16. Оқушылардың сыныптағы, мектептегі кезекшілігін,  жалпы тазалыққа   қатысуын,   кабинетті   жабдықтау,   темір сынықтарын жинау, оқу-өндірістік алаңын жөндеу,   мектеп  маңайын    тазалау,   безендіру,  сенбіліктерге   қатысу    секілді  қоғамдық    пайдалы    жұмыстарын  үйымдастыру,  олардың нәтижелеріне талдау жасап отыру.

17.  Мұражайларға, көрмелерге, демалыс-мәдени орындарға, кино, театр, өндіріс орындарына саяхат жасау.

18.  Соғыс, еңбек ардагерлеріне, жалғызлікті қарттарға көмек көрсету жүмыстарын үйымдастыру.

19.  Оқушылардың қысқы. жазғы демалыстары кезінде мәдени жорықтарын үйымдастыру.

20.  Мектептен  тыс  тәрбие   мекемелерінің  жүмысына қатысу.

Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыста әр шәкірттің ерекшелігі мен бейімі, талабы еске алынады. Олай болса сынып жетекшісі өзінің негізгі кызметін жүзеге асыруда оқушылармен сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының формасын таңдайды. Олар, ең алдымен оқушылардың әртүрлі әрекеттерін ұйымдастырумен байланысты болып келеді. Яғни, тәрбие жұмысының формасын әрекеттің түрлері арқылы бөліп қарастыруғаболады.

Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында оқушылардың практикалық әрекеттері теориялық аспектіге қарағанда басымдылық жағдайда болатындақтан, оның мазмұнын анықтауда баланың әлеуметтік тәжірибені меңгеруіндегіәрекеттің маңызына ерекше мән берген жөн. Оның бірнеше түрі бар: танымдық, көңіл көтерушілік, спорттық-сауықтыру, енбек, шығармашылық.

Сабақтан тыс тәрбие жүмысының танымдық әрекеті баланың танымдық қызығушылығын, оқуға жағымды  тудыру, оқу дағдысын жетілдіруді көздейді. Ол оқу әрекетінің жалғасы ретінде тек басқадай формадақолданылады. Мысалы, "Не? Қашан? Қайда?"- викторина ойыны немесе мұражайға, көрмеге саяхат т.с.с.

Көңіл көтеру әрекеті. Ол балалардың құнды демалысын ұйымдастыру, жағымды эмоция тудыру, ұжымда жылы шырай көңіл күйі, жолдастық-ынтымақтастық жағдай орнату, жүйке шиеленісуін болдырмау үшін нәтижелі. Дегенмен де сабақтан тыс тәрбие жұмысының танымдық және көңіл көтерушілік әрекеттері өзара жиі байланыста болады. Мысалы: әртүрлі байқаулар, конкурстар, викториналарды атауға болады.

Спорттық-сауықтыру әрекеті. Балалар үшін сабақтан тыс тәрбие жүмысының осындай әрекеті олардың толыққанды денсаулығы хМен дене бітімінің үйлесімді дамуы үшін қажет. Спорттық-сауықтыру әрекеті табиғатқа саяхат жасау, спорттық, жылжымалы ойындар, спартакиада, туризм, жорықтар арқылы жүзеге асады.

Еңбек әрекеті. Ол еңбектің әр түрінің мазмұны арқылы көрініс береді: тұрмыстық, қол еңбегі, қоғамдық пайдалы, өзіне-өзі қызмет көрсету. Әрекеттің бүл түрі мүғалімдер үшін біршама қиындықтар туғызады. Дегенмен де оның күш қайрат жұмсауы оқушылардың әртүрлі жүйелі еңбек әрекетін ұйымдастырудағы тәрбие жүмысының нәтижесіне бағытталады. Нәтижесінде, балада еңбек ету қажеттілігін және өзін танып білуге деген құштарлығын қалыптастырады. Еңбек әрекеті көбінесе сыныпта кезекшілік ету,  оның тазалығын  сақтау, мектеп шеберханасында жұмыс істеу, сенбіліктерге қатысу, сыныптың, болмаса мектепті» күрделі жөндеу жұмыстарына қатысу, сабақтар жүйесінде көрнекі құралдарын жасау, шефтік жұмыстарын атқару барысында атқарылады.

Шығармашылық әрекеті оқушылардың бейімін, қызығушылығын дамытуды, олардың шығармашылық күшін жетілдіруді көздейді. Шығармашылық әрекет концерттік қойылым, көркемөнерпаздар байқауы, көркемсөз оқу, қолөнер шеберлері және сурет көрмесінің байқауын ұйымдастыру формасында көрініс береді. Осындай әрекет барысында оқушылардың адамгершіліқ, әсерленушілік және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу міндеттері атқарылады.

Адамгершілік сана адамгершілік түсінікті және мінез-құлық нормасын меңгеруде әңгіме, пікірталас, ойын, т.б. формалар арқылы қалыптасады.

Тәрбие жүмысының әртүрлі формасын дайындау және өткізу барысында оның белгілі бір үлгісі жасалуы шарт. Ол тәрбие процесін сауатты және тиімді үйымдастыруды қамтамасыз етеді. Оның элементтері мынандай болып келеді.

1.   Мақсаты   мен   міндеттерін   анықтау.    Мақсат   —педагоггардың үйыңдастыруымен  арнайы  белгіленген  істің нәтижесінің болжамы. Мысая.ы, "Жаңа жыл бал-маскарады", "Қайырымдылық акциясы", "Ғылыми апталық" т.с.с.

Мақсат – тәрбие жұмысының формасында нақтыланады, ейткені бір актімен тәрбиелік ықпалды қалыптастыруға болмайды. Яғни, тәрбиеші мақсатқа жетуде бірнеше міндеттерді белгілейді. Мысалы, "Адамға музыка неүшін керек?" тақырыбының мақсаты оқушылардың музыкалық мөдениетін дамытуды көздесе, оның міндеттеріне: 1) оқушылардың музыкалық талғамы жөне қызығушылығын айқындау (сауалнама, әңгіме жүргізу, шығарма жаздыру, үнтаспа тыңдату арқылы т.с.с);

2) музыка жайында көзқарастарын және түсінікгерін қалыптастыру (кеш өткізу, кездесу ұйымдастыру, театрға саяхат жасау, байқау ұйымдастыру); 3) әр түрлі музыка жанрларына белгілі бір қатынастарын орнықтыру (мүғалімнің сөзі, -оқушылардың пікірі, әңгіме жүргізу, мәдени жорық, кездесу өткізу).

2. Тәрбие   жүмысының   формасын  таңдау,   шараның тақырыбын       анықтау.       Мысалы,       пресс-конференция, оқырмандар   конференциясы,   тақырыптық   сағат,   демалыс   кеші, көңілділер мен тапқырлар клубы, пікірталас, кездесу, дөңгелек стол.

3.  Алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізу: шараның мазмұнын,    құралдарын    анықтау,    қонақтарды    шақыру, тапсырмаларды бөлу,   безендіру жүмыстары,  хабарландыру, жоспарын    құру,    оқушыларды   психологиялық   түрғыдан даярлау.

4. Тәрбие шарасын өткізу. Оның кезендері:

-шараның басталуы, психологиялық кеңіл-күйді орнықтыру:   әдеби-музыкалық,   поэзиялық,  драмалық безендіру, күйтабақ иемесе үнтаспа ойнату;

-ұйымдастыру    кезеңі:    ұйымдастырушының    сөзішараны ашу, мақсатын, барысын баяндау;

- негізгі бөлім: шараның міндеттері, жоспарына сай мазмұнының  баяндалуы,   оқушылардың шығармашылық әрекеттері;

-қорытынды бөлім: шараны қорытындылау, оқушылардың алған  әсерін талқылау,  шешім қабылдау, марапаттау, тапсырма беру т.с.с.

5.   Педагогикалық   талдау    жүмысы:    шараның    өту  нәтижесін және оқушылардың белсенділігін бағалау, алдағы уақытқа бағдар құру, қолданылған тәрбие құралдары, тәсілдерінің нәтижелілігіне талдау жүргізу т.с.с.

Сабақтан   тыс   тәрбие   жұмысының   мазмұнына   әсер ететін факторларға:

1.  Мектептің   ерекшелігі   және   ондағы   қалыптасқан дәстүр. Мысалы, егер мектепте оқуда басымдылық берілген болса, онда сабақтан тыс тәрбие жүмысында таным аспектісі басым болады т.с.с.

2. Оқушылардың жас, жеке-дара және сынып ерекшелігі.

3. Мұғалімнің    өзінің    жеке    басының    ерекшелігі, қызығушылығы,   бейімі  т.с.с.   Егерде  мүғалім  оқушыларды оқытуда жоғары нәтижеге қол жеткізуге тырысса, онда оның мақсатына   жетуге    ықпал    ететін   сабақтан    тыс    тәрбие жұмысының мазмүнын таңдайды.  Басқадай мұғалім  үшін, мүмкін оқыту процесінде түлғаны қалыптастыру маңызды болса,  онда  сабақтан тыс тәрбие жұмысында еңбек және
шығармашылық әрекетке басымдылық беріледі; оқушыларға спорттық-сауықтыру   әрекеті   арқылы   ықпал  ету, көбінесе спротты жақсы көретін мұғалім арқылы  болады.

Оқу қызметі секілді тәрбие үдерісі де белгілі формада ұйымдастырылады. Бастауыш мектеп тәрбиесі сабақтағы оқу үдерісімен байланысты жүргізіледі. Дегенмен, сабақтан, сыныптан тыс ерекше жұмыс формалары да қолданылады - олар педагогикада тәрбиелік істер деп қабылданған. Тәрбиелік істер- тәрбиеленушілердің нақты іс-әрекеттерін ұйымдастыру және оларды жүзеге келтіру формасы. Тәрбиелік істер - жарқын еңбек пен ойынға, шығармашылық пен жолдастық қатынасқа, өмірлік арман мен қуанышқа толы бірлікті қызметтің орындалу формасы. Бұл формада тәрбиешілердің өз оқушыларымен араласа әрекетке келу шарттары, құрал-жабдықтары мен тәсілдері бір-біріне ауысып, ажыралмас бірлік, тұтастыққа түсіп жатады. Тәрбиелік істердің басты ерекшеліктері - қажеттілігі, пайдалылығы, орындалу мүмкіндігінің болуы. Әрқандай тәрбие үдерісі үздіксіз өтіп жататын тәрбиелік істер тізбегінен құралады.

Тәрбиелік істер негізінде екі мүдде көзге түседі - іс-әрекеттік және кешендік. Алғашқысының тәрбие алдына қоятын талабы - оқушылардың әрқилы іс-әрекеттерін ұйымдастыру: танымдық, еңбектік, қоғамдық, көркемөнерлік, спорттық, құндылықты бағытталған еркін қарым-қатынас түзу, ал екіншісінің алға тартатыны - барша іс-әрекет түрлерін табиғи бірлікке келтіре пайдалану. Тәрбиелік іс бір мезеттің өзінде инабаттық, эстетикалық, еңбектік, сана-сезімдік ықпалдардың бірдей әсерінде болады.

Орындалатын нақты іс міндеттері басым келген тәрбие мақсаты (әдетте, бұл инабаттық тәрбиесі) анықтайды. Әрқандай істе тәрбиенің жалпы бағытымен (ақыл-парасәт, дене шынықтыру, еңбектік және т.б.) сәйкес өзекті тұжырым ажыралады. Тәрбиелік іс міндеттерінің мағынасын ұғу - оның тиімділігінің басты шарты. Ол міндеттер ептілікпен түсінімге келтіріліп, оқушылар санасына жеткізілуі қажет. Өз ой, көзқарасыңызды балаларға таңушы болмаңыз, қажетті шешім қабылдау керектігін балаларға ұқтырыңыз, шешімді балалар өз «еншісі» деп сезінетін болсын. Тәрбиелік істің қас жауы

-  енжарлық. Оқушылар мінез-құлығына жіті назар салсаңыз, олардың өздері-ақ нені өзгерту керектігін жайып салады. Тәрбиелік істер ойсыз еліктеуді көтермейді, оларға тән ере-кшелік - икемшілдік пен кең әрекет өрістілігі. Сыныптардың, жеке балалардың бір-біріне ұқсамастығын, қайталанбас өзгешеліктерін  молынша  пайдалануға  тырысыңыз.   Қандай да істі жобалай отырып, есіңізде болсын - бір сыныпта оңды іске асырылған тәжірибе екінші топта жарамды қайталануы неғайбыл. Жағдайға байланыстырылып, ретке келтірілмеген жоспар, жоба еліктеумен қолданылса, істің нәтижесіз болары айтпаса да, түсінікті.

Тәрбиелік істердің көп түрлі болғаны жөн. Жарқын, тартымды істерді балалар есінде үзақ сақтайды, сондықтан бір істі көп мәрте қайталап, оқушыларды жалықтырудың қажеті жоқ, оның пайдасы шамалы. Тәрбиелік істер көңіл-күй көтерудің қуатты себепшісі. Сезім толғанысына түскен бала әрқандай ықпалды қабылдағыш келеді. Қай тәрбиелік істе болмасын, бала көңіліне жақын, оның жан әуенімен үндес жәйттерді ірік-тей білу шарт. Сол арқылы баланың ұнамды мінез бітістерін дамытып, орнықты өмірлікбағдарын қалыптастырып, қоршаған болмыс шындығын дұрыс тануға баулу қажет. Бұл тәрбиелік іс мәдениетінің басты шарты.

Тәрбиелік істі жоспарлауда педагог тәрбиеленушілердің дайындық деңгейін арқау етеді, олардың жас және даралық ерекшеліктерін барынша ескереді. Күрделі, балаларға түсініксіз педагог бастамасы, ненің, не үшін және неліктен олай істеу қажеттігін жөнді аңғармағандықтан, тәрбиелік іс формальды шараға айналады. Басты мақсаттары мен атқарар қызметтеріне орай тәрбиелік істер келесідей бөлінеді: этикалық, әлеуметтік бағдарлы, эстетикалық, танымдық, спорттық-дене шынықтыру, экологиялық, еңбектік ж.т.б. Әлбетте, мұндай ажыратуды шартты деп қарастырған жөн, себебі әрқандай тәрбиелік істің мақсаты кешенді, көп тарапты.

3. Тәлім – тәрбие шараларын  талдау үлгісі.

1.     Тәрбие  шарасының тақырыбы, түрі, бағдарламасы, жоспары, кім өткізеді, мақсаты, оқушылардың жасы, сыныбы, тобы, өткізілу орны.

2.     Шараны  өткізу жағдайы (бөлменің ыңғайлығы, қажетті құралдардың болуы).

3.     Шара жайлы оқушылардың хабардар болу деңгейі, олардың дайындығы, жасының ескерілуі т.с.с.

4.     Бүкіл шара барысында негізгі мақсат қалай және қандай әдіс-тәсілдермен тұрақтандырылды.

5.     Мазмұнның мақсатқа сәйкестігі, алынған материалдың танымдық, тәрбиелік құндылығы, эмоционалдық басымдылығы, оқушылардың  іске қызығыушылығы, олардың белсенділігі

6.     Оқушылардың танымдық іс-әрекет қандай әдіс-тәсілдермен тұрақтандырылды.

7.      Оқушылардың танымдық іс - әрекетіне қандай әдіс- тәсілдермен әсер ету жүзеге асырылады. Қандай жаңа мәліметтер меңгерілді, оның адамгершілік мәні?

8.     Уақытты  тиімді пайдалануы.

9.     Аталған шара барысында қандай бағалаулық қарым- қатынас қалыптасты?

10. Шараны қорытындылау, қойылған мақсаттың шешілуі.

11. Шараға сіздің берген бағаңыз, ұсынысыңыз

 

Тақырыбы: Бастауыш мектеп жасындағы оқушылармен тәрбие жұмысын жоспарлаудың әдістемесі

   

1. Тәрбие жұмысын жоспарлауға қойылатын талаптар.

Сынып  жетекшісі  өз жұмысын ең алдымен оқушыларды, олардың арасындағы қарым - қатынастарды, оқушылардың отбасын зерттеу арқылы бастайды. Зерттеу  барысында  сынып оқушыларының  тәрбиелік дәрежесі анықталады. Соған байланысты тәрбиелік  мақсат пен міндеттер  айқындалады. Белгіленген  мақсатқа  сәйкес тәрбие  жоспары жасалады:  жоспар ол  ұжымдық еңбектің белгісі, сынып жетекшісі өз жоспарын  жасағанда сыныбының ерекшеліктерін  (жас ерекшеліктері, тәрбиелік дәрежесі, қызығушылығы), өзінің қабілетін ескергені жөн. Жоспар міндетті түрде  бағытталу тиіс. Бұл сыныптың ісіне  терең талдау жасау керек, сынып ұжымының ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін естере қажет.  Жоспардың құрулуы жеке тұлғалық  ізгіліктігін және жеке тұлғалық  бағыттылық  жолдары принциптерімен  үрдісінің  барлық субъектілерінің  бір біріне әсер етуіне қарай жүргізілінеді. Жоспарлау кезінді  сынып жетекшісі жеке тұлғалардың жаңа қарым- қатынастарын  ұйымдастыру, бір- бірімен қарым – қатынас жасау үшін барлық жағынан тиімділігі арттыру жолын  іздестіру керек.

Жоспарлау барысындағы принциптер:

1. Жоспарды іске асыру үшін ағындағы кезеңнің барлығы жай ескерілу керек.

2. Белгілі мақсатқа  бағытталу мақсаттардың нақтылығын және дамығандығын көрсетуді бүкіл жоспар және оның блок- бағыттары осыған арналған арналған болу керек. Сыныптағы оқушысының  осы мақсаттың және жоспардың орындалуына мүдделі болуы тиіс, жоспар мақсатқа сәйкестіріліп жасалу керек.

3.     Мектептің ерекшеліктерінің  этномәдени ортаның  ерекшілігін ескере отырып құрулу керек. Бүкіл жоспар шындыққа негізделген болу тиіс. 

Тәрбие жоспарына  қойылатын кейбір  талаптар:

1.     Жоспардың қоғам талаптарына, мақсатына сәйкестігі.

2.     Өмірмен тығыз байланыстылығы.

3.      Жоспардың жан-жақтылығы, тәрбиенің  барлық салаларын қамтамасыз етуі (комплексті  тұрғыдан).

4.     Тәрбие жұмысының формалары  оқушылардың  жасына , ұжымның  ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне сәйкестігі.

5.     Жоспардың нақтылығы.

2. Тәрбие жұмысы жоспарының құрылымы

         I үлгі

1.      Сыныпқа сипаттама: сынып активі, балалардың тәртібі, сабақ үлгерімі, қабілеттері, олардың ата- аналары, ұжым жайлы қысқаша сипаттама беріледі.

2.      Өткен оқу жылына белгіленген тәрбиелік шаралардың  нәтижесіне қысқаша талдау.

3.      Жаңа оқу жылына  белгіленген тәрбие жұмысының  мақсаты мен міндеттері.

4.      Сынып ұжымының  мінездемесі, өткен оқу жылында атқарылған тәрбие жұмыстарының  нәтижесі, жаңа оқу  жылына арналған сол сыныптарға тәрбие жұмыстарының  міндеттері негізінде оқушылармен , ата- аналармен, қоғамдықұйымдар және пән мұғалімдерімен бірлесе атқарылатын іс - әрекеттердің түрімен әр тараптағы атқарылатын тәрбиелік  шаралар мазмұны төмендегідей бөлімдерде көрсетілген:

1. Сынып ұжымын ұйымдастырусынып жиналысы, сынып  сағаты, әңгімелер, саяси хабарлама, оқырмандар конференциясы, диспут, сұрақ жауап кеші, олимпиада, жарыс, еңбекке қатысты  істер, спорттық және мәденишаралар, кездесулер т.б.  бұқаралық шаралар жатады.

2. Сынып жетекшісі өзінің тәрбиелік іс - әрекетінде оқушылардың өзін-  өзі   басқару  органдарына   арқа  сүйеді.  Сынып  жетекшісі  сынып  жиналысының  тақырыбын,  олардың  күн  тәртібін  белгілеу  және  жоспарын  құруға көмектеседі,  сонымен  қатар,  әртүрлі  үйірмелер  мен  клубтар  жұмыстарының тақырыбын өз жоспарына кіргізе  отыра көмек көрсету, кеңес беру т.с.с. оларға өзінің тікелей қатынасын көрсетеді.

3. Сол сыныпта жұмыс істейтін барлық пән мұғалімдері мектеп ұйірмелерінің  жетекшілерімен, мектептен тыс мекемелермен байланыс орнатып, оларды бала тәрбиесіне қатыстыруға арналған бұқаралық шаралар  көрсетіледі.

4. Отбасы және жұртшылықпен жұмыс: оқушылардың үйіне бару, ата- аналарға кеңес беру, оқушылардың ата- аналарының жұмыс орындарымен байланыс орнату, ата-аналар  комитетінің  жоспарын  ата-аналар  жиналыстарының  тақырыбын,  мерзімін,  олардың  отырыстарын  т.с.с.  шараларды өзінің жоспарында  көрсете отыра, олардың өзара байланысын қамтамасыз ету секілді жұмыстарды белгілейді.

5.       Жеке оқушымен жұмыс. Бұл бөлімде сол  сыныптағы кейбір оқушының сабақ  үлгеріміне, тәртібіне, оның қабілетін шыңдауға сай жұмыстардың түрлері  кіреді.

II үлгі

(Н.Е. Щуркованың ұсынуы бойынша).

 

1. Ұжымды ұыймдастыру

 

Тоқсандар

Өзін-өзі басқару ұйымдарымен жұмыс

Ұжымның дәстүрлері

Ескертулер

І тоқсан (9 апта)

 

 

 

ІІ тоқсан (9 апта)

 

 

 

ІІІ тоқсан (11 апта)

 

 

 

ІV тоқсан (9 апта)

 

 

 

2. Тәрбиелік іс-әрекеттерді ұйымдастыру

Іс - әрекеттердің

түрлері

 

 

 

 

 

Тоқсандар

Таным іс-

әрекеттері

Еңбек іс - әрекеттері

Көркемдік іс - әрекеттері

Қоғамдық іс - әрекеттері

Асчылмураны бағалауға бейімделген іс - әрекеттері

Спорттық іс - әрекеттері

Емін –еркін іс - әрекеттері

І тоқсан (9 апта)

 

 

 

 

 

 

 

ІІ тоқсан (9 апта)

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ тоқсан (11 апта)

 

 

 

 

 

 

 

ІV тоқсан (9 апта)

 

 

 

 

 

 

 

3.Оқушылардың  өзіндік қасиеттерін дамыту

Жұмыс

Бағыттары

 

 

 

Тоқсандар

Оқушыларды зерттеу

Сыныпта сабақ  беретін, пән мұғалімдерімен жұмыс

Ата-аналармен жұмыс

Жергілікті жерде өткізетін тәрбие жұмысы

І тоқсан (9 апта)

 

 

 

 

ІІ тоқсан (9 апта)

 

 

 

 

ІІІ тоқсан (11 апта)

 

 

 

 

ІV тоқсан (9 апта)

 

 

 

 

Ескерту: Үш бөлімде бір біріне  көлденең  жалғасып ватманға сызылады.

         Тәрбие  жоспарының үшінші  түрі.

І. Сынып оқушыларына мінездеме

ІІ. Тәрбиелік міндеттер.

1.     Саяси мәдениетін  қалыптастыру.

2.     Имандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке  тәрбиелеу.

А) ұлттық мінез-құлық пен әдет- ғұрып негізінде тәрбиелеу

Б) халықтық салт, дәстүр негізінде тәрбиелеу.

3.     Білім алуға  саналы  көзқарасын қалыптастыру  және қоғамдық белсенділікті  дамыту.

4.     Өз еліне, ата- мекеніне сүйспеншілік және халықтар достығын құрметтеуге тәрбиелеу.

5.     Еңбекке,  халықтың ісмерлікке  баулу, үнем  тәрбиесін  беру.

6.      Әсемдікке  тәрбиелеу және көркемдік  қабілетін дамыту.

7.     Дене тәрбиесін жетілдіру, гигиеналық тәрбие.

8.     Экологиялық  және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.

Тәрбие жоспарын қалай құруға болады?

І.  Мектеп өміріне қатысты және қазіргі кездегі мектеп пен тәрбие міндеттерін анықтайтын мемлекеттік құжаттармен танысу; білім және ғылым министрлігінің оқу-әдістемелік журналдарымен танысу; тәрбиенің, жоспарлаудың әдістемесі мен технологиясының өзекті мәселелеріне қатысты психологиялық және педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді оқу.

II. Балалардың жас ерекшелігі, сынып ұжымының даму деңгейі, мектеп, мұғалімдер ұжымы, отбасы және тұрғылықты жердегі тәрбие мекемелерінің ерекшеліктерін ескере отыра мақсат пен міндеттерін анықтау.Мақсатқа сәйкес оның стратегиялық міндеттері белгіленеді. Мысалы: Мақсат: «Мәдениет құндылықтарын меңгеру арқылы жоғары сынып оқушыларының (9-11) рухани дамуын ынталандыру». Оның міндеттеріне:

1.Оқушылардың сабақтан тыс зияттық-танымдық (интеллектуалдық) әрекеттерін ұйымдастыру.

2. Салауатты өмір салтына ынталандыру, ол үшін өздерінің бағдарламасын құру.

3. Оқушыларды мәдениет құндылықтарымен тығыз қарым-қатынас жасауға ынталандыру.

4.  Оқушыларды қарым – қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, өздерінің қолдары бос уақыттарын тиімді пайдалануға және демалыстарын қызықты өткізуге сай әр түрлі әйрекетерін ұйымдастыру.

III. Мектептің, тәрбие мекемелері мен бірлестіктердің және пән үйірмелерінің болашақ тәрбие жоспарымен танысу, алдыңғы қатарлы озық сынып жетекiшілерінің тәжірибелерімен танысып, пән мұғалімдері және ата- аналарымен пікір алмасу.

IV. Оқушылардың жеке тұлғасы мен сынып ұжымын зерттеп, тану.

V.Алдағы  мерзімде болатын айтулы даталы күндер мен мерекелерді анықтау, солардың ішінде ең қажеттісін таңдау.

VI. Болашақта балалармен баратын мәдени ошақтарды анықтау.

VII.Жоспарлау. Оқушыларды немесе олардың белсенділерін жоспарлауға, оны талқылауға тарту. Жоспардың жобасын жалпы сынып жиналысында талқылау және бекіту.

Мектептің және сыныптың ерекшелігі, сипатына байланысты тағы басқа қосымша әрекеттің болуы мүмкін. Дегенмен, жоғарыда келтірілген әрекеттер барысында жоспарлау тоқсанға немесе жарты жылға, тіпті бір жылға құрылуы мүмкін.

 3. Мектептегі тәрбие сағаттары, сынып сағаттары

Орта мектептегі оқушылармен ұйымдастыратын тәрбие жұмысының  негізгі формасы – сынып немесе тәрбие сағаты деп аталады. Соның негізінде  оқушылардың қоршаған өмірге жүйелі қатынасын қалыптастырады, арнаулы ұйымдастырылған тәрбиелік әрекеттерге  қатыстырады.

Сынып сағаты-  оқушылардың адамгершілік  қаситеі мен дұрыс көзқарасын қалыптастыруға, өнер саласындағы талғам- тілектерін  тәрбиелеуге, елжандылық  сезімдерін шыңдауға арналған сабақтан тыс кезде өткізілетін тәрбие жұмысы. Оның  тәрбиелік қызметінеағартушылық, бағыттаушылық, болжамдылық және қалыптастырушылық жатадыАғартушылық қызметі, оқушылардың оқу бағдарламасында қамтылған білімдерінің көлемін кеңейтеді. Яғни, онда қарастыратын нысана өмірдің барлық құбылысын қамтиды. Болжамдылық оқушыларда белгілі бір заттық және рухани құндылықтарды  жасау қызметін  атқарады. Егерде сынып сағатының ағартушылық  қызметі айнада  қоршаған өмірмен танысуға мүмкіндік берсе, ал болжамдылық  оны бағалауға  көмектеседі. Бұл оның негізгі қызметі. Дегенмен де ол ағартушылық  қызметпен өзара байланыста  болады.

Бағыттаушылық  қызметі, оқушылардың өмірін шынайы практикалық  әрекетке бағыттауға көмектеседі. Сынып сағатын өткізу барысында белгілі  бір нақты бағыт болмаса, онда оның ықпал ету әсері төмендейді, білім сенімге айналмайды, соның нәтижесінде тұлғаның мінез- құлқында жағымсыз әрекеттердің пайда болуына жағдай туады. Ал қалыптастырушылық, жоғарыда аталған 3 қызметтің  орындалуымен байланысты. Сонымен қатар оқушылардың өздерін, өз өмірлерін  бағалауды дағдыға айналдыруын және топпен диалог құра білуін көздейді.

Сынып сағаты негізінен екі бағытта жүргізіледіБіріншісі, әдетте  өткен апта негізінде  сыныптағы оқушылардың үлгерім нәтижелері,  олардың сабаққа  қатысуы, тәртібі, оқуы, қоғамдық істері және бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы мәселелер. Оны ұйымдастыру тек сынып жиналыстары негізінде атқарылады. Екіншісі, әртараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар. Олардың қатарына қызықты  әңгімелер, кездесулер, пікірталас пен оқырмандар конференциясы, т.б. бағыттағы жұмыстарды жатқызуға болады.

Әдетте сынып сағаты аптаның бір күні өткізіледі, онда сыныптың нақтылы жағдайына және тәрбие жоспарына  байланысты ұйымдастыру формасы анықталады. Мысалы, сынып жиналысы, тақырыптық тәрбие сағаты немесе сыныптан, мектептен тыс жұмыс т.б. Соған орай  тәрбие сағаты мен сынып жиналысының  міндеттері, ұйымдастыру формалары және тәсілдері әр түрлі болып келеді. Тәрбие сағатының сынып жиналысынан ерекшелігі, талқыланып отырған мәселеге қатысты соңынан шешім қабылданбайды.

Сынып  сағаты- оқушылардың қабілетін    анықтаудан басталады. Бұған дайындық  барысында оқушылар сурет салады, альбом  жасайды, өткізу орнын  әзірлейді, жоспарын құрады, т.б. Әрине, тақырыптық тәрбие сағатын өткізу барысында, сынып жетекшісі оның тақырыбын, сыныптың  нақты жағдайын, оқушылардың тәрбиелік  деңгейін, олардың адамгершілік сапасының көлемін, көзқарасын, қызығушылығын, талап- тілегін  алдын-ала анықтап, белгілейді (сауалнама,  әңгіме жүргізу арқылы, зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша, т.с.с.)

Тәрбие сағатын дайындау және өткізу жұмыстарында әр түрлі  формалар мен әдістер және тәсілдер қолданалады: әңгіме, газет, журнал материалдарын оқып, соңынан талдау жасау, мамандардың белгілі бір тақырыптарға лекциялары, дөңгелек  стол өткізу, туындылармен танысу, оқушылардың өздері жасаған  шығармашылқ жұмыстары, т.б.

Сынып немесе тәрбие сағаттарын өткізуде жетекшілердің еске алатын негізгі  міндеті, осы істерге  оқушылардың өздерін  қатыстыру, оған олардың белсене араласуын, кез-келген оқушының тәрбиелік шаралар  барысында, яғни дайындау және өткізу кезінде  қалыс қалмауын қадағалау. Ол үшін оқушылардың өздерін қатыстыра отырып, оларға белгілі  бір бағытта нақтылы тапсырма  беріп, ақылдасып, кеңесіп отыру керек. Сондай –ақ, жетекші  сынып белсенділерімен алдын-ала  атқарылатын  тәрбиелік шаралар төңірегінде  әңгімелесіп, олардың  қорытындысын барлық оқушылармен бірге тұжырымдап, әрқайсысына  жеке – дара топтап тапсырмалар  беріп отыруы қажет. Сонда ғана ол қызықты, әрі табысты өтеді.

Сынып  сағатын өткізуде дайындық жұмыстарының  тәрбиелік  маңызы да ерекше. Онда оқушылардың жауапкершілігі мен ынтасы артып, ой-сезімін тәрбиелеуге ықпалын тигізеді. Сынып сағатын дайындау  және оны өткізу жеке басты қалыптастыруда бірыңғай тәрбиелік міндеттерді атқарады. Мұнда қайсыбіріне ғана баса назар аударуға  болмайды. Барлық кезең тәрбиенің  негізгі құралы болып табылады. Себебі, сынып сағатын дайындау барысында оқушылар оның материалдарын өз беттерінше іздеп – тауып, оған қатысты альбомдар, қабырға газеттерін шығарып, сыныпты безендіруге атсалысса, кейбір жекелеген топ оның мазмұны мен өткізу бағдарламасын жасайды. Мұндай тапсырмалар оқушыларды іскерлікке, тапқырлыққа  шыңдап, дағдыларын қалыптастырады. Білім дәрежелерінің артуына да оң ықпалын тигізеді.

Кейбір жағдайда мектеп көлемінде бір мезгілде бірнеше тәрбие шаралары белгіленеді. Осы орайда  кейбір сынып сағатының мерзімі  басқа уақытқа  өзгертіледі. Мұндай жағдай оқушыларда салғырттық  пен немқұрайдылық мінездің пайда болуына  әкеп соқтырады.

Бұдан шығатын қорытынды оқушыларды  тәрбиелеу процесі тек сынып сағатын өткізу барысында ғана емес, оның өн бойында, яғни оған дайындық кезеңінен, өткізу және одан кейінгі мерзім аралығында бірыңғай, біртұтас жүйеде атқарылатындығын естен шығармауымыз керек.

Тәрбие сағатында ең көп қолданылатын тақырып – адамгершілік тәрбиесі. Ол этикалық тақырыптарға арналған. Соған орай этикалық әңгімені ұйымдастыру: жолдастық және достық, әділеттік және әділетсіздік, қарапайымдылық пен озборлық, жомарттық және қатыгездік қасиеттеріне байланысты жайлар қаралады. Осы мәселеге қатысты өткізілген әңгіме оқушыларға жалпы  адамдық мораль ұстанымдарын жақсы ұғынуға, өмір тәжірибесін дұрыс  та нәтижелі қорытуға көмектеседі. Мұғалімнің  әңгімесі  оқушылардың жауап-пікірлерімен ұштасып отырады. Мұндай әңгімені, ең алдымен адамгершілік  ұғымдардың мазмұнын анықтап түсіндіруден бастаған жөн. Сонымен бірге әңгіме барысында адамгрешілк ұғымдарының мәнін түсінуге нәтижелі мүмкіндік туғызатын нақтылы мысалдар мен деректерді келтірген дұрыс.

Оқушылардың адамгершілік түсініктері және сенімдерін қалыптастыруда тәрбие  сағатын пікірталас  түрінде өткізудің  маңызы  ерекше. Әсіресе, қызықты кездесулер өткізілген тәрбие сағаты нәтижелі  болады. Дегенмен  де мұндай кездесу оқушылардың  қызығушылығын қанағаттандырып, тәрбиешінің  педагогикалық  ойын іске асырған жағдайда  ғана табысты болмақ. Сынып жетекшісі  кездесуді дайындау  барысында тәрбиелік жағдай туғызады: алдын-ала  шақырылған қонақпен әңгімелеседі, оған тәрбие сағатының  мақсатын, оның идеялық  бағытын, сынып ұжымының  ерекшелігін  түсіндіреді, оқушылар алдында  сөйлетін сөзінің мазмұны  мен формасы жайында кеңес береді. Сонымен қатар  кездесуге оқушыларды  да даярлайды, қызығушылығын оятып, шақырылған қонақ жайында құнды мағлұмат айтады. Кездесу өткізілетін  орынды безендіреді,  жоспарын жасайды.

 

Тақырыбы: Бастауыш мектеп оқушыларының ұжымын ұйымдастыру әдістемесі.

 

1.     Тәрбие ұжымы, оның мәні, белгілері.

Мектептегі  сынып жетекшісінің  тәрбие жұмысындағы  негізгі міндеті – оқушылардың жеке басын қоғамның талабына сай тәрбиелеу. Бұл міндетті орындау, әдетте  оқушылар  ұжымын қалыптастырудан басталады. Оқушылар ұжымы – оқушылардың жалпы мақсатпен және қоғамдық пайдалы бірлескен еңбекпен  топтасқан  тұрақты бірлестігі. Оқушылар ұжымына тән қасиет:  мақсаттылығы, ауызбіршілігі, белсенділігі, іскерлігі, жауапкершілігі.

Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлағанда оның басты, шешуші саласы балалардың  достығы жарасқан тату-тәтті, іскер ұжымын құру екендігін ұмытпауы тиіс. Оқушылар ұжымының  өмірін қызықты ұйымдастырмайынша, мектеп алдында тұрған міндеттерді орындау мүмкін емес.

Оқушылар ұжымын тәрбиелеудің маңыздылығы,  мектеп қабырғасынан шыққаннан кейін олар әртүрлі ұжымға тап келеді. Сондықтан да, олардың сынып және мектеп ұжымдарында жеке бастарының  қаншалықты үйлесіп, қалыптасуына байланысты оның кейінгі уақыттардағы психологиялық жағдайы  сәйкестенеді, кайсыбір  әрекеті нәтижелі болады. Сынып ұжымында бала өзінің  үлкендермен қарым-қатынасын тәрбиелейді. Соған орай ұжымдағы өзара қарым-қатынас жүйесі бір-бірімен байланысты іскерлік және достық жағдайында болып келеді. Олар негізінен  ұжым болып қалыптасу кезеңінің  алғашқы мерзімінен бастау алады. Аристотельдің айтуынша, адам  баласы қоғамның тірі организмі болғандықтан, тек қоғамда ғана ол өзінің табиғатын дамыта алады. Олай болса, ол қарым-қатынас жасау барысында өмір сүруге және ғылымға қатысты білімдерді алады. Әртүрлі әрекетке қатысты білік пен дағды қасиеттерін меңгереді, қоршаған ортаның тылсым құбылыстарын түсінеді және соған өзі де бейімделеді.

Сыныптағы оқушылардың өзара дұрыс қарым-қатынасы тұрақты көңіл-күйді, бір-біріне сенім мен сыйластықты  қалыптастырады. Дұрыс қарым-қатынаста ғана адамның өзін-өзі дамуына мүмкіндік туады. Ол үшін адамға қолайлы жағдай негізінен оқушының жолдастары арасында, өзара достық қарым-қатынаста мүмкін болады. Осындай қары-қатынастағы балалар тобын оқушылар ұжымы деп атауға болады.

Педагогика ғылымында балаларды ұжымда, ұжым арқылы тәрбиелеу идеясы 1920-1930 жылдардан бастау алып, бүгінгі күні  ол толық зерттеліп, мектеп тәжірибесінде  жүзеге асып отыр. Қазіргі қоғамдағы реформалау, нарық жағдайында  бұл идея жиі-жиі сынға ұшырап жүр. Ондағы негізгі себеп, ұжымдық қатынас тұлғалық ерекшелікті  басады, оның пікірін көпшіліктің пікіріне бағындырады. Соның негізінде тұлғаның белсенділігі азайып, ұжымға жалтақтау, яғни, конформизмнің тууына ықпал етеді. Демократиялық, жариялылық, тұлға дамуындағы еркіндік идеяларымен үйлеспейді деген  көзқарасты дәлелдейді. Мұндай көзқарас кейбір мектептердегі мұғалімдердің авторитарлық әрекетінен туындайды. Себебі, 80-жылдардың орта кезеңіне  дейін  мұғалімдер  оқушылардың нақты өмір жағдайына  қатысты қызығушылығын, талап- тілектерін ескермей, біржақты қатаң жүйемен оқу-тәрбие үрдісінде ұйымдастырып келді. Бүгінде жағдай бөлек. Көпетеген мұғалімдер педагогикалық әрекеттегі тұлғалық-бағдарлық  көзқарасқа  сай сыныптың көңіл-күйі мен психологиялық жағдайын жақсартуға  көңіл бөле бастады. Олай болса, нағыз оқушылар ұжымын қалыптастыруды  нәтижелі ұйымдастыру, мұғалімдермен өзара әрекеттесуінде ынтымақтастық сипат орын алған жағдайда ғана  өз жемісін берері анық.

А.С. Макаренконың тұжырымдауынша, ұжым – ол түрі әлеуметтік организм, онадғы даму, “қозғалыс- ұжымның өмір сүру формасы”, “тоқтау –оның өлу формасы”. Ұжымның ондағы әрбір мүшесіне ол – “тұлға әсер ету құралы”. Олай болса, ұжымның тәрбиелік  қызметі қызметі кең көлемді міндеттерді шешеді: а) қоғамдық маңызы бар ортақ мақсатты және соған сәйкес өзара әрекеттесу болашағын ойластыруды; ә) оның әрбір мүшесінің  өзара тіршілік  етуінде белсенді қатынасын қамтамасыз етуді; б) жоғарғы адамгершілік межелері  мен жалпы адамзаттық мәдени  құндылықтарды меңгеруді; в) оның жекелеген мүшесіне өзін-өзі дамытуға мүмкіндік туғызуға, ол үшін ұжымда жағымды көңіл-күйді қамтамасыз етуге, т.с.с.

“Ұжым”- латын тілінен енген ұғым. Ол бізге әртүрлі түсінікті ұғындырады:  жиылған жұрт, жиын, топ, бірлестік, т.с.с. Нақтылағанда – оны әрекеттің түріне байланысты адамдардың тобы деп түсінген дұрыс.

Дегенмен, қандай да бір топты “ұжым” деп айтуға бола ма? Қазіргі педагогикалық әдебиеттерде мұны екі түрде  түсіндіреді. Біріншісі, қандай да бір ұйымдасқан адамдар тобы, мысалы, өндірістегі еңбек ететін адамдар тобы, екіншісі, тек жоғары деңгейдегі ұйымдасқан адамдар тобы немесе бірлестік.

Оқушылар ұжымына келсек, оның өзіндік белгілері бар.

1. Жалпы әлеуметтік маңызы бар ортақ мақсаттың болуы. Мақсат қандай да болмасын топта болады. Мысалы, көлікке отырған жолаушыда, балалардың тұрғын жайындағы жолдастары ортасында, тіпті қылмыскерлер ортасында да болады. Ал, біз әңгіме қозғап отырған оқушылар ұжымына келсек, ондағы мақсаттың сипаты олардан тіпті бөлек. Ол қоғам және мемлекет тарапынан  қолдауға ие болып, басымдылық танытатын мемлекеттік идеология және заңдар мен Ата заңға қайшы келмей, солардың шеңберінде әрекет жасайды. Себебі, ондағы мақсат – міндетті түрде қоғамның мақсатымен сәйкес келеді. Мәселе,  адамның тағдыры үшін қандай мақсат нәтижелі, әрі дұрыс, соны айыра білуде.

2. Әрекет етуде өзара бірлескен іс-қимылдың болуы. Балалар ортақ мақсатқа жетуде бірлесе іс-қимыл жасайды. Ол үшін оның әрбір мүшесі бірлескен өзара әрекетке белсенді қатысуы міндетті.

3. Өзара қарым- қатынаста жауапкершіліктің болуы. Яғни, өзара әрекеттесу барысында оның әрбір мүшесінен  жоғары жауапкершілік талап етіледі. Соған сәйкес, ұжымның әрбір мүшесінің өзара ерекше қарым-қатынасы белгіленеді: көңіл- күйдегі әсерленушілікте, моральдік межеде, өзара пікір алмасуда, белгілі бір мәселеге қатысты бірыңғай ортақ көқарастың болуы.

4. Ортақ сайланған басқару ұйымының  болуы. Ұжымда демократиялық  қатынас орнайды. Соған сәйкес белгілі бір басқару ұйымы құрылады. Ол тікелей және ашық сайлау  негізінде қалыптасады.

Ұжымды қалыптастырудың жоғарыда  аталған белгілерінен басқа өзгешеліктердің болуы мүмкін. Бұл белгілер ұжымның ішкі қалыптасу құрылымы мен психологиялық жай-күйдің және оның әрбір мүшесінің бір-бірімен өзара қарым-қатынасының көрінісі немесе өлшемі ретінде сипатталады. Сондықтан жақсы ұйымдасқан ұжымда өзара көмек және өзара жауапкершілік, бір-біріне тілектестік, адал ниеттілік, сын мен өзара сын орнығады. Сонымен қатар еңбекке, қоғамдық пайдалы жұмыстарға, жолдастарына, тіпті, өзінің  міндетіне жауапкершілігі  мұқият қалыптасады. Татулық пен достығы  жарасқан ұжымда өзара қарым-қатынас жеке  бастың мүддесін қоғамдық мүддеге бағындырумен анықталады. Мұндай көзқарас белгілі бір әлеуметтік, объективтік және субъективтік құбылыстарға, ұжымның әрбір мүшесінің  айқын да сенімді қатынасының  қалыптасуына оң ықпалын тигізеді.

Мектеп ұжымы құрылымындағы ең тұрақты ұжым- сынып ұжымыү соның негізінде  оқушылардың  негізгі оқу  әрекеті  жүзеге асады. Тек сынып ұжымында  ғана  оқушылар  арасында өзара байланыс және қарым-қатынастың алғы  шарттары пайда болып, берік қалыптасады. Соның шеңберінде жалпы мектеп ұжымының іргесі қаланады. Олай болса, оқушылар ұжымы деп  ортақ әлеуметтік маңызы бар  мақсатта біріккен, соған сай белсенді әрекет ететін және ортақ сайланбалы ұйымы бар, барлық мүшелерінің  құқықтары мен міндеттері бірдей және өзара  жауапкершілікке негізделген оқушылар тобын атаймыз.

2. Балалар ұжымын қалыптастырудағы педагогикалық топтық іс-әрекет.

Оқушылар ұжымын қалай ұйымдастыруға болады? Оқушылар ұжымының күнделікті  ісі белгілі  бір сыныптағы балалардың басым көпшілігінің  мінез- құлқына, аңсары ауып  тұратын ісіне жауап беретіндей ұйымдастырылуы қажет. Тәрбие жұмысын осылай құру оқушының дүние тануын, рухани байлығын, моральдік тазалығын, дене тәрбиесінің  жетілуін, бір сөзбен айтқанда жас ұрпақтың  жан-жақты үйлесімді қалыптасуын қамтамасыз ететін тәрбиелік шаралардың белді саласы болып табылады.

Сынып  жетекшісі  оқушылар ұжымын құруда, олардың сапалы білім алуы мен саналы тәртібін қамтамасыз етеді. Саналы тәртіп болмаған жерде сапалы білім де болмайды. Саналы тәртіп – мақсатты тәртіп. Ол қоғамның мақсатымен ұштасады. Саналы тәртіпке тән сипат - өз мақсатын қоғам мақсатына, жеке бастың мүддесін ұжым мүддесіне бағындыра білу.

Оқушыларды саналы тәртіпке  тәрбиелеудегі негізгі міндет- білім алу мен оқу  әрекетінің  сапасын үнемі арттырып отыру. Сынып жетекшісінің бұл бағыттағы тәрбие жұмысы “Оқушыларға арналған ережелердің” мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету және пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, оқушылардың  жоғары үлгерімге жетудегі оқу әрекеттерін ұйымдастыру.

Оқушылардың оқу – тәрбие үрдісіндегі  әрекеттерін   жандандыруда сынып жетекшісі белсенділер тобына арқа сүйейді. Бұл сынып жетекшісің  ұжымды топтастырудағы атқаратын жұмысының маңызды екінші кезеңі. Снып белсенділері бір жағдайда қоғамдық тапсырмаларды  атқара алатын қабілетті балалар тобы. Олар – ұжымның ұйытқысы.

Сынып жетекшісінің шеберлігі дегеніміз- оқушылар ұжымының алдына қызықты мақсат қойып, ұжымдық уске ұйытқы бола білу. Әрі  оны  ұйымдастырудағы білімі мен қабілеті. Сынып белсенділері неғұрлым күшті болса, сынып жетекшісіне тәрбие жұмысын ұйымдастыруға соғұрлым жеңіл болады. Оқушылардың ынтымағы жарасқан іскер ұжымын ұйымдастыруда, олардың жоғары адамгершілік қасиеттерін  қалыптастыру қажет. Ол үшін оларды ұстамдылыққа, сенімділікке  тәрбиелеу керек.

Бұл тұрғыда, сыныпта қоғамдық пікірді орнықтырудың маңызы  ерекше. Оқушылар  арасындағы қоғамдық пікір өздеріне деген шынайы ортақ көзқараста, оқу әрекеттері мен қоғамдық жұмыстарының  сапасын бағалауда, әділ сын мен өзара сын орын алғанда, жекелеген оқушының жағымсыз қылықтарын сынып атлқысына салып отырған жағдайда ғана қалыптасады.

Қоғамдық дұрыс пікір орныққан сыныптарда  жолдастырының  оқу-тәртібіндегі кемшіліктерін оқушылардың өздері-ақ талқыға салып отырады. Демек ұжымдық талқылау, бағалау, жариялылық, әрекеттік, қоғамдық пікіпдің негізгі ерекшелігі. Қоғамдық пікірдің ұйымдастырушылық, ынталандырушылық мәнін  жоққа шығаруға  болмайды.

Ұжым өмірін қызықты етіп ұйымдастыруда жақсы  дәстүрлердің тәрбиелік  мәні ерекше. Дәстүр оқушылар  ұжымының өмірін, белсенділігін  нығайтады және дамытады. Дәстүр – бұл жақсы әдеп-ғұрып, ұжым өмірінде орныққан істің  жағымды тәжірибесі. Мектеп өмірінде қалыптасқан жақсы дәстүрлер көптеп кездеседі. Егер мектеп  жағдайына келетін болсақ, олар мыналар: соңғы қоңырау, алтын күз мейрамы, жаңа жыл шыршасы, махаббат күні, көркемөнерпаздар байқауы, спорттық жарыстар, мейрам күндерін тойлау, Наурыз мерекесін атап ету, көрмелер ұйымдастыру,  денсаулық  күні, т.б.

Сынып жағдайына келсек, оқушылардың белгілі  бір сыныпта өз шежіресін жүргізу, туған күндерін атап ету, алыс немесе жақын шетелдердегі достарымен хат алысу, қарттарды қамқорлыққа алу, қысқы және жазғы демалыс кездерінде  туристік саяхат жасау, т.б. дәстүрлер бар.

Сынып жетекшілері дәстүрлі шараларды өткізгенде  оқушылардың өздерінің  белсенділіктері  мен іскерліктеріне сүйеніп, қалыптасқан жақсы  дәстүрлерге  ұқыпты қарағандары жөн. Оларды сырттай  тануға болмайды. Ондай жағдайда оқушылар  тарапынан  қолдау таппайды. Дәстүрлерді оқушылар  қолдаған жағдайда  ғана сақталап, дамып отырады.

 Мұндай шараларды өткізу және ұйымдастыру барысында оқушылардың  ата-аналары  тарапынан оңы қолдау немесе оларға қатынасуларының тәрбиелік  маңызы ерекше. Мысалы, балалармен бірге туристік жорыққа шығу, спорттық  жарыстарға қатысу (“Мама, папа және мен” ойыны), тәрбие  сағаттарын бірлесе өткізу, т.б. 

Өмір жағдайына байланысты дәстүрлердің түрі, сипаты, мазмұны өзгеріп, толығып, жаңарып отырады.

Оқушылардың санасы мен белсенділіктерін арттыру, оларды қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатыстыру, тапсырмалар берудің ықпалы мен тәрбиелік мәні зор. Қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындау барысында оқушыларда жауапкершілік  пен іскерлік қасиеттерді қалыптасады. Бұл үшін сынып жетекшісі  оларды қоғамдық жұмысқа  мүмкінігінше көбірек тартуға тырысқаны жөн. Қоғамдық жұмыстарды атқару барысында жекелеген оқушылардың қабілеттері мен жеке басының ерекшеліктерін танып білуге мүмкіндік туады. Екіншіден,  қоғамдық тапсырмаларды орындау барысында балалардың бір-бірімен араласуы, оны отқаруға деген ынтасы артып, өзара тез тіл табысып кетуі мүмкін. Қандай да бір жаңа іс табысып кетуі мүмкін. Қандай да бір жаңа іс сынып  өміріне қозғау салып, оның мазмұнын да жарқын етеді. Сондықтан да сыныптың әрбір мүшесі белгілі бір тапсырманы өзінің шамасына қарай орындауы керек.

Оқушылар ұжымын қалыптастыруда оның жекелеген мүшелерінің өзін-өзі тәрбиелеуі маңызды. Өзін-өзі тәрбиелеу баланың белгілі бір нақты мақсаты мен көздеген саналы әрекетінің нәтижесі. Ол үшін балада міндетті түрде қоғамдық - әлеуметтік мотив болуы керек.

Оқу – тәрбие жұмысының барысында оқушылардың сана- сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету ө сынып жетекшісінің негізгі міндеттерінің бірі. Ол әрбір оқушының білімге, өнерге қызығушылық  ынатсын, спорт ойындарына  құштарлығын анықтайды, өзін-өзі тәрбиелеуге сай осы бағыттағы жұмыстарын ұйымдастырып, ақыл-кеңес беріп отырады. Оқушылардың мәдени ой-өрісін кеңейтуде, құштарлығын және білім сапсын арттыруда олардың бос уақыттарында әдеби көркем шығармаларын оқуға дағдыландыру қажет. Сынып жетекшісі  мектеп кітапханашасымен  ақылдаса отырып, қай оқушыға қандай  кітаптарды оқу қажеттігі туралы кеңес беріп, оны таңдауға, оқу дағдысын игеруіне көмектеседі. Жақсы көркем шығармаларды сынып болып талқылайды. Оқушылардың ата-аналарына сыныптан тыс оқуды ұйымдастыру  туралы кеңес беріледі.

Көркем шығармаларды аз оқитын оқушыларға  үнемі көңіл бөлу қажет. Көбінесе, сондай оқушылардың оқыған кітаптары бойынша әңгіме ұйымдастырып,олардың қызығушылығын арттырып отыру міндетті.

Өзін-өзі тәрбиелеу жұмыстары барысында оқушылардың театрға, киноға, мұражай және көрмелерге  барып тұрулары мен оның нәтижесін ұжым болып талқыға салуды дәстүрге айналдырудың да маңызы ерекше. Табиғатқа және өндіріс орындарына  жорықтар жасап, еңбек және соғыс ардагерімен, өнер қайраткерлерімен қызықты кездесулер, кештер ұйымдастырудың да тигізер пайдасы зор. Атақты адамдардың үлгі-өнегесінде тәрбиелеу – оқушылардың сана-сезімін, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың басты құралы. Қоғамыздың бүгінгі таңдағы жаңаруы  мектеп өміріне де өз ықпалын тигізуде. Сондықтан сынып жетекшілері оқушылар ұжымын жақсы тәрбиелеуде бүгінгі қолы жеткен табыстармен шектелмеуі қажет. Жаңа  жағдайға бейімделіп, жаңа білім, тәжірибелер жинақтап оқушылар өмірін қызықты ұйымдастыруға, дәстүрлі тәрбие мәселелеріне айрықша мән берулері керек.

 3. Оқушылардың жеке басы мен сынып ұжымын зерттеудің әдістемесі.

Психологиялық – педагогикалық диагностика – оқу –тәрбие  процесін оптимизациялау  тиімділігін арттыру мақсаты мен оқушыларды  жеке-дара психологиялық ерекшеліктерін сипаттамасын зерттеуге бағытталған бағалау практикасы.

Тәрбие жұмысы педагогикалық диагностикадан  басталады. Кезінде ұлы педагог К.Д. Ушинский айтқандай, оқушыға жан-жақты тәрбие беру үшін, оны жан-жақты зерттеп білу керек. Сондай – ақ, әрбір тәрбиеші қажетті диагностикалық  (айқындау) әдістерді, ұжымның ерекшеліктеріне сәйкес таңдап алуы керек. Осы жауапты және күрделі істі жүзеге асыруда сынып жетекшісіне  мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары көмектесуі әбден қажет.

  Оқушылардың жеке басы мен сынып ұжымын зерттеудің әдістемесі. Оқушының жеке басы мен сынып ұжымының дамуы туралы психологиялық-педагогикалық білім алу үшін көптеген әртүрлі тәсілдерді қолдану керек. Ең алдымен сынып жетекшісі, оқу-тәрбие меңгерушісі, сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерімен әңгімесулері қажет. Содан кейін, алғанмәліметтерді талқылап, қорытындылайды.

Негізгі мәліметтерді сынып жетекшісі сол кластағы оқу-тәрбие, сыныптан тыс жұмыстар барысында алады. Ол үшін бақылау, сауалнама жазбаларын, әңгімелесу және социометриялық әдістерді қолдануға болады.

Бақылау әдісі

Міндеті: Белгілі бір сынып шараларын дайындау /нақтылы/, өткізу барысында /жиналыс, кеш, мәдени жорық, кездесу т.б./ оқушылардың белсенділігін, ұйымшылдығын, іскерлігін анықтау.

Бақылау жағдайы: Оқушылардың мектепте және мектептен тыс әрекеттері негізінде атқарады.

Жоспар мазмұны:

1.     Шараны өткізу туралы бастаманы кім көтереді?

2.     Сыныптағы барлық оқушылар бұл ұсынысты қабылдады ма?

3.     Шараны дайндау және өткізу барысында оқушылар арасында міндеттерқалай бөлінді?

4.     Сынып жетекшілердің негізгі рөлі қандай болды /староста және т.б./?

5.     Ресми емес лидердің рөлі қандай болды?

6.     Шараны дайындау және өткізу барысындағы оқушылардың нақтылы қатысы қалай болды /тапсырған жұмыстарды орындауы немесе одан бойды аулақ ұста, жалтару болса оның себептері /?

       7. Қандай қиыншылықтар болды және оларды қалай жеңді?

     8.Атқарған шараларға талдау жасалды ма? Оларға қандай қорытынды жасалды?

9.Сынып жетекшісінің байқау барсындағы ұстанған жолы /араласып, кірісіп кетуі немесе сырттан бақылауы/

     Нақтылы жағдайға байланысты жоғарыда көрсетілген бағдарламаны сынып жетекшісі толықтырып отыруы мүмкін. Егерде бақылау барысында сынып жетекшісіне басқа тақырыпта бақылау жүргізу қажеттігі туса, онда ол, жоғарыда көрсетілген бағдарлама нұсқасына сай өзіндік жоспар құрып, оны іс жүзіне асырауына болады.

          Әңгіме әдісі

          Әңгіме дайындау барысында сынып жетекшісі сынып ұжымын зерттеуге арналған бағдарлама негізінде және оған қатысты ақпар алу мақсатын көздей отыра, жан-жақты сұрақтар тобын әзірлеуі қажет. Мысалы

1.Сендердің сыныпта көп уақыт аралығында бәріңізге ортақ атқарып жүрген істер бар ма? Бар болса, оларды атаңыз. Оған сіздің қатысыңыз қандай?

2.Сендердің сынып иішінде Б. көпке әйгілі. Көптеген оқушылар онымен достасқысы келеді. Сен қалай ойлайсың, оның себебі неде?  

3.Менің байқауымша сендердің сыныпта К. Онша белгілі оқушы емес.Себебі не?

4.Сендердің сыныпта оқушылар арасында жанжал болып тұра ма? /айтыс/ боқтасу /жәбірлеу т.б./ Не себептен олар туындайды? Соған мысал келтірңіз?

5. Сенің біреумен жаман қарым-қатынаста болатын кезің бола ма? Болса оның себебі неде және ол қай кезде болды?

6. Сендерге сынып жиналысы болып тұра ма? Онда тәртіп, үлгерім, тапсырманың  орындалуы жайлы мәселелерді қарайсындар ма? Тәртіпті бұзған, нашар оқитын, берілген тапсырманы орындамай жалтаратын оқушыларды сынайсыңдар ма?

7. Оқушылар сынға қалай қарайды? Одан қорытынды шығара ма? Болмаса сыннан кейін сендерге өкпелепқала ма?

          Ескерту: Әңгіме мазмұнын күнделікке жазып отыру керек. Оқушының оны байқамағаны жөн /оны әңгіме соңынан жасау қажет/. Оқушылармен әңгіме жүргізу уақыты шектелмейді.

          Сауалнама жүргізу

Мұғалім сауалнама жұмыстарының көмегімен бағдарламаның қай бөлімін зерттеп білу қажеттігін алдын- ала анықтауы қажет. Сұрақтардың сипаты мен сауалнама құрылымы осыған байланысты болып келеді.  Сауалнаманы құра отыра оның көңіл аударатыны- сұрақтардың қысқа немесе көлемді жауаптары, немесе оларға  алдын- ала дайын жауаптардың  әзірлені, оқушылардың олардың  біреуін таңдауы.

«Тапсырылған іске жауапкершілік деңгейі» тақырыбына арналған сауалнама сұрақтарының үлгісі:

1. Жауапкершілік дегеніміз не?        

2. Сенің қасыңдағы барлық оқушылар өздеріне жүктелген тапсырманы орындай ма?

3. Сен қандай адамды жауапкершілігі жоқ деп ойлайсын? Сенің қасыңда ондай оқушылар бар ма?

4. Өз жолдастарыңның қандай істеріне көбінесе риза емессің ?

5. Оқушылардың өздеріне тапсырылған жұмыстарын, немесе осыған қатысты уәделерін әрқашанда орындау  үшін сен оларға не ұсынар едің?

Сауалнама жұмысына жеке- дара немесе оқушылардың барлығы мен бір мезгілде жүргізуге болады. Олардың жауаптарын талдап, қорытынды шығару керек. Сауалнама жұмастарының нәтіжесіне сай,  пән мұғалімдерінен де қосымша мәліметтер алуға болады.

Сауалнама жұмыстары бойынша алынған мәліметтерді талдау және қорытындылау барысында, оларды күнделікке жазып отыру қажет.         

Социометрия әдісі

Бұл әдіс негізінде сынып ұжымының өзара қарым- қатынасын зерттей отыра, оқушылардың жалпыға танымал немесе танымал еместігін, сонымен қатар сыныптағы шағын топтардың барын анықтауға болады.

Сынып жетекшісіне социометрия әдісін қолдану барысында (жылына екі рет атқару) жалпы сынып ұжымы және жекелеген оқушы жайлы құнды деректер алуына мүмкіндік туады: оқушылар арасында белсенділер кім? Оқшауланған оқушы бар ма? Кімдер бір- бірімен дос болуды қалайды? Ұлдар  мен қыздардың қарым- қатынасы қандай дәрежеде? Сынып ұжымы қаншалықты топтасқан, соған сәйкес тапсырмаларды қалай бөлуге және кімдерге беруге болады? Сыныпта өзара көмекті қалай ұйымдастыруға болады?    т.с.с.

Социометрия әдісі бойынша эксперимент жүргізуге болады.

Сынып оқушыларына бір парақ қағаздар таратылады. Әр оқушы парақтың жоғарғы бұрышына өзінің аты - жөнін, ал оның төменгі жағына, бір- бірінің астына 1,2,3 деген сандар жазады. Содан кейін төмендегідей сұрақтарды қоюға болады. Мысалы: өз сыныптарының ішінде сен кіммен бірге жұмыс істегің /демалғың, ойнағың т.б./ келеді?

Оқушы өз кластарының ішінен 2  оқушының таңдайды да, жоғарыда келтірілген сандардың тұсына рет- ретімен қондырады. Толтырылған парақ беттерін жиып алып, оларға талдау жасайды. Оқушылардың толтырған парақ беттері әліпбилік тәртіппен орналастырып, жеке- жеке номерленеді.

Оқушылардың жауаптары негізінде матрица жасалады. /богословский В. В. ,т.б. Жалпы психология. 1980, 87 –бет, 12- сурет/. Ол төмендегідей тәртіппен жасалады. Оқушылардың аты- жөні матрицаның сол жақ графасына алфавиттік тәртіппен орналастырылады. Жоғарғы жағына олардың реті мен нөмірлері қойылады. Парақ беттеріндегі мәліметтер матрицаға дұрыс таңдау белгісі бойынша тиісті клеткаға қондырылады, ол өзара таңдау белгісі бойынша көрсетіледі.

Парақ беттеріндегі бәрлық мәліметтер матрицаға қондырылып болғаннан кейін, әрбір оқушының таңдауларының саны есептеледі, оның қорытындылары әрбір бағананың төменгі жағында көрсетіледі. Таңдаудың жалпы саны оқушылардың сыныпта қаншалықты танымал екендігін анықтайтын көрсеткіш болып табылады.

Матрица (ұяқалып).  Ол былай жасалады:

Жоғарыда көрсетілгендей торкөз жасалынады да оның жоғары сол жақ бұрышынан төменгі оң жақ бұрышына қиғыш сызық /диагональ/ жүргізіледі, /13- сурет/. Оқушылардың аты- жөні олардың реттік саны алдын- ала торкөздерге енгізілмейді. Бірінші ұяқалыптан өзара көп таңдау жасаған кез келген оқушыны бөліп алады да, оның аты жөні және реттік саны ұяқалыптың бірінші жолына жазылады және сондай реттік сан торкөздің жоғары шатыраштарына көлденең қондырылады. Содан кейін бірінші ұяқалыптан жоғарыда көрсетілген оқушының өзара таңдауда кімдермен болды, соларды бөліп алып, олардың аты- жөнін ұяқалып жолдарына енгізіп, реттік сандарын сақтай отыра тік және көлденең түрде шатыраштарына қондыру керек. 2- таңдау белгісіде олардың тұсына қажетті торға қондырылады. Егерде ұяқалыптың бірінші жолдарына енгізілген оқушының өзара таңдау белгісі басқа оқушылармен болмаса, онда келесі, екінші жолдағы оқушының өзара таңдауын іздестіріп бірінші ұяқалыптан бөліп алып жоғарыда келтірілген тәртіппен екінші ұяқалыпқа қондырылады.

Өзара таңдау осындай  тәртіппен аяқталғанша жүргізіледі.

Өзара таңдауы жоқ оқушылар ұяқалыпқпа, соңына орай енгізіледі. Өзара-, +белгісі диагональ сызығының бойына жағалай орналастырылады. Белгіленген топты қалың сызықпен астын сызып белгілеу қажет, соның негізінде квадрат пайда болады. өзара таңдаудың қорытындысында шағын топтар пайда болады.

Алуан түрлі әдістерді пайдалану негізінде алынған деректер талданып, қорытындыланып оның нәтижелері жазба түрде мінездемеде көрсетілуі қажет. 

Дұрыс және өзара таңдау әдісі туралы материалды мына әдебиеттен қараңыздар: Практикум по общей психологии /Под редакцией А. И. Щербакова, Просвещение, 1990, 84-88- беттер/. Жалпы психоллогия. Мектеп. 1980. 87-95- беттер аралығы.

Эксперимент әдісі

Мектептегі барлық оқу- тәрбие жұмысы мұғалімдер үшін тәжірибе орны болып табылады. Әрине, егерде мұғалім өзінің педагогикалық жұмысына тек пән мұғалімі ретінде ғана емес, сонымен қатар зерттеуші ретінде де қарауы керек. Оны ұйымдастырудың негізіне:

-зерттелетін мәселенің мақсатын, нысанасын анықтау, міндеттерін      белгілеу;

- зерттелетін мәселені педагогикалық және психологиялық тұрғыдан танып білу(теориялық әдебиеттерді, әріптестеріні және мектептің іс- тәжірибесін);

- солардың негізінде жалпы тәрбие және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;

- зерттеу жұмыстарының нәтижесін практикаға енгізу, олардың тиімділігін анықтап,  тәрбие процесіне түзетулер енгізу;

- зерттеу жұмыстарының барысы мен нәтижесін жазып, оны талдап және салыстырып отыру.

Оқушының жеке басын танып білуге арналған үлгі.

Жалпы нұсқау. Педагогикалық практика кезінде оқушының жеке басын танып білу көптеген нақтылы материалдың болуын қажет етеді .Сондықтан осы үлгі негізінде қалауыңызбен оқушының жеке басын танып білуге арналған талдаудың бір бағытын лайықтап таңдап алыңыз.

Психологиялық-педагогиялық мінездеме жеке басты танып білу төменде көрсетілген сұрақтарды терең талдаған жағдайда ғана мүмкін болады.

1.Оқушының оқу, еңбек және қоғамдық әрекеті.

2.Оқушының жеке басының бағыты және арнайы қабілеті.

3.Темперамент және мінез ерекшеліктері.

Оқушының жеке басын танып білуге қандай бағыт таңдалдаса, алдымен оқушы жайлы жалпы мағлұмат пен мектепке қатынасын және оқушылар коллективімен өзара қарым-қатынасын анықтау қажет.

Жалпы мағлұмат

І. Оқушының аты-жөні, туған жылы, денсаулығы, отбасындағы тұрмыс тіршілігі, үлкендермен қарым-қатнасы, отбасы тәрбиесіндегі негізгі бағыттың дұрыстығы.

ІІ. Мектепке қатынасы және оқушылар ұжмымен өзара қарым-қатнасы:

1. Класқа жалпы мінездеме /оқушылардың жетілуі, тәрбиелігі дәстүрлер мен класс ұжымына талап деңгейі т.б. /

2. Ұжымдағы жағдай /беделі, жауапкершілігі, іскерлігі және олардың көрінісі /.

3. Класқа қатынасы /оны жақсы, немқұрайды немесе жек көреді, ұжым пікірін бағалауы, кіммен дос және неге негізделген, балалармен жиі ренжісе ме, болса оның себебі неде? /

4. Ұжымдағы өзінің жағдайына қанағаттана ма, немесе қандай жағдайда болғысы келеді?

5. Мектепте болған кезін бағалай ма, ондай жағдайда негізінен нені бағалайды ?

6.  Тәрбиешілер мен мұғалімдерге қатынасы /оларды жақсы көре ме, сыйлай ма, олармен қарым-қатынас жасай ма? т.б. /.

Оқу әрекеті

1.     Үлгерімі, пәндерге ықыласы мен қызығушылығы, білім деңгейі.

2.     Ой өрісі, көп оқығандығы

3.     Тіл байлығы /көркем сөйлеуі, сөз қоры, өз ойын бейнелі әрі көркем жеткізе білуі/

4.Оқуға қатынасы мен білімге қызығушылығы /ынтасы, қай пәнге ықыласы жоғары, бағаға көзқарасы, оқу әрекетінің негізгі уәжі т.б. /.

         5.  Оқу қабілеті:

·       Зейін ерекшелігі /зейіннің ырықты даму дәрежесі, оның шоғырлануы, тұрақтылығы бөлінуі/;

·    оқу материалын ұғынып, байыптап, саналылықпен қабылдауы.Ұғыну қарқыны;

·     есте сақтаудың дәрежесімен сипаты /түсінбей ықтиярсыз немесе ұғынып, саналы жаттап алу ықтиярлы есте сақтаудың т.б. жеке –дара ерекшеліктері/;

·    ойдың дамуы /құбылыс пен зақтың негізгі және қосалқы көрінісін айыра білуі. Жалпы және дерексіз /абстракция/ ұғымын меңгеруі, өз бетінше талдауы, салыстыра қорытынды жасауы, шешімнің жолдарын тез арада таба алуы/;

·    қиялдың дамуы /әртүрлі оқу әрекетіндегі қиялдың шығармашылық және қайта жасау бейнелерінің көрінісі/.

Оқу әрекетіндегі  ынта-жігері.

Оқи білуі /күн тәртібін сақтауы, жинақылығы кітаппен өз бетінше жұмыс жасауы, оқу материалын жаттап алуы, өзін-өзі бақылауы, жоспары, конспект құра білуі т.б./. 

Еңбек әрекеті  /оқу еңбегі, мектепте және үйде /

1. Еңбекке қатысы /ыждағатты, ыждағатсыз көңіл бөлуі өз пайдасы үшін ынтыға ма? Еңбек етуге құштарлығы және оны нақты не нәрсе қызықтырады: еңбек процесі, жасаған істің салас, белгілі бір дағдыны меңгеруі т.б./

2. Еңбек дағдысы мен шеберлігін меңгеруі.

3. Еңбек процесіндегі жауапкершілігі мен тәртібі.

4. Ұзақ еңбек дағдсына машықтануы.

5. Еңбек әрекетінің түрін қалауы.

         Жеке бастың бағыты және арнайы қабілеті

1.   Қызығушылығы  /не нәрсеге қызығады, бәрін көрсету: қызығушылығының сипаты, оқуды ұната ма, ұнатса нені оқитындығын толық баяндауы: көркем шығарма, ғылым көпшілікке арналған немесе  көңіл көтеруге арналған мақсатта оқылатын әдебиеттер/.

2. Сенімі, арманы. Мінезінде асқақтық байқала ма?

3.  Қайсыбір әрекетінде қабілеті ерекше /ән- күйге, сурет салуға, әртістік т.б./

4.Нені армандайды және келешекте не істеуге ниет  етіп жүр / 6- шы кластан бергі арманын мінездеме көрсету/.

Тәртібі

1.    Мінез- құлқына сипаттама /өзін байсалды, ұстамды ұстай ала ма, немесе артық қимыл көрсете ме/.

2.    Мектеп ережесін орындауы /тәртіпті сақтайды, әдейілеп немесе байқамай бұзады, бөлінген уақытқа сиғыза алмайды т.б./

3.    үлкендердің талабын орындауы шын ниетпен немесе зорлықпен: оларды орындауда жиі қарсылық көрсете ме, атап айтқанда олар қандай/. Тәртіп бұзу түрін көрсету.

Темпераменті мен мінезіндегі ерекшеліктері

1.     Мінезіндегі оң және теріс келбеті:

·        адамдарға, оқуға, еңбекке, тіпті өзіне бағытталған мінезіндегі ерекшеліктері;

·        қайрымдылығы, кішіпейілділігі, ұйымшылдығы, өзімшілдігі, жауапкершілігі, қарапайымдылығы, тәкаппарлығы, ұстамдылығы, дөрекілігі, қызбалығы, қызғаншықтығы, күйгелектігі, сылбырлығы, менмендігі;

·       мінезіндегі жігер- келбеті /қайсарлығы, дербестігі, қиқарлығы, тез иланғыштығы/;

2.     Темперамент ерекшелігін көрінісі / әсерлену, қызығушылық           өрісі, еңбекқорлығы, алғырлығы, ептілігі, ширақтығы, көпшілдігі/.

3.      Көңіл- күй көтеріңкілігі / ақжарқын, көңілді, жабырқанқы, солғын т.б./.    Оның  тұрақтылығы. Көңіл- күйінің өзгеруіне  қандай жағдай әсер етеді.

                   Жалпы психологиялық- педагогикалық қорытынды

1. Оқушының жеке басының қалыптасуындағы негізгі жетістік пен кемшіліктер. Оның ақыл- ой деңгейінің дамуын / төмен, орташа, жоғары/ және адамгершілік тәрбиесінің  сапасын анықтау. Кемшіліктері болса оның себебін /ішкі немесе сыртқы/ көрсету. /Отбасының жағдайы, денсаулығы, белгілі бір қабілетінің жоқтығы, жұмыс дағдысының нашарлығы т.б./. 2. Мұғалімнің алдында тұрған негізгі психологиялық- педагогикалық міндеттерді және келешекте оқушылармен атқарылатын тәрбие жұмыстарының бағыттарын анықтау.       

Сынып ұжымын зерттеудің және оған мінездеме құрастырдың шамамен алынған үлгісі. Жалпы нұсқау. Мұғалімнің өзі жұмыс істейтін сынып ұжымын зерттеп, оған психологиялық мінездеме жазуы міндетті шара. Сынып ұжымының қалыптасуы бірнеше даму сатысынан өтеді. Сонымен қатар, оның қалыптасуы, дамуы ішкі және және сыртқы факторларға байланысты. Сынып ұжымының топтасуы және дамуы көбінесе мұғалім- ұстаздың тікелей қатысуымен және солардың ықпал етуіне байланысты болады. Мұндай жағдайда олардың жауапкершілігі зор, әрі қиын болып келеді. Себебі, ол, бір жағдайда ұжым мүшесі, екінші жағдайда ақылшы болса, ал үшіншіден- оларды бақылаушы да болып келеді. Мұғалім сынып жетекшісінің міндеттерін атқаруды өзіне бекітіп берген сыныпта жүргізеді. Сондықтан, бұл жұмыстың нәтижелі болуы көбінесе оның сынып ұжымын қаншалықты жетік білуіне байланысты: оның құрамын,ұйымдастыру құрылымын, әрекет мазмұнын, қалыптасқан дәстүрлерін, берік топтасқандығын және басқадай тыныс тіршілігін білумен қатар, олардың даму дәрежесін де анықтайды.

          Сынып ұжымын зерттеу жұмыстарын мына төменде көрсетілген бағыттар бойынша жүргізгені дұрыс болады.

1.Сынып жайында жалпы мағлұмат.

2.Сынып құрылымы.

3.Ұжымның іс-әрекеттері және оларды орындау барысы.

4.Ұжымның даму дәрежесі.

5.Жалпы қорытынды.

Жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша төмендегі бағдарламаны ұсынамыз:

1.Сынып жайында жалпы мағлұмат.

Қай сынып, мектеп, аудан. Оқушылар саны қанша /ұлдары, қыздары/, жастары. Қай уақытта құрылған. Сынып жетекшісінің ауысуы немесе тұрақтылығы қандай дәрежеде?

2. Сынып құрылымы.

Сынып активі. Сынып старостасы  және оның жұмысының сапасы; сыныптың басқа белсенділеріне қысқаша сипаттама /бастамалары, дербестіктері, табандылық, қайсарлықтары, өздері мен басқаларға талап қоюшылықтары, жолдастары арасындағы беделдері, ұйымдастырушылық қабілеттері, басқа оқушыларға қамқорлықтары, қоғамдық пікірге қатынастары т.б./.

Қатар бағыну жүйесі.

Бейресми құрылымы: бейресми жетекшілердің бар болуы, олардың сынып ұжымына ықпал дәрежесі немесе сынып белсенділерінің оларға қарым-қатынасы. Ресми және ресми емес құрылымның арақатысы /үйлесүі немесе үйлеспеуі/. Санда бар, сапта жоқтардың болуы және олардың себебі мен оларға    жолдастарының қарым-қатынасын жақсарту жолдары.

Сынып ұжымындағы шағын топтар, олардың пайда болу уақыты және өмір сүру жағдайы. Сынып ұжымының мектеп ұжымы және басқа сыныптармен байланысы.

Сынып жетекшісінің жеке тұлғасы және оның сынып ұжымына ықпалына: білім дәрежесі, жалпы мәдениеті, ұйымдастырушылық қабілеті, мектеп оқушыларының психологиясына сай білім деңгейі, басқару тәсілі, сынып ұжымының оған қарым-қатнасы, оның оқушылар арасындағы беделі.

ІІІ. Ұжымдық іс-әрекеттері және олардың орындалу барысы:

· оқу әрекеті /тәртіптері мен үлгерімдері жайлы сипаттама, сыныптың жоғары үлгерімге күресу, сынып жетекшісінің үлгерімді,и активі, сыныпты бақылауы. Оқу әрекетіндегі олардың тәртібі / сабаққа қатысы, үй тапсырмасын орындаулары т.б. /оқу әрекетіндегі жағымсыз кезең / шпаргалка қолдануы, сыбырлап айтып қоюы, біреуден көшіріп алуы /;

· ұжымның сабақтан тыс өмірі :күнделікті саяси оқиғаларға, өнерге, музикаға, әдебиетке, спортқа, бизнеске, дискотекаға, олимпиадаға, пікірсайысқа, кездесулерге ықыластары және оның көрініс формалары. Киноға, театрға баруы мен оларды талдауы т.б. Мектептің тыныс тіршілігіне араласуы;

· қамқорлық жасаушы мекемелермен байланысы, ата-аналар қауымының сынып ұжымына ықпалы.

ІУ. Сынып ұжымының даму дәрежесі.

· сыныпта сын, өзара сынның болуы, оған оқушылардың қатынасы, көзқарасы. Сыныпта дау, жанжалдың болуы, оларды болдырмау немесе шешу жолдарын анықтау;

· жеке оқушылар арасында достық, жолдастық қатынастарды көрсету;

· сынып ұжымы әрекетінің құрылымы мен мазмұнының өзгеруі, тұрақтылығы, оның даму дәрежесі.

У. Жалпы қорытынды.

Сынып ұжымындағы көңіл-күй жағдайы /сергек, жарқын, қызықты, шиеленіскен, жүйке шаршағандық т.б./. Тәртіптілік сипаты. Ұжым өмірі мен оның әрбір мүшесінің өзара қарым-қатынасын ұйымдастырудағы негізгі кемшіліктер және оларды болдырмау, жою жолдарын анықтап көрсету.

Әдебиеттер

1.     Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Алматы, Дарын 2004

2.     Р.М.Қоянбаев, Қ.Т.Ыбырайымжанов. Жалпы бастауыш бәілім беру педагогикасы. Түркістан 2005

3.     Сергеева В.П. Классный руководитель: планирование и организация работы отА до Я М.: 2001

4.     Поляков С.Д. Технология воспитания. М.: 2003

5.     Селиванов В.С. Основы общей педагогики, теория и методика воспитания.М.:2000

6.     Байкова Л.А., Гребенкина Л.К., Еремкина О.В. Методика воспитательной работы. –М: «Академия» 2002

7.     Рожков М.И., Байбородова Л.В. Теория и методика воспитания.М.: 2004

8.     Рожков М.И., Байбородова Л.В. Организация воспитательного процесса в школе: Москва, Владос 2001.

9.     Қалиев С. Майғаранова Ш., Бейсенбаева З., Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Алматы 1999

10. Щуркова Н.Е. Программа воспитания школьника. М.,2001

11. Максимов В.Г. Педагогическая диагностика в школе. Москва 2002

12. Тәжібаева С.Ғ. Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырудың технологиясы. Алматы. «Ғылым» 2003

13.     Болдырев Н:И.Сынып жетекшісі. – А.,1980.

14.     Жұмабаев Ә. Ата-аналар жауапкершілігі. –А., 1977

15.     Капралова Р. Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмысы, -А., 1973.

16.     Керимов Л. Қиын бала және оны қайта тәрбиелеу .- А.,1990

17.     Макаренко А.С Ата-аналар кітабы. –А.,1985.

18.     Оқушылардың тәрбиелеудің үлгі мазмұны .-А., 1978

19.     Арнаутова Е.П., Иванова В.М. Общение с родителями: зачем? – М.,1993

20.     Гаврилова Т. П. Учитель и семья школьника .- М., 1982

21.     Заслуженюк В. С.Родители и дети. Взаимопонимание или отчуждение. –М., 1996.

22. Калейдоскоп родительских собраний /Под ред. Н.А Алексеевой.Вып. 1.2. –М.,2001.

23. Капустин Л. М. Работа школы с родитерьями.  –М., 1980.

24. Петряевская Л. Г. Образование родителей и школа. – М., 1999.

25. Хямяляйнен Ю. Воспитание родителей. – М ., 1993.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-12-15 16:03:36     Қаралды-58486

20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ

...

20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК

...

Snickers - жастар арасында ең танымал батончик

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮДЕРІ БҰЙЫМДАРДЫ ТАЗАЛАУ

...

Күдерден тігілген бұйымдарды қалай тазалауға болатын тәсіл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »