UF

Тақырыбы: Шетелдегі әлеуметтік жұмыстардың әр түрлі әдістері және модельдері

 

1. Шетелдегі әлеуметтік жұмыс

 

1. Шетелдегi әлеуметтiк жұмыстың ғылыми негiзi.

2. Басқа пәндермен байланысы.

 

 Шетелдегі әлеуметтік жұмыс тәжірибиесі көп қырлы және күрделі мәселе. Практика жүзінде барлық елдерде әлеуметтік қызметкерлер бар. Біреулері арнайы оқу орындарында білім алып өздерін маман санаса, біреулері мамандығы болмаса да қоғамдық бастама ретінде әлеуметтік жүйелерде қызмет етуде.

 Шетелдерде әлеуметтік қызметкерлер қазіргі қоғамның әр түрлі әлеуметтік деңгейлері мен көптеген салаларында әркелкі жоспарлы мәселелерді шешуде: мәселен, индивидпен және отбасымен жұмыс, кіші топтардағы жұмыс, мүгедектермен, қарттармен жұмыс т.б. Әлеуметтік жұмыстағы бағыттардың көп түрлілігі қазіргі қоғамның біртұтас әлеуметтік проблемаларынан және оларды шешудің көп варианттылығынан хабар берсе, екіншіден әлеуметтік жұмыс қоғамдық қатынастардың ажырамас бөлігі болып табылатындығын көрсетеді.

 «Әлеуметтік жұмыс» ұғымы ХIХ ғасырдың аяғында индустриясы дамыған европалық елдерде пайда болды. Бұл ұғым әлеуметтік институт ретінде, мамандық ретінде ХХ ғасырдан бастап қабылданды. Тұңғыш рет іс-тәжірибиеде Солтүстік Америкада, Батыс Европада қолданылды.

 ХIХ-ХХ ғасырда АҚШ-ғы, Батыс Европадағы позитивизм және либерализм өкілдерінің көзқарастары жеке адамның толық дамуы үшін мемлекет барлық әлеуметтік жағдайлар мен алғышарттарын жасай алмаған жағдайдағы мемлекеттің жауапкершілігі мен моральдық борышы туралы түсініктің қалыптасуына түрткі болды. Осылайша бірте-бірте тұрғындардың әлеуметтік жағынан аз қорғалған жіктеріне көмек көрсету (ұйымдаспаған қайырымдылық-филонтропиядан) жаңа сапаға көше бастады. Бір уақытта әлеуметтік іс-әрекет қызметінің жаңа формасы-сеттельмент қозғалысы (АҚШ пен Англия имигранттарын қоныстандыру), Германия, Финляндия, Швециядағы кедейлерге көмек көрсету жүйесі–Эльберфельд жүйесі пайда болды.

 ХХ ғасырдың бірінші жартысы әлеуметтік жұмыс институттарының көптеп пайда болуымен ерекшеленеді. Әлуметтік жұмысқа мемлекеттер экономикалық тұрғыдан атсалыса бастады. Мамандық ретінде қызмет етуі әлеуметтік қызметкерлердің негізгі құқықтары мен міндеттері қалыптаса  бастағанда және кәсіби ассоциациясы құрылып, еңбектеріне ресми түрде ақы төленген уақыттан бастап есептеледі.

 Әлеуметтік қызметкердің кәсіби статусы АҚШ-та танылғанмен, әлеуметтік қызметкерлерді маман ретінде даярлау тұңғыш 1910 жылы Нидерландыда ұйымдастырылды. Сонан кейін АҚШ, Ұлыбритания, Германияда ұйымдастырылды. 1-ші және 2-ші дүниежүзілік соғыс аралығында Латын Америка жерлерінде оқу орындары пайда бола бастады. 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін әлеуметтік қызмет мектептері Азия, Таяу, Орта Шығыс елдерінде, кейінірек Африка елдерінде пайда болды.

 Дүниежүзінде әлеуметтік қызметкерлердің мыңнан астам жоғарғы мектебі және университеттерде арнайы факультеттері бар. Тек, бір ғана жиырмадан астам Батыс Европа елдерінде 500-ден астам оқу орны бар (әлеуметтік қызмет даярлайтын). Көпшілік елдерде бұл оқу орындарын мемлекет қаржыландырады. Сонымен қатар Италия, Францияда 120-дан астам жеке меншік оқу орны бар. Кей елдерде мысалы Португалия, Испания, Латын Америкасы елдердегі оқу орындарының жеке меншіктің сипаты, оның белгілі бір діни конфессияға жататындығына байланысты (Рим католик шіркеу).

 Шетелдердегі әлеуметтік жұмыс мамандарын даярлайтын жаңа оқу орындары көбінесе 60-жылдары ашылды. Бұл кезең урбанизацияның күшейіп, өндірістің интенсификациясымен тығыз байланысты. Бұл жылдары әлеуметтік жұмыспен айналысатын ұлттық және халықаралық ассоциациялардың құрылуы жүрді, кәсіби журналдар, арнайы баспалар шығарылды, әлеуметтік қызметкердің арнайы халықаралық этикалық (құлықтық) кодексі жасалды. Осылайша әлеуметтік жұмыс 60-жылдары дүниежүзінде ресми түрде маман ретінде танылды. Шетелде әлеуметтік қызметкерлер қоғамның әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге ат салысты. Олар бір жағынан әрбір адамдардың үйлесімді дамуында жағдай жасап, тұлғалардың өз қабілет, қуатын көрсете білуге көмектесу болса, екінші жағынан адамдардың өз бетінше дамуына қоғамның жауапкершілігін көтеру үшін жұмыстанды. Бұл жерде әлеуметтік қызметкердің басты міндеті- ұжымдық, қоғамдық мүддені жеке индивидтің мүддесіне зиянын тигізбестен, керісінше оның мүддесін қанағаттандыра отырып қорғау. Бірақ, әлеуметтік жұмыс тәжірибиесі тарихында бұл үйлесімділікті орнату қиын міндет. Бұл- әлеуметтік жұмыстың қарама-қайшылығы біртұтас әрі тұрақты анықтаманың қалыптасуына кедергі келтіруде.

 

2. Шетелдегi әлеуметтiк жұмыстың тәжiрибелерiн зерттеудiң әдiснамасы және әдiстерi.

 

1. Шетелдегі әлеуметтiк жұмысты зерттеудің  әдiстерi.

2. Шетелдегi әлеуметтiк жұмыстың формалары мен тәсiлдерi.

3. Жалпы және жеке әдiстердiң сипаттамасы.

 

 Әлеуметтік жұмыстың шетелдік тәжірибелерін қарастырғанда біз батыс еуропалық елдерді, соның ішінде АҚШ пен Канаданың әлеуметтік салада жүргізілетін саясатын негізге аламыз. Осы озық тәжірибе жинақтаған елдердің өзінде әлеуметтік жұмысты ұйымдастырудың өзіне тән ерекшеліктері қалыптасқан. Әлеуметтік жұмыс саласындағы тәжірибелерді жинақтап білуде, оны екі аспектіде қарастыруымыз қажет. Біріншіден–қиын жағдайға ұшырағандарға көмек беру қызметі ретінде қарастырылады. Жұмыстың бұл түрі адамдық дамудың және тарихтың түрлі кезеңдерінде түрліше мазмұн ерекшеліктерге ие бола отырып жүргізіледі. Кемтар адамдарға түрлі қайырымдылық шаралар өткізу бұл барлық қоғамда болған құбылыс, мұны көптеген тарихи деректер растайды. Нәтижесінде 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында әлеуметтік жұмыс кәсіби қызмет ретінде қалыптасты. Ресми мемлекеттік құжаттарда әлеуметтік қызметкер мамандығын енгізудің өзі әр кезеңде жүзеге асқан: көмекке мұқтаж адамдарға қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыру мен шіркеулердің діни мекемелердің тұрғылықты халыққа қамқор болуынан қоғамда күрделеніп қалған әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған әлеуметтік саясатқа дейінгі кезең. Әлеуметтік саясаттың мақсаты, әдістері, технологиялары әр елдегі экономикалық жағдайларға байланысты жүреді. Әлеуметтік қызметкер экономикалық жағдайға байланысты туындаған әлеуметтік мәселелерді, яғни қоғамның белгілі бір мүшелері ретінде жұмыссыздардың, қылмыстың көбеюі, нашақорлық және т.б. келеңсіз жағдайларды шешуге ықпалын тигізеді. Олардың алдын-алу аспектісі деп қарастырылады. Әлеуметтік жұмыстың шетелдік тәжірибесін қарастыруда–салыстырмалы, жүйелік талдау сияқты жалпылама әдістер, сондай-ақ сұрақ-жауап, бақылау, құжаттарды талдау сияқты жекелеген әдістерді де қолданамыз.

  1. Тарихи әдіс–бұл қайсыбір мемлекетте қайырымдылық жұмыстары қандай процестер арқылы, сондай-ақ «әлеуметтік жұмыс» мамандығы кәсіби мамандық ретінде қалай қалыптасты деген мәселелерді хронологиялық тұрғыда зерттеуді қамтиды.
  2. Салыстырмалы әдіс–қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ерекшеліктерді ескере отырып туындаған проблемаларды  салыстыру жүргізу арқылы зерттейді.

 Бұл ретте әлеуметтік жұмыстың қалыптасқан жүйесіне байланысты типтерге қатысты қарастырылады. Осы типтерге байланысты әлеуметтік қорғау американдық және европалық жүйелер деп қарастырылады.

 Салыстырмалы әдіс сонымен бірге экономикалық шаруашылықты жүргізудің нарықтық және жоспарлы түрде жүргізілуіне де байланысты қарастырылады.

  1. Жүйелік әдіс–бұл әдіс әлеуметтік жұмыстың шетелдік тәжірибелерінде қолданылатын тұтастай жүйені қамтиды. Ол келесідей компоненттерден тұрады: объект және субъект, мазмұн мен құралдар, басқару, әлеуметтік жұмыстың функциялары мен мақсаты. Бұл орайда әлеуметтік жұмысты ұйымдастырудың тұтастай мемлекеттік тұрғысы мен жеке компоненттерін ұйымдастыру ерекшеліктері де қарастырылады. Дүниетанымдық және объективті-субъективті функционалдық байланыстарға негізделген тәсілдер аса маңызды.

 Жоғарыда аталған әлеуметтік жұмыстардың шетелдік тәжірибелерін қарастырудың жалпылама әдістерімен қатар жеке тәсілдерінің тұтастай не жеке-жеке қарастырудың да маңызы зор.

 Тәжірибеде бүгінгі күндері осы әдісті іске асыруға қатысты халықаралық  конференциялар, семинарлар, «дөңгелек столдар» ұйымдар, сонымен қатар мамандар алмасу шаралары іске асырылуда. Жоғарыда аталған тәжірибелерді тереңдей зерттеп, бүгінгі жаңа даму сатысына түскен еліміз үшін тиімді жақтарын пайдалану аса маңызды болып отыр.

 Әлеуметтік жұмыс әр қоғамда әлеуметтік-нормативті реттеу жүйелерінің ұқсастықтарына қарамастан әрдайым нақты, түсінікті және қайталанбас құбылыс. Сондықтан әлеуметтік жұмыстың шетелдік тәжірибесін зерттеуде әр елде жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың технологиялары мен түрлерінің тиімділігін ескеру қажет.

 Шет елдерде өзге мәдени-тарихи жағдайларда жүргізілген әлеуметтік жұмыс тәжірибесін дұрыс қолдану мүмкіндіктері үйрену әдістемелері болып табылады.

 Әлеуметтік жұмыс мамандық ретінде өзіндік ғылыми және іс-тәжірибелік дәстүрлеріне ие. Бұл батыс мәдениетінен енген және ондағы жаңа өзгерістер мен қолдану әдістерінің сапасын анықтайтын құбылыс. Ал, әлеуметтік жұмысты Батыс мәдениетінен өзге, мысалы, Азия елдерінің, не Африка құрлығы мәдениеті негізінде жүргізілген тәжірибелерді қарастыруымызға болады ма? Көптеген елдерде жүргізілген тәжірибелер оның мүмкін екендігіне кепіл болып отыр. Әлеуметтік жұмыс өзінің бастауынан-ақ христиан дәстүрлеріне сүйенгені туралы тұжырымдамалар бары белгілі. Ертеде де әлеуметтік жұмыстың басты нысаны–адам құндылығы болды. Әрине, Батыстық және Шығыстық қамқорлық түсініктері өзіндік ерекшеліктерге ие. Мысалы, мұсылман халқы жергілікті, қалыптасқан дәстүрге сай түсінушілік, теңдік және әділеттілік, қайырымдылық және сенімділік қағидаларын ұстанды. Батыс елдерінде әлеуметтік жұмыстың негізгі нысаны–индивид болғандықтан, оның ауқымы тұлғаның дұрыс әлеуметтенуі, тұлғаның құқығы және әлеуметтік жағдайын қамтыды. Азия елдерінде дәстүр бойынша тұлға отбасы байланыс жүйелерінің негізгі элементі ретінде жеке тұлға не индивид емес, кіші әлеуметтік топтың бір мүшесі ретінде қарастырылған. Мысалы, Индияда, отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстарда тұлғаның жеке қызығушылықтарына көп мән берілмейді, отбасы мүшелерінің толығымен өзара түсінушіліктері мен мүшелері арасында байланыстың берік сақталуына, яғни индустік түсінік бойынша жүргізілуі шарт. Ал, АҚШ-та, өзге де Европа елдерінде секілді әлеуметтік қызметкер өз жұмысын, ең алдымен, тұлғаны отбасы құруға дайындап, отбасыда және қоғамда өзіндік тәуелсіз ролін анықтауға көмектесуден бастайды. Ал, Шығыста әлеуметтік қызметкер, бірігіп табылған шешімге, шиеленістер мен қатыгездікке алып келетін күрестердің өткір ұштарын ұйымшылдықпен шешуді басшылыққа алады.

 Сондай-ақ әр елдің өзіне тән әлеуметтік жұмыс технологиялры мен әдістері бар. Әлеуметтік жұмыс түрлері мен әдістерінің әлеуметтік құрылымы, қалып пен уақытқа байланысты туындаған проблемаларға анализ жасаудың шетелдік тәжірибелерімен салыстыра отырып жасалынады.

 Шетелдік тәжірибені оқудағы басты міндет әлеуметтік жұмысты ғылыми білім және кәсіби  мамандық ретінде қарастырып, көптеген жылдар бойы жинақталған шетел тәжірибелерінің шекарасын тауып, оны теория негізіне енгізе отырып, тәжірибеде іске асыру.

 

3. Шетелдегі әлеуметтік жұмыстың теориялық модельдері

 

1. Психоаналитикалық модель.

2. Гуманистік модель.Бихеовиристік модель. Когнитивтік модель. т.б.

3. З.Фрейд, Т.Парсонс, К.Роджерс т.б көзқарастары.

 

 Әлеуметтік қызметкер өзінің кәсіби біліктілігінде көптеген табиғи және әлеуметтік ғылымдардағы жетістіктерді қолданады. Әлеуметтік жұмыс қолданбалы ғылым ретінде философия, психология, социология, медицина, саясаттану, экономикалы антропология, этика сияқты ғылымдармен тығыз байланысты. Әлеуметтік жұмыстың негізгі теориялық іс-әрекетіне қоғамның әлеуметтік құрылымы және жеке өмірінде әлеуметтік институттардың алатын орны мен рөлі, сондай-ақ әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік саясат арасындағы байланыс, әлеуметтік процестер, «адам-қоғам» жүйесіне байланысты философиялық көзқарастардың тұлға мен қоғамның адекватты дамуына тигізер үлесі зор екенін сезіну болып табылады.

 Әлеуметтік жұмыста біртұтас теориялар әзірге жоқтың қасы. Дегенмен, қазіргі таңда әлеуметтік жұмыста К.Маркстің, Э.Дюркгеймнің, М.Вебердің, Т.Парсонстың, З.Фрейдтің, К.Роджерстің, П.Сартрдың және басқа да философ, әлеуметтанушылар мен психологтардың ашқан жаңалықтары мен мысалдарына сүйеніп жүргізіледі.

 Түрлі мемлекеттердегі әлеуметтік жұмыс тәжірибелерін қалыптасқан дәстүрлер мен қоғам қалауларына байланысты модельдерді ендігі бір мемлекеттегі модельдермен салыстыра отырып қолданады. Мысалы, АҚШ-та негізгі бағыттарды психоанализге бөледі, ең негізгі акцентті тұлғаның индивидуалдық деңгейіне қояды. Дегенмен соңғы жиырма жылда бұл елде көптеген әлеуметтік жұмыс технологиялары теория жүзінде пайда бола бастады.

 Әлеуметтік жұмыс жылдан-жылға өз ауқымын кеңейтуде. Әлеуметтік қызметкерлер тәжірибеде қолданатын теорияларды деңгейлерге бөліп қарастырады:

  • Кең ауқымды әлеуметтік теориялар, қоғамның жүйелік типтеріне немесе марксизмнің өмір мен адамның, қоғамның (экзестенциалды теория және медитация) теориядағы орнын бейнелейтін философиялық көзқарастар;
  • Адам мінез-құлқындағы сапалы және бейсаналы компоненттер және тұлғаның (психология және психоаналитикалық теория) психо-педагогикалық мүмкіндіктерін түсіндіретін деңгейлер;

Шетелдік тәжірибе бірнеше теориялық модельдерді ұсынып отыр, олар:

  1. психоаналитикалық
  2. кризистік аралас моделі
  3. бихевиористік
  4. жүйелік
  5. экологиялық зардаптар
  6. әлеуметтік-психологиялық және коммуникативтік
  7. гуманистік және экзистенциалдық
  8. когнитивтік
  9. құқық қорғау модельдері

 Батыстағы ішкі абстрактілерге байланысты туындаған теориялық модельдердің әрқайсысы клиенттермен жұмыстың түрлі әдістерін ұсынады. Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, практикада бағыттары бөлек теорияларды  біріктіріп және проблемаларды шешудің синтетикалық моделін жасай білу маңызды. Әлеуметтік қызметкер топтармен жұмыс істеу барысында–гуманистік психология  принциптерін ұстанады.

 Психо-ориентациялық модель–бұл модель белгілі психолог З.Фрейдтің ашқан «психоанализіне» сүйенеді. Шынында, қазіргі кезде бұл модельді сирек қолданады. Классикалық  психоанализдің психодинамикалық модельдерден айырмашылығы, психодинамикада–адамдардың қазіргі жағдаяттары және әлеуметтік ситуацияларды қабылдауы ескерілсе, ал классикалық психоанализде көбіне адамдардың өткен бұрынғы өміріне жүгінеді.

 Жалпы бихевиористік, когнетивті және гуманистік модель-тұлғалар арасындағы қарым-қатынас түрлері мен деңгейлерін ашып көрсетеді.

 Экзестенциализм философиясы негізінде пайда болған гуманистік модель-әрбір тұлғаның бостандық белгісі мен шексіз потенциалын бейнелейді, адам өз қалауларын анықтап, соның негізінде мақсат пен тілектердің орындалатынын мақұлдайды. Адамдардың  гуманистік қарым-қатынастары, олардың өздеріне деген сенімдерінің артуына, рухани және шығармашылық дамуына бағытталады.

 Экзистенциализм концепциясына сәйкес ешкім және ешқашан адам өміріне басшылық ете алмайды. Осындай әлемдік көзқарастар әлеуметтік жұмыстың келесідей принциптерін қамтиды: маман мен клиенттің арасындағы субъективтік қатынастар; терапия; бар назарын клиентке аудару; тұлға беделінің өсуі; потенциалдық дамуы және т.б. Осы гуманистік психология түсініктерінің авторы К.Роджерстің ойынша маман мен клиенттер арасындағы қарым-қатынастар кейіннен тұлғалар арасындағы қатынас құрылымындарында бейнеленіп отырады. Ал, белгілі психолог А.Маслоу гуманистік психология концепциясындағы «идеал тұлға» терминіне нақты анықтама берді. Гуманистік модельдің тәжірибелік психология позицияларына қарағанда философиялық көзқарастардағы анықтамалары түсініктірек. Гуманистік психологиядағы бейресми әдістер мен әдістемелерді түсіну үшін оның идеялары өзінің бастамасынан-ақ, психоаналитикалық және бихевиористік жүйелердің үшінші жақ болуына қарсы тұрғанын естен шығармауымыз керек.

 Дегенмен, гуманистік модель принциптері-әлемдік көзқарастарда белгілі бір статусқа ие, тіпті бұл бағытқа қарсы болғандардың өздері, адамды жоғары құндылық ретінде тану, оның құқығы мен ар-намысын қорғау, дербес  қабілеттерінің көрінуі мен дамуы үшін жағдай жасау мен көмектесудің өзі осы принципті ашып көрсетеді деп тұжырымдайды.

 Осылайша экзистенциалды–гуманистік модель қажетті технологияларды жинақтап қарастырады. Сондықтан девиантты мінез-құлқы бар адамдармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс технологияларында бихевиористік және необихевиористік модельдер жиі қолданылады.

 Бихевиористік модель–клиенттің мінез-құлқына басты назар аударады. Сыртқы факторлардың түрлі әрекеттері мен нәтижелерінің құрбаны болған тұлғаны зерттеп білуде бихевиористік модель механимтік бағытқа сыншы болып отырады. Бірақ необихевиоризм бағытына бұл құбылыс тән емес.Шет ел мамандарының ойынша, әлеуметтік жұмыстың бихевиористік әдісі өзге әлеуметтік-психологиялық әдістерге қарағанда тиімді. Мысалы, клиент бойындағы қоғам талаптарына қарсы келетін мінез-құлықты өзгерту.

 Когнитивті модель–клиенттің өз мінез-құлқын өзі қадағалау принципін ұстанады. Бұл модель бойынша әлеуметтік жұмыста тұлғаны ауытқушылығы бар демей тек басқалардан ерекше деп қарастырылады.Әлеуметтік жұмыстағы когнитивті модель-әлеуметтік үйрету технологиясын қолданады. Бұл модель 80-жылдары әлемдік тәжірибеде кең қолданыла бастады. Шет елдерде жүргізілетін әлеуметтік жұмыс тәжірибелерінде жоғарыда көрсетілгендерден басқа 20-ға жуық теориялық модельдер қолданылады: коммуникативтік, радикалды және марксистік, феминистік, активизациялау модельдері және т.б.

 Жүйелік модель–бұл қазіргі кезде барлық елдерде қолданысқа ие белгілі модель. Бұл модельдің бірнеше түрлері бар. Соның бірін американ мамандары А.Пинкус пен А.Минахан үш типке бөліп қарастырды:

  1. бейресми жүйелер (отбасы, достары, көршілер және т.б.)
  2. ресми жүйелер (саяси партиялар, профсоюздар және т.б.)
  3. әлеуметтік институттар (мектеп, құқық қорғау органдары және т.б.)

 

4.  Қазiргi таңдаңы дүние жүзiндегi әлеуметтiк көмектiң моделдерi

 

1. ТМД және Батыс Европа, Америка, Азия елдерiндегi әлеуметтiк көмек жүйелерiне алыстырмалы анализ

2. Елдердiң экономикалық жағдайларына қысқаша сипаттама

 

 Шетелдегі әлеуметтік жұмысты зерттеудің салыстырмалы әдісін қолданып дүниежүзі елдеріндегі әлеуметтік көмек жүйелеріне әр қырынан анализ жасауға болады. Ол үшін салыстыру объектісін таңдап алу қажет. Дүниежүзі елдерін 1-ден, қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша капиталистік және капиталистік емес деп бөліп салыстыруға болады, 2-ден, тұрғындардың әлеуметтік жағынан қорғау проблемасын шешуге мемлекеттің қаншалықты қатысу дәрежесі бойынша: американдық (мемлекеттік емес формасы жоғары дамыған) және европалық (мемлекеттік формасы басым) деп салыстыруға болса, 3-ден, шаруашылықты ұйымдастыру формасына қарай: жоспарлы және нарықтық формасына қарай салыстыруға болады.

 ХХ ғасырда КСРО-да әлеуметтік қызметкердің ролін коммунистік партия өкілдері мен кәсіподақтар және әлеуметтік сфераның әр түрлі ведомствосындағы қызметкерлер атқарды. КСРО-да әлеуметтік қызметкерді маман ретінде даярлау ХХ ғасырдың 80-жылдарынан басталды.

 1989 жылы КСРО-да халыққа білім беру мемлекеттік комитеті Педагогикалық ғылым академиясының жанынан уақытша ғылыми-зерттеушілік ұжым құрды. Оны мектеп-шағынаудан деп атады. Осы жұмыстардың негізінде жаңа мамандық пайда болды. Шағын аудандарда жұмыс жасаған собестің қызметкерлері деген атақтың орнына « әлеуметтік педагог» деген атау енгізілді. Кеңес заманында әлеуметтік көмек жүйесінің ең жоғары дамыған формасы болды: ол-ақысыз оқу, ақысыз медициналық көмек, мәдениет ошақтарының көптігі, әр түрлі әлеуметтік топтарға көрсетілетін зейнетақылық, тұрмыстық және басқа да көмектің жүйелері. Сонымен қатар тұрғындарға көмек беретін қоғамдық әр түрлі ұйымдардың көптігі және олардың қызметі, мысалы, Қызыл Крест қоғамы, бүкіл кеңестік зағиптар қоғамы, т.б. КСРО кезеңінде отбасы-қоғамның бір шағын ұясы деп қарастырылып, бала тәрбиелеу мәселесінде мемлекет көп міндеттерді өз мойнына алды, яғни бос уақытын өткізу, өмірі мен денсаулығын қорғау, тамақтануы т.б.

 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырап әр республика өз алдына тәуелсіздігін жариялап нарықтық экономикаға аяқ басқан кезде, яғни өтпелі кезеңде (ТМД елдерінде) әлеуметтік кризис болды. Оның себебі: бұрынғы әлеуметтік жүйе қиратылып құлады, оның орнына жаңа әлеуметтік жүйенің негізі қаланған жоқ еді. ТМД елдеріндегі басты әлеуметтік проблемалар: жұмыссыздық, жалақының уақытында берілмеуі, зейнетақы мәселесі т.б. көбейді. Осы проблемаларды шешу мақсатында жаңа әлеуметтік институттар, мысалы, жұмыспен қамту орталығы, күйзеліс орталықтары т.б. пайда болды. Әлеуметтік қызметкерге деген қажеттілік туындады. 90-жылдардағы әлеуметтік кризис көптеген елдерді қамтыды. Соңғы 20 жылда Батыс Европадағы көпшілік елдерде, соның ішінде АҚШ-та П.Рейганның және Англияда М.Тетчер бастаған әлеуметтік саясаттың мақсаты: тұрғындардың әлеуметтік жағдайын бір деңгейде ұстап тұру, немесе бай мен кедейшіліктің аралығын күшейту жұмыстары болды. Ешбір халықаралық бағдарламалар дүниежүзіндегі кедей адамдардың санын төмендете алмады. Әсіресе жұмыспен қамту мәселесі Швеция, АҚШ, Канада, Индия т.б. елдерде қайшылықты сипатта болды. 90-жылдардағы экономикалық кризис Батыс Европа елдердің әлеуметтік саясатты шектеуіне алып келді. «Әлеуметтік мемлекет» концепциясын Англия, Австралия, Жаңа Зеландия, Израиль қабылдамады. Олар мемлекеттің жеке адамның әлеуметтік проблемалары үшін жауапкершілігін минимумға әкелді.

 Бүкіл дүниежүзі бойынша әлеуметтік жұмыстың заңдары ортақ болса да әр елдің өзіндік ерекшелігі бар. Ол сол елдің ұлттық ерекшелігіне, менталитетіне, әлеуметтік экономикалық даму дәрежесіне т.б. байланысты. Әлеуметтік жұмыстың бір бағыты: баламен, отбасымен жұмысын алып қарайық. Швецияда денсаулық сақтау мекемелерінде адамды операцияға психологиялық даярлауға, өлген кісінің туыстарына көмектеседі, ата-анасыз қалған баланың тағдырын шешуге қатысады.

 Англияда әлеуметтік қызметкер перезентханаларда, психикалық ауруханаларда жұмыс істейді. Әлеуметтік педагог мектеп мұғалімдеріне қиын жасөспірімдермен жүргізілетін жұмысқа көмектеседі. Өз баласына асқан қаталдықпен қарайтын ата-аналармен жұмыс жүргізеді.

 Германияда әлеуметтік педагог мектеп штатына енгізілген, мектепте қиын балалармен жұмыс істейді, бос уақыттарын ұйымдастыру мәселесімен айналысады, ата-аналарға консультация береді. Түрмеде жас заңды бұзушылармен жұмыс жүргізеді.

 Солтүстік Ирландияда өзінің офицері бар құрамында 4-5 адамнан тұратын коллегия кәмелетке толмағандардың сот алдындағы жалпы жағдайымен және жазасын өтеу кезінде де олармен жұмыстар жүргізіп, бостандыққа шыққан соң да өмірге, қоршаған ортаға тез бейімделуіне көмектеседі.

 АҚШ-тың, Швецияның әлеуметтік көмек жүйесінде индивидуализм басым болса, Иран, Қытай, Үндістан елдеріндегі әлеуметтік көмекте отбасылық туыстық дәстүр басым болуда.

 Жеке стационардағы, санаторийлердегі әлеуметтік жұмыс және қарт адамдарға үйіне барып көмектесу қызметі–батыста, өндірісі жоғары дамыған елдерде жақсы дамытылған болса, Азия елдерінде қарт адамдар туыстық қатынаста үлкен бедел, авторитетке ие болғандықтан батыстағыдай жүйе мұнда дами алмайды.

 Дүниежүзінің көптеген елдерінде, Швеция, Финляндия, Исландияны есептемегенде әлеуметтік көмек жүйесін қаржыландыруда қалдық принципі қолданылуда. Оның негізгі себебі қаржы жетіспеуі. Әсіресе дамуы нашар елдерде бұл айқын көрінуде. Ал дамыған елдерде қаржыны аз бөлу себебі, саяси немесе идеологиялық себептен болуда.

 Қазіргі таңда көптеген елдерде әлеуметтік көмектің аралас түрлерін қолдануда: Германия, Франция, Швеция, Канада, Бразилия елдерінде мемлекеттік, мемлекеттік емес, коммерциялық емес және жеке меншіктегі әлеуметтік қызмет жүйесі қызмет етуде. Ал АҚШ пен Ұлыбританияда әлеуметтік қызмет қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік коммерциялық қызметке көп көңіл бөлінуде.

 

5. АҚШ-ғы әлеуметтiк жұмыс

 

1.      Әлеуметтiк көмектiң мемлекеттiк жүйесiнiң негiзгi формалары.

2.      АҚШ-тағы әлеуметтік көмектің жеке меншіктік түріне сипаттама.

3.      АҚШ-тағы зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері.

 

 АҚШ-тың тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесінің басты ерекшелігі -децентрализация. Бұл ерекшелік барлық әр түрлі деңгейдегі федералдық, штаттық, жергілікті әлеуметтік бағдарламаларда айқын көрінеді.

 Мұндай жүйенің бір артықшылығы: әрбір аймақтағы кез келген тұрғындардың сұранысын айқындауға мүмкіндік болады. АҚШ-та әлеуметтік сақтандыру және мемлекеттік көмек екі негізгі формада жүзеге асады. Бұл екеуінің негізгі айырмашылықтары қаржыландыру көздерінде ғана. Сақтандыру қорлары еңбекшілердің, кәсіпкерлердің, еркін мамандық иелерінің, дәрігерлердің, дін иеленушілердің жиналатын салық есебінен болады. Ал мемлекеттік көмек–мемлекеттік бюджеттің, штат, жергілікті өкімет бюджеттерінен ассигнованиясынан (көмегі есебінен) құрылады. АҚШ-та 1935 жылы әлеуметтік сақтандырудың екі түрі енгізілді. Бірі–қартаюына байланысты зейнетақы және жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы беру. Кейбір кедейлер категорияларына (мүгедектерге, жетімдерге) ішнара көмек, асыраушысы болмаған жағдайда берілетін зейнетақы, 65 жас және одан да үлкен жастағыларға медициналық сақтандыруды ұйымдастыру. Теміржолшылар, азаматтық қызметкерлер үшін, соғыс ардагерлеріне әлеуметтік сақтандырудың ерекше жүйесі қалыптасқан. Бірақ мемлекеттік сақтандырумен ауыл шаруашылық жұмысшылары, ұсақ кәсіпорын жұмысшылары қамтылмаған.

 Бұл федералды штаттық бағдарламалармен қатар өндірістік жарақат және кәсіби ауруларға байланысты сақтандыру бағдарламалары бар. Өндірістегі алған жарақаттар, аурулар, өлім үшін алатын компенсация жалақының 2/3–бөлігін құрайды және бұл көмекті жеке меншіктегі сақтандыру компаниялары береді.

 Мемлекет тарапынан кедейлерге берілетін көмек 60-жылдардан бастап дамыды. Бұл көмек қарттарға, мүгедектерге, көп балалыларға, толық емес отбасыларға беріледі. Бұл көмек елдегі инфляцияны есепке ала отырып жылма-жыл қайта қаралып отырады. Азық-түлік түріндегі көмек мұқтаждықтарға азық-түлік талондарын беру арқылы жүзеге асады. Мұндай көмекті кедейлік шегі болып есептелетін кірісі 125 % нан аспаған адамдарға, отбасыларға беріледі. Бұдан да басқа азық түлік көмегінің формалары: мектептегі таңғы ас, 1 жасқа дейінгі баласы бар аналарға көмек т.б.

 Тұрғын үй субсидиясы АҚШ-та кірісі аз отбасыларға беріледі. Оның көлемі орташа әр отбасыға жылына 2000 $-дай болады.

 Мемлекеттік сақтандыру жүйесімен қатар елде жеке меншіктегі сақтандыру жүйесі де бар. Оның екі формасы: ұжымдық және индивидуалдық түрлері бар.

 Жеке меншіктегі зейнетақылық қамтамасыз етуде 40 млн. жұмысшы, қызметкер қамтылған. Зейнетақылық қор кәсіпкерлердің салығынан жиналады (90%) жұмысшы. Жеке меншіктегі зейнетақы қордың мемлекеттіктен айырмашылығы: онда пенсия жұмысшыға бір фирмада 10 жыл үздіксіз жасаған жағдайда төленсе, ал мемлекеттікте жұмыс орнына байланыссыз төленеді

 АҚШ-та тұрғындардың әр түрлі категорияларымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың әр түрлі формаларын кездестіруге болады. Мысалы, қарттарға және мүгедектерге арнайы федералдық деңгейде қорлар, қызметтер ұйымдастырылады. Бұл зейнетақы, медициналық көмек, арзан тұрғын үй, азық түлік көмегі т.б. түрінде болады. Көп жағдайда көмекті жергілікті органдар атқарады. Елде шефтік көмекті, еріктілердің көмегін құптайды, қолдайды. Басқа елдердегі сияқты АҚШ-та қарттарға үй жағдайында көмекті ұйымдастыру кең етек алған. Соңғы жылдары қарттарға арналған интернт-үйлер, күндізгі ауруханалар, сауықтыру курстары т.б. түрлері етек алған. Әсіресе қарттарға, мүгедектерге, тұрмыс-тұрғын жағдайына көп көңіл бөлінеді. Себебі 30 млн. американдықтардың төрттен бір бөлігі 65 жас және көмекті қажет ететін кәрілер екен. Оларға үйіне ас-тамақ апарып беру шомылдыру, кірін жуу, үй реттеу т.б. қызметтік ұйым.

 АҚШ–та  «қауіп тобына» жататын жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс жасау бірнеше бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады. Соның ішінде, көмек берудің федеральдық бағдарламаларына арнаулы мекемелер мыналарды ұйымдастырады:

а) ата–аналары күндіз немесе кешкі уақытта жұмыс істейтін балаларға қарау;

б)ересектер тарапынан зорлыққа ұшыраған балаларды қорғау;

в)балалар үйін инспектрлеу, қамқорлығына алған отбасылармен жұмыс, баланың жаңа отбасына бейімдеу;

г)балаларға білім алуда және т.б. арнаулы көмек көрсету қызметтерін дамыту.

 Көптеген бағдарламалар «қауіпті топтағы» жасөспірімдерді қалыпты өмірге тарту мақсатында кәмілетке толмағандарды белгілі бір акциялар мен іс–шараларға қатысуға белсендіруге бағытталған. Полицияның базалық бағдарламалары полициялық аилетикалық клубтарын құрып, оларға кәмілетке толмағандарды спортқа және басқа да пайдалы істерге тартуға арналған. Кәмілетке толмағандар ісі жөніндегі соттардың базалық бағдарламалары белгілі–бір құқық бұзушылық жасаған кәмілетке толмағандарды реабилитациядан өткізуге бағытталған. Мектептердің базалық бағдарламалары екі топқа бөлінеді: «қалыпты» және арнаулы мектептерге арналған, яғни «қиын» және сотталған жасөспірімдерге арналған. Бұл бағдарламалар жасөспірімдердің қандай да тобын әлеуметтік оқшаулауды болдырмай, олардың мектепке баруын жалғастыруға мүмкіндік береді, олар  кәмілетке толмағандардың қылмысын алдын–алуға бағытталған және барлық мектеп оқушыларына арналған.

 Қарастырылып отырған жастар санатымен әлеуметтік жұмысты ұйымдастыратын және реттейтін координациялық (үйлестіретін) орталықтарды қауымдастық пен жергілікті билік органдары сотталған жасөспірімдер мен полиция, кәмілетке толмағандар ісі бойынша сот, мектеп немесе ата–аналардың, жастарға әлеуметтік қызмет Бюросы (ЖӘҚБ) жолдаған жасөспірімдерге көмек көрсету мақсатында құрған. Бұл бюролар түзелмейтін жаман тәртібі үшін немесе ұсақ құқық бұзушылықтары  үшін істері полицияға берілген жасөспірімдердің кепілі бола отырып, ол істі тоқтатуға әрекет етеді. ЖӘҚБ басқа әлеуметтік ұйымдардың әрекеттерінің кәмілетке толмағандардың қажеттіліктеріне сәйкес келуін қадағалайтын және делдал рөлін де ойнайды.

 Кәмілетке толмағандарды бас бостандығынан айыру және олардың жазасын өтеу АҚШ–та екі мекеме санатымен байланысты: жабық бас бостандығынан айыру орындары және жабық тәрбиелеу мекемелері. Біріншілері–бұл қылмыс жасағаны үшін сотталған кәмілетке толмағандардың, сондай–ақ істің  жағдайын анықтауға шейін алдын–ала қамауда отырған кәмілетке толмағандардың физикалық еркіндігін шектеу мекемелері. Екінші–сот шешімі бойынша немесе жазаланатын әрекеттері үшін сотталған кәмілетке толмағандарды орналастыру мен қозғалысын шектеуге арналған мемлекеттік немесе жеке меншік ұйымдар. Мұндай мекемелердегі бас бостандығынан айыру дәрежесі әртүрлі болуы мүмкін. Жабық тәрбиелік мекемелердің төрт түрі бар: қайта тәрбиелеуге арналған мектептер, жастар лагерьлері мен ранчолар, жабық баспаналар мен балалар үйі, тәулік бойы бақылау жасау орталықтары.

 Шартты түрде сотталғандармен жұмыс үшін міндетті түрде жетекші тағайындалады, мұндай жасөспірімдерге олардың өмір салтын қарастыратын белгілі–бір міндеттер жүктеледі (шартты түрде сотталғандардың өтеу орны жазасын өтеу орны анықталады, арнаулы курстарға бару міндеттері белгіленеді, белгілі–бір кафелерді, ойын–сауық мекемелеріне баруға тиым салынады және  т.б.). шартты сотталған жасөспірімге бекітілген әлеуметтік қызметкер бұл шектеулердің орындалуын қадағалап, ол жайлы сотқа ақпарат беріп тұрады, сондай–ақ жасөспірімге оның проблемаларын щешуге көмектеседі.

 

6. Норвегиядағы  әлеуметтiк жұмыс ерекшелiгi.

 

1. Норвегиядағы әлеуметтiк қызмет ұйымдары.Олардың түрлерi, әлеуметтiк  институттар.

2. Қазіргі таңда Норвегияда муниципалитет тарапынан  ашылған жаңа әлеуметтік қызмет түрлері.

 

 Бұл елде әлеуметтік қызмет жүйесі, жекеменшік мекеме ашудан басталады. Мысалыға, шіркеулердің, не ауқатты адамдардың, өзге де альтернативті қозғалыстардың, кәсіподақтың және жастар қозғалысының қайыр-садақа беруі секілді. Мұндай қайырымдылық істер жетімдер үйінің, не кемістігі бар адамдарды, не қарттар үйін, жастар үйірмелерін, жесір  әйелдерді қабылдау мекемелерін қолдау түрінде де көрініс табады. Мұндай қызмет түрлері халық назарын аударып, көптеген нәтижелі жетістіктерге жетіп жатса, онда бұл қызмет ірі мекемелерден немесе үкімет тарапынан қолдауға ие болады.

 Сондай-ақ әлеуметтік қызмет заң жүзінде немесе белгілі-бір актілер негізінде жүргізілуі шарт, соның себебінен бұл қызмет бюджеттік жүйеге енеді.

 Норвегияны/тұрғылықты халқы 4 млн.адам/жиі экономикасы аралас, тиімді пайда көзі–бензин өндіру екені баршамызға мәлім. Әлеуметтік және денсаулық сақтау сфералары бүкіл мемлекеттік қаражаттың 1/3 бөлігін құрайды; ондағы еңбек етушілердің әрбір оныншысы әлеуметтік және денсаулық сақтау сферасында қызмет атқарады.

 Әлеуметтік жұмыстың негізгі іс-әрекеті–жұмыссыздықтың өсуімен күрес, әлеуметтік қорғаудың тиімсіз қызмет түрлерін тоқтату; Қаржы институт дағдарысы міндетті түрде ескерілуі шарт.

 Қоғамды басқару мекемелері үш деңгейге бөлініп қарастырылады: мемлекеттік, жергілікті, муниципалды.

 Мемлекеттік деңгейде әлеуметтік қызмет көрсетудің негізгі жетістігі–денсаулық сақтау және Әлеуметтік қызмет министрлігімен басқарылатын Ұлттық қауіпсіздікті сақтандыру акті болып табылады.

 Медициналық сақтандыру жүйесі еңбек етушілердің, жұмыспен қамту мекемелерінің, облыстық және муниципалитеттік салық төлеуінен қаржыландырылады. Бұл бағдарламаға–зейнеткерлер (67 жастан кейін), жесірлер, балалар (18 жасқа дейін), ауру түріне байланысты, науқас кезінде және бала босанғаннан кейінгі медициналық және күнделікті төлемақы (80 аптаға дейін), өндірістік жарақат, жалғыз басты ата-аналар енеді.

 Жергілікті іс-әрекеттің көп бөлігі облыстық ақыл-кеңестен тұрады. Облыстық ақыл-кеңес–ол денсаулық сақтау институттарының жауаптылығы мен оның құзырындағы ауруханалар, ақыл-кемістігі бар және психикалық ауруларды емдейтін мекемелерді қадағалайды. Бұл институттардың әрқайсысында 10000 тұрғынға не бары 153 орын тиесілі.

 Муниципалитет деңгейінде денсаулық сақтау және әлеуметтік жұмыс аумағы белгілі бір актілерге сәйкес қадағаланып отырады. Әрбір муниципалитетте жеке әлеуметтік кеңселер болуы керек.

 1964 жылдан бері Норвегияда әлеуметтік қорғау әлеуметтік-экономикалық көмекке мұқтаж адамдарға, зейнетақы алуға ешбір мүмкіндігі жоқ, өз-өзін асырай алмайтындарға көрсетілуі қарастырылған. Экономикалық көмек жәрдемақы не несие түрінде беріледі, мысалыға; демалыс уақытында студент жастарға жол ақы беріледі. Ақпарат, кеңес және ақшалай көмек–бұл актпен жұмыс істеудің басты бағыты.

 Муниципалитетте алкогольдік ішімдіктер қолданатын азаматтарды тіпті дүкендерде, кафелер мен ресторандарда ішімдік қолдануына тиым салады. Мұндағы мақсат–елдегі алкоголь мен есірткі заттарын қолданатындардың санын азайту.

 Норвегияда негізгі жұмыс–жастар арасында профилактикалық жұмыс жүргізу, алкогольсіз жастар үйірмелері мен түнгі клубтарын қолдау, дамыту және субсидия тағайындау болып табылады. Онан басқа, алкоголь не наша қолданатын жастарға көмектесу мақсатында көптеген істер атқарылады. Соның бірі–«көшедегі жұмыс» әдісі.

 Балаларды әлеуметтік қорғаудағы басты міндет–денсаулықтары мен физиологиялық дамуына кері әсерін тигізетін жағдайда өмір сүріп жатқан балаларға (18 жасқа дейін) әлеуметтік көмек көрсету және қадағалау. Әрбір муниципалитетте «Балаларды қорғау» бөлімдері болады. Бұл бөлімдерде үш деңгейлі жұмыс атқарылады:

  1. негізгі профилактикалық жұмыс
  2. отбасымен жүргізілетін профилактикалық жұмыс
  3. әлеуметтік қорғау

 Негізгі профилактикалық жұмыстың мақсаты–балалардың өмір сүру жағдайын жақсарту. Оның негізгі жұмысына: балабақшалар ашу, балалар алаңына, жастар клубтарына көмек көрсетіп, транспорт мәселесін шешу.

 Ал, отбасында жүргізілетін профилактикалық жұмыстар: отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу, отбасылық кеңес беру, экономикалық жағдайларын қадағалау, балалардың балабақшаға не мектепке орналасуына көмектесу, отбасында келеңсіз жағдайлардың туындауына жол бермеу, ата-аналардың балаларына дұрыс тәрбие беруін бақылау және атсалысу. Норвегияда, шамасы, балалардың 0,3%-ы муниципалитет қарамағында қадағалануда. Осы бағытта жұмыс атқаратын келесідей институттар анықталып отыр: ана мен бала үйі, балалар үйі, жастар орталығы, отбасылар үйі, нашақорларға арналған институттар және т.б.

 Қазіргі кезде Норвегияда муниципалитет тарапынан заң жүзінде жаңадан әлеуметтік қызмет түрлері ашылуда. Олар:

  1. Қайырымды жандар орталығы деп аталады. Мұнда аты айтып тұрғандай,  өз еркімен көмек көрсетуге дайын адамдар кіреді;
  2. Шиеленіске түскен жандармен жұмыс–бұл әділетті шешім қабылдауға бағытталған жауапты қызмет түрі. Мысалы, кінәлі қылмыскер зардап шеккен азаматқа белгілі бір жұмысын істеп беруі шарт
  3. Жастар орталығы жастар арасындағы қылмыскерлік пен нашақорлықпен күресу мақсатында жастар іс-әрекеттерін қадағалау  (10 нан 16 жасқа дейін) жұмыстары
  4. Әйелдерді қабылдау орталығы: отбасында не белгісіз жағдайлармен зорлық-зомбылық көрген әйелдердің тегін ем алуына көмектесу
  5. Қаңғыбастар мен қашқындарға арналған орталық-әлеуметтік көмек көрсету, бейімдеу және оңалту жұмыстарын жүргізетін уақытша баспана
Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-12-08 17:43:21     Қаралды-5833

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?

...

Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІРПІШ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Пісірілген балшықтан жасалған бұл әмбебап құрылыс материалы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОТТЕГІ ҚАЙДАН КЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Оттегі - жер бетіндегі ең көп таралған химиялық элементтердің бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘПТЕР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Мектеп дәптерлеріне ата-әжелеріңіз, аналарыңыз бен әкелеріңіз жазған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ПЛАНЕТА ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?

...

Күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »