UF

Тақырыбы: КЛАСС БАСАЯҚТЫЛАР

 

1. Класс басаяқтыларға сипаттама

2. Жалпы шолу

 

Класқа бөлу

1 класс тармағы - Сыртқы бақалшақтылар

    1 отряд Кемешіктер - көбінесе қазба формасы

    2 отряд Аммониттар - тек қазба формалар

2 класс тармағы - Ішкі бақалшақтылар

     1 отряд Он аяқтылар. Осы кездегі және қазба формалар

     2 отряд. Сегіз аяқтылар. Осы кездегі және қазба формалар

 

1. Моллюскалардың ең жоғарғы құрылысты  класы. Осы  кездегі өмір сүретін өкілдерінің көпшілігінде сыртқы бақалшағы болмайды. Олар ішкі, таяныш, азды-көпті   қалдық   мүшеге  айналған.   Қейбіреулерінде скелет мүлдем жойылған. Денелерінде басы,   оның төңірегінде   қармалағыш тәжі яки қолдары және   кеудесі ғана болады. (сурет). Денесі екі жақты симметриялы.

Аяқтары өте өзгеріліп, басқа және ерекше құрылысты — воронкаға айналған (сурет). Мантия бұкіл денесін жауп жатады, оның арқа жағына бекінеді және іш  жағынан  кең мантия  қуысын құрайды. Аузында мықты қос жағы  және радула болады.

Ішек-қарыны күрделі, онда мантия  қуысына  ашылатын  бірнеші асқорыту бездері болады. Кейбіреулерінде, кейінгі ішекке жалғасатын, айрықша сыя бездері  болады. Желбезектерінің саны екеу не төртеу болады. Қан айналыс системасы күрделі  және тұйыққа жақын. Жүрегінде екі немесе төрт жүрекше болады.   Бүйректері екеу немесе төртеу болады, олар мантия құысына  ашылады. Нерв системасы өте жоғары дәрежеде дамыған, күрделі құрылысты қалбыр сыяқты ерекше шеміршек скелетпен қоршалған, мыйы болады. Сезім органдары жақсы дамыған, әсіресе көздерінің құрылысы  күрделі. Дара жынысты, кейде жыныстық диморфизм айқын болады. Өсіп-өнуі тура личинкасы  болмайды. Тек қана теңіздік  жануарлар. Осы кезде өмір сүретін бас аяқталырдың түрі -200. Қазбадан табылғандары бірнеше мың болады.

2. Сыртқы пішіні. Басаяқтылардың барлық  омыртқасыздардың ең ірісі, жіне ең ірі жануарлардың бірі болады. Басаяқтылардың өкілі  кальмар архитеитистің, ұзындығы созылған қармағыштарымен қосқанда 18м ге жетеді. Кейбір қазба басаяқтылар- аммониттардың диаметрі -2 метрге жеткен. Қармағыштарының саны он, немесе сегіз  бұл класс тармағы екі отрядқа бөленеді.Бірінішілерінде екі қармағышы ұзанырақ келеді. Қармағышында  сорғыштары не жемін ұстауға арналған мүйіз ілгешектері болады. Қармағыштардан басқа  басының екі жағында екі көзі болады. Көздерінің түсі айқын, көбінесі мөлдір жасыл келеді. Кеуделері созылыңқы, оқтаудай сұңғақты, торпеда сыяқты - кальмар, немесе шомбал, арқасы мен бауыр жағы  біраз қысыңқы -каракатица, яки домалақ қапшық сыяқты - сегізаяқтар. Басаяқтылардың түсі әртүрлі.  Кейбір судың терен жерінде мекендейтіндері мүлдем түссіз және мөлдір келеді, ал көпшілігінде пигмент болады. Пигменттік   клеткалары   немесе хромотофорлары,   үлкейіп   не кішірейіп формасын өзгертуі мүмкін. Осыған байланысты басаяқтылар түстерін  тез және кенет өзгерте алады. Әсіресе бұл қасиет сегізаяқтыларда күшті, олар тыныш түрғанда сүттей-ақ болса да, мазасыздандырса қызыкүрең не күлгін қоңырға айналады.

 

Пайдаланған әдебиеттер 

1. К. Дәуітбаева. “Омыртқасыздар зоологиясы” Алматы 2004ж. 503-564 б.

 2. Догель В.А. Зоология беспозвоночных. М.:Высшая школа, 1981

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-07 20:24:37     Қаралды-3709

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БӨЛМЕ НЕГЕ ЖЫЛЫ?

...

Кез келген жылытқыш алдымен айналасындағы ауаны қыздырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЛИМОНАДТЫҢ ОП-ОҢАЙ РЕЦЕПТІЛЕРІ

...

Ыстықта шөліңізді басатын қарапайым лимонадтарға арналған 11 рецепт

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЛМҰЗДАҚ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТАР

...

БАЛМҰЗДАҚ – барлық дерлік балалардың және көптеген ересектердің сүйікті тағамы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »