UF

Тақырыбы: Тақтажелбезектілер немесе қосжақтаулы моллюскалар класы –Lamellibranchia немесе Bivalvia

 

1. Моллюскалар типі - Mollusca

2. Cистематикасы

3. Қосжақтаулы моллюскалар – Bivalvia

4. Құрылысы мен физиологиясы

 

1. Моллюскалар типі - Mollusca

Моллюскалар ( латынша МOLLUSA – жұмсақ, былқылдақ) немесе жұмсақ денелілер, көпқылтанды құрттардан тараған. 130 000- ға жуық түрі белгілі. Мұхиттарда, теңіздерде, тұщы суларда, су қоймаларында және құрлықта тіршілік етеді.

Моллюскалар мынадай белгілерімен ерекшеленеді: денесі сегменттерге бөлінбеген, кейбір төменгі сатыдағы өкілдерінде метамерияның белгілері сақталған. Целом қуысы, дернәсіл сатысында дамды, ересектерінде жүрек айналасындағы қапшық, гонада қуысы, саңылаулар немесе синус, ішкі мүшелерінің арасында бос қуыстар, ұлпаларға толған, екі жақты симметриялы жануарлар. Денелерінде бақалшақ болады. Бақалшақ үш қабатта ізбесті, інжу, мантия қабаттарынан тұрып қоғаныш қызметін атқарады. Басқа омыртқасыздардан ерекшелігі-ас қорыту жүйесіндегі, жұтқыншақ бөлімінде, қоректі ұстайтын ерекше аппарат – радула деп аталатын үккіштің болуы. Дара, қос жыныстылар. Теңіз суларында және құрлықта мекендейтін түрлері де бар. Моллюскалар типі ерекше омыртқасыздардың ішіндегі бір тобы.

2. Cистематикасы

Моллюскалар типі екі тип тармағына бөлінеді:

Бүйіржүйкелілер – Amphineura және бақалшықтылар – Conchifera.

Бүйіржүйкелілер тип тармағы - Amphineura

Сауыттылар немесе хитондар класы – Lorita, немесе Polyplacophora Сауытсыздар немесе жылғақұрсақтылар класы – Aplacophora немесе Solenogastres

Бақалшықтылар тип тармағы -  Conchifera

Моноплакофоралар класы - Monoplacophora

Бауыраяқтылар класы - Gastropoda

Алдыңғыжелбезектілер класс тармағы - Prosobranchia

Екіжүрекшілер немесе ежелгі бауыраяқтылар отряды – Diotocardia немесе Archaeogastropoda

Біржүрекшілер отряды - Monotocardia

Артқыжелбезектілер класс тармағы - Opisthobranchia

Жаббықжелбезектілер отряды - Testibranhia

Жалаңашжелбезектілер отряды - Nudibranhia

Өкпелілер класс тармағы - Pulmonata

Орнықтыкөзділер отряды –Basommatophora

Сабақшакөзділер отряды - Stylommatophora

Тақтажелбезектілер немесе қосжақтаулылар класы - Lamellibranchia немесе Bivalvia

Алғашқы желбезектілер отряды - Protopranhia

Жіпжелбезектілер отряды - Filibranhia

Нағызтақтажелбезектілер отряды - Eulamellibranchia

Қалқажелбезектілер отряды - Sertibranhia

Күрекаяқтылар класы - Scaphopoda

Басаяқтылар класы - Cеphalopoda

Төртжелбезектілер класс тармағы - Tetrabranchia

3. Қосжақтаулы моллюскалар – Bivalvia. Қосжақтаулы моллюскалар теңіздерде, тұщы суларда, судың түбіне көміліп, жай жылжитын, 20 000-ға жуық түрі бар, билатеральді симметриялы жануарлар.   Бұл кластың ең басты еркшеліктері: басы жоқ, денесі тұлға және аяқ бөлімінен тұрады; денесі бүйір жағынан қосжақтаулы бақалшақпен қапталған, оның оң жақ және сол жақ жақтаулары дененің  арқа жағында лигамент немесе тістері арқылы өзара  байланысады;  жұп ктенидиялары көпшілігінде үлкен тақталы желбезекке айналған. Ұзындығы бірнеше милиметрден 1,5 метрге дейін, мысалы, Тынық және Үнді мұхиттарында кездесетін Tridacna gigas – тың бақалшағы 1,35м, ал оның салмағы 250кг – нан көп болуы мүмкін.

4. Құрылысы мен физиологиясы. Денесі сопақша келген, бүйір жағынан қабысқан, басы жоқ, тұлға және бұлшықетті аяқтан тұрады. Тіршілік етуіне және қозғалуына байланысты аяқтарының пішіні әр түрлі. Төменгі сатыдағы түрлерінің аяғы, бауыаяқтылардыкіндей тегіс жорғалауышы жалпақ табанымен жабдықталған, ал қалған тақтажелбезектілерде аяқтары бүйірінен қабысқан, шет жағына қарай үшкірленген. Мұндай аяқ жорғалаумен бірге, су түбі топырағын, құм және шөгінді лайды қазуға бейімделген. Субстрактқа бекініп жылжымай тіршілік ететін түрлерінде аяқтары толық дамымаған, Қосжақтаулы моллюскалар  денесі кутикула, ал оның сыртын мантия деп аталатын үлкен тері қатпары жауып тұрады. Мантия мен дене аралығында мантия қуысы пайда болып, онда желбезектері мен аяғы орналасқан және оған аналь, зәр шығару, жыныс тесігі ашылады.  Денесінің арқа жағында мантия қуысы бір-біріне алмасып, ал алдыңғы, төменгі және артқы шеттері бір-біріне қосылмай бос қалпында қалады, осылайша мантия қуысы сыртқы ортамен еркін қатысады да қоректік заттарды, суды оңай қабылдайды.

Мантияның бұндай құрылысы ашық типті деп аталады.  Бірақ көпшілігінде мантияның бос шеттері бір- бірімен, әсіресе артқы шетіндегі аймақтарында бірігіп, бірнеше тесіктер немесе созылып сифондар құруы мүмкін. Сол арқылы мантия қуысы сыртқы ортамен байланысады. Мысалы, артқы екі тесіктің астыңғысы мантия қуысына қоректік заттары бар тыныс алуға қажетті судың кіруін қамтамасыз етеді, яғни бұл әкелуші сифон болып саналады, жоғарғысы керісінше мантия қуысынан көмірқышқыл газына бай суды және нәжістерді сыртқа шығарады -  бұл шығарғыш сифон. Бірікпеген алдыңғы және құрсақ тесігі мантиялық қуыстын аяқтың сыртқа шығуын қамтамасыз етеді. Құм мен шөгінді лайға көміліп тіршілік ететін түрлерінде әкелуші және шығарушы сифондарының шеттері ұзын бұлшықетті түтікшеге созылады да шөгіннің бетіне шығып мантия қуысына таза судың кіруін қамтамасыз етеді. Мантияның бос шеттерінде қысқа қармалауыштарымен қоса көздері де орналасқан.

Қосжақтаулы моллюскалардың сыртқы тері жабыны үш түрлі эпителиден құралған: мантиялық, жалпақ және желбезек. Мантиялық эпителий мантияның сыртқы жағын, жалпақ эпителий желбезекті жауып тұрады.

 

Пайдаланған әдебиеттер 

  1. К. Дәуітбаева. “Омыртқасыздар зоологиясы” Алматы 2004ж. 24-66 б.
  2. Бей-Биенко Г.Я. Общая энтомология. М.: Высшая школоа, 1980
  3. Беклемишев В.Н. Основы сравнительной анатомии беспозвоночных. М.: Наука, т 1-2, 1964
  4. Догель В.А. Зоология беспозвоночных. М.:Высшая школа, 1981
  5. Жизнь животных / под. Ред. Ю.И. Полянского . М.: Просвещение, т 1-3, 1987

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-07 20:17:45     Қаралды-6560

ҚҰСТАРҒА ҚАУЫРСЫН НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Құстар жылыну және ұшу үшін қауырсындарды қажет етеді...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАГНИТТЕР НЕ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

...

Магниттерді қолданудың жүздеген әдістері бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАГНИТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Қарапайым тілмен айтқанда, магнит темірді тарта алатын дене.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КРАН НЕ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

...

Кран (мұнара краны деп атау дұрысырақ болар еді) қазіргі кез келген құрылыс...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАГНИТ ӨРІСІ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Магнит өрісі – магниттің айналасындағы аймақ, оның шегінде магниттің сыртқы заттарға әсері сезіледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРАЛАР ҚАНШАЛЫҚТЫ ПАЙДАЛЫ?

...

Аралардың адамдарды тамақтандырудағы негізгі үлесі олардың өндіретін балында емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ІНЖУ-МАРЖАННЫҢ МӨЛШЕРІ ҚАНДАЙ?

...

Соңғы уақытқа дейін әлемдегі ең үлкен інжу 1934 жылы Оңтүстік Қытай теңізінде Филиппиннің Палаван аралында салмағы 300 кг-нан асатын меруерт табылған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУЛЕР ҚАЛАЙ ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ?

...

Жер шарының әртүрлі жерлерінде климат айтарлықтай ерекшеленеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕГИПЕТТЕ ПИРАМИДАЛАР ҚАЛАЙ САЛЫНДЫ?

...

Мысырдағы Гиза қаласындағы пирамидалар бес мың жыл бойы әлемде бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »