UF

Тақырыбы. ТЫНЫС АЛУ АППАРАТЫ

.

  1. Тыныс алу мүшелерінің атқару қызметтеріне байланысты құрылысы мен даму заңдылықтары
  2. Қан айналу жүйесінің дамуына байланысты тыныс алу мүшелерінің онто- және филогенезі

 

Тыныс алу жүйесі – жануарлар организмінде газ алмасу қызметін атқарады. Тыныс алу ауадағы оттегін қанға өткізіп, қандағы көмір қышқыл газды ауаға шығарады.

Дем шығару кезінде ауамен бірге организмнен қосымша су буу және артық жылу сыртқы ортаға шығарылады. Иіс сезу, дыбыс мүшелері де тыныс алу жүйесінде орналасады.

Атқаратын қызметіне қарай тыныс мүшелері тыныс жолдары және газ алмасу мүшесі болып екі бөлімге бөлінеді. Тыныс жолдарына: мұрын, аңқа, көмекей, кеңірдек, бронхтар жатады. Газ алмасу қызметін өкпе атқарады.

Тыныс жолдарының басқа түтікше мүшелерден айырмашылығы, олардың ортаңғы қабығы тыныс алу жолдарының  үнемі ашылып тұруын қамтамасыз ететін қатты ұлпалардан - шерімшектік және сүйектік ұлпалардан құралған.

Мұрын қуысы. Мұрын – тыныс жолдарының басталар алдыңғы бөлігі. Мұрын қуысында ауа жылынады, су буымен дымдалады, құрамындағы шаң тозаңнан тазаланып және иіс сезу мүшесінің қатысуымен ауа құрамындағы заттардың иістері анықталады. Кейбір жануарларда мұрын дыбыс шығаруға да қатысады.

Мұрын қуысы мұрындық перде арқылы екіге бөлінеді. Осыған байланысты мұрын қуысында жұп кіреберістік және жұп жұтқыншаққа шығаберіс тесіктер - хоандар болады. Мұрын қуысы мұрын маңындағы қойнаулармен тесіктер арқылы қатысып жатады.

Мұрынның жоғарғы жағы - мұрын қыры. Мұрынның алдыңғы ұшы жануарларда бірдей болмайды. Мұрынның екі бүйір қабырғасының негізін жоғарғы жақтық және тұмсықтық сүйектер, артқы қабырғасының торлы сүйек, алдыңғы мұрын ұшының тұмсықтық сүйек пен шеміршектер, мұрын түбінің тұмсықтық, жоғарғы жақтық және таңдайлық сүйектер, мұрын қырының мұрындық сүйек құрайды. Ал мұрындық перденің негізі перделік шеміршектен тұрады.

Мұрын тесігінің сыртқы екі бүйір қабырғасының танау деп аталады.

Мұрын ұшының екі қабырғасын перделік шеміршектің дорсальдік және вентральдік жиегінен, оның екі бүйіріне кететін дорсальдік және вентральдік бүйірлік мұрындық шеміршектер құрайды.

Танаудың негізін танау шеміршектері түзеді. Бірақ, бұл шеміршек құрылысы жағынан әр түрлі жануарларда түрліше болды.

Мұрын сыртынан терімен қапталған. Оның мұрын тесіктерінің айналасындағы түксіз пигменттеліп тұрған аумағын қаңсар дейді. Қаңсардың сыртқы беті дымқыл да салқын келеді. Мұның себебі қаңсар қабырғасында үздіксіз сірлі сұйық бөлетін бездер болады. Қаңсар бетінің құрғақ болуы жануарлардың дене қызуының артқандығының белгісі. Оның айналасында жекеленіп орналасқан сезім түктері болады.

Мұрын қуысы ішкі бетінің тек алдыңғы жағы ғана тері тектес кілегейлі қабықпен, мұрынның кіреберісі деп аталады.

Ал қалған оның ішкі беті - өзіндік мұрын қуысы көп қатарлы кірпікшелі эпителиймен астарланған кілегейлі қабықпен қапталған. Кілегейлі қабық мұрын пердесі бетінде тегіс, бүйір жағында кеуілжір тәрізді, артқы иіс сезу мүшесі тұсында ұяшық сияқты болып келген әр түрлі қатпарлар түзеді.

Мұрын қуысының әрбір бөлігін оның бүйір қабырғасындағы дорсальдік және вентральдік мұрын кеуілжірлері 4 өтіске бөледі.

Мұрын кіреберісі мен өзіндік мұрын шекарасындағы қатпарда мұрын –көзжастық тесік көрінеді. Бұл тесікке көз жасы қапшығынан келетін мұрын –көзжастық өзек ашылады. Кілегейлі қабық астында веналық өрім жатады. Вентральдік мұрындық өтістің алдыңғы жағынан ауыз қуысына күрек тістік өзек ашылады. Бұл өзекке иіс сезу қызметін атқаратын соқаша-мұрын мүшесі ашылады. 

Ерекшеліктері: жылқының қаңсары болмайды. Мұрын тесігінің пішіні жарты ай тәрізді болып келеді. Танаудың негізін танаулық шеміршек, шеміршек пластинкасы мен мүйізшесі түзеді. Шеміршек пластинкасы танаудың алдыңғы қабырғасында ғана болады. Танаудың бүйірлік бетінде тереңдігі 6-7 см мұрын буылтығы (дивертикулы) болады. Мұрын кеуілжірлері ішкі пердесі арқылы алдыңғы және артқы бөлімдерге бөлінеді. Алдыңғы бөлімі ортаңғы мұрындық өтіспен жалғасып жатады. Дорсальдік кеуілжірдің артқы бөлімі маңдайлық қойнаумен қатысып, маңдай-кеуілжірлік қойнау, ал вентральдік кеуілжірдің артқы бөлімі жоғарғы жақтық қойнаумен жалғасып, кеуілжір жоғарғы жақтық тесігін түзеді.

Түзу қатпар қосарланып жатады. Күрек тістік ауыз қуысына ашылмайды. Кілегей астылық веноздық өрім жақсы жетілген.

Ірі қара малда қаңсар жоғарғы ерінге дейін үлкейіп кеңейеді. Мұрын тесіктері онша үлкен емес, пішіні сопақша болып келеді. Олардың дорсолатеральдік жиегінде танау сайы болады. Мұрынның танауы қалың  болып келеді. Оның дорсальдік қабырғасын танау шеміршегінің пластинкасы, ал вентральдік қабырғасының негізін якорша шеміршек түзеді. Дорсальдік және вентральдік бүйірлік шеміршектер бір-бірімен жалғасып, мұрынның бүйірлік қабырғасының негізін құрайды.

Дорсальдік кеуілжір ұзын, жіңішке, ал вентральдік кеуілжір жалпақ болып келеді.  Вентральдік кеуілжір ұзынша ішкі пердемен дорсальдік және вентральдік бөлімдерге бөлінеді. Оның дорсальдік бөлімі ортаңғы мұрындық өтіспен, ал вентральдік бөлімі вентральдік мұрындық өтіспен қатысады. Веноздық өрім мұрындық перденің және мұрын түбі қабықтарында болады. Қойда қаңсар тек мұрын тесігінің айналасында ғана болады. Шошқа мұрынның ұшында жалпақ тұмсық орналасады. Оның пішіні диск сияқты, қозғалмалы келеді, сыртқы бетінде жалпақ тұмсық қаңсары болады. Шошқаның мұрын қуысы ұзын, жіңішке келеді. Оның артқы жағына қарай вентральдік мұрындық өтістер бірігіп кетеді. Дорсальдік кеуілжір жалпақ болады. Өз кезегінде вентральдік кеуілжір дорсальдік және вентральдік оралымдардан тұрады. Олар ортаңғы және вентральдік мұрындық өтістермен қатысады.

Көмекей. Көмекей - арқаны кеңірдекпен жалғастыратын кеңірдектің алдыңғы бөлігі. Көптеген қызметтер атқарады: тыныс алуды қамтамасыз ететін тыныс жолдарының құрамына кіреді, азықты жұту кезінде тыныс жолын азық жолынан бөледі, кеңірдекті тіл асты сүйегіне бекітеді, жұтқыншақ еттірінің негізін түзеді. Бұлармен ол дыбыс шығару мүшесі.

Көмекей қуысының ішкі беті кілегейлі қабықпен астарланған. Аңқадан көмекейге кіретін тесікті төменгі жағынан көмекей қақпағы бөбешік, екі бүйірінен ожауша – бөбешікті қатпарлар жатады. Бөбешіктің негізін бөбешіктік шеміршек, ал қатпарлардың негізін ожауша шеміршектің мүйіздік өсінділері түзеді.

Көмекейдің оң және сол бүйірлік ішкі бетінде қосарынан орналасқан кіреберістік және дыбыстық қатпарлар болады. Осы екеуінің аралығында көмекей қарыншасы орналасады. Дыбыстық қатпарлардың алдында жатқан көмекей қуысының бөлігін көмекейлік кіреберіс дейді. Кіреберістік қатпардың негізін қарыншалық ет, ал дыбыстық қатпарды дыбыстық сіңір және дыбыстық ет құрайды. Көмекейлік кіреберістің кілегейлі қабығы көп қабатты жалпақ эпителиймен астарланған. Бөбешіктің артқы жағындағы кіреберісті, вентральдік бетіндегі кішкене шұңқыршаны көмекейдің орталық қалтасы дейді. Оң және сол ожауша шеміршектер мен дыбыстық қатпарлар аралығындағы қуысты дыбыстық саңылау дейді. Оның жоғарғы кең шеміршекаралық және төменгі тар дыбыстық қатпараралық немесе жарғақаралық бөліктері болады. Соңғы жарғақаралық бөлікті дыбыстық аппарат деп те атайды. Дыбыстық еріндерден кейінгі көмекей қуысын дыбыстық артқы қуыс дейді. Бұл қуыстың кілегейлі қабығы көп қатарлы кірпікшелі эпителиймен астарланған. Көмекейдің ортаңғы қабығының негізін бір-бірімен қозғалмалы байланысқан 5 шеміршек түзеді.

Сақинаша шеміршек пластинка мен доғадан тұратын гиалиндік шеміршек. Шеміршектің түрі сақинаша болып келеді. Оның алдыңғы жағы қалыңдау. Артқы жіңішкелеу жағымен ол кеңірдекке жалғасады. Шеміршектің сыртында орталық қыр жақсы көрінеді. Оның алдыңғы жағында ожауша шеміршекпен, доғасының латеральдік екі бүйірінде қалқанша шеміршектің каудальдік мүйізшелерімен байланысатын буындық беттері болады.

Қалқанша шеміршек пішіні жағынан иілген қалқанша тәрізді гиалинді шеміршек. Ол көмекейдің екі бүйірі мен төменгі бетінің негізін құрайтын оң және сол пластинкалардан тұрады. Пластинкалардың үстіңгі жағынан алдыңғы және артқы мүйізшелер шығып тұрады. Алдыңғы мүйізшелері тіластылық сүйектің үлкен мүйізімен, артқы мүйізшелер сақинаша шерімшекпен байланысып тұрады.

Ожауша шеміршек жұп гиалин шеміршек. Шеміршектің негізінде жоғары қарай иілген мүйізше өсіндісі, сыртқы ет өсіндісі болады. Ет өсіндісінің төменгі беті дыбыстық сіңір мен ет бекитін дыбыстық өсінді көрінеді. Оң және сол ожауша шеміршектер бір-бірімен өзара мүйізше өсінділерімен жанасып, артқы бетімен сақинаша шеміршекпен буын арқылы байланысады.

Бөбешіктік шеміршек пішіні жапырақ тәрізді болып келген серпімді шеміршек. Оның негізі сабақшасы, екі бүйір жиегі, тілдік және жұтқыншақтық беттері болады. Ол негізі арқалы қалқанша тәрізді шеміршекпен байланысады.

Шеміршектер бір-бірімен буындар арқылы қозғалмалы байланысады және олар  қосымша тіластылық сүйектің үлкен мүйздерімен, бөбешікпен байламдар арқылы жанасады.

Көмекей қабырғасындағы еттер кеңейтуші, тарылтушы және көмекейге жалпы әсер етуші еттер болып 3 топқа бөлінеді.

Кеңейтуші еттерге сақина – қалқанша және тіласты бөбешіктік еттер жатады. Бұл еттер көмекейдің кіреберісін және қуысын кеңейтіп, дыбыстық қатпарларды қатайтады.

Тарылтушы еттерге сақина – ожауша латеральдік, дыбыстық, қарыншалық және ожауша көлденеңдік еттер жатады. Бұл еттер жиырылған кезде дыбыстық қатпарлар босаңсып, көмекейдің қуысы тарылады.

Көмекейге жалпы әсер етуші еттерге төс - қалқаншалық және тіласты- қалқаншалық еттер жатады. Олар көмекейді алға және кейін жылжытуға көмектеседі.

Ерекшеліктері: жылқыда көмекейдің қалқанша шеміршегінің каудальдік бетінде терең каудальдік ойық болады, пластинкасының сыртқы бетінде еттер бекитін қиғаш сызықтар байқалады. Көмекей қарыншасы жақсы жетілген. Ірі қара малда қалқанша шеміршектің каудальдік мүйізшесі сақинаша шеміршекпен байлам арқылы байланысады. Ожауша шеміршектің дыбыстық өсіндісі жақсы жетілген. Бөбешіктік шеміршектің пішіні сопақша, дыбыстық қатпарлары көмекей түбіне тік орналасқан. Көмекейдің орталық қалтасы, қарыншасы болмайды. Ұсақ малдарда көмекейдің орталық қалтасы жақсы жетілген, ал шошқаның көмекейі ұзындау келеді. Қалқанша шеміршектің алдыңғы мүйізшесі болмайды. Ожауша шеміршек пен сақинаша шеміршек арасында ожауша шеміршектераралық кішкене шеміршек орналасады. Дыбыстық қатпарлары төмен артқа қарай қиғаш орналасады. Олардың алдыңғы, артқы бөліктерінің арасындағы көмекей қарыншасының тесіктері көрінеді.

Кеңірдек. Кеңірдек көмекейді өкпе бронхтарымен жалғастырып тұратын түтік тәрізді мүше. Кеңірдектің ұзындығы мен оның қабырғасындағы шеміршек сақинашаларының саны жануар мойнының ұзындығына байланысты. Кеңірдек жүректің жоғарғы жағында екі негізгі бронхтарға тарайды. Бұл жерді кеңірдектің бифуркациясы дейді.

Кеңірдек қабырғасы үш: кілегейлі, ортаңғы фиброзды, шеміршекті, сыртқы оның орналасу орнына қарай сірлі қабық немесе адвентициядан тұрады. Кеңірдектің кілегейлі қабығы көп қабатты кірпікшелі эпителийден, өзіндік пластинкадан, кілегейліастылық қабаттардан құралған. Эпителий торшалары аралығындағы бокал тәрізді бір торшалы бездерден бөлінген кілегей эпителийдің ішкі бетін дымқылдандырып, тыныс жолдарына түсетін шаң-тозаңдарды ұстап қалады. Кірпікшелердің қозғалуы арқылы жиналып, кілегейленіп, қақырыққа айналған шаң-тозаңдар сыртқа шығарылып отырылады.

Кілегей қабығының өзіндік плстинкасы борпылдақ дәнекер ұлпасынан түзілген. Бұл қабаттан қан тамырлары мен жүйкелік талшықтарды және лимфалық баданалардан кездестіруге болады. Өзіндік пластинка мен кілегей астылық қабат аралығында эластикалық талшықтар қабаты жатады.

Кілегей астылық қабат борпылдақ дәнекер ұлпадан түзілген. Мұнда кілегей бөлетін көпіршікті - түтікшелі бездері жатады.

Фиброзды – шеміршекті қабықты тұйықталмаған шеміршек сақиналары түзеді. Бұл сақиналардың тұйықталмаған дорсальдік ұштары өзара сақинаша байламдармен және кеңірдектік еттермен жалғасып жатады. Кеңірдектік сыртқы қабығы оның организмдегі орналасу орнына байланысты. Кеңірдектің мойын бөлігіндегі сыртқы қабығы дәнекер ұлпалық адвентициядан, ал көкірек қуысындағы бөлігі сірлі қабықтан тұрады.

Өкпе.           Өкпе  - пішіні кесілген конус тәріздес тыныс алу жүйесінің негізгі мүшесі. Құрылысы жағынан түтікшелі-көпіршікті, қомақты паренхиматозды мүше. Өкпе тыныс алу жолдарынан және газ алмасу бөлімінен тұрады. Тыныс алу жолдарын бронхиальдық тарам, ал газ алмасу бөлімін – көпіршікті /альвеорлярлық/  тарам деп атайды.

Күйісті жануарлар мен шошқада кеңірдектен оң өкпенің краниальдік бөлігіне бифуркациядан бұрын кеңірдектік бронх таралады.

Оң өкпе көлемі жағынан сол өкпеден үлкен келеді. Себебі көкірек қуысынңың сол жағында жүрек орналасады.

Өкпенің диафрагма күмбезімен жанасып жатқан ойыс беті қиғаш орналасқан негізгі және оған кері алдыңғы бірінші қабырғалар тұсындағы төбесі болады. Өкпеде  қабырғалық, ойыс диафрагмалық және екі өкпе аралығындағы беттерді ажыратады.

Өкпенің дорсальдік доғал, төменгі қырлық және негіздік жиектері болады.

Бөлік аралық саңылау арқылы өкпені краниальдік және каудальдік бөліктерге бөледі. Краниальдік бөлік жылқы мен түйеден  басқа жануарларда өз кезегінде екі бөлікке бөлінеді. Сөйтіп, сол өкпеде краниальдік, ортаңғы және каудальдік үш бөлік, ал оң өкпеде сол өкпедегідей үш бөлік және қосылып төрт бөлік болады. Өкпенің жүректік бетінде оң және сол өкпенің жүректік ойықтары жақсы көрінеді. Негізгі бронх пен өкпе артериясы еніп, өкпе веналары шығатын өкпенің жүректік бетіндегі тұсын өкпелік қақпа деп атайды. Өкпенің бұл аумағын, оның түбірі деп те атайды. Өкпені сыртынан сірлі қабық - өкпе плеврасы қаптап жатады.

Негізгі бронхтар өкпеде оның бөліктеріне енетін үлкен бронхтарға ажырайды. Бөліктер ішінде үлкен бронхтар ортаңғы бронхтарға, олар кезеңінде кіші бронхтарға таралады. Кіші бронхтардың диаметрі 1 мм-дей бөлікшелер іштік жіңішке соңғы тарамдары бронхиолалар деп аталады. Негізгі бронхтан бастап, бронхиолаларға да иін тарамдалуын - бронхиальдік тарам деп атайды. Бронхиолалар өкпенің газ алмасу бөлімін түзетін өкпе бөлікшелеріне енеді. Өкпе бөлікшелері көпіршіктер жүйесі – альвеолярляқ тарамдардан түзілген. Өкпе бөлікшесі ішінде альвеолярлық бронхиола 20-30 қысқа альвеолярлық өтістерге, олар өз кезектерінде бірнеше альвеолярлық қапшықтарға бөлінеді. Қапшықтардың қабырғалары ұсақ көпіршіктерден тұрады. Бір альвеолярлық бронхиоладан таралған альвеолалар жиынтығы өкпенің бірінші бөлікшесін түзеді. Яғни бұл бөлікше өкпенің құрылым бірлігі болып есептелінеді де, ацинус деп аталады. Аталған бронхтар мен альвеолярлық тарамдар өкпенің паренхимасын түзеді. Оларды қомақты мүше ретінде біріктіріп тұратын дәнекер ұлпааралық өкпенің стромасын түзеді. Стромамен қоректендіруші қан, лимфа тамырлары, жүйкелер өтеді. Строма коллаген және эластин талшықтарына бай болғандықтан, өкпе өте созылмалы, серпімді келеді.

Бронхиальдік тарамдағы бронхтар диаметрінің өзгеруі олардың құрылысына әсерін тигізеді.

Негізгі бронх құрылысы жағынан кеңірдекке ұқсас болып келеді. Бірақ айырмашылықтар байқалды. Олар негізгі бронх қабырғасындағы шеміршек сақиналар тұйықталып келеді және кілегей қабықта нашар жетілген еттік қабат болады.

Үлкен бронхтардың кілегейлі қабығында еттік қабат жақсы дамып, шеміршек сақиналар ұқсас шеміршек пластинкаларға айналады.

Ортаңғы бронхтың кілегейлі қабығында бокал тәрізді клеткалар аз кездеседі. Серпімділік талшықтар мен өттік қабаттың жақсы жетілуінің нәтижесінде кілегейлі қабық қатпарларынан тұрады. Кілегейліастылық қабатта сірлі-кілегейлі сөл бөлінетін бездерді көруге болады. Бірақ бездердің саны кеңірдек қабырғасына қарағанда аздау келеді.

Фиброзды – шеміршекті қабық жұқа шеміршек пластинкалардан және олардың аралығындағы шеміршексіз аралықтардан тұрады. Ортаңғы бронх сыртынан адвентициямен қапталған.

Кіші бронхтардың кілегейлі қабығында бездер болмайды. Бірақ еттік қабат жақсы жетілген.

Бронхиальдік тарамның соңы - соңғы бронхиола кілегейлі қабығында көп қатпарлы кірпікшелі эпителий бір қабатты куб тәрізді кірпікшелі эпителийге айналады. Еттік қабат болмайды.

Соңғы бронхиола бірнеше респираторлық бронхиолаларға бөлінеді. Бұл бронхиолалардың қабырғасы бір қабат жалпақ эпителиймен астарланған. Эпителий тыныстық деп аталады. Кірпікшелер болмайды.

Альвеолярлық бронхиолалар жоғарыд баяндалған альвеолярлық тарамға таралып, өкпенің құрылым бірлігі - ацинустарды түзеді.

Альвеолялардың ішкі қабырғасы базальдік жарғақта орналасқан бір қабатты жалпақ эпителиймен астарланған. Қуысындағы ауа оттекке бай. Базальдік жарғақты сыртқы жағынан эластин талшықтарымен жабдықталған қан капиллялары жанаса орап, қаптап жатады. Осы  альвеоляларды шырмап жатқан капиллярлардың қабырғалары да бір қабат жұқа эндотелий торшаларынан тұрады. Олардың қуыстарымен көмір қышқыл газға қаныққан веналық қан ағып жатады. Сөйтіп, альвеолялар қуысындағы ауа мен қан капиллярларындағы жылжып ағып жатқан қанның арасында өте жұқа екі жарғақ қабырғалар ғана қалады. Осы қабырғалар арқылы газ концентрациясының айырмашылықтарына байланысты газ алмасады. Оттек альвеолярлардан қанға, ал көмір қышқыл газ керісінше ауаға өтеді. Нәтижесінде веналық қан артериялық қанға айналады.

Негізгі әдебиеттер

1       Акаевский    А.И.  и др.  Анатомия домашних животных. Учебник, - Москва. «Колос», 1984.

2       Акаевский А.И., Лебедев  М.И. Анатомия домашних животных. Учебное пособие. - Москва, «Высшая школа»,  1971.

3       Боккен Г.Г., Глаголов П.А., Боголюбский С.Н. Анатомия домашних животных. Учебное пособие. - Москва, «Высшая школа, 1961.

4       Гиммельрейх Г.А. и др. «Анатомия домашних животных» Учебное пособие. - Киев, «Высшая школа , 1980.

5       Гиммельрейх Г.А. и др. «Анатомия домашних животных» Учебное пособие. - Киев, «Высшая школа , 1980.

6       Жеденов   В.Н. Анатомия домашних животных. Учебное пособие. - Москва, «Высшая школа,    1965, 1973, 1977.

7       Осипов  И.Я.  Анатомия домашних  животных.  І - ІІ  часть.  -  Москва. «Колос»,    1965, 1972, 1977.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-03 16:05:19     Қаралды-8229

ҚҰСТАРҒА ҚАУЫРСЫН НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Құстар жылыну және ұшу үшін қауырсындарды қажет етеді...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАГНИТТЕР НЕ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

...

Магниттерді қолданудың жүздеген әдістері бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАГНИТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Қарапайым тілмен айтқанда, магнит темірді тарта алатын дене.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КРАН НЕ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

...

Кран (мұнара краны деп атау дұрысырақ болар еді) қазіргі кез келген құрылыс...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАГНИТ ӨРІСІ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Магнит өрісі – магниттің айналасындағы аймақ, оның шегінде магниттің сыртқы заттарға әсері сезіледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРАЛАР ҚАНШАЛЫҚТЫ ПАЙДАЛЫ?

...

Аралардың адамдарды тамақтандырудағы негізгі үлесі олардың өндіретін балында емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ІНЖУ-МАРЖАННЫҢ МӨЛШЕРІ ҚАНДАЙ?

...

Соңғы уақытқа дейін әлемдегі ең үлкен інжу 1934 жылы Оңтүстік Қытай теңізінде Филиппиннің Палаван аралында салмағы 300 кг-нан асатын меруерт табылған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУЛЕР ҚАЛАЙ ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ?

...

Жер шарының әртүрлі жерлерінде климат айтарлықтай ерекшеленеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕГИПЕТТЕ ПИРАМИДАЛАР ҚАЛАЙ САЛЫНДЫ?

...

Мысырдағы Гиза қаласындағы пирамидалар бес мың жыл бойы әлемде бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »