UF

МАЙЛЫҚОЖА  СҰЛТАНҚОЖАҰЛЫ 

 

Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқұм жерінде туып өскен. Қожа деген атағы болғанмен Құлыншақ та, Майлы да Қоңыраттан өрбиді.

Майлы әуелі үйде, әжесінің үйретуімен сауатын ашып, кейін өз бетімен көп ізденіп, заманына сай білімді адам дәрежесіне жеткен.

Майлы 14 жасқа толғанда әке, шешесі бірдей өліп, жеті жасар Есехан деген інісі екеуі жетім қалады.

Ақынның өз сөздеріне қарағанда, 20 жас шамасында сөзге араласып, өлең өнеріне беріле бастаған.

Бұхара,Самарқант, Ташкент сияқты қалаларда болып, оқыды, тынымсыз ізденді.

Майлы Шығыс әдебиетімен танысып қана қоймай, оны қазақ тіліне аудару әрекетін де істеген. Діни қиссалар сюжетіне дастан жазумен де айналысқан. «Зарқұм» үлгісінде «Абдолла бала» жырын шығарған. «Тотынаманы» өзінше, қысқаша толғаған.

Майлықожаның кейбір толғаулары баспа бетін ерте көрген.1883 жылы Ташкент қаласында басылған. « Қырғыз хрестомастиясы» атты жинақта Майлықожаның бірнеше ұзақ толғаулары басылады. Олар «Райымқұлға», «Қасқыр», «Ноғай мырзаға», «Үш жігіт» деп аталады. Райамқұлдай мансапқорларды қатты сынаған.

«Ноғай мырзалар» деген ұзақ толғауында оны адал болуға, адамгершілікке шақырады.

«Қасқыр» атты өлеңінде ақын өзі тойса да, көзі тоймайтын қасқыр мінезді жыртқыштар тобын сынайды.

Майлықожаның қалдырған мол мұрасын  жанры мен мазмұна қарай төрт тақырыпқа жіктеуге болады. Олар: ғибрат, нақылдар ( «Жолдас болсаң жақсымен », «Жақсы адам қартайса», «Құлақ салғын, халайық»), арнау өлеңдер («Тұрлыбекке», «Ахмет төреге», т.б.), дастандар мен мысалдары («Шора батыр», «Қасқыр», «Тотынаме», «Аңқау мырза») (Қазақтар. Тарихи тұлғалар. II том, Алматы, 1998, 119-бет).

Әсілхан Оспанов Майлы шығармаларын көптен жинап, зерттеп жүрген адам. «Нақлият» деп аталған жинақ 1993 жылы жарық көрді. Зерттеуші ақын шығармаларының негізі сипаты дидактика, нақыл сөз екенін дұрыс көрсеткен.

Майлының кейбір өлеңдері мысалға ұқсайды. Ол Мәделі дәстүрінде адам әрекеттерін хайуанат әрекетіне балап бейнелеген. «Бұлбұл», «Қасқыр», «Үш жігіт», «Тотықұс»-осындай шығармалар.

Майлы шығармалары-өлеңге қойылатын биік талаптарға жауап беретіндей  әрі мәнді, әрі сәнді жырлар.

Майлы табиғат жырларын поэзияда алғаш жырлаушылардың бірі. Табиғаттың әрбір кезеңін адам өмірінің кезеңдеріне ұштастыра жырлаған. «Жылдың төрт мезгілі» атты арнайы жыры да бар.

 

                 Пайдаланылатын әдебиеттер

 

1.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1997,645-670-беттер.

2.Майлықожа. Нақылият. Шамкент, 1993.

3.Қазақтар. Тарихи тұлғалар. II том, Алматы, 1998,118-119-беттер.

4.Сүйіншәлиев Х. ХIХ ғасыр әдебиеті. Алматы, 1992.

5.ХIХ ғасырдағы қазақ ақындары. Алматы, 1988.

6.Исмайлов Е. Ақындар. Алматы, 1956.

7.Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. Алматы, 1973.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-15 20:39:06     Қаралды-8481

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

...

Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШТЫҚ ШАҢ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

...

Ғарыштық материяның барлық фрагменттері ғарыштық шаң деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »