UF

Ежелгі патшалық дәуіріндегі Египет.

 

Мазмұны:

 

  1. Ежелгі Египеттің түп деректері мен тарихнамасы
  2. Египет жазуларын оқу
  3. Табиғат жағдайы және халқы
  4. Рулық құрылыстың ыдырауы
  5. Ежелгі патшалық. Деспотияның орнауы
  6. Пирамидалар
  7. Құл иеленуші құрылыстың пайда болуы
  8. Біртұтас мемлекеттің құрылуы
  9. Ежелгі патшалықтың ыдырауы

 

1. Ежелгі Египеттің түп деректері мен тарихнамасы.

  Ежелгі Қосөзеннің тарихы сияқты ертедегі Египеттің тарихы да бір жүйеге келтіріліп, терең зерттеле басталғаны ХІХ ғасыр болды.

  Бұған дейін библия деректерінің жәене грек пен латын авторлары шығармаларының кейбір үзінділерін пайдалануға тура келді, бұлардың Египеттің жазба документтерін пайдалануға мүмкіншілігі болмады және өзге халықтың тарихын ауыз әдебиеті бойынша баяндады.

  Вавилон – ассирия тарихына қарағанда, бізге белгілі болып отырған Египет өткендегісін суреттеген Герадот «Тарихы» әлдеқайда толығырақ, бірақ бір жүйеге келтірілмеген.

  «Тарихтың атасы» Нілдің бойымен Египеттің солтүстігінен оңтүстігіне дейін саяхат шегіп, көне ескерткіштері қарап, шайқас болған жерлерді аралап, грек тілін білетін египеттіктерден бұл халықтың әдеп – ғұрыпын мен өткендегі тарихын сұрап білді. Әңгімелескен адамдардың бұл мәліметтері үзінді түрінде еді,  кейде бұрмаланған да болды, оны тексеруге Геродоттың мүмкіндігі болмады.

  Кейде египеттік саяхатшыға әңгімелескен адамдары өз ата – бабаларының әскери ерліктерін әсерлеп айтып, оны әдейі шатастырды. Олар Геродотты фараондарының Сесострис деп аталатын біреуі Қара теңіздің солтүстік жалғасына өтіп, скифтерді бағындырды деп сендірді. Ал шынында Египет фараондарының әсері Қара теңізге ешқашан жеткен емес. Сонымен қатар Геродот жинаған мәліметтің көбі, әсіресе көзіммен көрдім дегендері дұрыс.

  Египет тарихымен антик заманның басқа да жазушылары айналысты, бірақ олардың бәрі де, Геродот пен Плутарх сияқты, египеттіктермен ауызекі әңгімеге сүйенді, егер олар Египет жазуын көрген болғанда да оны оқи алмас еді.

  Б.э.дейінгі 332 жылы Александр Македонский Египетті жаулап алғанда, ол жерге көптеген гректер барып қоныстанып, оның өтендегі тарихымен айналысушылар көбейді және Египет абызы Манефон грек тілінде «Египет тарихын» жазды. Ол хронологиялық схема жасады және Египет тарихындағы бірқатар оқиғаларды дұрыс фактілерді аңызда айтылғандармен қоса баяндап берді.

2. Египет жазуларын оқу.

  Жаңа заман тарихшыларының мұндай деректерді пайдаланбасына болмады. Әрине Египеттің жерінде көптеген есерткіштер сақталып қалды, бұлардың бетіне жазылған таңбалар да бар, бірақ мұны оқып, түсіну ұзақ жылдар бойы нәтижесіз болып келді. 1822 жылы ғана француз ғалымы Ф. Шампольон Египет иероглифтерін оқудың жолын тапты.

  Бұған негіз болған генерал Бонапарттың Египетке 1799 жылы жасаған жорығы кезінде табылған Розет тасындағы екі тілдегі (грек - египет) жазу еді. Бұл жазуда Македоннан шыққан Птолемей есімді патшаның қол астындағы халыққа екі тілде декрет жазып таратқаны туралы айтылды.

  Птолемейдің есімі өрнектеліп қоршалған, оны әріптерге ажыратуға мүмкіндік болды. Бұл алғашқы қадам ғана еді. Қалған сөздер дауыссыз әріптерден тұрды, дауысссыз әріптер буындық таңбалар мен логограммалардың арасында жазылды.

  Ф. Шампольон бірқатар таңбаларды анықтады. Оның шәкірттері бұл жұмысты аяқтап шықты. Ең әуелі тасқа жазылғандарды ажыратумен қара, қызыл сиялармен жазылған жазулар оқылды.

  Бұл жазбалардың көпшілігі тез жазумен кейінрек демотикамен жазылған; демотика қазіргі стенографияға ұқсайды. Папирус жазуларының ішінен төмендегілерді атап өтуге болады: Лейдендік № 344 Туриндықтардың бірі т.б бірнеше қолжазбалар, бұлар Эрмитажда және А. С. Пушкин атындағы бейнелеу өнерінің музейінде сақтаулы.

3. Табиғат жағдайы және халқы.

  Египет мемлекеті Афинаның солтүстік – шығысында пайда болды. Оның негізгі бөлігі Ніл аңғарының, бірінші шоңғалдарынан Жерорта теңізіне дейін алып жатқан жерлер болды, бұған қоса шығысында Аравия таулы өлкесі, батысында Ливия үстіртінің біраз бөлігі де қарады.

  Египеттіктедің өздері «Қызыл жерге», яғни шөл далаға қарағанда бұл жердің топырағын құнарлығын көрсетпек ниетпен өз елін «Қара жер» де атаған. «Египет» деген атау оның ежелгі астанасы – Хэкау – Птахты, яғни «Птах рухының қорғанын» - Мемфисті – гректердің бұрмалап, поэтикалық әсерлеп айтуынан алынған.

  Египеттің Қосөзеннен айырмасы – мұнда халық ежелгі тас ғасыры кезінде – ақ мекендеген. Бірақ ол кездегі тұрғындар негізінен Нілдің батқапақты аңғарлары қоршап тұрған үстіртті жерді мекендеген аң аулап кезіп жүрген тайпалар еді. Олар ұлы өзеннің жалалауына анда – санда бір түсетін. Ол заманда Европаның едәуір бөлігін мұз басып жатты, ал Жерорта теңізізінің солтүстік жағалауында тундра жазылып жатты. Сонықтан да Солтүстік Африканың климаты қазіргідей ысық және құрақ болмауы табиғи құбылыс еді. Жаңбырда жиі жауды. Африканың кең – байтақ даласын қалың шөп пен бұлт басып жатты. Бұл жерде көптеген жабайы жануарлар, пілдер мен жирафтар да құстар да өсіп - өнді.

  Кейінрек, Европаның мұздықтары бүтіндей ерігенде бұдан шамасы 12 – 15 мың жыл бұрын Солтүстік Африканың климаты өзгере бастады, бұрынғы көк майса дала біртіндеп шөл далаға айналды.

  Алғашқы тұрмыстық аңшылар олжа таба алмағандықтан Ніл аңғарына ойысып, шағын территорияға топталып, шаруашылықтың прогресті түрі – егіншілік және мал шаруашылығымен айналысты. Нілдің тар аңғары тек солтүстіктегі шетінде жақындағанда, Жерорта теңізіне құяр сағасынада ғана тарамдалып атырау құрды. Сонымен Египет екі бүйіріне шөл көмкерген үлкен оазиске айналды.

  Атмосфералық жауын – шашын барған сайын азая берді, іс жүзінде шаруашылық үшін мұның пәлендей маңызы бола қоймайды. Адамның өмір сүру мүмкіндігі өзен суымен байлайысты болды, гректердің Египет – Ніл сыйы деуі бекерге айтылмаған.

  Тропикте үнемі болып тұратын нөсерлі жаңбыр соншалықты үлкен өзенді жыл сайын арнасынан асырып, тастытты. Табиғи дөңестер мен арнайы биіктетілген жерлерде орналасқан қалалар мен селениелерден басқа жердің бәрі су астында қалды.

  Ноябрьде Нілдің суы тартылып, егістік жерде құнарлы тұнба қабаттарын қалдырады.

  Тасқынның соңынан іле – шала төрт айлық екінші маусым, одан кейін үшінші, соңғы маусым – астық оратын кезең басталады. Бұл кезде ыссылық жоғарғы шегіне жетеді де маусымның соңынан ғана бәсеңдеп, жалап бара жатқан оңтүстік желінің орнына, египет ақындары жыр еткен солтүстіктің самал желі есе бастайды және Нилдің суы барған сайын толықсып, таситын кезең де таянады.

  Ніл аңғарындағы топырақ Қосөзеннен өнімді кем берген жоқ. Алайда, Египеттің ежелгі дүниенің сарқылмас астық қарына айналуы үшін егіншілікпен айнаыстын халықтың көптеген ұрпағының орасан зор еңбегі қажет болғаның ұмытпауымыз керек. Египеттіктер семит – хамит тобына жататынбір тілде сөйлеген біртұтас халық болды.

  Сыртқы түрлері жағынан олар сымбатты дене бітімдерімен, қараторы түстерімен ерекшеленеді. Египет суретшілері әйелдерді неғұрлым ашық өңді етіп бейнелейді. Азиялық семиттердің қалың бекенбардылары мен сақалдарына қарағанда жасанды екені аңғарылыап тұрады. Барлық египеттік ер адамдар да әйелдер де тегісінен қара шашты және қара көзді болып бейнеленеді.

  Египеттің негізгі этникалық тұрғындарына бөтен ел халықтары да араласып кетіп тұрды. Оңтүстіктен мұнда кушиттер немесе нубилықтар қоныс аударды. Олар египеттіктермен туыстас еді, бірақ ішінара негрлермен араласып, солардың антропологиялық сипаттарын қабылдағандары да кездесетін. Жекелеген жағдайларда Египетке Орталық Африканың ержегейлі тайпаларының өкілдері келуі де кездесетін.

  Египетке батыстан дене түстері ақ, көздері көк ливиялықтар да сан рет басып кірді.

  Алайда бұл қоныс аударушылардың бәрі де аз уақытта – ақ ассимиляцияға ұшырап, жергілікті египеттіктермен араласып, солардың тілі мен әдет – ғұрыптарын қабылдап отырған және египеттіктердің антропологиялық типіне елеулі ықпал жасамаған.

  Египеттіктердің батпақты Ніл аңғарын тұрақты игеру негізен б.э.дейінгі V мың жылдықта, жаңа тас ғасырынан басталды да б.э.дейінгі IV мың жылдық шамасында, мыс – тас ғасырында жалғаса түседі.

  Бірнеше кварталдарға бөлінген ең ірі неолиттік мекен – жай қазіргі Меримде – Бенисалам іргесінде, атыраудың батыс жақ шегінде болыпты. Оның тұрғындарының шаруашылығында өзен аңдарын аулау мен балық аулау елеулі орын алған. Алайда, ешқандай күмән, туғызбайтын берік отырықшылық оларға теселі егіншілікпен қызу айналысуға мүмкіндік берді. Мал шаруашылығы да дамыды. Тас құралдар тамаша даму дәрежесіне жетті.

  Алғашқы мыс бұйымдар келесі дәуірдегі Жоғарғы Египеттен табылып отыр. Бұл жердің тұрғындары аңшылық пен терімшіліктен егіншілік пен мал шаруашылығына көшкен.

  Династияға дейінгі бірінші және екінші кезең деп екіге бөлінетін келесі сатыда, - мыс құралдар барған сайын жиірек ұшырай бастайды. Алайда тас құралдар әлі де басым еді, олар бұл кезде техникалық тұрғыданбарынша жетілдіріле түсті. Көршілес далаларды басып өтетін ағын сулар барған сайын азайып тартыла беріп, ақырында арналары мезгіл – мезгіл құрғап қалатынды шығарды. Мұның өзі Ніл аңғарын неғұрлым жүйелі түрде игеруге көшуге және қолдан суару үшін алғашқы талпыныстар жасауға алып келді.

  Б.э.дейінгі IV мың жылдықтың аяғына таман аңшылық бірте – бірте алғашқы мәнінен айырылып, бұдан кейінгі уақытта шаруашылықтың күн көріс түрінен гөрі едәуір мөлшерде көңіл көтерер сейілге айала бастады.

  Қолөнершілікқызмет саласында елеулі табыстарға қол жетті. Қолөнешілер жасаған бұйымдардан, әсіресе, аса шеберлікпен әшекейлкеп жасаған керамика мен ғажайып тас ыдыстарды ерекше атап айтуға болады. Фаянсты ойлап табу – алға басудағы үлкен қадам болды және бұл тұңғыш рет Египетте жүзеге асты.

  Ніл аңғарынан обсидианың, бірнеше аралық елдер арқылы алыстағы Памирден әкеінген лазуриттің, Куштан жеткізілген қара ағаш пен басқа да бөтен елдерден әкелінген шикізаттың бірқатар түрлерінің кездесуі өзге елдермен байланыстың болғандығын дәлел бола алады. Қатынас құралдарының бұл кезде едәуір дамығаны байқалады.

  Египеттегі негізгі қатынас құралы болған өзен транспортының елеулі түрде дамығанын біз саз балшықтан жасалған ыдыстардағы суреттерден көріп, аңғарамыз.

4. Рулық құрылыстың ыдырауы.

Айтылған фактілердің бәрі өндіргішкүштердің ұдайы дамып отырғандығын көрсетеді, осының нәтижесінде Египетте алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және құл иеленуші қоғамының алғашқы қауымдық құрылысының ыдырауы және құл иеленуші қоғамның алғашқы сатысына көшу үшін қажетті жағдайлар туды. Матриархат бұл кезде патриархатқа орын берді, алайда аналық правоның қалдықтары Қосөзенге қарағанда Египет тұрмысы мен әдет – ғұрыпында айқынырақ сақталып қалды. Адам атына әкесінің аты тіркеліп айтылмай, анасының аты қосылып айтылуы, жекелеген жағдайларда мұрагерліктің өзі аналық жолмен жүзеге асуының бәрі құл иеленуші мемлекет біржола қалыптасқан кейінгі кезеңде де байқалып отырған.

  Алайда бұл құбылыстардың тарихи мәнін шамадан тыс өсіріп көрсетудің қажеті жоқ. Көп жағдайда іс құрғақ сөзбен бітіп жүрді. Іс жүзінде еркек семьяның басы болып, өзіне опасыздық жасаған әйелді отқа өртеп өлтіруге праволы болған. Ал әйеліне опасыздық жасаған еркекті жазалау жайында айтылғанды естіп білгеніміз жоқ.

  Египетте рулық – тайпалық құрылым тұңғыш жазба документтер шыққанға дейін жойылып кеткен. Әйелдер еркектермен бірдей қатысатын тайпа жиналысы біз тек қана аса маңызды мәселелерді шешуге жиналатын еркек және әйел құдайлар жөніндегі мифтерден ғана білеміз, ол мифтерде құдайлар жоғарығы құдай Раның еркімен көп санаса бермейді, өз ара деректі ұрыс сөздерге барады, кейде бір – біріне күш те жұмсайды.

  Осындай мифологиялық көріністер, сөз жоқ, рулық – тайпалық құрылыстың тұрмыс тіршілігі мен әдет – ғұрыптарының хабар береді.

5. Ежелгі патшалық. Деспотияның орнауы.

  Алғашқы патшалық ғылымда шартты түрде Ежелгі патшалық деген атқа ие болған ұзаққа созылған дәуірге кіріспе кезең болды. Өзінен бұрынғы алғашқы патшалыққа қарағанда Ежелгі патшалық елдің неғұрлым берік топтасуымен және орталықтанудың күшеюімен сипатталды. Төменгі Египеттің бөлініп шығуға деген әрекеттері тоқталады. Джоссер патшалық құрған кезден бастап елдің астанасы – Мемфис қаласы болды. Ол - Төменгі және Жоғарғы Египет шекарасында орналасқан, Менес патша негізін салған қуатты қамал еді.

  Патша билігі күшейе түсіп, деспоттық сипатқа е болады. «Патша» деген сөөздің өзі қастерлі саналатыны соншалық, оны өте бір сирек жағдайда болмаса, дауыстап айтуға ешкімнің де қақысы болмаған, әмірші туралы айтқанда тұспалдап қана сөйлеп, «фараон» деген сөзді қолданатын болған. Документтерде фараон ресми түрде «қайрымды құдай», «Раның ұлы» Гора деп т.с.с. аталатын болған.

  Қол астындағы адамдар, патшаның алдына келгенде, оның алдына етпеттен «қарындарымен» жата қап, өз әмірішісінің аяғының астындағы жерді сүюге міндетті болған.

  Фараонның осындай құдретті болуы оның қолындағы аса зор байлыққа негізделген еді. Өңделетін жердің бәрі соның меншігі болып есептелетін. Шын мәнінде ол, әрине, патша поместьтесін ұйымдастыру үшін және отбасы мүшелеріне, туыстары мен бегзадаларға бөліп беру үшін ол жерлердің белгілі бөлігін ғана меншіктенетін.

  Рудниктер мен тас өңдіретін орындар толығынан патшаның билігінде болды. Халықтан жиналатын алым – салық көбіне мемлекеттің емес, фараонның жеке басының қажеттеріне жұмсалатын. Сондай – ақ тұтас елдің мүддесін көздейтін міндетті түдегі қоғамдық жұмыстар мен фараонның жеке басының пайдасын көздейтің жұмыстар. Арасында әлдеқандай шекара болмады.

  Фараон елді басқаруды кейінрек шыққан араб термині бойынша уәзір деп аталып жүрген, жоғары бас төре бақаруындағы анағұрлым күрделі бюрократтық аппараттың көмегіне сүйенетін.

  Бұл бегзада мемлекеттік мекемелер мен храмдарға бақылау жасайтын, жасаққа адам алуды басқаратын және бас би болып табылытын. Оған төменгі және жоғарғы чиновниктердің тұтас армиясы бағынышты еді. Қандайда болмасын қызметтке алудағы басты шарт – сауаттылық болса, оған жұрттың бәрінің қолы жете бермейтін.Әрбір көшірмені чиновниктік маңсап – дәрежеге жете алатын еді.

  Аса зор шексіз билікпен пайдаланған фараон үстемдік етуші шонжаралармен абыздардың мүддесі үшін қызмет етті. Ол өзінің жер қорының елеулі бөлігін сарай қызметшілеріне, сондай – ақ бұрынғы тәуелсіздігін жоғалтқан номархтарға үлестіріп беріп отырды. Бұл поместьелерге өңдіріс құрал – жабдықтарынан айырылған, берілген тапсырмаларды орындағаны үшін белгілі мөлшерде азық – түлік алып отыратын көптеген мың егіншілер, малшылар, бақташылар мен қолөнершілер жұмыс істеді.

  Сондай – ақ тұтқынға түсіп, айдалып келген кушиттер, ливиялықтармен азиялықтардың біразы құлға айналдырылып еңбегі қаналды. Құл иеленуші қоғамның бұл алғашқы кезеңнінде құлдар саны, әрине, әлі де тым аз болатын. Біз оны дәл есебін білмейміз бірақ, барлық мәліметтер бойынша құлдарға қарағанда ерікті адамдар әлде қайда көп болған деп айта аламыз. Сөйте тұра көптеген кедейлер заң жүзінде құлдардан айырмпсы болғанменде, экономикалық жағынан құлдарға жақын болған. Өз беттерінше ұсақ шаруашылық жүргізетін қатардағы егеіншілер саны барған сайыназая берді. Өз үлесіне тиген жерін сату ұшыраса бастады.Текістерде дәулеттілер өкіміне тәуелді «аштар мен жалаңаштар» жайлы деректер кездесіп қалады. Қатардағы егіншілер мен қолөнершілер фараонға, номархтарға, абыздар мен бегзадаларға неше түрлі жолдармен табылған материалдық игіліктердің басым көпшілігін беріп отырады. Жалғыз фараонның өзін ғана емес, сонымен бірге құл иеленуші үстем тапты түгел байытып отыратын тұрақты алым – салықтан, міндеткерліктерден басқа, әр қилы қосымша алымдар да жиналатын еді.

  Сөйтіп, құлдар еңбегімен жасалатын қосымша өнім едәуір мөлшерде құл иеленуші мемлекет пен онымен байланысты артықшылықпен пайдаланатын топтарының қол астындағыларды тонап отыруы арқылы да толықтыратын еді.

6. Пирамидалар. 

  Ежелгі патшалық фараондары негізінен орасан үлкен тас мазарлар салдырушылар бетінде өз аттарын қалдырды. Бұлар төрт мыңнан аса жыл өтсе де әлі күнге өзгермеген күйінде дерлік сақталып тұр.

  Бұл аса ірі құрылыстар оларды жарлық берген әміршілердің қаншалықты құдретті болғанын көрсетеді. Египеттіктер өлген адамның денесін мумиялап, өте алыстағы және қол жетпейтін «мәңгілік мекеніне» дейін шірітпей сақтаса, оның жаны өлмейді дегенге берік сенетін.

  Сондықтан да Египет патшалары мен бегзадалары өздерінің салтанатпен көмілуіне тірі кезінің өзінде – ақ дайындық жасайтын және көп қаржы жұмсайтын. Патшалардың тас мазарларының сыртқы түрі өзінің қарапайым ұлылығымен жұрттың енсесін басып, қол астындағы адамдарға патша әмірінің бұлжымас екендігін ұққызғысы келгендей әсер етеді.

  Джоссер салғызған тұңғыш пирамида баспалдақ іспетті биік құрылыс болатын. Кейінрек патша мазарлары геометриядағы пирамидалық формамен дәлме – дәл келетін сипат алды. Ең үлкен пирамида IV династия фараоны Хуфурдың салғызған пирамидасы. Оның биіктігі 146 метр болған. Оны салу үшін құрылыс орнына екі млн.нан астам аса ірі известняк тастары жеткізілген. Ол тастар тегістеле қоршалып, асқан дәлдікпен қаланып отырған. Егер грек тарихшысы Геродотқа сенер болсақ, Хеопс пирамидасы  30 жыл бойы салынған және оны салуға патша чиновниктері 100 000 адамды айдап әкелген. Қара жұмысқа ішінара шетелдік құлдармен толықтырылып отырған тұрақты отрядтармен бірге міндетткерліктерді атқарушы көптеген адамдар да пайдаланылды. IV династияның тағы бір фараоны Хафраның пирамидасы әлде қайда аласа болғанымен бастан – аяқ қызыл гранит плиталармен қапталып жасалған. 

7. Құл иеленуші құрылыстың пайда болуы.

  Египетте де рулық байланыстардың әлсіреуімен байланыстық көршілік қауым қалыптасып шықты, өкінішке орай қауым жөнінде мәліметтер өте аз. Династияға дейінгі уақыттың өзінде, жоғарыда айтылғандай, өндірісте пайда болған өзгерістер мен айырбастың дамуы нәтижесінде мүлік жіктелісі басталды деп сеніммен айта аламыз.

  Әлеуметтік өзгерістердің сырт белгілерін біз меншік иелерінің ыдыстардағы таңбаларынан көреміз. Екінші жағынан, қазбалар кезінде қолдары байланған адамдар мен әр түрлі жұмыс істеп жүрген малайлардың статуэткаларын кездестіруге болады. Мұның бәрі қолға түскен соғыс тұтқындарын құлға айналдырып, күшін пайдалану жолындағы алғашқы талпыныстарды көрсетеді.

  Әлеуметтік қатынастардағы осындай өзгерістер тайпалық құрылыстан мемлекетке көшуге алып келді, бірақ мұның өзі, әрине, бірден бола қойған жоқ. Алғашқы кездерде бірнеше ондаған номдар пайда болды. Олардың әрқайсысы, мекен жайлар мен алқаптары және табынатын өз қамқоршы құдайы бар белгілі бір қалалардан тұрған.

  Осындай аймақты басқарушы әкім бірте – бірте тайпаның көсеміне нағыз кішкентай патшаның айналып, егіншілік жұмыстарына, сондай – ақ әскери істер мен діни ғұрыптарға да әмір жүргізетін болған.

  Ніл суының жайылуын реттеп, оны жалпы Египет көлемінде біркелкі пайдалану қажеттігі бұл ұсақ меклекеттік құрылымдардың бірігуіне ықпал етті, мұның өзі өз ара қырқысу соғыстары процесінде жүзеге асты, өйткені олардың әрқайсысы – ақ осы бірлестіктің басында болғысы келді.

  Күшейе бастаған шонжарлар құлдар мен қатардағы қауымдастарды басып ұстап отыру үшін неғұрлым берік мемлекеттік аппарат құруғатырысты. Ең алғаш елеулі екі мемлекет: Жоғары Египет құрылды. Бірақ іс мұнымен тоқталып қалған жоқ. Жоғарғы Египет неғұрлым күшті және берік ұйымдасқан бірлестік болды да, оның патшалары оңтүстікте тапшалық жасайтын жайылымдарды кеңейту үшін солтүстік аймақтарды бағындыруға, Жерорта теңізіне шығу үшін және Азияға шығатын құрылықтағы жолдарды қаруатау үшін күш салды.

  Атырауды басып алу жолындағы осындай әрекеттердің бірі жайлы оңтүстік патшасы Нармердің жасатқан шифер пластинкасы баяндайды, онда суреттер және қарапайым пиктографиялық жазу арқылы солтүстіктегілерді жеңгендіктен, 6000 жауды тұтқынға алғаны туралы айтылған.

8. Біртұтас мемлекеттің құрылуы.

  Дәстүрге орай, елдің неғұрлым берік бірлігін Жоғарғы Египет патшасы Менес жүзеге асырды, ол Төменгі Египетті б.э.дейінгі 3000 жыл шамасында бағындырып, біріккен елдің І династиясының негізгі қалады. Елдің астанасы Абидос қаласы болды. Жылнамашылар патшалардың билік құрғақ жылдарының есебін сол кезден бастайды. Осы біріктіруден кейін де атырауда көтерілістер болып тұрғанмен, олар Египеттің екі бөлігінің қосылуына бөгет бола алған жоқ. Ежелгі кезде екі патшалық болғаны жайлы есебін сол кезден бастайды. Осы біріктіруден кейін де атырауда көтерелілістер болып тұрғанмен, олар Египеттің екі бөлігінің қосылуына бөгет бола алған жоқ. Ежелгі кезде екі патшалық болғаны жайлы естелік ретінде екі түрлі – Қызыл және Ақ тәждер сақталып қалды, олар бірінің ішіне бірі киілген, сондай – ақ қатар жұмыс істейтін екі мекеменің – Ақ үй мен Қызыл үйдің болғандығы да байқалады.

  Алғашқы екі династия билеген кезең шартты түрде Алғашқы патшалық деп аталып, екі жүз жылдан аса мерзімді қамтиды.

  Елдің саяси бірігуі енді жалпы мемлекеттік көлемде дами бастаған суландыру жүйелерін кеңейтуге және жетілдіре түсуге жағдай туғызады. Қоғамдық жұмыстар мезгіл – мезгіл Ніл суының деңгейін өлшеп, каналдар мен плотиналардың дұрыс сақтауын қадағалап отыруға міндетті патша чиновниктерінің бақылауымен жүзеге асырылды.

  Династияға дейінгі уақыттың өзінде – ақ экономиканың негізіне айналған ауыл шаруашылығы енді елеулі биік дәрежеге көтерілді. Егіншілікпен бірге бау шаруашылығы дамиды. Елдің солтүстік бөлігінде жүзім шаруашылығы мен шарап жасау ісі, ал оңтүстігінде құрма ағаштарын өсіру көбірек орын алды. Елдің барлық бөлігінде сондай – ақ смоковница (инжир) ағашын өсіру де кең тарайды. Техникалық дақылдардан зығырдың үлкен мәні болды. Жүннен тоқылған матаны көбірек пайдаланатын Қосөзенге қарағанда египеттіктер тек қана кенептен істелген киім киетін. Огородта пияз, сарымсақ, шомыр, қияр және басқа да овощтар өсіретін. Үй хайуанаттарынан мүйізді ірі қараның ерекше маңызы болды, олардан ет пен сүт қана алынып қойған жоқ, сонымен бірге егіншілік жұмыстары кезінде олар көлік ретінде де пайдаланылатын. Ешкі, қой, шошқа да өсірілді. Құс қораларда қаз бен үйрек ұсталды.

  Алғашқы династиялық кезінде мыс кені мол көршілес Синай түбегіне бірнеше рет экспедициялар шығарылды. Бұл – мыс құралдарын көбірек пайдалануға мүмкіндік туғызды. Бірақтан металл құралдардың толық жеңіп шығуына әлі көп уақыт бар еді. Тіпті бертіңгі кезде де соқа мен тесе ағаштан жасалды, орақтың жүзі ретінде шақпақ тас қоылды.

  Бұл жерде Ніл аңғарындағы табиғи жағдайдың өзі қарапайым құралдар көмегімен де жоғары өнім алуға мүмкіндік бергендігін ескерту керек. Жерді терең жырту зиянды болды, өйткені онда топырақ сортаңдалып кететін еді.

  9. Ежелгі патшалықтың ыдырауы.

  Кейініректегі уақыттарда Египеттің құдретті деспоттарының қаржылары азайды, оның үстіне патшалардың, мазарларына өне бойы қыруар қаржыны аямай төге беру жаппай наразылық туғыза бастады. Сондықтан фараондардың пирамидалары көлемі жағынан әлдеқайда кішірейе түсті.

  Ежелгі патшалық фараондарының сыртқы саясатына келер болсақ, олар үлкен аймақтарды жаулап алуды да, біржола игеруді де мақсат етіп қоймаған. Ара – тұра көрші елдерге олжа табу мақсатымен шабуыл жасасып тұрды. Мәселен, IV династияның негізін салушы Снофру Эфиопиядан осылайша 7000 тұтқын мен 200 мың бас малды айдап әкеткен. Бұл ел Египетті қара ағашпен және піл сүйегімен де жабдықтап тұрған. Финикия жағалауларына экспедиялар шығарылып, бағалы құрылыс ағаштарын жеткізіп тұрған.

  Ежелгі патшалықтың арырына қарай орталық өкіметтің әлсірегені және әр түрлі номдардың дербестіктері күшейе түскені байқалады. Шамасы, шонжаралар және солармен байланысты абыздар фарарнның жеке билеп – төсеуіне және патша жұмыстарын істеу үшін жұмыс күші мен қаржыны астанаға үнемі жинаттарып отыруына наразылық таныта бастаған болуы керек.

  IV династия кезінде фараондар жеке храмдар мен тұтас қалаларды алым – салық пен міндеткерліктен босатып, жеңілдіктер жасауға мәжбүр болған. Бұл жайында бізге жеткен, патшаның жеңілдік жасағаны жөніндегі грамоталары хабар берді.

  Орталық өкіметтің әлсіреу процесі барған сайын күшейе береді де, б.э.дейінгі ХХІІІ ғасырда Египет бір – бірімен қырғи қабақ соғыстар жүргізуші бірнеше дербес ұсақ мемлекеттерге бөлініп келді.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-11 14:36:44     Қаралды-11024

ҚАЙ МЕМЛЕКЕТ ҚАТЕЛІКПЕН АТАЛДЫ?

...

Кариб теңізінде Пуэрто-Риконың үлкен аралы орналасқан...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ МАТЕРИКА ЕҢ КІШКЕНТАЙ?

...

Австралия - жер бетіндегі ең кішкентай материк.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕ СУ КӨП ПЕ?

...

Сусыз жер бетінде тіршілік болмас еді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТРОНДАР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Электрон» сөзі грек тілінен «янтарь» деп аударылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ЗАРЯДЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Электрондардың теріс заряды, ал атом ядросының оң заряды бар екенін сіз бұрыннан білесіз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Көптеген ғасырлар бойы адамдар электр қуатының бар екенін білмеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОМПАСТЫ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Навигацияның дамуымен кеме жасау ғылымы жетілдірілуде - кибернетика...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »