UF

Тақырыбы:  Балықтардың дене пішіндері және қозғалысы

 

Негізгі түсінік: Дене пішіні және пластикалық белгілері. Балықтардың әртүрлі жағдайда тіршілік етуі олардың пішінінің әртүрлі болуына себеп болды. Әсіресе көп кездесетін пішіндер төмендегідей.

     1. Ұршықтектес (торпедотектес). Денесі жақсы сүйірленген, тұмсығы үшкір. Бұл типке ұзақ уақыт жоғары жылдамдықпен жүзе алатындар жатады: тунец, скумбрия, албырт.

     2. Жебетектес. Денесі ұзын, арқа және аналь қанаттары құйрығына жақын орналасқан Бұл пішінді балықтар ұзақ уақыт жақсы жүзе алмайды. Жасырынып тұрып өзінің жеміне, не жауынан құтылу үшін өте тез қимылдайды (шортан, сарган, сайра).

     3. Таспатектес. Денесі ұзын, екі бүйірінен қысыңқы (сығылған). Үлкен тереңдікте тіршілік ететіндер. Жәймен денесін ию арқылы жүзеді. Өкілдері: қылыш балық, майшабақ королі.

     4. Жыланбалықтектес. Денесі ұзарған, көлденең кесіндісінде сопақ. Жәймен денесін ию арқылы жүзеді. Бұндай пішінділер: миногалар, миксиндер, жыланбалықтар.

     5. Жалпақ. Кейбір балықтардың денесі биік, екі бүйіріненсығылған (камбалалар, тырандар, ай-балықтар), екіншілерінің денесі дорзовентральді сығылған (теңіз шайтаны, скаттар). Су түбіне жақын тіршілік ететін, аз қозғалатын балықтар.

6. Шартектес. Бұндай пішін кірпі-балыққа, пиногорға тән. Судың таязында тіршілік ететін кірпі-балық қауіп туған кезде өзінің ерекшеқабына су толтырып, шарға айналады. Бұндай пішінді балықтар өте жай жүзеді.       

     Көптеген балықтарды ешқандай топқа жатқызуға болмайды – аралық пішінді болады. Ал кейбіреулері тіпті таңқаларлық (атша-шүберекті, желкенділер, ұзынқұйрықтылар, денесінің көп бөлігін сүйек қаптаған кузовиктер, т.б.).

     Қозғалуы. Дене пішіні мен тіршілік ортасының көптүрлілігі балықтардың қозғалу әдістерінің де әрқалайлығының себептері.  Олардың үш түрлі қозғалу әдістері белгілі – жүзу, жорғалау және ұшу. Балықтарға жүзу типтік әдіс, ол денесі мен құйрығының бүйір иілуі арқылы іске асырылады. Дененің иілуі бұлшық еттің жиырылуының нәтижесі. Омыртқасы көп балықтар денесін күштірек иеді.Дене құрылысы бүйір иілуге келмейтін балықтар қанаттарының толқын тәрізді қозғалуы арқылы жүзеді (скаттарда–кеуде қанаттары).

     Балықтар құрылысының ерекшеліктеріне, физиологиялық жағдайына, судың температурасы мен басқа факторларға тәуелділіктен әртүрлі жылдамдықпен жүзеді. Ең жылдам жүзетін балық семсер балық – сағатына 120 шақырым жылдамдықпен жүзе алады.

     Қозғалудың бір әдісі кеуде қанаттарының және құйрығының көмегімен су түбінде жорғалау (жорғалағыш алабұға, теңіз шайтаны, теңіз әтеші). Мысалы, тропикалық аудандардың жорғалағыш алабұғасы құрғаққа шығып кеуде қанаттарының, құйрығының және желбезек қақпағының тікенектерінің көмегімен жорғалайды. Ол дымқыл ауада бірнеше тәулік құрғақтағы омыртқасыздармен қоректеніп тіршілік ете алады.

     Ұшу (қалықтау) аз ғана балықтарға тән, мысалы, Әлемдік мұхиттың тропикалық және субтропикалық суларында тіршілік ететін ұшатын балықтар ұзын әрі жалпақ қанаттарын жайып жіберіп жыртқыштардан құтылу үшін бұл балықтар судан секіріп шығады да, біршама уақыт қалықтайды, сол мерзімде 200-400 м жерге бара алады.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-09 22:13:16     Қаралды-15425

АҚШ-ТА РЕСМИ ТІЛ ҚАНДАЙ?

...

Біздің елде қазақ тілі ресми тіл болып заңды түрде танылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?

...

20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮН НЕГЕ КЕЛЕДІ?

...

Күн артынан түн, түн артынан күн.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ТЕҢІЗ БЕТІНДЕ КЕМПІРҚОСАҚ ПЛЕНКАСЫ БАР?

...

Жоқ, бұл жылы жаңбырдан кейін ашық аспанда ойнайтын кемпірқосақ емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН БІЗ АУА ҚЫСЫМЫН СЕЗБЕЙМІЗ?

...

Біздің планетамызда үлкен ауа мұхиты үстемдік етеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБЫЛАН НЕЛІКТЕН ЖЕМТІГІН АҒАШҚА ЖАСЫРАДЫ?

...

Қабылан жалғыз тұрады және арыстандар мен гиеналардан үнемі сақ болу керек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ БАР?

...

Жыл мезгілдерінің ауысуы – табиғаттың мәңгілік және өзгермейтін құбылысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »