UF

Тақырып. Адамзат коғамының қалыптасуы

 

Биологиялық эволюция факторлары

1. Палеолит. Мезолит. Неолит

2. Архантроптар: өмір сүру кезеңі, эволюциялық сатылары, өндірістік қызметінің қалыптасуы, өмір тіршілігі

3. Питекантроп. Алантроп. Синантроп

4. Палеонтроптардың қалыптасуы, таралуы, еңбек құралдар

 

1. Археологиялық дәуірлеу еңбек құралдарын жасап шығарудың материалы мен техникасының айырымдарына негізделген болатын. Бұл адамзат тарихын үш ғасырға: тас, қола жэне темір ғасырына бөлу. Тас ғасыры көне тас ғасырына немесе палеолитке және жаңа тас ғасырына немесе неолитке бөлінеді. Палеолит пен неолит арасында өтпелі дәуір — мезолитке бөледі. Палеолит ерте (төменгі, көне) палеолитке (бұдан 2,5 млн. — 40 мың жыл бұрын) және кейінгі   (жоғарғы)   палеолитке   (бұдан   40—12 мың жыл бұрын)   бөлінеді.   Ерте   палеолит археологиялық дәуірлерге немесе мәдениеттерге бөлінеді: шелльге дейінгі, шелль, ашелль және мустьер дәуірлері болып келеді (бұл аттардың бәрі өздеріне тән немесе   алғашқы  тұрған  орындары   болған   географиялың пункттер атынан алынған). Кейде мустьер дәуірін (бұдан 100—40 мың жыл бұрын)   ерекше   кезеңге:   орта   палеолитке бөледі. Кейінгі палеолитті, әдетте, дәуірлерге, замандарға,   ориньяк, солютрей   және мадлен  дәуірлері  деп  бөледі.  Алайда бұл дәуірлер  тек  мұздықталған   Европада  ғана  қадағаланған  да   жалпы  ортақ  маңызға   ие бола   алмайды.   Мезолит  шамамен   б.   э.-ға дейінгі 12—5 мың жылдықтар деп шамаланады. Кейінгі   палеолитте нышан көрсеткен әр түрлі территориядағы мәдениет дамуының біркелкі болмауы неолитте бұрынғыдан да күшейе түседі. Әр түрлі тайпалар неолит дәуірін әр түрлі уақытта бастан өткізді. Европа мен Азияның неолит ескерткіштерінің   көп   бөлігі б.з.-ға дейінгі V-ІІІ мыңж. деп шамаланады. Мыстан алғашқы қарулар    пайда    болған    неолит    дәуірінің ақырын    энеолит   немесе    халколит    деп атайды.

2. Адамның хайуандық шыққан тегі туралы теория  негізделгеннен  кейін ғалымдар  алғашқы тұрмыстық маймыл адамдардың тіршілік етуі туралы болжауларды айтып, тіпті олардың морфологиялық тұрпаты жайында көз алдыға келтіріп көруге де тырысты. Бұл болжаулар   мұндай   тіршілік   иесінің   қазба қалдықтары шынында да Явадағы Сола өзенінің    ерте    плейстоцендік    шегінділерінде ашылған кезде 1890—1891  жылдары нақтылы тұжырымға ие болды. Бас сүйегінің қақпағы мен төменгі аяқтарының ұзын сүйектері  табылды,  оларды  зерттеу   негізінде  сол тиісті болған тіршілік иесі тік жағдайларда жүріп  тұрған   деген   қорытынды   жасалды, сондықтан  да  Ріtесаnгһорus егесtus  немесе   «тік   жүретін   маймыл-адам»   деген   ат тағылды. Питекантроп қалдықтары ашылғаннан кейін, бірден-ақ бұлардың айналасында жіті дау-талас туды. Бас сүйек қақпағы орасан үлкен гиббонға, осы заманғы микроцефалға, жай, осы кездегі адамға тиісті және өлгеннен кейінгі деформация әсерінен өзіне тән ерекшеліктерге ие болған деген т. б. көзқарастар айтылған. Бірақ бұл болжаулардың бәрі мұқият салыстырмалы — морфологиялық зерттеуде расталып шықпады. Керісінше,   бұл   болжаның  өзіне   тән   ерекшелігі патологиялық өзгерістермен түсіндіріле алмайтындығын   қалтқысыз  еткенін    көрсетті. Бұдан    басқа   біздің   ғасырымыздың   30-шы жылдарында Явада тағы да үш питекантроптың   қалдықтары   табылды.    Сонымен   бұл формалардың нақтылы өмір сүргендігіне күдік келтірудің өзі тура келмейді.

3. Питекантроп, тік жүретін тіршілік иесі бола отырып, осы заманғы адамнан, сірә, жартылай иілген аяқтарының неғұрлым аз жүрісімен көзге түскен. Бірақ оның осы заманғы адамнан жалпы айырмашылығы бас сүйек қорабының құрылысына қарағанда бұл ерекшелігінде де аз еді. Тік жүруге дағдылану, әрі алдыңғы қозғалыс мүшелерін еңбек іс-әрекетіне босату, осы сатының өзінде-ақ аяқталған, ал мидың дамуы бұлармен салыстырғанда әлі кешігіп жатқан еді деп айтуға болатын. Ол түсінікті де: бұл тұрпайы еңбек актыларынан тұратын кезде еңбек іс-әрекеттері дамуының алғашқы кезеңдерінде қалыптасқан тік жүру және бос тұрған қол, қарапайым еңбек операцияларын жасау қабілеттері дамыған мидан гөрі неғұрлым маңызды және қажет еді. Питекантроп миының көлемі 900 см? болды, ал бас сүйегі тұрпайы құрылысы мен маймылдың көп белгілерінің, атап айтқанда, бас сүйегінің шағындығымен және қабақ үстінің қатты дамығандығымен сипатталатын еді.

Питекантроп қаруларды даярлай білді деген дәлелдер жоқ, өйткені бұлармен тас индустриясының ешқандай қалдықтары табылмаған. Алайда барлық төрт особьтің сүйек қалдықтары қаруларды табу мүмкіндігі жоқ ауысып кеткен күйде табылған. Бірақ Явада осы қабаттарда, питекантроп олжаларының сол фауналарымен тас қаруларының олжалары жасалған. Бұл қаруларды питекантроптар қалдырды деуге барлық негіздер бар, олжалар тобының кеңейе түсуіне қарай питекантроптар шелль және ашелль мәдениетіне жататын еңбек қаруларымен пайдаланған деген тұжырымға көбірек бой ұруда.

Ерте плейстоцен дәуірі адамы қалдықтарының екінші тамаша олжасы Солтүстік Африкада 1954-1965 жылдары табылған. Амал қанша, бұл Явадағы олжаға қарағанда анағұрлым фрагментарлы болып келеді. Тек үш индивидуумға тиісті болған толық сақталмаған төменгі жақ сүйектері ғана табылды. Алайда бұлар ауыспаған күйде және қарулармен бірге жатқан, бұл олжалардың бағалылығын едәуір арттыра түседі. Бұл қарулар тиісті тіршілік иесі Аlаntrорus деген атқа ие болды.

Біздің атлантроптың локомоциясы туралы тұжырым жасау мүмкіндігінен құр алақан екендігіміз айқын. Қосалқы деректер – олармен  бірге табылған еңбек қарулары оның тік жүретін тіршілік иесі болғандығын көрсетеді. Табылған жақ сүйектерде тістері ірі аумақтылы, иек шығындысы түгелдей «оң болып келетіні қарапайым құрылысымен сипатталады. Питекантроп жақ сүйектерінің және тістерінің фрагменттерімен салыстырғанда, атлантроп шамамен Ява олжаларынікіндей морфологиялық даму дәрежесінде болған деуге болады.

Австралопитектік маймылдармен бірге Оңтүстік Африка қабаттарынан 1949 жылы табылған төменгі жақ сүйек сол бір геологиялың заманға жатады. Жақ сүйектер мен тістердің морфологиялық ерекшеліктері тіршілік иесін бұлар тиісті болған гоминид семьялығына кіргізуге мүмкіндік берді. Мұның питекантроппен және атлантроппен толық салыстырмасы әрі олардың арасындағы айырмашылықтарды табу олжалардың фрагментарлықтығынан мүмкін емес еді.

Өте көне гоминидтің морфологиялық типінің эволюциясын түсіну үшін, 1927 жылдан бастап солтүстік Қытайда Пекинге таяу Чжоукоудянь үңгірінде аса маңызды жаңалықтар ашылды. Мұнда табылған ең көне аңшылар лагерінің қазбасы орасан үлкен археологиялық материалға қол жеткізді, бұл 40-тан астам индивидуумдар ер адамдардың, әйелдер мен балалардың сүйек қалдықтары еді. Мәдениет дамуы жағынан да, сондай-ақ өзінің морфологиялық тұрпаты жағынан да питекантропқа қарағанда бұл адамдар осы заманғы адамға жақын келуі жолында біраз жоғары алға басқан болып шықты. Олар питекантропқа қарағанда неғұрлым кейінгі заманға — орта плейстоценге жатады және пекин маймыл адамы дербес туыс пен түрге Sinanthropus pekinensis бөлінген болады. Сүйек материалының сақталғандығы синантроп қаңқасының құрылысын түгелдей дерлік зерттеуге және осы арқылы питекантроп олжаларының фрагментарлығымен шарттас болып келетін, біздің білімдеріміздегі олқылықтарды толтыруға мүмкіндік берді.

Питекантроп сияқты синантроп орта бойлы және денесі мығым болып келген тіршілік иесі еді. Алайда оның жүрісі неғұрлым орнықты болатын, бұл оның аса қозғалғыштығына жол ашты. Миының көлемі 900  см3-тен 1200 см3арасында ауытқып, орташа 1050 см3 болды. Дегенмен бас сүйек құрылысында синантропты адам тәрізді маймылдарға жақындата түсетін көптеген тұрпайы белгілер: бас сүйек қорабының шағын биіктігі, қабақ үстіндегі көбесінің айқын көрінуі, иек шығындысының жоқ болуы, тістерінің үлкендігі мен құрылысы әлі байқалатын синантроп бас сүйек қорабының ішкі бетінде самай жарнағының артқы бөлігі мен самай-төбе-желке саласында дөңес байқалған еді. Бұл салалардың ұлғая түсуі мидың құрылысы туралы пайымдауға мүмкіндік береді және синантропта айырым сөздің болуы пайдасына дәлелдер ретінде түсіндіруге болады. Бұл қорытындыны қорғауда синантроптардың еңбек қызметінің біршама жоғары дәрежесі жанама дәлел бола алады. Мәселен, айталық, құралдары сан алуан және шелль тұрғын жерлерінен табылған саймандарының пішіндері тұрақсыз бір типті. Соққыштар аз, әрі бұлар да типологиялық бірыңғайлығымен айырықша болып келеді. Синантроп, енді бұғы, киік, жабайы жылқы және тіпті мүйізтұмсық сияқты ірі жануарларды да өлтіретін. Оның үңгірлерде тұрақты мекені болған. Қазындылар синантроп отты кеңінен пайдаланғандығының даусыз дәлелдерін көрсетті, үңгір ішіндегі күлдің қабаты бірнеше метрге жетеді.

Маймыл тәрізді адамдар питекантроп, синантроп, атлантроп, гейдельберг адамы — өзінің әуел бастапқы пайда болған аймағынан тыс алыс жерлерге ірге теппей және жылу сүйетін хайуандардың қоршауында жылы климат жағдайларында өмір сүрген. Қазылып табылған олжаларға қарағанда Африканың үлкен бөлігі мен Европаның Оңтүстігі және Азияның Оңтүстігі мекенделген.

4. Атлантроппен бірге табылған тас қарулар үлкен көлемді, өңделуі тұрпайы және формалары тұрақсыз болып келеді.

Бұл арада бүтіндей алғанда ең көне дүние гоминидтерінде еңбек қаруларының эволюция жолдары туралы мәселені қарап отыру орынды болады. Қазіргі кезде Ескі Дүниенің әр түрлі материктерінде ерте плейстоцен қаруларының көптеген мөлшерде олжалары белгілі болып отыр. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, жүйесіз өңдеу іздері бар мейлінше едәуір мөлшердегі тастар өте көне дәуірдегі гоминидтердің қарулары болғандығы айтылып та етілді. Бұл тастарға эолиттер деген ат тағылды.

ХІХ ғасырда-ақ эолиттер туралы таластар туды. Үшкір қырлары бар шақпақ теспелер тастарды бірін-біріне соғатын және тасқынның түбіне қатты ұратын тез аққан судың тасқа тиген әсерінің нәтижесінен бола алатындығы байқалған еді. Табиғат жасаған мұндай эолиттерді адам тәрізді тіршілік иелері жасаған эолиттерден айыру мүмкін емес, демек, соңғылары кесетін жүзді немесе ұшты алу мақсатын көздеп, шақпақ қауызды және малта тасты әдейі шақпылай отырып, тас қаруларды жасағандығын дәлелдеу де мүмкін емес. Алайда логикалық тұрғыдан алғанда дұрыс та, тұрақты формалы тас қаруларға нақ осындай дөрекі формасыз бұйымдар алғы шарт болды, бұлар адамзат тарихының таң сәрісінде бірнеше жүз мың жылдықтар бойында пайдаланылған.                                             

Ең көне қолайлы ыңғайланып жасалған тас қарулар бірнеше ірі бір ұштарында ойындылары бар тесілген малта тастар, әрі осындай малта тастардан опырылған сынықтар болды. Осындай қарулар болып келетін археологиялық мәдениет мүжілген малта тастар мәдениеті деген ат алды, бұл шелльге дейінгі заманға жатады. Мұндай қарулар Батыс Пенжабта, Қытайда, Африка материгінің түрлі аудандарында табылған. Ең көбірек мәлім болған мекен-жай Шығыс Африкадағы Олдовей сайында (Танганьика), мұнда шеттері мүжілген малта тастар палеолиттің түрлі кездерінің тас қару қалдықтары бар қат-қабатты ескерткіштің ең төменгі қабаты болып келеді.

Малта тастар мәдениеті Европада толығымен жоқ. Мұнда малта тас мәдениетіне жақын, бірақ қалайда неғұрлым жетілдіріле түскен біраз кейінгі қарулар белгілі болып отыр.                                                    

Палеолит заманының келесі археологиялың мәдениеті шелль (осы мәдениетке тән тас қарулар шет аймағында алғаш рет табылған Франциядағы Шелль қаласы бойынша) немесе аббевиль (қала бойынша ең көбірек типі табылған қаруларды жасаған) деп аталған. Қолмен соққан деп аталатын — сол заманның бірден-бір формасы айқын көрінетін ірі қарулар өзінің атқаратын қызметі жағынан әмбебап еді. Шелль қарулары соққылайтын техникамен жасап шығарылған. Шақпақ тастың табиғи кесегіне басқа таспен келесі соққыларды бере отырып (соққы таспен) тиісті форма берілді. Соққыш жұмыс кезінде алақанға тірек болу үшін жоғарғы жалпақ ұшында өкшесі және өткір жұмыс істейтін ұшы бар миндаль тәрізді, сопақша немесе найза іспетті формалы үлкен аумақты (ұзындығы 10—20 см) қару болып келеді. Соққыштармен қатар сынықтар — шет-шетті мүжитін тілетін қаруға айналдырылған шақпақтың формасыз сынықтары қолданылады.

Европаның көптеген тұрақтарында шелль мәдениетімен бір мезетте және қатар-қабат дамыған көне палеолит мәдениетінің түрлері бөлектеледі, бірақ олар кейінде өмір сүре берген. Бұл Англиядағы Клэктон-он-Си қаласы жанындағы тұрақтары бойынша аталған клэктон мәдениеті. Клэктон мәдениеті тұрақтарында қол соққыштар жоқ. Клэктон техникасы шелль шақпақтарынан жаңғышақтап, сынықтардан қарулар даярлап шығаруымен ерекшеленеді.

Шелль заманының адамы шағын топ болып өмір сүрген, өзендердің, көлдердің жағаларында және субтропиктік ормандардың ішінде жүретін болған. Тіршілік етудің негізгі көзі, сірә, хайуанаттарды аулау, жеуге жарайтын жабайы өскен өсімдіктерді, сондай-ақ құрт-құмырсқалар мен кесірткелерді жинау болды.

Алғашқы тұрмыс адамының өмірінде от өте үлкен роль атқарды. Мұны пайдалану адам мүмкіндігін бірнеше еселеп ұлғайта түскен төтенше қуатты табиғат күшін игеру деген сөз еді. От жылу берді, тамақ даярлауға пайдаланылды, осындай өңдеуден кейін тамақтың көптеген түрі организмге едәуір жаңсы сіңетін болды. Жыртқыштарды үркіту үшін ағаш құралдардың жұмыстық бөлігін күйдіру т.б. үшін амалдап аң аулағанда кеңінен қолданылды. Алғашқы тұрмыс адамы отты табуды бірден үйренбегені түсінікті. Ең ыңтималырағы, оны әуелі орман өрттерінен ұқыптап алып, үңгірге келгенде, оны тұрақтандырып сақтаған. Ұзақ көшіп-қону кезінде бықсыған оттықтарды, мұны қазіргі кезде кейбір артта қалған тайпалар жасап жүргендей, бір орыннан екінші орынға алып баратын болған. Оттарды қолдан тауып алу, сірә, қаруларды жасау жөніндегі ең қарапайым операциялармен байланысты болса керек. Мәселен, бір тасты екіншісіне шақпақты пиритке соққанда ұшқын шыққан, бұлардан құрғақ мүк, шөп немесе жапырақ тұтана алатынды. Ағаш қаруларды жасап шығарғанда ағаш үйкеле келіп өзінен-өзі тұтана алатын. От табудың нақ осы тәсілдері — шақпақтау мен үйкелу ең артта қалған этнографиялық қоғамдарда кеңінен тараған.

Төмен палеолиттің тас индустриясының дамуында шелль кезеңінен кейінгісі Франциядағы алғашқы табылу орнына қарай (Сен-Ашель Амьен қаласының маңы) ашелль деп аталған. Олжалардың көпшілігі шелль кезіндегі сияқты ауысып шөккен қабаттардан шығады. Бірақ ашелль дәуірінен жер қабығының тектоникасы тимеген үңгірлер де сақталған, жалпы алғанда тас техникасы тарихында ашелль дәуірі орта плейстоценге жатқызылуы мүмкін, демек, синантроптың тіршілік еткен кезімен синхрондалған, бірақ, сірә, кейінгі плейстоценге дейін өмір сүрсе керек. Қалай болған күнде де, бірнеше жағдайларда кейінгі ашелль индустриясы неандерталь типті адамның сүйек қалдықтарымен бірге табылған. Сонымен бүкіл ықтималдығына қарағанда шелль кезеңінің ұзақтығынан кем түспейтін байтақ уақыт кезеңін қамтиды, бұған алғашқы тұрмыс қоғамы тарихының ерте кезеңдеріндегі еңбек қызметінің дәрежесіндегі өзгерістердің баяу қарқыны мен тасты өңдеудегі дәстүрлі тәсілдердің тоқыраушылығы дәлел бола алады. Бұл жөнінде типологиялық жағынан алғанда ашелль саймандарының шелльдікінен онша-мұнша айырмашылығының жоқтығы дәлел болады. Қарулар шағын, әсемірек бола түсті, бірақ неғұрлым дұрыс геометриялық формаға ие болған қол соққышы бұрынғысынша басымдық ететін форма болып қала берді. Ашелль дәуірі қару формаларының өзгерістерімен ғана емес, сондай-ақ өңдеу тәсілдерінің жетілдірілуімен де сипатталады. Шелль соққышын даярлау процесі аяқталатын тұрпайы қайталаудан кейін, қарулардың жұмыс істейтін бөлігінің сыртқы бетін тегістей түсетін тас көптеген ұсақ, жеңіл де жиі соққылармен өңделеді. Сондықтан да ашелль соққыштарының жүзі тура және өткір болды. Сынықтардан алынған қарулардың өткір ұштыларының, кырнауыштар мен тескіш дейтіндердің формалары жақсартылды. Тек Европа жөнінде айтылғандары ғана ақиқат.

Ашелль кезеңінің ертедегі дәуірлерімен, 1907 жылы Германиядағы Гейдельберг маңынан табылған төменгі жақ сүйек, сірә синхрондалуы мүмкін. Жақ сүйектерінің өте үлкен көлемі және аумақтылығы оның өте күшті субъектіге тиісті болғандығын көрсетеді. Тістері өте ірі, бірақ адамға көптеген тән белгілері болған. Прогрессивті және тұрпайы сипаттардың ұштасуы өзінің морфологиялың дамуының дәрежесі жағынан гейдельберг адамы, сірә, синантроппен жақын, бір жерде орын алған деуге мүмкіндік береді. Сүйек қалдықтарының фрагменттігінің орнын толтыра алатын және оларға қосарланатын мәдениет дәрежесі туралы мәселені шешуде көмектесетін қандай да болсын археологиялық олжалар табылмады.

 

Әдебиеттер:

1. Першиц А., Монгаит А., Алексеев В. - Алғашқы қоғам тарихы. А, 1974.

2. Першиц А., Алексеев В. - История первобытного общества. М., 1990.

3. Всемирная история в 24-х томах. Авторский коллектив. Бадак А.Н.

и другие. Минск-М., 2000  т. 1. Каменный век.

4. Першиц А., Алексеев В. - История первобытного общества. М, 2004.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-08 16:36:46     Қаралды-7051

ЭЛЕКТРОНДАР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Электрон» сөзі грек тілінен «янтарь» деп аударылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ЗАРЯДЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Электрондардың теріс заряды, ал атом ядросының оң заряды бар екенін сіз бұрыннан білесіз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Көптеген ғасырлар бойы адамдар электр қуатының бар екенін білмеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОМПАСТЫ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Навигацияның дамуымен кеме жасау ғылымы жетілдірілуде - кибернетика...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АҚШ-ТА РЕСМИ ТІЛ ҚАНДАЙ?

...

Біздің елде қазақ тілі ресми тіл болып заңды түрде танылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?

...

20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »