UF

Жұмсақ денелілер немесе моллюскалар типі.   Бауыраяқтылар, қосжақтаулылар, басаяқтылар кластары.

 

Былқылдақденелілер саны жағынан буынаяқтылардан кейінгі екінші орындағы жануарлар. Олардың 12800-ға жуық түрлері бар. Бұл өте ертеден келе жатқан жануарлар тобы. Моллюскалардың көпшілігі теңізде, мұхиттарда, тущы сулардада кейбіреулері ғана құрлықта тіршілік етеді, Олар өте баяу қозғалатын жануарлар.

Моллюскалар денесі екі жақты симметриялы, тек бауыраяқтылар класының өкілдерінде ассиметриялылық айқын байқалады.

Буылтық құрттармен салыстырғанда моллюскалар денесі  метамерлі бунақталмаған және 3 бөліктен тұрады: бас, дене қапшығы, аяқ.

Жабыны мен бақалшағы. Былқылдақденелілер денесі бірқабатты эпителиймен қапталған.

Моллюскалардың бақалшақтары бүтін немесе екі жақтаулы. Моллюскалардың арасында мүлдем бақалшақсыздары да кездеседі. Суда   тіршлік   ететін,   жылдам   қозғалуға   бейімделген былқылдақ-денелілерде бақалшақтары редукцияланып тіптен жойылып кеткендері де бар  Құрлыққа бейімделгендердің ішінде де ішінара немесе толықтай бақалшақтарын жоғалтқандар бар (жалаңаш шырыштылар).

Бақалшақ заттары арқа тері қатпарынан түзілген мантия деп аталатын ерекшк мүше міеткапарынан бөлініп жасалады. Бақапшак пен оны    бөліп    шығаратын    мантия-былқылдақденелілердің    өң    басты ерекшеліктері.

Бақалшақ үш қабаттан тұрады.

Жіктелуі. Моллюскалар типі жеті кластан тұрады:

1) Полиплкофора немесе Хитондар (Роlууlасорһоrа, Сһіtоn);

2)Аплокофора немесе иірімдіқұрсақтылар (Арlасорһоrа, Sоlеnоgаstrеs);

3)Моноплакофора (Моnорlорһоrа);        

4)Бауыраяқтылар (Gаstropodа);

5)Kурааяқтылар (Sсарһороdа);

6)Қостаушылар (Lamilibranchiata  Bivalvia);   

7)Басаяқтылар (Серһаlораdа).

Бауыраяқтылар класы Gаstropodа. Кластың 10500-дай түрі бар. Көпшілігі теңіз бен мұхит суларында, кейбіреулері ғана тұщы су мен құрлықта тіршілік етеді. Былқылдақденелілердің тек осы класында ғана құрлықты мекендейтін түрлері кездеседі. Негізгі өкілдері: жүзім ұлуы, жалаңаш шырыш, тоспа ұлуы, пушанка, катушка т.б.

  Денесі айқын бөлінген 3 бөліктен тұрады: бас, дене және аяқ. Бас бөлігінде 2 жұп қармалауышы бар, оның бір жұбының ұшында көздері орналасқан. Аузы ұзынша келген тұмсықта орналасқан

Бақалшақтың мынадай бөліктері болады: кіреберіс тесігі, ұшы және оралым (завиток). Бақалшақтар оңға оралған және солға оралған болып екіге бөлінеді. Еркін жүзуге көшкен былқылдақденелілерде бақалшақжойылған.

Қосжақтаулылар класы Lamellibranchiata нeмесе Віvalvia. Қосжақ таулылар класы былқылдақденелілер типінің ішінде саны жағынан екінші орында. Қазіргі фаунада 20000-дай түрі бар. Көпшілігі теңіз, мұхит суларында, тек кейбір түрі ғана мысалы перловица. айқулақ, маржантүзгіш, дрейссен, шаровка, т.б., тұщы суға бейімделген. Қос таулылар өте жай қимылдайтын жануарлар. Олардың жылдамдығы сағатына 20-30 см. Кейбіреулері тіпті қозғалыссыз өмір сүреді.

Қосжақтаулылар судың ағысымен келген фитопланктондармен және өсімдік детритімен қоректенеді.

Қосжақтаулылардың көпшілігінің мантиясы мен бақалшағы арасында маржан тастары жасалады.

Мантия астына түскен құм түйірі, пародиттер немесе кристалл түйіршіктері тітіркену туғызуы арқасында пайда болатын бұл тастардың құрылысы да дәл бақалшақ қабаттары тәрізді құрылған. Бірақ, перламутр қабаты сыртында орналасқан.

        Қосжақтаулыларға да бауыраяқтылардың даму стадиялары тән: жұмыртқа — трохофора — велигер — ересек ағза.

Практикалық маңызы. Қосжақтаулылардың көпшілігі тамаққа пайдаланылады. Мысалы: мидия, устрица, т.б. Үнді мұхитында гигантты тридакия былқылдақденелілері тіршілік етеді. Оның бақалшағының дығы 1,5 м, ал салмағы 250 кг-ға жетеді. Ал өзі омыртқасыздар ішіндегі ең ақ жасаушылар қатарында -100 жастан аса тіршілік етеді.

Тас тесетін, ағаш тесетін қос таулылар да бар. Олардың бұрғылау мүшелері болады.

Қосжақтаулылардың 4 отряды бар: 1) теңтістілер 2) әртүрлі бұлшықеттілер 3) нағыз тақта желбезектілер.

Басаяқтылар класы Серһаlороdа. Басаяқты моллюскалар - омыртқасыздардың ішіндегі ең жоғарғы ұйымдасқан жануарлар. Кластың 730-ға жуық түрлері бар. Олардың барлығы дерлік жыртқыштар, және көпшілігінің бақалшақтары редукцияланған. Қосжелбезектілер класс тармағының өкілдерінде бақалшақтың рудименті ішкі қаңқа қызметін атқарады. Басаяқтылар өте жылдам қозғалуға бейімделген.

Басаяқтылар - ірі жануарлар. Олардың денесі 1 см-ден кем болмайды, ал ірі түрлерінің денесі 18 м-ге дейін жетеді. Ал кальмарлардың пішіні ракета тәрізді болып келеді. денесінің соңында жүзгіш стабилизаторлары болады. Сегізаяқтардың денесі қап тәрізді, қармалауыштардың бірігіп кеткен түбі парашют тәрізденіп дененің алдыңғы бөлігін түзеді.

Басаяқтылардың денесі екі бөліктен тұрады: бас және тұлға. Барлық моллюскаларға тән аяқ бөлігі бұларда түрі өзгеріп, мантия қуысына аппаратын конус тәрізді түтік-воронкаға айналған. Қарамалауыштардың бойында және ұшында сорғыш аппараттары болады және бұлшық еттері күшті жетілген. Қармалауыштар тамағын ұстау және қозғалу қызметін атқарады. Кейбір басаяқтылар қармалауыштары хитинді ілмектермен қаруланған. Онаяқтылар отрядында он қамалауыштардың екеуі басқалардан  және олардың ұшындағы сорғыштары бар бөлігі жалпақтау. Бұл - ұстағыш қармалауыштар.

Кластың жіктелуі. 1-класс тармағы — Төрт желбезектілер -Тегаbrапсһіа

2-класс тармағы – Қос желбезектілер - Огbrапсһіа.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Дәуітбаева К. Омыртқасыздар зоологиясы.Алматы, 2004ж.

2. Догель В.А. Зоология безпозвоночных. М.1989г.

3. Натали В.В. Зоология безпозвоночных. М.Просвещение.

4. Шарова И.Х. Зоология безпозвоночных.М.2004г.

5. Дүйсебаев А. Омыртқасыздар зоологиясының практикумы. Алматы,1976ж.

6.Есембекова Г.Б. Омыртқасыздар зоологиясы  пәні бойынша лабораториялық сабақтардың әдістемелік  нұсқауы. Шымкент, ЮКГУ, 2006ж.

7. Қайымов Қ. Жануартану. Алматы,1997ж.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-05 20:15:17     Қаралды-7688

АҚШ-ТА РЕСМИ ТІЛ ҚАНДАЙ?

...

Біздің елде қазақ тілі ресми тіл болып заңды түрде танылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?

...

20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮН НЕГЕ КЕЛЕДІ?

...

Күн артынан түн, түн артынан күн.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ТЕҢІЗ БЕТІНДЕ КЕМПІРҚОСАҚ ПЛЕНКАСЫ БАР?

...

Жоқ, бұл жылы жаңбырдан кейін ашық аспанда ойнайтын кемпірқосақ емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН БІЗ АУА ҚЫСЫМЫН СЕЗБЕЙМІЗ?

...

Біздің планетамызда үлкен ауа мұхиты үстемдік етеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБЫЛАН НЕЛІКТЕН ЖЕМТІГІН АҒАШҚА ЖАСЫРАДЫ?

...

Қабылан жалғыз тұрады және арыстандар мен гиеналардан үнемі сақ болу керек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ БАР?

...

Жыл мезгілдерінің ауысуы – табиғаттың мәңгілік және өзгермейтін құбылысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »