UF

Буылтық құрттар типі. Белдеусіздер тип тармағы. Көп қылтанды құрттар класы. Белдеулілер тип тармағы. Аз қылтандылар класы.

 

Жоғарғы сатыдағы омыртқасыз жануарлар ішінде буылтық құрттар типі эволюциялық маңызды орын алады. Типтің 8700-дей түрі бар. Буылтық құрттар жалпақ, жұмыр құрттармен немертиндермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары ұйымдасқан жануарлар.

  Сыртқы құрылысындағы негізгі айырмашылығы денесінің сегментациясы, яғни бунақталуы. Денесі көптеген метамерлерден тұрады. Ол тек сыртқы құрылысында ғана емес, ішкі құрылысында да байқалады: мысалы, әр буылтықта белгілі мүшелер қайталанып отырады.

  Буылтық құрттар денесінде екінші қуыс - целом қуысы болады. Ол әр буылтықта ішкі перделер арқылы бөлініп отырады.

  Қан айналу жүйесі - тұйық.

  Зәр шығару жүйесі әр сегментте қайталанып отыратын -метанефридиялар.

  Жүйке жүйесі жұтқыншақ үсті жұп ганглиясынан тұрады. Ол бас ми қызметін атқарып, жұтқыншақ маңы жүйке сақинасына жалғаса отырып, құрсақ жүйке тізбегіне байланысады. Құрсақ жүйке тізбегі екі бағыттан тұрады және әр сегментте жүйке түйіндерін түзіп отырады.

  Буылтық құрттар типінің негізгі кластары:

1. Көпқылтанды құрттар - Polychaeta

2. Эхиуридалар - Echiurida

3. Аз қылтанды құрттар - Oligochaeta                                

4. Сүліктер – Hirudinea

Аз қылтанды құрттар класы Oligochaeta.  Аз қылтанды құрттар буылтық құрттардың ішінде ең көп тараған класы. Оның 3400-дей түрі бар. Олар көбінесе топырақта, су түбіндегі тұнбада көміліп өмір сүреді. Топырақта өмір сүретін аз қылтандылар мысалында жауын құртын (Lumbricus terrastris) қарастырамыз.

  Сыртқы құрылысы. Буылтық құрттардың аз қылтандылар класы өкілдерінің денесі гомономды, яғни біркелкі сегменттелген. Денесінің алдыңғы бөлігінде простомиум деп аталатын басы болады. Оған жалғасқан алдыңғы сегмент - перистомиум деп аталады да, онда ауыз орналасады. Ары қарай дене сегменттері жалғасқан. Әдетте, олардың саны 3-600 аралығында.

  Жауын құртының 32-37 - буылтықтарын ала жуан белдеуі болады. Онда көптеген безді клеткалар орналасып, секреттерінен пілде түзіледі.

  Жауын құртының сыртын бір қабатты эпителий қаптап жатыр, ол өте жұқа кутикула қабатын түзеді. Онда бір клеткалы шырышты бездер өте көп, олардың бөлген шырышының арқасында құрттың денесі үнемі ылғалданып тұрады да, топырақ арасындағы қозғалысына көмектеседі.

  Аз қылтандылардың тері-бұлшық ет қапшығы көп қылтандылардікіне ұқсас. Бұларда тек екі айырмашылығы бар:

- бүйір бойлық бұлшық еттерінің болуы

- сегменттер арасында арқа пораларының болуы. Олар арқылы қуыстың
сұйықтығы сыртқа шығып, денесінің сыртын суландырып тұрады.

  Аз қылтандылардың ішкі қуысы сұйықтыққа толы. Олар бір сегменттен екінші сегментке құйылып, араласып отырады.

  Жауын құрттары түрлі өсімдік қалдықтарымен қоректенеді. Топырақты қазып жүріп олар барлық кезіккен затты топырақпен бірге ас қорыту мүшелерінен өткізіп отырады. Алдыңғы ішегі жұтқыншақ, өңеш, өңеш қалтасы және бұлшық етті қарыннан тұрады. Өңешке оның бүйірлерінде орналасқан ізбесті бездердің өзегі ашылады. Ол безден бөлінетін көмір қышқылды кальций жауын құртының тамағында көптеп кездесетін улы гумин қышқылын нейтралдайды. Өңештен өткен ас оның қалтасында жиналады да, бөлік-бөлік болып, қарынға барады. Мұнда есімдік қалдықтары топырақ бөліктерімен үйкеліп, майдаланады. Қарынға ортаңғы ішек жалғасқан. Бұл - асқорыту мүшелерінің ең ұзыны. Ол арқа бөлігіне қарай тармақталып, жиналып тифлозоль деп аталатын мүше түзеді. Оның арқасында астың қорытылу және сіңірілу ауданы ұлғаяды. Ортаңғы ішекке қысқа артқы ішек  жалғасқан, ол аналь тесігімен сыртқа ашылады.

  Тыныс алу мүшесінің қызметін тері атқарады, онда қан тамырларының торы қаптап жатыр.

  Аз қылтандылардың жақсы дамыған тұйық қан айналу жүйесі бар. Арқа қан тамыры құрсақ қан тамырымен сақиналы тамырлар арқылы байланысқан. Негізгі қан айдау қызметін бас бөлігіндегі арқа және сақиналы тамырлар атқарады.

  Зәр шығару жүйесі метонафридиялы. Әр сегментте воронка тәрізді зәр шығару мүшесі орналасқан.

  Аз қылтандыларда бас ми қызметін жұтқыншақ үсті жұп жүйке түйіндері атқарады. Ол жұтқыншақ маңы жүйке сақинасына және құрсақ жүйке тізбегіне жалғасады.  Судағы     аз қылтандыларда химиялық заттарға сезімтал кірпікшелі шұңқырлар болады.

  Аз қылтандылар - гермафродиттер. Жауын құртының жыныс мүшесі 9-15 - сегменттерде орналасқан. Аталық жыныс мүшесі 10-11-сегменттерде жатқан 2 жұп кішкентай ұрық бездерінен тұрады. Олардан бір-бірден ұрық шығарғыш канал шығып, артқа қарай созыла орналасқан. Оларға ұрық жолы жалғасып, жыныс тесігі арқылы 15-сегментте сыртқа ашылады. Ұрық бездерін қоршай ірі ұрық көпіршіктері 3 жұп түзе орналасқан. Шала жетілген сперматозоидтар ұрық бездерінен осы көпіршіктерге келіп толықтай пісіп жетіледі. Жыныстық шағылысуға дейін сперматозоидтар осында сақталады.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Дәуітбаева К. Омыртқасыздар зоологиясы.Алматы, 2004ж.

2. Догель В.А. Зоология безпозвоночных. М.1989г.

3. Натали В.В. Зоология безпозвоночных. М.Просвещение.

4. Шарова И.Х. Зоология безпозвоночных.М.2004г.

5. Дүйсебаев А. Омыртқасыздар зоологиясының практикумы. Алматы,1976ж.

6.Есембекова Г.Б. Омыртқасыздар зоологиясы  пәні бойынша лабораториялық сабақтардың әдістемелік  нұсқауы. Шымкент, ЮКГУ, 2006ж.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-05 19:48:32     Қаралды-8563

АҚШ-ТА РЕСМИ ТІЛ ҚАНДАЙ?

...

Біздің елде қазақ тілі ресми тіл болып заңды түрде танылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?

...

20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮН НЕГЕ КЕЛЕДІ?

...

Күн артынан түн, түн артынан күн.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ТЕҢІЗ БЕТІНДЕ КЕМПІРҚОСАҚ ПЛЕНКАСЫ БАР?

...

Жоқ, бұл жылы жаңбырдан кейін ашық аспанда ойнайтын кемпірқосақ емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН БІЗ АУА ҚЫСЫМЫН СЕЗБЕЙМІЗ?

...

Біздің планетамызда үлкен ауа мұхиты үстемдік етеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБЫЛАН НЕЛІКТЕН ЖЕМТІГІН АҒАШҚА ЖАСЫРАДЫ?

...

Қабылан жалғыз тұрады және арыстандар мен гиеналардан үнемі сақ болу керек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ БАР?

...

Жыл мезгілдерінің ауысуы – табиғаттың мәңгілік және өзгермейтін құбылысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »