UF

 Археологиялық дереккөздер және олардың өлкетану жұмыстарына пайдаланылуы 

ЖОСПАР:

1.Қазақстан туралы археологиялық деректер

2.Елді мекендер және қорымдар

3. Археологиялық материалдарды өңдеу

4.Орыс Географиялық қоғамы және археологиялық зерттенушілердің Түркістан үйірмесінің Қазақстан территориясындағы археологиялық ескерткіштерді зерттеудегі ролі

 

   

 1.Қазақстан туралы археологиялық деректер

     АРХЕОЛОГИЯ (грек-ескі, ілім)-тарих ғылымының көне дәуір мен ортағасырдағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін саласы. Басты зерттеу объектісі алғашқы қауымнан, ерте заман мен ерте ғасырдан қалған материалдық ескерткіштер: еңбек құралдары, қару-жарақ түрлері, мекен-жай, қоныстардың, керуен сарайлар мен әскери бекіністердің жұрты, үй-іші заттары, зираттар, обалар т.б.

     Адамдар қолымен жасалған осы аталған заттар ғылымда археологиялық ескерткіштер деп аталады. Олар топыраққа көміліп, жер астында қалып, қалалар мен бекіністердің қираған орындарында бірнеше қабаттардан тұратын төбелер пайда болады. Мұндай қатпарлар археологияда мәдени қабаттар деп аталады. Осылай  пайда болған төбелердің биіктігі кейде ондаған метрге жеткен (18 м).

    Археология термині б.з.б. ІҮ ғ-да көне заманды зерттейтін ғылым ретінде (Платон) қолданыла бастағанымен, ғылыми археологиялық зерттеулер Еуропада Қайта өркендеу дәуірінде ғана жүргізілді. ХҮ-ХҮІ ғ-да Италияда ежелгі суәлет өнерінің мұраларын іздеуге, ХҮІІІ-ХІХ ғ-да Қосөзен бойында көне мәдени мұраларды зерттеуге бағытталған қазба жұмыстары жүзеге асырылды. Қазақстан мен Орта Азияда археологиялық зерттеулер 19 ғ-дың 70-жылдарында бастау алды және олар В.В.Радлов, Н.В.Веселовский, П.И.Лерх, В.В.Бартольд есімдерімен байланысты.

Республикада археология ғылымының қалыптасуында академик М.Е.Массон, профессорлар С.П.Толстов, А.И.Бернштам, М.П.Грязнов, С.С.Черников, Ә.Марғұлан, Е.И.Агеева, К.А.Ақышев, Х.Алпысбаев, К.М.Байпаков т.б. сынды ғалымдардың ролі орасан зор.

     Археологиялық ескерткіштердің түрлері:  

1. Мекен-жай орындарына ашық типті тұрақ – Қараүңгір (тас дәуіріне жататын ескерткіш б.э.д. У1-У мын жылдыққа жатады, Қаратөбе, Қызылсу тас бұйымдар тұрағы, Ш.Әулиханов атындағы палеолиттік тұрағы, Қаратау жотасындағы жартас суреттер, Тамғалы тас-жартас суреттер (Жетісу),,жартас аспалар мен үнгірлер, селение, ескі қаланың орны, тұрақ-жай мен көшіп-қонған жерлер) сақ заманындағы тұрмыстық заттар жатады;

2. Жерлеу орындарына – мола салу тәсілеріне қарай бірнеше топқа – қорған, опырық молалар, дольмендер, мазарлар;

3. Әулиелік орындар –бұларға – ритуалдық қызмет атқаратын барлық құрылыстар мен орындар – храмдар, құрбандық шалатын, дұға қылатын орындар жеке бір идолдар, киелі саналатын тоғайлар, бұлақтар, тастар, үңгір және жартас живопистері  т.б. кіреді

 

2.Елді мекендер және қорымдар: Бесшатыр қорым (Жетісу), Қызыл ауыз сақ қорымы (Жетісу), кимақтардың Белокаменка қорымы, Қарашат 1 қорым, Шалқар қорымы (Батыс Қазақстан)

 

3. Археологиялық материалдарды өңдеу

4.Орыс географиялық қоғамы және археологиялық зерттенушілердің Түркістан үйірмесінің Қазақстан территориясындағы археологиялық ескерткіштерді зерттеудегі ролі

Археология әуесқойларының Түркістан үйірмесі – Орта Азия, Қазақстанның оңтүстігі мен Жетсудың өткен дәуірлері жөніндегі тарихи деректер жинаумен айналысқан ғылыми бірлестік. 1895 ж 11 желтоқсанда (1917 ж. дейін) Ташкентте құрылған. Оған  әскери  әкімшіліктін басшылары, әскерилер, оқу орындарының оқытушылары, шенеуніктер мүше болды. Кейбір жылдары мүшелер саны 100-ден асты. А.ә,Т ү-інде И.В.Аничков, В.В.Бартольд, Ә.Диваев, В.А.Каллаур, А.К.Кларе, Н.П.Остроумов, Н.Н.Пантусов белсенді жұмыс атқарды. Үйірме қызметі археологиялық материалдарды жинауға, ескерткіштерді тіркеуге, сипаттауға бағытталды (алғашқы археологиялык карталар жасалды,эпиграфикалық, нумизматикалық мұралар жиналды, Диваев Қ.А.Иасаудин мөрін тапты (1895), Каллаур Талас тас жазуын ашты (1896)

     Заттық ескерткіштер дегеніміз-еңбек құралдары және сол құралдар арқылы жасалған тұрмыстық заттар: киім, әшекей бұйымдар, жеке және қоғамдық өнер, архитектуралық құрылыстар, тиындар, бейнелеу өнері және т.б. Заттық ескерткіштермен аххеолог-мамандар айналысады. Олар көне қалаларды, қорғандарды қазып, реставрация жұмыстарын жүргізеді де, оладың хронологиясын анықтап, классификациялайды, сонан соң оны зерттеп, жасалынған жұмыстардың нәтижесі бойынша есеп беріп, мақала жариялайды. Бұл жағдай да археологтар өз тұжырымдарында барлық дереккөздерін (заттық, жазба) пайдаланатын тарихшы болып саналады. Археология тарихтың ғылым ретіндегі уақыт пен екңістіктегі түсінігін анағұрлым кеңейтті. Адамзаттың ежелгі замандағы тарихи дамуы жайында мәліметтер археологиялық мәліметтер негізінде бізге жетіп отыр.

Адам қоғамының ұзақ тарихи кезеңі тек археология көмегімен ғана зерттелінеді. Ол алғашқы қауымдық құрылыс пен орта ғасырлық тарих жайындағы жазбаша мәліметтерді айтарлықтай толықтырып, толық мәнін ашып береді. Жазба таптық кезеңде пайда болды және оны тек ақсүйектер ғана меңгерді. Егер жазба деректер автордың сол белгілі кезеңдегі оқиғаға жеке және тенденциялық сипатта болуын көрсетсе, заттық ескерткіштер сол дәуірдегі адамзаттың тұрмыстық хал-ахуалын объективті түрде айқындап отырды. Мұнда ескерткіштер сол кезеңнің таптық бөлінісі туралы, олардың материалдық жағдайлары жайында барынша көрнекі түрде бейнеледі.

Археологиялық ескерткітер елдің ежелгі тарихын зерттеуде деректердің түпкі көзі болып есептеледі.

Тарихтың соңғы ортағасырлық кезеңдерін зерттеудегі археологияның мүмкіндіктеріне зерттеушілердің көзқарасы таяу уақытқа дейін біркелкі болған жоқ. Тарихтың соңғы ортағасырлық кезендерін зертгеудегі археологияның мүмкіндіктеріне зерттеушілердің көзқарасы таяу уақытқа дейін біркелкі болған жоқ. Кезінде А. Ю. Якубовский Орта Азияның XV ғасырдан кейінгі тарихи даму кезеңі «археологияның тікелей мүдделерінің шеңберіне сыймайды, ал археология Орта Азияның ежелгі және ертедегі ортағасырлық тарихына өзінің басты назарын аударады» деп жазған еді. Бұл жорамал Орта Азия мен Қазақстан археологтарының нақты зерттеулеріне тікелей байланысты болатын, олар әдетте әмір Темір заманының керамикасын, сәулет өнері мен сәулет ескерткіштерін зерттеуден әрі аспады.

 Осы сипатталған сарынмен қатар, соңғы орта ғасырлардағы қалаларды зерт-теуге арналған басқа бағыттар да дамытылды. М.Е.Массон басшылық еткен Оңтүстік-Түрікменстан кешенді археологиялық экспедициясы Нису қаласы-ның орнын зерттей келіп, өз мүдделерінің аясына XIII-XVIII ғасырлардағы объектілерді де қосты.

     Алайда соңғы орта ғасырлардағы қаланы зерттеуде Хорезм археология-лық-этнографиялық экспедициясының Үргеніш қаласындағы ХҮІ-ХҮІІ ғасырлар деңгейінде жүргізген жұмысын үлкен ілгерілеу деп санау керек. Қазба жұмыстары Ташқала жұртының оңтүстік қақпалары кешенінде және кейін анықталғанындай, XV-XVII ғасырларда сауда-қолөнер махалласы алып жатқан учаскеде жүргізілді. Орта Азияның соңғы орта ғасырлардағы қалаларының өмірін, қалалықтардың шаруашылығы мен тұрмысын сипаттайтын мүлде жаңа ақпарат тұңғыш рет алынды. Сырдарияның төменгі ағысы бойына жасалған экспедицияның зерттеулері де соңғы орта ғасырлардағы қоныстарды, соның ішінде ХVШ-ХІХ ғасырлардағы қазақтар мен қаракалпақтардың қоныстарын да зерттеліп отырған кала жұрттарының қатарына жатқызды.

     Егер Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың соңғы орта ғасырлардағы қалалары мен қоныстарының археологиялық зерттеу проблемасын қарастыратын болсақ, зерттеушілердің монғолдардан кейінгі уақытта қала мәдениеті мен отырықшылық мәдениеттің құлдырап кеткендігін атап көрсеткенін айту керек. XIII-XVIII ғасырлар қабаттары деңгейі бойынша қала орындарына нақты зерттеулер жүргізілген жоқ. Қазақстан археологтары 60-жылдардың басында ғана соңғы орта ғасырлардағы отырықшылық мәдениет пен қала мәдениетін нақты іздестіру және қазба жүмыстарын қолға алды, археология әуесқойлары Түркістан үйірмесінің мүшелері А.К.Кларе мен А.А.Черкасовтың 1904 жылы Отырар каласы жұртының жоғарғы кабаттарына жүргізген қазба жүмыстарын, әділеттілік үшін болса да, атап өткен жөн, олар Отырардағы кең көлемде қазба жұмыстары жүргізілгеннен кейін-ақ анықталғанындай, XVI—XVIII ғасырларға жатады. Бастапқыда Талас және Шу анғарындағы, Қаратаудың, солтүстік беткейлеріндегі XIII—XVIII ғасырлардағы ескерткіштер зерттелді. Осы бағыттағы алғашқы жұмыстардың өзі-ақ қала өмірінің ауқымы мен сипаты туралы түсінікті өзгертіп жіберді. XIII—XVIII ғасырлардағы мәдениет кешені беліп шығарылды.

Отырар археологиялық экспедициясы 1969-1970 жылдары Арыс аңғарындағы, Сырдарияның сол жағалауындағы, Түркістан жөне Отырар жазирасындағы қалалардың жұрттарына зерттеу жүргізді. Отырарда стратиграфиялық тік үңгу қазбасы арқылы XIII-XVIII ғасырлардағы қабаттар аршылды. Аэроәдістерді қолдана отырып, жоспарлы түрде жүргізілген, іздестіру және барлау сипатындағы қазба жұмыстары, зерттеулердің көрсеткеніндей XIII-XIV ғасырларда, қазақ хандығы қалыптасқан кезеңде тіршілігі қайнап жатқан көптеген кала топтарын анықтады. Оларды деректемелердегі Арыстағы Қараспан (Қарасаман), Жақанкент, Отырар жазирасындағы Шілік деп аталған қалаларға балау мүмкін болды. Түркістан жазирасында - Сүре, Йунке, Шаға, Қарашық, Сырдарияның сол жақ жағалауында Сүткент, Аркөк, Құтжан, Аққорған, Үзгент калалары анықталды. Қала мәдениетінің Қазақстан археологиясы үшін жаңа қабатының ашылуы қазақтар мен казақ хандығының ХV-ХҮІІІ ғасырлардағы тарихы жөніндегі жазбаша деректемелердің және қалалар, олардың соңғы орта ғасырлардағы Қазақстан тарихында атқаратын рөлі туралы талдама мақалалардың ғылыми айналымға енгізілуімен тұспа-түс келген еді.

Осының бәрі соңғы орта ғасырлардағы қала мәдениеті мен отырықшылық мәдениетке деген ғылыми ықыласты ынталандыра түсті. 1971 жылдан бастап Қазақстанның оңтүстігінде Онтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы зерттеу жұмысын өрістетті. Ол Отырар қаласының орнын өзінің қазба жұмысының негізгі объектісі етіп таңдап алды. Содан бері 25 жыл бойы онда XIII-XVIII ғасырлар деңгейіндегі қала қабаттары зерттеліп келеді.

Соның нәтижесінде қала құрылысы анықтадды, тұрғыш үйлер, қоғамдық құрылыстар зерттелді, қаланың қызметіне - қолөнерге, саудаға, ауыл шаруашылығына талдау жасалды. Отырар жазирасының соңғы орта ғасырлардағы ирригациясы, Сауранның соңғы орта ғасырлардағы кәріздік суландыру жүйесі зерттелді.70-жылдары Түркістан қала жұртының орнында XVII-XIX ғасырлар қабаты деңгейінде ауқымы ірі қазба жұмыстары жүргізілді.

Соңғы орта ғасырлардағы қалалардың жұртында археологиялық зерттеулердің кеңейтілуі, материалдардың саны жағынан жинақталуы мен бұл материалдардың соңғы орта ғасырлар тарихының көптеген проблемаларын анықтау мәселелеріндегі ықтимал мүмкіндіктері зор екендігінің айқындалуы, сайып келгенде, мамандардың ғылымдағы жаңа «соңғы орта ғасырлар археологиясы» бағытын мойындауына жеткізді. Алматыда 1981 жылы өткізілген кеңесте археологияның жаңа бөлімі ресми түрде танылды. Сөйтіп Қазақстан мен басқа да аймақтардағы тарихи процесті зерделеу, материалдық мәдениетті, әлеуметтік қатынастарды зерттеу ісінде археология мүмкіндіктерінің XIII-XIX ғасырлар кезеңіне де таралатыны дәлелденді.

Онтүстік Қазақстан мен Жетісудың соңғы орта ғасырлардағы қалаларына жасалған көп жылға созылған қазба жұмыстары құнды материалдар берді, ол жарияланып, монографиялар мен көптеген макалаларда, диссертациялық зертгеулерде талданды. Бұл жарияланымдарға шолу жасау Қазақстанның соңғы орта ғасырлардағы қалаларын археологиялық зерттеудің кейбір қорытындылары туралы түсінік беруге, зерттеулердің негізгі проблемалары мен бағыттарын бөліп көрсетуге мүмкіндік туғызады. Отырар қаласының орнында XIII ғасырдың басындағы қабаттар деңгейінде жүргізілген қазба жұмыстары сол кездегі Қазақстан қаласы және соңғы орта ғасыр каласы туралы нактырақ түсінік алуға мүмкіндік берді. XIV ғасырдың аяғы -XV ғасырдың басындағы тұрғын үй құрылыстары 1500 шаршы метр аланда зерттелді. Жалпы алғанда, бірқатар жылдар бойы қазылған учаскеде 400 жыл бойында дәстүрге айналған, жылжымалы жоспарланған махалла мен жекелеген үй иеліктері көлемінің шекаралары айқын түрде қалыптасқан құрылыс анықталды. XVI-XVIII ғасырдың басындағы махаллалар негізінен алғанда неғұрлым ерте кезеңнің махаллаларына сәйкес келеді. Тұрғыш үйлердің үлгілеріндегі сабақтастық та сақталған.

Қала маңындағы аумақты зерттеу оның моңғолдардан кейінгі уакытта даму барысын анықтауға мүмкіндік берді. XIII ғасырдың аяғы XIV ғасырдың басына қарай қаланың моңғолдарға дейінгі рабад шегіндегі бүкіл аланды алып жатқаны анықталды. Оның ауқымының тарылуы XV ғасырдың екінші жартысыман басталады.

Отырар қаласының төңірегінен қыш-құмыра шеберханалары, қоғамдық монша аршып алынды. Ол - крест сияқты етіп жоспарланғаны айқын аңғарылатын төрт бұрышты құрылыс.

Қазақстан қалаларының керамика, мегалдан, сүйектен, тастан жасалған бұйымдар жиынтығы бойынша белгілі материалдық мәдениеті олардың XIII-XIV ғасырларда жоғары дамыған қолөнер және сауда орталықтары болғанын көрсетеді. XIII-XIV ғасырларда Кендждеде, Таразда, Жентте, Баршыкентте, Сығанақта теңге соғылған.

Түркістан жазирасының суландыру жүйелері, Сауран және Сығанақ аудандары бойынша алынған жаңа материалдар, жазбаша деректемелердің мәліметтерімен қоса алғанда, суармалы егіншіліктің даму деңгейі, оның Сыр-дария алқабындағы, тау аңғарларындағы ерекшеліктері туралы түсінікті нақтылай түсуге мүмкіңдік береді. Мысалы, Қаратаудың теріскей және күнгей беткейлеріндегі егіншілік тау өзендерінің суын пайдалануға негізделген. Сауран ауданындағы XVI ғасыр кәріздерінің қалдықтарын аса маңызды ғылыми жаңалықтардың бірі деп санау керек. Орта Азияның оңтүстік аудандарына тән осы суландыру және сумен жабдықтау үлгісі, Қазақстанда да пайдаланылғандығы анықталған.

Отырарда және Оңтүстік Қазақстанның басқа қалаларының жұртында жүйелі жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде теңге түрлері жи-налды, олар бұрынғы жылдардағы олжалармен және кездейсоқ табылған көмбелермен бірге Қазақстан ғылымы үшін жаңа бағыт — нумизматикаға негіз болды. Теңгелер мерзімді анықтайтын материал ретінде ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның орта ғасырлардағы саяси және экономикалық тарихын, аймақтың Орта Азияның басқа да мәдени-тарихи облыстарымен экономикалық және сауда байланыстарын зерделеуге арналған деректеме ретінде де зерттелді.

Сол кездің теңгелеріне жасалған талдаудың көрсеткеніндей, облыстың экономикасы мен саудасы біршама қысқа мерзімде қалпына келтіріліп, мұнда XIII ғасырдың орта шеніңде-ақ тұрақты түрде теңге соғу жолға қойылған. Отырар Орта Азия мен Қазақстанның үш номиналды теңгелер (динар,дирхем, фельс) шығарған бірден-бір каласы болғаны анықталды. Құрамында Кіші Азиядан, Қырымнан, Еділ бойынан және Шығыс Түркістаннан әкелінген күміс бұйымдар мен заттар бар күміс ақша, мүліктер көмбесінің табылуы қала мен аймақтың халықаралық байланыстарының кең болғанын дәлелдейді. Көмбе Масудбек реформасына дейін жинақталған.

Отырардағы қазба жұмыстарында Самарқандта, Бұхарада соғылған көпте-ген мыс теңгелердің табылуы Отырар, Сығанақ, Түркістан, Сауран және басқа қалалар әмір Темір империясының құрамына кірген кезде Сырдария аймағында экономика мен товар-ақша қатынастарының едәуір өрге басқанын дәлелдейді. Сырдария қалалары экономикасының дамуында XV ғасырдың ортасы XVI ғасырдың бірінші ширегінің аралығы одан да неғұрлым елеулі кезең болды. Самарқандта, Хисарда, Ташкентте, Құндызда шығарылған мыс теңгелер Отырардан және Оңтүстік Қазақстанның басқа да қалалық орталықтарынан табылды.

Келесі XVII ғасырдың орта шеніне дейінгі кезенде Отырардың ақша айна-лымында Түркістанда, Ташкентте соғылған мыс теңгелер басым болды. Бұлар - сапасыз соғылған мыс теңгелер. Қазақ хандығының тарихымен байланысты бұл кезең (ХVІ-ХVШ ғғ.) теңгелердің сапасыздығы, оларда ақпараттың аз сақталуы себепті әзірше мейлінше нашар зерттелген. XVII ғасырдың екінші жартысындағы кезең үшін Оңтүстік Қазақстанның қалалар рыногына Алексей Михайлович патшаның есімі бар, 1655-1663 жылдары соғылған мыс теңгелердің ену фактісі ден қоярлық. XV-XVIII ғасырлардағы қазақтардың материалдық мәдениетін палеоэтнографиялық жағынан зерттеу нәтижелі болды.

Жалпы алғанда Оңтүстік Қазақстанда отырықшы-егіншілік және қала мәдениеті дәстүрлерінің ұзақ уақыт сақталуын атап ету керек. Қазір жаңа деректердің арқасында, қазақ тұрғын үйі жоспарлануының көптеген элементтерінің, оның интерьер бөліктерінің тандырмен немесе түтін тарта-тын мұржасы бар пешпен жылыту жүйесінің, азық-түлікті шұңқырларда, ұраларда, шикі кірпіштен, балшықтан, тастан жасалған жәшіктерде сақтау-дың түп қазығы XIII-XV ғасырлардағы және одан да ерте кездегі қалалық үй құрылысында жатқанын сеніммен атап айтуға болады. Қазақтардың материалдық мәдениетінің негізі орта ғасырлар кезінің көптеген мәдени жетістіктерінен құралған. Қазақ халқының этногенезіне Оңтүстік Қазақстанның қала халқы да қатысқан.

Қазақстанның ортағасырлық археологиясындағы екінші бағыт ХІІІ-XVIII ғасырлардағы көшпелілер өркениетін, тиісінше қыпшақтардың, моңғолдардың, қазақтардың ескерткіштері - молалар, қабір құрылыстарын, діни сәулет өнерін зерттеумен байланысты. XIII-XIV ғасырлардағы Қазақстан ескерткіштерінің Саян-Алтай мен Батыс Сібірден бастап Дунайға дейінгі Евразияның далалық өңірінің мәдениетімен, әсіресе, заттай құрал-саймандар саласында өлке ескерткіштерімен ортақ бірқатар элементтері бар, бұған моңғолдардың жаулап алуы, соған байланысты тайпалардың Моңғол империясы, ал кейіннен оның ұлыстары шегінде көшіп-қонып, араласуы әсер етті. Бұл өлке тұрғындарының, соның ішінде Қазақстанның далалық және егіншілік аудаңдарында отырықшыланған моңғолдардың да жаппай «кыпшақтану» кезеңі болатын.

 

 

Әдебиеттер тізімі:

1.Байпақов К.М. Қазақстан археологиясы.-Алматы, 2006

2.Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. 1,2 том.- Алматы, 1996, 1998.

4.Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін: Очерктер.- Алматы, 1994.

5.Археологические памятники Казахстана на Великом Шелковом пути. – Алматы, 1993.- С.89-92.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-04-14 19:53:42     Қаралды-13738

ҚҰСТАРҒА ҚАУЫРСЫН НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Құстар жылыну және ұшу үшін қауырсындарды қажет етеді...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАГНИТТЕР НЕ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

...

Магниттерді қолданудың жүздеген әдістері бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАГНИТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Қарапайым тілмен айтқанда, магнит темірді тарта алатын дене.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КРАН НЕ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

...

Кран (мұнара краны деп атау дұрысырақ болар еді) қазіргі кез келген құрылыс...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАГНИТ ӨРІСІ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Магнит өрісі – магниттің айналасындағы аймақ, оның шегінде магниттің сыртқы заттарға әсері сезіледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРАЛАР ҚАНШАЛЫҚТЫ ПАЙДАЛЫ?

...

Аралардың адамдарды тамақтандырудағы негізгі үлесі олардың өндіретін балында емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ІНЖУ-МАРЖАННЫҢ МӨЛШЕРІ ҚАНДАЙ?

...

Соңғы уақытқа дейін әлемдегі ең үлкен інжу 1934 жылы Оңтүстік Қытай теңізінде Филиппиннің Палаван аралында салмағы 300 кг-нан асатын меруерт табылған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУЛЕР ҚАЛАЙ ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ?

...

Жер шарының әртүрлі жерлерінде климат айтарлықтай ерекшеленеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕГИПЕТТЕ ПИРАМИДАЛАР ҚАЛАЙ САЛЫНДЫ?

...

Мысырдағы Гиза қаласындағы пирамидалар бес мың жыл бойы әлемде бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »