UF

Қазақстандағы қоғамдық ғылымдардың көрнекті өкілдерін саяси айыптау 

Жоспар

1.Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін тарихының зерттелу барысы

2. Қазақ ғылым және Ә.Х.Марғұлан

 

1.Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін тарихының зерттелу барысы 1903 жылдан басталған Россядағы революциялық өрлеу дәуірі им-перияның шет аймакгарында ұлт-азаттық қозғалысының жавдануына ықпал жасады. Алайда, патша! өкіметіне халықтардың бірді-екілі оқығандарының «азаттық», «тендектің әңгіме етуі, тіпті өрескел көріңді. Бірнеше ғасыр бойы үн-түнсіз бығынып, тағдырына мойынсұнып келген аз ғана ұлттардың ішінен Бұлай бас көтеретін адамдар шығады деп ойлаған жоқ еді, сондықтан да патша өкіметі мұндай наразылық көрсете бастағандарды барынша мұқатып, біржолата тұралатып тастауға ұмтылды. Оған Ә. Бөкейхановтың 1905-1957 жж. кезінде қудалауға ұшырауы, Самарада бақылауға алынып, уақыты сонда тұруға жіберілуі, сондай-ақ А. Байтұрсынов, М. Дулатовтардың қудалануы куә. Сондай-ақ әйгілі заңгер Ж. Ақбаевтың империялық Орталық саясатқа ашықтан-ашық қарсы шығып, елді патша билігін құлатуға шақыруы, сол үшін түрмеге жабылып, кейіннен Қапалға жер аударылуы сияқты оқиғалар дәлел. Бірақ азаттық жолындағы күресіте олар тайсалған жоқ. Ал кешегі кеңес дәуірінде бұлардың патша заманындағы азаттық үшін күресін, орысқа қарсы деп теріс түсінушілер, бұларға ұлтшылдар, байшылдар деп кінә тағушылар пайда болды.

Оның үстіне төңкеріске дейін интеллигент болғандар сол заманның рухани уымен уланғандар болып табылады, бұлар енді пролетариат туы астында жинала алмайды, жаңа өмірді жырлай алмады деген асығыс, ешбір ғылыми негізсіз тұжырымдар жасалды, Ақыр соңында оларға әртүрлі жала жабылып, контрреволюциялық ұйым құруға қатысты деген айыптар тағылды. Сол отызынышы жылдардың басында-ақ олардың кейбіреуі атылып кетті, басқалары ұзақ мерзімдерге жер аударылды. Бұл айдаудан әупірімдеп аман қалғандарын 1937 жылдың қанды ақпаны мәңгіге жұтты.

Сөйтіп, қызыл империя бізді ғасырлар бойы қалыптасқан тарихымыздан, цензураның қара бояуының астында қалған тарихымыздан күштеп айырды. Таланттарын қыршынынан қия отырып, халықты да ойлау қабілетінен айырды; өйткізді, ойланбайтындар мен ойлана алмайтындарды басқару оңай ғой. Бүгінгі тәуелсіздік таңына куәгер ұрпақ өздерін Әлихан, Шәкәрім, Ахмет, Жүсіпбек, Мағжан, Міржақыптардың орнына қоя отырып ойлануға, өтқенімізді осылайша еске түсіруге ұмтылыс жасауда.

И. Сталин қайтыс болғаннан кейін 1953 ж. жаппай саяси қуғын- сүргін құрбандарының ісін қайта қарау, тірі қалғандарын бостандыққа шығару мәселесі күн тәртібіне қойылғаны тек соңғы жылдары ғана белгілі болып отыр. Бірақ ол кезде билікте болған Н. Хрущев, Г. Маленков, В. Молотов және басқалары сол жаппай саяси репрессияға өздері де тікелей кінәлі болғандықтан жауапкершіліктен қорқып, барлық кінәні И. Сталин мен Л. Берияға аудара салды және соңғысын ағылшын шпионы, кеңес өкіметінің жауы деп аттырып жіберді.

Тек 1956 ж. ақпанда өткен СОКП-ның XX съезінде жасаған баяндамасында ғана Н. Хрущев, И. Сталиннің жеке басына табынушылдықты айыптап, арнайы қаулы қабылдаты. Сонан бері қарай құрбандарды ақтау ісі қызу қолға алынды, Сталиндіік репрессия құрбандарының өмірі мен қызметі жайлы кеңінен жазыла бастады. Бірақ олардың ешқайсысында да накты адамдардың қандай жаламен сотталғаны, оның себептері ашып жазылған жоқ. Тіптен Н. Хрущев орынынан тайдырылғаннан кейін 1964 жылдың соңынан бастап 1937 ж. зүлмат жөнінде баспасөзде айтылуға тыйым салынды. Жағдай тек 1987 ж. бастап қана өзгерді де, репрессия құрбандары жөнінде мәселе бүкіл халықтық деңгейде көтерілді.

Сондықтан бүгінгі таңның бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде әсіресе баспасөз сол тарихи кезенңің «актандақ» беттерін ашып, «жеке басқа» табынушылықтың «қоғамға тигізілген зиянын аныктап, зерде тыңына «төңкерістер» түренін сала бастады. Бірақ әуелде біздің жауынгер баспасөзіміз қарсы күшке жекелей ұрандап атой салғандықтан бұқара халықпен байланыс бірлігі аз болды. Бұл туралы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған мақалада: «Жариялыққа бел шешіп, батыл кірісе алмай отырғанымыз да байқалмай қалмайды. Бұл біздің тоқырау кезеңінде бойымызға сіңіңкіреп қалған мимырт митың, жайбасар аяңнан күмілжіп айтуға үйренген үргедек қылық-қүлықтан ақиқатты аттап, я айналып өтіп кетуге тырысатын кейбір жалпақ мінез, күйкі әдеттерден әлі де ат құйрығын үзісе алмай жүргеніміздің салдыр-салқыны болса керек» - деп жазған болатын.

Тарихтың «ақтандақ» беттері туралы ең алғаш болып осы «Қазақ әдебиеті» газетінде «Шындықты бүкпей айтсақ» атты мақала жарияланды. Одан соң Бұл бастаманы «Ара» журналы мен «Өркен» газеттері жалғастырып, бұдан халық жауы аталып келген А. Косарев, Н. Бухарин жайлы материалды орыс тілінен аудармп басып, өздері де осы тақырыпқа байланысты көлемді интервью, очерк, мақалаларды жариялай бастады.

«Ел басына күн туып, ері қайда жүр екеннің» кері туды. 1937 жылдың тажал аждаһасы бұрынғы Алаш қозғалысының қайраткерлерін былай қойғанда Нығмет Нұрмақор, Сейітқали Мендешев, Тұрар Рысқұлов, Сәкен Сейфуллин, Жанайдар Сәдуақасов, Жағыпар Сұлтанбеков сияқты коммунистердің, тағы да мындаған, жүз мындаған қатардағы оқыған азаматтардың өмірін қиды. Осыған карамастан И. Сталин, Н. Ежов, Л. Берия, А. Вышинский сияқты жауыздардың заманы дәуірлеп тұрды.

Сәкен, Бейімбет, Ілиястардың қандай жағдайда ұсталып, қандай жағдайда қаза тапқандарын халық білмей келді. Сондықтан да болар, НКВД оларды ұсталысымен атылды десе, бірге тауқымет тақсіретін тартқан көзі тірілер Сәкен, Бейімбет туралы әртүрлі аңыз шығарды. Бірақ соңғы анықталған құжаттар бойынша олар 1938 ж. ақпанда үкім шығарылысымен атылған.

Мысалы, жарты ғасырдан астам уақыт бойы М. Дулатовтың есімі туған халқының басты жауларырың қатарында аталып, оның есімі ұлт мәдениеті мен әдебиетінен, тарихынан өшіріліп тасталды. Содан барып туған халқы үшін жүрегі қоңыраудай күмбірлеген арыстың асыл бейнесі кейінгі ұрпақ көмескі тартып кетті.

Ал, қазір басқаша. Біздер осы бір асыл азаматтың өмірімен және еңбек жолымен қайта кауыша бастадық, әділеттің таңы атып, күні шыкты. Тарих ақиқатына жүгінер болсақ М. Дулатов «Еңбекші қазақ» газетінің жауапты редакторының әдеби көмекшісі болып қызмет етіп кезінде, 1928 жылдың 17 желтоқсанында тұтқындалған. Одан ұзақ жауап алғаннан кейін, 1929 жылдың 24-ші маусымында Бутырь түрмесіне жөнелткен. Ал, 1930 жылдың 4-ші сәуірінде ішкі істер халкоматының «үштігі» М. Дулатовты ату жазасына бұйырды. 1931 жылдың 10 қантарыңда іс қайта қаралып, ату жазасы 10 жыл тұткында отырумен алмастырылады. Тоғыз ай бойы өлім жазасы үкімімен отыру ақын жігерін жасыта алмады. Көптеген адамдар осы жүйеге тиетін қияметті көтере алмай, өзін-өзі өлтіріп те жіберетін. Бұрын патша түрмесінде талай рет болған М. Дулатов зайыбына жазған бір хатында былай дейді: «Біріншіден, тергеушілерге сенбедім, қорыққаным жоқ, үшіншіден, олардан көмек сұрамаппын...».

Сөйтіп, ол 1934 жылдың басынан Сталин атындағы Ақтеңіз-Балтық каналының құрылысында жұмыста болып, 1935 жылдың 5 қазанында Сосковец лазеретінде жүрек дертінен қайтыс болған. Міне, «халық жауы» атанған мындаған қазақ зиялыларының бірі - М. Дулатовтың лагерьде болуы мен дүниеден қайтыуының қысқаша тарихы осындай,

Сондықтан біздер М. Дулатов сияқты Нәзір Төрекұлов, Тұрар Рысқұлов, Нығымет Нұрмақов, Сейтқали Мендешев, Сүлеймен Есқараевтартың кебін киген жүздеген, мындаған өз халқының адал перзенттерінің өмірлерін де Қазақстан тарихымен, Қазан төңкерісінің орнау тарихымен тұтас байланыстыра зерттеу қажет деп білеміз. Мұнсыз біздер үшін рес-публикамыздағы төңкеріс тарихын, Үлы Отан соғысы жылдарының қиын-қыстау тарихын, тоқырау мен қайта құру тарихын таразылап, баға беру қиынға соғары хақ.

Ендігі мәселе, республикалық басылымдар беттерінде 1928-1930 және 1937-1938 жылдардың саяси қуғын-сүргіні жайлы не жазылды деген сауал төңірегінде болмак. Бұл «жекелеген ауыртпалықтардың» 20 мыңнан астам казақ оқығандарының сталиндік репрессияның құрбандығына үшырауына тікелей әсер болмаса да, жанама әсері болған әлеуметтік сырқаттарымыз жайында, айқайға сүргін қосқан асыра сілтеушілеріміз бен әсіресе «қырағыларымыз» турасында, есіктен сығалаған індеттітерден бірақ шығарған қасіретті кесел-күйзелістеріміз жөнінде не білеміз? Ол туралы архивтеріміз, сол архивтегі материалдарды зерттеуші ғылым, тарихшы, этнограф, демограф, әдебиетші, журналистеріміз не дейді? Соған токталайық.

Шәкерім туралы оның шығармалары жөнінде кеңінен толғап, тәттіштей талдаған алғашқы іргелі еңбектердің бірі — зерттеуші, ғалым Қ. Мүхамедхановтың «Шәкерім» деген мақаласы. Оқырман осы мақала арқылы Шәкерімнің өмірі жайлы толық қаныкгы, оның шығармашылығымен (поэзиясынан, кара сөздерінен, аудармасынан, дастандарынан) кең мағлұмат алды. Шәкерімнің түрік, араб, парсы тілдерімен қатар орыс тілін де жақсы білгендігінен хабардар болды. Бұрын ал Шәкерімнен басқа тұлғалар дәл осындай кең планды материалдар жазып жүрген тәжірибиелі зерттеушінің бұл еңбегін сөзсіз құнды дүниелердің қатарына жатқызамыз. Нені жазса да біліп жазатын ғалымның қасиеті еріксіз сүйсіндіреді.

XX ғасырдағы қазақтың ұлы реформаторы - Ахмет Байтүрсынов. Ахаң саласымен іле-шала баспасөз бетінде «Ахмет Байтұрсы-нов» атты көлемді мақала жарык көрді. Авторы белгілі ғалым, филология ғылымының докторы Р. Сыздықова. Материалдың жедел көрінуіне қарағанда, оның сүлбесі ертеректе, Ахаң ақталмай тұрғанда-ақ дайындалып қойғанға ұқсайды. Әрине, алғашқы еңбек болған соң оған артылар жүк те салмакты болмақ. Міне, осыны жіті түсінген автор оқырманға барынша мол ақпарат беруге тырысқан. Мақала бірден Ахаңа «революциялық күреске қатысты» деп айып тағылып, 1909 жыл-дың I шілдесінде түрмеге түсуінен басталады. Түрмеде сотсыз 8 ай отырып, 1910 жылы шығады. Одан Орынборға келіп, Уфада «Ғалия» медресесінде оқып жүрген жастардың қолдауымен 1913-1918 жылдары «Қазақ» газетін шығарғанын айтады. «Қазақ» газеті күні кешеге дейін айтылып келгендей ұлтшыл-буржуазияшыл газет емес, қайта қазақ қоғамының мүддесін көздеген проблемалар көтерген, оларға әлеуметтік үн берген газет деп бағалайды.

1989 жылы жарияланған 11 класқа арналған «Қазақ әдебиеті» оқулы-ғында А, Байтүрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытовқа арналған талаулар берілді. Авторы профессор Р. Нүрғалиев. 1997 жылы осы автордың «Әуезов және Алаш» деген көлемді монографиясы шықты. 1995 ж. тарихшы М. Қойгелдиевтің «Алаш» қозғалысы атты көлемді монографиясы жарияланып, онда Алаш интеллигенциясының қызметі мен тағдырын жаңа деңгейде терең зерттеді. Сол жылы жарияланған К. Нүрпейісовтің «Алаш һәм Алашорда» атты көлемді монографиясы да осы мәселеге арналды. 1996 ж. жазушы-ғалым Т. Жұртбаевтың «Талқы» атты кітабы да Алаш арыстарына арналды. Сөйтіп бұл авторлар Алаштану ғылымының негізін қалады деуге болады.

Басқаларға қарағанда, салыстырмалы түрде алғанда біршама жан-жақты зерттеліп, сөз болған тұлғаның бірі - Жүсіпбек Аймауытов. Ол туралы жазылған материалдарды сараптай келгевде көңіл ауарып, көп мағлұмат берген Б. Байғалиевтің «Жүсіпбек Аймауытов» атты көлемді дүниесі болды. Бірден айту керек, мақала сәтті жазылған. Ең алдымен автор Жүсіпбектің емірбаянына тоқтатылады және оны біршама толық ашып көосете білген.

Тоталитарлық жүйе кезінде халыққа қарсы жасалған қылмыстарды әшкерелеуде, оның тарихи шындығын қалпына келтіруде баспасөздің атқарған қызметі зор болды. Республикалық басылымдардың басқа бұл игілікті іске облыстық, аудандық газеттер, жергілікті жерлерде шығарыла бастаған альманахтар қызмет етті. Оларда жарияланған материалдардың бәрін қолжазбада келтіру мүмкін емес және оның қажеті де жоқ. Біз солардың ішінен зерттеліп отырған мәселені апіуға септігі тиген, пікір қозғап, жаңалық айтқандарына ғана тоқталдық. Мысалы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында байырғы журналист-ғалым (бүгінде өмірден озған) Рамазан Сағымбековтың ұйымдастыруымен шығарылған «Қарқаралы», сол сияқты Ақмолада шығарылатын «Сарыарка», Семейдегі «Абай» журналдарында жарияланған материалдардың кұндылығын айтуды жөн көрдік. Бірақ мерзімді баспасөзде жарияланған дүниелердің басым көпшілігінің өлкетану деңгейінен аса алмағаны, бірін-бірі қайталауы көп екенін тағы еске аламыз.

Әйтсе де қарастырып отырған мәселеде баспасөздің рөлі ерекше бо-лғанына күмән жоқ. Осының нвгижесінде тоталитарлық жүйе тұсындағы кылмыстардың табиғатын айқындайтын ғылыми зерттеулердің шыққаны бүған айқын дәлел. Тарихшы ғалымдар М. Қозыбаев, К. Нүрпейісов, Т. Омарбеков, Қ. Алдажұманов, Ж, Әбілқожин, әдебиетшілер Т. Кәкішев, Р. Нұрғалиев, Т. Қожакеев, Ш. Елеукенов, С. Қирабаев және басқаларының бұл мәселеге байланысты зерттеулерінің түжырымдары әуелде мерзімді баспасөзде жарияланып, қоғамдық пікірдің екшеуінен өтті [55]. Сондай-ақ жазушылар Ж. Бектұров, Ә. Әбішев, А. Кәкенов, А. Тасымбеков және басқаларының естеліктері мен эссе-очерктері де әуелде мерзінді баспасөз арқылы аян болды.

Жалпы 1988—1998 жж. бұл мәселе бойынша жарияланған материалдар тек саяси қуғын-сүргін құрбаны болған жеке тұлғаларға ғана емес, бұл зұлматтың жаппай қанды құбылыс ретіндегі сипатын да ашып көрсетуге бағытталды. Яғни казармалық социализм деген не, жаппай террорлық саясат неліктен туындады, оның көлемі мен зардаптары қандай деген мәселеге де ерекше назар аударылды.

2. Қазақ ғылым және Ә.Х.Марғұлан

Ә. X. Марғұланның еңбектеріне тақырыптардың алуан түрлі және зерттелетін ескерткіштердің хронологиялық аукымының кең болуы тән. Көшпелілер мен егіншілердің өзара іс-қимылы, отырықшы қоныстары мен калалардың калыптасуындағы кешпелілердің рөлі, ертедегі және орта ғасырлардағы тайпалардың орналасу мәселелерін аныктау, ежелгі керуен жолдарын зерттеу сияқты проблемаларды талдау табысты болып шықты. Кеп жылдық еңбектің корытындысы - «Орталық Қазақстанның ертедегі мәдениеті» деген монография Орталық Қазақстанның ежелгі заманын зерттеудегі маңызды кезең болып табылады.

 

Әдебиеттер тізімі:

1.Асфендияров С. История Казахстана с древнейших времен. – Алматы: Қазақ университеті, 1993.

2. Вопросы историографии и источниковедения Казахстана.- Алматы, 1998.

3. Вопросы историграфии Казахстана. – Алматы, 1989.

4. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін).Очерктер Алматы., 1994.

5.азақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). 5 томдық. 1-2 томдар.- Алматы, 1996, 1998.

6. Омарбеков Т.О., Омарбеков Ш.Т. Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас. – Алматы, 2005

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-03-31 19:43:03     Қаралды-2228

ҚҰСТАРҒА ҚАУЫРСЫН НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Құстар жылыну және ұшу үшін қауырсындарды қажет етеді...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАГНИТТЕР НЕ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

...

Магниттерді қолданудың жүздеген әдістері бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАГНИТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Қарапайым тілмен айтқанда, магнит темірді тарта алатын дене.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КРАН НЕ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

...

Кран (мұнара краны деп атау дұрысырақ болар еді) қазіргі кез келген құрылыс...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАГНИТ ӨРІСІ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Магнит өрісі – магниттің айналасындағы аймақ, оның шегінде магниттің сыртқы заттарға әсері сезіледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРАЛАР ҚАНШАЛЫҚТЫ ПАЙДАЛЫ?

...

Аралардың адамдарды тамақтандырудағы негізгі үлесі олардың өндіретін балында емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ІНЖУ-МАРЖАННЫҢ МӨЛШЕРІ ҚАНДАЙ?

...

Соңғы уақытқа дейін әлемдегі ең үлкен інжу 1934 жылы Оңтүстік Қытай теңізінде Филиппиннің Палаван аралында салмағы 300 кг-нан асатын меруерт табылған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУЛЕР ҚАЛАЙ ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ?

...

Жер шарының әртүрлі жерлерінде климат айтарлықтай ерекшеленеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕГИПЕТТЕ ПИРАМИДАЛАР ҚАЛАЙ САЛЫНДЫ?

...

Мысырдағы Гиза қаласындағы пирамидалар бес мың жыл бойы әлемде бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »