UF

Қазақстан тарихы ғылымының күшеюі

Жоспар

Қазақ ССР тарихын» (Алматы, 1943 ж.) еңбегін дайындау және шығарумен байланысты ғылыми пікірталастар

Қазақстан тарих ғылымы мүмкіншілігінің республикаға ғылыми-зерттеу орталықтарының, жоғары оқу орындарының ашылу тарихынан

КСРО-ны басқа да халықтарының арасындағы экономикалық яғни кооперативті шаруашылық мәселесі жөніндегі ғылыми мұраларына талдау

 

1.Қазақ ССР тарихын» (Алматы, 1943 ж.) еңбегін дайындау және шығарумен байланысты ғылыми пікірталастар

Өткенді зерттеу, оны қайталап жазу, қағазға түсіру аса қажет. Бірақ, ол қашанда нақтылы деректерге, құжаттарға, қолжазбаларға, күнделік дәптерге, архив қазыналарына сүйеніп жазылады. Тек сол арқылы ескі өмірдің, тарихтың әлеуметтік, мәдени, саяси портреттерін жасауға болады.

         Халықтың өткен тарихын зерттеп жазуда біз күні осы кезге дейін Ресей тарихнамасының ықпалынан шыға алмай отырғанымыз, не жазсақ та көршілес «үлкен ағамыздың» қасы мен қабағына жалтақтаудан арылмай келе жатқанымыз шындық болды.

         Жарты ғасырдан астам уақыт бойы тарих ғылымы алдымен сталиндік жөссіздікердің, содан кейін волюнтаризм мен субъективизмнің, тоқырау идеологиясы мен психологиясының шырмауында болып келді. Оған қоса кейбір тарихшыларымыз кеңестік заманда патшалық Ресей империясының реакцияшыл отаршылдық саясатына қарамай мұндай қадамның артықшылығын сол кездегі өлшеммен есептегенде «Ең дұрыс жол, озық ой» дей келе, соның арқасында қазақтың бірлігі сақалып қалды, олардан көп нәрсені үйреніп, Еуропалық ғылым мен білімнен нәр алдық және орыстармен біріге отырып бостандыққа қолымыз жеткен деп келгендер де болды.

Қазақ ССР тарихы (Алматы, 1943 ж.)  кітапта өкіметтің қазақ өлкесінің шығыс және оңтүстік аймақтарында билігін орнықтырудың әдістері мен формалары жан – жақты сипатталады. Онда жаңа бекіністердің салынуы мен шекара сызығының барынша жылжытылуы, орыс әскерлерінің далалық жорықтары мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен бірге Оңтүстік Қазақстандағы Қоқан және Хиуа хандықтарының агрессиялық әрекеттері баяндалады. «История Казахской ССР» кітабының авторлар ұжымының үлкен жетістіктерінің бірі – Кенесары Қасымов, Жанқожа Нұрмұхамедов, Есет Көтібаров бастаған ұлт – азаттық қозғалыстарының түпкілікті зерттелуі мен қарастырылуы. Ол еңбекте қазақ батырларының Қоқан және Хиуа хандықтарына қарсы күрестегі орыстармен одағы, патша үкіметінің басқыншылық, отаршылдық саясатына қарсы күресінің жылдары нақты түрде ажыратылып көрсетілген. Авторлар ұжымы қазақ халқының сыртқы агрессиялық әрекеттерге қарсы күресін қорытындылай келе, олардың тарихи маңыздылығына былайша баға береді: «движение доказало жизненные силы казахского народа, готовность защищает свою независимость, обнаружило отвагу и стойкость масс». Кітаптың авторлықұжымының жетістігі ретінде патша өкіметіне қарсы күресте көрнекті қазақ сұлтаны Садық Кенесарыұлының атқарған рөлі туралы сюжеттердің баяндалуы болып саналады. Кітапта Садықтың Ресей және Орта Азия хандықтары әскерлерімен болған ірі шайқастардағы жеке ерлігі мен батырлығы туралы маңызды мәліметтер беріледі және орыс отаршылдығымен ымырасыз күрескер Садықтың қайғылы тағдыры туралы айтылады. Кітаптың Садық жөніндегі тарауының ғылыми маңыздылығы сонда, мнда ықшамдалған формада болса да, Кенесарының ержүрек ұлы Садықтың жауынгерлік жолы толығымен бейнеленген. Ал бұдан кейінгі жылдардағы Қазақстанның Ресейдің құрамына қосылуы жөніндегі зерттеулерде Садық туралы айтылмады.

         Үлкен өкінішке орай – біздің еліміздің бірнеше ұрпағы тарихты тек бұрмалаушылықтың ғана куәсі емес үзілді-кесілді жоққа шығарушылық – науқан әрекеттердің де куәсі болды. Куәсі ғана емес тікелей сол озбырлыққа қатынасып өз қолдарымен «жазушылар» да болды. Ал Ресей тарихы өзін барынша даңқтылықпен танытуды көздеген мақсат тұтқан, басқаша айтқанда империялық идеологияға негізделген. Оны жақтаушылар үшін қазақ секілді «бұратана» халықтардың мемлекеттілігі де, мәдениетті де болмаған тек олар «Ұлы Ресей» қамқорлығы арқасында ғана жақсылыққа қолдары жетіп көздері ашылған еді. Бұл «жарылқаушылық» саясат келе-келе тарихымыздың бетінде мықтап «шегеленіп» ресми заң әкеліп соқтырды.

         Сондықтанда бүгінгі Қазақстан тарихы қайта ой елегінен өткізуді қажет етеді. Ондаған көптеген тұжырымдар дүмбілес адамды сендірмейді, шындыққа қайшы тар жол тайғақ кеше жүріп басын бәйгеге тіккен елдің тәуелсіздігі үшін күрескен кейбір ерлерді жау санау сол қателіктердің бірі.

         Империялық амбицияның перзенті, аждаха толқынының құлы,табанының түрі жоқ срциологиялық дөрекі концепциялардың пайда болуын өзінше заңдылығы жоқ емес. Мәселен үнді халқының ұлы перзенті Джавахарлар Неру өз Отанын ағында жазған тарихын айта келіп, оның бағытының сөз болып отырған елдің мүддесінен мүлдем алғаш жатқанын көрсетеді. «Тарихты көбіне жеңіске жеткендермен басқыншылар жазады, тарих олардың тарих олардың көзқарасының айнасы іспетті, қаттырақ көңіл бөлініп, ақыры күштінің көзқарасы, сөзі үстем болады қылмысты өз әрекетін ақтап, куәнің бәрін қарсыласына үйіп төгеді. Шындық шыңырау түбінде қалып бетінде ұятсыздық аралас ашық өтірік жатады.» - дейді. Міне соның дәлелін алыстан іздемей-ақ өз тарихымызға үңіле қарасақ жетерлік. Біздің тарихымыздың асымы орталықтың ыңғайына қарай, үстемдік еткен идеологияның ықпалымен біржақты жазылды. Қазақ тұрмысында кездескен оқиғаларға орталықтың көзімен баға берілді. Әр елдің тарихын және тарихын жазуының өзіндік ұлттық ерекшеліктері бар емес пе? Бұны басқаны былай қойғанда орыстардың өздері де мойындады ғой. Орыс тарихнамасының басында тұрған Петербург діни Академиясының профессоры болып істеген М. О. Коялович немістің орыс тарихын жазуға қол сұға беретін жақтырмай: «Я ставлю вопрос: больше ли произошло пользы или вреда от вмешательства иноземцев в разработку русской историй?» - деп түйеден түскендей төте сұрақ беріп, өзі оған тыжырына жауап береді: «Крайне вреден науке русской историй потому что авторитетно отрезвал путь к изучению того же предмета с русской точки зрение»./

         Иә, біздің қазақтың тарихы осы уақытқа дейін дәл осы Кояловия айтқандай орыстардың немесе орыстанған еврейлердің тікелей қол сұғуымен жазылғандықтан тіптен қазақтардың өзі де өз тарихын орысша жазғандықтан, онда қазақтың ұлттық ұлттық қасіреті жеңіл желпі атап өтіліп, жетістігіміз ғана айтылып келді.

         Туған респуликамыздың тәуелсіздік алуы қоғамдық өмірде үлкен өзгерістерге жол ашты. Ең бастысы туған Отанымыздың тәуелсіздікке жетуі қазақ жұртшылығының ұлттық санасының қауырт оянуына айрықша әсер етті. Бұл соңғы жылдары исі қазақтың үлкен-кішісінің өз халқының қаазқ халқының түпкі тегін, арғы-бергі тарихын білуге деген ерекше талпынысынан, өскелең талап-тілегінен айқын аңғарылады. Өзді-өзімізді сөз жүзінде көкке көтеріп, кеудемізді қанша қақанымызбен еліміз еңсел, жеріміз шүйгін, халқымыздың ежелгі тарихы бай, ол ар-намысына дақ түсірмейтін арбайлы дегенмен құр сөзге кім бой ұрады? Ұлылықты тек қарекетті іс көрсетпей ме? Сол ісі кім атқармақ? Туған ел тарихы қай халықтың болсын ұлттық рухани саласынан нәр алатын басты көзі, қайнар бұлағы екені белгіді.

         Әрине, халық өз қадірін өзі біліп, намысын жоғары ұстауы үшін өткенін, тарих тәжірибесінен аруағы мен айбарын, дәстүрін, жұрт назарын аударған аяулысын ажырата біліп, оларға құрметпен, ізгі-ілтипатпен қарауы керек.

         Міне сол тарих өз шындығымен сақталмауы, ол тарихтың шындығын адамдардың білмеуі әбден мүмкін екендігіне, әсіресе, ХХ ғасырдың ұрпақтары әлденеше рет көз жеткізді. Мұндай жағдай тек біздің заманымызда ғана емес, адамзат тарихында жиі кездеседі. Мұның бәріне талдау жасау қажеттігі туып отыр және мұндай талдау жан-жақты ғылыми деректің тұрғысынан жасалуы тиіс. Әрине, бұл үлкен шаруа көптеген мамандардың – тарихшылардың, әдебиетшілердің археологтардың біліктілігіне де байланысты болмақ. Бұл жалпы адамзат қоғамының тарихын, өткен замандар мен кезеңдердегі тарихтың белгісіндей материалдық игіліктер мен мәдени-тарихи оқиғалар, сол оқиғалар мен қоғамдық құбылыстардың басы-қасында жүрген айрықша тұлғалардың тарих беттерінен өзіне лайық, әділ бағасын ала отырып, ғасырдан ғасырға ұрпақтан ұрпаққа алып қоспасыз жеткізу міндетті. Міне тарих таразысының аса қиын, күрделі салмағының тым ауыр, жауапкершілігінің тым жоғары екендігі осында. Тарих таразысына тазалық қажет.

         Халықтың өткен өмір жолын өзіміз ғана біліп қоймай өзімізбен етене еңбек отырған ортақ үйде ырысымызды бірге еншілесіп жүрген, тағдырын қазақ халқымен біртұтас сезініп отырған өзге ұлт өкілдерінің бәрі білуі қажет.

         Қазақстан тәуелсіз мемлекет болғалы да көп уақыт өткен жоқ. Сондықтан тарихмызды қалпына келтіріп, жаңа талаптар тұрғысынан зерделеу мәні бар іс. Қай халықтың болсын дүниежүзілік тарихта алатын өз орны, әлемдік өркениетке қосқан өз үлесі бар. Ақай Нүсіпбековтың көне тарихымызға арналған бір ғылыми кеңесте «Алтайдан Атырауға дейінгі ұлан-байтақ жерді мекендеген, ортақ тілі мен мәдениеті ежелден қалыптасқан елдің тарихын жоққа шығаруға болмайды. Керісінше терең зерттеулер жүргізу қажет» деген еді. Бұл сол кездегі зерделі ұстазымыздың жан айқайы еді. Қазіргі кезде күттірмейтін мәселе тарихымыздың қалпына келтірілуі. Оны идеологиялық толып жатқан «қабыршықтардан» аршып алу қажет. Мейлі жаман, мейлі жақсы болсын тарих сол тарих күйінде қалуы керек. Өйткені адамды адам қылудың да, ұлтты ұлт қылудың  да негізі сол тарих.

2.Қазақстан тарих ғылымы мүмкіншілігінің республикаға ғылыми-зерттеу орталықтарының, жоғары оқу орындарының ашылу тарихынан

Жаңа интеллигенцияның пайда болуына қажетті алғышарттар бүкіл халық ағарту ісіндегі өзгерістерге тікелей байланысты болды. 1917-1925 жылдары қазақ қоғамындағы бұрынғы оку жүйесі қиратылып, білім беру ісі кеңестік негізде қайта қүрылды. Ежелден бергі ауылдық және ауыларалық мектептер жабылды. Молдалар ескіліктің сарқыншақтары ретінде куғынға салынды. Төңкеріске дейінгі жылдары мүғалімдік еткен молдалардың ішінде терең білімді, білікті әрі тәжірибелі ұстаздар аз емес еді. Молдаларды жаппай көзсіз куғындау ұлттық білім беру жүйесіне орны толмас үлкен зақым келтірді.

Қазан төңкерісіне дейін, жиырмасыншы ғасыр басында казақ ағартушыларының рухани жетекшісі болған Ахмет Байтұрсынов революциядан кейін де осы игілікті істің басы -касында болды. Ахмет Байтұрсыновтың үлгісі, іс-әрекеті мен жалынды сөздері ескі ағартушы - ұстаздарды оқыту жүмысын жаңа жағдайда жалғастыруларына үлкен ықпал етті. Қазақ интеллигенциясының алдына елдегі жаппай сауатсыздықты жою міндеті қойылды. Сауатсыздық дегенде мұсылманша оқығандар сауаттылар қатарында саналмады. Еуропалық үлгідегі оку орындарын, мектептер мен училищелерде оқығандар, орысша білетіндер ғана сауатты адамдар саналды. Ахмет Байтұрсыновтың басшылығымен жер-жерлерде облыстық, уездік халық ағарту мекемелері қүрылып, бүл істің мамандары жүмысқа келді. 1921 жылы 18-25 қаңтарда Орынборда болып өткен халық ағарту қызметкерлерінің бүкіл Қазақстандық бірінші конференциясы Ахмет Байтұрсыновтың баяндамасы бойынша Азамат соғысында тоз-тозы шығып қираған оку орындарын қалпына келтіру, мүмкіндігінше көбірек мектептер мен курстар үйымдастырып, балалар мен ересектердің сауатын ашу, жан-жаққа тентіреп кеткен мүғалімдерді оку -ағарту жүмысына қайтадан жүмылдыру сияқты бірінші кезекте атқарылатын шараларды  белгіледі .

Сол жылғы 21 ақпанда Қазақ АКСР-і Орталық Атқару Комитетінің төралқасы Ахмет Байтұрсыновтың баяндамасын тыңдап, Халық ағарту халық комиссариатын екпінді комиссариатдеп жариялап, республикадағы барлық мекемелер окуорындарына жан-жақты көмек көрсетуге міндеттелді.Казақ мәдениетіне қатысты барлық мәселелерді шешу Қазақ АКСР-нің Халық ағарту халық комиссариатына (кейде Оку халкоматы деп аталды) тапсырылды. 1921 жылғы 9тамызда Республика Халық Комиссарлар Кеңесі Халық ағарту халкоматының қызметі жөніндегі Ережені бекітті. Осы ЕрежедеОку халкоматына "Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, басқару, халық ағарту және денсаулық қорғау салалары бойынша Қырғыз (Қазақ) Республикасына қажетті мамандарды даярлау ісіне жалпы басшылық жасау" тапсырылды.. Бұл дегеніңіз қазақтың ұлттық шығармашылық интеллигенциясын даярлау ісін республиканың Халық ағарту халкоматының қүзырына берілуін заңдастыру болып табылады. Шын мәнінде, 1920-1930 жылдары Қазақтың шығармашылық интеллигенциясынқалыптастыру мәселесінің барлық үйымдастырушылық, қаржылық жұмыстарымен  айналысқан  бірден-бір халкомат (бүгінгі сөзбен айтқанда - министрлік)  болды. Республиканың халық ағарту халкоматының үсынуымен 1921 жылы 26 шілдеде Қазақ АКСР-і ОАК қазақтардың сауатын ашу жұмысына он алты мен елу жас аралығындағы барлық сауатты қазақтарды мобилизациялау туралы қаулы шығарды. Осы каулы бойынша төңкеріске дейін және төңкеріс жылдары медресе, бірінші - екінші сыныптың бастауыш мектеп, тіпті өз бетімен сауатын ашқан адамдардан бастап жоғарғы оқу орындарын бітіргендердің бәрі міндетті түрде оку жүмысына жұмылдырылатын  болды.

Қазақ зиялылары халқының көзін ашу, сауатсыздықты жою ісіне бар күштерін жүмылдырды. Олар Оку халық комиссариатының төңірегінде топтасып, күш біріктіре қимылдады. Халық ағарту саласында жиырмасыншы жылдардың басында әрекет еткен оқу комиссариаты мен БК(б)П Киробкомы тарапынан атқарылған жұмысты салыстырғанда, соңғылар ұраншылдық пен науқаншылыққа үрынып,. көбінесе козбояушылықпен айналысқандығы байқалады. Партия орындарының нүсқауымен жер-жерде құрылған ГрамЧК деген үйымның (Сауатсыздықты жою жөніндегі төтенше комиссия) жұмысы сауатты адамдарды күштеп мобилизациялап сауатсыздықты жою (ликбез) жөніндегі қысқа мерзімді курстарды ашумен шектелді.

Алаш оқығандарының ауыл еңбекшілерінің көзін ашып, оку-білімге тартып, ел ішіндегі дарын иелерін қолдап-көмектесу ісінде атқарған еңбектері елеулі болды. Қазақтың оқығандары, алғашқы жоғары білімді мамандары, тұңғыш ғалымдары бір-біріне көмектесіп, қолдау жасауды парыз санағандығы жөнінде деректер жеткілікті. Осындай өзара ынтымақтың арқасында көптеген жастар өздерінің табиғи, дарындарын ұштап шығармашылық интеллигенция қатарынан орын алды. Өлеңге ебі бар талапты жас Сапарғали Бегалин Семейге келіп Нұрғали, Нәзипа Құлжановтарға атшы бала болып сауатын ашты. 1922 жылғы 1 маусымда Сейітқали Меңдешев Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің қазақ тіліндегі баспа ісін жақсарту туралы қаулысына қол қойды. Бүл қаулыда республиканың Халық Комиссарлары Кеңесіне барлық халкоматтары өз салалары бойынша қазақ тілінде кітаптар, плакаттар, оқулықтар шығаруын қадағалау тапсырылды. Бүл міндетті орындау үшін қажетті қаржы көздерін тауып, қазақ интеллигенттерін осы игілікті іске жүмылдыруды тапсырды. Өзге халкоматтарға қарағанда жүмыстың көп бөлігі Оку Халық комиссариатына жүктелді. Оған әртүрлі дәрежедегі оқу қүралдарын шығарумен  бірге,әдеби,ғылыми,саяси-үгіт мазмұнды кітаптарды даярлаумен қатар орыс тілінен көп санды басылымдарды қазақшаға аудару ісін ұйымдастыру тапсырылды. Бүл кең ауқымды мәдени іс-шараларды жүзеге асыруға тиісті жоғары білікті мамандар жетіспеді. Сондықтан болар, кітапханалардың сирек кездесетін кітаптар қорларында сақталған жиырмасыншы жылдар басылымдарының сауаттылығы төмен болып келеді. Бүл олқылықты қазақ зиялыларының өздері де терең түсініп, өз еңбектерінің нәтижесіне деген талапкершілікті күшейтумен болды. Мәдениет саласында жетістіктерге жету үшін оку - білім беру жүйесінің жүмысын орнықтыру қажет болды.

3.КСРО-ны басқа да халықтарының арасындағы экономикалық яғни кооперативті шаруашылық мәселесі жөніндегі ғылыми мұраларына талдау Лениндік кооперативтік жоспардың бұрмалануы, экономикадағы күйзелістің, ашаршылық, мал басының шығын болуы, ел басқарудағы асыра сілтеушіліктер осының бәрі өзекті такырыпқа айналды. Сөйтіп публицистер, тарихшылар, жазушылар, деомграфтар шындықтың бетін ашуға ден қойды.

Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының академигі М. Қозыбаевтың ұжымдастыру барысында жіберілген асыра сілтеушілік туралы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған алғашқы ғылыми-зерттеу еңбегі осы істің басы болды. Авторға методологиялық, ғылыми және факгологиялық жағынан оқиғаның мән-мазмұнын ашуға мүмкіндік туған. Мақалада Лениннің кооперативті шаруашылық мәселесі жөніндегі ғылыми мұраларына жан-жақты талдау жасалған. Мұнда Қазақстанда жүргізілген ұжымдастырудың әкімшілік-әміршілік, бюрократтық тәсілмен жүргізілгендігі архивтік деректер негізінде дәлелденген. Мақалада Ә. Жанкелдин, Т. Рысқұлов, А. Розыбақиев, 3. Төреғожин сынды адал қоғам қайраткерлері және Ғ. Мүсірепов ұйымдастырған «Бесеудің хаты» туралы деректер бар. Осындай халық басына түскен ауыртпашылықпен қайғы-қасіреттің ақ-қарасы Ф. Голощекиннің Қазақстан өлкелік партия комитетін басқарған кезінде қабылданған құжаттар негізінде ажыратылған.

Осыған орай «Социалистік Қазақстан» газеті Ш. Мұртазаның «Сталинге хат» трагедиясына рецензия ретінде К. Бодров, М. Қозыбаев, Қ. Ергөбековтердің «Кезең қасіреті және оның көркемдік толғауы» атты материалын жариялады. Авторлар бұл пьесаны талдау барысында ұжымдастырудағы асыра сілтеушілікке өз көзқарастарын білдіріп, Ф. Голощекин басқарған Қазақстан өлкелік комитетінің қызметіне баға береді.

Бұл материал рецензия түрінде жазылғандықтан, мұнда ұжымдастыру проблемасынан көрі пьесаны қойған режиссердің шеберлігі, актердің ойыны, драматургтың стиліне катысты жайлар көбірек қамтылған.

Ал, тарих ғылымының кандидаттары Қ. Атабаев пен Т. Омарбековтер «Лениншіл жас газетінде басылған «Кооперативтендіру сабақтары» деген мақаласында кооперативтендіру ісіндегі мұраларға ой жіберіп, ұжымдастыру барысындағы асыра сілтеушіліктің түптамырын ашып көрсетуге тырысқан.

Авторлар ұжымдастыру идеясының ұжымдық шаруашылықтар құруға ынталы болған адамдардың мақсат-мүлдесінен бөлініп қалғандығы жайлы корытынды жасайды. Шын мағынасындағы халықтық кооперативтік жоспардың басты принципі - еріктілік ұмытылып, күш көрсету, мәжбүр ету тәсілі қолданылған.

Жергілікті баспасөз орындары қазақ даласында кооперацияның төменгі қарапайым түрлерінің дамуына бекерге көңіл бөлген жоқ. Жергіліті баспасөз өкілдері ол кооперативтердің ауылдар мен селолар тұрғындарына мәдени және шаруашылық тұрғыдан көмек көрсете алатындарына кәміл көздері жетті. Егер архив материалдарына жүгінсек, аталмыш кооперативтердің республикадағы кино және радио қондырғыш, кітап тарату, мектептерді жабдықтау ісінде үлкен рөл атқарғандықтарынан хабардар боламыз. Тек, 1927 жылы ғана өлкедегі ұсақ кооперативтер мәдениет кұрылысына мындаған ақша-қаражатын бөліп, республикадағы кино және радио қондырғыштарының 90%-ті сол ұйымдардікі екендігі белгілі болды.

Жалпы алғанда, қазақ өлкесінде 1923 жылы 755 кооператив болса, 1926 жылы олардың саны 1329-ға жеткен. Қазақ зиялыларының кооперацияға қатысына байланысты еңбектер жазыла бастады.

Сол сияқты қарапайым кооперацияның бір түрі - несие беру (кредиттік) кооперативі туралы, Қостанай облысындағы Обаған болысының № 5 ауылында қүрылған «Сарықопа» бірлестігі іс-қызметі «Ауыл» газеті беттерінде насихатталады. Сол газеттің бір нөмірінде «Сарықопа» бірлестігінің шаруалар шаруашылығына заттай және ақшалай көмек көрсеткендігі айтылады.

Жетісу өлкесінде де жаңа экономикалық саясат жүргізу барысында Талдықорған уезінде кооперативтердің жақсы дами бастағандығы туралы жергілікті баспасөз органдары хабарлап тұрды. Мәселен, Қоғалы селосында құрылған несие беру кооперативінің 1925 жылғы 1 қарашада пайдамен шыққандығы, ол осы пайданы 40 балаға арналған ауыл шаруашылық мектебін ашуға жұмсағандықтары жөнінде айтады.

Шаруашылық мәселелеріндегі ақтандақтар жөнінде баспасөз беттерінде алғашқы мақалалар 1988-1990 жылдары жарық көре бастады. Оларда 20-30 жылдардағы шаруашылықтың бұрын айтылмай келген «ақтандақтары» көтеріліп, бұрынғы коммунистік идеология қалыптастырған біржакты баяндаудан бас тартып, шындықты көрсету әрекеті байқалады. Әсіресе байлар мен кулақтарды жою, күштеп ұжымдастыру мәселелері 90 жылдардың басындағы баспасөз беттерінде ерекше орын алады» .

Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі шаруашылық мәселелеріндегі бір акгаңдақмәселе - кооперативтердіңқарапайымтүрлерініңдамуы. Әдетте, кооперация мәселесі сөз болғанда жаппай ұжымдастыру мен тек кооперацияның ең жоғары түрі колхоздастыру айтылады да кооперацияның төменгі формалары жөнінде ештеңе айтылмайды. Шынына келгенде осы кооперацияның қарапайым, төменгі формаларының жеткілікті дәрежеде дамымағандығынан 20-шы жылдардың аяғында жаппай ұжымдастыруға бет алып, кооперацияның жоғарғы түрі - колхозға өтудің дұрыс еместігі дәлелденді емес пе?!

Кезінде, Қазақстанда жана экономикалық саясатқа бет алған кезде, жергілікті баспасөзде нарықтық бағытқа байланысты дами бастаған алғашқы кооперативтер туралы көптеген мәліметтер беріліп тұрды. Мысалы, 1924 жылы Әулие-Атада құрылған «Үміт» атты кооперативтің дамуы жөнінде «Ақ жол» газеті бірсыпыра мағлұматтар берді. Бұл кооперацияның халық арасында үгіттелінуіне және қазақтардың оған тартылуына көмегін тигізді.

 

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

1.Асфендияров С. История Казахстана с древнейших времен. – Алматы: Қазақ университеті, 1993.

2. Вопросы историографии и источниковедения Казахстана.- Алматы, 1998.

3. Вопросы историграфии Казахстана. – Алматы, 1989.

4. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін).Очерктер Алматы., 1994.

5.азақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). 5 томдық. 1-2 томдар.- Алматы, 1996, 1998.

6. Омарбеков Т.О., Омарбеков Ш.Т. Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас. – Алматы, 2005

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-03-30 19:58:14     Қаралды-2462

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »