UF

Омыртқасыз жануарлардың табигаттаѓы және адам өміріндегі маңызы

Омыртқасыздар жануарлар патшалығындағы саны жағынан да, түрі жағынан да ең көп таралған жануарлар. Қазіргі санақ бойынша шамамен жануарлардың бір миллионға жуық түрі бар. Оның 96%-і омыртқасыздар да, тек 4%-і ғана омыртқалы жануарлар. Шын мғнінде табиғатта омыртқасыздар саны одан да көп, себебі бірклеткалылардың, бунақденелілер мен кенелердің кейбір топтары жақсы зерттелмеген.

Омыртқасыздар мекен етуге болатын жердің барлығында кездеседі: су, құрылық, топырақ, ауа, бөгде ағзалардың денесінде паразит немесе симбионт ретінде. Табиғаттың тепе-теңдігін сақтауда омыртқасыздардың маңызы өте үлкен, ал атқаратын қызметі, алатын орны алуан түрлі. Олардың кейбір маңызды іс-ғрекеттеріне тоқтала отырып, омыртқасыздар зоологиясын оқып үйренудің қандай қажеттілігі бар екендігін түсінуге болады.

Органикалық заттар айналымына қатысуы. Егер өсімдіктер жер бетіндегі негізгі органикалық зат жасаушылар болып табылса, онда жануарлар олардың негізгі тұтынушылары. Жердегі тіршіліктің пайда болуынан бастап қазіргі заманѓа дейінгі өсімдіктер мен жануарлардың (В.И.Вернадский бойынша) жалпы массасы планета массасынан көптеген есе асып түсер еді. Бірақ дғл қазіргі тіршілік етіп отырған тірі заттар массасы тұрақты жғне жер қыртысының жалпы массасының 0,1%-ін ғана құрайды. Биосферадағы тірі заттардың саны үздіксіз жүріп жататын биологиялық заттар айналымының арқасында тұрақты сақталады. Өсімдіктер жасап шығарған органикалық заттарды өсімдікпен қоректенетін жануарлар пайдаланады (бірінші реттік гетеротрофтар), оларды етқоректі жануарлар жейді (екінші реттік гетеротрофтар). Осылайша қоректік тізбек пайда болады. Өсімдіктің тамыры, сабағы, жапырағы, жемісі - барлық мүшелері қоректік зат. Сол сияқты жануарлардың барлық мүшелерінің қоректенушілері бар. Керек десеңіз жануарлардың экскременттері мен µлекселері де копрофагтар мен некрофагтарға қорек болып табылады. Ал өсімдік шірінділері мен қалдықтары жауынқұртының, қоңыздардың т.б. таптырмайтын асы. Органикалық заттардың түбегейлі минералдануы микроағзалардың көмегімен жүреді. Осылайша, өсімдіктердің өсуіне қажет құнды бейорганикалық заттар топыраққа қайта оралады. Топырақтың өзі өсімдіктер мен жануарлардың ғсерінен түзіледі. Оның құнарлылығы да осы тірі тіршіліктеріне байланысты.

Теңіздер мен мұхиттарда да үздіксіз органикалық заттар айналымы мен күрделі қоректік тізбек бар. Фитопланктондар зоопланктондарға жем болады. Олар шаянтғрізділер, балықтар, киттерге жем болады.

Жануарлар тек қана органикалық заттарды ыдыратушылар ғана емес, кейбір химиялық элементтердің жинақталуына және орын алмастыруына да қатысады.

Омыртқасыздардың геологиялық іс-ғрекеті. Әлемдік мұхиттың түбіндегі тұнба бентостық (судың түбінде мекендейтін ағзалар) жғне планктондық бір клеткалылар бакалиоз торынан түзілген. Мұхиттар түбінің ауданының 29%-ін фораминифералар бақалшағынан түзілген түнба алып жатыр. Сғулелілер бақалшағынан түзілген тұнба 3,4%, птеропазалар бақалшағының үлесіне 0,4%, ал коралл рифтерінен шыққан өнімдер мұхит түбінің 3%-ін алып жатыр.

Теңіз түбінің пайдалы қабатын түзуге сонымен бірге буылтық құрттар, тікен терілілер, шаянтғрізділер, иықаяқтылар, былқылдақ денелілер, мшанкалар, ал омыртқалы жануарлардан балықтар мен теңіз сүтқоректілері қатысады.

Құрылықтағы тау жыныстарының көпшілігі ертедегі су басу дғуірінде теңіз жануарларының қалдықтарынан пайда болған. Мысалы, органикалық заттардан пайда болған ізбесті кальций пародалары.

Тау жыныстары қабатттарының салыстырмалы жасын анықтау. Өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын зерттей отырып, жер қабаттарының салыстырмалы жасын анықтауға жғне қазба байлық қорының түрі мен мөлшерін анықтауға болады екен. Мысалы, микропалеонтологиялық ғдіспен мұнай, көмір, таскөмір т.б. кендерін табуға пайдаланылады.

Өсімдіктердің тозаңдануындағы омыртқасыздардың пайдасы. Жабайы жғне мғдени өсімдіктердің тозаңдануындағы омыртқасыз жануарлар орыны қаншалықты екені белгілі. Европадағы жабықтұқымдылардың 80%-і омыртқасыздармен, 19%-і желмен, 1%-ғртүрлі жолдармен тозаңданады екен. Қазіргі кезде жабықтұқымдылардың эволюциялық дамуын бунақденелілердің эволюциялық дамуымен байланыстырады. Өсімдіктің жақсы өнім беруі оның тозаңдануына байланысты.

Омыртқасыздардың адамға тигізетін пайдасы. Адамдар ертеден бастап-ақ омыртқасыздарды тағам ретінде пайдаланады: шаянтғрізділерді, теңіз кірпісін, ұлуларды, қосжақтаулы былқылдақ денелілерді. Жылына 5 млн. тоннаға жуық омыртқасыз жануарлар теңіздер мен мұхиттарда ауланады.

Кейбір омыртқасыздарды (маржан түзуші былқылдақ денелілер, аса бағалы кораллдар, губкалар т.б.) ғшекей бұйымдарын жасау мен техникада қолданады. Соңғы кездерде адамдар оларды қолдан өсіре бастады. Бұдан 5 мың жылдай уақыт бұрын адамдар жібек көбелегін асырап, одан жібек жібін жасай білген. Емдік мақсатқа баларасының балы жғне сүті пайдаланылады.

Тропикалық құрттардың кейбір түрлерінен электротехникада пайдаланылатын құнды шеллак заты алынады. Кейбір құрттардан (мексикандық кошениль, кермес т.б.) кармин бояуы алынады.

Медициналық сүлік ежелден келе жатқан халықтың медицинаның шипалық құралы. Оларды да қолдан көбейту қолға алынған.

Ауыл жғне орман шаруашылығы зиянкестерімен күрес жүргізу мақсатында олардың жаулары мен паразиттерін арнаулы зертханаларда өсіреді.

Омыртқасыз жануарлардың зиянкестілігі. Омыртқасыздардың зиянды іс-ғрекеті алуан түрлі. Атап айтқанда, ауыл жғне орман шаруашылығына зиянкестік тигізеді, адамдар мен жануарларда протозойлы және құрт ауруларының қоздырғыштары болып табылады және бірқатар вирустық жэне бактериальдық ауруларын таратушылар.

Омыртқасыздар дғнді дақылдар мен шаруашылық дақылдардың жемісін, тамырын, жапырағын, өзегін, сыртқы қабығын, ұрығын т.б. жеп, орны толмас зиянын тигізеді. Жыл сайынғы халықаралық ұйымдардың есебіне қарағанда ғлемдік астықтың 20%-і жарамсызданып, экономикалық шығынға ұшырап отырады екен. Негізгі зиянкестерге омыртқасыздардан бунақденелілер, кенелер, былқылдақ денелілер, жұмыр құрттар, ал омыртқалылардан - кемірушілер жатады.

Қазіргі уақытта зиянкестермен күрес шаралары қарқынды жүргізіледі. Оларға қарсы химиялық улы заттар қолданудан гөрі табиғи жаулары мен паразиттерін көбейтіп пайдалану көп пайдалы болып отыр.

Омыртқасыздар арасында кездесетін улы түрлері адам мен жануарларға қауіпті. Оларға өрмекшітғрізділерден қарақұрт, тарантул, құршаян, ерінаяқты көпаяқтылардан-скалопендралар, бунақденелілерден-аралар, қоңыздар, ішекқуыстылардан-медузалар, сифонофоралар т.б. жатады. Олардың улары жыланның уы тғрізді медицинада емдік мақсатта қолданылады.

Адамдарда болатын малярия ауруын бірклеткалы споралылар қоздырады, ал оның қоздырғыштарын таратушы қосқанатты бунақденелілер. Тері лейшманиоз, африкалық ұйқы ауруларын бір клеткалы талшықтылар қоздырады. Олар да қан соратын шыбын, масалар арқылы таралады. Дизентерия амебасы, лямблия кокцидиялар т.б. адамда ауыр аурулар туғызады.

Гексодалық жғне аргастық кенелер кейбір ауру қоздырғыштарын ұзақ уақыт сақтап, оларды таратады: энцефалит, тырысқақ, іш сүзегі, туляремия т.б. Биттер мен бүргелер де бірқатар ауру таратушыларға жатады.

Паразит құрттар - гельминттердің 80000-ға жуық түрлері адамдар, жануарлар, өсімдіктер паразиттері. Олар өз иелеріне токсиндер бөлу арқылы жғне қорытылған қоректік заттары мен ұлпаларын жеу арқылы зиянын тигізеді.

Кейбір жануарлар кеме жүзу саласында зиянкестік тигізеді. Мысалы, шаянтғрізділер, мшанкалар, ішекқуыстылар, былқылдақ денелілер кеменің түбіне өсіп, оны бүлдіреді. Сол себепті кеменің жүзу жылдамдығы 50%-ке төмендейді, ал жанар майдың ысырыпталуы 40%-ке жетеді. Сондықтан ғр 6-8 айда кемелер құрғатылып, астын тазалап отыруға мғжбүр болады.

Омыртқасыздардың табиғат пен адам өміріне тигізетін пайдасы мен зиянкестігін толық атап шығу мүмкін емес. Осы аталғандардан шығаратын қорытынды: зоология ғылымының көптеген басқа ғылымдармен тығыз байланыстығы: медицина, ветеринария, мал шаруашылығы, агрономия, геология т.б.

Зоологиялық зерттеулер нғтижелері ауыл жғне орман шаруашылықтарында, балық жғне аңшылық шаруашылықтарында, пайдалы қазбалар іздеуде, халықтық медицинада, т.б. қолданылады.

Жаңадан пайда болып отырған бионика ғылымы соңғы уақыттарда қарқынды дами бастады. Ол бірнеше ғылымдардың түйісуінен пайда болған жас сала: зоология, химия, физика, инженерия. Ең соңғы жаңа технологияларды пайдаланып, бионика жануарлардың сыртқы ортадан информация алуының күрделі механизмін, сыртқы ортаны бағдарлауын, биологиялық ритм, көмекке шақыру, қоғамдық жғне жалғыз µмір с‰ретін жануарлардың өзара информация алмасуын зерттейді. Бұл мғліметтер адамдар үшін өте құнды жғне оны өз пайдасына жаратуына мүмкіндіктер ашылады.

¦зақ тарихи даму барысында адамдардың да сыртқы табиғи ортаға әсері мол болды. Сондықтан, жалпы биосферадағы тепе-теңдікті сақтауға ұмтылу-барлық ғылымдардың қажетті міндеті. Зоологияны ғылым ретінде үйрену, оны жоғарғы деңгейге көтеру кез-келген биолог мамандарының борышы.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-02-24 19:24:04     Қаралды-16477

ҚАЙ МЕМЛЕКЕТ ҚАТЕЛІКПЕН АТАЛДЫ?

...

Кариб теңізінде Пуэрто-Риконың үлкен аралы орналасқан...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ МАТЕРИКА ЕҢ КІШКЕНТАЙ?

...

Австралия - жер бетіндегі ең кішкентай материк.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕ СУ КӨП ПЕ?

...

Сусыз жер бетінде тіршілік болмас еді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТРОНДАР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Электрон» сөзі грек тілінен «янтарь» деп аударылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ЗАРЯДЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Электрондардың теріс заряды, ал атом ядросының оң заряды бар екенін сіз бұрыннан білесіз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Көптеген ғасырлар бойы адамдар электр қуатының бар екенін білмеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОМПАСТЫ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Навигацияның дамуымен кеме жасау ғылымы жетілдірілуде - кибернетика...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »