UF

Қоғамдық қатынастар мен Діни нанымдар

1. Қола дәуіріндегі жартас суреттері тарихи маңызы

        Қола дәуірінің ондаған қоныстарында жүргізілген тыңғылықты қазба жұмыстарының нәтижесінде тұрғын үйлер сипатын, ерекшелігін нақты көруге болады.

ХVІІ-ХVІ ғасырларда Оралдан Ертіске дейінгі далалық және орманды-далалы аймақтарда күрделі құрылысты, мұнаралы, шарбақпен және ормен қоршалған бекініс құрылыстары, жоспары тік бұрышты, дөңгелек қоныстар тарады. Бұлардың ауданы 6 мыңнан 30 мыңдай шаршы метр аралығын құрады.

Мысалы, ең жақсы зерттелген қоныс Арқайымды ежелгі қапа санауға болады, ол екі шеңберлі қорғаныс құрылысынан тұратын, жоспары дөңгелек келген телім. Соңғыларының арасында тұрғын жайлар, ал ішкі шеңберде алаң орналасты.

Сыртқы шеңбер диаметрі 160 м. Ішкі қабырға табанынан есептегенде 4 метрге жуық, ол әк тас қосылған топырақпен көтерілген, ал сыртқы жағынан ордың ернеуінен бастап, бүкіл қабырғаны айналдыра балшық блоктармен қапталған. Ордың тереңдігі 1,5 - 2 м, қабырғалар биіктігі 2,5 - 3 м. Ағаш қалдықтары қабырға үстінен аралары шыммен толтырылған екі қатар ағаш шарбақ жүргізілгендігін көрсетіп берді.

Қабырғаға ішкі жағынан бір-бірімен тығыз жалғасқан тұрғын үйлердің бүйірлері жапсарластырыла салынған. Тұрғын үйлерден шығар есік шеңберлі көшеге бағытталған, ол ішкі қабырға мен орды бойлай орналасқан. Ор ағашпен қапталған. Ішкі қабырға да сыртқысындай құрылыс. Оның да ішкі жағынан орталық алаңға шығарар есігі бар тұрғын үйлер тарамдала орналасқан.

Қалаға жұрт төрт қақпадан - батыс, солтүстік-батыс, шығыс және оңтүстік-шығыстан кірген. Орталығы батыс қақпа болған. Қосымша бекіністік құрылыстар орталық көшеге кірер есікті тізе пішіндес етіп тұрған. Әрбір кірер тұстан көшелер тарамдалады да, кентті кесіп өтіп, ауданы 25x25 м тік бұрышты орталық алаңда аяқталады.

Арқайымның тік бұрышты тұрғын үйлерінің ауданы 190-300 м аралығында. Бұлардың қабырғасы арасы топырақпен толтырылып кеспелтекпен жабылған екі қатар тіреулерден тұратын күрделі құрылыс болып табылады. Тұрғын үйді төрт немесе алты қатар далда бөлмелерге, ұрасы мен құдығы бар шаруашылық жайларға бөлген.

Кейінірек, орта және кейінгі қола дәуірінде андронов қоныстары қабырға мен ормен бекітілген жоқ. Сірә, даладағы жағдай тыныш болса керек. Қоныс типографиясы да өзгереді, енді ол жеке тұрған бірнеше үйлердің (10-нан 20-ға дейін) шоғыры болды. Әдетте, олар бір немесе екі қатар болып өзен бойларына жайғасты. Үй де өзгерді. Егер ерте кездерде үйлер жерге сәл ғана кіріп тұрса, енді олар ауданы 200-300 шаршы м-ге жететін жертөлеге, жартылай жертөлелерге айналды. Тұрғын үйге шұңқырды тас, мүйіз немесе қола кетпендермен, қайламен қазды, олардың іздері тұрғын үй қабырғасында сақталған. Шұңқыр тереңдігі 0,6 - 1,5 м аралығында еді. Топырақ шетке үйілдІ, өйткені осылайша баспана сыздан, әдетте үйдегі жылуды "үрлеп" өкететін дала желдерінен қорғалды. Құрылыстың қабырғаларын, бағаналық белдеуін, жабынына ағаштар кеңінен қолданылды. Шатыры екі жаққа еңістетіле жабылды. Ағаш еспейтін далалы және таулы аймақтардағы құрылыстарда тақта тастар пайдаланылды. Онымен қабырға қапталды.

Орталық Қазақстанда, б. з. б. ХІІ-ІХ ғасырларда, кейінгі қола дәуірінде көбінесе ірі тас блоктарынан көп бөлмелі үйлер тұрғызылды. Мұндай ауданы 500 шаршы м және одан да үлкен үйлер Бұғылы, Ақбауыр қоныстарынан қазылған. Бұлар қола дәуіріндегі Еуразия далаларындағы ең үлкен тұрғын үйлер.

Бөлмені жылыту және тамақ пісіру үшін диаметрі 0,5 - 0,8 м, аса терең емес әрі таспен қаланған ошақтар соғылды. Отынға ағаш, бұта, тезек пайдаланылды. Кейде еден үстіне үлкен бөренелерден көлемді от жағылды.

Тұрғын үй бөлмелерінің бірі басқаларына қарағанда ете төмен орналасқан, сірә, мұнда қысты күні мал ұсталса керек. Кейде қатар тұрған тұрғын үйлер дәлізбен жалғасып, адамдар тұратын бір кешенді құрады.

Көптеген жұзжылдық шенінде қалыптасқан андронов үйлерінің түрі дала мен таулы аудандардағы экологиялық жағдайларға мейлінше бейімделген еді.

Андронов тұрғын үйлерінің дамуын зерттеу нәтижесінде көшпелілердің қарапайымдылығы мен даналығын көрсететін жылжымалы киіз үйінің пайда болуы шешілді. Оны бедуин шатырынан, сібірлік чумнан, шалаштан дамып шыққан деп есептеп келді. Андроновтық Шағалалы, Петровка, Атасу, Бұғылы қоныстарының б.з.б. ХІІ-ІХ ғасырларындағы мәдени қабатын қазған кезде каркасты қабырғасы тік кергішке негізделген әрі шарбақталған, түгіп шығатып жеріндегі тіреуге бекітілген төбесі конус немесе пирамида тәріздес дөңгелек немесе көп қырлы құрылыстар аршылған. Сондықтан киіз үй ерте кезде шыққан және оның прототипі, прообразы андроновтықтардың дөңгелек жеңіл тұрғын үйі болған деуге негіз бар.

Қоғамдық қатынастар.Андроновтықтардың көлемді үйінде үлкен отбасылық-қауым өмір сүрді, яғни онда әкесі мен шешесі, ересек ұлдары әйелдерімен бірге тіршілік етіп, ортақ шаруашылық қарекеттерін жүргізді.

Қоныстар материалдары бойынша айтарлықтай әлеуметтік және мүліктік теңсіздік байқалмайды. Бірақ көмбелерді зерттеу байлық дәрежесіндегі айырманы, сондай-ақ адамның қоғамдағы орнын анықтауға мүмкіндік берді. Ерте қола дәуірінің өзінде-ақ жалпы жекелеген обалардан үлкен ауқымды және қабірі терең, күрделі ағаш құрылыстары бар, қабірге тамақ салынған ыдыстары кеп жерлеу орындары шыға бастайды. Бұл обалардан арба қалдықтары мен жылқылар, мүрде жанынан - қола пышақтар, қола және тастан жасалған садақ ұштары, тас түйреуіштер табылған.

Мұндай көрініс орта және кейінгі қола дәуірлерінде де байқалады. Бұл уақыттардағы қорымдарда қатардағы жерлеу орындарынан диаметрі 4 м-ге дейін, биіктігі 2,5 м-ге дейін бірнеше ірі обалар мен монументальды тақта тастан соғылған екі немесе үш қатар  қоршаудан тұрғызылған құрылыстар  көзге айқын түседі.

Осындай обаларда мөлшері 3,2x2,5 м, тереңдігі 2,3 м қабірлер жатты. Қабырғалары қима бөренемен тұрғызылды, төбесі еңіс етіп жасалды, кейде екі қатар бөренелермен де жабылды. Бұл қабірлердің көпшілігі ертеде-ақ тоналған, бірақ сақталып қалған заттар мүрдемен бірге арнайы сойылған мал, алтын бұйымдар, қола пышақтар, түйреуіштер, жылқы әбзелдері, садақ ұштарының жиынтығы қойылғандығын айғақтайды.

Обалар мен қабірлердегі құрылыстарға, мұнда қойылған заттар құрамы мен санындағы өзгешеліктерге қарағанда, андронов қоғамы біркелкі болмады, онда ерекше нұрсатты жағдайға ие ақсүйектер мен байлар өмір сүрген. Бұлар қайтыс болғаннан кейін руластары кететін шығынды есептемей-ақ, олар үшін ерекше, басқаларға ұқсамайтын жерлеу құрылыстарын тұрғызған.

Діни нанымдар.Андроновтықтардың көптеген діни түсініктерінің мәні мен одан шығатын ғұрыптық салттары, түрлі жоралғылары археологиялық мәліметтерді ежелгі үнді және көне иран діни шығармаларының мағлұматтарымен байланыстырғанда ашыла түседі.

Андроновтық қорымдардағы барлық қабірлерде мүрденің басы батысқа не болмаса оңтүстік-батысқа қаратылған. Бұл кездейсоқтық емес. Үнді-ирандықтар түсінігінше жер торт бұрышты немесе дөңгелек, не болмаса шаршыға енген дөңгелек тұрпатында болды. Сондықтан ортасында қабірі бар дөңгелек оба әлем секілді еді. Әр тарапты өзінің құдайы басқарды. Олай болса, басты батысқа қарату о дүние құдайына қарай бағытталғандық еді.

Мүрдені қабірге бүгінен жатқызды. Бұрын мұндай қалыпта жатқызуды өліктен адамдар қорқып аяқ-қолын жіппен байлады деп түсіндірді. Бірақ көне әдебиеттерде жер мүрдені анасы секілді қабылдайды, және де ол өмірге жаңадан қайта келеді деп жазылған. Сондықтан да, мүрденің қырынан жатуы - ана құрсағындағы баланың жатуы болып табылады. Мүрдені осылай жатқызу үшін оны байлаған.

Мүрдені жерлеумен қатар андроновтықтар кремацияны - өлікті өртеуді де қолданды. Бұл от культіне байланысты қалыптасқан еді. Бірақ, қабірлердегі сүйек, күл мен кемір қалдықтары езіндік мақсаттарға қарай бөлінеді. Ерте кезеңдердегі күл мен көмір елікті    өртеген    от    ғұрыптарының    қалдықтары.    Ал,    кейінгі уақыттардағы күл мен сүйек отпен тазалағандағы өртелген ағаш жабын.

Қабірге, мүрденің бас жағына тағам салынған ыдыстар, сондай-ақ сойылған қой, өгіз немесе жылқы қойылды. Кейде етті қабір шұңқырының үстіне, қоршау маңында да қалдырды. Бұрын зерттеушілер мұны өлген адамға берілген о дүниелік сый деп есептеді. Бірақ, коне жазба дерек коздері оған күрделі түсінік береді. Тіпті қазба кезінде аршылған тағамдарға байланысты бірнеше ғұрыпты байқауға болады. Тағам тек қайтыс болған адамға ғана емес, олілер патшалығының патшасынан бастап өмірден бұрынырақта әткен барлық ата-бабаға берідді.

Көбіне тас қоршау жанынан, үйінді шетінен табылатын малдың бас сүйегі мен аяқтары - белгілі бір уақыттардан кейінгі ас беру ісінің қалдықтары. Әдетте, оған қайтыс болған адамның туыстары қатысты, олар үлкен қазанға ет асып, оны жеді, ал малды білдіретін бас сүйек, аяқ пен теріні ата-бабалар үшін көміп кетті.

Кейде қазба кезінде құшақтастырылып жерленген еркек пен әйелдің қосарланған қабірі ұшырасады. Бұрын бұл әйелді әдейі өлтірін, қабірге күйеуінің қасына жерлеген деп саналып келді. Бірақ ежелгі текстерден әйел өлген күйеуімен бірге о дүниеге аттанарын немесе ары қарай өмір сүрерін өзі шешкендігі белгілі. Шынында да, бұл салт кең тарай қоймады. Әдетте, ол тек символикалық түрде ғана орындалды - әйел қайтыс болған күйеуінің қасына тез жатып, қабірден шығып кетті. Немесе оз орнына кесілген бұрымын тастады.

Жартас суреттері. Діни наным-сенім өнердің даму жолын анықтап отырған. Айталық, құдайлардың тас мүсіні мейлінше шынайы және үлкен көркемдік талғаммен жасалды.

Қола дәуіріндегі жартас суреттері де ғажап әрі керемет. Күнге қақталған қара жылтыр тас қабыршақтарына, тегіс жартас бетіне ежелгі адамдар қатты тас кесектерімен жануарларды, күн бейнелі адамдарды, арбаларды, соғыс көріністерін қашап салды. Бұлар адамның рухани мәдениеті, оның дүниетанымы туралы аса құнды ақпарат беретін дерек көзі болып табылады.

Қазақстан жартас суреті – петроглифтер кең таралған оңірлер қатарына кіреді. Тамғалы, Ешкіелмес, Қаратау, Маймақ, Тарбағатай,

Бөкентау жеріндегі ғажайып суреттер бүкіл әлемдік мәдениеттің игілігіне айналды.

Қола дәуірінің адамдары ойлаудың мифологиялық сатысында тұрғандығы анықталған. Өмір олар үшін қайталанып отыратын табиғат айналымы іспеттес еді - көктемгі тепе-тендік, жер жырту, одан кейін күзде өнімді жинау, мал төлдету, қыс және тағы да көктем күнінің келуі. Бұл үйлесімділікті, мұндай әрбір құбылыстарды бұзбау үшін олардың түсінігі бойынша құдайларға құрбандық берілуі, дұға оқылуы және жосын-жоралғылар атқарылуы тиіс еді. Мұның бәрі арнайы жасалған ғибадатханаларда, тау бөктері, қасиетті бұлақ пен өзен секілді оңаша жерлерде атқарылды. Қола дәуірінде және одан кейінгі уақыттарда мұндай ғибадатханалар андроновтықтар суреттермен өздерін қоршаған орта туралы түсініктерін бейнелеген жартастар маңында болды.

Әдетте, ғибадатханалар халыққа бірнеше ғасырлар бойы қызмет көрсетті. Сондықтан да жартасқа тек неолит пен қола дәуірлеріндегі адамдар ғана өз суреттерін қашап, бедерлеген жоқ, оны кейінгі адамдар, тіпті XIX ғасырға дейін өмір сүргендер де салды.

Түрлі уақыттағы топтар немесе қабаттар тастағы "шөлді қақталудың" қарқындылығына тікелей байланысты, "қақталу" ие болмаса "күнге күю" неғұрлым қарқынды болған сайын, жартастағы суреттер соғұрлым көне болып табылады. Бірақ бұл белгі әрдайым дәл емес, себебі қабық қалыңдығы мен "күнге қақталу түсінің" қарқыны көбіне жартастың орналасқан жерінс, оның күнге бағытталған бұрышына, тағы басқа жағдайларга байланысты болып келеді.

Петроглифтердің мерзімін анықтауда жаратылыстану ғылымдарының тағы бір тәсілі қолданылады, әдетте ол суреттерді басып кеткен тастағы қынаның өсу жылдамдығы бойынша анықталады. Мерзімдеуде қашау техникасын, суреттердің көрінісін, сюжетін зерттеу әдісі де қолданылады. Жартастағы суреттерді мерзімі нақты анықталған кешеннен табылған аңдар мен құстардың бейнелерімен салыстыру, сондай-ақ петроглифтер маңындағы қоныстар мен қорымдар хронологиясын зерттеу әдістерінің де мәні зор.

Осы тәсілдер мен әдістердің жиынтығына сүйене отырып ғалымдар қола дәуіріне бірқатар суреттерді, сюжеттер мен көркем-өнер шығармаларының құрылысын анықтады. Жабайы бұқаның бейнесі андроновтықтардың жартас өнерінде өте жиі кездеседі. Иілген, мүйізі алдына созылған, арқа тұсы күжірейген, денесі нық және аяқтары мығым тур-бұқасы да ежелгі суретшілердің шығармасындағы кең таралған бейнелердің бірі. Алайда Қазақстан аумағындағы алғашқы жартас суреттері палеолит пен неолит дәуірлерімен мерзімделінеді.

Қола дәуірінде турдан басқа соқаға (жер жыртып жатқан керіністер), арбаға жегілген үй бұқасын да бейнеледі.

Тамғалы шатқалынан ғұрыптық би бейнеленген сюжет анықталған: күн басты адамды қоршап, қол ұстасып билеп жүрген адамдар, сонымен қатар жеке және жұптасқан бишілер суреттері бар. Қол ұстасып әндетіп билеп жүру - күн символы, ал оған қатысушылар іс-әрекеті - аспан астындағы күн, ай, жұлдыздар қозғалысына еліктеушілік.

Бұқалардың бейнесі құнарлылық идеясымен астасады. Сондай-ақ ол қүдіреттілік символы да еді.

Жартас өнеріндегі екі еркешті бактриан-түйесі ең сүйікті бейнслердің бірі болды. Қола дөуірінде ол сымбатты тұрпатта бейнеленді және көптеген көріністерде көбіне орталық орынды иемденді.

Қола дәуіріндегі петроглифтер арасында арбалардың бейнелері көп. Қаратау жартас суреттеріндегі олардың саны 49. Олар Тамғалыда, Ешкіөлмес тауында да бар. Көбіне бұлар екі дөңгелекті жеңіл аңшылық жәнс соғыс арбалары. Бәрі бір мәнерде, арба бөлшектеліп, доңғалақтары алынып, оның екі жағына қойылған тәрізді етіп салынған. Оларға жегілетін жануарлар - жылқылар, ал түйелер сирек ұшырасады. Ат пен арба жайлы үнді-ирандықтар арасында көктегі күн күймесі жөнінде      аңыз-әпсана бар. Олар, жоғарғы құдайлардың бөрі аспанда пырақ жегілген күймелермен заулап жүреді деп есептеді.

Ертедегі таным-түсінік ұшқындары, аздап өзгеріске ұшыраған күйде, қазақтарда және Қазақстанды мекендеуші басқа халықтарда сақталып қалды.

Әдебиеттер

1.Қазақстан тарихы.  5 томдық. 1 том. –Алматы, 1996.

2. Акишев КА., Кушыев Г.А. Древняя культура саков  средней долины реки –Алматы, 1963.

4. тақырып.Сақ-сармат дәуіріндегі Қазақстан

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-01-26 19:28:25     Қаралды-6764

ҚҰСТАРҒА ҚАУЫРСЫН НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Құстар жылыну және ұшу үшін қауырсындарды қажет етеді...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАГНИТТЕР НЕ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

...

Магниттерді қолданудың жүздеген әдістері бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАГНИТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Қарапайым тілмен айтқанда, магнит темірді тарта алатын дене.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КРАН НЕ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

...

Кран (мұнара краны деп атау дұрысырақ болар еді) қазіргі кез келген құрылыс...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАГНИТ ӨРІСІ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Магнит өрісі – магниттің айналасындағы аймақ, оның шегінде магниттің сыртқы заттарға әсері сезіледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРАЛАР ҚАНШАЛЫҚТЫ ПАЙДАЛЫ?

...

Аралардың адамдарды тамақтандырудағы негізгі үлесі олардың өндіретін балында емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ІНЖУ-МАРЖАННЫҢ МӨЛШЕРІ ҚАНДАЙ?

...

Соңғы уақытқа дейін әлемдегі ең үлкен інжу 1934 жылы Оңтүстік Қытай теңізінде Филиппиннің Палаван аралында салмағы 300 кг-нан асатын меруерт табылған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУЛЕР ҚАЛАЙ ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ?

...

Жер шарының әртүрлі жерлерінде климат айтарлықтай ерекшеленеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕГИПЕТТЕ ПИРАМИДАЛАР ҚАЛАЙ САЛЫНДЫ?

...

Мысырдағы Гиза қаласындағы пирамидалар бес мың жыл бойы әлемде бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »