UF

Жас ерекшеліктер  физиологиясы  мен мектеп гигиенасы пәні, басқа ғылымдармен байланысы, дамуы, зерттеу әдістері туралы жалпы түсінік

 

1. Жасқа сай физиология мен мектеп гигиенасы пәні

2. Жасқа сай физиология мен мектеп гигиенасының басқа  ғылымдармен   

     байланысы

3. Жасқа ерекшелігі  физиологиясы мен мектеп гигиенасы пәнінің зерттеу әдістері

 

Жасқа сай физиология және гигиена пәні ғылымның екі саласын қамтиды: адам организмінің организмінің жеке мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметтерінің  жас ерекшеліктерінің заңдылықтарын, даму жолдарын  қарастыратын жасқа байланысты физиология және адамның денсаулығын сақтауға қажетті жағдайларды қарастырып, анықтап, түрлі ұсыныстар жасайтын гигиена ғылымдары. Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы- жоғары оқу орындарында жеке оқылатын пән, мұның оқытатыны балалар мен жас өспірімдердің физиологиялық ерекшеліктері, олардың  жекеше дамуының қалыптасу заңдылықтары және  тәрбие жұмысының әсерінен пайда болатын физиологиялық функцияларының ерекшеліктері. Бұл пәннің негіздері адам мен жануарлар анатомиясы және физиологиясы, жалпы гигена мен медициналық гигиена, биохимия, психология, педагогика, цитология, генетика т.б. биологиялық және  табиғат тану ғылымдарының табыстарына сүйенеді.  Жасқа сай физиология мен гигиена- жас ұрпақтарды тәрбиелеудің, оларға жасына лайық білім  берудің ақыл-ойын дамытудың, дені сау, сымбатты етіп өсірудің негізі. Ол балалар мен жастардың денесінің дұрыс өсіп дамуын, ақыл-ойының жетілуін қамтамасыз етіп, оған қажетті жағдайларды ұсыну арқылы түрлі аурулардың алдын алады, еңбек қабілетін күшейтеді, дене шынықтыру жолдарын, күн кестелерінің бала организміне тиімді түрлерін анықтайды.

Жас ерекшелігі физиологиясы және  мектеп гигиенасы пәнінінің міндеттеріне келесі мәселелер жатады:

1.      Педагогтар мен тәрбиешілерге аса қажетті балалар мен жас өспірімдердің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін беру.

2.      Өсу мен дамудың негізгі биологиялық заңдылықтары туралы түсінік қалыптастыру.

3.      Оқыту мен тәрбиелеу жұмысында маңызды орын алатын шартты рефлекстердің негізімен таныстыру.

4.      Сезім,қабылдау, түйсік, ес, ойлану, сана-сезім, сөйлеу сияқты функциялардың физиологиялық негіздерін түсіндіру.

5.      Болашақ мамандарды балалар мен жастардың, жалпы адам организмінің жас ерекшеліктерімен дұрыс білуге үйрету.

Жасқа  байланысты физиология мен мектеп гигиенасының маңызы- еліміздің болашақ азаматтарын қазақ халқының мүддесін қорғай алатын білімді, өнерлі, еңбекқор, , жан-жақты дұрыс өсіп дамыған балалар мен жастар етіп тәрбиелеу мен оқыту.

Жасқа сай физиология адам және жануарлар физиологиясының үлкен бір саласы. Физиология ғылым организмнің тіршілігін, оның мүшелері мен торшаларының қызметін зерттейтін, олардың функцияларын реттеу жолдарын анықтайтын ғылым. Физиология ғылымы организмнің жеке мүшелерін белгілі бір жүйеге келтіріп, олардың қызметтерінің бір-бірімен қарым-қатынастарын сол тұрғыдан қарастырады.

Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы пәні педагогика ғылымымен байланысты, себебі педагогика жоғары жүйке әрекетінің заңдарына сүйене отырып, оқу –тәрбие жұмыстарын ғылыми негізде іске асырады.

Жасқа байланысты физиология мен гигиена балалар мен жас өспірімдердің өсу-даму заңдылықтарын олардың денесінің құрылысына, яғни  анатомиялық ерекшеліктеріне сай қарастырады. Барлық тірі организмдердің құрылысы мен қызметі тығыз байланыста болады. Дененің, оның  мүшелерінің, ұлпаларының жеке клеткаларының құрылысын білмей, олардың қызметін дұрыс анықтап білу мүмкін емес. Сондықтан жасқа сай физиология мен мектеп гигиенасыадам анатомиясы ның, гистологиясы мен цитологиясының ғылыми жетістіктерін кеңінен пайдаланады. Жасқа сай физиология негізінде анатомия мен физиология ғылымдарының дамуына байланысты пайда болған физиология  ғылымының үлкен саласы. Алғашқы зерттеулер нәтижелері ауру адамдарды емдеуге байланысты алынған. Ал ауру балаларды дұрыс емдеу үшін оның организмінің қалыпты құрылысы мен қызметін білу керек, яғни жасына сай анатомиялық және физиологиялық байқауларды қажет етеді. Сондықтан көне Греция мен рим империясындағы тәуіптер мен дәрігерлер  адам организмінің құрылысына қоса оның қызметін де зерттей бастаған.

Қазақстанда физиология ғылымының қалыптасуы 1938 жылдан басталады. Бұл жылы профессор А.П. Полосухин Алматыға келіп, 1944 жылы Кеңес Одағының Қ.И. Сатпаев ашқан Ғылым академиясының қазақ филиалында физиология секторын, 1945 жылы физиология ғылыми-зерттеу институтын ашуға ат салысты. Содан  кейін республикамыздың жоғары оқу орындарындағы физиологиялық зерттеулер бірнеше бағытта жүргізіле бастады;

Басқа ғылымдар іспетті жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы бірнеше ғылыми зерттеу әдістерін пайдаланады: бақылау, табиғи және лабораториялық тәжірибе, функциялық жүктеме, телеметрия, антропометрия т.б.

Бақылау әдісі-  сыртқы ортаны танудағы әдістеме. Бұл  әдістеме барлық ғылым салаларында кеңінен пайдаланылады. Бірақ оны лабораториялық және табиғи эксперименттен жеке бөліп тастаса ол бала организміндегі физиологиялық қалыптар мен құбылыстардың негізін аша алмайды. И.П.Павловтың айтуы бойынша бақылау әдісі «тек қана табиғаттың ұсынғанын жинайды» Дегенмен балалардың миының қызметін зерттеген кезде бұл әдіс басқа зерттеу әдістерімен бірге организмнің  жас ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі.

Табиғи тәжірибе- байқау мен лабораториялық эксперименттің аралық түрі. Мақсаты мен қойылған міндеттеріне байланысты ғалым табиғи жағдайдағы тәжірибені адам баласы үшін қалыпты табиғи жағдайда қолданады. Айталық, баланың көру қабілетінің өзгеруін тексеру үшін, оның көру талдағышының қызмет ерекшеліктерін мектептегі оқуға дейін және оқуын аяқтағаннан кейін анықтайды, яғни оқу барысында табиғи жағдайда зерттейді.

Лабораториялық тәжірибенің табиғи жағдайдағы тәжірибеден айырмашылығыбар. Мұнда зерттеуші тәжірибені арнайы жасалған жағдайда жүргізеді. Жағдайды өзгерту арқылы ғалым белгілі бір қызмет өзгерістерін тудырады да, сан мен сапалық өзгерістерін анықтайды.

Жасқа сай физиология ғылымында лабораториялық тәжірибе әдісінің бірі болып саналатын функциялық жүктеме немесе сынау әдісі кеңінен таралған. Бұл әдіс бойынша бала организмінің мүшелерінің қызметін, оған мөлшерленген функциялық жүктеме беру арқылы, оның әсерінің ұзақтығын немесе әсер ету қарқынын өзгерте отырып, түрлі жағдайларда анықтайды. Дене қызметінде жүктемені дәлірек анықтау үшін  эргометрия, яғни эргометр аспабын қолдану арқылы, жүктеменің мөлшерін дәл анықтау әдісін пайдаланады. Щй еңбегінің сынағы ретінде шектелген уақыт ішінде  арифметикалық есепті шығару әдісі қолданылады.

Жасқа байланысты физиологияның әдістемесінің бірі –телеметрия-радиотехникалық беріліс аспаптары арқылы бала организмін оның денесінен қашық жерде тұрып анықтау мүмкіндігі. Қазіргі кезде бала организмін зерттегенде күрделі оптикалық, радиотехникалық және электрондық аспаптарды кеңінен қолданады.

Балалар мен жастардың өсуін антропометрия (дененің  физикалық   көрсеткіштерін өлшеу әдісі) арқылы анықтайды. Бұл әдісте баланың бойын, кеуде шеңберін үш жағдайда (дем алғанда, дем шығарғанда, және тыныштық кезінде)  және баланың басының шеңберін сантиметрлік лентамен , дене салмағын таңертең, ұйқысынан тұрған соң, тамаққа дейін, арнайы медициналық таразымен өлшейді.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-10-13 19:17:13     Қаралды-36307

ЖЕРДЕ СУ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4600 миллиард жыл бұрын пайда болды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН САТУРННЫҢ АЙНАЛАСЫНДА САҚИНАЛАР БАР?

...

Сатурн планетасының таңғажайып сақиналары бар

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕ СУ КӨП ПЕ?

...

Жер шарында теңіздер, өзендер мен көлдер көк түспен бейнеленгенін білесіздер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕСКІ КОМПЬЮТЕР НЕ ҮШІН ПАЙДАЛЫ?

...

Біз өз уақытын өтеген компьютерлер туралы айтып отырмыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕСКІ ЗАМАНДА НЕМЕН ТАМАҚТАНДЫ?

...

Патшалар мен князьдердің дастарханында алтын мен күмістен жасалған бағалы ыдыстар тапшы болған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЬБРУС НЕМЕН ТАНЫМАЛ?

...

Эльбрус тауы - сөнген жанартау.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ГАЛИЛЕЙДІҢ КЕРНЕЙІ НЕМЕН ТАНЫМАЛ?

...

Біздің планетамыз Әлемнің орталығы деп есептелді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕГІ ЕҢ БИІК ГҮЛ ҚАНДАЙ?

...

Биіктігі бойынша гүлдер арасындағы чемпион титандық аморфофалл

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ГҮЛ ҚАНДАЙ?

...

Суматра және Калимантан аралдарында таңғажайып өсімдік өседі - Арнольд раффлезиясы

ТОЛЫҒЫРАҚ »