UF

ТАЗАЛЫҚ - ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

 

Әр түрлі жұқпалы аурулардың адамға микробтар арқылы таралатыны және одан микробтардың кір-қоқысты жерлерде өсіп-өніп, шаң-тозаңмен бірге ауаға көтерілетіні баршамызға белгілі жағдай. Сондықтан тұрмыста тазалық сақтау адамның денсаулығына өте қажетті жағдай екенін естен шығармаған дұрыс.

Үй тазалығы. Адамның денсаулығы, еңбекке қабілетті болуы көбінесе үйдегі тұрмыс жағдайына байланысты. Сондықтан да үй тұрмысы, әсіресе оның тазалығы белгілі санитарлық-гигиеналық талапқа сай болуы қажет. Мәселен, үйдің іші әрқашанда құрғақта жылы, күн сәулесі жаксы түсетін және бөлмелері кең болуы керек. Бұл жағдайды алдымен жаңадан үй саларда ескерген жөн. Ол үшін аудандық құрылыс орындарына барып соларға жоғарыдағы талаптарға сай келетін жоба жасатып алған жөн.

Үйдің іші суланып, дымқыл тартпауы үшін алдымен оның орнын жер асты суы тым жақын емес жерден таңдап алу керек. Бұдан соң үйдің дымқыл тартпауы, оның іргетасының дұрыс қалануына байланысты екенін естен шығармаған жөн. Жер астының суы үйдің іргетасының түбінен кемінде жарты метр төмен жатуы керек. Үйдің іргетасы мен қабырғасының аралығына екі қабат қара қағаз (толь) немесе басқадай су өткізбейтін материал салу қажет.

Үйдің кеңдігі мен бөлмелердің саны семья мүшелерінің санына сәйкес болуға тиіс. Мысалы-, тұрғын бөлмедердің жалпы кеңдігі адам басына 9 шаршы метрден кем болмауы керек. Бұдан тысқары дәліз, ас үй, ауыз үй және веранда салынады. Ауылдық жерлерде ауыз үй өте қажет. Өйткені, даладан келген адам ауыз үйде сыртқы киімдері мен аяқ киімін шешеді, су болған киімдерін кептіреді, жұмыстан келген бойда жуынады т. с. с. Ауыз үйді жарық та жылы, желдетуге оңтайлы және киім ілгіш, қол жуғыш, орындык сиятындай етігі, кеңірек жасаған жөн.

Ал ескі үйді жаңғыртьгп жөндейтін болсаңыз, оның бұзылған (тозған) жерлерін калпына келтірумен ғана шектелмей, әуелдегі үй салу кезінде қапы кеткен кемшіліктерін де жөндеп, тұруға жағдайлы етіп алыңыз.

Бөлмелерге күн сәулесі молырақ түсіп тұруы үшін терезені оңтүстікке, оңтүстік-шығысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратып салу керек. Терезе шынысының жалпы көлемі бөлме еденінің сегізден бір бөлігіндей болуға тиіс. Сонда ғана бөлмеге күн сәулесі жеткілікті мөлшерде түсетін болады. Әр бөлменің бір терезесінде желдеткіш (форточка) болуға тиіс. Егер терезелеріңізде бұрын желдеткіш әйнек жоқ болса, оны жаңадан жасатып алыңыз. Өйткені, желдеткіш әйнексіз бөлменің ішін желдетіп, ауасын тазартып тұру қыс айларында қиынға соғады.

Үй ішінің ауасы таза болуы үшін және күннің адам организміне қажетті ультра күлгін сәулесі молырақ түсуі үшін жаз айларында көбінесе терезені ашып қою керек (егер терезе жабық тұрса, күннің ультра күлгін сәулесі шыныдан өте алмай қалады). Ал қыста, күннің суық кезінде мезгіл-мезгіл желдеткіш әйнекті ашып, үйдің ішін желдетіп алған жақсы. Сондай-ақ, терезенің шынысы кір болса, ол үйге күн сәулесінің түсуіне бөгет жасайды. Сондықтан терезені таза ұстау қажет.

Терезені былай жуған жақсы: алдымен оның шынысына суға езілген бор жағып, одан кейін жылы сумен жуасыз да, суы біраз сорғығаннан кейін құрғақ шүберекпен сүртесіз. Қысты күні терезе «терлемес» үшін күзде ішкі терезелерді салған кезде олардың екі аралығына мақта салып, оның бір шетіне кішкентай стаканмен ағаш көмірін қойған дұрыс.

Үйдің іші дымқыл тартпас үшін кірді жаз айларында далада, қыстыкүні ауыз үйде жуғаң дұрыс. Қір жуғанда және кір қайнатқан кезде терезенің желдеткіш әйнегін ашып қою керек.

Қандала, тарақан, бүрге, шыбын, тышқан, егеуқұйрық, тағы сол сияқтылар көптеген жұқпалы аурулар (іш өту, сүзек, тұмау т. б.) таратады. Сондықтан, олардың үй ішінен орын алуына жол бермеу керек.,

Мәселен, шыбын-шіркей дегендер даладағы көң-қоқысқа қонады, лас нәрселерді жейді. Қөң-қоқыстан олардың қанаты мен бауырына неше түрлі микробтар жабысады. Сондай-ак, ауру тудыратын микробтар олардың ішек-қарнында да жүруі мүмкін. Үсті-басына неше түрлі лас пен микробтар жабысқан шыбындар терезеден немесе есіктен үйге кіреді де, ыдыс-аяққа, дастарқан үстіндегі тағамдарға қонып, оларға ауру тарататын микробтар жұқтырады.

Шыбынды құртудың негізгі жолы үйді, қора-қопсыны, аула ішін таза ұстау. Ол үшін үйдегі ас-судың қалдығын қақпағы бар шелекке немесе жәшікке, ал қорадағы малдың қиын тақтайдан жасалған саңылаусыз көң жәшігіне салу керек. Жалпы, малдың қиын иісін шығарып, қорада сақтап отырмай, далаға алып шығып, қақтап, тезек жасап алған дұрыс. Мал тұрған қораның ішін әр күні малды шығарғаннан кейін күреп, сыпырып қою керек.

Шыбын-шіркейдің көбеюіне жол бермеу үшін дәретханаға, көң-қоқыс жәшігіне, жуынды-шайынды су төгілетін жерлерге (әктің, хлорлы известің) судағы ерітіндісін (1 шелек суға 1 кг әк салынады) сеуіп, олардың жұмыртқасы мен балапан құрттарын құрту керек. Әр күні дәретхананың еденіне, көң-қоқыс тасталатын шұқырға және оның төңірегіне осындай извест ерітіндісін төгіп қойған дұрыс. Шыбын көбеймес үшін мұндай орындарға аптекте және магазинде сатылатын ДДТ мен гексахлоран препараттарын сеуіп тастаса да болады.

Үйдің ішіне кірген шыбынды құрту үшін шыбын өлтіргіш улы қағазды («Мухомор») немесе желім жағылған жабысқақ қағазды пайдалануға болады. Қағазды тарелкаға салып, үстінен аздап қант қосылған су құйып қоясыз. Ол - улы нәрсе. Сондықтан оны ас үйге қоймаңыз және жас балалы үйде де пайдаланудың қажеті жоқ. Пайдаланылған қағазды және өлген шыбындарды сыпырғышпен сыпырып алып, отқа жағып жіберіңіз.

Үйдегі азық-түлікті шкафқа салып, қақпағын жауып қойған жөн. Ас ішкен соң дереу ыдыс-аякты жуып, нанның қокымын, тағы басқа тамақтардың қалдығын жиып-теріп қоқыс салатын қақпақты шелектің ішіне тастау керек.

Тышқан мен егеуқұйрықтың ініне шынының сынығын толтырып, аузын балшықпен немесе цементпен сылап, бекітіп тастау керек. Егер бұдан кейін де үйде тышқан немесе егеуқұйрық бар екенін байқасаңыз, үйге мысық әкеліп қойыңыз, тышқан және егеуқұйрық аулайтын кішкентай қақпанды пайдаланыңыз. Сондай-ақ, бұларды құрту үшін магазинде сатылатын арнаулы химиялық препараттарды да пайдалануға болады. Оларды пайдалану тәсілі қағазының сыртында жазулы болады.

Ал қандала, тарақан сияқтыларды құртуға арналған химиялық препараттар да бар, соларды пайдалану керек. Гүлді қағаз жапсырылған үйлерде қандала оның астына ұялайды да, құрту қиынға соғады. Сондықтан, үйдің ішіне гүлді қағаз жапсырғаннан гөрі, қабырғаны саз балшықпен сылап, әктеген жақсы. Қандаланың көбеюіне жол бермеу үшін үйдің төбесі мен қабырғасындағы жарық-тесіктерді мұқият бітеп, сылау керек, үй ішіндегі кереует, диван сияқты қандаланың ұясы бар заттарға аракідік қайнаған су құйып, қандаланың личинкасын құрту қажет.

Егер үйіңізде бүрге бары білінсе, еденді жермаймен (керосинмен) сүртіп, оның жарық-тесігін бітеп тастаңыз.

Жалпы, қандай жақсы салынған үйдің де таза, жанға жайлы болуы сол үйдің иелеріне, яғни оны ұстауға байланысты. Үйді таза ұстау үшін ең алдымен үйге даладан балшық басып кірмеу керек. Есік алдына аяқ киімнің балшығын қырып түсіретін темір кағып койсаңыз, үйге кірерде аяқтың балшығын соған сүртіп, тазартып алуға болады. Үйге кіре берістегі есік алдына аяқ сүртуге арнап сулы шүберек төсеп қою керек. Отбасы мүшелерінің бәрі де, сондай-ақ үйге келген қонақтар да сыртқы киімдерін шешіп осы ауыз үйде іліп, батпак немесе су болған аяқ киімдерін осында тастап кетуге тйіс.

Бөлмеде нәрсе көп болса, оның іші ыбырсып, ұсқынсыз көрінеді. Сондықтан, күнделікті тұтынбайтын заттардың бәрін шығара бермей басқа бір жерге жинап қойған жөн.

Үйдің ішін күнделікті жиыстырып, мебельге, тағы басқа заттарға қонған шаң-тозаңды сүртіп тұру қажет. Едейді жетісіне 1-2 рет жуған дұрыс. Еденді жуған кезде үй ішіндегі ағаш бұйымдардың (мебельдердің) астын және қаға берістегі қараңғы бұрыштарға дейін қалдырмай, бәрін де дымқыл шүберекпен сүртіп алыңыз. Үйдегі киіз, кілем сияқты төсеніштерді апта сайын далаға жайып, қағып-сілкіп алған жөн.

Аулаңыз таза болсын. Аула таза болмайынша, үйде де тазалық болмайтыны белгілі жағдай. Ал ауланы таза ұстау, негізінен, оның құрылысына байланысты. Мәселен, республикамыздың солтүстік облыстарында мал қорасын тұрғын үйге жабыстыра, адам да, мал да бір қақпадан шығатын етіп салатын әдет бар. Бұл өте қолайсыз жағдай. Есік ашылса, үйге мал қиының иісі кіреді, кірген-шыққан кісілер аяқтарына батпақ немесе тіпті малдың қиын басып келеді, үйге таза ауа кірмейді, есік алдына күн сәулесі түспейді. Ал жазда қорадағы малдың қиына шыбын үймелейді де, олар есіктен үйге кіреді. Үйлерінің терезесі ашпалы болмайды, тіпті көбіне желдеткіш әйнегі де жоқ. Мұндай үйдің ауасы нашар, адамның демалып, тынығуына қолайсыз келеді.

Сондықтан мал қорасын тұрғын үйден бөлек, кемінде 10-15 метрдей қашығырақ салу керек. Дәретхананы да мал қора жаққа салып, ауланың ортасы мен тұрғын үйдің есік-терезе алдарына гүл еккен дұрыс.

Ауладаң үйге батпақ басып кірмеу үшін қақпадан үйге дейін және үйден дәретханаға дейін жол салып, оны цементтеп немесе бетіне кірпіш төсеп қойған жақсы. Аулаға су ағып келмейтін жерлерді аула ішінен құдық қазып, оған мотор орнатып алу қажет. Ауладағы гүлдер мен ағаштарға құдықтан резеңке түтікгіен (шлангымен) күніне екі мезгіл су шашып қойсаңыз, олардың шаң-тозаңы кетіп, жұпар иісі аңқып гұрады. Сондай-ақ, есік алдына, ауланың басқа да ашық жерлеріне су шашып, күніне бір рет сыпырып қойған жөн.

Байжанова Ж.., т.б. Тұрмыс сәні. -Алматы, 1983. -Б.4-9.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2024-03-12 16:52:49     Қаралды-437

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »