UF

 

Күрделі қаржы. Әлеуметтік-экономикалық жағынан Қазақстанның дәуірлей өркендеуі күрделі қаржыландырудың жедел әрі үнемі өсіп отырғандығына байланысты. Республикада өндіріс орындары мен тұрғын үй салуға 1920-1977 ж. арасында 99 млрд. сом (яғни СССР-дегі бүкіл күрделі қаржыландырудың 6,2%-і) бөлінді, соның ішінде 106,3 млрд. сом мемл. және кооперат. мекемелерге, 4,5 млрд. сом колхоздарға, 2,6 млрд. сом өз меншігіне үйлер мен пәтерлер салу ушін жеке адамдарға берілді. Республика халық ш-ның барлық саласына жұмсалатын күрделі қаржы соғыс жылдарынан басқа барлық кезеңде де өсіп отырды (қ. 1-кесте).

 

1-кесте. Күрделі қаржы (салыстырмалы бағада млн. сом)

 

 

Күрделі қаржы (барлығы)

Соның ішінде

мемл. және кооперативтік мекемелер мен ұйымдар

колхоздарға

жеке тұрғын үй, пәтер салу үшін халыққа берілетін қаржы

1920-1928 (1928 жылдың 4-тоқсанынсыз)

186

117

1

68

1-бесжылдық (1929-1932)

311

265

27

19

2-бесжылдық (1933-1937)

721

621

71

29

3-бесжылдыңтың 3,5 жылы (1938-1941 жылдың 1-жартысы)

762

618

94

50

4,5 жыл (1941 ж. 1 июльден 1946 ж. 1 январына дейін)

981

808

123

50

4-бесжылдық (1946-1950)

1852

1481

181

190

5-бесжылдық (1951-1955)

4311

3645

341

325

6-бесжылдық (1956-1960)

10537

9016

831

690

7-бесжылдық (1961-1965)

17809

16683

628

498

8-бесжылдық (1966-1970)

23638

22542

774

322

9-бесжылдық (1971-1975)

30831

29376

1135

320

1976 ж.

7068

6709

297

82

1977 ж.

7277

6946

267

64

 

1946-1950 ж. орта есеппен әр жылда (салыстырмалы бағамен) 370,4 млн. сом игерілсе, 1971-1975 ж. арасында 6166,2 млн. сом игерілді. 10-бесжылдықтың 3 жылы ішінде бүл көрсеткіш 7610,0 млн. сомға жетті. Күрделі қаржының барлық көздері есебінен республиканың халық ш-на 1946-1978 ж. арасында 96,0 млрд. сомның негізгі қоры (салыстырмалы бағамен) іске қосылды. 10-бесжылдықта күрделі қаржыны аса маңызды құрылыс объектілеріне шоғырландыру және құрылыс процестерін жеделдету есебінен негізгі өндірістік қорлардың (20,2%) күрделі қаржының артуына қарағанда (19,5%) басымырақ өсуі ескеріледі. Соның нәтижесінде аяқталмаған құрылыстың көлемі 15%-ке қысқарады. Күрделі қаржыландырудың орташа жылдық өсу қарқыны едәуір жоғары дәрежедегі қалпында (5%) қалды. Халық ш-н өркендетуге жұмсалған күрделі қаржының жалпы көлемі жағынан Қазақстан одақтас республикалар ішінде 3-орын (РСФСР мен Украинадан кейін) алады. Совет өкіметі жылдарында күрделі қаржы, әсіресе Шығ. Қазақстан, Қарағанды, Шымкент және Павлодар обл-тарында көбірек бөлініп, бұларда ауыр индустрияның ірі-ірі кәсіпорындары салынды. 1977 жылдың аяғында республикада барлық күрделі қаржының 95%-і мемл. және кооперат. кәсіпорындар мен ұйымдардың үлесіне тиді. Ал колхоздардың үлесі аз болды (4%-ке жуық). Азаматтардың өз меншігіне үй салуына берілген қаржының үлесі 1%-тен аспайды, оның өзі де барған сайын азайып келеді.

Өндіргіш күштерді жедел қарқынмен әрі неғұрлым комплексті түрде өркендету және Қазақстанның бай табиғи ресурстарын игеру мақсатымен республикадағы материалдық өндіріс саласының басым көшпілігі жаңадан жасалды, ал оның дәстүрлі саласы (мыс., мырыш, көмір өндірісі т. б.) жаңа тех. негізде түбірімен қайта құрылды. Қазақстанның бұл өзіндік ерекшелігі күрделі қаржыландырудың пропорциясына әсерін тигізді (қ. 2-кесте). Мыс., 1977 ж. барлық күрделі қаржының 3/4 бөлігіне жуығы өндірістік объектілерге жұмсалды. Қалған болігі өндіріске жатпайтын объектілердің үлесіне тиді. Күрделі қаржының әлеуметтік сипатының күшеюіне байланысты өндірістік емес салаға жұмсалатын күрделі қаржының бөлігі барған сайын өсіп келеді, сөйтіп 1975 - 279%-ке жетті. 10-бесжылдықта тұрғын үй, коммуналдық және мәдени-тұрмыс құрылыстарына, табиғи ортаны сақтау ісіне 7 млрд, сомнан артық қаржы жұмсау көзделген.

9-бесжылдықта жалпы күрделі қаржының ең көп бөлігі өнеркәсіптің, үлесіне тиді (31%). Оның ішінде жетекші деп есептелінетін мұнай және газ өнеркәсібінің үлесі (өнеркәсіпке салынған қаржының 15,7%-і), қара металлургия (12,3%), химия және мұнай-химия өнеркәсібі (10%), электр. энергетикасы (8,8%), көмір өнеркәсібі (7,7%), сондай-ақ түсті металлургияның үлесі басым болды. Республиканың өнеркәсіп өндірісінде 1971-1975 ж. орта есеппен жылына 1911,2 млн. сом қаржы игерілді, ал 1945-1950 ж. бұл 115,6 млн. сом болатын. Мемл. және кооперат. кәсіпорындары мен ұйымдарды (колхоздарды қоспағанда) күрделі қаржыландыру өнеркәсіптің барлық саласы бойынша өсіп келе жатыр.

 

2-кесте. Халық шаруашылығы салалары бойынша мемл. және кооперативтік кәсіпорындары мен ұйымдарына және колхоздар мен азаматтарға бөлінген күрделі қаржы (салыстырмалы бағамен, млн. сом есебінде)

 

 

Барлығы: соның ішінде

Күрделі қаржы

Өнеркәсіпке

Ауыл шаруашылығы құрылысына

Байланыс пен транспортқа

Құрылыс индустриясына

Сауда, орман шаруашылығы мен дайындау кәсіпорыпдары құрылысына

Тұрғын үй құрылысына (жеке меншік құрылысты қоса)

Ғыдыми, мәдени, өнер, денсаулық сақтау мекемелерін, коммуналдық құрылыстар т.б. орындарды салуға

4-бесжылдық

(1946-1950)

1857

578

346

172

52

45

398

251

5-бесжылдық

(1951-1955)

4511

1265

947

373

237

151

936

402

6-бесжылдық

(1956-1960)

10837

2841

2292

894

418

102

2428

962

7-бесжылдық

(1961-1965)

1/609

5178

4091

1553

512

569

3556

2250

8-бесжылдық

(1966-1970)

23338

7078

5085

2296

756

656

4124

3643

9-бесжылдық

(1971-1975)

30831

9856

8064

2919

772

81Р

5005

3705

 

Күрделі қаржыландыру қарқыны жағынан Қазақстанның өнеркәсібі еліміздің жоғары дамыған республикаларын басып озып келеді. 1971-1977 ж. ішінде ғана 185 мемлекеттік ірі өнеркәсіп орындары салынып, іске қосылды. Сол мерзім ішінде респ. өнеркәсібінің негізгі қоры 70% өсті, тех. жағынан бұрынғысынан әлдеқайда жоғары прогреске жетті. Жұмыстары жақсарды. Республикадағы күрделі қаржыландыру саясатының негізгі белгісі өнеркәсіптің көптеген жаңа салаларының қалыптасуын және жедел өркендеуін қамтамасыз ету; мұның өзі бүкіл халық ш-ның ғылыми-тех. дәрежесін көтеруге қызмет етпек. Мыс., 9-бесжылдыкта әлемдегі ең ірі шашпаң нейтронды атом реакторы құрылысы салынды, сөйтіп атом энергетикасының бастамасы қалыптасты. Сол сияқты автоматтандыру құралдарын молайту, синтет. материалдарды өндіру т. б. жедел қарқынмен дамып келеді.

1975 ж. барлық күрделі қаржының 28,2%-і а. ш-н өркендетуге жұмсалды. Осынау аса маңызды саланы мейлінше жетілдіре түсу ұақсатында оның күрделі қаржыдан алатын үлесі барған сайын өсіп келеді. 1971-1975 ж. а. ш-на жұмсалған күрделі қаржынын орта есеппен жылдық көл. 1612,8 млн. сомға жетті. 1946-1950 ж. ол 69,2 млн. сом болған.

Қазір а. ш-на жұмсалып отырған күрделі қаржы жағынан Қазақстан елімізде 1-орын алады. А. ш-на 1976-1980 жылдарға жоспарланған күрделі қаржы а. ш-н сан жағынан да, сапа жағынан да өркендетуді көздейді. А. ш. өндірісін интенсивтендіру мәселесіне, оның материалдық-тех. базасын нығайтуға, өндіріс процестерін комплексті механикаландыруға және автоматтандыруға, а. ш-н химияландыруға, жерді суландыруға, селолық жердегі елді пункттерді қажетті тұрғын үйлермен, мәдени-тұрмыстық мекемелермен қамтамасыз етілген гүлденген селоларға айналдыруға, сөйтіп а. ш- ндағы еңбекті индустриялық еңбектің бір түріне айналдыруға зор көңіл бөлінеді. Күрделі қаржы агроөнеркәсіп комплексі түрінде а. ш. мен өнеркәсіпті интеграциялауға пайдаланылады. Мұндай комплекстер әзірше мал шаруашылығы саласында ғана құрылған.

Республикада шаруашылық аралық кооперациялардың негізінде жекелеген колхоздар мен совхоздардың ресурстарын біріктіру практикасы дамып келеді. Осылайша көптеген мал шаруашылығы комплекстері, құс фабрикалары, ирригациялық-мелиорациялық жүйелер, селолық құрылыс комбинаттары салынды, салынып та жатыр.

Күрделі қаржының салалық құрылымында тұрғын үй құрылысына бөлінетін қаржы едәуір орын алады, оған 9-бесжылдықта республикадағы күрделі қаржының 16%-інен астамы жұмсалды. 1971-1975 ж. тұрғын үй құрылысына финанс көзінен жылына орта есеппен 1001 млн. сом жұмсалды, 1946-1950 ж. бұл 79,6 млн. сом болатын, 1978 жылдың аяғында тұрғын үйлердің 86,6%-ін мемл. және кооперат. ұйымдар, тұтыну кооперациялары, 4,6%-ін колхоздар мен колхозшылар, а. ш. интеллигенциясы, 8,7%-ін мемл. кредиттің көмегімен жұмысшылар мен қызметшілер салғызды.

Финанс бөлудің барлық көздері арқылы тұрғын үйлерді іске қосу жөнінен Қазақстан елімізде 3-орын алады. Орта есеппен жылына іске қосылатын тұрғын үй көлемі 1971-1975 ж. (пайдалы ауданы) 6109 мың м2-ге дейін өсті, 1946-1950 ж. ол 1754 мың м2 болған. 1977 ж. қалалар мен аудандық жерлерде 115,1 мың пәтер салынды. Оның жалпы ауд. 6185 мың м2 болды. 700 мыңнан астам адам сол үйлерден орын алды, соның ішінде 528 мың адам жаңа үйлерден алды. Жан басына шаққанда қала тұрғындарының әрқайсысына 10,5 м2 тұрғын үй ауданы келеді (1975). Орталықтандырылған қаржыландыру есебінен салынған пәтерлердің 63%-і толық немесе толыққа жуық қолайлыландырылған. Тұрғын үйлердегі жалпы (пайдалы) ауданның 1 м2-ің салу бағасы 971-1976 ж. 172 сомнан 18 сомға дейін (осы бағаның 3-5%-і көлеміндегі қосымша шығынды есептемегенде).

Қазақстанда күрделі қаржының үлкен бір бөлігі мектептерді, балалар яслиі мен бакшаларып, коммуналдық-тұрмыс орындарын, жоғары оқу орындарын, ғылыми мекемелерді, мәдени орындарды, денсаулық сақтау жүйелері құрылыстарын салуға жұмсалады. Әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымдарды өркендетуге барлық күрделі қаржының 11,7 %-і кетеді. 1971-75 ж. мемл. және кооперат. кәсіпорындары мен ұйымдардың, сондай-ақ колхоздардың каржысы есебінен 885 мектеп, 143520 балаға арналған мектепке дейінгі балалар мекемелері, 201917 төсектік аурухана мекемелері, 5732 кісілік санаторийлер мен демалыс үйлері салынды.

Ғылыми-тех. прогресс пен еңбек енімділігінің арттырылуы нәтижесінде күрделі қаржыландырудың технол. құрылымында жаңа өзгерістер туды - күрделі жұмыс пен негізгі қордың түрлі элементтерін өндіруге арналған шығынның арақатынасы ескерілетін болды. Мемл. және кооперат. кәсіпорындар мен мекемелердің (колхоздар қосылмайды) күрделі қаржысында құрылыс-монтаж жұмыстарының арасалмағы төмендетілді. 1970 ж. 64,1% болса, 1975 ж. 61,6% болды, сонымен қатар жабдықтандырудың үлесі артты (аталған жылдары тиісінше 28,7 %-тен 29,9 %-ке көтерілді), басқа күрделі жұмыстарға жұмсалған қаржы (тиісінше 7,2%-тен 8,5%-ке) өсті. Құрылыс-монтаж жұмыстарының өсуіне байланысты 1970 ж. 3330 млн. сомнан 1975 ж. 4062 млн. сомға өсті. Жабдықтарға жұмсалатын қаржы бұл жылдары 1489 млн. сомнан 1972 млн. сомға дейін көтерілді, басқа күрделі жұмыстарға жумсалған қаржы 374 млн. сомнан 556 млн. сомға көбейді. Өнеркәсіптің бірсыпыра салаларында жабдыктарға жұмсалатын қаржының арасалмагы едәуір үлкен болып келеді, бұл әсіресе машина жасау, энер­гетика. химия, жеңіл онеркәсіп, кағаз, ағаш оңдеу өнеркәсіптерінде айқын байкалады. Бұл шығарылатын өнім бірлігіне жұмсалатын күрделі қаржыны біршама үнемдеуге мүмкіндік бе­реді.

Курделі қаржыны жаца күрылыс объектісі мен реконструкцияланатын объектіге белуге жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарын тех. жағынан қайта жарактандыру, оларды ұлғайту саласындағы жанальгқтарда тиімді сипаттар бары байқалады. Республиканың халық ш-ндағы осы соңғы бағытка жұмсалатын курделі каржы көбейе түсіп отыр. 1976 ж. өндірістік максаттағы объектілерге берілген (сметаға кірмеген құрылыстардағы жобалау- зерттеу жұмыстарын, машиналар мен жабдықтарды есептемегенде), жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарын реконструкциялауға жұмсалған күрделі қаржының көл. 12,4%-ке жетті, тех. жағынан қайта жарақтандыруға қаржылардың 3,3 %-і, ұлғайтуға 35,7%-і, кәсіпорындарының қуаттылығын ұстап тұруға 6,6%-і жұмсалды. Бұл процестің қарқыны түсті металлургияда, көмір өнеркәсібінде, машина жасау өнеркәсібінде, құрылыс материалы өнеркәсібінде т. б. салаларда бұдан да асып түсті.

Партия мен үкімет жүзеге асырып отырған күрделі қаржы жөніндегі ғылыми негізделген дұрыс саясаты арқасында Қазақстанның экономикасы қарышты қарқынмеп дамып келеді, оның шаруашылық, мәдениет саласындағы бір кездегі мешеулігі жойылды, Қазақстанда ғылымның, білімнің, мәдениеттін дәуірлеп өсуі қамтамасыз етілді.

Құрылыс индустриясы. Елімізде ірі құрылыстар орасан зор көлемде жүргізіліп келеді, олар өнеркәсіптің, транспорттың, байланыстың, а. ш-ның т. б. халық ш. салаларының күш-қуатын одан әрі өркендетуте және ұдайы өндірісті қамтамасыз етуге, өнеркәсіп объектілерін, тұрғын үйлерді, мектептер мен ауруханаларды, театрларды, стадиондарды т. б. салуға мүмкіндік береді. Күрделі құрылыстар салу программасын орындаудың нәтижесінде еліміздің экономик, және қорғаныстық күш-қуаты, халықтың әл-ауқаты артады, оның рухани талап-тілегін орындауға керекті материалдың база жасалады.

Совет өкіметі жылдарында Қазақстанның құрылыс индустриясы халық ш. жетекші саласының біріне айналды. Қазір қарамағында ірі құрылыс-монтаж мекемелері, маман кадрлары, машиналар мен механизмдер мол үлкен парктері, конструкциялар мен детальдар шығарылатын кәсіпорындары, сондай-ақ өндіріс орнын қамтамасыз ететін объектілері, механикаландыру базалары, автобазалары, қойма шаруашылықтары, кәсіптік-тех. уч-щелері, оқу комбинаттары бар. 1978 жылдың аяғында Қаз. ССР-інде бастауыш мердігерлік мекемелерінің саны (колхоз аралық және ко­операт. ұйымдарды қоса есептегенде) 2000 болды. 1978 ж. олар 4205 млн. сомның құрылыс-монтаж жұмыста орындады, мұның өзі 1920-1950 ж. арасында мемл. және кооперат. ұйымдардың қаржысы есебінен мердігерлік және шаруашылың әдіспен бүкіл Қазақстан бойынша орындалған құрылыс-монтаж жұмысынан 1198 млн. сом артық.

Мердігерлік құрылыс-монтаж жұмыстарының негізгі бөлігін республикада Қаз. ССР-інің Ауыр индустрия кәсіпорындары құрылыс мин-лігі, Селолық құрылыс мин-лігі, Монтаждау және арнаулы құрылыс жұмыстары мин-лігі, Автомобиль жолдары мин-лігі, Мелиорация және су шаруашылығы мин-лігі, СССР-дің Мелиорация және су шаруашылыгы мин-лігі, Энергетика және электрлендіру мин-лігі, Транспорт құрылыс мин-лігі, Мұнай-газ құрылыс мин-лігі, Көмір өнеркәсібі мин-лігі орындайды. 1978 ж. бұл министрліктер 3289 млн. сомның жұмысын орындады (жалпы жұмыс көлемінің 85,0%-і).

Соңғы 20-25 жыл ішінде құрылыс жұмыстарының индустриялануы құрылыстар салу ісінің дәуірлеп өсуіне, құрастырмалы конструкцияларды, заводтарда дайындалған ірі көлемді элементтер мен тораптарды кең қолдануға жол ашты. Толық құрастырмалы түрде өнеркәсіпке, а. ш-на арналған құрылыстар, тұрғын үй-азаматтық құрылыс объектілері салынады. Республикадағы барлық құрылыс-монтаж жұмыстарының ішінде толық құрастырмалы құрылыстардың алатын үлесі 1978 ж. 34,1% болды және барған сайын өсіп келеді. Қалалар мен селоларда ірі панельді тұрғын үй құрылысы кең тарады. Тұрғын үй салудың мемл. және кооперат. саласындағы Құрылыстарда оның алатын үлесі 36% болды. Мәдени-тұрмыс қажетіне арналған үйлерді ірі көлемді элементтерден салу жұмысы да кеңейіп келеді. 1978 ж. ірі панельді бөлшектерден 308 мың №-лік мәдени құрылыс объектілері пайдалануға берілді. Элеватор құрылысы заводта дайындалған құрастырмалы конструкцияға толығымен көшірілді.

Жоғарыда аталған табыстар құрылыстың материалдық-тех. базасын жедел өркендетудің нәтижесінде ғана мүмкін болды. 1929-1978 ж. халық ш-ның бүкіл саласынан құрылыс индустриясын өркендетуде 3,42 млрд. сом жұмсалды, оның ішінде соңғы 23 жылда 3,1 млрд. сом бөлінді. 1961-1978 жылдардың өзінде ғана 5069 мың м3 көлеміндегі құрастырмалы темір-бетон конструкцияларын өндіретін, 263 мың т құрылыс металл конструкцияларын жасайтын кәсіпорындары салынды. Мұның өзі 1979 жылдың 1 январы қарсаңындағы жұмыс қуатының тиісінше 67,7% және 100% арттыруға мүмкіндік берді. Құрастырмалы темір-бетонды өндіру республикада тұңғыш рет 1953 ж., құрастырмалы металл конструкциясы (өнеркәсіп балансында) 1962 ж. игерілді. 1978 ж. құрастырмалы темір-бетон ендіру 6200 мың м3, құрылыс металл конструкциясын жасау (құрылыс балансын қоса есептегенде) 340 мың т болды, мұның өзі 1965 жылдың дәрежесінен тиісінше, 2 және 2,7 есе артық. Жұмысты механикаландыруға зор көңіл бөлінді. 1978 жылдың аяғында құрылыстарда 6337 экскаватор, 3210 скрепер, 7041 бульдозер, 7593 жылжымалы кран жұмыс істеді. 1965 жылға қарағанда бұлар тиісінше, 1,9 есе, 3 есе, 1,7 есе артық. 1970 ж. 1 жұмысшының үлесіне 1487 сомдық машина, инвентарь, жабдықтар келді. 1978 ж. бұл 2644 сомға жетті (1970 жылға қарағанда 77,8% өсті). Жер қазуға байланысты жұмыстарды механикаландыру дәрежесі 1978 ж. 99,6%-ке жетті. 1960 ж. ол 96% болатын; цементті тиеу, түсіру жұмыстарында 1978 ж. 88,7%, ал 1960 ж. 38,2%, сылау жұмыстарында 1978 ж. 78,2%, 1960 ж. 50,7%, сырлау жұмыстарында 1978 ж. 81,0%, 1960 ж. 54,2% болды. Құрылысты индустрияландыру, оны тех, ресурстармен жарақтандыру құрылыс-монтаж көмекші жұмыстардағы 1 адамның атқаратын жұмыс көлемін 1978 ж. 10025 сомға жеткізуге мүмкіндік берді. 1960 ж. бұл 4559 сом болатын.

1979 жылдың 1 январы қарсаңында құрылыс индустриясының қуаты 7500 мың м3 құрастырмалы темір бетон, 283 мың т құрылыс металл конструкциясын (көтеріңкі баланста), 3286 мың м2 ағаш бұйымдарын өндіруге, тораптар мен детальдардың монтаждық бөліктерін жасауға 46,3 млн. сомның жұмысын орындауға, 7382 мың м3-лік товарлы бетон мен ерітінділер, 7628 мың т асфальт-бетон әзірлеуге жетті, сонымен қатар оның қарамағында көптеген құрылыс-монтаж мекемелерін қамтамасыз ететін сан алуан объектілері болды. Құрылысқа арналған негізгі өндірістік қор 1978 ж. 1534 млн. сомға жетіп, 1968 жылға қарағанда 2,7 есе өсті. 1978 ж. 1 млн. сом құрылыс-монтаж жұмысына келетін құрылыс өндірісінің қормеп қамтамасыз етілуі 402 мың сомға жетті (1968 жылға қарағанда 1,3 есе көп). 1978 ж. республика ұлттық табысының 17,1%-і құрылыс өндірісінің үлесіне тиді, 1960 ж. бұл үлесі 14,4% болатын; негізгі өндірістік қор 1976 ж. 4,3%, 1960 ж. 4% еді, 1978 ж. құрылыс саласында 632 мың адам жұмыс істеді (республиканың халық ш-нда жұмыс істеушілердің 11% болып есептеледі). Қазақстанның құрылыс-монтаж мекемелері 1978 ж. 4205,4 млн. сомның жұмысын орындады. Олар 1961-1978 ж. 709 ірі өнеркәсіп орындарын жаңадан салды. Сол мерзім ішінде совхоздарға, басқа да мемл. ұйымдар мен колхоздарға арнап 5965 мың ірі қара ұстауға болатын қора, 44747 мың бас қой-ешкі, 3610 мың бас шошқа, 15327 мың құс ұстауға болатын қора-қопсыны пайдалануға берді.

Таяу келешекте Қазақстанда аса күрделі құрылыстарды салу программасы жүзеге асырылуға тиіс, энергетиканың, түсті және қара металлургияның, химия өнеркәсібінің, мұнай өңдеу кәсіпорындарының, мұнай-химия, отын өнеркәсібінің, машина жасау өнеркәсібінің, а. ш. мен су шаруашылығының жедел өркендеуі соны талап етеді. Сонда құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі шамамен 8,3 млрд. сомға жетпек, ал бұл 1978 ж. 4,83 млрд. сом болған. Күрделі құрылыстың барған сайын өсіп келе жатқан көлемін қамтамасыз ету үшін оған лайықты индустриялық база жасау міндеті тұр.

1975 жылға қарағанда келешекте кұрастырмалы темір-бетон өндірісі 2,3 есе артады, ағаштан жасалған бұйымдар, детальдар, монтаждық үлгілер әзірлеу 2 есе, товарлы бетон мен құрылыстық ерітінділер, асфальт-бетон, құрылыс металл конструкцияларын шығару 2 есе артады. Оның үстіне республикада бұрын өндірілмеген алюминпй конструкциялары мен желімделген ағаш конструкцияларын құрылыстарға әзірлеп беру ісі игерілмек.

Павлодар - Екібастұз, Қаратау - Жамбыл, Маңғышлақ территориялық өндірістік комплекстерінде, сол сияқты қара және түсті металлургия, химия, мұнай өңдеу, мұнай-химия өнеркәсібі, машина жасау, энергетика т. б. салалары өркендетілуге тиісті облыстарда шоғырланған құрылыстар жүргізу белгіленіп отыр.

Жобалау. Қазақстанда 1930 жылға дейін жобалау ісін өз меншігіндегі кәсіпкерлік ретінде жеке немесе топ адамдар жүргізді. Алғашқы мемл. жобалау ұйымы - қазақ мемл. өлкелік жобалау кеңсесі (кәзір Қазақ мемл. құрылыс жобалау кеңсесі) Қазақ құрылыс бірлестігі жанынан 1930 ж. 5 октябрьде құрылды. Оның міндетіне өнеркәсіп, сауда, кооператив орындарын, тұрғын үй құрылысын жобалау кірді. Онда небары 7 адам істеді. 1931 ж. ол Қазақ мемл. жобалау кеңсесі болып, ал 1934 ж. -  Қазақ мемл. коммуиалдық жобалау кеңсесі болып қайта құрылды, оған сол кездегі Қалалық жобалау және Қазақ коммуналдық жобалау конторлары бірікті.

1934 ж. қалалық жол құрылысының жобалау-іздестіру кеңсесі құрылды, ол жолдарды, көпірлерді және қала көшелерін жобалай бастады. Соғыстың алдыңғы жылдары Алматыда және республиканың облыстары мен қалаларында тағы бір қатар жобалау кеңселері пайда болды, бұларда істейтін адамдар аз еді. Олардың жобалау методтары жартылай майдагерлік сипатта болды. Бұл жобалау жұмысының көлемінен де, сапасынан да көрініп тұрды. 1939 ж. ұсақ кеңселерді біріктіру негізінде Қазақ мемл. жобалаудың респ. тресі құрылды. Ол әр түрлі құрылыстар үшін жобалар жасай бастады, сондай-ақ қалаларды жоспарлау жоніндегі жұмыстарды орындады. Трест 1941 жылға дейін жұмыс жүргізді.

Ұлы Отан соғысы жылдары республиканың жобалау базасы шұғыл қысқарды. Көптеген жобалау ұйымдары таратылды. Соғыстан кейінгі кезде олар қайта құрыла бастады. 1948 жылдан-ақ 6 жобалау ұйымы қызмет атқарды, оларда 294 адам істеді. Қазақстанға еліміздің жоғары оқу орындары мен жобалау ұйымдарынан мамандардың келуі көбейді. Жобалау кеңселерінде маманданған бөлімдер мен маманданған дербес жобалау шеберханалары пайда болды. Жасалған жобалардың сапасы жақсарды.

1951 ж. азаматтық тұрғын үй мен автомобиль жолдарын жобалау кеңселері негізінде Қазақ мемл. жобалаудың респ. ин-ты ұйымдасты. Ол тұрғын үйлер мен азаматтық құрылыстардың жобаларын жасаумен, сондай-ақ қалаларды жоспарлаумен шұғылданды.

Республикада азаматтық тұрғын үй құрылысының көлемі өсуіне байланысты тұрғын үйлер мен басқа да азаматтық объектілердің типтік жобасы жасалатын болды (1949). Алғашқы типтік жобалар жергілікті құрылыс материалдарынан салынатын үйлерге арналып жасалды. Республикада құрылыс индустриясының дамуына байланысты құрастырмалы темір-бетоннан салынатын үйлердің жобалары жасала бастады.

Қазақстанда 1955 ж. тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты Қазақ мемл. құрылыс жобалау ин-ты Қазақ мемл. қала, село құрылыстарын жобалау ин-ты болып қайта ұйымдастырылды. Ол жергілікті жерлердегі а. ш. объектілерін жобалау және орналастыру жөніндегі жүмыстарды, сондай-ақ тың совхоздарының орталықтарын жоспарлау, құрылыстар салу жұмыстарын орындаумен шұғылданды. Институт әр түрлі профильдегі өнеркәсіптік, а. ш., азаматтық тұрғын үйлерді, мекемелерді жобалау жұмысын т. б. біріктірді. Мұндай кең көлемдегі мамандандыру тиімді болып шықпады. Сондықтан көп кешікпей оның құрамынан тар шеңберде мамандандырылған бөлімшелер бөлініп шыға бастады. Олардың негізінде жаңа институттар құрылды. 1954 ж. Автомобиль жолдарын салуды жобалау, іздестіру жөніндегі мемл. бас институт бөлініп шықты. Осы саладағы Одақтық институттың филиалы болды. 1956 жылдан бастап дербес институт болып қайта ұйымдастырылған Қазақтын мемл. жобалау ин-ты автомобиль жол құрылысын салуға арналған жобалар жасаумен шұғылданды.

1956 ж. Металлургия және химия өнеркәсібі мин-лігі жанынан жалпы құрылыс профиліндегі мемл. өнеркәсіп құрылысын жобалау ин-ты ашылды. Оған 1957 ж. Қазақ мемл. қала, село құрылыстарын жобалау ин-тының өнеркәсіптік жобалау шеберханасы берілді. 1961 ж. ол СССР мемл. құрылыс жобалау ин-тының қарауына өтті. 1964 ж. оның жанынан Қазақстан мен Орта Азияның құрылыс проблемаларымен, оның ішінде жер сілкінуге төзімді құрылыстар проблемасымен шұғылданатын ғылыми бөлім құрылды. Ол Қазақ мемл. өнеркәсіп құрылыстарын жобалау жөніндегі ғыл.- зерт. ин-ты деп аталды.

1955 ж. Мемл. совхоз, су шаруашылығы құрылысын жобалау ин-тының Қазақ филиалы негізінде Қазақ мсмл. совхоз, су шаруашылығы құрылысы ин-ты құрылды, бұл а. ш., су шаруашылығы кұрылыстарының жеке және типтік жобаларын, сондай-ақ селолық жерлерде жоспарлаудың, құрылыстың жобаларын жасады.

1959 ж. Қазақ мемл. қала, село құрылыстарын жобалау ин-ты Қазақ мемл. құрылыс жобалау ин-ты болып қайта ұйымдастырылды, ол азаматтық тұрғын үй объектілерін жобалау және Қаз. ССР территориясындағы қалаларды, аудан орталықтарын, жұмысшы поселкелерін жоспарлау, құрылыстарды салу жобаларын жасау жөніндегі мемл. бас жобалау ин-тының қызметін атқаратын болды.

Республика халық ш-ның қарыштап өсуіне және оның табиғи ресурстарын игеруге байланысты 60 жылдары Алматыда энергет., өнеркәсіптік, транспорттық профильдегі - жобалау ұйымдары: Қазақ мемл. хим.машина жасау жөніндегі жобалау, ғыл.-зерт. ин-ты (1956), Орта Азия мемл. астық өндірісінің ғыл.-зерт., жобалау ин-ты (1956), Қазақ автомоб. транспортының ғыл.-зерт. жобалау ин-ты (1956), Қазақ мемл. түсті металл ғыл.-зерт. ин-ты, жобалау ин-ты (1956), Бүкіл Одақтық энергетика өнеркәсібі ғыл.-зерт. ин-ты (1960) т. б. ұйымдастырылды. Сонымен қатар селода жоспарлау, құрылыс ісімен шұғылданатын а. ш., су шаруашылығы т. б. сияқты сабақтас профильдердегі гидро- геол. іздестіру, мелиорациялық және жерге орналастыру: Су шаруашылығы құрылыстарын жобалау жөніндегі қазақ мемл. ин-ты, сумен жабдықтау, канал қазу жөніндегі мемл. жобалау ин-ты (1957), Қазақ мемл. жерге орналастыру жобалау ин-ты (1959) т. б. көптеген жобалау ұйымдары құрылды. Көптеген жобалау институттары облыс орталықтарында филиал ашты.

1959 ж. республикада 29 жобалау мекемесі жұмыс істеді (8,5 мың қызметкерлері, жобалау жұмыс көлемі жылына - 17,7 млн. сом болды). Қазір олар көбейіп келеді. Алматыда орталық жобалау институттарының және республикадағы министрліктер мен ведомстволарға қарайтын жобалау мекемелерінің халық ш. саласы бойынша немесе жобалау түрлері бойынша маманданған бөлімдері мен филиалдары ашылды. Кейбір институттардың өз ғылыми зерттеу базасы болды.

1963 жылдан бастап Қаз. ССР территориясында коммуналдық, газ шаруашылығы объектілерін жобалау жөніндегі бас ин-ты жұмыс істеді.

1964 ж. Қазақ мемл. қала құрылысын жобалау ин-тының, Қазақ мемл. селолық азаматтық құрылыстарды жо­балау жөніндегі бас ин-тының, хим. машина жасау ғыл.-зерт. ин-тының, Қазақ мемл. азық-түлік өнеркәсібін жобалау ин-тының бөлімшелерін бірлестіру жолымен Қазақ мемл. инже­нерий ізденістер ин-ты құрылды. Онын, негізінде республикада іздестіру профилінде көптеген жобалау мекемелері қурылды; облыс орталықтарында т. б. қалаларда 16 ведомствоға қарайтын бөлімшелері бар 3 дербес ин-т (Қарағанды, Өскемен, Шымкентте) ашылды.

1931 ж. Алматыда құрылыс материалдары мен құрылыстардын; ғыл.- зерт. ин-ты құрылған болатын. Бұл 1963 ж. қайта ұйымдастырылып құрылыс материалдарының ғыл.-зерт. ин-ты деп аталды. 1961 ж. құрылыс материалдарының ғыл.-зерт. орт. ин-тының Қазақ бөлімшесі ұйымдастырылды, кейін - құрылыс ғыл.-зерт. ин-ты болып аталды. 1965 ж. бұл ин-ттар құрылыс ғыл.-зерт. жобалау ин-ты бо­лып бірікті де, қабырға материалдарын, рудалық емес құрылыс материалдарын, толтырғыш жеңіл материалдарды, жергілікті кіріктіргіш материалдарды және табиғи тастардан бұйымдар өндіруші жаңа кәсіпорындарын салу, жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарды қайта құру жөніндегі жобалық-сметалық документтерді жасайтын болды.

1967 ж. Қазақ мемл. қала құрылысын жобалау ин-тынан Алматы калалық Советіне бағынатын және респуб­лика астанасының құрылысып жүргізудің бас жоспарын жасайтын Алматы қалалық жобалау ин-ты бөлініп шықты. Бұл кезде ірі панельді үй құрылысы кеңінен өрістеді. Кірпіш және ірі панельді үйлер, балалар бакшалары, мектептер, қоғамдық сауда орталықтарының типтік жобалары негізінде Алматыда және республиканып басқа қалаларында микроаудандар са­лу кең epic алды, мұның өзі кала салу ісіндегі жаңа бағыт болды. 70 жылдардан бастап Алматыда көп қабатты үйлер салу жобаланды. 1969 ж. сырғымалы қалыпқа бетон құю әдісімен салынатын тұрғын үйлердің алғашқы жобасы жасалды.

1969-1971 ж. а. ш. және қалалық құрылыстарды жобалау профиліндегі ин-ттарды (бұрыңғы Қазақ мемл. селолық кұрылысты жобалау ғыл.-зерт. ин-ты мен Қазақ мемл. селолық су шаруашылығы құрылысын жобалау ин-тының обл. филиалдарын) біріктіру жолымен Қаз. ССР Құрылыс істері жөніндегі мемл. комитетіне бағынатын қалалық және селолык құрылыстың азаматтық тұрғын үй объектілерін жо­балау жөніндегі обл. институттар құрылды.

1972 ж. республикада 70 жобалау және ғыл.-зерт. мекемелері болды,  оларда 35 мың адам істеді. Олар өнеркәсіптік, азаматтық тұрғын үйлер, а.ш. орындарын т. б. түгел дерлік жобалау ісімен шұғылданды, сонымен бірге шетел заказдарын орындап келеді.

1978 ж. республика территориясында 182 жобалау және іздестіру ұйымдары (институттар, бөлімдер мен бөлімшелер, экспедициялар) жұмыс істеді, оларда істейтін адамдар 45 мыңға жетті, жобалау-іздестіру жұмыстарының көлемі 135,0 млн. сом болды. Қазақстанның жобалау қызметкерлері басқа одақтас республикаларға едәуір көлемдегі жобалау-іздестіру жұмыстарын (13,5 млн. сом) істеп беріп тұрады.

Жобалау ісінде ғылым мен техниканың жетістіктері, еңбектің озат әдістері кеңінен қолданылады, жобалық документтер жасауда математикалық әдістер, конструкцияларды есептеуде электрондық есептеуіш машиналар, жобалаудың барлық салаларыида экономик. зерттеулер, сызбалар жасаудағы калькалаусыз әдіс, өнімдерді кемшіліксіз тапсыру т. б. кеңінен қолданылады.

Қаз. ССР Құрылыс істері жөніндегі комитетінің бас ин-ттары: Қазақ мемл. құрылыс жобалау ин-ты (азаматтық тұрғын үй объектілері мен жер сілкінуге төзімді құрылыстар), Қазақ мемл. құрылыс жобалау ин-тынан 1976 ж. белінген Қазақ мемл. қала құрылысы жобалау ин-ты (ауд. жоспарлау және елді мекендердің бас жоспарын жасайды) және Қазақ мемл. селолық азаматтық құрылысты жобалау ин-ты (селодағы құрылысты жоспарлайды).

Бұлардың бәрі өздерінің салаларына арналған жетекші, нұсқаулық методикалық, нормативтік және анықтама материалдар жасап беріп отырады.

Келешекте кіші-гірім жобалау бөлімшелерін нығайту, математикалық әдістерді және электрондық-есептеуіш машиналарды неғұрлым кеңінен енгізу арқылы жобалау жұмыстарын жетілдіру, жобалау ұйымдарының мамандануын жетілдіре түсу ісі көзделіп отыр. Алдағы уақытта жобалау ісін дамытудың негізгі бағыттарының бірі - жобалау институттарының базаларын кеңейте түсу болып табылады.

Қазақ Совет энциклопедиясы. -Алматы, 1976. -Б.355-360.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2024-03-12 16:20:03     Қаралды-26

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮН НЕГЕ КЕЛЕДІ?

...

Күн артынан түн, түн артынан күн.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ТЕҢІЗ БЕТІНДЕ КЕМПІРҚОСАҚ ПЛЕНКАСЫ БАР?

...

Жоқ, бұл жылы жаңбырдан кейін ашық аспанда ойнайтын кемпірқосақ емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН БІЗ АУА ҚЫСЫМЫН СЕЗБЕЙМІЗ?

...

Біздің планетамызда үлкен ауа мұхиты үстемдік етеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБЫЛАН НЕЛІКТЕН ЖЕМТІГІН АҒАШҚА ЖАСЫРАДЫ?

...

Қабылан жалғыз тұрады және арыстандар мен гиеналардан үнемі сақ болу керек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ БАР?

...

Жыл мезгілдерінің ауысуы – табиғаттың мәңгілік және өзгермейтін құбылысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »