UF

ЭЛЕКТР ЗАРЯДЫНЫҢ САҚТАЛУ ЗАҢЫ

 

Үйкеу арқылы электрлегенде денелердегі бастапқыда бейтарап болған зарядтар қайтадан өзара бөлінеді. Мұны пластиналарды зарядтау тәжірибесі дәлелдейді. Электрондардың біраз бөлігі бір денеден екінші денеге өтеді.

Бұл жағдайда жаңа бөлшектер пайда болмайды, ал бастапқыда болғандары жойылып кетпейді.

Денелер электрленгенде электр зарядының сақталу заңы орындалады. Бұл заң зарядталған бөлшектер сырттан кірмейтін және одан сыртқа шығып кетпейтін жүйе үшін яғни, тұйық жүйе үшін дұрыс. Тұйық жүйеде барлық бөлшектер зарядтарының алгебралық қосындысы өзгеріссіз қалады. Егер бөлшектердің зарядтарын q1, q2, ... qn арқылы белгілесек, онда

q1 + q2 + q3 +...+ qn = const.

Зарядтың сақталу заңының мәнісі өте терең. Егер зарядталған элементар бөлшектердін, саны өзгермесе, онда зарядтың сақталу заңы сөзсіз орындалады. Алайда элементар бөлшектер бір-біріне айнала алады, жаңа бөлшектерге өмір бере отырып, олардың жойылуы да, кайта тууы да мүмкін. Дегенмен, мұндай жағдайлардың бәрінде зарядталған бөлшектер модулі жағынан тең және таңбасы қарама-қарсы зарядтар болып, тек пар-парымен пайда болады. Зарядталған бөлшектер, бейтарап бөлшектерге айнала отырып, жойылған кезде де пар-парымен жойылады. Бұл жағдайлардың бәрінде зарядтардың қосындысы өзгермей тұрақты болып қала береді.

Зарядтың сақталу заңының дұрыстығың элементар бөлшектердің сансыз көп түрленулерін бақылаулар дәлелдейді, Бұл заң электр зарядынын, ең негізгі қасиеттерінің бірін көрсетеді.

Зарядтың сакталу себебі осы күнге дейін белгісіз.

Әлемдегі электр заряды сақталады. Әлемнің толық заряды нөлге тең деуге болады. Оң зарядталған эле­ментар бөлшектердің саны теріс зарядталған элемен­тар бөлшектер санына тең.

Г.Я.Мякишев, Б.Б.Буховцев. Физика. -Алматы, 1998. -256 бет.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2024-02-07 12:47:58     Қаралды-311

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БӨЛМЕ НЕГЕ ЖЫЛЫ?

...

Кез келген жылытқыш алдымен айналасындағы ауаны қыздырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЛИМОНАДТЫҢ ОП-ОҢАЙ РЕЦЕПТІЛЕРІ

...

Ыстықта шөліңізді басатын қарапайым лимонадтарға арналған 11 рецепт

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЛМҰЗДАҚ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТАР

...

БАЛМҰЗДАҚ – барлық дерлік балалардың және көптеген ересектердің сүйікті тағамы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »