UF

МЕЙОЗ

Мейоз. Жыныс клеткаларының пісіп жетілу аймағында бөлінуі митоздан өзгеше, бұл мейоз деп аталады.

Клеткаларда түрге тән хромосомалар санының тұрақтылығы митозға байланысты, мұның алдында ДНҚ синтезделеді және әрбір хромосомада екі хроматид түзіледі. Сомалық клеткаларының барлығында хромосома саны диплоидты, ал пісіп жетілген жыныс клеткаларында тек жарым-жарты, яғни гаплоидты болады емес пе, сонда жыныстық көбею кезінде хромосома санының тұрақтылығы яғни ДНҚ-ның жарым-жартысы қалай сақталып қалады?

Хромосомалар санының екі есеге кемуі жыныс клеткаларының пісіп жетілу процесінде өтеді. Пісіп жетілу аймағындағы бөлінудің екеуі де мейоздың екі бөлінуі болып есептеледі.

Мейоздың екі бөлінуі митоздағыдай профаза, метафаза, анафаза, телофаза фазаларын қамтиды. Пісіп жетілу аймағында болатын жыныс клеткаларындағы мейоздың бірінші бөлінуі алдында ДНҚ синтезделеді, демек, хромосомаларсаны екі еселенеді, әрбір хромосома екі хроматидтен құралады.

Профазадағы мейоздың бірінші бөлінуінде хромосомалар спиральданады. Спиральдану аяқталғаннан кейін, профазаның соңында хромосомалар өздеріне тән пішін мен мөлшерге келеді.

Хромосомалардың әрбір жұбы, яғни гомологиялык хромосомалар бір-бірімен тығыз жанасып, ұзына бойлай қосылын ширатылады. Гомологиялык хромосомалардың осылай косылу процесі конъюгация деп аталады.

Конъюгация кезінде гомологиялық хромосомалар арасында учаскелермен - гендермен алмасу болып өтеді, бұл тұкым қуалау информациямен алмасу болып есептеледі. Қонъюгациядан кейін гомологиялық хромосомалар бір-бірімен ажырасады.

Хромосомалар толық ажырасқаннан кейін бөліну шүйкесі пайда болып, мейоздың метафазасы басталады да хромосомалар экватор жазықтығына орналасады. Бұдан кейін мейоздың анафазасы басталады да митоздағыдай бір хроматиді болатын әрбір хромосоманың жартысы емес, әрбіреуі екі хроматидтен тұратын тұтас хромосомалар клетканың полюсіне қарай кетеді. Демек, жас клеткаға гомологиялық хромосомалардың әрбір жұбынан бір сыңары ғана түседі.

Бірінші бөліну соңынан мейоздың екінші бөлінуі басталады, бұл бөлінудің алдында ДНК синтезделмейді. Өйткені бірінші бөлінудің өзінде-ақ жас клеткалардың полюстеріне әрбіреуінде екі-екіден хроматиді болатын тұтас хромосомалар таралып кетті ғой. Қысқа мерзімді профазадан кейін осы қосарлы хромосомалар екінші бөлінудің метафазасында экватор жазыктығында орналасады да, шүйке жіптеріне бекиді. Анафазада хроматидтер клетканың қарама-қарсы полюсіне ажырап, әрбір жас клеткада бір ғана жас хромосома болады Сөйтіп, сперматозоидтарда және жұмыртқаклеткаларда хромосомалар саны екі есе азаяды, диплоидты хромосомалар жиынтығы - 4, ал сперматозоидтар пісіп жетілудегі екінші бөлінудің нәтижесінде оларда 2-ден ғана хромосомалар болады, осы екі хромосома гаплоидтық жиынтық түзеді.

Жануарларда, сондай-ақ өсімдіктерде жүретін мейоздың биологиялық мәні - мұнда хромосома саны екі есе азайып, гаплоидтық гаметалар түзіледі. Салыстыру үшін суретте митоз схемасы берілген, онда клетка бөлінгенде хромосомалар саны өзгермейтіні, сондай-ақ екі жас клетка да аналық клеткадағыдай хромосомалар санына ие болатыны айқын көрінеді.

1. Полянский Ю.И. Жалпы биология. -Алматы, 1991. -299 б.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2024-01-12 13:51:50     Қаралды-278

ҚАЙ МЕМЛЕКЕТ ҚАТЕЛІКПЕН АТАЛДЫ?

...

Кариб теңізінде Пуэрто-Риконың үлкен аралы орналасқан...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ МАТЕРИКА ЕҢ КІШКЕНТАЙ?

...

Австралия - жер бетіндегі ең кішкентай материк.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕ СУ КӨП ПЕ?

...

Сусыз жер бетінде тіршілік болмас еді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТРОНДАР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Электрон» сөзі грек тілінен «янтарь» деп аударылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ЗАРЯДЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Электрондардың теріс заряды, ал атом ядросының оң заряды бар екенін сіз бұрыннан білесіз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Көптеген ғасырлар бойы адамдар электр қуатының бар екенін білмеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОМПАСТЫ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Навигацияның дамуымен кеме жасау ғылымы жетілдірілуде - кибернетика...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »