UF

ҚҰРЛЫҚ БЕТІ МЕН МҰХИТ БИОМАССАСЫ

Жердің құрлық бөлігінде полюстерден экваторға қарай биомасса біртіндеп арта түседі. Сонымен қатар, өсімдіктердің түрлері де көбейеді. Қыналар мен мүктер (500-ге жуық түрлер кіреді) өсетін тундра қылқанды және жалпақ жапырақты ормандарға ауысады, онан кейін далаға (2000-ға тарта түр) және субтропиктік (3000-нан артық түр) өсіуідіктері бар аймақтарға ауысады. Өсімдіктердің ең қалың өсетін және түрге бай жері тропиктің ылғалды ормандары (8000-нан астам түрлер өседі). Ағаштардың биіктігі 110-120 м-ге дейін жетеді. Өсімдіктер бірнеше ярус болып өседі де, ағаштарды эпифиттер жауып тұрады. Жануарлардың түрлері мен саны өсімдік массаларына байланысты болады да, экваторға жақындаған сайын артып отырады. Ормандарда жануарлар әртүрлі ярусқа орналасады. Организмнің құрылысы әртүрлі болған кезде, яғни түрлер бірлесіп тіршілік ету жағдайына түрліше дәрежеде бейімделгенде тіршілік ең жоғары тығыздыкка жетеді. Сондыктан да түрлер қоректену тізбегі аркылы байланыскан биогеоценоздарда тіршілік тығыздыгы өте жоғары болады. Қоректену тізбегі шырмала келіп, бір буыннан екінші буынға химиялық элементтер мен энергияны беруде күрделі тор түзеді. Организмдер арасында кеңістік, корек, жарық, оттегі үшін қатаң күрес жүріп жатады. Құрлық биомассасына адамның ықпалы зор. Оның әсерінен биомасса өндіретін жер көлемі азаяды. Бұл жер мен суқоймаларды өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының мұқтаждығы үшін тиімді пайдалануды талап етеді.

Топырақ биомассасы. Құрлыктың бетін түгелдей топырақтың ерекше биогеоценозы жауып тұрады. Топырақ өсімдіктердің тіршілігі үшін кажетті орта ғана емес, сонымен катар әртүрлі өте ұсақ тірі организмдер биогеоценозы. Топырак жер кыртысының атмосфера мен организмдер өзгертіп тұратын және органикалық қалдықтармен үнемі толықтырылып отыратын борпылдақ беті. Тірі органикалық заттар жердің бетінде пайда болды, органикалық заттардың іріп-шіруі, олардың минералдануы негізінен топырақта өтеді. Топырақ организмдер мен физикалық, химиялық факторлар әсерінен пайда болған. Жер бетіндегі биомассамен катар биомасса әсеріне байланысты топырак калыңдығы полюстерден экваторға қарай өсіп отырады. Солтүстік ендіктерде қарашіріктің маңызы ерекше, оның қалыңдығы күлгін топырақтарда 5-10 см, ал қара топыракты жерлерде 1-1,5 м. Әртүрлі топырактың өзіне тән биогеоценоздары болады. Олар ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктердің терең топырақтың қабаттарында орналаскан тамырларынан құралады. Бунақденелілер мен личинкалар топырақты ойып, қазып, тесіп, көп жұмыс атқарады. Ч. Дарвиннің бақылауы бойынша жауынқұрттар топырақты ішегі арқылы өткізе отырып, жер бстіне жыл сайын әр гектарға қалыңдығы 0,5 см, массасы 25 т топырак қабатын түзеді.

Биомассаның құрлық бетіне таралуы

Топырақта тірі организмдер тығыз орналасқан. Саздау топырақтың әр гектарындағы тек жауынқұрттардың ғана биомассасы 1,2 тоннаға немесе 2,5 млн. особьқа жетеді. 1 г топырақтағы бактериялардың саны жүздеген миллионға тең. Жаңбырдан, қардың еруінен пайда болған су оны оттегіне байытып, минералды тұздарды ерітіп отырады. Еріген заттардың біразы топырақта қалып қояды да, біразы өзендер мен мұхиттарға құйылады. Топырақ капилляр арқылы көтерілген жерасты суын буға айналдырады. Ерітінділер айналымы өтіп, топырақтың түрлі қабаттарына тұз шөгеді.

Топырақта газ алмасуы болып тұрады. Түнде газ суынып, көлемі сығылған кезде топыраққа біраз мөлшерде ауа енеді. Ауа құрамындағы оттегін жануарлар мен өсімдіктер сіңіреді де, химиялық қосылыстардың құрамына өтеді. Топыраққа ауамен бірге енген азотты кейбір бактериялар бойына сіңіреді. Қүндіз топырақ қызғанда мынадай газдар: көмірқышқыл газы, күкіртсутек, аммиак бөлініп шығады. Топыракта өтетін барлық процестер биосферадағы заттар айналымына кіреді.

Адамның шаруашылық әрекетінен (ауылшаруашылық өндірісін химияландыру, мұнай өнімдерін өңдеу және т. б.) топырақта тіршілік етіп, биосферада маңызды роль атқаратын организмдер жаппай қырылады. Топырақты күтіп, оны тиімді пайдалану және ластанудан қорғау қажет.

Әлемдік мұхит биомассасы. Жер гидросферасы - әлемдік мұхит бүкіл планетаның 2/3 бөлігін алып жатыр. Ондағы су көлемі теңіз деңгейінен жоғары тұрған құрлықтан 15 есе артық.

Су организмдер тіршілігі үшің өте қажет. Оның жоғары жылу сіңіргіштігі арқасында мұхиттар мен теңіздердің температурасы едәуір тұрақты болады да температурада қысы-жазы күрт өзгеріс біліне қоймайды. Судың жылу өткізгіштігі ауаныкінен 20 есе артық. Мұхит тек полюстерде ғана қатады, бірақ тірі организмдер мұз астында тіршілік ете береді.

Су - жақсы еріткіш. Мұхит суының құрамында минералдық тұздар болады, онда 60-қа жуық химиялық элементтер кездеседі. Ауадан өтетін оттегі мен көмірқышқыл газ ериді. Суда тіршілік ететін жануарлар да тыныс алған көмірқышқыл газын бөледі, ал балдырлар фотосинтез процесінде суды оттегіне байытады.

Мұхит суының физикалық қасиеттері мен химиялық құрамы бір қалыпты болады да, тіршілік үшін қолайлы. Балдырлар фотосинтезі негізінде судың 100 метрге дейінгі беткі қабатында жүреді. Мұхит бетінің бұл қабаты микропланктон (грекше: «планктос» - кезеген) түзетін, өте ұсақ бір клеткалы балдырларға толы болады.

Бүкіл планетада өтетін фотосинтездің 1/3 бөлігі мұхиттың үлесіне тиеді. Мұхит бетіндегі балдырлар - жарық энергиясын химиялық реакция энергиясына айналдыратын трансформаторлар.

Мұхит жануарларының қоректенуінде планктонның ерекше маңызы бар. Ескекаяқты ұсақ сушаяндары балдырлар және қарапайымдармен қоректенеді. Бұларды майшабақ пен басқа да балықтар жейді. Майшабақ жыртқыш балықтар мен шағалаларға жем болады. Мұртты кит теқ планктонмен ғана қоректенеді.

Мұхитта планктон және еркін жұзіп жүретін организмдерден басқа дасу түбінде бір нәрсеге бекініп және жорғалап жүріп тіршілік ететін организмдер өте көп. Су түбінде тіршілік етушілер бентос (грекше: «бентос» - су түбінде жатушы) деп аталады.

Мұхитта планктондық, жағалық, су түбінде тіршілік ететін организмдердің өте көп болатыны байқалады. Рифтер мен аралдардан құралатын маржан колониясы да топтасқан тірі организмдерге жатады. Мұхит биомассасы шашыраңқы орналасады. Балықтар, теңіз сүтқоректілері мен кальмарлар судың түбінде жүзіп жүреді.

Мұхитта әсіресе оның түбінде органикалық заттарды бейорганикалық заттарға айналдыратын бактериялар таралған. Өлген организмдер біртіндеп мұхит түбіне шөгеді. Олардың көпшілігінің сырты кремний немесе әк қабықшалармен, сондай-ақ әк бақалшакпен қапталған. Мұхит түбінде олар шөгінді жыныстар кұрайды. Мәселен, осында 100 млн. жыл бұрын Орталық Европаны алып жатқан теңіздің орнынан әктас, бор табылған. Одан өте ертеде тіршілік еткен жануарлардың (тамыраяқтылардың және т. б.) өте ұсақ бақалшақтарын көруге болады.

Әлемдік мұхитта құрлыққа қарағанда тірі биомасса 1000 есе аз. Күн энергиясы мұхит айдынында - 0,04%, құрлықта - 0,01% пайдаланылады. Бұрынғы айтып жүрген болжамдағыдай, мұхит тіршілікке онша бай болмай шықты.

Қазіргі кезде бірқатар елдерде мұхит суын тұщыландыру, одан металдар алу және онда тіршілік етуші неғұрлым бағалы жануарларды қорғау, мұхиттың қоректік байлықтарын мейлінше толық пайдалану проблемалары шешіліп отыр.

Гидросфера бүкіл биосфераға күшті әсер егеді. Құрлық пен мұхит беті тәуліктік және маусымдық ауытқуы атмосферадағы жылылық пен ылғалдылықтың ауысып тұруына себепші болады да, бүкіл биосферадағы климат пен заттардың айналымына әсер етеді.

Адамның теңіз түбінен мұнай өндіру, оны танкерлермен тасылмалдау секілді әрекеттері әлемдік мұхиттың ластануы мен оның биомассасының азаюына әкеліп соғады. Ендеше, суды ластанудан қорғау шараларын сақтау қажет.

Адамның планета биомассасына тигізетін әсері. Адамзат биосфераның шағын ғана биомассасы болғанымең, оған күшті әсер етеді. Адам санының ұдайы өсуі, табиғи ортаға ғылыми-техникалық ыкпалдың тездеуі нәтижесінде адамзат әрекетінің көлемі ұлғаюда.

Адамзат табиғатты пайдалану процесінде жыл сайын планетамызда 4 трлн. тоннадан астам заттардың орнын ауыстырып, жаңадан мыңдаған химиялық қосылыстар жасайды, олардың көпшілігі зат айналымына қосылмай, ең ақырында биосферада жиналып, оны ластайды. Өнеркәсіп әрекетінің нәтижесінде табиғи орта ластанып, ірі географиялық аймақтардағы күн радиациясының деңгейі кемиді.

Биосфераның дамуында адам өзінің шаруашылық әрекетін осынау алып экожүйеде қалыптасқан заңдылықтарды бұзбайтындай биомассаны азайтпайтындай етіп жоспарлайтын кезең туды.

1. Полянский Ю.И. Жалпы биология. -Алматы, 1991. -299 б.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2024-01-10 13:34:18     Қаралды-83

ҚАЙ МЕМЛЕКЕТ ҚАТЕЛІКПЕН АТАЛДЫ?

...

Кариб теңізінде Пуэрто-Риконың үлкен аралы орналасқан...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ МАТЕРИКА ЕҢ КІШКЕНТАЙ?

...

Австралия - жер бетіндегі ең кішкентай материк.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕ СУ КӨП ПЕ?

...

Сусыз жер бетінде тіршілік болмас еді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТРОНДАР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Электрон» сөзі грек тілінен «янтарь» деп аударылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ЗАРЯДЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Электрондардың теріс заряды, ал атом ядросының оң заряды бар екенін сіз бұрыннан білесіз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Көптеген ғасырлар бойы адамдар электр қуатының бар екенін білмеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОМПАСТЫ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Навигацияның дамуымен кеме жасау ғылымы жетілдірілуде - кибернетика...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »