UF

ЖЕРДЕ ТІРШІЛІКТІҢ ДАМУ ТАРИХЫ

Ғалымдар Жер және ондағы тіршілік тарихын белгілі уақыт аралықтарына - эраларға, эраларды кезеңдерге жіктейді. Жерде тіршіліктің даму процесі геохроникалық кестеде келтірілген.

Биологиялық ғылымның әртүрлі салаларынан алынған зерттеу нәтижелері бірін-бірі толықтыра түседі. Солар арқылы ежелгі эралар мен кезеңдерде органикалық дүниенің қандай болғанын, оның қазіргі кездегі түрлерге жеткенге денінгі қай бағыттарда дамуын қадағалай аламыз.

Ғылым тіршіліктің мұхитта 3,5 миллиард жылға жуық бұрын пайда болғанын дәлелдеп берді. Организмдер құрлыққа шамамен 2-2,5 миллиард бұрын шыққан. Бұған өсімдіктерде маңызды ароморфоз - мүшелер мен тканьдердің тұзілуі себепкер болады. (геохроникалық кестеден өсімдіктердің құрлыққа шығу мерзімін тауып, олардың аттарын атаңдар).

Өсімдіктердің құрлықта тіршілік ету жағдайларында өсімдік әлемінің одан әрі дамуы тағы бір ірі ароморфозға - спорамен көбеюдің ауысуына байланысты болды. Жалаңаш тұқымды өсімдіктер перм кезеңіндегі палеозой эрасының соңында едәуір дамыды. Жаңа ароморфоздар нәтижесінде жалаңаштұқымдыларды жабықтұқымды өсімдіктер алмастырды.

Құрлықтағы тіршілікке байланысты жануарлар эволюциясында да сансыз ароморфоздар туындады. Мәселен, іштей ұрықтану және жұмыртқада ұрықтың дамуы ірі ароморфоз.

Құрлықтағы омыртқалылардан құстар мен сүтқоректілер басым болды. Дене температурасының тұрақты болуы нәтижесінде олар мұздану кезеңінде тірі қалып, климаты суық елдерге таралды. Олардың ойдағыдай дамуына ароморфоздар мен идиоадаптациялар септігін тигізді, солардың нәтижесінде сүтқоректілер - құрлықта, құстар - әуеде өмір сүретін болады.

Мидың қайта түлеп, үлкен ми сыңарлар қыртысының күшті дамуы - омыртқалылар эволюциясындағы маңызды ароморфоздар. Осының барлығы нерв қызметі деңгейін арттырып, жануарлардың шартты рефлекстер жүйесін және мінез-қылық формаларын күрделендіре түсті. Ароморфтық эволюция жануарлар ата тегінен адамның пайда болуына жол ашты.

Жануарлар әлемі антропоген кезеңінде қазіргі кейіпке келді.

 

Геохронологиялық кесте*

Эралар

Кезеңдер және олардың ұзактығы (млн. жыл)

 

аты және ұзақтығы (млн. жыл)

жасы (млн. жыл)

Жануарлар және өсімдіктер әлемі

Қайнозой (жаңа тіршілік), 67

67

Антропоген, 1,5

Адамның пайда болуы және дамуы. Жануарлар мен өсімдіктер әлемі қазіргі кейіпке келді

Неоген, 23,5

Сүтқоректілер, құстар басым болды

Палеоген, 42

Құйрықты лемурлар, ұзынөкшелілер, кейінірек парапитектер, дриопитектердің пайда болуы. Бунақденелілердің қаулап өркендеуі. Ірі жорғалаушылардың өліп бітуі жалғаса берді. Басаяқты былқылдақденелілердің көптеген түрлері жойылып кетті. Жабықтұқымды өсімдіктер басым болды

Мезозой (ортаңғы тіршілік), 163

230

Бор, 70

Тісті құстар таралғанмен де, жоғары сатылы сүтқоректілер және нағыз құстар пайда болды. Сүйекті балықтар басым болды. Папоротниктер мен жалаңаштұқымдылардың азаюы. Жабықтұқымдылардың пайда болып, таралуы.

Юра, 58

Жорғалаушылар басым болды. Археоптерикстың пайда болуы. Басаяқты былқылдақденелілердің өркендеуі. Жалаңаштұқымдылар басым болды.

Триас, 35

Жорғалаушылардың өркендей бастауы. Алғашқы сүтқоректілердің, нағыз сүйекті балыктардың пайда болуы

Палеозой (ежелгі тіршілік), 340

570, болуы да мүмкін

Пермь, 55

Жорғалаушылардың тез дамуы. Аңтісті жорғалаушылардың пайда болуы. Трилобиттердің өліп бітуі. Тас көмір ормандарының жойылып кетуі. Жалаңаштұқымдылар флорасының молдығы.

Тас көмір, 75-65

Қосмекенділердің өркедеуі. Алғашқы жорғалаушылардың пайда болуы. Бунақденелілердің, өрмекшілердің, құршаяндардың ұшатын формаларының пайда болуы. Трилобиттердің едәуір азаюы. Папоротник тәрізділердің өркендеуі. Тұқымды папоротниктердің пайда болуы

Девон, 60

Сауыттылардың өркендеуі. Саусаққанат балықтардың пайда болуы. Стегоцефалдардың пайда болуы. Жоғары сатылы споралы өсімдіктердің құрлыққа таралуы

Силур, 30

Маржандардың, трилобиттердің қаулап дамуы. Жақсүйексіз омыртқалылардың - сауыттылардың пайда болуы. Өсімдіктердің - псилофиттердің құрлыққа шығуы. Балдырлардың кең таралуы.

Ордовик, 60

Кембрий, 70

Теңіз омыртқасыздары өркендей түсті. Трилобиттердің, балдырлардың кең таралуы

Протерозой (ертеректегі тіршілік), 2000-нан астам

2700

 

Органикалық қалдықтар сирек те саны аз болғанымен, омыртқасыздардың барлық типтеріне катысты болып келеді. Алғашқы хордалылардың - бассүйексіздер тип тармағының пайда болуы.

Архей (Жер қыртысы тарихындағы ежелгі).

1000 таяу.

Бәлкім, 3500 болуы мүмкін

 

Тіршілік сілемі айтарлықтай емес.

* Геологиялық эралар мен кезеңдер таблицада жер қыртыстарының орналасуына қарай көрсетілген: кейініректегі қабаттар - алдымен, ежелгі қабаттар - соңында берілді. Сондықтан кестені оқығанда төменгі - архей эрасынан бастап, біртіндеп эралар мен кезеңдерге көшіндер

1. Полянский Ю.И. Жалпы биология. -Алматы, 1991. -299 б.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2024-01-10 11:39:52     Қаралды-105

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БӨЛМЕ НЕГЕ ЖЫЛЫ?

...

Кез келген жылытқыш алдымен айналасындағы ауаны қыздырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЛИМОНАДТЫҢ ОП-ОҢАЙ РЕЦЕПТІЛЕРІ

...

Ыстықта шөліңізді басатын қарапайым лимонадтарға арналған 11 рецепт

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЛМҰЗДАҚ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТАР

...

БАЛМҰЗДАҚ – барлық дерлік балалардың және көптеген ересектердің сүйікті тағамы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »