UF

СҮТҚОРЕКТІЛЕР КЛАСЫНА ЖАТАТЫН ЖАНУАРЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Сүтқоректілер - қағанақтылар тобына жататын жылықанды омыртқалы жануарлар. Кейбір түрлері болмаса, барлығына дерлік сүтқоректілердің денесін түк қаптайды. Олардың терісінде май және тер бездері болады. Балаларын сүтпен асырайтындықтан, бұл класқа жататын жануарлар сүтқоректілер деп аталады.

Сүтқоректілердің орталық жүйке жүйесі күшті дамыған, ми сыңарларында ми қыртысы болады. Осыған байланысты сүтқоректілер айналадағы орта жағдайларына бейімделгіш келеді.

Сүтқоректілер ауамен тыныс алады, өкпесі көпіршіктерден құралады. Жүрегі төрт бөлікті, екі қанайналым шеңбері арқылы қан денеге таралады. Бір ғана қолқа иіні солға қарай иіледі.

Сүтқоректілердің сезім мүшелері жақсы жетілген, кеуде қуысы құрсақ қуысынан көкет арқылы бөлінеді. Ересек сүтқоректілерде екі бүйрек жамбас қуысында орналасады.

Сүтқоректілер - баласын тірі туатын жануарлар, алайда жұмыртқа туатын да түрлері тіршілік етеді.

Жануарлар әлемінде сүтқоректілер немесе аңдар класының орны ерекше - тек өздеріне ғана тән ерекшеліктеріне байланысты сүтқоректі жануарлар әлемнің түкпір-түкпірінде - жер бетінде, топырақтың арасында, суда, жер астында, аспанда, ылғалды да ыстық тропиктік жерлерде, қақаған аязды Арктика мен Антарктикада, аптаған құмды шөлдегі ыстықта да, биік таулардың басында да тіршілік етеді.

Сүтқоректілердің қимылдап жүруі, қоректенуі, қорегін аулау әрекетіне қарай сыртқы көрінісі, тістерінің құрылысы, аяқтары мен басқа да мүшелері күрделі өзгерістерге ұшыраған. Саналы тіршілік иесі - адам да сүтқоректілер класына жатады. Дельфин, жарғанат, тышқан және басқа көптеген сүтқоректілер жаңғырық арқылы (эхолокация) жауын ажыратып, қорегін іздестіреді. Олардың тістері атқаратын қызметіне қарай күректіс, иттіс, жыртқыш тіс және азу тістеріне бөлінеді. Басқа жануарлардың бірде-бірінен кездеспейтін сүт безі тек сүтқоректілерде ғана болады. Қорытылатын қоректің түріне қарай сүтқоректі жануарлардың ішегінің ұзындығы бәрінде бірдей емес (өсімдікпен қоректенетіндерінде ішек ұзын, ал етпен қоректенетіндерінде ішек қысқа болып келеді), сондай-ақ күйіс қайыратын жануарлар қарнының құрылыс өте күрделі. Қосмекенділердің, жорғалаушылардың және құстардың ортаңғы қүлақ қуысында бір ғана сүйекше болса, сүтқоректілердің үш дыбыс сүйекшелері: балғаша, төс және үзеңгі сүйекшелерден құралатынын байқаймыз. Сүтқоректілердің қызыл қан түйіршігінде ядроның болмауы - ондағы оттегінің сыйымдылығын арттыра түседі.

Сүтқоректілер дене температурасын жақсы реттей алады, сондықтан олар тұрақты температуралы (көпшілігінде 37-39°) жануарлар деп аталады. Сүтқоректілер терісін қаптаған тығыз да қалың жүн, түбіт, тері астындағы қалың шел майы оларды қақаған аяздан қорғайды.

Сүтқоректілер табиғи және жасанды биоценозда (тіршілік жағдайы біршама біркелкі үлескілерде мекендейтін жануарлар, өсімдіктер және ұсақ ағзалар бірлестігінде) аса маңызды қызмет атқарады. Оған ауыл шаруашылығында пайдаланылатын малды, кәсіптік аңдарды, ауылшаруашылық зиянкестерін жоятын жануарларды, зертханаларға пайдаланылатын жануарларды және басқаларын мысал етіп айтуға болады. Сүтқоректілердің зияндылары да бар, бірақ оларды пайдалы және зиянды деп кесіп айту дұрыс емес, мекен ететін аймағындағы жағдайға байланысты бір жануардың бір кезеңде пайдалы, енді бір кезеңде пайдасыз болуы заңдылық. Адамзаттың тиімді пайдалана білмеуі нәтижесінде өткен ғасырларда сүтқоректілердің 100-ден астам түрі (теңіз сиыры, күдір, тарпан және т. б.) жер бетінен толық жойылып кетті. Сондықтан келешекте осындай ойсырауға ұшырамау үшін сүтқоректілердің кез келген түрін қорғап, оған қамқорлық жасау әрбір адамның, жасөспірімдердің абройлы міндеті болуы тиіс.

Сүтқоректілер - негізінен төрт аяқпен жүретін жануарлар, олардың құрылысы аса күрделі болғандықтан жер жүзіне кең таралып, ұрпағын сақтай алады және тіршілігін одан әрі жалғастыруға мүмкіндігі мол.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2024-01-09 11:20:35     Қаралды-269

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »