UF

ОҚУ-АҒАРТУ ІСІ (1979 ж. дейін мәлімет)

 

Жалпы сипаттама. Халыққа білім беру жүйесі қай кезеңде және қай түрде болмасын қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерімен байланысты дамиды. Капиталистік елдерде бұқара халық ешуақытта толық нағыз ғылыми білім ала алмайды. Россияда патша үкіметі халыққа білім беру ісіне кедергі жасаумен бірге ұлттық мектептерді орыс емес халықтарды қанау, орыстандыру және христиандандырудың құралы ретінде пайдаланды. Революцияға дейінгі Қазақстанда орыс-қазақ училищелерінің аздығы және түрлі типтілігі, білім беру мазмұнының үстірттігі, оқу-материалдық базасының қораштығы және жалпы білім беретін орта мектептердің болмауы қазақ халқының білім алу талабын тежеп келді. 1897 жылғы санақ бойынша халықтың сауаттылыгы 8,1% болды.

Ұлы социалистік революциясы ғана совет еліндегі басқа халықтар сияқты қазақ халқының да мадени дамуында күрт өзгеріс жасады. СССР-де халыққа білім берудің жаңа жүйесі жасалды Ол жүйенің негізі бірыңғай мемлекеттік жалпы білім беретін еңбек политехникалық мектебі болды. Ол СССР-де тұратын барлық халықтардың өз ана тілінде дүние танымдық білім алуын жүзеге асырды. Оқытудыңөмірмен, коммунистік құрылыс практикасымен тығыз байланыста болуы - СССР-дегі білім беру жүйесінің басты принципі. Еліміздегі сауатсыздықты жою, алғашқыда бастауыш, одан кейін сегізжылдық және жаппай орта білім беруді жүзеге асыру үлкен әлеуметтік мәні бар жетістік болды. Партия мен Совет үкіметі мұғалімнің еңбегін жоғары бағалап, оның идеялық-саяси дәрежесі мен педагогтық шеберлігін арттыру туралы ұдайы қамқорлық жасап келеді. КПСС ОК мен СССР Министрлік Советінің 1977 жылы қабылдаған «Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді және оларды еңбекке даярлауды одан әрі жетілдіру туралы» қаулысында жалпы білім беретін бірыңғай еңбек полптехникалық мектептің лениндік принциптерін жүзеге асыру жолдары белгіленді. 70 жылдарда оқу мазмұнының сапасы артты, жаңа оқулықтар мен оқу құралдары шықты, оку кабинеттері мен шеберханалар көбейтілді, оқу-өндірістік комбинаттарының материалдық-техникалық жабдықтары жақсартылды. Республикада халыққа білім беру ісі қарқынды дамыды. 1975 жылы Қазақстанда халық шаруашылығында жұмыс істейтін 1000 адамның 753-інің орта және жоғары білімі болды.

КПСС 25-съезі және Қазақстан КП-нің 14-съезі ағарту Қызметкерлерінің алдына үлкен және жауапты міндеттер қойды: халық ағарту жүйесін онан әрі дамыту, жалпы орта білімге көшуді аяқтау, білім беру мазмұнын жетілдіру, оқушылардың білім сапасын арттыру, оқушыларды еңбекке үйрету және мамандыққа баулу ісін жақсарту т. б. 10-бесжылдықтың 4 жылы ішінде республпкада 352,1 мың орыпдық жалпы білім беретін мектептер салынды, оның ішінде 225,2 мың орындық мектеп ауылдық, селолық жерде ашылды. 400 мыңдай жоғары және орта білімді маман және 645,4 мың мамап жұмысшы даярланды, мектепке дейіпгі және мектептен тыс мекемелер саны көбейтілді.

1917 жылға дейінгі оқу-ағарту ісі. Россияға қосылғанға дейінгі дәуірде Қазақстанда ағарту ісінің белгілі жүйесі болмады. Әлеуметтіқ-экономикалық құрылыстың артта қалуы, кошпелі өмір, патриархалды тұрмыс білімнің дамуына кедергі жасады. Бұхара, Қазан, Самарқан, Уфа т. б. мұсылман ағартуы орталықтарының діни мектептері және медреселерінде бай-феодалдар балалары ғана оқып білім алды.

Қазақстанның Россияға қосылуы патриархалды-рулық қатынастардың ыдырауына, экономика мен мәдениеттің дамуына игі ықпалын тигізді. 1А ғасырдың аяғында Омбыда (1786) және Орынборда (1789) тілмаштар даярлайтын мектептер ашылды. 19 ғасырдың 1-жартысынан бастап бай-феодалдардың балалары дворяндарға арналған оқу орындарына - Кадет корпустарына қабылдана бастады. Түркістан өлкесі құрылғаннан (1867) кейін, патша укіметі және жергілікті өкімет орындары улт мектептерін ашу ісіне көңіл боле бастады.

1870 жылы 26 мартта Оқу министрлігі Россиядағы орыс емес халықтарды оқыту жөнінде қарар қабылдады. Қазақстан жерінде ашылған мектептер әр түрлі типте болды. 19 ғасырдыц 2-жартысында Ақмола және Семей облыстарында мектеп-интернаттар ашылды, олар кейін ауыл шаруашылық училищелері болып қайта құрылды. 20 ғасырдың басында бұл облыстарда ауылдық мектептермен қатар бір кластық және екі кластық орыс-қазақ училищелері ашылды. Осы сияқты мектептер Орал және Торғай облыстарында болды. Жетісу және Сырдария облыстарында орыс-қазақ мектептері, ал Бөкей ордасында старшын және учаске мектептері ашылды. Осы мектептермен қатар Қазақстан жерінде мектеп, медреселер, кейін жаңа әдіспен оқытатып мектептер де жұмыс істеді.

Қазақстанда мектеп жүйесін қалыптастыруда қазақ ағартушысы Ыбырай Алтынсарин зор роль атқарды. Оның прогресшіл педагогикалық көзқарасы алдыңғы қатарлы демократиялық орыс педагогикасының, әсіресе К. Д. Ушинскийдің педагогикалық идеясы негізінде қалыптасты. Ы. Алтынсарин интернаты бар екі кластық училищелер (оқу мерзімі 6 жыл) ұйымдастырды. Олар уездік училищелердің оқу жоспары және оқу программаларымен жұмыс істеуге тиісті болды. Сонымен бірге интернаты бар бір кластық училище (оқу мерзімі 4 жыл) және ауылдық көшпелі мектеп (оқу мерзімі 2 жыл) жоспарланды. 1886 жылы Ы. Алтынсаринның тікелей қатынасуымен Орынборда қырғыз (қазақ) мұғалімдер мектебі ашылды. Ол орыс-қазақ мектептеріне мұғалімдер даярлаудың орталығына айналды. Алтынсарин ұйымдастырған орыс-қазақ мектептерінің типі қазақ халқының әлеуметтік тұрмыс жағдайына сәйкестендірілді, сондықтан да ондай мектептер 20 ғ. бас кезінде революцияға дейінгі Қазақстанның көпшілік облыстарында ашылды. Бірақ патша өкіметі Қазақстанда оқу-ағарту ісінің халықтың талабына сай дамуына жол бермеді. Соның нәтижесінде 4911 жылыҚазақстанда 350 ғана орыс-қазақ училищесі жұмыс істеді, онда 6756 қазақ баласы, оның ішінде 289 қыз бала оқыды. Орыс-қазақ мектептерінде ана тілі, орыс тілі, арифметика, ән-күй, дін сабағы жүрді, тарих, география, жаратылыс тану пәндері екі кластық училищенің жоғары бөлімінде оқытылды. 19 ғасырдың 70-80 жылдарында оқу жүйесінде К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой, П. Ф. Бунаков, В. И. Водовозов, II. Д. Тихомиров, А. Я. Герд, Ы. Алтынсарин және И. Я. Яковлевтің оқулықтары қолданылды. 19 ғасырдың аяғы 20 ғасырдың басында А. В. Васильевтің («Букварь для киргиз» - «Қырғыздар үшін әліппе»), А. Е. Алекторов («Русско-киргизская азбука» - «Орыс қырғыз әліппесі», «К мудрости ступенька» - «Даналық басқышы», «Киргизская хрестоматия» - «Қырғыз хрестоматиясы»), С. П. Грамепицкий («Книга для чтения» - «Оқу кітабы», 1-бөл.), А. М. Вольпер («Русская речь» - «Орыс тілі», 1-3-бөл.) т. б. авторлардың оқулықтары оқытыла бастады. Қазақ Даласындағы мектептерде Ы. Алтынсарин оқулықтарының мәні ерекше болды. Патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарамастан халықтың оқуға, білімге деген құштарлығына байланысты Қазақстанда оқу-ағарту ісі баяу болса да дамыды. 1916 жылы орыс-қазақ училищелерінің саны 600-ге жетті, оларда 19 мың бала оқыды. Алдыңғы қатарлы мұғалімдер С. Көбеев, ағайынды Ахмет және Әбіғали Балғынбаевтар, С. Меңдешев, Е. Бабин, А. Құдайбергенов, А. Мазохин, М. Панков т. б. жастарға білім беруде зор еңбек сіңірді.

Орыс-қазақ мектептерінің саны аз болса да қазақ халқы мәдениетінің және оқу-ағарту ісінің дамуында айтарлықтай ролі болды. Болашақ дәрігерлер, мұғалімдер, жазушылар, жалпы алғашқы қазақ интеллигенциясы осы мектептерде білім алды. 1914/15 оқу жылында жалпы білім беретін 2006 мектеп, онда 105,1 мың оқушы болды.

Октябрь революциясынан кейін Қазақстанда оқу-ағарту ісінің дамуы. Мектепке дейінгі мекемелер. Қазақстанда балалар бақшасы Ұлы Октябрьлық социалистік революциясынан кейін ғана ұйымдастырылды. Қазақстан жерінде алғашқы балалар мекемелері 1919 ж. Алматы (Верный), Семей, Қызылорда, Орал, Торғайда ашылды.

Республикадағы мектепке дейінгі балалар мекемелерінің ашылуы ұлы көсеміміз В. И. Лениннің есімімен тікелей байланысты. В. И. Ленин 1920 ж. 26 июньде Сібірдің совет мекемелеріне жолдаған хатында: «Осы хатты беруші Путинцев Илья Данилович жолдасқа, өзінің жерінде, Семей губерниясының Павлодар уезінде балалар бақшасын және басқа да сол сияқты мекемелерді ұйымдастыру үшін барынша жәрдем көрсетілуін сұраймын» - деп жазды (Шығ., 44-т., 355-6.).

Мектепке дейінгі мекемелердің көбеюі оқу-тәрбие жұмысын жақсарту, педагог тәрбиешілер даярлау, оларды методикалық басшы құралдармен қамтамасыз ету мәселесін шешуді қажет етті. Сондықтан 1920 жылы Ташкентте бастауыш, жеті жылдық мектеп мұғалімдерін, балалар бақшаларына тәрбиеші-педагогтар даярлайтын педагогикалық училище 1922 ж. Орынборда, 1924 жылы Қызылордада қазақ қыздары үшін қысқа мерзімді курстар ашылды. 1924 жылы Орынборда ғылыми-педагогикалық мақалалары. «Мектепке дейінгі тәрбие жөнінде нұсқау» жарияланды. Осы жылыҚызылорда қаласында мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлерінің Бүкіл отандық тұңғыш конференциясы өткізілді. Онда балалар мекемелерінің материалдық базасын жақсарту, оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттыру, балаларды мектепке даярлау мәселері талқыланды.

Жергілікті жерлерде мектепке дейін мекемелер ұйымдастыруда, ондағы  тәлім-тәрбие жұмысы мәселелерін бұл халыққа түсіндіруде алғашқы кезеңде Н. Құлжанова, О. Д. Мухля, Е. Л. Романова (Верныйда), М. Г. Солдатова (Ақтөбеде), Бегімбекова (Бөгей). К. Д. Травина (Қызылорда), В. Покровский(Ақмолада) т. б. елеулі еңбек етті. Бұл мәселені насихаттауда сол кездегі «Әйел теңдігі» («Қазақстан әйелдері») журналы да зор роль атқарды. Жұмыс жүйесіндегі кемшіліктерді жою, мектепке дейінгі мекемелерге арнайы жетекші құралдар даярлау мәселелерін шешуде партия мен үкіметтің мектепке дейінгі тәрбие жөніндегі шешімдерінің үлкен мәні болды. Осы мерзім ішінде 1936 жылы балалар бақшасының Уставы және «Балалар бақшаларының тәрбиешілеріне жетекші құрал» қазақ тіліне аударылды. Тәлім-тәрбие жұмысына орталықтан басшылық жасаумақсатында 1938 ж. Халық ағарту комиссариаты жанында республикалық методикалық кабинет құрылды. Біраз үзілістен соң ол кабинет жұмысын қайта бастады.

Балалар бақшасының программалары да әр кезең талабына орай жаңартылып отырды. 1928 жылы «Мектепке дейінгі мекемелердің программасы», «Балалар бақшасының ішкі тәртібі», 1932 ж. «Балалар бақшасы тәрбиешілеріне басшылық», 1938 ж., 1945 және1953 ж. «Балалар бақшасының тәрбие программасы» басылып шықты. КПСС ОК мен СССР Министрлік Советінің «Мектепке дейінгі балалар мекемелерін одан әрі дамыту, мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесі мен дәрігерлік күтімін жақсарту шаралары туралы» 1959 жылғы қаулысында мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің жұмысын онан әрі дамыту міндеттері белгіленді. Осы қаулыдан кейін балалар мекемелері ясли-бақша болып біріктіріліп, жаңа тппті балалар мекемесі құрылды. Бақша саны 4 есеге жуық арттырылды. Программа толықтырылып қайта жасалды, 1970 жылы жаңа «Балалар бақшасындағы тәрбие программасы» жарияланды.

Қазақстандағы мектепке дейінгі мекемелер әсіресе бесжылдықтар кезінде көбейді. Балалы аналар жаппай еңбекке араласа бастауына байланысты, бақшаларды көбейту қажеттілігі туды. 1936-1940 жылдар арасында республикамызда 517 балалар бақшасы іске қосылып, онда 19706 бала тәрбиеленген еді. Ал 1950-1960 жылдар 1590 балалар бақшасы ашылып, онда 90598 бала тәрбиеленді. 1969 жылы қазақ балалар бақшасы қызметкерлерінің республикалық кеңесі өткізілді. Онда балалар мекемелеріндегі оқу-тәрбие жұмысының барысы және оны жақсарту шаралары, апа тілін үйретудің әдіс-тәсілдері, озық тәжірибелерді көпшілікке тарату мәселелері сөз болды. 9-бесжылдықта бақша саны 6573-ке жетіп, онда 709,2 мың бала тәрбиеленді. Мемлекеттік күрделі қаржы есебінен 130 490 орынды 900 үй салынды. Колхоздардың есебінен 34 мың орынды мектепке дейінгі мекемелер іске қосылды. Қазақстапдағы балалар бақшалары жыл санап, сап, сапа жағынан көркейіп, бастауыш мектеп негізіне айналды (кестені қараңыз).

 

Тұрақты балалар бақшалары мен ясли бақшалар (жыл соңында)

 

 

1940

1950

1960

1970

1976

1977

1978

Барлық тұрақты балалар бақшалары және ясли-бақшалар

553

691

1863

5149

6210

 

6552

Балалар, мың

21,4

26,7

113,4

518,5

707,0

741,4

719,4

Оның ішінде селолық жердегі балалар бақшалары мен ясли-бақшалар

252

233

934

2820

3560

 

 

Балалар, мың

6,2

5,2

32,5

180,1

249,8

-

-

 

Мектепке дейінгі мекемелер кадрларын Қазақстанда 20 педагогикалық училищелері,Қазақтың қыздар педагогикалық институтының мектепке дейінгі тәрбие факультеті даярлайды. 1976 жылы Қаскелен қаласында мектепке дейінгі арнаулы педагогикалық училищесі ашылды. Мектепке дейінгі мекемелерге басшылықты Қазақ ССР Оқу министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асырады.  

Жалпы білім беретіп мектептер. Ұлы Октябрьлық социалистік революцпясы адамзат тарихындағы зор өзгеріс болды. Совет өкіметінің алғашқы күндерінде РСФСР Халкомсовы мен Халық ағарту комиссариаты жаңа мектеп құру жөнінде бірнеше документтер қабылдады, соның ішінде аз ұлттардыңтілінде мектеп ашу жөнінде арнаулы қаулы алынды. 1918 жылы 21 январьда В. И. Ленин қол қойған «Шіркеуді мемлекеттен, мектепті шіркеуден бөлу жөніндегі» декрет, осы жылы 16 октябрьде қабылданған «Бірыңғай еңбек мектебі туралы ереженің» мектептерді ұйымдастыру жұмыстарында үлкен маңызы болды.

1920 жылы РСФСР құрамында Қазақ Автономиялық Советтік Социалистік Республикасы құрылды. Жаңа республиканың Халық I ағарту комиссариаты елде қазақ совет мектебін құру ісіне қызу кірісті. Елдің экономикасы мен мәдениетін дамыту ісіне халықтың жаппай сауатсыздығы үлкен кедергі болды. 1919 жылы 26 декабрьде В. И. Ленин «РСФСР халқының сауатсыздығын жою туралы» декретке қол қойды. 1921 жылы құрылған сауатсыздықты жою жөніндегі арнаулы төтенше комиссия Қазақстанда маңызды шараларды жүзеге асырды. Ересектер үшін курс, қызыл отау, қызыл керуендер ұйымдастыру арқылы хат танытумен қатар, ел ішінде саяси-тәрбие жұмыстары жүргізілді. Осындай шаралардың нәтижесінде 1930 жылы ерлердің 95,2%-і, әйелдердің 66,3%-і хат таныды. 1939 жылы халықтың 9-49 жастағыларының сауаттылары 83,6% болды.

Қазақстанда совет мектебі еліміздегі оқу ағарту жүйесінің негізінде жалпыға бірдей бірыңғай еңбек, политехникалық мектебі ретінде дамыды. Мектеп ана тілінде, тегін, діни емес, ер балалар мен қыз балалар бірге оқитын негізде құрылды. Мектепте оқыту ісі өмірмен, коммунистік құрылыстың практикасымен байланысты түрде жүргізілді.

Алғашқы кезде Қазақстанда бірінші басқыш мектеп бір, екі, үш, төрт жылдық болып ашыла бастады, интернаты бар мектеп-коммуналар құрылды. Сонымен қатар жетіжылдық мектеп және екінші басқыш мектептер ашылды. 1920-1921 оқу жылында республикада 2410 мектепте 144 мың бала оқыды, яғни 1914-1915 оқу жылындағымен салыстырғанда 404 мектеп артық болды.

1931-1940 жылдар Қазақстанда мектеп ерекше қарқынмен дамыды. 1930 жылы 14 тамызда «Жаппай міндетті бастауыш білім беру», 1931 жылы 5 сентябрьде «Бастауыш және орта мектеп туралы», 1932 жылы 25 августа «Бастауыш және орта мектептердің оқу программалары мен режимі туралы» және 1934 жылы «Бастауыш және орта мектептің құрылымы туралы» қаулылар республикада халық ағарту ісінің және мектептің ерекше тез дамуына ықпал етті.

Мектеп жүйесін тәртіптеу жөнінде шаралар жүзеге асырылды. Екі, үш жылдық мектептер 4 жылдық бастауыш мектеп болып қайта құрылды. Егер 1930 жылы бастауыш мектеп жасындағы балалардың 22%-і оқыса, 1937 жылы 96%-і оқыды. Бастауыш білім берумен қатар жеті жылдық және орта мектептерді көбейтуге көп көңіл бөлінді. Мектеп жасындағы балаларды мектепке тартуға, әсіресе қыз балаларды оқытуға ерекше мән берілді. 1937 жылдан 1939 жылға дейінгі аралықта олардың саны 20 мыңға артты. Мектептің оқу-материалдық базасын жақсарту ісі де қолға ерекше алынды. 1933 жылдан 1939 жылға дейін мемлекет қаржысына 280 мың орындық 2614 мектеп үйі салынды.

30 жылдары мектептің барлық пәні бойынша оқу программалары бекітілді, көптеген оқулықтар жасалды, оқытуда класс-сабақ жүйесі кең өріс алды. Пән ретінде орыс тілінің қазақ, ұйғыр мектептерінде оқытылуына ерекше көңіл бөлінді. 1940 жылы қазақ жазуы латын алфавитінен орыс графикасы негізінде жасалған жаңа алфавитке көшті.

Мектептерде ғылыми-методикалык жұмыстарды жолға қою мақсатымен 1932 жылы Ғылыми-методикалық кабинет ашылып, ол 1933 жылы Мектеп жөніндегі ғылыми-зерттеу институтына, 1954 жылдан педагогикалық ғылымдарының ғылыми-зерттеу институтына айналды. 1959 жылы оған ЬІ. Алтынсарин аты берілді.

Мектептің тез қарқынмен дамуы мүғалімдерді көптеп даярлауды қажет етті. 1940 жылы мұғалімдерді Қазақтың мемлекеттік университеті, 13 педагогикалық және мұғалімдер институты, 23 педагогикалық училищесі даярлады. Республикадағы мұғалімдердің саны 44887 болды, оның ішінде 17516 қазақ, 2500 қазақ әйелі мұғалімдік қызмет атқарды.

1938-1939 оқу жылында бастауыш мектеп бітірген балалардың 94%-і 5- класқа алынды. 1940 жылы республикада 5289 бастауыш, 1770 жеті жылдық және 698 орта мектеп болды, оларда 1 138 187 бала оқыды. Бұл табыс лениндік ұлт саясаты салтанат құруының және Қазақстанда мәдени революцияның жеңгендігінің айқын айғағы болды.

Партияның 18-съезі қалада он жылдық білім беруді жүзеге асыруды, селода жеті жылдық білім беруді аяқтауды міндет етіп қойды.

Совет халқының бейбітшілік өмірі фашистік Германияның тұтқиылдан шабуыл жасауына, Ұлы Отан соғысының басталуына байланысты тоқталды. Соғыс жылдарында батыс аудандардан көшірілген 19 мың баласы бар 149 балалар мекемелері Қазақстан жеріне орналастырылды. Мектептерде әскери- патриоттық тәрбие, еңбекке баулу мәселелеріне көп көңіл бөлінді, жастарға кешкі мектептер ашылды. 1942 жылы 15 ноябрьдегі Қазақстан К (б) П ОК мен Халкомсовының шешімі бойынша 5-7-кластарда ауыл шаруашылық негізін оқу міндеті енгізілді. 1942-1943 оқу жылында мектептер 24 мың тракторист, комбайнер, шофер даярлады. 80 мың мұғалім және оқушылар үйірмелерде агротехника негіздерін үйренді.

Соғыстан кейінгі жылдары жаппай міндетті жетіжылдық білім беру ісі қолға алынды. Мектептерде оқитын казақ балаларының саны ерекше көбейді. 1946 жылы жетіжылдық мектептерде 41 154, орта мектептерде 9157 қазақ баласы оқыса, 1956 жылы олардың саны біріншісінде 130 458, ал кейінгісінде 73 871 болды. Мектеп оқу шеберханасы т. б. оқуға керекті құрылыстарды салуға көп көңіл бөлінді. 1957-1958 оқу жылында колхоздар мен совхоздардың инициативасымен 44190 орындық 390 мектеп үйі, 6210 орындық 252 қосымша кластар, 407 оқу шеберханасы, 53 спорт залы, 86 интернат, мұғалімдерге 474 тұрғын үй салынды. Мемлекет қаржысымен 18 080 орындық 75 мектеп салынды.

Оқушылардың еңбекке даярлығын жақсарту мақсатымен 1954-1955 оқу жылынан бастап бастауыш кластарда қол еңбегі, 5-7-кластарда оқу шеберханалары мен мектеп жанындағы тәжірибе учаскелерінде практикалық сабақтар жүргізу енгізілді, жоғары кластарда машина тану, электротехнпка оқытылды.

КПСС 20-съезінен соң және «Мектептің өмірмен байланысын нығайту және СССР-де халық ағарту жүйесін одан әрі дамыту туралы заң» (1958) қабылданғаннан кейін оқушыларды өнімді еңбекке қатыстыру ісі кеңөріс алды.

КПСС 23-съезі жаппай орта білім беруді жүзеге асыру, мектепте оқыту мазмұнын ғылым, техника және мәдениеттің даму дәрежесімен сәйкестендіру міндетін қойды. КПСС ОК мен СССР Мин. Советінің 1966 жылғы «Жалпы білім беретін орта мектептің жұмысын одан әрі дамыту шаралары туралы» қаулысында бұл міндетті жүзеге асырудың жолдары кең түрде көрсетілді. Осы қаулыға сәйкес республикада мектеп жүйесі тәртіптелінді. Орта мектептің саны 2499 болды (937 орта мектеп қосылды), осы кезеңде жаңадан 202 қазақ орта мектебі қосылды. Сондай-ақ селолық жерлерде 653 жаңа орта мектеп ашылды. Мектеп жанындағы интернаттар мен мектеп-интернаттардың өсуіне жете көңіл бөлінді. 1970 жылы 159 мектеп-интернатта 56,6 мың бала тәрбиеленді, олардың 37 300-і қазақ балалары, мектеп жанындағы интернаттарда 129,9 мың бала тәрбиеленді. 1975 жылы әр типті интернаттарда 199,3 мың бала тәрбиеленді. Оқу күні ұзартылған 50 мектеп пен 12 114 топтарда 432,3 мың бала болды.

Партияның 24-съезінің қарарына, КПСС ОК мен СССР Мин. Советінің 1972 жылғы «Жастарға жаппай орта білім беруге көшуді аяқтау және жалпы білім беретін мектепті одан әрі дамыту» және 1973 жылғы «Жалпы білім беретін селолық мектептердің жұмысын одан әрі дамыту шаралары тура Жалпы білім беретін селолық мектептердің жұмысын одан әрі дамыту шаралары туралы» қаулыларына және «ССР Одағы мен одақтас республикалардың халыққа білім беру туралы заңының негіздеріне» сай оқу-ағарту органдары, мектептердің педагогикалық коллективтері, партия және совет органдарының басшылығымен тоғызыншы бесжылдықта жастарға коммунистік тәрбие беруде, жалпыға бірдей орта білім беруге көшуді аяқтауда көптеген жұмыстар істеді. 1976 жылы қазақ орта мектептерінің саны 2486-ға жетті, 54 ұйғыр, 139 өзбек, 8 тәжік орта мектебі жұмыс істеді, аралас мектептер 1242 болды. Өндірістен қол үзбей 286,9 мың адам оқыды, сегіз жылдық мектепті бітірушілердің саны 9-бесжылдықта 136,0 мың, орта мектепті бітірушілер 173,7 мың болды. Республикада жеке пәндерді тереңірек оқытатын 53 мектеп бар (1977) және Алматы қаласында республикалық физика-математикалық мектебі (1964) ашылды.

Республикада ақыл-ой және дене кемістігі бар балалар үшін жалпы білім беретін арнаулы мектептер ұйымдастырылған. Жалпы білім беретін мектептердің оқу-материалдық базасы жақсартылды. Кабинеттік жүйеге көшуге байланысты мектептер техникалық құралдармен көптеп жабдықталды. 1976 жылы мектептердің 98,3%-інің физикалық кабинеті, 96,1%-інің химиялық кабинеті, 92,3%-інің математикалық кабинеті, 94,6%-інің ана тілі мен орыс тілі кабинеттері болды. Мектептердің басым көпшілігі магнитофон, телевизор, диапроектор, киноаппараттармен қамтамасыз етілген. Ғылыми-техникалық прогресс, халық шаруашылығының интенсивті дамуы жалпыға бірдей орта білім беру ғана емес, орта білім мазмұнын жетілдіруді де қажет етті. 1967 жылы республика Оқу министрлігі жаңа оқу жоспарын бекітті, осымен бірге жаңа оқу программасы және жаңа оқулықтармен жұмыс істеуге көшу графиктері жасалды. Қазақ бастауыш мектептері үшін жасалған оқу програмалары мен оқулықтар 2 жыл бойы эксперименттен өтіп, 1971-1972 оқу жылынан бастап республика мектептері сол программа, оқулықтармен жұмыс істеуге кірісті. Жаңа программа бойынша оқытуға байланысты факультативтік сабақтар ұйымдастырылып, 1974-1975 оқу жылында оларға 728,6 мын оқушы қамтылды (кестені қараңыз).

Жалпы білім беретін мектептердің барлық түрі (оқу жылының басында)

 

Жылы

Жалпы білім беретін мектептер саны

Оқушылар саны (мың)

барлығы

оның ішінде

1-3-кластарда

4-8-кластарда

9-10 (11)

кластарда

1914/15

2006

105,1

92,4

12,3

0,4

1927/28

3940

274,6

227,5

46,3

0,8

1937/38

8028

1025,3

633,0

384,1

8,2

1940/41

7971

1158,1

473,0

654,5

30.6

1950/51

9450

1365‘1

670,4

665,7

29,0

1960/61

10444

1820,3

813,8

907,7

98,8

1965/66

10728

2852,0

1013,4

1449,4

389,2

1970/71

10147

3225.8

1086,6

1708,0

431,2

1975/76

9(04

3346,4

961,5

1726,6

658,3

1977/78

9041

3266,1

956,1

1606,2

703,4

1978/79

8910

3257,2

2551,6 (1-8-кластарда)

705,6

 

9-бесжылдықта мектепке арналып жаңа оқу программаларына сай 263 түрлі оқулық 388 78 мың дана тиражбен басылып шықты. 1983 жылға дейін мектеп оқушыларын тегін оқулықтармен қамтамасыз ету ісі аяқталады.

1978-1979 оқу жылынан 1-класс оқушыларына тегін оқулық берілді.

Республика мектептерінде оқушыларды еңбекке баулу мәселесіне көп көңіл бөлінеді. 1976 жылы 403 орта мектеп оқушыларды автомобиль жүргізу ісіне үйретті, 917 орта мектеп тракторшы, комбайншы даярлады, 219 орта мектеп оқушыларды мал шаруашылығын механикаландыру ісіне даярлады. 1972-1975 жылдар жалпы білім беретін мектептер 100 мың балаға ауыл шаруашылығы мамандықтарып үйретті, олардың жартысынан көбі колхоз бен совхоздарда сол мамандықтары бойынша жұмысқа орналасты. Кейінгі жылдары мектеп аралық оқу-өндірістік комбинаттар пайда болды. 216 мектептің 25,3 мың оқушылары 21 комбинатта жұмыс істеді (1977). Сонымен қатар оқушылардың өндірістік бригадаларының саны көбейді. 2134 оқушылар бригадаларында 141,5 мың оқушы жұмыс істеді. Жалпы орта білім беретін мектептер жергілікті жердің ерекшелігіне байланысты бастауыш мектеп (1-3, 4 кластар), сегіз жылдық мектеп (1-8-кластар), орта мектеп (1-10-кластар) болып бөлінді. Мектептің бірыңғай және бірізділігін сақтау негізгі принцип болып табылады. Республика мектептері жалпы Советтер Одағы мектептеріне арналған оқу жоспары негізінде жасалған оқу жоспарымен жұмыс істейді.

Қазақ және ұйғыр мектептерінде апталық оқу сағаты 1-класта 24,5 сағат, 2-3-класта 26 сағат, 4-класта 27 сағат, 5-7-кластарда 33 сағат 8-класта 34, 9- класта 36, 10-класта 35 сағ. Орыс тілінде оқитын мектептерде 1-класта 24 сағат, 3-4-кластарда 26, 5-6-кластарда 32, 7-класта 32,5, 8-класта 33,5, 9-класта 32,5, 10-класта 34 сағ. Оқу жылы барлық мектептерде 1 сентябрьде басталып, 1-7-кластарда 30 майда, 8-кластарда 10 июньде, 9-10-кластарда 24 июньде аяқталады. Оқу жылы аяқталған соң, 4-8-10-кластарда келесі класқа көшіру және бітіру емтихандары басталады. Республикада 18 педагогикалық институты, 19 педагогикалық училищелері мұғалімдер даярлайлы (1977). 9-бесжылдықта институттар 45 969, ал училищелер 21 695 мұғалім даярлады, 1977-1978 оқу жылында республикада 165 604 мұғалім болды. 4 мұғалімнің Социалистік Еңбек Ері, 1236 мұғалімнің Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі атағы бар. 11 мың мұғалім орден, медальдармен. 26 мың мұғалім СССР және Қазақ ССР «Халык ағарту ісінің озық қызметкері» значогымен наградталған (1977). Мұғалімдердің білімін жетілдіретін Орталық инстптут, облыс институттар және Алматы қалалық институты бар. Жалпы білім беретін мектептерге басшылықты республика Оқу министрлігі жүзеге асырады. Мектептер жұмысы жайлы мәселелер республикалық «Қазақстан мұғалімі». «Учитель Казахстана» газеттері мен «Қазақстан мектебі», «Бастауыш мектеп» журналдары беттерінде жарияланады.

Мектептен тыс мекемелер. Мектептен тыс мекемелер балалардың қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Қоғамдық белсеңділігін, еңбек сүйгіштікке, ғылымға өнер, спортқа деген қызығуын тәрбиелейді және оқушылардың демалысын ұйымдастырады.

Қазақстанда мектептен тыс мекемелер Ұлы социалистік революциясынан кейін ғана құрыла бастады. Республикада 1950 жылы 206 мектептен тыс мекеме болды. Оның ішінде 186 пионерлер және оқушылар сарайлары мен үйлері, 4 жас техниктер ст., 7 жас натуралистер ст., 8 балалар парктері, 4 балалар спорт мектебі. 1959 жылы Алматы жас техниктер ст., респ. балалар арасындағы мектептен тыс жұмыстыңметодикалық-нұсқау орталығына айналды. Республикалық жас техниктер станциясында 42 үйірме бар, оған 700-ден астам оқушы қамтылған (1978). 1961 жылы жас туристер станция құрылды, оның жұмысына көптеген оқушы қатысады.

Жас туристер станцияның ұйымдастырға жорықтары

 

Жорық

Оқушылар саны

1961

1977

1. Демалыс жорықтары

2. Көп күндік жорықтар

3. Экскурсиялардың барлық түрі

65070

23402

66069

656010

640110

988799

 

 

КПСС 25-съезі бекіткен СССР халық шаруашылығын өркендетудің 1976-1980 жылда арналған негізгі бағыттарында мектеп оқушыларының творчестволық жұмыс жақсарта түсу мақсатында мектептен тыс балалар мекемелерін өрісте-белгіленді. КПСС ОК мен СССР Мин.Советінің 1977 жылғы «Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді және оларды еңбекке даярлауды одан әрі жетілдіру туралы» қаулысында мектептен тыс мекемелердің мектепке, пионер, комсомол ұйымдарына көмектесудегі ролі көрсетілді. 1978 жылы Қазақстанда 2 пионер және оқушылар сарайлармен үйлері (үйірмелерге 126 401 оқушы қамтылды), 101 жас техниктер станция(33 646 оқушы), 63 жас натуралистет станция (31 579 оқушы), 21 балалар экскурсия-туристік станция (12 573 оқушы). 1-2 балалар паркі (1200 оқушы), 9 балалар стадионы (1765 оқушы), 362 балалар спорт мектебі (143 606 оқушы) болды. Республика облыстарында жылдан-жылға мектептен тыс мекемелер саны көбеюде. Мыс., Торғай облысының1970 ж. 6 мектептен тыс мекеме болса, 1975 жылы 27, Жамбыл облысында 1970 жылы 35, 1975 ж. 45, Шығыс Қазақстан облысында 1970 жылы 42, 1975 жылы 55 болды. Жыл сайын республикада мектептер мекемелердің қатысуымен фестиваль, олимпиада, конкурстар, байқаулар, жарыстар, спартакиада, оқушылар өндірістік бригадаларының және туристердің слеттері өткізіледі. Қазақстан құрама командалары аймақтық және бүкіл одақтық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр. 1976 жылы радиоспортшылар командасы 3-орынға, авиамоделист-трассовиктер 2-орынға ие болды. Мектептен тыс мекемелерге Қазақстан ЛКСМ ОК және Оқу министрлігі басшылық етеді. Мектептен тыс мекемелер жұмысы республикалық жастар газеті, журналдары мен Оқу министрлігінің органы «Қазақстан мұғалімі», «Учитель Казахстана» газеттері және «Қазақстан мектебі» журналында жарияланады.

Кәсіптік-техникалық оқу орындары. Қазақстанда Ұлы социалистік революциясына дейін 302 оқушысы бар 7 училище жұмыс істеді. Ол училищелердің оқушылары ауыл шаруашылық қол өнеріне даярланды. Оқытушылары тиісті білімі жоқ практиктер болды. Торғай-Яковлев және Орал қолөнері училищелері ағаш және темір ұсталарын, слёсарьлар мен тігіншілер даярлады.

Совет өкіметінің алғашқы жылдарынан бастап, Қазақстанда маман жұмысшылар даярлау ісі негізгі және басты мәселенің бірі болды. Әсіресе, жастарды өндіріске жаппай даярлау қолға алынды. Оку мерзімі, оқушының кәсіптік-техникалық білімді игеруі, оның өндірісті меңгеру шеберлігіне байланысты белгіленді.

Жан-жақты білімі бар маманды жергілікті ұлт кадрларынан көптеп даярлау мақсатында, ҚАССР Халкомсовының 1921 жылы қаулысы бойынша кәсіптік-техникалық білім беру бөлімі, республика халкомсовының Оқу халық комиссариатынын, кәсіптік-техникалық білім беру бас комитеті болып құрылды. 1922-1923 оқу жылында республиканың Кәсіптік-техникалық білім беру бас комитеті арнаулы шаралар белгілеп оқу орындарының санын көбейтті және нығайта түсті. Жаңадан көптеген фабрика-заводтық оқу орындары (ФЗО) ашылды.

Республикада индустрияландырудың алғашқы жылдарында кәсіптік-техникалық білім беретін оқу орындарының көлемі қеңейді. 1927 жылы 21 ФЗО мектебінде 810 адам оқыды. Қарсақбай мыс қорыту мен Шымкент қорғасып зауыдында, Риддер түсті металлургия комбинаты т. б. өндіріс орындарында ФЗО мектептері ашылды. Қазақстанда 1930 жылдың аяғында 1100 оқушы оқитын 26 ФЗО мектебі болды.

1932 жылы ФЗО мектептерінің саны 54-ке жеткізілді, онда 2067 оқушы. оқыды. Әсіресе, ауыр өнеркәсіп орындары үшін жас жұмысшыларды даярлау ісі жақсара түсті. 1930 жылы оларга кадрды 8 ФЗО мектебі даярласа, 1934 жылы 15 мектеп даярлады. Кәсіптік-техникалық оқу орындары көмір, мұнай, металлургия және тау-кен өнеркәсібі үшін мамандандырылған жұмысшылардың үлкен тобын даярлап жібере бастады. 1940 жылыҚазақстанда жоспардағы 5480 оқушы орнына, контингенті 5800 адамдық 35 оқу орны ашылды. Оның 7-і қолөнер, 5-і темір жол және 23-і ФЗО мектептері.

1941 жылдың 1-жартысында Қазақстанның халық шаруашылығына ФЗО мектептері 16 мамандықта 3480 маман жұмысшы даярлап шығарды. Оның 780-і слесарь, 127-сі токарь, 126-сы электромонтер, 108-і металлург, 1160-ы тау-кен жұмысшы т. б.

1941-1942 жылдар еліміздің батыс аудандарындағы қолөнер, темір жол училищелері мен ФЗО мектептері Қазақстанға көшірілді. Республикаға он мыңдаған оқушысы бар 25 училище, көптеген мектеп орналастырылды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында училищелер мен мектептер 5 жылда 21 156 слесарь, 11413 токарь, 14292 тау-кен өнеркәсібі жұмысшыларын, 9507 темір жол транспорты жұмысшыларын, 8314 құрылысшы, барлығы 165 мамандық бойынша, 102 мың маман жұмысшы даярлады. Осы жылдары оқушылар күшімен 220 мың тонн көмір, 100 мың тонна руда қазылды, 40 мың тонна мұнай өндірілді. 500 паровоз бен 2000-пан астам темір жол вагондары жөнделді.

СССР Министрлік Советі қолөнер, темір жол училищелері және ФЗО мектептеріндегі оқу-тәрбие жұмысын жтілдіру мақсатында еңбек резервтерін даярлауды жақсарту және қолөнер, темір жол училищелері мен ФЗО мектептері даярлайтын жұмысшылардың санын көбейту туралы тиісті шаралар белгіледі. Әсіресе, Қарағанды көмір бассейні үшін жүмысшылар далрлауға ерекше коңіл болінді: 43 ФЗО мектебі оқу мерзімі алты айлық тау-кен өнеркәсіп мектебі болып қайта құрылды. Соғыстан кейінгі бесжылдықта көмір, металлургия, мұнай, кеме жасау т. б. халық шаруашылығының басты салаларына кәсіптік-техникалық училищені бігірген 120 маман жұмысшы жіберілді. 1955 жылы республикада контингенті 3600 балалық 20 құрылыс мектебі ашылды. 1958 жылы тағы да жаңадан 14 құрылыс училищесі ашылды. 1956-1958 жылдар жаңадан 49 ауыл шаруашылығын механикаландыру училищелері құрылды. 1959 жылдың соңында мұндай училищелер саны 177-ге жетіп, оларда 32,9 мың оқушы оқыды. Республиканың еңбек резервтері оқу орындарына 1945-1961 жылдар 411,5 мыңнан астам қазақ жастары - жігіттер мен қыздар тартылды.

1959 жылы партия мен өкімет шешімі бойынша қолонер, темір жол, ауыл шаруашылық училищелері мен ФЗО мектептері қалалық және селолық кәсіптік-техникалық училищелері болып қайта құрылды. 7-бесжылдықтың 1-жылында жалпы саны 23 350 адамдық 75 қалалық кәсіптік-техникалық училище жұмыс істеді. Олардың саны 1966 жылы 1 январьда 154-ке жетті. Оларда 45 741 оқушы болды. 1959 жылы бұлардағы оқушының саны 50 280 адамға өсті. 1964 жылдан бастап Қазақстанның кәсіптік-техникалық училищелері маман құрылысшылар даярлау ісінде туысқан МХР-ға көмек көрсете бастады. Жамбыл қаласындағы № 14, Ленгердегі № 82 (Шымкент обл.), Қарағандыдағы № 21, Лениногордағы № 7, Өскемендегі № 52 кәсіптік-техникалық училищелері Монғолияның 800 азаматына аттестат берді. 1976-1977 оқу жылында Ленгердегі № 82 кәсіптік-техникалық училищеде ВСР-ден 170 адам оқып мамандық алды. 1966-1970 жылдар республикада кәсіптік-техникалық білім бередін училищелер халық шаруашылығына 500 мың маман жұмысшы даярлады, оның 280 мыңы механизаторлар. 1963 жылдан бастап училищелер арнайы мамандықпен бірге орта білім бере бастады. Сол жылы оқу мерзімі 4 жылдық 3 тау-кен училищесі ашылды. 1969 жылы 17 кәсіптік-техникалық училищенің оқу мерзімі 3 жылға көшірілді, оның 10-ы селолық. 7-і механизатор қыздар даярлады, 1970 жылы республикада осы негізде 56 училище жұмыс істеді. Оның 20-сы Қазақ ССР ауыл шаруашылық минситрлігінің, 4-і СССР Көмір өнеркәсіп министрлігінің базасында болды. 9-бесжылдықта республикада орта білім беретін кәсіптік-техникалық училищелер саны кобейді, онын саны 196-ға жетті. Бұл бесжылдықтың бас кезеңімен салыстырғанда 3,5 есе көп. Оқушылар саны өсті - 1971 жылы 26,6 мың болса, 1975 жылы 88,9 мыңға жетті.

Қазақстанда 9-бесжылдық тұсында кәсіптік-техникалық училищелер үшін ірі өнеркәсіп мекемелері негізінде, қазіргі кезге лайық ондаған жаңа комплекстер салынды. Бұрыңғы училищелер кеңейтіліп «кайта жабдықталды, оның материалдық-техникалық базасы өсті. 1971 жылы селолық училищелерде 4722 трактор болса, 1975 жылы 4580 тиісті мерзімде астық комбайны 1243 (1971), 1400 (1975), автомобильдер 1923                               (1971), 2250 (1975) болды. Металл кескіш станоктар 1971 жылы 3-мың болса, 1975 жылы 4 мыңға көбейтілді, осы мерзімде ағаш өңдеуіш станоктар 1,1 мыңнан (1971) - 1,5 мыңға (1975) жетті. Училищелер пайдаланатын жердің ауданы артты: 1959 жылы 18 503 га болса, ол 1975 жылдың басында 85,516 га-ға өсті. 9-бесжылдықта училищелер үшін 143,1 млн. сом күрделі қаржы жұмсалды. 35550 оқушыға арналған училищелер үйлері салынды. Осы мерзімде 63 оқу комплексі іске қосылды, оның 20-сы селолық кәсіптік-техникалық училище, 50 оқу-өндірістік шеберхана, 6020 төсектік 34 жатақхана т. б. құрылыстар.

Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі құрылғаннан бастап Қазақстанда 2,5 млн. маман жұмысшылар даярланды, демек, республикадағы 3 жұмысшының біреуі училище түлегі. Олардың арасында Совет Одағының Батыры, Социалистік Еңбек Ері, Лениндік және Мемлекеттік сыйлық алғандар, өндіріс озаттары, коммунистік еңбектің екпінділері көптеп саналады.

Сондай-ақ орта білім беретін кәсіптік-техникалық училищелерге оқушы көптеп қабылданды. Егер 9-бесжылдық жылдарында оған 132 мың оқушы қабылданса, 1976-1980 жылдар 267 мың оқушы қабылдану белгіленген, демек 2 есе көп. Ал техникалық училищелерге оқушы қабылдау 3 есе - 54 мыңнан 148 мың оқушыға дейін көбейе түспек.

10-бесжылдықта маман жұмысшылардың саны едәуір артты. Орта білімді кадрлардың саны 1971-1975 жылдардағы 83 мың адамның орнына, 270 мың адамға өсіп, 3 еседей көбейді. Осыған орай, жаңадан құрылыстар салу жоспарланды. 10-бесжылдықтың тұсында 541,4 млн. сом ақша игеріліп, 130 мың орынды мектеп салынып бітпек. 10-бесжылдықта селолық кәсіптік-техникалық училищелердің құрылысын көркейтуге ерекше коңіл болінді. 1980 жылдың соңында республикада қазіргі талапқа сай салынған 467 кәсіптік-техникалық оқу орнының жұмыс істеуі тиіс, оның 447-сі күндізгі оқу орны болмақ. Жоспар бойынша, оның 201-і қалалық, 194 і селолық, 52-сі техникалық, кәсіптік-техникалық оқу орны болуы керек. Орта білім беретіи кәсіптік-техникалық оқу орындарының саны бесжылдық соңында 286-ға жеткізілмек.

Партия мен үкімет алға қойған кәсіптік-техникалық оқу орындарының жұмысын жақсартуға бағытталған мұндай күрделі жұмыс шараларын іске асыру кәсіптік-техникалық оқу орындарының оқу-өндірістік базасын тиімді пайдаланып, оқудың сапасын ұдайы арттырып, халық және ауылшаруашылық өндірісінің барлық саласып маман жұмысшылармен камтамасыз етуге жәрдемдеседі.

Арнаулы орта оқу орындары. Ұлы социалистік революциясына дейінгі Қазақстанда кәсіптік білім беретін училищелер болды. Педагог кадрлары мұғалімдер семинарияларында даярланды. Қазақстандағы 1-семинария 1903 жылы Семейде, 1913 жылы Верный, Ақмолада, Ақтөбе мен Оралда ашылды. Училищелердің оқушылар контингенті өте аз болды жәненегізінен үстем тап балалары қабылданды.

Ұлы социалистік революциясынан кейін ғана Қазақстанда арнаулы орта білім беру ісін дамытуға кең жол ашылды. В. И. Лениннің нұсқауы бойынша өнеркәсіп мекемелері базасында арнаулы орта білімнің негізін құруға көмектесу үшін белгілі партия қайраткерлері П. Н. Лепешинский. Р.А.Дрейман т. б. Қазақстанға келді. Совет үкіметінің халық ағарту жөніндегі алғашқы декреттері мен шешімдерінің зор тарихи мәні болды. 1918 жылғы декрет бойынша жалпы білім беретін орта мектептер, кәсіптік-техникалық училищелер, арнаулы орта оқу орындары Халық ағарту комиссариаты жүйесіне кірді. 1919 жылы РК(б)11 8-съезінде қабылданған партия Программасында жалпы политехникалық білім негізінде 17 жастап кәсіптік білім беруді кеңінен дамыту міндеті қойылды. Социалистік революциясы жеңісінен кейін қазақ шаруаларының отырықшылыққа көшуі және егін шаруашылығымен айналысуына, алғашқы ауыл шаруашылық артельдері мен коммуналарының құрылуына байланысты ауыл шаруашылығы мамандарын көптеп даярлау қажет болды. 1918 жылы Қазақстандағы алғашқы арнаулы орта оқу орындарының бірі Жетісу ауыл шаруашылық училищесі ашылды. Құрылған жылы училищеде 22 адам, оның ішінде бір қыз оқыды. 1923 жылы Шығыс Қазақстан облысының Явлеика селосында Ленин ауыл шаруашылық техникумы құрылды. 1920 жылы Семей құрылыс техникумы ашылды. Ол республиканың халық шаруашылығына қажетті құрылысшы-техниктер даярлауда зор роль атқарды. Жас мамандар тікелей өз мамандықтары саласында жұмыс атқарумен бірге, сол кезеңдегі тап күресіне белсене қатысып, социалистік құрылыстың нығаюына ат салысты. 1924 жылы РК(б)П 13 съезі экономика мен мәдениет саласында ұлт кадрларын даярлау, ұлттық интеллигенция құру, оларды саяси-идеялық жағынан шынықтыру міндеттерін қойды. 1924 жылдың соңы мен 1925 жылдың басында республикада 25 арнаулы орта оқу орны: 14 педагогикалық, 6 ауыл шаруашылық, 2 орман-тоғай, 1 зоотехникалық-мал дәрігерлік училищесі, 1 медицина училищесі, 1 өнеркәсіп-экономикалық техникумы болды. Ол техникумдарға негізінен жұмысшы және кедей шаруалар балалары қабылданды. Өнеркәсіп саласында мамандар әлі де көптеп жетіспеді. Мыс., Қарсақбай, Спасск мыс қорыту зауыдтарында, Қарағанды, Байқоңыр көмір бассейндерінде, Орал, Жетіқара рудниктерінде барлығы 6 техник, есептеу аппаратынын, 14 маманы болды.

1930 жылы партияның 16-съезі социалистік құрылыстың қол жеткен табыстарына сүйене отырып, жалпыға бірдеп бастауыш білім беру міндетін қойды. Республиканың қалалары мен селоларында мектеп құрылысы қанат жайып, сауатсыздықты жою пункттері көбейді. Осыған сәйкес орта мектептер саны көбейіп, 1937 жылы 9-10 кластарда 20672 оқушы оқыды. Орта мектеп жоғары жәпе арнаулы орта оқу орындарына абитуриенттер даярлаудың көзіне айналды. Сонымен бірге республикада техникумдар жанында курстар мен жұмысшы факультеттері (рабфак) ұйымдастырылды. Олардағы оқушылар саны 14 мыңға жетті. Қазақстанда алғашқы жұмысшы факультеті 1921 жылы Орынборда ашылды. 1921-1922 оқу жылында онда 236 оқушы, 37 мұғалім болды. 1929 жылы 1500 қазақстандық орта білімді мамандар басқа республикаларда даярланды. 1933 жылы республикада техникумдар саны 95-ке (11019 оқушы) жетті. Бұл жылы техникумда 1624 маман даярланып шықты, оның ішінде өнеркәсіп, құрылыс, транспорт мамандары - 452, ауыл шаруашылық - 527, медициналық қызметкерлері - 131, мұғалім және ағарту қызметкерлері - 411 адам. 1939-1940 оқу жылында республикада 120 арнаулы орта оқу орны (26321 оқушы) болды, оның ішінде өнеркәсіп және кұрылыс саласында - 17, ауыл шаруашылық - 22, ағарту және өнер - 23, денсаулық сақтау - 32. 1939жылы 5302 маман даярланды. Республиканың кадр даярлаудағы табыстары және басқа республикалардың туысқандық көмегі Қазақстанның кәсіп орындарында және жаңа құрылыстарында инженер-техникалық кадрларының қалыптасуына негіз болды. 2-бесжылдықтың соңында өнеркәсіп саласында 5069 инженер мен техник жұмыс істеді (1926 жылы 746).

1941 жылдың басында республикада 30 мыңнан астам оқушысы бар 118 арнаулы орта оқу орны болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында техникумдар саны (92) азайғанмен, оқушылар контингенті сол қалпын толық дерлік сақтады. Соғыстың ауыр жылдарында үкімет пен партия ауыр өндіріс және жеңіл өнеркәсіп мамандарын даярлауға зор көңіл бөлді. 1943 жылы Алматы политехникумы, Солтүстік Қазақстан механика, Целиноград машина құрылысы, Қостанай және Талдықорған ауыл шаруашылық техникумдары ашылды. Соғыстан кейінгі жылдары арнаулы орта оқу орындары республикада кең қанат жайды.

1959 жылы ұйымдастырылған Жоғары және арнаулы орта білім министрлігі арнаулы орта оқу орындарына басшылықты жүзеге асырды.

1959-1960 жылдар республикада 141 арнаулы орта оқу орны болды, онда 81500-ден астам оқушы оқыды. Арнаулы орта оқу орындарының жұмысын жақсартуда СССР Министрлік Советінің 1966 жылы 3 сентябрьдегі «Елдегі мамандар даярлау ісін жақсарту және жоғары және арнаулы орта білім беру ісіне басшылықты нығайту шаралары туралы» қаулысы, Қазақстан КП ОК мен Қазақ ССР Министрлік Советінің 1977 жылы 5 июльдегі «Республиканың арнаулы орта оқу орындарында құрылысшы мамандар даярлаудың жайы және оның сапасын жақсарту шаралары туралы» қаулысының мамандар даярлау ісінде үлкен маңызы болды. Жыл сайын республика бойынша 63 мың орта білімді маман даярланады. 1979 жылы халық шаруашылығының түрлі саласында 720 мың арнаулы орта білімді маман жұмыс істеді. 9-бесжылдықта 274,2 мың маман даярланса, 10-бесжылдықта 300 мыңнан астам арнаулы орта білімді маман даярланады.

Арнаулы орта оқу орындарының ведомстволар бойынша бөлінуі: а) Республикалық министрліктер мен ведомстволар қарауында - 183. Оның ішінде Жоғары және арнаулы орта білім министрлігінде - 81; Ауыл шаруашылық министрлігінде - 39; Денсаулық сақтау министрлігінде- 27; Оқу министрлігінде 24; Тұтыну қоғамдары одағында - 10; Су шаруашылығы министрлігінде - 2; ә) одақтық министрліктер мен ведомстволар қарауында - 41.

Халық шаруашылық жоспары бойынша 10-бесжылдықта 18 техникум және училищелер ашу белгіленген, 1976-1978 жылдар оның 17-сі ашылды. Республиканың экономикасы мен мәдениетініц дамуына байланысты арнаулы орта оқу орындары көбейе түсті.

1979 жылы республиканың арнаулы орта оқу орындарында 211 түрлі мамандық берілді. Қазақстанда құрылған техникумдар мен училищелер республика халық шаруашылығының орта дәрежелі маман кадрлары жөніндегі қажетін толық қамтамасыз етеді.

Арнаулы орта оқу орындары 8 жылдық (оқу мерзімі 3-4 жыл) және 10 жылдық (2-3 жыл) жалпы білім беретін мектептер базасында құрылады. Арнаулы орта оқу орындарындағы оқыту жалпы орта білім, мамандығы бойынша теориялық және практикалық білім, шеберлік пен дағдылар комплексі негізінде жүреді. Арнаулы орта білім беру жүйесіндегі оқу орындарының негізгі типі - техникумдар мен училищелер. Олардың күндізгі, кешкі, сырттан оқу түрлері бар (кешкі және сырттан оқу бөлімдерінде оқу мерзімі күндізгіден 1 жыл артық), арнаулы орта оқу орындарына басшылықты республиканың Жоғары және арнаулы орта білім министрлігі мен салалық министрліктер асырады.

 

Кесте - Қазақстан техникумдары мен училищелерінің мамандықтар бойынша көрсеткіштері (1977)

 

Техникумдар мен училищелер түрлері

Саны

Оқушылар контингенті

1. Өнеркәсіп

48

57932

2. Құрылыс

16

21057

3. Транспорт

12

18018

4. Байланыс

3

3806

5. Экономика

19

24854

6. Ауыл шаруашылығы

43

65644

7. Денсаулық сақтау

28

27864

8. Оқу-ағарту

38

29686

9. Өнер және кинематография

20

9424

10. Физкультура және спорт

3

1259

11. Право

1

660

Барлығы

231

260234

 

Жоғары оқу орындары. Ұлы социалистік революциясына дейін Қазақстанда бірде-бір жоғары оқу орны болмады. Қазақ совет республикасының құрылуы аграрлық шет аймақта социалистік құрылыстың дамуына жағдай тудырды.

Республикада жоғары оқу орындарын ашуға алғашқы қадамдар жасалды. Социалистік қоғам кадрларын даярлау мәселесі республика партия, совет органдарының алдына 1-міндет етіп қойылды. Мұғалім және халық шаруашылығының басқа саласына қажетті кадрларды даярлау мақсатында ҚАССР Халкомсовы 1921 жылы Орынборда қазақ мемлекеттік университетін ашу жөнінде қаулы қабылдады. Бірақ жоғары оқу орындарын ашуға тиісті жағдайлардың болмауына байланысты, ол қаулы жүзеге аспады. Ол кезде жоғары білімді ұлттық кадрлар Москва, Ленинград, Омбы, Саратов т. б. қалаларда даярланды. Ташкенттегі Түркістан мемлекеттік университетінде 1924-1925 оқу жылында қазақстандық 900-ден астам студент оқыды. Алғашқы қазақ халық ағарту институттары 1920 ж. Ташкент, Орда, Алматы, Семей, Орынборда (кейін Қызылордаға көшірілді) ашылды. Олар жалпы білім беретін орта мектептерге мұғалімдер даярлайтын 4 жылдық арнаулы орта оқу орындары дәрежесінде жұмыс істеді. ҚАССР Халкомсовының 1926 жылы 2 июньдегі қаулысы бойынша Ташкенттегі қазақ халық ағарту институты қазақ жоғары педагогикалық институтына айналды.

Кесте - Арнаулы орта оқу орындары (оқу жылының басында)

 

Оқу жылы

Оқу орындарының саны

Оқушылар саны (мың)

барлығы

күндізгі

бөлімде

кешкі бөлімде

сырттан оқу бөлімінде

1914/15

7

0,3

0,3

-

-

1936/37

83

23,5

-

-

-

1940/41

118

30,3

19,4

-

10,9

1950/51

112

41,9

33,7

-

8,2

1960/61

140

86,7

51,6

9,1

26,0

1965/66

169

171,1

91,0

18,0

62.1

1970/71

192

217,9

133,4

21,4

63,1

1975/76

210

233,2

156,9

15,1

161,2

1977/78

220

247,4

168,7

15,0

63,7

1978/79

223

254,0

173,3

15,1

65,6

 

 

Кадр даярлау мәселесіне байланысты жүргізілген жұмыстардың және орыс ғалымдары көмегінің нәтижесінде республикада бірінші университет ашу мүмкіндігі туды. РСФСР үкіметінің шешіміне сәйкес ҚАССР Халкомсовы 1928 жылы 10 июньде Алматыда Қазақ мемлекеттік университетін (педагогика, ауылшаруашылық, медициналық факультеттерімен) ашу жөнінде қаулы қабылдады. Қазақ мемлекеттік университеті 1928 жылдың 1 октябрінен құрамында 3 бөлімі бар (физика-математикалық, жаратылыс тану, әдебиет-лингвистика) бір педагогикалық факультетімен жұмыс істей бастады. Оның тұңғыш ректоры профессор С. Ж. Асфендияров болды. Алматыда Қазақ мемлекеттік университетінің ашылуына байланысты Ташкенттегі Қазақтың жоғары педагогикалық институты таратылып, бұрынғы Қазақ ағарту институты орта педагогикалық оқу орны ретінде қайта құрылды.

Республика алдына қойылған жаңа халық шаруашылық міндеттеріне сәйкес, кадрдаярлау жүйесі жетілдіріле түсті. Алғашқы жылдары Алматыда зоотехникалық-мал дәрігерлік (1929), ауыл шаруашылығы (1930) және медицина (1931) институттары құрылды. Қазақ мемлекеттік университеті 1930 жылы Қазақ педагогикалық институтына айналды.

1932 жылы Орал педагогикалықинституты, Семейде геологиялық-барлау институты (кейін Алматы тау-кен металлургия институты, қазір политехникалық институт) ашылды. 1932 жылы Қазақстан жоғары оқу орындары тұңғыш 288 маман даярлап шығарды. Дегенмен республика жоғары оқу орындары халық шаруашылығының маман кадрлар жөніндегі қажетін қанағаттандыра алмады. СССР Халкомсовының 1933 жылы 20 октябрьдегі «Қазақстан үшін кадрлар даярлау туралы» қаулысыңда республикада бірнеше жоғары оқу орындарын ашу белгіленді.

Социалистік құрылыстың жаңа міндеттеріне сәйкес республикада ғылыми және педагог кадрларын даярлау қажеттілігі туды. Осыған байланысты СССР Халкомсовының шешімі бойынша 1934 жылы январьда Алматыда Қазақтың С. М. Киров атындағы мемлекеттік унивесртеті жаңадан қайта ашылды. Педагог кадрларын даярлау жөнінде Қазақстанға туысқан республикалар тарапынан елеулі көмек көрсетілді. 1933 жылы Москваның жоғары оқу орындарында 1300, Ленинград институттарында 525, Саратов пен Омбының, Томск мен Астраханьның, Самара мен Свердловскінің институттарында 1047 қазақстандық жастар оқыды. 1931 жылдың өзінде ғана Украинаның Халық ағарту комиссариаты Қазақстанға 250 мұғалім жіберді, сондай-ақ Украинаның жоғары оку орындарына 240 қазақ жігіттері мен қыздары қабылданды, қазақ аспиранттары үшін Украинаньтн институттары 15 орын берді. 1933 жылы СССР Халкомсовының шешімімен Қазақстанның жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерінде жұмыс істеу үшін аспирантура бітірген 75 адам жіберілді. 1934 жылдан 7 жылдық мектептерге мұғалімдер даярлайтын екі жылдық мұғалімдер институттары ашыла бастяды (Петропавл,Кызылорда т. б.). 1936 жылы 23 июньде БК(б)ПОКмен СССР Халкомсовы «Жоғары оқу орындарының жұмысы және жоғары мектептерді басқару туралы» қаулы қабылдады. Онда жоғары оқу орындарына қабылдау тәртібін, бірыңғай оқу-методикалық басшылықты, оқу сапасын және ғылыми ұйымдастыру жұмыстарын жақсарту шаралары белгіленді. Ол міндеттерді жүзеге асыру жөнінде Қазақстан Коммунистік партиясы мен республика үкіметі зор жұмыстар жүргізді. 1938 жылы республикада Қазақ мемлекеттік университетінің жанында тұңғыш аспирантура ашылды. 1940 жылы Алматының шетел тілдері педагогикалықинституты ұйымдастырылды. Республикада маман кадрлар даярлау ісі жақсара түсті. 1940/41 оқу жылында Қазақстан жоғары оқу орындарында 1088 оқытушы, оның ішінде 149 ғылыми кандидаты мен доценті, ғылыми докторы мен профессорлар болды. Екі бесжылдық барысында жоғары оқу орындары 10 мыңға жуық маман даярлады. 1941 жылы 1 январьда республиканың халық шаруашылығында 16,8 мың жоғары білімі бар маман жұмыс істеді. Ұлы Отан соғысы бүкіл еліміздегі сияқты Қазақстанда да жоғары оқу орындарының дамуына үлкен кедергі жасады. Дегенмен көптеген қиыншылықтарға қарамай 1943 жылы Шымкентте Құрылыс материалдары технологиялық институты (казір Қазақ химия-технологиялық институты), 1944 жылы Алматыда Қазақтың Құрманғазы атындағы консерваториясы, Қазақтың қыздар педагогикалықинституты, Қазақтың физкультура институты ашылды. СССР Министрлер Советінің Қазақ ССР-нде жоғары және арнаулы орта білімді одан әрі дамыту шаралары туралы тиісті шешімдері соғыстан кейінгі жылдарда республикада жоғары білімнің шапшаң дамуынажол ашты. Осы негізде жаңа оқу орындары мен факультеттер ашу, студенттер контингентін көбейту, оқу орындарының материалдық базасын нығайту белгіленді. 50 жылдары оқу орындарының саны 26-ға жетті. Қарағанды (1950), Семей(1953), Ақтөбе (1957) медициналық институттары, 1951 жылы Семей зоотехникалық-мал дәрігерлік институты, 1953 жылы Қарағанды тау-кен институты (1958 жылдан политехникалық институты), 1958 жылы Целиноград ауыл шаруашылық институты ашылды. Республикадағы жоғары оқу орындарына басшылықты орталықтандыру мақсатында 1959 жылы. Жоғары және арнаулы орта білім министрлігі (алғашқыда Мемлекеттік комитет деп аталды) ұйымдастырылды. 1960-1965 жылдар Қазақстанда 12 жаңа жоғары оқу орны құрылды. Павлодар индустрия және педагогикалық институттары, Целиноград құрылыс инженерлері, педагогикалық, медициналық. Жамбыл гидромелиорация-құрылыс, Жеңіл және тамақ өнеркәсіп технологиялық институттары, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық, Көкшетау пед., Қарағанды кооператив институттары, Қарағанды металлургия зауыды жанында Қазақстандағы алғашқы завод-втуз құрылды, республикада экономист кадрларының жетіспеуіне байланысты Қазақ мемлекеттік университетінің экономика факультеті негізінде 1963 жылы Алматыооталықтарында оқу филиалдары, жалпы оқу-консультациялықжылдық кезінде 6 жоғары оқу орны құрылды. Қарағанды университеті, Арқалық, Талдықорған, Жезқазған пед. институттары, Алматы энергетика институты, Темір жол транспорты инженерлері институты, Ақтөбе, азаматтық авиация училищесі ашылды. Осы жылдары республикада 152 мың жоғары білімді маман даярланды. 1978 жылы халық шаруашылығында қызмет еткен 1000 адамның 790-нының жоғары және арнаулы орта білімі болды (1939 ж. 99 адам). 1980 жылы республикада 55 жоғары оқу орны болды. 1979/80 оқу жылында жоғары оқу орындарында 192 мамандық саласында 251 мыцнан астам студент оқыды, 16 мыңнан астам оқытушы жұмыс істеді, оның ішінде 33-і Қазақ ССР ҒА-ның академигі мен корреспондент мүшесі, 355-і ғылыми докторы және 5,5 мыңнан астамы ғылыми кандидаттары. 1980 жылы республиканың жоғары оқу орындарында теориялық және халық шаруашылығында маңызы бар бірқатар ірі зерттеулер жүргізетін 22 проблемалық, 23 салалық ғылыми-зерттеу лабораториялары жұмыс істеді. Соңғы он жыл ішінде жоғары оқу орындарының ғалымдары мыңға жуық авторлық куәлік және 20 патент алды. Жоғары оқу орындарының ғылыми жұмысын қорытындылау, басты зерттеу жоспарларын талдап, ғылыми жұмыстарды үйлестіру және көмек көрсету мақсатымен Жоғары және арнаулы орта білім министрлігі жанында ғылыми методикалық совет құрылды. КПСС 25-съезі шешіміне сәйкес 10-бесжылдықта Республикада 6 жоғары оқу орны ашылып, онда 89,5 мың жоғары білімді маман даярланды.

Жоғары оқу орындарының негізгі міндеті: маркстік-лениндік козқарастағы терең теорпялық білімді, практикалық дағдысы бар, жоғары квалификациялы мамапдар даярлау; студенттерді жоғары адамгершілік, коммунистік саналылық пен мәдениет, социалистікинтернационализм және патриотизм рухында тәрбиелеу; мамандар даярлау ісін қазіргі өндіріс, ғылым, техника, мәдениет талаптарына сәйкес үздіксіз жетілдіріп отыру; ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау; ғылыми педагогикалық кадрларын даярлау; жоғары, арнаулы орта оқу орындары оқытушылар құрамының және халықшаруашылығының түрлі салаларындағы жоғары білімді мамандардың білімін арттыру.

Республиканың бірқатар жоғары оқу орындары жанында аспирантура, мамандық жетілдіру факультеттері бар. Жоғары оқу орындарының ғылыми еңбектері, жұмыс тәжірибелері жеке жоғары оқу орындарының «Ғылыми жазбаларында», «Ғылыми еңбектерінде» жарияланады.

Жоғары оқу орындарына басшылықты Қазақ ССР Жоғары және арнаулы орта білім министрлігі, салалық министрлліктер мен ведомстволар жүзеге асырады. Республика жоғары оқу орындары СССР жоғары оқу орындары ережелері негізінде жасалған уставпен (минситрліктер мен ведомстволар бекіткен) жұмыс істейді және әрқайсысының өзінің ішкі тәртібі бар. Қазақстан жоғары оқу орындары басқа елдердің оқу орындарымеп байланыс жасап отырады. Жыл сайын АҚШ, Франция, Англия, ЧССР, ГДР, Болгария т. б. елдерге жоғары оқу орындарының оқытушылары ғылыми стажировкаға, командировкаға барады. Сол сияқты біздің республикаға да басқа елдердің белгілі ғалымдары келіп тұрады. Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институтында Монғолияның ауыл шаруашылық мамандары білім жетілдіру курстарынан өтіп отырады. Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді С. М. Киров атындағы мемлекеттік университеті мен Қазақ консерваториясы және Қазақ политехникалық институтында Кубадан, Монғолиядан, Алжирден көптегеп студенттер оқиды. Республика жоғары оқу орындарының ғалымдары халықаралық симпозиум, конференция, мәжілістерге қатысады.

Әдеб.: Құлжанова Н. Мектептен бұрынғы тәрбие.Қызылорда, 1925; сонікі, Ана мен бала, Қызылорда. 1927; Сембаев Ә. I. Қазақ совет мектебінің тарихы, А„ 1967; ТажибаевТ. Просвещение и школы Казахстана во второй половине XIX века, А-А., 1962; Бержанов К. Б. Русско-казахское содружество в развитии просвещения. А.-А., 1965; Сиддыков А.С. Педагогические идеи и просветительная деятельность И. Алтынсарина. А.-А., 1968; Джаманбаев К. Высшая школа в Казалстане. А.-А.. 1972.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2023-11-28 13:19:33     Қаралды-124

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »