UF

ФИЗКУЛЬТУРА ЖӘНЕ СПОРТ

Қазақ халқының ежелгі әлеуметтік-экономикалық тіршілік әрекетіне, табиғат жағдайына байланысты бәйге, күрес, жамбы ату, қыз қуу, аударыспақ т. б. дене шынықтыратын ұлттық ойын-сауық қазақ дәстүріне тән және ол қоғамның дамуына байланысты ғасырлар бойы түр жағынан толықтырылып, дамып отырған. Сөйтіп, дене тәрбиесіне, оны шынықтыруға, ептілікке, денсаулықты, көңіл-күйді көтеруге арналған осы кездегі физкультура мен спорт нышаны ерте заманда-ақ халық кәдесіне жарағандығын кейбір археологиялық деректер дәлелдейді. Мыс., 1970 ж. Шымкент облысында археологиялық қазбадан (б. з. б. 4-3 ғ.) тоғызқұмалақ ойынының тастары, Жамбыл қ. маңынан тасқа бейнеленген тоғызқұмалақ тақтасының суреті табылды. Көне дәуірдің бізге жеткен ескерткіштері мен археологиялық қазбаларының, әдебиет нұсқаларының деректері дене тәрбиесі жаттығуларының Қазақстан жерінде ерте пайда болып, 6-8 ғасырларда едәуір дамығанын көрсетеді. Халық өзіне қажет деп санаған ойын-сауық, дене жаттығуларын ұлттық салт дәрежесіне көтеріп, дамытып жетілдіре түскен. Бірақ Октябрьлық революциясына дейін әр рудың, әр жүздің, әрбір хан мен бай-манаптың, болыс-бектің жалдамалы өз палуаны, өз мергені, өз сайгүлік болып бәйге-жарысқа негізінен, белді ру атынан түсіп, сол ру басшысының намысын қорғаған. Қазақ халқы арасында физкультура мен спорттың қанат жаюына Қазақстанның Россияға қосылуы, орыс шаруаларының Қазақстан жеріне қоныстануы, 19 ғасырдың 2-жартысында Россияның прогресшіл азаматтарының жер аударылып келуі едәуір әсер етті. Бұл кезде екі халықтың спорт ойындары бір-бірін байытып дамытты, әсіресе ат бәйгесі, мылтық ату жарысы, қазақша күрес т. б. кең өріс алды.

Ұлы социалистік революциясынан кейінгі физкультура мен спорт. Октябрьлық революциясының алғашқы кезінде физкультура мен спорт еңбекшілердің денсаулығын нығайту, жалпы гигиеналық мәселелер, әскери шынықтыру дайындығын жақсарту мақсатында жүргізілді. 1918 жылы 1-жартысында-ақ партия мен кәсіподақ ұйымдарының жұмысшылар клубтарында негізінен гимнастикамен айналысқан физкультура үйірмелері ұйымдастырыла бастады. Дене тәрбиесі мәдениетін іске асыруда Жаппай оқу (Всеобуч) органдары мен комсомол ұйымдары көп жұмыс істеп, жастар күшімен спорт алаңдарын, әскери ісіне жаттығу өткізетін орындар жасады. Қазақстанда жаппай оқу органдары Орал, Семеп, Павлодар, Өскемен қалаларында 1919 жылы құрылды. 1920-1927 жылдар кәсіпорындарында, мекемелерде, транспортта, Қызыл Армия бөлімшелерінде, оқу орындарында спорттың әр түрінен арнаулы секциялар және физкультура ұйымдары құрыла басталды.

Қазақстанда физкультура ісін алғаш ұйымдастырып дамытушылар арасында Г. Белоглазов, М. Гуннер, Д. Мурашко, В. Баканов, В. Зимин, М. Жайшыбаев, Е. Колокольников, В. Гершунов, X. Мұханбетжанова, Л. Головин, Г. Әбдірахманов, С. Струге, В. Колокольников, Н. Колокольников, Г. Виноградовтардың т. б. үлесі көп. Жергілікті халық арасында физкультура мен спортты пәрменді насихаттауда халықаралық жарыстардың талай рет жеңімпазы атанып, даңқы шыққан дүние жүзі чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасовтың қосқан еңбегі зор. ҚАССР ОАК оның республика спортындағы еңбегі үшін «Қазақ даласының батыры» деген құрметті атақ берді (1927). Әйгілі палуан 1944 жылы өз қаржысына самолет жасатып Совет Армиясына берді. 1923 жылы Қазақстан физкультура Жоғары Советі құрылды және осыған орай жергілікті жерлерде губерниялық, уездік физкультура және спорт советтері ұйымдастырылды. 1928 жылы ҚАССР ОАК республикада физкультура қозғалысын одан әрі өрістету жөнінде қаулы қабылдады. Петропавл қаласында республика тарихында тұңғыш 1-Бүкіл қазақстандық спартакиада өткізілді (1928). Бұның программасына ұлттық спорт түрлерімен қатар классикалық спорт түрлері де енді. Финалдық жарыста спорттың 6 түрінен (футбол, баскетбол, городки, жеңіл атлетика, қазақша күрес, мылтық ату) 206 спортшы қатысты, оның 14-і - қазақ жастары. 1970 жылы Бүкіл қазақстандық 13-спартакиада программасындағы спорттың 27 түрінен финалдық жарыстарға 4256 спортшы қатысты, оның 924-і қазақ жігіттері мен қыздары.

Қазақстанда физкультура мен спортты дамытуда 1931 жылы енгізілген «СССР-ді қорғауға, еңбек етуге дайың бол» (ГТО) деп аталған бүкіл одақтық комплекстің де маңызы зор болды. Осы комплекске байланысты дене шынықтыру ісі қайта құрылды. Бұл жастардың спорт жаттығуларына тұрақты түрде қатысуына мүмкіндік берді. Ұлттық физкультура кадрларып даярлауға аса мән берілді. 1932 жылы Алматыда физкультура техникумы ашылды. Бұл кезде Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институты мен Семей, Орал педагогикалық техникумдарының физкультура бөлімдері де, кәсіподақтардың республикалық, облыстық советтерінің жанынан ашылған физкультура кадрларын даярлау курстары да нәтижелі жұмыстар жүргізді.

1934 жылы республикалық ведомствоаралық 1-спартакиада, пионерлер мен оқушылардың қазақстандық 1-спартакиадасы және Қазақстан мен Орта Азия республикаларының таңдаулы спортшылары қатысқан 1-спартакиада (Ташкентте) өткізілді.

Қазақстан К(б)ІІ-нің 1937 жылы өткен 1-съезі басқа да маңызды мәселелермен қатар қалада, селода физкультура, спорт және бұқаралық қорғаныс жұмыстарын кеңейте түсуді атап көр сетті. Ұлы Отан соғысы алдында Қазақстан спортшыларының саны 150 мыңға жетті, бұның ішінде 30 мыңнан астамы қазақ жастары болды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында әскери-спорт кадрларын даярлауда көп жұмыстар істеліп, Қазақстанда 1,5 млн-ға жуық адам әскери-спорт мамандығын игерді. 1945-1956 жылдар Қазақстан физкультура ұйымдары да нығайып, спорт кадрлары өсіп, шеберлігі едәуір арттырылды. 1945 жылы Алматыда ашылған физкультура институты физкультура мамандарын даярлайтын орталыққа айналды.

1946 жылы боксшы Шоқр Бөлтекұлы («Спартак» қоғамы) Отанымыздыц чемпионы атанып, қазақ спортшылары арасында тұңғыш рет СССР спорт шебері атағына ие болды.

Ауыл-селода спорт жұмысын көтеру мақсатында 1951 жылы «Колхозшы» (кейін «Қайрат») селолық ерікті спорт қоғамы ұйымдастырылды.

1960 жылдан бастап Қазақстан физкультурашылары спорттың көптеген түрлерінен бірқатар бүкіл одақтық, халықаралық жарыстарға қатысып келеді. Қазақстан спортшыларының құрама командасы СССР халықтарының 1-спартакиадасында (1956)13-орында, 2-спартакиадасында (1959) 11-орында және 3-спартакиадасында (1963) 12-орында, соңғы 4-, 5- және 6- спартакиадаларда (1967, 1971, 1975) жалпы командалық 7-орынға ие болды. Республика спортшылары спорттың 22 түрінен дүние жүзінің 50-ден астам елдері спортшыларымен жолдастық кездесулерге, ресми чемпионаттарға, олимпиадалық ойындарға қатысты. Соңғы екі олимпиада ойындарында (Мехико, Мюнхен) қазақстандық 10 спортшы алтын, күміс, қола медальдарды жеңіп алды.

Г. Майлыбаев нысана көздеуде қазақ қыздары арасында алғаш рет СССР спорт шебері болды. Шахматшы А. Мүслімова осындай атаққа СССР-де Қазақстан, Орта Азия және еліміздің шығыс халықтары әйелдері арасында тұңғыш рет ие болды. Мұндай шебер спортшы қыздар арасында СССР чемпионы, қазақстандық тау шаңғышысы А. Артеменко, конькиші Г. Романова, мерген А. Посел, 19-олимпиадаға қатысқан жеңіл атлет А. Голомазова, волейболшы Н. Смолеева, 6-спартакиаданың жүлдегері, жеңіл атлет Л. Кононова, көркем гимнасшы А. Батырбекова, С. Барлыбаева, О. Полохова мен Э. Осадчая, тенисші Ә. Серікбаева, баскетболшы О. Апатаева мен Ш. Дүйсенова, жеңіл атлетикадан республика рекордшысы С. Нарметова т. б. бар. Монреаль (Канада) олимпиадасына қатысып, Олимпиада чемпионы атағын алған гимнасшы Н. Ким (3 рет алтын медаль) мен Н. Шуваева да республиканың спорттық даңқын арттырды.

Республикада 3 млн-дай адам физкультура, спортпен шұғылданады. Тек соңғы 5-6 жыл ішінде ғана 10 қалалық, 22 аудандық спорт комитеттері ұйымдастырылды, сөйтіп қазір Қазақстанда 19 облыстық, 53 қалалық, 232 аудандық спорт қомитеттері жұмыс істейді.

1970 жылға қарағанда 1978 жылы физкультура коллективтері қатары бір мыңға көбейіп, жалпы саны 11 600-ге жеткен физкультура коллективтері ныгайды. Бұлардың ішінде Қарағанды металлургия комбинатының, Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының, Алматы үй құрылысы комбинатының спорт клубтары спортшылары жетістіктері елімізге белгілі. Ащысай полиметалл комбинаты физкультура коллективінің іс-тәжірибесі басқа коллективтерге таратылуда. Қазақстанда физкультура және спорт саласында20 мыңнан астам адам қызмет істейді және бұның жартысынан астамы физкультуралық арнайы білімі бар адамдар. Соңғы екі бесжылдықта кадрлар құрамы 2 есе өсті. Физкультура кадрларын 2 физкультура институты (Алматы, Қарағанды), 8 педагогикалық институттың физкультура факультеттері, 2 техникум, 2 училище даярлайды. Қазақстанда бұдан 10-12 жыл бұрын жылына не бары 140 физкультура маманы даярланатын болса, 1978 жылы 1600 маман даярланды. Тек 10-бесжылдықта 10 мың маман даярланады.

Қазақстанда физкультураның дамуына қоғамдық негізде жұмыс атқаратын кадрлар мен әр түрлі спорт саласынан ұйымдастырылған спорт федерацияларының да маңызы зор. Бұл тұрғыдан алғанда 279 мыңнан астам нұсқаушылар мен жаттықтырушылар, 273 мың жарыс төрешілері бар.

Қазақстан физкультурасының алғашқы сатысы - спорт мектептері. Мұндай 426 мектепте 165 мың жас түлектер жаттығуда. Спорттың белгілі бір саласына мамандандырылған мектеп саны көбеюде, тек 1977-1978 жылда ғана осындай 34 оқу орны ашылды. Бұның алтауы, қысқы және жазғы олимпиадалық спорт түрлеріне бейімделген республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі. 1978 жылы дейін республиканың спорт мектептерінде халықаралық дәрежедегі 79 спорт шебері, 1012 СССР спорт шебері даярланды. Бұлардың арасында дүние жүзі мен олимпиадалық ойындарының чемпиондары-гимнасшы П. Ким мен палуан А. Быков, Европа чемпионы, дзю-дошы М. Әзімбаев, боксшы В. Рачков, В. Демьяненко т. б. бар. 1971 жылы Алматы мен Қарағандыда спорт саласынан 2 мектеп-интернат ашылды. Мұнда 1100 жас өспірім спорттың 9 түрінен жаттығады. Осы мектеп-интернат қабырғасынан халықаралық дәрежедегі 2 спорт шебері, 49 СССР спорт шебері, 577 спорт шеберлігіне кандидат пен 1-разрядты спортшылар шықты. Балалар мен жас өспірімдер спорт мектептерін және спорт мектеп-интернаттарын талапты жастармен толықтырып отыру үшін жалпы білім беретіп мектептерде мамандандырылған 200 спорт кластары ашылды.

Спорт базалары. 1978 жылы республикада 125 стадион, 5 спорт сарайы, 6660 футбол алаңы мен комплексті спорт алаңдары, 70 жүзу бассейні болды. Әрбір 100 мың адамға шаққанда Қазақстан спорт залдары саны жағынан СССР-де 3-орын алады. Спорт базалары ішінде теңіз деңгейінен 1691 м биіктікте салынған (1972) Медеу спорт комплексі ерекше орын алады. Мұнда аумағы 10 мың м2 мұз айдынында коньки, мәнерлеп сырғанау, шайбалы және допты хоккей т. б. спорт түрлерінен жаттығу мен жарыстар өткізуге толық мүмкіндік бар. Комплекстің жобасын жасаған Алматы архитекторларына 1975 жылы СССР-дің Мемлекеттік сыйлығы берілді. Медеу мұз айдынында конькиден жүзден астам әлемдік рекордтар жасалды, дүние жүзілік коньки спорты орталықтарының біріне айналды. Мұнда СССР чемпионаттары мен халықаралық турнирлер өткізіліп тұрады. Медеу мұзында жарысушыларға Қазақ ССР Министр Советінің арнайы жарыс жүлдесі өткізіліп тұрады. Бұл құрметті жүлдені жеңіп алуға Норвегия, Голландия, Швеция, Финляндия, ГДР, Польша, Чехословакия, Монғолия, Румыния, Венгрия, ГФР, АҚШ спортшылары қатысты.

Қазақстан спортшыларының әлемдік және одақтық жетістіктері. 9-бесжылдықта ғана республика спортшылары Олимпиаданың, дүние жүзі мен Европа чемпионаттарының 75 медалын жеңіп алды. Спорттың қай саласында болса да Қазақстан спортшыларының рекорд көрсеткіштері жоғарылай түсті. Бұл корсеткіштер тек республика не бүкіл одақтық дәрежеде болып қоймай, Европалық, дүние жүзілік дәрежеге жетті. 1977 жылы Медеу мұз айдынында өткен халықаралық жарыста С. Рябов 5000-м-ге жүгіруде республика рекордын 7 мин 0,2,26 сек-қа жеткізді. Бұл әлемдік ресми рекордтан да жоғары. В. Барабаштың 10 мың м-ге, С. Рябовтың 1500 м-ге жүгірудегі рекорды халықаралық көрсеткішке жақын. Жүзу спортындағы республикалық рекордтар көрсеткіштері СССР спорт шебері нормасынан да асып түседі. Мыс., А. Пузановтың 400 м-ге еркін тәсілмен жүзудегі Қазақстандық рекорды (4 мин 01,88 сек) еліміздегі жас өспірімдердің ең жоғары көрсеткішінен асып түсті және ол халықаралық спорт шеберінің нормасына тең. В. Герасимова 800 м-ді 1 мин. 56,0 сек-та, Л. Кононова кедергілі 100 м-ді 12,93 сек-та жүгіріп өтті. Л. Исаева диска лақтыруда 66 м 28 см нәтиже көрсетті. Бұл көрсеткіштердің бәрі де халықаралық спорт шебері нормасына тең. Қазақстан ауыр атлеттерінің арасында Ю. Зайцев, В. Мазип, Ж. Панахов, В. Андреев, В. Бугров, А. Яременко г. б. көрсеткен республикалық рекордтары да халықаралық спорт шебері нормасына тең.

Қазақстанның физкультура ұйымдары Рим мен Токио Олимпиадасына қатысқан Ғ. Қосанов пен Ә. Тұяқов, СССР-дің жас өспірімдер рекордын жоғары көтерген С. Исамбаев пен Б. Күреңкеев сияқты жеңіл атлеттерді, Махмұт пен Мақсұт Омаровтар, А. Абдрахманов, Ж. Көкімов сияқты боксшыларды, Р. Нұрманов, А. Ғабсаттаров, Ә. Айқанов сияқты еркін күрес палуандарын, В. Резанцев, В. Бакулин, Ш. Серіков, А. Назаренко (классикалық күрес) сияқты спортшыларды ғана баулып-өсіріп қоймай, көптеген команда коллективтерін де спорттын, жоғары сатысына жеткізді. Мыс., қазір «Қайрат» (футбол), «Университет» пен СКА (баскетбол), «Динамо» (допты хоккей), «Дорожник» (волейбол), «Динамо» (Қол добы, ерлер), «Динамо» (су полосы), «Динамо» (көгалдағы хоккей), «Буревестнпк» (қол добы, әйелдер) т. б. командалар республиканың спорттық намысын Бүкіл одақтық және халықар, жарыстарда абыроймен қорғап, зор жетістіктерге жетіп жүр.

Қазақстанның физкультура ұйымдары 1980 жылы физкультурамен шұғылданушылар санын 3,5 млн-ға жеткізіп, 1,5 млн. ГТО значектерін, 1700 СССР спорт шеберін, 120 халықаралық дәрежедегі спорт шеберін даярлауды, Москвада өтетін 22-Олимпиада жарыстарында жаңа табыстарға жетуді көздеп отыр.

Қазақ ССР інің спорт рекордтары. Жеңіл атлетика (олимпиадалық түрлері, 1978 жылы 1 октябрьге дейінгі мәлімет). Ерлер: жүгіру - 100 м - 10,2 сек (Г. Қосанов, 1962); 200 м - 20,6 сек (Ә. Тұяқов, 1965); 400 м - 46,6 сек (А. Конников, 1968); 800 м - 1 мин 47,4 сек (В. Савенков, 1961); 1500 м - 3 мин - 40,9 сек (В. Довбенко, 1974); 3000 м - 7 мин 52,8 сек (А. Бадранков, 1972); 5000 м- 13 мин 36,4 сек (Л. Микитенко, 1967); 10.000 м - 28 мин 09,2 сек (А. Бадранков, 1972); кедергілі жүгіру - 110 м - 14,0 сек (В. Никитенко, 1974); 200 м - 23,2 сек (Г. Дадонов, 1971); 400 м - 50,8 сек (А. Казаков, 1965); 3000 м -  8 мин 36 сек (X. Бадранков, 1968); эстафеталық жүгіру -4X100 - 40,6 сек (В. Никитенко,А.Черкашин, А. Машинский, В. Дегтярев, 1975); 4X400 - 3 мин 13,25 сек (Н. Исаченко, С. Лагутин, В. Елунин, Д. ПІкарупин, 1977); биіктен қарғу - 220 см (М. Фролов, 1978); ұзындықтан қарғу - 7 м 90 см (А. Косых, 1977); үш адымдап қарғу - 16 м 67 см (В. Перевалов, 1978); сырықпен қарғу - 5 м 36 см (С. Кулибаба, 1978); диск лақтыру - 60 м 30 см (В. Жук, 1975); найза лақтыру - 75 м 72 см (Ю. Белецкий, 1971); ядро серпу -  18 м 86 см (А. Клименко, 1977); балға лақтыру - 77 м 60 см (В. Лесовой, 1977); он сайыс - 7710 ұпай (А. Тщовский, 1974); 20 км-ге жүгіру - 59 мин 55,7 сек (Н. Пензин, 1977); бір сағат жүгіру - 20 км 40 м (Н. Пензин, 1977); 10 км-ге жүріс - 42 мин 27,4 сек. (В. Солдатенко, 1977); марафон - 2 сағ 11 мин 59 сек (Н. Пензин, 1978); 20 км-ге жүріс - 1 сағ 25 мин 55 сек (Р. Манапов, 1977); 50 км-ге жүріс - 3 сағ 54 мин 40 сек (1976); 30 км-ге жүріс - 2 сағ 19 мин 00,6 сек (В. Солдатенко, 1972). Әйелдер: жүгіру - 100 м - 11,2 сек (1968); 200 м- 23,5 сек (Л. Голомазова, 1968); 400 м- 53,8 сек (1974); 800 м -1 мин 56 сек (1500 м - 4 мин 17,6 сек (В. Герасимова, 1974); кедергілі жүгіру - 100 м - 12,7 сек (Л. Никитенко, 1977); 200 м -26,6 сек (Л. Кононова, 1974); 400 м - 59,4 сек (Т. Ганюшина, 1978); эстафеталық жүгіру - 4X100 м- 45,7 сек (Л. Конопова, Г. Вичкуткина, М. Гергель, Н. Вапчугова, 1975); 4X200 - 1 мин 37,9 сек (Л. Фадеева, В. Казакова, Т. Ильина, М. Беккер. 1965); 4X100 - 3 мин 41,4 сек (Т. Никитина, Л. Чумакова, М. Арчакова, Ю. Александрова, 1971); 3000 м-ге жүтіру - 9 мин 40,1 сек (В. Савельева, 1978); биіктен қарғу - 1 м 85 см (Н. Чертовникова, 1978); ұзындықтан қарғу - 6 м 62 см (Н. Краузе, 1977); диск лақтыру - 66 м 28 см (Л. Исаева, 1978); найза лақтыру - 54 м 68 см (О. Титова, 1977); Ядро серпу - 18 м 03 см (И. Роттельмоль, 1977); бес сайыс 4321 ұпай (В. Карпова, 1978).

Ауыр атлетика. Екі қолмен жұлқи көтеру: салмақ категориясы 52 кг- 102,5 кг (А. Цай, 1977); 56 кг -110,0 кг (В. Ли, 1974); 60 кг-120,5 кг (В. Качурин, 1977); 67,5 кг-132,5 кг (П. Коломец, 1978); 75 кг - 140,5 кг (В. Бугров, 1978); 82,5 кг- 153,0 кг (А. Пипериди 1978); 90 кг- 165,0 кг (В. Курлов, 1974); 100 кг- 162,5 кг (А. Яременко, 1977); 110 кг - 175 кг (А. Яременко, 1977); 110 кг-нан астам 175 кг (О. Чепайкин, 1975), екі қолмен серпи көтеру: салмақ категориясы 52 кг - 127,5 кг (X. Нұрғазин, 1975); 56 кг - 145,0 кг (А. Лю-Шин, 1975) 60 кг -151,0 кг (В. Мазин, 1978); 67,5 кг - 175,0 кг (В. Андреев, 1977); 75 кг -180,0 кг (А. Колодков, 1972); 82,5 кг - 197,5 кг (С. Мельник, 1976); 90 кг - 202,5 кг (В. Курлов, 1974); 100 кг - 221,0 кг (Ж. Панахов, 1977); 110 кг - 235,0 кг (Ю. Зайцев 1975); 110 кг-нан артық - 230,5 кг (Ю. Зайцев, 1975), қос сайыс қорытындысы: салмақ категориясы: 52 кг - 225,0 кг (А. Цай. 1977); 56 кг - 252,5 кг (А. Лю-Шин, 1975); 60 кг - 270,0 кг (В. Мазин 1976); 67,5 кг - 297,5 кг (В. Андреев, 1976); 75 кг- 325,0 кг (А. Пипериди, 1976); 82,5 кг- 343,5 кг (С. Мельник, 1975); 90 кг - 365,0 кг (В. Курлов, 1974); 100 кг- 380,0 кг (Ж. Панахов, 1977); 110 кг - 407,5 кг (Ю. Зайцев, 1975); 110 кг-нан астам 400,0 кг (О. Чепайкин, 1976). Жүзу: ерлер, еркін стиль 100 м - 52,8 сек (В. Абоимов, 1971); 200 м - 1 мин 55,4 сек (1977); 400 м - 4 мин 01,78 сек (1976); 1500 м - 16 мин 57,92 сек (А. Пузанов, 1976); брасс 100 м- 1 мин 07,7 сек (1971); 200 м- 2 мин 27,52 сек (И. Попов, 1971); шалқалай жүзу 100 м- 1 мин 03,20 сек (Ю. Гилев, І97О); 200 м - 2 мин 14,80 сек (О. Ахтереев, 1978); аралас жүзу 200 м- 2 мин 14,50 сек (1977); 400 м - 4 мин 43,13 сек (К. Галиев, 1978); баттерфляй 100 м -59,9 сек (В. Поврезнюк, 1970); 200 м -2 мин 08,2 сек (В. Шестопалов, 1976); Эстафета 4X100 м еркін стиль – 3 мин 40.44 сек (А. Пузанов, И. Землянский,В.Абоимов, А. Анарбаев, 1975), 4X200 м еркін стиль - 8 мин 02,6 сек (А. Анарбаев, А. Пузанов, В. Виноградов, В. Абоимов, 1975). Әйелдер, еркін стиль 100 м- 59,9 сек; 200 м - 2 мин11,2 сек (Е. Долгопалова, 1977); 400м- 4 мин 39,3 сек (Е. Копытько 1976); 800 м - 9 мин 18,86 сек (Т. Пузапова, 1977); брасс 100 мин 17,7 сек (И. Рыбалкина, 1973); 209 м -2,2 мин 47,44 сек (Т. Смирнова, 1974); баттерфляй 100 м - 1 мин 08,2 сек (1975); 200 м - 2 мин 27,0 сек (И. Цлужникова, 1976); шалқалай жүзу 100 м - 1 мин 09,5 сек; 200 м - 2 мин 26,5 сек (И. Голованова. 1973); аралас жүзу 200 м - 2 мин 27,55 сек; 400 м -5 мин 06,26 сек (Т. Пузанова, 1977); эстафета 4X100 м ерікті стиль - 4 мин 14,6 сек (О. Мельникова, Л. Соловьева, М. Дүйсекеева, Е. Долгопалова, 1978); 4X100 м аралас жүзу - 4 мин 40,30 сек (С. Сенина, Е, Игошева, Т. Пузанова, Е. Долгопалова, 1977).

Коньки спорты. Ерлер: 500 м - 38,34 сек, 1000 м - 1 мин 17,00 сек (С. Загайнов, 1978); 1500 м- 1 мин 56,75 сек (1977); 3000 м - 4 мин 10,00 сек (1974); 5000 м - 7 мин 02,26 сек (С. Рябев, 1977); 10000 м – 14 мин 54,68 сек (В. Барабаш, 1977); көп сайыс ұпайы - 165 476(С. Рябев, 1977);спринттік көп сайыс ұпай саны - 156, 455 (С. Загайнов, 1978). Әйелдер: 500 м - 42,30 сек, 1500 м - 2 мин 11,31 сек (С. Москвина, 1978); 1000 м - 1 мин 26,12 сек (Т. Баранова, 1978); 3000 м - 4 мин 43,62 сек (Н. Гоманова, 1978); 5000 м- 8 мин 12,91 сек (Н. Гиренко, 1978); көп сайыс ұпайы - 180.023 (Н. Романова, 1978); спринттік көп сайыс ұпайы - 172.905 (С. Москвина, 1978).

Велосипед спорты.Трек. Орнынан 1 км ГИТ - 1 мин 07,55 сек (К. Зацепин, 1975); жеке 4 км - 4 мин 39,53 сек (Н. Макаров, 1978); командалық 4 км - 4 мин 28,23 сек (А. Степапенко, В. Штыхлин, К. Зацепин,С.Назарьянц, 1975).

Садақ ату. Әйелдер: жаттығу тәртібі: М-1 - 1206 ұпай; 70 м - 299 (Л. Бахман); 60 м- 317 (С. Ли. 1978); 50 м - 302; 30 м - 334 (В. Кузнецова, 1977, 1975); М-2 - 2363 ұпай; 70+70 - 571; 50+50 - 573       (Л. Бахман, 1977,1978); 60+60-606 (С. Ли, 1977); 30+30-660 (В. Кузнецова, 1975); ерлер Жаттығу тәртібі: М-1 - 1269; 90-289; 70-319; 50-320. 30-347; М-2-2513; 90+90-564; 70+70-633; 50+50-633; 304-30-687; (барлық түрінен В. Матуіцак, 1977 және 1978 жылдары).

Ату спорты. Кіші калибрлі винтовка МВ-6. Үш түрлі жағдайда 120 оқ ату 1160 (3X40) (В. Енович, 1977); МВ-9. Жатып ату, 60 оқ - 595 (Е. Енович, 1974); МВ-12. Нысана ату «Шапқан қабан» 60 оқ ату (30+ 30) (И. Зернов, 1974). Кіші калибрлі пистолет МП-6. Нысана ату, ортасы қара дөңгелекті - 60 оқ - 562 (В. Райцыз, 1969); МП-8. Силуэт нысана - 594 (В. Кожевников, 1977); Стендалық ату; К-7 дөңгелек стенд, 200 нысана - 196 (В. Серов, 1977); Т-8 траншей стенд, 200 нысана - 198 (А. Асанов, 1978).

Әдеб.: Эбдіқадыров Қ. Қажымұкан, А.. 1959; Танекеев М., Кажымұқан, А..1964; Пономарев Н. И.,Возникновение и первоначальное развитие физического воспитания, М.,1970;Ахметов К., Царев А., Казахстан спортивпый, А.-А., 1969.

Туризм. Қазақстандағы алғашқы туристік ұйымдар 20 жылдардың аяғында пайда болды. 1929 жылы тұңғыш рет туристік жорық өткізілді. Оған Г. И. Белоглазов пен Ф. Л. Савин басқарған Алматының 17 мұғалімі қатысты. Жорық Алматы төңірегінен басталып Есік көлінде (62 км) аяқталды. 1930 жылы қалалық телеграф пен почта қызметкерлерінен (16 адам) құралған топ (Ф. Л. Савин басқарған) астанадан Медеу-Көкжайлау-Үлкен Алматы көлі жағалауына дейін барды. 1931 жылы январьда В. М. Зиминнің бастауымен алғаш рет шаңғышылар жорығы ұйымдастырылды. «Еңбек және қорғаныс» эстафетасын алған бұл жорыққа қатысқан 8 шаңғышыға ұлттық атты әскер полкінің сегіз шабандозы қосылды. Олар Алматыдан шығып, Ұзынағашты басып Қордай асуыпа жетіп, эстафетаны Қырғызстан командасына табыс етті. Сол жылы республика астанасындағы Жетісу губерниялық музейдің жанынан Бүкіл одақтық пролетарлық туризм мен экскурсия ерікті қоғамының (ОПТЭ) 10 мүшесі бар алғашқы ұясы ұйымдастырылды (Г. И. Белоглазов, В. Д. Городецкпй, Н. Д. Дублицкий т. б.). Осы кісілердің ұсынысымен ОПТЭ-нің Қазақстандық олкелік советі құрылды. Әуесқой туристердің бастауымен Алатау қойнауындағы Горельник шатқалында туристер үшін шағын үй салынды. 1936 жылы дәл осы жерде республикадағы ең алғашқы 50 кісілік «Горельник» турбазасының шаңырағы көтерілді. Осы кезден бастап ОПТЭ-нің Қазақстандық өлкелік советі туризмнің ұйымдастыру-көпшілік, оқу-методикалық орталығына айналды. 1938 жылы Көкжайлау шатқалында (Алматы маңында) алғаш қазақстандық туристер слеті өтті. Оған 200-дей туристер қатысты.

Ұлы Отан соғысы басталуына байланысты ОПТЭ-нің қазақстандық советі өз жұмысын тоқтатты. 1943 жылы басынан «Горельник» турбазасында Совет Армиясының тау атқыштарын даярлайтын Бүкіл одақтық нұсқаушылар мектебі орналасты.

Соғыстан кейін «Горельник» тау шаңғышылары мен альпинистер кадрларын даярлайтын базаға айналды.

1952 жылы ВЦСПС-тің шешімімен Қазақстанда туристік-экскурсия басқармасы (ТЭУ) құрылды. 1958 жылдан Орта азиялық ТЭУ деп аталды. 1959 жылы Орта Азия республикаларында туристік басқармалар құрылып, 1960 жылы Кәсіподақтардың Қазақ республикалық советі жанынан туризм жөнінде республикалық басқарма ұйымдастырылды. 1962 жылы ТЭУ туризм жөніндегі совет болып қайта құрылды. Москвада туризм орталық советі (ЦСТ) ұйымдастырылды. 1965 жылы Қазақстанда республикалық және 5 облыстық (Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Орал, Шымкентте) туристік совет және әр облыста экскурсиялық бюро ашылды.

1971-1975 жылдарҚазақстанда туризмнің материалдық базасын нығайтуға республикалық кәсіподақ советі 30 млн. сом қаржы бөлді. Осы жылдары экскурсия-туристік ұйымдар көбейді, жаңа туристік базалар мен мейманханалар пайдалануға берілді.

1978 жылы Қазақстапда экскурсия мен туризмнің республикалық советі және 14 облыстық совет, 17 туристік база мен мейманханалар, 26 саяхат, экскурсия бюролары және шетел туристеріне қызмет көрсететін 3 бюро, Алматы, Орал, Шымкент қалаларында туристік автомобиль базалары құрылды. Туристік базалар мен мейманханалардағы орын саны 6668-ге жетті.

Республикада туризмге материалдық жағдай жасалып, халыққа қазіргі талапқа сай қызмет көрсету тәсілдерінің енгізілуінің арқасында 33 маршрутта (оның алтауы бүкіл одаңтың) туристік жорық ұйымдастыруға, біздің елімізге кәсіподақ бойынша келген шетелдік туристерді, басқа туысқан республикалардан келген туристерді қабылдауға мүмкіндік туды.

Қазақстанда жыл сайын поезд, автобус, самолет, кемемен жүретін көптеген саяхат-жорық ұйымдастырылуда. Қазақстаннан Отанымыздың барлық түкпіріне саяхат жасауға болады. Республикада 1978 жылы қала ішіне, қала төңірегіне, музейлер мен өндіріс орындарына 600 тақырыпта экскурсия ұйымдастырылды. Ол негізінде тарихи, тарихи-революциялықәскери-патриоттық, қала құрылысы және архитектура, әдебиет, музыка тану, театралдық табиғат тану, өндіріс сияқты сан алуан тақырыпты қамтиды.

Қазақстанда 52 туристік клуб бар. Кәсіпорындар мен совхоздарда, құрылыс пен оқу орындарында 7 мың туристік секция жұмыс істейді. Олар жаяу не шаңғымен жорық жасайтын велосипед, қайық әуесқойларын т. б спортшы туристерді біріктіреді. Тұрақты түрде өткізілетін спортшы-туристердің жарыстары бүкіл одақтык классификацияға енеді. Туристік советтердің жанында әуесқой туристердің федерациялары, жорық-жарыс барысын қадағалап тексеретін комиссия, байқау-құтқару қызметі жұмыс істейді. Әуесқой туристердің арасында өткізілетін шараларға жыл сайыи 3 млн-нан астам адам қатысады. Туристік жолдамалардың көпшілігін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру тарапыпан иемесе кәсіпорындар мен совхоз қорларынан бөлінген қаржы есебінен кәсіподақ ұйымдары сатып алады. Туристік ұйымдар алым-салықтап босатылған, жол шығындарының бағасы бірсыпыра кемітілген.

Қазақ Совет энциклопедия. -Алма-Ата, 1975 ж. -С.565-567.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2023-11-28 12:32:20     Қаралды-268

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »